Қаржы нарығы. Бағалы қағаздар және қор биржасы



Мазмұны

Кіріспе

1. Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы
1.1 Экономикадағы қаржы нарығының мәні
1.2 Қаржы нарығының көрінісі мен құрылымы

2 Бағалы қағаздар нарығы. қаржы нарығының құрамдас
бөлігі
2.1 Бағалы қағаздардың ресурстары мен олардың мәні, қызметі
2.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі

3.Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының
қызмет ету механизмі және оны жетілдіру
жолдары
3.1 Қор биржалары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық –адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның инститтутары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген.Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығының субъектілерінің қатынастары экономикалық- құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары мен оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 –шы жылдардың басында құрыла бастады.
90- шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелденгендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекетік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру оларды инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі- акция шығарудың пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады. Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
• Эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
• Инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
• Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және т.б.;
• Инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. қорлар;
• Қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа да қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет. Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндетті пайда болғаның анықтады. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақталған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сонымен бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау- уақыт талабы. Әрине бұндай істе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуден алуға болады. Сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу – алға басудың кепілі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. А. Молдабекова «Нарықтық қатынастағы халықтың дамуы»
2. Б.А. Көшенова «Бағалы қағаздар нарығы» Алматы 1999 ж
3. Б. Мәдешов « Нарықтық экономика теориясына кіріспе» Алматы 1995
Б. Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов «Нарықтық экономика негіздері»
5. Г.М. Осипова «Экономикалық теория негіздері» Алматы2002
6. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша несие банктер» Алматы 2001ж
7. Мақыш Серік Биханұлы «Ақша айналысы және несие» Алматы 2004
8. Мақыш Серік Биханұлы «Коммерциялық банктердің операцияларыә Алматы 2002 ж
9. Ө.Қ. Шеденов «Жалпы экономикалық теория»
Ү.Байжомартов
Б.А. Жүнісов
Б.И. Комягин
10.С .Райымқұлұлы «Экономикалық теория негіздері»
Г.Утимисова Шымкент 2006 ж
Г. Жұманова
11. Қ.Қ. Ілиясов «Қаржы» Алматы 2005ж
С. Құлпыбаев
12.Статистикалық Баспасөз Бюллитень №1 Алматы 2004
13. Статистикалық Баспасөз Бюллитень №2 Алматы 2005
14. Қазақстан цифрларда Алматы 2005
15. Я. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қаржы нарығы. Бағалы қағаздар және Қор биржасы

Мазмұны

Кіріспе

1. Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы
1. Экономикадағы қаржы нарығының мәні
2. Қаржы нарығының көрінісі мен құрылымы
2 Бағалы қағаздар нарығы- қаржы нарығының құрамдас
бөлігі
2.1 Бағалы қағаздардың ресурстары мен олардың мәні, қызметі
2.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі

3.Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының
қызмет ету механизмі және оны жетілдіру
жолдары
3.1 Қор биржалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер Қазақстан Республикасының
нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір
кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден
дамып, соңғы 70-жылда социализм мен капитализм деген екі жүйенің
бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін
дәлелдеді. Сол капитализм экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын
қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық
шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демократиялық негізде
құрылған қазіргі нарық –адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі
даму және өркендеу кезінде оның инститтутары мен салалық құрылымдары,
басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа
қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне
әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар
жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса,
екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы
нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың
өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм
несиеге негізделген.Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым
көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде
міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері –
экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығының субъектілерінің қатынастары экономикалық-
құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі
ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен
шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында
маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі
жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық
шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі
ең өміршең субъектілер ғана ала алады. Өзінің ұйымдық және құрылымдық
ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары
мен оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің
тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық
қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 –шы
жылдардың басында құрыла бастады.
90- шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелденгендей шаруашылықты
жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі
дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы
қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын
бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекетік меншікті акционерлік
қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтың меншігіне айналдыру мүмкін.
Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып,
оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық
қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап,
қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның
үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай
іске асуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар
нарығын құру және одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда.
Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің
Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру
процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар
түрінде қайта құру оларды инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің
бірі- акция шығарудың пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының
механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға
мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік
туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан
гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін
толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы
қағаздар шығарумен шұғылданады. Өркениетті мемлекеттерде экономикалық
өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі көптеген
өзара байланысты элементтерден тұрады:
• Эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық
субъектілері;
• Инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
• Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер,
инвестициялық басқарушылар және т.б.;
• Инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары
және т.б. қорлар;
• Қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа да қағаздарды
тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және
реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет. Айтылған
мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі
кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше
бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы
операцияларды меңгеру міндетті пайда болғаның анықтады. Бұл өте терең
экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық
жағынан қамтитын және жинақталған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі
де қиын кәсіпшілік. Сонымен бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары
білімді мамандар дайындау- уақыт талабы. Әрине бұндай істе нақты көмекті
қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуден
алуға болады. Сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу – алға
басудың кепілі.

1. Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы

1.1 Экономикадағы қаржы нарығының мәні
Қаржы нарығы- бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы
қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен
кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының,
сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын
жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа
рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б.
рыноктармен) етене байланысты.
Кез-келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны
қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс
істеуінің объективті алғышарттары болып табылады. Қаржы нарығы жұмыс
істеуінің алғышарттары мыналар жатады:
1. Бәсекенің дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық
өндіріс сферасының бастапқы шаруашылқ буындарының- меншіктің барлық
нысандары кәсіпорындардың, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең
дербестігі
2. Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік
күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды
кәсіпорындар арасында ішківедомостволық қайта бөлудің азаюы
3 .Шаруашылқ жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және
басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстылығының өсуі бюджет
тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату
республикалық, сондай- ақ жергілікті бюджеттің тапшылықтары мемлекеттік
қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара
байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы
буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы.
Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер,
трестер, ассоцияциялар, концейерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай- ақ
қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне
байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары,
әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің
маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару үшін
қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты және құқықтық
тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.
Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорынның өндіріс пен
ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен
аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және
басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары.
Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл – аухатын жоғарылату мақсатында
жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар
жиналады. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар
көлемді инвестиция, субсидия және дотация түрінде халық шаруашылығына қайта
оралып келеді. Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші
роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз, валюта және капитал нарығынан
құралады. Оны жасаудағы басты мақсат уақытша бос ақша қаражаттарын
мемлекеттің, кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың мұқтаждарына
жұмылдырып жұмсау болып табылады. Әкімшілік- әміршілдік басқару жүйесі
жағдайында қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, министрліктердің
қаржы жоспары, банктердің несие жоспары және т.б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыру және шаруашылық
жүргізудің жаңа нысандарына өту жағдайында қаржы ресурстарының әдеттегі
әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын
министрліктер арқылы салааралық бөлу біршама қысқарды. Бұның өзі
кәсіпорындардың қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну және оларды
сату арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.
Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принципті ақпаратты
ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы нарығын
құру үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру және
ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу
қажеттілігі пайда болды. Өтпелі кезеңде қаржы нарығының дамуы қаржы-несие
жүйесін қайта құру проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықты экономикаға
тән қаржы қатынастарының екі типі- бюджеттік және нарықтық бір- бірімен
тығыз байланыста болады. Мемлекеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер,
сондай- ақ кейбір бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс
және азаматтардың табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады және оны
мемлекеттің мақсатына сәйкес қайтарылымсыз бюджет қаражатымен бөлу арқылы
пайдаланылады.
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықтық пайдаланумен
толықтырылуы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді
және оны пайдаланудың бағасы нарық заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным
негізінде орнығады. Қаржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және
адамдар ақша қорлары арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығы
қосымша қаржы көздерін тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз
кәсіпорындардың шын мәніндегі өзін - өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Қаржы нарығы жоқ жағдайда ақша –ресурстарын бюджеттік әдіспен пайдалану
басым болады. Ондай әдіс біздің осы уақытқа дейін жүргізілген шаруашылық
механизміне тән болады. Ақша ресурстары мемлекеттің қолында шоғырланды және
мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі қайта бөлінді. Несие
жүйесінде тек мемлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал олардың қызметтерінде
кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары және несие ресурстары,
оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей тек жоспар бойынша ғана
бөлінді. Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс жасайтын
рентабелділігі (табыстылық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды, жұмысты
ұқыпсыз жүргізу жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді.
1965 жылы басталған шаруашылық реформалардың нәтижесінде кәсіпорындардың
қаржы ресурстары едәуір өсті, бірақ оларды пайдалану қатаң бақылауда
болды. Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорындар мен адамдар, кәсіпорындар
мен банкілер арасында қайта бөлуге тиым салынды. Кәсіпорындардың қаржылары
олардың банкідегі есеп шоттарында процентсіз сақталды.
Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндеттері,
яғни бағалы қағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және
кәсіпкерлік негізге көшіру, сондай- ақ қаржы нарығының инфрақұрылымын
дамыту қажеттігі тұр.

