Қылмыстың субъективтік жағы



1. 1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және
оньң маңызы.
1. 2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.
1. 3. Қасақаналық және оның түрлері.
1. 4. Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.
1. 5. Кінәнің екі нысанымен жасалынған қылмыс.
1. 6. Қылмыстың себебі мен мақсаты.
1. 7. Қылмыс жасаушы тұлғаның сезім күйі.
1. 8. Қате және оның қылмыстық . құқықтық
мағынасы.
1.1. Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы.
Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.
Психика адам өмірінің ішкі мазмұнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін, еркін білдіреді. Психикалық процестер, әдетте, интеллектуалдық, сезімдік және еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте тұра мұндай бөліну шартты түрде ғана екенін, мұндай процестер жекелеп (әрқайсысы өз бетімен) өмір сүрмейтіндігін ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен еріктің тығыз бірлігімен ғана адамның психикасының түрі, қылмыстық, тұтас алғанда, субъективті жағы сияқты, оны құрастырушы белгілердің де мағынасы мен мазмұнын анықтау үшін, психиканы қүрастырушы элементтерге көңіл аудару пайдалы ғана емес, қажет те.
Қылмыстың субъективті жағын қүрайтын белгілердің эрқайсысы қылмыстың психикалық мазмүнын сипаттайды, бірақ әрқайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінэ - бүл түлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекетіне (эрекетіне немесе эрекетсіздігіне) және оңың қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы. Кінә -қылмыстың субъективті жағының, тіпті оны толық қамтымаса да, негізгі белгісі. Қасақана сияқты, абайсыз кінәні де құрастыру кезінде заң шығарушы психиканың екі интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерін пайдаланады. Қасақаналық пен абайсыздықтық қылмыстық-құқықтық сипаты үшін психикалық процестердің сезімдік мазмұны есепке алынбайды. Керісінше, әрекеттің қоздырушы себебі және субъективті жағының белгісі болғандықтан, қылмыстық сылтауында қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болып жатқан, көбінесе, сезім процестерінің таңбасы болады. Жеке жағдайларда қылмыс жасаушы тұлғаның сезімінің күйі (мысалы, аффект күйінде болуы, яғни аяқ астынан пайда болған жан күйзелісі), дербес қылмыстық-құқылық мағынаға ие болады (ҚР ҚК-нің 98-бабы), қылмыстың мақсаты, кінә сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай мазмұнымен шектеледі.
Кінә - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінә болмаған күнде қылмыстық құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл субъективті жақтың қылмыстық істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі соншалық, тіпті кінәлі жауаптылық қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сәйкес адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Осы баптың 2-бөлімінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық қолданылмайтыны атап көрсетіледі.
Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап шығарғаны емес, бұл - адам қылығын заңды және әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дұрыс бағалаудың қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С.Л. Рубинштейн атап өткеніндей, "жалған, абстрактілі "объективизмге" қарама-қарсы айтылатыны: қылықты бағалау кезінде өзінше орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті түрде өзінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді - тек соған сүйену керек"./1/
Осыған байланысты, қылмыстық құқық теориясы мен құқықтық тәжірибе, қылмыстық жауаптылықтың тұлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекеті немесе әрекетсіздігіне) және оның салдарынан психикалық қатынасын (қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне сүйенеді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайы (әсіресе ауырлататын) соттың оларға байланысты кінәлі қатынасын, яғни қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі психикалық қатыйасын, анықтауынан кейін ғана айыпқа жүктеле алады (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық құқықтық нормаларда құрастыру ерекшеліктеріне байланысты).
Қылмыстық мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамының қажетті белгілері болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстардың ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды. Тіпті, бұл белгілердің қылмыстық жауаптылық пен жаза үшін жеке мағынасы болмаған жағдайда да, олардың қылмысты анықтаудағы, қасақана кінә мен абайсыздықты ажыратудағы мағынасының маңыздылығы сирек емес. Сондықтанда қылмыстық құқық кінәлі жауаптылық қағидасымен ғана шектеліп қоймайды, бірақ субъективті жүктеу көзқарасын ұстайды. Оның мағынасына көшсек, қылмыс жасаған тұлғаның қылмысты жауаптылығы мен оны жазалау мәселесін шешер кезде тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті мен әрекетсіздігі) мен оның салдарына кінәлі қатынасы ғана есепке алынбай, қылмыстың субъективті жағының басқа элементтері де, яғни қылмыстың себебі мен мақсаты, тұлғаның қылмыс жасау кезіндегі сезімінің күйі де ескеріледі. Тергеу мен сот үшін анықтау және дәлелдеу жүмыстары кезінде қылмыс құрамының барлық элементтерінің ішіндегі ең күрделісі - дэл осы субъективті жағы болып табылады. Бұл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне, тілегіне, сезіміне жол табу,
қылмыстық объективті жағын анықтаудан анағұрлым қиындау. "ішінде не барын кім білсін" деген бекер емес шығар. Сондықтанда, тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1. Курс советского уголовного права. Л., 1968, т. 1-5.
2. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Отв.
редактор: Чл. - корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили
И.Ш., к.ю.н., доцент Рахимжанова Г.К. - Караганда, РГК ПО
Полиграфия, 1999.
3. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс
РК/ Отв. редактор: Чл. - корр. АЕН. РК, д.ю.н., профессор
Борчашвили И.Ш. - Караганда, 2000 г.
4. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс
Республики Казахстан и Уголовно - исполнительный кодекс
Республики Казахстан / Под ред. И.Ш. Борчашвили, М.М.
Оразалиева - Караганда: Кар. ЮИ МВД РК им Б. Бейсенова, 2003.
5. Правила судебно - медицинской оценки тяжести вреда здоровью.
Приказ № 240 от 4 мая 1998 г. // Бюллетень Следственного
департамента МВД РК. Астана. 1998 г. № 2.
6. Сборник Постановлений Пленума Верховного суда Республики
Казахстан (1992 - 2002). - Алматы, 2002.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ.

1. 1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және
оньң маңызы.
1. 2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.
1. 3. Қасақаналық және оның түрлері.
1. 4. Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.
1. 5. Кінәнің екі нысанымен жасалынған қылмыс.
1. 6. Қылмыстың себебі мен мақсаты.
1. 7. Қылмыс жасаушы тұлғаның сезім күйі.
