ҚР-да жергілікті және өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары



Жоспар:

Кіріспе.

I. ҚР жергілікті және өзін.өзі басқарудың теориялық бастамалары

1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері

1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқару түсінігі мен даму ерекшеліктері

II. . ҚР жергілікті және өзін.өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері

2.1. Қазақстанда жергілікті өзін.өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері.

2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік бақару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлігі болып табылады. Және белгілі бір дербестікке ие болады. Бірақ дербестік жергілікті органдар мен жергілікті атқарушы органдарда ұйымдық және құзыреттілік тұрғысынан өзіндік ерекшелікпен көрінеді. Жергілікті өкілді органдар – маслихаттар Республиканың өкілді органдар жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жергілікті өкілді органдар – маслихаттарымен ұйымдық тұрғыдан да, құзіреттілік тұрғысынан да байланыспаған. Тек Конституция көздеген екі жағдайда ғана маслихаттармен Парламент өзара байланысқа кіреді. Маслихаттар Сенаттарды сайлайды, ал Парламент Сенаты маслихатты тарата алады. Сондықтан өкілді органдар ретінде маслихаттар Республика Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, керісінше, біртұтас атқарушы органдар жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Және олардың ұйымдығы мен қызметі жоғары тұрған атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркестікте атқарушы үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ұғымдарының арақатынасына байланысты мәселені қарастырған жөн.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
2. "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдау / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж.
3. Хайдар А., "Жергілікті басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтары", "Саясат және парасат", №2, 2003ж, 5-7 бет.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми Web-сайты: www.government.kz.
5. Нүкенов А.: "Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері". "Саясат" №7., 2003ж., 26-31 бет.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Жергілікті өзін-өзі басқару пәні бойынша

Тақырып: ҚР-да жергілікті және өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары

Жоспар:

Кіріспе.

I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары

1. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері

2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі мен
даму ерекшеліктері

II. . ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері

2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және
қаржылық мәселелері.

2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік бақару жергілікті
өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің
құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас
мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті
мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті
мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және
проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік
басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлігі болып табылады. Және белгілі бір
дербестікке ие болады. Бірақ дербестік жергілікті органдар мен жергілікті
атқарушы органдарда ұйымдық және құзыреттілік тұрғысынан өзіндік
ерекшелікпен көрінеді. Жергілікті өкілді органдар – маслихаттар
Республиканың өкілді органдар жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті жергілікті өкілді органдар –
маслихаттарымен ұйымдық тұрғыдан да, құзіреттілік тұрғысынан да
байланыспаған. Тек Конституция көздеген екі жағдайда ғана маслихаттармен
Парламент өзара байланысқа кіреді. Маслихаттар Сенаттарды сайлайды, ал
Парламент Сенаты маслихатты тарата алады. Сондықтан өкілді органдар
ретінде маслихаттар Республика Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті атқарушы
органдар - әкімшіліктер, керісінше, біртұтас атқарушы органдар жүйесінің
құрамдас бір бөлігі болып табылады. Және олардың ұйымдығы мен қызметі
жоғары тұрған атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдар тиісті
аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркестікте атқарушы
үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ұғымдарының
арақатынасына байланысты мәселені қарастырған жөн.

I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
1. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері

Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы органның құзыретін, қызметінің
ұйымдастырылуы мен тәртібін, сондай-ақ, маслихаттар депутаттарының
құқықтық жағдайларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қалайтын
Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституцияның 8-
ші бөлімінің 85 бабында жазылған жергілікті мемлекеттік басқару тиісті
аумақтағы істің жай - күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы
органдар жүзеге асырады.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл заң актілерінде
белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқару органдарының
тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізуді, оны дамыту мақсатында
жүзеге асыратын және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып
табылатын қызмет.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің
әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық
негіздерін жергілікті бюджет, коммуналдық, заңды тұлғаларға бекітілген
мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және
шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
1. Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік
стандартты ұстану.
2. Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін
шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
3. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
4. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерін сақтау.
Аймақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкімшіліктердің қолданатын
жоспарлары елдің стратегиялық даму жоспарына сәйкес келуі тиіс және оларға
бірыңғай еңбек нарығын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен
қызметтер көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға
тыйым салынады.
Жергілікті өкілді орган мәслихат халықтың, өкілдік бірыңғай жүйелерінің
ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
заңында жазылған: "Жергілікті өкілді орган - мәслихат - бұл облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды
белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган".
Жергілікті өкілді органның өзіндік ерешеліктері. Мәслихат өзінің
қызметтік сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты
мәселелерді шешуге құқылы халықтың кең тараған өкілді органы. Мәслихаттар
күнделікті қызметтерінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық
тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, еліміздің
қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен
қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып табылады.
Мәслихат аппараты дегеніміз - бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары мен
депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен
ұсталынатын мемлекеттік мекеме.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың қызметтері:
1. Негізгі өкілеттікті анықтайтын жалпы мәселелер:
- тиісті аумақты дамытудың жоспарлары, әлеуметтік және экономикалық
бағдарламаларын жергілікті бюджеттік және олардың атқарылуы туралы
есептерді бекіту.
- Тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі
шығыстарды бекіту және осы мәселеге қатысты өзге де жағдайларды шешу.
- әкімшілік ұсынысы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын
бекіту.
- әкімшілік ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті
әкімшіліктің дербес құрылымын бекіту.
- Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және кедейлікпен күрес
бағдарламасын бекіту.
2. Мәлихаттың айрықша өкілеттігі:
- өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті
қауымдастық ұғымының шекараларының айқындау мәселелерін шешу.
- Атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға
мәслихат шешімдерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдардың және ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу.
- Қазақстан Республикасының әкімішілік-құқық бұзушылық туралы кодексіне
сәйкес әкімшілік құқықты бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленген
ережелерді бекіту.
- Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының экономикалық
және әлеуметтік бағдарламалардың жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау
жасау.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Маслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарын құру, олардың
қызметтері туралы есептерді тыңдау тағы да басқа мәселелер.
Жергілікті атқарушы органдары келесі мәселелерді қарастырады:
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикасын жергілікті атқарушы
органдардың және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті басшыларын
қызметке тағайындау бюджетті әзірлеу және қызметтен босату, жергілікті
қамтамасыз ету.
- жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға
байланысты өзге де мәселелерді шешу.
- коммуналдық меншікті басқару.
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай республика
заңдарымен жергілікті атқару органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді
жүзеге асыру.
Мемлекеттік және жергілікті билік. Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік-
құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік
етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің
экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады.
Мемлекеттік билігі таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл) - сол
мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал мемлекеттің территориялық
құрылымы - мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктердің
арасындағы қарым - қатынасқа негізделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлін
үкімет атқарса, территория құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар,
өлкелер мен аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі (провинция,
департамент, қауым, т.б.).
Мемлекет өз қызметін тиімді жүргізу үшін әкімшілік - территориялық
бөліктер құрады. Солар арқылы үкімет өзінің билігін жүргізеді., жалпы
мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Әкімшілік - территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен
айырмашылығы бар, себебі бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап,
белгілі бір заңның нормасын белгілеу қажет, сонымен бірге олардың өзінен
жоғары тұратын билік деңгейімен және мемлекеттік басқару органымен ара
қатынасын заңдастыру қажет.
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты
мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары
мен әдістерімен ерекшелінетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі
арқылы жүзеге асырылады. Оларды кешенді пайдалану мемлекет мұқтажын
қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік механизмге жүктеледі.
Барлық билікті жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық
және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің міндеті. Мемлекеттің
саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің
механизмімен жүзеге асырылады.
Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды,
тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызда роль атқарады,
бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды,
жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде
реттейтін актілер қабылдайды.
Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес
жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді өзі
шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық
тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты
қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы
және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті әкімшілік-территориялық бөліктерде биліктің екі түрі жүзеге
асуы мүмкін. Олар: жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өзін-өзі
басқару.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік-
территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған
әкімішліктің атынан жүргізілетін биліктің бір түрі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі
жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін
аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында).
Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз, сол территорияда тұратын
тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып
қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде "Жергілікті
өзін-өзі басқару туралы Европа Хартиясынан" толық анықтамасын алуға
болады:
"...1. Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің
көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол
істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті
өзін-өзі басқару деп түсеніміз.
2. Бұл құқықты жалпыға бірдей, еркін, жасырын және тікелей дауыс беру
арқылы сайланған мүшелері бар кеңестер мен жиналыстар жүзеге асырады.
Кеңестер мен жиналыстар олардың алдында есеп беріп отыратын атқарушы
органдарды пайдалана алады. Бұл ереже азаматтардың кеңеске тікелей
шығуына, референдум жасауына және сол сияқты азаматтардың заңда
белгіленген басқа да құқықтарын жүзеге асыруына бөгет бола алмайды.
Европалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті
өзін-өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отырып, бір жүйені береді.
Басқарудың екі түрінің араласуының да түрлі нұсқасы бар. Әсіресе
жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әр
түрлі міндет қойылады.
Бірінші - әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқаруды "қамқорлығына
алуы".
Бұл жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімі жергілікті
мемлекеттік басқару органдарының рұқсатын алмайынша күшіне ене алмайды.
Қысқасы, сол шешімді жергілікті әкімшілік (губернатор, әкім, бургамистер,
т.б.) қолдауы не бекітуі шарт. Оны қолдаудан бас тартудың да екі түрлі
жолы бар. Біріншісі - әкімшілік орындары өзін-өзі басқару органының
шешімін заңсыз деп табады, екіншісі - шешімді қажетсіз деп кейін
қайтарады. Демек оның "қажетсіз" не "қажетті" екенін халық емес, әкімнің
білетін болғаны. Өркениетті елдердің көпшілігінде дәл осыңдай әкім
тарапынан жасалатын "қамқорлық" баяғыда-ақ келмеске кеткен.
Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін
қадағалау.
Бұл - бүгіңдері көптеген мемлекеттерде кездесетін, европалық жүйенің ең
көп тараған түрі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін
мемлекеттің өкілі (өкім) тек сол елдің заңына сәйкестігі тұрғысынан ғана
бақылай алады. Әдетте шешімді тексеруге аз ғана уақыт беріледі, егер сол
мерзімде әкімшілік тарапынан қарсылық болмаса, өзін-өзі басқару органының
шешімі күшіне енеді. Соңғы уақытта кең етек алған бір жаңалық - әкімшілік
ол шешімді сот тәртібімен ғана тоқтата алады. Өз кезегінде жергілікті өзін-
өзі басқару да сот арқылы өздерінің шешімдерін қорғап шыға алады.
Көптеген елдерде жалпы мақсатты жүзеге асыру бірнеше жергілікті өзін-өзі
басқару органдары бас қосып, бір орталық құрады. Осы одақтар арқылы
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қажетті заңдарды қабылдатуға күш
салынады, жергілікті жердегі түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы
ұлттық бағдарламалар жасалынады, тәжірибе алмасып, бірлесе жасайтын
жұмыстардың басты бағыттары анықталады.

