Қаржы нарығының теориялық негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

І.Қаржы нарығының теориялық негіздері
1.1 Қаржы нарығының құрылымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Қ.Р. қаржы нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

II. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы
2.1 Қаржы нарығының даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Қаржы нарығының кемшіліктері мен жетістіктері ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдалынған әдебиттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы - бұл мемлекеттіх өзіне міндетті қызмегін атқаруы үшін қажетті (халық шаруашылыгын басқару, қорғаныс, заңдылықты және хұқтық төртіпті қорғау жәнс т. б.), ақша қорларының жүйесі.
- Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары - бұл кәсіпорынның өндіріс пен ұдайы өндіріс процссін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы - бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл-аухатын жоғарылату мақсатына жұмсайды. Соңғы екі күйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналады. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар көлемді инвсстиция, субсидия және дотадия түрінде халық царуашылыгына қайта оралып келеді. Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы кағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан құралады, Оны жасаудағы басты мақсат уақытша бос ақша қаражаттарын мемлекеттің, кәсіпорындардың және ационерлік қоғамдардың мұқтаждарына жұмылдырып жұмсаулына табылады. Әкімшілік - әміршілік басқару жүйесі жағдайы қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, мнистрліктердің қаржы жоспарлары, банктердің несие жоспары және т. б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыруы және шаруашылықты жүргізудің жаңа нысандарына өту жагдак да қаржы ресурстарының әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын министрліктер арқылы салааралық бөлу біршама қысқарды. Бұның өзі кәсіпорындар; қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну жөне оларды арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.
Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принцп ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар сал Сондықтан қаржы нарығын құру үшің бағалы қағаздарды эмицялау, қаржы инфрақұрылымын құру жөне ақпаратпен қамтам; етуге байланысты жүйелі мөселелерді зерттеу қажеттілігі болды. Өтпелі кезенде қаржы нарығгының дамуы қаржы н жүйесін қайта құру проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтық экономикаға тән қаржы қатынастарының екі типі - бюджет және нарықтық бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мелкеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер, сондай-ақ бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс ; азаматтардың табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады оны мемлекеттің мақсатына сәйкес қайтарылымсыз бю, қаражатымен бөлу арқылы пайдаланылады.
Ақша ресурсгарын бюджетгік паидалану нарықтық пайдал мен толықтырылуы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді және оны пайдаланудың бағасы заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным негізінде орнығды. Каржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және адамдар қорлары арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығының қосымша қаржы көздерін тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз кәсіпорындардың шын мәніндегі өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Каржы нарығы жоқ жағдайда ақша ресурстарын бюджеттік кәсіппен пайдалану басым болады. Ондай әдіс біздін осы уақытқа дейін жүргізген шаруашылық механизміне тән болды. Ақша ресурстары мемлекеттің қолында шоғырланды және мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі қайта бөлінді. Несие жйесінде тек мсмлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал олардың кызметтерінде кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары жоне несие ресурстары, оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей тек жоспар бойынша ғана бөлінді. Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс жасайтын рентабельділігі (табыстылық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды, жалпы ұқыпсыздық жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді. 1965 жылы басталған шаруашылық рсформалардың нәтижесінде косіпорындардың қаржы ресурстары сдоуір өсті, бірақ оларды пайдалану қатаң бақылауда болды. Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорымдар мен адамдар, кәсіпорындар мен банкілер арасында қайта бөлуге тиым салынды. Кәсіпорындардың қаржылары олардың банкідегі есеп шоттарында процентсіз сақталды.
Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндеттері, яғни бағалықағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және кәсіпкерлік негізге көшіру, сондай-ақ қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту қажеттігі тұр.
Пайданылған әдебиеттер тізімі

1.Жүнісов.Б.Нарықтық экономика негіздері.-Алматы,2001.
2.Мамыров.Н.Қ.Макроэкономика.-Алматы,2003.
