Басқару ғылымының пәні мен әдістері



Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Басқару ғылымының пәні мен әдістері.

1.1. Ұйым және менеджмент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2..Менеджмент мақсаты мен тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3..Менеджменттің белгілері мен статиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

II .Менджменттің даму эволюциясы.

2.1. Менеджмент эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Менеджменттің “Классикалық” мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3.”Эмпирикалық”басқару мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15


III. Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының саяси алғы шарты.

3.1..Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының экономикалық алғышарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.2. Басқару әдістері.Басқару әдістерінің түрлерi ... ... ... ... ... ... ..20

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КlРlСПЕ
Басқару адамдар іс-әрекетінің мақсатты бағытталған бірлесу қызметі ретінде, ежелден белгілі. Бұл қызметтің формалары, әдістері және мазмұны өзгеріп отырған, ал негізгі құрастырушы элементтері сол немесе басқа түрде сақталған. Менеджменттің негізгі құрастырушыларына: мақсатты анықтау, яғни адамдардың қызметін қандай мақсат пен нәтижені қол жекізуге бағыттау қажеттігі; адамдардың қызметін үйлестіру; олардың арасында жеке қызмет түрлерін бөліп беру; бұл іс-әрекетерді қойылған мақсатқа жететіндей етіп бірлестіру; бірлескен жұмысқа қатысушылар қажетті нәтижеге қол жеткізе алатындай әлеует (қаржылық, ресурстық, технологиялық т.б.) жасау және т. б. жатады.
Көптеген адамдар өздерінің саналы өмірлерінде өздері мүшелері болып табылатын немесе қатынасқа ие болатын, белгілі бір ұйыммен байланыс жасайды. Бұл ұйымдар мемлекеттік, жеке меншік, муниципалдық, үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.
Барлық ұйым үшін ортақ белгілер бар: ұйымға кіретін адамдар, ұйым шешу үшін, құрылған мақсаттар; алдарында тұрған тапсырмаларды шешу, ұйым әлеуетін қалыптастыратын, шоғырландыратын, қозғалысқа әкелетін басқару.
Осыдан ұйымды белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған адамдардың саналы, жүйелендірілген іс-әрекетінің бірлестігі деп айтуға болады.
Ұйым негізгі үш құрамдас элементтен тұрады:
-сыртқы ортадан шикізат немесе ресурстарды алу;
Менеджменттегi басты мақсат жас экономист-басқарушы кадрларды Қазақстан Республикасының экономикасының, жекелеген салаларының, кәсіпорындардың тиімділігін жоғарылату үшін қолдағы бар ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін менеджменттің жүйелік ыңғайы мен функцияларын, әдістерін, техника мен технологияларын, ұйымдастырушылық формалары мен құрылымдары, білімді игеруге көмек беру.
Менеджерлерге өндірісті басқару механизімін түсіндіру, заңдылықтарын анықтай отырып, нақты ұйымдастырушылық тапсырмаларды шешу тәсілдері мен әдістерін дайындау жөнінде ұсыныстар беру, яғни менеджментті басқару саласында маманданған, қажетті кәсібті иеленетін адамға түсінікті болатын ғылыми жүйеге айналдыру.
Басшыны» мақсаты менеджменттің түрлі деңгейінде шешім қабылдау процесін, әдістері мен функцияларын іс жүзінде пайдалануды үйрету.
-өнім дайындау (қызмет көрсету, ақпарат т.б);
-өнімді сыртқы ортаға беру.
Осы аталған процестердің біреуі болмайтын болса, онда ұйым қызмет етуін тоқтатады. Ұйымдағы менеджмент осы процестер арасындағы байланысты қолдап тұруы қажет
I. Басқару ғылымының пәні мен әдістері
1.1. Ұйым және менеджмент.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Бердалиев К.Б и др. Основы менеджмента. - Алматы: КазГАУ, 1995.
2. Бердалиев К.Б. Основы управления экономикой Казахстана.- Алматы: КазГАУ, 1998.
3. Веснин В.Р. Основы менеджмента - М: 1997.
4. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент.- М.: Гардарика, 1996.
5 Виханский О.С. Стратегическое управление.- М.: Гардарика, 1998.
6.Галькович Р.С. и др. Основы менеджмента.-М., 1998.
7.Герчикова И.Н. Менеджмент - М.: Банки-Биржи, 1994
8.Глухов В.В. Основы менеджмента.- Санкт-Петербург. 1995.
9.Игнатьева А.В. Основы менеджмента. - М., 1995
10.Кнорринг В.И. Искусство управления. - М.: Бек, 1997.
П.Кохно П.А., Микрюков В.А., Комаров СЕ. Менеджмент. - М.: Финансы и статистика, 1993.
12. Котлер Ф. Управление маркетингом (сокр. Пер. с англ.- М.: Экономика, 2000
13. Крайнина М.П. Финансовый менеджмент- М.: Дело и сервис,1998.
14. Кубаев К.Е. Теория построения систем управления. /Ж. «Транзитная экономика». - Алматы,1998№2с37-52.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Басқару ғылымының пәні мен әдістері.

1.1. Ұйым және
менеджмент ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2..Менеджмент мақсаты мен
тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3..Менеджменттің белгілері мен
статиялары ... ... ... ... ... ... . ... ... .7

II .Менджменттің даму эволюциясы.

2.1. Менеджмент
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2. Менеджменттің “Классикалық”
мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3.”Эмпирикалық”басқару
мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

III. Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының саяси алғы шарты.

