Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Ұлы жібек жолының қалыптасуы мен дамуы
1.1. Ұлы жібек жолының қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ІІ. Қазақстанның оңтүстігіндегі ортағасырлық қалалар
2.1 Тараз, Испиджаб, Түркістан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
2 2. Отырар, Сауран , Шымкент. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 42

ІІІ. Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалаларға
жүргізілген . археологиялық қазба жұмыстары
3 1. Отырар, Сауран ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 75
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі; Қазақстанның Ресейге ХVIII ғасырлардың І – ші ширегінде қосылған кезінде ұлан байтақ территорияда бар болған бірнеше ғана қалалар тіршілік нышаны болды. ХІХ ғасыр тарихтың ғасыры деп аталды. Осы кең даланы алғашқы рет көрген ғалымдар мен саяхатшылар, құлазыған даланың тарихына зерттеу жүргізгенде қате пікірлер ұсынды. Бұған мысал ретінде 1913 жылы белгілі ғалым В.И. Масальский өзінің << Туркестанский край >> деген кітабында келтірілген пікірін айтып кетуге болады: << Жалпы Орта Азия кең далада көшіп қонып жүрген көршілер мен таулы аймақтардың етегінде, өзен бойларын мекендеген отырықшылар арасында мыңдаған жылдарға созылып келген күреспен белгілі. Даланың кең жазық болуы, көшіп қонуына ыңғайлы болу үшін мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар өздерінің емін-еркін жүруіндегі кедергі деп білді. Көшпенділердің ұрандары шексіз ұлан байтақ дала. Сондықтан да олар жазық далада малдың қалың нөпір болып жатуына көшіп қонуына кедергі жасайтын тұрақты мекен жайлар қоныстар, қалалар т.б. барлығын жермен жексен етті. Бау- бақшалар, зәулім құрылыстар, өнер туындылары т.б. барлығы да көшпенділерге түсініксіз болды. Сондай-ақ көшпенді тайпаларға отырықшылық та түсініксіз болды, және оларға қажеті де жоқ еді. Егер қолдарынан келген көшпенділер бүкіл жер бетін мал жайылымына айналдырар еді >>.1
В.И. Масальскийдің бұл айтып отырған пікірі осы күнгі көз қарастармен салыстырғанда дұрыс емес еді. Өйткені жазбаша деректер мен археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректерге сүйене отырып, бұл пікірдің қате екені көруімізге болады. Тіпті, оны кеңес дәуірінде өмір сүріп, археология ғылымына көп еңбек сіңірген атақты ғалымымыз С.П. Толстовтың мына сөзінен байқауға болады: << Қалалар мәдениетінің дамуы гүлденуі, орталыққа айналдыру отырықшылар ғана жасады деу үлкен қате болар еді. Себебі, еңбек бөлінісінің нәтижесінде отырықшылыққа көшкендер мен мал өсірумен айналысқан тайпалар арасында сауда қарым-қатынастары болды. Орта Азия және Қазақстан территориясында қалалар үшін әсіресе, көшпелі тайпалар мен айырбастың маңызы зор болды >>.Көшпелілер сату үшін, айырбастап алу үшін сырттан малдар, жылқы жүн тері, мал өнімдері, құл т.б. алып келді. Мұнда олар соғыста жалға түскен қазына, жібек, бағалы аң терілері т.б. әкелді. Ал қаладан өздеріне ауыл шаруашылық өнімдері, жасау жабдықтар, түрлі қару – жарақтар, маталар, қолөнер бұйымдарын алып тұрды. Қаладағы қолөнершілер өз бұйымдарын сол базар басында істеп те сата беретін болды. Егіншілердің қоныстары қала сыртында болды. Тау өзендері, бұлақтар және т.б. шебер дихандар үшін нағыз қазына болды. Су, дәнді дақылдар мен жүзімнен мол өнім алуды қамтамасыз етті. << Дихан судың қадірін біледі, оны ысырапсыз мұқият пайдаланады >>.2 Көшпелі тірлікпен өмір сүретін тайпалар егіншілік өнімінсіз өмір сүре алмады, ал егіншіліктің мөлшері көбінесе көшпенділер рыногінің қажетсінуіне байланыты болды. Орта Азия, оның ішіндегі Қазақстанға байланысты ортақ ұқсастық сол – көшпенділердің өз ішінен де егіншілік пен қолөнеріне ауысып отырықшылыққа көшкендердің ішінде көшпелі өмірге қайта оралғандары кездесіп тұрған. Міне, сондай-ақ көріп 3 отырғанымыздай көшпелілер қалалардың мәдени орталық , сауда орталығы, т.б. болғанын қаламады деген дұрыс пікір емес. Оған сондай-ақ көшпелі мал шаруашылығы мен қала тұрғандары арасындағы байланыстарды, отырықшылық пен айналысқан тайпалар арасындағы қарым- қатынасты көрсететін археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректер бұлжытпас дәлел бола алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. өзі Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қалаларының қалай пайда болғаны, олар жайлы алғашқы түп деректер қай уақытта жазылғаны, үстіміздегі ғасырдың өзінде осы өңір жайлы кімдер зерттеді, осы күндер қандай қалалары бар, Қазақстан территориясындағы қалалар тарихын білудегі маңызын ашып көрсету болып табылады. Осы Оңтүстік өңірі өзі Қазақстан археологиялық ғылымында әлі күнге дейін бар құпиясын ашпай келе жатқан өңір болып табылады. Яғни, бұл өлкеден Қазақстан тарихының уақытына байланысты әр кезеңді қамтитын тарихи заттай ескерткіштерді көптеп кездетіруге болады. Оңтүстік өңірі өзі ерте кезден ақ тарихқа өте бай, тереңдей зерттеуді қажет ететін өлке. Жалпы отырықшылықтың дамуы, қалалардың гүлденуі, оның көшпенділер мен байланысы жайлы мәселелер археология ғылымының негізгі зерттеуді қажет ететін жұмысы.
Жазба түп деректер мен археологиялық қазба жұмыстарында табылған заттай деректерді қорыта отырып, Қазақстан территориясында біздің заманымыздың ХІІ – ХІІІ ғасырға дейін, одан да кейінгі уақыттарда қалалардың даму барысын білуімізге болады>>.4 Қазақстанның ұлан байтақ территориясы бірнешетабиғи шарушылық аймаққа бөлінеді. Оардың әр қайсысындағы қалалардың қалыптасуының өз ерекшелігі бар. Қазақстанның оңтүстігіндегі қала тұрғындары, оның үш бөлігі, ішкі қамал, шахристан, рабат байталатын топографиялық тән. Әдетте, қаланың алғашқы орталығы цитадель болған, ол біртіндеп билеушінің сарайы орналасқан ішкі қамалға айналған.
Сырға құятын, Арыс, Келес, Бадам өзендері және оның мол сулы салаларының жағаларында дәл осы өңірдің қалаларының сары сұр дуалдары көрініп тұрады. Ескі қоныстары маңызын жойған, енді басты рольді қалалар атқаратын болған. Айналасы мықты дуалдармен қоршалған қалалардағы құрылыс балшықтан жиі салынған. << Жетісу өңіріндегі қалалардың дамуында Орта Азияның шығыс мемлекеттері мен транзиттік саудасы үлкен рол атқардыы >>.5
Сол себепті де << Ұлы жібек жолының >> бойындағы қалалар тезірек қалыптасты. Біздің заманымыздың ХІІ ғасырдың өзінде-ақ ірі сауда орталығы болып маңызды роль атқарған Отырар, Сауран, Сығанақ т.б. қалалары болды. Мұнда әр түрлі елдерден келген көпестер бас қосып тұрды. Біздің заманымыздың Х- ХІІІ ғасырлардағы Орта Азия мен
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1 Байпаков К.М. Ерзакович Л.В. Древние города Казахстана Алматы, Наука 1971, 8-9 беттер.
2 Қазақ ССР- тарихының хрестоматиясы Алматы, Мектеп, 1965. 19-22 беттер.
3 Қазақ ССР тарихы 5 томдық. Алматы , Ғылым, 1980 , І т., 396 беттер.
4 Қазақ ССР тарихы 5 томдық. Алматы ,Ғылым 1980, І т., 396 беттер.
5 Қазақ ССР тарихының хрестоматиясы. Алматы, Мектеп 1965.
6 Марғұлан А.Х. Из истории городов и строительного искуства древнего Казахстана. Алматы, 1950, 4 – бет.
7 Путешествие в восточные страны. Плано Каприна и Рубрука. М., 1957, 121 бет.
