Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы



Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Ақша түралы жалпы түсiнiк
1.1. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретiндегi түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ақшаның қажеттiлiгi және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Ақша агрегаттарының мәнi, түрлерi, атқаратын қызметтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.4. Қазақстан Республикасында қолданылатын ақша агрегаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

II. Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
2.1. Ақша атқаратын қызметтер түрлер ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Ақша өндiрiлген өнiмнiң құнын өлшеушi құрал ... ... .17
2.3. Ақшаның айналыс құралы қызметi ... ... ... ... ... ... ... .19
2.4. Ақшаның төлем құралы қызметi ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.5. Ақшаның қорлану және қазына жинау құралы қызметi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.6. Дүниежүзiлiк ақша құралы қызметi ... ... ... ... ... ... ... 25

III. Ақшаның XXI ғасырдағы эволюциясы
3.1. Электронды төлем жұйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2. Электронды төлем жұйесiнiң қызметтерi және
шартты жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Кiрiспе

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi. Ақша – тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi менншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, терi, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.Құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквивалентi болуы тауар өндiрiсiнiң ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемi қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуiне жол ашты.
Сонымен қатар қазiргi кезде кәсiпорындарды жекеменшiктендiру де, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру да, әр түрлi өндiрiстiк және емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктiң ресурстарын басқа банктерге
сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргiзiлiп жатқан iс – шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелiк реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және ұлттық жалпы өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атқарады.
Ақша өзiнiң бiрiншi пайда болғаныдан қазiргi кезге дейiн эволюциялық кезеңдерде дамып электрондық төлем жұйесi деңгейiне жеттi. Бұл жұйе мен әр бiр банк клиеттерi компьютердi немесе монитордың (теледидардың) экранын пайдаланып: клиент банктiң компьютерiне қосылыға, кең коммерциялық хабар алуға,өзiнiң аымдағы шотын, салымын басқаруға, ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы бiлуге, банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға, бағалы қағаздармен операция жүргiзуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды жүргiзуге мүмкiндiгi бар. Қазақстанда электронды ақшалар жүйесi қалыптасу сатысында.
Қолданылған әдебиеттер:

1. “ Ақша, несие, банк ” Ғ.С.Сейтқасымов. Алматы.1998.
2. “ Эволюция денег “ 3 том. Р.Р. Сапин.
3. “ Задача и свойства денег” В.П. Воронин, Г.В.Кандракова. Москва. 2005.
4. “ Ақша, несие, банк ” Г.Б. Бахаев. Алматы. 1998.
5. “ Денги и прогрес “ А.С. Марш. Москва. 2004.
6. “ Ақша, несие, банк ” Г.И. Исаев, А.Б. Зейнелғабдар. Алматы. 1999.
7. “ Экономикалық теория негiздерi “ Ы.Ә. Әмiров. 1994.
Интернет сайд: w.w.w. national bank. kz.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...3

I. Ақша түралы жалпы түсiнiк

1. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретiндегi
түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Ақшаның қажеттiлiгi және оның экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..7

1.3. Ақша агрегаттарының мәнi, түрлерi, атқаратын
қызметтерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...10
1.4. Қазақстан Республикасында қолданылатын ақша
агрегаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...12

II. Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы

2.1. Ақша атқаратын қызметтер түрлер ... ... ... ... ... ... ... . 16

2.2. Ақша өндiрiлген өнiмнiң құнын өлшеушi құрал ... ... .17

2.3. Ақшаның айналыс құралы қызметi ... ... ... ... ... ... ... .19

2.4. Ақшаның төлем құралы қызметi ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2.5. Ақшаның қорлану және қазына жинау құралы
қызметi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .23

2.6. Дүниежүзiлiк ақша құралы қызметi ... ... ... ... ... ... ... 25

III. Ақшаның XXI ғасырдағы эволюциясы

3.1. Электронды төлем
жұйесi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 28

3.2. Электронды төлем жұйесiнiң қызметтерi және

шартты жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...34

Кiрiспе

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ақша адамдарға
ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және
өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам
өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын
қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi. Ақша – тауар өндiрiстiң
өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде
адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам
экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi.
Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша,
негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды.
Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды
және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi.
Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм
тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық
экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi менншiк жағдайында
(мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер
өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге
дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем
қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару
көлемi, түрi бағасы тағайындалады.

Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей эквивалент
формасында әр алуан тауарлар болған: мал, терi, бақалшақ, металл бұйымдары
және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына
негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.Құнның ақшалай
формасының пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквивалентi болуы тауар
өндiрiсiнiң ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан
нақтылы және үнемi қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуiне жол
ашты.

Сонымен қатар қазiргi кезде кәсiпорындарды жекеменшiктендiру де,
мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру да, әр түрлi өндiрiстiк және
емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктiң ресурстарын басқа банктерге

сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргiзiлiп жатқан iс –
шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелiк реттеуде айналыстағы ақша
массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және ұлттық жалпы
өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның
тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара
байланысының формасы әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын
мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атқарады.

Ақша өзiнiң бiрiншi пайда болғаныдан қазiргi кезге дейiн
эволюциялық кезеңдерде дамып электрондық төлем жұйесi деңгейiне жеттi.
Бұл жұйе мен әр бiр банк клиеттерi компьютердi немесе монитордың
(теледидардың) экранын пайдаланып: клиент банктiң компьютерiне қосылыға,
кең коммерциялық хабар алуға,өзiнiң аымдағы шотын, салымын басқаруға,
ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы бiлуге, банк
жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға, бағалы қағаздармен
операция жүргiзуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды жүргiзуге
мүмкiндiгi бар. Қазақстанда электронды ақшалар жүйесi қалыптасу
сатысында.

I. Ақша түралы жалпы түсiнiк.

1.1. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретiндегi
түсiнiгi

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар
ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар
өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн
К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң
қалтасына салып жүредi“ деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын
көрiнедi:

Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектiң нәтижесi екенiн анықтау болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi
айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.

1 Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де
ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн
жалақы ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.

Үшiншiден, айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың
iшкi қайшылықтары да шешiледi. Тек ақшаның пайда болуына байланысты
бүкiл тауарлар тұтыну құндары түрiнде айырбас қатынасының бiр жағында
тұрады да, ал екiншi жағында бүкiл тауарларға қарсы құнның тұлғасы
ретiнде ақша қарсы тұрады.
Тауарлар дүниесiнiң тауар және ақша болып екiге бөлiнуi оның тұтыну
құнымен құнының, яғни тауардың iшкi қарама – қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткенi, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының
бiреудiң қажетiн өтеуге керек болғандығы. Бұл бiр жағынан, ал екiншi
жағынан оның құнының бар екендiгi дәлелденгенi. Сатылған құн ендi ақша
түрiнде тауар өндiрушiнiң қолына түседi. Сөйтiп, тауар өндiрушiге түскен
ақшаның мөлшерiне қарай өз өндiрiсiне туады. Жалпы бiрдей эквивалент
ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа барлық тауарлардың
құнын бейнелеу қасиетi, оның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу
қасиетi, оның табиғи қасиетi емес.
К.Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет
қоғаммен берiлген”.
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық
тауар болып қалып отыр.

Бiрiншiден – ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлiнуi оңай, әдемi,
бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “патша арағында“ (23 тұзды және 13
азот қышқылында) еридi.

