Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.1Банктердің пайда болуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2. Банкілік нарық
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Ұлттық банктің ақша . несие реттеуінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Кіріспе

Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауында өз орнын тапқан, онда «Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды бірақ шектеулі рөл атқруға тиіс» - делінген.
Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарын шығарады".
Халық шаруашылығының тек белгілі бір саласының өкілдеріне, несие және есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк мамандандырылған банк болады, ал егер банк, мұндай қызметтердің түрлі-түрлісін, кез келген саланың өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банкі деп аталады. Бірақ қазіргі жағдайда қызмет істеп жүрген банктерді жоғарыдағыдай етіп жіктеу өте қиын. Өйткені, олардың бәрі өздерінің көрсететін қызметтерін ұлғайтып және жетілдіруге тырысады. Әйтпесе басқа банктермен бәсекелесе алмайды. Тіпті, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет жасау үшін ұйымдастырылған Агропромбанкте халық шаруашылығының көптеген салаларына өзінің қызметін ұсынады. Халыққа жұмыс керсетуге арналған халықтық жинақ банкісі де кең мөлшерде түрлі-түрлі қызметтерін Заңды және жеке тұлғаларға ұсынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. ав. Баян Көшенова Алматы «экономика» 2000ж.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» ҚР Президентінің Заң күші бвр Жарлығы 1995ж.
3. Банковскиедело /Под. ред. О. М. Лаврушина Финанси и статистика, 1998г.
4. Бункина М. К. Деньги. Банки. Валюта: Учебное пособие – М. : ДИС, 1994г.
5. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы:
білім, 1997ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі

1.1Банктердің пайда болуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..4

1.2 Банктің атқарымдары мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .9

2. Банкілік нарық

2.1 Банкілік нарыққа
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..16

2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 16

3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі

3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...41

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 42

Кіріспе

Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауында өз орнын тапқан, онда
Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін
құра отырып, экономикада маңызды бірақ шектеулі рөл атқруға тиіс -
делінген.
Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай,
әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке
көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық
өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер
айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері
- экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді.
Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста
банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де
банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана
анықтайды.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын
қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі,
Ресей Академигі О.И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк
ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу
операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының
даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім
шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және
есеп айырысудың құралдарын шығарады".
Халық шаруашылығының тек белгілі бір саласының өкілдеріне, несие және
есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк мамандандырылған банк болады, ал
егер банк, мұндай қызметтердің түрлі-түрлісін, кез келген саланың
өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банкі деп аталады.
Бірақ қазіргі жағдайда қызмет істеп жүрген банктерді жоғарыдағыдай етіп
жіктеу өте қиын. Өйткені, олардың бәрі өздерінің көрсететін қызметтерін
ұлғайтып және жетілдіруге тырысады. Әйтпесе басқа банктермен бәсекелесе
алмайды. Тіпті, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет жасау үшін
ұйымдастырылған Агропромбанкте халық шаруашылығының көптеген салаларына
өзінің қызметін ұсынады. Халыққа жұмыс керсетуге арналған халықтық жинақ
банкісі де кең мөлшерде түрлі-түрлі қызметтерін Заңды және жеке тұлғаларға
ұсынады.