1.2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі
мен даму ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік дамуында жаңа
бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік
жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған билік жүйесі
Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.
Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік құрылымда бұл жүйенің қызметтері
қоғамның және мемлекеттің дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін
байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару
жүйесін атап көрсетуге болады. Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік
қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін
әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.
Мұның басты себептері қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау
туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі
туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.
Осыған байланысты республикадағы мемлекеттік құрылыстың жалпы
стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылатын жергілікті өзін-өзі
басқаруды қалыптастырып, жергілікті билік органдарын реформалау қажет.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және
орталықсыздандырудың мемлекеттік бағдарламасын жасау және қабылдау
ұсынылады.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға бағытталған
маңызды қадам Қазақстан Республикасының Үкіметінің бюджетаралық
қатынастарды жетілдіру, сонымен қатар мемлекеттік басқару деңгейлері
арасындағы өкімдікті шектеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Бұл реформа билік өкілеттіктерін вертикаль (тік) жүйесі бойынша
бөлінуіне, яғни “республика(центр) – облыс – аудан – қалалық және ауылдық
пунктер” жүйесін қалыптастыру және жергілікті жерлердегі қаржы -
экономикалық базаның қалыптасуы жолымен мемлекеттік басқару жүйелерін
жетілдіруге бағытталған. Ол реформа жергілікті атқарушы органдардың,
сонымен қатар орталық билік органдарының арақатынасын жетілдіруге және
дұрыс жұмыс істеуі үшін жаңа әкімшілік және экономикалық механизмдерді
құруға негізделеді.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесінде реформалау
мәселелерін шешу, соның ішінде жергілікті өкілді органдар - маслихаттар
өкілеттіктерін кеңейту және күшейту және де жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесін қалыптастыру мәселелері бұл жағдайда жабық белгісіз перспективада
қалып отыр. Бұл мәселені мемлекеттік аппараттағы мемлекеттік билік
органдарының ұйымдастыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды
қалыптастырудағы бағыттарындағы бірліктің болмауы қиындатып жібереді.
Орталықсыздандыру процесінің сәтті дамуының және жергілікті өзән-өзі
басқару жүйесін қалыптастырудың басты факторы біздің еліміздің билігінің
саяси еркіндігі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Президентінің
Қазақстан халқына соңғы жолдамасына байланысты мемлекеттік басқару жүйесі
және, сонымен қатар, жергілікті деңгейде модернизация процессі бастама
алды.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін реформалау және жергілікті өзін-
өзі басқаруды қалыптастыру – бұл ең алдымен, мемлекеттік құрылыстың
маңызды элементі болып табылады. Ол маңыздылығы жағынан бойынша
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, эконмикалық өсу
немесе ұлттық қауіпсіздік мәселелерінен кем емес. Сондықтанда бұл мәселеде
саяси еркіндік мемлекеттік саясаттың басқа да маңызды мәселелерін шешудегі
еркіндікпен сәйкестендірілуі тиіс.
1990 жылы КСРО-ның басқару билігін реформалау мақсатында КСРО-ның
“Жергілікті шаруашылығы және жергілікті өзін-өзі басқару туралы” заңы
қабылданды. Бұл заң КСРО-ның жергілікті шаруашылығы Қазақстан
Республикасының жергілікті басқару реформасының негізі болып табылады.
1990 жылы 15 желтоқсанда “Қазақ ССР-нің меншігі туралы” заң қабылданды.
Осы заңға сәйкес меншіктік құқық орталықсыздандырылып, үш түрге бөлінді:
1. Жалпыодақтық.
2. Республикалық.
3. Жергілікті (коммуналдық).
15 ақпан 1991 жылы “Қазақстан ССР-нің жергілікті халықтық депутаттар
кеңесі және өзін-өзі басқару туралы” заңы қабылданды. Бұл заң жергілікті
басқарудың меншіктік материалды және қаржылық базасын қамтыды. Сонымен
қатар, өкілетті органдардың жоғарылық принципі; ал жергілікті кеңес
өкілдері атқарушы комитеттің өкілі болып есептеледі. Бірақ, заңда
мемлекеттік басқару мен жергілікті басқару арасында шектеулер болмады.
Жергілікті мемлекеттік органдар біртұтас билік принципіне бағынды.
Жергілікті органдар мемлекетттік билікті село мен ауылдарға жергілікті
халық депутаттары арқылы басқарады. Алайда, мемлекеттік басқару мен
жергілікті басқару арасында шек болмағандықтан, жергілікті органдар
мемлекеттік біртұтастығы билігі принциптері шеңберінде ұйымдастырылды.
Жергілікті органдар мемлекеттік билікті ауылдық, селолық жерлерде
сайланған өкілетті депутаттар кеңесі арқылы басқарған, осы органдар
жергілікті атқарушы орган болып табылады. Яғни, құрылған депутаттар кеңесі
жергілікті және өзін-өзі басқару органдары болып есептеледі.
13 қаңтар 1992 жылы “Қазақ ССР-ның жергілікті халықтар депутатының
кеңесі және өзін-өзі басқару туралы” заңға өзгерістер енгізіледі.
7 ақпан 1992 жылы “Экономиканың реформалау тұрғысынан мемлекеттік
басқару органдарының жұмыстарын жүзеге асыру туралы” жарлыққа Президент
қол қойды. Осы Жарлықта Президенттен бастап жергілікті әкімшіліктің
басшышсына дейін “Барлық вертикальды атқарушы бөліктердің оперативтік
басқаруы бойынша министрлер кабинеттерінің міндеттеріне” дейін біртұтас
атқару қарастырылды.
28 қаңтар 1993 жылы Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының
Конституциясын қабылдады. Конституцияда жергілікті өкілді органдар
сақталып қалды. Территориялық аймақтарда көптеген өзін-өзі басқаратын
қоғамдық кабинеттер құрылды.
10 желтоқсан 1993 жылы Жоғарғы Кеңес “Жергілікті өкілді және атқарушы
органдар туралы” заң қабылдады. Бұл заң жергілікті басқару органдарының
жаңа бір моделі болып табылады. Бұл:
Біріншіден, Мемлекеттік басқару органдары және атқарушы кеңес ұйымы
жойылды.
Екіншіден, өкілетті органдар (маслихаттар) әлі жергілікті орган болып
қалыптаспаған еді. Жергілікті әкімшілік басшысы жергілікті халықтың өкілі
емес, президенттің өкілі болып табылады.
Үшіншіден, өкілетті органдар аудандық деңгейге дейін қалыптасып
жергілікті ауыл және селолы жерде құрыла бастады. Осы өкілетті органдар
халықтың өкілетті органныңболғанының өзінде жергілікті өзін-өзі басқару
органы болып аталмады.
Төртіншіден, заңда “Жергілікті өзін-өзі басқару” ұғымы болмады. Оның
орнына поселка, ауыл, ауылдық округтарының өкілетті мүшелері жиналысы
ұғымы қалыптасты. Өкілетті мүшелер жиналысы бір жағынан ауылдық жерлерде
мемлекеттің функциясын атқарушы орган болып табылады. Жиналыс өзін-өзі
басқарудың кейбір белгілерін көрсетеді. Көше мен микроаудан тұрғындары
өздерінің өкіл адамдарын жиналысқа жіберіп отырды.
30 тамыз 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы
бойынша мемлекеттік басқару жүйесін рефоормалаудың негізгі бағыттары мен
принциптері айқындалды. Осы конституция бойынша Қазақстан Республикасы
унитарлы мемлекет болып бекітілді. Осы принцип мемлекеттік
ұйымдастырушылық құрылымын анықтап, Президенттің басқару жүйесін
орнықтырды.