3.1..Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының экономикалық
алғышарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .18
3.2. Басқару әдістері.Басқару әдістерінің
түрлерi ... ... ... ... ... ... ..20

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КlРlСПЕ

Басқару адамдар іс-әрекетінің мақсатты бағытталған бірлесу қызметі
ретінде, ежелден белгілі. Бұл қызметтің формалары, әдістері және мазмұны
өзгеріп отырған, ал негізгі құрастырушы элементтері сол немесе басқа түрде
сақталған. Менеджменттің негізгі құрастырушыларына: мақсатты анықтау, яғни
адамдардың қызметін қандай мақсат пен нәтижені қол жекізуге бағыттау
қажеттігі; адамдардың қызметін үйлестіру; олардың арасында жеке қызмет
түрлерін бөліп беру; бұл іс-әрекетерді қойылған мақсатқа жететіндей етіп
бірлестіру; бірлескен жұмысқа қатысушылар қажетті нәтижеге қол жеткізе
алатындай әлеует (қаржылық, ресурстық, технологиялық т.б.) жасау және т. б.
жатады.
Көптеген адамдар өздерінің саналы өмірлерінде өздері мүшелері болып
табылатын немесе қатынасқа ие болатын, белгілі бір ұйыммен байланыс
жасайды. Бұл ұйымдар мемлекеттік, жеке меншік, муниципалдық, үлкен немесе
кіші, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.
Барлық ұйым үшін ортақ белгілер бар: ұйымға кіретін адамдар, ұйым
шешу үшін, құрылған мақсаттар; алдарында тұрған тапсырмаларды шешу, ұйым
әлеуетін қалыптастыратын, шоғырландыратын, қозғалысқа әкелетін басқару.
Осыдан ұйымды белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған адамдардың
саналы, жүйелендірілген іс-әрекетінің бірлестігі деп айтуға болады.
Ұйым негізгі үш құрамдас элементтен тұрады:
-сыртқы ортадан шикізат немесе ресурстарды алу;
Менеджменттегi басты мақсат жас экономист-басқарушы кадрларды
Қазақстан Республикасының экономикасының, жекелеген салаларының,
кәсіпорындардың тиімділігін жоғарылату үшін қолдағы бар ресурстарды оңтайлы
пайдалануды қамтамасыз ететін менеджменттің жүйелік ыңғайы мен
функцияларын, әдістерін, техника мен технологияларын, ұйымдастырушылық
формалары мен құрылымдары, білімді игеруге көмек беру.
Менеджерлерге өндірісті басқару механизімін түсіндіру, заңдылықтарын
анықтай отырып, нақты ұйымдастырушылық тапсырмаларды шешу тәсілдері мен
әдістерін дайындау жөнінде ұсыныстар беру, яғни менеджментті басқару
саласында маманданған, қажетті кәсібті иеленетін адамға түсінікті болатын
ғылыми жүйеге айналдыру.
Басшыны мақсаты менеджменттің түрлі деңгейінде шешім қабылдау
процесін, әдістері мен функцияларын іс жүзінде пайдалануды үйрету.
-өнім дайындау (қызмет көрсету, ақпарат т.б);
-өнімді сыртқы ортаға беру.
Осы аталған процестердің біреуі болмайтын болса, онда ұйым қызмет
етуін тоқтатады. Ұйымдағы менеджмент осы процестер арасындағы байланысты
қолдап тұруы қажет
I. Басқару ғылымының пәні мен әдістері
1.1. Ұйым және менеджмент.
.
Менеджмент ғылымының пәні бұл түрлі бөлімдер мен деңгейлер арасындағы
жетекшілердің басқарушылық қатынасы.
Менеджменттің мақсаты-бұл заңдылықтарды тиімді пайдалануды қамтамасыз
ететін басқарудың принциптерін, әдістерін, техника мен технологиясын,
сонымен бірге ұйымдастыру формасы, құрылымы, жүйесін жасау болып табылады.
Менеджмент басқа да қоғамдық ғылым секілді жетекшінің іс-әрекетін
анықтайтын бағдарлама, ереже топтамасын құруды мақсат етпейді. Пәннің
мақсаты дайын шешімдерді жасау емес, менеджмент механизмін түсіндіру,
заңдылықтарын анықтаудың негізінде ұйымдағы нақты мәселені шешудің
тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып ұсыныстар дайындау болып
табылады.
Басқару ғылымы жөніндегі біліммен қаруландырып, басқару процестері
мен құбылыстарына ғылыми тұрғыдан қарау бейімділігін үйретуге бағытталған.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, менеджментті келесі т‰рлерін ќарастырамыз:
-менеджменттің мәні мен принциптері;
-басқарудағы жүйелік ыңғай негіздері;
-менеджмент эволюциясы;
-Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері;
-ұйым түсінігі, түрлері, мақсаттары, жіктелуі;
-менеджменттегі интеграциялық процестер: ақпаратпен қамтамасыз ету,
коммуникациялар, менеджменттегі басқару шешімдері;
-нарықтық экономикада басқару әдістерінің жүйесі;
-менеджмент функциялары;
-топтық динамика және басқарушылық персонал;
-менеджмент тиімділігі.
“Менеджмент негіздері” пәні экономикалық мамандықтарды дайындайтын оқу
жоспарында қарастырылған, басқа оқу пәндерімен өзара байланысады. Оқу
жоспарындағы барлық дерлік пәндер пайда болатын басқарушылық тапсырмаларды
шешуге болашақ мамандарды дайындауды мақсат етеді.
“Менеджмент негіздері” ең алдымен экономикалық теориямен өзара байланысады.
Менеджмент нарықтық экономика дамитын объективті экономикалық заңдылықтарға
сүйенуі арқылы экономикалық теориямен өзара іс-әрекет етеді.
“Менеджмент негіздері” халық-шаруашылығын жоспарлау, бағдарламалау,
статистика, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы, несие, қызметкерлерді
басқару, кәсіпорын экономикасы, өндірістік, инновациялық, стратегиялық
менеджмент, экономикадағы математикалық әдістер сияқты нақты экономикалық
ғылыми пәндермен байланысты.
“Менеджмент негіздері” құқықтық пәндерімен түйіседі. Құқықтық
ғылымдар басқарушылық қызметтің заңдылық негіздерін, заңды тұлғалар
арасындағы қатынас тәртібін, заңды тұлғалар мен азаматтар арасындағы құқық
пен қызметтік тұлғалардың жауапкершілігін анықтайды. Бұның барлығы басқару
аппаратының жұмысын регламенттейді.
Аталған ғылымдар басқару мәселелерінің бір жағын ғана зерттейді.
“Менеджмент негіздері” өндірісті басқарудағы жүйелер мен процестерді
зерттейді.
Менеджмент еңбектің қоғамдық процесі ретінде, адамдардың нақты еңбек
актілерін, іс-әрекетін, операцияны орындау мен ұйымдастыру барысында, нақты
бір қызметті орындауда көрінеді. Сондықтан менеджменттің көп түрлі
варианттарының болуы, еңбек процесіндегі әр түрлі менджмент қатынасының
болуына байланысты. Мұнда менеджменттің барлық қатысушыларының басты
мақсаты ұжым еңбегінің пайдалылығын жоғарылату. Менеджменттің пайданы
жоғарылатуға бағыттауы, соңғы нәтижесіне тікелей әсер етуі менеджерлер
еңбегінің өнімділігін көрсетіп, еңбекті басқаратын еңбек түріндегі ерекше
қызмет екенін анықтайды. Сонымен менеджмент алға қойған мақсатқа жетуге
бағытталған кәсіби қызмет.
Нарық жағдайында менеджмент бұл:
-кәсіпорынды нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа бағыттау;
-аз шығын жұмсай отырып максималды пайда алу;
-алмасу процесі кезінде нарықтағы кәсіпорынның соңғы нәтижесін
анықтау;
-дұрыс ақпарат пен компъютер көмегіне негізделген оптималды
шешімдерді қабылдау.

