Ақша нарығының қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 Ақша нарығының қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Валюталық биржалар. Атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржаларды жетілдіру барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Ақша мен биржаның пайда болуы
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сұйене отырып, ақшаның шарты – белгілі март, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылай келісімге келу үшін кездесетін орын.
Биржаның бысшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның мүшелерін брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының (курсының) айырмашылығына тең, ия болмаса клиент Берген мәміле сомасының белгілі бір келісілген нақты проценті болуы мүмкін. Бұл әрине келісім шартта көрсетіледі.
Сонымен, қор биржасы - бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздары сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Байгісиев М. Халықаралық валюталық қатынастар. Алматы 2005ж.
2. Шеденов У. Жалпы экономикалық теория. Алматы 2005 ж.
3. Саниев Ө. Ақша. Неисе. Банк ісі. Алматы 2005 ж.
4. Көшенова Б. Валюталық қатынастар. Алматы 2005 ж.
5. Әубәкіров Я.Ә. Экономикалық саясат негіздері. Алматы: Санат, 1998 ж.
6. Мәделиев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Алматы. Экономика, 1995 ж.
7. Жүнісов Б., Ұ.Мамбетов, У.Байжомартов. Нарықтық экономика негіздері. Алматы 2003 ж.
8. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг: Введение в фондовые операции. С: Сомвен, 1992. - 160 с: ил
9. Балабанов В.С. Рынок ценных бумаг: Коммерческая азбука / В.С.Балабанов, И.Е. Осокин, А.И. Поволоцкий. - Москва: Финансы и статистика., 1994. - 128 с
10. Балабанов И.Т. финансовый менеджмент: Учебник. -Москва: Финансы и статистика., 1994. - 224 с: ил.
11. Биржевая деятельность: Учебник / Под ред. проф. Галанова. - Москва: Финансы и статистика., 1996. - 240 с: ил.
12. Бороздин П.Ю. Ценные бумаги м фондовый рынок. -Москва: 1994. - 260с
13. Бункина М. Деньги, банки, валюта. Учебное пособие. Москва.; АО "ДИС", 1994.
14. Ефремов И.А. Операции коммерческих банков с іденными бумагами. Москва.: Ист-Сервис, 1995. - 441с
15. Карагусова Г. Что нужно знать о ценных бумагах: Вопросы и ответы. - Алматы: Қаржы-қаражат, 1996. - 28с
16. Карагусов Ф. Ценные бумаги и регулирование их обращения в Республике Казахстан. - Алматы: Қаржы-қаражат, 1995. - 56с
17. Кредиты. Инвестиции - Москва.: "ПРИОР", 1995. - 144с Лексис В. Кредит и банки (Перевод с немецкого языка). Москва., Перспектива, 1994.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Ақша нарығының қалыптасуы, мәні және атқаратын 6-26
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-3 2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Валюталық биржалар. Атқаратын 32-36
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржаларды 38
жетілдіру
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Аннотация

Курстық жұмыста ақша нарығы мен валюталық биржалардың мәнін, оның
түрлері мен атқаратын қызметін қарастырдым.
Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржаларды
жетілдіру барысын қарастырдым.
Курстық жұмыстың құрамында 7 – сурет, 17 әдебиет қолдандым.

Кіріспе

Ақша мен биржаның пайда болуы
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні
туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері
ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сұйене отырып,
ақшаның шарты – белгілі март, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі
деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен
тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері
ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Биржа деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген
мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды
(облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII
ғ. биржалар тауар жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының
ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни
XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс
көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын
және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап
отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу
фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті
болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді.
Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным
негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер
жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылай келісімге келу үшін кездесетін
орын.
Биржаның бысшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның
мүшелерін брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында
клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар
жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер
сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз
есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің
табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының
(курсының) айырмашылығына тең, ия болмаса клиент Берген мәміле сомасының
белгілі бір келісілген нақты проценті болуы мүмкін. Бұл әрине келісім
шартта көрсетіледі.
Сонымен, қор биржасы - бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни
делдалдар арқылы бағалы қағаздары сату және сатып алу жөнінде мәміле
жасайтын нарық.
1 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция

Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойыңда жасырын түрде барлық
басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың
қандайына болса да тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және
тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал Құнның
ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болад. Баға құнының
ақшалай көрініс. Оның құннын жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл
өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де
туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға
осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы
оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар
дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1)
ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2)онда абстракты
еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3) тауар өндіруші жеке еңбегі.
Қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну
құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды
шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені оны тұтыну
құны тұрғысынан қоғамдық қажеті де оның мүшелерінің қажетін де
қанағаттаңдыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол
тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі
бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі нарық қатынасында
бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың
қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы
өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем
құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар. Ақшаның ең бірінші және басты
қызметі — құн өлшеуіші. Мұңда ол жалпы эквивалент рөлін атқарды. Оның мәні
барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Мұндай қызметті өзіндік
құны бар тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды, барлық жағдайда
әрі өлшеуіші қызметін алтын ғана атқарады.
Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға
тікелей айырбасталуы (Т — Т) біржола тауар айналымына (Т — А — Т), яғни
ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық,
яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты
ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша
тауарға тікелей айырбасқа түседі. Тауарды сатып алу, сату процесінде қолма-
қол ақшаның орын алмауы да мүмкін. Оған себеп, тауарды өндірудегі өндіріс
процесінің, сатудағы айналыс процесінің ұзақтықтары түрліше. Ал кейбір
тауарларды өндіру мен сату процесі белгілі бір маусымға т. б. байланысты
жағдайда болады.