8 Пущулина К.А. Присырдарьинские города и их значение в истории казахских ханств. Казахстан в ХІІІ-ХVIII в.в. Алматы, 1969, 27 бет.
9 Волин С.Л. Сведение арабских, персидских и тюркских источников о долинах реки Таласа , реки Чу и Испиджаба. // тр. ИИАЭ АН Каз.СССР, 1960, Т. 8, 72-92 беттер.
10 Бұл да сонда , 16 бет.
11 Бернштам А.Н. Древний Отрар // Изв. АН Каз ССР. Археологическая,1951, вып, Э,С, 97, его же.
12 Проблемы древний истории и этногенеза Южного Казахстана. 90 бет.
13 Волин С.Л. Сведения арабских, персидских тюрских источников. 7 бет.
14 Волин С.Н. Сведения арабских, персидских тюркских источников... // Тр. ИИАЭ АН Каз ССР. 1960, Т. 8., 31 бет.
15 ММТ. – М., 193, Т: . 201 бет.
16 Волин С.Л. сведения персидских, арабских и тюркских источников .../ тр. ИИАЭ АН Каз. ССР. 1960 Т.8. 38 бет.
17 Чертежная книга Сибири, составленная Тобальским сыном боярским с. Ремезовым в 1701г. СПВ. 1882.
18 Изв. Русского археологического общества СПВ, вып. ІV. 1862, 188-189 беттер.
19 Лерх П.П. Археологическая поездка в туркестанский край в 1867г. С.39. его же. Археологические исследования в Туркестанском крае в 1867 г. //ОАК- за 1867.СПВ. 1868. С ХХІІ.
20 Гейнс А.К. Собрание литературных трудов, 1968, 1968, СПВ. Т.П. 225, 263-266 беттер.
21 Пащоно П.И. Туркестанский край в 1866 г. СПВ; 1868, 54 бет.
22 Бартольд А.В. Отчет о поездке в Среднюю азию с научной целью в 1893-1894 гг. СПВ; 1897, 18 бет.
23 Бартольд А.В. Отчет о поездке в среднюю Азию с научной цеелью в 1893-1894 гг. // записки Ан СПВ, серия 8, Т.1, 1897, 4 бет.
24 ПТКЛА – Ш. Ташкент, 1898, 178 бет.
25 ОАК за 1900. СПВ: 1902, 124 бет.
26 Спицин А.А. Из коллекции Императорского эрмитажа / чимкентский клад/. Записки отделения русской и славянской археологического общества СПВ. Вып. 1. Т
27 Колосовский В.А. в Каратаевских городах чимкентского уезда / археологические заметки /- ПТКЛА, год VІ, Ташкент, 1901, 89 бет.
28 Кларе К.А., Черкасов А.А. Древний Отрар и раскопки, производные в развалинах его в 1904г. 13-16 беттер.
29 Гроденцкий В.Д. археологии Чимкентского уезда // Изв. Туркестанского отдела Русского географического общества. Ташкент, вып.15. 99-108 беттер.
30 Иванов П.П: Материалы по археологии котловины Иссык-куля // Труды института истории Ан Кирг. ССР, Фрунзе, вып. Ш, 1957, с. 102-110; его же материалы по археологии долины Иссык- Куля // Рукописный фронд отделения общественных наук Кирг. ССР. Инв. 1714, 78-79 беттер.
31 МИА. 14,11 бет.
32 Бернштам А.Н. Проблемы древней истории и этногенеза Южно- Казахстана // Изд. АН Каз ССР. Сер. Археологическая Вып.2. 1950,7, 58-59 беттер.
33 Кызласов Л.Р. Работы Чуйского археологического отряда в 1953-54 гг. // Краткие сообщения института этнографии. Вып. ХХ үі. Л-М., 1957, 88-89 беттер.

І. Тарау.
1 К. Байпаков Қазақстанның ежелгі қалалары , Алматы 1992ж. 36-37 беттер.
2 К. Байпаков Қазақтанның ежелгі қалалары , Алматы 1992ж. 38 бет. 3 З. Искакова Ұлы жібек жолы - өркениет жолы , Зерде 2004 ж 18-19 беттер.
4 Қазақстан тарихы очерктер, Алматы 1994 ж. 81-82 беттер.
5 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 6-7 беттер.
6 К. Байпаков, А.Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992ж 196-197 беттер.
7 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 198 бет.
8 К. Байпаков , А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 8-9 беттер.
9 К. Байпаков Қазақстанның ежелгі қалалары Алматы 2005ж. 38 бет.
10 Қазақстан тарихы очерктер Алматы 1994 ж 82-83 беттер.
11 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 12-13 беттер.
12 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 16-17 беттер.
13К. Байпаков Қазақстанның ежелгі қалалары Алматы 2005ж 37-38 беттер.
14 К. Байпаков Қазақстанның ежелгі қалалары Алматы 2005ж 39 бет.
15 К. Байпаков Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырдағы мәдениеті Алматы 90-92 бет.
16 К. Байпаков Қазақстанның ежелгі қалалары Алматы 2005ж 37-38 беттер.
17 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992ж 202-203 беттер.

ІІ. Тарау.
1 Мырзахметұлы М, Жеменей И, Әбдуалиев А. Көне Тараз Алматы 2002 ж 22-27 беттер.
2 Мырзахметұлы М, Жеменей И, Әбдуалиев А. Көне Тараз Алматы 2002 ж 39-41беттер.
3 К.Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 103 бет.
4 Р. Вильгельм Шығыс елдеріне сапар Аударма кіріспе және ескертпелері А.И. Малеандікі СП.б. 1911ж 68-69 беттер.
5 К. Байпаков, А.Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 102 бет.
6 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992ж 49-50 беттер.
7 К. Байпаков Қазақстаның ежелгі қалалары Алматы 2005ж 147 бет.
8 Б. А. Байтанаев Древний Испиджаб Шымкент - Алматы 2003 ж 8-9 беттер.
9 Б. А. Байтанаев Древний Испиджаб Шымкент - Алматы 2003 ж 30-32 беттер.
10 К. Байпаков Қазақстанның ежелгі қалалары Алматы 2005ж 149-150 беттер.
11 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 54-55 беттер.
12 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992 ж 77-78 беттер.
13 К. Байпаков Қазақстанның ежелгі қалалары Алматы 2005ж 152-153 беттер.
14 С. Әбушәріп Түркістан тарихы Алматы 2001 ж 115-116 беттер.
15 Ж. Нұсқабайұлы, Ө. Жәнібек Ежелгі Отырар 10-12 беттер.
16 К. Байпаков, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы 1992ж 60-61 беттер.
17 К. Байпаков Қазақстанның ежелгі қалалары Алматы 2005ж 158-160 беттер.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Ұлы жібек жолының қалыптасуы мен дамуы
1.1. Ұлы жібек жолының қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. .. 17

ІІ. Қазақстанның оңтүстігіндегі ортағасырлық қалалар
2.1 Тараз, Испиджаб,
Түркістан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
2 2. Отырар, Сауран , Шымкент.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

ІІІ. Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалаларға
жүргізілген . археологиялық қазба жұмыстары
3 1. Отырар,
Сауран ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 69
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
75

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі; Қазақстанның Ресейге ХVIII ғасырлардың І – ші
ширегінде қосылған кезінде ұлан байтақ территорияда бар болған бірнеше ғана
қалалар тіршілік нышаны болды. ХІХ ғасыр тарихтың ғасыры деп аталды. Осы
кең даланы алғашқы рет көрген ғалымдар мен саяхатшылар, құлазыған даланың
тарихына зерттеу жүргізгенде қате пікірлер ұсынды. Бұған мысал ретінде 1913
жылы белгілі ғалым В.И. Масальский өзінің Туркестанский край деген
кітабында келтірілген пікірін айтып кетуге болады: Жалпы Орта Азия кең
далада көшіп қонып жүрген көршілер мен таулы аймақтардың етегінде, өзен
бойларын мекендеген отырықшылар арасында мыңдаған жылдарға созылып келген
күреспен белгілі. Даланың кең жазық болуы, көшіп қонуына ыңғайлы болу үшін
мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар өздерінің емін-еркін жүруіндегі
кедергі деп білді. Көшпенділердің ұрандары шексіз ұлан байтақ дала.
Сондықтан да олар жазық далада малдың қалың нөпір болып жатуына көшіп
қонуына кедергі жасайтын тұрақты мекен жайлар қоныстар, қалалар т.б.
