Қаржының Қазақстан Республикасындағы ролі



Мазмұны

Кіріспе

ҚАРЖЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЛАТЫН РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қаржы.ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. Қазақстанның қаржы секторы
2.1 Қазақстанның қаржы жүйесінің даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ..27
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің сызбасы ... ... ...30
2.2 Қазақстанның нарықтық экономикасына қаржы менеджментінің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қорытынды

Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақты дамуы.Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін дамытуда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе:
Нарықтық қатынастардың құрылымында да мемлекет тарапынынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекер етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қазақстанда ел экономикасының нақты секторының қарқыны жыл өткен сайын бәсеңдей түссе де, қаржы саласы керісінше 6 жыл бойына дамуын үдетіп келеді. Бүгінде бұл саланың майын ішкен мамандарды алаңдатып отырған жайт өсу қарқыны артқан сайын болмай қоймайтын проблемалар алдыдан шығады. Мұны дер кезінде шешпесе, онда нарықтың дамуын тежейді.
Жыл көрсеткіштеріне үңілсек, мынаны аңғарамыз: қаржы секторының дамуының сандық нәтижелері өткен жылдардағыдай жоғары болатындығы күмәнсіз. Нарықтың қазіргі жағдайы қаржы секторының өсімі әлі күнге дейін экономиканың дамуы өрісінен әлде қайда жоғары күйінде. Мұның дәлелдер жетерлік. Банктердегі депозиттердің 2005 жылдың 10-шы айында 1,3 есе өскендігі экономикаға салынып жатқан несиелердің 1,5 есе артқандығы осының айғағы. Дегенмен Қазақстанда қаржы саласында әтеген-ай деген де нәтиже бар. Айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздардың үлес салмағы азайып кетті. Мұны қаржы саласының мамандары оңай түсіндіреді. Ұлттық банк бюджеттің берекесін кетірмеу үшін амалсыздан шұғыл шаралар қолдануға мәжбүр.
Біздегі көңіл сүйсінерлік нәтижелер қаржы қызметін көрсету саласына қатысты. Қаржының Қазақстан экономикасының дамуындағы ролін айтатын болсақ – мақтаныш етерлік жағдайлар жетіп артылады. Банк жүйесінің активтері 2005 –ші жылдың 10-шы айында 1,4 есе артты, бұл орайдағы жылдық көрсеткіш төрт трилиондық межеге жетпекші. Екінші жыл қатарынан сақтандыру рыногының нәтижесі де көңілге үміт себезгілейді. 1,5 есе артқандығы осыған дәлел бола алады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіде қарқынды өсіп келеді. Сандық көрсеткіштердің өсімі тұрақты сипат алғандағы үлкен мінбелерден үнемі айтылады. Қаржыгерлердің 5-ші конгресінде де бұл мәселе егжей-тегжейлі сөз болды.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Жан Лемьердің де бұған қарсы айтар уәжі жоқ. Қазақстанның қарышты қадамын толық мойындайды, көрсеткіштердің елеулі екендігіне де ден қояды, дегенмен, мұның бірқатар проблемаларды қоса-қабат алып жүретіндігін де жоққа шығармайды. Оның ойынша: «Табысқа жету аздық етеді, маңыздысы- осы табысты әрмен қарай басқара білу керек». Бұл ретте ол алдымен Қазақстанның банкілерінің халықаралық рынокқа, әсіресе, бұрынғы ТМД елдеріне ұмтылуының кең ойластырылып барып жүргізілуі керектігін ескертеді. Егер халықаралық стандарттарға сәйкес