Ақша жүйесінің элементтері мен ақша айналысы



М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6

1. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ...6.16

2. Ақша жүйесінің элементтері мен ақша айналысы ... ... ... ... ... ...17.22

3. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі ... ... ... ... .23.33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34.36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Мерзімдік басылымар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Кіріспе

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.
Ақша – тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады. Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелiк реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және ұлттық жалпы өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Сейітқасымов “Ақша, несие, банктер” Алматы 2005 ж.
2. Я. Әубәкіров “Экономикалық теория негіздері” Алматы 1998 ж.
3. С.Б. Мақыш “Ақша айналысы және несие” Алматы 2004 ж.
4. В.П. Поляков, Л.А. Москвина “Денежное обращение и кредитная система” 1997
5. У.К. Шеденов “Жалпы экономикалық теория” Алматы-Ақтөбе 2002ж.
6. М. Осипов “Экономикалық теория негіздері” Алматы 2002 ж.



Мерзімдік басылымдар

1. Валюта тәртіптемесін ырықтандыру – ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты // “Қаржы Қаражат” 2 2006 ж.
2. Егемендік және ұлттық теңгеміз // “Ақиқит” журналы 10 2003 ж.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі // “Егеменді Қазақстан” 15 қараша 2005 ж. 6 бет.
4. Теңге – тәуелсіздік тұғыры // “Шымкент келбеті” 30 желтоқсан 2005 ж.
5. Теңгеге тұрақтылық қажет // “Шымкент келбеті” 12 қараша 2004 ж.
6. Ұлттық валютаның қаржылық саясаты // “Астана хабары” Елорданың республикалық қоғамдық-саяси газеті 166 (1684) Сенбі, 15 қараша 2005 ж. 2 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе---------------------------- ----------------------------
--------------------5-6

1. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері------------------------- ------6-
16

2. Ақша жүйесінің элементтері мен ақша айналысы-----------------------17-
22

3. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі-----------------23-33

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------
----------34-36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ----
-----------36

Мерзімдік басылымар-------------------------- -------------------
-------------36

Аннотация

Жалпы айтқанда, нарықтық экономикаға өту заңдылығы еліміздегі өсіп
жатқан жекешелендіру процесі, қымбатшылық, жұмыссыздықтың өсуі, халықтың әл-
ауқатының төмендеуі барша адамзаттың ең бірінші проблемасына айналып отыр.
Осы проблемаларды қарастыру үшін мен ақша жүйесі мен ұлттық
валютамыздың тарихын, пайда болу деңгейін зерттеп, осы тақырыптарда үлкен
ой қозғап отырмын. Теңгенің қиын қадамын, кезеңдерін зерттеп, теңгенің
тұрақтылығы тәуелсіздігіміздің белгісі екенін жазып отырмын.
Менің курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады:
1-бөлім Ақшаның мәні және қызметтері;
2-бөлім Ақша жүйесінің элементтері мен ақша айналысы;
3-бөлім Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесі.
Қолданылған әдебиеттерімнің саны – 12. Екі сурет, бір кестеден және үш
слайттан тұрады.

Кіріспе

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден
таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi
көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп,
оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан –
жақты ашып, жауап бердi.
Ақша – тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында
өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық
қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде
ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның
мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы
ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр
кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде
өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да
орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт
бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала
береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға
бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл,
оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша
табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және
таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ,
оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары
болады. Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар
арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық
категория болып табылады.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк
жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар
өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын
бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде
төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң
шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелiк реттеуде айналыстағы ақша
массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және ұлттық жалпы
өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның
тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара
байланысының формасы әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын
мiнездейдi.

1. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері

Ақша туралы жалпы түсiнік

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі
–ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген
біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғғ. капиталистік
өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген
элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің
және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Дүние жүзінде әртүрлі ақша айналымының жүйелері бер, ол тарихи даму
кезеңдерінің өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының
басты компоненттері мынадай:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк,марка, крона,йена және т.
б.). Олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы
заңды төлем құрамдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде
бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар
өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн
К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң
қалтасына салып жүредi” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын
көрiнедi:
Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектiң нәтижесi екенiн анықтау болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi
айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.
Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша
арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы
ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.
Үшiншiден, айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi
қайшылықтары да шешiледi. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкiл
тауарлар тұтыну құндары түрiнде айырбас қатынасының бiр жағында тұрады да,
ал екiншi жағында бүкiл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретiнде ақша қарсы
тұрады.
Ақша ерекше тауар ретінде жүруіне яғни жалпыға ортақ эквивалент
болуына немесе ақша құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады.
Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
- Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары яғни толық құнды ақша
ацналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие
ақшалары металға айырбасталады.
- Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай,
айналыстан толық құнды ақша яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек
ақша белгілері жүреді.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды
ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар-номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның
ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар
әртүрлі формада болған. Монета түріндегі формасы- бұл олардың соңғы
формасы. Монетаның бет жағы-аверс, артқа жағы-реверс және жаны гурт деп
аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу
құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады яғни сол шіркеуден берілген
ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста жеңіске
жеткендігі туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша moneo- кеңес беремін,
көңіліңнен шығамын дегенді білдіреді.
Толық құнсыз ақшалар-номиналдық құны нақты құнынан яғни олардың
өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
-құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;
-құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар-бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста
жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс
құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты. Металл
ақшалардың қағаз ақшаларға ауысуының себебі мынадай:
-металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
-металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекеті
нәтижесінде яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын
төмендетуі барысында бүлінуі;
-бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда
қымбаиқа түсуі;
-эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың
нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды
шығаруы;
-бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б. э. XII ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары
болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда
болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде
шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде
(АҚШ, Италия, Индия, Индонезия т. б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961
ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік
қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991-92 ж.ж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы
нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар-бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және
металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар
құнның белгілері.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы
қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы
жетіспеушілігіне байланысты шығарылуымен түсіндіріледі.Қағаз ақшалар өзінің
табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану
себептеріне:айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке
дкген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын
жатқызады.
Несиелік ақшалар-тауар өндірісінің дамуымен яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілуімен байланысты пайда болған
ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік
жасау.Несиелек ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель сөзі латынша bill note-міндеттемі шоты дегенді
білдіреді.Вексель-белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Жай вексель (соло)-вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта)- вексельде көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға төлеу туралы үшінші бір тұлғаға вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.Жай және
аудармалы вексель-коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельдімынадай түрлерге
бөледі:қаржылық, қазыналық, достық,бронзалық.
Қаржылық вексель-белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель-бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет
тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет
борышқор болып саналады.
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-
біріне беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамассыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Банкнота (ағылшын сөзінде bank-note аударғанда банк билеті)-
орталық банктың айналысқа шығарған әртүрлі номинальдағы ақша бірліктері. Ол
вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден
мынадай айырмашылығы бар:
- мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме
болса, ал банкнота дегеніміз-мерзімсіз қарыздық міндеттеме.
- кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және
жай.
Классикалық банкнота-бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын яғни алтынмен қамтамассыз етілген
Орталық банктың билеті.Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік
айырмашылығы бар:
-жаратылысына қарай- қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі
қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда
болған;
-эмиссиялау әдісі бойынша-қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық
шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;
-қайтарылуына қарай-классикалық банкноттар вексель мерзімінің
аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар
қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
-ауыстырылуына қарай-классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты
алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан
ауыстырылмайтын болған.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып,
олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты
несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683 ж. Англияда пайда болды.
Чек-ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.Чектің мынадай түрлері бар:
ақшалай чек-банктен қольа-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
атаулы чек- аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
ордерлі чек-бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент
бойыншабасқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек-чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
есеп айырысу чегі-заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп
айырысуларда қолданылады;
жол чегі- туристік сапарларға арналған төлем құралы;
кепілдендірілген чек-банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге
кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы;
Электрондық ақшалар-компьютер торабының, ақпараттарды автоматты
түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы.Электрондық ақшалар пластикалық карточка формасында
болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік(төлем) карточка-банкте арнайы карточкалық қаражаты бар,
клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға,
банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін
төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка-оның элементі мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін
төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік
және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен
қолдануда. Оларға Eurocard, Master Card, Visa, ALTYN, Maestro
және т. б. жатады.
Тауарлар дүниесiнiң тауар және ақша болып екiге бөлiнуi оның тұтыну
құнымен құнының, яғни тауардың iшкi қарама – қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткенi, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының
бiреудiң қажетiн өтеуге керек болғандығы. Бұл бiр жағынан, ал екiншi
жағынан оның құнының бар екендiгi дәлелденгенi. Сатылған құн ендi ақша
түрiнде тауар өндiрушiнiң қолына түседi. Сөйтiп, тауар өндiрушiге түскен
ақшаның мөлшерiне қарай өз өндiрiсiне туады. Жалпы бiрдей эквивалент ролi
тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын
бейнелеу қасиетi, оның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиетi,
оның табиғи қасиетi емес.
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы
нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі,
тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын
қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың
түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап
етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек қана (жек адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды.
Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға
еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді.
Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі
болып, нәтижесінде олардың құндары да, бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық
еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас
құнының (1мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі
сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-
ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие
болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші
кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырады. Егер, тауардың
тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау
мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс. Сөйтіп,
тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының
қалыптасуына себеп болған:
Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның
жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасына бір еңбек өнімі екінші
бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бір мал бір қап
бидайға айырбасталды.
Ал, екінші формасы - бұл құнның толық немесе жалпы формасымен
сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде
нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар
басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалға: 1 қап
бидай = 1 қойға = 1 балтаға = 1 құмыраға және т.б. Үшінші формасы – бұл
құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай
барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты
жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама ролде жүретін
тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар ролін, кей халықтарда мал (ертедегі
гректе, римдіктерге, славяндарда, моңғолдарда және т.б.), аң терісі
(Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), піл
сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі
Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін
жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ,
аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар
айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерінің
қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
Ал, құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық
тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар –
ақшалай формасы қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және
күміс атқарды. Сонымен, ақша дегеніміз – бұл барлық тауарлардың құнын
белгілейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды
білдіреді.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді.
Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі.
Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи
қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына
байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек
болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория
болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің
біртұтастығынан көрінеді:
1) жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2) айырбас құнының дербес формасы;
3) еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиеті, ақшаның
кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды.
Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық
жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол
уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату мүмкін емес
болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл
қасиетінің қамтитын уақымы біршама кеңейе түскен.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бұл
формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін
қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындары әр түрлі жолдармен
қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге
сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен
өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ақша атқаратын қызметтер түрлері