1.2..Менеджмент мақсаты мен тапсырмалары

“Менеджмент” термині “басқару” терминінің аналогы, бірақ “басқару ”
термині, кез-келген адам қызметіне қолданылғандықтан “менеджмент” терминіне
қарағанда кеңірек ұғым. Бүгінгі таңда менеджмент түсінігі басқару
түсінігімен бірдей қолданылады.
Менеджменттің маңызды тапсырмаларының бірі товарлар өндірісі мен
қызмет көрсетуді тұтынушылар талғамына сәйкес жолға қою. Кәсіпорын
жұмысының рентабельділігіне, нарықта тұрақты жағдайды иеленуге қол жеткізу.
Қойылған тапсырманы орындау үшін: өндірісті автоматизациялау мен
механизациялауды қамтамасыз етуі; жоғары квалификациялы мамандарды
пайдалануы; кәсіпорын, фирма қызметкерлерін ынталандыруы; барлық
бөлімшелердің жұмысын үйлестіріп отыруы; тұрақты түрде жаңа нарықтарды
іздеп, игеріп отыруы; белгілі бір мерзімде кәсіпорынның даму мақсатын
анықтауы; басым бағыттарды анықтап, олардың кезектілігі мен тізбектілігін
белгілеуі; қажетті ресурстарды және олармен қамтамасыз етілу көздерін
анықтап отыруы; қойылған тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыруы қажет.
Менеджмент түріне және тізбектілігіне сәйкес үш стадияға:
стратегиялық басқару, оперативті басқару, бақылау болып бөлінеді.
Стратегиялық басқаруға:
-басқару мақсатын дайындау:
-бағдарламалау – даму нәтижесіне факторлардың қалай әсер ететінін
алдын-ала көру;
-перспективті жоспарлау- бағдарланған нәтиженің қойылған мақсаттан
ауытқуды жеңуге қажетті шаралар жүйесі;
Оперативті басқару стратегиялық басқаруды жүзеге асыру үшін, қажетті
құрылым мен ресурстарды ұйымдастырып, құрылымның мотивациясына жетекшілік
етеді.
Бақылау-қол жеткізілген нәтижелер мен мақсаттарды талдау. Басқарудың
жаңа циклының бастапқы нүктесі болып табылады.
2. Кәсіпорын(фирма) пайда алуға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез-
келген түрін жүзеге асырады. Менеджмент мазмұны кәсіпкерлік қызмет
барысында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу.
Кәсіпорын соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін, бар ресурстарын дайын
өнімге айналдырады. Дайын өнімге айналдыру үшін, өндірістік бөлімдер қажет.
Сондықтан кәсіпорын өзіне тән өндірістік функциясын жүзеге асыратын
бөлімдерге бөлінеді. Бөлімдер ортақ мақсатқа қол жеткізуге саналы
бағытталған және үйлестірілген адамдар тобының қызметін сипаттайды.
Бөлімдер, цехтар, қызметтер басқарылатын жүйе болып табылады.
Басқарушы жүйе ортақ мақсатқа жету үшін, басқарылушы жүйенің барлық
іс-әрекетін үйлестіруді жүзеге асыратын басқару аппараты.
Ірі кәсіпорын өзінің басқару аппаратында ағылшын тілінде менеджмент деген
сөз болатын атауларды иеленеді:
-top management –жоғары басқару звеносы;
-middle management- орта басқару звеносы;
-lower management- кіші басқару звеносы
Басқарушы және басқарылушы жүйелер өзара іс-әрекетте және тығыз
байланыста болады. Басқарушы жүйе келіп түсетін шикізаттан дайын өнім
өндіретін басқарылушы жүйеге әсер етеді. Басқарылатын жүйе басқарушы
жүйенің шешім қабылдауы үшін, өзінің жағдайы туралы ақпарат беру арқылы
әсер етеді.
3.Менеджерлер-бұл жаңашыл нарықтық экономика жағдайында өндірісті
басқаратын мамандар (кәсіпорын, фирма, ұйым жетекшілері, түрлі сипаттағы
басшылар). Менеджер бұл үлкен арнайы дайындықтан өткен және ұйым немесе
жеке бөлімше ұжымын басқару арқылы нәтижеге қол жеткізген адам. Бұл кез-
келген ұжымның мойындалған көшбасшысы. Менеджер-бұл өзіне тән құралдары мен