II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және
қаржылық мәселелері.
Көптеген мемлекеттердегі мемлекеттік және муниципалдық құрылымды
тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің
қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы осы көздер қалыптасу үстінде және
ол заңдарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып
бекітілуін қажет етеді.
ЖӨӨБ-дың экономикалық негізі мына түрде қалыптасады.
а)ЖӨӨБ-ратын қауымның меншігі;
б)Мемлекеттік меншіктің ЖӨӨБ органдары басқаруына берілген мүлігі;
в)қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін
қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада меншік түрлері;
г)жергілікті қаржылар.
ӨӨБ-дың экономикалық негізін тану тек берілген негіздегі құрылымдық
компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңдық аспектілерін де білу өте
маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады:
меншік, мүлік, мүліктік құқық.
Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті
муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға
болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей
коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы
мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру
тәртібі қабылданған.
Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті
басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті
кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса,
онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай
себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек
кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды
қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни
жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.
Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас бір
бөлігі ретінде аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы
макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық
меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің
экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік
қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық
меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді
бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан,
жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші
жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен
қатынасын сипаттайды.
Осы мақсатқа орай коммуналдық меншікке байланыста экономикалық
қатынастарды ұдайы өндіріс циклының кезеңдерінде көрсетуді қажет етеді.
Ұдайы өндіріс процесіндегі өндіру кезеңінің маңызын жоққа шығармай отырып,
сонымен бірге коммуналдық меншік үшін тұтыну кезеңінің ерекшелігін атап
өту керек. Себебі коммуналдық меншіктің шын мәніндегі объектісі түпкі
игіліктер болып табылады, ал оларды өндіру коммуналдық меншіктен басқа
меншіктің басқа нышандарында жүзеге асырылуы әбден мүмкін.
Өндіру кезеңіндегі меншік қатынасы өндіріс құрал-жабтықтарымен жұмысшы-
қызметшілерді белгілі бір қоғамдық нышанда (иемдену сипаты) қосумен
сипатталады. Егер өндіріс құрал-жабдықтары коммуналдық меншікте болатын
болса, ондай иемдену жергілікті басқару органдарының араласуымен жүзеге
асырылады. Ол органдар коммуналдық кәсіпорындар жетекшілері арқылы
дерективті түрде ондай иемденудің көлемін, мерзімін және нышандарын
анықтайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтары меншіктің жеке, аралас, акционерлік
нышандарында болатын болса, онда жергілікті жер тұрғындарының мүддесін
қорғайтын әлеуметтік институттар дербес тұтынуға қабілеті жоқ, бірақ
бірлесе тұтынылатын арнаулы игіліктерге тапсырыс бере отырып өндіріс құрал-
жабдықтарын иемденіге олардың жұмысының нәтижесіне ақы төлеу арқылы жанама
түрде әсер етеді.
Осыған байланысты, дәлірек айтсақ, өндірілетін игіліктердің ерекшелігіне
қарай өндіріс құрал-жабдықтарын иемденудің негізінде еңбектің ерекше
сипаты жатыр. Бұндай еңбектің шығыны, дербес сұраныммен реттелмейді, олар
өндіріс процесінде тікелей қоғамдық немесе қоғамдық-қажетті еңбек
сипатында болады. Одан басқа, өндіріс құрал-жабдықтарын иемдену
мемлекеттің атқарушы және өкілетті органдар арқылы жүзеге асырылатын
болғандықтан, айырбас кезеңіне дейін тікелей өндіріс процесінде еңбекті
қоғамдақ есепке алу орын алады. Қоғамдық меншіктің негізгі объектілері
болып табылатын монополиялардың өндіріс құрал-жабдықтарының буындық
құрылымы кеңістікте еңбектің шығынының көрінуіне мүмкіндік бермейді, бұл
оларды тікелей өндіріс кезеңінде бақылауды қиындатады. Сондықтан осы
