Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қараудың тактикасы



Мазмұны

Кіріспе.

I.ТАРАУ. Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарауға дайындық жүргізу.
1.1. Ұрлық қылмыстарының ерекшелілігі. 9.15
1.2. Тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу. 16.30
1.3. Қарау үрдісінде қолданылатын ғылыми.техникалық құралдарды дайындау. 31.38

II.ТАРАУ. Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қараудың тактикасы.
2.1. Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді жалпы шолып қарау. 39.45
2.2. Ұрлықтар жөніндегі қылмыстар бойынша оқиға болған жерді егжей.тегжейлі шолу. 46.54
2.3. Оқиға болған жерді қарау нәтижелерін тіркеу. 55.61

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Бөтен адамның мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық, ҚР ҚК 175-бап ) Қазақстанда кең тараған қылмыс болып табылады.
Соңғы жылдардың практика материалдарын жинап, қорыту адамдардың топ болып ұрлық жасау көлемінің өскенін көрсетеді.
Қылмыстық топтардың конспиративтік дәрежесінің жоғарылығы, ұрланғандарды өткізудің жолға қойылған жүйесі, әртүрлі техникалық және көліктік құралдарды қолданулары оларды ерекшелендіреді.
Қылмыскерлер мен қылмыстық топтардың көбісі ұрлық объектісін таңдауда ол туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді, арнайы құралдар дайындайды. Қылмыс жасау үшін ыңғайлы уақытты белгілейді.
Бөтен адамның мүлкін ұрлаудағы зор үлес салмақ және бір оның тенденциясы жағынан ішкі істер органдарының қызметінің әсіресе төменгі саптағы әлсіз ұйымдық, құқықтық және техникалық қамтамасыз етілуіне, ол екінші жағынан жыл сайын мыңдаған қылмыстық істердің тоқтатылуына алып келуде.
Қылмыстың өсу қарқыны мен ауқымы оны әлеуметтік реформаларды іске асыруға бөгет болатын, азаматтардың өз өмірлері мен әл-ауқаттарына алаңдаушылығын туғызытын, өкімет пен басқару органдарына, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сенімді төмендететін басты факторлардың біріне айналдырды. Қылмыс құрылымы мен динамикасындағы кері тенденциялар соңғы бір жарым жылда ерекше байқалды, өйткені оның жалпы деңгейінің өсуіне тұрғындардың тұрмыс деңгейінің қатты төмендеуі және қоғамдық өмірдің барлық саласына қылмыстың дендеп енуі септігін тигізген. Зорлық көрсету арқылы жасалатын ауыр қылмыстар саны қарқындап өсуде. Қылмыс күн өткен сайын ұйымшыл және кәсіпқой сипатқа ие боп барады.
Жасалған қылмыстардың қатыгездігі күшеюде және олардың салдары да артуда, қылмыскерлердің әшкерелеуде өз өзін қорғау деңгейі өсуде, құқыққа қарсы жауапкершілікке тұрғындардың көп бөлігі тартылуда. Қазіргі заманғы қылмыстың жарқын бір тенденциясы ол қылмыстық құрылымдардың экономикада, саясатта, мемлекеттік билік және басқару жүйесінде беку талпынысы болып отыр. Халық шаруашылығы қызметінің пайдалы салаларымен ресурсқа бай территорияларды иелену үшін болатын қатты бәсеке кезінде қылмыстық орта ұйымдасады және қаруланады, өз қызметіне басқару аппаратын тартады және заң шығару, атқару органдарына енеді.
Бұған едәуір дәрежеде капиталдың, қаржы және материалдық ресурстардың пайда болуы мен қозғалысына мемлекет және бүкіл қоғам тарапынан тиімді бақылаудың жоқтығы септігін тигізуде.
Азаматтардың көпшілік бөлігінің мемлекеттік мүлікті жекешелендіру үрдісінен тыс қалуынан және қылмыстанған нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық мінез құлықтық амалдардың жоқтығынан тұрғындардың экономикалық құқық бұзушылықтармен қылмыстарға қатысты виктимділігі өсті. Азаматтардың мүліктерімен меншік құқықтарының қозғалу деңгейі өте төмен болып отыр. Елдегі жүргізіліп отырған өзгерістердің әлеуметтік мәртебелерінің тез өзгеруі әлеуметтік қарама қайшылықтарды шешудің қылмыстық көш қолдану әрекеттерінің кеңінен таралуына әкеліп отыр.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, жалақының уақытылы төленбеуі, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі соның салдары іспетті мүлікке қатысты қылмыстар жасауға дайын мүліксіз элементтердің үлесінің артуы босқындардың болуы жекешелендірудің түсініксіз үрдістері, жеке құрылыстар торабының кеңейуі, объектілерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға қажетті құралдардың жоқтығы – осының бәрі бөтен біреудің мүлкін ұрлауға әкелетін себептердің бір бөлігі ғана.
Қылмыстық тактиканың дамуының алғашқы кезеңінде кеңестік криминалистика «оқиға болған жерді қарау» деген ұғымды білмеді. Криминалистиканың алғашқы оқулықтарында қылмыстық тактиканы баяндау қылмыс болған жерді қараудың мақсатын анықтаумен шектелді. «Оқиға болған жерді кез келген тұрғыдан қараудың» мақсаты қылмыскердің жеке басын анықтауға көмектесетін белгілерді, сол жерде табылған заттар, іздер арқылы анықтау.
Кеңестік криминалистикада «оқиға болған жерді қарау» ұғымының пайда болуы Якимов И.Н, Грамов В.И, Тарасов – Радионов, Винберг А.И сияқты ғалымдардың атымен байланысты. Осылардың ішінде ең дұрыс анықтамасын Винберг А.И келесі түрде берген болатын: «Оқиға болған жерді қарау» - қылмыс іздерін меңгеру, анықтау үшін сонымен қоса болған оқиғаның жағдайларын анықтау үшін оқиға механизімін меңгеруге бағытталған тергеулік әрекет». Оқиға болған жерді қарау анықтамасының әркез өзгергеніне қарамастан ол түсінік отандық криминалистикаға нық кірді.
Көптеген қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерді қарау алғашқы тергеу бағытын анықтайтын тергеулік іс-әрекет болып табылады. Ұрлық, тонау, кісі өлтіру, көлік апаты және т.б. қылмыстар нәтижесінде қылмыскердің іс-әрекетінен кейбір жағдайларда жапа шегушілердің іс-әрекетінен туындайтын әртүрлі іздер қалады. Мұндай іздерге адамның қолы мен аяғының іздері, бұзу құралдарының, суық қарулардың, қанның, шаштың және т.б. іздер жатады. Оқиға болған жерде қылмыскер тастап кеткен әр түрлі қылмыс құралы, киімдер, темекі тұқылдары, қағаз қалдықтары және т.б. болуы мүмкін. Мұндай іздер мен заттар оларды ұтқыр пайдаланса қылмысты тергеу мен ашуда маңызды рөл ойнауы мүмкін.
Оқиға болған жерді қарау жеңіл деп шаруа ойлау қателік болар еді. Қарау үрдісінде пайда болатын қиындықтар алдында әртүрлі қателіктер кетуі мүмкін. Сонымен қоса шиеленіскен психологиялық атмосферада жұмыс істеуге дайын болу керек, өйткені оқиға болған жерді жапа шегушінің мүрдесі, қайтыс болған адамның туыстарының қайғысы мен көз жасы бәрі оқиға болған жерді қарау едәуір қиындауы мүмкін. Кейде лас және жағымсыз жұмыстарды, мысалы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Нормативтік актілер
1.1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы, 1995ж.
1.2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу Кодексі. Алматы, «Жеті жарғы», 1998ж.
1.3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы, 1997ж.

II. Арнайы әдебиеттер
1. Аверьянов Т.В,. Белкин Р.С. криминалистическое обеспечение деятельности криминальной милиции и органов предварительного расследования. – М: Новый юрист, 1997.
2. Бабаева Э.У. Справочник следователя: Вып.2: Практическая криминалистика: расследование отдельних видов преступлений. – М: Юрид. Лит., 1990.
3. Баев О.Я. Расследование отдельных видов преступлений: Учеб. Пособие. – Воронеж.ун-та, 1986г.
4. Баев О.Я. Тактика следственных действий: Учеб. Пособие. – Воронеж.ун-та, 1992г.
5. Баев О.Я. Тактика следственных действий: Учеб. Пособие. – 2-е изд., доп. И испр. – Воронеж: НПО «МОДЕК», 1995г.
6. Беджашев В.И. Справочник следователя: Вып.3: Практическая криминалистика: подготовка и назначение судебных экспертиз. – М: Юрид. Лит., 1992г.
7. Белкин Р.С. Криминалистика: Учебник. – М: Юрид. Лит., 1986г.
8. Белкин Р.С. Криминалистика: проблемы, тенденции, перспективы. От теории к практике.Учебник. – М: Юрид. Лит., 1988г.
9. Белкин Р.С. Сквозь завесу тайны: современная криминалистика. – М: Сов. Россия, 1989г.
10. Белкин Р.С. Криминалистика: Краткая энциклопедия. – М: Большая Российская Энциклопедия, 1993г.
11. Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3т. – М: Юристъ, 1997г.
12. Белкин Р.С. Репортаж из мастерской следователя: Рассказы о криминалистике. – М: Норма, 1998г.
13. Белкин Р.С. Профессия – следователь. – М: Юристь, 1998г.
14. Бородин С.В. Процессуальные акты предварительного расследования: Прим. Образцы. – М: Юрид.лит., 1991г.
15. Бородин С.В. Процессуальные документы органов предварительного расследования: Прим. Образцы. – М: Юрид.лит., 1998г.
16. Бургхард В. Криминалистический словарь: пер. С нем. – 2-е изд., перераб. И доп. – М: Юрид. Лит., 1993г.
17. Быховский И.Е. Осмотр места происшествия: Справ. следователя. – М: Юрид. Лит., 1979г.
18. Васильев А.Н. Криминалистика. – М: Изво Моск. Ун-та, 1980г.
19. Волынский А.Ф., Филипов А.Г. Криминалистика:- М: Изд-во «Спарк»6 1998г7
20. Галуза В.Н. Уголовный процесс: - М: Зерцало, 1998г.
21. Герасимов В.Н. Научно-технические средства в работе следлвателя. – М: МГУ, 1985г.
22. Герасимов В.Н., Драпкин Л.Я. Криминалистика: - М: Высш.шк., 1994г.
23. Гинзбург А.Я. Осмотры места происшествия. Освидетельствование. Алматы 1998 г.
24. Гинзбург А.Я. Справочник следователя. Алматы 1998 г. 338 ст.
25. Гитин В.П. Занимательная криминалистика. – Харьков: Паритет ЛТД, 1995г.
26. Гордон Э.С., Кравцев С.П. Осмотр места проишествия. – Ижевск, 1993г.
27. Гусаков А.Н., Филощенко А.А. Следственная тактика:(в вопросах и ответах), Свердловск: Изд-во Урал. Ун-та, 1991г.
28. Гуценко К.Ф. Уголовный процесс: - М: Зерцало, 1997г.
29. Кожевникова И.Н. Процессуальные документы органов предворительного расследования: - М: Спарк,1996г.
30. Колдин В.Я., Яблоков Н.П. Криминалистика. – М: Изд-во МГУ, 1990г.
31. Коржумбаева Т.М. Проблемы испоьзования специальных знаний при осмотре места происшествия // Вестник КазГУ. 2000г. №3. с. 161-165//.
32. Корухов Ю.Г. Криминалистическая диагностика при расследовании преступлений. – М: ИНЮРА-М: Норма, 1998г.
33. Криминалистическая тактика: /Под. Ред. В.П. Лаврова, Б.М. Нургалиева Караганда 1999 г.
34. Леви А.А. Осмотр места происшествия: Справ. следователя. – М: Юрид.лит., 1982г.
35. Лупинская П.А. Уголовно-процессуальное право Российский Федерации. – М: Юристь, 1997г.
36. Облаков А.Ф., Темирбаев А.Т. Организация и тактика осмотра места происшествия. – Хабаровск, 1992г.
37. Образцов В.А. Криминалистика. – М: Юристь, 1997г.
38. Образцов В.А. Выявление и изобличение преступника. – М: Юристь, 1997г.
39. Пакирдинов М.А. К вопросу о процесуальной форме осмотра жилого помещения, являющегося местом происшествия // Закон и время 2003 №2. Ст.110-115 //.
40. Пантелеев И.Ф., Селиванов Н.А. Криминалистика. – М: Юрид.лит., 1986г.
41. Попов В.Н. Осмотр мета происшествия. /Под. Ред. Б.А. Кванова. Алма-Ата 1957 г.
42. Порубов Н.И. Криминалистика. – Минск: Вышэйш. Шк., 1997г.
43. Рустамов Х.У. Уголовный процесс: - М: Закон и право, ЮНИТИ, 1998г.
44. Рыжаков А.П. Следственные действия и иные способы собирания доказательств: - Тула: Б.и., 1996г.
45. Рыжаков А.П. Предварительное расследование. – М: И.И.Д. «Филин», 1997г.
46. Рыжаков А.П. Образцы процессуальных документов. – М: И.И.Д. «Филин», 1997г.
47. Селиванов Н.А. Справочник следователя: Вып.1: Практическая криминалистика: следственные действия. – М: Юрид. Лит., 1990г.
48. Селиванов Н.А., Соя-Серко Л.А. Расследование убийств. – М: Издат. Фирма «Манускрипт», 1994г.
49. Селиванов Н.А., Снетков В.А. Руководство для следователей. – М: ИНФРА-М: ИПК, 1997г.
50. Сидоров В.Е. Начальный этап расследования: организация, взаимодействие, тактика. – М: Рос. Право, 1992г.
51. Степанов В.В. Тактические комбинации при производстве следственных действий. – Саратов. Ун-та, 1991г.
52. Тихиджьян В.С. Справочник следователя. – Ростов н/Д.: Изд-во рост. Ун-та, 1996г.
53. Хлюпкин В.А. Справочник для следователя. – Ульяновск: ЮНИОН, 1991г.
54. Шакенов А.О. Криминалистика 2001г.
55. Шейфер С.А. Следственные действия. Система и процессуальная форма. – М.: Юрид.лит., 1981г.
56. Яблоков Н.П. Криминалистическая методика расследлвания. – М.: МГУ, 1985г.
57. Яблоков Н.П. Криминалистика. – М.: Изд-во БЕК, 1995г.
58. Якупов Р.Х. Уголовный процесс. – М.: зерцало, 1998г.

III Практикалық материал
3.1 Ақтогай. АІІБ практика жұмысынан

Мазмұны

Кіріспе. 3-8
I-ТАРАУ. Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарауға
дайындық жүргізу.
1.1. Ұрлық қылмыстарының ерекшелілігі. 9-15
1.2. Тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу. 16-30
1.3. Қарау үрдісінде қолданылатын ғылыми-техникалық құралдарды 31-38
дайындау.
II-ТАРАУ. Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қараудың
тактикасы.
2.1. Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді жалпы шолып қарау.39-45
2.2. Ұрлықтар жөніндегі қылмыстар бойынша оқиға болған жерді 46-54
егжей-тегжейлі шолу.
2.3. Оқиға болған жерді қарау нәтижелерін тіркеу. 55-61

Қорытынды. 62-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 65-69

Кіріспе
Бөтен адамның мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық, ҚР ҚК 175-бап )
Қазақстанда кең тараған қылмыс болып табылады.
Соңғы жылдардың практика материалдарын жинап, қорыту адамдардың топ
болып ұрлық жасау көлемінің өскенін көрсетеді.
Қылмыстық топтардың конспиративтік дәрежесінің жоғарылығы,
ұрланғандарды өткізудің жолға қойылған жүйесі, әртүрлі техникалық және
көліктік құралдарды қолданулары оларды ерекшелендіреді.
Қылмыскерлер мен қылмыстық топтардың көбісі ұрлық объектісін таңдауда
ол туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді, арнайы құралдар дайындайды.
Қылмыс жасау үшін ыңғайлы уақытты белгілейді.
Бөтен адамның мүлкін ұрлаудағы зор үлес салмақ және бір оның
тенденциясы жағынан ішкі істер органдарының қызметінің әсіресе төменгі
саптағы әлсіз ұйымдық, құқықтық және техникалық қамтамасыз етілуіне, ол
екінші жағынан жыл сайын мыңдаған қылмыстық істердің тоқтатылуына алып
келуде.
Қылмыстың өсу қарқыны мен ауқымы оны әлеуметтік реформаларды іске
асыруға бөгет болатын, азаматтардың өз өмірлері мен әл-ауқаттарына
алаңдаушылығын туғызытын, өкімет пен басқару органдарына, жүргізіліп
отырған мемлекеттік саясатқа сенімді төмендететін басты факторлардың біріне
айналдырды. Қылмыс құрылымы мен динамикасындағы кері тенденциялар соңғы бір
жарым жылда ерекше байқалды, өйткені оның жалпы деңгейінің өсуіне
тұрғындардың тұрмыс деңгейінің қатты төмендеуі және қоғамдық өмірдің барлық
саласына қылмыстың дендеп енуі септігін тигізген. Зорлық көрсету арқылы
жасалатын ауыр қылмыстар саны қарқындап өсуде. Қылмыс күн өткен сайын
ұйымшыл және кәсіпқой сипатқа ие боп барады.
Жасалған қылмыстардың қатыгездігі күшеюде және олардың салдары да
артуда, қылмыскерлердің әшкерелеуде өз өзін қорғау деңгейі өсуде, құқыққа
қарсы жауапкершілікке тұрғындардың көп бөлігі тартылуда. Қазіргі заманғы
қылмыстың жарқын бір тенденциясы ол қылмыстық құрылымдардың экономикада,
саясатта, мемлекеттік билік және басқару жүйесінде беку талпынысы болып
отыр. Халық шаруашылығы қызметінің пайдалы салаларымен ресурсқа бай
территорияларды иелену үшін болатын қатты бәсеке кезінде қылмыстық орта
ұйымдасады және қаруланады, өз қызметіне басқару аппаратын тартады және заң
шығару, атқару органдарына енеді.
