Заңдылық түсінігі және қағидалары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЗАҢДЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.1 Мемлекеттік басқаруда заңдылық түсінігі және қағидалары ... ... ... ... . 7
1.2 Қадағалау мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету тәсілі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАР ... ... ... ... ... 15
2.1 Қазақстан Республикасының Конституция негізгі заңы ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Заң процесінің түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .. 19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекет әртүрлі экономикалық, саяси, идеологиялық, ұйымдастық, құқықтық әдістері мен тәсілдері арқылы басқарылады. Осының ішінде заңдылық пен құқықтық тәртіп негізгі орынды алады, олсыз қоғам өмірі мен азаматтардың дұрыс өмір сүруі қамтамасыз етілмейді. Заңдылық адамдарды басқарудың ең ежелгі және өркениетті тәсілі. Қазір ол барлық демократиялық елдерде, әлемдік қоғамдастықта жалпы қабылданған. Ертеден бері келе жатқан заңгер ғалымдар және бүтіндей қоғамның назарына заң ғылымы мен тәжірибесінің көптеген мәселелерінің ішінде құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселесі ерекше орын алады. Қоғам, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері қоғам өмірінің негізгі тұстарында тұрақтылық пен реттілікті талап етіп тұр. ҚР –ның қазіргі кездегі дамуында нақты және қатаң қоғамдық құқықтық тәртіп одан әрі ілгерілеудің жалғыз жолы болып тұр. Құқықтық мемлекет құру және оның өркениетті демократиялық дамуы онсыз мүмкін емес. Ресми тұлғалар мен баспасөздің баяндамаларында «Приоритет-құқықтық тәртіп» деп белгіленеді, ал ол үшін билік, нормашығармашылықта және мемлекетік өмірдің басқа салаларында тәртіп қажет, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің нақтылығы және барлық субъектілердің өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы, өзінің жүріс-тұрысы үшін жауапкершілікті жүзеге асыру, бұл демократиялық қоғамға сәйкес болып, тек осындай жағдайда ғана жүзеге асады.
«Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамның құқықтық негізін құрады. Оған оның барлық салалары негізделеді: әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси. Сәйкесінше ол барлық мемлекеттік нақтылықтың құқықтық негізі болады» дей келе құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өзектілігі айқындалады.
Адамдар өмірінің маңызды жақтарының тұрақтылығы, тепе-теңділігі және өлшемділігі, кепілдігі және реттілігінің жағдайы құқықтық тәртіп пен заңдылықты зерттеудің өзектілігі болып тұр. Құқықтық тәртіп пен заңдылыққа деген көзқарастардың өзгеруімен және оның қалыптасуы мен қамтамасыз етілуімен сипатталады.
Қазіргі кездегі құқықтанушы-ғалымдардың пікірінше Германдық Рудольф Иеринг пен Георг Еллинектің, Г.Ф. Шершеневич пен Н.М.Коркуновтың құқықтық тәртіпке құқықтық нормаларды жүзеге асырумен заңдылық қағидасын өмірге келтіру ескірген деп есептейді. Бір жағынан осылай ресейдің көптеген заңгерлері ойлайды. Екінші жағынан «құқық қалыптасудың жалпы жолы сәйкесінше құқықтық тәртіптің құрылуы басқаша». Ал, ол солай ма?
Тек құқықтық тәртіп пен заңдылық түсінігі туралы ғана емес, заңдылық, құқықтық тәртіп және демократияның ара-қатынасы жайлы зерттеу жүргізу қызықтырақ. Құқық аясында заңдылық пен құқықтық тәртіп сияқты өзара байланысқан құбылыс табу қиынырақ. Оның салдары ұзақ уақыт бойы екеуінің ара-жігі ажыратылмай, екеуі ұғымдас түсінік ретінде пайдаланылды.Өзара әрекеттесудегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтау заңдылықты бекіту мен құқықтық тәртіпті нығайтуда тәжірибеде орасан зор маңыздылыққа ие.
