Кәсіпорынның несиелік операциялар есебі



Жоспар:

1. Кіріспе:

А) Несиенің мәні мен қажеттілігі;

2. Негізгі бөлім:
А) Кәсіпорынның несиелік операциялары;
Ә) Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын құжаттары;
Б) Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын тиісті
құжаттары;
В) Ұзақ мерзімді несие бойынша пайыздарды шигерімге жатқызу;

3. Қортынды:

А) Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі;
Кіріспе

Несиенің мәні және қажеттілігі
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезеңде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақталып отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көз ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайызы төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасқан өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрлымы бір – бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың комуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрлымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігін, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми – техникалық прогресті жеделдету;
Несиенің қайта бөлу қызметін кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізінде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие аралық, яғни ол нарықтық механизім негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асыуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындайды. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Қолданылған әдебиеттер:

1. С. Б. Мақыш “Ақша және несие”
2. № 21 “Бухгалтер бюлетені” қыркүйек 2004жыл
3. № 24 “Бухгалтер бюлетені” мамыр 2004жыл
4. “Жылдық есеп 2003” қаңтар 2003жыл
5. “Бухгалтерлік есеп принциптері” Қ. К Кеулемжаев, З. Н Әжібаева, Н. А Құдайбергенов.
6. “Шаруашылық Жүргізуші Субъектілердегі бухгалтерлік есеп” В. Л Назарова.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.

Тақырыбы: “Кәсіпорынның несиелік операциялар есебі”

Орындаған:

Тексертен:

Тобы:
Мамандығы:

Жоспар:

1. Кіріспе:
А) Несиенің мәні мен қажеттілігі;
2. Негізгі бөлім:
А) Кәсіпорынның несиелік операциялары;
Ә) Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын құжаттары;
Б) Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын тиісті
құжаттары;
В) Ұзақ мерзімді несие бойынша пайыздарды шигерімге жатқызу;
3. Қортынды:
А) Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі;

Кіріспе

Несиенің мәні және қажеттілігі

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезеңде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз
де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде
берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп,
әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция,
субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы қатынасты бейнелейді.
Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен
табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақталып отырып, уақытша және
ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл
банктің қаражатын құрайтын көз ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайызы төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасқан өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрлымы бір – бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын
сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын
немесе жеке азаматтардың комуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты
төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас
туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ
адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал
қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрлымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігін,
яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің қызметтері

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми – техникалық прогресті жеделдету;
Несиенің қайта бөлу қызметін кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізінде жүргізілсе, ал салалар
мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие аралық, яғни ол нарықтық
механизім негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асыуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындайды. Міне,
сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені
пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай,
айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың
орнын алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметті іске асу процесінде тек қана
тауар айналысын емес, сондай – ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра
отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік
ақшалар: чек, векселдер, несиеліе карточкалар көмегімен жүзеге асырылады.
Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар,
айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға
мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми – техникалық процесті жеделдету қызметі ғылыми –
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да,
неиенің көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының (бюджеттік
қаржыландыруда отырғандардан басқарлары)
жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай – ақ несие өндіріске ғылыми
технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады.
Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде
орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырады.

Несиенің формалары және олардың жіктелуі

Несиенің формалары, оның құрлымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік
қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалаған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты – тауарларды өтеу процесін жеделдету, сондай – ақ
одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы

уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық мінеттеме – вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды
түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар
құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеден несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Қарыз алушылар категорияларына қарай;
А) Қаржылық институттар берілетін несиелер;
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы – несиелік мекемелеріне;
Б) Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау – сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге;
В) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер:
2. Мерзіміне қарай:
- мерзімді (1 жылға дейін)
- орта мерзімді (1 жылдан 3 – 5 жылға дейін)
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
3. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;

- айналым қаражатына жұмсалатын;
4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
А) Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен
- кепілдемемен
- кепілдікпен
Б) Сақтандырылған;
В) Қамтамасыз етілмеген:
- сенім (бланктік) несиесі.
5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
А) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер.
Б) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
В) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
6. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен;
7. Берілу шартына қарай:
А) Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Б) Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып
, ұзақ
мерзімге берілетін несие.
В) Овердравт несие – клиенттің шотынан қаражатты шигеру,
дебиттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Г) Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында біртүнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
Д) Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін

қысқа мерзімді несие.
Е) Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Ж) Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
З) Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алу мен байланысты
берілетін несие.
И) Рамбрустық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикаттар мен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде

пайдаланылатын несие.
К) Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген төлем қабілеті жоғары

клиенттерге берілетін несие.
Л) Маусымдық несие – жабдықтаушылардың қаржыландыру уақыты

мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықтықты
жабуға алынған несие.
8. Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар
және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар мен демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға;

Кәсіпорынның несиелік операциялары.

Соңғы уақытта шағын бизнестің пәрменді түрде өсу үрдісі байқалып отыр,
мұның өзі еліміздің экономикасына қажетті үйлесімділік сипатын беріп, оны
дамытудың шешуші факторына айналуда. Сондықтан мемлекет тарапынан шағын
бизнеске ерекше назар аударылып келеді: оған қолдау көрсетудің әртүрлі
бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Атап айтқанда, қаржы – несие
ресурстарымен қамтамасыз ету жөнінде белсенді жұмыс жүргізілеуде.
Кәсіпорынның орнығуы мен дамуы үшін тіпті көлем жағынан аздаған кредиттің
өзінің орасан зор маңызы болады.
Қазақстан аумағында осы сектор дамуының серпін, шағын және орташа
бизнес (ШОБ) субъектілерінің тұрақты өсуі (2003жылдың 1 маусымында шағын
бизнестің 168,8 мың кәсіпорын тіркелген, мұның өзі 2002 жылдың 1
маусымындағыға қарағанда 13,3% жоғары болып отыр) олардың өзара қаржы
ресурстарын алмасуындағы қажеттіліктерінің тұрақты өсуіне жеткізіп отыр.
Қазақстандық ШОБ субъектілерінің екінші деңгейдегі банктерден (ЕДБ)
коммерциялық несиелер алуы кәсіпорынды дамыту үшін қаражаттарды
молықтырудың іс жүзінде негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері
бойынша 2003 жылдың 1 мамырында ЕДБ – дің экономика салаларына кредиттік
салымдары 736,8 млрд. теңге болды, мұның өзі өткен жылғы тиісінші осы
кезеңмен салыстырғанда 40 % - ға дерлік көп болды.Экономикадағы несиелердің
жалпы көлемінде ШОБ субъектілеріне берілген несие үлесінің өсу үрдісі бар
және ол қазіргі кезде 21,2 % (156,4 млрд. теңге ) болып отыр.
Жұргізілген сұрау бойынша, Қазақстанда ШОБ кәсіпорындары арасында
респонденттердің жалпы санының 50 % ЕДБ – не несие үшін өтініш жасаған.
Алайда олардың жартысынан астамы несие алуларынан бас тартты.

Өздерінің жеке істерін ұлғайту мен айналым қаражаттарын молықтыру үшін
шағын кәсіпорындардың несие ресурстарын алу проблемасы, зерттеулердің
деректері бойынша, соңғы бірқатар жылдар бойында Республикада шағын
бизнесті дамытуды тежейтін негізгі факторлардың қатарына жататындар:
- ішінара кредит алғысы келетін кәсіпорындардың жеткілікті дәрежеде