Әр елдің өзінің қалыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері
өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері
арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын
тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1) құн өлшемі және басқа масштабы;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.

Сурет-1

Ақшаның қызметтері

Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арарсында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндетемме арқылы өтеу, сату және
сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы
мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға
болады:
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне мартеиал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
(алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналасы мынадай
процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
келесідей түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр.
Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық
бар. Құн өлшемі – бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін
сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға
масштабы – бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес,
тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына,
яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы
арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі
көрсетілген нарықтық бағаға айналады. Ақша айналысының тауар айналысынан
айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі
айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің
басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның
белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және
қолма-қолсыз ақшалар атқарады. Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі
жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана
сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс
мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың
өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде
қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде
тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру
қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс
формасына ие: М (міндеттеме) – Т (тауар).
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық
міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік және сот алдындағы және басқадай міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлдықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік
шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай
қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың
материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақашалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда
қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.Маркс
өз еңбегінде: ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы
ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді -
деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет
етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ – доллары, неміс –
маркасы, ағылшын – фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы –
еуро, сол сияқты СДР атқарады.

2. Ақша жүйесінің элементтері мен ақша айналысы

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің
ерекшеліктері

Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи
қалыптасып, заңмен бектілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің
жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай пайда
болыумен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі XV-XVII ғасырлардан қалыптаса
бастады.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша- тауар қатынасының даму деңгейіне
тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшынады. Әрбір
мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиді:
- ақша жүйесін ұымдастырудың принципі;
- ақша бірліктерінің атауы;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету
сипаты;
- ақша айналымын ақша- несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
- ұлтық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе
шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация) негізделген
экономикалық әдістерге жүгінеді;
- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
- ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы
экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның
дамуына жол бермеуі қажет;
- ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының
несие операциялары негізінде жүзеге асрылатын білдіреді;
- эмиссиялған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
- Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
Ақша бірліктерінің атауы. Ақша бірлігі- барлық тауар бағаларын өлшеуге
және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк
монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем
құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында бұрыштарды өтеуге заң
бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері;
Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан
тұратын қазақстандық теңге болып табыласы.
Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар араснда ресми арақатынас
белгілейді.
Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету
сипаты. Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетулі құны бойынша міндетті
түрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің
ақша белілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды
және айнелымнаналуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы
банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеке асырады.
ҚР Ұлттық банк банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз (даусыз)
міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық қамтамасыз етіледі. Ұлттық
банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралық
ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз және несие ақшалар- ақшаның
түрлеріне жатады.
Ақша-несие айналымының тетігі- ақша-несиелік реттеу (тікелей және
жанама) құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары
мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Ақша- несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
- ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің
деңгейлері;
- Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің
нормативі;
- Мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы
операциялары;
- Банктерге несиелер;
- Валюта нарығындағы интервенция;
- Айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі
мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Валюта бағамы- бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнелеген бір елдің ақша
бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі
Валюталық реттеу туралы ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға
белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін (нарықтық)
баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе қоржынға
кіретін басқа шетелдік валюта қоржыны негізінде баға белгілеу тәсілі
пайдалынылады.
Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері
өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет
атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде.
Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-төркіні
металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым
жүйесінде жатыр.
Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп
аталатын екі түрлері тән.

