Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Лизингтің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ... ..14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар ... ... ... ... ... .16

3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.
Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылығы мынада. Ол кәсіпкердің үй-жай және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын жұмсамай, оның бір бөлігін ғана пайдалана отырып, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері айрықша қызығушылық танытады. Қомақты қаражатың болмаса да өндірісте озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Сонымен лизинг шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басым салдарындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Лизингті жіктеудің принциптері мен критерийлері шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов, Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой, С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда айтылған ғалымдардың еңбектерінде лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер туралы көзқарастар біркелкі емес.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басым шараларының бірі ретінде инвестицияларды пайдалануды атады. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналды. Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда болу тарихын, шетелдік және отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін талдаудың маңызы зор. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға біріншіден, Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім негіз болып тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін, жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау. Осының негізінде курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
- лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
- әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.
Осы курстық жұмысында лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлеріне; Қазақстанның лизинг арқылы инвестициялар тарту тәжірибесіне; республикамыздағы лизингтің нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі келтіруші факторларға талдау жүргізілді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңы. //Егемен Қазақстан 12/VII-2000
2. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях» от 28 декабря 1994 года (с изменениями)
3. Программа развития лизинга в РК на 2006-2007 годы
4. Абраимов Р. Развитие финансового лизинга в РК: реальность и перспективы //Аль-Пари 2006 г. № 4-5
5. Айманова Л., Оралбаева Ж. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы //Аль-Пари 2006 г. № 4
6. Комаров В. Реальная помощь реальному сектору //Развитие лизинговых отношений //Риск 1999 г. № 2-3
7. Лизинг: Эффективные возможности инвестирования и реструктуризации производства //Бизнес 2006 г. № 3-4
8. Сагадиев К. Лизинг в Казахстане: проблемы и перспективы развития. Азия-ЭЖ //1998 г. № 13
9. Менсен Т., Цыганов А. Страхование лизинговых сделок в сфере малого бизнеса //Финансы 2005 г. № 13
10. Сайденов А. «Операция лизинг» //газета «Казахстанская правда» № 209-210 от 28.09.2006 г. Стр. 6
11. Национальное статистическое агенство РК http://WWW.kazstat.asdc.kz
12. Национальный банк РК http://WWW.nationalbank.kz
13. Тлеужанов Е., Киреева К. Лизинг – форма инвестиционного финансирования //Аль-Пари 2005 г. №4
14. Газман В. Д. «Лизинг: теория, практика, коментарии» 1997 г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...2

Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Лизингтің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ... ..14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар ... ... ... ... ... .16

3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта
ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен
өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі
меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін
дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай
әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең
алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.
Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылығы
мынада. Ол кәсіпкердің үй-жай және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын
жұмсамай, оның бір бөлігін ғана пайдалана отырып, өз бизнесін дамытуға
мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке, әсіресе шағын және орта
бизнес өкілдері айрықша қызығушылық танытады. Қомақты қаражатың болмаса да
өндірісте озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Сонымен лизинг
шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары
кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі
экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде
өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық
қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның
өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың
базалық және басым салдарындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді
тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің,
инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Лизингті жіктеудің принциптері мен критерийлері шетелдік және отандық
ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов,
Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой,
С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян
еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда айтылған ғалымдардың еңбектерінде
лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер
туралы көзқарастар біркелкі емес.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә.
Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басым шараларының бірі ретінде
инвестицияларды пайдалануды атады. Бұл орайда экономиканы құрылымды
өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және
тиімді қаржыландыру түріне айналды. Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда
болу тарихын, шетелдік және отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін
талдаудың маңызы зор. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға
біріншіден, Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен
қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг арқылы экономиканы инвестициялау
бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім негіз болып тақырыптың өзектілігін
дәлелдейді.
Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу
және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін,
жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау. Осының негізінде
курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
- лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
- әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін
көрсету;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.
Осы курстық жұмысында лизингтің пайда болуы, табиғаты және
түрлеріне; Қазақстанның лизинг арқылы инвестициялар тарту тәжірибесіне;
республикамыздағы лизингтің нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы
және кедергі келтіруші факторларға талдау жүргізілді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Лизингтің пайда болуы

