Саяси партиялар



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1.Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының
және дамуының мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

2. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық
институт ретінде қалыптасуының конституциялық.құқықтық кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Кіріспе

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі:


В.Н. Хропанюк. Теория государства и права. Уч. Пособие. М., 1993.
Н.И. Матузова, А.В. Малько. Теория государства и права. М., 1997.
С.С. Алексеев. Общая теория права. М., 1994.
Мысалға, кейбір жағдайларда партиялар әкімшілік, халықаралық және өзге құқық салаларының ерекше құқық субъектісі ретінде көрінеді. Бұл олардың құқықтық жағдайының ерекшілігімен түсіндіріледі.
К. Дегенхарт. Государственное право. Гейдельберг. 1997,
Кубеев Е.К. Конституционной строй РК. Караганда. 1998.
Назарбаев Н.Ә. Ел Президентінің «Отан» РСП ІV кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінен. Мысль. 2002. №12.
Бэкон Ф. Сочинения в 2-х томах. М., 1978. Т. 2.
Монтеське Ш.А. Рамышления о причинах величмя и падения римлян. Избранные произведения М., 1955.
Бекназар-Юзбашев Т.Б. Партии в буржуазных политико-правовых учениях. М., 1988.
Франклин Б. Изранные произведения. М., 1956
Евдакимов В.Б. Партии в политической системе буржуазного общества. Свердловск. 1990.
Малая энциклопедия конституционного права. Баглай М.В., Туманов В.А. М., 1998.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 2

1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1.Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының
және дамуының
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 3
2. Саяси партиялардың түсінігі мен
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1. Партиялық жүйелердің мәні мен
типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық
институт ретінде қалыптасуының конституциялық-құқықтық
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..36

Пайдаланылған қайнар көздердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

Кіріспе

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі
болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық
актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми
тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және
тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.

1. Саяси партияларды құқықтық құбылыс ретінде зерттеудің теориялық
негіздері
1.1. Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының және
дамуының мәселелері