Екiнгшiден – ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның
қорының аз болуы, алтынды өндiруге кететiн еңбек шығындарының өте жоғары
болуына әкелiп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан – жылға өсуде. Ол әр
түрлi салаларда пайдаланылады – электроникадан бастап зергелiк iстерге
дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар түрiнде
кездеседi.
Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегi Кремль курантына алтын жалату үшiн
26 кг алтын жұмсалады, мұндай алтын жалату қалындығы 3 мк. жуық. 4000
жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейiн әлемдегi барлық өндiрiлген
алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндiрiлдi,
соның iшiнде 30 мың тоннаға жуығы – ерекше жүзiлiк соғыстан кейiн
өндiрiлген.
Ресей XIX ғасырдың 20 – жылдарында алтын өндiруден бiрiншi орында
болды. Өткен ғасырдың 40 – жылдарында оның дүниежүзiлiк алтын
өндiрiсндегi үлесi 40%-ды құрады.
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi. Сонымен, 1 кг
алтын алу үшiн 3000 м орта тереңдiктегi тау қыртысының 100 тоннасын
қайта өндiру қажет.
Алтын ең көп өндiретiн Оңтүстiк Африка Республикасында (ОАР) алтын
өндiрушiлердiң еңбек ету жағдайы құлдардың өмiрi сияқты: олар +40* С-ден
жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс iстейдi. Мұнан бұрын,
ОАР – да әлемдiк алтын өндiрiсiнiң 23 - i өндiрiлсе, қазiр 13 - i
ғана өндiрiледi.
Алтынды өндiру дүниежүзiнде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның iшiнде 60 – сы жұмыс
iстеп тұр және жылдық өнiмi 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтердi ғана құрамайды, сонымен
бiрге электронды – есептеушi және компьютерлiк техникаларды, түнгi
механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де
қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды.
Бұныменен ежелгi уақыттарда алхимиктер еңбектеңдi. Ежелгi Египетте
жалған алтын құймалары табылған. Бiздiң ғалымдар ұзақ уақыт iздену мен
сынақтар жүргiзулерi нәтижесiнде нағыз алтынды мынадай құрамда алды:
палладий – 65%, индий - 35%. Электр кедергiсi алтынның техникалық
құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседi.
Құрамын өзгерте отырып (палладий – 55%, индий – 45%) червондық
алтын алынды, Бiрақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестiң
тиiмдiлiгiн көрсетпедi. Қазiргi ядерлiк атомдардың күкiрт және сынаптан
алтын атомдарын алуға мүмкiндiк бердi. Бiрақ жасанды алтынды жасау
мүмкiндiгi бұл процестi тиiмдi етпейдi. Мұндай алтынның өзiндiк құны өте
жоғары бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзiнiң бағасының
төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар,
жасанды алтын өнеркәсiпте, тiс салуда және зергелiк бұйымдарды жасауда
пайдаланылады, бiрақ еш уақытта ол жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде
бола алмайды. “Ақша – зат емес, ол –қоғамдық қатынас“.
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келедi. Бұл
дегенiмiз, қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақша керек еместiгiн
бiлдiредi. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан
кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет
болған, ал ақшалар болса өзiнiң барлық құндылығын жоғалтты.