Әсіресе халықаралық енбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық
қатынастар шеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл
атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін
кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек
қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да
кеңінен қолданылуда. Олардың әрбіреуінін рөлі мен орнына семинар
сабақтарында кеңінен тоқталуды ұсынамыз. Қазына жинау тауар өндірісінің
объективті қажеттілігінен туындайды, әрбір тауар өндіруші өзіне өз
тауарларының өту-өтпеуіне қарамастан қандай жағдайда болсын басқа бір
тауарды сатып аларлықтай, әр түрлі кездейсоқ нарық стихиясынан сақтарлықтай
кепілдік жасауы керек. Сатпай тұрып, сатын аларлықтай, кез келген затқа
әрдайым айырбастай аларлықтай белгілі бір мөлшерде ақша қоры болуы шарт,
Тауар-ақша қатынасы, осымен байланысты ақшаның үстемдік етуі белгілі бір
дәрежеге жеткенде кейбір адамдар үшін ақша қорын молайту олардың өмір
сүруінің мақсат мүддесіне айналады. Қазіргі кәсіпкерліктің дамуымен
байланысты бұл зор маңызға ие болып отыр. Тауар-ақша қатынасының ұлттық
шеңберден шығын, дүниежүзілік нарықты қамтамасыз етуі оның дүниежүзілік
қызметін көрсетеді. Ақшаның әлемдік аренаға шығуымен байланысты ол өзінін
"ұлттық мундирін" алып тастан, алғашқы бағалы металдар қорытпасы түрінде
қызмет атқарады. Дүние-жүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретіңде
қызмет атқарады. Ал оның түрлерін ілгеріде атап өттік. Сонымен дүниежүзілік
ақшалар үш түрлі қызмет атқарады: 1) халықаралық төлем құралы; 2)
халықаралық сатып алу, сату құралы; 3) қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.
Қағаз ақшалар өте ертеде, ең алғаш Қытайда даму алған. Олардың металл
ақшалар айналысынан, айналыс құралы ретінде атқаратын қызметінен шыққан.
Өйткені металл ақшалар айналыс қызметін атқара отырып, тұтынуда тозады,
салмағы кемиді, құны азаяды. Монеталардың номиналдық және нақыл мазмұны
арасында айырмашылық пайда болады. Сөйтіп келе-келе олардың орнын қағаз
ақшалар басқан. Егер қағаз ақшалар тауар айналысына қажетті мөлшерде
шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақтылы сатып алу қабілеттілігі
олардың номиналдық алтын мазмұнына сәйкес келетін болады. Ал, егер ақша
массасы тауар массасынан көп шығарылса, онда ол құнсызданады, инфляцияға
ұласады. Инфляция белгілі бір елдің айналыстағы қағаз ақшасының шамадан тыс
көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы. Инфляция қағаз ақшалардың
алтынмен салыстырғанда құнының төмендеп кетуінен туады да, тауарлар
бағасының көтерілуіне әкеп соғады. Осымен байланысты қағаз ақшаның ресми
құнын өзінің тұрақты қалпына келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен
ақшаларды айналыстан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін
шығару (ашық девальвация), яки айналыстағы қағаз ақшаның ресми құнын
төмеңдету (бүркемелі девальвация) мақсатымен ақша реформасын жүргізу.
Ұлттық ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту және оның шетел
валюталарымен қатынас курсын төмендету.
Ревальвация — ақша курсын көтеру. Алтын немесе шетел валютасымен
салыстырғанда мемлекеттік қағаз ақша курсының өсуі. Ревальвация ақшаны
тұрақтаңдыру мен бағаның инфляциялық өсуіне қарсы ықпал етудің белгілі бір
әдісі. Сонымен, ақша тауар өндірісінің қажетті элементі. Оның тауарлар
дүниесіндегі ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент рөлін атқарады, бүкіл
тауарлардың құн өлшеуіші.
Ақша техникалық құрал емес, ол экономикалық категория адамдар
арасындағы өндірістік қатынастарды көрсетеді. Ақша қатынасының сипаты тауар
өндірісінің типімен анықталады. Сондықтан ақшаның қызметінің әр қилы
өндіріс тәсілдеріне ұқсастықтарына қарамастан, әлеуметтік-экономикалық
мәнінде ерекшеліктер орын алды.
Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір
пропорциялардың болуын қалайды. Олардың ішіңдегі ең бастысы ақшаға деген
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының
мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды
ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теоршшық талдау мен нарықтағы теңдік
жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мектептін
монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанын
көрсетеді.
Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге
сүйеніп, XVIII ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында
үстіміздегі ғасырдың 30—40 - жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның
сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі
идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршалл, А.
Пигу, К. Виксель, Д. Патинкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель
мен Б. Хансен. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде
Чикаго мектебі ғалымдарының 50—60-жылдардағы еңбектерінея көрінеді. (М.
Фридмен, К.Брунчер, А.X.Мельтцер).
Монетаристер экономиканы дамытуда ақшаның реліне үлкен мән береді.
Нарықтық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының
маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны — ақшаның маңызы бар (moneg
masters) ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды (moyey is all that
matters). Кейінірек қазіргі монетаристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс
теориясының негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және
монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен
неоклассикалық варианттың сандық теориясына талдау жасайық. Сандық
теорияның негізгі постулаты (жорамалы) мынада: бағаның абсолютті деңгейі
номиналды ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда, ақшаны
көп ұсынған сайын, бағанын деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай
тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің
өкілдері ағылшын ғалымдары А. Маршалл, А.Пигу, Д.Робертен бұл теңдікті
былай қисындайды:
М-s = КРҮ
Мұнда М-s — ақшаның номиналды саны: к — номиналды табыс пен қажетті
ақша қалдықтары (шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы
пропорция Р — бағаның абсолютті деңгейі, Ү — нақты табыс.
Егер К мен Ү— өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есептесек, онда ақшаның
номиналды санының өзгеруі М-s бағаның абсолютті деңгейінің де өзгеруіне
әкеледі деген қорытынды жасауға болады.
Американ профессоры И. Фишер өзінің "Ақшаның сатып алу күші" (1911)
деген кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп
шығарды: М-sV = РҮ мүндағы V — ақша айналымының жылдамдығы. Осындай
жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда қозғалыс жасайды.
Теңдіктің екі бөлігін V-ге белсек, мына формуланы аламыз: М-s
Демек, V малшері кембридж формуласыңдағы к мөлшеріне кері әсері бар. Бұл
қисын былай түсіндіріледі: егер ивдивидтер аз ақша қалдықтарын сақтаса (к —
төмен) онда соңдай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымының жылдамдығын
арттыру керек (V жоғары).