Саяси партиялар сияқты әлеуметтік-құқықтық феноменді зерттеу кезінде
бірден байқалатын факт – олардың рөлі мен мәніне берілетін бағаның
әртүрлілігі. Мұндай артық эмоция отандық және шетелдік ғалымдардың
барлығына тән. Тіпті ұзақ тарихы бар, классикалық американдық партия
жүйесін зерттеушілердің өздері де саяси партиялар туралы ой-пікірлерінде
бірқалыптылықты ұстанбайды. Әсіресе бұл саяси партиялар –демократия деген
өзара байланыс қағидасын бағалау кезінде анық білінеді. Біреулері
партияларды қоғамның демократиялануының өкілдері ретінде, тіпті
демократиялық қоғамның өзін-өзі басқаруын жүзеге асыратын құрал ретінде
даңқа бөлейді.
Мысалы, Дж. Брайтс локомотивке бу қандай керек болса, Америкадағы
үкімет механизмін қозғалысқа келтіру үшін партиялардың рухы мен күші сондай
қажет [1]. Кейбіреулері саяси партияларды демократиялық процестерді
жаратушы деп тіпті ары кетті. Мысалы, Е. Шатцнейдердің айтуынша Саяси
партиялардың ықпалының өсуі, қазіргі заманғы басқарудың негізгі
белгілерінің бірі екендігі даусыз. Партиялар шын мәнінде демократиялық
басқарудың пайда болуында басты рөл ойнайды. Сондай-ақ біріншіден, саяси
партиялар демократияны дүниеге әкелді, екіншіден, қазіргі демократияны
саяси партияларсыз елестету мүмкін емес [2]. Бірақ осылармен қатар, саяси
партияларға қажеттілік жоқ немесе олар демократиялық саяси өмірдің түбіне
жетеді деп есептейтін екінші топ бар. Тіпті кейбір зерттеушілер саяси
партиялардың қызметіне тыйым салу қажет деп есептейді. Республикашылдардың
негізін салған тұлғалар саяси өмірдегі ұйымдасқан топтарға күдікпен
қараған. Дж. Медисон партиялардың құрылу процесін топтардың апаты деп
атаған [3].
Егер ресейлік саяси партияны зерттеушілерге көшетін болсақ, мұнда да,
демократия мен саяси партиялар ажырағысыз деп есептейтіндер және саяси
партиялар демократия идеалдарын жүзеге асыра алмайды және оларды жояды деп
есептейтіндер болып екіге бөлінеді. В.Н. Даниленко [4], Н.К. Кисовская [5],
В.В. Комарова [6], К.Г. Холодковский [7] және басқалары саяси партиялардың
өмір сүруін демократиямен байланыстырады. Бірақ қазіргі кезеңде саяси
партияларға сыни көзбен қарайтындардың қатары көбейіп келеді. Олар, саяси
партиялар парламенттік емес бірлестіктермен салыстырғанда ( азаматтық
бастамашылдар, әр түрлі әлеуметтік қозғалыстар, қысым көрсету тобы және
т.б.) өзінің маңызын төмендетіп отыр деген көзқарасты ұстанады. Бұлардың
пікірі партиялар дағдарысы, қос партиялық жүйенің құлауы сияқты
саясатттану теориясында кең орын алған. Мұндай теорияны жақтаушылар қазіргі
қоғамда саяси партиялар өз функцияларын тиімді орындай алмай отыр деген
ойға жүгінеді. Сондай-партиялар – бұл анахронизм, өзінің функционалды
міндетін жоғалтып бара жатқан институт, оларды алмастыруға қысым көрсету
тобы және бизнес қауымдастығы сияқты әлдеқайда тиімді жұмыс істей алатын
институттар келді деген де пікірлер бар. Мұндай пікірді ұстанушылар
қатарына М. Доган [8], А.Н. Кулик [9] және т.б. жатады.
Демократиялық режимнің орнауы саяси партиялардың пайда болуы мен дамуына
ықпал етеді деп біржақты кесіп айтуға болмайды. Себебі партиялар қазіргі
түрінде демократияның әсерінен пайда болған жоқ, күрделі урбанизацияланған,
индустриалды қоғамның қажетттілігінен туындады. Дәл осы факторлар
партиялардың пайда болуы мен дамуында фундаментальды рөл ойнады. Партиялар,
қоғамның шындықтары жеке тұлғаға билікке тиімді таласудың мүмкіндіктерін
бермейтін жерде пайда болады. Қоғам неғұрлым күрделі ұйымдасқан сайын,
мемлекеттің саяси элитасына кіру процесі неғұрлым қиын болған сайын, саяси
партиялардың құрылу мүмкіндігі де соғұрлым оңай бола түседі. Қоғам көптеген
ұсақ әлеуметтік топтарға бөлініп, тек солардың белгілі бір бөлігі ғана
формальды түрде мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жіберілсе, онда тек
саяси партияларды құру арқылы ғана саяси құқықтарды тиімді түрде қолдануға
болады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйенсек, саяси партиялар саяси режим мен басқару
нысанына байланыссыз пайда болады. Алайда, мемлекет құқықтық регламенттеу
арқылы саяси партиялардың өмір сүруіне айтарлықтай ықпал жасай алады.
Басқару нысаны мен саяси режим билікке күрес жүргізу сферасында әрқайсысы
өзіне тән ерекше партияны туғызып алады. Мысалы, көз алдымызға күрделі
ұйымдасқан, урбанизацияланған, басқару нысаны аристократия болып табылатын
қоғамды елестетсек, мұндай демократиялық емес қоғамда да бәрібір саяси
партия мен партиялық жүйе болатынын сенімділікпен айтуға болады. Ал
демократия болса, саяси партиялардың еркін қызметіне, саяси өмірдің
әралуандылығына және барлық азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға ең жақсы
жағдай туғызады. Мұндай қорытындыны мынадай мысалмен бекітуге болады,
Афинадағы ежелгі демократия кезінде партиялар мен партиялық жүйелер
болмаған еді, себебі бұл қоғам жеткілікті түрде күрделі ұйымдаспаған еді.
Сондай-ақ партияның пайда болуы мен демократияның арасында байланыстың
жоқтығына, мысалы, XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Ресейдегі
жағдайды келтіруге болады. Ол кездегі саяси режимді демократиялық деп
атауға болмайды, алайда, алғашқы ресейлік партиялар мемлекет пен қоғамдағы
демократиялық құрылымның жоқ кезінде пайда болған. Жоғарыда
келтірілгендердің барлығы, саяси партиялар күрделі ұйымдасқан қоғамның
қажеттілігінен туындаған және партиялардың одан арғы дамуы осы қоғамның
дамуымен тығыз байланысты деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен, саяси партияларды зерттеудің бір жолы ол оларды ерекше
әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеу болып табылады.
Саяси партиялардың әлеуметтік құбылыс ретінде ұзақ тарихы бар.
Зерттеушілердің арасында партиялардың прототипі Афина демократиясының
кезінде болған деген көзқарас бар. Шынында да Аристотельдің еңбектерінен
б.д.д VІ ғасырда Афинада бірнеше бір-біріне қарсы топтар болғандығы жайлы
деректерді кездестіреміз [10]. Сондай-ақ ежелге Римде pars терминімен
белгілі бір императорды қолдайтын лауазымды тұлғалардың тобын атаған.
Алайда, саяси партиялар деп, ұқсас көзқарастары бар тұлғаларды түсінсек,
онда саяси партиялар билікпен бірге сонау неолит дәуірінде пайда болғанын
анықтаймыз. Себебі, адамға ұқсас көзқарасы бар басқа адаммен бірігіп әрекет
істеу үшін ұйымдасу тән. Ал егер партиялы пікірлестер тобы дегеннен гөрі
әлдеқайда күрделі құрылым деп есептесек, онда партияның пайда болуы тарихы
мүлдем кейінірек басталады. Қазіргі ұғымдағы саяси партияларды дүниеге
әкелген ұйымдар XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы ерте буржуазиялық революциялар
кезінде пайда болды. Алғашқы саяси партиялар Голландиядағы оранжистер мен
республикашылардың күресі нәтижесінде пайда болды.
Партиялар саясатқа, оның ішінде сайлау процесіне тұрғындардың барлық
бөлігін тарту арқылы біртіндеп өзінің қызмет аясын кеңейте берді және саяси
өмірдегі өзінің маңызын арттырды. Егер партиялар алғашында экономикалық
және саяси элиталардың клубы ретінде өмір сүрсе, XІX ғасырдың соңынан
бастап күшті ұйымдасқан топқа тән белгілерге ие бола бастады. Бұл өзгеріс
қоғамдық құрылымның күрделенуімен және сайлау процесіне бұқара халықты
жіберумен байланысты жүрді және саяси партиялар осындай күрделі қоғамда өз
орнын табуы үшін өз қатарына бұқара халықты молынан тартуға мәжбүр болды.
Аталған өзгерістер партиялардың алғашқыда ұстанған элита мүддесін бұқаралық