Сурет-2
Металл ақша айналысының құрылымы

Биметаллизм – баламаның жалпыға бірдей құнның рөлі айналымда болатын
екі метал – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың нарықтық
құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) түрде белгіленеді;
- егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол - екі жақты
валюта жүйесі;
- ақсақ валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем
құралдары болып табылады.
Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады.
Биметаллизм XVI – XVII ғасырда кеңінен тарған, ал Батыс Еуропа елдеріне
XIX ғасырда пайда болады.
Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісің экономикалық қатынасқа
қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір мезгілде құн
өлшемдері ретінде пайдалануы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді.
Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның
үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық
арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. XIX ғасырдың соңында күміс
өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар
айналымынан қызынаға кете бастады.
Түпкі есебінде Құн заңынан стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып,
монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырады.
Монометаллизм- ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға
бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар
мен белгілерді функцмялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді.
Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1897 жылы, Германияда -1871-
1873 жж., Жапонияда -1897 ж., АҚШ-та -1990 ж. Белгілейді. Ал, Ресейде күміс
монометаллизм жүйесі 1939-1843 жж. Ақша реформасының нәтижесінде енгізілді
және бұл жүйе 1952 жылға дейін қолданыста болады.
Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын
монометаллизмнің үш түрі бөліп көрсетіледі: алтын млнета стандарты, алтын
құйма стандарты және алтын – девиз (алтын – валюталық) стандарты.
Алтын монеталы стандарт еркін бәсекелестік кезеңінің талптарына көп
сәйкесіп, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауда саттықтың дамуына және
капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар
жатады: толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап,
айналымда болады,
- жеке тұлғалар үшін тіркелген алтын құрамды алтын монеталардың еркін
шақалуы ұйғарылады;
- толық құнды емес алтын ақшаларға олардың көрсетулі құны бойынша еркін
әрі шектеусіз айырбасталады;
- алтын мен шетелдік валюталарды еркін әкетілімі мен әкелімі және еркін
алтын нарығының жұмыс істеуі ұйғарылады.

Ақшаның айналыс құралы қызметi

Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып
табылады.
Ақша айналысы – бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттарына
қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша
қозғалысы болып табылады.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын
тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады. Ақша пайда болғаннан кейiн
тiкелей тауар айырбастау ( Т – Т ) тауар айналысы ( Т – Т ) формасына
айналады. Бұнда екi акт бар:
Бiрiншiсi Т – А – ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау;
Екiншiсi А – Т – ақшаға басқа қажеттi тауарды сатып алу немесе ақшаны
тауарға айырбастауды бейнелейдi.
Ақшаның бұл қызметi тауар айналымына сапалық өзгерiстер енгiздi. Атап
айтқанда:
Бiрiншiден, Т – А – процесi өнiм өндiрушiнiң өнiм дайындауға жұмсаған
еңбегiн қоғам таныды деген мағынаны бiлдiредi.
Екiншiден, бiр нарықта тауарды сатып, басқа бiр нарықта керек тауарды сатып
алуға мүмкiндiк туады.
Үшiншiден, тауарды ақшаға айналдырып ( Т – А ), керек тауарды сатып алуды
кейiнге қалдыруға болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал рөлiн атқарады, ал бұл кездегi
сатып алу және актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi сай келмейдi.
Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта
асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы
мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай
келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату – сатып процесiне қызмет етедi.
Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк,
оперативтiк, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы
кезiнде орындайды. Шетелдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуiне тыйым
салынбаған.
Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл
екі процесс біршама оқшау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша жүйесінің элементтері
Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы
Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері
Ақшаның мәні, эканомикалық мазмұны мен қызметтірі
Ақша саясаты
Ақша айналысы, заңы, ақша массасы және ақша жүйесі
Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Пәндер