Қазақстанның ауылшаруашылық аймақтары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.6

І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты
мақсаттары мен ерекшеліктері

1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым міндеттері ... ... ... ... ... ...7.10
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру
стратегиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.17

ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік.экономикалық мәні
және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін нарықтық
қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары

2.1 Қазақстанның ауылшаруашылық аймақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.21
2.2 Аграрлық өндірістің әлеуметтік.экономикалық және табиғи.
биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.29
2.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның
реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.33

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34.35

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Кіріспе

Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандыруымыз қажет.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез-келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар үлкен жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді - білікті бола ала ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола ала ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?
Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Біз осынау қарапайым, брақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда – Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.
Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі роль атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігімі де бар.
Сол үшін басқа елдердің тәжірибесін зерделей алсақ та әрі солай етуге тиісті болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді пайдалана алсақ та, егде жасқа жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек біздің өзіміз ғана игере аламыз.
Неліктен нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда осы міндет тұр?
Өйткені, кеше біз бұған даяр емес едік, тәжірибеміз бен біліктілігіміз жетіспеді, жағдай, ересен тұрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкіндік бермеді. Міндеттің өзі де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнің күллі мәні мынаған: басталып кеткен аласапыран өтпелі кезеңнің буырқанған жағдайында дербес мемлекет ретінде табан тіреп қалуға келіп сайды. Көптеген көріпкелдер біз сәтсіздікке ұшыраймыз және де мемлекет құрылысының, қоғамдық және экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған міндеттерін игере алмаймыз деп сәуегейлік еткен-ді.
Қазір біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзуге мүмкіндік береді.
Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты – біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топтарының қажеттіліктерін дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады. Мұны мемлекеттің, халықтың жекелеген топтарымен және жекеше сектормен ынтымақтастығы негізінде іске асыру қажет.
Курстық жұмыс барысында еліміздің алға қойған экономикалық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және тағы басқа бағыттары бойынша актуалды мәселелер қамтылып, осы шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстанның 2030-шы жылға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясы қалыптастырылып, оны жүзеге асыру талабы қойылды. Сондықтан курстық жұмыс осындай елеулі жұмысқа арналды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан – 2030. Алматы: ЮРИСТ, 2003. – 121 б.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006жылғы 1-ші наурыз.
3. Б. Жүнісов, Ү Мәмбетов, Ү. Байжомартов. Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 1994 ж,
4. Шеденов Ө., Сағындықов Е., Жүнісов Б., Байжомартов Ү., Комягин Б. Жалппы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004 ж.
5. В. Крымова. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, 2003 ж.
6. С. Райымқұұлы. Экономикалық теория негіздері. Шымкент, 2003 ж
7. Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар. Редакторлар: Р. Бланпейін, С.Энгельс. Алматы, «Дәнекер» баспасы, 1999 ж.
8. Нарықтық экономиканың теориясына кіріспе. Б. Мәдешов. Алматы, 1995 ж.
9. Экономикалқы теория. Я. Әубакиров, Б. Байжұмаев, Ф. Жақыпова, Т. Табеев. Алматы, 1999 ж.
10. Н. Назарбаев «Тәуелсіздігіміздің бес жылы», Алматы, «Қазақстан» 1996ж, 626-627 беттер
11. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» Алматы «Санат» 1998ж
12. Бибатырова И.А «Реттелетін нарықты шаруашылық» Лекция курсы, Алматы 1994ж
13. Елмесов Р.С. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы-2002ж «Қазақ университеті»
14. Дулатбекова Ж.А. Шымкент 2001ж Микроэкономика
15. Жатқанбаев Е. «Аралас экономика негіздері» Алматы «Қаржы-қаражат», 1996ж
16. Жунисов Б. «Нарықты экономика негіздері» Алматы, ҰУ, 1994ж
17. Куликов Л. «Основы экономической теории» Схема – конспект (қазақ тілінде) 1994ж
18. Кулагин П. «Рынок в социалистической экономике» - Қаржы экономика
19. Ленин В.И. Толық шығармалар жинағы. 3-том, 383бет
20. Мамыров «Макроэкономика» Алматы экономика 2003ж
21. Отаров Ә.К. «Нарықтық экономика негіздері» Шымкент 20001ж
22. Сейітқасымов «Ақша, несие, банк» экономика Алматы-2001ж
23. Саниев М.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы экономика және статистика институты.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 -6

І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты
мақсаттары мен ерекшеліктері

1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым
міндеттері ... ... ... ... ... ...7- 10
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру
стратегиялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-17

ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні
және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін нарықтық
қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары

2.1 Қазақстанның ауылшаруашылық
аймақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .18-21
2.2 Аграрлық өндірістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-
биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...22-29
2.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның
реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30-33

Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..34-35

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .36

Кіріспе

Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті
стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен
төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден,
күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден
сақтандыруымыз қажет.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз
жолымызда кездесер кез-келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер
ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен
аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы
жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар
үлкен жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді -
білікті бола ала ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола
ала ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар
ма?
Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс
көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Біз осынау қарапайым, брақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап
беруге тиіспіз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман,
Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда – Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген
дәуірде дүниеге келді.
Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны
көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп
те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі роль
атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара
тәуелділік дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты
болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-
таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз
бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігімі де
бар.
Сол үшін басқа елдердің тәжірибесін зерделей алсақ та әрі солай етуге
тиісті болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді
пайдалана алсақ та, егде жасқа жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз
мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске
асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек біздің
өзіміз ғана игере аламыз.
Неліктен нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда осы міндет тұр?
Өйткені, кеше біз бұған даяр емес едік, тәжірибеміз бен біліктілігіміз
жетіспеді, жағдай, ересен тұрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкіндік бермеді.
Міндеттің өзі де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнің күллі мәні мынаған:
басталып кеткен аласапыран өтпелі кезеңнің буырқанған жағдайында дербес
мемлекет ретінде табан тіреп қалуға келіп сайды. Көптеген көріпкелдер біз
сәтсіздікке ұшыраймыз және де мемлекет құрылысының, қоғамдық және
экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған міндеттерін игере алмаймыз
деп сәуегейлік еткен-ді.
Қазір біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды
міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле
зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз
салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзуге мүмкіндік
береді.
Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты – біздің
қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы,
халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған
стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі
топтарының қажеттіліктерін дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап,
олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа
айналады. Мұны мемлекеттің, халықтың жекелеген топтарымен және жекеше
сектормен ынтымақтастығы негізінде іске асыру қажет.
Курстық жұмыс барысында еліміздің алға қойған экономикалық,
қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және тағы басқа
бағыттары бойынша актуалды мәселелер қамтылып, осы шараларды жүзеге асыру
үшін Қазақстанның 2030-шы жылға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясы
қалыптастырылып, оны жүзеге асыру талабы қойылды. Сондықтан курстық жұмыс
осындай елеулі жұмысқа арналды.

І. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары мен
ерекшеліктері

1.1 Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым міндеттері

Үкімет 2002-2004 жылдарға арналған басты мақсат ретінде қоғамдық
–саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономиканың
теңдестірілуі деңгейін арттыру, капитал қозғалысын жандандыру, экономикалық
қауіпсіздікті нығайту, жүйелік қатерлерді азайту, халықаралық
ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық және аймақтық деңгейлерде қауіпсіздік пен
тұрақтылыққа, қауіп-қатерлерге қарсы тұру әзірлігі негізінде халықтың
тұрмыс-деңгейінің өсуі деп айқындайды.
Үкімет қоғамды одан әрі демократияландыру, заңдылық пен құқық
тәртібін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
сақтау мәселелеріне зор назар аударатын болады.
Басым міндеттер ретінде мыналар айқындалды:
1. Ел халқының әл-ауқатын жақсарту және оны одан әрі өсіру үшін алғы
шарттар жасау.
2. Жаңа, қазіргі заманғы өндірістер құру, неғұрлым жоғары техникалық-
технологиялық деңгейге шығу.
3. Олардың функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін жіті
айқындап, мемлекеттік басқару органдары жұмысының тиімділігін
арттыру.
4. Әлеуметтік-экономикалық процестер мен сыртқы факторлардың
өзгеруіне бара-бар ден қоюды қоса алғанда, экономиканы мемлекеттік
реттеудің тетіктерін жасау.
Мақсаттар мен орта мерзімді басымдылықтарға қол жеткізу Үкімет пен
Ұлттық Банктен:
елдің қаржы және бюджет жүйелерінің теңдестірілуі мен тұрақтылығын;
халықтың тұрмыс деңгейі өсуі, кедейлік пен жұмыссыздықтың азайтылуы
негізінде ішкі сұранысты арттыру;
рыноктарды құрылымдаудағы Үкіметтің ролін арттыру;
экономиканың барлық саласының рентабельді жұмыс істеуін;
бірінші кезекте өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында тауарлардың
бәсекелестік қабілетін көтеру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық жаңартуды;
ауылшаруашылығының өнімділігін елеулі түрде арттыруды, ауылшаруашылығы
өнімдерін өңдеу және өткізу жөніндегі бәскеге қабілетті өндірістерді
дамытуды;
мердігерлік жұмыстар рыногын құруды, қазіргі заманғы құрылыс кешенін
және құрылыс материалдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытуды;
қызмет көрсету саласын кеңейтуді және оның бәсекелестік қабілетін
көтеруді;
экономиканың барлық деңгейі үшін сапалы жаңа басқару инженерлік-
техникалық және жұмысшы кадрларды даярлауды;
экономиканың басым секторларына инвестициялар құйылуын ынталандыруды,
инфрақұрылымды дамытуға және экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіруге
жұсмсалатын мемлекеттік инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалануды;
аймақтар экономикасын теңдестіре дамытуды қамтамасыз ететін
экономикалық, фискалдық және заңнамалық жағдайлар жасауға бағытталған
міндеттерді шешуді талап етеді.
Бағдарламаның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы дамуының 2010-
жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жоспарының негізінде әзірленді
және Қазақстанның 2030-жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске
асыруға нысана алынды. Таяу кезеңдегі бірінші кезектегі міндеттер Мемлекет
басшысын 2001-жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста, сондай-ақ, 2002-
жылғы 25 қаңтардағы облыстардың әкімдерінің кеңесінде Үкіметке берген
тапсырмаларынан туындайды.
Бірінші. Индустрия салаларында жаңа қайта бөлістер мен өндірістерді
дамыту үшін жағдай жасау.
Екінші. Инфрақұрылымды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
өндірістерді озыңқы дамыту.
Үшінші. Әлеуметтік саясатты жетілдіру.
Төртінші. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), Орталық
Азиялық ынтымақтастық (ОАЫ) ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД),
Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ)
шеңберінде экономикалық ықпалдастықты тереңдету.
Бесінші. Халықтың ден саулығы, жай-күйін жақсарту, салауатты өмір
салтын насихаттау.
Экономиканы қарышты өсірудің резервтері мыналар болып табылады:
Бірінші. Отандық шағын және орта бизнестің серпінді өсуі.
Екінші. Мұнай-газ секторын тиімді пайдалану, 2001-ші жылы КТК құбыр
өткізгішінің іске қосылуына, Қарашығанақ мұнай конденсаты кен орнының
игерілуіне байланысты мұнайды экспорттау жөніндегі елдің экспорттық
мүмкіндіктерін ұлғайту.
Үшінші. Метоллургия, химия және мұнай химиясы салаларында жаңа
тезнологиялық қайта бөлістер мен өндірістер құру, экспорт құрылымын
жақсарту.
Төртінші. Қаржы секторын дамытудың жаңа сапалық деңгейі.
Бесінші. Экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды үдемелі әрі