шаралар жүзеге асып жатса, онда үркудің жолы бола қоймас еді. Бұған қол жеткізілсе, болуы мүмкін дағдарыстарды айналып өтуге негіз бар. Негізі – Қазақстан елінің қаржы жүйесіне халықаралық рыноктың сенімі артуға тиіс. Бұл үшін корпоративтік басқарудың кешенді жүйесін құру, басқа да маңызды компоненттерге көңіл бөлу талап етеледі. Қысқасы, Қазақстанның қаржы секторының түйінді мәселелеріне осы бастан назар аударған жөн. Әйтпесе, уақыттан ұтылу өз алдына, өзекті мәселелер бой бермей кетеді. Капиталды артырудың қажеттілігі, неғұрлым мөлдірлікті қамтамасыз ету мәселесі, корпоративтік басқаруға қатысты өзекті жайттар, банктердің сырттан қаржы алуына, сыртқы рыноктағы бизнестің дамуына орай туындап отырған тәуекелдіктің мән-жайы, өзара сақтандыруды дамытуға күш салыну керектігі мінбелерден аз айтылмайды. Мәселе – осылардың нақты сипат алуында. Жалпы Қазақстан экономкасының дамуына қаржының алар орны ерекше.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
“ Экономика және құқық ” факультеті

“Экономика” кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “Қаржының Қазақстан Республикасындағы ролі

Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________

Мазмұны
Кіріспе
ҚАРЖЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЛАТЫН
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қаржы-ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз
бөлігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Қазақстанда қаржы нарығының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... .11

2. Қазақстанның қаржы секторы
1. Қазақстанның қаржы жүйесінің даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. 27
2. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің сызбасы ... ... ...30
2.2 Қазақстанның нарықтық экономикасына қаржы менеджментінің
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қорытынды
Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақты дамуы-Қазақстанның
бәсекеге қабілеттігін дамытуда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

Кіріспе:
Нарықтық қатынастардың құрылымында да мемлекет тарапынынан оларды
реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекер
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қазақстанда ел экономикасының нақты секторының қарқыны жыл өткен сайын
бәсеңдей түссе де, қаржы саласы керісінше 6 жыл бойына дамуын үдетіп
келеді. Бүгінде бұл саланың майын ішкен мамандарды алаңдатып отырған жайт
өсу қарқыны артқан сайын болмай қоймайтын проблемалар алдыдан шығады. Мұны
дер кезінде шешпесе, онда нарықтың дамуын тежейді.
Жыл көрсеткіштеріне үңілсек, мынаны аңғарамыз: қаржы секторының дамуының
сандық нәтижелері өткен жылдардағыдай жоғары болатындығы күмәнсіз. Нарықтың
қазіргі жағдайы қаржы секторының өсімі әлі күнге дейін экономиканың дамуы
өрісінен әлде қайда жоғары күйінде. Мұның дәлелдер жетерлік. Банктердегі
депозиттердің 2005 жылдың 10-шы айында 1,3 есе өскендігі экономикаға
салынып жатқан несиелердің 1,5 есе артқандығы осының айғағы. Дегенмен
Қазақстанда қаржы саласында әтеген-ай деген де нәтиже бар. Айналымдағы
мемлекеттік бағалы қағаздардың үлес салмағы азайып кетті. Мұны қаржы
саласының мамандары оңай түсіндіреді. Ұлттық банк бюджеттің берекесін
кетірмеу үшін амалсыздан шұғыл шаралар қолдануға мәжбүр.
