Кәсіпорын табыстылығын талдау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

I. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының
қалыптасу қызметінің маңызы.

1.1. Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні ... ... ... ... ... ..
1.2. Кәсіпорын табысының түрлері және
оны есептеудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. Кәсіпорын табыстылығын талдау.

2.1. Өнімді өткізуден түскен пайданы талдау ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Кәсіпорын қызметі пайдалылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ...

III. Кәсіпорын табысын молайту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Қазақстан орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық қаржыландырудың басты жолы – кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Әрине, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Сол себептен, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту шараларын жүзеге асыру өте маңызды болып келеді.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді.Экономканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік – экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның табысты болуының маңызы орасан зор. Кәсіпорын пайдасы бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Ұлттық тарихымызда тамырын тереңге жайған нарықтық қатынаста кәсіпкерлік қызметтің арта түсетіні сөзсіз. Кәсіпкерлік қызмет табыс табудың тетігіне айналады.
Қолданылған әдебиеттер.

1. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы. Алматы: Жеті жарғы,1998.
2. Қазақстан Республикасының «Шаруашылық әрекеттер мен іскерлікті дамыту бостандықтары жөніндегі» Заңы. Алматы:Қазақстан,1991.
3. В.Д.Грибов, В.П.Грузинов. Экономика предприятия. М.1998
4. Экономика предприятия:Учебник для вузов. Под. Ред. В.Я.Горфинкеля. М,:Юнити,1998.
5. Экономический рост предриятий Республики Казахстан. Под.общ. ред. Н.К.Мамырова. Алматы:Экономика,2000.
6. КрымоваВ. «Экономикалық теория» кестелі оқу құралы, Алматы,2003.
7. Керімбек Ғ.Е.,Үмбеталиев А.Д. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Астана:Фолиант,2005.
8. «Бухгалтерлік бюллетені» журналы.№ 3 қаңтар 2004
9. Қаржы-қаражат 3/2002г.
10. Қаржы- қаражат 3/2003г.
11. Қаржы – қаражат 3,4/2006г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------
---------------

I. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының
қалыптасу қызметінің маңызы.

1.1. Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні----------------------
1.2. Кәсіпорын табысының түрлері және
оны есептеудің әдістері--------------------------- ------------------------
---------

II. Кәсіпорын табыстылығын талдау.

2.1. Өнімді өткізуден түскен пайданы талдау----------------------------- -

2.2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын
бақылау ----------------------------------- ---------------------------------
------------
2.3. Кәсіпорын қызметі пайдалылығын талдау----------------------------- --

III. Кәсіпорын табысын молайту жолдары---------------------------- ------

Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
-----------
Қолданылған әдебиеттер ----------------------------------- ------------------
-------

Кіріспе
Қазақстан орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық қаржыландырудың басты жолы –
кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Әрине, біз Қазақстанның
жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын
қалаймыз. Сол себептен, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды
іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту
шараларын жүзеге асыру өте маңызды болып келеді.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар
мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген
шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған
көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік
қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан
өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді.Экономканы жедел дамытып,
әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі
бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін
беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік – экономикалық
әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға
кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде
тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай,
мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер
атқаруда.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның табысты болуының маңызы
орасан зор. Кәсіпорын пайдасы бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың
бірден – бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс
түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін
қаржыландыруға пайдаланады.
Ұлттық тарихымызда тамырын тереңге жайған нарықтық қатынаста
кәсіпкерлік қызметтің арта түсетіні сөзсіз. Кәсіпкерлік қызмет табыс
табудың тетігіне айналады.

I.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының қалыптасу қызметінің
маңызы.
1.1.Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні.

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар
түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында
ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе
материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табысы олардың акивтерінің артуы немесе капиал меншігінің
көбеюіне әкелетін мідеттемелердің кемуі. Табыс ұғымы жалпы мемлекетте
(ұлттық табыс), кәсіпорындарда ( жалпы табыс, таза табыс), ал жеке
тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және
қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік
бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және
басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын таза табыс ұғымы жалпы табыс және материалдық
ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп, тұрақты және нарықтық субъектілердің
қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың
шарты- бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын
тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
- жалпы табыс (ЖТ) –бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен
ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
- Орта табыс(ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өшемінің мөлшеріне бөлу
(К)

ОТ= ЖТ К
- Шекті табыс (ШТ)- бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы
табыстың үстелуі