3.Мәдешов.Ә.Нарықты экономикаға кіріспе.-алматы,1999.
4.Ілиясов.Қ.Қ. Қаржы.-Алматы,2003.
5.Шеденов.Ө.Қ.Жалпы экономикалық теория.-Ақтөбе,2004.


Мерзілімді басылымдар

6.Бохарев.Л. Қаржы нарығының экономикалық мәні құрылымы.-Экономика негіздері, 2006,N1.
7.Валюта түсінігі.-"Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
8.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6
9.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
10.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N
11.Искаков.У. Нарықтық қаржы.- Экономика негіздері, 2005,N3.
12.Малышева.В.қаржы нарығының тиімділігін басқарайық,-Қаржы-Қаражат,2005, N11.
13.Сәдірмекова.Т.Қазақстандағы қаржы мәселесі.-АльПари,2006, N1.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
І.Қаржы нарығының теориялық негіздері
1.1 Қаржы нарығының құрылымы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Қ.Р. қаржы нарығының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..12
II. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы
2.1 Қаржы нарығының даму бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қаржы нарығының кемшіліктері мен
жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...30
Пайдалынған әдебиттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2

Кіріспе

Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты
үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының
қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан
басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер,
ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық
ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне
байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары,
әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің
маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы - бұл мемлекеттіх өзіне міндетті қызмегін атқаруы үшін
қажетті (халық шаруашылыгын басқару, қорғаныс, заңдылықты және хұқтық
төртіпті қорғау жәнс т. б.), ақша қорларының жүйесі.
- Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары - бұл кәсіпорынның өндіріс пен
ұдайы өндіріс процссін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен
аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы - бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және
басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары.
Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл-аухатын жоғарылату мақсатына
жұмсайды. Соңғы екі күйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар
жиналады. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар
көлемді инвсстиция, субсидия және дотадия түрінде халық царуашылыгына қайта
оралып келеді. Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші
роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы кағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан
құралады, Оны жасаудағы басты мақсат уақытша бос ақша қаражаттарын
мемлекеттің, кәсіпорындардың және ационерлік қоғамдардың мұқтаждарына
жұмылдырып жұмсаулына табылады. Әкімшілік - әміршілік басқару жүйесі
жағдайы қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, мнистрліктердің қаржы
жоспарлары, банктердің несие жоспары және т. б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыруы және
шаруашылықты жүргізудің жаңа нысандарына өту жагдак да қаржы ресурстарының
әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қатар, қаржы
ресурстарын министрліктер арқылы салааралық бөлу біршама қысқарды. Бұның
өзі кәсіпорындар; қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну жөне оларды
арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.
Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принцп ақпаратты ағымы бар
күрделі экономикалық қатынастар сал Сондықтан қаржы нарығын құру үшің
бағалы қағаздарды эмицялау, қаржы инфрақұрылымын құру жөне ақпаратпен
қамтам; етуге байланысты жүйелі мөселелерді зерттеу қажеттілігі болды.
Өтпелі кезенде қаржы нарығгының дамуы қаржы н жүйесін қайта құру
проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтық экономикаға
тән қаржы қатынастарының екі типі - бюджет және нарықтық бір-бірімен тығыз
байланыста болады. Мелкеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер, сондай-
ақ бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс ; азаматтардың
табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады оны мемлекеттің мақсатына сәйкес
қайтарылымсыз бю, қаражатымен бөлу арқылы пайдаланылады.
Ақша ресурсгарын бюджетгік паидалану нарықтық пайдал мен толықтырылуы
қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді және оны
пайдаланудың бағасы заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным негізінде орнығды.
Каржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және адамдар қорлары
арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығының қосымша қаржы көздерін
тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз кәсіпорындардың шын
мәніндегі өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Каржы нарығы жоқ жағдайда ақша ресурстарын бюджеттік кәсіппен пайдалану
басым болады. Ондай әдіс біздін осы уақытқа дейін жүргізген шаруашылық
механизміне тән болды. Ақша ресурстары мемлекеттің қолында шоғырланды және
мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі қайта бөлінді. Несие
жйесінде тек мсмлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал олардың кызметтерінде
кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары жоне несие ресурстары,
оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей тек жоспар бойынша ғана бөлінді.
Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс жасайтын рентабельділігі
(табыстылық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды, жалпы ұқыпсыздық
жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді. 1965 жылы
басталған шаруашылық рсформалардың нәтижесінде косіпорындардың қаржы
ресурстары сдоуір өсті, бірақ оларды пайдалану қатаң бақылауда болды.
Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорымдар мен адамдар, кәсіпорындар мен
банкілер арасында қайта бөлуге тиым салынды. Кәсіпорындардың қаржылары
олардың банкідегі есеп шоттарында процентсіз сақталды.
Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндеттері, яғни
бағалықағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және кәсіпкерлік
негізге көшіру, сондай-ақ қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту қажеттігі
тұр.

I. Қаржы нарығының теориялық негіздері
1.1Қаржы нарығының құрылымы мен мәні

Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге
болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына
көідуі сатып алу-сатудың нақты объектісі — ақшаның рөлін арттыруды шұғыл
қажет етеді.
Ақшаны сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының жэне сан
алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айпалымдарына қызмет ететін нарық
шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы
экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге
қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап
тұрған мәселелердің бірі — теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан
қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта
болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта
нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның
ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің коммерциялық
банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат
кө-лемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды.
Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер
етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәні мен мазмүнын түсініп
жалпы айтсақ, валюта нарьпъін қаржы нарығының құрама бөлігі ре-тінде
қарастыруға болады, бірақ бұл тарауда жалпы макроэкономикалық деңгейден
қарастырып отырғандығымыздан қаржы нарығына жалпы шолу жасап, валюта
нарығын тереңірек зерттемекпіз, нарықтардың макроэкономикалық принцигтгер
бойынша құрылымын анықтамақпыз.
Қаржы нарығы — құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық
қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық
қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие,
валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен
байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен
Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның
нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің
өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы б-ріне-бірі байланысты
және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқаптысы өз алдына қызмет
жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының
нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта
нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде
қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.
Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы
болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес
төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі
банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де
жатады.
Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе
куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те
атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің
қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы — кәсіпорындардың, банктердің,
мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап,
қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының
шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:
Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген
түрлері мен арналуы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;
Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бүған қолма-қол және
қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие
ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын
Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, ком-мерциялық
банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар
жүргізуі арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
1) Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің
барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық
өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым
кең дербестік беру;
2) Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік
күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасында
қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
3) Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай
табыстарының өсуі;
Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару;
республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар
шығару арқылы жабылады.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу
есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды.
Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс
барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке
байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық
шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен
салаларға аудару арқылы жақсартады.
Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін
үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, қүнды қағаздар шығарады,
олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен
айқындалады.
Экономикалық реформа үрдісі бары^інда қор нарығының қалыптасып, жүмыс
істеуі экономика дағдарысынан жөне онымен қабаттасқан инфляциядан болған
қиындықтарға кезігуде.
Нарық тиімдалігінің принципі. Қаржы нарығына тартылған үлкен көлемдегі
қолма-қол қаражат пен техникалық құрылымдары осы нарықтан белгілі бір
"тиімділікті" талап етеді. Нарық тиімділігін жүзеге асыру үшін екі шарт
орындалуы керек: біріншіден, нарық болашағы туралы ақылы және ақысыз
ақпараттарды дұрыс тавдап талдау өткізіп отыру керек.