әзір болмауына;
- ШОБ – ке несие беру бағдарламаларын жүзеге асыру және кредит алу
шарттары туралы жеткілікті хабардар болмауы;
- Құжаттар топтамасын (бизнес – жоспарын немесе техникалық –
экономикалық негіздемесін) әзірлеу сапасының төмен болуына;
- Өзін - өзі өтеу талаптарына сай қабілетті жобалардың болмауына
байланысты болады;
Несие алған кезде кәсіпкер өтімді кепілдің болу проблемасына да кезігеді.
Несие беруші банк пен кредит беру бағдарламасын таңдаған кезде кәсіпкер
өзі үшін, бірінші кезекте, қаржыландырудың мерзімдері мен мақсаттарына
байланысты қаржыландырудың неғұрлым қолайлы түрін анықтауға тиіс. Мысалы,
банк:
- Ұзақ және орташа мерзімді несиелер (1 жылдан астам мерзімге) –
негізгі құралдарды (жылжымайтын мүлікті, машиналар мен
жабдықтарды) сатып алу, құрылысты инвестициялау, жылжымайтын
мүлікті қайта құру, бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы қызметін
жүзеге асыру кезінде;
- Қысқа мерзімді несиелер (1 жылға дейінгі мерзімге) – коммерциялық
қызмет үшін, тез сатылатын тауарларды өндіру, қызмет көрсетулер
кезінде беріледі.
Қазіргі таңда шағын және орташа бизнес субъектілері арасында қысқа мерзімді
несиелер іс жүзінде жиі ретте қолданылады, бұл орайда шағын және орташа
бизнес субъектілерінің сауда – делдалдық қызметке, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруге, қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсетуге бағдарлануы
ескіріледі. Қаржыландырудың бұл түрлері қарыз алушы, сондай – ақ банк үшін
де тиімді болады.
Несие берудің неғұрлым сирек ұшырасатын түрі ұзақ мерзімді несиелер
болып табылады. Мұндай несиелерді екінші деңгейдегі банктердің бәрі бірдей
бермейді. Оларға жаңадан құралған компаниялардың қол жеткізуі қиынға
соғады, өйткені ұзақ мерзімді несиелерді берген кезде қарыз алушы борышын
таза пайдадан өтеуге тиісті болады. Сондай ақ қаржыландыруды беру жөніндегі
қызметтердің қосымша түрлері де болады: олар – құжаттамалық несие
операцияларын – шағын және орташа бизнес субъектілері барған сайын барынша
кеңінен қолданылып отырған банк кепілдіктер, аккридитивтер, векселдер.
Қазіргі кезде шағын және орташа бизнесті қолдану саясатының жалпы ауқамында
екінші деңгейдегі банктер шағын және орташа бизнес субъектілеріне
жеңілдікті несие берудің әртүрлі бағдарламаларын жүзеге асырады. Әңгіме
екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздары, атап айтқанда екінші
деңгейдегі банктердің, Дүниежүзілік банктің, Исламды дамыту
банкінің, Азия дамыту банкінің несие линиялары туралы болып отыр. Бұдан
басқа, шағын кәсіпкерліктің өндіріс секторына банктердің несие берулері
жергілікті және республикалық бюджеттер қаражаттары есебінен жүзеге
асырылады. Мұндай бағдарламаларды зерделеу мен олардың мейлінше қолайсыз
таңдап алу, сірә кәсіпкердің несие алу жолындағы алғашқы қадамы болуға
тиіс.
Белгілі бір несие алуға байланысты белгілі бір бағдарламалар және оның
талаптары болады. Мұндай бағдарламалар жеке кәсіпкерлер, өндірістік
кооперотивтер, шаруашылық серіктестіктеріне – шағын бизнес үшін
қызметкерлердің саны кемінде 50 адам және орташа бизнес үшін 250 адам
болатын кәсіпорындар жататын тікелей шағын және орташа бизнес
субъектілеріне қолданылады. Алайда кейбір несие линиялары бойынша жекелеген
жағдайларда қызметкерлердің көп санына да жол беріледі. Шағын бизнес үшін
жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 60000 мың айлық есептік көрсеткіштен
аспауы тиіс. Осындай бағдарламалар бойынша несие берген кезде экономиканың
басым салаларында, атап айтқанда, өнеркәсіптің ұқсату салаларында
айналысатын, ауыл шаруашылығы өнімнің жаңа түрлерін игерумен айналысатын,
техникалық және технологиялық ілгерілеуге ие болатын кәсіпкерлерге және
компанияларға неғұрлым көп артықшылық беріледі. Алайда сонымен бірге
тұрмыстық қызмет көрсету мен сауда секторы да осыған жатады.
Мыслы, ЕДҚБ –нің шағын бизнеске кредит беру бағдарламасы бойынша тауар
айналымын молықтыру, өндірісті ұлғайту,машиналар мен жабдықтарды сатып алу,
жылжымайтын мүлікті алу мен салу, қызмет көрсету салаларын ұлғайту
қаржыландырлады. Дүниежүзілік банктің Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден
кейінгі қолдау бағдарламасында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен
(аграрлық - өнеркәсіптік ұқсатумен, аграрлық қызметпен) тікелей байланысты
егіншілік, мал шаруашылығы және басқа да қызмет салаларына несие беру
көзделген. Бұл орайда несие беруші қаржы ұйымы әдеттегідей кәсіпкер негізгі
құралдарға жұмсауға тиісті қарыз қаражаттары үлесінің мөлшерін және айналым
қаржыландыру мөлшерін ескереді. Мысалы, Kreditanstalt fur Wiederaufdau
несие линиясы бойынша бұл 70% және 30% тиісінше, World bank несие линиясы
бойынша 80% және 20% арақатынасы болады.
Кредит бойынша процент ставкасының өлшем нарықта қалыптасқан процент
ставкаларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру
ставкасына байланысты болады. Бұдан басқа, банк процент ставкасын
белгілеген кезде белгілі бір жоба бойынша тәуекел деңгей, несиенің
мерзімділігі, қамтамасыз ету өтімділігі, қаржыландыру мақсаты және
басқалары ескеріледі.
Қарыз қаражаттарын қайтарудың кепілі ретінде банкке кәсіпкер беруге
әзір болатын кепіл несие алу кезінде маңызды мәселе болып табылады. Банк
несие беру кезеңі ішінде есептелген проценттер бар несиенің барлық құнын
жабуға қабілеті жеткілікті және өтімдік кепілді қабылдайды. Кепіл мынандай
түрге бөлінеді:

