Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері



МАЗМҰНЫ

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Терминологияның зерттелу тарихынан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ.Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1. XX ғасырдың 10.30.жылдары арасындағы дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. XX ғасырдың 30.50 жылдарындағы дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
3. XX ғасырдың 50.80 жылдарындағы дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
4. XX ғасырдың 80.жылдан кейінгі дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 43
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Әр халықтың рухани болмысы тілінде сақталады. Ұлттық терминологиямыздың қалыптасуы мен дамуының қайсыбір тұстарын филологиялық терминдердің қалыптасуын негізге ала отырып қарастыруға болады. Ғылыми терминдерді зерттеуге арналған еңбектерді негізге ала отырып, қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін бағамдауға болады. Зерттеу нәтижелері филологиялық терминдердің қалыптасуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болатындығын көрсетеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің қалыптасуы мен дамуын жалпы терминологияның дамуымен байланысты қарастыруды мақсат ете отырып, мынадай міндеттерді шешуді көздедік:
- терминологияның зерттелу тарихын байқау;
- терминологияның тіл құрылысынан алатын орнын айқындау;
- терминжасамның тілдік көздерін, басқа да жасалу жолдарын танып-білу;
- қазақ терминжасамының тарихи-даму кезеңдерін айқындау:
- филологиялық терминжасамдағы қазақ ғалымдарының еңбектерін көрсету.
Зерттеудің дереккөздері
ретінде терминология саласындағы ғылыми еңбектер, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанұлы, С.Аманжолұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, тағы басқа ғалымдардың еңбектері, сөздіктер, терминологиялық жинақтар пайдаланылды.
Зерттеу әдістері
ретінде сипаттама, салыстырмалы әдістер қолданылды.


Жұмыстың құрылымы
негізгі 2 тараудан, 2-тарау 4 тараушадан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Реформатский А. Что такое термин и терминология? Вопросы терминологии. М., Изд-во АН СССР., 1961 г.
2. Винокур Г.О. некоторых явлениях словообразования и русской технической термннологии. Тр. Московского института истории, философии и литературы, 1939. Т.Ү- С 3-54.
3. Шеглова Н.А. "К вопросу о грамматических средствах терминологизации русских глаголов и профессиональной речи". 17-18 вв Уч.зап МОПИ. 1963, Т.38. Вып.8.
4. Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной русской лексикологии. М., Изд. МГУ. 1973. 10 с.
5. Советский энциклопедичесский словарь.
6. Ахманова О.С. "Словарь лингвистических терминов" Изд. Советс. Энц. М., 1966.
7. Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. "Словарь справочник лингвистических терминов". М., 1985.
8. Кеңесбаев I., Жанұзақов Т. "Русско-казахский словарь лингвистических терминов". А., 1966.
9. Даниленко В.П. "Русская терминология". М, Наука, 1977.
10. Сифоров В.И. "Проблемы научно-технической терминологии". Вестиик АН СССР, №8, 1975.
11. Әбдірахманов А.І. "Тіл мәдениеті және терминология". А., 1972.
12. Жұбанов Қ. "Қазақ тілі жөнідегі зерттеулер. Алматы, Ғылым. 1966, 362 б.
13. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана Тілі. -1998, -3036.
14. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының атасы // Қазақстан әйелдері. 1989. №4. 7-86.
15. Айтбайұлы Ө. "Қазақ сөзі". А., 1997. 237-6.
16. Ш.Құрманбайұлы. Қазақ лексикасының терминденуі. А.,1998. 205б.
17. А.Байтұрсынұлы. Тіл тағлымы. А., Ана тілі, 1992. 446-б.
18. Досмұхамедұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы. Ташкент, 1924. Алматы, 1992, -53 б.
19. ӨР.ОМА. Р. 34-қор, 1-тізбе, 1182-іс, 51 парақ.
20. О.Қайдар. Ел мактаны // Профессор Қ.Жұбанұлының 90 жылдығына арналған ғылыми конференция (19 желтоксан, 1989).
21. Ысқақов Ә., А.Жұбанов және қазақ тіл білімі//Қазақстан мектебі. 1965, 3. 71-77-б.
22. Садуақас Н. Профессор Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қазақ тілі фонетикасы КД. А., 1998.
23. Айтбаев Ө., Қ.Жұбанұлы және қазақ совет тіл білімі.// Ғалымның 90 жылдығына арналған жинақ. А., Ғылым, 1990.
24. Жұбанов Қ. Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан// Ауыл мұғалімі. 1937. №1-2.
25. Есенғұлов А. Грамматикалық қатынастар мен ұғымдар номинациясы// Қ.Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. А. Ғылым, 1990.
26. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. 1941.
27. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А.1959.
28. Ысқақов А. Қазақ тіліндегі сөздерді топтастыру туралы// Халық мұғалімі. 1950 №9.
29. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі көсемше туралы. А. 1940.
30. Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. А., Ғылым. 1982.
31. Ысқаков А. Елітеу сөздер құрамы. Қазақ мұғалімі. 1948.
32. Социалистік Қазақстан. 28 желтоқсан. 1988ж.
33. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. А., 1998.
34. Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. А., Рауан, 1993.
35. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы. ДД. А., 1997.
36. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А.,1998.
37. Джунисбеков А. Проблемы тюркской словесной просодии и сингармонизма казахского языка. АДД. А., 1988.
38. Прокопович П.И. Развитие синтаксиса русского языка. М.,1966.
39. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. М., 1991.
40. Тіл білімі сөздігі. А., Сорос. 1998.
41. Мырзабектен С. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. А., 2001.
42. Шоқым Г., Ж.Аймауытов шығармаларындағы қосынды сөз. АКД. А., 1997.
43. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. А., Санат, 1995.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Терминологияның зерттелу тарихынан
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
ІІ.Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1. XX ғасырдың 10-30-жылдары арасындағы дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. XX ғасырдың 30-50 жылдарындағы дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. XX ғасырдың 50-80 жылдарындағы дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
4. XX ғасырдың 80-жылдан кейінгі дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 42
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 43

Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Әр халықтың рухани болмысы тілінде сақталады. Ұлттық
терминологиямыздың қалыптасуы мен дамуының қайсыбір тұстарын филологиялық
терминдердің қалыптасуын негізге ала отырып қарастыруға болады. Ғылыми
терминдерді зерттеуге арналған еңбектерді негізге ала отырып, қазақ
тіліндегі филологиялық терминдердің пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін
бағамдауға болады. Зерттеу нәтижелері филологиялық терминдердің қалыптасуын
төрт кезеңге бөліп қарастыруға болатындығын көрсетеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің қалыптасуы мен дамуын жалпы
терминологияның дамуымен байланысты қарастыруды мақсат ете отырып, мынадай
міндеттерді шешуді көздедік:
- терминологияның зерттелу тарихын байқау;
- терминологияның тіл құрылысынан алатын орнын айқындау;
- терминжасамның тілдік көздерін, басқа да жасалу жолдарын танып-білу;
- қазақ терминжасамының тарихи-даму кезеңдерін айқындау:
- филологиялық терминжасамдағы қазақ ғалымдарының еңбектерін көрсету.
