Акция түсінігі мен экономикалық мәні



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. бөлім. Акция түсінігі мен экономикалық мәні
1. Акция түсінігі, оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3. Акционерлік қоғамдар және олардың құрылтайшы пайдасы ... ... ...9

II. бөлім. Қазақстандағы акция нарығының дамуы.
1. Бағалы қағаздар және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2. Бағалы қағаздар нарығының даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы жылдарда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері.
өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда.
Бұнда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары және бағалы қағаздар нарығының даму жолдары қарастырылған.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Алехин Б. И. “Рынок ценных бумаг” Сомвен 1992 – 160 стр.
2. Бункина М. Деньги, Банки, Валюта Учебное пособие Москва АО “ДЖ”
3. Карагусова Г. 1994 г. “Что нужно знать о ценных бумагах” .
Вопросы и ответы – Алматы қаржы – қаражат . 1996 – 28 ст.
4. Карагусов Р. “Ценные бумаги и регулирование их обращении в Республики Казахстан” Алматы “Қаржы – Қаражат” 1995 – 56 ст.
5. “Формирование системы акционерных обществ в Республике Казахстан” ( Кошанов А. К. Рамазанов А. А. и др. ) Алматы – Галым 1995 – 98 ст.
6. “Ценные бумаги” Сейткасымов Т. С. и др. Алматы Экономика. 1998 г.
7. Балабанов В.С. «Рынок ценных бумаг»., Москва-1994.
8. Карагусов Ф. «Ценные бумаги и регулирования их обращений в РК»., Алматы – 1995.
9. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы»., Алматы-1999.
10. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банк, валюта қатынастары»., Алматы-2000.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   


Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.‭ ‬бөлім.‭ ‬Акция түсінігі мен экономикалық мәні
Акция түсінігі,‭ ‬оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..6
Акционерлік қоғамдар және олардың құрылтайшы пайдасы ... ... ...9
‭ ‬II.‭ ‬бөлім.‭ ‬Қазақстандағы акция нарығының дамуы.
1.‭ ‬Бағалы қағаздар және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Бағалы қағаздар нарығының даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

‭ ‬Қазақстанның орталықтанған‭ –‬жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.‭ ‬Олар‭ –‬меншік қатынастары‭; ‬шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі‭; ‬олардың өзара қаржылық байланыстарының‭ ‬формалары‭; ‬қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы‭ ‬жылдарда болған өзгерістер‭ –‬Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері.‭
өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы‭ –‬бағалы қағаздар нарығы.‭ ‬Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады,‭ ‬себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады,‭ ‬яғни‭ ‬бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі,‭ ‬оларды нарық жүйесіндегі‭ ‬ең өміршең субъектілер ғана ала алады.‭
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда.
Бұнда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы,‭ ‬бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары және бағалы қағаздар нарығының даму жолдары қарастырылған.

1.‭ ‬Акция түсінігі мен экономикалық мәні
1.1.‭ ‬Акция түсінігі,‭ ‬оның жіктелуі

Акциялар.‭ ‬Акция‭ –‬үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз.‭ ‬Ол иемденушісіне компанияның капиталының,‭ ‬мүлкінің,‭ ‬кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді.‭ ‬Компания қанша уақыт‭ ‬жұмыс істеп тұрса акция да сонша уақыт қолданылады.‭ ‬Бірақ,‭ ‬осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін.‭ ‬Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ.‭ ‬Акционерлік оны тек екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағайда болады:
‭ ‬меншікті акцияландырғанда,‭ ‬яғни акционерлік қоғам құрып,‭ ‬оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда‭;
бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда:
‭ ‬жарғылық капиталда қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда,‭ ‬жарғылық капитал деген шығарлған акциялардың бастапқы жиынтық құны.‭ ‬Ол өз кезегінде,‭ ‬айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді.‭ ‬Оларды компания кез‭ –‬келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфлияциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден‭ –‬бір түрі.‭ ‬Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі.‭ ‬Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар.‭ ‬Бірақ бірсыпыра елдердің заңында егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса,‭ ‬онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылып қалуы мүмкін.
‭ ‬Акция бірнеше түрге жіктеледі‭ ( ‬с-1‭ ) ‬бір жағынан бір акционерлік басқа біреуге беру тәсілі бойынша:‭ ‬атаулы және иесі ұсынушы болып‭ ‬2-ге бөлінсе,‭ ‬екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатынасы құқығы бойынша‭ –‬жай және артықшылықты акция деп екіге бөлінеді.‭ ‬Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