бейімділігі бар басқа мамандықтардан ерекшеленетін мамандық. Менеджер
мамандығы ғана қызметкерлердің нәтижелерге өздерінің жетуіне көмектеседі.
Нарық және нарықтағы белгісіздік жағдай шешім қабылдауда еркіндік пен
жауапкершілікті болуды талап етеді.
Кез-келген деңгейдегі менеджерге жоғары талаптар қойылады, атап айтсақ;
-кәсіпорынды басқару саласына ортақ білімі болуын;
-фирмаға қатысты саладағы өндіріс технологиясының мәселелеріне ұқыпты
болуын;
-тек қана басқару бейімділігін ғана иеленбей, кәсіпкерлік пен
нарықтағы жағдайды басқара алуды;
-негізделген және дұрыс шешім қабылдай алуды;
-негізгі нарықтарда экономикалық жағдайды талдай алу білімі мен
тәжрибесінің бар болуы;
-бәсекелес фирмалардың қызметі мен іс-әрекетін талдай алуы;
-сұраныстың т.б. өсуін алдын ала көре білу.
.Нарықтық экономикада өндірістік-шаруашылық процестері, әр түрдегі және
көлемдегі еңбек кооперациясы басқару объектісі болып табылады.
Басқару объектісі мен субъектісі үздіксіз өзара байланыста бола
отырып, басқарылатын жүйеде басқару объектісінің орнын анықтайды. Оның
дамуы материалдық ресурстарды тиімді пайдалану басқару жүйесінің маңызды
тапсырмасы болып табылады. Басқару объектісінің мазмұны, онда болып жатқан
өзгерістер басқару субъектісінің мазмұны мен ондағы өзгерістерді
анықтайды. Басқару жүйесі өндіріс басқарылатын кіші жүйе ретінде
қажетсінетін әсерді береді. Ол үшін басқарылатын жүйенің тиімді қызмет
етуі, талап ететін күрделі басқару жүйесінің сәйкестігі қажет. Басқарушы
және басқарылатын жүйенің қатынасының негізінде олардың арасындағы тиімді
қатынасты, соның ішінде жұмыс істейтіндердің саны, технико-экономикалық
деңгейі және басқа да сипаттамаларын қалыптастыру және орнату жатады.
5.Принцип қоғамның тарихи даму барысындағы жетістіктерін ескере отырып,
ғылыми тұрғыдан жасаған, ғылыми қағидалар. Қоғамның өмірінде болсын,
экономиканы басқару жүйесінде болсын, бұл принциптерді бұзуға болмайды.

1.3..Менеджменттің белгілері мен статиялары

Басқарудың басты принциптерінің бірі ғылыми негізделу. Басқару
шараларын, әдістерін, белгілегенде, басқару құрылымын құрғанда, сондай-ақ
басқару органдарын жасағанда, оларды жетілдіруде және толық өзгертер
кезінде сүйену қажет. Бұл үшін кадрлардың жан-жақты және жеткілікті
теориялық білімімен тәжрибесі болу керек.
Келесі принцип мақсатты бағыңқылық. Атқарылатын жұмыста қызметкерлер
халық шаруашылығының негізгі мақсатына үйлесімді болуы қажет. Кез-келген
халық шаруашылығының субъектісі өздерінің іс-әрекетін мемлекеттің алдына
қойған мүддесіне санастыруы қажет.
Демократиялық принцип іс-әрекетте және басқару процесінде
кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге еркіндік беру. Бірақ бұл еркіндік қоғамда
қабылданған заңдарға, нормаларға қарсы келмеуі керек. Мемлекет және басқару
органдары тарапынан кәсіпкерлердің, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына әртүрлі
себептермен кедергі келтірілмеуі керек.
Икемділік принципі бұл кәсіпорын, ұйым нарықта, қоғамдық өмірде,
мемлекет тарапынан болып жатқан өзгерістерге тез, жылдам бейімделе
алатындай етіп құрылуы қажет.
Дара басшылық принципінің мәні әр бір маман тек бір басшыға ғана
бағынуы қажет. Жоғарғы басшы орта буындағы басшыдан аттап, қарапайым
жұмыскерлерге нұсқау бермеуі керек. Әр бір нұсқау, бұйрық өз ретімен
басқару буындары арқылы жеткізілуі қажет.