• Мүлік кепілі – жылжымайтын мүлік, өтімді тауар өнімі, көлік
құралдары;
• Депозиттегі ақша қаражаттары;
• Мүлікті құқықтар, жер пайдалану құқығы, табиғи ресурстар;
• Корпорация акциялары, жоғарғы рейтингі бар банктердің немесе заңды
тұлғалардың кепілдіктері;

Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын тиісті құжаттары.
Кәсіпкер өзінің жобасы үшін мейлінше қолайлы қаржыландыру жағдайлары
мен тиісті банкті таңдап алғаннан кейін ол несиені рәсімдеу үшін қажетті
құжаттар топтамасын дайындауға кірісуге тиіс, оның құрамына мыналар жатады:
1. Несие алуға өтініш.
2. Негізінен өндірістік несие, немесе бизнес-жоспар (қазіргі таңда
банктердің бәрі бірдей бизнес-жоспарды талап ете бермейді) алу
үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН)
3. Егер ТЭН қоса берілетін болса, онда шарттарды (жабдықтар сатып
алу, шикізаттар, материалдар, басқаларын сатып алу туралы) қоса
беру керек.
4. Қызметтің белгілі бір түрімен айналысу құқығына лицензиялар,
патенттер.
5. Шаруашылық шарттары, бірлескен қызмет туралы шарттар, келісім –
шарттар (мәміле паспорттарын қоса бере отырып).
6. Үй – жайлар мен көлікті жалдау шарттары, кәсіпорынға және оның
басшысына тиесілі объектілерге құқықты анықтайтын құжаттар
(кеңсе, пәтер, қойма, гараж, көлік, жабдықтар және басқалары).
7. Банкке өтініш жасаған кезде бюджетте және бюджеттен тыс қорларға
төлемдер бойынша ағымдағы берешектердің болмауыболуы туралы салық
комитетінің анықтамасы.
8. Қаржы есептілігі:
1. Кәсіпорынның қосымшалары мен (балансқа 2 – нысан, 3 – нысан)
бірге бухгалтерлік баланс;
2. Күндері мен құрылу себептерін, жоспарланған өтеу күндерін
көрсете отырып, соңғы есеп беру күніндегі дебиторлық және
несиелік берешектердің жіктемесі.
3. Баланстық құнын көрсете отырып, негізгі құралдардың, тауарлы –
материалдық қорлардың жіктемесі;
4. Ағымдағы шот, касса бойынша ақша қаражаттарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің қаржылық есебі
Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы
Бухгалтерлік және қаржылық есеп
Капиталдар туралы
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру туралы
Басқа банктерден алынған несиелік операциялар есебін ұйымдастыру
Кәсіпорынның пассивтерін басқарудың теориялық негіздері
Қарыздар операциялардың құрылымын талдау
Міндеттемелер аудиті
Пәндер