Негізгі бөлім

1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі

1.1 Банктердің пайда болуы және дамуы

Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен,
қолөнер мен кәсіпшілікті оқшауландырылуды, сонымен қатар, саудалық
мәмлелердің және төлемдердің өсуімен тығыз байланысты. Жоғарыда талай
қайталанып айтылғандай, адам қоғамы дамуының бастапқы кезеңінде ақша
орнында, маңызды тұтыну бұйымдары пайдаланылған (мал, астық, аңның және
малдың, терілері т.б.) яғни, тауар-ақша болған. Айырбастау операцияларының
өсуі осындай ақша баламасын жинау қажеттігін туғызды.
Ежелгі :Шығыс елдерінде осындай тауарлы ақшаны сақтаудың сенімді жері,
діни ғимараттары, храмдар болды. Біріншіден, храмдар, мемлекеттің,
хаумдардың сақтандыру қоры болды. Онда, елдің басқа елдер мен қаумдармен
айырбастауға арналған барлық өнімдері жиналатын болған, екіншіден діни
ғимараттардан ешкім, ол тауарлы-ақшаны ұрлай алмайтын.
Храм шаруашылықтарының орнықтылығы оларға ғасырлар бойы орын алып
келген хаумдар мен мемлекеттің сенімділігіне негізделген. Храм
шаруашылығының салыстырмалы тұрақтылығы ақша айналымын қолдауда маңызды
жағдай болды. Осы тұрақтылық храмдарға ақша операцияларын жүргізеді,
тауарлы ақшаның сақтауға мүмкіншілік берді. Тауарлы ақшаның табиғи бұзылуы,
бағасының төмендеуі оларды жаңартып отырудың қажеттігі, храмдарға ақша
айналымын реттеу атқарымын жүктеді. Өз кезегінде, бұл атқарымды орындау
косымша ақша операциясын жүргізуді талап етті: есептеу және есеп айырысу.
Сөйтіп, Шығыстың храмдық шаруашылықтарының тауарлы ақшаның сақталуын
қамтамасыз еткені, банк құрудың алғашқы қадамы болды.
Есептеу, есеп айырысу операциялары салмақ өлшемімен жүргізілетін
болғандықтан үлкен көлемді тауарлы ақшаны жинақтау, сақтау, есептеу,
сұраптау қиынға түсетін болды, Сондықтан, жалпыға бірдей балама етіп басқа,
көп шығынды, көп күшті керек етпейтін, тауарды колданудың қажеттілігі туды.
Осындай жалпыға бірдей балама болуға бәрінен де лайықты тауар метал болды
(мыс, қола, күміс, алтын). Бара-бара күміс пен алтын іріктеліп шықты.
Олардың басқа металдарға қарағанда қосымша сапасы: ықшамдалып, яғни, құны
жоғары, ал, көлемі кішкентай, сыртқы орталықта орнықты.
Бұдан кейін храмдар үшін ақша операциясының жаңа түрі - айырбастау
пайда болды. Күміс пен алтын жетіспейтін жағдайда (олар көбінесе қазынаға
кетіп жатты) тек храмдар ғана тауарлы-ақшалы метал ақшаға айырбастай алатын
болды.
Сонымен қатар, храмдар метал және тауарлы ақшаны ақысыз сақтаудан бас
тартып, енді ақы алатын болды. Және де олар төлем мерзімін ұзартып,
тауарлық несие бере бастады.
Храмдардың ақша операциясын жүргізудегі үстемдігін жою үшін ежелгі
мемлекеттер; біздің жыл санауымызға дейінгі
ҮІІ-ғасырдан бастап, дербес метал ақшаларын соғуды бастады. Ақша айналымын
стандарттау мен оны монеталармен қамтамасыз ету тек мемлекеттің қолына
көшті. Монеттерді соғу елдер арасында сауда қатынасын өсірді, "Сауда
үйлері" құрылды. Олар сауда жүргізумен қатар ақша шаруашылығымен
шұғылданды,Вавилондық сауда үйлері Эгаби және Мурашу, біздің жыл
санауымызға дейінгі 6-ғасырда, тиісті процентін алып, салым операцияларын
жүргізе бастады. Сауда үйлерімен қатар мемлекеттік сауда агенттері
"Тамкарлар" жұмыс істеді. Олар ел ішінде ғана емес, елдер арасында метал
кұймаларын алып-сатумен шұғылданған.
Біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ғасырда, Грецияда "Трапезиттер" пайда
болды. Оларды стол басындағы адам деп атады. Олардың кейбіреулері салымдар
қабылдады, клиенттің шотынан төлемдер жүргізді, кейбіреулері ақша
айырбастаумен шұғылданды, ал, кейбіреулері кепілзатқа шағын несиелер
беретін болды.
Сонымен, банктің пайда болуына арқау болған Храм шаруашылықтары,