Акциялардың жіктелуі

Акция

‭ ‬Басқаруға қатынасу
құқығы бойынша

‭ ‬Артықшылықты‭ ‬Жай

Басқаға беру
тәсілі бойынша

Атаулы‭ ‬Ұсынушы

‭( ‬с-1‭ )
а‭) ‬Атаулы акция‭ –‬иесі міндетті түрде корпорацияның листерінде тіркелуі тиіс акция.‭ ‬Акционерлер кітабында қанша қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп саналады.
ә‭) ‬Ұсынушыға арналған акция‭ –‬иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция,‭ ‬кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.‭
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді:‭ ‬Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы,‭ ‬жиналыстарда дауыс беру арқылы корпоацияны басқаруға қатысу құқы және корпорацияжабылып қалған жағдайда болса,‭ ‬несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алуға құқы бар.‭ ‬Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлес береді.‭ ‬Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді.‭ ‬Себебі,‭ ‬дивидент корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты.‭ ‬Дивидент корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі,‭ ‬басқаша айтқанда дивидент төлеу пайданың салық төленгеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген.
Артықшылықты акциялар‭ –‬меншік туралы ерекше сертификат.‭ ‬Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан,‭ ‬белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төлеуін қамтамасыз етеді.‭ ‬Преференционалды акция дауыс құқын бермейді.‭ ‬Ол дауыссыз бағал қағаз.‭ ‬Оған байланысты артықшылық дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылықты акциялар наминал құны көрсетілген және көрсеиілмеген болып екіге бөлінеді.‭ ‬Бірінші жағдайда дивидент акцияның нноминалына байланысты процент түрінде есептеледі.‭ ‬Ал,‭ ‬номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі,‭ ‬олар дивиденттің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі.‭ ‬Акция номиналы оның нарықтық бағасына әсері жоқ.

Жай акция бойынша төленетін дивиденттер сияқты артықшылықты акция бойынша дивиденттер таза пайдадан бөлінеді.‭ ‬Артықшылықты акция әдетте атаулы бағалы қағаз.‭ ‬Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мумкін.
Артықшылықта акциялардың өзі,‭ ‬бірнеше түр тармағына бөлінеді.‭ ‬Олалды былай топтастыруға болады:‭ ‬қатысушылар және қатыспаушылар,‭ ‬кумулетивтік және кумулятивтік емес,‭ ‬конвертабельді және конвертабельді емес.‭ ‬Артықшылықта акциялардың аталған түрлерін шығаруға мүмкіндігі корпорацияның жарғысында қаралады.‭ ‬Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі,‭ ‬акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалануына байланысты.‭ ‬Олар:‭ ‬үстеме пайданы бөлуге қатысу‭; ‬хабарланып,‭ ‬бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу‭;

2.‭ ‬Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.