II .Менджменттің даму эволюциясы.

2.1. Менеджмент эволюциясы.

1.Өндіріс көптеген бөлшектерден, ұйымдардан тұрады.Оның ойдағыдай жұмыс
істеуі оңай емес, себебі оған әсер ететін көптеген айнымалы факторлардың
жағдайымен әрқашан санасу керек. Бұл қиындықты жеңілдетудің бір жолы,
өндірісті жүйелі басқару тұрғысынан қарау керек. Жүйе белгілі бір
элементтер жиынынан тұратын, өзінің олардан айырмашылығы бар тұтас құрылым.
Жүйенің негізгі ерекшелігі оны құрастырушы элементтің қосындысына
байланыссыз өз сапасының болуында. Элементер өз алдына дербес тәуелсіз
болады.
Жүйе бірнеше бөліктерден тұрады:
1.Ашық жүйе
2.Жабық жүйе
Ашық жүйелер-сыртқы ортамен, заттар, энергия және информацияны
айырбастап, байланыс жасайтын жүйе.
Жабық жүйелер-сыртқы ортадан зат, энергия және ақпарат түсетін жүйе
түрі. Жүйенің элементтері әрқашанда бір-бірімен қозғалыста, қарым-қатынаста
болады. Осы байланыстың мазмұнына, пәніне, түрлеріне қарай жүйенің жұмыс
істеу қабілеті қалыптасады.
Өндірісті заттық тұрғыдан қарасақ ол өндіріс құрылымдарымен еңбек
заттарын дайын өнімге айналдыратын өндіріс процестерінің жиынтығы.
Ақпараттық жүйе екі бөлімнен тұрады:
.Басқарушы жүйе құрамында барлық жұмыскерлері мен байланыс құрылғылары
түріндегі техникалық құралдар, сигнализация, есептеу құралдарынан т.б
тұратын басқару аппараты.
Экономикадағы басқарылушы жүйе бұл белгілі жұмыс орындарынан тұратын
бөлімдер, өндірістік және көмекші участоктардан құралған цехтар; негізгі
және көмекші цехтардан тұратын, басқа да шаруашылықтарға қызмет көрсететін
кәсіпорындар.
Әр бір кәсіпорын елдің экономикалық жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Сондықтан өндірісті басқару кәсіпорындардың басқа өндірістік және
тұтынушылық қоғамдық ұйымдармен бірлікте болуын қарастыру арқылы
анықталады.
Әр бір өнеркәсіптік фирма товарлар мен қызметтер өндіретін іс-
әрекеттер мен функциялар жиынтығынан тұратын өндірістік жүйесін
иеленеді.Фирманың өндірістік қызметінің толық жүйесі операциялық деп
аталады.
Өндірістік жүйе өндірістік бөлімшелерден тұратын өндірістік
бірліктерден құралады.
Өндірістік бірлік (production unit) –кәсіпорын тапсырмасын орындауға
бағытталған жұмысшылар, құрал жабдықтар, өндірістік участоктер.
Бөлімше ( subunit) ұймдағы белгілі бір тапсырмалар жиынтығының
орындалуына жауап беретін ұйымдағы формальды топ.
Бөлімше, цех, участок, бөлім ( department) –бұл нақты бір қызметке
немесе техникалық, ұйымдастырушылық функцияға жауап беру үшін құрылған
ұйымдастырушылық бірлік.
Фирманың өндірістік құрылымын келесілер сипаттайды:
➢ Кәсіпорын құрамы (өндірістік қуат, мамандану мен кооперциялану
формалары);
➢ Фирманың салалық құрылымында бейнеленетін өндірілетін өнім сипаты.
3.Басқару жүйелері орнықты да дұрыс жұмыс істеуі үшін келесі талаптарға
жауап беру қажет:
-өз құрылымы болу керек;
-белгілі бір деңгейі болу қажет;
-жүйе сыртқы ортадан әр түрлі әсерді алып, оларға да өз ықпалын
тигізе алуы керек.
Жүйелі тәсіл бойынша басқару – жүйенің өзінің құрылымын сақтап, ішкі
байланыстарын нығайтып, санын әрқашанда одан әрі жетілдіріп отыратын
мақсатты даму процесі.
Басқару жүйелі болу үшін мына шарттар орындалу қажет:
-жүйе арасында тығыз себепті салдарлы байланыс болуы қажет. Әсіресе
басқарушы мен басқарылушы жүйе арасында.
-Жүйе әрқашанда динамикалық жағдайда болуы керек;
-жүйеде жүріп жатқан процестерді өзгертуге мүмкіндік туғызатын бір
параметр болуы қажет;
-басқарушылық ықпалын сезіну мен қатар оны күшейту керек;
-басқару жүйесінде басқару ақпаратын қабылдап, қайта өзгерте алу
қабілетін иелену керек.
Жүйені мұнсыз басқару мен бақылау мүмкін емес. Экономикалық жүйелер алдымен
әлеуметтік бағыттағы жүйе ретінде ең басты рольді адамға береді. Себебі
адам материалдық және рухани игіліктерді өндіруші де тұтынушы да өзі.
Экономикалық жүйе ашық жүйелердің қатарына жатады.