1.1.Лизингтің экономикалық мәні
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда жалға беру
дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы – жалға беруде екі
жақ қатысса, яғни жалға беруші және жалға алушы болса, ал лизингте үш
қатысушы: яғни лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-
жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын өндіріске, сауда-
саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдаланкға беруін
қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығы келісім-шартта
келісілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал
несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавильонда жасалғаны белгілі болғанымен, шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл
Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігін айта кетеді. Юнайтед Стейтс лизинг корп. атты алғашқы
лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962
жылы Дойче лизинг ГМбХ деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфа
(Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып
келеді.
Лизинг операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті
қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз
ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция
болып табылады.
Лизингілік мәміленің мәні. Әлемдік іс-тәжірибеде лизинг термині
ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға негізделген әр түрлі
мәмлелерді белгілеуде пайдаланылады. Жалдау келісім-шартты бекітілген
мерзімге қарай жалгерлік операцияның үш түрі бөліп көрсетіледі:
1. Қысқа мерзімді жалдау (рейтинг) – 1 күннен 1 жылға дейін;
2. Орта мерзімді жалдау (хайринг) – 1 жылдан 3 жылға дейін;
3. Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) – 3 жылдан 20 жылға дейін және одан
да ұзақ уақытқа.
Өзінің заңды формасында лизингілік мәміле инвестициялық құндылықтарды
ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.
Лизингілік операцияны дәл анықтаудың іс-тәжірибеде маңызы жоғары,
өйткені оны ресімдеудің заңмен белгіленген ережесі сақталмайтын болса, ол
лизингілік мәміле ретінде танылмайды. Бұл операция қатысушылары үшін
бірқатар жағымсыз қаржылық салдарды тудырады.

1.2. Лизингтің түрлері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін
сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-
өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Лизинг түрлері және лизингтік операцияларды жіктеу шетелдік және
отандық теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие. Лизинг түрлері оның
белгілеріне қарай бөлініп көрсетіледі. Жіктелуіне қарай:
1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша;
2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша;
3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша;
4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша;
5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша;
6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес;
7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша;
8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша.

1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша лизинг
келесідей түрлерге бөлінеді:
-Таза, яғни мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған
шығындардың барлығын лизинг алушы өзіне алады;
-Толық, мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған
шығындардың барлығын лизинг беруші өзіне алады;
-Бөлшектеп (чистичный), мұнда мүлікке қызмет көрсетуге
жұмсалған шығындардың бір бөлігі ғана лизинг берушіге тиеді.

2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей түрге
бөлінеді:
-Жедел, яғни мұнда мүлікті жалға бір-ақ рет беру орын
алады;
-Қайта бастау, яғни мұнда лизингтік келісім-шарттың бірінші
мерзімі аяқталған соң келесі кезеңге ұзартылатын жағдай орын алады. Ол үшін
белгілі-бір уақыттан соң лизинг объектілері лизинг алушының талабы бойынша
жаңа түрлерге өзгереді. Құрал-жабдықтарды өзгерткге жұмсалған барлық
шығындарды лизинг алушы өз мойнына алады. Қайта бастау лизингі бойынша
лизинг объектілерінің саны және оларды пайдалану мерзімдері екі жақпен
алдын-ала келісілмейді.

3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша лизинг келесідей
түрлерге бөлінеді:
-Тікелей лизинг, мұнда мүліктің меншік иесі (жеткізуші)
лизингке объектіні дербес береді (екі жақты келісім-шарт). Негізінен бұл
келісім-шартқа лизингтік компания қатыспайтындықтан классикалық лизингтік
келісім-шарт деп атауға болмайды;
-Жанама лизинг, яғни мұнда мүлік делдал арқылы беріледі.
Бұл жағдайда келісім-шартқа жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы
қатысатындықтан классикалық лизингтік операция деп атауға болады
-Бөлінген лизинг, бұл лизинг күрделі, ірі масштабтағы
обьектілерді қаржыландыру тәсілі ретінде болады. Мұндай лизинг
жабдықтаушылардың, лизинг берушілердің және банктерден несиелік
қаражаттарды тартатын, сонымен қатар лизингтік мүшелерді сақтандыратын
бірнеше компаниялардың қатысуымен топтық немесе акционерлік деп аталынады.
Бұл лизинг түріне көп арналық қаржыландырулар қатысатындықтан күрделі болып
саналынады.

4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша лизинг келесідей түрлерге
бөлінеді:
-Жылжымалы лизинг (құрал-жабдық, техника, автомобильдер,
самолеттер және тағы басқа);
-Жылжымайтын лизинг (ғимараттар, сооружения).