2. Қаржы нарығының көрінісі мен құрылымы
Нарық қазір өз алдында қызмет ететін жүйеге айналды да, оның
басты тетіктері сұраныс, баға және ұсыныс болады, олардың бірлігі
нарық деген ұғымды құрайды.
Нарық экономикасы - деген ұғым өндіріс тұтыну дегенді білдіреді.
Нарық экономикасындағы қаржылар ондағы нарық экономикасына, яғни сұраныс,
баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынуға реттеуші механизмді тікелей және жанама
қоса тіркейді. Нарық бірінде сатып алу, сату объектісіне тән дәстүрлі
тауарлар мен бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар,
информация және интеллектуалды жетістіктерді біріктіреді. Соңғы жылдары
өте ерекше твауарлар, оларды сатып алу, сату рыноктың жаңа сапада болуын
талап етеді. Ол нарықтық материалдық- техникалық жүйесі. Сатушы мен сатып
алушылардың кәсіпкерлік білімі және айырбастың механизміне де сапалық
өзгерістер енгізеді.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканың қаржылық қатынастары әдетте екі нысанда- өзін өзі реттеу
мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Қоғамдық өндірістің түрлі
буынджарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші
субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші
нысаны қоғамдық өндірістің даму пройесіне мемлекеттің сан алуан
экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын
бейнелейді.
Нарықтық экономиканы қаржылық реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-
теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-*ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты жәнпе дәйекті қолдану процесі ретінде сипаталады.
Нарықтық экономикадағы м емлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың
алғышарттары:
- Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке
алу.
- Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының ғылыми негізделген саратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
- Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың
барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін
білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық
институттарының болуы.
- Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын
және жедел сезінетін елде жасқы жолға қойылған заңнамалық жүйенің
болуы.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қаржысын реттеудің нақтылы жүзеге
асырудың шарттары мыналар:
- экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
- Басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында
шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
- Нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден
басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы
теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
Нарықтық экономикадағы қаржыны экономикалық, соның ішінде қаржылық
нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік
практика мынадай реттеушілерді жасады: салық салуда-салықтардың
мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар,
табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және
басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде- шығыстарды нормалау,
қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың
әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары,
кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың
норативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары.
Бұл реттеушілер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның
көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылары, есеп
мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық нарықтағы
ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттелмелі бағалардың деңгейі,
еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті
деңгейі) реттеушілерімен толықтырылады.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қаржылық реттеу валюталық-
қаржылық реттеудегі негізгі әдістері болып табылады: валюталық бағам, ақша
капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен
бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдіктерді сақтандырудың сан
алуан әдістері.

2. Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
2.1 Бағалы қағаздардың ресурстары мен олардың мәні, қызметі
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа,
нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және
оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл
өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде
ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және
инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы
саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен (монопольно) өзіне қаратып,
барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап
отырды. Оған дәлел мынадай мысал, ұлттық жалпы өнімнің заттай құрылымының
34 бөлігі өндірістік құрал- жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға жұмсалған.
Негізгі құрал- жабдықтар соғыс- өнеркәсіп кешеніне жұмсалғандықтан халық
игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде ұзаққа созылған тапшылық
экономикасы қалыптасып, ол тек тұрмыстық игіліктің өткір кемшілігін ғана
емес, сонымен қатар үнемі рухани кемшіліктіде тудырды. Сондықтан,
шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқаруды жаңа әдіспен жүргізу объективті
қажеттілік еді.
Нарақтық экономика- адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі
және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі
мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірбиесі дәлелденген ақиқат шындық.
Ал ҚР үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту ғана емес, сонымен
бірге, мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен
(әділетсіздіктен) бас тарту.
Шаруашылықты нарық әдістерімен жүргізу қаржы нарығының мол мүмкіндігін
пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы – мемлекеттің бүкіл ақша қорларының
жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен
ұсынысы әсерінен өзгеріп және үнемі қозғалыста болады. Қазіргі кезде
дүниежүзінде АҚШ-тың Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен
қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық
экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өз
өркендеуіне жетеді деуге әзір ерте. Жалпы қаржы нарығы біріне- бірі
байланысты және бірін –бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына
қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады.
Біріншіден, айналымдағы қолма-қол ақша нарығы және қолма-қол ақша
қызметін атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және
т.с.с.) жатады. ҚР – ның қаржы нарығы қазіргі кезде айналымдағы қағаз
ақшаның құнсыздануынан инфляцияға ұшырауда.
Егер жалпы ұлттық өнім жылына 5 % -ке, ал айналымдағы ақша -6-7 %-ке
өссе, онда жалпы ұлттық өнімді сату да оңайға түседі. Онда экономикаға
жағымды өзгерістерді аңғаруға болады. Егер де жалпы
ұлттық өнім жылына сол 5 % -ке, ал айналымдағы ақша 10-20 % - ке және одан
да көп өссе, онда қарқынды инфляция болып экономика құлдырап төмен кетеді.
Қазіргі кезде біздің мемлекеттің экономикасы дағдарыста.
Екіншіден, несие капиталының нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді
банктік несие нарығы. Коммерциялық банктер (олардың саны 71) қысқа
мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары проценттік өсіммен
береді. Бұл несиені өзінің айналым қаржысы жоқ кәсіпорындар алуына мәжбүр.
Негізгі қорларды құруға және оларды жаңартуға проценттік өсімі өзгеріп,
қайта қаралып отыратын ұзақ мерзімді несие беріледі. Сондықтан, қаржы
нарығының бұл бөлігіне де дағдарыс тән.
Үшіншіден, бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері
КСРО – жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90 жылдардың
басында ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда басталған нарық қатынастары
дамуы және одан әрі жетілдіру үшін белгілі-бір уақыт қажет. Себебі, нарық
меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының
қаржы саясатын өзгертуден басталады. Айта кету керек, нарық ең бірінші
меншікті – жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды
акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет
тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс – ақша белгілерін
шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі-
қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда.
Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне
ақша қорын алуына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни
кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені
банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар
нарығын өрістеуге мүмкіндік береді.
Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік
емес, тек экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы
жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін
емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл
табыстың салық төлегеннен кейін қалғаны өз меншігінде болады.
Кәсіпорындар осы уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің
төлейтін проценттік мөлшері нарық деңгейіне сай келгенде ғана есепшотта
сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу -
өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда
әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.
Акционерлік қоғамдар және олардың құрылтайшы пайдасы