Облигациялар.‭ ‬Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға,‭ ‬яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген мүддені төлеуді міндеттелген жазбаша қарыз құжатын айтады.‭ ‬Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады.‭ ‬Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.
Облигация шығару‭ –‬қосымша капитал тартудың бір нысаны.‭ ‬Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны‭ ‬шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шағында тең болады.‭ ‬Облигация бойынша мезгіл‭ –‬мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады.‭ ‬Купон деп облигациядан бірсыпыра элементтер көрсетіледі,‭ ‬купондық мөлшер,‭ ‬өтеу туралы нұсқау,‭ ‬эмиссия шартты қамтамассыз етілуі,‭ ‬рейтингі.
Акция сияқты облигациялардың номиналы және нарықтық бағасы болады.‭ ‬Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады.‭ ‬Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса,‭ ‬онда облигация сыйлықпен сатылады деп айтады.‭ ‬Облигациялық нарықтың бағасы деп атайды.‭ ‬Облигациялық нарықтық бағасы,‭ ‬біржағынан заимды шығару жағдайына екінші жағынан нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады.‭ ‬Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заим пайда болады,‭ ‬яғни ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.‭
Біріншіден,‭ ‬егер жаңа жағдайлармен шығарылған заимдар өте көп болса,‭ ‬онда бұрын төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді.‭ ‬Басқаша айтқанда дисконтпен сатылады.‭ ‬Себебі‭ ‬бұндай облигациялар тек номиналы бойынша өтеледі.‭ ‬Ал арасындағы айырмашылық жаңа иемденушіге өте төмен кіріс түсіреді.
Екіншіден,‭ ‬егер жаңа облигациялар аз болса,‭ ‬олар номиналынан жоғары курспен сатылады.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.
Жай акциялар тәрізді‭ ‬облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы болып екіге бөлінеді.‭ ‬Иесі ұсынушы облигациялар екі жерде тіркелмейді,‭ ‬ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектке төленеді.
Заимның мерзіміне қарай корпорация облигацияларды:
‭ ‬қысқа мерзімді‭ ‬:‭ ‬1‭ ‬жылдан‭ –‬жылға‭ ;
орта мерзімді‭ ‬:‭ ‬3‭ ‬жылдан‭ – ‬7‭ ‬жылға‭ ;
ұзақ мерзімді‭ ‬:‭ ‬7‭ ‬жылдан да көп‭ ;
осынша жылдарға дейінгі болып үшке бөлінеді.