"Сауда үйлері", "трапезиттер".
1179 жылы Венециядағы бір жарналы серіктестік салым банкісіне айналды,
ал 1639 жылы басқа бір серіктестік "Жиробанк" деп аталды (Латын сөзінде
айналым),Европада, 1609 жылы, Амстердам (Нидерланда) қаласында бірінші
айырбастау банкі құрылды. Ол өзінің "Гульдень" деп аталған монетін соғып
шығарды. Ол 1681 жылы депозиттік және аудармалық (жиро) банк болып қайта
құрылды. Мамандардың айтуына қарағанда, Ресейде банк қызметінің басталуы 18
ғасырдың ортасына келеді. Оның негізін салған 1733 жылы Петербургте
құрылған монеттік кеңсе.
Қазақстанда банк мекемесі ХІХ-ғасырдың аяғында пайда болған. Олар
қазыналық палаталар тұрінде, немесе І860 жылы құрылған Ресейдің мемлекет
банкісінің бөлімшелері түріңде шықты. Осындай бөлімше ең бірінші болып Орал
каласында ашылған, (1876 жылы), сосын Петропавл қаласында
(1886 жылы), содан кейін Семейде (1887 жылы) ашылған. Қазан революциясына
дейін Верныйда Петербург қаласындағы коммерциялық банктердің бірнеше
бөлімдері мен бөлімшелері болған. 1903 ж. Орыс-Қытай банкісінің бөлімшесі
ашылған. Ол кейін Орыс-Азия банкісіне қосылып кетті. 1908 жылы Сибирь сауда
банкісінің бөлімшесі ашылды. 1913 жылы өзара несиелендіру қоғамы құрылды.
Кеңес үкіметі өз аумағындағы барлық банктерді мемлекет меншігіне
айналдырды. Оның ішінде, Қазақстан аумағындағы банктерді қосып, Ресейдің
Халық банкісіне бағынған бір бөлімше құрды (кейін КСРО мемлекеттік
банкісінің Орынбордағы кеңсесі) 193032 жылдары жүргізілген несие
реформасының нәтижесінде тарату тұрпатында несиелік жүйе кұрылды.
Дегенмен, осы кезде Кеңес үкіметі банктің жұмысын нарық жағдайында
реттеу, оны нарықтың талаптарына икемдестіру жөнінде бірнеше заңдар шығарып
үлгерді. Мысалы, банк жүйесін екі дәрежелікке көшірді. Оның ішінде бірінші
дәрежелі банк болып Орталық (ұлттық) банктер аталды, барлық басқа
банктерді, екінші дәрежедегі банктер деп атады.
ТМД-ның басқа елдеріндегідей жаңа банк жүйесі Қазақстанда да тәуелсіз
елдің қажетті кұрамы, қажетті атрибуты ретінде 1991-1993 ж.ж. арасында
қалыптаса бастады.
Нарықтық қатынастарға ауысудын, бастапқы кезеңінде банктер
кооперативтік, коммерциялық жеке меншіктік, бірлескен банк болып құрылды.
Оның үстіне жаңа құрылған нарықтық банктер бұрынғы мемлекеттік
мамандандырылған банктер жүйесімен қатар істеді. Кейіннен барлық екінші
дәрежелі банктер ашық, немесе жабық акционерлік банк болып қайта құрылды.
1999 жылдың басында Қазақстанда 76 екінші дәрежелі банк істеді. Оның
ішінде 1 мемлекетаралық 6-мемлекеттік 20 шетелдік капитал мен бірлескен
банктер болды. Бұл 1994 жылы істеген банктердін тек 33%. Басқалары түрлі-
түрлі себептермен жабылды, бірімен бірі қосылды, әйтеуір жұмыстарын
тоқтатты. Ашығын айтсақ, бұл кездейсоқ жағдай болған жок, Үкімет пен Ұлттық
банктің жүргізген саясатының нәтижесі еді.
1997 жылдан бастап Ұлттық банк арлық екінші дәрежелі банктерден
халықаралық стандартқа сәйкес болуды талап ете бастады. Сол үшін көптеген
көрсеткіштер бекітілді. Онын ішіндегі ең қиыны, банктің негізгі қоры 1,0
млрд. теңгеден кем болмауы керек. Осы тұрғыдан қарай, Ұлттық банк
жоғарыда көрсетілген 76 банкті үш топқа бөлді. Бірінші топқа ең ірі,
негізгі қорлары 1,0 млрд. теңгеге жеткен 29 банк енді, екінші топқа
көрсеткіштері орташа, бірақ 2000 жылдың басына дейін негізгі қорды 1
млрд. теңгеге жеткізуге мүмкіншіліктері бар 31 банк енді. Қалған 16 банк
ешқандай келешегі жоқ, жабылуға тиісті банктер болып танылды. Осы саясаттың
нәтижесінде Қазақстанда банктердің саны жылдан жылға кеміп келеді (2000
жылдың басында 56 банк, 2001жылдың басында 47-ақ банк қалды).
Банктерден басқа банк жүйесіне кейбір арнаулы қаржы институттері