Егер нарық тиімді болса, онда нарықтан тыс ақпараттарды жинау өз
мағынасын жоғалтады. Егер бүгін акцияларға баға төмендеп жатса, бізге анық
себебін іздеу қажет емес, нарық керек ақпаратты алып, қажетті қорытынды
жасайды. Біз оның бағалағанымен келісеміз.
Нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер күдіксіз, нақты, бүкіл дүниенің
қаржы нарықтары үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттарды қабылдай отырып,
тиімді жерде жедел әрекет жасайды.
Кестеде үш қор биржасындағы 2004 ж. шілде - 2005 ж. қаңтар айлары
аралығындағы орташа индекс бағасы келтірілген.

Тамыз айының басында Кувейтке шабуыл жасалуы және сонымен байланысты
оқиғалар бүкіл индекстердің динамикасын қалыптастырып, оған қоса қарсы
реакция мен жоғарылату трендін құрды. Осы ақпараттарды нарық экономикалық
әрекет пен валюта бағамы тұрғысынан бағалап отырады. Мұндай дерек, нарық
тиімділігі тек қана ақпарат жинауына ғана емес, сонымен бірге ол ақпаратты
дұрыс талдауына байланысты. Кейбір жұмыстарда, нарық тиімділігінен ста-
тистикалық ауытқулар көрсетілген. Мысалы, егер бүгін кейбір активтердің
бағасы түссе, біраз уақыттан кейін олар бұрынғы деңгейіне жетуі мүмкін.
Сондықтан нарық осыған тым қатты көңіл бөліп, тиімділігін жоғарылауы
мүмкін. Қалай? Осы активтерді бүгін сатып алсақ, ертең олар пайда әкеледі
деген оймен бүкіл арзан активтерді сатып ала бастайды да, қайта бұрынғы
деңгейіне көтереді. Бірақ дүниежүзілік тәжірибе осындай жағдайлардың
аздығын көрсетеді. Неліктен? Жауап тәуекелділікті қабылдауында жатыр.
Неліктен және қай жағдайларда нарық тиімділігінің анық ауытқулары пайда
болады?
Осы нәтиженің түсіндірмесін нарықтың иррационалдығына жатқыза аламыз.
Бірақ бұдан басқа себептер де бар. Олардың біреуі — ол нарықта тәжірибелі
саудагерлермен қатар тәжірибесіз жанкүйерлердің жұмыс істеуі. Келесі себеп
— оңтайлы алыпсатарлық көпіршіктердің болуы.
Саудагерлердің барлығы оңтайлы болуы керек емес. Олардың кейбіреулерінің
ғана активтердің нақты бағасы туралы нақты ақпараттары бар, ал қалғандары
тек қана айқайшулы саудагерлер. Осы айқайшулы саудагерлер дұрыс хабардар
болмағандықтан, немесе иррационалдық болғандықтарынан өздерін осылай
ұстайды. Нәтижесінде олар басқа хабардар бәсекелестерінен жеңіліп қалады.
Шулы саудагерлер нарықта бірін-бірі алмастырып, біреулері келіп, екіншілері
ұтылып қалып кетіп жатады. Кәсіпқойлардың тиімді және оңтайлы мінез-
құлықтарына қарамастан, акция бағалары өзінің түбегейлі мәпінен ұзақ
уақытқа ауытқуы мүмкін.

2. Қ.Р. қаржы нарығының қалыптасуы

Нарықтық экономика — адамзат экономикасының жоғарғы жетістігі және
өндірісті ұйымдастырудың тиімді түрі екендігі дүние жүзі мемлекеттерінің
көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан
Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту — ашық
нарыққа өту ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік экономикалық саясаттағы
субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.
Бүгінде отандық бағалы қағаздар нарығын дамытудың жағдайы мен болашағы,
оның тиімділігін арттыру маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия Ұлттық банкпен және Қаржы
министрлігімен бірлесе отырып әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың
нақты секторларындағы өндірістің қүлдырауынан пайда болған сыртқы және ішкі
факторлардың бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсерін төмендету
жөнінде белгілі бір дәрежеде жұмыс жүргізіп келеді.
