Қазақстан Републикасының банк және несие жүйесі



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... 3

І Несие жүйесінің мәні.

1.1 Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылуы, дамуы ... ..4
1.2 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері . . ...10

ІІ. Қазақстан Републикасының банк жүйесі

2.1 Банктердің мәні және қызметтері . . . ... ... ... 18
2.2 Банктердің экономикадағы рөлі . . . . ... ... ..25

ІІІ Қазақстан Республикасының банктердің қызмет етуін стратегиялық жоспар. . . ... ... ...27

Қорытынды . . ... ... ...36

Қолданылған әдебиеттер . . . . ... ..39
Кіріспе


Несие жүйесі қоғамның өсіп-өркендеуіне едәуір ынта береді , ерекше тәртіп және ұжымның жоғары дәрежесін, ерекше қатынастардың толық жүйесін тудырады. Олардың көмегімен адамдар бай болады. Бізге мәлім: ақшамен дұрыс айналыспау, оларды дұрыс қолданбау, жағымсыз салдарын туғызады. Банктерді, банк технологиясын елемеуі, ақшаны дұрыс пайдалана алмайтын адамдар, қарыз алғандары, өмір бойы қарыздар, банкротқа ұшырауы мүмкін.
Банктердің көмегімен қолданысқа түспеген ақшалардың қоры жиналады. Ақша, Несие – қоғамдық байлықтың факторы болып, ұлтты оданда байытады бірақ, ақшамен несиелерді басқару айқын ережелермен негізделеді, оларды бұзу, шаруашылықтың дамуына және экономикалық өсуге тежеу болады.
Банктердің ерекше тағайындауы бар, анықталған функцияларды орындайды. Ақша-несиелік қатынастарды реттейтін, көпжақты банктік және басқада операцияларды орындайтын кәсіпорын бола тұрып, банктер, жалпы және арнайы заң шығарушылық нормаларға, экономикалық заңдарға бағынады. Банктердің өздерінікі бар, текқана өздерінің технологияларына тән. Бұл курстық жұмыста несиелердің атқаратын қызметтері жайлы, банктер қандай қызмет атқаратыны, немен айналысатыны жазылған.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Бірінші бөлімінде несие жүйесінің мәні ашылған, Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесі сипатталған, Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының банктердің қызмет етуін стратегиялық жоспарлау қарастырылған .
Қолданылған әдебиеттер:

1. Мақыш Серік «Ақша айналысы және несие» Алматы 2004.
2. «Қазақстан Республикасының Бәсекеге қабілеті: жағдайы, мәселелері және даму артықшылығы». Астана 2005.
3. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ.«СБОРНИК НАУЧНЫХ ТРУДОВ» 2005.
4. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. «ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАР» Алматы 2005 ж.
5. Котлер Ф. Основы маркетинга.- М: «Вильямс», 2003
6. Нурғалиев К. Р., Түлембаева А. Банковский маркетинг.-А: «Қазақ университеті» 1998ж
7. Шеденов У.К., Абишев М. Функционирование и развитие рынка услуг в переходной период. –А., 1999ж
8. Журнал «Экономист» 2005ж
9. «Бизнес және банктер» газеті 2005ж
10. Банки и банковские операций: Е.Ф Жукова.-М., Банки и биржи, ЮНИТИ 1997
11. В.А. Челноков «Денги Кредит Банки» ЮНИТИ 2005.
12. «Егемен Қазақстан» 1999ж
13. «Егемен Қазақстан» 2002ж
14. С. Б. Мақыш «Банк ісі» Алиаты 2004
15. М. С.Саниев Ақша, Несие, Банктер Алматы 2001ж

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қаржы нарығы және
банктік бизнес кафедрасы

КУРСТ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАНЫ
ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ РӨЛІ.

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... 3

І Несие жүйесінің мәні.