Бұған едәуір дәрежеде капиталдың, қаржы және материалдық ресурстардың
пайда болуы мен қозғалысына мемлекет және бүкіл қоғам тарапынан тиімді
бақылаудың жоқтығы септігін тигізуде.
Азаматтардың көпшілік бөлігінің мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
үрдісінен тыс қалуынан және қылмыстанған нарықтық қатынастар жағдайында
экономикалық мінез құлықтық амалдардың жоқтығынан тұрғындардың экономикалық
құқық бұзушылықтармен қылмыстарға қатысты виктимділігі өсті. Азаматтардың
мүліктерімен меншік құқықтарының қозғалу деңгейі өте төмен болып отыр.
Елдегі жүргізіліп отырған өзгерістердің әлеуметтік мәртебелерінің тез
өзгеруі әлеуметтік қарама қайшылықтарды шешудің қылмыстық көш қолдану
әрекеттерінің кеңінен таралуына әкеліп отыр.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, жалақының
уақытылы төленбеуі, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі соның
салдары іспетті мүлікке қатысты қылмыстар жасауға дайын мүліксіз
элементтердің үлесінің артуы босқындардың болуы жекешелендірудің түсініксіз
үрдістері, жеке құрылыстар торабының кеңейуі, объектілерді қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғауға қажетті құралдардың жоқтығы – осының бәрі бөтен
біреудің мүлкін ұрлауға әкелетін себептердің бір бөлігі ғана.
Қылмыстық тактиканың дамуының алғашқы кезеңінде кеңестік
криминалистика оқиға болған жерді қарау деген ұғымды білмеді.
Криминалистиканың алғашқы оқулықтарында қылмыстық тактиканы баяндау қылмыс
болған жерді қараудың мақсатын анықтаумен шектелді. Оқиға болған жерді кез
келген тұрғыдан қараудың мақсаты қылмыскердің жеке басын анықтауға
көмектесетін белгілерді, сол жерде табылған заттар, іздер арқылы анықтау.
Кеңестік криминалистикада оқиға болған жерді қарау ұғымының пайда
болуы Якимов И.Н, Грамов В.И, Тарасов – Радионов, Винберг А.И сияқты
ғалымдардың атымен байланысты. Осылардың ішінде ең дұрыс анықтамасын
Винберг А.И келесі түрде берген болатын: Оқиға болған жерді қарау -
қылмыс іздерін меңгеру, анықтау үшін сонымен қоса болған оқиғаның
жағдайларын анықтау үшін оқиға механизімін меңгеруге бағытталған тергеулік
әрекет. Оқиға болған жерді қарау анықтамасының әркез өзгергеніне
қарамастан ол түсінік отандық криминалистикаға нық кірді.
Көптеген қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерді қарау алғашқы
тергеу бағытын анықтайтын тергеулік іс-әрекет болып табылады. Ұрлық, тонау,
кісі өлтіру, көлік апаты және т.б. қылмыстар нәтижесінде қылмыскердің іс-
әрекетінен кейбір жағдайларда жапа шегушілердің іс-әрекетінен туындайтын
әртүрлі іздер қалады. Мұндай іздерге адамның қолы мен аяғының іздері, бұзу
құралдарының, суық қарулардың, қанның, шаштың және т.б. іздер жатады. Оқиға
болған жерде қылмыскер тастап кеткен әр түрлі қылмыс құралы, киімдер,
темекі тұқылдары, қағаз қалдықтары және т.б. болуы мүмкін. Мұндай іздер мен
заттар оларды ұтқыр пайдаланса қылмысты тергеу мен ашуда маңызды рөл ойнауы
мүмкін.
Оқиға болған жерді қарау жеңіл деп шаруа ойлау қателік болар еді.
Қарау үрдісінде пайда болатын қиындықтар алдында әртүрлі қателіктер кетуі
мүмкін. Сонымен қоса шиеленіскен психологиялық атмосферада жұмыс істеуге
дайын болу керек, өйткені оқиға болған жерді жапа шегушінің мүрдесі, қайтыс
болған адамның туыстарының қайғысы мен көз жасы бәрі оқиға болған жерді
қарау едәуір қиындауы мүмкін. Кейде лас және жағымсыз жұмыстарды, мысалы
қоқыс контейнерлерін қарауға, бұзылып кеткен мүрделерді жерден қазып алуға,
судан шығаруға тура келеді.[1]
Қылмысты ашудағы жұмыс деңгейін бағалай отыра, тергеушінің
кәсіпқойлығы, осы тергеу әрекетін жүргізуге септігін тигізетін анықтау
органы қызметкерлерінің де кәсіпқойлықтары нақты көрінбейді. Көптеген
тергеушілер, жедел уәкіл қызметкерлері қылмысты жасыру әдістерін аз біледі,
оларды оқиға болған жерді тауып алу мүмкіндігіне көңіл бөлмейді. Зерттеу
көрсеткендей зерттелген істер бойынша қылмыскерлердің 30% қылмыс орнында із
қалдырмаудың амалын жасаған, ал 25,6% қылмыс қаруларын, іздерін жойып
отырған.
Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмысты ашу жұмысын жақсартудың едәуір
резерві тергеу мен анықтау (жауап алу) қызметкерлерінің шеберлігінің артуын
қамтамасыз ету сонымен қоса ізді іздеп, таба білу болып табылады. Осыған
байланысты осы дипломдық жұмыстың мақсаты оқиға болған жерді қарау тиімді
және нәтижелі жүргізуге қатысты практикалық ұсыныстарды ойлап табу.
Осы дипломдық жұмыста криминалистика жөніндегі оқулықтармен
қосатергеулік іс әрекеттерді жүргізу тактикасы, қылмыстың кейбір түрлерін
тергеу әдістемесі бойынша жұмыстар қолданылады. Терминдер мен ұғымдарды
анықтауда атақты ғалым Р.С.Белкиннің криминалистік сөздіктері пайдаланылды.
Қолданылған әдебиеттер арасынан А.А. Левидің жалпы редакциясымен
жазылған Оқиға болған жерді қарау 1979 ж, 2-басылым1982 жылғы жұмысын
атап өтуге болады. Осы күнге дейін оқиға болған жерді қарауды жүргізу
жөнінде толық және кең қамтыған жұмыс жоқ деп айтуға болады. 90 жылғы
шыққан біраз жұмыстардың көптеген бөліктері А.А. Ливидің Оқиға болған
жерді қарау еңбегінен тікелей алынғандықтары байқалады.
О.Я. Баевтің Тергеу іс - әрекеттерінің тактикасы (1995ж ) деген
еңбегін атап өтуге де болады. О.Я. Баевтің жұмысы қарапайым тілде
жазылған, сонымен қоса онда практикадан алынған мысалдар көп келтірілген.
Көлем жағынан шағын жұмыста О.Я. Баев оқиға болған жерді қарау тақырыбын
әжептәуір толық және кең қарастыра білген.
Ұрлықтармен байланысты қылмыстар жөніндегі оқиға болған жерді қарау –
едәуір кең тақырып, оны бір дипломдық жұмыстың шегінде толық қарастыру
мүмкін емес. Сондықтан келесі міндет жұмыстың шегінде қарастырып отырған
тақырыпты кеңірек қамту болды.
Және тілек ретінде айтар болсам оқиға болған жерді қарауда өзіне деген
елемеушілікті көтермейді, оны жүргізуге неғұрлым ықтиятты болсаңыз
істі одан әрі тергеуде кедергі аз болады.
Осы жұмыстың мақсаты осы саладағы өте маңызды мәселелерді қойып,
қарауға деген талпыныс. Теориялық білім мен құқықтық қолданушылық
практикалық аралық ұстанымын бір ізділікпен жүзеге асыру, жасалатын
ұрлықтардың сипаты мен құрылымы туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға,
ашкөздік қылмыстың бүгінгі жағдайын талдауға, осы қылмысқа қарсы
әрекеттердің формасын қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ететін басты
факторларды даралауға мүмкіндік береді.

I-ТАРАУ. Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарауға дайындық
жүргізу.
1. Ұрлық қылмыстарының ерекшелігі.
Үй – жайға ену сияқты біліктілік белгісінің және мұндай ұрлық үй –
жайға ену арқылы жасалумен байланысты азаматтардың жеке мүліктерін ұрлаудың
біліктілігінің басқа мәселелерінің пайда болу тарихын қысқаша қараймыз.
Басқа мемлекеттердің заңнамасының дамуының оң тәжірбиесін пайдалана
отыра заң шығарушы жоғарыда көрсетілген біліктілік белгісін басқаша
қалыптастырады. Біріншіден, үй – жайға ену түсінігі заңнамада қолданылып
жүрген (бұрынғы кеңестік республикалардың заңнамасымен салыстырғанда) үй
– жайға ену түсінігімен салыстырғанда кең ұғымды білдіреді. Екіншіден, осы
біліктілік белгісінің орны өте жақсы шешілген: ол өте қауіпті рецидивистпен
бір нормаға біріктірілмеген.
ҚР ҚК 175 – бабының бірінші тармағында ұрлық былай сипатталған: ұрлық
бұл бөтен біреудің мүлкін жасырын ұрлау.