кіреді (трасталық компаниялар). Олардан басқа, банк жүйесіне кейбір банктің
жұмысын қамтамасыз ететін, яғни; банк инфрақұрылымын құрайтын мекемелер мен
қызмет атқарушылар кіреді оның ішінде:
1) Ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұл қызмет банкті елдің, шаруашылықтың
әр түрлі салаларының, кәсіпорындардың экономикалық жағдайлары туралы
керекті деректермен қамтамасыз етеді Сол деректерге сүйеніп банктер
клиенттерінің несие қайтару қабілеттерін экономикалық және іскер
нарықтардың жағдайларын бағалап, тиісті қортындылар шығарады. Мұндай
ақпарат нарық жағдайында, әсіресе бәсекелік күрестің дамыған, экономикалық
дағдарыстың шиеленіскен кезінде өте қажет, өйткені, мұндай кезде
мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің каржы жағдайында
тұрақсыздық болады. Көпшілік кәсіпорындардың қарызгерлік беделі төмен,
адамгершілік, адалдық және парасаттық сияқты қасиеттер кұрметтелмейді.
Мұндай ақпараттарды банктер әр түрлі жолдармен, әр түрлі амалдармен табады.
Сырттан алынатын ақпарат көзінің қатарына газеттерде, журналдарда,
анықтамаларда тағы басқа да басылымдарда басылған деректер қосылады. Нарық
кезінде мұндай ақпарат көздері экономика салаларына көбірек көңіл бөледі.
2) Әдістемеліктермен қамтамасызету. Мұндай қамтамасыздық әсіресе ТМД
елдері үшін өте қажетті. Өйткені, олар, тек жақында ғана экономиканы
нарықтық әдістермен басқаруға көшті (көшуге тырысуда). Бүрынғы, жоспарлы
тарату жүйесінде қолданылып келген банк операцияларын жүргізу әдістері,
нарықтьң талаптарына, халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. "Қазақстан
Республикасының экономикасын қысқа мерзімге несиелеу ережелері" болған. Осы
ережелер, теориялық және практикалық тұрғылардан алып қарағанда, банк
жұмысына колданылуы қажетті- ақ болса да, және оның 1-бөлімінің 1-
пункітінде осы ережелерді барлық банктердің міндетті түрде қолдануы керек
деп жазылса да, қазір оны ешкім қолданбайды, және оны қадағалайтын да ешкім
жоқ. Екінші дәрежелі банктер, ешқандай сәйкестендірілген әдістемеліктермен
қамтамасыз етілмегендіктен, әрқайсысы операцияларын өзінің жеке
әдістемесіне сүйеніп жүргізеді. Және де ол әдістемелерді тек сол банктің,
сол операцияларды жүргізетін адамдарынан басқа ешкім білмейді. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 30 наурызында
шыққан №2155 "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы" Жарлығының
(Заңдық күші бар) 8 бабының "К" пунктінде былай делінген: "... ол (Ұлттық
банк М.С.) барлық банктерге және олардың клиенттеріне міндетті түрде
орындалуға тиісті, банктің есеп айырысу, валюталық операцияларды, Заң
бойынша анықталған өкілеттігінің шегінде жүргізу жөнінде, Заңнан туындаған
нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың Орындалуын қадағалайды".
Біріншіден бұл жерде байқалатыны, банктің ең үлкен, ең маңызды атқарымы,
несие операциялары жөнінде еш нәрсе айтылмаған. Демек, несиелеу
әдістемелері мен Ұлттық банк, екінші дәрежедегі банктерді қамтамасыз
етпейді.
3) Ғылымдық қамтамасыз ету. Банктің бұл инфроқұрылымы барлық банк
жүйесінен де және жеке банктердің де жұмыс істеу жағдайын қамтиды. Тағы да,
Қазақстанда банк жұмысын, банкілік қызметтердің нарқын, банк
операцияларының тиімділігін, банктердің ел экономикасына тигізіп жатқан
әсерін зерттейтін ешқандай ғалымдық құрылым жоқ деуге болады.
4) Кадрлік қамтамасыз ету. Қазақстанның қазіргі жағдайында банк
жүйесіне мамандар дайындауда ешқандай қиындық жоқ. Тек, сан жөнінде.
Банктер үшін маман дайындамайтын жоғарғы және орта оқу орны жоқ деуге
болады. Республиканың экономикалық оқу орындарының флагманы қазақ
мемлекеттік басқару Академиясын бітіріп шыққан мамандардың жұмыссыз