1. 8. Қате және оның қылмыстық - құқықтық
мағынасы.

1.1. Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы.
Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса
(қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар,
себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен
құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан)
сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен
және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық
қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей,
қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі
тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан
олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы
қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.
Психика адам өмірінің ішкі мазмұнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін,
еркін білдіреді. Психикалық процестер, әдетте, интеллектуалдық, сезімдік
және еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте тұра мұндай бөліну шартты түрде
ғана екенін, мұндай процестер жекелеп (әрқайсысы өз бетімен) өмір
сүрмейтіндігін ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен
еріктің тығыз бірлігімен ғана адамның психикасының түрі, қылмыстық, тұтас
алғанда, субъективті жағы сияқты, оны құрастырушы белгілердің де мағынасы
мен мазмұнын анықтау үшін, психиканы қүрастырушы элементтерге көңіл аудару
пайдалы ғана емес, қажет те.
Қылмыстың субъективті жағын қүрайтын белгілердің эрқайсысы қылмыстың
психикалық мазмүнын сипаттайды, бірақ әрқайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы,
кінэ - бүл түлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекетіне (эрекетіне
немесе эрекетсіздігіне) және оңың қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы
салдарына психикалық қатынасы. Кінә -қылмыстың субъективті жағының, тіпті
оны толық қамтымаса да, негізгі белгісі. Қасақана сияқты, абайсыз
кінәні де құрастыру кезінде заң шығарушы психиканың екі
интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерін пайдаланады. Қасақаналық пен
абайсыздықтық қылмыстық-құқықтық сипаты үшін психикалық процестердің
сезімдік мазмұны есепке алынбайды. Керісінше, әрекеттің қоздырушы себебі
және субъективті жағының белгісі болғандықтан, қылмыстық сылтауында қылмыс
жасаушы тұлғаның психикасында болып жатқан, көбінесе, сезім процестерінің
таңбасы болады. Жеке жағдайларда қылмыс жасаушы тұлғаның сезімінің күйі
(мысалы, аффект күйінде болуы, яғни аяқ астынан пайда болған жан
күйзелісі), дербес қылмыстық-құқылық мағынаға ие болады (ҚР ҚК-нің 98-
бабы), қылмыстың мақсаты, кінә сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай
мазмұнымен шектеледі.
Кінә - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінә болмаған
күнде қылмыстық құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл
субъективті жақтың қылмыстық істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп
отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі
соншалық, тіпті кінәлі жауаптылық қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін
көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сәйкес адам соларға қатысты өз
кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе
әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана
қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Осы баптың 2-бөлімінде объективті
айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық
қолданылмайтыны атап көрсетіледі.
Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап шығарғаны емес, бұл -
адам қылығын заңды және әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дұрыс бағалаудың
қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С.Л. Рубинштейн атап өткеніндей,
"жалған, абстрактілі "объективизмге" қарама-қарсы айтылатыны: қылықты
бағалау кезінде өзінше орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті
түрде өзінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді -
тек соған сүйену керек".1
Осыған байланысты, қылмыстық құқық теориясы мен құқықтық тәжірибе,
қылмыстық жауаптылықтың тұлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне
(әрекеті немесе әрекетсіздігіне) және оның салдарынан психикалық қатынасын
(қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне
сүйенеді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайы (әсіресе ауырлататын)
соттың оларға байланысты кінәлі қатынасын, яғни қасақаналық немесе
абайсыздық түріндегі психикалық қатыйасын, анықтауынан кейін ғана айыпқа
жүктеле алады (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық құқықтық
нормаларда құрастыру ерекшеліктеріне байланысты).
Қылмыстық мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім
күйінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамының қажетті белгілері
болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстардың
ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда
қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері
болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның
тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды. Тіпті, бұл белгілердің қылмыстық
жауаптылық пен жаза үшін жеке мағынасы болмаған жағдайда да, олардың
қылмысты анықтаудағы, қасақана кінә мен абайсыздықты ажыратудағы
мағынасының маңыздылығы сирек емес. Сондықтанда қылмыстық құқық кінәлі
жауаптылық қағидасымен ғана шектеліп қоймайды, бірақ субъективті жүктеу
көзқарасын ұстайды. Оның мағынасына көшсек, қылмыс жасаған тұлғаның
қылмысты жауаптылығы мен оны жазалау мәселесін шешер кезде тұлғаның өзі
жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті мен әрекетсіздігі) мен оның
салдарына кінәлі қатынасы ғана есепке алынбай, қылмыстың субъективті
жағының басқа элементтері де, яғни қылмыстың себебі мен мақсаты, тұлғаның
қылмыс жасау кезіндегі сезімінің күйі де ескеріледі. Тергеу мен сот үшін
анықтау және дәлелдеу жүмыстары кезінде қылмыс құрамының барлық
элементтерінің ішіндегі ең күрделісі - дэл осы субъективті жағы болып
табылады. Бұл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне,
тілегіне, сезіміне жол табу,
қылмыстық объективті жағын анықтаудан анағұрлым қиындау. "ішінде не барын
кім білсін" деген бекер емес шығар. Сондықтанда, тұлғаның өзі жасаған
қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының
қандай да болмасын түрін анықтауда, оның себебін, мақсатын, сезімдердің
("әдетте осылай болады", "көбіне осылай жасайды" деумен дәлелденетін)
анықтауда барлығына ортақ қолдануға болмайды және олай болуы мүмкін емес.
Орыстың көрнекті әдебиет сыншысы В.Г. Белинскийдің әр-түрлі адамдардың
қылығын бақылау үшін бірдей тәсіл қолдануға қарсы: "Тұлғалар сансыз және
алуан түрлі, адам рухының әртүрлі жағы сияқты, оның барлық жағының да
жасап келе жатқандығы -оның қажеттілігінен... Сондықтан, біреудің тұлғасын
басқаның тұлғасына шақтаудан асқан әділетсіздік жоқ, ол, бәрі-бір, ешқашан
дәл келмейді, бәрі-бір болады"2. Сондықтан, қылмыстың субъективті жағын
бағалауға біркелкі (жеке басқа бейімделмеген) келу, қылмыстық заңды, одан
келіп қылмыстық істер бойынша әділ сот аясындағы адам құқығын пайдалануда
өте өрескел қателерге соқтыруы мүмкін.
