Заңды жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері



Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

1 тарау. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орыны
1.1. Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5. 11
1.2. Құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...12.14
1.3. Құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.17

2 тарау. Заңдық жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
2.1. Заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері,түсінігі ... ..18.50
2.2. Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ...51.54
2.3. Заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар ... ... ...55.58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59.60

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61.63
Кіріспе.
Дипломдық жұмыс тақырыбы “Заңды жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері”.
Дипломдық жұмыс екі тараудан және алты бөлімнен тұрады.
Бірінші тарау құқық бұзушылық деп аталады. Аталған тарауда құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері,түсінігі, құқық бұзушылықтың түрлері, құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою жолдары қарастырылады.
Екінші тарау заңды жауапкершілік деп аталады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Екінші тарауда мынадай мәселелер қарастырылады, яғни заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері, түсінігі, заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы, заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар, заңдық жауапкершіліктен босату негіздері.
Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заң қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтыда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.
Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.
Сондықтанда дипломдық жұмыста мемлекет және құқық теориясы қарастыратын ұғымдар, принциптер қарастырылады. “ Заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері “ тақырыбы бойынша мақала, монография және басылымдарды сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндегі қайнар көздерді оқу, тақырыптың мазмұнын ашып зерттеуде анағұрлым толықтай зерттеуге үлкен мүмкіндік береді.
Сонынмен бұдан дипломдық жұмыстың мақсаты шығады:
- “ Заңдық жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі” тақырыбы бойынша жеке зерттеу.
- Зерттеу тақырыбы бойынша (анализ және талдап қорыту) тәжірбиелер пайдалану.
- Құқық бұзушылық профилактика мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.
- Практикада оқып білумен байланысты ұсыныс енгізу.
Пайдаланған әдебиеттер тізмі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. 30 тамыздағы(21.05.207ж енгізілген өзгерістермен).
2. ҚР Қылмыстық Кодексі.1997ж
3. Лазарев В.В. Липеив С.В. Общая теория государства и права. Учебник для вузов М., Спарк 2000 г.
4. Марченко М.И, Общая теория государства и права. Академический курс. 2. Теория права. М., 1998 г.
5. Алексеев С.С. Общая теория права М., 1994 г.
6. Астемиров З.А. Понятие юридической ответственности // Советское государство и право. 1979 г. № 6.
7. Базылев Б.Т. Юридическая ответственность: Теоретические вопросы. Красноярск, 1985.
8. Блажко П.К. Совокупность правонарушений по советскому праву: Понятие и юридическое значение. Казань, 1988 г.
9. Братусь С.Н. Юридическая ответственность и законность: Очерк теории М., 1976.
10. Денисов Ю.А. Общая теория правонарушения и ответственности: Социологический и юридический аспекты. Л., 1983 г.
11. Дмитриева О.В. Ответственность без вины в гражданском праве. Воронеж, 1998 г.
12. Здравомыслов Б.В., Красикова Ю.А. и др. Учебник. Уголовное право. М., 1994 г.
13. Зайцев И.М. Гражданская процессуальная ответственность // Государство и право. 1999 г. № 7.
14. Колосов Ю.М. Ответственность в международном праве. М., 1975 г.
15. Колосова Н.М. Конституционная ответственность – самостоятельный вид юридической ответственности // Государство и право. 1997 г. №2.
16. Козлов Административное право. Учебник для вузов. Юрист, 1999 г.
17. Лейст О.Э. Санкции в советском праве. М., 1962 г.
18. Кудрявцев В.Н. Закон, проступок, ответственность. М., 1986 г.
19. Липинский Д.А. Формы реализации юридической ответственности.
20. Лазарев В.В. Общая теория государства и права. М., 1996 г.
21. Маркс К. Энгельс Ф. Сочинение т.1
22. Матузов Н.И., Малько А.В. Теория государства и права М., 1997 г.
23. Мамени Н.С. Правонарушение: понятие причины, ответственность. М., 1985 г.
24. Малаш Т.А. Принцип неотвратимости юридической ответственности. Учебное пособие. М., 1999 г.
25. Мальков В.П. Субъективные основания уголовной ответственности //Государство и право. 1995 г. №1.
26. Студиникина М.С. Что такое административная ответственность? М., 1990 г.
27. Сомощенко И.С. Сущность юридической ответственности в советском обществе. М., 1974 г.
28. Тархов В. А. Гражданские права и ответственность. Уфа, 1996 г.
29. Шон Д.Т. Конституционная ответственность // Государство и право. 1995 г. №7.
30. Яковлев А.Н. Понятие правонарушения по советскому законодательству. М., 1963 г.
31. Всеобщая декларация прав человека 1948 г; Международный пакт об экономических, социальных и культурных правах и Международный пакт о гражданских и политических правах 1966 г.
32. Гражданский кодекс Российской Федерации М., 1997 г.
33. Уголовный кодекс Российской Федерации М., 1997 г.

Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

1 тарау. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орыны
1. Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері,
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 - 11
2. Құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...12-14
3. Құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1 5-17

2 тарау. Заңдық жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
2.1. Заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері,түсінігі ... ..18-
50
2.2. Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ...51-54
2.3. Заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар ... ... ...55-58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59 -60
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61-63

Кіріспе.
Дипломдық жұмыс тақырыбы “Заңды жауапкершілік ұғымы, белгілері және
олардың түрлері”.
Дипломдық жұмыс екі тараудан және алты бөлімнен тұрады.
Бірінші тарау құқық бұзушылық деп аталады. Аталған тарауда құқық
бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері,түсінігі, құқық бұзушылықтың
түрлері, құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою жолдары
қарастырылады.
Екінші тарау заңды жауапкершілік деп аталады. Бұл тарау үш бөлімнен
тұрады. Екінші тарауда мынадай мәселелер қарастырылады, яғни заңдық
жауапкершіліктің түрлері және белгілері, түсінігі, заңдық жауапкершіліктің
жүзеге асырылуы, заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар, заңдық
жауапкершіліктен босату негіздері.
Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және
басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және
заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық
тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде
заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет
тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заң
қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына
сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы
көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз
ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара
қолданады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала,
басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында
бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше
жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе
алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері
және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтыда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және
оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық
құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше
қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті
құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе
әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың
болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз
жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты
деуге болады.
Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір
зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен
құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.
Сондықтанда дипломдық жұмыста мемлекет және құқық теориясы
қарастыратын ұғымдар, принциптер қарастырылады. “ Заңдық жауапкершілік
ұғымы, белгілері және олардың түрлері “ тақырыбы бойынша мақала,
монография және басылымдарды сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндегі
қайнар көздерді оқу, тақырыптың мазмұнын ашып зерттеуде анағұрлым
толықтай зерттеуге үлкен мүмкіндік береді.
Сонынмен бұдан дипломдық жұмыстың мақсаты шығады:
“ Заңдық жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі” тақырыбы
бойынша жеке зерттеу.