жүргендігі, осы мәселелерде мемлекеттік тәртіптің жоқтығы болар. Мұндай
жағдайдың бірнеше себебі бар, оның ішіндегі ең бастысы кадрларды іріктеу
стилі. Қазіргі жағдайда, банк жүйесіндегі кадрлар құрамының сапасын
көрсететін сенімді деректер жинау мүмкін емес. Дегенмен де, көпшілік банк
қызметкерлері банктік мамандығы жоқ, кездейсоқ адамдар десек қателеспейміз.
Оның есесіне банк бастықтарының "өз адамдары". Нарық кезінде пайда болған,
халық шаруашылығына зиянды практиканың біреуі бастық езгерсе, жаңадан
келген бастық "өз командасын"жинайды, ақыры үй сыпырушыға дейін. Күшті
маман адамдар шығарылып тасталынады. Кадрларды іріктегенде оның
мамандығымен, оның еңбек стажымен санаспайды, "кімнін адамы" екенімен
санасады. Тіпті, барлық жағынан да теңдердің талаптарына сәйкес келіп
тұрған адам етпейді: бірінші кезекте өзіне (бастыққа) жақын адам, екінші
кезекте, жоғарыда "төбесі" (крышасы) бар адамдар өтіп кетеді. Осы сияқты
кадрлерді іріктеудегі ұнамсыз стильдің нәтижесінде банк жұмысына қанық, әлі
жас мамандар жұмыссыз жүр.
5) Банклік заңдар, Банк ифроқұрылымының бұл блогі банк жұмысын
реттеуге бейімделген және оның құқықтық негізі болып табылады. Өйткені,
банктердің қазіргі кезеңдегі жұмыс деңгейін, олардың ел экономикасындағы
маңызын осы заңдар анықтайды. Банк жүйесінің кеңеюуіне байланысты банктік
құқықтардың оқшауландырылуы ұлғая түседі. Ол құқықтық реттеудің дербес
блогі болып қалыптасады. Белтілі Ресей оқымысты экономисі, академик О.И.
Лаврушинның пікірі бойынша банктік заңдар үш қабаттан тұрады. Мемлекет,
банк жұмысын экономиканың даму мүдделеріне бағындыру үшін жаңа, әр түрлі
заңдар шығарады және қолданылып жүрген заңдарға қажетті өзгерістер енгізіп
отырады. Сол үшін банкілік заңдардың құрамына әртүрлі заңды нормалар
енгізіледі. Олар бір жағынан, банктердің жұмысының белсенділігін арттырады,
екінші жағынан, банктердің мемлекеттің бүкіл экономикасын реттеуге кесірін
тигізбеуін қамтамассыз етеді Бұған дәлел ретінде, Ұлттық банктің екінші
дәрежелі банктер үшін белгілейтін әртүрлі экономикалық (пруденциялық)
мөлшерлемелерін келтіруге болады.
Меншіктің нысанына қарай банктер, мемлекеттік, акционерлік,
кооперативтік, жеке меншіктік және бірлескен банк болып бөлінеді.
Қазакстандық банктерге тән ерекшелік, олардың бәрі, мемлекеттік банктерден
басқалары, ашық не жабық түрдегі акционерлік қоғам болып қалыптаскан.
Әр түрлі белгілер мен банктер: аймақтық, аймақаралық, ұлттық,
халықаралық, көп бөлімшелі, бөлімшесіз, ірі, орта және шағын болып та
бөлінеді.
Нарықтық экономикада керісінше. Мемлекеттің банктерге үстемдігі жоқ.
Банктерге әр түрлі меншік нысандары бар. заңды немесе жеке тұлғалар банк
ашып алуға құқықты. Қолма-кол, немесе қолма-қол емес ақшаларды айналымға
шығару атқарымы бөлінген. Қолма-қол ақшаны айналымға Ұлттық банк шығарады,
қолма-қол емес ақшаны — екінші дәрежелі банктер шығарады. Қолма-қол ақшамен
немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың арасында ешқандай шек жоқ. Жалғыз
мемлекеттік саясаттың орнында әрбір банктің өз саясаты бар. Қазіргі банктер
тек өзінің акционерлеріне, яғни солардың сайлаған қадағалаушы кеңеске,
басқармаларға бағынады.
Кейбір экономистердің қазіргі кезеңдегі ТМД елдерінің банк жүйесі
өтпелі кезеңнің банк жүйесіне сәйкес деген пікірлерімен келісуге болмайды.
Табиғатта өтпелі кезеңнің, банк жүйесі жоқ. Қазіргі банк жүйесінің барлық
элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес келеді. Тек, олардың кейбір
жетілмегендіктері бар, ал
бұл уақытша жағдай. Бара-бара нарықтық қарым-қатынастар жетілдірілген
сайын, банк жуйесі де жетілгендіріледі. Сөйтіп, бәрі де өз орнына келеді.
Сондықтан банктік өтпелі кезеңге лайық, ерекше жүйесі бар деген дұрыс
болмайды.