Заң ұрлықты жасырын ұрлау деп анықтайды. Ұрлықтың қымқырудың басқа
нысандарынан басты ерекшелігі мүлікті алу және иелену әдісінде. Бұл ұрлық
туралы көпшілік қабылдаған анықтамаға дәлірек келетін жасырын әдіс ретінде
сипатталады.
Ұрлау етістігі жасырын, тығым қимылдау дегенді білдіреді.
Жасырын ұрлық мүлік тиесілі меншік иесінің келісімінсіз, одан тасалау
арқылы мүлікті иемдену болып табылады.
Жай пәтер тонау немесе өндірістік ғимаратқа, кеңсеге, қоймаға заңға
қарсы кіру соған мысал бола алады. Ұрлық иесінің көзінше де жасала береді,
мысалы қалта тонау. Ұрлық жәбірленушіден оның дәрменсіздігін пайдалана
отырып немесе ес – түссіз жатқандығын пайдалана отырып мүлкін иелену боп
табылады.
Ұрлық бөтен адамдардың көзінше де жасала береді, өйткені олар ұрының
іс - әрекетінің заңсыздығын аңғармауы да мүмкін. Ұры мүліктерге өзі ие
екендігін көрсете білсе көпшілік сырт адамдар ешнәрсе сезбей қалады.
Ұрлықты ашық түрде жасалатын тонаудан жекелеп алған дұрыс. Егер
қылмыскер ұрлықты құпия жасадым деп қате есептесе, яғни онда қылмыс
көпшіліктің көзінше жасалған, ал жәбірленуші бәрін көрсе, онда жасалған
әрекет оны пиғылына орай ұрлық ретінде қабылдану керек.
Ұрлық зорлықсыз жасалған қылмысқа жатады. Сондықтан оның әрекетін
бақылау мүмкіндігінен күштеу арқылы айрылған (есінен танған, басқа бөлмеге
қамалған) тұлғаның мүлкін иеленуді көрсетілген зорлықтың сипатына орай
біліктеу (саралау) қажет.
Енді қымқыраудың (хищение) не екенін қарастырайық. Қымқыраудың астары
ҚР ҚК баптары бойынша бөтен біреудің мүлкінің осы мүлік иесіне зиян
келтіріле отырыла құқыққа қарсы, қайтарымсыз ашкөздік мақсатпен алынуы
түсіндіріледі.
Алу дегеніміз меншік иесінің немесе басқа заңды иесінің мүлігін
кінәлі тараптың іс жүзінде иеленуі.
Бөтен мүлікті өз кәдесіне жарату дегеніміз кінәлінің заңсыз алған
мүліктерді иеленіп, жұмсау болып табылады.
Қымқыраудың ең маңызды екі белгісін қарастырайық – бұл заңға қарсылық
пен қайтарымсыздық
Бөтен мүлікті алудың заңсыздығы мен өз пайдасына жаратуы, кінәлінің
ол мүліктерді иесінің немесе заңды қожайынының келісімінсіз іс жүзінде
иемденуі.
Мүлікті қымқырған адам оны иемденсе де, пайдаланса да өз меншігі
сияқты бәрібір заңдық тұрғыдан меншік иесі боп табыла алмайды. Қымқыру,
меншік иесінің қымқырылған мүлікке деген құқығының жоғалғанын білдірмейді.
Заңдылығы субъектімен дауға түсіп жатқан мүлікті алу қымқырауды
қалыптастырмайды. Мұндай іс - әрекеттер мысалы өз бетімен басқару сияқты
басқа қылмыстар үшін жауапкершілікке тартқызуы мүмкін.
Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығын егерде кінәлі оны тегін иеленсе
орнына ештеңе бермесе ( мысалы тауардың бағасын заңсыз төмендету) сонда
байқауға болады.
Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығы меншік иесіне немесе мүліктік
зиянның басқа иесіне тиетіндей қоғамдық қауіпті салдардың пайда болғаның
білдіреді.
Әрі қарай ұрлық ұғымына кіретін бөтен мүлік сөз тіркесін
қарастырамыз.
Қымқыруды жүзеге асырғанда бөтен мүлікті иемдену оны меншік иесінен
(немесе басқа біреудің күзетіндегі мүлік) алуды білдіреді. Егер мүлік
белгілі бір себептермен меншік иесінің қарамағынан шығып қалса ондай затты
иемдену қымқыру болып есептелмейді. Тауып алғанды немесе кінәліде кездейсоқ
болған мүлікті иелену қылмыс ретінде қарастырылмайды. Меншік иесінің
қарамағындағы деп тек қана арнайы қозғалатын, жасырылған мүлік қана емес,
оның шаруашылық аумағындағы уақытша қараусыз қалған меншік иесімен
жоғалтылмаған мүлік саналады.
Қымқыруды анықтаудағы басты түсініктердің бірі мүлік анықтамасы.
Меншікке қатысты қылмыстық мүліктік қылмыстар қатарына жатқызылуы тегіннен
тегін емес. Мүлік, қымқыру заты болып табылады, оны мүліктің қоғамдық
қатынастар объектісінен айыра білген жөн. Қымқыру заты әркез материалдық
әлемнің бөлшегі болып табылады, яғни заииық белгісіне ие. Идеялар,
көзқарастар, адам зердесінің көріністері мүліктік қылмыстағыдай қышқыру
заты болып табыла алмайды. Интеллектуалдық меншіктің қымқырылуы туралы
бейнелік мағынада ғана, мысалы авторлық құқықтың бұзылуы сияқты айтуға
болады.[2]
Электр немесе жылу энергиялары (заттық белгісінің жоқтығынан) қымқыру
заты болып табыла алмайды. Қымқыру заты болып өзінің шынайы жағдайына
байланысты табиғи байлықтар да бола алмайды.
ҚР ҚК 175-бабы ұрлықтың үш түрін қарастырады: қарапайым (негізгі
құрам, 175-бап, 1-тармақ), білікті (175-бап, 2-тармақ) және аса білікті
(175-бап, 3-тармақ).
Ұрлықты сараптау көп жағдайда ұрлықтың бір түрін екінші түрінен
ерекшелендіретін белгілерді дұрыс түсінуге байланысты, ол өз кезегінде
ауырлататын мән-жайды дұрыс түсінуге әкеледі.
Ұрлықтың өлшемі – қылмыстың қоғамдық қаупінің дәрежесін анықтайтан
негізгі және жазалаудың өлшемі мен сипатына әсер ететін критерии.
Ірі өлшемдер – ұрлықты аса ауырлататын үш жағдайдың біреуі. Ұйымдасқан
топпен жасалған немесе бұрын екі немесе бірнеше рет ұрлық үшін сотталған
тұлға мен жасалған ұрлықпен қоса ірі көлемдегі ұрлық ауыр қылмысқа жатады.
Ірі көлем деп қылмыс жасалған сәтте ҚР заңнамасымен белгіленген ең
төменгі жалақыдан 500 рет жоғарғы мүлік құны мойындалады.[3]
Сот-тергеу практикасы көрсеткендей білікті ұрлықтар ең кең таралғанға
жатады. Мұндай ұрлықтарға: алдын ала келісім бойынша топпен жасалған ұрлық,
азаматқа едәуір зиян тигізе отырып жасалған ұрлық, заңсыз ену арқылы
жасалған ұрлықтар жатады.
Ауырлатпайтын мән-жайы бар ұрлықтарға бір тұлғамен ірі емес көлемде
бірінші рет үй-жайға заңсыз ену арқылы жасалған ұрлықтар немесе бұрын ұрлық
пен қорқытып-үркіту екі-үш рет сотталмаған тұлғамен жасалған ұрлықтар
жатады. Мұндай ұрлықтар орта ауырлықты қылмыстарға жатады.
Ұрлықтар мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншіктегі құқықтағы азаматтар мен
ұйымдардың мүлкіне қол сұғатын қымқырудың негізгі түрлерінің бірі болып
табылады. Өз сипатына сай ұрлықтар әр түрлі. Пәтерлерден, мемлекеттік
объектілерден, дүкендерден, қоймалардан ұрлау, көлік құралдарын ұрлау,
қалтаға қол салу сияқты ұрлықтар бар. Аталғандардың ішінде пәтерлерден және
әр түрлі ұйымдардан ұрлау кеңінен таралған.
Көбінесе жасалған ұрлық туралы хабарлар азаматтарда немесе дүкен
директоры, үй басқармасы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басшылары сияқты
лауазымды тұлғалардан көп түседі. Көбінесе жасалған ұрлық туралы ақпарат
анықтау органдарына жедел қайнар көздерден белгілі болады. Бұл көбінесе
ұрлық аз сомаға жасалғанда немес жәбірленушілер қылмыскерлердің ұсталуына
және ұрланған мүліктердің қайтарылуына сенім болмайды, сондықтан ұрлық
туралы олар айта қоймайды. Сауда ұйымдарында осындай қылмыстар жасалғанда
лауазымды тұлғалар ұрлыққа байлатысты тексерудің жүргізілуінен
қауіптенулері себепті тиісті жерге хабарлай қоймайды, өйткені мұндай
тексерістер артық тауарларды сату, тауарларды сұрыптау, ұрлық сияқты өз
былықтарын ашуы мүмкін.