2.2. Менеджменттің “Классикалық” мектебі.
1.Классикалық мектептің негізін қалаушы Американдық Фридрих
Тейлор(1856-1915). Ол 1911 жылы өзінің жазған еңбегін “Ғылыми менеджменттің
принциптері” деп атады. Ф.Тейлор еңбек процесін жеке элементтерге бөліп,
оның дамуының озат әдісін анықтап, жұмысшыларды соларды сақтауға үйреткен.
Оның мақсаты:
1.Оқып үйрету.
2.Ынталандыру.
3.Достық қарым-қатынасты орнату болды.
Анри Файл басқаруды жетілдіруді дамытудың негізі ретінде ұйымды тұтасымен
алып, тұтас жүйе ретінде қарайды. Бұл мектептің негізгі мақсаты
менеджменттің ортақ принциптерін ойлап табу. А.Файл: “Басқару –бұл қолдағы
бар мүмкіндікті, қорларды барынша пайдаланып, кәсіпорындарды алдарына
қойған мақсатарына алып бару” дейді. А.Файл басқарудың бірнеше принциптерін
ұсынады:
1. Билік жауапкершілікпен бірге әрқашанда бірге айырылмас болады.
2.Мамандандыру мен қатар еңбекті бөлшектеу қажет.
3.Жарлық бірлігі.
4.Тәртіп принципі. Тәртіп барлығына бірдей болуы қажет. Жұмысшыдан бастап
басқарушыға дейін.
5.Басқару бірлігі.
6.Жеке бастың мүддесін жалпы мүддеге бағындыру.
7.Сіңірген еңбегі үшін сый беру.
8. Бір орталықтан басқару.
9.Төменгі сатыдан жоғарғы сатыға бағыттау тәртібі.
10.Рет, жөн, тәртіп принципі.
11.Әділеттілік принципі
12.Жұмыскерлердің тұрақтлығы.
13.Ынталылық, ықластылық принципі.
14.Корпорациялық рух.
Классикалық-әкімшілік мектептің дамуы екі бағытта болды.
1.Өндірісті жеңілдету бағыты.
2.Басқарудың жалпы проблемаларын зертеу.
Бұл бағытта Эморсон, Урвик, Вербер және Фордтың еңбектерін айтып өткен жөн.
Әсіресе басқару ілімінің теориясы мен тәжрибесіне үлкен еңбек сіңірген
инженер-механик Эморсонның ролі өте зор. Ол 1911 жылы “Еңбек өнімділігін
арттырудың 12 принциптері ” деген ғылыми еңбегін жазған. Менеджменттің
принцитеріне:
1.Алға мақсатты айқын қою.
2.Дұрыс мағына болу керек.
3.Толық жеткілікті кеңес беру
4.Тәртіп.
5.Қызметктерлерге әділеттілік көрсету.
6.Жылдам, толық сенімді, дәл есеп беру.
7.Диспетчерлік
8.Нормалар мен кестелер болу керек.
9.Операцияларды нормалау.
10.Жағдайды тұрақтандыру керек.
11.Үлгі нұсқауларды жазбаша дайындау.
12.Еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыру, сый беру.
2.Адамдар арасындағы қатынастар мектебі - психология, адамның мінез-
құлқын зерттеп, оның өндіріске деген көзқарасын анықтайды. Бұл мектептің
негізін салушы Эдуард Мейо. Ол өндірістегі жұмысшының еңбек жағдайын
зерттеп, келесідей қорытынды шығарды:
Жұмысшының еңбек өнімділігі тек қана әкімшіліктің жұмысына, жалақының
мөлшеріне байланысты емес. Ол жұмысшылар ортасының психологиясына және
әлеуметтік жағдайына байланысты. Эдуардо Мейо бейресми деген топты басқару
теориясына енгізді. Жұмысшылар кей-кезде басшылардың ықпалынан гөрі топтың
әсеріне бағынады. Осыған сәйкес, егер басшылар өз қарамағындағы
жұмысшылардың жағдайларын ескеріп, оларға әр дайым қамқорлық жасаса, онда
жұмысшының еңбекке деген ынтасы өсіп, еңбек өнімділігін көтеруге
мүмкіндік береді.
1.Басқару субъектісі шешімдерді дайындау, қабылдау және орындаудың
негізін қалайды. Ал, бұл осы ақпараттарды өндеп, ыңғайлау арқылы
күрделі ақпараттарға айналдыру процесінде келеді.
Сондықтан да, басқару шешімдері дегеніміз — басшылардың, мамандардың,
арнайы басқару мәселелерін, шешудегі творчестволық іс-әрекеттерінің
нәтижелері.
Басқару әрқашанда тұрақтандыру, үйлестіру жөне жаңалықтарды
енгізу мәселелеріне арналған шешімдер қабылдайды.
Тұрақтандыру қабылданған тәртіпті (режимді) басқару құрылымын,
еңбекті бөлуді ұстауға бағытталады.
Үйлестіру процесі жалпы еңбекті басқаруда қажет. Жаңалықтарды
енгізу (иновациялық қызмет) ісі — басшының ең негізгі міндеті болуға
тиіс. Ол кәсіпорыннның даму болашағы, технологиялық базасын жаңарту,
еңбекті ұйымдастыруды өзгерту, өндіріс құрылымын дамыту жағдайын
қамтамасыз еткені жөн.
Өмірде әр бір адам көптеген шешімдер қабылдайды. Көбінесе олар
асығыста қате болады. Бірақ та, ол жеке адам мен оның жанұясына
байланысты мәселелерді қамтиды.
Басқару шешімдері көптеген адамдардың, кәсіпорындар тағдырын шешуге
бағытталады. Сондықтан да, басқару шешімдерін қабылдау өте жауапты іс. Ол
шешімінің соңы болғандықтан экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әсерлері
қалай болады, соны да ескерген жөн. Сондықтан да, басқару шешімі жүйелі
бағытталған процесске жатады, оны қабылдауға өте жоғары шеберлік қажет.
2. Шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:
1.Интуицияға сүйенген, негізделген шешімдер (6-сезім).
2.Арнайы пікірлерге негізделген шешімдер.
3.Мәселені талдау арқылы қабылданған рационалды, ұтымды шешімдер.
1.Интуицияға (болжауларға) негізделген шешімдер әрқашан дұрыс болады
деу қате, себебі ол үшін үлкен тәжрибе мен кең де терең білім қажет.
Бірақ та, табысқа жетіп жүрген менеджерлер интуицияны өздерінің шешім
қабылдауда негізгі серігі деп санайды.
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорын үшін шығаратын өнімнің