1.2. Ақшаның қажеттiлiгi және оның экономикалық маңызы

Ақшаның өмiр сүруiндегi обьективтi қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi және
айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақща айырбас
құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша
айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Әйтсе де адам өмiрiне ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр
түрлi ойлар айтылуда. Рационалистiк концепцияны (ақыл – ой талабына ғана
негiзделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм
құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғлысына қажеттi арнаулы құрал
деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң “Никомахова этика“
деген кiтабынд “Айырбасқа қатысатындардың бәрi өзара салыстырмалы болуы
керек айырбасты болдыру үшiн шарттылыққа негiзделген әлдебiр өлшем болуы
қажет“ деп жазған. Бұл ой көне (античный) Рим қоғамында заңға енгiзiлiп,
оның қағидасы бойынша император ақшаның заңмен бекiткен.
Бiрақ XVI ғасырдың басында (1516 ж) утопиялық оциализмнiң негiзгi
қалаушы Томас Моор өзiнiң “Жаңа Утопия аралы және мемлекеттiң үздiк
құрылымы туралы алтын кiтап“ деген еңбегiнде: “Алдау, ұрлау, тонау... кiсi
өлдiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi, әйтсе де бұл
жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен ақша құрымай,
олар да жоғалмайды, сонымен бiрге, ақшаның жоғалуына байланысты
адамдардың аландаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндерi де
ұмытылар едi. Егер ақша адам өмiрiнен алысталынатын болса, онда тiптi
ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жойылар едi”.
Ол аздай Т. Моор тағы былайдедi: “Қай жерде болсын барлық нәрсенi
ақша өлшемiмен өлшейтiн болса, онда ол жерде мемлекеттiк iстердiң
табысты дұрыс ағысының болуы мүмкiн емес“.
XIX ғ. Социал утопистерi – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға
терiс қөзқараста болды. Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып, ақшаны
жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейiн,
азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде
ақшаны жою сәтi келедi, яғни тарихтың өзi осыған алып келдi деген
тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңiз ауыл шаруашылық өнiмдерiн
өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның
бәрi сәтсiз аяқталды. С.Г. Струмин ақшаның орнын еңбек бiрлiктерi –
тредаларды, ал ағылшын экономисi Смит Фальтнер энергетикалық бiрлiктердi
– энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейдi: ақшаларды жоя отырып, бiз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкiн
немесе ең төменгi сатыға (алғашқы қауымдық құрылым) қайта оралар едiк.
Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар
бар және бола бередi.
Ақшаға деген терiс көзқарастар Ресейдегi азамат соғысы кезiндегi
ақшаның құнсыздануын, өнiмнiң заттай түрiнiң өзара айырбасталуыыыын
ақшаны жоюды тарихтың өзi дәлелдедi деп

түсiндiргiсi келдi. 1918 және 1921 жылдары натуралдық коэффициенттiң
негiзiнде өнеркәсiп өнiмдерiн тiкелей ауыл шаруашылық өнiмдерiне
айырбастау әрекеттерi сәтсiздiкке ұшырады.
Мысалы, 1921 ж. Айырбаста мынадай натуралдық коэффициеттер
қолданылды.
1 кез шыт = 20 фунт астық
1 буда шырпа = 13,5 фунт астық
1 пұт шеге = 23 пұт 7 фунт астық
Астықтың әр түрлi болуына байланысты төмендегiдей өлшем бекiтiлдi:
Бидайдың 100 салмақ өлшемi = Сұлының 135 өлшемiне, жүгерiнiң 200
салмақ өлшемiне.
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр
экономикалық қарым – қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi
экономикалық категория болы табылады.
Экономикалықкатегория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен
көрiнiс табады.

1 – кесте.

Ақшаның үш қасиетi.

1. Жалпыға т 2. Ақшаның 3. Еңбек
iкелей айырбасталу айырбас құнының сыртқы заттық
формасында дербес формасы өлшемi

Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар
екендiгiн көрсетедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды
және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi.
Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып
алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процестерiнiң жүруiмен байланысты,
жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр
кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды
тiкелей өткiзуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану
жағдайлары олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi
өтеу, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және
өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктiң несиелiк
ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған
еңбектiң, олардың көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы
көрiнедi.
Ғалым – экономикалық арасында алтынның ақшалай тауар ретiндегi ролi
туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы
аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару
ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан
жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi.
Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның
классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал,
ендi үшiншi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда
және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар
ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және
қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – қағаз және несие ақшалар қызмет
атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда
ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.

1.3 Ақша агрегаттарының мәнi, түрлерi, атқаратын қызметтерi

Ақша айналысының маңызды сандық көрсеткiштерiнiң бiрiне ақша массасы
жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсiпорындарға және мемлекетке тиiстi
және шаруашылық айналымына қызмет ететiн сатып алу және төлем
құралдарының жиынтық көлемiн бiлдiредi.
Белгiлi бiр күндегi және белгiлi бiр кезеңдегi ақша айналысының
сандық өзгерiсiн талдау үшiн, сондай – ақ ақша массасының өсуi мен
көлемiн реттеуге байланысты шараларды жасау үшiн әр түрлi көрсеткiштер
пайдаланылады. Ондай көрсеткiштердi ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсiбi жағынан дамыған елдердiң қаржылық статистикалық ақша
массасын анықтау барысында келесiдей негiзгi ақша агрегаттары
қолданылады.