игіліктің түпкі тұтыну кезеңіне аударады.
Коммуналдық меншіктің арнаулы өндіріс құрал-жабдығы, маңызды объектісі
жер б.т. Жерге коммуналдық меншік коммуналдық құрылымдарды жоспарлы
орналастыруға мүмкіндік береді. Жер ресурсын меншіктің әртүрлі нышанында
иемдену оны басқа субъектілермен иемденуді шектейді, ал ол жер өзінің
иемдену және өндіру шарты деп есептейтін қоғамдық игіліктерді иемденуге
кедергі жасайды. Нәтижесінде коммуналдық құрылымдардың қажеттіліктері тоық
қанағаттандырылмайды. Шектеулі ресурс ретіндегі жердің құндылығы және
қоғамдық аралас игіліктерді өндірудегі ролі қазіргі таңда, әсіресе жерге
жеке меншік енгізілуі жағдайында артып отырғанын ескеру қажет. Сондықтан
коммуналдық меншіктің барлық объектілері мен субъектілері орналасатын
коммуналдық жерлерді негізгі және барынша болашағы бар меншік объектісі
деп қарауға болады.
Өндіріс құрал-жабдықтары мен коммуналдық меншік объектісіне шаруашылық
жүргізудің жалпы шарты, оның нәтижесіне жатады. Осы тұрғыдан алғанда,
қоғамдық секторға барынша сәйкес қызмет көрсету саласы коммуналдық
меншіктің маңызды құрамдас бөлігі б.т.
Қазақстандағы 5175 мемлекеттік меншік объектілерінің 90,4% коммуналдық
меншікке тиесілі, ал ол объектілердің 85-90% қызмет көсетуді өндіру ролін
атқарады.
Қызмет көрсету саласы материалдық және материалдық емес салаларын
қамтитын болғандықтан, олардың қызметі материалдық және таза қызмет
көрсету болып бөлінеді. Материалдық қызмет көрсетудің нәтижесі тұтыну
құны, оны тұтынушыға жеткізу коммуналдық меншік объектісінің экономикалық
өткізілуін сипаттайды. Саяси-экономикалық тұрғыдан материалдық игіліктерді
иемдену қатынасы өндірістің нәтижесін иемдену бойынша қатынастардың
құрамдас бөлігі б.т.
Коммуналдық қызметке барынша тән жергілікті басқару, білім беру,
денсаулық сақтау, мәдениет және тағы да сол сияқты салалар таза қызмет
көрсету өрісіне жатады. Әрине бұл салалардың игілігі зат нышанында
көрінбейді, бірақ олар сондай игіліктерді өндіруде қолданылатын
материалдық құрал-жабдықтардан мықты тәуелді болады. Таза қызмет көрсетуді
өндіру қоғамның жеке тұтынуының құрамдас бөлігі болғандақтан, оларды
өндіретін құрал-жабдықтар қоғам үшін ерекше сипаттағы тұтыну заты б.т.
Таза қызмет көрсетуді өндірудің тағы бір ерекшелігі – бұл салада еңбек құн
жасалмайды және қажетті материалдық шығындардың құнын еңбектің нәтижесіне
аудармайды. Бұл жерде тұтыну құны тиімді іс-әрекет ретінде тірі еңбектің
өзі түрінде көрінеді (айталық, оқытушының лекциясы, дәрігердің
консултациясы т.с.с.). Нарықтық экономика жағдайында материалдық емес
өндірістің игіліктері ақшалай бағаланатын және ондай бағаланудың
ерекшелігін ескеру маңызды. “Егер нарықта материалдық өнімдердің тұтыну
құны және құны болатын болса, ал қызмет түріндегі тұтыну заттарының құны
және айырбас құны болады”.
Коммуналдық меншіктің қызмет көрсету объектілерін теориялық тұрғыдан
негіздеу мынандай қорытынды жасауды қажет етеді.
1-ден, бұл объектілер коммуналдық құрылым субъектілерінің мүддесін
өткізетін салалар екендігін басшылыққа алу қажет.
2-ден, әлеуметтік-қоғамдық маңызы зор материалдық және материалдық емес
қызмет көрсету салалары нарықтық қатынастар ортасында әрекет ететінін
тұрақты назарда ұстаған жөн. Дәлірек айтсақ қызмет көрсету ақшалай
бағаланатын болғандықтан, олардың тарифтері халықтың төлем қабілеті бар
сұранымына сәйкес болуын қадағалап реттеп отыру орынды.
3-ден, ең бастысы мұндай объектілердің экономикалық және құқықтық
статустарын барынша нақты айқындау қажет, онсыз олар өздерінің әлеуметтік-
қағамдық ролін тиімді атқара алмайды.
Көп жағдайда қоғамдық игіліктерді өндіретін мекемелердің тиімді жұмыс
жасауы коммерцеиялық емес ұстанымдар негізінде құрылады. Сондықтан “ондай
игіліктерді өндірудің барынша сәйкес механизмі, сол мекемелердің жұмысын
міндетті салық салу және азаматтардың сайлау құқы арқылы қоғамдық таңдау
механизмін пайдалану негізіндегі бюджеттік қаржыландыру б.т.” Бюджеттік
қаржыландыру жақсы жолға қойылған аудит және бюджет қаржы процесін
бақылау, аккредитация, сертификация, аттестация, басқа да мемлекеттік
бақылау жүйесін қажет етеді.
Коммуналдық меншік объектілері болып табылатын көптеген әлеуметтік-
мәдени салалар “квазиқағамдық”, басқаша айтқанда аралас қоғамдық қызметтер
көрсетеді.
Сондықтан оларды ұдайы өндіру механизмі мемлекеттік емес мекемелер мен
ұйымдардың болуын қажет ететін аралас экономика ұстанымына негізделіп
құралады. Бір жағынан мұндай мекемелерде пайда табу олардың іс-