Ақшаға сұраныстың неоклассикалық теориясы математикалық тұрғыдан үш
теңдік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз байланыста.
Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша қалдығына сұранысты суреттейді:
М 2 = КРҮ
Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды М s = М -s
Үшіншіден, бүл теңдеу нарықтағы теңдіктің жағдайларын көрсетеді: Мs= М-
д яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс оның нарықтағы тепе-теңдігін
сақтайтындай жоспарланған ұсынысына сәйкес болуы қажет.
Демек, неоклассиктердің түсінігіңде ақша нарығының макроэкономикалық
үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс
дәрежесінің қызметі (РҮ), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер, яғни
ақшаға сұраныстан тыс бөлек тағайындалады.
График түрінде бүл үлгіні былай көрсетуге болады.
М sМ -s — ақшаны ұсыну қисық сызығы.
ОМД — ақшаға сұраныстың қисық сызығы.
1-сурет.
Ақшаға сұраныстың қисық сызығы.

Суретте ақшаға сұраныстың (М) баға дәрежесіне тәуелділігі (Р)
бейнеленген. Баға дәрежесі өскен сайын ақшаға да сұраныс ұлғаяды. Ақшаға
сұраныстың қисық сызығы табыстың деңгейімен (Ү) байланысты. Ол толық
жұмыспен қамтылған жағдайда бекітілген. Табыстардың өсуі ақшаға деген
сұраныстың үлкен жұмсақтылығына, икемділігіне әкеледі, ол суретте сұраныс
қисық сызығының көп жазықтығымен көрсетілген. Ақшаға сұраныстың қисық
сызығы МsМs тіке сызылған, өйткені баға дәрежесіне байланысты емес.
Баға РА — деңгейінде тағайындалғанда ақшаға сұраныс пен оны ұсынудың
қисық сызығы қиылысқан нүктесіңде ақша рыногынының неоклассикалық үлгісі
теңдік жағдайда болады. Егер баға жалпы деңгейлік РВ келеміне дейін
төмендесе, овда тең МsМs3 артық ақша ұсынысы шығады.
Мұндай жағдайда ақша құнсызданып, бағалар өсіп РА деңгейіне жақыңдайды.
Сөйтіп, нарықта автоматты теңдік орнату тенденциясы көрінеді.
Кейнсиандық теория ақшаға сұранысты түсіндіргенде неоклассиктерден
мүлдем алшақтайды. Дж. М. Кейнс "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы
теориясы" деген еңбегінде адамдардың ақшалай (өтімді) түрде жинақ сақтауға
ұмытылуының үш психологиялық себебін ұсынды: трансакциондық, алыпсатарлық
және сақтық.
Трансакциондық қалдық қаржыларды белгілі бір ақша табысының деңгейін
ұстап тұру үшін сақтайды. Табыс келтіру және оны жұмсау белгілі уақытқа
белінген және бұл интервалды үнемі толықтырып тұру керек. Егер интервал
ұзақтығы тұрақты болып және ол табыс деңгейімен процент нормасының
өзгеруімен байланысты болмаса (оларды мүлдем ескермеуге болмайды) онда
мынадай қорытындыға келеміз: жеке дара адам үшін трансакциондық қалдық
деңгейі оның ақша табысындағы үлесіне тең болады: .
Сонымен Дж. М. Кейнс ақшаға сұранысты түсіндіруде неоклассиктер
теориясы өкілдерінің бұл жөніндегі пікірлерімен сәйкес келеді. Қалдық
ақшаларды, алыпсатарлық немесе сақтық, бейқам болу ниетімен ұстап тұру
себептері де бұрынғы неоклассиктердің көзқарастарынан айырмашылықтары көп.
Дж. М. Кейнс ақшаға сұраныс теориясында жоғарыда аталған себептерге
ерекше мән берген. Оның ойынша, финанс рыногындағы екі ұштылықпен қауып-
қатер жагдайында ақшаға деген сұраныс белгілі дәрежеде облигациадан түсетін
табысқа да байланысты. Егер адам алып-сатарлық ойымен болашақтағы процент
нормасын нарықтан күткеннен көп екенін есептеп шығарса, онда ол ақшаны
жинақтап ұстауға тырысады, облигацияларды сатып алмайды, өйткені процент
нормасының өсуі облигация курсын төмендетеді. Демек, бұл пиғыл
алыпсатарлыққа жақын және ол процент ставкасының өзгеруімен байланысты.
Сонымен экономика ғылымында Кейнс қоржындық таңдау проблемасын енгізді,
белгілі адамның активінің (ақшасының) қолайлы құрылымы қандай болуы керек
(ақша қаржысымен облигация үлестерінің арасалмағы) ин-дивидтің (адамның)
күткен үмітін талдауда да ол басты рөл атқарады. Ол ақшаға сұранысты болжап
білуге болмайтын құбылысқа айналдырады.
Сұраныс екі бөлікке бөлінеді:
Мд = М + М =l1(Ү) + L2(r-r)
Мд— трансакциондық сұраныс иемесе басқаша көрінісі,
l1(y);М— алыпсатарлық сұраныс немесе басқаша көрінісі,
L2(r-r)r —нарықтың проценттік ставкасы, — r процент нормасының
жайшылықтағы күтімі.
Ақша нарығының Кейнстік агрегаттық үлгісі трансакциондық
алыпсатарлықтың ақша қалдықтарына сұраныс қызметін біріктіреді сонымен
қатар сақтандыру пиғылы да ескеріледі. График түрінде бұл 2-суретте
көрсетілген.
2-суреттегі график ақшаға трансакциоңдық сұранысты білдіреді.
Алыпсатарлық пиғыл Кейнс теориясыңда өтімділікті мақұл кереді (предпочтение
ликвидности). Өтімділікті (ликвидность) L символымен белгілейді.
Бағалы қағаздардың (облигациялар және тағы басқалар) курсы біріншіден,
түсетін табыстарға (акциадан — дивиденд) облигациялардан процент, екіншіден
депозит (салым) бойынша процент ставкасына байланысты. Демек, облигация
құрайтын құнды-бағалы қағаздар табысы проценттің орташа деңгейі.