Егер құқық, заңдылық және құқықтық тәртіп мемлекеттік биліктің қызмет етуімен қоғамның құқықтық негізі болып табылса онда бұл негіздердің бекітілу жолдары мен даму тенденциялары туралы қорытынды өзігінен сұранады. Егер адамдар дамудың объективті талаптарын жақсы түсінсе. Олар ұлттық мақсаттарға жетуде белсендірек қатысады. Сондықтан құқықтық тәртіптің дамуындағы тенденцияларды қарастыру қызығушылық тудыруда.
Соңғы жылдары заңдылық пен демократияға деген көзқарастарда өзгерістер болды. «Кеңес одағынан кейінгі заң ғылымында заңдылықты кеңестік құқықтың барлық субъектілерінің мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, лауызымды тұлғалар мен азаматтардың заңдарды және заңға тәуелді актілерді қатаң және мүлтіксіз орындауы деген түсінік үстемдік етті. Мұндай түсінік солай немесе басқадай нысанда монографиялық еңбектерде үстемдік етіп, бір оқулықтан еінші оқулыққа осы кезге дейін көшіп жүрді». Заңдылық категориясына деген жаңаша түсіндірме берулер демеу таппай, саяси-идеологиялық немесе прогматикалық тәртіптің түсініктерімен терістеліп отырды.
Алайда, заңдылық тек «көркем термин» ғана емес, заңдылық мемлекет заңдарында, заңшығармашылықта, нормашығармашылықтағы құқықтың талабы мен жүйесінің көрінісі турлы идея.
Құқықтық тәртіп пен заңдылық турлы зерттеу және айта тұра «демократия» терминін қадағалау мүмкін емес. Оның маңыздылығы ҚР Конституциясының 1 б. «Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық, унитарлы мемлекет» деп аталуында.
Сонымен, заңдылық пен құқықтық тәртіп – құқықтың іс-тәжірибеде жүзеге асрырылуы тұрғысынан алғанда оның құқықтық нақтылығының мазмұнын ашатын, заң ғылымының іргелі категориясы. Олар мемлекетпен, заң шығарушылықпен және сот төрелігімен бірге пайда болады. Құқықтың заңдылықсыз жүзеге аспауы анық.
Қоғамдағы терең әлеуметтік қайта құруға дейін отандық заңгер-ғалымдар заңдылық және құқықтық тәртіпке деген көзқарастар мақалаларда және арнайы монографиялық зерттеулерде көрініс тапты.
Әрине бұл мақалалар мемлекеттегі болып жатқан нақты процесстерді суреттемесе де, қызығушылық тудыратын теориялық ойлар бар. Сонымен бірге соңғы уақытта бұл мәселеге теориялық тұрғыдан көп көңіл бөлінбейтінін айту керек. Қазіргі Қазақстанның нақтылығын талдауға арналған басылымдарда соның ішінде мемлекет және құқық теориясы оқулығында заңдылыққа арналған тарау жоқ.
Курстық жұмысының мақсаты – құқықтық тәртіп түсінігін, заңдылық, құқықтық тәртіп пен демократияның арақатынасын зерттеу.
Курстық жұмыс міндеттері. Қойылған мақсаттан біздің алдымызда келесі міндеттер бар:
– құқықтық қоғамда заңдылық түсінігін және кеңес, Қазақстан құқығындағы «заідылыққа» деген көзқарастарды қарастыру,
– «құқықтық тәртіп» ұғымын зерделеу, бұл категорияға деген көзқарастар дамуы динамикасын және қазіргі кездегі құқықтық тәртіп түсінігін қарастыру,
– құқықтық тәртіптің нгізгі белгілерін, оның мазмұны мен нысанын анықтау,
– құқықтық тәртіп қызметін және оның қағидаларын анықтамалау,
– құқықтық тәртіп, заңдылық және демократия арақатынасын анықтау,
– заңдылықты күзету (қорғау)түрлерін қарастыру,
– құқықтық тәртіптің даму тенденциясын зерделеу,
Курстық жұмысы үш тарау, кіріспе және қорытындыдан тұрады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ


1 Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы:
2 Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999.
3 Лазарев Н.Н. Общая Теория государства и права,- М.,1999.
4 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998.
5 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997.
6 Храпанюк В.Н. Теория государства и права.- М., 1996.