1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы

Банктің атқарымдары жөнінде де, оның, мазмұны жөніндегідей
экономикалық басылымдарда әр түрлі пікірлер айтылады. Көбінесе банктің
атқарымы олардың жүргізетін операцияларымен теңестіріледі. Банктің барлық
сыртқы орталық пен жасайтын қарым- қатынастарының банк операцияларына тән
ерекшеліктерін ескеріп, банктің үш атқарымы бар деп түсіну керек. Оның
біріншісі, кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың уакытша бос ақшаларын
олардың банктегі шоттарына, депозитқа, әр түрлі салымдарға шоғырландыру
болып табылады. Сөйтіп, банктер басқа кәсіпорындарына, жеке тұлғаларға,
несие беру үшін тиісті ресурстар жинайды. Бұл банктердің несие қызметін
жүргізуінің басты жағдайы. Сонымен қатар, басқа субъектілер де, маңызды
шараларын іске асыру үшін қаржы жинаулары мүмкін. Бірақ мұндай ақша жинау
мен банктің ақша шоғырландыруының арасында, біраз айырмашылықтар бар.
Біріншіден, банк өз ақшасы емес басқалардың, уақытша бос ақшасын жинайды;
екіншіден, банк, жинаған ақшасын өзінің тікелей қажетіне жұмсамайды, ал
клиенттерге, олардың керегіне жұмсауға береді: үшіншіден, шоғырландырылған
ақша банктің меншігі бола алмайды, оны банкіге салған субъектілердің
меншігі болып қала береді; төртін-шіден, басқа заңды не жеке субъектілердің
уақытша бос қаржыларын шоғырландыру, банкке заңды түрде бекітілген құқық.
Банктің екінші атқарымы болып ақша айналымын реттеу болып табылады,
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бүкіл елдің төлем айналымы
банктер арқылы өтеді. Ол үшін банктер әр түрлі төлем кұралдарын
(еліктемелерді) шығарады, несиелер береді. Осының нәтижесінде ақша айналымы
жөнге салынып отырылады. Бұл да банктің ақша-несие ретіндегі Заңмен
бекітілген құқығы. Банктің үшінші атқарымы делдалдық Банктер өнімін немесе
қызметі сатушы мен оларды сатып алушының ортасында, олардың тапсырмасы мен
әр түрлі төлемдерді іске асырушы болғандықтан, олардың жұмысы делдалдық
болып көрінеді. Банктің делдалдық жұмысы, несиелік ресурстарды шаруашылық
жургізуші субъектілердің арасында, олар мен халық арасында, шаруашылықтың
әр түрлі салаларының арасында, ауысып жүруінен көрінеді және олардын тиімді
пайдаланылуы мен барлық шаруашылыктың, қызметтерінің жақсартылуына үлкен
әсер етеді. Өйткені, олардың біреулері бос ақшасын банкіге салып, олардан
процент түрінде сый ақы алады, ал екіншілері, уақытша, қосымша қаржыға
қажеттігін банкіден алған несиемен жауып, өндіру мен өткізу процестерінің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екі жағдайда да банктің клиенттері ұтыста
болады.