Ұрлықты тергеу мақсаты оқиға болған жерді тиянақты зерттеу, іс бойынша
заттық айғақ болатын іздер мен заттарды тауып жинау сияқты іс-әрекеттен
басталады. Оқиға болған жерге бармас бұрын жәбірленушіден қалыптасқан
ахуалды бұзбауды, ал лауазымды тұлғалардан ол жерді күзетідің шараларын
қамтамасыз етуді өтінеді.
Ұрлық болған жерге шығу жасалған қылмыс туралы хабар алынғаннан кейін
мүмкіндігінше тезірек болуы тиіс. Тергеуші жедел-тергеу тобына қылмыстық
іздеудің жедел қызметкерлерін, криминалист-маманды із кесуші қызмет иті бар
кинологты сол учаскенің учаскелік инспекторын қосады. Егер де сараптау-
криминалистік бөлімнің қарамағында қозғалмалы криминалистік лабораториялар
болса тіпті жақсы, олар ірі көлемдегі ұрлықтар жасалғанда маман-
криминалистерге аса қажет.
Оқиға болған жерге келген бетте ол жерден тез арада бөтен адамдар
кетіріледі және куәлерден жауап алынады, олардан кім бірінші ұрлықты
байқады, ахуалды қандай өзгерістер болды, кімде-кім қылмыскерді немесе
күмәнді адамда көрді дегендей ақпараттар алынады. Соңғы жағдайда жедел
қызметкерлердің күштерімен жаңа іздердің соңынан іздеу ұйымдастырылады.
Оқиға болған жер туралы жалпы түсінік алынғаннан кейін және қараудың
шекарасын және бірізділігін анықтағаннан кейін тергеуші келесілерді
анықтайды: қылмыскер тұрғын жайға қалай енді, қандай заттарға сүйенді, қай
бағытта тығылды, көрінбей тығыла алды ма; оқиға болған жерде қандай іздер
қалды және қылмыскер өзімен немесе өз кимімен не алып кете алды;
қылмыскердің кәсібін сездірітін оның сыртқы пішініне, жеке басына, қатысты
қандай да бір белгілер барма; қылмыскерлер қанша болды және оларға ұрланған
құндылықтардың орны туралы белгілі болдыма. Қарау кезінде ғимаратқа немесе
қоймаға ену жерлері ерекше қаралады, өйткені ол жерлерде саусақ іздері,
бұзу құралдарының іздері, аяқкиім іздері қылмыскердің киімінің матасынан
түсіп қалған жіп сабақтары немесе ол түсіріп алған заттар табылуы мүмкін.
Азық түлік дүкендерінде ұрлық болғанда шокалад кәмпиттері, сыр, май,
алмалар сияқты қылмыскерлер жеуі мүмкін азықтарда тістердің іздері қалдыма
екен соған назар аударылады.
Бөгеттерден өту кезінде қылмыскерлер кейде байқамай қолдарын зақымдап
алады және сол жерлерден қан дақтары табылуы мүмкін, сол арқылы қан тобы
анықталады. Осындай маңызға, майлы заттармен араласқан саусақтардың іздері
де оларды алып,биологиялық сараптамаға жіберіледі.
Ұрлық жасағанда қылмыскерлер көбінесе киім ауыстырады және оқиға
болған жерді қарағанда олардың киімдерін тауып алуға болады. Қалдырып
кеткен бас киімде иесінің аты-жөні жазылуы мүмкін. Қылмыскерлер түсіріп
алған бет орамал, бас киім, қолғап сияқты заттар арнайы таза пакеттерге
салынады, кейін олар күмәндіні табу үшін қызметтік іздеу итін пайдаланғанда
қажет. Қарау кезінде ұрланған тауарлардың төлқұжатын, этикеткасын, мата
үлгісін алу ұйғарылады. Қалған балама тауарлар түрлі-түсті үлбірге
түсіріледі. Мұның бәрі сосын іздеу жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.
Ұрлық жасағанда көбінесе әртүрлі көлік құралдары қолданылады.
Сондықтан қарау міндетіне қаралып жатқан объектінің орналасқан жеріне
жапсарлас жерді де қарау енеді, ол жерде доңғалақ іздері, аяқ-киім іздері,
темекі тұқылдары, ұрланып, түсіп қалған немесе жеке заттар табылуы мүмкін.
Оқиға болған жерді қарау хаттамасында үй-жайға ену жолдары, ахуал,
табылған іздер және заттық айғақтар бәрі толық жазылады. Онда сонымен қоса
қандай заттық айғақтар алынды, оларды алу мен буып-түю әдістері
көрсетіледі, суретке түсірілген объектілер тізіледі.

2. Тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу.
Оқиға болған жерді қарауға дайындалу оқиға болған жерге жеткенше
келесі әрекеттерден тұрады:
1.Хабарлаушыдан (орган бойынша кезекшіден, әкімшілік өкілінен жапа
шегушіден нақты не болғанын, оның болған уақыты мен орнын, мүмкін салдарын
білу қажет. Полиция қызметкерлерінен және басқа лауазымдық тұлғалардан
оқиға болған жерде кім бар екенін, оқиға болған жерді тез арада жету
қажеттілігі бар ма. Бұл мәліметтер біраз ұйымдық мәселелерді шешу үшін
қажет.
2.Оқиға болған жерде жәбірленушілерге тез арада көмек көрсету қажеттілігін
білу, сонымен қоса оқиға болған жерді қоршаған учаскелерде тәртіп пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет пе соны білу.
Анықтау органына оқиға болған жердің күзетін қамтамасыз етуді және сол
жерге жеткенше қылмыс фактісін тапқан адамдар мен іздердің өшпеуін және
болған оқиғаның куәгерлерінің сол жерден кетпеуін қамтамасыз етуді
міндеттеу.
3. Жедел-тергеу тобын құру шаралары қабылданады. Жағдайды ескере
отыра оған маман-криминалист, сот дәрігері; қылмыстық іздеудің жедел
қызметкері; экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі бөлімнің жедел
қызметкері; МАИ қызметкері; учаскелік инспектор; кинолог; құқық қорғау
органдарының басқа да қызметкерлері (прокурор) кіреді. Олардың кейбіреуі
тергеуші келгенше оқиға болған жерде болуы мүмкін.
Жедел-тергеу тобын қысқа мерзімде құру үшін оқиға болған жерді
қарауға қатысуға шақырылуы мүмкін адамдардың мекен жайлары мен телефондары,
тізімдері болуы шарт. Көптеген құқық органдарындағы орган бойынша кезекшіде
алдын ала дайындалған белгілі бір қылмыстар категориясы бойынша (ұрлық,
тонау, кісі өлтіру). Оқиға болған жерге баратын жедел-тергеу тобының аты-
жөні туралы тізімі болады. Бұл жедел-тергеу тобын құруды жеңілдетеді және
осы топқа тартылған адамдардың, қылмыстың осы түрін ашудағы тәжірибелері
қарау үрдісіне оң ықпал етеді.
4.Дайындық кезеңінің осы сәтінде сырт куәгерлер шақырылады, оқиға
болған жерге келгенде оларды шақыру мүмкіндігі бола бермейді, (мысалы,
қарауды түнде жүргізгенде немесе орманда, адам жоқ жерлерде). Сонымен қоса
тергеу практикасында ондай оқиғалар болған, егер сырт куәгер ретінде оқиға
болған жерде адамдар тартылса қылмыскердің өзі де “қызметін” ұсынуы мүмкін.
Мұның кері әсері айдан анық: ол қараудың барлық нәтижелерін білумен қоймай,
кейін оқиға болған жерде өзі қылмыс арқылы қалдырған іздерді оқиға болған
жерде өзінің сырт куәгер ретінде болуымен түсіндіруі мүмкін, және мұндай
түсініктемені тергеушінің жоққа шығаруы оңай болмайды.
5. Аппаратура, құрал-жабдық, қосымша құралдар және басқа материалдар
және ақпарат көздерін, ақпарат тасушыларды анықтау, тіркеу үшін, осы
ақпаратты қылмыс процесінде осы ақпаратты қолдану ретінде түсіндірілетін
техника-криминалистік құралдарды дайындау.
Техника-криминалистік құралдар әртүрлі. Пайдалану мақсатына орай
төмендегідей бөлінеді:
а) іздеу мақсатында қолданылатын заттар;
б) обьектілерді тіркеу мен алу құралдары;
в) обьектілерді зерттеу құралдары;
г) техника- криминалистік із жасау заттары;
Оқиға болған жерді қарау кезінде әртүрлі техника- криминалистік
құралдар қолданылады. Оқиға болған жерді қарауда іздеу құралдарынан
көрінбейтін, әлсіз көрінетін және микроскоптың обьектілерді: саусақ іздері,
киім талшықтары, шаң, шаш және тағы басқа сол сияқты іздеу, табу құралдары
кеңінен қолданылады.