2 – сурет.
Ақшаға трансакциоңдық сұраныстың қисық сызығы.

2-сурет ақшаға деген трансакциондық сұранысты білдіреді. Ол проценітің
(r) дәрежесіне байланысты болмайды, сондықтан да трансакциондық сұраныс тік
сызық. Ал 2, б-суретте ақшаға деген алыпсатарлық сұраныс керсетілген. Ол
ставка процентіне бағынышты және ол теңділік екі жақты. Процент жоғары
болған сайын қолдағы ақшаны облигация түрінде ұстаған тиімді, өйткені
өтімділікке жол жоқ 2,в-суретінде ақшаға деген жалпы сұраныс бейнеленген,
яғни Мд Мд сызығы көбейте қосудан жасаған.
Ақшаны ұсыну егер ол экзогенді автономиялық ақшаға сұраныс пен ставка
процентінің көлеміне тәуелсіз түрде болса, тік сызық арқылы көрінеді. (3-
сурет). Енді ақшаға сұраныс графигі мен ақшаны ұсыну графигін біріктірейік.
1-суретке қарағанда ординат белдігіне баға дәрежесін емес, ставка
процентінің мөлшерін енгізейік (4-сурет).
Мд және Мs сызықтарының қиылысы ақша рыногындағы тепе-теңдік
процентінің r° деңгейінде орнағанын көрсетеді. Егер мысалға, орталық банк
ақшаны ұсынуды азайтса, онда Мs сызығы соған ығысып Мs’ жағдайына енеді.
Сөйтіп ақша рыногында жаңа тепе-теңдік орнайды, бірақ ол проценттің жоғары
деңгейінде болады. 4-суретте несие-қаржы орындары басшыларының ақшаны
ұсынуды ұлғайту немесе азайту арқылы процент ставкасы деңгейіне қалай әсер
ететіні анық көрініп тұр.
3 – 4 сурет.
Ақшаға сұраныс және ұсыну сызбасы

30-жылдардағы Кейнс идеяларының кеңірек таралуы неоклассикалық
теорияның деградацияланып құруына әкелді. 50-жылдарда Кейнстерге қыр
көрсетіп күреске шақырған қазіргі монетаристер сандық теорияны бұрынғы
қалпында дүниеге келтіруге болмайтындығын түсінді. Сондықтан да осы
теорияның негізін қалаушы — американ профессоры, экономика саласында Нобель
сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен ақшаға сұраныс теориясын
микроэкономикалық сатыда (жекелеген шаруашылық агенттерінің тәртібі)
зерделеуге көңіл аударып, содан кейін барып алынған қорытындыларға
макроэкономикалық шеңберде мән беріп, ақшаға деген сұраныстың өзгерісін
және оның барлық шаруашылық ықпалын талдайды. Ақшаға сұраныстың таза
теориясы деген атпен белгілі болған сандық теорияның жаңа вариантында М.
Фридмен ақшаға сұраныстың кызметін былайша көрсетті:
Мд=Рf (rВ, re, Р, һ, Ү, и)
Мұндағы Мд — номиналды ақша қалдығына жоспарланған сұраныс. Р— бағаның
абсолютті деңгейі r°— облигациялардың % нормасы rВ — акция табыстарының
нарықтық нормасы. Р — баға деңгейінің өзгеру проценті (тауарларды акция
түрінде сақтаудан түскен табыстағы ставкасы) У — тұрақты бағадағы ұлттық
табыс. һ — ұлттық табыстың, байлықтың физикалық компонентінің үлесі, и —
ақшнаға сұранысқа әсер ететін басқа факторлар.
Монетаризм ақшаға деген сұранысты шаруашылық агенттердің ақша қорынан
түсетін және баламалы активтердің келтіретін табыстарын салыстыру нәтижесі
ретінде анықтайды. Ақша қорының артықшылығы ақшаның айырбасты жеделдету
және банкроттан сақтау қабілетінен көрінеді. Сөйтіп, кейнсшілдерідің
қоржынға нені салуды қалайтынын ақшаны ма, жоқ облигацияны ма деген
таңдауларын жеңілдетті. Ал монетаристер болса, таңдаудың көптеген
баламаларын (альтернативтерін) ұсынды.
М. Фридменның теориясында ақшаға сұраныс қызметінен тұрақты болатыны
баса айтылған. Бұл кейнсшілдердің ақшаға сұранысты болжап білуге болмайды
дегендеріне қарсы бағытталған анықтама. Монетаристер халық жинағындағы ақша
қорларын жалпы ұлттық өнімнің тұрақты бөлігі деп есептейді. Бұл анықтаманы
теориялық жағынан негіздеу үшін М.Фридмен ақшаға актив қаржыларының ең бір
инерциялық элементі деп қарады. Ақшаға деген сұраныс өзгермелі табыспен
емес, оның орнықты бөлігімен, тұзақты табыспен анықталады. Ол өткен
жылдарға және қазіргі табыс дәрежесі негізіңде орташа мөлшер түрінде
есептеледі. Егер нақты ақша қоры халықтың тілейтін дәрежесінен асып түссе
не болар еді? Онда адамдар қосымша ақшадан өздерінің шығындарын көбейту
немесе өздерінің активтерінің (мысалы бағалы қағаздар сатып алу) құрылымын
өзгерту арқылы құтылады. Ал бұл жиынтық сұранысты өсіргендіктен баға
көтеріледі, олай болса өндіріс те ұлғаюы тиіс. Бүкіл ұлттық өнім адамдардың
қосымша сұраныс тудырғанына дейін өсіп отырады. Халық қолындағы
күткендігінен көп ақша таусылғанша жоғарыдағы процесс жүре береді. Сонымен
қатар ақша қорының құрылымы өзгереді (біреулерде ақша азайса, екіншілерінде
көбейеді). Алайда, тұтас алғанда ақша көлемі, массасы өзгеріссіз қалады.