Зерттеу тақырыбы бойынша (анализ және талдап қорыту) тәжірбиелер
пайдалану.
Құқық бұзушылық профилактика мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.
Практикада оқып білумен байланысты ұсыныс енгізу.

1 тарау. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны.
1.1. Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі.
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат
ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді.
Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары
себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік
құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы
қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға
зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі
еткен құқық бұзушылыққа ұласады[1].
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең
негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі
бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде
көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында
қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой
образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе
әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін
жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты басты белгілерде
әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың
позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес” деген [2]. Бірақ та сот
нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы
мүмкін және жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық
әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық
бұйрығына іске асады.
3.Құқық бұзушылықтың басты белгілерінің ішіндегі бірі - кінәлінің бар
болуы. Қазақстанды және басқа да елдердегі мемлекеттік құқықтық теория
және практикасы құқық бұзушылықты барлық құқыққа қарсы әрекетті емес, тек
қана байқаусызда немесе қасақана жасалған іс әрекетті санайды.
Нақты айтқанда, тұлға кінәсі бойынша болады. Кінә тұлғаның өзінің
жасалған құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік, сонымен қатар әрекет
салдары нәтижесінде пайда болған заттарға психикалық жағдайымен қатынасын
көрсетеді. Ол өзінің тәртібі және осыдан шыққан зардаптардың құқыққа
қарсылығын тұлғаның түсінуі немесе мойындауын білдіреді. Сондықтанда
кәмелетке толмаған тұлғалар және тұлғалар әрекетін сот кінәсіз деп
мойындаса да,тіпті егер олар құқыққа қарсы тұрса да, сондай-ақ олар өз
әрекеттерін құқыққа қарсы екенін түсініп, мойындауға қабілеті жоқтай
оларды құқық бұзушылық деп санауға болмайды. Кінә екі форма бойынша
бөлінеді:
1) Ниет құқыққа қарсы әрекет жасаған тұлға қоғамдық қауіпті мінезін өз
әрекет немесе әрекетсіздігін біледі деп олар санайды,олардың қоғамдық
салдарын болжайды және олардың басталуын қалайды.
2) Абайсыздық кінә түрлерінің бірі сияқты 2 түрі бар
- өзіне сенімдік,тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардап шектіретін әрекетін
біледі, одан жеңіл желпі қашуды санайды деп сендіреді.
- ұқыпсыздық тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардапты әрекеттерін көрмейді,
бірақ мүмкін және оларды көру қажет деп сендіреді.Ұқыпсыздық алдын ала
тұлғаның оның міндеттеріне қойылған орындауларға,қоғамға және басқа
тұлғаға қызығушылығына жауапсыз қатынасын көрсетеді.
Құқық бұзушылық дилектіқабілетті құқықбұзушылармен жасалады, яғни өз
еркіндігін және өзінің тәртібін бақылай алатын, өз әрекеттеріне есеп
беретін, олардың құқыққа қарсылығын мойындайтын және олардың зардаптарына
жауапкершілік таныту жағдайында болатын адамдар.
Құқыққа қабілетті құқық бұзушының заңдарға және басқа да нормативті
құқықтық актілерде анықталады. Құқыққа қабілетті қылмыскерлер барлық
жауапқа қабілетті тұлғалар, белгілі бір жасқа жеткендер саналады.
Құқықбұзушылықтың негізгі ерекше белгісін отандық және шетелдік
заңгерлер залалдың болуын көрсетеді, яғни жеке тұлғаларға немесе заңды
тұлғаларға келтірілген құқыққа қарсы әрекетпен келген залалдың арасындағы
байланыстың болуын айтады. Залалдың саладары екі аспектіде қарастырылады
яғни заңды және нақты.
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық
жауапкершілк жүктеледі.
Құқықбұзушылық үшін жауапкершілік негізін дұрыс анықтау құқық
қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып,
азаматты жауапқа тарту үшін құқықбұзушылық заңда көрсетілген құқық
бұзушылық құрамының барлық белгілері болуын талап етеді.
Құқықбұзушылық құрамдары – бұл құқықбұзушылықтың обьективтік және
субьективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер
төрт топқа бөлінеді:
1. Құқық бұзушылықтың обьектісі
2. Құқық бұзушылықтың обьективтік жағы
3. Құқық бұзушылықтың субьектісі
4. Құқық бұзушылықтың субьективті жағы
Құқық бұзушылықтың обьектісі - құқық бұзушы қиянат жасайтын және де
заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси
және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен
бостандықтары, құқытық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.
Қылмыстың объективті жағы.
Қылмыстың объективті жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын
қоғамға қауіпті әреткеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген
белгілердің жиынтығы, сондай – ақ ол сол қол сұғушылыққа қатысты
объективтік жағдайлар. Объективтік жақты сипаттайтын белгілер:
а) қоғамға қауіпті іс - әрекет яки әрекетсіздік;
ә) қоғамға қауіпті салдар;
б)әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс;
в) қылмыс жасау орны , уақыты, жағдайы, тәсілі, қаруы мен құралы.
Көбінесе құқық бұзушылықтар объективтік жағы бойынша
ажыратылады.Мысалы, ұрлық, тонау, алаяқтықтың объектісі біреу – меншік
құқығы, ал объективтік жағы әр қилы: ұрлық – кісі мүлкін жасырын түрде,
тонау – ашықтан – ашық түрде, алаяқтық – алдау немесе сенімге қиянат
келтіру жолымен алу. Құқық бұзушылық мағынасындағы іс - әрекет дегеніміз
құқық бұзушылық жасау кезінде субъектінің сыртта көрініс тапқан мінез –
құлқындағы белсенді, саналы, ерікті қимылы. Бір ғана қимыл емес, құқық
бұзушылық жасау үшін бірнеше қимылдар қажет. Ол жай ербеңдеген, берекесіз
қимыл емес, әлеуметтік мазмұнға ие болуы шарт, іс-әрекеттің белсенділігі
осында. Сонымен қоса, есі дұрыс адамның саналы түрде жасауы әрі әрекет
ерікті болуы тиіс. Өзі қаламай, еркінен тыс (мысалы мәжбүрлеумен) жасалған
әрекет үшін жауаптылық жоқ. Ал егер күш қолданып мәжбүрлеудің өзі кісінің
өзінше әрекет ету мүмкіндігінен айырмаса, жауаптылықтан босатылмайды, күш
қолдану жеңілдететін мән – жай ретінде қаралады. Күштеп мәжбүрлеуден басқа,
психикалық мәжбүрлеудің маңызы бар. Ол адамға белгілі бір зардап келтіремін
деп үрейлендіріп, қоғамға қауіпті әрекет жасауға мәжбүрлеу. Бұндай тәсіл
адамның өз еркінше әрекеттенуін жоққа шығармайтындықтан, кісіні
жауаптылықтан босатпайды.