Зерттеудің дереккөздері
ретінде терминология саласындағы ғылыми еңбектер, А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанұлы, С.Аманжолұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, тағы
басқа ғалымдардың еңбектері, сөздіктер, терминологиялық жинақтар
пайдаланылды.
Зерттеу әдістері
ретінде сипаттама, салыстырмалы әдістер қолданылды.

Жұмыстың құрылымы
негізгі 2 тараудан, 2-тарау 4 тараушадан, қорытынды мен әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І. Терминологияның зерттелу тарихынан
Терминдер жүйесі, жалпы терминология жағдайы тілдің лексикалық
құрамындағы бүкіл бір мәселе ретінде коптен зерттеліп келеді. Оларды шешуге
тіл мамандары да, басқа ғылым салаларының өкілдері де қатысып, еңбектерін
арнады. Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мән,
маңызын анықтауда А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, А.П.Баскаков,
Р.А.Бадагов, Р.Ф.Журавлев, М.Ш.Ғасымов, Б.О.Орузбаева, Н.А.Шеглова.
Д.Э.Розенталь, М.А.Теленкова және В.П.Даниленко, Т.Бертағаеваның еңбектерін
ерекше атауға болады. Сондай-ақ қазақ тілшілері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанұлы,
С.Аманжолов, С.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ә.Қайдаров, Р.
Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Қ.Мұсаев, Ө.Айтбаев, С.Исаев, Б.Қалиев,
А.Әбдірахманов, Ш.Күркебайұлы, А.Аманжолов, Р.Өрекеновалардың еңбектерінің
үлесі зор.
Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының
теориялық мәнін ашуға тырысқан. Ол термин, ұғым, сол түсініктерінің өзара
байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі түрлі бағытқа
тоқталады: біріншісі - терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар,
екіншісі - терминді ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатский
терминнің басты белгілеріне тоқталады: " ... термни емес сөздердің мағынасы
контексте ашылу керек іс, ал термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин
сөздерге көп мағыналылық, экспрессия жат"- дейді. Ол терминді 1)
терминологиялық жүйенің- элементі ретінде, 2) жалпы тіл жүйесінің элементі
есебінде қарастырады. (1,46-54).
Ғылыми терминдерді зерттеуде олардың сөз таптарының қайсысынан
жасалатынын білу де аса қажетті мәселелердің бірінен саналады.
Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуына тиіс деген пікір айтады.
Яғни термин болу ушін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе, қимыл атауларына
назар аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процес атаулары
болып келеді деген қорытынды жасайды. (2,13.).
II.А.Щеглованың еңбектерінен де осындай пікірлерді кездестіруге болады
(3.89). В.Н.Прохорова "Актуальные проблемы современной русской
лексикологии" деген еңбегінде терминге мынадай анықтама берігн: "Термин бұл
арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-терминологиялық
ұғымның атауы болып табылатын және дифинициясы (тиісті ұғымның анықтамасы)
бар сөз немесе сөздер тіркесі"(4,10).
Термин жөнінде бұдан басқа да пікірлер бар. Атап айтқанда,
энциклопедиялық сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады:
"Термин рим мифологиясында шекара құдайы. Термин терминалдар құрметіне
арналған мейрам" дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин - шекара, шек
деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл – 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген
бір томдық "Советский энциклопедический словарьда" берілген анықтама
(5,12).
О.С.Ахманова "Словарь лингвистических терминов" деген еңбегінде:
"Термин (ағ.) дегеніміз – арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды белгілеу үшін
жасалған тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық) сөздер мен сөз тіркестері,–
деген пікірді айтады.(6,15)". Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай
отырып, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминінің бір ғана мағына
беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе,
термин жалқы мағына береді, – дейді. (7,16).
Аккадемик С.Кеңесбаев пен профессор Т.Жанұзақов терминінің о баста
латын тілінің "шек", "шекара" деген сөздерінен пайда болғандығын айтады.
Яғни ''Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі
саласына байланысты қолданылатын, тұжырымды білдіретін сөздер мен сөз
тіркестері, атау сөз"- деген пікірге келеді.(8,17).
В.П. Даниленко өзінің "Русская терминология" деген еңбегінде орыс тілі
терминдерін дұрыс түсіну үшін ең алдымен "Орыс тілі" деген күрделі жиынтық
ұғымның құрамына кіретін элементтер арасындағы иерархиялық байланысты
айқындап алудың қажеттігін ашады. Орыс тілінің терминдер жүйесін автор
жалпы әдеби тілдің функционалдық тармағы болып табылатын ғылым тіліне
жатқызады. Осы тілдің лексикалық құрамына жататындығын айтады.(9).
Шындығында терминдерді жалпы әдеби тілдің тармақтарының бірі ретінде
қарастыратын болсақ, онда оның өзіне тән табиғатын ескермеген болар едік.
Біріншіден, терминдердің пайда болуы әлеуметтік қажеттіліктен туады, адам
өміріне ғылым мен техника келді, оны жасаушы топ пайда болды, олардың жұмыс
үстінде бір-бірімен қатынасатын пікір алысатын тілінде ғылымдық жаңа
ұғымдарды білдіретін, сол кәсіппен айналысатындар ғана қолданатын сөздер
пайда болды. Осының нәтижесінде мұндай ортаның тілі жалпы әдеби тілдің
басқа функционалдық тарамдарынан өзгешелене бастады, сөйтіп, әдеби тілдің
бір тарамы – ғылым тілі дүниеге келді.
Бұл тіл – терминдер жүйесінің жасалатын көрігі, өмір сүретін ортасы.
Өйткені терминдер ғылым мен техниканың дамуынан, осы қажеттіктен
туындағандықтан, оның табиғатын, ерекшеліктерін тілдің өзіне ғана тән
имманенттік себептермен түсіндіруге келе бермейді. Мысалы, жалпы әдеби тіл
лексикасының дамуында болып жататын семантикалық өзгерістер
терминологиядағы осындай процеске барлық уақытта өлшем бола бермейді:
термин сөздердің мағынасындағы өзгеріс қоғамдық таным мен теориядағы,
ғылымдағы дамумен байланысты болса (экстралингвистикалық себептердің
нәтижесі болса), лексиканың басқа қатпарындағы семантикалық өзгерісін пайда
болуына көпшілігінде лингвистикалық себептер әсер етеді.
Терминдік лексикадағы сөз тудыру мәселесі де лексиканың басқа
топтарынан өзіне тән өзгешелігімен сараланады. Осы факторды,
терминологиялық лексиканы айқындауды ескерусіз қалдыруға болмайды.
Практикалық терминдер жасау процесін терминологияға қатысты, соған көп
сөз тудыру механизмдерін жақсы білмей тұрып, оны түсіндіруге болмайды.