Акционерлік қоғам (бұдан әрі – қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру
үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал
акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция
қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына)
қарай акционерлердің дивиденттер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және
қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын
куәландырады. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен
жауапты болады. Акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді
және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты
заңдарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те атайды.
Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлесінеде құрылады. Қоғамның
фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай – ақ қоғамның үлесіне
қарай, ашық акционерлік қоғам немесе жабық акционерлік қоғам деген
сөздер немесе тиісінше ААҚ және ЖАҚ аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам
осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала
айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам
акционерлердің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды
жабық әдіспен ғана орналастыруға хақылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын
акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз
акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне,
ал олар бас тартқан жағдайда - қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға
міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар
сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады. Егер
акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса, ол
қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам сатылатын акцияларды
сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті
шешімін қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған
акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе
оның өзінде қалдырудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде
отыз күн болады. Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас
тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда
акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынылған бағадан
төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы. Сатуға ұсынылған
акциялардың бағасын төмендету турал шешім қабылдаған ретте акционер оларды
басқа акционерлерге және (немесе) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға
міндетті.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз
иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық
қоғамның акциялары үш түрлі, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады.
Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уақытта ҚР- ның акционерлік қоғамдар туралы заңында бағалы
қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде
айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және
акционерлердің саны 500 – ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам
(бұдан әрі – халықтық қоғам) болып табылады делінген. Халықтық қоғам
мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
ААҚ төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін
жоғалтады. Егер:
1. Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлерінің саны алты айдың
ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
2. Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген
мөлшерінен кеміп кетсе;
3. Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы тоқтатылса,
яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен
кейін уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам мәртебесін
жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.
Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының
шешімі бойынша ашық қоғам болып қайта құрылуы керек. Қоғамды құру туралы
шешім қабылданған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып
есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы
мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік
тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді.
Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді осы тұлғаға
жеке –дара қабылдайды.
Қоғамдарды құрушылар құрылтайшысы пайдасы түрінде орасан көп табысты
иемденеді. Құрылтайшы пайдасы - дегеніміз қоғамды құрушылардың акцияларды
сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсалған капиталының сомасы
арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал
және нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып
есептеледі. Мысалы, егер нақты капитал ( бағалы қағаздардың номиналды құны)
200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы
800 доллар құрайды (1000-200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі – капиталдың
ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға
нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік
меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамының құрылтай құжаттары болып табылады.
Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.
Құрылтай жиналысында құрылтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды,
оның жарғысын бекітеді, қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды мемлекеттік
тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға, заңдарда белгіленген
тәртіппен мүлікті, оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге құрылтайшылар
енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге уәкілетті
адамдарды сайлайды. Құрылтайшылар құрылтай жиналысының хаттамасын және
құрылтай шартын жасасып, қол қоюға, сондай-ақ қоғамның жарияланған
жарғылық капиталының мөлшері туралы шешім қабылдауға тиіс.
Қоғамның құрылтай жиналысында айналған органдар қоғам мемлекеттік
тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс
істейді. Шетелдік инвестордың қатысуымен қоғам құру заң актілеріне сәйкес
жүзеге асырылады. Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім,
қоғамның үлесі (ашық, жабық), оны толық және қысқартылған атауы
көрсетіледі. Сондай- ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең
төмен мөлшері : жабық қоғам үшін – айлық есепті көрсеткішінің 100
еселенген, ал ашық қоғам үшін – 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын
құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде
қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің
саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы
мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу
мен өткізу тәртібі, сондай- ақ жалпы жиналысты өткізу туралы
акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын
бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.
Осымен қатар жарғыда қоғам акционерлерінің құқықтары, яғни қоғамды