Осы мақсатта жарық түсіргіші бар криминалистік арнайы үлкейткіш,
алюминий, графит ұнтақтары, қорғасын тотығы, сутегі арқылы қалыпқа
келтірілген темір кеңінен қолданылады. Түрлі- түсті материалдардағы (қағаз
ақшадағы, лоторея билеттеріндегі және тағы басқа сол сияқты) қол
саусақтарының ізін анықтау үшін арнайы “квант” ұнтағы пайдаланылады,
қағаздағы қол саусақтарының ізін анықтаудың жақсы заты йод қосымшасы боп
табылады, оған арнайы “кит” құралы қолданылады, сонымен қоса осы іздерді
бекіту үшін арнайы крахмал қағазы ойлап табылған.
Микрообьектілерді табу үшін үлкен ұлғайтқышы бар, ультрафиолетті жарық
түсіргіші бар (“УК-1”, “ОЛД-41”, “квадрат”) құралдар қолданылады.
Ультрафиолеттік сәулелер шашыраған қан дақтарын, талшықтарды зерттеуге
арналған. Атыстың іздерін (жанбай қалған ұнтақтың, ыстың) , темір
үгінділерін сонымен қоса инфрақызыл сәулені жұтатын обьектілердің іздерін
іздеу “C- 70”, Ворон- 3” құралдары арқылы жүргізіледі.[4]
Осы топқа металл объектілерін (уық және дәрімен ату қарулары; оқтар;
гилзалар, бұзу қарулары) іздеу құралдары да жатады. Олардың ішінде салмағы
35 кг дейін қара металдан жасалған объектілерді тауып ала алатын магнитті
іздеп-көтергіш кең тараған. Ғимараттар мен құрылғыларда жасырылған металл
объектілерін іздеуге және ашық жерде де іздеуге МИП немесе Ирис, ал
суда Ирис-П (40 м тереңдікке дейін) металліздегіш қолданылады. Киімнен,
қол жүгінен, төсек-орнынан, жиһаздан іздеуде-шағын көлемді электрлі Гамма
металліздеушісі пайдаланылады.
Іздеу мақсатында жұмсақ жиһаздар мен сусымалы, созылмалы заттары бар
ыдыстарды зерттеу үшін темір сипағыштар және суда мүрделерді, тасталған
заттарды табу үшін құралдар қолданылады.
Практикада іздеу құралдарымен қоса криминалистік маңызы бар
объектілерді тіркеу мен алу құралдары да кеңінен қолданылады.
Құралдардың осы тобының ішінен дактилоскопиялық (мөлдір және қара)
жабысқақ үрбірлер кең қолданысқа ие. Олар қолдың, киім талшығынан, шаңнан
сонымен қоса басқа да микрообъектілердің және аяқ-киім, көлік, ағаштан
іздер алу үшін қолданылады.
Өндіріс барысында жабысқақ үлбірдегі микробөлшектерді (қалталардан,
сөмкеден) микро шаңсорғыштың көмегімен анықтайтын Парус құралы жатыр.
Осы топ құралдарына жабысқақ материалдар да жатады: гипс, силиконды
паста К, пластилин және тіс-протез практикасында қолданылатын жабысқақ
массалар. Гипс аяқ-киімінің, көліктің көлемді іздерін жасау үшін, ал К
пастасы бұзу қаруының іздерін жасауға қолданылады.
Объектілерді тіркеу мақсатында фото, кино, бейне жазылымдар
қолданылады. Фотография дәлелдеме ақпаратының тіркеудің таптырмас құралына
айналды. Фотоға түсіру тек бейне жазуға ғана жол береді. Киноға түсіру
кейінгі жылдары техникалық қиындықтарға байланысты өте сирек қолданылады.
Егер оқиға болған жерді қарау үрдісінде фото қолданылса киноға бейнеге
түсірудің қажеті жоқ және керісінше.
Магниттік дыбыс жазу аппараты оқиға болған жерді куәгерлерімен
сөйлескенде, жәбірленушімен, оқиға болған жерде ауруханаға
жөнелтілетіндермен сөйлескенде қолданылады. Танылмаған мүрделердің,
күмәнділер мен айыпталушылардың криминалистік зерттеу немесе картотекаға
енгізу үшін қажет қол саусақтарының ізін алу үшін баспаханалық баяу
қолданылады, із дактилокартаға енгізіледі.
Оқиға болған жерді қарау кезінде табылған объектілерді зерттеу алдын
ала және сараптық боп екіге бөлінеді.
Объектілерді алдын-ала зерттеу кезінде техникалық криминалистикалық
құралға келесілер пайдаланылады: іздеу техникалық криминалистикалық
құралдарға жататын криминалистік үлкейткіш шыны, сызғыш, циркуль,
штангенциркуль сияқты өлшеуіш құралдары; жалған құжаттарды,
микробөлшектерді табу үшін, қажет сыныпты-кварцтық шамдар мен электронды-
оптикалық өзгерткіштер; ізденуші адамдардың фотороботтын жасауға қажет ИКР-
2 идентификациялық суреттер жиынтығы; нашалық заттарды тез анықтауға қажет
Политест жиынтығы; көлік-құралдарындағы зауыт номерлерін өзгерткенді
анықтайтын Контраст құралы.
Алдын ала зертеуді нәтижелі жүргізу үшін бірнеше ғылыми әдістемелер
ойластырылған:
а) қол іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;
б) аяқ іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;
в) бұзу қаруларының іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;
г) көлік құралдары іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;
д) қан іздерін алдын-ала зерттеу әдістемесі;
ж) бойды, жасты, алақанның ерекшеліктерін жобамен анықтайтын;
з) оқиға болған жерде болған адамдардың саны, олардың жынысы, қозғалу
бағыттарын, жүріс ерекшеліктерін, мүмкін бойларын, аяқ – киім белгілерін
жобамен анықтайтын;
и) қолданылған құралдың түрі мен тегін, оның жұмыстық бөлігін, қаруға
бөгет болған заттарды, мүмкін бойы, бұзған адамның кәсіпқойлық және дене
ерекшеліктерін шамамен анықтайтын;
к) автокөлік құралының түрін, маркісін, моделін, ондағы бар ақауларды,
қозғалыс бағытын, тоқтаған жерлерін жобамен анықтайтын әдістеме;
л) уақыт өте келе қанның түсі қою қызылдан, қою сұрға, ал шірігенде
жасыл түске ауысады, ол өз кезінде оның оқиға болған жерде қашан пайда
болғанына септігін тигізеді.
Аталған әдістемелерді қолдану арқылы алынған ақпарат суымаған ізбен
қылмыстық іздеу салғанда қатты қажет. Оқиға болған жерді қарау үлкен
техникалық криминалистикалық құралы бар қозғалмалы криминалистік
лабораториялар болғаны жақсы. Газель автокөлігі негізінде құрылған олар
бес арнайы шамаданмен қамтылған: қол, ірі іздермен, микрообъектілермен,
биологиялық объектілермен және мүрдеоген жұмыс істеу үшін қозғалмалы
криминалистік лабораториялар сонымен қоса рация, магнитофон, жарық түсіргіш
аппаратура, арнайы киім, сызба жұмысының жинағымен және әртүрлі құралдармен
(ультра-күлгін жарық түсіргіштер, электронды-оптикалық құбылтқыш),
дулығамен жабдықталған.
Техника-криминалистік із жасаушы заттар техникалық криминалистикалық
құралдардың 4-тобына жатады. Олар: бояулар (ұнтақ, сұйықтық), бояуды
шашатын құрал, тасалаушы құралдар. Мұндай химиялық қақпандар қылмыскерге
әсер ету іздерін қалдырады, олар тек химиялық тазарту арқылы кетеді, бұл өз
кезегіндн осындай белгілер арқылы іздеу жүргізуге көмектеседі. Мұндай
құралдар дәріханадағы, қоймадағы, киім шешетін жердегі ұрлықтармен күресуге
кең қолданылады. Осындай құралдармен бекітілген барлық объектілердің тізімі
ішкі істер органының кезекші бөлімінде сақталады және оқиға болған жерге
бара жатқан жедел-тергеу тобына беріледі.
Қылмыскер бекітілген осы заттармен жанасқанда олар іске қосылып,
қылмыскерде із қалдырады.
Ресей Федерациясының бас прокоратурасының тергеу басқармасында отандық
баламалары жоқ СХ-2 және СХ-2 (АҚШ), Ferex 4.021 L және Ferex
4.021 W (Германия) металіздегіштері сынақтан өтуде[5].
Кең тараған және жиі қолданылатын техникалық криминалистік құралды
тергеу чемаданына енеді. Олар үш түрлі болады: әмбебап (әртүрлі
тапсырмаларды орындау үшін), арнайы ( сарапшы-криминалист, МАЙ қызметкері,
экономикалық қылмыспен күрес қызметіүшін ), араласқан мазмұндағы жиынтық.
Чемоданның төбесінде тістеуік, қайшы, пышақ сияқты құралдармен қоса
штангенциркуль, үлкейткіш шыны, пластилин сияқты заттар орналасыды.
Чемоданның алдыңғы бөлігінде үш полиэтиленді ыдыс, екі сұйықтық
жинайтын арнайы ыдыс бекітілген. Чемоданның артқы жағында жиналатын
қыстырғыштың бөлшектері мен магнитті көтергіштің тұтқасы салынған.
Чемоданның екі жағы мен ортасында бес пластмасса, жәшік-пенал орналасқан.