1.2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.
Бұған дейін айтылғандай, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық
қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына
психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сәйкес, кінә - бұл әрқашан не
қасақаналық, не абайсыздық болып табылады.
ҚР ҚК-нің 19-бабының 3-бөлімі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-
әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналықта,
абайсыздықта жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық
қатынастың нысандары болып табылады. Бұл - олардың ұқсастығы. Ал,
айырмашылығы - қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және
еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында.
Қылмыстың жасалуына байланысты кінә (қасақаналықта, абайсыздықта) заң
қолданушының (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. Ол - алдын ала
тергеу жұмысын жургізу мен сотта істі қарау кезінде дәлелденетін затқа
жатады. Ол - іс бойынша анықталған дәлелдерді саралау кезінде жүзеге асады.
Осыған орай, кінә тек заңдық-психологиялық қана емес, саралаушы да
категория екендігін мойындау керек. 40-шы жылдары кеңестік заң әдебиетінде
кінәлінің өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және
абайсыздық түріндегі салдарына, соттың санасынан тыс орын алатын психикалық
қатынасы ретіндегі кінә түсінігін, оның (кінәнің) саралаушы деген
түсінігімен теңестіруге әрекет жасалды. Б.С.Утевский "кінәні қылмыс
құрамының элементі ретінде, қасақаналық пен абайсыздық, яғни қылмыс
құрамының субъективті жағы ретінде бір жақты таяз түсінумен қатар,
қылмыстық құқықта кінәнің қылмыстық жауаптылықтыц негізі ретіндегі
ауқымдырақ түсінігі де бар"3 деп санаған. Б.С. Утевский кінәні қылмыстық
жауаптылықтың негізі ретінде былайша түсіндіреді, яғни ол "соттың көзқарасы
бойынша мемлекет атынан теріс қоғамдық (моральдық-саяси) бағаға лайық және
сотталушының қылмыстық жауаптылығын талап етуші жағдайлар жиынтығы"4
Оның кінәні түсіну туралы мұндай көзқарасы кеңестік заң басылымдарында
өткір, тіпті күйретуші сынға ұшырады. Оның себептері негізінен
идеологиялық сипатта болды. Авторды кінәні саралау туралы буржуазиялық
ғалым-заңгерлердің ұсынған теорияларын пайдаланғаны үшін айыптады. Алайда,
соңғы кездері кеңестік қылмыстық құқықта кінәні - саралаушы ретінде
түсінуді қатаң шетке шығару басылып, кінәлі жауаптылық қағидасы (яғни,
кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде мойындау) Қазақстан
-Республикасының қылмыстық кодексінде заңды тұжырымын тапты. Мұны дұрыс деп
мойындауға тиіссіз, себебі, қылмыстық заң, қылмыстық жауаптылықты тұлғаның
өзі жасаған іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген
түрімен емес тек қана қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі
түрімен ғана
байланыстыруы бекер емес. Психикалық қатынастың дәл осы түрдегі, кінәлінің
қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни жеке бастың, қоғам мен
мемлекеттің мүдделеріне деген қоғамға қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда)
немесе немқұрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді.
Сондықтан, кінә - тұлғаның қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын
мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінің жасаған қылмысты әрекеті
немесе әрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы.
Жоғарыда айтылғандай қылмыстық заң, іс-әрекетпен оның салдарына кінәлі
психикалық қатынасқа еркіне карай және интеллектуалдық сәттерді қосады. Дәл
осы сәттердің жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Аталған сәттердің нақты
мазмұны мен ара - қатысы бойынша қасақана және абайсызда жасалған
қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай болса, олардың қылмыстық заңда
анықталатын түрлері де тап солай ажыратылады. Интеллектуалдық және еркіне
қарай сәттердің мазмұны мен арақатынасының бұл ерекшеліктері кінәнің
түрлерін құрайды. Қылмыстық кодекс кінәнің қасақаналық және абайсыздық
сияқты екі нысандарын қарастырады (ҚР ҚК-нің 19-бабы 3-ші бөлімі).
Қасақаналық, өз кезегінде, тікелей және жанама, ал, абайсыздық -меңмендік
және немқұрайлылық болып бөлінеді.
Кейбір қылмыстарға байланысты, заң шығарушы оларды тек қасақана
жасалады деп анық атап көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 104-бабы - денсаулыққа
қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық қарастырылады.
Қасақана жасалатын қылмыстардың басқа құрамдарын жасағанда, заң шығарушы
оларға қасақана деген анықтама бермейді, Мысалы, ҚР ҚК -тің 106, 107-
баптарында ұрып-соғу, азаптау кездерінде кінәнің түрін атап көрсетпейді.
Мұндай жағдайларда кінәнің түрін анықтау үшін ҚР ҚК -тің 19-бабының 3-ші
бөлігін басшылыққа алу керек. Абайсызда жасалған іс-әрекет ҚР ҚК Ерекше
бөлімінің тиісті бабы арқылы арнайы қарастырылған жағдайда ғана қылмыс деп
саналады.
Сонымен, Ерекше бөлім бабының диспозициясы кінәнің түрін нақты көрсетпесе,
осы бапта қарастырылған қылмыс тек қасақана болады.
Кінәнің қылмыстық- құқықтық мағынасын асыра бағаламасқа болмайды.
Біріншіден, кінәлі жауаптылық қағидасына сүйене отырып, кінә - қылмыстық іс-
әрекетті қылмыстық емесінен ажыратушы ретінде маңызды. ҚР ҚК-нің 19-
бабының 2-бөлігіне сәйкес объективті түрде, яғни кінәсіз зиян келтіргені
үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Екіншіден, егер заң
шығарушы жауаптылықты кінәнің түріне қарай ажыратса, кінә қылмысты
саралауға әсер етеді деген сөз. Мысалы, кісі өлтіру ҚР ҚК-нің 96-бабымен
бағаланса, абайсыздықтан өлімге соқтыру-ҚР ҚК-нің 101-бабымен
бағаланады. Кінәнің түрі сонымен қатар денсаулыққа келтірілген
зиянның қасақана әлде абайсыздан болуын (ҚР ҚК-тің 103, 111-баптары),
ажырататын белгі болып табылады. Үшіншіден, кінәнің түрлері қылмыстарды
заңды негізде саралау кезінде ескеріледі. Онша ауыр емес ауырлығы орташа
дәрежедегі қылмыстарға қасақана жасалғаны да, абайсыз жасалғаны да
жатқызылса, ауыр, аса ауыр қылмыстар қатарына тек қасақана жасалғаны ғана
жатады (ҚР ҚК -тің 10-б.). Жаза мен қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырар
басқа көптеген жағдайларда, қасақана және абайсыздық жағдайдағы кінәнің
айырмашылығы ескеріліп отырады.