Бірақ бұл нақтылы өмірге сәйкес келмейді, сұраныс көп болған жағдайда
ақшаны ұсыну деңгейі өзгереді, мысалы жоғарыда көрсетілген депозиттерді
мультипликациондық кеңейту механизмі арқылы өзгереді. Адамдар банктен қарыз
алады және ол өздерінде қосымша ақша қалдырғысы келмеген жағдайға дейін
созыла береді. Мұнда ЖҰӨ-нің есуі тоқталады, ал халықтың қолындағы ақша
қорлары ақшалай табыстың тұрақты үлесі болып қала беруі тиіс.
Соғыстан кейінгі, алғашқы онжылдықтарда АҚШ-тың ЖҰӨ мен ақша массасының
өзгеруі туралы деректер монетаристердін көзқарастарын растағандай еді,
бірақ 70— 80-жылдарда ақшаға деген сұраныстың тұрақтылығы жөніндегі тезис
айтарлықтай шайқалды, өйткені монета-ристердің бірде-бір теориялық үлгісі,
теңдеу жүйелері сол кезеңдегі ақша массасы қаншалықты өзгеретінін дәл айта
алмады. Сөйте тұра монетаристер ЖҰӨ-ге қатысты, ақшаға деген сұраныстың
қалайда өзгеретінін жоққа шығармады. Бірақ бұл өзгерістер өте баяу жүреді
(мысалы, несиелік карточкаларды енгізу, ЭВМ банкілерін құру үшін уақыт
керек) немесе бұл өзгерістердің айтарлықтай еместігі сонша, тіпті оларды
есепке алмауға да болады. Соңғысына монетаристер процент ставкасын
жоғарылату немесе төмендету арқылы номиналды ақша қалдықтарындағы
өзгерістерді жатқызады. Монетаристер олардың ақша қоры үлесін өзгертетін
факторлар екеніне сенбейді. Олар инфляцияның әсерінен ақшаға сұраныс
қызметінің өзгеретіндігімен келіседі, себебі бағаның инфляциялық өсуін
күткен адамдар ақша қорын азайтып, оны көп жұмсауға тырысады.
М. Фридменнің таза теориясын сұраныс теориясы демей, ақша ұсынысы
теориясы деу абзал. Өйткені соңғысы жиі және жедел өзгеріп, нарықтағы
жағдайды анықтайды. Монетаризмнің маңызды бір жорамалы ақша ұсынысының
экзогендік сипаты, яғни оны анықтайтын күштердің экономикалық жүйеден тыс
болуы (бұл жерде олар үкіметті көрсетеді). М.Фридмен бұл жағдайда ақша
ұсынысы оған сұраныстың өзгеруімен байланысты емес, автономды, бөлек жүреді
деп толықтырады. Ақша ұсынысының экзогендік сипаты міндетті түрде орталық
банктің ақша массасына қатаң және тиімді бақылау жасауын қажет етеді.
Неокейнсиандық монетаристердің ақша ұсынысының экзогеңдік сипаты бар
дегендеріне қарсы шықты. Несиелік ақшаға негізделген шаруашылық жағдайында
ақша ұсынысы оған деген сұраныстың өзгеруіне тікелей тәуелді (қолма-қол
ақшаға немесе депозиттеріне) және ол эндогендік (ішкі параметрлерге
тәуелді) сипатта болады. Монетаристер баға мен жалақы икемді болып
сұранысқа қарай жылдам өзгеретінін айтады. Сөйтіп олар Дж. М, Кейнс пен оны
қолдаушылардың бұл көлемдер тұрақты, өзгермейді дегендерін жоққа шығарады.
Бір қарағанда әңгіме таза теориялық, схоластикалық өмірден алшақ проблема
сияқты, нарықтық шаруашылықты мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуге қатысы
жоқ болып көрінеді. Бірақ олай емес, біз болашақта өмірлік маңызы бар екі
экономикалық мектептің макроэкономикалық үлгілерімен таныстық.
Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы
Неокейнсиандықтар мен монетаристердің теориялық айтыстары қалай
дегенмен баға белгілеу немесе ақшаға сұраныс мәселесі төңірегінде емес,
ақшаның нарықтық шаруашылық дамуына әсері қандай деген проблемада жатыр.
Бұл мектептердің нарықтық экономика механизмінің қызметі туралы
түсініктері әр түрлі.
Монетаристер неоклассиктер сияқты барлық ресурсттарды толық пайдалану
жағдайыңда нарықтық экономика тепе-теңдікті автоматты түрде сақтауға
ұмтылады дегенді жақтайды. Өйткені экономикалық дамудың "қозғаушы" және
"тұрақтандырушы" тетіктері мүлтіксіз жұмыс істейді. Сондықтан мемлекеттік
саясат ұдайы өндіріс процестеріне жанама түрде ғана араласуы керек, өйткені
ол кәсіпкерлік еркіншілікке зиян келтіреді оны жоққа шығарады. Алайда
өздерінің болжамдарына берік неокейнсиандықтар нарық шаруашылығының ішкі
механизмі экономиканы ұзақ кезеңді тоқыраудан, дағдарыстан шығара алмайды
деп жариялайды. Сондықтан олар нарықтық шаруашылықты мемлекеттік реттеу
саясатын белсенді насихаттайды.
Монетаристердің макроэкономикасының үлгісі ақшаның жиынтық сұранысын
реттеуге немесе мемлекеттік монетарлық саясатына басымдылық маңыз береді,
ал кейнсиандықтардың ақшамен қатар фискалдық (салық) саясатына да назар
аударғаны белгілі. Ақша (монетарлық) саясаты — орталық банктің жиынтық
сұранысты реттеу мақсатында несие мен ақша айналымына жоспарлы түрде ықпал
ету үшін қабылдаған өзара байланысты шараларының кешені.
Неокейнсиандықтар жақтайтын фискалдық саясатқа мемлекеттік шығындар мен
салықтарға жоспарлы ықпал ету арқылы жиынтық сұранысты реттеу жатады.
Монетаристер мен кейнсиандықтардың бұл мәселе жөніндегі айырмашылықтары
олардың теориялық алғышарттарында жатыр.