7 Храпанюк В.Н. Теория государства и права.- М,1998.
8 Теория государства и права под ред. Матузова Н.И.и Малько А.В.-М., 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Заңдылық түсінігі және
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 7
1.1 Мемлекеттік басқаруда заңдылық түсінігі және қағидалары
... ... ... ... . 7
1.2 Қадағалау  мемлекеттік басқаруда заңдылықты  қамтамасыз ету  тәсілі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 Қазақстан Республикасының заңдылықтар ... ... ... ... ... 15
2.1 Қазақстан Республикасының Конституция негізгі заңы
... ... ... ... ... ... 15

2.2 Заң процесінің түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... .. 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
 
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекет әртүрлі экономикалық, саяси,
идеологиялық, ұйымдастық, құқықтық әдістері мен тәсілдері арқылы
басқарылады. Осының ішінде заңдылық пен құқықтық тәртіп негізгі орынды
алады, олсыз қоғам өмірі мен азаматтардың дұрыс өмір сүруі қамтамасыз
етілмейді. Заңдылық адамдарды басқарудың ең ежелгі және өркениетті тәсілі.
Қазір ол барлық демократиялық елдерде, әлемдік қоғамдастықта жалпы
қабылданған. Ертеден бері келе жатқан заңгер ғалымдар және бүтіндей
қоғамның назарына заң ғылымы мен тәжірибесінің көптеген мәселелерінің
ішінде құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселесі ерекше орын алады. Қоғам,
мемлекет, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері қоғам өмірінің негізгі
тұстарында тұрақтылық пен реттілікті талап етіп тұр. ҚР –ның қазіргі
кездегі дамуында нақты және қатаң қоғамдық құқықтық тәртіп одан әрі
ілгерілеудің жалғыз жолы болып тұр. Құқықтық мемлекет құру және оның
өркениетті демократиялық дамуы онсыз мүмкін емес. Ресми тұлғалар мен
баспасөздің баяндамаларында Приоритет-құқықтық тәртіп деп белгіленеді, ал
ол үшін билік, нормашығармашылықта және мемлекетік өмірдің басқа
салаларында тәртіп қажет, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының,
мүдделерінің нақтылығы және барлық субъектілердің өзіне жүктелген
міндеттердің орындалуы, өзінің жүріс-тұрысы үшін жауапкершілікті жүзеге
асыру, бұл демократиялық қоғамға сәйкес болып, тек осындай жағдайда ғана
жүзеге асады.
Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамның құқықтық негізін құрады. Оған оның
барлық салалары негізделеді: әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси.
Сәйкесінше ол барлық мемлекеттік нақтылықтың құқықтық негізі болады дей
келе құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өзектілігі айқындалады.
Адамдар өмірінің маңызды жақтарының тұрақтылығы, тепе-теңділігі және
өлшемділігі, кепілдігі және реттілігінің жағдайы құқықтық тәртіп пен
заңдылықты зерттеудің өзектілігі болып тұр. Құқықтық тәртіп пен заңдылыққа
деген көзқарастардың өзгеруімен және оның қалыптасуы мен қамтамасыз
етілуімен сипатталады.
Қазіргі кездегі құқықтанушы-ғалымдардың пікірінше Германдық Рудольф
Иеринг пен Георг Еллинектің, Г.Ф. Шершеневич пен Н.М.Коркуновтың құқықтық
тәртіпке құқықтық нормаларды жүзеге асырумен заңдылық қағидасын өмірге
келтіру ескірген деп есептейді. Бір жағынан осылай ресейдің көптеген
заңгерлері ойлайды. Екінші жағынан құқық қалыптасудың жалпы жолы
сәйкесінше құқықтық тәртіптің құрылуы басқаша. Ал, ол солай ма?
Тек құқықтық тәртіп пен заңдылық түсінігі туралы ғана емес, заңдылық,
құқықтық тәртіп және демократияның ара-қатынасы жайлы зерттеу жүргізу
қызықтырақ. Құқық аясында заңдылық пен құқықтық тәртіп сияқты өзара
байланысқан құбылыс табу қиынырақ. Оның салдары ұзақ уақыт бойы екеуінің
ара-жігі ажыратылмай, екеуі ұғымдас түсінік ретінде пайдаланылды.Өзара
әрекеттесудегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтау заңдылықты бекіту мен
құқықтық тәртіпті нығайтуда тәжірибеде орасан зор маңыздылыққа ие.