1.1 Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылуы, дамуы ... ..4
1.2 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері . . ...10

ІІ. Қазақстан Републикасының банк жүйесі

2.1 Банктердің мәні және қызметтері . . .
... ... ... 18
2.2 Банктердің экономикадағы рөлі . . . . ... ... ..25

ІІІ Қазақстан Республикасының банктердің қызмет етуін стратегиялық жоспар.
. . ... ... ...27

Қорытынды . . ... ... ...36

Қолданылған әдебиеттер . . . . ... ..39

Кіріспе

Несие жүйесі қоғамның өсіп-өркендеуіне едәуір ынта береді , ерекше тәртіп
және ұжымның жоғары дәрежесін, ерекше қатынастардың толық жүйесін тудырады.
Олардың көмегімен адамдар бай болады. Бізге мәлім: ақшамен дұрыс
айналыспау, оларды дұрыс қолданбау, жағымсыз салдарын туғызады. Банктерді,
банк технологиясын елемеуі, ақшаны дұрыс пайдалана алмайтын адамдар, қарыз
алғандары, өмір бойы қарыздар, банкротқа ұшырауы мүмкін.
Банктердің көмегімен қолданысқа түспеген ақшалардың қоры жиналады. Ақша,
Несие – қоғамдық байлықтың факторы болып, ұлтты оданда байытады бірақ,
ақшамен несиелерді басқару айқын ережелермен негізделеді, оларды бұзу,
шаруашылықтың дамуына және экономикалық өсуге тежеу болады.
Банктердің ерекше тағайындауы бар, анықталған функцияларды орындайды.
Ақша-несиелік қатынастарды реттейтін, көпжақты банктік және басқада
операцияларды орындайтын кәсіпорын бола тұрып, банктер, жалпы және арнайы
заң шығарушылық нормаларға, экономикалық заңдарға бағынады. Банктердің
өздерінікі бар, текқана өздерінің технологияларына тән. Бұл курстық жұмыста
несиелердің атқаратын қызметтері жайлы, банктер қандай қызмет атқаратыны,
немен айналысатыны жазылған.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралған.
Бірінші бөлімінде несие жүйесінің мәні ашылған, Екінші бөлімде Қазақстан
Республикасының банк жүйесі сипатталған, Үшінші бөлімде Қазақстан
Республикасының банктердің қызмет етуін стратегиялық жоспарлау
қарастырылған .

І Несие жүйесінің мәні.

1.1 Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылуы, дамуы

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға
бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО-дағы банктер және банктік
қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттың банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы
банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөл
атқарады.
Казіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне
байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің
басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта
қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау
механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік
жүйенің қалыптасуын үш кезенге бөледі:
кезең, 1988 —1991 жж. (КСРО-ның тұсында) — мемлекеттік салалық
мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол
банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы
коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің
жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
кезең, 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары — рубль аймағында бола отырып, ҚР
Ұлттың банкінің орталық банктің бірққатар қызметтерін орындауға біртіндеп
кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және
дамуы, ұлттың нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа
Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттың банкінің ақша-несие аясының
қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас
орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу
жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
Коммерциялың банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз
болып табылғандықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз
міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі
туды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атайды,
себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекеле-ген
салаларын дамыту болып саналады.
Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру
шегінде Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк), Мемлекеттік даму банкі және
Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа
қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.
Мемлекеттік даму банкі — бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді
инвестициялың жобаларды ұзаң мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған
үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.
Экспортты-импорттың банк (Эксимбанк) — бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес,
даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттың
несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем
банктен бөлініп шыққан банк.
Тұрғын үй құрылыс банкі — бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық
құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын
қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.
Медетші банк (траст) — бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен Проблемалық
кэсіпорындар үшін госпиталь ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы
жарғыға сәйкес, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.
Ұлттың банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары
қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-
несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.
Банктерді қайта қаржыландыру механизмі түбірімен өзгерді. 1995 ж. ақпан
айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған
көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы
несиелеу қызметі Ұлттың банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттың
банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап
отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие
беру жэне ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге
берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін
берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы
қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкаралық несиелер
нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан бас-тап ломбардтык, несиелеу
жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында
Ұлттың банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы аңша
массасын реттеп отырды.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін
қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін
төмендетті. Айталық 1995 ж. қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9 %-дан,
қыркүйек айында — 2,4%-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі: 210%-дан 45%-ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа
көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