Егер ақшаға сұраныс тұрақты, алдын ала болжауға мүмкін болса, ол ақшаны
ұсыну экзогенді болса, онда орталық банк ақша саясаты арқылы шаруашылық
агенттерінің шығындарын ұлғайтып, немесе қысқарта алады, сөйтіп,
экономикалық дамуды тиімді реттей алады. Егер ақшаға сұраныс тұрақты
болмай, ақшаны ұсыну эндогендік сипатта болса, онда орталық банктің ақша
саясаты нәтижесіз болады және шаруашылықты реттеу фискалдық саясат арқылы
жүреді. Қандай экономикалық әдістер мен тетіктер арқылы орталық банк өзінің
ақша саясатын жүргізе алады?
Орталық банк банкнот (эмиссия) саласыңда ғана монопольдық жағдайда
болып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің монетарлық саясатын жүргізу
барысында да маңызды рөл атқарады. Бұл саясат қысқа мерзімге айналған және
жанама тәсілдер арқылы жүргізіледі. Монетарлық саясатты жүргізе отырып,
орталық банк экономикалық өсуге қолайлы жағдай жасау үшін алдына нақты
мақсат қояды: экономикалық өсудің қарқынын реттеу, тауар, капитал және
жұмысшы нарықтарындағы циклдық ауытқуларды жұмсарту, инфляцияны тежеу,
төлем балансында сәйкестікке жету.
Орталық банктің несие-ақша саясатының басты құралдары: ашық нарықтағы
операциялар, дисконттық саясат, (процент ставкасын өзгерту) банк мекемелері
үшін міндетті резерв нормаларын өзгерту.
Орталық банктің несие-ақша саясатының басты бағыты ашық нарықтағы
операциялар. Мұның мәні мемлекет облигацияларын сатып алу мен сату.
Мемлекет облигацияларын инвестициондық брокер-диллерге сатып, ал олар оны
коммерциялық банктерге, корпорациялар мен қаржы мекемелеріне қайта сатуды
ұйымдастырып, орталық банк банктік резервті азайтуға, сол арқылы
депозиттерді едәуір қысқартуға қол жеткізеді. Ашық нарықтағы операцияларды
батыс елдерінің орталық банктері, әсіресе мемлекеттік облигация сыйымдылығы
үлкен рыногы жүргізеді (АҚШ, Ұлыбритания, Канада).
Есеп — процент, дисконтты саясаттың мәні процент ставкасы көлемін
реттеуден көрінеді. Ол коммерциялық банктер және орталық банктер мен
резервтерді қамтиды. Әдеттегі тәжірибеде коммерциялық банктер орталық
банктен аманат міндеттемелер немесе коммерциялық вексельдер есебінен несие
алатын еді. Орталық банктер несие ставкасын көтерсе, коммерциялық банктер
олардан алатын қаржылар көлемін азайтуға мәжбүр болады. Ал мұның өзі
резервтерді төмендетін, ставка процентін көтеріп, кредит (несие)
операцияларын азайтады:. Есеп-процент механизмі ғасырдың бас кезінде жақсы
істеп, бірақ оны қолдану банк монополиялары тарапынан қарсы әрекеттерге
кезікті. Олар проценттік ставканы нарықта қалыптасқан жағдай бойынша емес,
өзара келісіп белгіледі. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы да есеп-
процент саясатының тиімділігіне теріс әсер етті. Қазіргі кезеңде ставка
есебін төмендетсе, ол капиталдың сол елден басқа елге кетуін мәжбүр етеді,
сөйтіп бұл саясат экономикалық конюнктура әсерін әлсіретеді. Орталық банк
барлық банк мекемелерінің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту
арқылы банк резервінің көлемше тікелей әсер ете алады. Осы құрал қаржы
жағдайына оперативті түрде жедел ықпал жасайды. АҚШ-та міндетті резервтің
төмен нормасы 1933 жылдан бастап жүргізілді. Ал 1980 жылы депозиттік
институттарды реттеу және монетарлық бақылауды күшейту туралы заң
қабылданды. Бұл заң бойынша ФРС–тің федералдық резерв системасы) резервтік
талаптарды елдің барлық депозиттік институттарьша (бұрьш тек ФРС мүшелері
коммерциялық банктерге ғана міңдетті) таратты. Бұл АҚШ-тың несие
жүйесіндегі ФРС-тің позициясы мен рөлін күшейтті.
80-жылдары батыс елдері өздерінің орталық банктердің несие-ақша
саясатына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Мемлекеттік экономикалық
саясатының теориялық негіздері қайта құрылды, кейнсиандық догмалардан бас
тартып, неоклассиктер идеяларына орнады (айталық, монетаристік
концепцияға). Тәжірибеде бұл экономикалық саясаттың әсері процент ставкасы
динамикасы, ақша массасының көлемі мен қарқынын өзгертуге әкелді. Бірқатар
батыс елдерінде 70-жылдарда ақша массасын таргетирлеу (target — мақсат)
жүргізілді. Мұның мәні алдағы кезеңге ақша массалары өсуінің жоғары және
теменгі деңгейін орнату. Болашақ ақша массасының мөлшеріне мұндай шектеу
АҚШ, ФРГ, Англия, Канада және Жапонияда қойылды.
Орталық банктің монетарлық саясатының механизмі қандай? Ақша массасының
несие көлеміне жоғарыда көрсетілген әр түрлі тәсілдердің әсер етуі орталық
банктің түпкілікті жиынтық сұранысқа жүйелі ақша массасы, процент нормасы,
күрделі қаржы, жиынтық сұраныс, ұлттық табыс арқылы ықпал жасайды. Егер
орталық банк қабылдаған шешімдердің жүзеге асу механизмін кезеңдерге бөліп
қарасақ былай болар еді:
Бірінші кезеңде орталық банк өзінің әрекеттері арқылы (коммерциялық
банктерден облигациялар сатып алу немесе резервтік талап ставкаларын
төмендету) ақша массасын көбейтеді.
Екінші кезеңде банк депозиттерінің мультипликациондық кеңеюі болып
ақшаны ұсыну ұлғаяды.
Үшінші кезеңде ақшаны ұсынудың өсуі оны арзандатады, яғни проценттік
ставкасын төмендетіп инвестицияғгі сұранысты ұлғайтады.