М1 агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен
монеталарды) және банктегi ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

1

2 М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегi
мерзiмдi және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейiнгi) тұрады;

М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелiк мекемелердегi
жинақ салымдарын құрайды;

М4 агрегаты, ол М3 агрегаты қослыған iрi коммерциялық банк
-тердегi депозиттiк сертификаттардан тұрады.

АҚШ – та ақша массасы анықтауда төрт ақша агрегаттары, Жапония мен
Германия – үш, Англия мен Францияда – екеу, Ресейде – үш ақша
агрегаттары пайдаланылады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктiң 12.01.1995 ж. Директорлар
кеңесiмен № 2 хаттамасымен бекiтiлген “Ақша массасын, ақша базасын
анықтау әдiсi және iшкi және сыртқы активтердi анықтау барысында
баланстық шоттарды жiктеу туралы ережесiне” сәйкес ақша базасы мен ақша
массасы есептеледi.

- 27 -
Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (МВ) – бұл мiндеттемелерге
жататын резервтiк және бастапқы ақшаларды бiлдiредi. Ол мынадай
формулада есептеледi:

МВ = СIC + RR + DCB

мұнда,
CIC - айналыстағы нақты ақшалар;
RR - мiндеттi резервтер;
DCB - екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық банктегi
корршоттағы қаражаттары.

CIC = L ( H + C )

мұнда,

H - айналысқа шығарылған банктiк және қазыналық билеттер;
C - айналысқа шығарылған монеталар.
1.4. Қазақстан Республикасында қолданылатын ақша
агрегаттары

Қазақстандағы ақша агрегаттарының жағдайы туралы 1 кесте соңғы
жылдарға арналып жасалған.
1998 жылдан кейiн Қазақстан халқаралық валюта қорының Қазақстан
қаржы секторының Халқаралық клосификацияға өткiзу жайлы мәлiмдемесiден
соң Қазақстандағы банктiң қаржы мекемелерiнiң баланс шоттары халқаралық
стандарттарға сәйкес қайтадан өзгертiлдi. Ендi ақша көлемi есептеу
төртiншi көрсеткiш М3 қосылды. М3 алрегаты М2 көлемiнiң үстiне заңды
түлғаларның шет ел валютасында түрған салымдары қосылады.
Мысалы: Қазақстанда қазiргi кездегi ақша көрсеткiштерi мыналар:
10.2005ж.
(нақты қолма – қол ақшалар)
М0 – 402 млрд теңге.
(ақша базасы)
М1 – 642,3 млрт теңге.
(ақша массасы)
М2 – 1881,3 млрт теңге.

7 – кесте.
Ақша агрегаттары*, 2005 ж.