ассортименттік, оны өткізу рыногын таңдауда қабылданатын ұйымдастыру
шешімдерінің жүздеген түрлері болады. Қаржысы мол кәсіпорын қандай өнім
болса да, шығаруға мүмкіндігі мол. Бірақ та, оған пайданы кейде бір өнімдер
ғана әкеле алады. Сондықтан да жан-жақты ойлап, санап барып шешімге келген
жөн. Интуиция қателікке апаруы мүмкін. Мұнда ғылыми әдістермен іс-әрекет
жасаған жөн. Маркетингтік зерттеулер, жүйелеп талдау, биржалық операциялар,
іскерлік контрактілер жасау және т.б.
2.Арнайы пікірлерге сүйенген шешімдер көптеген басқару шешімдерінің
негізін қалайды, себебі басшы өткен өзінің тәжрибесіне, таныстарының өмір
жолдарына қарайды. Мұндай шешімдерді алдын-ала бағдарланған шешімдер деп
атайды, себебі оларды қабылдау реті, алгоритмі бұрыннан белгіленіп
қойылады. Бұл машинаға салынып қойылады немесе адам есінде болады. Шешімдр,
егер сыртқы ортада тұрақты, орнықты жағдайда болып, ешқандай өзгерістерге
түспесе, заң жүйесінде, жабдықтаудан басқа да құжаттарда өзгерістер
болмаған күнде өте тиімді қолданылады. Мысалы, жобалау жұмыстарында
қабылданған әдістеме бойынша өнімнің өзіндік құнын, еңбек өнімділігін
қолданады. Бұл көрсеткіштер жоба ескіргенше, біршама уақыт негізгі
көрсеткіштер болып пайдаланады. Бірақ та, басшыға тек қана тәжрибеге сүйене
беруге болмайды, себебі өмір өзгеріс үстінде болады, сондықтан да, дайын
стандарттық шешімдер мынадай себептермен сәтсіздікке апаруы мүмкін:
а)өте ыңғайлы сәтті өткізіп алудың арқасында мол пайда мен жаңа рыноктан
айырылып қалу.
б)кейбір жағдайлар, бір қарағанда өте бір қарапайым құбылыс сықылды.
Өз тәжрибесіне сүйену арқылы, сіз мәселені терең көрмей үстіртін
құбылыстарына көңіл аударып, өз уақытысында сапалы шешім қабылдай алмайсыз.
Сондықтан да, шешімді тек қана бастан өткен тәжрибеге сүйеніп қабылдау
тиімді бола бермейді. Сол себептен шешім қабылдаудың рационалдық түріне
көңіл аударған жөн.
Релевативтік мәлімет дегеніміз осы іске қатысы немесе тек қана бір
мәселеге байланысты ақпараттарды айтады.
Мұндай ақпаратты кәсіпорындардың есеп беру мәліметтерінен,
мемлекеттік ресми ұйымдардың статистикалық мағлұматтарынан, рыноктың
сұранысы туралы материалдан алуға болады. Өз тарапынан жүргізген
бақылаулардың (анкета жүргізу, интервью алу, сұрау) маңызы зор.
3.Мәселе — бұл жүйедегі керексіз ауытқуды сипаттайтын жағдай.
Мысалы: транспорт проблемасы - транспорт жүйесіндегі қиындықтар,
бұзылуы.
Мәселені ұтымды шешу мынадай ретте орындалады:
1.Мәселені анықтау, диагноз қою.
2.Шектеулер мен көрсеткіштерді анықтап алу (тұжырымдап алу).
3.Альтернативтерді іздестіріп табу.
4.Альтернативтерді бағалау.
5.Соңғы қорытынды.
Диагноз қою үшін медицинадағыдай алдымен ұйымның ауруының
белгілерін анықтау қажет. Басқарудағы бұған жататын белгілер: аз
табыс, пайда, өтпеу, жоғары өзіндік құн, төмен еңбек өнімділігі және
т.б. Медицинада дәрігер анализдердің нәтижесінен кейін диагноз
қоятындай, басқаруда да ең кемінде соңғы үш жылдық экономикалық
көрсеткіштерін талдау жасау арқылы, табыстылық есептің өзгеру
себептерін табуға болады. Мәселенің диагнозын анықтағаннан кейін ғана
тиімділік жолын нақтылауға, сонымен қатар тиімділіктің критериін
анықтап алуға болады. Критерий — мәселенің сапалық сипаттамасының
көрсеткіші.
4.Шешімнің өзі ақпаратқа сүйену арқылы қабылданатын болғасын,
шешім қабылдау ортасы дегеніміз ақпараттың көлеміне және сапасына
баға беруді айтамыз. Осыған байланысты мынадай орталар бар:
а)нақты-айқын, белгілі орта.
б)қауіп-қатерлі, тәуекелдік орта.
в)белгісіз, екі ұшты орта.
а)Белгілі ортадағы қабылданатын шешімдер басшы жұмысындағы көп
кездесетін, қайталанатын басқару процесстері.
Мысалы: мәжілістер, кеңестер, презентациялар өткізу. Мұндай ортада
-тұрақты ақпарат, әрқашанда қанша қаражат керек мұны өткізуге, қандай
нәтижелер болады. Бұрыңғы жоспарлық шаруашылықта экономикалық
шешімдер көбінесе тұрақты өзгермейтін көрсеткіштерге сүйенетін: баға,
өзіндік құн, банк пайызы, тарифтер және т.б.
б)Қауіп-қатерлік ортада қабылданатын шешімдерге стратегиялық,
болашаққа бағытталған, жаңа келісімдер, жаңа технологияны игеру
әрекеттері және т.б. жатады.
в)Белгісіз ортада қабылданатын шешімдер — ақпарат жоқ немесе өте аз
шешімдер.
Экономикалық, қоғамдық өмірдің әр саласы әртүрлі деңгейде белгісіз болады.
Ең жоғары белгісіздік-саяси, әлеуемттік және әскери салаларда болады.
5.Басқару мәселелерін шешудегі дұрыс жолдар табу басқаруды
ұйымдастырудың тиімділігін сипаттамайды.
Басшы әрқашанда қол астындағы қызметкерлердің (ынталандыру)
функцияларын атқаратын болғандықтан, мәселенің диагностикасын анықтау
кезеңінде, қызметкерлерді оны шешуге араластырғаны дұрыс. Бұл жерде жүйелік
талдау мамандарының жұмыс істегені жөн. Себебі олар арнайы дайындықтан
өткен, мәселені шешуде әртүрлі ғылыми әдістерді қолдана біледі. Басшының
жүйелік талдау мамандарының жұмысына қатысқаны жөн.