1.3.Акция нарығындағы АҚ орны

‭ ‬Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады.‭ ‬Ал акция‭ ‬–үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз,‭ ‬яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына‭ (‬катигорияларына‭) ‬қарай акционердің дивидендтер алуға,‭ ‬қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады.‭ ‬Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады.‭ ‬Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады.‭ ‬Акционерлік қоғамдар жабық және ашық‭ ‬қоғам үлгісінде құрылады.‭ ‬Қоғамның фирмалық атауы болады,‭ ‬онда қоғамның атауы,‭ ‬сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай,‭ ‬ашық акционерлік қоғам немесе жабық акционерлік қоғам деген сөздер немесе‭ ‬ААҚ және ЖАҚ‭ ‬аббревиатурасы болуға тиіс.‭ ‬Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын-ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады.‭ ‬Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға хақылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар.‭ ‬Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне,‭ ‬ал олар бас тартқан жағдайда‭ –‬қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті.‭ ‬Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса,‭ ‬ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады.‭ ‬Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады.‭ ‬Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде қалдырудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін,‭ ‬бірақ ол кемінде отыз күн болады.
Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы.‭ ‬Сатуға ұсынылған‭ ‬акциялардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге және қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам‭ ‬ашық акционерлік қоғам деп аталады.‭ ‬Ашық қоғамның акциялары үш түрлі,‭ ‬яғни жабық,‭ ‬жеке және ашық орналастырылады.‭ ‬Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уақытта ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңында бағалы қағаздар нарығындаакциялар бағаланатын,‭ ‬активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің‭ ‬200000‭ ‬еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны‭ ‬500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады‭ ‬делінген.‭ ‬Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
ААҚ‭ ‬төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебе-
сін жоғалтады.‭ ‬Егер:
Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлерінің‭ ‬саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе‭;
Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің‭ ‬200000‭ ‬еселенген мөлшерінен кеміп кетсе‭;
Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы тоқтатылса,‭ ‬яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап‭ ‬6‭ ‬ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып,‭ ‬халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.
‭ ‬Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса,‭ ‬акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның‭ ‬құрылтайшылары‭ ‬болып есептеледі.‭ ‬Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.‭ ‬Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді.‭ ‬Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғамдарды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде орасан көп табысты иемденеді.‭ ‬Құрылтайшы пайдасы‭ ‬дегеніміз қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы.‭ ‬Басқаша айтқанда,‭ ‬жалған капитал және нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді.‭ ‬Мысалы,‭ ‬егер нақты капитал‭ ‬200‭ ‬доллар,‭ ‬ал жалған капитал‭ ‬1000‭ ‬доллар болса,‭ ‬онда құрылтайшы пайдасы‭ ‬800‭ ‬долларды құрайды‭ (‬1000-200‭)‬.‭ ‬Бұл пайданы алудың бір тәсілі‭ –‬капиталдың ажыратылмалы болуы,‭ ‬яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы.‭ ‬Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның‭ ‬құрылтай құжаттары болып табылады.‭ ‬Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.
Құрылтай жиналысында құрылтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды,‭ ‬оның жарғысын бекітеді,‭ ‬қоғамның органдарын,‭ ‬сондай-ақ қоғамды мемлекеттік тіркеуге арналған‭ ‬құжаттарға қол қоюға және ұсынуға,‭ ‬заңдарда белгіленген тәртіппен мүлікті,‭ ‬оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге құрылтайшылар енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге уәкілетті адамдарды сайлайды.‭ ‬Құрылтайшылар құрылтай жиналысының хаттамасын және құрылтай шартын жасасып,‭ ‬қол қоюға,‭ ‬сондай-ақ қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы шешім қабылдауға тиіс.
Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді.‭ ‬Шетелдік инвестордың қатысуымен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғамның‭ ‬құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім,‭ ‬қоғамның үлгісі,‭ ‬оның толықжәне қысқартылған атауы көрсетіледі.‭ ‬Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері:‭ ‬жабық қоғам үшін‭ –‬айлық есепті көрсеткіштің‭ ‬100‭ ‬еселенген,‭ ‬ал ашық қоғам үшін‭ –‬еселенген мөлшері туралы жазба болады.
Қоғамның‭ ‬жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат.‭ ‬Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады.‭ ‬Қоғамның орналасқан жері,‭ ‬жарияланған акциялардың әр түрлі саны,‭ ‬санаттары,‭ ‬атаулы құны,‭ ‬оларды иеленушілердің құқықтарытуралы мәліметтер көрсетіледі.‭ ‬Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі,‭ ‬сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары,‭ ‬яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпараттар құралдары көрсетіледі.‭
Осымен қатар жарғыда қоғам акционерлерінің‭ ‬құқықтары,‭ ‬яғни қоғамды басқаруға қатысуға,‭ ‬дивиденд алуға,‭ ‬қоғамның қаржылық есебімен танысуға,‭ ‬ол таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқылы екендігі айқындалады.‭ ‬Жарғыда акционерлердің‭ ‬міндеттері де көрсетіледі.‭ ‬Акционер өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау ниеті туралы қоғамға хабарлауға,‭ ‬тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акциялардың ұстаушылардың тізілімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергендігін он күн ішінде хабарлауға және қоғамның құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Акционерлік қоғам‭ –‬заңды тұлға.‭ ‬Оның органдары:‭ ‬акционерлердің жалпы жиналысы,‭ ‬директорлар кеңесі,‭ ‬алқалы орган немесе басқарма,‭ ‬тексеру комиссиясы болып табылады.‭ ‬Қоғам акционерлерінің жылдық‭ ‬жалпы‭ ‬жиналысы‭ ‬оның ең жоғары басқару органы.‭ ‬Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс.‭ ‬Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады.‭ ‬Жабық қоғамның жарғысында қоғамды,‭ ‬директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін.‭ ‬Бұл жағдайда,‭ ‬қоғамды басқару міндеті акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын кейбір мәселелерді айтсақ,‭ ‬олар:‭ ‬қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу‭; ‬қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату‭; ‬қоғамның басқару органдарын сайлау‭; ‬қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту‭; ‬оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту‭; ‬қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі,‭ ‬оның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа мәселелер.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп процентін иеленгенакционерлер тіркелсе,‭ ‬онда жалпы жиналыс шешім қабылдауға хақылы болып саналады.
Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда акционерлердің жалпы жиналысында құрамы үш адамнан кем болмауға‭ ‬тиіс‭ ‬есеп комиссиясы‭ ‬бекітіледі.‭ ‬Ол жалпы жиналыстың кворумын анықтайды,‭ ‬жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап,‭ ‬дауыс беру қорытындыларын шығарады.‭ ‬Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті.‭ ‬Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса,‭ ‬онда ол заңдарға сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайды.‭ ‬Дауыс беру‭ “‬қоғамның бір акциясы‭ –‬бір дауыс‭ ” ‬принципі бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамның басқару билігі қолында акцияларды бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады.‭ ‬Акциялардың бақылау бумасы‭ ‬деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны.‭ ‬Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік ара қатынасы.‭ ‬Іс жүзінде акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.‭
Қоғамның басқару органы‭ –‬директорлар кеңесі.Оның міндетіне қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау,‭ ‬акционерлердің жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау,‭ ‬олардың күн тәртібін бекіту,‭ ‬қоғам шығарған акцияларды,‭ ‬облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау,‭ ‬таза табысты,‭ ‬резервтік капитал‭ ‬мен қоғамның өзге қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.‭
Ағымдағы қызметке басшылық жасауды,‭ ‬яғни акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін қоғамның‭ ‬атқарушы органы жүзеге асырады.‭ ‬Ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.‭ ‬Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды.‭ ‬Атқарушы орган қоғамның атынан іс-қимыл жасайды,‭ ‬оның мүддесін қорғайды,‭ ‬штатты шығарып және қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.
Қоғамның атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган‭ –‬тексеру комиссиясы.‭ ‬Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып,‭ ‬бес жыл мерзімге сайланады.‭ ‬Тексеру комиссиясы кез-келген уақытта өзінің бастамасымен,‭ ‬акционерлер жалпы жиналысының,‭ ‬қоғамның директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың‭ ‬10‭ ‬процентінен астамын иеленетін акционерлерінің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының қызметіне тексеріс жүргізеді.
Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан дивиденд төлейді.‭ ‬Дивиденд‭ ‬деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы.‭ ‬Дивидендтер ақшамен немесе акционердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төленеді.‭ ‬Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын,‭ ‬жарты жылда бір рет,‭ ‬не жыл қорытындысы бойынша жариялайды.