2.3. Қасақаналық және оның түрлері.
ҚР ҚК-нің 20-бабының 1-бөлігіне сәйкес қасақаналық - тікелей және
жанама болып келеді. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-
әрекетінің (әрекеТсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-
ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей
қасақаналықпен жасалған деп танылады.
Кінәнің басқа да түрлерімен (қасақаналық және абайсыздық) қатар,
тікелей қасақаналықта тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті іс-
әрекеті (әрекетсіздігі) мен оның салдарына психикалық қатынас ретінде
анықтау үшін, заң шығарушы психиканың интеллектуалдық және еркіне қарай
элементтерінің мазмұнын пайдаланады. Қылмысты тікелей қасақаналықпен
жасаған кездегі интеллектуал-дық сәт-тұлғаның іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін саналы түрде түсініп, оның зиянды
салдары болуы мүмкін екенін немесе олардың бәрібір болатындығын алдын-ала
көріп білуінде. Жасалатын іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті сипатын сезе білу -
оның әрі шынайы, әрі әлеуметтік сипаттарын түсінгендікті білдіреді, Мысалы,
ұрлық кезінде тұлға, бөтен мүлікті жасырын иеленбекші екендігін жете
түсініп отырады, сонымен қатар, ол өзінің осы қылығы арқылы жәбірленушінің
меншіктік құқығын бұзып отырғандығын да жете түсіне алады. Жасайтын
әрекеттің (әрекетсіздіктің) мағынасын жете түсініп сезу - бұл кінәлінің
оның қоғамдық қауіпті сипатын да түсінуі.
Заң шығарушы интеллектуалдық элементі жасалған істің тек қоғамдық
қауіптілігін түсінгендігімен шектеп, кінәлінің өз ісінің заңға қарсы
екендігін түсінуін талап етпейді. Расында, көп тараған қасақана қылмыстар
(кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, талан-таражға салу
және т.б.) әрине, олардың заңға қарсы екендігі түсініле тұра жасалады.
Алайда, заңға қарсылықты түсіну, жалпы ереже бойынша, қылмыстық іске
байланысты дәлелденуге жатпайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда, заң шығарушы
Ерекше бөлімнің арнайы құрамын жасау арқылы, кінәлінің өз ісінің қоғамдық
қауіптілігін түсінуін оның заңға қарсы екендігін түсінумен байланыстырады.
Бұл жағдай көбінесе, әр саладағы арнайы ережелерді қылмысты түрде бұзғанда
қолданылады. Мәселен, ҚР ҚК-нің 265-бабының 1-бөлігінде қылмыстық
жауаптылық есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе ұлы заттарды
өндіру, жасау, құсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау,
әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерін бәзу, егер бұл әрекетті аталған
ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, тағайындалады. Субъектінің
бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін түсіне білгендігі, оның
айтылған заттарды пайдаланудың (мысалы, сақтау және есепке алу) тиісті
ережелерін міндетті түрде білгендігін көрсететіні анық. Ал егерде тұлға бұл
ережелермен таныспаған болса, қасақаналықтың интеллектуалдық сәті жойылады,
демек, кінә - қасақана емес, бұл тұлға - қылмысқа жауапты емес.
Зиянды салдардың орын алатындығын алдын-ала көре білу -тұлғаның
жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде орын
алатын қоғамдық қауіпті салдарды, кінәлінің өзі алдын-ала көре білгендігін
көрсетеді. Заңды тұжырымдамаға сәйкес, тікелей қасақаналық кезінде, алдын-
ала көре білудің сипаты екі жақты болуы мүмкін. Кінәлі тұлға тиісті
қылмыстық салдардың орын алуы мүмкін екендігін де, сонымен қатар, орын
алмауының мүмкін еместігін де көріп біледі.
Қылмыстық салдардың орын алуы мүмкін екендігін көре білу - бұл
салдардың белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы да мүмкін екендігін
білдіреді. Олардың болатындығы сөзсіз екендігін көре білу - өзінің тілеген
салдарының болмай қалуы мүмкін әлде бір жағдайлардың кінәлі санасынан
мүлдем шығарылып тасталғандығын білдіреді. Мысалы, дене күші әлдеқайда
басым И. өзінің таныстарымен арақ ішіп отырып, араларындағы Г. - мен
жанжалдасу кезінде оны 14 қабаттағы бөлменің ашық тұрған терезесінен далаға
лақтырып жібереді. Бұл жерде жәбірленушінің сөзсіз өлетіндігін кінәлінің
алдын-ала жобалағандығын -кесіп айтуға болатын анық нәрсе. Егер бұл әрекет
екінші қабаттың бөлмесінде жасалса, кінәлі адам қылмысты салдардың болуы
мүмкін деп болжар еді.
Заң шығарушы қасақаналықты оның кез келген түрінде (кінәнің абайсыз
түрі сияқты) материалдың құрамы бар, яғни объективті жағына кылмыстық
салдар жататын қылмыстарға бейімдей отыра тұжырымдайды. Осыған орай, кінәні
тұлғаға кез келген зиянды салдары алдын-ала көре білгендігі үшін емес,
қылмыстың тиісті құрамының объективті жағының белгілері болып
табылатындарын көре білгендігі үшін артады.
Тікелей қасақаналықтық еркіне қарай сәті қылмыстық салдардың орын
алуын тілеуімен сипатталады. Бұл тілек кінәлінің ісінің бір мақсатқа
бағытталғандығын білдіреді. Ол үшін тиісті қылмыстық салдар - оның қоғамдық
қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) саналы, әрі мақсатты түрде көздеген
нәтижесі.