Егер құқық, заңдылық және құқықтық тәртіп мемлекеттік биліктің қызмет
етуімен қоғамның құқықтық негізі болып табылса онда бұл негіздердің
бекітілу жолдары мен даму тенденциялары туралы қорытынды өзігінен сұранады.
Егер адамдар дамудың объективті талаптарын жақсы түсінсе. Олар ұлттық
мақсаттарға жетуде белсендірек қатысады. Сондықтан құқықтық тәртіптің
дамуындағы тенденцияларды қарастыру қызығушылық тудыруда.
Соңғы жылдары заңдылық пен демократияға деген көзқарастарда өзгерістер
болды. Кеңес одағынан кейінгі заң ғылымында заңдылықты кеңестік құқықтың
барлық субъектілерінің мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің,
лауызымды тұлғалар мен азаматтардың заңдарды және заңға тәуелді актілерді
қатаң және мүлтіксіз орындауы деген түсінік үстемдік етті. Мұндай түсінік
солай немесе басқадай нысанда монографиялық еңбектерде үстемдік етіп, бір
оқулықтан еінші оқулыққа осы кезге дейін көшіп жүрді. Заңдылық
категориясына деген жаңаша түсіндірме берулер демеу таппай, саяси-
идеологиялық немесе прогматикалық тәртіптің түсініктерімен терістеліп
отырды.
Алайда, заңдылық тек көркем термин ғана емес, заңдылық мемлекет
заңдарында, заңшығармашылықта, нормашығармашылықтағы құқықтың талабы мен
жүйесінің көрінісі турлы идея.
Құқықтық тәртіп пен заңдылық турлы зерттеу және айта тұра демократия
терминін қадағалау мүмкін емес. Оның маңыздылығы ҚР Конституциясының 1 б.
Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық, унитарлы мемлекет деп
аталуында.
Сонымен, заңдылық пен құқықтық тәртіп – құқықтың іс-тәжірибеде жүзеге
асрырылуы тұрғысынан алғанда оның құқықтық нақтылығының мазмұнын ашатын,
заң ғылымының іргелі категориясы. Олар мемлекетпен, заң шығарушылықпен және
сот төрелігімен бірге пайда болады. Құқықтың заңдылықсыз жүзеге аспауы
анық.
Қоғамдағы терең әлеуметтік қайта құруға дейін отандық заңгер-ғалымдар
заңдылық және құқықтық тәртіпке деген көзқарастар мақалаларда және арнайы
монографиялық зерттеулерде көрініс тапты.
Әрине бұл мақалалар мемлекеттегі болып жатқан нақты процесстерді
суреттемесе де, қызығушылық тудыратын теориялық ойлар бар. Сонымен бірге
соңғы уақытта бұл мәселеге теориялық тұрғыдан көп көңіл бөлінбейтінін айту
керек. Қазіргі Қазақстанның нақтылығын талдауға арналған басылымдарда соның
ішінде мемлекет және құқық теориясы оқулығында заңдылыққа арналған тарау
жоқ.
Курстық жұмысының мақсаты – құқықтық тәртіп түсінігін, заңдылық,
құқықтық тәртіп пен демократияның арақатынасын зерттеу.
Курстық жұмыс міндеттері. Қойылған мақсаттан біздің алдымызда келесі
міндеттер бар:
– құқықтық қоғамда заңдылық түсінігін және кеңес, Қазақстан құқығындағы
заідылыққа деген көзқарастарды қарастыру,
– құқықтық тәртіп ұғымын зерделеу, бұл категорияға деген көзқарастар
дамуы динамикасын және қазіргі кездегі құқықтық тәртіп түсінігін қарастыру,
– құқықтық тәртіптің нгізгі белгілерін, оның мазмұны мен нысанын
анықтау,
– құқықтық тәртіп қызметін және оның қағидаларын анықтамалау,
– құқықтық тәртіп, заңдылық және демократия арақатынасын анықтау,
– заңдылықты күзету (қорғау)түрлерін қарастыру,
– құқықтық тәртіптің даму тенденциясын зерделеу,
Курстық жұмысы үш тарау, кіріспе және қорытындыдан тұрады.