әрекеттерінің басты түрткісі бола алмайды, ал екінші жағынан дербес игілік
қасиеті бар функциялары таза коммерциялық негізде орындалуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, азаматтар үшін ақылы және тегінде қызмет
көрсетуді,оларды бюджеттік, нарықтық және рақымшалық негізде көп арналы
қаржыландыруды көздейді. Жалпы аралас қоғамдық игіліктерді өндіруде
белгілі бір заңдылық бар: игілік жергілікті қауымдастыққа неғұрлым маңызды
болса, солғұрлым ол пайдалы, себебі ондай игілікке мұқтаждық бар және
адамдар оны төлеуге дайын. Пайда алу мүмкіндігі, берілген игілікті
өндірудің экономикалық немесе экономикалық емес сипатын көрсетеді.
Игіліктің жоғарғы пайдалылығы, егер әлеуметтік институттар мен заң
тарапынан бөгет болмаса, объектінің нарықтық айналысқа өтуіне кепілдік
береді.
Жоғарыда ұдайы өндіріс процесінің өндіру кезеңінде коммуналдық меншік
объектілерін иеленуге байланысты қатынастарға талдау жасалды.
Бірақ меншік объектісі меншік қатынастарының пассивті жағы екендігін
ескерген жөн. Ал оның активті жағын меншік субъектілері құрайды. Себебі
меншік иесінің меншікті иемдену құқы, оны экономикалық өткізу мүмкіндігі
болады. Меншік субъектілеріне жеке адамдар топтар, немесе адамдардың
қауымдастығы жатады, шын мәнәнде меншік құқы сол тұлғалардың мүддесіне
қарай өткізіледі.
Осы тұрғыдан алғанда меншік қатынасы субъект-объектң, субъект-субъектң
болып айрықшаланады. Субъектілік-объектілік қатынастар меншік қатынасының
бастау және материалдық алғы шарты б.т. Ал субъектілі-субъектілік
қатынастар әлеуметтік-экономикалық сипатта болады, және меншік иелерінің
арасында мүлікті, өнімдерді, тауарларды, басқа да құндылықтарды бөлу
нышандарын тудырады. Қорыта айтатын болсақ меншік қатынастарының пайда
болуы үшін субъектінің өзін-өзі меншік субъектісімін деп сезінуі,
түйсінуі, объектінің және басқа субъектілердің болуы қажет.
Коммуналдық меншік субъектілерінің ұдайы өндіріс процесіне қатысу
ұснанымы және өздерін меншік иесі ретінде өткізу шамасына қарай құрылған
құрылымы болады. Коммуналдық меншіктің негізгі субъектісі – жергілікті
билік органдарына меншік иесі функциясына өкілеттік беретін нақты
коммуналдық тұрғындары. Жергілікті деңгейдегі ауқымды қажеттіліктердің
негізінде қалыптасатын тұрғандардың терриоториялық мүдделері жергілікті
қауымдастық тұрғындарын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болады,
ынталандырады. Көп жағдайда жергілікті қауымдастықтың мүдделері пәрменді,
олар жергілікті адамдардың тұрмыс, әдет, дәстүрлерімен байланысты болады.
Сондықтан жергілікті басқару органдары тұрғындардың нақты мүдделерінің
жаршысы ретінде жергілікті өндірісті тұтынуға бағдарлауға, онда болатын
өзгерістерге барынша сезімтал болуға мәжбүр етеді. Шын мәнінде аумақтық
жергілікті мүдделер коммуналдық меншік қатынастарының көрінісі б.т.
Коммуналдық меншік субектілерінің күрделі құрылымы өндіріс құрал-
жабдықтарын және шарттарын, әлеуметтік сала объектілерін пайдалануы
бойынша жергілікті билік органдары мен билік басында тұрған мемлекеттік
органдардың арасында, меншік субъектілері мен шаруашылық жүргізу
субъектілерінің, жұмыс істейтіндердің салалық топтары мен кәсіпорынның
ішкі ұжымдары арасындағы экономикалық қатынастарды анықтайды.
Коммуналдық меншік субъектісіне байланысты экономикалық қатынастар
жүйесін біржақты құқықтық пайымдау жергілікті аумақтың құрылым мәселелерін
шешуде қолбайлау болуы, тіпті жергілікті басқару органдары тарапынан
коммуналдық меншік обектілерін иемдену, пайдалану және иелік етуге
байланысты билік жолсыздықтарына жол беруі мүмкін.
Соған сәйкес Қазақстандағы субъектілік-объектілікң қатынастар сұлбалы
түрде былай көрінеді (6-сурет).
Шын мәнінде коммуналдық меншік субъектілерінің құрылымына мемлекеттік
биліктің коммуналдық органдары, жергілікті билік және басқару органдары,
коммуналдық құрылым аумағына орналасқан мемлекеттік, аралас, мемлекеттік
емес нышандардағы шаруашылық жүргізу субъектілері, негізгі субъект болып
табылатын жергілікті қауымдастық халқы кіреді. Коммуналдық меншік
субъектілерінің күрделі құрылымын осылайша
анықтау олардың арасында орын алатын экономикалық қатынастардың ұдайы
өндірісінің әртүрлі кезеңдеріндегі тиімді өткізілуін жүзеге асыруға
мүмкіндік берер еді.
Ұдайы өндіріс процесін бөлу кезеңінде коммуналдық меншікте тұрған
игіліктерді бөлу және ұдайы өндіру шартының ұстанымдарын айқындау қажет.
Коммуналдық меншік игіліктерінің ерекшеліктеріне қарай олардың елеулі