барлығын жермен жексен етті. Бау- бақшалар, зәулім құрылыстар, өнер
туындылары т.б. барлығы да көшпенділерге түсініксіз болды. Сондай-ақ
көшпенді тайпаларға отырықшылық та түсініксіз болды, және оларға қажеті де
жоқ еді. Егер қолдарынан келген көшпенділер бүкіл жер бетін мал жайылымына
айналдырар еді .1
В.И. Масальскийдің бұл айтып отырған пікірі осы күнгі көз қарастармен
салыстырғанда дұрыс емес еді. Өйткені жазбаша деректер мен археологиялық
қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректерге сүйене отырып, бұл
пікірдің қате екені көруімізге болады. Тіпті, оны кеңес дәуірінде өмір
сүріп, археология ғылымына көп еңбек сіңірген атақты ғалымымыз С.П.
Толстовтың мына сөзінен байқауға болады: Қалалар мәдениетінің дамуы
гүлденуі, орталыққа айналдыру отырықшылар ғана жасады деу үлкен қате болар
еді. Себебі, еңбек бөлінісінің нәтижесінде отырықшылыққа көшкендер мен мал
өсірумен айналысқан тайпалар арасында сауда қарым-қатынастары болды. Орта
Азия және Қазақстан территориясында қалалар үшін әсіресе, көшпелі тайпалар
мен айырбастың маңызы зор болды .Көшпелілер сату үшін, айырбастап алу
үшін сырттан малдар, жылқы жүн тері, мал өнімдері, құл т.б. алып келді.
Мұнда олар соғыста жалға түскен қазына, жібек, бағалы аң терілері т.б.
әкелді. Ал қаладан өздеріне ауыл шаруашылық өнімдері, жасау жабдықтар,
түрлі қару – жарақтар, маталар, қолөнер бұйымдарын алып тұрды. Қаладағы
қолөнершілер өз бұйымдарын сол базар басында істеп те сата беретін болды.
Егіншілердің қоныстары қала сыртында болды. Тау өзендері, бұлақтар және
т.б. шебер дихандар үшін нағыз қазына болды. Су, дәнді дақылдар мен
жүзімнен мол өнім алуды қамтамасыз етті. Дихан судың қадірін біледі, оны
ысырапсыз мұқият пайдаланады .2 Көшпелі тірлікпен өмір сүретін тайпалар
егіншілік өнімінсіз өмір сүре алмады, ал егіншіліктің мөлшері көбінесе
көшпенділер рыногінің қажетсінуіне байланыты болды. Орта Азия, оның
ішіндегі Қазақстанға байланысты ортақ ұқсастық сол – көшпенділердің өз
ішінен де егіншілік пен қолөнеріне ауысып отырықшылыққа көшкендердің
ішінде көшпелі өмірге қайта оралғандары кездесіп тұрған. Міне, сондай-ақ
көріп 3 отырғанымыздай көшпелілер қалалардың мәдени орталық , сауда
орталығы, т.б. болғанын қаламады деген дұрыс пікір емес. Оған сондай-ақ
көшпелі мал шаруашылығы мен қала тұрғандары арасындағы байланыстарды,
отырықшылық пен айналысқан тайпалар арасындағы қарым- қатынасты көрсететін
археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректер бұлжытпас
дәлел бола алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. өзі Оңтүстік Қазақстан
өңіріндегі қалаларының қалай пайда болғаны, олар жайлы алғашқы түп деректер
қай уақытта жазылғаны, үстіміздегі ғасырдың өзінде осы өңір жайлы кімдер
зерттеді, осы күндер қандай қалалары бар, Қазақстан территориясындағы
қалалар тарихын білудегі маңызын ашып көрсету болып табылады. Осы Оңтүстік
өңірі өзі Қазақстан археологиялық ғылымында әлі күнге дейін бар құпиясын
ашпай келе жатқан өңір болып табылады. Яғни, бұл өлкеден Қазақстан
тарихының уақытына байланысты әр кезеңді қамтитын тарихи заттай
ескерткіштерді көптеп кездетіруге болады. Оңтүстік өңірі өзі ерте кезден ақ
тарихқа өте бай, тереңдей зерттеуді қажет ететін өлке. Жалпы отырықшылықтың
дамуы, қалалардың гүлденуі, оның көшпенділер мен байланысы жайлы мәселелер
археология ғылымының негізгі зерттеуді қажет ететін жұмысы.
Жазба түп деректер мен археологиялық қазба жұмыстарында табылған
заттай деректерді қорыта отырып, Қазақстан территориясында біздің
заманымыздың ХІІ – ХІІІ ғасырға дейін, одан да кейінгі уақыттарда
қалалардың даму барысын білуімізге болады.4 Қазақстанның ұлан байтақ
территориясы бірнешетабиғи шарушылық аймаққа бөлінеді. Оардың әр
қайсысындағы қалалардың қалыптасуының өз ерекшелігі бар. Қазақстанның
оңтүстігіндегі қала тұрғындары, оның үш бөлігі, ішкі қамал, шахристан,
рабат байталатын топографиялық тән. Әдетте, қаланың алғашқы орталығы
цитадель болған, ол біртіндеп билеушінің сарайы орналасқан ішкі қамалға
айналған.
Сырға құятын, Арыс, Келес, Бадам өзендері және оның мол сулы
салаларының жағаларында дәл осы өңірдің қалаларының сары сұр дуалдары
көрініп тұрады. Ескі қоныстары маңызын жойған, енді басты рольді қалалар
атқаратын болған. Айналасы мықты дуалдармен қоршалған қалалардағы құрылыс
балшықтан жиі салынған. Жетісу өңіріндегі қалалардың дамуында Орта
Азияның шығыс мемлекеттері мен транзиттік саудасы үлкен рол атқардыы .5
Сол себепті де Ұлы жібек жолының бойындағы қалалар тезірек
қалыптасты. Біздің заманымыздың ХІІ ғасырдың өзінде-ақ ірі сауда орталығы
болып маңызды роль атқарған Отырар, Сауран, Сығанақ т.б. қалалары болды.
Мұнда әр түрлі елдерден келген көпестер бас қосып тұрды. Біздің
заманымыздың Х- ХІІІ ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанда отырықшылық
пен жер өңдеу шарушылығының гүлденген кезі болып табылады. Орта ғасырлық
ғалым Мағдисидің жазба деректеріне сүйенсек, біздің заманымыздың Х ғасырда
Қазақстан Территориясында жуық шамамен 200 –ге тарта болған. Бірақ, бұл
жан-жақты, толық негізіне сүйеніп жазылған санақ деп айтуға болмайды. Бұл
да әлі күнге дейін белгісіз болып жатқан өзге қалалар сияқты жете
зерттелген жоқ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы ; Дипломдық жұмыс кіріспеден және үш
тараудан , қортындыдан тұрады. Бірінші тарауда Ұлы жібек жолының
қалыптасуы мен дамуы. Бірінші бөлімде Ұлы жібек жолының қалыптасуы мен
дамуы. Ал , екінші тарауда Қазақстанның оңтүстігіндегі ортағасырлық
қалалар екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Тараз, Испиджаб, Түркістан,
екінші бөлімде Отырар, Сауран, Шымкент қалалары қарастырылады. Үшінші
тарауда Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалаларға жүргізілген
археологиялық қазба жұмыстары , соның ішінде Отырар мен Сауран қаласына
жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары жөнінде қарастырылады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі ортағасырлық қалаларын тереңдей зерттеп,
қазба жұмыстарын көп жүргізу қажет ететін тарихқа бай өлке. Бұл өлкеден
Қазақстан тарихына байланысты көп жаңалықтар ашуға болады. Мен диплом
жұмысын жазу барысында осы өңір туралы жазылған жазба деректерді,
археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректерді, т.б.
пайдаланып қалалар дамуы жөнінде өз пікірімді білдірмек болдым.
Оңтүстік Қазақстан территориясының кең алқаптары ертезаманнан бері
отырықшы халықтардың мекені болып саналады. Бұл өңірдің халықтары Ұлы жібек
жолы арқылы батыс, оңтүстік, батыс, шығыс елдерімен саяси, экономикалық
сонымен қатар мәдени байланыстар жасаған. Осы өңірде мекендеген
халықтардың тарихын дәлелдейтін көп сандары ескерткіштер сақталған.