1.3 Банктің маңызы.
Банктің мазмұны мен атқарымдары оның экономикадағы маңызын көрсетеді.
Банктің маңызы деген сөзді, оған жүктелген міндеттер деп түсіну керек,
яғни, ол не үшін керек, неге қолданылады, не үшін дамиды. Банктің
атқарымдары сиякты, оның маңызы да ерекше. Банктің айырбастау саласында
істейтіндігін ескерсек, оған жүктелген міндеттер мен оның экономикаға
тигізетін ықпалын, осы сала арқылы қарау керек. Солай болса, банкіге
жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- Өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті,
бос капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- Ақша айналымын тәртіпке келтіріп оны рационализациялау.
Уақытша бос ресурстарды шоғырландыру атқарымынан көрінгендей, банктер, бір
жағынан уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды, баска
уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж, шаруашылық жүргізетін субъектілерге
беруші. Банктер, уақытша бос ақшаның тозандай алымын жинастырып, ақша
ресурстарының орасан зор ағымына айналдарады. Оларды шоғырландыру және
өндіріс пен айналымның керегін қамтамасыз етуге бағыттау, банктердің
экономикалық орталықпен қарым-қатынасы, онымен әрекеттестілігінің ең
маңызды атрибуты.
Банктердің ақша-қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу,
өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл
ұдайы өндірістің процесін жеделдетеді. Капиталдың, тауардың ақша
айналымының өсу негізінде пайда болған банктер, ақша айналымын тәртіпке
салу, оны рационализациялайтын, басқа ешкімде жоқ қасиеттерге ие. Банк
ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша каржысын сақтауды, оларды, ішкі
және сыртқы экономикалық айналымдардағы сауда операцияларына сәйкес
аударуды, қамтамасыз еткен және олар, бір елдің ақша белгісін, екінші елдің
валютасына айырбастаушы болып көрінген. Әрине, одан бері банк ісінің
технологиясы және көлемі айтарлықтай өзгерді. Есеп айырысудың ежелгі,
банкирлік үйлер қолданған, карапайым нысанынан, қазіргі электрондық
тораптардың негізінде ұйымдастырылған есеп айырысу, шаруашылықтарға айналым
уақытын жеделдетіп, тауар өндірушілердің арасында, шаруашылық байланыстарды
кеңейтуге мүмкіншілік берді. Сондықтан, банктер экономикалық өмірдің
бөлінбейтін атрибуына айналды. Банкісіз ешбір кәсіпорын, ешқандай
бірлестіктер, бөлек Заңды және жеке тұлғалар емір сүре алмайды.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында, шағын және орта
бизнестердің ауыл шаруашылық өндірістердің дамуы маңызды. Сондықтан банктің
маңызын сан жағынан бағалағанда, осы салаларға қанша несие берілгендігіне
көңіл аудару кажет. Бұл жөнінде қаншама Үкімет қаулылары болса да, арнаулы
мемлекеттік қорлар құрылып жатса да, шағын және орта бизнесті дамытуға
несие беру. Ресми деректерге сүйенсек, 2001 жылдың басында барлық
экономикаға салынған банк ресурстарының 26,8% осы мақсатқа берілген. Кейде
іс жүзінде мынандай да жағдайлар орын алуы мүмкін. Банктің берген несиесі
үлкен сомада. Бұл жөнінде банктің бедел көрсеткіші жоғары. Бірак, ол
соманың басым көпшілігі сатып алу, қайта сату, үшін беріліп, өнім
өндірушілер қаржы жағынан тапшылық керіп жатса, банктік ел экономикасын
дамытудағы маңызын төмен болды деуге болады. Егер банктің маңызын сапа
жағынан қарау керек болса, оның әрекеттерінің елдің және бөлек
субъектілердің экономикасының, өсуіне кандай дәрежеде ықпал еткенін бағалау
керек. Мысалы, банкіден алған несиені пайдаланудың нәтижесінде Отандық
өндірушілер қанша, кандай сапада өнім шығарды, қанша жұмыс орнын құрды,
халықка және шаруашылықтарға керекті өнімдер қаншаға өсті, банктің несиесін
және басқа да банк қызметтерін пайдалану нәтижесінде қанша пайда түсті
деген мәселелерді қарау керек. Мұның бәрі елдің экономикадағы банктің
маңызы болып табылады. Банкінің үлкен экономикадағы маңызын елдің басқа да
жалпы экономикалық көрсеткіштерімен байланыстырып бағалау төтенше көңіл
аударарлық мәселе. Дәстүр бойынша, банктер ұдайы өндіріспен тікелей
байланысты. Сондықтан, олардың маңызын бүкіл экономиканың көрсеткіштерімен
байланыстырып бағалау, банктердің шаруашылықтарға, өздерінің қызметтерін
көрсете отырып, қандай нақты көмек көрсеткендіктерін суреттейді. Мысалы,
банктің төлем құралдарын шығаруы, сонымен бірге ақша бірлігінің
тұрақтылығына, өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Сөйтіп, банктің
міндеттемесіне айналады. Банк айналымға ақша шығара отырып, оның бүкіл
өндіріске және айналымға қалай ықпал ететіні мен байланыстыруы керек.
Өйткені, айналымға артық ақша шығып кетсе, ұлттық ақша бірлігінің сатып алу
қабілеті кемиді, инфляциялық ахуал тууы мүмкін, капитал мен жиналған
құндылықтардың құны төмендейді, ал айналымдағы ақша жиынының
жеткіліксіздігі өндірілген өнімді өткізуді қиындыққа апарады, өйткені төлем
кұралы жетіспегендіктен оны сатып алушылар уақытында төлей алмайды, соның
салдарынан өндірісті қысқартуға тура келеді, ал оның салдарынан жұмыссыздық
пайда болады. Сонымен, банктің жұмысынан көбінесе (басқа да себептермен
қатар), ақша бірлігінің тұрақтылығы тәуелді, ал мұның өзі банк жұмысының,
оның экономикадағы міндеттеріне қаншалыкты сәйкес екендігін дәлелдейтін
маңызды компоненті.
Айырбастау саласында істейтін болғандықтан, банктер қоғамдық өнімді
өндіру, бөлу, пайдалану процестерінен қашық тұра алмайды. Сондықтан үлкен
экономика деңгейінде банктің маңызын бүкіл экономикаға қандай әсер еткені
арқылы ашу керек. Банк әр уакытта да несиені көбірек беруге ұмтылмайды.
Өндірістің даму бағытын, нарықтың жағдайын ескермей есепсіз несие берілсе,
өндірісте де, банктің өз жұмысында да жағымсыз жағдайлар туыуы мүмкін.
Сондықтан несиенің кайтпай қалу қаупі банкті сабырлы несие саясатын ұстауға
мәжбүр етеді.
Олардың өз мүдделері қоғам мүддесінен жоғары, ол тек пайда табу үшін
істейді және де кез келген жолмен (кейде арамы айла-амалмен). Сондықтан
Қазақстан экономикасының осы уақытқа дейін (тәуелсіздік алғанымызға 10 жыл
өтті) дағдарыстан толық шығып кете алмай отырғаны, тікелей банктердің