бөлігі жергілікті қауымдастық мүддесіне сәйкес қажеттілік бойынша
бөлінеді. Бірақ субъектілердің тұрған жеріне және әлеуметтік-кәсіби
статустарының ерекшеліктеріне қарай коммуналдық меншік игіліктерін
тұтынуда теңсіздік орын алады.
Бөлу кезеңіндегі субъектілік-объектілікң қатынастар барынша
күрделенеді. Біріншіден, меншіктің түрлі насанындағы тауар өндіруші
субъектілер өздерінің жеке бастарының мүдделерін басшылыққа ала отырып
өндірілген өнімдерін бөледі. Екіншіден, жергілікті коммуналдық институттар
айырбас кезеңінде игіліктерді сатып алады, кейін оларды өздерінің
ұстанымдарына орай бөлінеді.
Осыған байланысты қайшылықтар орын алуы мүмкін. Айталық, бөлу принципі
бойынша жергілікті басқару органдары мен тұрғындардың арасындағы
келіспеушілік немесе тұрғындардың жеңілдік алу құқы бар және коммуналдық
құрылымның қалған топтарының мүдделеріне сәйкес болмауы сияқты құбылыстар.
Мұндай қайшылықтарды шешу қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуды, тұрғындар
тарапынан коммуналдық құрылымның билік органдарының үстінен бақылауды
күшейтуді талап етеді.
Ұдайы өндіріс процесінің “субъектілік-субъектілік” қатынастарға
байланысты проблемалар айырбас кезеңінде орын табады. Айталық, айырбас
кезеңінде коммуналдық деңгейдегі “қоғамдық игіліктер” тауар нышанында
болмайды, олар тұтынушыға тауар-ақша қатынасының араласуынсыз жетеді.
Әрине, бұдан ондай игіліктер тегін таратылады деген пікір тумауы керек.
Оларды төлеу белгілі бір терриоториялық қауымдастық тұрғындарынан алынатын
салықтар, басқада ақшалай міндеттемелер арқылы жүзеге асырылады. Себебі
қендай да бір болмасын игілікті өндіру құндық сипатта болады және
жергілікті шаруашылықта қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс
күшінің тауарлы нышанында көрінеді. Нәтижесінде айырбас саласында қлғамдық
игіліктерді иемдену қатынасы тауарлы, құндық нышанда болмайды. Мұндай
сәйкессіздікті жергілікті әлеуметтік институттардың ролімен түсіндіруге
болады, себебі олар бұл процестерді өткізуге делдал бола отырып,
тұтынылуға тиісті ұстаныммен сипатталатын қоғамдық игіліктерді өздерінің
мүддесіне икемдейді.
Айырбас процесінде әлеуметтік институттар қатыса алмайтын жағдай орын
алуы мүмкін, олар тек қана жергілікті қауымдастық тұрғындары атынан
тапсырыс беруші және сатып алушы бола алады. Осыған байланысты коммуналдық
меншік субъектілерінде алынатын игіліктерді төлеудің шамасы мен көлемі
бойынша проблемалар туындайды. Тұрғындар әлеуметтік институттардың
араласуынсыз игіліктерді өндірушілерден тікелей сатып ала-алмайтын
болғандықтан, ондай институттар өндірушілерді таңдауда белгілі бір
монополиялық үстемдікке, яғни игіліктің бағасын белгілеуде де артықшылыққа
ие болады. Мұндай жағдайда негізгі субъектілік өкілеттігі бар ЖӨӨБ
органдары тарапынан тұрғындар үшін тиімсіз баға жолсыздығына берілуі
мүмкін. Бағаға байланысты туындайтын тұрғындардың шығынын өтеу үшін
мемлекеттік және жергілікті бюджет тарапынан дотация берілуі қажет.
Ұдайы өндіріс процесінің түпкі нәтижесі тұтыну. Ол өндірістік және жеке
тұтыну болып бөлінетіндігі белгілі. Коммуналдық құрылым деңгейіндегі
қоғамдық игіліктерді тұтыну өндірістің жеке факторларын дамытатынын
ескерсек, оның өзі жанама түрдегі өндірістік тұтынуға айналады. Жергілікті
қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктерді өндіруде қолданылатын
өндіріс құрал-жабдықтарын тұтынуда, оның көлемі мен сипатын берілген
аумақтық құрылымның өндіріс процесін ұйымдастырушы жергілікті атқарушы
және өкілетті органдар анықтайды. Бұл жерде ескеретін бір жайт – ол
тұтынуды қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілері коммуналдық меншіктен
тыс басқа меншік нысандарында да болуы ықтимал. Жергілікті басқару
органдары ондай субъектілердің шығынын әртүрлі алымдар мен салықтарға
жеңілтік беру, жер салығын азайту сияқты шаралар арқылы өтеуге мүмкіндігі
бар. Бұл арада ондай субъектілердің қызметкерлерінің терриоториялық
құрылымның басқа тұрғындармен бірге коммуналдық меншіктің түпкі объектісі
болып табылатын түпкі игіліктерді тұтынатынында есептен шығармау керек.
Тұтыну бойынша субъектілік-объектілік қатынастарды есепке алу нарықтық
экономика жағдайында табиғи туындайтын мемлекеттік, ұжымдық, жеке
мүдделердің қайшылығын коммуналдық құрылым деңгейінде бесеңдетуге және
үйлестіруге қолайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік берер еді.
Жалпы, коммуналдық меншікті қоғамның ұдайы өндіріс процесі
кезеңдеріндегі экономикалық қатынастар тұрғысынан талдау оны экономикалық