1996—1998 жж. банктік реформалар
Бұл реформалар Ұлттың банктің 1996 —1998 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты — ҚР ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және
экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі
банктердің жүйесін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш
жұмсайды:
— ақша-несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;
— елдің қаржы нарығына Ұлттың банктің араласуы арқылы қолмақол ақша
айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
— валюталық реттеуді дамыту және алтын валюта резервін басқару;
— банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принциптерін
түбірімен өзгерту;
— бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;
— Ұлттың банктің басқа елдердің орталық банктерімен және басқа да
қаржылық институттарымен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуы;
— Ұлттың банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және техникалық әл-ауқатын
нығайту;
— екінші деңгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;
— төлем жүйесін дамыту;
— елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық
қамтамасыз етілуін жетілдіру.
Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Ұлттық банкі
ақша-несие саясатының біршама тиімді классикалық құралдарын пайдаланды.
Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу,
валюталық нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен,
сондай-ақ Ұлттың банктің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру
жатады.
Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында
қайтарылмағаны, яғни олардың 24%-дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның
салдарынан Ұлттың банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды.
Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық банк 1996 —1998 жж.
орталықтандырылған несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық,
ломбардтың несиелеу, репо операциялары, вексельдерді қайта есепке алу
арқылы беріп отырды.
Ұлттың банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге
байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап, Қаржы
министрілігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме
алғандықтан, Ұлттық банк оған тікелей несие беруін тоқтатты. Оған дейін
бюджеттің тапшылығының 80%-ға жуық бөлігі Ұлттың банк несиелері есебінен
жабылып келгендігін айта кету керек. Мұны да осы реформаның бірден-бір
нәтижесі деп санауға толық болады.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкноталарын шығаруда меншікті
өндірісті іске қосу республикамыздағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды
түбірімен өзгерістерге әкелді. Осыған байланысты қолмақ-қол ақша айналымын
басқаруда 1992—1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығынан енгізілген
директивтік саясаттың орнына экономикалық реттеу әдістерін пайдаланудың
алғышарттары жасалды.
Сейтіп, осы реформа нәтижесінде кәсіпорындарды және
екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшамен жасалатын кассалық
операцияларының лимиті алынып тасталды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтап отыру мақсатында Ұлттың банк
шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, теңгенің жүйелі валюталық айырбас
бағамы саясатын жүргізіп отырды. Алтын-валюта резервін басқаруда Ұлттық
банк мынадай екі портфелді құру қажет деп таныды: стратегиялық
инвестициялық портфель және тактикалык, өтімділік портфелі.
Мұндағы, тактикалық өтімділік портфелі валюталық бағамды реттеу саясатын
жүргізу және қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін қажет. Өтімділік
портфелінің негізгі құралдарына ақша нарығының құралдары жатты.
Стратегиялық инвестициялық портфель құрамы Ұлттық банктің орта мерзімді
(3 айдан 3 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейінгі)
міндеттемелерінен тұрды.
Аталған портфельдің негізгі құралдарына: мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының құралдары, орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капиталдар
нарығының басқа да құралдары жатқызылды.
Банктік қадағалау жүйесін реформалаудың басты маңсаты — банктік қадағалау
әдістері мен процедураларын халықаралық стандартқа жақындату болып табылды.
Осыған сәйкес, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге капиталдану талабын
қойды. Мұндағы мақсат — бәсекелік ортада қызмет көрсететін банктерді
тәрбиелеу және біршама тұрақты банктерді анықтау болып табылды. Осындай
талаптың негізінде Ұлттық банк капиталы жеткіліксіз банктердің өзара
бірігуін немесе жойылу шараларын ұйымдастырды. Реформа нәтижесінде кептеген
банктер таратылды немесе бірігу процесін басынан кешті. Осындай шараларды
ең бастысы, мамандандырылған банктер басынан кешті. Өйткені олардың барлығы
дерлік бастапқыда бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін
несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналады. Сөйтіп,
кейбіреуі өзара бірігіп жұмыс жасауға мәжбүр болды. Айталық, Мемлекеттік
даму банкі Эксимбанкпен, Тұрғын үй құрылыс банкі Центр-кредитбанкпен
қосылып, ал Медетші банк — Медетші қор ретінде қайта түрлендірілді. Мұндай
түрлендіруге Ұлттың банк тарапынан банк жүйесіне жүргізген кейінгі
реформалар себеп болды.