ШТ= ЖТК

Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып,
кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігіне құндық бағдарлар қызмет етеді.
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез – келген
коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық
қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық
өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.
Пайда дегеніміз- тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай
кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша
айтқанда, пайда –бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын
білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.Кез келген
кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бөлігінің ғана орнын
толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек –қосымша өнім немесе құн
жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар
өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да , сатқанда бұйым тек жұмсалған
шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың
қажеті не?
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер
белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның
сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігіарып,
өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын
өндіріс тиімділігін арттырады деген сөз.
Пайда жоспары бағалар мен келісім- шарттар, салыстырмалы және қазіргі
қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау
тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей
әдісімен анықтау- өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі
сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы
болып табылады.
Пайда, белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық
тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.Оның мазмұны, ол бір
жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарынының негізгі
элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір
көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен
қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

Кесте №1 Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру.

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға
ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өкізудің көлемін арттыруға, оған кететін
шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық
пайданың жиынық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың
негізгі жиынтық элементтері болатындар:
• өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
• негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін
сатудан түсетін пайда;
• өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.

Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны
өндіруге кеткен шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың
өзара іс – қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға
құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің
немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде
теңеседі.
Пайда :
• өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады;
• ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің
оңтайлығын сипаттайды;
• инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.

Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі:
• Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
• Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық
шығындары
• Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары
• Таза экономикалық пайда= бухгалтерлік пайда - өндірістің анық
шығындары
• Таза пайда =жалпы пайда – салықтар,міндетті төлемдер
• Қалыпты пайда= капиталға нормативті қайтарым –кәсіпкерлік табыстың
мөлшері
• Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда
• Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар

1.3. Кәсіпорын табысының түрлері.

Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының
объективті алғышарты болып табылады. Бұ қызметтің нәтижелері дайын өнім
(орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.
Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржылық
көрсеткіштермен сипатталады және кәсіпорынның қаржы менеджментінің
нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден
түскен табыс мөлшерінде , кәсіпорыннң шығынында айқындалады.
Бөліністің классикалық сызбасында түсім – ақша – бұл өнім
өткізуден, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтен шаруашылық жүргізуші
субъектінің шотына түскен ақша. Ол өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге
жұмсалынған қаражаттарды өтеудің (орнын толтырудың), орталықтандырылған
және орталығтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырудың негізгі көзі болып
табылады және өзіндік құнды , табысты, акциздерді, қосылған құнға салынған
салықты қамтиды. Оның дер кезінде түсіп тұруы қаражаттардың ауыспалы
айналымының толассыздығын, өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз
етеді. Ал табыстың уақтылы түспеуі, өндірістегі бос тұрып қалушылыққа,
табыстың төмендеуіне, шарттық міндеттемелердің бұзылуына , қаржы
санкцияларына ұрындырады.
Түсім – ақшаны одан әрі болу негізгі капиталдр мен материалдық емес
активтерді ұдайы өндірістің көзі ретіндегі амортизациялық аударымдарды
қалыптастырумен байланысты. Табыстың қалған бөлігі жалпы табыс немесе
жасалынған құн болып саналады, ол жалақыны төлеуге және шаруашылық
жүргізуші субъектінің таза табысын қалыптастыруға бағытталады. Таза
табыстың бір бөлігі өнімнің өзіндік құнында салықтар мен алымдар,
әлеуметтік қажеттерге аударылаын аударымдар және басқалары түрінде есепке
алынады. Қалған бөлігі кәсіпорынның табысы болып табылады. Оған негізгі
капитал мен кәсіпорынның басқа мүлкін өткізуден түскен табыстар, сондай –
ақ өткізу операцияларынан тыс кірістер қосылады.
Түсім –ақшаның ауқымы кәсіпорынның, фирманың өнім өндіру мен оны
өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне
байланысты болады.
Кәсіпорын табысының түрлері::

1) өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
2) үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын
активтерді, олардың құнын инфлияцияға орай түзетуді ескере
отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс;
3) сату операцияларынан тыс табыстар, оның ішінде:
• пайыздар бойынша табыстар;
• дивидендтер;
• тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;
• мүлікті жалға беруден түскен табыс;
• роялти;
• мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда, заңды
тұлғалар алған жәрдемақылар;
• кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе кәсіпорынды жабуға келісім
бергені үшін алынған табыстар;
• банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін
азайтудан түскен табыстар;
• қарызды жабудан түскен табыстар;
• негізгі құрал-жабдықтарды сатудан түскен табыстар;
• амортизациялық аударымдар және негізгі құрал-жабдықтар бойынша
шегерістер жасау.
Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс
Егер Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану
кезінде мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше
көзделмесе, қосылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, өткізілген
тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны
тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс болып табылады.
Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс:
• тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған кезде;
• мәміле шарттары өзгергенде;
• өткізілген тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) үшін бағалар, өтемдер
өзгерген кезінде;
• теңгемен төлеген кезде өткізілген тауарлардың (жұмыс, қызмет
көрсету) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетілуге тиіс.
Табысты түзету аталған өзгерістер болған салық кезеңінің қорытындысы
бойынша жүргізіледі.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға
жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс.
Құн өсімінен түсетін табыс үйлерді, ғимараттарды,
құрылыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған активтерді қоспағанда,
амортизациялауға жатпайтын басқа да активтерді өткізу кезінде құрылады.
Амортизациялауға жатпайтын активтерге:
• жер учаскелері;
• құрылысы аяқталмаған обьектілер;
• орнатылмаған жабдық;
• салық төлеуші тауарларды өндіруде, жұмыстарды орындауда, қызметтер
көрсетуде пайдаланбайтын негізгі құралдар мен материалдық емес
активтер;
• бағалы қағаздар;
• кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға,
консорциумдарға қатысу үлесі;
• Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған
салық заңдарына сәйкес бұрын толық құны шегерімге жатқызылған
негізгі құралдар;
• инвестициялық салық преференциялары бойынша құны шегерімге
жатқызылған, инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген
тіркелген активтер жатады.
Өсім аталған активтерді сату құны мен олардың баланстық құнының
арасындағы айырма ретінде анықталады.
Активтер өткізілген айдың бірінші күнінде бухгалтерлік баланста
көрсетілген құны олардың баланстық құны деп аталады.
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын үйлерді, ғимараттарды,
құрылыстарды өткізу кезінде құн өсімі өткізу құны мен салық есебінде
айқындалатын қалдық құнның арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі мыналар:
• борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша -
өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы оң айырма;
• борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізу күніндегі дисконт
амортизациясы және сыйлықақы ескертілген, өткізу құны мен иемденіп
алу құны арасындағы купон есепке алынбаған оң айырма.

Дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиісті табыс;
заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетін
таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде,
сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу
үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық
капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті
бөлуден түсетін табыстар.
Сыйақы - кредиттер үшін; қаржы лизингі бойынша немесе
сенімгерлік басқаруға берілген мүлік үшін; депозиттер бойынша;
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар
бойынша төлемдер - дисконт не купон.
Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып
кетуі
Бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалған
операциялар бойынша пайда болатын айырма.
Бұл айырма бухгалтерлiк есепте ұлттық валютамен жасалған операцияны
көрсету нәтижесiнде операция жасалған күн мен осы операция бойынша есеп
айырысқан күн арасында пайда болады.

Роялти – мынадай құқықтар үшiн төленеді:
• біріншіден, пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк
құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы
үшін;
• екіншіден, авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi,
патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн
немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе
пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу
жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды"
пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу
немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану
құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер
шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелері
өнеркәсіптік жабдыққа жатады
Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар
Қатысу үлесі - жеке және заңды тұлғалардың бірлесіп
құрайтын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды
қоспағанда, мүлкімен қатысу үлесі. Ортақ үлестік меншіктен табыстарды
мүшелердің арасында тең үлеспен бөлінеді.
Банктер жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар
Борышкер банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымның талабын орындаған кезде, бұрын шегерімге жатқызылған
провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін
табыстар деп аталады. Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар
мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енгізіледі. Сондай-ақ цессия шартын
жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты, талап құқығын басқаға
қайта беру негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
өзге де негіздерде борышкерге талаптар мөлшерін азайту кезінде бұрын
шегерімге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен
қатар талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған
провизиялардың азайтылған сомасы да табыстар деп танылады.