Олардың бір тобы біздің дәуірімізге төбеге айналған түрінде жетсе,
кейбіреулері ұзын қорғандар формасында сақталған. Оңтүстік азақстанда
феодалдық қарым-қатынастың қалыптасуының ең басты кезінде-ақ, отырықшы
егіншілік қатынастар пайда бола бастады. Осы жаңа қоныстар, сонымен қатар
ертеден қоныстепкен қыстақтардың едәуір бөлігі ( қалалары мен ауыл
шаруашылық тұрақтары ), сондай-ақ феодалға айналған шонжарлардың астана
ордалары өсіп, әртүрлі типтегі қалаларға айналған.
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың өсуі әуелі қарлұқтар дәуірінде, содан
кейін қараханидтер дәуірінде күшті болды. Қалалар ең алдымен ертеден-ақ жер
ертедегі керуен жолы өткен етектерінде дамыды. Ертедегі отырықшы
мәдениеттің ең маңызды аудандарының бірі Сырдария алқабы болды. Сол заманға
лайық неғұрлым ірі, саудалық және қолөнерлік осы арада дамыды: осылардың
ішінен ескі деректемелер Отырар, Испиджаб, Сүткент, Сығанақ, Баршынкент
сияқты қалаларды ерекше атайды.
Оңтүстік Қазақстандағы ерте ортағасырлық қалалардың VІ-ІХ ғасырларда
пайда болғанын, қалалардың одан әрі өсу нәтижесінде Х-ХІІІ ғасырларда ірі
саяси, экономикалық және мәдени орталықтарға айналғанын жазба деректермен
қатар археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр. Археологиялық
экспедициялардың нәтижесінде анықталғандай ортағасырлық Қазақстан
территориясында аса жоғары сатыда дамыған сауда, қлөнер саяси орталықтар
болған мәдени ошақтары- қалалар өмір сүрген. Қазақстандағы орта ғасырлық
қалалардың дамуына Орта Азиялық мәдениет ошақтарынан ықпалы өте зор болған.
Жетісу өлкесіне қарағанда Орта Азия территориясымен тікелей ұштасып жатқан
Оңтүстік Қазақстанда орта ғасырлық қалалар әлдеқайда ертерек пайда болып
дамыған. Сондай-ақ жалпы Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда
болып, олардың дамуына осы территория арқылы өтіп, Шығыс Түркістанды Иран
және византия мен бірігіп жалғастырып жатқан сауда жолы Ұлы жібек
жолының тигізген ықпалы да өте зор. Керуен жолының бойындағы қалалар
Таразбен Суябтың атағы сонау Византияға дейін жеткен.
Оңтүстік Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық қалалардың дамуының
өзіндік ерекшеліктері болды. Осы аймақта қалалардың тұрғындары, сондай-ақ
жер шаруашылығымен айналысқан отырықшы халық пен мал шаруашылығымен
айналысқан көшпенді халық қоян- қолтық өмір сүрген. Қазақстан қалалары
олардың арасын байланыстырушы негізгі орталық болды. Сондықтан да
отырықшылар мен көшпенділер арасында өзара қарым- қатынасқа белгілі
ғалымдарымыз С.П. Толстов, Ә.Х. Марғұлан 6 тағы басқалар назар аударды.
Бізге дейінгі жеткен жазба деректер бойынша оңтүстік Қазақстан VІ-
ХІІІ ғасырларда түрік тілде отырықшы және көшпелі халықтардың саяси
өмірінде аса зор орын алған.
Алтай мен Монғолияның ұлан байтақ территориясында феодалдық
қатынастардың қалыптасуы процесіне байланысты мұнда тұрған түрік тілдес мал
өсіруші тайпалардың бастары бірікті. VI ғасырдың орта кезінде 551 ерте
феодалдық мемлекет түріндегі көлемді мемлекеттік бірлестік түрік қағандығы
құрылды. Түрік қағандығы тиянақсыз мемлекеттік бірлестік болып, көп уақыт
өмір сүре алмады. VI ғасырдың аяқ кезінде Түрік қағандығынан оның батыс
бөлігі бөлініп шығып, онда өндіргіш күштер дамуының ішкі процестері
нәтижесінде және феодалдық қатынастардың өсуіне байланысты батыс түрік
қағандығы деген дербес мемлекет құрылды. Оның құрамына Қазақстанның
оңтүстік – шығыс аударндары енген. Қағандықтың орталығы Суяб қаласы болды.
VIII ғасырдың 40 жылдарында батыс түрік қағандығы өмір сүруін
тоқтатты.
Түргеш хандығы кезінде Талас және Шу өзендері бойынша көптеген
қалалар пайда болды, қалалар тізбегі Испиджабтан Ыстықкөлге дейін созылып
жатты. 940 жылы Шығыс Түркістаннан келген ягма деген көшпенлі тайпа
Баласағұнды және басқа қалаларды жаулап алды.
ХІІІ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан территориясына монголдар
басып кіріп, гүлденген қалаларды қиратты. Ғасырлар бойы гүлденген егіншілік
алқабы қойылды. ХІІІ ғасырда Шу өңірінде болған араб географы Якут былай
деп жазды: Бұл жердегі тамаша бақтармен зәулім қорғандардың қираған
қабырғалары мен жойылып кеткен халықтың жұртынан басқа ешнәрсе қалмады.
Осылайша Оңтүстік Қазақстанда егіншілік мәдениет жойылды.
Оңтүстік қазақстандағы ортағасырлық қалалардың тарихын білу үшін
жазылып отырған жұмыста тарихи деректерге, зерттеулерге сүйене отырып,
қалаларға талдау жасаймыз.
Дипломдық жұмыстың тарихи деректері; Диплом жұмысы тарихи деректер мен
жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулерге сүйене отырып жазылды.
Автордың алдына қойған мақсаты Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық
қалаларының пайда болуын, дамуын сонымен қатар олардың ерекшеліктерін
көрсету.
629 жылы Жетісу арқылы өткен қытай саяхатшысы Сюань Цзянь Шу, Талас
алқаптарында егіншілікпен бірге жүзім егілетін жерлердің де құнарлығы
туралы жазған.
Франция корльдігінің елшісі Рубрук Таластың төменгі ағысы жайлы
бұл өзен еш теңіз – көлге құймайтын, жерге сіңіп немесе батпаққа айналатын
, - деп Талас өңірінде болған сапарында жазып кеткен.7 Осындай сулы,
егіншілік дамыған аудандардағы қоныстар елді пунктерге айналған. Елді
мекендер қалалар арқылы қоныстар құрылуына себеп болды. Жазба деректер мен
археологиялық зерттеулер ерте ортағасыр заманында Оңтүстік Қазақстанда,
Қаратау төңірегінде көптеген қоныстар мен қалалардың болғандығын
көрсетеді.8
Ыстық көлден Таласқа қарай өтіп бара жатып Сюан Цзянь Суйды шу
батыс жағында ондаған жеке қоныстар мен қалалар бер. Әрбір қаланың
бекітіліп қойған бастықтары бер, бірақ олар бір-біріне бағынбайды. Сол
кезде Суяб қаласының саяси және экономикалық құдіреті күшті болды, - деп
жазып кеткен. Географ Якуб Испиджаб қаласы туралы ... бұл қала мұсылман
елдерінің әдемі бақтары мен сылдыраған бұлақтары бар, мәуелі ағаштарға толы
әсім қаласы -деп жазған.9
Субаникет қаласы жайлы географиялық Худул – ал- Алем жинағында
10 Санчкес әсем, сәулетті, бай қала болғанын айтады. Бұл баяндауларға
қарағанда Оңтүстік Қазақстанның тарихи географиясында өзгерістермен
қозғалыстардың аз болғанын көруге болады.
Зерттеліп отырған мәселеге бірден кіріспес бұрын, біз оладың ертедегі
тарихи жағдайларына тоқтала кетуіміз керек. Сол үшін тарихи деректерге
сүйенеміз. Алғашқы кездегі адамдардың тұрмысының іздері Оңтүстік
Қазақстанда палеолит дәуіріне жатады. Тас, қару жарақтардың сынықтары, тас
қашаулар, жебелердің ұштары, тас балталар неолит дәуірінде жатқан ауданда
әр жерлерде ( Қаратауда, Шу, Сырдария өзендерінің төменгі аңғарларында )
табылған.
Бірақ сол кездегі Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген
адамдар жайлы антикалық тарихшылар нақтылы деректер айтпаған. Б.з.д. ІV
ғасырда А. Македонскийдің жорығы кезінде Сырдарияның жағалауындағы скифтер
жаңа қарсыластарына қарсы қалаларға үлкен бекіністер салғанын көруге
болады.
