Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы



ЖОСПАР

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi ... ... ... ... ..5
1.2 Ақшаның дамуындағы қалыптасқан теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10


II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ МЕН ҚАЗIРГI АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2.1 Қазақстанның Кеңес Одағы және егемендiгiн алып ұлттық валютаны енгiзу кезiндегi жүргiзген ақша реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

2.4 Қазiргi елiмiз экономикамыздағы ақша жүйесiнiң дамуы ... ... ... ... ...29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
КIРIСПЕ

“Ақша” - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Қоғамдық өндiрiс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргiзуге көмектесетiн жалғыз ерекше тауардың бөлiнiп шығуының қажеттiгi туды. Осылайша ақшаның алғаш, анайы формалары дүниеге келдi.
Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ақша теориясының дамуы. Қазақстан Рсепубликасындағы ақша реформасы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.
Ақша экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.
Ақша – қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.
Осылайша менiң осы курстық жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
• Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
• Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының қазiргi даму жағдайын анықтау;
• Қазақстан Республикасының Кеңес Одағы кезiнде жүргiзген ақша реформаларының жүргiзiлу барысын, ерекшелiктерiн және кезеңдерiн қарастыру;
• Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi 1993 жылғы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге байланысты жүргiзiлген ақша реформасын қарастыру;
• Жоғарыдағы реформаларды қарастыра келе ұлттық валютамыздың бүгiнгi таңдағы экономиканың қаржы секторындағы орны мен оны дамытудағы iс-шараларын қарастыру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
2. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
3. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
4. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
5. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
6. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
7. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
8. С.Б.Мақыш / Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-шi басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
9. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
10. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
11. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
12. А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы, Экономика сериясы №1, - 2003 ж.
13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2004г. №9.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

I АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi ... ... ... ... ..5
2. Ақшаның дамуындағы қалыптасқан теориялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ МЕН ҚАЗIРГI АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2.1 Қазақстанның Кеңес Одағы және егемендiгiн алып ұлттық валютаны енгiзу
кезiндегi жүргiзген ақша реформалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының
дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

2.4 Қазiргi елiмiз экономикамыздағы ақша жүйесiнiң дамуы
... ... ... ... ...29

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...32

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

КIРIСПЕ

“Ақша” - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық
басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде
қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы
үздiксiз жасала бередi.
Қоғамдық өндiрiс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргiзуге
көмектесетiн жалғыз ерекше тауардың бөлiнiп шығуының қажеттiгi туды.
Осылайша ақшаның алғаш, анайы формалары дүниеге келдi.
Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып
табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi
алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,
онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр
тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне
қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың
өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол
ақша”
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi
және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-
қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп
атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша
массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз
кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып
келедi.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын Ақша теориясының дамуы.
Қазақстан Рсепубликасындағы ақша реформасы деп алдым. Бұл тақырыптың
өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен
ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi
болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз
егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық
экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге
қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.
Ақша экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар
өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк -
экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.
Ақша – қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң
тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi
өтiмдiлiк болып табылады.
Осылайша менiң осы курстық жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм
келесiдей:
• Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның
түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
• Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының
қазiргi даму жағдайын анықтау;
• Қазақстан Республикасының Кеңес Одағы кезiнде жүргiзген ақша
реформаларының жүргiзiлу барысын, ерекшелiктерiн және кезеңдерiн
қарастыру;
• Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi 1993 жылғы ұлттық валютамыз
теңгенi енгiзуiмiзге байланысты жүргiзiлген ақша реформасын қарастыру;
• Жоғарыдағы реформаларды қарастыра келе ұлттық валютамыздың бүгiнгi
таңдағы экономиканың қаржы секторындағы орны мен оны дамытудағы iс-
шараларын қарастыру.

I АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

1.1 Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi

Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi
бiр эканомикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму
үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық
категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен
көрiнiс табады. Оларға:
- Жалпыға тiкелей айырбастау ;
- Айырбас құнының дербес формасы ;
- Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi .
Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану
кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау
мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi, яғни оның өтiмдiлiк қасиетi.
Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тек
қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi.
Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып
алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен
байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың
көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану
тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада
қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық
берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру,
өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктер
несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған
еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы
көрiнедi.
Ақша экономикадағы мәнiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар
өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк -
экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi
экономикада атқаратын бес түрлi қызметi бар:
1) Құн өлшемi және баға масштабы;
2) Айналыс (айырбас) құралы;
3) Төлем құралы;
4) Қор және қазына жинау құралы;
5) Дүниежүзiлiк ақша.
Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық
тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында
туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi
қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады.
Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi
толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес,
осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын
белгiлесек жеткiлiктi.
Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның
өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның
орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу
қасиетiмен ерекшеленедi.
Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты
етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi. Алғаш рет
монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай
келдi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда
болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан
ерекшелене түстi.
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында
едәуiр айырмашылықтар бар. Құн өлшемi – мемлкетке тәуелдi емес ақшаның
экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға
масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.
Ақшаның айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды
өткiзудегi делдал болып табылады. Ақшаның айналыс құралын негiзiнен әйгiлi
экономис А.Смит құптаған болатын.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын
тапқанға дейiн ақша үздiксiз айналыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi
сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай
келмейдi. Сатушы, тауарын сатғаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi
өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға
қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
• Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
• Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
• Ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша
белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшылы тауармен (алтын) байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы
негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады.
Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты.
Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта
тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар
өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан
ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни
тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше
болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана
емес, сонымен бiрге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етедi.
Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:
• Тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер;
• Еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
• Мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
• Банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық
мiндеттеме;
• Сақтандыру мiндеттемелерi;
• әкiмшiлiк - сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары .
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара
айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек
қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның
өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып,
сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып
ұсынады. Бұл борыш өтелгенкезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет
атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен ол олармен берiк байланысты екенi
анық. Ақшаның төлем құралы ретiде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор
құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет
екенiн көрсетедi.
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және
айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның
қорлануын қажеттiлiгi Т – А – Т айналымының екi актiлерге Т – А және А – Т
айырылуымен байланысты.
Капиталистiк қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза
қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi.
Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебi олар шын
мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл
қазыналар неиселiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға
( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiлiгi
тауар өндiрiсiмен байланысты болады. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбiр тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы
байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның
формасы ретiнде байықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек , қазына жинау
құралы қызметiн тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн.
Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау
түрiнде жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек
қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын. Өндiрiстiң және тауар
айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып
отырады немесе керiсiнше .
Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара
алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақта осы қызмет негiзiнде
олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана
бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып, олар
кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе
алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни
инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.
Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi:
• кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы
ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;
• банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.
Дүниежүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы
дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады. Дүниежүзiлiк
ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу
құралы ретiнде қызмт етедi.
Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен
нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келiсiмi
дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.
Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп
жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң
ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi”, яғни
жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi.
Бреттон – Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар
мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен
дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы;
ЭКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан
бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа
шықты.