1 Заңдылық түсінігі және қағидалары

1.1 Мемлекеттік басқаруда заңдылық түсінігі және қағидалары
 
Мемлекеттік басқарудағы заңдылық – бұл басқару  қатынастарының барлық
субъектілерінің ҚР Конституциясын және мемлекеттің аумағында қолданылып
жүрген басқа нормативті – құқықтық актілерін дәл, қатаң және мүлтіксіз
сақтауы мен орындауы. Оның мәні мемлекеттік басқару сферасында  адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекіту және нақты іске асыруды
қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету  –
заңдылық – биліктік өкілеттілікке иеленген мемлекеттік құрылымдардың
қызметі.
Олар  мыналарға бағытталған:
1) мемлекеттік билік органдарының қызметінде, олардың лауазымды 
тұлғаларының заңдарға және одан туындайтын актілерінің талаптарының
бұзылуына жол бермеу;
2) оларға себеп болатын жағдайларды іздестіру;
3) оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің пайда болуы;
4) табылған құқық бұзушылықтарды уақытында және оперативтік тұрғыда
жолын кесу және жою;
5) заңдылық пен тәртіпті бұзған кінәлілерді белгіленген жауапкершілкке
тарту;
6) заңдылық пен тәртіптің бұзылуына себеп болатын жағдайларды жоюға
шаралар қолдану.
Заңдылық қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын
бастамалар.
1) Заңның басымдылығы;
2) Заң алдындағы теңдік;
3) Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;
4) Заңдылықты бұзғаны үшін жазалаудың болмай қоймайтындығы;
5) Заңдылықтың кепілдіктері;
6) Заңдылықты  қамтамасыз етудің жалпы шарттары;
7) Заңдылықты қамтамасыз етудің арнайы құралдары;
Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның өкілетті органдарының
тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер,
ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар өздеріне  жүктелген мақсаттар мен
міндеттерді дер кезінде және дәл орындауға тиіс.
Заңдылық пен тәртіпті  қолдау және нығайту міндеті жүктелген
мемлекеттік органдардың ерекше  жүйесі  әрекет етеді. Олардың жүзеге
асыратын  әр түрлі   құқықтық және ұйымдық қызметтерінің түрлері мен
әдістері, қоланатын практикалық амал – тәсілдері, операциялары, жұмыс
түрлері заңдылықты  қамтамасыз ету тәсілдері  деп аталады.
Бақылау – объектілердің белгіленген көрсеткіштерден (параметрлардан) 
ауытқуларын  жою мақсатында  оның қызмет ету процесін байқау және тексеру
жүйесі.
Атқарушы билік сферасындағы бақылаудың мәні осыған өкілетті  органның 
ұйымдық-құқықтық  тәсілдерді және  құралдарды  пайдалана отырып  атқарушы
билік органның немесе лауазымды тұлғаның  қызметінде  заңдылықтан қандай –
да бір  ауытқулар  бар ма, жоқ па соны айқындайды, ал егерде осындай 
ауытқулар болса, онда  оларды өз уақытында  жояды, бұл кезде  бұзылған
құқықтарды қалпына келтіреді, жауапкершілікке тартады, заңдылықты  және
тәртіпті бұзудың алдын алуға шаралар қабылдайды.
Заңдылықты  қамтамасыз ету тәсілдері:
1) басқару субъектілері бойынша бақылау – президенттік, парламенттік, 
үкіметтік, жергілікті атқарушы билік органдарының, сала аралық, және
салалық, әкімшілік қадағалау;
2) Прокуратураның қадағалауы:
– Конституцияның, заң күшіндегі актілердің және Президент  актілерін
бұзуды  анықтау және жою шараларын қабылдау;
– жедел іздестіру қызметінің, алдын-ала анықтау және тергеудің,
әкімшілік және атқарушы  өндірістің  заңдылығын қадағалау;
– кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың актілерін қадағалау;
3) Заңдылықты қамтамасыз ету бойынша соттың қызметі:
а) әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қарау;
б) лауазымды тұлғалардың актілерін және әрекеттерінің  заңсыздығын
анықтау;
в) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қалпына келтіру бойынша
шешім қабылдау және оларды     жауапкершілікке тарту.