Жоғарыда айтылғандардан терминологля жүйесін түсіндіруде біріне-бірі
қарама-қарсы екі мәселенің барлығын байқауға болалы: 1) термшілік сөздерді
жалпы әдеби тіл құрамына қосып, соған тән өлшемді қолдансақ, терминологияға
тән функционалдық, басқа да қасиеттеріне түскен келетін сияқты:
2) керісінше, терминологияны жалпы әдеби тіл жүйесінен шығарып, оны
белгілі бір тілдік жүйеден бөлек қарауға тағы да болмайды. Өйіткені
терминология тілдің лекикалық құрамының бір тармағы, оның ішінде әдеби
лексиканың бөлшегі болып табылады. Терминдер әдеби тілдің ішіндегі
ғылымммен байланысты ұғымдарды білдіретіндіктен, ғылыми тілге материал
болады, соған қызмет етеді, сол арада дамиды. Сондықтан терминологиялық
лексиканың тек өзіне ғана тән лингвистикалық ерекшелігіне байланысты
мәселелерді тек лексика өмір сүретін табиғи орта -ғылым тілінің құрамында
қарастырғанда ғана дұрыс шешуге болады. Термин сөздер тек осы ортада ғана
терминдік қасиетке ие болады, өзінің негізгі қызметінде – номинативті-
семасиологиялық функцияда (9, 85-95) жұмсалады, тек жеке ұғымның атауы бола
алады, яғни терминдік моносемантизмнің жасалуына жағдай жасайтын бірден-бір
орта ғылым -тілі болу керек. Тілдің функционалдық тармақтарының бірі ғылым
тілі екендігінде В.И.Сифоров былай баяндайды: "Лингвистика вплоть до
последних десятилетий разрабатывала ... традиционные системы (литературный
язык) и лишь сравнительно недавно обратилось к языку науки и техники. По-
видимому, общей задачей, стоящей перед лингвистами в этом плане, является
активное обращение к материалу, выходящему за пределы очерчелных
традиций"(10,І9).
Тіл мамандары терминдер жүйесін теориялық және практикалық жағынан екі
аспектіде қарастырады. Терминологияның тіл құрылымынан алатын орнын
айқындау, ғылым тілінің лексикасына байланысты жалпы ерекшеліктерді ашу
тілдік таңбаның ерекше бір түрі болып табылатын терминдердің лингвистикалық
табиғатын түсіндірумен байланысты. Ғылым тілінің жалпы қызметін айқындай
отырып, терминдер қызметін және терминдерге тән ерекшеліктерді даралау,
терминологиялық лексиканың жалпы даму бағдарын белгілеу – осының бәрі
терминдер жүйесін теориялық жағынан зерттеу болып саналады.
Терминдерді практикалық аспекті турғысынан зерттеу мына мәселелерді
қамтиды: термин жүйесінде норма ұғымын қолдану мәселесі, салалық терминдер
жүйесін тәртіпке келтіру, терминологиялық сөз жасаудың жалпы бағдарын
айқындау, ғылым тіліндегі негізгі категорияларды білдіретін ұғымдар үшін
жаңа атаулардың жасалу жолдары мен үлгілерін ашу.
Терминологияның теориялық және практикалық мәселелерінің ішіндегі ең
негізгісі – терминологиялық лексиканың тілдік қоғамдық құрылысы жүйесінен
алатын орнын айқындау. Өйткені, тек осы мәселе өзінің дұрыс шешімін
тапқанда ғана терминнің жалпы табиғаты мен қызметі, даму тенденциясы мен
жеке салаларының ерекшеліктерін түсіндіруге болады.
Тіл білімінде терминологияның тіл жүйесінен алатын орнын анықтау
мәселесінде әлі күнге дейін бәрізде тоқтамға келген пікір жок. Бірқатар
мамандар термин сөздерді әдеби лексиканың жеке бір қатарына
жатқызады.(11,17). Ал енді бір топ ғалымдар оларды әдеби тіл құрамы
қатарынан алып, жалпы тіл құрамының бір тобына қосады да, лексиканың
жергілікті говор, диалекті, кәсіби сөз, жаргон секілді пассив қатарына
қояды(11,108).
Термин сөздің бір ғана арнаулы ұғымды білдіруі тіл элементтерімен
таңбаға қатысы туралы мәселеге де жаңаша қараудың қажеттігін көрсетеді.
Басқа сөздер таңба ретінде әр түрлі мазмұнда келсе, термин сөздердің
әрқайсысы өздеріне тән мазмұнды ғана білдіреді.
Қазақ тілі туралы жазылған алғашқы зерттеу мәліметтері ХҮІІІ ғасырдан
басталады. Олардың бәрі қазақ тілінің сөздік құрамына қатысты қолжазба
сөздіктер түрінде болды. Ал қазақ тілінің грамматмкалық құрылысының
зерттеле бастауы XIX ғасырдың II жартысына тиесілі болды. Профессор
Қ.Жұбанов 1933 жылы "Политехникалық мектеп журналында жарияланған бір
мақаласында "Қазақ тілі осы уақытқа дейін жүйелі түрде тексеріліп, ғылым
сөзіне түспеген тіл. Қазақ тілін алғаш зерттегендер патша үкіметініе
отаршыл саясатын іске асыру мақсатымен отар елдің әдет-ғұрпын, тіл,
әдебиетін тексерген миссионерлер..." дейді. (12,118).
Отызыншы жылдары қабылданып, күні бүгінге дейін барлық ұлт тілдерінде
қолданыс тауып келе жатқан "әрбір тілдің ішкі мүмкіндіктерін сарқа
пайдалау" және "ғылыми принциптер негізінде барлық ұлт тілдерінде
терминологиялық фонд" жасалғандығы бәрімізге белгілі. Бұған дәлел сол
жылдары шыққан түсіндірме сөздіктер мен екі тілдік сөздіктер: Орысша-
қазақша әскери атаулар. Қызылорда, 1927; Терминологический словарь
(Ағыбайұлы, Алматы,1936); Қазақ тілінің терминдері (Қызылорда, 1936);
Русско-латино-казахский терминологический словарь (Т.5); Краткий русско-
казахский словарь литературных терминов (Т.Лбегои, А.,1962);
Егер өткен ғасырдың 20-30-жылдары түркі тілдері біресе туристік
ағымға, тенденцияға бой ұрып, орыс-интернационал терминдерін қандай күйде
де аударуға, одан кейінгі бір дәуірде оларды сол қалпында қабылдауға
тырысса, қазіргі кездегі терминология жасау процесіне тән принцип
дифференциялық бағытта жүргізіліп отыр (13,186). Бұл принциптің ерекшелігі
ертеректе өз тіліміздің мүмкіншіліктерін толық текермей, қабылдана салынған
кейбір терминдерді қайта қарап, оларға жаңа балама табу, немесе мағыналық
жағынан өзара жіктеу арқылы терминдік мән беру болып табылады.