басқаруға қатысуға, дивидент алуға, қоғамның қаржылық есебімен танысуға, ол
таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқылы екендігі
айқындалады. Жарғыда акционерлердің міндеттеріде көрсетіледі. Акционер
өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау ниеті туралы
қоғамға хабарлауға, тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі
акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізімін
жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергендігін он күн ішінде хабарлауға
және қоғамның құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария
етпеуге міндетті.
АҚ- заңды тұлға. Оның органдары: акционерлердің жалпы жиналысы,
директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру комиссиясы
(алқалы немесе жеке-дара тексеруші) болып табылады. Қоғам акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысы оның ең жоғарғы басқару органы. Ол қаржы жылы
аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Акционерлердің жылдық
жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық
қоғамның жарғысында қоғамды , директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару
мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда, қоғамды басқару міндеті
акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретінде беріледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жататын кейбір
мәселелерді айтсақ олар: қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу; қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және
тарату; қоғамның басқару органдарын сайлау; қоғамның жарғылық капиталын
мөлшерін өзгерту; оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша
дивиденттер мөлшерін бекіту; қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның
облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі
сияқты көптеген басқа мәселелер.Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың
бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы
деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам
қабылдайтын шешімдерді айқындауына құқық беретін белгілі – бір акциялар
бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік
арақатынасы. Іс жүзінде акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін
акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші
дауысқа ие.
Қоғамның басқару органы – директорлар кеңесі. Оның міндетіне қоғам
қызметінің басым бағыттарын айқындау, акционерлердің жылдық және керек
жағдайларда кезектен тыс жалпы және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы
жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау, олардың күн тәртібін бекіту,
қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып
алу туралы шешім қабылдау, таза табысты, резервтік капитал мен қоғамның
өзге қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты
көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.
Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, яғни акционерлердің жалпы жиналысының
және директорлар кеңесінің шешімдерін қоғамның атқарушы органы жүзеге
асырады. Қоғамның атқарушы органдарының қаржы шаруашылық қызметін
бақылауды жүзеге асыратын орган – тексеру комиссиясы. Ол кемінде үш мүше
құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру коммисиясы кез-
келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның
директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 процентінен
астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органның
қызметіне тексеріс жүргізеді.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге
өз табысынан дивидент төлейді. Дивидент деген тиесілі акциялар санына
байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивиденттер ақшамен, немесе
акционерлердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төленеді.
Қоғам дивиденттер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл
қорытындысы бойынша жариялайды. Қорыта айтқанда, ашық және халықтық АҚ- дар
жыл сайын баспасөз басылымында қоғамның жылдық балансын және кірістері мен
шығындары туралы есебін жариялауға міндетті. Халықтық қоғам тоқсан
аяқталғаннан кейін 20 күн ішінде балансы және табысы мен зияны туралы
есептерді баспасөз басылымында жариялауға және уәкілетті органға беруге
тиіс. Қоғам облигациялар шығарған және орналастырылған жағдайда да
баспасөз басылымында өзінің қызметі туралы жариялауға міндетті.
АҚ- дардың көптеген құрылу жолдары бар. Олар – жұмыс істеп тұрған
заңды тұлғаны АҚ түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу,
бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған
жолдары ҚР- ның Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның
жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның
ұсынысы бойынша белгілі- бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы
жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып табылады. Екі немесе одан да
көп қоғамның соңғысының қызметін тоқталып, барлық мүліктерін, құқықтарын
және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы
қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық
өзгерген деректері жаңа қоғамның акционерлеріне баспасөзде жариялау арқылы
берілуі тиіс. Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін
тиісті өткізу мен оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп
танылады.
Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан
құрылатын қоғамдардың акцияларына айыбастаумен осы қоғамның барлық
мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның
барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін
тоқтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып табылады. Қызметін тоқтатпастан
қайта ұйымдастырылатын қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және
міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше қоғамды құру
қоғамның бөлініп шығуы деп аталады. Егер қоғамның барлық құқықтары мен
міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе өндірістік
кооперативке акт бойынша өтсе ол қоғамды қайта құру деп танылады.
Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие берушілердің
келісімдері бойынша және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы
жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындалған
тарату коммиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның
несие берушінің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп
айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның мүлкі акционерлердің
арасында төмендегіндей кезекпен бөлінеді:
1) Өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер бөріледі;
2) Артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы
құнын өтеу жүргізіледі;
3) Артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы
құнын өтеу жүргізіледі;