Бірақ, аса қажеттілік жағдайында ғана кісі жауапты болмайды. Мысалы,
кассир мылтық тіреп, ақша талап еткендерге шыбын жаны үшін ақшадан
айырылады.
Әрекетсіздік субъектінің қоғамға қауіпті, ерікті, пассивті мінез-
құлқы. Оның әрекет етпеуі жай дене қимылын емес, әлеуметтік мағынасы бар
қимылдарды жасамауы. Мысалы, куәгер жауап беруден бас тартып, тиісті
әрекетті жасамайды, бірақ басқа жұмыстармен айналысып жатуы мүмкін. Ол
ерікті болуға тиіс. Күштеп мәжбүрлеп, шарасыз халге түсіру немесе
табиғаттың дүлей күштерінен, ауру-сырқау салдарынан қолдан келер қайраны
жоқ болып, орын алған әрекетсіздіктер үшін жауаптылыққа тартылмайды.
Мысалы, дәрігердің барар жолды су алып кетіп науқасқа жете алмауы т.б. Ал
егер өртте кісі күйіп жатса, өрт сөндіруші шара қолданбаса - әрекетсіздік,
ал ол жай адам үшін дүлей күш болып есептеледі.
Құрамалы қылмыс бөлек - бөлек қылмыс бола алатын жеке не одан да
көп әрекеті әрекеттерден тұрады. Мысалы, қарақшылық: адам өміріне және
меншігіне қауіп төндіру. Бұл әрекеттердің ерекшелігі бірнеше объектіге қол
сұқса да олардың өзара жымдасқан ішкі бірлігінде. Жалғаспалы қылмыс бір
діттеген мақсатқа жету жолындағы іштей бірліктегі бірнеше біртекті не
бірдей іс-әрекеттердің алғашқысын жасаудан басталып, соңғысын істеуден
аяқталады. Мысалы, телевизор құрайтын заводтың жұмыскері әр келгенде бір
бөлшектен іле кетіп, өзіне телевизор құрмақшы болады. Құраса, ұрлық, орта
жолдан бітсе – ұрлыққа оқталу. Белгілі уақыт аралығында үзіліссіз
болатындығымен сипатталатын қылмысты созылмалы деп атайды.
Құқықбұзушылық субьектісі - ол құқық бұзушылық жасалған уақытта
есі дұрыс және белгілі бір жасқа толған адам.
Жауапкершілік тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс
емес күйде болған, яғни созылмалы психиклық аруы, психикасының уақытша
бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің әс-әрекетінің іс жүзіндегі
сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған
адам жауаптылыққа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе
басқа да есеңгірететін заттарды пайдалау саладарынан мас күйінде
жасалған құқық бұзушылық үшін адам жауаптылықтан босатылмайды.
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағы - бұл адамның қоғамға
істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын
қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Құқық бұзушылықтың сыртқы жағын
бейнелейтін обьективтік жаққа қарағанда субьективтік жақ құқық
бұзушылықтың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық
белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық
бұзушылық істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-
дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара
байланысын бейнелеп береді.
Кінә - бұл адамның қасақаналық пен немесе абайсызда істеген
қоғамға қауіпті іс - әрекетіне және қоғамға зиянды зардабына деген
көзқарстарының жиынтығының көрсеткіші.
Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті және
пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана жауапқа тартылуы тиіс.
1. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін құқықтық
жауаптылыққа жол берілмейді.
2. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана құқық бұзушылыққа
кінәлі деп танылады.
3. Абайсызда жасалған әрекет осы заңда көзделген негізде құқық бұзушылық
деп танылады.
Кінә екі нысанда көрінуге тиісті: қасақана немесе абайсызда. Тікелей
қасақаналық дегеніміз адам өз іс- әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып
және осы зардаптың болуын тілеп тікелей ниетпен жасау. Ал жанама
қасақаналықта құық бұзушы мүмкіндікті көре тұра зардапқа саналы түрде жол
береді. Н емесе немқұрайлы қарайды. Мысалы, мас күйеуі әйелін екінші
қабаттың терезесінен лақтырып жібереді. Әйел өліп қалуы да, жарақат алуы да
мүмкін. Кейде бір құық бұзушылққа қасақаналықтың екі түрі қатар болуы
мүмкін. Мас кісі автокөлікті тікелей қасақаналықпен айдап кетеді, қуғыншыны
көзі шалғасын, көлікті тежелей секіріп түседі.Соңғысы жанама ниет , себебі
көлік басқа көлікке не ғимараттарға соғылып, зардап келуі мүмкін. Құқық
бұзушылық қасақаналықтың қандай түрімен жасалса да бірдей дәрежеленіп,
бірдей жауап береді.
Тек қана кінәмен субъективтік жақтың сабасы толмайды. Осыған қоса
мотив, мақсат, кейде адамның эмоциялық күйі де субъективтік жаққа енеді.
Қылмыстың субъективтік жағында қателіктер де болады. Оның түрлері:
1. Заңға қатысты қате. Мысалы, өзі жасаған әрекеттіқылмысқа балап,
қуыстанып жүреді (жазаланбайды), керісінше қылмыс жасап, оны өзі
қылмыс емес деп ойласа, жаза күтіп тұр.
2. Фактіге қатысты қате. Мысалы, кісі апиын ұрлаймын деп, басқа жәшік
алып шығады (объектілері бөлек) . Апиын ұрлауға оқталу деп
дәрежеленеді.

1.2 Құқық бұзушылық түрлері.
Кейбір сипатына қарай құқық бұзушылықтар жалпы бірдей болғанмен , олар
өте әртүрлі болып келеді. Бұл әлеуметтік қатынастардың әртүрлі
мазмұнымен, субьектілердің көп жақтылығымен, жасау мақсатымен, өмірдегі
жағдайлармен және т.б.анықталады.
Осындай кең ауқымды құқық бұзу актілері оларды әртүрлі бөлімдерге
жіктеуіне әкеледі.
Қоғамдық өмірге байланысты оларды:
A. Экономикалық құқық бұзу;
B. Басқару қызметінде құқық бұзу
C. Отбасында тұрмыстық жағдайда құқық бұзу деп бөледі.
Ал құқық бұзулық мақсаттарын:
A. Белглі бір мақсатқа жету мақсатында құқық бұзу
B. Бірнеше мақсатқа немесе мақсат қоймай құқық бұзу.
Ең көп тараған және әлеуметтік маңызды құқық бұзушылықтың әлеуметтік
қауіпсіздігіне (зардабына ) байланысты жіктелуі болып табылады. Бұл
жағдайда барлық құқық бұзушылықтар қылмыс және терісқылықтар болып
бөлінеді.
Қылмыстар қоғамға аса қауіптілігімен ерекшеленеді. Олар ең маңызды
қылмыстық заңмен жанасушылықтан қорғалатын құндылықтарына жанасады.
Қылмыс жасаудың обьектілері болып қоғамдық және мемлекеттік құрылыс,
шаруашылық жүйесі, әртүрлі жеке меншік және басқада азаматтар құқықтары
(саяси, еңбек, меншік) саналады.