Біздегі көңіл сүйсінерлік нәтижелер қаржы қызметін көрсету саласына
қатысты. Қаржының Қазақстан экономикасының дамуындағы ролін айтатын болсақ
– мақтаныш етерлік жағдайлар жетіп артылады. Банк жүйесінің активтері
2005 –ші жылдың 10-шы айында 1,4 есе артты, бұл орайдағы жылдық көрсеткіш
төрт трилиондық межеге жетпекші. Екінші жыл қатарынан сақтандыру рыногының
нәтижесі де көңілге үміт себезгілейді. 1,5 есе артқандығы осыған дәлел бола
алады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіде қарқынды өсіп келеді. Сандық
көрсеткіштердің өсімі тұрақты сипат алғандағы үлкен мінбелерден үнемі
айтылады. Қаржыгерлердің 5-ші конгресінде де бұл мәселе егжей-тегжейлі сөз
болды.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Жан Лемьердің де
бұған қарсы айтар уәжі жоқ. Қазақстанның қарышты қадамын толық мойындайды,
көрсеткіштердің елеулі екендігіне де ден қояды, дегенмен, мұның бірқатар
проблемаларды қоса-қабат алып жүретіндігін де жоққа шығармайды. Оның
ойынша: Табысқа жету аздық етеді, маңыздысы- осы табысты әрмен қарай
басқара білу керек. Бұл ретте ол алдымен Қазақстанның банкілерінің
халықаралық рынокқа, әсіресе, бұрынғы ТМД елдеріне ұмтылуының кең
ойластырылып барып жүргізілуі керектігін ескертеді. Егер халықаралық
стандарттарға сәйкес шаралар жүзеге асып жатса, онда үркудің жолы бола
қоймас еді. Бұған қол жеткізілсе, болуы мүмкін дағдарыстарды айналып өтуге
негіз бар. Негізі – Қазақстан елінің қаржы жүйесіне халықаралық рыноктың
сенімі артуға тиіс. Бұл үшін корпоративтік басқарудың кешенді жүйесін құру,
басқа да маңызды компоненттерге көңіл бөлу талап етеледі. Қысқасы,
Қазақстанның қаржы секторының түйінді мәселелеріне осы бастан назар
аударған жөн. Әйтпесе, уақыттан ұтылу өз алдына, өзекті мәселелер бой
бермей кетеді. Капиталды артырудың қажеттілігі, неғұрлым мөлдірлікті
қамтамасыз ету мәселесі, корпоративтік басқаруға қатысты өзекті жайттар,
банктердің сырттан қаржы алуына, сыртқы рыноктағы бизнестің дамуына орай
туындап отырған тәуекелдіктің мән-жайы, өзара сақтандыруды дамытуға күш
салыну керектігі мінбелерден аз айтылмайды. Мәселе – осылардың нақты сипат
алуында. Жалпы Қазақстан экономкасының дамуына қаржының алар орны ерекше.

1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі.
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипатымен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы
ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық
қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және
мемлекеттік және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз
байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық
құрылысы мен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
-әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
-кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
-өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. апиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мелекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
-егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан –кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай
айырмашылығы бар.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы -ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.

1.2 Қаржы —ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі.
Қаржы- әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістік
түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша
ақша катынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы ќоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай қаражаты болып
табылады. Қаражаттың басты белгілерінің бірі - оның қалауынсыз ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен жақсартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс
болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
жасалатын ақша қорлары - бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан тұрады. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорлардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша
нысанында өлшеу, өзіндік құнды калъ-куляциялау және өнімнің бағасын
анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және
басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату
(тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде
пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі
мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп
отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің тездігі (олардың
құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзінше нышан
болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік
қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы
ќатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы
бар. Ақша—бұл өз алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек
шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен
ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге
және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларына жеке экономи-калық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында — бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы қаржының қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шектелуімен (бір иеленушілерден басқа
иеленушілерге өтуімен) немесе қаржының әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен
(бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн
(ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде қаржының өзінің
шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның
ақша нысанының бір жақты қозғалысынын, орны болады, ал үшінші стадияда
қаржылардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал
басқасы тауар нысанында болады.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы катынастарының қатынасы болып, іс-әрекет ететін
орны ақшаның нақтылы ќозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу
стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның
маңызды бөлігі —ұлттық табыс алғашќы бөлу* процесіне ұшырап, мақсатты
арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны
құрайтын микроэлементтерге - с, V, және бөлгіштік қатынастардың ерекше
сферасы ретінде қаржының мәні өз алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы
көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық айналымы — шаруашылық
жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары
нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге
асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында саналанатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
процестің қатысушылары болып табылатын саяси және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлудегі
субъектілер болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық
сфераларында — материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында
өтеді. Бөлудің қаржылық өндістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін:
жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске
бөлінудің әр түрлі түрлерін — ішкі шаруашылық, ішкі салалық, салааралық,
аумақ аралық бөліністі тудыратын көпсатылық қаржы.