5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша лизинг келесідей түрлерге
бөлінеді:
-Толық өтелетін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет
ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толық
төленеді;
-Толық өтелмейтін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет
ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.

6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес лизинг келесідей
түрлерге бөлінеді:
-Қаржылық лизинг (капиталдық, тікелей) – бұл өзінің әрекет
ету мерзімі ішінде құрал-жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның
бір бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығынын немесе пайдасын өтеуді
қарастыратын келісім;
-Оперативті лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне
қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық
өтемеуін сипаттайды.

7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша лизинг келесідей
түрлерге бөлінеді:
-Ішкі лизинг – бұл келісім-шарттың барлық қатысушыларының
бір елден келуімен байланысты сипатталады;
-Сыртқы лизинг (Халықаралық лизинг) – бұл бір тарап немесе
барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Сыртқы лизинг өз
кезегінде экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте
шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып
танылады.

8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша лизинг
келесідей түрлерге бөлінеді:
-Мүлікке, табысқа, ҚҚС, әр түрлі ағымдарға, жеделдетілген
амортизация және тағы басқаларға салық салу бойынша жеңілдіктерді қолдану;
-Жеңілдіктерді пайдаланусыз.
Лизинг операцияларының техникасы 1, 2 суреттерде әр түрлі сызба
түрінде берілген.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін
қаражаты жетпей қалған жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай
операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға
жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші
лизиннгке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше
несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен
құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.

2

4 1
3

Сурет 1
1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;
2) құрал-жабдық үшін төлем;
3) құрал-жабдықты жеткізу;
4) лизингтік төлемдер.

1 7

2

3
4 6
5

Сурет 2

1) Банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып,
несие беріледі;
2) Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға
төлейді;
3) Лабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.
4) Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік
келісімшарт жасалады;
5) Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6) Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер
жүргізеді;
7) Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей
формуламен есептеледі:

ЛТ=АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС

Мұндағы,
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлем;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге
комиссиондық төлем;
ҚТ – көрсеткен қызмет үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін
қосылған құнға салынатын салық.

Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:

БҚ * На
АА ( ((((
100
Мұндағы,
БҚ – мүліктің баланстық құны;
На - амортизациялау нормасы (%);

Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

НР * НС
НТ ( (((((
100

Мұндағы,
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.
Несие ресурс (НР) шамасының анықталу формасы:

Қб - Қа
НР ( (((((
2

Мұндағы,
Қб - мүліктің жыл басындағы құны;
Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.

Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:

НР * Кс
КТ ( (((((
100
Мұндағы,
Кс - комиссиондық сыйақы мөлшері.

Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

ҚТ ( Ші + Шқ + Шж + Шб

Мұндағы,
Ші – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб – басқа да шығыстар.

Лизингтік операцияның негізгі элементтері:
- келісім-шарт объектісі;
- келісім-шарт субъектісі;
- лизингтік келісім-шарттың мерзімі (лизинг кезеңі);
- Лизингтік төлемдер;
- Лизинг бойынша көрсететін қызметтер.

Лизинг объектілері. Өндірістік циклда жойылмайтын материалдық
құндылықтың кез-келген түрі лизингтік келісім-шарттың объектісі бола алады.
Лизинг субъектілеріне келісім-шарт объектісіне тікелей қатысы бар
тараптар жатады. Бұл арада оларды тікелей қатысушыларға және жанама
қатысушыларға бөлеміз.
Лизингтің келісім-шарттың тікелей қатысушыларына мыналар жатады:
- лизинг формасы және компаниясы (лизинг беруші немесе
жалға беруші);
- өндірістік (өнеркәсіптік), сауда, көлік кәсіпорындары мен
халық (лизинг алушылар немесе жалға берушілер);
Лизингтік келісім-шарттың жанама қатысушыларына мыналар жатады:
- келісім-шарттың кепілдігі ретінде алға шығатын әрі лизинг
берушілерді несиелейтін және инвестициялық банктер;
- сақтандыру компаниялары;
- брокерлік және өзге де делдалдық фирмалар.

Лизингтік келісім-шарттың мерзімі. Лизингтік келісім-шарттың әрекет
ету мерзімін лизинг кезеңі деп ұғуға болады.