II. Кәсіпорын табыстылығын талдау.
2.1. Өнімді өткізуден түскен пайданы есептеп шығару

Өнім өткізуден алынған түсім –ақша (қосылған құнға салынатын салық пен
акциздерсіз) мен оны өндіруге және өткізуге жұмсалынған шығындардың
арасындағы айырма өнім өкізуден алынған пайда болып табылады.Оған
кәсіпорынның негізгі қорлары мен басқа мүлігін өткізуден түскен пайда,
сондай- ақ өткізу операцияларынан ыс алынған табыстар қосылады.Өнім өткізу
кезінде түсім – ақша мен өзіндік құн арасындағы нәтиже де –зиян шегуі
мүмкін.Сондай-ақ өткізу операцияларынан тыс зияндар болуы мүмкін: алынған
айыппұлдардан төленгендердің асып түсуі, валюта есеп- қисаптары мен
операциялары бойынша теріс бағам айырмасы, күші жойылған тапсырыстар
бойынша зияндар, дүлей апатардан, авариялардан, басқа апаттардан болған
сақтық өлемдерден өтелмейтін ысыраптар және т.б.
Жалпы аталған құрамды бөліктер кәсіпорынның балансық пайдасын немесе
зиянын құрады.
Қазақстан Республкасында бухгалтерлік есептің сандарары бойынша Өнім
(жұмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс көрсеткішінде негізгі қызметтен
алынған табыс қамтып көрсетіледі, ол тауар – материалдық босалқы қорларды,
орындалған жұмыстарды, көрсеілген қызметерді өткізуден алынған табыстардан
басқа,қосылған құнға салынаын салықты, акциздерді, басқа салықтар мен
міндеттемелерді, қайтарылған тауардың құнын және сату мен бағадан
шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы, яғни пайыздар, дивидендтер,
қаламақы және рента түріндегі алынған табысты да қамтиды.
Өнімді өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырым
жалпы табысты құрайды.
Кәсіпорынның жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш - өнімнің өзіндік
құны болып табылады. Оның деңгейіне кәсіпорын қызметінің қаржылық
нәтижелерге ұлғаймалы өндірістің қарқындары, кәсіпорынның қаржылық жағдайы
тәуелді болады. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын талдау маңызды
болып табылады. Өзіндік құнды талдау –оны кеміту жөніндеі тапсырманы
орындауына жалпы баға беруге, оның орындалуының себептерін ашуға тиіс.
Өндірістің неғұрлым жоғары техникалық деңгейі, өндіріс пен еңбекті жақсы
ұйымдастыру, жабдықты тиімді пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру, шикізат
материалды, отын мен энергияны үнемдеп жұмсау, ысырап пен өнімсіз
шығындарды жою мен азайту арқылы кәсіпорын табысының мөлшерін жоғарлаутға
мүмкіндік береді.
Өнімнің өзіндік құнын талдау объектілері:
• жалпы және шығындар элементтері бойынша тауарлы өнімнің
толық өзіндік құны;
• тауарлы өнім 1теңгесіне кеткен шығындар
• салыстырмалы тауарлы өнімнің өзіндік құны
• жекелеген бұйымдардың өзіндік құны
• шығындардың бөлек элементтері мен баптары.

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу және жоспарлау шығындардың
баптары бойынша есептеледі. Шығындардың элементі, материалды шығындар,
еңбекақы шығындары, әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар, негізгі
құралдардың амортизациясы, материалды активткрдің тозуы, жол төлемі, банк
несиелері бойынша проценттер. Егер еңбекақының үлесі азаятын болса, ал
амортизациялық үлесі көбейетін болса, онда бұл кәсіпорынның техникалық
деңгейінің жоғарлауы және еңбек өнімділігінің өсуін көрсетеді.
Өнімнің өзіндік құны, яғни өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар
ақшалай көріністегі өндірістің барлық факторларының шығындарын
білдіреді.Бұл ұсыныс бағасын анықтау үшін, сонымен қатар, тиімді
кәсіпкерлік саясаты өңдеу үшін қажет болатын маңызды ішкі өндірістік
көрсеткіш. Кәсіпорын тауарды пайда алу мақсатымен өндіреді. Сонымен бірге
ол пайда мен шығындар арасындағы ара қатынасты максималды етуге тырысады.
Бірақ нарықта бір сатушының белгілі бір мүмкіндіктері нарықтық жүйенің
түрімен шектеледі және баға бірқатар факторлардың әсерімен қалыптасады.
Сондықтан өндіруші үшін шығындарды төмендету, пайданы арттырудың негізгі,
кейбір жағдайда бір ғана көзі болып табылады. Осыдан табыстарды нарықтық
талдаудың негізгі мақсаты – ол шығындар мен табыстардың арасындағы
оптимальді арақатынасты анықтау. Себебі, бұл фирманың өмір сүруі мен
сәттілігінің маңызды сипаты.
Өнімнің өзіндік құнының маңызды жалпылама көрсеткіші- тауарлы
өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар. Ол біріншіден, универсалды өндірістің
кез- келген саласында есептелінеді. Екіншіден, өзіндік құн және пайда
арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Ол тауарлы өнім толық өзіндік
құнының кәсіпорынның көтерме бағасындағы тауарлы өнімге қатынасымен
анықталады. Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар келесі
факторлардың ықпалымен өзгереді:
1. Бұйым құнының төмендеуі
2. Өнім құрамындағы ассортименттік жылжулар
3. Энергияның жүк тасымалдауға тарифтік өзгеруі
4. Өнімге көтерме бағалардың өзгеруі
Тауарлы өнімнің өзіндік құнын төмендетудің барлық резервтерін келесі
негізгі топтарға біріктіруге болады:
1. Жұмысшылардың еңбек өнімділігін жоғарлату;
2. Жалақы бойынша тікелей шығындарды салыстырмалы төмендету;
3. Озат техниканы және технологияны енгізу.

Өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару төмендегідей тәртіппен жүзеге
асырылады:
➢ шығын мақсатына, негізгі қордың мазмұнына қарай есептеу
объектілеріне бөлінеді;
➢ өнімнің өзіндік құны, негізгі өндіріске қызмет көрсететін
көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді;
➢ өндірістік шығынның есептеу объектісі бойынша жалпы сомасы
анықталады;
➢ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша егін шаруашылығы және мал
шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны жеке-жеке есептеліп
шығарылады.
Өнімнің өзіндік құнын есептеуде мына төмендегі екі бағыт сақталады:
• өзіндік құнның калькуляциясы;
• шығын сметасы.
Өзіндік құнның калькуляциясы — өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс
пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау.
Калькуляция баптарының тізіміне төмендегілер жатады:
1. шикізат және материалдар;
2. қайтармалы қалдықтар;
3. сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар. Сырттағы
кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы қызметтері;
4. технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия;
5. өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы;
6. әлеуметтік қажеттіліктерге аударылатын жарналар;
7. жалпы шаруашылық шығындар;
8. жарамсыз өнім шығындары;
9. жалпы өндірістік шығындар.
Шығын сметасы — шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалады, бұл
кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық
жиынтығы.
1. Өнімдерді өндіру және сатуда шығын сметасы негізінде жоспарланған
тауарларды шығару бойынша пайдасы, мұнда жоспарлы уақытта шығарылған
тауарлардың өзіндік құны анықталады:

Мұндағы:
Птп — жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы;
Цтп - жоспарлы уақытта өткізілетін бағамен шығарылған тауардың құны
(қосылған құн салығы, акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда);
Стп — жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың толық өзіндік құны
(өнімді өндіру және өткізуде, шығын сметасы есептелінген);

2. Өнімді өткізуден келтірілген пайданы былай да есептеп шығаруға
болады:

Мұндағы:
Прп — сол уақытта өткізуге байланысты өнімдер бойынша жоспарланған
пайда;
Врп — сатылатын бағамен өнімді өткізуден түсетін жоспарлы түсім;
Срп — сол уақытта өткізілетін өнімнің толық өзіндік құны;

Мұндағы:
Прп — жоспарлы уақытта өнімді өткізуден түскен пайда;
По1 - жоспарлы уақыттың бастапқы кезеңінде өтпей қалған, өнімнің
қалдығындағы пайда;
Птп — сол кезеңдегі жоспарлы шығарылған өнімдердің тауарлы бөлігінен
түскен пайда;
По1 - дайын өнімдердің жоспарланған кезеңде өткізуге болмайтын қалдығы
бойынша алынған пайда.

Кесте№2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру жүйесі

2.2.Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын бақылау.

Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорыннның баланстық пайдасы болып
табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге
болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары
түрінде түрлі деңгейде бюджеке түсетін бөлігі.Пайданы үлестірудің бағытын
анықтау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау тəртібі
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Модильяни мен миллер үлгілері
Табыстардың қаржылық есебі және кәсіпорынның табыстылығын талдау
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Пәндер