Қоғамға қауіптілігіне байланысты қылмыс істегені үшін заң қатаң
жазалар қолданады. Қылмыстық заңмен қаралған қылмыстық істер басқа құқық
бұзуларға қарағанда талқыланып толық түсіндірілмейді.
Сонымен қатар, барлық қылмыстың формальды сипаттары бар, алайда
қоғамға қауіптілігі аз теріс қылықтар қылмыс болып саналмайды.(ҚРҚК
сілтеме)[3].
Теріс қылықтар қоғам өміріне аз деңгейде қауіптілгімен
ерекшеленеді, барлық қоғамдық өмір саласында жасалады, әртүрлі қолсұғу
обьектілері және құқықтық нәтижелері бар. Осы белгілеріне байланысты олар
азаматтық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтарға бөлінеді. Кейде
процесуалдық құқық бұзушылық түріде айтылады. Мысалы куәгердің сотқа
келмеуі.
Азаматтық құқықбұзушылықтарлар (терісқылықтар) басқа теріс
қылықтардан арнай қолсұғушылық обьектісімен ерекшеленеді. Бұл мүліктік
және мүлікке байланысты мүліктік емес қатынастар азаматтық нормалармен
және кейбір еңбек, отбасы және жер құқығы нормаларымен реттеледі.
Өзіндік сыртқы бейнесін бұл құқық бұзу түрі мүліктік залал
келтірген кездегі өзінің келісімі бойынша міндеттерін орындамаған кезде
пайда болады. Осындай құқық бұзушылықтар үшін санкциялар құқықты қалпына
келтіру сипатында болады және келтірілген мүліктік шығынды төлеу ,
заңсыз келісімдерге жол бермеу негізінде сипатталады.
Әкімшілік құқықбұзушылық (терісқылықтар) әкімшілік, қаржылық, жер
процессуалды нормалармен қарастырылған мемлекеттік басқару, жеке меншік
құқық және азаматтардың заңды құқықтық мүдделері болып табылады. Бұған
ұсақ үрлық, жол ережесін бұзу, қаржы есебінің, өртеке қарсы қауіпсіздік
нормалары ережесін бұзу және тағыда басқалары жатады.
Бұл құқық бұзу түрінің мазмұны баршаға міндетті әкімшілік
органдармен қабылданған ережелерді бұзу болып табылады. Теріс қылықтың
жасалуы айыптың қандай болатынын айқындайды. Бұл ескерту, айыппұл, көлік
жүргізуші куәлігіген айыру және басқада мемлекеттік құқытық араласу болып
табылады.
Тәртіптік құқықбұзушылықтар (теріс қылықтар) құқыққа қарсы
мекемелердің ішкі тәртібін бұзатын іс әрекеттер. Тәртіп теріс қылық
жасай отырып, құқық бұзушы еңбек ұжымының жұмысын бытыраңқылатады,
еңбек, оқу, өндірістік әскери тәртіпті бұзады ( кешігіу, жұмысқа, оқуға
келмеу, әкімшіліктің бұйрыңғын орындаму және т.б.).
Жауакершілік шараларын құқықтық нормалар санкциясымен
ескертулерде, қатаң ескертулерде, жұмыстан кетіру, оқу орнынан шығару
және тағыда басқа құжаттарда айқын көрінеді.
Барлық құқық бұзу түрлері өте тығыз байланыста екенін айта кеткен
жөн. Осылайша, қызметтегі тұлғалар жауапсыздықты, немқұрайлылықты және
құқық қорғау органдарының жұмысының нәтижесіздігі , жазадан босату
жазаларды әрдайым қоғамға қауіп төндіреді.
Әкімшілік терісқылықтар бірті-бірте басқаруға, азаматтық құқық
бұзулар жеке меншікке, тәртіптік терісқылықтары қызметтік қылмыстарға
айналуы мүмкін.
Әрдайым адам жиі-жиі бір іс жасауымен көптеген құқықбұзушылықтар
жасайады. Мысалы, автокөлік жүргізушінің жол ережесін бұзуы әкімшлік,
азаматтық құқықтық мүліктік жауапкершілікке тартылуына алып келеді.

1.3 Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары.
Сонау ерте заманнан бері, құқық пайда болып, құқық бұзушылық пайда
болғаннан бері теориялық құқықтық ойлар құқық бұзудың себебін соның
ішінде қылмыстың жасау себебін сұрағына жауап іздеуде. Неліктен іс
қимыл пайда болды, не себепті ол құқықтық принциптерді, ержелерді
бұзады? Осы құқық бұзуларды қалай қоғамдық өмірден ығыстырып шығаруға
болады? Бұл сұрақтарға жауап іздеу ғасырлар бойы жалғасып әлі күнге
дейінгі шешімін тапқан жоқ.
Құқық бұзушылықтар қоғамдық кең тараған құбылыс. Ол барлық
елдерде, аймақтарда да бір динамикалы жүйе. Сондықтанда пайда болуының
себептерін атауға өте қиын. Сонымен қатар нақты индивидуалды
құқықбұзушылық себепімен белглі бір құқы бұзу себебінің арасында
айырмашылық бар.
Мемлекет және құқық теориясы құқық бұзушылықтың себептерін
зерттейтін методолгиялық ғылым. Заңи әдебиеттерде және бүгінде құқық
бұзушылықтың қоғамдық және биологиялық себептері туралы таластар болып
жатары. Олардың бір біріне қарсы келуі ұсынылып отыр. Себебі адам іс-
әрекеті қоғамдықта биологиялық факторларға тәуелді. Басымдылық
қоғамдық факторларда болуы тиіс, себебеі тұлға белглі бір әлеуметтік
ортада қалыптасып және сол іс – әрекеттерді физиологиялық күйінен
емес, тұлғаралық қатынастардан қалаптасады.
Негізгі себеп болып адамның құқыққа қарсы тәртібі, ол қарсылық
және әлеуметтік ортаның және индивидтің орташа өмір сүруінің тұрақсыз
болуына қарсылығы. Бұл қарсылықтардың өршуі құқықбұзушылықтың санын
көбейтеді. Бұған мысал ретінде Қазақстанның экономика саясатында болып
жатқан тенденцияларды атауға болады.
Сол экономикада болып жатқан қарсылықтар, барлық басқа
қарсылықтардың бастауы болып табылады. Құқық бұзушылық себептерін
оны жасау жағдайларымен теңестіруге болмайды. Құқық бұзушылық себептері
құқықтық нормада қаралып, тергеледі. Ал оқиғалар тергеуді жүргізуге
көмектеседі.
Қазіргі Қазақстанда жеке меншіктік қатынастардың өзгеруі, еңбек
күшін бөлу, оның қорытындыларын бөлу мен бағалау халықтың бір бөлігінің
әлеуметтік және моральды теңсіздігін туғызып, заңды немесе заңсыз түрде
байлыққа ұмтылыуын туғызды. Бұл үрдіс нормативтік құқықтық актілердің
қолданбауы, құқық қорғау органдарының аз әсерлі жұмысымен , моральдық
құндылықтардың тапшылығы- алкогализм, нашақорлықпен күреспеу салдарынан
мафиялы ұйымдардың пайда болуына әкелді.