Қалған мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың
атаулы құнына бара –бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін
бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

2.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі
Қарыз міндеттемесінің анықтамасым бағалы қағаздар анықтамасымен тығыз
байланыста. Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа
түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының арнаулы
бағалы қағаздар сияқты нысаны (формасы) болмайды. Олардың көбісі келісім
құжатында 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы
тіпкеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және
маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз
инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады. Бағалы қағаздар
бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден,
эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне
байланысты.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге
бөлінеді. Қаразды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп,
ал қарыздың күрделі негізі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу
көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны, акция деп атайды. Акция оны
иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге
шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың
басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың
эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы
институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне
байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегіндей бөлінеді.
• Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығарған
бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ешбір сенімді қағаздардың бірі.
Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы
қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тарған түрлері
қазыналық вексельдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік
меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы
қағаздарды шығарады.
• Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын
бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті
салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
• Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі
акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы
қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы
кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және
инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары
• Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар
(салым құжаты), чектер және бұдан да басқа банктің өзінің
қарыз міндеттемелері.
• Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары – олар коммерциялық вексельдер,
фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3.Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да
жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал
нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы
қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл
аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік
сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түсіреді. Оларды
шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатсада, олардың бәрі қарызды бағалы
қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар
түседі. Оларды үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың
эмитенттері әр түрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы
институттары және тағы басқалар. Айта кететін жәйт, бағалы қағаздардың
кейбір түрі қысқа мерзімге яғни 1 жылға дейін айналымда болса да капитал
нарығында жүреді. Мысалы, опцион.
Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар- капиталды жұмсаудың
объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар,
фьючерлік өзара шарттар және т.б.)
Инвестициялық емес бағалы қағаздар- бұл тауар немесе басқа рыноктарда
ақшалай есеп- қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік
тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және
басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздарды үш топқа бөледі:
мемлекеттік, муниципалдық, және мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар- бұл мемлекеттің ішкі борыштың болуының
негізгі нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық вексельдер
мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздар – биліктің жергілікті органдарының
борышқорлық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар- корпоративтік және жекеше қаржы
институттарының қарыздары болып келеді. Корпоративті бағалы қағаздар болып
кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен
акциялары қызмет етеді.
Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізі және
туынды болып бөлінеді.(Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда туынды бағалы
қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын
бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерс, опцион,
варрант, споттар т.б. Негізгіге акциялар мен облигациялар жатады.

Акциялар

Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол
иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің кірісінің бір бөлігіне заң
жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция
да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет
сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға
құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта
сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
• Меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық
капиталын қалыптастырғанда;
• Бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• Жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын
ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы
қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз
міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ
бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса,
онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар .
Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорациясын төлем қабілетін
нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады.
Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі . Бір жағынан, бір акционерден басқа
беруге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,
екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және
артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында
бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
а) Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі
тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы
жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
ә) Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты- жөні корпорация кітабында
тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны
ғана көрсетіледі.
Ал басқару жағынан корпорацияға қолында атаулы акциясы бар акционерлер
қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы
қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің
қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап
отыруға мүмкіндік береді.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты
акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан
пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс
беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып
қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір
бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге
асырылады. Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай
акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның
шаруашылық нәтижесіне байланысты.
Артықшылықты акциялар немесе (преференционалды) – меншік туралы ерекше
сертификат. Ол корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген
мөлшерде неғұрлым нақты дивидент төленуін қамтамасыз етеді.
Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған
байланысты артықшылық дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша
дивидендтер әрқашан жай акциялар бойынша дивидендтер беруден бұрын
төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу.
Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып
екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның номиналына байланысты
процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек
кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция
номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды
былай топтастыруға болады – қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік
және кумулятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес.
Қатысушылар артықшылығы- өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатыспауға
мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша
төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Қаржы нарығы туралы
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Пәндер