Қазақстандағы акция нарығының жағдайы.
Акцияның басқа бағалы қағаздармен қарым-қатынасы
3.2.‭ ‬Акция нарығының бағалы қағаздар нарығындағы алатын орны

Акция‭ ‬-‭ ‬акционерлік‭ ‬қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті,‭ ‬меншік нысанына білдіретін бағалы қағаз.‭

Акция өз кезегінде оның иесіне тиісті‭ ‬акция соиасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді.‭ ‬Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады,‭ ‬ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса,‭ ‬онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болып табылады.‭ ‬Акционерлік АҚ-ның несие беруші болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды.‭ ‬Акционерлердің жылдық табысының‭ ‬шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді.‭ ‬Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану,‭ ‬сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.
‭ ‬Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса,‭ ‬онда акционерлік капиталды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғам туралы
Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері
Акционерлік қоғам түсінігі және экономикада алатын рөлі
Қазақстандағы акция нарығының жағдайы
Акционерлік қоғамның жалпы түсінігі және оның экономикалық мәні
Акционерлік құқықтары мен міндеттері
Қазақстанда корпоративтік бағалы қағаздардың дамуы
Бағалы қағаздар нарығын құру
Корпоративтік бағалы қағаздар түсінігі
Бағалы қағаздардың түрлері, қызметі және мәні
Пәндер