электораттың мүддесіне алмастыруға итермеледі. Оның үстіне қоғамның
күрделенуі мен урбанизациялануы бұқараны мемлекеттен алшақтата бастады,
сөйтіп осы екі ірі құрылымның арасындағы делдал қызметін саяси партиялар
атқара бастады. Шын мәнінде саяси партиялар ақпаратты екі жаққа жеткізуші
қызметін атқарады, яғни, азаматтық қоғамнан мемлекетке және керісінше.
Жоғарыда келтірілгендерден байқайтынымыз, қазіргі ұғымдағы партиялық жүйе
мен партияларды қалыптастыру үшін, біздің пікірімізше, ең аз дегенде үш
жағдай қажет – күрделі түрде ұйымдасқан социумның, дамыған азаматтық
қоғамның және осы қоғамда азды-көпті нақты айқындалған мүдделердің болуы.
Біздің пікірімізше, партиялардың тиімділік дәрежесі, жоғарыда аталған үш
жағдайдың жүзеге асу дәрежесіне тікелей байланысты. Аталған қорытынды
қазіргі қазақстандық партиялардың проблемаларын белгілі бір дәрежеде
түсіндіреді.
Қазақстандық партия жүйесінің әлсіздігі мен тиімсіздігі негізінен екі
факторға тіреледі. Бірінішіден, Қазақстандағы партиялардың қалыптасуына,
азаматтық қоғамның әлсіздігі өзінің кері әсерін тигізуде. Азаматтық
қоғамның әлсіздігі басқа маңызды мәселені – қоғам мен саяси элита
арасындағы байланыстың жоқтығын тудыруда. Біздіңше, осы жағдай қазақстандық
партиялар, азаматтық қоғамның емес (себебі ол әлі толық қалыптаспаған),
саяси элитаның өкілдері екенін көрсетеді. Қазақстандық партиялардың
әлсіздігін түсіндіретін келесі бір фактор, ол қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік
топтардың айқындалған мүдделерінің болмауы. Мемлекетпен қатынаста қоғамның
өкілі болуы үшін партия қандай мүдделерді білдіру керектігін білуі тиіс.
Біздің қоғамда мұндай әлеуметтік мүдделерді қалыптастыру әзірге
инстинктілік сезу сатысында деп айтуға болады. Мүдделер толық
айқындалмағандықтан, саяси партияларды күшті қару ретінде пайдалану мүмкін
болмай отыр.
Жалпы алғанда саяси партиялар әлеуметтік құбылыс ретінде
әлеуметтанушылармен, саясаттанушылармен және тарихшылармен жеткілікті
зерттелді деп айтуға болады. Ал Қазақстан Республикасы конституциялық
құқығы ғылымы тұрғысынан бұлай деп айта алмаймыз.
Саяси партияларды зерттеудің тағы бір жолы, ол оларды ғылыми мүдде
тұрғысынан зерттеу болып табылатынын атап өту қажет.
Қазақстандық ғалымдардан Баймаханов М. Т., Зиманов С. З., Сартаев С. С.,
Өзбекұлы С., Сапарғалиев Ғ. С., Қопабаев Ө. Қ., Айтхожин Қ. К, Ащеулов А.
Т., Нысанбаев А. Н., Дьяченко С. А., Машанов М. С. және т. б. атауға
болады.
Алайда атап өту қажет, ғылыми зерттеулердің айтарлықтай бөлігі партияны
әлеуметтік және саяси құбылыс ретінде қарайды Тек біршама бөлігі ғана саяси
партияны құқықтық құбылыс ретінде қарастырады. Мұндай жағдайды кешегі күнге
дейін саяси партияларды құқықтық реттейтін нормалар тобының шашылып
жүруімен және соның әсерінен аталған құбылысты құқықта жүйелі және бірізді
бекітуді қамтамасыз етілмегендігімен түсіндіруге болады. Тек қазіргі
уақытта ғана партиялардың құқықтық жағдайын реттеудің, біртіндеп
Қазақстанның құқықтық кеңістігінде жеке орынға ие болып жатқандығын
көрсетеді. Біздің пікірімізше, аталған процесс Қазақстанның конституциялық
құқығы саласында саяси партиялардың мәртебесін реттейтін нормалардың орнын
анықтаумен байланысты проблемалардың туындауына негіз береді. Оның үстіне,
саяси партиялардың мәртебесін бекітетін құқықтық нормалардың кешенділігі
туралы айтуға болады. Олар тек қана партиялардың қызметі сферасындағы
конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларды ғана емес, сондай-
ақ құқықтың өзге салаларындағы партиялық қатынастарды реттейтін
нормаларды да қамтиды. Мысалы, саяси партияларды мемлекеттік тіркеуді
реттейтін нормалар әкімшілік құқыққа жатады, ал саяси партияларды
мемлекеттік қаржыландыруды заңдық тұрғыдан бекіту аталған институтқа қаржы
құқығының нормаларының енгені туралы айтуға мүмкіндік береді. Сонымен
қазіргі кезеңде саяси партияларды толық теоретикалық және ғылыми зерттеуге
мұқтаж құқықтық құбылыс ретінде айтуға мүмкіндік туды.
Саяси партияларды ғылыми зерттеудің келесі бір жолы, оларды құқықтық
реттеу объектісі ретінде зерттеу, олардың институционализациялану процесін
зерттеу болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, қазақстандық партиялардың осы
жағы қазіргі кезде жеткілікті зерттелмеген және осы жұмыста негізгі көңіл
осы мәселеге бөлінді.
Конституциялық құқық саласының реттеу объектісі ретінде саяси партиялар
салыстырмалы түрде жуықта пайда болған құбылыс ретінде сипатталады. Саяси
партиялардың жағдайы құқық нормаларымен тек XX ғасырдың ортасында ғана
реттеле бастады. Біздіңше, бұған үш себеп бар – мемлекет қызметінің аясының
кеңеюі, саяси партиялардың қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлінің артуы,
мемлекеттегі жеке тұлғаның рөлінің, оның құқықтары мен бостандықтарының
артуы.
Бірінші себеп ол, мемлекет рөлінің кеңеюі, саяси партияларды құқықтық
реттеу кеңістігіне кіргізді. Бұған саяси партиялардың сайлау кампаниясына
тікелей қатысуын, олардың Парламенттегі, Үкіметтегі, жергілікті өзін-өзі
басқарудағы қызметін реттеу кірді. Өзінің нысаны бойынша реттеу нормативтік
құқықтық түрде жүрді.
Саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасуының іргетасы
болып, олардың жағдайының Конституция нормаларымен бекітілуі табылды.
Мемлекет белгілі бір нормаларды Конституцияға енгізу арқылы саяси жүйедегі
партяның орны мен рөлін анықтауға тырысты. Ертеректе партия ұғымы
Конституцияда кездеспеген еді. Партиялар туралы баптардың негізгі заңға
енуі, партиялардың саяси жүйенің элементі ретінде конституциялық деңгейден
танылуын білдіреді, - деп атап өтеді швед зерттеушісі Л. Рикхель [18].
Партиялардың тарихы, институционализациялану кезеңі фашизм мен реакцияның
талқандалуымен байланысты болған өзгерістер жағдайында жүргізілді. ІІ
Дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған көптеген шет мемлекеттердің
Конституцияларында (Италия, Франция, Португалия, Испания және т.б.) белгілі
бір дәрежеде партиялардың мәселесі қозғалған. Оның үстіне осы
Конституцияларда партияларға арналған баптар санының көбею ағымы байқалуда.
Мысал ретінде Швеция (1974), Греция (1975), Португалия (1976), Испания
(1978) Конституцияларын келтіре аламыз. Партиялар жайлы бір-екі баппен
шектелген итальян және француз Конституцияларына қарағанда, партияларға
испан Конституциясында төрт бап, португал Конституциясында он бап арналған.
Партияларға арналған арнайы баптардан бөлек Португалия Конституциясында
азаматтардың құқықтары мен босатандықтары (46-бап), саяси билікті
ұйымдастыру (117-бап), Парламент қызметі (154, 179, 183 баптар), Үкімет
(190, 197 баптар), жергілікті өзін-өзі басқару (246-бап) сияқты бөлімдерде
және өтпелі және қорытынды ережелерде партиялар жайлы айтылған [19]. Бұл
конституциялық реттеу, партия қызметі туралы жүйеленген құқықтық база
құруға итермеледі.
Партияларды құқықтық реттеудің келесі кезеңі болып, саяси партиялар
туралы арнайы заңның пайда болуы саналады. Саяси партиялар туралы арнайы
заң - құқық шығармашылығының жас түрі болып есептеледі. Оның қалыптасуы XX
ғасырдың 60-70 жылдарына жатады. Аталған заңның ерекшелігі, оның тек қана
партияға бейімделуінде және оның қызметінде ғана емес, сонымен бірге
ұйымның өзін де реттеуінде еді. Сондай-ақ аталған заң партияның ішкі
ұйымдастырушылық қатынастарын реттейтін нормаларды қамтиды. Уақыт өте келе
заң шеңберінде партия қызметін қаржыландыру сұрақтарына ерекше назар
аударыла бастады.