Қазіргі кезең бағалы қағаздарға деген сұраныстың төмендеуімен және оның
кірісінің артуымен сипатталады. 1999 жылғы сәуір айында валюта бағамы
тәртібінің өзгертілуі мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың теңгенің
алдындағы бағамына қатысты сақтық білдіруі айналымдағы мемлекеттік қағаздар
ауқымының азайып кетуіне әкеп соқты.Өйткені Қаржы министрлігі екінші
тоқсанда теңгемен бағаланған қысқа мерзімді қағаздар шығаруды тоқтатты.
Нарықты дамыту мақсатында инвесторларға валютамен бағаланған қысқа
мерзімді Маңғыстау облысы әкімшілігінің облигацияларын шығару жүзеге
асырылды.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары пайда болған уақыттан бергі қызметіне
қарағанда, олар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы басқа инвесторларды
— екінші деңгейдегі банктерді бірте-бірте ығыстырып тастап, негізгі
инвесторға айналды. Бірақ кейінгі екі жылдағы көрініс басқаша сипат ала
бастаған сыңайлы. Егер 1999 жылдың аяғында мемлекеттік бағалы қағаздардың
үлес салмағы 95.3%, корпорациялық бағалы қағаздар үлесі 4.7% болса, ал 2000
жылдың соңында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 75.1 %-ға төмендеп, ал
корпорациялық бағалы қағаздар 24.9%-ға көтерілді.
Қазақстандағы капиталды нақты секторға еркін бағыттай алатын қор
нарығының қалыптаспағандығына айрықша қөңіл бөлу керек. 1998 жылы қор
нарығында құрылымдық инвесторлардың - жинақтаушы зейнет-ақы қорларының
пайда болуына байланысты бұрынғыдан да дами бастады. Өйткені қор нарығының
барлық салаларының ішінде әсіресе жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық
бағалы қағаздар нарығына қатысқаны мейлінше маңыздырақ.
Өкінішке орай, еліміздеіі көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қор нарығына
белсенді араласуға және оның мүмкіндіктерін пайдаланып, қосымша қаржы
көздерін тартуға дайын емес болып шықты. Тәрулік мәселелерін шешуге
мемлекеттің өз активтерін басқарудагы икемсіздігі де елеулі кедергі
келтіруде. Осы уақытқа дейін үкімет ұлттық компаниялардың мемлекеттік емес
облига-циялардың эмитенттері (шығарушылары) ретіндегі қуатын да пайдаланған
емес. Сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздардың тартымдылығын арттыру
мәселелері де шешілген жоқ. Көптеген эмитенттер шығарылған бағалы қағаздар
бойынша кірісті уақытылы есептеу мен ақша аударуда тәртіпсіздікке үрынады,
корпорациялық басқарудың тиісті нормаларын өз деңгейінде сақтамай-ды. Мұның
өзі ұсақ акционерлердың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, өзінің
іс-әрекеттері жөніндегі ақпарларды ішкі және сыртқы инвесторлардың
сұранысына сай тиісті деңгейде ашық көрсете алмауына әкеліп соқтыруда.
Корпорациялық бағалы қағаздармен операция кезінде тәуекелдің салмағын
бөліп көтеру жүйесінің жоқтығы, акционерлік қоғамдардың іс-әрекетінде
трансферттік сипаттың болмауы, акционерлік қоғамдарга қаржыны өте аз
мөлшерде ғана емес, аса сақтықпен де салуға мәжбүр етеді. Мемлекеттік емес
облигациялар мен кейбір акциялардың "тез" пайда болулары, "құрылымдық"
инвесторлардың едәуір жоғары деңгейде қосылуы, бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қатысушылар және эмитенттердің өздері болғандығы себебінен туындап
отыр. Осының бәрі ақыр аяғында мынандай жағдайға әкеледі: құрылымдық
инвесторларда ақша болган кезде, нақты секторда осы ақшаға сұраныс бар
кезде және әжептәуір қайтарымды сала бар болғанда, бірақ бағалы қағаздар-
дың корпорациялық нарығы дамымаған кезде, тәуекелдік деңгейі өте жоғары
болғанда бүл ақшаны тартуға мүмкіндік бермейді. Міне, осындай қолайсыз
жағдайдың салдарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары
ақшасын отандық кәсіпорындарға емес, ірі шетелдік эмитенттердің акцияларына
салғанды жөн көреді.