Осыған орай айта кететін бір жайт, сол 20-30 жылдары жасалған
терминдердің кейбірі ғылым саласында тұрақтап, күні бүгінге дейін
өзгеріссіз қолданылып келе жатқандары да жоқ емес. Бұған мысал ретінде
А.Байтұрсынұлы тарапынан жасалған тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы
әбден қалыптасып кеткен жүздеген терминдерді қарастыруға болады. Тіл
білімінде қолданылған орыс және халықаралық терминдерді басқа ғылымдар
саласындағыдан қалай болса солай ала салған, Көпшілікке түсінікті болу үшін
оларды жүйелі түрде қазақ тілінің өзіне тән байырғы сөздері негізінде
тыңнан жасауға ғалым көп күш салған. Қазақ тілі мен туыстас түркі
тілдерінде терминология проблемасы белгілі бір жүйеге түспей, үйлесім
таппай жатқан кездерде А.Байтұрсынұлының жаңашыл әрекеті түркологияда
ерекше көзге түскен еді. Оның байырғы да қазақи сөздер негізінде жасаған
қарапайым халыққа түсінікті терминдері о баста жеке мақалаларында,
кейінірек "Оқу құралы", "Тіл - құрал" деп аталатын, "Тіл жұмсар" деп
аталатын еңбектерінде кеңінен қолданыла басталды. Мәселен, дыбыс, дауыссыз
дыбыс, жарты дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, ымыралы дыбыс, буын,
сөз аяғы, сөз басы, қос сөз, қосалқы сөз, туынды сөз, тұлға, түбір, жалғау,
жұрнақ, қосымша, септік, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес,
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, демеу,
одағай, сөйлем, жай сөйлем, жалаң сөйлем, жақты сөйлем, жаңылма сөйлем,
сұраулы сөйлем, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш,
т.б. жүздеген лингистикалық терминдердің қалытасуы қазақ тіл білімінде
А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты.
Әрине, отызыншы жылдардан кейінгі жарты ғасырдан астам уақыт ішінде
қазақ тіл білімі қарқындап дамыды, жаңа терминдік ұғымдармен толыға түсті,
байи түсті. А.Байтұрсынұлы жасаған терминдердің кейбіреуі болмаса (мысалы,
ымыралы дыбыстар – идифферентные звуки т.б.), басым көпшілігі ғылыми
терминдік мәртебеге ие болып, күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Терминолог ғалымдардың пікірінше, А.Байтұрсынұлы жасаған кейбір
терминдерді қолданыстан шығарып тастау, ауыстыру әрекеттері де толған.
"Бірақ,- деп жазады О.Айтбаев, – бұл әрекеттен ештеңе шықпады. Қайта бұдан
артық үлгіні қанша әрекет еткенмен жасай алмайтындарына көздері жетіп,
елдің бәрі А.Байтұрсынұлы терминдерін негізге алды. Күні бүгінге дейін
мектеп пен жоғары оқу орындарында пайдаланып келе жатқан оқулықтардағы
терминдік жүйе түгелімен Ахан есімімен байланысты."( І4.7-8).
Бұдан біз екі түрлі қорытынды шығара аламыз. Біріншіден, орыс және
халықаралық ғылыми терминдерді ұлт тілі негізінде де қалыптастыруға
болатындығы, екіншіден, мұндай терминдер басқа ауыс-түйіс терминдерге
қарағанда өзінің қарапайым халыққа түсініктілігімен, дәлдігімен және
өміршеңдігімен ерекшелеленетіндігі.
Енді осыдан келіп, "әрбір ұлт тілі термин жасауда өзінің ішкі
мүмкіншіліктерін сарқа пайдалануы керек" деген қағиданың шын мәнісінде іске
асырылуы, немесе үстірт орындалуы жалпы ұлт әдеби тілдерінің қалыптасуына
және оның өзекті саласы – ғылым тілі мәртебесіне тигізген ықпалы анық
байқалады.

ІІ. Қазақ терминжасамының тарихи даму кезеңдері
1. ХХ ғасырдың 10-30-жылдары аралығы.
Бірінші кезең XX ғасырдың басы мсн 30-жылдардың екінші жартысындағы
аралықты қамтиды. Бұл кезеңді біз терминжасам процесінің алғашқы кезеңі деп
білеміз. Осы жылдары қазақ тілінің грамматикалык құрылымы, лексикологиясы,
диалектологиясы жайлы мәселелер жетілдірілді. 10-30-жылдар аралығында әр
жерде сауат ашу мектептері, театр, газет, журналдар ашылып, баспаханалар
жұмыс істей бастады. Қазақтың байырғы сөздерінің қоғамдағы қызметі кеңейіп,
осы сөздер радионың, баспасөздің, көркем әдебиет, саяси кітаптар тіліне
айналды. Қайсыбір сөздер арнайы қолданысын тауып, терминдік сапаға көшті.
Осы айтылғанды ғалым-терминолог. Ө.Айтбайұлының мынадай тұжырымдары
дәлелдейді: "... (Сонымен, отандық ғылымның содан бергі өткен жолын бір
сәтке елестесек, терминологияға байланысты қыруар жұмыс істелетін екен. Екі
тілді қаншама сөздік жарық көріп, қалың жұртшылықтың игілігніе айналды.
Қаншама сөздер терминдік мәнде қайта жаңғырып, әбден тіл қорына келіп
қосылды,"- дейді.( 15,41). 20-30-жылдары алфавит, орфография, терминологя
мәселелері бірінші кезекте турды.
Өткен ғасырдың 10-жылдарынан бастап 30-жылдарына дейінгі аралықта
термин жасау ісі ұлт тілі негізінде жемісті жүргізілді. Бірак 30-жылдардың
екінші жартысында тіл ғылымында, ғылым тілінде күрделі өзгерістер енгізіле
бастады. Ол орыс тілінен және сол тіл арқылы келген интернационалдық
терминдерге қатысты болды. Ендігі жерде ұлт тілдерінде термин жасау мен шет
тілдерден термнн қабылдаудың тәртібін өзі жүргізіп отырған тіл саясатына
сәйкес орталық белгілейтін болды ... Ұлт тілдерінде термин жасаудың
мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан терминологиямыздың неізгі бөлігін
тілімізде дыбыстық жүйесіне бағындырылмай алынған шет тілдерінің сөздері
құрайтын дәрежеге жетіп, тіліміз термин қабылданып тілге айнала бастады."{
16,21). А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов, Қ.Кемеңгерұлы тәрізді тұлғалардың
пікірлері "ұлтшыл" саналып, өздері қуғынға ұшырады.
Қазақ ғылыми терминологиясының алғашқы кезеңі осындай трагедиялы
жағдайға ұласқанымен, ғылымда бетке ұстар ірі тұлғалардың орны, ізі қалды.