Бөлу функциясы ќаржы ќұралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды
бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы,
айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып
тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл
функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек
жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек.
Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша
қорларын бөлу арқылы жасалады.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
Қаржы капиталдың айналымын тездете' отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың
өндірістік қызметі тиімділігінің есуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы
кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша ќорларын бөлу және қайта бөлу арқылы эконо-микалық өсудің ара
салмағын қамтамасыз етеді;
қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының ұйлесу
тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандары-ның және
шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мїмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз
етуде белсенді рол атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік
дамудың индикативтік жоспарының басты элемегатерінің өзара тендестірілуіне
қол жетеді; қаржы қорларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске
қаржының ынталандырғыш ролін күшейтуге арналған негізгі қаржылық
көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы түсіндірме қаржының
ролін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
айнымалы ұдайы өндірістік қажеттіліктерін қажеттігі қаржы
көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
қаржыны қоғамдық өндірістік құндық құрылымын реттеу
үшін пайдалану тұрғысынан;
қаржының әлеуметтік - экономикалық дамудың ынталан-
дырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.

1.3 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы
Қазақстанның қаржы жүйесін реформалауда жеткен жетістіктер:
Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттіктің құрылуы қаржы секторының қызметін жақсартуға бағытталған
қадамдардың бірі. Қазақстан Республикасында агенттік 2004 жылдан бергі
кезеңде қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын меммлекеттік реттеу мен
қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша біраз жұмыстар атқарды. Атап
айтсақ банк секторында банк топтарын қадағалауды және реттеуді одан әрі
дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы
бекітілді. Банктердің шетелдік операцияларының өсуімен байланысты елдік
тәуекелдерді азайту мақсатында Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен
рейтингі бар елдерде жүргізілетін активті операциялар бойынша банктердің
меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптар өсті.
Кредиттік тәуекелдерді төмендету мақсатында Қазақстан
Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру
туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Сақтандыру секторына
қатысты айтсақ , жинақтаушы, оның ішінде аннуиттік сақтандыруды дамытуды
ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді. Рынок көлемін ұлғайту және шетелге қайта
сақтандыру үлесін азайту мақсатында сақтандыру ұйымдарын кезең-кезеңмен
капиталдандырудың үш жылдық жоспары қабылданды.
Қазақстан аумағында заңсыз сақтандыру қызметінің алдын алу және жол
бермеу мақсатында Агенттіктің және құқық қорғау органдарының бірлескен іс-
шаралар жоспары бекітілді.
Осындай жұмыстардың бір парасы бағалы қағаздар рыногына қатысты болды.
Атап айтқанда, талап ету құқықтарын басқаға беру және оқшауланған
тәуекелдерді қаржыландыру сияқты қаржыландырудың құрылымдық нысандарын
дамыту мақсатында Секьюритизация туралы Қазақстан Республикасының заң
жобасы әзірленді. Операциялық және кредиттік тәуекелдерді ескере отырып ,
төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында
бағалы қағаздар рыногынің кәсіби қатысушылары капиталының жеткіліктілік
нормативі қайта қаралды.
Қазақстанда ұжымдық инвестициялау нышандарының дамуын жетілдіру және
ынталандыру және жеке инвесторлардың қаражатын жұмылдыратын инвестициялық
қорлардың пайда болуы мақсатында Инвестициялық қорлар туралы Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды.
Бағалы қағаздар рыногы қызметінің стандарттарын белгілеу,
корпоративтік басқаруды жақсартуға арналған ынталандыру шараларын құру және
тәуекелге барынша бейім қаржы рыногының салаларында қадағалау ресурстарын
шоғырландыру үшін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Қабылданған тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан қаржыгерлерінің
IV- конгресінде Елбасы алға қойған жеті міндеттің бірі ретінде Алматыда
халықаралық қаржы орталығын құру мәселесі аталды.(Мәліметтер Егемен
Қазақстан газетінің 2005 жылғы 27-тамызда жария көрген Қазақстан
Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттіктің төреағасы Болат Жәмішевпен сұхбаттан алынды.) Осы
бағыттағы жұмыстар:
Агенттік Алматы қаласын қаржы орталаға ретінде дамыту мәселесі
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге белсенді түрде қатысуда, Жұмыс тобының
құрамына республика Үкіметінің, Алматы қаласы әкімдігінің,Ұлттық банктің
және Агенттіктің өкілдері кірді.
Ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысы шеңберінде, Сингапур, Дублин
(Ирландия), Дубай (БАӘ), Лабуан (Малазия) сияқты қалалардың халықаралық
қаржы орталықтарын құру және дамыту тәжірибесі зерттелді. Жоғарыда аталған
жұмыс тобының жұмыс қорытындысы бойынша республика Үкіметі мақұлдаған және
құрудың үлгі шарттарын айқындайтын Алматы қаласында халықаралық қаржы
орталығын құру тұжырымдамасы әзірленді.
Қапзіргі уақытта Алматы қаласын қаржы орталғы ретінде дамыту жөніндегі
іс-шаралар жоспары ведомствоаралық келісуден өтуде.
Агенттік шоғырландырылған қадағалауды жетілдірудің жолдарын
қарастырды. Оның басты ерекшеліктері-Қазақстан Республикасының лицензиялау
және шоғырландырған қадағалау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеу және іске
асыру банк қызметін лицензиялау рәсімін ырықтандыру мақсатында, сондай-ақ
шоғырландырған қадағалау рәсімі бөлігінде банктік топтардың қызметін
реттейтін қолданыстағы заңнамалардың талаптарын жетілдіру және оларды
халықаралақ стандарттарға сәйкес келтіру үшін қажет.
Аталмыш заң жобасын қабылдау банктердің шоғырландырылған негізде
инвестициялық қызметіне және қаржы ұйымдарындағы тәуекелді басқару
жүйесінің талаптарын реттеуге, оның ішінде:
-банктік, сақтандыру заңнамаларымен, бағалы қағаздар рыногы туралы
заңнамамен және қаржы ұйымдарына бақылауды немесе ықпалды жүзеге асыратын
тұлғаны (ірі қатысушы, холдинг, аффилиирленген тұлға, бақылау құқығы)
айқындау барысында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ұғымды
біріздендіруге;
-қаржы топтарына қатысушылардың және аффилиирленген тұлғалардың
қызметіне байланысты қаржы ұйымдарының тәуекелдеріне толығырақ баға беруді
және реттеуді қамтамасыз етуге;
-меншік иелері құрылымының айқындылығы мен жариялылығын қамтамасыз
етуге, қаржы ұйымдарының, бірінші кезекте банктердің аффилиирленген
тұлғалары туралы толығырақ мәлімет алуға және қаржы ұйымдары мен қаржы
топтарының бар тәуекелдерін жою үшін түзету шараларын қабылдауға;
-банктердің аффилиирленген тұлғалармен жасайтын мәмілелеріне
қадағалауды жетілдіруге ;
-шетелдік банктердің қазақстандық қаржы рыногына кіруі жөніндегі
талаптарды оның жиынтық жарғылық капиталға басқару органдары құрамына
қатысуына және қызметкерлердің пайыздық ара қатынасына лимит жөніндегі
шектеулерді алып тастауға қатысты бөлігінде ырықтандыруды қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Елімізде тұтастай алғанда қаржы жүйесінің дамуы өте жақы. Бірақ бағалы
қағаздар рыногы оның ең әлсіз буыны.Бағалы қағаздар рыногының дамуына
мүмкіндік беретіндей заңнамалық база жасалған. Бірақ бағалы қағаздар
рыногының дамуына көптеген кедергілер бар. Атап айсақ қазақстандық қор
рыногының ерекшелігі онда банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорлары сияқты
консервативті институттық инвесторлардың басым болуы және қайталама
рыноктың төмен өтімділігі болып табылады.