2. Саяси партияның түсінігі және функциялары

Дамыған демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекеттің міндетті атрибуты
ретінде идеологиялық және саяси әралуандылықтың конституциялық деңгейде
танылуы, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ұйымдардың, қозғалыстардың және саяси
партиялардың жедел дамуына жағдай туғызды. Оның ішінде, тек саяси партиялар
ғана халықтың көңіл-күйін анықтаудың сенімді құралы болып табылады[30].
Қазіргі уақытта демократиялық мемлекеттердегі саяси партиялар,
мемлекеттік билік органдарының қалыптасуына және олардың жұмыс жасауына
шешуші ықпал жасайды. Ұлттық саясатты жасау, оны жүзеге асыру үшін тиісті
ресурстарды табу, тиісті шешімдер қабылдау бүгінгі таңда саяси партияларсыз
еш мүмкін емес. Тіпті демократия немесе халық билігі дегеніміздің өзі
қоғамдық ұйымдардың дәл осы түрінің белсенді қызметі, яғни, олардың
сайлаушылардың даусы үшін, саяси және әлеуметтік басымдықтар үшін күрестегі
ашық бәсекелестігі, олар ұсынып отырған саяси бағыттар мен бағдарламалардың
плюрализмі, олардың бірін-бірі сынауы және т.б. [4. 150 бет].
Елбасы Н. Ә. Назарбаев бұл мәселеде былай деген: Күллі әлемде билік,
саяси процестердің катализаторы ретінде жаңа саяси бастамаларды ұсынатын
және оларды қолдаумен қамтамсыз ететін бұқаралық саяси партияларға арқа
сүйейді [31].
Осыған орай, партияларды мемлекеттік-саяси жүйенің элементі ретінде
зерттеу Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ғылымы үшін өзекті
мәселе болып табылады. Оның үстіне, маңызды және үнемі зерттелетін
мәселелердің бірі ретінде саяси партиялардың түсінігін және мәнін айтуға
болады.
Сонымен бірге, конституциялық құқық ғылымында саяси партиялардың мәнін
және рөлін анықтау кезінде де бірегей пікір жоқ. Заңгерлер мен
саясаттанушылардың көзқарастары қоғамның экономикалық және саяси жағдайының
өзгеруімен бірге өзгерді. Партия терминінің (латынның pars- бөлік
сөзінен) қазіргі күнгі ұғымының мазмұны адамзат қоғамының дамуымен бірге,
үлкен эволюциялық жолды жүріп өтті.
Саяси партиялардың түп-тегі көне замандарға кетеді деп есептесек,
қателеспеген болар едік.
Аристократиялық саяси ұйымдар мен клубтар ретінде олар сонау Ежелгі
Грецияның өзінде өмір сүрді және билік үшін немесе билікке ықпал жасау үшін
бір-бірімен бәсекелес болды.
Партиялар (шартты түрде осылай атайық) әр түрлі құлиеленуші таптардың
мүддесін білдірді және өзінің тұрақсыздығымен ѕәм әлсіз ұйымдасумен
ерекшеленді.
Көне грек пәлсапашысы Платон полистің тұрақтылығын сақтау үшін, барлық
азаматтардың қоғамдық жұмысқа сәл де болса араласу қажеттілігін түсінген.
Екінші бір антикалық ойшыл Аристотель негізгі көңілді қоғамның
тұрақтылығының шешуші факторы ретінде сословиелер мен топтардың саяси
биліктік өзара қатынастарына (билік үшін күрес және оған қатынасу) бөлген.
Платон да, Аристотель де және Ежелгі Грецияның өзге де ойшылдары, әр
түрлі сословиелер мен олардың мүдделері қоғамды үлкен өзгерістерге алып
келетінін мойындаған, сондықтан да олар ұсынылған тәртіпті қабылдап, әркім
өз ісімен айналысатын идеалды мемлекет жобаларын жасады.
Орта ғасырдағы саяси құқық концепциялар бірегей ғаламдық мемлекет туралы
теологиялық идеяның маңайына топтасты және ұлттық, мемлекеттік немес
басқалай бөлуші факторларға мұнда орын болмады. Мәңгі бірлік және татулық
туралы догмалардың негізін құраған теологиялық концепцияның өкілдері
ретінде Қасиетті Августин (354-430 ж.ж.) мен Фома Аквинскийдің (1225-1274
ж.ж.) атауға болады.
Партия сөзінің қазіргі мағынада пайда болуын, XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы
Еуропадағы буржуазиялық революциялар мен демократияның қалыптасу кезеңіне
жатқызуға болады. Жаңа кезеңде олар бұрынғы аристократиялық ұйымдардан
өзінің әлеуметтік жағдайымен ғана емес, сонымен бірге, идеологиялық
байланыстардың тұрақтылығымен, мықты ұйымдасуымен, қоғамдық жұмысының
әлдеқайда кең көлемімен ерекшеленді.
XVІІ ғасырдың ортасындағы Англиядағы буржуазиялық революцияның жеңісі,
жаңа экономикалық және саяси қатынастардың дамуына жағдай туғызды және
осының нәтижесінде әлдеқайда прогрессивті тап-буржуазия дүниеге келді. Дәл
сол буржуазия британ парламентінде өзгелерден бұрын протопартиялардың
(тори және виги) қалыптасуына жағдай жасады. Бұл кезеңде партияның
теориясы мен концепциясын жасауға Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Д. Юм сияқты ағылшын
пәлсапашылары көп үлес қосты.
Англияда протопартиялардың қалыптасу сатысында, сол кезеңнің
прагматиктері партияларды қоғамның тұрақсыздығының қайнар көзі деп
есептеді.
Ф. Бэкон (1561-1626 ж.ж.) партияларды әр түрлі саяси күштердің билік
үшін жүргізген күресінің жемісі деп есептелген. Алайда, ол партияларды
толық мойындады және қолдады деп айтсақ, қателескен болар едік. Ф. Бэконның
пайымдауынша: Көтерілістерге себеп және сылтау болып, ... партиялардың
наразылықты оятуы, халықты ортақ іске ұйымдастыруы және жұмылдыруы
табылады [32]. Бірақ сонда да, оны саяси партияларға деген төзімділігі
ерекшелендіреді. Ол партияларға шынайы қатынасты қалыптастыруды және
олармен санасуды ұсынды.
Жалпы алғанда, Англияның құқықтық доктринасында буржуазиялық қоғамның
саяси өміріндегі партияның рөлі мен маңызын мойындау ағымы байқалады.
Саяси партиялардың мәнін анықтауға Ш. Монтескье және Ж.Ж. Руссо сияқты
француз ағартушылары үлкен үлес қосты.
Буржуазия идеологы Ш. Монтескьенің ілімлерінде қоғамның
стратификациялануының нәтижесі ретінде партияның пайда болу заңдылықтарын
мойындағаны айтылады. Оның үстіне, Монтескьенің пікірі бойынша партия
құрылымдарының қызметі қоғамдағы демократия деңгейін көрсетеді. Бұрынғы
пікірлерге қарағанда, оның концепциясы өзінің жаңашылдығымен сипатталады
және партияны еркін саяси режим мен демократиялық мемлекеттің атрибуты деп
есептей отырып, партия ұғымына прогрессивті-позитивті мазмұн бергенін
көреміз. Ш. Монтескьенің айтуынша: Біз әркез өзін республика деп атайтын
мемлекетте әр түрлі саяси қағидалар мен топтардың күресі жоқ екендігін
байқасақ, онда ол мемлекетте еркіндіктің жоқ екендігіне сенімді болуға
болады [33]. Сонымен бірге, ол, тым шексіз еркіндік, оның ішінде
партиялардың еркіндігі де еркіндіктің өзін жоққа шығаруға алып келеді.
Сондықтан да партия аралық күресті құқықтық реттеу тиімді болар еді деп
пайымдайды.
Екінші бір француз ойшылы Ж. Ж. Руссо біршама өзгелеу позицияны ұстанды.
Партияның мемлекет өміріндегі мәнін және қызметін анықтаудағы оның
жаңашылдығы, оларды қоғамдық пікірді алып жүруші, қоғамның әр түрлі
бөлігінің мүдделерін мемлекеттік деңгейде білдіруші ретінде қарастыруы еді.