Олардың алдыңғы қатарында А.Байтұрсынұлы күрделі, сондықтан қазақ тілі
сөздерін түрлі топқа бөлу ісі ғұлама ғалым, біртуар тұлға Байтұрсынұлы
есіміне байланысты болды. Бүкіл санаулы ғұмыры ғасырлар тоғысына сәйкес
келген А.Байтұрсынұлының XX әасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқының саяси-
әлеуметтік, қоғамдық өміріндегі орны ерекше еді. А.Байтұрсынұлы қазақ
тіліндегі сөзерді әуелі тауыш сөздер, шылау сөздер, одағай деп үш жікке
бөледі. Мұнда ғалым сөздердің лексикалық мағынасын басшылыққа алады, және
сөздердің лексикалық мағынасы негізінде қаншалықты дербес, дерікті
еместігін ескереді. Толық лексикалық мағыналы сөздердің тәуелсіздігін,
номинативтік қасиетін ескеріп, оларды атауыш сөздер тобына біріктірсе,
лексикалық мағынасы жоқ немесс лексикалық мағынасынан жартылай ажырау
нәтижесінде дербестігі де шартты түрде болып қалған сөздерді шылау сөздерге
жатқызады. Ғалым үстеу сөздердің де басқа атауыш сөздермен салыстырғандағы
дербестік дәрежесінің төмендігін танып, оны шылау сөздерге жатқызады. "Кей
сөздер басқа сөздердің мағынасын толтыру үшін үстеу болады. "Осындай сөз
үстіне қосылып, сөздің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз",-дейді
ол (17,195).
А.Байтұрсынұлы жоғарыда айтылған сөз топтарын әрі қарай іштей жіктеп,
қазақ тіліне қатысты 9 сөз табын атайды: зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғау, одағай.
А.Байтұрсынұлы тіл ғылымына ғана емес, әдебиетке қатысты да еңбектер
жазып, "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде қанашама әдебиет терминдерін
қалыптастырғандығы белгілі.
Қазақ тілі терминологиясы қалыптасуының алғашқы кезеңіндегі көрнекті
танымдардың енді бірі – X.Досмұхамедұлы. Ол оқулықтар жасауда, терминдер
қолдануда А.Байтұрсынұлы көрсеткен принциптерді басшылыққа алды. Ғалым
лексика, грамматика, фонетика, аударма, тіл, тарих салаларына байланысты
мәселелер жөнінде біраз пікір айтқан. Осы тақырыптарды сөз еткенде,
көптеген лингвистикалық және әдебиетке байланысты терминдерді қолданған.
X.Досмұхамедұлының тілге байланысты жазылған онға жуық еңбегін атап өтуге
болады. Мәселен, көлемі жағынан, лингвистикалық терминдерді қолдануы
жағынан "Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы" деген еңбегі ерекше
(18,229). Бұл еңбекке ғалым қазақ тіліне терминдерді басқа тілдерден
орынсыз қабылдамау, алған күнде тілдің өз заңына сәйкестендіріп қабылдауды
қолдану керектігін айтады. Дыбыстардың құрамы. Түрлерін анықтай отырып,
оларды дауысты, дауыссыз, дәнекер дыбыс, жарым дауыстылар, жарты дауысты,
жуан дыбыстар, жіңішке дыбыстар деп бөліп тастайды.
Фонетикалық терминдер Х.Досмұхамедұлының еңбектерінде көп кездеседі.
Ол бұл терминдерді жалаң және күрделі деп бөліп қарастырады:
1. Жалаң атаулар: дыбыс, буын, басу (екпін), дауыссыз, дауысты, демеу,
үндесу, ереже, т.б.
2. Тіркес атаулар: дауыстылар гармониясы, жарым дауысты, дәнекер
дыбыс, бас буын, бітеу буын, шала қос дыбыс, жіңішке сөз, жақша белгісі,
ағайындас дыбыс, жат харіф, т.б.
Лексикалык терминдер: меншікті түркі сөзі, еуропа сөздері, жуан сөз,
сөз өзгерісі, шала сіңген сөздер, жат сөздер, т.б.
Емлеге байланысты терминдер: әліфбеәліппе, дәйекше, ноқай, апостроп,
сәкін, үтір, сызықша, т.б.
Морфологиялық терминдер: етістік, сарф, көсемше, тәуелдік, тұқыл,
түбір, демеулік, ниетті көсемше, ұйғарынды есімше, үнемді көсеммше, асыл
нұсқасы, туынды демеу, билік рай, т.б.
Жалпы тіл біліміне қатысты терминдер: халық тілі, шайқ тіл, жалғамалы
тіл, хүкімет тілі, қазақ тілінің заңдары, ғылым тілі, т.б.
Х.Досмұхамедұлының ғылыми терминология мәселссіне қатысы 1924 жылы
жарық көрген "Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы атты еңбегінен де көрінеді.
Ал "Табиғат тану", "Жануарлар", "Адамның тән тірлігі" атты оқулықтарын жазу
мен Вагнердің еңбектерін тәржімалау барысында қолданған термин сөздері
қазақ тілінің ғылым тіліне айналуына толық мүмкіндігі барлығына кепілдік
береді. Оның ғылыми терминология мәселесіне терең бойлауына ең әуелі
оқулыктар жазу қажеттілігі себепкер болып, жол ашқан. Ғалым Бұхара
қаласында 1923 жылы өзбек орфографиясына арналған конференцияда осы
тақырыпта баяндама жасанды. Ол; "Термин сөздерді жасағанда әуелі өзбектің
өз тілін пайдалану керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, ескі өзбек тілінен
іздеу, одан әрі жағдайда қала европа тілдерінен алу керек- деген (19,51).
Ол европа мәдениетін үлгі ете отырып, тіл мәселесінде сөйлеудің қасиетін
сақтауға шақырады: "Шет тілдерден алынған сөздердің бәрі өзбектің жатық
тіліне ыңгайлануы керек. Соның өзінде мүмкіндігінше сөздің түбірі сақталуы
тиіс", -деген (19,30). Одан әрі:
-ғылыми терминология жасау ісінде әуесқойлыққа салынып кетуден
сақтану; -мектептің бастауыш класс оқушылары мен ғылыми-көпшілік басылымның
оқырмандары үшін жазылған кітаптарда жат сөздерді қолданудан қашу; -бүкіл
өзбек халқы үшін ғылыми терминология бір мекеменің басшылығында жасалуы, ол
мекемеде кең жұртқа танымал, беделді азаматтардың болуы;
-мектеп пен баспасөздің қызметіне үлкен маңыз бере отырып, ғылыми
терминологияны қалыптастырушы мекеме ретінде өзбек білім комиссиясын ғылыми
күш-қызметкерлермен, қаражатпен қамтамасыз ету; -ғылыми терминология үшін
сөздер, ең алдымен, халықтың сеөйлеу тілінен алынуы керек;
-қазіргі сөйлеу тілінде аз қолданылып жүрсе де, кей сөздерді халық
мұрасынан - ескі ән-жыр, ертегілерден алып пайдалану қажеттігі алынған.