млн.тенге кезеңнiң соңына

Ақша агрегаттары
01.04 03.04 06.04 09.04 12.04
1. Ақша базасы (резервтiк ақша) 298 325 590 388 535404 209 577841
521
айдағы өзгерiс, % -5,8 5,8 7,8 4,7 0,0
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-5,8 2,7 22,6 27,5 82,3
оның iшiнде:
1.1 ҚҰБ-нен тыс қолма – қол ақша 250 264 980 303 204338 635 410
756 898
1.2 ЕДБ – дiң және басқа ұйымдардың ҚҰБ -47 76560 610 85 331 65 574 166
дегi аудармалы депозиттерi 943
2. М0 (айналыстағы қолма–қол ақша) 238 244 817 281 457312 083 379
545 273
айдағы өзгерiс, % -3,1 1,5 8,1 2,1 0,0
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-3,1 2,6 18,0 30,8 59,0
3. М1 403 443 087 515 381566 350 680
279 632
айдағы өзгерiс, % -2,1 3,6 6,5 1,5 0,0
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-2,1 7,5 25,1 37,3 65,1
оның iшiнде:
3.1 халықтың теңгедегi аудармалы 26 79029 401 34 274 35 950 44 164
депозиттерi
3.2 банктiк емес заңды тұлғалардың 145 168 870 199 980218 317 257
теңгедегi аудармалы депозиттерi 415 196
4. М2 700 770 676 891 766974 227 1175
991 491
айдағы өзгерiс, % 1,1 5,1 4,6 4,5 0,0
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %1,1 11,1 28,6 40,5 69,5
оның iшiнде:
4.1 халықтың теңгедегi басқа да
депозиттерi және шетел валютасындағы 127 138 483 157 730174 354 226
аудармалы депозиттерi 027 189
4.2 Банктiк емес заңды тұлғалардың
теңгедегi басқа да депозиттерi және шетел170 189 151 218 655233 523 268
валютасындағы аудармалы депозиттерi 685 670
5. М3 (ақша массасы) 970 1054 1091220 1329 1561650
542 688 115
айдағы өзгерiс, % -0,1 3,6 6,3 3,8 0,0
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-0,1 8,5 25,6 36,8 69,8
оның iшiнде:
5.1 халықтың шетел валютасындағы басқа да180 183 620 190 630188 999 170
депозиттерi 736 823
5.2 банктiк емес заңды тұлғалардың шетел 88 81699 813 138 293165 929 303
валютасындағы басқа да депозиттерi 802

8 – кесте.
Ақша агрегаттары, 2006 ж.

млн.тенге кезеңнiң соңына

Ақша агрегаттары
01.05 03.05 06.05 09.05
1. Ақша базасы (резервтiк ақша) 485 842 546 087 550 629 642 333
айдағы өзгерiс, % -15,9 3,3 0,1 15,8
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-15,9 -5,5 -4,7 11,2
оның iшiнде:
1.1 ҚҰБ-нен тыс қолма – қол ақша 377 357 394 110 425 475 452 079
1.2 ЕДБ – дiң және басқа ұйымдардың ҚҰБ -108 485 151 977 125 154 190 254
дегi аудармалы депозиттерi
2. М0 (айналыстағы қолма–қол ақша) 345 726 364 830 389 452 414 713
айдағы өзгерiс, % -8,8 2,2 0,8 3,2
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-8,8 -3,8 2,7 9,3
3. М1 616 318 687 233 750 368 786 047
айдағы өзгерiс, % -9,4 4,5 4,2 3,7
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-9,4 1,0 10,2 15,5
оның iшiнде:
3.1 халықтың теңгедегi аудармалы 36 921 42 892 48 045 52 431
депозиттерi
3.2 банктiк емес заңды тұлғалардың 233 670 279 511 312 871 318 902
теңгедегi аудармалы депозиттерi
4. М2 1 108 353 1 263 1 363 1 450
662 526 385
айдағы өзгерiс, % -5,7 8,2 3,2 4,2
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-5,7 7,5 16,0 23,4
оның iшiнде:
4.1 халықтың теңгедегi басқа да
депозиттерi және шетел валютасындағы 229 943 244 869 248 452 255 486
аудармалы депозиттерi
4.2 Банктiк емес заңды тұлғалардың
теңгедегi басқа да депозиттерi және шетел262 092 331 560 364 707 408 852
валютасындағы аудармалы депозиттерi
5. М3 (ақша массасы) 1 564 903 1 746 1 833 2 015
058 320 827
айдағы өзгерiс, % -5,2 6,5 3,0 7,2
жылдың басынан бергi кезеңдегi өзгерiс, %-5,2 5,8 11,1 22,2
оның iшiнде:
5.1 халықтың шетел валютасындағы басқа да170 579 180 161 205 771 215 897
депозиттерi
5.2 банктiк емес заңды тұлғалардың шетел 285 971 302 236 264 023 349 544
валютасындағы басқа да депозиттерi