теңдестіре дамыту, ішкі сұранысты және бәсекеге қабілетті тауарлар мен
қызметтер көрсетудің бара-бар ұсыныстарын дамыту.
Үкімет орта мерзімді кезеңде мынадай мақсатты индикаторларға қол
жеткізуді қамтамасыз етуге ниеттенуде:
2004 –шы жылы ішкі жалпы өнімнің өсуін 2001-ші жылмен салыстырғанда 18-
20 пайызға жеткізіп, оның орташа жылдық нақты өсуін 5-7 пайызға жеткізу;
2004 жылғы халықтың жан басына шаққанда ішкі жалпы өнімнің деңгейін
1600-1700 АҚШ долларына баламалы сомаға дейін жеткізу;
инфляция деңгейі 2002 жылы 5-7 пайыз, 2003 және 2004 жылдары 4-6
пайыз;
өнеркәсіптік өндірістің орташа жылдық өсуі -8-10 пайыз;
табысы ең төменгі күн көрістен аз халықтың үлесін 20-25 пайызға дейін
азайту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің: Жаңа Үкімет салиқалы әрі нақты
істің Үкіметі болуға тиіс деген сөзін Үкімет ұран ретінде толық қабыл
алады.
Мақсаттары:
Үкімет аппараты қызметін ұйымдастыруда жүйелі көзқарас қалыптастыру,
оның жұмысын икемді, тиімді және ретті ету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл
мен үйлестіруді күшейту.
Қоғамда мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және лауазымдар
жіктемесін мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру.
Алғышарттар:
Мемлекеттік қызметті өркениетті нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің
базалық негіздері әзірленді және енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа
моделі жұмыс істеуде.
Мемлекеттік басқару ограндарының қызметінде қысқа, орта және ұзақ
мерзімді жоспарлау қағидаттары енгізілді. Қазақстан -2030 стратегиясында
айқындалған басымдықтар бойынша Қазақстан Республикасы дамуының 2010-шы
жылға дейінгі стратегиялық жоспары әзірленді. Облыстарды, Астана және
Алматы қалалары дамуының стратегиялық жоспарлары әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде тиісті заң және бірқатар
нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Шешу жолдары:
Ел Үкіметінің жұмысын ұйымдастырудың тетігін жетілдіру міндеті алда
тұр. Оның барлық құрылымдық элементтері қызметінің өлшемдері - нақты
басшының тұлғасына тәуелді болмай, жалпы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына
сәйкестігі, аппарат жұмысының тұрақтылығы жолға қойылуы, жауапкершілігі
және оның жұмысының нәтижелілігі болуы тиіс. Осы мақсатта Үкіметтің орталық
атқарушы органдардың ішкі құрылымын бекітуінің, олардың жетекші құрылымдық
бөлімшелері санының нормативтерін белгілеуінің орындылығы қаралады. Үкімет
құрылымын жетілдірудің үздіксіз процесі қайталау мен төрешілдік былықты
болдырмайтын жіті айқындалған, біркелкі әрі теңдестірілген функциялары бар
түпкілікті сұлбасын сызуы тиіс.
Мемлекеттік органдардың штат саны олар орындайтын функциялардың саны
мен сапасына қарай белгіленеді. Бұл ретте мемлекеттік органдардың кадрлық
құрамы кәсіби деңгейіне, біліктілігі мен тәжірибесіне қойылатын жаңа
талаптарға сай келуі және тиісті материалдық-тезникалық әрі қаржылық
ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін реттеу негізгі
міндетін орындаудағы тиімділігін арттыруға және ең бірінші кезекте, түпкі
нәтижеге бағдарлануына бағытталады.
Олардың Құзыретіне енетін мәселелерді бірлесіп шешуі үшін
министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру
күшейтіледі.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында және олардың ішінде
мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді тиімді бөлуді заң жүзінде бекіту.
Әрбір деңгейдегі мемлекеттік басқаруды құрайтын ұйымдастырушылық
құқықтық және экономикалық бөліктерінің теңдестірілуіне қол жеткізу.
Алғышарттар:
Бюджет жүйесі туралы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туарыл Заңдарды қамтитын мемлекеттік басқару және
биліктің барлық деңгейінің өзара іс-қимыл жасауының жүйесін одан әрі
жетілдіру үшін база жасалады. Азаматтық кодекске билік деңгейлеріне
өкілеттіктерді және мемлекеттік функцияларды орындау жөніндегі жағдай
жасаған өзгерістер енгізілді.
Әкімшілік-бюджет реформасы шеңберінде экономикаға орынсыз араласуды
шектеу, олардың әрқайсысына тиісті кіріс көздерін бекітумен бірге биліктің
барлық деңгейі арасында өкілеттіктерді ажырату жөніндегі жұмыс басталды.
Мемлекеттік секторға қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
арасында бюджет саласының шекарасы ажыратылады.
Нарық экономикасы жағдайында мемлекеттік басқару секторының
фунцияларына және бірінші кезекте, республикалық және жергілікті
бюджеттердің қаражаттары есебінен қаржыландыратын ұйымдардың функцичларына
талдау жүргізіледі.