"Егер осы аталғандар бойынша термин сөздер табылмаса, латынның ғылыми
терминологиясын қолдану керек. Латын тілі – халықаралық ғылыми тіл. Европа
мәдениетіне ұмтылған халық латын терминологиясынан қаша алмайды. Ал, араб,
парсы, орыс тілдерінің сөздері термин ретінде халықтық сөйлеу тілінде кең
етек алып кеткен жағдайда қолданыла береді. Өзбек тіліне латын сөздерін
пайдаланудың үйлесімсіздігі болған кезде орыс сөзі кәдеге жарайды",-
делінген (19,321).
Тіл мәселесі Халел Досмұхамедұлының жадынан шыкпаған, терең ой салған.
Осы тезистегі пікірлер көп түрде зерделі зернеуге ұласып, кейін "Қазақ
тілінің сигармонизм заңы" атты белгілі еңбегі жазылды. Баяндама өзбек
тілінің ғылыми терминологиясына арналса да, қаны бір туыстары халықтарының
тіл мәселесін кең қозғайды. Аталған еңбекке қазақ тілін дыбыс жүйесіне
қатысты кейбір мәселелер баяндалады. Түркі тілдері жалғамалы тіл
болғандықтан, қосымша жалғанғанда, сөздердің түбірі өзгермейтінін, қазақ
сөздерінің түбірі бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке келуі сингармонизм
заңдылығы екенін айтып, "сингармонизм түркі тілінің айрықша өзіне біткен
касиеті",- дейді. X.Досмұхамедұлы дауыстылар мен дауыссыздардың акустикалық
ерекшеліктерін тани білген. Ол жарты дауыстылар деп, А.Байтұрсынов
көрсеткендей, и, у дыбыстарын айтып. оларды дауыстыға да, дауыссызға да
қоспай, бөлек қарастырған. Сонымен бірге сонор дыбыстардың басқа
дауыссыздарға қарағанда салдарынан үні басым болатынын айтып, тіл
дыбыстарының жасалуындағы артикуляциялық ерекшеліктерді анық байқаған.
2. XX ғасырдың 1930-50 жылдар аралығы
Ғылыми терминологияның қалыптасуының екінші кезеңі ретінде XX ғасырдың
30-жылдары мен 50-жылдарының аралығын қамтып отырмын. Бұл кезде орыс
тілінен алынатын терминдерді өзгертпеу үшін ф, х, я, э, ц, ч әріптері қазақ
алфавитіне енді. Сондықтан орыс графикасына негізделген қазақ әліппесінің
құрамына енгізу арқылы біршама терминдердің қамтылуы мен жазылуы бір сөзге
түсті. Бұл кезең араб графикасынан латын графикасына көшіп, одан латынды
қойып, кириллицаға ұласқан жылдар болды. Осы жылдар аралығында Қазақ
автономиялы республикасы Халық Комиссарлар Советінің қаулысы бойынша
Мемлекеттік терминология комиссиясы (қысқаша Мемтерменком) құрылды, оның
тұңғыш председателі болып профессор Құдайберген Жұбанұлы сайланды. Сонымен
қатар бітпеше терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Атап өтсек, 1931 жылы
шыққан "Атаулар сөздігі", 1942 жылы Р.Мұсабаев, Ю.Цунвазо, К.Адамхановтар
тарапынан жасалған "Орысша-қазақша әскери сөздікті" атауға болады, 1948-50
жылдары академик И.Т.Сауранбаев пен С.Б.Бәйішевтердің басшылығымен екі
томдық "Орысша-қазақша терминологиялық сөздік" жарық көрді. Профессор
О.Айтбайұлының "Қазақ сөзі" атты монографиясында "Бұл кезеңнің басты
белгісі – интернационалдық термиидер мен орысша атауларын тілімізге
түпнұсқадағы пішінін бұзбай, сол қалпында қабылдау болатын... Алфавитімізге
тіл табиғатына тонсысс дыбыстар енгізілді, бөтен префикс пен калыптасулар
енді. Емле ережелері осы бағытта түзілді... Бұл жылдардың ұлттық лексиканы
дамытуға қосқан емлесі шамалы",-деп тұжырымдайды [15,65].
Дегенмен, осы жылдар аралығында жемісті еңбек еткен, қазақ
терминологиясын дамытып, өз үлестерін қосқан ғалымдарымызды атап өту мүмкін
смес. Олар: профессор, ғұлама-тілші, терминолог Құдайберген Жұбанұлы,
профессор Сәрсен Аманжолов, ғалым Сейіл Жиенбаев тағы басқалар.
Қазақ тіл білімі қалыптасуының алғашқы дәуірінде Қ.Қ.Жұбанұлы "Қазақ
тілін ғылым негізіне түсіруге" ат салысып, теориялық негізінің қалануында
өзіндік ғылыми тұжырымдар жасап үлкен жұмыс атқаруды қалдырды. Ғалымның
ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық
тұрғыдан қалыптасуына негіз болды.
Қазақ тілінің зерттелуі жайында профессор Қ.Қ.Жұбанұлы: "Қазақ тілі
осы уаққа шейін жүйелі түрде тексеріліп, ғылым тезіне түспеген тіл. Қазақ
тілін алғаш зерттегендер Н.И.Ильминский, профессор П.М.Мелиоранский,
М.Терентьев, ІІ.Лаптев, В.В.Катаринский, академик В.В.Радлов, профессор
Е.Д.Поливанов, т.б. болатынды" - деп жазды. Қазақ ғалымдарынан қазақ тілін
зерттеуге қатысқан ғалымдар деп ІІІоқан Уәлиханов пен Ахмет Байтұрсынұлын
атайды [12,118] .
Қазақ тіл білімінің негізін қалаған А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанұлы
жайындағы бір пайымдауында академик Ә.Қайдар былай дейді: "XX ғасырдың
бірінші ширегінде, ескі мен жаңаның жанталасқан қарбалас кезеңінде, қазақ
халқының маңдайына Үркердей шоғырланған бір топ ғұлама-ғалымдардың арасында
жарқырап ерекше көзге түскендердің бірі профессор Құдайберген Жұбанов еді.
Енді міне, қалың жұртшылық өлгені тірілім, өйткені жанып, сол абзал
азаматтарымен қайтадан қауышып жатыр. Ел-жұртымен алдыңғы қатардағы болып
жүз көріскен профессор Қ.Жұбанұлы есімі еді. Сол ағалардың қоғамдағы орнын
анықтау да маңызды қоғамдық ой-талғамды қажет етеді. Филология саласында
осыған орай сол болатын екі арыс:
- Ахмет Байтұрсынов,
- Құдайберген Жұбанов,
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы неде десе, мен: "Айырмашылық - олар
өмір сүрген уақытта; ағарту ісіне, тіл біліміне қосқан үлесі мен шешпек,
шешілмек проблемаларында; әр ғалымның өзіне ғана тән қайталанбас тамаша
ерекшеліктерінде деген болар едім. "Біз бұл ғалымдардың екеуін де қазақ
тілінің іргетасын қалаушылар деп айтқан пранолымыз. Бірақ, Қ.Жұбанұлы
басқалардан ерекше қазақ тіл білімінің ғылыми иегін қалауы деп аталуға
тиісті [20,5-10] .
Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры К.Жұбанұлы тіл білімін әр алуан
саласында өзіндік із калдырған ғұлама. Сөз кезінде профессор А.Ысқақов атап
өткендей, Қ.Жұбанұлы тіл білімінің барлық салаларымен де шұғылданған; қазақ
тіл білімінің ол араласпаған, я қатыспаған бірде-бір қалтарысы қалмаған
деуге болады. "Өйткені оның ғылыми мұрасынан қолды болмай аман сақталып,
бізге дейін келіп жеткен еңбектерінің ойн саралап, олар қазақ тілінің
фонетикасын да, грамматикасын да, қазақ тілінің тарихын да, қазақ жазуы,
оның емлесі, терминологиясы, стилистикасы, оқулығы мен методикасы,
программасы - бәрі-бәрін де қамтиды [21,73-74]. Міне Қ.Жұбанұлына берілген
бағалардың әділдігін аңғару үшін біз ғалымның артына қалдырған ғылыми
тұрғыдағы терең де, түбегейлі зерттеулерін қарастырдық.
Осы сөзімізге дәлел ретінде, Қ.Жұбанұлының есіміне байланысты бірнеше
диссертациялар қорғалғанын айтуға болады. Мәселен, М.О.Мировтың "Профессор
Қ.Жұбанұлының ұлттық ғылым тілін жасаудағы ролі (1999 жылы), А.Қ.Омарованың
"Профессор Қ.Қ.Жұбанұлының етістіктер туралы ғылыми еңбегі, оның ғылымның
кейінгі дамуына ыкпалы (1999 жылы), Н.Ә.Садуақастың "Профессор
Қ.Жұбанұлының еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің фонологиялық
негіздері" (1999 жылы.) ІІІын мәнінде, ол қазақ филологиясының барлық
салаларында жанқиярлықпен қызмет атқара жүріп, байсалды да байыпты ғылыми
пайымдаулар жасаған. Ол өзі еңбек еткен кезеңдегі қазақтың әліпбиіне баса
назар аударған, сонымен қатар қазақ тілі дыбыстарының фонологиялық
негіздерін жасаған, морфологиясына, соның ішінде, етістік категориясына,
қазақтерминологиясына көп көңіл бөлген, ұлттық ғылым тілінің мәселелерін
күн тәртібіне лайығымен қоя білген. Ол өзінің әр кезеңде жазған "Қазақ
әдебиет тілінің терминдері жайында (екі тілде), "Қазақ емлесін өзгерту
жайлы", "Қосар ма дара ма?", "Термин сөздердің спецификасы жөнінде" (қос
тілде), сияқты т.б. зерттеулерінде, сөйлеген сөздерінде. Ғылыми
баяндамаларында қазақ тілінің өзекті мәселелерін зерделей отырып, бәтуалы
да, батыл байлам жасаған.
1933 жылы құрылған Мемлекеттік Терминология комиссиясының тұңғыш
төрағасы болып тағайындалған Қ.Жұбанұлы қазақ терминология ғылымының
іргетасының берік қалануына ат салысты. Күні бүгіндері терминология
саласындағы еңбектерден Қ.Жұбанұлы зерттеулерінің арқасында қалыптасқан
принциптердің қолданылып жүргендігін, әлі күнге дейін өз маңыздылығын
жоймағанын байқаймыз.
Профессор Қ.Жұбанұлы қазақтың тілтану ілімінде терминологияны тұңғыш
рет ғылыми-теориялық деңгейде зерделеген ғалым.
Қ.Жұбанұлына дейінгі ғалымдардың ешқайсысы да қазақ тілі дыбыс
жүйесінің жекелеген мәселелеріне байланысты ғылыми тұрғыда нағыз зерттеу
жұмыстарын жүргізген емес еді. Ол өзіне дейінгі ізденістер ішінде қазақ
тілінің дыбыс жүйесін сингармофонологиялық бағытта зерттеуші Ахмет
Байтұрсынұлы еңбектеріне ерекше көңіл бөлген [22,11].
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанұлына дейін қазақ тіл білімі дербес ғылым
ретінде қалыптаспаған еді. Тіпті, А.Байтұрсынұлына дейін қазақтарға арнап
алфавит жасау мәселесі де шешілген жоқ еді. А.Байтұрсынұлы зерттеулерінің
нәтижесінде лингвистикада бірінші рет сингармофологиялық алфаит пен
сингармофонологиялық орфография жасалды. Ол алфавит, дыбыстардың айтылуы,
естілуі, жазылуы, емлесі сияқты мәселелерді өз зерттеулерінде басты назарда
ұстаған. Мысалы, дауыссыз дыбыстарды босаң жолды (б,ж,з,д,ғ,г), қысаң жолды
(к,к,п,т,с,ш) деп жіктен, "бұлай айырылуы айтылу түріне қарай болғанмен,
басқа жігін ашатын нәрсе бар" деп босаңдарын үшке, қысаңдарын да екіге
бөледі. Босаңның: 1) ашықтары (ж.з) сөздің басында да, аяғында да
келетініне, 2) тұйықтарының (б,л) сөз аяғында келмеуіне, 3) тұйықтауларының
(п,т,қ,к) азатыны, айнитыны айтылған (22,11).
Сөйтіп, Қ.Жұбанұлы А.Байтұрсынұлы бастағаи ғылыми ізденістерді терең
зерттеулер арқылы дамытуға ден қойды. Мұны екі ғалымның қазақ тілі
дыбыстары үшін терминдер жасауы, дыбыстарды жіктелуі туралы пікірлерін
салыстыру барысында білуге болады.
А.Байтұрсынұлына дейінгі зертгеулердің көпшілігі орыс тілінде
жазылғандықтан, қазақ тіл терминдері көп кездесе қоймайды. Тіпті жасала да
қойған жоқ еді. Сондықтан да Байтұрсынұлы мен Жұбанұлы еңбектерінде қазақ
тілі терминдері алғашқы рет жасалынды. Қ.Жұбанұлының "Жаңа грамматиканың
жаңалықтары жайынан" атты мақаласында: "Термин арнаудың мағынасы тек бір
категорияны екінші категориядан айыруға ғана емес, нендей категория екенін
де өзі айтып тұратын қылу, категорияны түсінуге ат салысу" деп,
терминология принциптері туралы өз көзқарасын білдіреді (12,204).
Ол А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі дыбыс, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс
толық дауысты, буын сияқты т.б. терминдерді сол күйінде қабылдап, ал басқа
терминдерін жетілдіріп, басқаша атап, өзі жаңадан терминдер жасап шығаруға
тырысқан.
А.Байтұрсынұлы "Дыбыстарды жіктеу туралы" деген мақаласында (1927
жылғы); "Айтылуына қарай жіктемесінде қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты,
дауыссыз болып екі айырылады,- дейді де, дауысты дыбыстар қатарына 12
дыбыс: а, о,ү, ы, и, е, у, р, л, м, ң, н, дауыссыздарға 12 дыбысты
жатқызған: б, п, т, ж, д, з, с, ш, г, к, к, г. (17,373).