Бірінші мен екіншіде қолдың, еріннің, аяқ-киім табанының бетіндегі іздерді
табу мен тіркеу құралдары мен материалдары. Бұл иод түтікшесі, түтікшеге
қажет электр жылытқышы, ұнтақтар, үлкейткіш шыны. Үшінші пеналда
полиэтиленді қапшықтағы гипс ұнтағы, пластмасса қасығы, резина қолғабы бар.
Пеналдың қанқасы гипс сұйықтығын дайындауға икемделген. Төртінші пеналда
қан іздерін табуға қажет реактивтері, микробөлшектер жинауға арналған
банкелер бар. Бесіншіде силиконды пастасы бар ыдыс, өткір кескіш бар.
Чемодан сонымен қоса планшет, компас, сызғыш транспортирі бар
қозғалмалы бұрыштық, үлкен беттері, дактилоскопиялық үлбірлер және
қарастырылыпжатқан объектінің түсін дәл көрсету үшін қажет түс (112 түс)
анықтауыш бар болады.
Тергеу чемоданында сонымен қоса медициналық аптечка бар.
Фотожинақ жеке фотосомкеде болады. Онда фотоаппарат, фото жарық
түсіргіш, жарық фильтрі, штатив, масштабты сызғыш, ұзартқыш сақина болады.
Тергеу сомкесі әркез дайынболу керек және оны оқиға болған жерге мамандар
келсе де келмесе де алып бару міндет.
6. Оқиға туралы хабарды алған сәтте тез арада алдында жоспарланған
тергеулік іс-әрекеттерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдау керек және
осыған байланысты ұйғарым жасау қажет (куәгерден жауап алу мерзімін басқа
күнге ауыстыру) өйткені оқиға болған жерді қараудың қажеттілігі аяқ астынан
туындайды.
7. Оқиға болған жерге бару туралы тергеу бөлімінің бастығына, қажет
жағдайда прокуратураға хабарлау қажет. Мүмкіндігінше қарауға қатысуға
қылмыстық іс қозғалатындай жағдай болса соған берілетін тергеушіні шақыру
қажет.
8. Оқиға болған жерді қайта қарауға немесе қосымша қарауға дайындық
кезінде жалпы іс-шаралардан басқа келесілерді істеу қажет: алғашқы оқиға
болған жерді қарау хаттамасын, оның қосымшасын, мүрдені зерттеудің сот
медициналық актін мұқият қарау; іс бойынша жиналған дәлелдемелермен танысу;
іс материалдарын меңгеру кезінде пайда болған сұрақтарға байланысты
мамандардан кеңес алу; мүмкіндігінше алғашқы қарауда болған сырт
куәгерлерді шақыру; алғашқы қарауды жүргізген адамды шақырған тиімді.
Оқиға болған жерді қараудың оң нәтижелілігі көбінесе тергеушінің оны
жүргізуге қалай дайындалғандығынан көрінеді. Алдын-ала оқиға болған жердің
жағдайын ахуалын білу қиын. Оқиға болған жердегі кездейсоқтықтар оған өте
мұқият дайындалуды талап етеді[6].
Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны ұрлықтар. Ұрлық
жөніндегі оқиға болған жерді қарау көбінесе қарау мен хаттамаға тіркеуге
байланысты:
а) ұрлық жасалған жердің алдындағы жер мен үй аумағы (мысалы: аула,
саты);
б) бұзу орны мен жабық немесе қоршаған жерге ену жерлері;
в) қандай да бір заттың ұрланған жерінің аумағы.
Ұрлық болған жердің маңындағы заттар мен іздер басқаларға қарағанда
жойылу немесе бұзылу қаупіне ие. Сондықтан тап ұрлық болған жерді жалпылама
қарағаннан кейін айналасындағы жерді қарап, іздерді тіркеу керек.
Кең мағынада алсақ, ондай іздерге келесілер жатады: қылмыскердің
аяғының ізі, олар пайдаланған көліктің іздері, қылмыскер қалдырған басқа да
іздер ( мысалы: темекі тұқылы, сіріңке, бөтелке ), ұрланып тастап кеткен
заттар мен орамалдар, қылмыскердің қалдырып кеткен киімі, бұзу құралы. Осы
іздерді табу қылмыскердің жеке басын, олардың қозғалу бағыттарын анықтауға
көмек береді.
Бұзу жерлерін және ғимаратқа ену жерлерін зерттегенде маман-
криминалистердің көмегіне арқа сүйеген абзал. Сосын келесі мәселелерді шешу
қажет: кім және қашан бұзған (бұзу құралы); қылмыскер тәжірибелі ме екен;
олар жабу құралдарының ерекшеліктерін білді ме екен; қылмыскер нешеу
болған; бұзу кезінде олардың киімінде, аяқ киімінде, бұзу қаруында қандай
да бір бөлшек іздер қалды ма екен (мысалы ағаш үзінділері). Сол мәселенің
оң шешіміне орай бұл заттар алынуға жатады. Бұл мәселе хаттамада
тіркеледі[7].
Белгілі бір заттар ұрланған жер аумағын қарағанда келесілерді анықтап
алған абзал: не ұрланды (заттар тізімі, олардың ерекше белгілері); жасалған
іс-әрекеттер көлеміне қарай отыра қылмыскерлер ұрлық орнында қанша уақыт
бөгелді және олар құнды заттардың қайда екенін білді ме; қылмыскерлер ұрлық
орнында қандай іздер қалдырды, ұрлық орынын қылмыскердің денесінде,
киімінде қандай заттар ілінген; оқиға болған жерге қылмыскерлер қандай
өзгешеліктер әкелді; күзет дабылы бар ма, болса істеді ме; ұрлық жерінде
қылмыскерлер алған заттардың бөліктері бар ма, қажет болса солардан қалған
бөліктер зерттеуге және алынуға жатады; ғимаратта материалдық құндылықтарды
тіркеу құжаты бар ма, болса қандай жағдайда (жыртылған, өртелген).
Қарау кезінде ұрланған заттардың белгілері, номерлері анықталса
аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдеріне хабарлау қажет. Қылмысты ашуға
қатысушы қылмыстық іздеу қызметкерлеріне, ұрланған заттарды өткізу кезінде
кінәлілерді ұстау туралы тапсырма берілуі қажет.
Егер ұрлық заңды тұлға иеленетін жерде жасалса онда қараудан кейін
есептеу жүргізу үшін жоғарыдағы қызметкерлерді шақыру қажет. Егер есептеу
комиссиясы қарау біткенше келмесе онда ұрлық болған жерді күзету шаралары
қабылданады.
Оқиға болған жерді қарауға қатысу үшін материалды жауапты адам
шақырылады. Одан қарау басталғанша ақшалар (инкассаторға өткізілмеген);
заттар төлқұжаты (мысалы: компьютер, факстің); ұрланған заттарды жекелейтін
басқа да құжаттар анықталынады. Қарау кезінде табылған ақшалар мен
құндылықтар хаттамаға енеді. Ұрланған заттардың төлқұжаттары алынуға
жатады, егер олар болмаса ол заттардың нөмірлері тіркелген басқа құжаттар
болса олардың көшірмелері қарауға және алуға жатады.
Жеке тұлғаға тиесілі ұрлық болған жерді қарағанда (пәтер, бақ жері)
жәбірленушінің өзі болғаны жөн, өйткені оқиға болған жерде табылған іздер
мен заттардың сәйкестілігі анықталады. Егер материалдық құндылықтар алуға
құқық беретін құжаттардың ұрланғаны туралы белгілі болса, тез арада оның
жүзеге асуына тосқауыл қою қажет. Қарау кезінде ұрланған заттардың
төлқұжаттары алынады, мүмкіндігінше ұрланған заттардың белгілерін
айқындауға көмектесетін заттарды да алған жөн (мысалы: фотолар).
Қарауға қатысушы ұйым жұмыскерлері мен жәбірленушілердің өтініштері
оқиға болған жерді қарау хаттамасына енгізіледі. Мысалы, оларда келесі
сөздер болуы мүмкін: дүкен меңгерушісі Садықованың мәлімдеуінше сөредеге
тауарлардың орналасу орны бұзылмаған. Оқиға болған жерді қарауды жүргізген
адам қандай мәліметтерді басшылыққа алды. Мысалы, сөредегі тауарлар неге
мұқият зерттелмеген және неге бастықтың стөліне соншалықты назар
аударылған.
Ұрлық істер бойынша оқиға болған жерді бұзу іздері көп кездесуі
мүмкін. Бұзу қаруының табылған іздерін қарау хаттамасын көрсеткенде
келесілерді көрсету қажет: із қалған заттың (объектінің) атын (есік,
терезе, еден); із түрі (кесілген, бұзылған, қысылған); із пошымы (домалақ,
сопақ, төртбұрышты); оның өлшемі (ені, ұзындығы, тереңдігі); іздің
орналасуы (қозғалмайтын екі бағдармен арақашықтығы); іздің сипат ерекшелігі
(бояу, шіру); табылған бұзу құралының аты, оның пошымы, өлшемі, зауыттық
белгілері; табылған бұзу қаруының материалы; іздерді алу немесе көшіру
тәсілдері; бұзу қаруының іздері бар заттарды орау амалы; орамадағы жазулар
туралы мәліметтер.