Лизингтік төлемдер. Лизингтік операцияның жобасында ең күрделі сәтке
лизинг берушінің тиесілі лизингтік төлемдердің (жалдаудың ақысын) сомасын
анықтау жатады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді лизингтің төлемінің
сомасы тауар нарығының конъюктурасымен анықталады. Ұзақ мерзімді лизингте
лизингілік төлемдердің есеп айырысу негізіне әдістемелік тұрғыдан
негізделген есеп айырысу жатады.

Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер. Лизинг әр түрлі қызмет
көрсетулермен сипатталынады. Бұл қызмет түрлерін лизинг беруші ұсынады.

Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым
несиелдерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизингтің көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ ұсақ
кәсіпорындарды несиелеуге болады. Ол бұлай: лизингтік келісім-шарт жасалған
мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да,
лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды
(нақтырақ айтқанда, несиелік тәекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды
жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
- Лизинг 100 пайызға дейін несиелеуді ұсынады, яғни
кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа
құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда
табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг
бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына
байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке
салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы
салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты
пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлануынан
(әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескерген
құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын
ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін
комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік контракт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі
операция. Көптеген мәмлелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг
беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы
арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан
өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың
белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының
сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен
лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т. б.)
сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған
көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік контракт мынадай элементтерді қамтуға
тиіс:
1. Объектісі.
2. Жабдықтау мерзімі.
3. Лизингке алу мерзімі.
4. Лизингке берушінің меншікті құқы.
5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
6. Құрал-жабдықты пайдалану.
7. Күту, жөндеу және жаңарту.
8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.
9. Сақтандыру.
10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
11. Төлемді кешіктіргені үшін пеня.
12. Сатып алу мүмкіндігі.
13. Келісімшартты бұзу шарты.
14. Құрал-жабдықты қайтару.
15. Салықтар, баждар.
16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
17. Тараптардың қосымша құқықтары.
18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
19. Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді
және т. б.)
20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).
21. Тараптардың қолдары.
22. Тараптардың орналасқан жері.
23. Қосымша (материалдардың және т. б. сипаты).
24. Қалдық құнын кепілдеу.
25. Банктердің кепілдемесі.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады.
Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
1) аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және Қазконтракт
корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар
және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық
және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
4) лизингтік халықаралық формалар – экспорттық, импорттық және басқа да
шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы
шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар,
айталық: Қаржы лизингі туралы ҚР заңының (5. 07. 2000) ұзақ мерзімді
лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме
беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді беру арқылы әр түрлі
кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және
сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге
асыруға тиіс.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де,
оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.