Рыноктың төмен өтімділігінің себебі айтарлықтай көп. Акциялар
рыногының төмен өтімділігі стратегиялық инвесторлардың мүддесінің басым
түсуімен түсіндіріледі. Егер облигациялар рыногы жөнінде айтар болсақ, бұл
сегмент жақсы қарқынмен дамуда, бірақ бұл тек қана бастапқы рынокқа
қатысты.
Егер сандық көрсеткіштерге рыноктың көлемі жағынан қарайтын болсақ
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша А және В санаты бойынша сауда
саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес
бағалы қағаздар жөніндегі жалпы капиталдандырылуы 1.198.146 млн. теңге
болды, бұл көрсеткіш 2004 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда
68,64 % - ға ұлғайды. Бұл ретте облигациялар бойынша рыноктың
капиталдандырылуы 47,42 % -ға артқан.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша жалпы ішкі өнімде алғандағы
капиталдандырудың қатынасы пайыздық көрсетуде 2005 жылғы 1 қаңтарда:
акциялар бойынша – 9,42% облигациялар бойынша -12,6 %-ды құрады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша Қазақстандық қор биржасында
жасалатын мәмілелер көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы 7,14% болды.
Қазақстанның ішкі рыногында облигацияларды бастапқы орналастырудың
айтарлықтай көлеміне қарамастан, қайталама рынок өтімсіздік күйінде қалуда.
Бұған рынокта жинақтаушы зейнетақы қорлары сияқты институттық –
инвесторлардың басым түсуі негізгі себеп болып отыр, олардың стратегиясы
айтарлықтай белсенді алыпсатарлық операциялар жасамай, қарыз құралдарын
өтелгенге дейін ұстауға негізделген. Зейнетақы қорлары активтерінің ЖІӨ -
ге қатынасы Франциядағы осындай көрсеткішпен шамалас және Испания мен
Германияның көрсеткішінен көп төмен емес. Бірақ, Қазақстан экономикасының
ауқымы бұл елдердің экономикасынан көп төмен.
Қазір жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қаражатын салымшылардың
шоттарына жинақтап жатқандықтан жақын арада төлемдер жасала қоймайды.Тек
біраз уақыт өткеннен кейін ғана мұндай жағдай зейнетақы төлемдері
жасалуымен тепе-теңдікте ие болады, сол кезде барып зейнетақы қорларының
саясаты өзгеретін шығар. Өйткені олар өтімді қайталама рынокта мүдделі
болады.
Осылайша қазіргі уақытта Қазақстанда бағалы қағаздардың қайталама
рыногының дамымағандығы туралы мәселе өткір қойылуда.Белгілі болып
отырғандай, қайталама рынок инвесторлар үшін өтімділікті қамтамасыз етеді,
сөйтіп бастапқы рынокты нығайтады.
Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ рыногында қайталама рынокта сатылатын
бағалы қағаздар үлесі бағалы қағаздармен жасалатын барлық мәмілелердің 99%
құрайды.
Қазақстан бүкіләлемдік сауда ұйымының табалдырығында тұр. Соған орай
Қазақстанның қаржы саласы халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеуді
жолға қойды.
Республиканың қаржы секторы өз дамуында тұрақтылықты нығайтуға,
адамдардың сенімін күшейтуге және қаржылық ұйымдардың деңгейін көтеруде
елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
Бұған әрі елдегі инфляцияның төмендігі мен ішкі жалпы өнімнің
айтарлықтай жоғырылығы тиімді әсер етті. Оның үстіне Елдегі жеке тұлғалар
арасында несие берудің ұтымды ұйымдастыруы мен ипотекалық несиенің қауырт
өсуі қазақстандық қаржы институтарының дамуына қарқын қосты. Банктердің
ішкі қорды дамытуға үлес қосуы, тәуекелділік және қаржы-несие сақтандыру
ісіндегі кейбір түйінді мәселелерді шешудің қажеттігі және бағалы қағаздар
рыногындағы ахуал да сөз болды. Қазақстандық қаржы рыногының тұрақтылығында
елдегі саяси тұрақтылық пен мемлекет басшылығы жүргізіп отырған тиімді
экономикалық саясаттың зор ықпалы айқын сезіледі. Міне, осындай
артықшылықтар Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне сәтті
мүмкіндіктер тудырады. Себебі, қаржы рыногы елдегі саяси ауқуал сияқты
тұрақты. Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестиция үшін мейлінше тартымды
әлемдегі жиырма мемлекеттік қатарына қосты. Инвестор бағалы қағаздар
рыногындағы ең басты кәсіпкер болып саналады. Сондықтан олардың іс-әрекеті
қаржылық ресурстарды барынша тиімді және оңды пайдалану мәселесіне келіп
тіреледі. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы болуын қалыптастыру
бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытуға, оның халықаралық капиталмен
интеграцияландыру ісін қалыптастыруға, Қазақстан экономикасына инвеститция
тартуға, сондай-ақ қазақстандық капиталдың шетелдік қаржы рыногына шығуына
ықпал жасайтын болды.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен
бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті, Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-
соңды болған емес.