Ж.Ж. Руссо партиялар, қоғамдағы мүдделер мен қайшылықтарды реттейді, ал
партиялардың күресі – ол әр түрлі мүдделердің шартты түрде демократиялық
ерік-жігерін білдіру үшін қажетті жағдай деп есептелген. Сонымен бірге
жеке мүдделер жалпы мүддеден үстем болып кетпеуі тиіс. Партиялардың пайда
болу заңдылығын мойындай отырып, ол мемлекеттегі олардың пайдалылығын және
әкелуі мүмкін оң өзгерісін танудан алшақтау болған. Бірақ, плюралистік
көзқарастың ұстанушысы ретінде мемлекеттегі жалғыз ортақ ассоциацияның
болуына қарсы шыққан [34].
Сөйтіп, француз ойшылдары партияның рөліне әлдеқайда позитивті тұрғыдан
баға берді және өз мемлекетіндегі партиялық жүйенің жұмыс жасау тәжірибесін
теориялық тұрғыдан негіздей алды.
Солтүстік Америкада да саяси партияларға құқықтық көзқарастың қалыптасуы
өзінше жүрді. Тәуелсіздік үшін болған соғыстың алдында, АҚШ қоғамында әр
түрлі фракциялардың құрылуы саяси өмірдегі қалыпты құбылыс ретінде қаралды.
Сонымен бірге саяси партиялар америкалық теорияда сыни көзқарасты
қалыптастырды, себебі олар алғашында эгоистік топтардың мүдделерін
білдірген еді. Осыған орай америка қоғамының бір-бірімен жауласқан
әлеуметтік-саяси фракцияларға бөліну заңдылығын сезіне отырып, Д. Мэдисон
партия аралық мүдделерді мемлекеттік реттеу қажет деп есептеді. Сонымен
қатар, ол партиялардың мемлекеттік органдардағы ықпалын да мойындаған.
Келесі бір америкалық демократ Б. Франклин партияларды жалғыз, ортақ
мақсатты – қоғамдағы жақсы өмірді көздеушілер және олар оған жетудің әр
түрлі тәсілдеріне байланысты ажыратылады деп есептеді. [35].
Сөйтіп, антика дәуірінен басталып, алғашқы буржуазиялық мемлекеттердің
классикалық ілімдерімен аяқталған саяси партиялар теориясының эволюциясы
қоғамның саяси құрылымындағы партияның рөлі мен мәніне әр түрлі және қарама-
қайшы қатынасты көрсетті. Алайда, XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында
либералды-демократиялық концепциялардың дамуына байланысты партия феноменін
қоғамды дағдарысқа алып баратын институт ретінде негативті қабылдау
толығымен жойылды. Енді ғалымдар партияларды саяси жұмыстағы ортақ
көзқарастар мен ұмтылыстарды біріктіретін қоғамдық топ ретінде елестетті.
Мысалы, Г. Кельзен партияны жекелеген тұлғалардың идеяларын және пікірлерін
қорғау және таратудың мемлекеттік органдары мен қоғамға ықпал жүргізуге
күресу және оны иеленудің құралы ретінде қарастырды. М. Вебер саяси
партияларды азаматтарды өз қатарына ерікті түрде қабылдауға сүйенетін,
өзінің жетекшілерін билікке жеткізуді және белсенді мүшелеріне белгілі бір
пайда немесе артықшылықтар беретін тиісті жағдай туғызуды мақсат етіп
қоятын қоғамдық ұйым.
В. Хасбахтың пікірі бойынша, партия дегеніміз бірыңғай саяси
көзқарастары және мақсаттары бар, жеке мүдделерін жүзеге асыру үшін саяси
билікті басып алуға ұмтылатын адамдар одағы [36]. Сөйтіп, саясаттанушылар
мен заңгерлердің партияға деген көзқарастарының өзгеруі, партиялардың
қоғамымыздың саяси жүйесіндегі маңызды институтқа айналғандығын көрсетеді.
Саяси партиялардың қазіргі күні де көптеген анықтамалары бар.
Әдетте, саяси-құқықтық ғылымда саяси партия түсінігін анықтаудан
қашқақтап, оның қызметінің тек бір жағына ғана көңіл бөледі.
Кейбір мемлекеттанушылар мен саясаттанушылар саяси партиялардың
қызметіндегі негізгі фактор болып, олардың сайлау функциялары, яғни,
сайлауды өткізу және осы кезеңде мемлекеттік билікке жету үшін
сайлаушылардың таңдауына әсер ету табылады деп пайымдайды (Дж. Джеймс, Т.
Лауи, П. Меркл, Дж. Сартори, Ф. Херменс). Бұл жерде саяси партиялар
үкіметке бақылау жүргізу үшін, сайлау кезінде жеңіске жетуге тырысатын
саяси топтар ретінде сипатталады.
Алайда, саяси партияларды бұлай сипаттау олардың мәнін ашпайды және
партия қызметінің өзге тұстары есептелмейді. Оның үстіне партияның тек
сайлау функциясына көңіл аударып, партия қызметіндегі құрылымдық-
ұйымдастырушылық сәттерді, оларды әлеуметтік топтардың саяси және
идеологиялық ұйымдары ретінде сипатын ескермеу ғылыми негізделмеген болып
табылады.
Саяси партиялардың сипатын тануға ұмтылатын екінші бір топ, оның
қызметінің құрылымдық, ұйымдастырушылық жағына көңіл бөледі (М. Дюверже,
Дж. Лапалабара, М. Виннер). Бұл концепцияға сәйкес партия дегеніміз
мемлекеттің барлық аумағын қамтитын ерекше құрылымға ие, өз жақтастарының
қамын күйттейтін, ұзақ уақытқа құрылған азаматтардың бірлестігі. Бұл
позицияны жақтаушылардың бірі белгілі француз саясаттанушысы М. Дюверже.
Оның пікірі бойынша, партия ол ерекше құрылымға ие, ерекше ұйым.
Бұл концепцияның кемшілігі, партияны өзге қоғамдық ұйымдардан
ерекшелендіретін оның саяси механизмдегі қызметі ашып көрсетілмеген.
Саяси партияларды зерттеудегі үшінші концепция ол партияны таптық ұйым
деген ұстанымды жақтаушылар (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин). Яғни, партия
дегеніміз белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың саяси және
идеологиялық ұйымы.
Алайда, бұл концепцияда субъективті фактор есептелмейді, яғни, тұлғаның
белгілі бір тапқа жатуы, оның партяны таңдауына үнемі сәйкес келе бермейді.
Саяси-құқықтық ғылымда партияның мәні мен түсінігін зерттейтін өзге де
салалар бар: тарихи, бихевиористік, әлеуметтік және т.б. Алайда,
конституциялық құқық ғылымы үшін саяси партиялардың құқықтық анықтамасы
маңызды болып табылады.
Конституциялық құқықтың Кіші энциклопедиясының авторлары саяси
партияларды елдің саяси өміріне сайлау арқылы қатысып, мемлекеттік билікке
ықпал етуді көздейтін және сол арқылы өз мақсаттарына жетуге ұмтылатын,
өздерінің саяси көзқарастары мен мүдделері бойынша ұйымдасқан азаматтардың
бірлестігі, - деп анықтаған [37].
Қазақстандық зерттеуші Т. Топорина саяси партия ұғымына жан-жақты
талқылау жүргізуге тырысқан. Оның пікірі бойынша, партия дегеніміз
мемлекетте құқықтық мәртебеге ие, ерекше қоғамдық ұйым болып табылатын,