Дауыстыларды: 1) шала дауыстылар ( р,л,м,н,ц,у,й)
2) толық дауыстылар (а,е,о,ү,ы) деп жіктейді.
Ал, Қ.Жұбанұлы дыбыстарды үш топқа бөліп атайды:
1) дауыстылар (а, е, о, ү, ы, ү, у, з, ы, й);
2) дауыссыздар (к, к, ш, с, т, п, б, д, з, ж, ғ, г);
3) сонар дыбыстар (у, й, р, л, м, н, ц).
Дыбыстар түрніе қарай дауысты дыбыстарды:
1) толық дауысты аә, е,оө;
2) келте дауысты: ыі мен ұү
3) қосынды дауысты: ұуүу және ыйиі деп.
А.Байтұрсынұлы дауысты дыбыстар құрамында "ІІІала дауысты" дегенді
бөліп қараса (қазір үнді дауыссыздар), Қ.Жұбанов оларды дауыстылардан
бөліп, "үні мен салдыры тең" сонар дыбыстар дейді. Сөйтіп Қ.Жұбанов дауысты
дыбыстарды ғана "дауыстылар" терминімен байланыстырады. А.Байтұрсынұлы а,е,
ы дыбыстарын ауыз арқылы өтетін ерінділері деп атаса, Қ.Жұбанұлы аә, ыі
дыбыстары езу дауыстылары, А.Байтұрсынұлы о,ү дыбыстарын ауыз арқылы өтетін
қымқырындысы десе, Қ.Жұбанов оө, үү дыбыстарын ерін дауыстылары деп
атаған. Қазіргі кезде, оқулықтарда бұларды артикуляциялық ерекшеліктеріне
байланысты еріндік, езулік деп топтастырамыз. Қ.Жұбанұлы енгізген бұл
терминдер айтуға да, дыбыс табиғатына да сай, сәтті алынған деп білеміз.
А.Байтұрсынұлы ауыз арқылы өтетін именіштілер деп и,у дыбыстарын атайды.
Қ.Жұбанұлы осыларды тура жолды сонарлар дейді. Болмаса, А.Байтұрсынұлы п,б
дыбыстарын ерін қамаулысы десе, Қ.Жұбанұлы ерін дауыссызыз деп атайды.
Осыдан қорыта келіп айтатынымыз, бұл жерде терминдер әр түрлі,
Қ.Жұбанұлының терминдерді жетілдіріп, дамытқаны байқалса да, дыбыстарды
жіктеуі бір екенін көреміз. Олай болса, екі ғалымның қолданған терминдері
бірдей болғанымен, дыбыстарды осындай термин маңында топтауы әр түрлі. Ал
топтастыру бірдей болған жағдайда, терминдерінің бөлек екенін көреміз.
Бұдан шығатын қорытынды: Қ.Жұбанұлы А.Байтұрсынұлының еңбектерінен кейбір
мәсслелерді тікелей қабылдаса, екіншіден, одан әрі жетілдіріп, дамытып
отырған деуге болады.
Біз профессор К.Жұбанұлының қазақ фонетикасы терминдеріне қатысты
пікірлеріне шолу жасай отырып, оның терминолог ғалым ретіндегі концепциясы
күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған асыл қазына екендігіне көз жеткізу
қиын емес. Ғалым-терминолог Ө.Айтбайұлы термин жасауда Қ.Жұбанұлының
атқарған істеріне талдау жасап келіп: "Ол - өзінің ойлы да ұтымды
ізденістерімен терминологияның лингвтстика ғылымының үлкен бір саласы
ретінде дамып, өріс алуына ықпал жасаған дарынды терминолог", -деп орынды
пікір айтады (23,150).
Қ.Жұбанұлының өзіне дейінгі терминдерді жетілдіріп қана қоймай, оны
түрлі ерекшеліктеріне қарап топтап, жіктеу барысында терминдерді де жаңадан
ойлап таба білген. Мысалы; жіңішке жауысты, қосынды дауысты, келте дауысты,
жуан дауысты, езу дауыстылары, үнді дауыссыз, үздікті дауыссыз, үздіксіз
дауысты, тіс дауыссызы, ерін дауыссыз, жабысыңқы дауыссыз, жуысыңкы
дауыссыз, сөз екпіні, дауыс сазы, дыбыстау аппараты, өрлеме дифтонг, құлама
дифтонг, тұйық буын, ауыр тұйық буын, сыбыр дыбыс, буындардың кірігуі
ұмтыла үндесу, кішкене тіл, дыбыс физологиясы т.б. терминдер осыны
байқатады. Осы аталған терминдер қазіргі фонетикамызда толығымен
қолданылмаса да, біреулері негізгі термин, енді бірі негізгі терминнің
варианты ретінде жарыса қолданылып, біразы теориялық мәселелерді тұжырымдау
барысында қосымша анықтама ретінде қалыптасқандығын атап айтуға болады.
Сонымен қатар, Қ.Жұбанұлының өзіне дейінгі зерттеушілерден бір
ерекшелігі оның еңбектерінде батыс лингвистикасындағы терминдердің актив
қолданылуы. Алғашқы зерттеушілердің қазақ тіліне қатысты еңбектері орыс
тілінде жазылғанын білеміз, ал ана тілінде шеттілі терминдерін саралап
қолдануы арқылы Қ.Жұбанұлы ұлттық терминологияның дамуына үлес қосты.
Қ.Жұбанұлының тіл ғылымына байланысты зерттеулерінің екінші арнасы –
грамматика теориясы мәселелері. Бұл саладағы үлкен еңбегі "Жаңа грамматика
жаңалықтары жайынан" мақаласы. Еңбектің "Жаңа грамматика" аталу себебі осы
бірқатар еңбекте кездесетін терминдердің қолданылуы мен өзгеруіне
байланысты. Ғалымның аталмыш еңбегі 1966 жылы жарық көрген ''Қазақ тілі
жөніндегі зерттеулер" жинағына енгенімен, замана жағдайына сәйкес біраз
қысқартуларға ұшыраған. Мұнда ол ең алдымен грамматикалық алдына қойған
мақсатын айқындайды: "Грамматиканың мақсаты - жалғыз-ақ сөздің қандай
мағыналары болатындығын баяндау ғана емес, қандай формаларға қандай
мағыналар сәйкес келетіндігін баяндап, дұрысы қандай мағына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық және күрделі формалы етістікке жалпы сипаттама
Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер
Қызметтік хаттың құрылымы
Тарихи білімді меңгеру кезеңдері, қалыптасу жүйесі
Тілдік норма
Бастауыш қазақ мектебіндегі математиканы оқыту тарихы
Терминтанудың тарихы тереңде
Тілдік норма және тіл мәдениеті
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі
Пәндер