М. В. Ломоносов пен А. Н. Радищевтің педагогикалық ой-пікірлері



ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы мангол-татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХҮІІІ ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды. Өндіріс мемлекетінің құрылыс кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің мынадай салалары практикалық механика және корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырафия, минералогия, геодезия және математика.
Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва кобсерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуда жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді баысп шығару, бірінші орыс газетін “Әскери және басқа істер туралы хабаршы” шығаруға шешімнің алынуы.
1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамында жалпы білім беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: новигация – теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғылым, астрономия, жағырафия және жерөлшеу ғылымдары оқытылды.
Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий Магницкий жұмыс істеді. Ол алғашқы математикадан оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды – математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М.В.Ломоносов пен А.Н.Радищевтің
педагогикалық ой-пікірлері

ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі
өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де
артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы мангол-
татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін
болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХҮІІІ
ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің
басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды. Өндіріс мемлекетінің
құрылыс кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда дамыды,
армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің
мынадай салалары практикалық механика және корабль құрылысы, навигация,
астрономия, жағырафия, минералогия, геодезия және математика.
Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім
беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва
кобсерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуда жаңа азаматтық
алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру,
біршама діни емес әдебиеттерді баысп шығару, бірінші орыс газетін “Әскери
және басқа істер туралы хабаршы” шығаруға шешімнің алынуы.
1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық
ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамында жалпы білім беретін, сонымен
қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны,
тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: новигация –
теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғылым,
астрономия, жағырафия және жерөлшеу ғылымдары оқытылды.
Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий Магницкий жұмыс істеді.
Ол алғашқы математикадан оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті,
білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды –
математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және
оқулықтары жасаушыларды дайындады.
1715 жылы математикалық және навигациялық ғылымдар мектебінің
жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз
академиясы – теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін
теңіз-әскери оқу орны ашылды.
Петербургте, Москвада және әртүрлі басқа қалаларда артиллериялық
мектептер ашылды, ал кейбір қалаларда – навигациялық және грамматикалық
мектептер. Хирургиялық мектептер де ашылды.
ХҮІІІ ғ.басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар
ашылды. В.Н.Татищевтің ынтасымен тау-кен ісі мамандарын даярлау үшін тау-
кен училищесі құрыла бастады. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін
және арнаулы даярлықтың оларда орынды ұштасып келу, болып табылады.
Орыс дворяндары өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін әртүрлі
тәсілдермен бекіту және кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Петр І өлгеннен
кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінін
жабық оқу орындарын ашуға лұқсат алуға қол жеткізді.
Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары үшін тәрбиелік-
білімдік мекеме кадет корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін әскери және
азаматтық қызметке даярлау тиіс болды.

М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық
ой-пікірдің дамуындағы ролі. (1711-1765)

Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил
Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің
баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол
білімін оқуын діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары
Смотрицкийдің гармматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды.
Ол онтоғыз жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін
жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара
қабілеттілігі, ерекше еңбек-сүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері
Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12
үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жіберіледі, содан кейін білімін
жалғастыру үшін шетелге жіберіледі.
1741 жылдан М.В.Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты
ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым
академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып
сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-
жақты ғұламалығы туралы А.С.Пушкин өте орынды бағаберді: “Ғажайып күш-
жігерді, ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің
барлық саласының татты. Ғылымға деген шөлдеу жан дүниесінің күшті құмарлығы
еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минералог, суретші және өлеңші – ол
бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді”.
Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс
классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін салды.
Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы – материяен
қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді.
М.В.Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының –
замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция
академиясын құрметті мүшесі (1760ж) және Балон академиясының құрметті
мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз ғалымы Н.Леклерктің мойындауынша
М.В.Ломоносовтың есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында бір дәуірді
құрайды” деп жоғары баға берген болатын-ды.
Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс
ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған
реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін
университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке
бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды.
Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің “регламенті”
(жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер
берілуі қажет.
М.В.Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва
университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер
даярлайтын және тек ғана дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны
ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті
ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға
бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды.
Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар
жасауда еңбегі ұшан – теңіз.
“Экспериментальдық физика” (латын тілінен аударылған), Риторика
“Ресей грамматикасы” – орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды.
“Ресей грамматикасымен” орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары
оқыған болатынды.

Москва университеті және оның мектеп
пен педагогикалық ой-аікірдің дамуына ықпалы.

ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында көптеген орыс зиялылары
М.В.Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогрессивтік бағыттағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің өзінің мақсаты табиғи ресейліктерден мамандар мен құрылысшыларды даярлау
А. Н. Радищев философиясы
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы
Мектепке дйінгі педагогика тарихы ЖОО-ның студенттеріне арналған оқу құрал
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Орыс философиялық ойлары
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы жөнінде
Қазіргі замандағы экономикалық теория, пәні
Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы
Пәндер