әдетте, бағдарламалық құжаттарында формальды түрде көрініс табатын саяси
көзқарастарының ұқсастығы бойынша біріккен адамдар тобы. Олар белгілі бір
идеологияға сүйеніп және белгілі бір мүдделерді білдіру арқылы мемлекеттік
және қоғамдық-саяси өмірде белсенді болуға ұмтылатын, мемлекеттік билікке
жету және оны жүргізу мақсаты бар, сол арқылы тиісті қоғамдық топ,
әлеуметтік бөліктің мүддесін жүзеге асырады [38]. Бұл анықтамаға тым артық
мұқияттылық және ауқымдылық тән.
Саяси партияның қысқаша құқықтық анықтамасын конституционалист Юдин Ю.
жасаған болатын. Ол саяси партия деп мемлекеттік билікке конституциялық
жолдармен жету және оны жүргізу мақсатымен саяси процеске қатысу үшін
құрылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және саяси бағдарламасы бар
қоғамдық бірлестікті түсінеді [17. 50 бет]. Тек қана ғылымда ғана емес,
сонымен бірге қазіргі күнгі заңнамада да саяси партияның бірегей
анықтамасы жоқ. Бұл партияның өзінің шығу тегі, қызметінің сферасы,
функционалды міндеті бойынша мемлекеттік құқықтық категориядан гөрі,
қоғамдық-саяси категория болуына байланысты.
Әрине, мемлекеттерде саяси партиялардың мәні, олардың қоғамдық саяси
өмірдегі рөлі туралы ой-пікірлер әрқилы. Бұған себеп болып, саяси режимнің
ерекшеліктері, құқықтық доктринаның даму ережесі және т. б. табылады.
Қазақстан заңнамасында саяси партия терминіне анықтама берілген кезде
де, қазіргі конституциялық-құқықтық даму жағдайы ескерілген. Яғни:
Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік
биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында
білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси
еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі
саяси партия деп танылады. Партияның құқықтық анықтамасының мәнін және
мазмұнын толығырақ ашу үшін және оны қоғамдық бірлестіктердің өзге
нысандарынан ажыратып алу үшін, ерекше конституциялық-құқықтық институт
ретінде партияға ғана тән белгілерді қарастырсақ.
Саяси партия – мақсаты мемлекеттік билікті жүргізуге қатысу болып
табылатын, азаматтардың қоғамдық бірлестігі.
Бұл партиялардың мәнін ашатын және оны қоғамның өзге институттарынан
ажырататын ең маңызды белгі болып табылады. Партияның басты мақсаты -
өзінің бағдарламалық міндеттерін орындау үшін биліктің тұтқаларына тікелей,
ашық бақылау орнату арқылы мемлекеттік механизмді пайдалану.
Ал, кәсіпкерліктің, кәсіби одақтардың, лоббистік топтардың алға қойған
міндеттері – ол, өз мүшелерінің жеке спецификалық мүдделерін қанағаттандыру
және қорғау болып табылады.
Бұл басты белгі, 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған Саяси партиялар
туралы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көрініс тапқан [39].
Алайда, егер бұрынғы заңда саяси партия деп мемлекеттік билікті жүзеге
асыру үшін олардың саяси еркін білдіруге көмектесетін азаматтардың
бірлестігі танылса [40], жаңа заңда саяси партия деп азаматтардың,
әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және
атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды
қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін
Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігін түсініледі.
Жоғарыда келтірілген екі анықтама да партияның мәнін, олардың негізгі
қызметін өзгертпейді. Себебі, мемлекеттік органдарды қалыптастыру және
олардың жұмысына қатысу арқылы партиялар әлеуметтік топтардың саяси еркін
білдіреді.
Саяси партия – бұл азаматтарды саяси көзқарастары мен мүдделерінің
ортақтығы негізінде біріктіретін ұйым. Ол көзқарастар мен мүдделер
партияның бағдарламасында көрініс табады және мемлекет қызметінің басым
бағыттарын айқындайды.
Саяси партияның маңызды белгілерінің бірі оның барлық әрекеттері мен
бастамаларын айқындайтын, негізгі құжат – партия бағдарламасы болып
табылады. Өзге қоғамдық ұйымдардың партиядан ерекшеліктері, олардың саяси
бағдарламасының болуы міндетті емес.
Бағдарламада әдетте, партияның негізгі стратегиялық мақсаттары және оған
жету тәсілдері көрініс табады: партияның күрес тактикасы, болуы мүмкін
одақтастармен қатынас, маңызды болып табылатын саяси, экономикалық,
әлеуметтік, халықаралық бағыттар және партия мемлекеттік билік басына
келген жағдайдағы жасалынатын нақты жағдайлар көрсетіледі. Қысқаша
айтқанда, бағдарлама дегеніміз ол партияның бет-жүзі.
Атап өту қажет, қазақстандық қоғамдық бірлестіктер партия болып тіркелу
үшін бағдарламаның болуы міндетті шарт болып табылады.
Саяси партия- бұл тұрақты негізде жұмыс істейтін және ерекше ұйымдық
құрылымға ие бірлестік.
Аталған белгі Саяси партияның анықтамасына кірмесе де, оған үлкен
маңыз беріледі.
Саяси партиялар ұйымдасуы жағынан саяси қозғалыстардан біршама
ерекшеленеді. Соңғылары республика аумағы бойынша жақсы ұйымдастырылған
аумақтық бөлімшелерге ие емес. Оның үстіне, бұл жерде мүшелік кейде ұжымдық
негізде де құрылып жатады. Тіркеуге алынатын мүшелік бұл жерде жоқ [41].
Бірақ Қазақстанда заңдық тұрғыдан саяси қозғалыстардың құқықтық мәртебесі
реттелмегендіктен, оларды партиялардан құқықтық шектеудің мағынасы жоқ.
Сонымен бірге, мұндай қозғалыстардың саяси партияға айналу сәтіне дейін
немесе елдің саяси сахнасынан жойылу сәтіне дейін өмір сүре беретінін
мойындауымыз керек.
Тұрақты ұйым белгісі партияны сайлау өткізу кезеңінде ғана саяси өмірде
уақытша жұмыс істейтін сайлаушылар бірлестігінен ерекшелендіреді.
Тұрақтылық белгісі саяси партияларға ұйымның белгілі бір мүшелерінен
тұрақты негізде жұмыс істейтін қызметкерлердің болуын талап етеді. Себебі,
онсыз тұрақты ұйымның болуы мүмкін емес.
Саяси партиялардың жоғарыда келтірілген белгілері олардың мәнін
суреттейді, сонымен бірге партияларды өзге қоғамдық бірлестіктерден
бөлектеп, олардың мемлекеттегі ерекше құқықтық мәртебесін орнатады.
Партиялардың бұл белгілерін нормативтік тұрғыдан бекіту арқылы,
қазақстандық заң шығарушы оларды спецификалық конституциялық-құқықтық
институт ретінде анықтайды.