Жанында орналасқан бірнеше іздерді фотоға түсіру торапты түсіру
ережесімен, жеке іздер – детальді түсіру ережесімен жүзеге асады. Соған сай
кино, бейне түсірулер де жасалады.
Ұрлық туралы істер бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізгенде
мәлімдеме жасаудан аулақ болғаны дұрыс, өйткені ондағы іздер, жағдайлар,
заттар туралы мәліметтер ұрлықтың қайталануына әкеліп соғылуы мүмкін.
Оқиға болған жерді қарау кезінде ұрлықты қайталаудың келесі белгілері
анықталуы мүмкін:
а) бұзу іштен жасалған (егер қылмыскер ол жерге алдын ала кірді деген
мәлімет болмаса);
б) кірудің сол әдісінде болуы тиіс іздердің болмауы (мысалы құлыптың
біреуі жөнделген) ;
в) бұзудың ішкі әрекеттермен жеңілдетілгенін куәләйтін іздердің болуы;
г) ұрланған заттардың бар тесіктен алып шығудың мүмкін еместігі;
д) қылмыс оқиғасының сипатына сай келмейтін ғимарат ішіндегі асыра
ретсіздік;
Тонау мен қарақшылық жөніндегі істер бойынша оқиға болған жерді
қарауда жүргізу міндетті болып табылады. Тонау жөніндегі істер бойынша
оқиға болған жерді қарауда зорлау жөніндегі істер бойынша жүргізілетін
қарауларға қатты ұқсас. Сондықтан осы жерде қаралатын ережелер зорлау
жөніндегі істер бойынша қарау жүргізілгенде де қолданылады.
Мүмкіндік болса, қарауға дейін жәбірленушіден жауап алынады. Одан
қылмыстың қай жерде болғаны, табуға септесетін белгілер сұралады.
Қылмыскерлердің оқиға болған жерге келу және одан кету жолдарын да білген
жөн. Жапа шегушіден, сосын олардың фотобейнесін жасауға көмектесетін
қылмыскерлердің сыртқы пішіні туралы да сұралады.
Шабуылдың мән-жайын біле келе қылмыскерлерге қатысты оқиға болған
жерде қандай іздер мен заттар қалуы мүмкін екенін және ол жерде жапа
шегушіден қандай із қалуы мүмкін екенін (мысалы үзілген түйме ) білу қажет.
Сонымен қоса қылмыскердің бойында оқиға болған жерде жапа шегушіден не
қалуы мүмкін екенін және қылмыскерден жапа шегушіге не қалғаны анықталады.
Тонау мен қарақшылық жөніндегі істер бойынша қылмыскердің жапа шегушімен
жанасуы олардың бір-бірімен күресуі кезінде ғана болады. Сондықтан жапа
шегуші мен қылмыскердің киімдері зорлық жөніндегі істерде болатындай
микробөліктердің іздерін анықтау үшін сараптамаға жиі жіберілмейді.
Егер жапа шегушінің жағдайы мүмкіндік берсе оны қарауға тартқан дұрыс.
Қарау үрдісінде жәбірленуші оқиға болған жердегі жағдаймен салыстырылатын
шабуылдау жағдайына түсініктеме береді.
Жапа шегушінің берген түсініктемесін бағалағанда әртүрлі факторлардың
әсерінен оның байқамай (қорқыныш, күйзеліс ) теріс сөйлеу мүмкіндігінен
естен шығармаған абзал.
Оқиға болған жерде барлық жұмысты қажетті жедел ақпаратпен қамтамасыз
ететін, іздеуді, қылмыскерді “ізін суытпай” ұстауды ұйымдастыратын
анықтау органдарының жедел қызметкерлерімен тығыз байланыста жасалу қажет.
Қарау басталғанша жедел мақсатта қызметтік-іздеу итін пайдалану туралы
бұйрық берген дұрыс.
Тонау мен қарақшылық (зорлауда) жөніндегі істер бойынша оқиға болған
жерді қарауда келесілер басты міндеттер болып табылады:
- жасалған қылмыс жағдайын анықтау;
- қылмыс қаруын табу;
- қылмыскердің іздерін табу және оның жеке басын айқындайтын
жағдайларды анықтау;
- қарау кезінде қылмыскердің жеке басы туралы болжамдарды ұсынып,
тексеру және оны іздеудің бағыттарын анықтау.
Осы тапсырмаларды орындау үшін келесілер іздеуге, табуға, зерттеуге,
тіркеуге және алынуға жатады:
а) қылмыскердің оқиға болған жерге келгенде және кеткенде қалдырған
барлық іздері (қол, аяқ, көлік құралы, мылтықтың атудан қалған, бұзу
құралын пайдаланудан, қанның іздері );
б) іздері қылмыскердің денесінде және киімінде қалуы мүмкін заттар
(топырақ, бояу, әк, бор және тағы да басқа сол сияқты) мұндай заттардың
үлгілері оқиға болған жерден алынады.
в) оқиға болған жерде қылмыскермен қалдырылған заттар мен олардың
бөлшектері (темекі тұқылы, шабуыл қаруы және тағы да басқа);
г) жапа шегушінің оқиға болған жерде қалған іздері мен оған тиесілі
заттардың сол жерден табылуы.
Қарау хаттамасы мен қосымшаларда тонаушылық немесе қарақшылық
шабуылмен байланысты оқиға болған жерде өзгерген жағдайлар көрсетіледі.
Ұрлықты, тонау мен қарақшылықты тергеудің нәтижелілігі соған сай жедел-
іздестіру іс-шараларынсыз мүмкін емес. Сондықтан алғашқы тергеу іс-
әрекеттерімен қабаттаса немесе соңын ала кінәліні анықтау мен ұрланғанды
іздеумен байланысты жедел-іздестіру іс-шаралары іске асырылуы қажет.
Әйткенмен жедел- іздестіру іс-шараларының нәтижелігі, оның неғұрлым ерте
жүзеге асуына және жүргізу үшін қаншалықты көп ақпарат қолданылады соған
байланысты. Сондықтан тоқтаусыз және аса мұқият жүргізілген оқиға болған
жерді қарауда ұрлықты, тонау мен қарақшылықты тергеу мен ашудың уақытын
қысқартуға едәуір көмектеседі.

1.3. Қарау үрдісінде қолданылатын ғылыми- техникалық құралдарды
дайындау.
Оқиға болған жерге келген бетте төмендегілер ұйғарылады:
1. Оқиға болған жерге келу уақытын тіркеу және жәбірленушіге тиісті
көмек көрсетілгеніне және оқиғаның салдарын жоюға қатысты іс-шаралар
қабылданып жатқанына көз жеткізу қажет, олай болмаса тиісті шараларды
қабылдау керек.
Жапа шегушіні емханаға жеткізу қажеттілігі туса, сыза отыра немесе
белгі қою арқылы табылған жерді белгілеу қажет.
2. Оқиға болған жердің күзетіле ме екенін тексеру. Қажет жағдайда
оқиға болған жерді күзетудің амалын қарастыру керек, яғни ол жерден алда
тұрған қарауға қатысы жоқ адамдарды оның ішінде құқық қорғау органдары
қызметкерлерін де шектету қажет.
3. Егер олар оқиға болған жерге жеткенше шақырылмаса сырт куәгерлерді
шақыру. Сырт куәгерлердің оларға қойылған талаптарға жауап бергеніне көз
жеткізу.
4. Жапа шегушімен (егер оның шамасы келсе) қылмыс салдарын бірінші
байқаушылармен (бұзылған пәтер, мүрде) сұрау жүргізу. Осы кезде не, қашан,
қайда болғаны оқиға болған жерде неше адам болғанын, олардың шамамен
жыныстарын, жастарын, іс-әрекеттерін, қайдан келіп, қайда кеткенін анықтау
қажет. Оқиға болған жердің жағдайына өзгерістер енгізілді ме, қандай
өзгерістер, кіммен енгізілгенін білуді ұмытпау қажет.Блиц – сұрау кезінде
диктофонды пайдалануға болады. Оқиға болған жерді қарау кезінде жағдайды
қалпына келтіруге болмайды, тіпті жасалған өзгерістер куәгерлер мен жапа
шегушілердің аузынан шықса да. Оқиға болған жерде жағдайды қарау
басталғанға дейінгі қалпында тіркеу қажет. Оқиға болған жердегі барлық
өзгерістер кейін осы өзгерістерді жасаған немесе кім істегенін білетін
адамдарды сұрау хаттамаларында көрсетіледі. Сұрау хаттамаларына сұралған
адамдардың немесе тергеушілердің жасаған оқиға болған жердегі өзгерту
жоспарлары тіркеледі.
Ахуалды қалпына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрлық қылмыстарын криминалистикалық тергеу әдістемесі
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША КӨРСЕТУЛЕРДІ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУДЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Криминалистика пәнінен дәрістер
Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
Тергеулік куәландыру
Қылмыстық бірлестіктің тіршілік етуін материалдық - техникалық және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету
Ұрлықты тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері
Тонау қылмысының криминалистикалық техникалық-тактикалық әдістері
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары
Пәндер