Қорыта келе, тікелей қасақаналықтық мазмұнын қылмыстық құқықтың
бағалау тұрғысынан қарапайым мысалмен көрсетейік. Э. мен О.-нің мылтықпен
шекесінен атқанынан жәбірленуші сол жерде қаза болады. Э. кісі өлтіруді
тікелей қасақаналықпен жасады. Бұл қасақаналықтық интеллектуалдық сәті –
кінәлінің өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін, яғни ол әрекеті
жәбірленушіні өлімге әкеліп соқтыратынын алдын-ала түсінгендігінде және
оның өлуі мүмкін немесе сөзсіз екендігін алдын-ала көре білгендігінде. Э.-
нің мылтықпен О.-ны шекесінен атқандығы, -қасақаналықтық еркіне қарай сәті,
жәбірленушінің өлімін тілегендігін дәлелдейді.
Тұлғаның өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін
түсіне біліп, қоғамдық қауіпті салдардың орын ала-тындығын алдын-ала көре
тұрып, өзі тілемей, бірақ сол қауіпті салдарға саналы түрде жол берген
немесе оларға немқұрайды қараған кезіндегі қасақаналықтық түрі -жанама деп
аталады.
Өзінің интеллектуалдық сәті бойынша жанама қасақаналық тікелей
қасақанадықпен көп жағдайларда бір жерден шығады. Бұл мәселеде олардың
айырмашылығы - тек қылмысты салдарды алдын-ала көре білудің сипатында ғана.
Жоғарыда айтылғандай тікелей қасақаналық кезінде тұлға қылмысты салдардың
мүмкін болуымен қатар, олардың сөзсіз болатындығын да алдын-ала болжап біле
алады. Ал жанама қасақаналық кезінде кінәлінің алдын-ала болжай білгендігі
қылмыстық салдардың мүмкін болуымен қана байланыстырылады. Жанама
қасақаналықтың бұл ерекшелігі - оның қасақаналық түрлерін бір-бірінен жалпы
ажырату үшін негізделетін еркіне қарай сәтімен тығыз байланысты.
Жанама қасақаналық кезінде, тікелей қасақаналықпен салыстырғанда, тұлға
қылмыстық салдардың болу мүмкіндігін алдын-ала көре білгенімен
(интеллектуалдық сәті), ол салдардың болуын тілемейді. Қылмыстық заң мұндай
тілемеушіліктің екі түрін ажыратады: қылмысты салдарға саналы түрде жол
беру және оларға немқұрайды қарау. Алайда, тұлғаның өзі жасаған
әрекеттердің (әрекетсіздіктің) салдарына психиалық қатысты, көп жағдайда,
салдардың болуына немқұрайды қараушылықпен оларға саналы түрде жол
берушіліктің бірігіп кетуін болжайды.
Сонымен, жанама қасақаналық кезінде қылмысты салдардың болуын тілемеу
- түлға өз ісінің қауіпті салдарына немқұрайды қарағандығынан, олардың орын
алуына саналы түрде жол бере тұра, өз ісінің қоғамдық қауіпті салдарының
орын алуын көздемегенін білдіреді.
Жанама қасақаналық кезінде, кей уақытта қылмыстық салдардың орын
алуына саналы түрде жол беру (немесе оларға немқұрайды қарау) бұл салдардың
орын алуын тілемеумен бірлесіп келеді. Мысалы, тұлға жәбірленушінің үйінде
болмаған кезін пайдаланып, одан өшін алу мақсатымен, түнде үйіне өрт қояды
және ол үйде жәбірленушінің қартайған әке-шешесінің бар екенін алдын-ала
біліп отырады. Бұл жерде кінәлі қарттардың өртке шалынбай, одан аман-есен
қашып шыға алатындығына сенуі мүмкін. Ал егер бұл сенім қылмыстық салдардың
орын алуының алдын алатындай нақты бір жағдайлардың болуын көздемеген
болса, бұл - жанама қасақаналықтың жәбірленушілердің өліміне саналы түрде
жол беру түріндегі еркіне қарай сәтінің айқын көрінісі. Бұл жағдайда тұлға
аяқ астынан болып қалуы мүмкін әлде бір кездейсоқтыққа сенеді (соның
арқасында жәбірленушілердің өлмеуі мүмкін болатындай). Алайда, А.А.
Пионтковскийдің өте орынды айтқанындай "бәлкімге сену" - бұл түкке де
сенбеу деген сөз 5. Осыдан шығатын түйін –жәбірленушілер қаза болған
жағдайда, мүлікті өртеу арқылы қасақана жоюдан басқасы, жанама
қасақаналықпен ауырлататын мән-жайлар арқылы кісі өлтіру деп бағалануы
тиіс. Қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің қылмыстарды бағалау,
қылмыстық жауаптылықты жэне жазаны жеке басқа қарай бейімдеу
үшін маңызы үлкен. Мәселен, формальды құрамдас, яғни құрамына
белгілі бір қылмыстық салдар кірмейтін қылмыстар, тек тікелей
қасақаналықпен ғана жасалуы мүмкін.
Мысалы, қауіпті жағдайда қалдыру, яғни жасының кішілігіне, кәрілігіне,
аурулығына, өзінің шарасыздығына байланысты өмір мен денсаулық үшін қауіпті
жағдайда қалып, әрі өзін-өзі қорғай алу мүмкіндіктерінен
айырылғандарды тұлғаның көпе-көрнеу көмексіз қалдыруы, егер кінәлінің
ол тұлғаға көмек көрсете алу мүмкіндігі, ол туралы қамқорлық жасау -
міндетті болса немесе өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайға өзі
әкелген болса, осының нәтижесінде жәбірленуші ауыр салдарға ұшырай ма, жоқ
па, оған қарамастан, қылмыс аяқталған деп мойындалады. Бұл жағдайда
кінәлінің психикалық қатынасы оның қоғамдық қауіпті әрекетсіздігіне
(қауіпті жағдайда қалдыру) ғана қатысты анықталады және бұл әрекетсіздіктің
қоғамдық қауіптілігін түсінуімен, өз міндетін атқарудан бас тартқысы
келгендігінен білінеді. Қасақаналықтың тікелей және жанама болып бөлінуінің
ең маңызды іс жүзіндегі мағынасы -бұлай бөлудің қасақана кінәні
абайсыздықтан болған кінәдан ажыратып алу үшін маңыздылығында, себебі дәл
осы жанама қасақаналық абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын қылмыстық
жеңілтектікпен ұласушы психикалық қатынас болып табылады. Және
де, дәл осы жанама қасақаналық пен қылмысты жеңілтектіктің
ортасында, қасақаналық пен абайсыздықтың "қақ айырылатын" жігі жатыр.