Алайда ешқандай сыртқы жағдайлар адам еркінсіз құқық бұзушылық
жасауға себеп болмайды. Обьективті себептер негізінде субьективті
себептер жағдайы пайда болады, олар өз алдына әлеуметтік психолгия
элементтерімен құралады. Дәл осылар құқыққа қарсы немесе заңды тәртіп
таңдауда шешуші рөл атқарады.
Құқықбұзушылықтың себептерін сипаттай отырып, мынаны айтып кету
керек құқық бұзушылықтың болуы кейбір ерекшеліетеге байланысты болғанмен,
бірақ ол қоғамның өтпелі кезеңді басынан кешіріп болмағандығының салдары
және уақытша сипатта болады[4].
Құқық қорғау органдары белсенді күрес жүргізгенмененде, қоғамда
оныңң таралу маштабын тоқтата алмай отыр. Бұл мақсатта кешенді түрде
экономикалық, әлеуметтік ,саяси, тәрбие нормаларын өткізу қажет қоғамдық
қатынастарда тәртіпке келтіру және тұрақтандыру мақсатында.
Үлкен рөл құқықтың тәрбиелеу жұмысына беріледі. Азаматтар
мемлекет тарапынан белгленген құқықтар туралы хабардар болуы қажет.
Себебеі кейбір жағдайларда құқықты бұзу антиәлеуметтік сипатта емес,
құқыққы білмегендіктен жасалып жатады. Кейдір құқық бұзушылықратыд жою
жолында алкоголизмге, наркоманияға қарсы медико-биологиялық шаралар
жүргізіліуі қажет.
Құқық қорғау органдарының қорытындыларын жоғарлатып, техникалық
–материалдық жабдықтау қажет. Жазадан бас тарта алмайтындай, өз
дәрежесінде болуы қажет. Бұған байланысты қорынтды жасауға болады,
себептің көптүрлігі мен күрделеглі құқық бұзушылықтың себептері мен олар
мен кұресудың жолдарының көптігін көрсетеді.

2 тарау. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері.
2.1.Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері.
Заңды жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық
теориясында дискуссоналды болып табылады. Заңды жауапкершілік туралы
көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салысту мүмкін емес.
Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа
тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір
талаптарды орындауы.
Жаупкершілік тар мағынада немесе әлеуметтік – заңдық мағынада
құқықбұзушылық жасаған тұлғаға заңда көзделген тәртіптпен мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасын қолдану.
Заңды жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады[5].
Заңды жауапкершілікті сипаттайтын негізгі белгілер:
1) ол ерекше мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратына сүйенеді, бұл құқық
нормасымен қарастырылған санкцияны жүзеге асырудың нақты нысаны;
2) қоғамға қауіпті құқық бұзушылық жасаған уақыттан бастап пайда болады;
3) іс жүргізушілік нысанында қолданылады.
Осы аталған белгілер заңды жаупкершіліктің міндетті белгісі болып
табылады.
Адамның іс-әрекеті әр алуан әлеуметтік қағидалармен сәйкес реттеліп
отырады. Адам өмір сүретін қоғамдық ортада оның сана- сезіміне, іс-
әрекетіне, жүріс-тұрысына әдептік қағидалар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар
өз әсерін тигізеді. Өзіне де, өзгеге де жалпыға бірдей әдеп сақтаған адамды
жұртшылық тәрбиелі адам деп санап, мәдениетті, зиялы адам ретінде
қошеметтеп, құрметтейді. Ал көпшілікке тән әдет-ғұрыптарды сақтамай, тәртіп
бұзғандарға жұртшылық күдікпен қарайды, ондайлар көпшіліктің теріс пікіріне
тап болады. Ұяты бар арлы адам басқалардың, қоғамның пікірін жоғары
бағалап, әдепсіз қылықтардан, жаманаттан өзін аулақ ұстайды.
Адамгершілік принциптер мен қағидалар, әдет-ғұрып, дәстүр, сондай-ақ
құқық ережелері т.б әлеуметтік қағидалардың негізі болып саналады. Бұған
адамның күнделікті өміріне үңіліп қарасаңыз, көзіңіз жетеді. Мысалы, кім
ұрлық жасаса, ол-ар мен ұяттан айырылған адам. Егер ата-ана баласына үнемі
қамқор көзбен қараса, өзі де жоғары мәдениетті, парасатты адам болса, оның
балалары да адамгершілігі жоғары, заң талаптарынан аулақ кетпейтін, кәдімгі
жақсы адамдар қатарында болады. Мұнда құқықтық нормалар адамгершілік, ар-
ұяттық принциптерге сүйенеді.
Егер адамдардың басым көпшілігі заң нормаларын сақтап, оның ережелерін
дұрыс орындайтын болса, онда қоғам тыныштықта өмір сүретін болады. Мұндай
қоғамда әрбір адам тыныштықта қалыпты өмір сүреді, өзінің денсаулығын,
дүние-мүлкін сақтау жөнінде көп алаңдамайды. Егер қоғамдық ортаның қалыпты
өмір сүруі төмендеп кетсе, онда ел ішінде адамгершілік қасиеттер де
төмендеп, бірден қылмыс көбейіп кетеді.
Әрине, адамдардың басым көпшілігі адамгершілік нормаларды аяққа басып,
тәртіп сақтамаса, қоғам бір қалыпты өмір сүре алмайды. Мұндай қоғамның
болашағы да жоқ. Осындай жағдайды болдырмас үшін адамгершілік тәрбиені
күшейтіп, адам санасына заң ережелерін сақтау міндетін орнықтырып, үнемі
бақылап, қамқорлық жасап отыру қажет. Ал бұл үшін заңды іс-әрекет деген не
екенін әр адамның білуі керек. Егер заң талабы іс жүзіне асырылатын болса,
адамдар мінезінің төмендегідей белгілері байқалады.
Жалпы заңды жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік.
2. Қылмыстық жауапкершілік.
3. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік.
4. Әкімшілік жауапкершілік.
Осы аталған жауапкершілік түрлеріне жеке –жеке тоқталып кетейік.
Еңбек және тәртіп жауапкершілігі туралы
Кеңестік Конституциядан Қазақстан Республикасы Конституциясының
айырмашылығы-еңбек етуге міндеттілік белгілемейді. Еңбекке қабілетті әрбір
адам қайда еңбек ететінін, қандай жұмыспен шұғылданатынын өзі шешеді. Егер
адам кәсіпкерлік еңбекпен шұғылданса, еңбекпен, жұмыс уақытымен, демалыспен
байланысты мәселелерді өзі шешеді. Егер адам мемлекеттік ұйымға, қоғамдық
не жеке меншік мекемеге жұмысқа орналасса, онда жұмысшының міндеті мен
жауапкершілігі еңбек заңына байланысты шешіледі. Мұнда мәселе жұмысшы мен
жұмыс берушінің құқығына, міндеті мен жауапкершілігіне орай шешіледі.