Қаржы рыногы- бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмалық, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа
рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б.
рыноктармен) етене байланысты.
Қаржылық қатынас Қазақстанның экономикасының дамуының негізі болып
табылады. Қаржы ресурстарының айнымалы мен қайта бөлінуі қаржы рыногын
анықтап беретін өзіндік аймақты қалыптастырады. Нарықтық экономика
жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар
жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы ұғымы қалыптасқан әлемдік
тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік
ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Қаржы рыногы - ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру,
зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін
білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз
алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі роль атқарады. Онда
төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы рыногы
кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары
арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.
Қаржы –бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру
шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар
арасындағы капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша
қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері
бағыттайтын қаржы – несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы
нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және
өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
ақпараттық – қаржы рыногына қатысушылардың барлығына ақпараттарға
толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
бөлу – қаржы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының құйылымын
экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан
екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы
ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
-коммерциялық – қаржы рыногындағы жүзеге асырылатын операциялар
мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
-баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін
бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр
түрлі инвестицияларға айналуы ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға
айналу процесі қаржы нарғының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы
ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының
негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше
тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар
мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер менміндеттемелердің
саудасын ұйымдастыру қаржы рыногының міндеті болып табылады. Мұндай
нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті
ретіндегі үш тобы бар:
үй шаруашылығы (жеке тұлға);
меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;
мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің баланысталған,
оның дефиценті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі
немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі
пайда болды. Қаржы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып
алушылардың, сондай-ақ делдал институттардың мүдделерін тиімді ескеріп,
жүзеге асыруға арналған
Нарықтық экономика өндірістің әлдеқайда тиімді ұйымдастырудың формасы.
Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан
Республикасы үшін шаруашалақ жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының
әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз
ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді
білдіреді. Бұл мағынада қаржының ғылыми-техникалық прогрестің базасында
дамитын, жалпы қоғам әл-ауқатының қажетті деңгейіне қол жеткізуі және
экономикалық тиімді өсуі үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен
қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін
қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.
Біздің көз қарасымыз бойынша, қаржы рыногы елдің барлық ақша
ресурстарының, сонымен қатар әр түрлі экономика субъектілерінің тарапынан
осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде
болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда, ақша ресурстары мен
шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында тікелей қатынас орнағанда ғана
пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы – бұл ең алдымен, әр түрлі экономика
субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен жинақтары мәміле жасау
жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай
қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, каржы рыногының функциясын
анықтайтын алғы шарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік
түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз
ету;
бюджет тапшылығын қаржыладыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын
пайдалануды тоқтатып, бұл мөселелерді мемлекеттік займдарды, яғни
облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу
қажет;
бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Қаржының қазақстан экономикасындағы рөлі
Қаржы және қаржы жүйесінің мазмұны, қажеттілігі
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Бәйдібек аудандық бюджетке түсетін түсімдер
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының бақылау және реттеу агенттігінің сипаттамасы
Пәндер