Қасақаналықты тікелей және жанамаға бөлудің қылмысқа оқталуды
аяқталған қылмыстан ажырату үшін де үлкен маңызы бар. Себебі, қылмыстық
құқық теориясы мен сот тәжірибесі қылмысқа оқталу мүмкіндігін тікелей
қасақаналықпен жасалған қылмыстар төңірегінде ғана шектейді. Мысалы, М.Ч-ны
өлтіруге әрекеттенгені үшін сотталады. Кінәлі, өшін алу үшін,
жәбірленушінің мойнына пышақпен ұрады. Ол екінші соққысын беруге
ыңғайланғанда, жәбірленуші қарсылық көрсетіп бұл соңғысы әлсіз ғана
тиеді. Ол бұдан кейін де соққы беруге

ұмтылғанымен Ч-ның көмек сұрап айқайлаған дауысына жүгіріп келген адамдар
оған жол бермейді. РФ Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі Сот алқасы
М. жәбірленушінің мойнына пышақ сала отырып және екінші рет пышақ жұмсауға
ұмтылып өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын түсіне білді,
жәбірленушінің өліп кететінін алдын-ала біле тұра, оған саналы түрде
жол берген, яғни жанама қасақаналықпен әрекеттенген дегенге сүйене
отырып, М.-ның әрекетін денеге касақана түрде ауыр зақым келтіру деп қайта
бағалаған. Алайда РФ Жоғарғы Сотының Төралқасы бұл шешіммен келіспей,
кассациялық анықтаманы бұза отыра, кінәлінің қасақаналығының мазмұны туралы
мәселені шешер кезде. соттың жасалған қылмыстың барлық жағдайларының
жиынтығына сүйенуі керек екендігін, атап айтқанда, қылмыстың тәсілі мен
қаруын, жаралар мен басқа да дене зақымдауының санын, сипатын, орнын
(мысалы, адамның өмірлік маңызы бар мөшелері болуы мүмкін), қылмыстық
әрекеттердің тоқтау себептерін және т.б. ескеруі керектігін атап өтті.
Бұл қылмыстың жасалу жолдарын мүқият зерттеу ісі осы шешімнің дұрыстығын
растай түсті. Өмірлік маңызы бар саналатын мүше - мойынға пышақ жұмсау,
екінші рет тек бөтен адамдардың араласуынан ғана беті қайтарылған қатты
соққыға ұмтылыс және қазіргі заманғы дәрігерлік көмектің арқасында ғана
денеге тиіп өлгерген пышақ ізінің ауыр салдарының
бетін қайтару жағдайларының барлығы жиыла келіп, М.,
жәбірленушінің өліп кету мүмкіндігін алдын-ала көре білгендігін және де
дәл осындай салдардың орын алуын қалағандығын, яғни тікелей қасақаналықпен
әрекеттенгендігін дәлелдейді. Олай болса, кінәлінің әрекетін Жоғарғы Сот
Төралқасы кісі өлтіруге оқталғандық деп орынды бағалаған.
Сонымен қатар, қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің -жазаны
жеке басқа қарай бейімдеу үшін де маңызы бар. Жалпы ереже бойынша, тікелей
қасақаналықпен жасалған қылмыстардың қауіптілігі жанама қасақаналықпен
жасалғандарға қарағанда жоғары деп есептеледі. Бұл, бірінші аталған
жағдайда кінәлінің санасы мен еркі қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасап,
қылмыстық салдар келтіруге тікелей бағытталғандығымен байланыстырылады.
Заң шығарушы қасақаналықтың тікелей және жанама сияқты екі түрін
айтумен шектеледі. Алайда, қылмыстық құқық теориясы мен сот жұмысына,
қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі, Мәселен, пайда болу уақыты бойынша
қасақаналық - алдын-ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған сияқты
түрлерге бөлінеді. Алдын-ала ойластырылған қасақаналық - қылмыс жасау
туралы қабылданған ниет пен сол қылмыстың өзі бір-бірімен, белгілі бір
уақыт аралығымен бөлініп тұратындығымен сипатталады. Осы уақыт аралығында
субъект қылмыс жасау жоспары мен тәсілін (орны, уақыты, құралы мен тәсілі
және т.б.) ойластырып, құрастырумен болады.
Аяқ астынан пайда болған қасақаналық - (аяқ астынан) кенеттен пайда
болып бірден жүзеге асырылумен сипатталады. Теория жүзінде, жалпы ережелер
бойынша, алдын-ала ойластырылған қасақаналықпен жасалған қылмыс, аяқ
астынан пайда болған қасақаналықпен жасалғаннан қауіптірек деп саналады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі аяқ астынан пайда боған
қасақаналықпен жасалған қылмысты екі-ақ жағдайда азырақ қауіпті деп
санайды. Бұл - мұндай қасақаналық аффекттің әсерінен пайда болғанда орын
алады. Мәселен, заң шығарушы аффект күйінде кісі өлтіру немесе денсаулыққа
ауыр не орташа дәрежеде зиян келтіруді жеңілдетуші жағдайы бар қылмыстардың
дербес құрамына бөлген (ҚР ҚК -нің 98, 108-аптары). Аталған жағдай, жаза
тағайындау кезінде жәбірленушінің қылмысқа себепші болған, заңға қарсы не
адамгершілікке қарсы әрекеттері сияқты жеңілдетуші жағдайлар аясында
ескерілуі мүмкін.
Кінәлінің өзі жасайтын іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті салдары туралы
түсінігінің айқындылығы мен дәрежесіне қарай қасақаналық анықталған және
анықталмаған болып бөлінеді.