Төртінші кезеңде процент ставкасының төмендеуінің нәтижесіңде жеке
меншік және мемлекеттік инвестициялар артады. Бесінші кезеңде күрделі
қаржының өсуі табыстардың көбеюіне, өндірістің, жұмыспен қамтудың ұлғаюына
және инфляция қарқынының жеделдеуіне әкеледі.
5-сурет.
Монетарлық саясаттың жалпы ұлттық өнімнің сызбасы

М — ақша массасының көлемі; l — инвестиция мөлшері; Ү — жалпы ұлттық
өнім (ЖҰӨ) мөлшері; МДМД — ақшаға сұраныстық қисық сызығы, МsМs — ақшаны
ұсыну қисық сызығы; II — инвестицияға сұраныс қисық сызығы, SS инвестицияны
ұсынудың қисық сызығы.
Сызбада ақша рыногы мен инвеспщия нарығының өзара байланысы байқалады.
Экономикалық өсу мен іскерлік белсенділікті мадақтаудың кейнсиандық
"рецепті" үкімет монетарлық саясатты жүргізуде ақша массасын көбейтуді
(ақша ұсынысын) мақсат етуі тиіс. Бұл ақша ұсыну қисық сызығын (МsМs) оңға
МsМ1 — жағдайына жылжытады. Ақша рыногындағы тепе-теңдіктің жаңа нүктесі
процент ставкасының төмендеуіне rB сәйкес келеді. Процент ставкасының азаюы
жеке бизнестің несие ресурстарын алуға жол ашып инвестицияны lА деңгейден
lB-ге дейін өсіреді.
Жаңа күрделі қаржы өндіріс көлемін ұлғайтып, жалпы ұлттық өнімді ҮА —
ҮВ мөлшеріне дейін көбейтеді.
Кейнсиандық үлгі бойынша мемлекеттің ақша саясатының күрделі қаржыға,
жұмыспен қамту мен жалпы ұлттық өнімінің бүкіл қозғалысына ықпалы осылай
жүргізілді. Алайда, нақты өмірде ақша саясаты күтпеген нәтижелер беріп,
оның тиімділігі қосымша, қосалқы процестердің әсерімен төмендейді. Мұны
мына мысалдармен түсіндіруге болады. Орталық банк процент ставкасын
төмендету ниетімен ақша ұсынуды көбейтудің бағытын қолға алды делік. Бірақ
ақша массасының өсуі инфляция процестерін күшейтеді. Бұл өсу банктердің
номиналдық процент ставкасын нақтылы (инфляция процентін есептейтін)
деңгейге дейін көтеруге мәжбүр етеді. Заем алғандар нақты процент төлеуге
әзір, өйткені қарызды бәрібір құнсызданған ақшамен қайтарады. Сөйтіп,
орталық банктердің әрекеті процент ставкасын төмендетпей, қайта оны
көтеруге әкеледі. Ал мұның өзі ақша саясатының түпкі мақсаты — жалпы ұлттық
өнімнін өсуін жүзеге асырмайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты ақша саясатының қысқа және ұзақ
мерзімді нәтижелері болатындығын көреміз. Бұл мәселеде де неокейнсиандықтар
мен монетаристердің позициялары сәйкес келмейді. Неокейнсиандықтар үшін
жалақы және баға икемсіз құралдар, олардың нарықтық шаруашылықтың дамуына
әсері шектеулі, сондықтан қысқа мерзімге болса да үкімет ақша массасын
ұлғайту арқылы көрсетілген кесте бойынша ЖҰӨ-нін өсуін қамтамасыз етеді.
Ұзақ мерзімді жоспарда мұндай ақша саясаты ЖҰӨ-нің едәуір өсуіне әкелмейді,
ол тек инфляцияны туғызады.
Монетаристер басқаша есептейді. Олардың ойынша баға мен жалақы — икемді
құралдар. Сондықтан қысқа және ұзақ мерзімде ақша массасына бақылау саясаты
олардың пікірінше тек инфляцияның қарқынын бақылай алады. Белгілі ағылшын
ғалымы Дж. Хикс кейнсиаңдық теория негізіңде нарықтық стандарттың тепе-
теңдік үлгісін жасаған. Нарықтағы жалпы теңдік IS—LM қисық сызығы көмегімен
зерттеледі.
IS (Investment – Saving) қисық сызығы проценті ставкасының r және тауар
рыногыңдағы теңдік жағдайында болатын ұлттық табыстың Ү комбинацияларын
білдіретін көптеген нүктелерді қосады. Тауар рыногын сипаттайтын теңдіктің
кейнсиандық жүйесін алгебралық есептеудің көмегімен Дж. Хикс былай
дәлелдейді: "Егер біз ординат белдігіне процент ставкасын, ал абциса
белдігіне нақты табыс деңгейін қойсақ, онда графикалық орындауда IS —
қисығы солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай жылжиды. Бұл нақты табыс
деңгейі аз болған сайын тепе-теңдікке жету үшін, процент ставкасы жоғары
болуы керек деген сөз".
LM (Liguidity – Моnеу) қисық сызығы экономиканың ақша секторындағы тепе-
теңдікті сипаттайды. Ол процент ставкасы мен нақты табыс деңгейі
комбинацияларьш көрсететін нүктелерді басып өтеді.
Бұл жағдайда ақша рыногы тепе-теңдікте болады, яғни ақшаға сұраныспен
ақшаны ұсыну теңестіріледі. LМ — алгебралық қисық сызығы ақша нарығының
кейнсиаңдық үлгісін сипаттайтын теңдеулерден шығарылады. Осы теңдеулерді
шешу арқылы Дж. Хикс LМ -нің графикалық қисық сызығы солтүстік шығыстан,
оңтүстік батысқа көлбеуі керектігін керсетті. Бұл нақты табыстың өсуі
жоғары процент ставкасына сәйкес келсе, ақша рыногы тепе-теңдік жағдайда
болатындығын дәлелдейді. Нарықтың жалпы тепе-теңдігі IS пен LМ қисық
сызықтарының қиылысқан нүктесінде орнайды. 6-суреттегі қисық сызықтардың
қиылысуының түрлі жағдайлары график арқылы бейнеленген.
6-сурет.