2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау
Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастардың жаңа
формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тәжірибеде
кеңінен тараған.
Лизинг феномені 80-жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік
(аренда) ретінде емес кепілдік пен несиелік қаржыландырудың, борыштық
міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқа да қаржылық тетіктердің
элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор
қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.
Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірістік
қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз
ықпалын тигізгендіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция
болып табылады.
Лизингілік бизнес кәсіпкерлік қызметінің айрықша саласы. Оны өзінің
мүмкіндігіне қарай қолданатын болса, ол өндірісті техникалық жағынан қайта
жарақтандырудың, қазақстандық экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта
құрудың, нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты
импульсіне айналуы мүмкін.
Оны шаруашылық іс-тәжірибесінде қолданудың нәтижесінде қол жеткізуге
болатын лизингілік мәмленің тиімділігі мыналарда: лизинг алған кәсіпорын
өзінің қаржылық жағдайын жақсартады, инвестициялық процесті жандандырады,
шағын және орта бизнестің бәсекеге жарамдылығын арттырады.
Қаржылық лизинг – банк лизингке алушының тапсырысы бойынша сатып
алған жабдықты немесе техниканы клиентке жалға беру, ал жал мерзімі
аяқталған кезде сол мүлікке меншік құқығы да клиентке беріледі.
- лизинг өндіріс құралдары қоры нарықтың заманымызға лайық талаптарына
сәйкес ұстауға мүмкіндік береді, ал бұл сіздің бәсекелестік
қабілеттеріңізді артты түседі.
- лизинг лизингке алушының таза табысын сақтай отырып және оның тиімділігін
кемітпей, негізгі құралдарын көбейтуге мүмкіндік береді.
- лизинг негізгі борыш сомасын өтеу жөнінен лизингке алушыға белгілі бір
кезеңге жеңілдік жасайды. Бұл орйда ерекше айта кететін мәселе – Қазақстан
нарығындағы лизинг мерзімдері ақшалай несие алу мерзімдерінен әлдеқайда
жоғары.
- лизинг шарты бойынша лизингке алушы барлық төлемдерді құрал-жабдықтың
өзіндік құнына жатқыза алады.
Лизнгтік келісімшарттың мерзімі біткенде лизинг алушының мыналарға
мүмкіндігі бар болады:
- ең қолайлы шартпен келісімшарттың мерзімін ұзартуға;
- лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтаруға;
- нақты нарықтық құны бойынша сатуға келісім берсе (опцион) лизинг
берушіден құрал-жабдықты сатып алуға. Келісімшартты бекіту барысында
лизингтің контрактінің аяқталу сәтінде мәмленің қалған нарықтық құнын
алдын ала дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан да лизингтік форма құрал-
жабдық нарығының конъюктурасын жақсы білуі керек.
Лизинг алушы мүлікті иеленумен байланысты, мысалы, оның сапа жағынан
тозуымен, өндірілген өнімге деген сұраныстың өзгеруіне қарай пайдалылықтың
кемуімен, құрал-жабдықтың сынуымен, құрал-жабдықтың бос тұрып қалуы және
жөндеуден өтуі салдарынан туындайтын тікелей және жанама өнімсіз шығынның
тартуымен байланысты қатерлерден оперативті лизингтің көмегімен қашып
құтылуға ұмтылады. Сол себепті де лизинг алушы оперативті лизингті мына
жағдайларда қолайлы деп санайды:
- жалға алынған мүліктің пайдалануынан түсетін ұйғарымды табыс оның
бастапқы бағасын өтей алмайды;
- құрал-жабдық аз ғана мерзімге қажет (маусымдық жұмыстар немесе бір жолғы
пайдалану);
- құрал-жабдық арнайы техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді;
- мәмленің объектісі ретінде жаңа, тексерілмеген құрал-жабдық алға шығады.
Оперативті лизингтің осы айтылған ерекшеліктері оның ауыл
шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс салу, ақпаратты электрондық
өңдеуден өткізу секілді салаларда қолдануын белгілеп берді.