Конституция азаматқа еңбек бостандығына, еңбектің, мамандықтың түрлерін
таңдауға еркіндік құқығын береді. Бұл-азамат заң жүзінде тыйым салынғаннан
басқа еңбектің кез келген түрімен шұғылдануына болады, ол мемлекеттік, жеке
мекемелерге, кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады.Демек, Қазақстан азаматы
шетелдік азаматтарға қарағанда жұмысқа орналасу жөнінде кең мүмкіндікке ие.
Мысалы, шетелдік азамат, ереже бойынша мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Республика азаматы бос тұрған қызмет және жұмыс орнын алу жөнінде
басқалардан артықшылық құқықты пайдаланады. Адам құқығы жөніндегі
халықаралық-құқықтық актіде адамға заң жүзінде еңбек етуге міндеттеу-еңбек
етуге мәжбүрлеу, яғни құлдық еңбек деп таниды. Конституция белгілі бір
жағдайда ғана азаматқа еңбек етуге мәжбүрлік жасайды. Сот үкімі бойынша,
төтенше немесе соғыс жағдайында ғана еңбектенуге мәжбүр етуге болады.
Әрине, бұдан еңбек етуге міндеттейтін заңның жоқтығы дені сау, еңбекке
жарамды адам еңбек етуіне болмайды деген мағына тумауы керек. Кәмелетке
толған әр адам өзін, өзінің отбасын еңбек етіп асырап-сақтауы керек. Бұл
оның адамгершілік парызы. Бұл парыз- оның Конституцияда жазылғандай заңи
парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-
анасына қамқорлық жасауға міндетті( Конституция, 27 -бап).
Заң еңбекпен байланысты салада кез келген алалаушылыққа тыйым салады.
Әрбір азамат өзінің еңбек жөніндегі құқығын басқалармен тең түрде пайдалана
алады. Мұның өзі ешкімнің еңбек туралы құқығына шек келтірмейді, сондай-ақ
жұмысқа орналасу кезінде ешкім өзінің жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дәулетіне, лауазымдық дәрежесіне, тұрған жеріне, діни ерекшелігіне
және басқа да жағдайына қарай артықшылықты пайдалана алмайды деген сөз.
Сонымен бірге еңбек құқығына шек келтіру деп саналмайтын кейбір жағдайлар
да бар. Жұмысқа қабылданарда адамның мамандығы, кәсібі, мамандық ережесі
еске алынады. Жұмыс процесінде іскерлік сапасы, еңбек ету үстіндегі ісінің
нәтижесі де есепке алынуы мүмкін. Егер адам еңбек ету кезінде алалаушылыққа
кездессе (жұмысқа қабылданарда, жұмыс процесінде т.с.с.), онда ол сотқа
шағынуға құқылы. Егер сот алалаушылыққа жол бермеу жөнінде шешім
қабылдайды. Сонымен қоса, сот кінәлі адамнан жапа шеккен адамның көрген
зиянын өндіріп алуды міндеттейді.
Жұмыскердің қандай құқықтары бар? Әрбір еңбек адамының құқықтары
төмендегідей. Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен гигиена талабына сай болуы
керек. Бір түрлі еңбекке әр адам бір мөлшерде, тең еңбекақы алуы керек.
Еңбекақы мөлшері заң белгілеген мөлшерден кем болмауы тиіс, бұл жөнінде заң
еңбеккерді жұмыс берушіден қорғап отырады. Жұмыс уақытының ұзақтығы заңмен
бнлгілінеді, жұмыс беруші оны өз еркімен ұзарта алмайды. Жұмысшының демалыс
күндері, мейрам күндері, жыл сайынғы төлемелі еңбек демалысы кезінде
демалуға және мамандығын дайындауға және мамандығын көтеруге құқығы бар.
Жұмысшы еңбектегі міндетін орындаумен байланысты денсаулығына немесе еңбек
ету ұжданына, мүлкіне зиян келтірілсе, оны төлеуді талап етуге құқықты.
Егер жұмысшының еңбек құқығы бұзылса, онда ол сотқа дейін шағым етіп, өз
құқығын қорғай алады. Жұмысшының кәсіподақтар ұйымына мүше болуға құқығы
бар. Жұмыссыздықтан қорғануға, сондай-ақ жұмысынан айырылған кезде
әлеуметтік кепілдік алуға да құқықты.
Заңда белгіленгеніндей, азамат 16 жасқа толған соң еңбек келісімшартын
жасауға құқығы бар. Ал 15 жасқа толғандар еңбек келісімшартын ата-анасының
немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімі бойынша, немесе өз алдына еңбек
етуге дайындала жүріп, бос уақытында оқу кезінде жасаса алады. Орта білім
алған жағдайда немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастаған жағдайда да
келісімшарт жасала береді. Сондай-ақ ата-анасының біреуінің келісімімен
(қамқоршысы, қорғаншысы) жеке еңбек шарты 14 жасқа толған оқушымен жасалына
береді. Жұмыс оқушының оқу процесіне, денсаулығына зиян келтірмейтін болуы
керек.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер Қысқарған жұмыс уақыты бойынша
еңбек ете алады және де еңбек ақысы қысқартылмайды. 14-тен 16 жасқа дейінгі
оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы 36 сағат болып белгіленеді.
18 жастан төменгі жұмысшыларды түнгі жұмысқа және де жұмыс уақытынан тыс
жұмысқа, зиянды және қауіпті жағдайдағы еңбекке пайдалануға болмайды.
Жұмыс берушінің төмендегідей құқықтары бар:
• Заңға сәйкес еңбек келісімшартын жасауға, оны өзгертуге немесе тоқтатуға;
• Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерден осы еңбек туралы Заңда көзделген,
белгілі бір еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгілі бір
қызметті атқаруға мүмкіндігін растайтын құжаттар беруді талап етуді;
• өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
• қызметкерлерді көтермелеуге, оларды еңбек туралы Заңда және өзге де
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тәртіптік және
материалдық жауапкершілікке тартуға;
• қызметкер сынақ мерзімін белгілеуге;
• егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді оқып-
үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар;
• ұйымның жұмысын тоқтатуға және ереуіл ұйымдастыруға қатысқаны,
өткізгендері үшін жұмысшыларды жұмыстан шығару сот шешімімен заңсыз деп
танылады.
• Еңбек келісімшарты бойынша жұмысшыдан еңбектің орындалуына талап етуге;
• өзіне келтірілген зиянды өндіріп беруді жұмысшыдан талап етуге;
Әрбір жұмысшының міндеті:
• өзіне еңбектегі міндетін сапалы, адал орындау;
• еңбек тәртібін сақтау;
• жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарау;
• еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын
орындау;
• жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған, қызметтік,
коммерциялық және заңмен қорғайтын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді
жария етпеуге.