1.3 Ақшаның дамуындағы қалыптасқан теориялар

Ақшаның тарихи қалыптасуының осы кезге дейiнгi дамуында қоғамдық
өндiрiстердiң және экономикалық құрылымдардың өзгеруiмен бiрге ақша
теориясы да ылғи да даму үрдiсiнде болды. Жалпы экономикалық дамуда ақшаның
үш теориясын аатп көрсеттуге болады. Әрине олар қоғам дамуымен бiрге
өздерiiнң формаларын да өзгертiп келедi.
1. Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың
алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер (Томас Мэн, т.б.) жатады.
Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы
металдармен бiрдей деп санау тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз
байлығы алтын мен күмiс, яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар
болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистiк сипатта, себебi бұл
теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген
бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк
қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз.
Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер
М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның
теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша
деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды
күмiс деп санады. Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ.
теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша
жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын
айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың
шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң
болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем
әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.
Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-
ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол
кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М.
Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын
енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон –
Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан.
Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес
кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың
қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы
комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес
деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың
күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi.
Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру
натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай
эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық
тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi
құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның
айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң (экономикалық бөлiнгiштiк)
жоғалуы т.б. пайда болды.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның
капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды
қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала
беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте
монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы
монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы
кезеңдi сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен
бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.
Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып
ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес
келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар
деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп
металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.
Монометализм – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi
( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.
Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-
1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша
тұсында енгiзiлдi.
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс
монетаның түсiне қарап шыққан.
2. Ақшаның номиалистiк теориясы. Меркантелистердiң металлизмге қарсы
iс әрекетiнен ақшаның номиналистiк теориясы пайда бболды. Тауар өндiрiсi
мен айналымының өсуiне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот
түрiндегi несиелiк айланыс құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын
алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа
шығара отырып, номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол
үшiн олардың металдық құрамын белгiледi.
Номинализмнiң негiзгi ережесi мынадай:
• Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен
тауарлардың айырбас құны анықталады;
• Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;
Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара
отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады. Адам
Смиттiң айтуынша, ақша – бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық
дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие
дп санайды:
• Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
• Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,
XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк
ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне
қағаз ақшалар жатады.
Номинализмнiң мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная теория
денег”, 1905 ж.) еңбегiнде жақсы берiлген. Оның негiзгi ережелерi
төменгiдей құрылған:
• Ақша – құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
• Ақша мемлекеттiк хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем
күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
• Ақшаның негiзгi қызметi – төлем құралы.
1929 – 1933 жж. Кономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрi қарай дами
түстi. Сөйтiп, Дж.М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды
“жабайылық сарқыншағы”, “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды. Ол
идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз
ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық
өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге
асты деп санады.
Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П.
Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста
болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi.
“Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның
мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк
шарттылық”
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективтi
заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен
сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.
Бiрақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегi
терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы
терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император
меншiгiнде болған.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы Шынғысханның немересi Хубила ханмен
байланыстырылады.
XVII ғ. алдындағы капиталистiк тауарлы өндiрiстiң дамуымен қағаз
ақшаның қолданылуы өрiс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстiк
Американың Британиялық отар елдерiнде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та,
1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 ж. II
Екатерина тұсында пайда болды.
Сырттай қарағанда, қағаз блгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған –
толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады.
Шыында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуынан
көбеюi есесiнен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:
1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келедi және капитализмнiң
дамуымен мүмкiн емес, себебi қымбат металдарды өндiру айналыс
құралдарына деген шаруашылықтың қажеттiлiгiнен әлдеқайда төмен;
2. Монеталардың тозуы және бүлiнуi;
3. Мемлекеттiк билiк пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды
бұзуы;
4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшiн шығарады.
Осыған байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: “өзiнiң айналыстағы
делдалы ретiнде алтын әр түрлi өзгерiстерге ұшырады, тiптi жай ғана бiр
жапырақ қағазға дейiн жұқарды.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан бiртiндеп
бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн белгiсiнiң ақырғы формасы.
Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте
металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны
жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып
тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады.
Егер “нағыз” ақшалар айналыста өзiнiң меншiктi құнының арқасында
жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде нарықтық құнға ие болады.
Мемлекет сол елдiң көлемiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн белгiлейдi.
Осылайша , Қазақстанда 1993 жылы ең iрi капюрда 100 теңге, 1994 жылы 200
және 500 теңгелiк капюрлар шығарылған болатын.
Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда
мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы
бойынша алтынға ауыстырған кездерi болған.
Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да , олар айналыс
саласындағы ақшаның қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы
атқарады.
Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар
өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi.
Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет
тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық
ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға
дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi
және тауар массасының қысқаруы, т.б.
Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз
ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес
түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар
несиелiк ақшалар жүредi.
Несиелiк ақшалар – бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның
қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы
қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде
өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.
Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары жатады.
3. Ақшаның сандық теориясы. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң
ашқан ақша айналысының заңымен реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны –
айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бiр
ақша бiрлiктерiнiң айналыс жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң
болуын талап етедi. Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебiнiң
ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:
PY = TV+DV1
Мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T – ақша белгiлерiнiң саны;
D – депозиттер;
V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның сандық теориясы өзiнiң күшiн
жоғалта бастады, себебi кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты
экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.
Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын,
американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды,
себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң
өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны
реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында
пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және
ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның
жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз
талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен
түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi:
неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн
ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан
алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы
тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы
ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:

Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. А + АР

Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн
себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi
болып табылады.
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға
мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму
факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес,
несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн,
өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады. Ақша екi түрлi формада
болады: қолма – қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк
шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi.
Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста. Банктiк айналымның
ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ МЕН ҚАЗIРГI АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ
ДАМУЫ

2.1 Қазақстанның Кеңес Одағы және егемендiгiн алып ұлттық валютаны енгiзу
кезiндегi жүргiзген ақша реформалары

Қазақстанның жалпы экономикалық дамуындағы жүргiзiлген ақша
реформаларын келесiдей кезеңдерге бөлуге болады:
1. Революцияға дейiнгi Қазақстанда жүргiзiлген 1895-1897 жж. ақша
реформасы;
2. 1922-1924 жж. ақша реформалары;
3. 1947 жылғы ақша реформасы;
4. 1950 жылдың 1-шi наурызында рубльдi алтын базасына өткiзу;
5. 1961 жылғы ақша деноминациясы;
6. 1993 ж. Қазақстандағы ақша реформасы;
7. 1999 жылы ұлттық валютамыз теңгенi еркiн айналысқа жiберу.
Революцияға дйiнгi Қазақстанда жүргiзiлген 1895-1897 жж. ақша
реформасында алтын монета айналысы бар алтын монометализм жүйесi енгiзiлдi.
Айналыста алтын, күмiс және мыс монеталар жүрдi. Негiзгi ақша белгiлерiне
92% алтынмен қамтамасыз етiлген Мемлекеттiк банктiң несиелiк билеттерi
жатты.
1917 жылдары Уақытша өкiмет мемлекеттiк қазынаның қысқа мерзiмдi
мiндеттемесiн, займ купондарын енгiздi. Мемлекеттiк шығыстарды жабу
мақсатына үкiмет iрi купюрода қағаз ақшаларды шығарды. Бұл кезде Ресейде
ақша жүйесiнiң жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзiндiк ықпалы
болды. Қазан революциясынан кейiн ақша айналысының жағдайы нашарлай түстi.
1993-1920 жылдар аралығында айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге
дейiн өсiп кеттi. Ақша 10 мың есеге құнсызданды.
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер,
шетелдiктер және ақ гвардия “үкiметi” өздерiнiң ақшаларын басып шығарды.
Олардың бағамдары әр түрлi болды және олар тез уақытта құнсызданды. Ақшаның
қатты құнсыздануының нәтижесi: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен
ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады. 1920 жылы еңбекақыны ақысыз
беру бастлып, пәтерақы және коммуналдық қызметтер үшiн төлем төлеу алынып
тасталды. Оқушыларға тегiн киiм берiлдi. Базарлардың өзiнде азық-түлiкпен
алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент түрiнде жүзеге асты.
Ақша айналысын қалыпқа келтiрудiң басты бiр қадамына 1922 ж.
мемлекеттiк ақша белгiлерiн шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұры шығарылған
10 рубльге теңестi. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт номерiн сызып
тастау арқылы жүргiзiлдi. 1922 жылдың 1 мамырынан бастап, барлық
есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты.
1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз
ақшалардың орнына мыс монеталардың келуi ақша айналысының реттелуiн, ақша
белгiлерiнiң эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысына тұрақты
ақша жүйесiмен қадам басуға мүмкiндiк жасады.
Ұлы отан соғысы елге – 679 млрд рубльге шығын алып келдi, оның iшiнде
әскери шығындар 551,1 млрд рубльдi құрады. Өндiрiс пен халық тұтынатын
тауарлардың сатылу көлемiнiң аяқ асты қысқаруы мемлекеттiк бюджеттiң
табыстарын азайтты. Бюджет тапшылығы ақша эмиссиясы есебiнен жабылды.
Ақша реформасын жүргiзумен қатар, барлық азық-түлiк және өнеркәсiп
тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық
жүйемен салыстырғанда нанның бағасы 10-12 % төмендедi. 1947 жылқы ақша
реформасының ерекшелiгi Мемлекеттiк банктiң билеттерi черновеч емес рубль
түрiнде шығарылатын болды. Реформа ақша жүйесiн нығайта отырып, ақшаның
барлық қызметтерiнiң маңызын арттырды.
1947 жылы ақша реформасынан кейiн алғашқы жылдары экономиканың
дамуындағы қол жеткiзген жетiстiктер және карточка жүйесiнiң алынып
тасталуы өнiмнiң өзiндiк құнының төмендеуiне, дүкендерде азық-түлiктердiң