1.2 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері
Несие жүйесі — жалпы банктердің, (ұлттык, және коммерциялык,) және
банктік операииялардың, жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес
мекемелердің жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де
несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие
немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелік жүйе екі
буыннан тұрады: біріншісі — банктік жүйе, ал екіншісі — парабанктік жүйе
(банктік емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің
құрылымы мынадай сызбамен берілген:

ҚР-ның несиелік жүйесі

Банк жүйесі Парабанк жүйесі

Жоғарыдағы сызбаға енген несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің
мазмұнын сипаттамайтын, оның иерархиялық құрылымы 3-кестеде берілген.

ҚР-дағы несие жүйесінің, иерархиялық құрылымы 3-кесте

ИерархиМекеме Бөлімшелер Мекеменің қызметі
я
деңгейіаты аттары
Несие Банк I Ұ лттык, Орталық 1. Ақша айналысын
жүйе- жүйесі банк аппарат және қолма-қол
сі ақшасыз есеп
Ұлттың банктің айырысуды ұйым-
облыстың дастыру.
басқармалары 2. Үкіметке несие-
есеп айырысу
қызметін көрсету.
3. Алтын-валюта
резервін басқару.
4. Ақша-несиелік
реттеу
II 1. Екінші Орталық Клиенттерге несие-
деңгей- аппарат. есеп айырысу
дегі Филиалдары. қызметін кешенді
банктер Өкілдік. түрде көрсету
Еншілес банкі.
Бөлімшелері
2. Ма- Банк көрсететін
мандан- қызметінің жекеле-
ған банк- ген түріне ғана
тер маманданған
Пара- III Банктік Орталың Маманданған
банк емес аппараты. несие-есеп айырысу
жүйесі мекеме- Филиалдары. және қаржылық
лер Өкілдік қызмет көрсету
IV Пошта- Орталық аппарат Халыққа несие-есеп
жинақ (АҚ Қазпошта). айырысу қызметін
мекеме- Бөлімшелері көрсету, ұсақ
лері салымдарды тарту

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы несие жүйесі туралы
мәліметтер 4-кестеде беріледі.

ҚР-дағы несие жүйесі туралы мәліметтер*
4-кесте

Несие жүйесінің элементтері 12.2001 12.2003 06.2004
12.2002
1. Екінші деңгейдегі банктердің 48 44 38 35
барлығы:
оның ішінде:
мемлекеттік 1 2 2 2
мемлекетаралық 1 1 - -
Шетел капиталының қатысуымен, 16 16 96 1117 96 1116 104
онын ішінде: - 100%50%-дан аса,97 10
онын ішінде: еншілес банктер 12
2. Несиелік серіктестіктер 8 19 29 37
3. Ломбардтар 42 45 52 35
4. Ипотекалың компаниялар - 2 2 2
5. Басқа да ұйымдар 53 41 42 46

** Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

4-кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда.
90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін
реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.) қысқарды.
Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің
100 % қатысуымен құрылған) саны — 2. Қазақстанның банктік секторында
шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни жалпы
банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктік емес мекемелер санының
керісінше, өсіп келе жатқандығын байқаймыз.
Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында
жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды
сипаттайды.
Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден
айырмашылығы — олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет
етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша қызмет
көрсетеді.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік
мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды
және одақтарды жатқызады.
Ломбардтар — бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге
ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде
пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде
бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа) кепілге алып,
тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа
мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік құнының 50—80%
мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің
құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған
мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі — мұнда несиелік
шарт және кепіл міндеттемелері болмайды.
Ссуданы кепілге беру барысында клиент кепілге зат қойғандығын
куәландыратын және ссуда алғандығын растайтын құжат немесе кепіл билетін
алады. Онда қарыз алушының реквизиттері және мәміленің басты шарты
көрсетіледі.
Несиелік серіктестік — өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету
мақсатында құрылган несиелік мекеме.
Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру
жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшеліктен шығып
қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктердің мүшелеріне
кооперативтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес,
жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктердің басты пассив
операцияларына — салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив
операцияларына — ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары
жатады.
Несиелік серіктестіктің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары
жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған
банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың
басты қызметі — ауыл шаруашылығына несие-есеп айырысу қызметін көрсету;
шаруашылық заттарын, мал, түқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге
де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің
клиенттеріне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық
кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге
ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық
несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі — олардың
қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ, табыс
салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілдіктер
болады.
Несиелік одақтар — бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік
мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.
Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін
беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар
тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік
түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, коопе-
ративтер және т.б.
Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын үлесінен және
пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі
операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару;
өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке
алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз
мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.
Өзара несие қоғамдары — шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін
коммерциялык, банктерге к,ызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік
мекемелер.
Бұл қоғамдар Ұлы Қазан теңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде
Қазақстан аумағында жеке өнеркәсіпшілер мен саудагерлерге несие-есеп
айырысу қызметін көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды
және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқан
жарналарынан қалыптасады.
Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:
— ломбардтар;
— несиелік серіктестіктер;
— микрокредиттік ұйымдар;
— жинак,таушы зейнетақы қорлары;
— пошта-жинак, мекемелері;
— ипотекалык, компаниялары.
Соның ішінде қазіргі кезде ломбардтың мекемелер мен несиелік
серіктестіктер кеңінен дамып келеді.
ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы № 314 Ломбард туралы
ережесіне сәйкес, ломбард — банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген
лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды
тұлға.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
■ ломбардты операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен
жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді
сипаттайды;
• бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы
металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл
тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке
алу, сақтау және сату;
• сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын,
құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді,
шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін керсетеді;
■ келісімшарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің
меншік құңығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;
• заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату. Ломбардтардың
құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды тұлғалар жатады.
Мемлекет өзінің өкілетті органдары арңылы оған құрылтайшы болуы мүмкін.
Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтың формада (ашық акционерлік қоғамнан
басқа) құрылып, ез қызметін жүзеге асырады.
Несиелік серіктестік туралы ҚР заңына сәйкес несиелік серіктестік — бұл
оның к,атысушыларынын бос ак,шалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық
көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды
және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде кұрылған банк
болып табылмайтын және К,Р Ұлттык, банкінін, лицензиясы негізінде жекелеген
банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:
1) несиелік-депозиттік серіктестік — заңды тұлғалардың депозиттерін
қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.
2) ауыл несиелік серіктестігі — өзара несие беру үшін, оның
қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке және заңды
тұлғалардың өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған, банктің жекелеген
операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
3) несиелік серіктестік — коммерциялық ұйым. Несиелік серіктестік және
ауыл несиелік серіктестігі ҚР
заңдылықтарындағы ерекшеліктеріне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада
құрыла алады:
• коммандиттік серіктестік;
• толық серіктестік;
■ жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
• акционерлік қоғам.
Өткен жылы елімізде несиелік серіктестіктер туралы заңмен қатар,
Микрокредиттік ұйымдар туралы заң қабылданды. Бірақ мұндай ұйымдар әзірге
дами алмай отыр.
Микрокредиттік ұйымдар — бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар
болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары екі түрге: мемлекеттік және жеке меншік
болып бөлінеді. Қазір 16 зейнетаңы қоры болса, оның 1-уі мемлекеттік,
қалғандары — жеке меншік зейнетақы қорлары.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс жасайтын адамдардың жалақысынан
белгілі мөлшердегі аударымдарды жинақ ретінде қабылдап, оларды зейнет
жасына жеткенде беріп отырады. Олардың активтерін басқаратындарды
Зейнетақы қорларының активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар деп
атайды. Бұл ұйымдар олардың активтерін белгіленген нормативтерге сәйкес әр
түрлі бағыттарда орналастырып, оларда табыстар алады. Сөйтіп, ондай
табыстарды зейнетақы қорында жинағы бар салымшылардың шотына есептейді.
Келесі дамып отырған банктік емес мекемелер түріне — пошта-жинақ
мекемелері жатады. Бұл жүйенің маңызды элементтері — ұсақ салымшылардың
қаражаттарын тартатын мемлекеттік мекеме ретінде құрылатын пошта-жинақ
банктері болып табылады. Бірақ ондай банктердің құрылуы біздің елімізде әлі
де болса кешеуілдік танытуда. Бізде әзірге мұндай банктердің рөлін
атқаратын Қазпошта мекемесі жұмыс жасауда.
Пошта-жинаң мекемелері пошта бөлімдері арқылы халыңтың салымдарын
жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру қызметін жүзеге асырады. Соңғы
уақыттарда көптеген елдерде пошта-жинаң жүйелерінің несие-есеп айырысу
қызметтері қанат жаюда. Сондай-ақ, банктік заңдылықтардың шектеу қойылуына
байланысты аталған мекемелердің кейбір көрсететін қызметтері дами алмай
отыр.
Ипотекалық компаниялар Қазақстанда ипотекалық несиелеудің дамуына үлес
қосып отырған мекемелерге жатады. Мұндай компаниялар екінші деңгейдегі
банктер тарапынан құрылуда. Мысалы, Тұран-Әлем банктің ипотекалық ком-
паниясы бар және т.с.с.