Заң жұмыс берушіге төмендегідей міндеттер жүктейді:
• жұмысшыға тиісінше қалыпты өндіріс жағдайын туғызу;
• еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін орындап отыру, өрт қауіпсіздігін,
техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария ережелерін сақтау;
• жұмысшыға қатысты ұжымдық келісімшартпен, еңбек туралы нормативтік
актімен таныстыру;
• қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға және ұжымдық шарт жасауға;
• қызметкерлерді олардың еңбек міндеттерін орындауына қажетті құралдармен
және материалдармен қамтамасыз етуге;
• қызметкердің еңбек міндеттерін атқару кезінде оның денсаулығы мен өміріне
зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыруға;
• Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерінде көзделген
тәртіп пен жағдайларда қызметкерлерге келтірілген зиянды өтеуге;
• Егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатер
төндірсе, оны тоқтата тұруға;
• Еңбекақыны дер кезінде төлеу;
• Еңбек туралы заңдардың, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтау.
Жұмысшы өз міндетін орындамаған жағдайда, заң оның еңбек тәртібін
қарайды. Өзінің еңбек тәртібін бұзған жұмысшы тәртіпсіздік жасаған болып
есептеледі. Тәртіп бұзушылықтың өзіндік белгілері бар:
• Жұмысшы жұмыс берушінің алдында еңбек тәртібін бұзуы;
• өзінің еңбек міндетін дәлелсіз себептермен орындамауы немесе нормативтік
актіде, өзінің еңбек келісімшартында көрсетілген міндеттердің нашар
орындалуы;
• ұйымға, жалдаушыға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруі. Мұндай зиян
негізінен материалдық жағынан болады.
Ұйымның әкімшілігі алдында, жеке адамдардың алдында да келісімшарт
бойынша жұмыс істеп жүрген адамның тәртіп жөніндегі қылығы туралы мәселе
келуі мүмкін. Мұндай мінез-қылықтарға тәртіптік шара қолданылады.
Тәртіпсіздік мінез-қылықтың әкімшілік міне-қылықтан айырмашылығы бар.
Тәртіпсіздік жасайтын азамат- тек жұмысшы (қызметші) оның үстіне ол жұмыс
орнында немесе сол жұмыспен байланысты болады. Ал әкімшілік тәртіп
бұзушылықты 16 жасқа толған және оданда ересек кез келген азамат жасауы
мүмкін. Тәртіпсіздік мінезді жұмысшы ішкі еңбек орнында, белгілі бір жұмыс
берушінің алдында көрсетеді, ал әкімшілік мінез-қылық мемлекеттік басқару
орнында жалпы тәртіпті бұзу қылығымен ерекшеленеді. Мысалы, қоғамдық
тәртіпті бұзу (ұсақ бұзақылық ), жол ережесінің тәртібін бұзу, төлқұжаттық
тәртіпті бұзу т.с.с. Тәртіп бұзушылыққа тәртіптік шара қолданылады.
Әкімшілік тәртіпсіздікке ерекше әкімшілік жаза қолданылады. Мысалы,
жүргізушілік құқығынан айыру, әкімшілік тұтқындау, ақшалай айып салу т.с.с.
Тәртіпсіздік шараны жұмыс беруші еңбекке қатысы бар өзінің жұмысшысына
қолданады. Әкімшілік жазаны арнайы орган өзіне берілген құқықпен тәртіп
бұзушыға қолданады. Мұндай органдар-атап айтқанда, мемлекеттік, санитарлық
және басқа инспекциялар, ал жұмыс беруші әкімшілік еңбек келісімшартындағы
көрсетілген шаралар бойынша қолданады.
Әкімшілік жазалау шаралары белгіленген тәртіп бойынша қолданылуы тиіс.
Мұның өзі әкімшілік шараларды әкімшілік басшысына жұмысшының өз басы
жақпағанына қарай емес, тәртіпсіздік қылығына қарай қолданады. Әкімшілік
жауапкершілікті өздеріне тәртіптік өкімет билігі берілген лауазымды
адамдар, арнайы органдар қолданады. Мысалы, мектепте мұндай билік оқу ісін
басқарушыға емес, директорға ғана берілген. Тәртіпсіздік қылық үшін тек
нормативтік құжаттарда көрсетілген шаралар ғана қолданылады. Бір тәртіп
бұзушылық іске бір шара ғана қолданылатынын ескерген жөн.
Тәртіптік жазаны (немесе шараны) қолданғанда, оның белгілі бір
мақсаттылығын, әсіресе оның әділеттілігін қатты ойластыру керек болады.
Мұның өзі әрбір тәртіп бұзушыға жеке-жеке қарауды қажет етеді. Жұмысшының
(немесе қызметшінің) жеке басы, өзінің ісіне қалай қарайтындығы, істеген
қылығының ауыр, жеңілдігі, тағы басқа жайлар салмақтай қаралып, осыларды
жан-жақты есепке алуы тиіс. Жаза қолданудан бұрын ол адамнан жазбаша не
ауызша түсінік алуы керек.
Тәртіптік жауапкершілік екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Арнайы
тәртіптік жауапкершілік мемлекеттік органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық
қауіпсіздік туралы т.б), сондай-ақ жұмысшылардың кейбір түрлері үшін
жасалған жарғыларда белгіленеді.
Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек жүйелерінің ережелерінде
белгіленеді. Заң жалпы тәртіптік шараның төмендегідей түрлерін қарастырады:
1) ескету; 2) сөгіс; 3) жеке еңбек шартын бұзу;
Тәртіптік шара тәртіпсіздік қылық фактісі анықталғаннан кейін, бір ай
өтпей тұрып қолдануы тиіс және тәртіпсіздік қылық болған күннен бастап алты
ай өткеннен кейін қолданылмайды.
Өздерінің міндеттерін бұзғаны үшін жұмысшыға да, жұмыс берушіге де
материалдық жауапкершілік жүктеледі. Жеке еңбек шартында тараптардың
материалдық жауапкершілік шарты нақты көрсетіледі. Жеке еңбек шартының бір
тарабы екінші тарапқа зиян келтірсе, оны еңбек туралы заңға сәйкес сот
шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді. Жұмысшының денсаулығына зиян
келетіндей болса, немесе еңбек қабілетіне зиян келетіндей зақымданса,
жараланса, мертіксе, жұмыс беруші ол зиянды өтеуге міндетті. Сондай-ақ
жұмыс беруші жұмысшыны заңсыз еңбек ету құқығынан айырса; заңсыз негізбен
жұмысқа қабылдамаса, заңсыз жұмыстан босатса, жұмысшыны қаралайтын
мағлұматтар таратса, онда ол материалдық жауапқа тартылады. Қазақстан
Республикасының еңбек туралы заңында мемлекеттік еңбек инспекторлары
жүзеге асыратын еңбек туралы заңның бұзылмауына бақылау енгізілген.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретіне мыналар жатады: шағымдар мен
тексерулердің ізімен қараудың еңбек қатынастарын реттейтін еңбек туралы
Заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілердің бұзылмауына бақылау;
еңбек туралы заңның бұзылуының себептерін анықтау және талдау; бақылау
нәтижелері бойынша нұсқау беру т.б. Мемлекеттік инспекторлар берген
нұсқаудың меншік түріне тәуелсіз барлық ұйымдарда орындалуы міндетті.