көбеюiне жол бердi. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуi басталды.
Үкiмет рубльдiң бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және оны алтын
базасына өткiзу қажеттiгiн мойындады.
1950 жылы 1 наурыздан бастап үкiмет рубльдiң алтындық құрамын 0,222168
г таза алтынмен белгiледi. Осы белгiленген алтындық құрамына байланысты
рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша АҚШ-тың 1
долларына 4 рубль болып жаңа бағам енгiзiлдi.
Рубль бағамын алтын базасына өткiзгеннен кейiнгi он жылдың iшiнде
елдiң ақша айналымы, мемлекеттiк бюджеттiң мөлшерi, сондай-ақ өндiрiс,
ұлттық табыс көлемi шамадан тыс өстi. Сондықтан да үкiмет баға масштабын 10
есеге iрiлендiру, рубльдiң алтындық құрамын көтеру және айналыстағы
ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешiм қабылдады. Айырбас 3 ай iшiнде
1961 жылы 1 қаңтарынан 1 сәуiрге дейiн ешқандай шектеусiз жүргiзiлдi. Баға
масштабын iрiлендiру ақша есебiн және олардың техникалық қызмет көрсетуiн
жеңiлдеттi. 961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдiң алтындық құрамы 0,222168 г
алтын орнына 0,987412 г алтын етiлiп қайта белгiлендi.
1964 жыл Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкiнiң құрылуымен
байланысты, 1991 жылға дейiн Экономикалық өзара көмек кеңесiне мүше
елдердiң арасында көп жақты клирингтiк есеп айырысулар үшiн қолданылатын
ақша бiрлiгi – аудармалы рубль енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасының егемендiгiн алғаннан кейiнгi жүргiзген ақша
реформалары Қайта құру жағдайында өндiрiстiң құлдырауымен бiрге айналыстағы
ақша массасының өсуi қатар жүрдi. Тауарлар мен азық-түлiктер көбiне
шетелден сатып алынды. Бұл үшiн қжеттi валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын
алтынды сатудан түсiрдi: 1989 ж. – 300 т., 1990 ж. – 234 т. алтын сатылып
кеттi.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бiрiншi кезеңде, ТМД-ға
кiрмейтiн елдердi қоса алғанда, тәуелсiз мемлекеттер аумағында айналыста
жүре бердi. Әр түрлi себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердiң
саяси тәуелсiздiкке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен
экономиканың социалистiк директивтi үлгiсiнен нарыққа өтуi мүмкiн
еместiгiне байланысты бiртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсiз үзiлдi.
КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесi өте күрделi
жүргiзiлiп және бұрынғы кеңес мемлекеттерiнiң меншiктi ұлттық валюталарын
енгiзiлуiмен аяқталды. КСРО республикаларының егемендiгi жариялағаннан
кейiн барлық 15 ұлттық банктер бiр-бiрiне тәуелсiз түрде орталық банктер
ролiн атқара бастады.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа
мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы
орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар
орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы
күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992
жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы
маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000
купюралары шығарылды.
1992 жылы бiрiншi жартысынан-ақ Қазақстан рРеспубликасының жетекшiлерi
ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған
болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Харрисон” фирмасымен шарт
жасасты. Сөйтiп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелiк ақшалар
Қазақстанға жеткiзiлдi. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесi
болды.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы”
Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап
ұлттық валюта – теңге енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1
доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп
кеттi. Соған сәйкес бағамен жалақы да өстi.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен
мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы
бойынша жүргiзiлдi. Қазақстанның 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың
рубль шегiнде ақша айырбастай алды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл
Ақша реформаларын талдау
Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
Ақша жүйесі, түсінігі және элементтері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының салық жүйесін зерттеу
Ақша реформасы
Салық салықтар жүйесін табиғи жұмсарту
Ақша туралы дәріс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
1961 жылғы ақша реформасы
Пәндер