категория ретінде мойындауға, оның саяси-экономикалық табиғатын ашуға
негіз болды.
Сонымен ЖӨӨБ органдары муниципалды меншікті басқара алады, бұл
коммуналдық меншік құрамына кіретін мүлікке қатысты меншік құқығын
білдіреді.
Осыдан, ЖӨӨБ органдары заңға сәйкес коммуналдық меншік объектілерін
уақытша немесе мерзімсіз жеке және заңды тұлғалардың қарамағына беруге,
жалға беруге, оларды белгіленген тәртіпте босатуға және мүлікпен
келісімдер жасау құқы бар.
Қабылданған заң тәртіптерімен мемлекет муниципалды округ халқының
тікелей меншік иесі болуының құқықтық жағдайында белгілейді.
Жергілікті қауымның ұйымдасуын құруда ЖӨӨБ органдарының оперативті
басқару және шаруашылықты жүргізу құқығындағы қызметтерінде мыналарды
жүзеге асырады:
-тауардың (қызметтің) бағасы мен тарифтерін реттеуді;
-олардың жарлығын бекіту;
-ұйымның басшысын тағайындау;
-жергілікті тапсырыстарды араластыру;
-терриоторияның әлеуметтік-экономикалық даму кешенінде муниципалды округ
терриоториясында орналасқан ұйымдардың қатысуын үйлестіру;
-қабылданған заң шеңберінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру.
Коммуналдық меншіктің берілу жолдары.
1.Жергілікті қауымға берілетін объектілер мен мемлекеттің меншігіндегі
объектілердің ара жігін ажырату принциптерін шығару;
2.ЖӨӨБ жүйесіне берілетін объектілердің тізімін жасау;
-Объектілерді ЖӨӨБ органдарына берудің тәртібін дайындап шығару және
олардың қызметін қаржыландыру көздерін анықтау.
Жергілікті қауымның коммуналдық меншігіне берілуге тиісті объектілер
төмендегі принциптерге сай алынады;
-сол объектілердің көрсететін қызметтерінің тұрғындарға қажеттілігі;
-жергілікті билік органдардың сол объектлерідің қызметін қаржыландыру
мүмкіндігі.
Ерекше бір жағдайда жергілікті қауымның коммуналдық меншігіне
республикалық тарихи-мәдени қазынасы болып табылатын объектілер де
беріледі. Ал кейбір объектілерді ЖӨӨБ органдарына бере отырып, мемлекеттік
мүлік қоры оны басқаларға пайдалануға беруге немесе сатуға болмайтынын
заңдастырады:
*жергілікті қауымның коммуналдық меншігіне берілген объектілерді басқару
сол ЖӨӨБ жүйесінің Жарғысына сай жүргізіледі;
*егер жергілікті қауымның коммуналды меншігіне берілген объекті дәлелді
себептермен өзінің қажеттілігінен айырылып қалса, ол туралы мемлекеттік
мүлік қорына хабарланады;
*жергілікті қауымға берілген объектілерді жалға беру ЖӨӨБ органының
шешімімен ғана жүзеге асады.
Қазақстандық Азаматтық Кодексте республикалық және коммуналдық меншік
мойындалған. Бірақ Қазақстандағы муниципалды меншік федеративтік
құрылымдағы елдердің конституциялық заңдарынан айрықшалығы, біздің елдегі
муниципалды меншік мемлекеттіктен бөлінбеген, ал мемлекеттік –
республикалық және коммуналдық болып бөлінеді және осы арқылы коммуналдық
меншік мемлекеттік меншіктің туындысы болады.
Тәжірибе көрсеткендей түрлі меншік формасын қолдану режиміндегі
анықталмаған түрлі әдістерді қолдануда тек заң аясындағы актілерге сүйену
жеткіліксіз болып отыр. Объектілер бір разрядтан басқа разрядқа жиі ауыса
алады. Сондықтан аймақтық дамуды барынша тиімді реттеуге мүмкіндік беретін
арнайы “Коммуналдық меншік туралы” заңды қабылдау қажет.
Объектілерді басқаруды құқықпен қамтамасыз етуді реттеу мәселесіндегі
құқықтық жиынтықты ұсынады. Мұнда екі басты әдіс бойынша жүреді; 1)
орталықтандырылған реттеу (субординация әдісі) – мұнда реттеу тек
“жоғарыдан” жүреді; 2) орталықсыздандырылған реттеу – мұнда келісім
әдісімен реттеу қатынас сфералары орын алады.
Коммуналдық меншіктің түрлеріне қарай дифференцияция екпініндегі түрлі
объектің түрлері құқықтық режимде болуы керек. Соңғысын үш топқа бөлуге
болады. 1) меншік функциясын орындауға қажетті объектілер. Бұл топқа
жергілікті бюджет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік үкімет органдарының жергілікті өзіндік басқару аясындағы өкілеттілігі
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Мемлекеттік басқару мен басқарушылық шешімдерді заңдылықты қамтамасыз етудегі тәртіптің орнын көрсету
Өзін - өзі басқарудағы реформалар және оны жетілдіру жолдары
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және олардың қаржы - экономикалық негіздері
Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіндегі халықты тікелей басқаруының жолдары
Жергілікті басқару органдарының теориялық аспектілері
Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жағдайы және даму басымдылықтары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Пәндер