Шешу жолдары:
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және
бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының
нәтижелері бойынша 2002 жылы мемлекеттік функцияларды одан әрі оңтайландыру
және ең алдымен облыс-аудан деңгейіндегі мемлекеттік басқару деңгейлері
арасында оларды тиімді бөлу, мемлекеттк аппараттың оңтайлы құрылымын
белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Құрылымдық бөлімшелердің тиісті штат саны және басқарудың әрбір
деңгейін қаржылық қамтамасыз ету кезінде әрьір мемлекеттік органның
функцияларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізіледі. Басқарудың
төмендегі деңгейлеріне берілетін функцияларды таңдау кезінде тиісті
деңгейінде табысты іске асыру үшін қажетті мүмкіндіктер мен ресурстарды
ақиқатты бағалау жүргізіледі.
Кең ауқымды жекешелендіруден мемлекеттік активтерді тиімді басқаруға
көшу және экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды реттеу
мүмкіндігін сақтау, мемлекеттік активтерді есепке алу жүйесін жетілдіру.
1.2 Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды
іске асыру стратегиялары

Біздің еліміз жоғарыда аталғанперспективаларға қол жеткізуі үшін
мынындай ұзақ мерзімді жеті басымдылықты іске асыру қажет:
1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып,
Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанның бүгін және
алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты
сақтап, нығайта беру.
3. Шет ел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық
өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына
қол жеткізу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Баолық
қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен
мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газды өндіруді және экспорттауды
қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға
жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттру жолымен Қазақстанның
энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
6. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды
ұлттық қаіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық
өрлеуге қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды
және осы заманғы корпусын жасақтау.
7. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде
халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік
қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал
кейінен бес жылдық жоспарларда белігленген нақты іс-қимылдарға күш-
жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны
дәйкті түрде іске асыруға тиіспіз.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздің азаматтарымыздың күш-
жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын
қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
Ұлттық қауіпсіздік.
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мен мемлекеттің алға басуы және
тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының
қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен
тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз. Оны табанды түрде қорғап, нығайтып,
ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырылған
ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемелер үшін болашақ ұрпақ кешірер.
Егер біз өз мемлекеттігімізден айрылып, егеменділігіміздің стратегиялық
негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ,
бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез-келген
ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан
саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек.
Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық
басымдылығы болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда
тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Бабаларымыздың өз мемлекетіміздің ірге тасын қалауы мен дамытуын шолып
қарағанда, олардың өз мемлекеттігін сақтап қалуы үшін тарихи ауыр және
қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін
үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды
геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре
байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне
төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық
тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де,
Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға
итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан анық. Бұл тыныштылық пен тұрақтылықтың
болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін
тиімді нығайту үшін пайдалануға тиіс, соның негізінде біз ұлттық
қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Сондықтан, Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсіби
даярлығы жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың осы заманғы
құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери
әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке
құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы
Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді
және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса, аймақтық
қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.
Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуымыз тиіс.
Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен
меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес.
Ұлттық қауіпсіздік басымдылықтарының деңгейіне мықты демографиялық және
көші-қон саясаты шығарылуы тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған
бұрынғысынша немқұрайлықпен қарайтын болса, онда біз ХХІ ғасырдың
қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана
емес, табиғи жолмен кеми беретін демографиялық оппа жағдайына тап
боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Тату көршілік бірінші кезектегі іс, бірақ елді ішкі алауыздық жайласа, ол
шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды мүдделердің – саяси, идеология,
діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне қарамастан,
қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен
өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті
жағдайға әкеліп соғады. Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе соғыс
жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бұрынғы Югославия,
Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір өркениеттің,
ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан сақтандырылмағанын дәлелдеп
отыр.
Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке,
құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа
факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді
болдырмау – біздің міндетіміз.
Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықтты жүзеге асырудағы біздің
стратегиямыздың мынандай құрамдас бөліктері бар:
- еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне
негізделген бірыңғай азаматтығымызды дамытатындығымызға кепілдік
беру;
- этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық
топтар құқықтарының, тең болуын қамтамасыз ету;
- қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты
азайту және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;
- өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік
проблемаларды ұдайы шешіп отыру;
- ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның қалыптасуын
да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде
қалыптастыру;
- адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың
барлық нысандарын дамыту;
- әр түрлі кнфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді
қарым-қатынастарды нығайту.
Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш тапқа да: байларға, орташаларға және
кедейлерге сүйенеді. Олардың барлығы да қазірше қоғамда болады бірақ,
әрине, қалыпты өркениетті арақатынаста болуға тиіс.
Қала мен село арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мұнда
жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая
түсуде.
Село таяудағы он жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және
әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту
тұрғысынан басым сала болуға тиіс.
Біз селодағы жұмыс күшінің көптеп босауына, село тұрғындарының қалаға
көшуінің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға тиіспіз.
Село бүгін: жалақы, зейнетақы төлемеу, артта қалушылық, кедейлік пен
жұмыссыздық, әлсіз инфрақұрылым, білім беру мен ден саулық сақтау,
экологиялық апат сынды барлық әлеуметтік проблемалардың өзегіне айналды.
Әйтсе де, мұнда демографиялық әлеует өте жоғары.
Орталықтан қиындықпен жиналған қажетті ресурстар қалаларда қалып
қойып, селоға жетпеді. Мұндай жайлыңқы саясатты доғару керек. Қысқа
мерзімде селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу керек, олар қуатты
және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүруге тиіс.
Шет ел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттің белсенді роліне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынандай он принциптен тұрады:
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының
шектеулі болуы.
Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде
тежелуі мемлекеттің ролін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі үкімет экономикаға араласудың
барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтауы
тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды
шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі роль атқаруы
тиіс.
Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің
қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті
тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық
кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар
болуға тиіс.
Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз
макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын
қысқарту мен қатаң монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді
білдіреді.
Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың төмен
болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын
көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде
іске асыт. Қазақстанда да іске асады.
Біздің алдымызға инфляция, не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған
жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және
макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда
ұстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қарағанда қаржылық
тұрақтандырудың көптеген әлеуметтік топтардың жағдайын қиындатқаны
белгілі. Бірақ жүйелі және құрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы
мүмкін де емес еді. Нарық – қатаң қаржылық жауапкершілікке толы
демократия. Халықтың көпшілігі мұны енді түсінді. Әрине,
макротұрақтандыруға ауыр тоқырау мен ақшаның жетіспеуі ілесе жүреді.
Бірақ нақты секторды құрылымдық қайта құру жүріп жатыр, енді таяу арада
ақша және тауар массасы қажетті сәйкестікке жетеді.
Уақыты келгенде өмір мен жұмыстың қиын кезеңінде шыныққан адамдар да
бұл дағдарыстан шығады. Таршылықты көрмеген кеңшіліктің парқын білмейді
дейді қазақ мақалы.
Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті
экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық тіпті жалпы
мемлекеттік стратегия монетарлы саясатқа сай келмейді, сондықтан біз
бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы
жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға,
фискальді және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті
әлеуметтік саясатқа аударамыз.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен
кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында өз денсаулығын
дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас
адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес.
Қоғамымызды құруға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау
болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек.
Бұл мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынандай құрамдас
бөліктерден тұрады:
Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің,
бір жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын
ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды
фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Аурудың алдын алу дегеніміз
таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын,
қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді
қысқартуды, басқа да қауіпті факторды төмендету жөніндегі осыған ұқсас
шараларды білдіреді.
Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есіткіні әкелу мен таратуға
қолданатын жазаны қатайту және осыған байланысты бірқатар елдердегідей,
оның ішінде Малайзия мен Сингапурдегідей өлім жазасын енгізу керек пе
деген мәселені қоғамның талқысына шығару керек. Есірткі - өте ерекше және
түпке жететін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің
қандай дәрежеде қолдануы үлкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп,
тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның көмегімен қор
болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр.
Темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту. Алкоголь мен темекінің адам
өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибеде бұл
салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық
енгізу, сондай-ақ, маскүнемдіктен емделуге арнайы салық салудан бастап,
бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз
керек.
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын
қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының,
жұртшылықтың тікелей назарында болуы тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі
өскенде, мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат
үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге
қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындыққа қарамастан
бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Біз балалы болғысы
келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламыз.
Энергетика ресурстары
Қазақстан табиғи ресурстардың әсіресе, энергетика ресурстарының
орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында бағам бойынша мұнайлы
алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар.
Сонымен қатар, Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да
бағалы минералдардың мол қоры бар.
Энергетика ресурстарын пайдалану стратегиясы мынандай элементтерді
қамтиды:
Біріншісі. Біз өз қорларымызды жедел әрі тиімді пайдалану үшін үздік
халықаралық технологиялар, ноу-хау, ірі капиталдар тарту мақсатымен басты
халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз.
Екіншісі. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.
Тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз көршіміздің бәріне
тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен кіріптар болудан
құтыламыз.
Үшіншісі. Отын ресурстарын пайдалану жөніндегі біздің стратегиямыз
әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік
отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау.
Төртіншісі. Шет ел инвестицияларын тарту арқылы біз ішкі энергетика
инфрақұрылымын құру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз
бәсекелестік проблемаларын шешетін боламыз.
Бесіншісі. Бұл стратегия осы ресурстардан түсетін келешек кірістерді
барынша үнемділікпен пайдалануды көздейді. Біз өзіміздің стратегиялық
ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты
жұмсап, олардың бір бөлігін болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз.
Ауыл проблемалары
Ауылдың ең елеулі проблемаларын шешуге келетін болсақ, біз 2000-жылға
қарай:
- жергілікті әкімшілікті нарықтық қатынастарға араласудан шеттететін
боламыз;
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын телитін күмәнді жеке
шаруашылықтарға жекешелендіру жүргіземіз;
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыратын боламыз;
- ең алдымен, фермерлер мен нағыз шаруашылықтар үшін кредиттерді
арзандатамыз;
- Азия және Еуропа қайта жаңарту және даму банктері займдарының басқа
ұймдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы шағы және
орта кәсіпкерлікті дамытамыз;
- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіреміз;
- тікелей отандық және шет елдік инвестицияларды тартатын боламыз;
- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсетеміз;
- сумен жабдықтау және ирригация проблемаларын шешетін боламыз;
- барлық министрліктермен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларының
басымдықпен қаржыландырылуын қамтамасыз етеміз.
Экономикалық өсу
Өзіміздің осы бағыттағы ұзақ мерзімді басымдықтарымызды іске асыру
барысында келесі үш жылдың ішінде:
- қатаң монетарлық саясат бұлжытпай жүргізіледі;
- жекешелендіру аяқталатын болады;
- заң шығару жетілдіріліп, жақсартыла түседі;
- шет ел инвестицияларын тарту бұрынғыдан да белсенді жүргізілетін
болады;
Энергетикалық ресурстарға келетін болсақ – Қазақстан КҚК құбыр арнасы
құрылысын аяқтау және 2000 жылы іске қосу, ал 2004 жылы басқа құбыр
арнасы Қытай Халық Республикасына жеткізілуі үшін қолынан келгенінің
бәрін істейді.
- Жерорта теңізіне, Парсы шығанағына, Араб теңізіне балама құбыр
арналарын тартуды қаржыландыру мен салу мәселесін пысықтайтын
боламыз. Қазақстан өнеркәсібі мен тұрғын үйлеріне сондай-ақ
халықаралық рыноктарға отын жеткізу үшін газ құбыры арналары
тартылады;
- Каспий шельфіндегі мұнай мен газды барлау мен өндіру, Қарашығанақ
газ конденсаты кен орнында газ конденсатын өндіру, тасымалдау және
өңдеу жөніндегі келісімдерге қол қоямыз.
Инфрақұрылымды дамыту жоспарында мыналар қарастырылған:
-2000 жылдың соңында Достық және Ақтоғай стансалары арасындағы
темір жол инфрақұрылымын жақсарту, Қазақстан Республикасы мен Қытай
Халық Республикасы арасында темір жол қуаттарын ұлғайту;
-1999 жылдың соңына қарай Ақтау қаласындағы теңіз айлағын қайта
жаңартудың бірінші кезеңін жүзеге асыру.