Қылмыстық жауапкершілік
Кез келген заң бұзушылық мінез-қылық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі
бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал қылмыс дегеніміз-қоғам үшін ерекше қауіпті
құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап
шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан: қарттар
мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар, орыстар,
тағы басқалар болуы мүмкін.
Қылмыскерлерден әсіресе жасөспірімдер зардап шегеді. Олар құрбандыққа
тікелей де, жанама түрде де тап болады. Егерде адам қылмыс істесе, оның
балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе, үйде үнемі
дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді.
Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.
Сонымен, қылмыс дегеніміз не?
Қылмыс-қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі, ол заң
тыйым салған, заңмен жазаланатын, әрекетті немесе әрекетсіз өрескел
қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып кездеседі.
Қылмыстық әрекет қоғамдық қауіпсіздік жағдайына қарай онша ауыр емес
қылмыс, орташа ауыр, ауыр және ерекше ауыр қылмыс түрлері болып бөлінеді.
Онша ауыр емес қылмыс үшін 5 жылға дейін мерзімге жазаланады. Ал орташа
ауыр қылмыс үшін жаза – 5 жыл және одан да жоғары мерзім. Ауыр қылмыстың
жазасы – 12 жылға дейінгі мерзім. Ал ерекше ауыр қылмыстың жазасы – 12
жылдан артық мерзім немесе өлім жазасы. Қылмыс адамның өміріне,
денсаулығына, ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне, дүние-мүлкіне зиян келтіреді.
Қылмыс мемлекетке қарсы да жасалады. Қайғы-қасіретті жағдайлар нәтижесіне
байланысты да қылмыс жасалуы мүмкін. Кейбір адамдар жасаған қылмысын өзінің
кәсібі деп есептейді. Қалыптасқан ұры (вор в законе) деген сөз бар. Ондай
адамдарды кәсіби қылмыскер дейді. Мұндай қылмыстарды істейтін қылиыскерді
біздің заманымызда қауіпті немесе өте қауіпті рецидивист (жырынды,
баукеспе) дейді.
Қылмыстық әрекеттердің себептері жөнінде ғалымдар, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері әр алуан пікірде. Марксистер мұндай қылмыстың
тегін қанаушы қоғамнан іздеп, оны жеке меншіктікпен байланыстырды. Олардың
пікірінше, қанаушы тапты жойғаннан кейін байлардың кедейлерді қанағаны да
жойылып, социализм орнағаннан кейін қылмыс біткеннің бәрі дерлік қоғамнан
түбірімен жойылады деп есептеді. Біздің елімізде кемелденген социалистік
қоғам құрылды, бірақ қылмыс азаймады. Керісінше, кісі өлтіру, ұрлық,
бұзақылық, тағы басқа қылмыстың алуан түрлері молайып, жеке адамның,
қоғамның, мемлекеттің мүдднсіне қол сұғатын қауіпті қылмыстар кең етек
алды. Сондықтан қылмыстың себептерін жеке меншікпен, қанаушылықпен
байланыстыру дұрыс болмайды.
Біз социализмнен, социалистік идеядан бас тарттық. Конституциямыз
демократиялық, бұрынғыдан гөрі шынайы адамгершілікті қоғам құру міндетін
алға қойып отыр.
Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті бұрынғы саяси құрылысқа қарағанда
әлдеқайда демократиялық мемлекет деп саналуының өзі негізсіз емес. Бірақ,
өкінішке орай, қылмыс азаймай отыр, тіпті көбейіп кету тенденциясы бар.
Кейбіреулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығы десе, кейбіреулер
керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан не кешпеді,
жеңіл жазадан да, кескілеп өлтіру де, отқа жағып жіберу де- бәрі де болды.
Бұлардың барлығы да қылмыс жасауды тоқтата алмады. Мүмкін, әлде қылмыс
дегеніміз мүлднм жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола
беретін құбылыс па? Шынын айтқанда, мұндай ғылыми теория да жоқ емес.
Қылмыстың болашақтағы тағдыры жөнінде дәл айта қою мүмкін бола қояр ма
екен, бірақ оның жалпы алғандағы немесе кейбір жеке, нақты себептерін
анықтау мүмкін болса керек. Қазақстанда қылмыстың өсе түсуіне әсер ететін
себептер кедейшілік, жоқшылық, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендеп кетуі,
адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуі,
адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуі,
маскүнемдіктің етек алуы, нашақорлық, порнографияның кері ықпалы, полиция,
прокуратура, сот жұмыстарының тиімді жүргізілмеуі тағы басқа себептер екені
айқын. Қылмыстың едәуір бөлігі ашылмай қалады, сондықтан сазайын тартпаған
қылмыскерлер одан сайын дандайсып, басқа да қылмыстар жасайды.
Қылмыстың алдын алу. Жоғары да айтылғандарға қарап, біздің қоғамда
қылмыс бой берместей етек алып кетті деуге болмайды. Азаматтарымыздың басым
көпшілігі дұрыс өмір сүреді, балаларын жақсы тәрбиелейді, өзіне және
қоғамға пайдасын тигізіп, еңбек етеді, білімдерін көтереді, т.б. Бірақ
қылмыстың қауіпті екені соншалық, адам жасаған қылмыстың зардабы бір адамға
немесе адамдар тобын трагедияға, қайғы-қасіретке ұшыратуы мүмкін. Сондықтан
қылмысқа қарсы күрес тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп түсінбеу
керек. Әрине, қылмыс істегендерге қарсы күрес- бірінші кезекте полиция,
прокуратура, соттың тікелей міндеті. Бұл органдардың қызметкерлері халық
арасында заң тәртіптерін түсіндіру жұмыстарын, облыстағы, қаладағы,
ауылдағы құқық тәртібінің жайын кеңірек хабарлап, өздерінің осынау қауіпті
де ауыр жұмыстары жөнінде әсерлі әңгімелеп отырса игі іс болар еді.
Мемлекет полиция қызметкерлері, тергеушілер, прокурорлар мен судьялар
санын үздіксіз көбейте бере алмайды. Сондықтан саналы азаматтар құқық
қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның
өзі- адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін
қорғауға қажетті іс.
Қылмыс ұғымы туралы. Қылмыс өзінің ерекше түрлерімен айқындалады, яғни
қылмыстың да өзіне ғана тән белгілері бар. Қылмыс- заң жүзінде танылған,
қоғамға қауіпті іс-әрекет. Мұндай анықтама адам өмірінің денсаулығы мен
қадір-қасиетінің өзгеше қымбаттылығынан, мемлекет мүддесінің бәрінен де
жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Конституциядан қылмыстық құқық
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Қылмыстық жауапкершілік
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Қылмыстың арнайы субъектісі
Заңдылық пен құқықтық тәртіп
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Пәндер