Біздің акционерлік компаниялардың акцияларын тартымды ету үшін (қазіргі
кезде олардың саны 9 мыңның шамасында) оларды қор нарығына қоюы қажет.
Сонымен қатар тәуекел жүгін бөлісу жүйесін жасау қажет, оның үстіне
инвесторлардың мүддесін қорғауға баса көңіл бөлу керек. Бұл нарықты
бәсекеге түсе алатындай, жеке тұлғаларды да өз кірістерін корпорациялық
бағалы қағаздарга салуға ынталандыратындай етуге ұмтылу қажет. Бүгінде қор
нарығын жандандыруға әсер ете алатын ең маңызды міндеттер, міне осылар.
Қор нарығы — нарықтық экономикаға бет бұрған өркениетті мемлекеттің
айқын сипаттарының бірі. Өйткені ол ең әуелі меншік қозғалыстарын (халықта
меншікті қайта бөлісу деп айтып жүргендей) өркениетті түрде акцияларды
сатып алу жолымен жүзеге асырады. Соның нәтижесінде кез келген инвестор іс-
қимылы айқын әрі кез келген компанияның әрекетімен таныса алады.
Сөйтіп инвестор қыры-сыры беймәлім, "айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ
отауды" сатып алмайды, ақшаны қайда салатынын, ең бастысы, кәсіпорын
қуатының қай шамада екенін, менеджменті қалай қалыптасқанын, бір-бірін
алдын ала білетін болады. Және кәсіпорынның өзі де меншік иесінен жан-
жақты хабардар болмақ.
Екіншіден, қор нарығы субъективті факторлардан толықтай тәуелсіз болып,
экономиканың нақты барометріне айналады, сөйтіп, алдын ала экономикадағы
ахуалды талдау үшін де және ең маңыздысы, оң болжам жасау үшін де қызмет
атқарады.
Үшіншіден, дамыған қор нарығы трансферттік менеджментті талап етеді.
Яғни, бір меншік иелігін басқаратын компания сол жеке тұлғаның атынан
немесе меншік иесінің тапсыруы бойынша сөйлей алады және егерде ол компания
жасалған шарт бойынша талаптарды орындамайтын болса, меншік иесі бір жақты
тәртіппен келісімді бүзады. Мұндай алғышарттар қалыптаспаған жағдайда
өркениетті корпорациялық басқаруды талап ету қиын.
Осы секілді жөнсіздіктер салдарынан акциялар пакеті басқаруға берілетін
компаниялар өздерін меншік иесі секілді ұстайды да, ал меншік иесі, тіпті,
өз акцияларының қозғалысын қадағалау мен оларды басқару былай тұрсын, істің
жай-күйіне көз жеткізе алмай дал болады. Экономикада дәл қазір осындай
келеңсіздіктермен бетпе-бет келіп отырмыз.
Төртіншіден, қор биржасы ғана халықтың ақшасын нақты секторға тарта
алады, сөйтіп азаматтардың бұл ақшасы еліміздің игілігіне жұмыс істейді
және сонымен қатар азаматтарының өз кірістерін капиталға айналдыруына
мүмкіндік береді. Ең бастысы, өз акцияларының тағдыры не болып жатқанын әр
кезде де көріп, біліп отыруға мүмкіндік алады.
Каржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып
табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын
аныктап беретін өзіндік аймақты қалыптастырады. Нарықтық экономика
жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар
жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. "Қаржы нарығы" ұғымы калыптасқан
әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының
өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сактандыру, зейнетақы
нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді.
Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға
бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөл атқарат. Онда төлем
құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез
келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары
арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.
Қаржы нарығы — бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру
шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар
арасындағы капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі.Тәжірибеде ол акша
қаражаттары ағымын меншік иелерінен карыз алушыларға және олардан кері
бағыттайтын каржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы
нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік — оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және
өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
ақпараттық — каржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға
толық және тендей қол жеткізуді қамтамассыз етеді;
бөлу — қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының
құйылымын экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан
екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, каржы
ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
коммерциялық — қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар
мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
баға белгілеу — қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік
жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр
түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және
қаржы институттарының кызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын
шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі
меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін
қамтамасыз ету болып табылса, онда каржы ресурстарын сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын
ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарыктардағы
сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы
бар:
үй шаруашылығы (жеке тұлға);
меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;
мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған,
оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен мемлекетте қаржылык қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі
немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі
пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып
алушылардың, сондай-ақ делдал институттардың мүдделерін тиімді ескеріп,
жүзеге асыруға арналған.
Нарықтық экономика — өндірісті әлдеқайда тиімді ұйымдастырудың
формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген.
Қазақстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы
нарығының әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін
қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа
өтуді білдіреді. Бұл мағынада қаржы нарығы — ғылыми-техникалык прогрестің
базасында дамитын, жалпы коғам әл-ауқатының кажетті деңгейіне қол жеткізу
және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын
ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән
беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдің барлық ақша
ресурстарының, сонымен қатар әр түрлі экономика субъектілерінің тарапынан
осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде
болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда, ақша ресурстары мен
шаруашылық жүргізуші субъектілер - қаржы нарығы емес. Ол ақша ресурстары
мен шаруашылык жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда
ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы — бұл ең алдымен, әр түрлі
экономика субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен жинақтарды
мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда
болатын ақшалай қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, каржы нарығының функциясын
анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік
түріндегі шаруашылык жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз
ету;
бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық
қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды, яғни
облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу
қажет;
бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұракты өсуі.

2.1. Қаржы нарығының даму бағыттары

Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы
нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-
экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған
кейбір түрлерін карастырып, содан соң Қазақстанға тән каржы нарығының
құрылымы анықталады.
1.Қолма-кол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары
(вексельдер, чектер және т.б.) функциясын орындайтын нарық. Белгілі
болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады, егер соңғысы белгілі
бір шектен аспаса, жағымды рөл ойнауы мүмкін. Мәселен, егер ЖІӨ жыл сайын
5%-ға өсіп, ал айналыстағы ақша 6—7%-ға артатын болса, онда бұл өскен ЖІӨ-
нің сатылуын жеңілдетіп, экономикада жағымды процесті тудырады. Егер жыл
сайынғы өсімі 5%-ды құрайтын ЖІӨ-де айналыстағы ақшаның саны 10%-ға артса
немесе одан да көп болса, онда қалыпты экономикалык процесті бұзатын
өршімелі инфляция орын алады.
2.Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банк
несиелері. Осы уақытка дейін Қазақстанда қысқа мерзімді арзан несие болған
емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны тек сенімді қамтамасыз
ету әрі жоғары пайыз-шарттарымен ғана береді. Негізгі қорларды құруға және
жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі (кезең сайын
қарастырылатын) пайыз мөлшері бойынша алуға болады.
3.Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем
болған жоқ. 90-шы жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір
уақытты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен (ең
алдымен, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен және акционерлеумен)
және мемлекет қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей
байланысты. Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін
эмиссиялық ақшалай белгілерге емес, мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен,
мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам
жасайды. Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады:
әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарды тартудың көлемі тұрғысынан және бос
ақша қаражаттарды кандай да бір нарыққа жұмсау.