-

ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның
агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары

2.1 Қазақстанның ауылшаруашылық аймақтары

Ауылшаруашылық өндірісі бірқатар табиғи жағдайларға тәуелді, олардың
ішінде аса маңыздылары ауа райы, топырақтың қасиеті, ауылшаруашылығында
пайдаланатын жердің құрылымы. Табиғи шаруашылық жағдайларды ескермей жеке
регионның ауылшаруашылық ұйымдастыру жүйесін ғылыми дәлелсіз құру мүмкін
емес.
Ауылшаруашылық салаларын интенсивтендіру, мамандандыру, тиімді
ұштастыру және аулшаруашылығында пайдаланатын жерлерді өзгерту шаралары
табиғи-шаруашылық жағдайды ескеруді қажет етеді. Ауылшаруашылығында негізгі
және басты құрал-жабдық болып жер сааналады, оның сапасынан және оны тиімді
пайдаланудан ауылшаруашылығының түпкі нәтижесі байланысты. 1996 жылдың 1-ші
шілдесінде Республикада ауылшаруашылығында пайдаланылатын жердің ауданы
222,2 миллион гектар болды, оның 14,3 пайызы жыртылған жер, 2,3 пайызы
шабындық, 83,4 пайызы жайылым.
1-кесте

Қазақстанда пайдаланатын жердің ауыл шаруашылық аймақтар бойынша
бөлінуі

Ауыл Ауыл Жыртылған Пішен жайылым
шаруашылық шаруашылығына жер Шабындық
аймақтар пайдаланатын жер жер

дала Млн.
га % Млн.
га % Млн.
га % Млн.
га % Құрғақ дала 22,8 10,2 14,9 41,9 0,5 8,4 7,8 4,3
Жартылай шөл 44,6 19,9 14,2 40,1 1,7 127,8 28,4 15,6 Шөл 89,9
40,1 0,5 1,2 1,3 21,7 88,5 48,6 Тянь-Шань 20,4 9,1 3,5 9,9
0,6 9,6 15,9 8,7 Алтай 6,3 2,8 0,9 24 0,4 6,0 5,0 2,7
Республика бойынша 224,2 100,0 35,6 100,0 6,2 100,0 182,2 100,0

Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісі ТМД елдерінің көптеген
аудандарымен салыстырғанда қолайсыз жағдайда. Шөл далада жылдық ылғалдық
көлемі 90 мм шамасында болса, Алатау және Алтай биік таулы және тау
бөктерлерінде 1000-1600 мм болады. Тегіс егін шаруашылық жылдық ылғал 250-
400 мм көлемінде. Оңтүстікте жаз мезгілі мамыр айының ортасында түссе, ал
Солтүстікте маусым айының басында түседі.
Республика территориясы алты ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген (1-ші
кесте).
Осы ерекшеліктер ауылшаруашылығын жүргізу жүйесіне және ауылшаруашылық
өндірісінің кеңістікте орналасуына көп әсер етеді.
Біртектес табиғи ауа райы жағдайында орналасқан шаруашылықтар бір-
бірінен өзгеше жер бедері, топырақ құнарлығы, ылғалдылығы,
ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің құрылымы, шаруашылықтардың
мамандану тағы басқа ерекшеліктеріне қарай ауылшаруашылығы аймақтарға
бөлінеді (оны жоғарыдағы кестеден көруімізге болады).
1. Дала аймағы. Интенсивті егін шаруашылығы, ет, сүт беретін ірі қара
мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және құс шаруашылығы дамыған аймақ.
Көп жері жыртылғандықтан ауыл шаруашылығының басты бағыты – астық
өндірісі. Бұл аймақтың үлесіне Республикада ауыл шаруашылығында
пайдаланатын жердің 10,2 %, жыртылған жердің 41,9 % келеді.
Мұнда Республиканың тауарлық астығының 36 %, сүттің 31%, еттің 20%,
жүннің 75% өндіріледі. Дала аймағының шаруашылығында Қазақстанның ірі қара
мал басының 32 %, шошқаның 36%, қой-ешкінің 8,5 %, жылқының 12% және құстың
33,5 % орналасқан.
Аймақтың жер қыртысы негізінен қара топырақ. Ауа райы біркелкі
ылғалды. Сондықтан қолдан суарылмайтын егін шаруашылығына жағдай бар.
2. Құрғақ дала астық өндірісі. Ет, сүт беретін ірі қара және қой
шаруашылықтары дамыған аймақ. Мұнда Қазақстанның ауыл шаруашылыққа
пайдаланатын жердің 19,9% және жыртылған жердің 40,1 % орналасқан.
Республиканың тауарлық өнімдерінің құрылымыныда бұл аймақтың үлесі астық
бойынша 41 % шамасында, сүт 25%, ет 21% және жүн 12 %. Құрғақ дала аймақтың
шаруашылықтарында Республика ірі қара малының басының 26 %, шошқаның 28 %,
қой-ешкінің 10 %, жылқының 22 % және құстың 33 % шоғырланған.
Топырағы негізінен астық шаруашылығын ұйымдастыруға жайлы. Қоңыр -
сарғылт. Аймақтың ерекшелігі - оның топырағының жер эррозиясына
бейімділігі, сондықтан топырақты өңдеу кезінде эррозияға қарсы жан-жақты
шаралар қажет.
3. Жартылай шөл ет-май және жартылай биязы жүн беретін қой
шаруашылығы, жылқы шаруашылығы дамыған аймақ, егін және ірі қара мал
шаруашылықтары кемдеу дамыған. Мұнда Республиканың ауыл шаруашылығына
пайдаланатын жерінің - 17,9 % және жыртылған жердің - 4,5 % орналасқан.
Жартылай шөл аймақтық Республика тауарлық жүн өніміндегі үлесі - 17 %
шамасында, ет - 14 %, сүт - 5 %, астық - 3 %. Аймақтың шаруашылығында
Қазақстанның қой және ешкі мал басының - 19 %, жылқының - 18 % , ірі
қараның - 12 %, шошқа және құстың - 4 % орналасқан.
Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру тағы басқа аграрлық
өнеркәсіптік интеграциясына алдын ала материалдық жағдай жасау.
Ауылдың материалдық - техникалық негізі, оның инфрақұрылымының деңгейі
және ауыл тауар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Қазақстанның Канадамен байланысы
Ауа температурасының режимі
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
Ауыл шаруашылығының экономикадағы ролі
Инвестициялық инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін бағалау
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру
Топырақ туралы мәлміет
Пәндер