*Ескерту.
ХВҚ – ның методологиясымен және ақша-кердит статисткасы мен төлем

балансы статистикасы деректерiнiң саластырмалылығын сәйкестендiру
мақсатында ҚР аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетел
компанияларының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң шоттары бойынша деректер
2004 жылға маусымнан бастап iшкi активтерге мiндеттемелерге қосылды.
Қазақстандағы негiзгi ақша агрегаттарына, қазiргi кезде ақша –
несие статистикасын жасау және талауда қолданылып жүрген, ақша базасы
мен белгiленуi М3 – ақша массасы жатады. Бұл көрсеткiш осыған М2 түрiнде
белгiленген болатын. Бұл белгiленудiң өзгеруi Халыаралық валюталық
қордың миссиясының ұсыныстары бойынша ақша – несие және қаржы
статистикасы жөнiндегi нұсқауға сәйкес баланс шоттарын жiктеуге
енгiзiлген соңғы өзгерiстердi есепке ала отырып, монетарлық
көрсеткiштердi қайта есептеуге байланысты болды.
Қазақстандағы ақша массасы Ұлттық банк пен екiншi деңгейдегi
банктердiң баланс шоттарын шоғырландыру негiзiнде анықталады және
келесiдей құрамнан тұрады:
• М0 (айналыстағы қолма – қол ақша, немесе банк жүйесiнен тыс ақша);
• М1 = М0 + банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегi
аудармалы депозиттерi;
• М2 = М1 + теңгедегi басқа да депозиттер және банктiк емес заңды
тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттерi;
• М3 ( ақша массасы ) = М2 + банктiк емес заңды тұлғалар мен
халықтың шетел валютасындағы басқа да депозитерi.

2 Сонымен, елiмiздегi ақша массасының құрамына мыналар кiредi:

1. Ұлттық банктiң және екiншi деңгейдегi банктердiң кассасында жатқан
қолма – қол ақшаны қоспағандағы Ұлттық банктiң айналысқа шығарған
қолма – қол ақшасы;
2. Банк емес қаржылық ұйымдардың, қаржылық емес ұйымдардың, үй
шаруашылықтарына қызмет көрсететiн коммерциялық емес ұйымдардан
шоттарындағы ақша қалдықтарын және үй шаруашылықтарындағы ақшаны
қоса алғандағы депозиттер.

II. Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi
жағдайдағы дамуы.
2.1. Ақша атқаратын қызметтер түрлерi

Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен
туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы әлеуметтiк –
экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi
қызмет атқарады:

2 – кесте.

Ақшаның бес түрлi атқаратын қызтетi.

Құн өлшемi

Айналыс құралы

Төлем құралы

Қор және қазына жинау құралы

Дүниежүзiлiк ақша

2.2. Ақша өндiрiлген өнiмнiң құнын өлшеушi құрал

Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi туындайды. Бұл ақшаның барлық
тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны
анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана, құн
өлшемi бола алады. Бұндай тауар болып өндiруiне қоғамдық еңбек
жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды
ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес, осы
құрылған көрсетеi.
Ақша қоғамда ең алдымен өндiрiлген барлық тауарлардың құнын
өлшейтiн құрал, яғни ол таурлардың бағасын белгiлегенде айырбас құралы
қызметiн атқарады. Себебi әр түрлi тауарлардың құны бiр – бiрiмен
теңгермелi, ал сан жағынан салыстырмалы. Бiрақ тауарда болатын iшкi
қарама – қарсылық өндiрiс кезiнде тiкелей құнның көрiнуiне мүмкiндiк
бермейдi. Тауардың құны тек айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен
ғана көрiнедi. Алайда тауарларды бiр – бiрiне теңестiретiн ақша емес,
керiсiнше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкiл тауарларды
өндiруге жұмсалатын етедi. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем құралы
Акшаның дамуы және нарықтағы маңыздылығы
Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақша айналысы мен заңы
Ақшаның мәні мен қызметтері
Ақша айналыс және төлем құралдары
Ақша жүйесі, түсінігі және элементтері туралы ақпарат
Ақша мәні, мен мақсаты
Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Халықаралық статистика ұйымы
Пәндер