2.3.”Эмпирикалық”басқару мектебі

. Эмпирика деген сөз (күнделікті тәжрибе) көбінесе күнделікті тәжрибеден
бақылап, одан қорытындылар шығарып, әрі қарай кеңес, ақыл, нұсқау беру
жолдары эмпирика мектебінің негізгі мәселесі болып табылады. Бұл мектептің
басты өкілдері Друккер, Дэвис, Ньюмен. Олар басшының еңбегінде өзгелерде
болмайтын екі қасиетті анықтайды:
1.Басшы қолдағы бар ресурстардан, қорлардан толық біртұтас жүйені құра
білуі керек.
2.Басшылардың әр бір шешімі және іс-әрекеті кәсіпорынның болашақ дамуына
бағытталуы керек.
Бұл бағыт өкілдерінің ең басты мақсаты жергілікті материалдарды
жинап, оны зерттеп, ықшамдап белгілі бір қорытынды шығарып басшыларға
алдағы іс-әрекетіне жаңа нұсқаулар жасап беру. Бұл бағыттың ерекшелігі
басшының іс-әрекетін жан-жақты қамтитындай кешенді болуына көңіл аудару.
Олар басқаруды өнердің ерекше бір түрі ретінде қарап, насихаттап, өмірде
күнделікті қолдану қажет деп есептейді.
4.Адамдар арасындағы қатынастар мектебі биховеристикалық ғылымның
(мінез-құлық жөніндегі ілім) дамуына жол берді. Бұл ілімнің пікірі бойынша
адамға мейірбандық арқылы оның дүниесіне әсер ету, яғни адам факторын
пайдалана отырып, әрқашан еңбек өңімділігін өсіріп, көтеріп отыруға болады.
Бұл бағыттың негізгі ерекшелігі өндірісте, жұмыста болып тұратын
келіспеушіліктерге көзқарасында. Егер адамдар арасындағы қатынастар мектебі
дау-жанжалды мейірбандық жолмен шешуге талпынса, ал әкімшілік мектеп
әкімшілік әдістермен шешеді. Ал бұл бағыт күнделікті жұмыста болатын
даулардың өндірістік жүйеде алатын орны бар, керек десең қажетті құбылыс
деп санады. Бұған ақылмен түсіне қарау қажет. Өте қауіпті дауларды
болдырмау оның әсерін басқаларға тигізбей немесе азайтқан жөн. Егер ғылыми
коллективте айтыс болмаса, онда бұл ғылыми коллектив үлкен тоқырауда
болғаны. Бұдан жасайтын қорытындымыз: ғылыми коллективтің құрамы жаңартылып
тұру керек. Ғылыми айтыс пікірлермен алмасу алға бастырады.
5.Жаңа бағыт басқару ғылымында дәл ғылымдардың әдістері мен аппараттарын
қолдануды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде даму тарихы
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде дамуы
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Педагогиканың негізгі категориялары
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Пәндер