Жоғарыдағы тұжырымдарды қорыта келгенде, саяси партия дегеніміз
демократиялық жолмен, мемлекеттік деңгейде саяси билікке жетуге және оны
жүзеге асыруға ұмтылатын немесе соған қатынасатын, халықтың белгілі бір
бөлігінің саяси еркін білдіретін, қоғамдық мемлекеттік процестерге ықпал
етуді көздейтін пікірлестердің идеологиялық негізде құрылған, ерікті,
тәуелсіз, қоғамдық бірлестігі.
Саяси партиялардың қоғам мен мемлекеттегі жалпы рөлі мен маңызы туралы
толық көріністі олардың функцияларын талдау арқылы алуға болады.
Мысалы, Ф. Соренауф былай деп жазады: Саяси партиялардың толық
портретін жасау үшін, тек қана оны қоршаған ұйымдардың барлық
ерекшеліктерін және саяси партиялардың мүшелік құрамын зерттеу ғана емес,
сонымен бірге партиялардың қоғамның саяси жүйесінде орындайтын функциялары
туралы да білу қажет [42].
Қазіргі күні саяси партиялардың функцияларының анықтамасына байланысты
бірыңғай пікір жоқ. Саяси-құқықтық ғылымда аталған мәселе бойынша өте көп
және қарама-қайшы пікірлер бар. Мысалы, Бандурин А., Власов В. партиялардың
функцияларын былай деп бөледі:
оның таппен, әлеуметтік топпен, қоғаммен байланысын сипаттайтын
функциялар;
қоғамның саяси жүйесіне және оның жекелеген институттарына қатысты
функциялар;
ішкі тәртіп функциясы, яғни, партияның өзінің жеке проблемаларына
қатысты функциялар [43].
Баглай М. В. партиялардың – он бір [4. 159-163 бб.], Булатова
А. және Исмагамбетова З. – сегіз [44], Нысанбаев Ә. – үш [45] функциясы
бар деген пікір білдіреді.
Осы мәселеде қазақстандық зерттеуші Мусин Қ. Қ. саяси партиялардың
қызметінің екі бағытына байланысты, олардың функциясын да негізгі екі топқа
бөледі.
Функцияларының бірінші тобы олардың қоғамдық ұйым ретіндегі мәнін
білдіреді. Саяси партиялар бұл кезде келесі функцияларды атқарады:
Жеке тұлғаның саяси өзін-өзі идентификациялану, олардың өзінің саяси
еркін партияларға бірігуі арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз
етеді, яғни саяси көзқарастар мен идеялардың ұқсастығы негізінде, азаматтар
әр түрлі саяси партияларға бірігіп жатады. Сөйтіп, азаматтар өздерінің
идеясы үшін күресте сенімді құралға ие болады.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы неғұрлым басым
бағыттарды анықтауға көмектесетін саяси процестерді ұйымдастырады.
Партиялар арасындағы бәсекелестікте, яғни, әртүрлі саяси идеялар мен
концепциялардың күресінде, дәл сол уақытқа қайсысы керек екендігі
анықталады. Осы саяси концепциялар сайлауда жеңген партия құратын үкіметтің
қызметінің негізінде алынады. Халықтың көпшілігінің еркіне сәйкес
мемлекетті басқаруға жағдай осылай туындайды.
Дағдарысты жағдайдан шығудың баламалы нысаны мен тәсілдерін қамтамасыз
етеді. Партиялар арасындағы күрес саяси процестің қатысушыларының бірде
біреуіне, тіпті билікте отырғанына да босаңдауға мүмкіндік бермейді және
оларды үнемі өзінің бағытын ѕәм оған жету тәсілдерін жетілдіруге итермелеп
отырады. Егер саяси және әлеуметтік қайшылықтардың күрделенуіне байланысты,
биліктегі партия өзінің маңызын жоғалтса, онда партиялық жүйе бірінші
рөлге, кешегі оппозицияны әкеп қояды. Жақсы жолға қойылған партиялық
жүйенің ең маңызды міндеті – ол биліктің вакуумына жол бермеу.
Қоғамда үлкен қолдауға ие, болашағы бар жетекшілерді билікке жылжыту
арқылы, мемлекеттің басқару құрылымдарына кадрлық потенциал дайындау.
Бұқаралық қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік құрылымдармен өзара бірігіп
жұмыс істеу арқылы, саяси партиялар өз адамдарын барлық бағыттар бойынша
алға жылжытады. Басқаша айтқанда, олар билік элитасы қалыптасатын кадрларды
дайындайды.
Саяси партиялардың функцияларының екінші тобы мемлекеттік биліктің
әртүрлі институттарының қызметімен тығыз байланысты. Бұл жерде партия
мемлекеттік механизмнің органикалық бөлігі ретінде сипатталады. Саяси
партиялар көпфункционалды сипатқа ие болса да, олардың басты міндеттерінің
бірі болып мемлекеттік билікке жету, өздері қорғайтын әлеуметтік мүдделер
мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін билік аппаратына иелік ету табылады. Бұл
жерде келесі функцияларды атап өтуге болады:
Мемлекеттің өкілді органдарына сайлауды ұйымдастыру және өткізуді
қамтамасыз етеді. Яғни, саяси партиялар кең көлемдегі насихат жұмыстарын
ұйымдастырады, сайлау алдындағы шығындардың бір бөлігін қаржыландырады,
сайлау комиссияларын қалыптастыруға қатысады, дауыс беру процесін
қадағалайды, өзінің кандидаттарын жарнамалайды.
Партияның фракцияларды ұйымдастыру және олардың қызметі арқылы
парламенттің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Палаталардың жетекші
органдарын және парламенттік комиссияларды құрған кезде депутаттардың қай
партияға жататындығы есептеледі. Заң шығару процесінің негізгі қозғаушы
күші – ол, партиялық фракциялар. Дауыс беру кезінде партиялық тәртіпті
ескере отырып, саяси партиялар шын мәнінде заңның әлеуметтік-саяси мазмұнын
анықтайды.
Мемлекет басшысы қызметіне кандидаттарды ұсынған кезде саяси партиялар
маңызды рөл ойнайды. Президент өзінің қызметінің мерзімі кезінде саяси
бейтарап тұлға болып танылатын болса да, оның бұл қызметке партия
қолдауының нәтижесінде келгенін ұмытпау керек.
Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметіне ықпал
жасайды. Саяси партиялардың аймақтық бөлімшелері шын мәнінде, жергілікті
сайлау кезінде жергілікті атқарушы биліктің басшысын, жергілікті өкілді
органдардың құрамын, жергілікті жерлердің өзге де лауазымдық тұлғаларын
анықтайды. Сондай-ақ, саяси партиялар жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қызметінің нақты мазмұнын және әлеуметтік бағытын анықтайды
[46].
Саяси партиялардың жоғарыда аталған функциялары табиғи болып табылады
және оларды қоғамдық бірлестіктердің ерекше түрі ретінде сипаттайды. Және
бұл жерде, дамыған елдердің саяси жүйесінде саяси партиялар маңызды орын
алады деген тұжырыммен келіспеуге болмайды [47].