1.2 Қадағалау – мемлекеттік басқаруда заңдылықты  қамтамасыз ету 
тәсілі ретінде
 
Қадағалау атқарушы билік сферасында заңдылықты қамтамасыз ету
әдістерінің  бірі болып табылады. Қадағалау – бұл мемлекеттік органдар,
мекемелер, кәсіпорындардың, ұйымдардың  ұйымдастырылуның құқықтық меншік
нысанына қарамастан, олардың лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің және
азаматтардың заңдарды дәл және біркелкі орындауларын тексеру1.
Қадағалаудың мынадай түрлері бар:
1) прокуратураның жалпы қадағалауы – барлық мемлекеттік органдардың,
лауазымды тұлғалардың, азаматтардың, мемлекеттік емес ұйымдардың,
мекемелер, кәсіпорындар, бірлестіктердің ҚР заңдарын бұлжытпай орындауын
қадағалау;
2) арнайы қадағалау – әкімшілік қадағалау – әкімшілік  мемлекеттік
басқару органдарының, бірқатар құқық қорғау органдарының қызметінің  арнайы
түрі:
а) орган басшыларының және олар құратын комиссиялардың негізгі және
ішінара жүргізілетін қадағалауы (оларға түскен өтініштер, шағымдар және
т.б.);
___________________________________ __________________
1Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық
теориясы.-Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999.
б) арнайы ведомстволар, қызметтер және органдарға мұндай қызмет
бастапқы немесе маңызды болып саналатын қадағалау, мысалы, ІІО қадағалауы
ҚР Конституциясына  сәйкес прокуратура мемлекеттің атынан жоғарғы
қадағалауды жүзеге асыруды және оның қадағалауы негізгі бағыттар бойынша
іске асырылады:
1) лауазымды тұлғалардың және азаматтардың заңдарды, Президент
актілерін және өзге де нормативті – құқықтық актілердің  біркелкі
орындалуын қадағалау;
2) шұғыл іздестіру қызметінің, тергеудің заңдылығын;
3) соттарда істерді қарауда заңдардың  орындалуын қадағалау;
4) ұсталғандарды ұстайтын орындарды, алдын-ала қамауға алу орындарында,
бас бостандығынан айыру орындарын жартылай өтеуде, сот тағайындаған өзге де
мәжбүрлеу сипатаныдағы шараларды орындауда заңдардың сақталуын қадағалау.
Прокурорлық қадағалаудың барлық бағыттарының ішіндегі ең бастысы
прокуратураның жалпы қадағалауы. Ол барлық министрліктердің, комитеттердің,
ведомстволардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, азаматтардың
заңды тура және біркелкі орындауында жүзеге асырылады.
Жалпы қадағаулаудың негізгі міндеттері:
1) басқару органдарының және қоғамдық ұйымдар органының барлық
актілерінің заңдарға және басқа да нормативті актілеріне сәйкестігін
тексеру;
2) басқару аппаратының лауазымды тұлғаларының  заңдрды орындауларын
қадағалау.
Прокуратура органдары  тек заңдылық тұрғысынан ғанга қадағалау жасайды,
сондықтан олар қадағалауындағы объектілердің шұғыл-шаруашылық қызметтеріне
араласпайды, олардың актілерінің күшін жоймайды және өзгертпейді. Заңмен
белгіленген тәртіп бойынша прокуратура органдары заңның негізінде қадағалау
объектілеріне баруға, басшылардан қажетті ақпараттарды алуға, талап етуге,
тексеру жүргізуге құқылы.
Қадағалау бойынша сыртқы нысандарға мыналар жатады: наразылық, ұсыныс.
Наразылық – бұл заңсыз актілер мен әрекеттерге прокурордың нақты және ресми
әсер етуі.