Бос ақша қаражаты көптеген салаларды инвестициялау үшін пайдаланылуы
мүмкін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметте (өнеркәсіп, құрылыс
салу, сауда, байланыс), жылжымайтын мүлікте, антиквариатта, бағалы
металдарда, егер отандық валюта құнсызданатын болса — валютада, зейнетақы
мен сақтандыру қорларында, әр түрлі бағалы қағаздарда, банк депозитіне
салынатын ақшаға. Осылайша, бағалы кағаздар нарығы — бұл еркін капиталдың
көптеген косымша салаларының бірі, сондықтан да ол осы капиталды өз жағына
шығару (тарту) үшін басқа салалармен бәсекелесуіне тура келеді.
Қаржы нарықтарының кызмет етуін талдау оның белгілі бір сегментін, өз
ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді ұйғарады.
Талдаудың мақсаттарына және қандай да бір елдің қаржы нарығындағы
жекелеген сегменттердің даму ерекшеліктеріне қарай қаржы нарықтарын
жіктейтін әр түрлі тәсілдер болады.
Ковалевтың түсіндірмесіне орай, қаржы нарығының жіктеуі мынадай:
Валюта нарығы — бұл валюталык; құндылығы бар объектілер тауар болып
табылатын нарық:
* шетелдік валюта (ақшалай белгілер — банкноттар, қазынашылық билеттер,
заңды төлем құралдары болып табылатын немесе алынатын (изымаемые), бірақ
айырбастауға жататын монеталар, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріндегі,
халықаралық немесе есептік ақша бірліктеріндегі шоттардағы
құрал);
* бағалы қағаздар (чектер, вексельдер, акциялар, облигациялар) және басқа
да қарыздық міндеттемелер;
* бағалы металдар (алтын, күміс, платина, палладия, иридия, родия, рутения,
осмия) және табиғи асыл тастар (алмас, жақұт, зүбәржат, сапфир,
александрия, меруерт).
Банктер, биржалар, экспорттаушылар мен импорттаушылар, қаржы және
инвестициялық мекемелер, үкіметтік ұйымдар валюта нарығының субъектілері
ретінде болады.
Алтын нарығы - бұл елдің алтын қорын толтыру және жинау мақсаттарында,
сондай-ақ бизнесті ұйымдастыру және өнеркәсіп өндірісінің тұтынуы үшін
алтынды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар саласы.
Капитал нарығы өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және үлестік
бағалы қағаздар нарығы деп бөлінеді. Бұлайша бөліну осы нарыкта сатылатын
тауарларды (қаржы құралдарын) сатып алушылардың арасындағы және қаржы
құралдарының эмитенттері арасында катынастардың сипатын білдіреді. Егер
қаржы құралы ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл
қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған жағдайларда бұл
несиелік қатынас күйінде калады.
Ссудалық капитал нарығында мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы
шарттарымен ұсынылатын ұзақ мерзімді каржы құралдары айналыста болады. Ол
ұзақ мерзімді банк ссудасының нарығын және борыштық бағалы кағаздар нарығын
(ол да ұзак мерзімді) қамтиды.
Бағалы кағаздар нарығында бағалы қағаздардың өзі және оларды
ауыстырушылар (сертификаттар, купондар және т.б.) шығарылып айналыста
болады және жұтылады.
Бағалы қағаздар нарығының катысушылары болып табылатын элементтер —
оған кажетті акша каражаттарды тарту мақсатында бағалы кағаздарды шығаратын
тұлғалар, инвесторлар — табысты алу, мүліктік және мүліктік емес құқыкқа ие
болу үшін бағалы кағаздарды сатып алушы тұлғалар; делдалдар — эмитенттер
мен инвесторлардың алға қойған мақсатгарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін
қызмет көрсетуші тұлғалар.
Әлемдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вексель және вексель айналымы
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және құрылымы
ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Бағалы қағаздар рыногының сызығы
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Бағалы қағаздар нарығы және оны қалыптастырудың теориялық-методологиялық негіздері
Пәндер