Аррияның айтуына лоарды салған сол жердегі қала ішіндегі қала
қолөнершілер, жер шаруашылығы және мал өсірумен айналысатын ұсақ тайпалары.

Тарихшылардың айтуынша біздің заманымыздың ІІ ғасырында бірнеше
рулардан құралған екі үлкен қаңлы және янцай тайпалары одағы болған. С. П.
Толстов өзінің зерттеулерінде, қаңлы мемлекетті шығысынды Ферғанамен,
оңтүстігінде Парфиямен, ал батысында өзіне кіретін Хорезм мен Бұқара
оазистерімен шектесіп жатқанын айтқан.11
Сол кезде өзінің Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қырғызстандағы көп
жылдық археологиялық зерттеулерінің нәтижесінде А.Н.Бернташ қаңлы
мемлекетінің шығыс шекарасына Талас өзенінің қарайтынын өз зерттеулерінде
ашып көрсеткен.12
Махмуд Қашқаридің айтқандарын негізге ала отырып зерттеушілердің
қатары Х.А.Якубовский, С.П.Толстов, А.Н. Бернштам Отырар, Сауран, Сығанақ
және С.П. Толстовтың айтуынша Таразға дейінгі территория түгел ІХ-Х
ғасырларда оғыз тайпалар одағына қаралды деп жазған.
Магдисидің айтуынша Сауран қаласы Х ғасырда гуздар мен қимақтарға
қарсы бекінісі қамал ретінде жасалған13. Мааксидің бұл айтқандарын географ
Якут дәлелдеп, сол кезде сауран қаласы Мавереннахр қалаларының ішіндегі
үлкен бекініс қалаларының бірі болған, - дейді.14 Х ғасырдың ортасында
фараб, Сауран қалалары Мавереннахға қараған.
Араб және Иран тарихшыларының деректеріне қарағанда Қаратаудың
солтүстік жағынан қимақтар, ал солтүстік- батыс жағында қыпшақтар
мекендеген.15
ХІІІ ғасырдың басында Жетісу мен Оңтүстік қазақстанға Күшлік хан
бастаған найман тайпалары жақындайды. Қарақытайлар мен Хорезм шахы
Мұхамедтің күресінен кейін Испиджаб округі, Отырар оазисі хорезм шахы
мемлекетінің құрамына кіреді. Бірақ, ибн- ал Аширдің айтуына қарағанда,
моңгол шапқыншылығы кезінде Хорезм шахы осы қалалардың тұрғындарын қуып,
қалаларды бекініс жасаған.16
1219-1292 жылдары Оңтүстік қазақстанның қалалары моңгол
шапқыншылығының қолында қалды. Қалалардың көпшілігі қирады. Монголдар
жаулап алғанан кейін, 1221 жылы Шу өзеніне ағаштан көпір, Таласқа тас көпір
құрыла бастаған және Испиджаб қаласы бұрынғысынан үлкен бай қалаға айналған
деп жазады, сол кезде осы арадан кетіп бара жатқан қытай саяхатшысы Чан
Чун. Ол қалалардың қайта өркендеуіне үлкен сауда жолында жатқандығын әсер
етті.
ХІV ғасырдың 90 шы жылдарында Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан
территориясында жаңадан Темір мемлекетті үстемдік етті. Темірдің қол астына
бұрынғы Алтын Ордаға қарайтын Оңтүстік Қазақстанның жерлері түгел кірді.
Бірақ, Темір өлгеннен соң оның немересі Ұлықбектің кезінде мемлекет әлсіреп
кетті.
ХVI ғасырдың басында Қаратаудың маңындағы Шу мен Талас бойындағы
қалалар Қасым ханның кезінде біріге бастады. 1579 жылы Сауран мен Түркістан
қазақтарға қарады. Осы кезден бастап зерттеліп отырған Оңтүстік
Қазақстанның аудандарында қазақ хандығының бірігуі басталды. Әр жақта
маңызды Оңтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштері бұрыннан ақ маман
зерттеушілер мен табиғат сүгіштердің назарында келеді. Қазақстанның
оңтүстігінде археологтардың зерттеуімен бірнеше қалалар табылды. Бірақ,
қоныстардың біразы бұзылған. Оларды қазып қағаз бетіне түсіру аз жұмыс
емес. Облыс көлемінде оның негізінде су магистральдары – Сырдария, Арыс;
Келес, Бөген, Шаян, Арыстанды, Бадам және басқалары маңдарында көптеген
қираған ортағасырлық қалалар сақталған. Сонымен бірге осы қалаларда
бекіністер, қоныстар, сарайлар мен мовзолейлер сақталынған. Бұл қираған
қала ескерткіштеріне көптеген қорғанды алқаптар архитектуралық ескерткіштер
қосылады. Қаратау маңында тасқа жазылған жазулар, сурет бедерлері
кездеседі. Археологиялық ескерткіштерді зерттеуде сол ескерткіштердің
өзінен жазба деректер негізгі роль атқарады.
Зерттеліп жатқан Қазақстанның сол бөлігін тарихи маңызды жағынан
екі кезеңге бөліп қаруға болады.
Бірінші кезең- дәлелдерді табу және археологиялық ескерткіштерді оқып
үйрену XVIII ғасырда Ұлы Қазан Социалистік революциясына дейін созылады.
Бұл кезеңде археологиялық ескерткіштер туралы деректер, сол кездегі
саяхатшылар мен зерттеуші, өлкетанушылардың мақалалары мен күнделіктерінде
жазылған.
Оңтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы бірінші
түсінікті 1701 жылы Семен Ремезовтың Сібірдің сызу кітабы мен 1987
жылы ғылым Академиясы шығарған оның атласы баяндалды.17
ХІХ ғасырдың ортасында императорлық археологиялық қоғам ескі
ескерткіштерді қорғауға біраң көңіл бөлді. 1862 жылы 19 қаңтарда болған
Россия археологтарының қоғам жиналысында Қазалы купеці Н. Деевтің ұсынысы
мен Бұрынғы Сырдария өлкесі жайлы шығармасының программасын
бекітті.18 Бұл шығармада барлық маңызды қалалардың, бекіністің,
сарайларды, қабірлердің және т.б. планын жасап, олардың бүлінгенін түгел
жазу талап етіледі.
1866 жылғы сапарында А.К.Гейнс өзінің назарын аударған Сауран,
Испиджаб, Қарнақ қалаларына көңіл бөліп қарады. Ол Сауран қаласында аз ғана
қазба жұмысын жүргізді. Автордың айтуынша ол жерде маңызды ешнәрсе
табылмаған. Қазылған шұңқырдан тек күйген кірпіштердің сынығы, күлі
табылды.19 1970 жылы археологиялық ескерткіштерді зерттейтін археологиялық
комиссия құрылды. Оған 1867 жылы П. Лерхтың Сырдарияның төменгі ағысымен
Жетісуға баруы себеп болды.20
Живописная Россия журналында бүлінген Сығанақ қаласы жайлы
және сонымен бірге ондағы суландыру жүйесінің қолданғаны жайлы мақала
басылып шықты.
Пашина П.И. Түркістанға барған сапары жайлы естелігінде Түркістан мен
Ахмет Яссауи мешітінің бүлінгені туралы жазады.21
Революцияға дейін Шу өңірінің қоныстары мен қалаларын тексеріп,
зерттеуге В.В. Бартольд сапары ерекше орын алды. 1894 жылы Бартольд Шу
өңіріндегі қираған қоныстарды қарп шықты. Өзінің есебінде ол Шу өңіріндегі
Новониколаевск, Ключесвк, Төлек, Аспара, Ақбешім, Борана және т.б.
қалаларға сипаттама берген. Олардың ішінде В.В. Краснореченск, Қайынды,
Степнинск және Қара Жигач қалаларын атап көрсеткен.22 Оларға қысқаша
сипаттама бергенімен, Бартольдтің еңбегі, ол бірінші рет қоныстардың
қалдығын тексеру үшін ғылымға үлгі беріп отырды. 1893 жылы май айында
топографиялық белгі орнатушылар Мамаевка қонысы жанынан балшықтан
істелінген ыдыстар және үш аяқты стол табады. Заттар табылған жерге
жергілікті өлкетанумен шұғылданушы Остроумов Н.П. келіп, бірнеше қорғандар
табады.23 Қазылған жерлерден көптеген археологиялық ескерткіштер, адамның
сүйегі, мыстан істелген затар табылған.
1895 жылдан бастап Қазан революциясына дейін археологиялық
ескерткіштерді оқып үйрену саласында Түркістандағы археологтар үйірмесі
біраз істер істеді.