Анықталған қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті
әрекетінің немесе әрекетсіздігінің сипатын және салдарының мөлшерін анық
түсінуімен сипатталады. Сонымен қатар, анықталған қасақаналық кінәлінің
жалғыз ғана қылмыстық салдардың орын алуын көре білуі, яғни қарапайым және
кінәлі екі немесе одан да көп қылмысты салдардың орын алуын мүмкін
екендігін көре білетін - екі ұшты болып келеді. Мысалы, пышағын жүрекке
жұмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатынын алдын-ала біліп, қарапайым
анық- талған қасақаналықпен әрекеттенеді. Ал пышақты жәбірленушінің ішіне
салатындар екі ұшты қасақаналықпен әрекет жасайды, себебі осының салдарынан
жәбірленушінің не өлетіндігін, не оның денсаулығына ауыр зақым
келетіндігін біле тұра, бұл салдардың кез келгенінің орын алуына саналы
түрде жол береді.
Анықталмаған қасақаналық кезінде кінәлі тұлға қылмысты салдарды көре
білгенімен - нақтыламаған. Бұл - қолданылуы әр түрлі салдарға әкеліп
соқтыратын қарулар мен құралдарды пайдалана отыра, жәбірленушінің өмірі мен
денсаулығына қол сұғушылық кезінде болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушінің
басынан таяқпен ұру, оның басын таспен ұру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен
ұру. Мұндай жағдайларда әр түрлі салдардың, өлімнен - денсаулыққа жеңіл
зақым алуға дейін орын алуы мүмкін. Қылмыстық құқық теориясы мен сот
тәжірибесі мұндай жағдайларда жауаптылықтың шын мәнінде келтірілген
салдарға байланысты анықталатынына сенеді, себебі, кінәлі бұл салдардың кез
келгенінің орын алатынын көре білді және олардың орын алуына саналы түрде
жол берді. Алайда, мұндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық анықталған
жағдайда ғана негізгі болып табылады. Егер нақты бір жағдайда,
жәбірленушінің басынан таяқпен ұру кезіңде оны өмірден айыруға бағытталған
тікелей қасақаналық анықталса, жәбірленушіге шын мәнінде келтірілген онша
ауыр емес зиянның өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру)
қасақана кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалау керек.

2. 4. Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.
Сот тәжірибесі абайсыз жасаған қылмыстарға қарағанда, айтар-
лықтай кең тарауына байланысты, қасақана жасалған қылмыстармен көбірек
ұшырасады. Алайда, бүгінгі кінә абайсыздықтан жасалатын қылмыс саны тұрақты
түрде өсіп келе жатқандығын атап өту керек. Оның үстіне ғылыми-техникалық
прогресс жағдайында, әсіресе техниканы пайдалану аясындағы арнайы
ережелерді бұзуға байланысты қылмыстардың, сол сияқты, экологиялық
қылмыстардың қауіптілігі елеулі түрде арта түседі.
Абайсыздық - бұл кінәнің ерекше түрі, яғни кінәлінің өзі жасаған
әрекеттерінің не әрекетсіздігінің зиянды салдарына психикалық қатынасының
ерекше түрі. Объективті жағына қылмысты заңмен қарастырылған белгілі бір
қоғамдық қауіпті салдар кіретін, яғни материалдық құрамы бар қылмыстар ғана
абайсыздықтан жасалуы мүмкін. ҚР ҚК-де абайсыздықтың екі түрі
қарастырылған: 1. Менмендік. 2.Немқұрайлық.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 21-бабының 2-ші
бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға
қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды
жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс
меңмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Меңмендікпен, яғни
жеңілтектікпен қылмыс жасаған тұлғаның істегенінің салдарына психикалық
қатынасы абайсыз және қасақана кәнінің басқа түрі сияқты, интеллектуалдық
және еркіне қарай сәттерден тұрады. Интеллектуалдық сәт тұлғаның өз
әрекетінің не әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдары орын алу
мүмкіндігін алдын-ала көре білуімен сипатталады. Еркіне қарай сәт, бұл -
салдардың алдын алуға негізсіз артық сенумен сипатталады. Мысалы, машинаны
басқарып келе жатқан жүргізуші жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асырып
жібереді де, осыған орай ол белгілі бір сәтте машинаны тежеп үлгере
алмайды. Ақырында, ол жаяу жүргіншілердің біреуін басып кетіп өлімге
ұшыратады.
Меңмендіктің заңды тұжырымдамасында оның интеллектуалдық сәті тікелей
және, әсіресе, жанама қасақаналықтық интеллектуалдық сәтімен жақын. Екі
жағдайда да тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының
орын алатындығын алдын-ала көріп біледі. Алайда, заң щығарушының
қасақаналықты суреттеген кезде қолданатын алдын-ала көре білу түсініктің,
шынайы мазмұнының дәл осы түсінікті кінәнің абайсыз түрінің тағы
бір түрі болып келетін менмендікті суреттеуде қолдануынан түбірлі
айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық алдын-ала көре білудің сипатында.
Қасақаналық кезінде (тікелей немесе жанамасында бірдей деңгейде) алдын-ала
көре білу нақты сипатқа ие болса, менмендік кезінде ол - абстрактілі
түрінде. Мұның мағынасын бұлайша түсіндіруге болады: қасақаналық кезінде
кінәлі тұлға тап осы кезде, белгілі жерде, белгілі жағдайларда жасалған
өзінің нақты әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) сөзсіз немесе болуы ықтимал
нәтиже орын алатынын алдын-ала көре біледі. Жәбірленушінің кеудесіне
пышақпен ұра отыра, тұлға дәл осы соққы (оның соққысы), осы
пышақпен соғу - жәбірленушіні өлімге ұшырататынын алдын-ала
көре білген. Ал қылмыстық менмендік кезіндегі интеллектуалдық сәттің
мазмұны тіпті басқа. Тұлға өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің)
қылмысты салдарының әйтеуір бір орын алатынын жалпылама түрде
алдын-ала көріп біледі, Мысалы, жүргізуші машинаны рұқсат етілген
жылдамдықты асыра пайдалана отырып, бұл ісінің жаяу жүргіншініі соғуына
апаратынын жалпы (негізінде) көріп біле алады және бұл көріп білу нақты
емес, жалпы, яғни абстрактілі сипатқа ие. Тұлға көрсетілген қауіпті
салдарды жалпы алдын-ала көріп біле тұра, оның өзінің де басында осындай
жағдай болуы мүмкіндігін мүлдем есіне алмайды. Ол мұндай салдар басқа
жүргізушілер тап келген жағдайларда орын алады деп ойлап, өзі үшін олардың
алатындығың тіпті қаперінде де болмайтындай көреді, себебі ол өзі сияқты
тәжірибелі жүргізушілер мұндай жағдайда ұшырамайды, яғни ол жаяу
жүргіншімен қақтығысса, оған залал келтірудің алдын-ала алады деп
үміттенеді.