2.1. Партиялық жүйелердің мәні және типологиясы

Қазақстандағы саяси партиялардың рөлі мен ықпалының өсуі конституциялық
құқық ғылымында партиялық жүйелерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырып
жіберді.
Әдетте, ғылыми әдебиетте жүйе деп (гректің systema – бөліктерден
құралған бүтін) бір-бірімен байланыста болатын және белгілі бір тұтастықты
құрайтын элементтердің белгілі бір көптігін айтады [48].
Бүгінгі күнде партиялық жүйенің барлығы мойындаған анықтамасы жоқ.
Америкалық зерттеуші Дж. Лапаламбараның пайымдауынша, партиялық жүйе
дегеніміз екі және одан да көп бәсекелес партиялардың, ашық және еркін
сайлауда бір-бірімен күрес жүргізу жағдайы. Бұл жерде партиялық жүйені
сипаттайтын келесі элементтерді көрсетуге болады: 1) партиялардың белгілі
бір санының болуы; 2) сайлаудағы олардың бәсекелестігі [36. 47 бет]. Оның
бір партиялы мемлекеттерде партиялық жүйе жоқ деп айтқан пікірін де көп
зерттеушілер қателік деп бағалайды.
С. Ньюмен партиялық жүйені Өзінің жеке басқару жүйесін қалыптастыруға
партиялардың құқығы деп түсінеді. Бұл жерде екі түрлі ұғымның бірлігі
туралы сұрақ туады: партиялық жүйе және басқару жүйесі [36. 48 бет].
Француз зерттеушісі Ф. Борелля партиялық жүйеге әлдеқайда кеңірек
анықтама береді. Оның айтуынша: Көптеген партия элементтері өзара
байланысқан, бірегей бүтінді құрайды; бұл бірегей бүтінді конституциялық
немесе саяси режиммен, оның ішінде өзі өмір сүріп отырған қоғаммен
араластыруға болмайды. Оны құрайтын элементтер берік және өзара тығыз
байланыста болған кезде ғана, партиялық жүйе туралы сөз қозғауға болады.
Партиялар мен партиялық коалициялардың саны мөлшермен алғанда, тіркеліп
отырулары тиіс, себебі оларға тән күш пен ықпал тұрақты болуы немесе
ақырындап дамуы тиіс [36. 48 бет].
Партиялық жүйені француз зерттеушісі М. Дюверже өзгеше түсіндіреді. Ол
партиялық жүйенің өзге жақтарын: партияның құрылымдық ерекшеліктері
(орталықтандырылған және орталықтандырылмаған, жұмсақ және жұмсақ емес),
олардың көлемі, саяси өмірдегі үлесі және т.б. қарастырады. М. Дювершенің
пікірінше: Партиялық жүйе осы сипаттамалардың арасындағы қатынастарға
байланысты анықталады [36. 50 бет].
Кеңестік ғалымдардың еңбектерінде партиялық жүйені талқылайтын сұрақтар
сирек көтерілетін. Себебі, көппартиялық феномені демократиялық мемлекеттің
маңызды белгісі болып табылады.
Зерттеуші Л. Энтин партиялық жүйені партиялардың қызметі және оны
қалыптастыру талаптары, олардың өзара қатынасы, саяси жүйенің өзге
элементтерімен, оның ішінде, мемлекеттік механизммен қатынасының негізгі
бастаулары мен қағидалары көрініс табатын, мемлекетпен танылған және рұқсат
етілген институт ретінде қарастырады [49].
В. Туманов партиялық жүйенің негізгі элементі ретінде жалпыұлттық
масштабта жетекші саяси рөлге, үкіметтік билікке ие болуға мүмкіндігі бар
партияны атайды [50].
Көппартиялық жүйенің жоғарыда келтірілген негативті тұстары шын мәнінде
плюралистік мемлекеттердің өмірінде орын алып отыр. Көппартиялылық – бұл
ортақ игілік, саяси жүйенің дамуының бастауы, сонымен бірге бұл фактор
саяси дәстүрдің қырқысуына, қоғамдық моральдық бұзылуына да алып келеді.
Бұл жағдайдан шығудың жолы, біздің пікірімізше, саяси партиялардың бір-
бірімен және мемлекетпен мүдделері тоқайласатын тұстарын констиуциялық
тұрғыдан реттеу табылады.
Шетелдік тәжірибе, көппартиялық жүйенің бірнеше түрін жасап шығарды,
енді соларға тоқталсақ.
Жетекші партиясы жоқ көппартиялы жүйе. Бұл, күштері бір-бірімен тең
қарсыластар билік үшін күресетін классикалық вариант. Мұндай жағдайда,
күрестің нәтижесін болжаудың өзі қиынға соғады. Бірде бір партия
Парламентте көп орын ала алмайды және тиісінше, үкіметті қалыптастыру
кезінде одақтар мен келісімдерге жүгінеді. Үкімет коалициялық сипатқа ие,
оны қалыптастыру біршама қиындықтармен байланысты болады және белгісіз
мерзімге созылуы мүмкін. Мұндай үкіметтің тұрақтылығын сақтау өте қиынға
соғады. Мысалы, Франциядағы Төртінші республиканың партиялық жүйесі (12
жылда 26 үкімет); Нидерландыдағы үкіметті қалыптастыру айларға созылды;
Италияда соғыстан кейінгі жылдардағы бір де бір үкімет өзінің заңмен
белгіленген мерзімін толық аяқтамаған және т.б.
Жетекші партиясы бар көппартиялық жүйе.
Бұл варианттың ерекшелігі, партиялардың бірі қалғандарынан айтарлықтай
басымдыққа ие болады. Жетекші позицияға ие бола отырып, ол жеке өзі немесе
басқа бір одақтас партиямен бірігіп, парламент көпшілігін құрайды және
тиісінше, бірпартиялы үкіметті қалыптастырады. Мұндай көппартиялық жүйе
билеуші топқа тиімді болып табылады. Бұл классикалық көппартиялылықтың
әлсіз тұсын – сайлаудағы бәсекелестің формальдығын сақтай отырып, сайлау
нәтижесін анық болжау арқылы түзетуге мүмкіндік береді және үкімет
тұрақтылығына кепілдік беріледі. Мысалы, Жапонияның 1993 жылға дейінгі
партиялық жүйесін (38 жыл бойы Либералды-демократиялық партия жетекшілік
жасап келді) немесе Мексиканы (Институционалды-революциялық партия басым
рөлге ие) айтуға болады.
Қоспартиялық жүйеде де айтарлықтай өзгерістер, қоғамдық және мемлекеттік
дамудың мүлдем өзге модельдері мүмкін болады.
Бірпартиялық жүйе. Мемлекетте үкіметті қалыптастыруға монополиялық құқық
берілген жалғыз, заңды жұмыс істейтін партияның болуын білдіреді. Мұндай
жүйе, әдетте, өзге партиялардың қызметіне құқықтық тұрғыдан тыйым салынған,
авторитарлы және тоталитарлы режимі бар мемлекеттерде орын алады. Мұндай
бірпартиялық жүйелер фашистік Германия мен Италияда, социалистік
мемлекеттерде өмір сүрген. Қазіргі күні бұл жүйе Қытайда, КХДР-нда, Кубада
және тағы бірқатар мемлекеттерде сақталып отыр.
Бірпартиялық жүйенің ерекшеліктерін мынадан байқаймыз:
мемлекеттік және партиялық аппаратты біріктіріп жіберу;
өзге партиялардың болмауына байланысты сайлау институтының
формализацияға ұшырауы;
идеологиялық плюрализмді жоққа шығаратын, жалғыз партияның идеологиясын
мемлекеттік тану және мемлекеттік қолдау көрсету;
адамның саяси құқықтары мен бостандықтарын шектеу, мемлекет мүддесінің
жеке тұлғалар мүддесінен басым болуы;
заңдылықтың болмауы, яғни, биліктің партияның саяси еркін жетекшілікке
ала отырып, ашық түрде өзін заңнан үстем қоюы.
Ол партиялық жүйелерді төрт типке бөледі: 1) буржуазды-демократиялық, 2)
фашистік, 3) авторитарлы, 4) социалистік [53].
Аталған типологияның артықшылығы, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің
барлық аспектілерін, жеке тұлғаның және қоғамдық бірлестіктерінің құқықтық
жағдайының ерекшеліктерін есептеуден тұрады. Сонымен бірге, автор мұндай
классификацияның негізіне, біруақытта қоғамдық-экономикалық формация мен
саяси режимді де алады. Оның үстіне, авторитарлы партиялық жүйелерді
капиталистік және социалистік деп екіге бөлуі негізсіз болып табылады.
Мұндай жағдайда дұрысы партиялық жүйелерді бинарлы типологиялау, яғни
бәсекелесе алатын (демократиялық) және бәсекелесе алмайтын (демократиялық
емес). Бұл типологияның артықшылығы, саяси партиялар саяси нарықта еркін
бәсекелесе алады ма деген сұрақтың қойылуында.
Алғашқы отандық саяси партиялар пайда болғаннан кейінгі бірнеше жылдан
соң, қазақстандық ғылымда Қазақстандағы партиялық жүйе дегеніміз не?
деген сұрақ өзекті болды. Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікірі бойынша
Қазақстандағы көппартиялылықтың қалыптасу процесі жаңа басталғандықтан,
елде тұрақты партиялық-саяси құрылымның қалыптасқандығы туралы айту, өткен
ғасырдың 90-жылдарының ортасында әлі ертерек болатын. Әйтсе де,
қазақстандық қоғамның партиялық жүйесінің дамуын неғұрлым кең тараған
классификациялау түріне – бірпартиялық, қоспартиялық, көппартиялық
жүйелердің біріне жатқызуға ұмтылыстар сол кезде жасалынған болатын.
Әсіресе, негізгі саяси дау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партия және партиялық жүйелер
Идеологиялық партиялар
Сайлаушылар партиясы
Саяси партиялардың пайда болуы, түсінігі және типтері
Саяси партия
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Пәндер