ІІ. Қазақстан Републикасының банк жүйесі

2.1 Банктердің мәні және қызметтері

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура
тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе)
XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының
ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни
тауарақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін
пайда болған делінеді.
XVI—XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері
арасын-да белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері
арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде — феодализм тұсында пайда
болған деп айтады. Олар феодалдың шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі
делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мыңжылдың тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп
қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына
күмән туғызады.
Банк сөзі Ьапсо деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда-саттың барысында әр түрлі формадағы монеталар
кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының екілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас
орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу
себебі, оның сол уақыттар да дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің алары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің да операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын дейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. \І-ғ. Ежелгі Вавилонда салым
операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының
жасалғанын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі
Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай
отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған
көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ
туады. Тарихшылардың пайымдауынша, 3 олар жекелеген тұлғалар және қолында
шоғырланған ақшалай ажаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер
құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақытта-белгілі
гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан.
Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жалауындағы елдердің салымдары, ал
Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражатты
шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады.
Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті.Банктер өз кезегінде
клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін
көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды
жеңілдету мақсатында ежелгі банктер ездерінің банктік билеттерін шығарды.
Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы
акционерлік банк — Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып, үкіметтен банкнота
шығаруға құқық алады.
Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында,
банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие
беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын
ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң
қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Ақша және ақша жүйесінің теориялық негіздері. ҚР ақша жүйесі
Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар
Банк және қаржы жүйесі
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы ақпарат
Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы
Банктік несиенің нарықтық экономикадағы ролі
Несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі
Банктік маркетингтің теориясы және оның маңыздылығы
Пәндер