Прокурордың ұсынысы заңды бұзған фактілерді, сонымен қатар бұзушылыққа
әкелген себептер мен жағдайларды көрсетуге бағытталған. Ұсыныс бұзушылықты
жою бойынша шаралар қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органдарға, қоғамдық
бірлестіктерге немесе коммерциялық ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға
беріледі.
Жалпы қадағалауды жүзеге асыруда прокуратура органдары мына
өкілеттіліктерді істеуге құқылы:
1) орталық және жергілікті басқару органдары, лауазымды тұлғалары
шығаратын құқықтық актілерді заңға сәйкестілігін тексеру үшін талап етуге;
2) қадағалауындағы органдардан, лауазымды тұлғалардан барлық қажетті
материалдарды, мәліметтерді, құжаттарды талап етуге;
3) басқару органының, лаазымды тұлғалардың  заңдылықты бұзу туралы
өтініштерімен байланысты заңдардың орындалуын тексеру;
4) азаматтардың әкімшілік ұстаудың, оларға әкімшілік ықпал ету
шараларын қолданудың  заңдылығына тексеру жүргізуге;
5) орталық және жергілікті басқару органдарының заңға қайшы қабылданған
актілеріне, сонымен қатар лаузымды тұлғалардың  әрекеттері мен заңсыз
басқару шешімдеріне наразылық  білдіруге құқылы.
Бақылау - бұл белгіленген мөлшердегі параметрлерден ауытқуды жою
мақсатында  қызмет ету процесін бақылау (байқау)  және тексеру жүйесі.
Атқарушы билік органдарының қызметіне бақылау  жасаудың мәні – ол осығн
өкілетті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар ұйымдық – құқықтық
тәсілдер мен құралдарды пайдаланып бақылаудағы атқарушы билік органдары 
мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінде  заңдылықтан қандайда
болмасын  ауытқулар жіберілді ме соны  анықтайды. Егер осындай  ауытқулар
болса, соны өз уақытында жойып, осы кезде  бұзылған құқықтарды орнына
келтіріп, кінәлілерді жауапкершілікке тартады, заңдылықты және тәртіпті
бұзуды болдырмауға шаралар қабылдайды. Бақылауды  мемлекеттік  билік
органдары, жалпы, салалық  және  сала аралық  құзырлы мемлекеттік  басқару
органдары, сот органдары қолданады.
Бақылау субъектілеріне байланысты былай бөлінеді:
1) Президенттік бақылау;
2) Парламенттік бақылау;
3) Үкіметтік бақылау;
4) соттық бақылау.
Президенттік  бақылауды Президенттің өзі және оның әкімшілігі жүзеге
асырады. Президент  конституциялық өкілеттіліктер шегінде  мемлекеттік
биліктің заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарының келісімді өзара
әрекетін бақылайды. Билік тармақтарының  өзара әрекеті Конституцияға және
басқа да нормативті-құқықтық актілерге негізделген. Президенттің бақылауы
мыналардан тұрады:
– Президент Сенат ұсынған заңды 15 күннің ішінде:
а) қол қоюға және оны жариялауға құқылы;
б) заңды және оның жеке баптарын қайта талқылап дауыс беру үшін
қайтаруға құқылы.
– Президент ел басы, оның  ең жоғарғы лауазымды тұлғасы бола отырып,
кадр саясатына белсенді қпал етеді. Лауазымды тұлғаларды тағайындайды және
орнынан босатады (Парламенттің келісімімен және жеке);
– Президент биліктің біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында және билік
тармақтарының өзара әрекетіндегі келіспеушіліктерді болдырмау мақсатында 
мемлекет органдарын құрады  және  бақылау жасайды. Сондықтан оған мынадай
өкілеттіліктер берілген:
а) Парламентті таратуға;
б) Үкіметтің өкілеттілігін тоқтату жайлы шешім қабылдауға және Премьер-
министрді, үкімет мүшелерін лауазымынан босатуға құқылы;
в) Қауіпсіздік Кеңес, Жоғарғы Сот Кеңесін құруда, Қарулы Күштердің 
жоғарғы командованиесін лауазымға тағайындайды және бостады;
г) Үкіметтің отырысында ерекше маңызды сұрақтар бойынша төрелік етеді;
д) Үкіметтің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана
әкімдерінің актілерінің күшін  жояды немесе тоқтатады.