1888 жылғы қазба жұмысы кезінде Қарамұрат – Қақпа24 жерінен мыс
теңгелер, Сайрам су 25 селосынан алтын және күміс заттар сонымен бірге
Янги- яр қонысынан киімге тағатын күміс нәрселер табылған. Спици А.А. Ягни-
ярдан табылған заттарды ХІІІ ғасырдың заттары деп даталады 26.
1899 жылы В.А. Қаллаур бүлінген Сығанақ, Ашнас, Бестам қалаларын
жобасын жасап, оларды тізімге алады.
1900 жылы үйірменің мүшесі А.О. Руднев Сырдария сол жағынан бастап
қазіргі Түркістан және Горовск уездеріне дейінгі аралықтағы ерте кездегі
бүлінген қалалар мен қоныстарды зерттеген. Бұл жерден ол он бір қалалар мен
бірнеше қоныстарды есепке алды, сосын керамикалық заттар мен қабірлерден
адам сүйектерін тапты.
1901 жылы В.А.Колосовский Қаратау бөктеріндегі бүлінген Құмкент және
Саудакент қалаларын қарап шықты 27.
Зерттеушілер отырар қаласына көп көңіл бөлді. Отырарды зерттеушілер
арасында әр түрлі көзқарас болды. Н.Локогиннің Отырарды VІ ғасырда құрылған
қала деген пікіріне В.В.Бартольд қарсы шығып Отырар ертеден келе жатқан
қала, Фараб қаласымен даталас келеді. Талас мәселелерді шешу үшін
архелогиялық қазба жұмысы жүргізілді, Отырарда қазба жұмысын К.А. Кларе
мен А.Черкасов Қосылып басқарды.28 Қазба жұмысын жүргізушілер 5 таршен
қазды. К.А.Кларе мен А. Черкасовтың экспедициясы жердің үстіңгі қабаттарын
ғана қазды, ол қабаттар Х-ХІІ ғасыр даталанды.
1915 жылы Д.В.Городедцкий бұрынғы шымкент уезі маңындағы археологиялық
ескерткіштерді есепке алды, бірақ ол қалалақ аузынан жазып алған,
деректерге сүйенбеген 29.
1927 жылы М.Е. Массон Борана және қираған Ақбешімнің схемасын
жасай отырып, тексеру жұмысн жүргізді. П.П. Ивановтың өмірі мен Ыстық көлге
жасаған барлау жұмысы осы кезеңге жатады. Ол Ключевск, Краснореченск,
Чумичиское 1 және 2 қаларын зерттеді 30. Шу өңірінің қалары 1938-40
жылдары арнаулы Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеуге кірісті.
Экспедиция бұл өңірдің топографиясын тексерумен бірге қазба жұмыстармен
айналысты. Олар көптеген бағалы археологиялық материалдар жинады. Көлемі
жағынан кішкене қазба жұмысы жүргізілді. Табылған материалдарға қарап ХІ-
ХІІ ғасырларда халық өмір сүрген. А.Н. Бернштам бұл қаланы Якалық
қаласымен аттас дейді. Новороссийск қаласы Суяб қаласымен аттас. Оның
датасын А.Н. Бернштам біздің заманымыздың VІІ- ХІІ ғасырлар деп
белгілейді. Ал, қалған қалаларға Жетісу экспедициясы қазба жұмысын
жүргізген жоқ, тек табылған материалдар жинақталған. Қалған қалалардың
планы түсіріліп олардың хронологиялық рамкасы жасалған. Жамбыл – Талды –
Қаратау – Сайрам – Түркістан - Темір- Сырдарияның сол жағалауы және
Қаратаудың солтүстік жақ бөктері археологиялық барлау жұмысы жүргізілді 32
.
1953 жылы Қырғызстан академиясы жанынан үш жылдық барлау жұмысын
жүргізетін археологиялық экспедиция құрылды. Оның құрамына Қызласов П.Р.
басқарған шу археологиялық отряды болды.
1953-54 жылдары бұл отряд Ақбешім қаласының бес объектісінде қазба
барлау жұмыстарын жүргізді 33 . Қазба жұмысы кезінде VI- Х ғасырларға
жататын көптеген керамикалар табылды.
1955-57 жылдары бұл қаладағы қазба жұмысын Зяблин Л.Н. басқарған
отряд жалғастырды. Олар алтыншы объектіні қазды. Барлық қазба жұмыстары
кезінде Шу өңіріндегі ортағасырлық қоныстар мен қалалардан маңызды
материалдар табылды. Кейбір қалаларда рабадтардың орны бар, бірақ
шекаралары сақталынбаған.
Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының көп жылдық
зерттеулерінің негізгі объектісі ортағасырлық Отырар қаласы болып саналады.
Орта Азия мен Қазақстандағы ортағасырлар кезінде болған тарихи уақиғалар
мен бұл жерлердің экономикалық және саяси өмірі Отырар қаласымен байланысты
болған. Отырар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу 1969 жылы Қазақ ССР
Ғылым Академиясының Ақышев К.А. басқарған Отырар археологиялық
экспедициясы ұйымдастырылғаннан кейін басталды. Археологиялық
қазба жұмысы қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта
болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік береді.
1971-77 жылдары 1,5 гектар қаланың солтүстік бөлігі зерттелді. 1973 жылы
осындай алаңы бар оңтүстік- батыс бөлігі зерттелді. 1972-76 жылдары
Отырардың шығыс бөлігі зерттелді. Ашылған құрылым комплекстері XVI- XVII
ғасырларға жатады. Бұл Отырар жайлы қазірдің өзінде бірнеше әдебиеттер мен
мақалалар бар.

I. Ұлы жібек жолының қалыптасуы мен дамуы.

І.1 Ұлы жібек жолының қалыптасуы мен дамуы.
Ұлы жібек жолы – Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евроазияны көктей
өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ал сонау ежелгі
дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының
тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Осы жолдармен адамдар өте ерте
кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан.
Алғашында сауда бір жерде бар ал екінші жерде жоқ нәрселер мен құнды
заттарды бір- бірімен айырбас жасау түрінде жүргізілді.1 Мысалы олар тұз
асыл тастар алтын Дәрілік өсімдіктер хош иісті заттар .Содан кейін адамдар
тауарларды азық-түліктерді малдарды қола және темірді терілерді маталарды
сәйгүліктерді және басқада көптеген заттарға бір-бірмен алмастырды . Кейін
келе оларды ақшаға сату керектілерін сатып алу жүзеге аса бастады .Бұл
сауда орындарының базардың жәрмеңкенің сонымен қатар елмен елді қалалар мен
халықтарды бір бірімен жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші
болды. Жолдар бір бірімен қосылып шығыстан батысқа,оңтүстіктен солтүстікке
қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла
берді.
Осылайша Европа мен Азияда Ұлы жібек жолы пайда болды.2Ұлы
жібек жолы шығыста Қытай империясынан басталып батыста Рим империясында
аяқталды. Сонау ұшынан ұзаққа созылған олар тау асып, өзендерден өтіп кең
далаларды кезіп жайылымды жерлерді басып өтті. Осы заманда көлік қатынасы
жоқ, ал ерте заманда сауда керуендері жыл он екі ай бойы жібек жолында
талай қатынаған. Батыспен Қытайды жалғастырған жолдағы ерекше кедергі Тянь-
Шянь таулы асуы болды.3 Алғашында жібек құртын Қытайлықтар тұт ағашында
ұстады. Оны басқа елдерге алып шығуға тиым салды. Оны кейін қытайлық
әйелдер шаштарының арасына тығу арқылы басқа мемлекеттерге алып шығарды.
Ол кейін басқада мемлекеттерге тарады. Қытай жібегін басқа елдерге шығару
біздің заманымызға дейінгі V ғасырда басталған.
Жібек жолы дегеніміз не ол қашан пайда болып қандай пайдаға
асты және қай жерлерді басып өтті. Ол Қытайды батыс пен байланыстырып
жатқан және техникалық жаңалықтарға діни мұраттар мен мәдени жетістіктерге
мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді. Біздің заманымызға
дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінде жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың
тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастады.
Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чань-Аньнан, шығып Ланчжоу
маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Нань- Шаннің солтүстік
сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен Яшма
қақпасының шебінен барып шығады. Осы арада сара жол екіге айырылып, Такла-
Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін.Терстік жолы
Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо көгалдары арқылы Іле алқабына жетеді. Ортадағы
жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыстық көлдің
оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, Хотон, Яркенд, Бактерияларды басып
өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін: бұл оңтүстік
жолы деп аталады. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі
Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын.4
Қытайдың ежелгі астанасы Чань Аньнан шыққан саудагерлерді қоспақ
түйелі керуені мен атақты Гоби шөлін жағалап Дунхан арқылы ұлы айдаһар құмы
аталатын сортаң шөлейті. Хами мен Тұрфан алқаптарын Тянь Шаньның солтүстік
бөктерімен мұздақ тауларын шамасы музурола жоталарын басып өткен Сюань
Цзян мен оның сапарластары көкмөлдір көлге жетті. Қажы осы өзендерді
айналып өтіп батыстағы шекарасы сонау Қара теңізге дейін созылып жатқан
байтақ мемлекеттің әміршісі түрік қағаны тұрған Суяб қаласында келді. Сюань
Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды. Бұл
жат елдіктердің аттары керемет екен.5 Қаған үстіне жасыл жібек киген жалаң
басына ұзындығы бір чжан ұштары желкесіне түскен жібек шалма орап алған.
Оған оқалы зерлі жібек шапан киіп шаштарын айдар тұлымдап өрген екі жүзден
астам нөкер еріп жүрді.Өзге жауынгерлер тері аспалы киім бастарына жұмсақ
бас киім дер киіп айбалта , садақ асынып ту көтеріп жүреді .
Түйеге атқа мінгендердің көптігі сонша көзбен шамалаудың өзі мүмкін
емес . Қағанның өзін қалай қабылдағанын сипаттай отырып Сюань - Цзян
түрік зиялыларынның салтанатты жібек киімдерінің молдығын бірнеше қайтара
ауызға алды сонымен бірге өзіне көрсетілген сый –сияпат ішінде .Қызғылт –
түсті жылтыр шыттан тігілген неше алуан киімдер сататын және елу кездеме
жібек бергені жөнінде мәлімет береді . Осыған байланысты ежелгі дәуір мен
орта ғасырда халықаралық қатынастардың күре тамырына айналған Ұлы жолға өз
атауын берген Шығыс және Батыстың негізгі сауда заттына айналған жібек
бірнеше рет аталды. Жібек жолының жекелеген бөліктерінің сиқырлары жөнінде
айтар болсақ ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстарды біздің
заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған .
Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит кені ал Хотон аймағындағы
Яркент , Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит кені ашылуына орай жолға қойылды.
Бадахшан лазуриті І-мыңжылдық жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.
Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндістан мен
жалғастырып отырған Лазурит жолымен қатар дүниеге келген Нефрит жолы Шығыс
Түркістанды мен Солтүстік Қытаймен жалғастырды . Нефрит жолы біздің
заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтың өзінде - ақ жұмыс істеп тұрған.
Нефрит түркілердің ұғымында да маңызды роль атқарды, олар мұны джада,
джеде, таш, яда, суу-таш деп атады.6 Бұл жауын тасы деген мағына берді. Бұл
қатарға олар нефриттен басқа яшманы, жадентті, жалантасты қойды. Осы тастың
көмегімен түркі шаруалары жауын шақырды.7Жауын тасы нефритке табыну
дәстүрін қытайлықтар түріктерден үйренген. Нефрит- сонау ерте замандардан
бері киелі санаған.
Нефрит-мәңгілік тасы деген тұжырымға келді. Тан дәуірінде Қытайда
белдікке нефрит жапсырма тағу салтқа айналды. Мұндай жапсырмаларды Қытай
Шығыс Түркістаннан сый ретінде алып отырған. Аса бағалы нефрит өндіретін
негізгі орталық Шығыс Түркістан болды.Ол көне дәуірден-ақ Қытаймен нефрит
жолы жалғасып жатты. Біздің заманымызға дейінгі І-мыңжылдықтың орта
кезінен Дала жолы деген болғаны белгілі . Егер тарихтың атасы Геродоттың
жазбаларына жүгінсек бұл жолдың Қара-теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін
одан әрі Савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске және Алтайға
сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген Агриппейлер еліне қарай
созылды .
Бұл жолмен былғарылар мен терілер, Иран кілемдері құнды металдардан
жасалған бұйымдар кең таралып жатты. Жібек жолымен бұйымдар ғана таратылып
қойған жоқ, сонымен қатар көркемдік үлгідегі сәндері де өріс алып отырды.
Жібек жасап шығару және сонымен қатар сауда жасау кезеңі күні кешеге
дейін біздің заманымызға дейінгі І –мыңжылдық саналып келеді .Біздің
заманымызға дейінгі VІ-V ғасырларда Қытай жібегі басқа елдерге оның ішінде
Батысқа шығарыла бастады . Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне қатар мен
скифтердің көшпелі әулеттері атсалысты. Солардың қатынас –аралық көмегімен
сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар . Орталық Азия мен Жерорта
теңізіне дейін тарады. Дегенмен зерттеушілер оның ішінде Ма Юн мен А.
П.Франкфор тәрізді көрнекті ғұламалар жібек жолы жөнінде оны VІ-ІV
ғасырларға жатқызып осы бір асыл тауар шамамен 40 параллель бойында жатқан
далалық аймақпен яғни Хуанхэ өзеннің үлкен иілісіне қарай басталып Алтайдың
шығыс және солтүстік сілімдерін Қазақстан даласы мен
Қара теңіз жағалауын басып өтіп Гректер мен Этрустар жеріне жеткізді
деп жобалауға болады . Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ-ғасырлардың
орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен қарым –қатынастың және
сауданың күре тамырына айналды .
Ал осыны біз Қытайдың императоры У- дидің көрмеген Батыс елдеріне
жұмсаған князі Чжан –Цзян бастаған елші керуенің Хань астанасына шыққан
кезінен яғни 138 жылы басталды .Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды.Ол
өзінің саяхатында жаңа елдерді ашты. Ол батыста Қытайларға белгісіз
мемлекеттермен қалаларды ашты.Қаңлы мен Давань елдерін зерттеп жазды.8 Ол
осы күнгі Ауғанстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі
аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет
жүріп өтті .Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып
Қытайға Жерорта теңізінен Таяу жене Орта Шығыстан және Орталық Азиядан
тауар алып қайтты .
Жібек жолы ІІ-V ғасырларда егер Шығыстан бастасақ Чаньниден басталып
Ланчжоу ауданындағ Хуанхэ өткеліне беттейді одан әрі Тань-Шаньның Солтүстік
сілімдерін қуалай. Ұлы Қытай қарғанының батыс беткейіне және Яшма
қақпаларына дейін жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла – Макан шөлін
Солтустігі мен Оңтүстігінен орап өтіп екіге айырылады. Оңтүстік және
Солтүстік болып. Солтустік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары
арқылы Іле өзені бойыра жетеді. Оңтүстік тармағы Дүнхан, Хотон, Яркент
арқылы Бактрияға Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп Оңтүстік жолы деп атады.
Солтүстік жолы Қашқариядан Ферғанаға ол одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв
арқылы Сирияға жетеді.
Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да
қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа
жол VІ-VП ғасырларда барынша жандана түсті . Жолдардың бұлайша алмасуының
себептерін былайша тусіндірүге болады. Біріншіден Жетісуда Орта Азия арқылы
өтетін Сауда жолдарын қадағалап отыратын Түрік қағандары отырды. Екіншіден
Ферғанадан өтетін жол VІІ – ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті
жолға айналды. Үшіншіден Түріктің ауқатты қағандары мен олардың
жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі
тұтынушуларға айналды. Сөйтіп бұл жол бас жолға айналды да VІІ – ХІV
ғасырдағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп
жүрді. Алайда жібек жолының бұл бағыттарыда толық өзгеріссіз қала алмады.
Жүздеген жылдар көлемінде бір бөлігі гүлденіп жатса ал екінші бөлігі
жойылып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай
бастады.9
Сөйтіп VІ - VІІІ ғасырдағы жол сорабы Сирия Иран Орта Азия
Оңтүстік Қазақстан Талас алқабы Шу алқабы Ыстықкөл қазан шұңқыры Шығыс
Түркістан арқылы тартылды. Бұл жолдардың тармақталған бір бұтағы дәлірек
айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып Каспий жағалауын
одан әрі қарай Маңғыстауды Арал жағалауын Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп
негізгі жолға айналды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда дипломатиялық
одақ келісімін жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы сасанидтік Иранды
айналып өтті. Дегенмен ІХ- ХІІ ғасырда Орта Азия Орта және Таяу Шығыс Кіші
Азия арқылы Сирияға Египет пен Византияға бартын жолға қарағанда бұл жол
тиімсіздеу пайдаланылды. Алайда ол жол ХІІ- ХІV ғасырда қайта жанданды.
Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар мен ірі саудагерлердің және
басқа саяхатшылардың талап-талғамдары реттеп отырды.
Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу
қандай жағдайда еді дегенге келсек; Бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен
отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын.
Оның үстіне этникалықжағынан алғанда көшпенділер де отырықшы тұрғындар да
туыстас немесе біркелкі этникалық- саяси қауымға бірлескен тайпалар еді.
Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір- біріне осылайша кірігуі сондай-
ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр- салтының үйлесімділігі
өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен біздің заманымызға
дейігі VІ – ІІІ ғасырда бұл жерлерді көшпенділер және жартылай сақтар
мекендеді ол көптеген қорғандардағы қабірлерден оның ішінде Бесшатыр, Есік,
Түгіскен, Үйгерек қабірлерінен табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті
баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ сақтардың Қытаймен Үндістанмен, Таяу
және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен
табылған Қытай айналары Орта Азия мен Ираннан әкелінген аса көркем
безендірілген шетелдік бұйымдарда куә бола алады. Біздің заманымызға
дейінгі ІІ және І мың жылдықтың орта шенінде үйсіндермен қаңлылар
мемлекеттері өмір сүріп жібек жолы жұмыс істеп тұрған кезде мұнда римдік
әйнектермен теңгелер Қытай жібегі мен айналары сырлы ыдыстар европалық
қарсы ілгектер мен сасанид Иранынан әртүрлі мөр-тастар жеткізіліп отырған.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында мұнарлы қорғандары мен
қоршалған қала орталықтары диқандардың алғашқы тектері орналасқан елді
мекендер қалыптаса бастады. Солардың көпшілігі дәрлік қазіргі Тянь-Шань
тауы етегінен арыс өзені мен Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы
алқаптардан ашылып отыр. Әсіресе мұндай қалалар Арал маңындағы Жетібасар
шатқалындағы шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. VІ ғасырдың екінші
жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі ұлан-
ғайыр алып жатқан ірі көшпенділер мемлекеті түрік қағаны құрамына кірді.VІ
ғасырларда жібек жолының саяси және экономикалық жағынан түркілердің
көшпелі империясы бақылау жасады.
Негізгі жол тармақтары Оңтүстік пен Жетісу өңірін басып өтті. Бұл
өңірде түркі қағандары өз ордаларын, қалаларын, керуен сарайларын салып
саудаға бақылау жасады. Қағанат VІ ғасырда Шығыс түрік және Батыс түрік
қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс түрік қағанатың орталығы Жетісу ал
астанасы Суяб қаласы болды. Жібек жолы осы кезде жанданып Жетісумен
Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуіне маңызды
рол атқарды. Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізгі қалануына
мұрындық болып Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзына бойында
тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланыстырып жатқан қалалардың тез
өсіп өркендеуіне септігін тигізді.
Жетісуда ол бірқатар қалалық орталықтардың тууына әсер етсе,
Қазақстанның оңтүстігінде қалалардың тез көркеюіне себепші болды.10 Орта
Азия арқылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы XIV
ғасырларға дейін, қашан ішкі қырқыстармен соғыстар қала мәдениетін аздырып
- тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне
жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.
Егер І-мың жылдықтың алғашқы жартысында үйсін билеушілерінің
орталығы болған екі қаланың ғана Чигу мен Жетісудің аттары аталса VII –
ғасыр бас кезінде Сюань-Цзян осындай ондаған қалалар бар екені жөнінде
хабарлайды.олардың ішіндегі ең ірілері Суяб пен Тараз және кейін
Испиджаб аталған Ақсудағы қала болды.
Сөйтіп Қытайдың VII –VIII ғасырдағы Сапарнамаларында және VIII-
ХІІ ғасырда жиһанкездерінің жазбаларында Жібек жолы бойында
жатқан ондаған қалалардың аты аталды. Сондықтан өзара талас
–тартыстар мен жортуыл - жорытар сондай –ақ Қытайда теңіз жолдарының
игерілуі бұл жердегі қалалық мәдениетті титықтатып күйдіруге
жеткізкенге дейін яғни ХІV ғасыра дейін Орта Азия Оңтүстік
қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолынан керуен арылған
жоқ. Батыстан шығысқа қарай созылсақ жібек жолының Қазақстандық бөлігінің
сыр-сипаты міне мынадай еді.
Жол Шаштан Турбат асуы арқылы Испиджабқа өтетін. Испиджаб Ақ
өзендегі қала аталды. Ал ХІ ғасырдағы Махмуд Қашқари дің түсініктемесі
бойынша Испиджаб деп аталған Ақ-қаланың Ал-мединат ал Байда шын атауы-
Сайрам. Оны Сарьям деп те атаймыз. Ежелгі қаланың осы атауы бүгінге дейін
сақталып келеді.
Шымкент іргесіндегі ортағасырлық ірі қалдықтары қалған қалашық та
осылай аталады. Оның орнында бұрын жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі
болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы жерлерде тоқтайтын өйткені бұл
қалада Бұқара Самарқанд көпестерінің сауда базарларымен керуен сарайлары
болды, ал Испиджаб көпестері Мерв, Балх, Бұқара мен Хорезм көпестерімен
бірге бағыттағы Харб ибн Абдаллақ ал Балх рабадында өздерінің сауда-саттық
орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару жарақтар,
қылыштар, мыс пен темір сатылатын. Керуендер Испиджабтан шығыстағы Таразға
Шараб Будухет, керуен-сарай, Тамтадж,Абардадж қалалары арқылы жүріп өтетін.
Жібек жолының ең үлкен қала Талас алқабындағы Джувикат болатын Таразға сол
арқылы жететін. Сонау VІ ғасырдан белгілі Қазақстандағы ең ежелгі қала еді.

Түрік қанаты 568 жылы дәл осы жерде Иранға қарсы әскери одақ шартын
жасасу және жібек саудасы мәлелелерін шешу мақсатымен Византиядан әскери
сарапшы стратег замархтың бастауымен келген Юстиниан ІІ-нің елшілігін
қабылдаған болатын. Тарихи деректерде Тараз көпестер қаласы деп аталады.
Сонымен бірге ол кейін қарлұқтар мен қараханидтердің сауда-саттығының
орталық астанасы болды. Тараз іргесінде дерлік негізін бұхаралықтар қалаған
Джамукат қаласы тұрды.VІ ғасырдан белгілі бұл қаланың атауы өзінің негізін
қалаған Бұқара соғдыларын бастап келген Джамук дейтінің есімі бойынша
қойылған. Талас алқабының ірі күміс кендері орналасқан таулы бөлігінде
басқа Шелжі, Сұс, Кел және Текәбкет тәрізді аты әйгілі қалалары болған.
Алқаптың жазық беткейінде 751жылы арабпен қытай әскерлері билік
үшінқорғанына шығып шайқасқан Атлах қаласы тұрды.11 Таразға таяу таласты
бойлай солтүстікке қарай төмен түсетін сауда жолында Адахкет және Дех
Нуджикес атты қалалар болды. Талас алқабындағы Таразға керуендер сондай-ақ
Ферғана алқабынан шатқал жотасындағы Чанач Алатаудағы қарабура асулары
арқылы өтетін жолмен де жүретін. Жолдың бұл бөлігі жібек жолының Ферғана
және Жетісу бағыттарын жалғастыратын. Навакаттан шыққан жол Бунджикет
арқылы жетісудың аса ірі қаласы Суябқа тіреледі. Ол батыс түріктің одан соң
түргештер мен қарлұқтардың астанасы болды.
Ол туралы Қытай мен Араб саяхатшылары Х ғасырға дейін жазды. Астана
Баласағұн қаласына көшті. Баласағұн қараханидтердің кейін қарақытайлардың
астанасы ретінде белгілі. Оны ХІІ ғасырдың бас кезінде солардың өзі
қиратқан жібек жолы Суябтан Ыстық көлдің не солтүстік не оңтүстік
жағалауымен өтеді. Жолдың оңтүстік тармағында керуен ірі жоғары барысқан
қаласын басып өтетін ал солтүстік тармағында атаулары бізге жетпеген шағын
керуен сарайларының қалдықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Ұлы Жібек Жолы және VI- XIII ғғ. қала мәдениеті
Қазақ ақын жыраулары
Қала мәдениеті тарихын оқыту
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Пәндер