жұмысымен байланысты деуге болады. Олардың бүгінгі күнгі экономикадағы
маңызы өте төмен, ішкі мазмұндары, экономикалық субъектілер ретінде, неге
арналғандығына сәйкес келмейді. Көптеген банктердің жабылып жатқанының бір
себебі осында. Өйткені, арам айла-амалдардың жолы қысқа, ұзақка бара
алмайды. Сонымен қатар, дүние жүзілік практикадан белгілі, кейбір елдердің
банктерінің өз мүдделерін, әдісін тауып, қоғам мүдделерімен байланыстырып,
елінің экономикасын өркендеуіне үлкен әсер еткені. Оған мысал ретінде,
дүниежүзілік соғыстан қирап; шыққан Германия мен Жапонияның қысқа мерзімде,
ірі банктердің көмегімен, экономикасы өркендеген елдердің қатарына
қосылғандыктарын келтіруге болады. Бұл жөнінде, жоғарыда талай аталған
Ресей экономисі, академик О.И. Лаврушин өте ұтымды жазған: "Банктер
өндірістің экономикалық субъектісінің бірі бола тұрып, өзі өсіп, өркендеп
келе жатқан елдің, қоғамның "азаматы", Банкінің азаматтық саясаты оның
жұмысынан лажсыз көрінуі керек
Қазіргі уакытта Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежелі болып
қалыптасты. Бұл барлық нарыктық экономикалы мемлекеттердің банк жүйелерінің
құрамына сәйкес келеді. Басқа елдердегідей жоғарғы дәрежеде елдегі банк
жүйесінің бас буыны Қазақстан Рсспубликасының Ұлттық банкісі тұр. Басқа да
экономикасы өскен елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
жұмысын реттейтін негізгі құкықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттык,
банкісі туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995 жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық
күші бар, жарлығы. Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісі, өз жұмысын, еліміздің конституциясын және басқа да заңдық
құжаттарды және де президент шығарған құжаттарды басшылыкқа алып жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкісі дербес балансы бар заңды тұлға. Ол тек
Қазақстанның Президентіне бағынады. Осыған байланысты:
- Парламенттің келісуі мен Ұлттық банкінің төрағасын
Президент тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банкісінің, жылдық есебін Президент бекітеді. Оларды барлық
банкілер және банктің, кейбір операциясын жүргізе алатын, бірақ "банк"
деген мәртебесі жоқ ұйымдар орындауға міндетті. Ұлттық банк Қазақстан
аумағында және оның сыртында өзінің бөлімдерін және өкіліктерін ашуға
құқықты, Оған өз жұмысында, тек пайда табу мақсатын басшылыққа алуға
болмайды. Әр елдің бас банкісі әр түрлі аталады: Орталық Мемлекеттік,
Халықтық, Федералдық, Федералды-резервтік жүйе АҚШ, Англияның банкісі,
Жапонияның банкісі т.б., ал Казақстанда ол "Үлттық банк" деп аталды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің басты мақсаты ішкі
және сыртқы нарықтарда ұлттық валютаның-теңгенің тұрақтылықтарын қамтамасыз
ету. Сонымен қатар, оның алдында төмендегі мақсаттар тұр:
- елдің экономикасының дамуына, оның дүниежүзілік экономика мен
бірлесуіне мүмкіншілік туғызатын ақша айналымына, несиелеуге, есеп
айырысуға, валюталық қарым-қатынастарға байланысты мемлекет
саясатын дайындау және оны іске асыру;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақтылығына көмектесу;
- Банк жұмысын реттеуге және қадағалауға керекті нормативтік құкықтық
құжаттар шығарып, қарызгерлердің және банктің барлық клиенттерінің мүддесін
қорғау;
Аталмыш Заңның 8-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісіне көптеген және әр түрлі атқарымдар жүктелген. Оның ішіндегі ең
бастылары:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру және құнды
қағаздар шығару жолы мен айналымдағы ақша жинағьш реттеу; Ол
(Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының аумағында ақша және монеттер
шығаратын жалғыз мекеме;
- Үкіметпен келісе отырып оның қарызына қызмет көрсетуге қатысу;
- Қазақстан Республикасының аумағында банктер, олардың бөлімдері мен
өкілдіктерін ашуға рұқсат беру;
- Мемлекеттік тіркеуден өтпей тұрғанда, банктердің құнды
қағаздар шығару жобасын сараптау және олардың шығарылуы мен таратылуы
жөніндегі есептерін бекіту;
- екінші дәрежелі банктердің жұмыстарын қадағалау және оларға
пруденсиялдық (экономикалық) мөлшерліктер бекіту;
- елдегі экономикалық ахуалға байланысты, қайта каржыландарудың
мөлшерлемесін жоғарылатып, не төмеңдетіп республикадағы несие мөлшерлемесін
реттеу;
- есеп айырысу тәртіптерін және оның нысандарын анықтау,
төлем жүйесінің жұмысын ұйымдастыру, сонымен ұлттық валюта -
теңге мен 1997 жылы 11-шілдедегі №154 Заң бойынша "несие проценті" деген
сөз "сый ақы" делінетін болды. Бұл жұмыста бұрынғы дәстүрлі атымен аталған
банкаралық есеп айырысудың уақытында және үздіксіз жүргізіліп
отыруын
қамтамасыз ету;
- валюталық операцияларды реттеу және валюталық бақылау ұйымдастыру,
Республикада валюта операциясының барлық түрін жүргізу;
- қолма-қол ақша мен монеттерді есептеу, сақтау, тасымалдау және кассаға
жинау;
- екінші дәрежелі банктердің кадрмен қамтамасыз етілуіне қатынасу;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жалғыз қазына
шотына қызмет көрсету;
- елдің төлем балансын дайындау және жүргізу т.б.
Халыкаралық практикада Орталық банктер үлкейтілген түрде үш атқарым
орындайды: Реттеуші, бақылаушы және ақпаратты-зертгеуші. Осындай жағдайда
Орталық банктің атқарымдары бірімен бірі тоқайласып жатыр, бір атқарымнан
екінші атқарым шығады. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісінің атқарымдары осы үш атқаратын нақтылауы болып табылады және
халықаралық практикаға қайшы келмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісі туралы Заң, басқа банктерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік несиені заңсыз алу
Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі
Икемді және тиімді банктік маркетинг
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметтің ұйымдастырылуы
Айналымға несие құралдарын шығару
Банктер жүйесі
Банк маркетингінің қызметі - банк өнімдерін айналымға түсіру бойынша банктің маркетингтік қызметінің түрлері
Банктегі қоғаммен байланыс бөлімі
Пәндер