Президент заңдардың  жобаларын қарастыруды  жедел деп жариялауы
мүмкін.  Егер Парламент Президент талап еткен уақыттан бастап 1 ай уақыт
ішінде  орындамаса; Президент Парламенттің Конституцияда  белгіленген
тәртіпте жаңа заң қабылдауына  дейін  заңдық күші бар жарлық шығаруға
құқылы.
Парламенттік бақылау –  ҚР Конституциясының 49 бабына сәйкес  Парламент
ҚР жоғарғы өкілді органы болып табылады. Парламент 2 палатадан тұрады:
сенат және мәжіліс. Әрбір Палата Парламент сияқты заң шығарушы сипаттағы
өкілеттілігін жүзеге асырумен қатар бақылау функцияларын да жүзеге
асырады1.
Бақылау функциялары былай жүзеге асырылады:
– Республикалық  бюджетті және Үкіметтің есебін бекітуде;
– Бюджетке өзгертулер мен толықтырулар кіргізуде;
– Премьер-министрдің, ҚР Ұлттық банксінің төрағасын Президент
тағайындағанда келісім беруде;
– ҚР Үкіметінің бағдарламасы уралы Премьер-министрдің баяндамасын
тыңдауда;
– елімізде Конституциялық заңдылық жағдайы туралы ҚР Конституциялық
Кеңесінің жолдамаларын жыл сайын тыңдауда.
Тек қана Сенаттың  жүргізілуіне жататын бақылау:
– ҚР Президентінің ұсынысы бойынша  Жоғарғы Соттың төрағасын, Жоғарғы
алқасының төрағаларын және соттарды сайлауда және лауазымынан босатуда;
___________________________________ ___________________
1Лазарев Н.Н. Общая Теория государства и права,- М.,1999.
– ҚР Паламентінің Бас прокуроры мен ҰҚК төрағасын тағайындағанда
келісім беру;
– Бас прокурор, Жоғарғы Сот төрағасы мен соттарын жеке басына қол
сұғылмаушылықтан айыру;
Мәжіліс өзінің атқарушы өкілеттілігін мына жолдармен іске асырады:
– ҚР Парламентінің ұсынысы бойынша орталық  сайлау комиссиясының
төрағасын, хатшысын және мүшелерін сайлайды және лауазымынан босатады;
– мемлекетке  опасыздық жасағанда, Парламентке қарсы кінәлауды қорғау.
ҚР Конституциясына сәйкес ҚР әділ соттылықты тек сот қана жүзеге
асырады. Сот билігі ҚР атынан жүргізіледі және оның мақсаты азаматтар мен
ұйымдардың  құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау,
Конституциялық заңдардың өзге де нормативті актілердің, Республиканың
халықаралық келісімшарттарының орындалуын қамтамасыз ету.
ҚР Конституциясының осы жағдайларын жүзеге асыру үшін сотқа мемлекеттік
органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерін және олар шығаратын
актілердің заңға сәйкестілігін тексеру бойынша және қажетті жағдайда сәйкес
құқықтық санкцияларды қолдану функциялары берілген.
  Осы бақылаудың ерекшелігі және өзге де қарастырылған бақылаулардан
айырмашылығы ол тек қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерді
қарастыруда ғана жүзеге асырылады.
2 Қазақстан Республикасының заңдылықтар

2.1 Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі заңы

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз
Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық
талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі
Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы –
Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық
тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде
басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл
мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және
бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады1.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады.
“Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген
мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты
бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты
жазылған. Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп
жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы,
атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті
біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып,
әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің
ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
___________________________________ _
1Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы:
Жеті жарғы, 1997.

Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси
қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады.
Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің
әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан
республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп,
заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік
атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы
қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда
ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты
екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.
Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси
жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш
рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы
мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын
анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін
қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне
бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің
дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады.
Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық
ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси
тұрақтылық, орын алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтың түсінігі
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Құқық қағидаларының жалпы түсінігі
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Құқық шығармашылығы
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
Пәндер