Алайда, менмендіктің қасақаналықтан (ең біріші жанамасынан) негізгі
айырмашылығы еркіне қарай болатын сәтінде. Бұл сәт абайсыз кінәнің бір түрі
болып табылатын менмендік кезінде, тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті
салдарының алдын алатындығына жеткіліксіз негізде сенетінімен сипатталады.
Жанама қасақаналыққа қарағанда, қылмыстық менмендік кезінде, тұлғаның еркі
өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты салдарының алдын алуға
бағытталған. Тұлға оның пікірінше, қылмысты нәтиженің орын алуына жол
бермейтіндей нақты бір жағдайларға сенім артады. Мысалы, жоғарыда
көрсетілген оқиғаны өзінің мамандық біліктілігіне, машинаны ұзақ уақыт бойы
апатсыз жүргізіп келе жатқан тәжірибесіне, оның техникалық жағдайының
сенімділігіне, жол бетінің жақсы күйіне және т.б. көптеген жағдайларға
сенім артады. Өкінішке орай, (бұл үміттерге қарамастан) нақты бір кезенде
мұндай сенім ақталмай, жансақ болып шығады да, машинаны жүргізуші жаяу
жүргіншіні бәрібір басып кетіп, оны қайғылы қазаға ұшыратады. Сенімнің
қателігі, негізсіздігі - жасалған іс-әрекеттің салдарына психикалық
қатынасты қылмысты менмендікке айналдырып, істің өзін қылмысқа жеткізеді.
Менмендік бойынша абайсыздан жасалған қылмыстық көрнекті мысалы
ретінде Ш.-ның ісін келтіруге болады. Ол, ауданда балықтың ұрлануы кезінде
белгі беретін қондырғы жасайды. Бұл үшін ол өзінің үйінен өзендегі ауын
бекітетін өткелге дейін сым тартып, оны 220 кернеу бар электр жүйесіне
қосады да, қоңырауын үйінің ішіне орнатып қосады. О. және С. деген екі жас
өспірім, түнде, өзенге балық аулауға келеді. Олар балықтың өзеннің ағысына
қарсы жоғары қарай өтуін бөгеп тұрған ауларды үзіп, бұл ауларды өзеннің
ағысымен төмен қарай ағызып жібермекші болады. Және де олар
электрлендірілген дыбыс берушіні сымнан ажыратып тастауды ұйғарады.
Сымдарды тістеуікпен ажырату кезінде О. электр тоғына соғылып, қаза болады.
Жауап алу кезінде, Ш. ауыр салдардың орын алу мүмкін екендігін алдын-
ала білгендігін мойындаған. Ш. дыбыс бергіш қондырғыны орнатқанын
айналасындағылардан жасырмаған. Ол туралы ауылдың барлық тұрғындары, соның
ішінде, оқиға болган күні ау қойылған жерге балық ұстауға келген жас-
өспірімдер де білген. Істе көрсетілгеніндей Ш. дыбыс бергіштің сымға
жалғанған жеріне балаларын жібермеуі жөнінде көршілерін алдын-ала ескертіп,
ол жерін бақташыларға да көрсетіп қояды. Ш-ның дыбыс бергіштің сымын
бақшасының жерімен, бұталарымен жүргізіп, үстін бұтақтармен және басқа да
заттармен жауып тастағандығы, ал өзенге жақындай бере адамдар жүретін
соқпақтың астына жерге көміп тастағандығы сот ісі бойынша анықталған.
Жалғау жұмыстарына Ш. 1000 вольтқа дейінгі кернеуге шыдайтын берік сымды
таңдап, пайдаланған. Қосылған жерлер мен сымдар сенімді түрде ажыратылған.
Кернеудің күшін төмендету үшін Ш. қоңыраудан алдына шам орнатып қойған. Ал
дыбыс бергішті тек өзі үйінде болған кездері ғана іске қосып отырған.
III. О.-ны жанама қасақаналықпен өлтіргендігі үшін сотталды. Алайда,
КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы бұл бағалауды өзгертіп, яғни оның әрекеттерін
қылмыстық кодекстің абайсыздықтан болған кісі өлтіру бабына әділетті
бағалап, "бұл жағдайда Ш. қылмыстық менмендік танытты, себебі ол 220
вольттың кернеудегі электр тоғының адамға қаншалықты қауіпті екенін біле
тұра, қылмыстық салдардың алдын алатындығына жеңілтектікпен сенім артты.
Және де ол кездейсоқтыққа ғана сеніп қойған жоқ, оның пікірінше ауыр
зардаптардың орын алуын болдырмайтындай объективті факторларға сенген" деп
атап көрсетті.
Абайсыз кінәнің екінші түрі - қылмысты немқұрайлылық болып табылады.
ҚР ҚК-нің 21-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен
сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын
бола түра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті
зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлылықпен
жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық немқұрайлылықтың интеллектуалдық сәтінің қасақаналықтың
(тікелей және жанама), сол сияқты, қылмыстық менмендіктің де,
интеллектуалдың сәтінен үлкен айырмашылығы бар. Қылмысты немқұрайлылық
кезінде тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуының
мүмкіндігін алдынала көріп білмейді. Сонымен, абайсыздықтан болған кінәнің
бұл түрінің интеллектуалдық сәті өз қылығының қоғамдық қауіптілігін бақалай
білу – кінәлінің санасына жетпегендігімен сипатталады. Бұл -
интеллектуалдық сәттің теріс бағаға ие болатындай бір кезі. Сондықтан, бұл
жағдайда кінәнің мәні -интеллектуалдық емес, еркіне қарай сәтінде, себебі
тап осы психикалық қатынас, өзінің қылмыстық-құқықтық бағасын тек еркіне
қарай сәтке байланысты алады.
Қылмыстық немқұрайдылықтың еркіне қарай сәтінің заңды анықтамасы
объективті ("тиісті еді") және субъективті ("көре алар еді") екі шартқа
(критерийге) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыстық құқықтық норманың құрылымы
Қылмыстың құрамы және құрылымы
Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері
Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойыншакінә түсінігі
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша кінә түсінігі
Пәндер