2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар

Leaseurope еуропа лизинг компаниялары ассоциациясының деректері
бойынша, қауымдастыққа мүше 25 елдің лизингтік операцияларының жалпы көлемі
1994 жылы 85,3 млрд. ЭКЮ болған. Бұл жыл соңғы жылдардағы құлдырау
кезеңдеріне қарағанда өрлеу, лизингтік қызметтің жандану кезеңінің басы
болды.
1994 жылы Еуропа Одағының 12 елінің өнеркәсіптік өндірісі 5,2%-ке
өсті. Сондықтан экономикалық белсенділіктің артуы сол сәтінде-ақ лизингтік
операциялардың 7 процентке өсуіне әсер етті.
Leaseurope мүше елдердің лизингтік операцияларының басым бөлігін
жылжымалы мүліктермен операциялар құрайды. Алайда соңғы 9 жылдағы
статистика жылжымайтын мүлікпен лизингтік операциялардың үлесі жыл өткен
сайын қарқыны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бір қызығы, бұл үрдіс экономика
көтерілген кезде де, сол сияқты құлдырау кезінде де сақталған. Дегенмен
жекелеген елдердің лизингтік операцияларының көлемі әр түрлі. Сондай-ақ
лизингтік қызмет туралы заңның болуы мен болмауы арасындағы байланыстың
лизингтік операциялардың көлеміне әсер етуі жөнінде бір байлам жоқ. Мысалы,
Германияда лизингтік қызмет арнайы заңмен реттеледі, ал жалпы инвестиция
көлеміндегі лизингтің үлесі орташа деңгейде – 1994 жылы 15,8% болды. Жалпы
Германия Еуропа мемлекеттерінің арасында лизингтік операциялар көлемі
жөнінен көшбасшы болып табылады. Ал лизингтікке арналған заңдары бар
Франция мен Португалияда лизингтік операциялардың көлемі айтарлықтау емес.
Жалпы ұлттық инвестициялардағы лизингтің үлес салмағы бойынша екі
негізгі ел – Ирландия (46%) және Англия (35,8%) көшбасшы болуда. Бұл ретте
Англиядағы лизингтік операциялардың номиналдық сомасы немістердікінен
қалыса қоймайды (18,853 млрд. ЭКЮ). Ирландияда бұл көрсеткіш аз – 1,05
млрд. ЭКЮ. Үшінші топқа Шығыс елдерін жатқызуға болады. Оларда бір
таңқаларлығы лизингтік операциялар енді енді дамып келеді. Абсолютті көлемі
мен үлес салмағы төмен, бірақ өсу үрдісі байқалады. Бұлардың қатарына Чехия
қосылмайды. Былтыр олврдың лизингтік операцияларының жалпы көлемі 817 млн.
еуроға жетті. Бұл Норвегия мен Германиядан анағұрлым көп.
а) АҚШ-та лизинг ХХ ғасырдың 50-жылдарында пайда болған. АҚШ-тың
үлесіне лизинг бойынша жеткілілетін тауар айналымының жартысына жуығы
келеді. 1986 жылы АҚШ-қа лизинг бойынша 85 млрд. долларға жабдық жеткізілді
(елдегі жабдыққа инвестицияның 28%).
АҚШ-та лизигтің жылдам дамуының бір себебі салық жеңілдіктері болып
табылады: жеделдетілген амортизация және инвестициялық салық жеңілдігі
(жаңа инвестиция құнының 10%-не дейін салық сомасы шегерілді). Мысалы,
жабдық сатып алу бойынша шығыстар – 100 000 доллар, инвестициялық жеңілдік
– 10%, 100 000 доллар салық сомасы шегеріледі. Бірақ салықтық жеңілдіктер
алу құқығы шарт АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Ішкі кірістер басқармасының
жалдау үшін белгілеген ережелеріне сәйкес келгенде ғана ұсынылды. Ол
ережелер мынадай:
- лизингтің ұзақтығы 30 жылдан кем болмауы керек;
- лизинг мүлікті нарықтық бағадан мүлдем төмен бағаға сатып алу мүмкіндігін
көздемеуі тиіс;
- лизинг бастапқыда көбірек, кейіннен азырақ болатын төлем графигін
көздемеуі керек. Бұл лизингтің салықтан жалтару құралы ретінде
пайдалануының дәлелі болады;
- лизинг жалға берушіні қалыпты нарықтық деңгейдегі табыспен қамтамасыз
етуі тиіс;
- лизингті ұзарту мүмкіндігі жабдықтың қалыпты нарықтық құнын ескеруі тиіс.
1994 жылға дейін фирмалар оның құнын өз баланстарында көрсетпей-ақ
жабдықты жалға алатын еді, яғни баланстан тыс есепке алды. Сондықтан да
фирмалар елеулі қарызы болса да өсіп бара жатқан берешек сомасын
көрсетпестен тағы да жабдық ала беретін. Осылайша нақты борыш инвесторлар
мен сарапшылардан жасырын қалатын. 1976 жылы Қаржылық есепке алуды
стандарттау басқармасы № 13 қайлы шығарды. Онда бірқатар қаржылық
мәмілелерді мүлік сатып алу және өзіне қаржылық міндеттеме қабылдау ретінде
есепке алуға мәжбүрлеген. Бұл қаулының мақсаты шынайы лизингті және
лизинг арқылы сатып алуды шектеу болды. Қаулыда мынадай пункттер
келтірілді:
- мәміле соңында еншік құқығы жалдаушыға өтеді;
- лизингтік мәміле жабдықты мәміле соңында нарықтық бағадан төмен бағаға
сатып алуға мүмкіндік береді;
- мәміле мерзімі пайдалы қызмет ету мерзімінен көп немесе 75%-не тең;
- лизингтік төлемдердің ағымдағы құны (сақтандыруға, басқаруға, салыққа
төлеместен) жабдықтың қалыпты нарықтық бағасынан артық немесе 90%-не тең.
Егер мәміле осы талаптардың тіпті болмағанда біреуін қанағаттандырса,
онда мүлік жалдаушының балансында пассивте корреспонденттелетін борыштық
міндеттеме (Қаржылық лизинг бойынша міндеттеме) ретінде есепке алынады.
Егер мәміле жоғарыда көрсетілген талаптардың ешқайсысын да
қанағаттандырмаса, онда мүлік жалдаушының балансына қосымша ретінде есепке
алынады.
1986 жылдан бастап лизинг үшін жағдай салық негізінде өзгерді,
өйткені үкімет мұның астарынан басқа мемлекеттердің игілігіне субсидияны
байқады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Форфейтинг операциялары
Мәміле объектісін сақтандыру
Инвестициялық операциялары
«Банк ісі» лекциялық курсы
Банктің қаржылық операциялары
Пәндер