Қисық сызықтардың қиылысуының сызбасы

Суретте көрініп тұрғандай LМ қисық сызығының ерекше конфигурациясы,
бейнесі бар: оның сол жағы процент ставкасы түгелдей көлбеу жазықта, ал
оның оң жағы тіке сызық сияқты. IS қисық сызығы LМ — сызығын кез келген
жерден қиып өтеді. Осымен байланысты тепе-тендіктің әр түрлі варианттары
туады. Егер IS қисық сызығы LМ – нің сол жақ көлбеуін түгелдей қиып өтсе,
онда кейнсшілер "өтімділік қақпаны" деген қызық құбылысқа тап боламыз.
Өйткені LМ сынық сызығының толық көлбеу жағдайында және процент ставкасының
болуы ақшаға сұранысты шексіз деңгейге ұлғайтады. Мұндай гипотетикалық
ситуация көптеген шаруашылық агенттерінің болашақта процент ставкасының өсу
мүмкіндігін ескере отырып, ақшаға деген алыпсатарлық сұранысты күшейтеді.
Мұндай нәтижеге процент нормасының аз болуына байланысты облигацияларды
жаппай сатып алу қауіпі де қосылады. Осылардың салдарынан ақша рыногы
табыстың қандай деңгейінде де тепе-теңдік жағдайда болады, ал процент
нормасы өзгермейді. Бұл үкіметтің монетарлық саясатын тиімсіз етеді,
орталық банктің ықпалымен ақша массасы көбейгенімен процент нормасы
төмендейді, сөйтіп табыстың қандай деңгейінде де ақша рыногы тепе-теңдік
жағдайда болады. Теория бойынша тауарларды артық өндіру мен бағалардың
төмендеуі, сонымен қатар жұмыссыздар санының өсуі процент нормасы мен
табыстың тепе-теңдігін өзгерте алмайды, тек нарықтық экономиканы автоматты
реттеушілердің әрекеті тоқтап қалады. Дағдарыстан шығудың жалғыз-ақ жолы —
фискалдық (бюджеттік) сипаттағы шараларды қолдану. Оны үкімет қабылдап және
дағдарыстан шығу үшін IS сынық сызығын оңға бұрады. Тәжірибеде мемлекеттің
ақша және фискалды саясатары бір-бірімен тығыз байланысты. Үкіметтің бюджет
тапшылығын қаржыландыруы ақша массасын ұлғайтуға әкеледі, өйткені орталық
банктің несиесін пайдаланады, ал бұл банк депозиттері кеңеюінің
мультипликаторлық әсерімен жүріп отырады. Демек, фискалдық саясат ақша
саясатына сүйенеді.
Өткен онжылдықтарда ақша саясатын жақтаушылар тек монетаристер арасында
ғана болмай, неокейясиандықтар арасынан да шықты. Олар ақша саясатының
әдістері фискалдық шараларға қарағанда жылдам және икемді жүргізіледі
дейді. Фискалдық саясат заң шығарушылар мен әкімшілік органдардың да ұзақ
келісуін қалайды, ал бұл тиімділікті төмендетеді. Ақша саясатының көмегімен
инфляцияға қарсы тиімді күресуге және құлдырауды тежеуге болады.
Ақшаның қызметтері
Ақшаның бірінші қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық
тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады.
Кез келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап
ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға
сұраныммен ұсынысының әсерінен күннан ауытқуы мүйкін. Сондыктан тауар өз
құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Тауар-құны мен алтын құнының тәуелділігі ерекше мүделікті байқатады.
Сұраным мен ұсыным сай келгенде баға екі мөлшердің арақатынасымен
анықталады: тауар құнымен жане алтын құнымен.
Егер тауар бағасы тауар құнымен қарайлай өссе, оңда алтын құнның тауар
бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын
құны көп болса, тауар бағасы төмон болады және керісінше — алтынмен құны
төмен болса, тауар бағасы жоғары болады.
Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды
және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді. Екінші қызметі -
айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол түрінде атқарады, себебі олар
нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді,
егер оның айырбасталуының нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы
алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары
өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын
айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік
(сақтық) қор ретінде қажет.
Үшінші қызметі - төлем құралы. Бұл кызметті тауарды - ақша несиеге
(төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер
рентасын, жалақыны, диведендті, пәтер төлемін және т.б. телегенде атқарады.
Несие қатынастарының дамуымен байланысты жаңа айналым құралы - несие
ақшалар пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырысы, чек, пластикалық
карточка, "электрондық ақша". Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды
қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады.
Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма-қол ақша
белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік-экономикалық салдарға
алып барады: кассирлер мен күзетшілер саны, сейфке сұраным, көлікқұралдары
қысқарады және ақша белгілерін басуға шығындар азаяды. Ең бастысы - өзара
есептесу процесі жеделдейді, ақша бірлігі тұрақтылығы мығымдала түседі.
Төртінші қызметі - қорлану немесе қазына жасау құралы. Ақша айналысын
тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина жабдықтарды немесе ұзақ
мерзімін пайдаланатын (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) тауарларды сатып
алу үшін қорланады. Ақшанын қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өңдірушінің
белгілі ақша резерві болу қажеттілігінсн туындайды, сөйтіп өзін нарық
кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу
үшін маңызды.
Ақшаның соңғы, бесінші қызметі сол - әлемдік ақша түрінде болуы.
Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып
табылады.
Әлемдік аренада ақшаның айиылым құралы емсс, төлем құролының ролі
бірінші орында болады. Бұл алдымен халықаралық несиенің дамуымен
түсіндіріледі. Халықаралық аренада ақша өзінен - - К.Маркстің бейнелеп
айтуындай, - "ұлттық шекпенін" алып тастайды және өзінің ең алғашқы түріне
енеді - игілікті металл қаймағы түрінде болады.
Тарих куәландырғандай, монетаның отаны ретіндегі Лидии мемлекеті болып
есептелінеді. Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.д.д. 7-ші ғасырда ойып-
өрнектелген түрінде шықты. Ал "монета" термині Юнон-Монета храмы атымен
байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда
болған.
"Деньги" ұғымы түркілердің - күміс металды "теңге" деп атауынан шыққан.
Ол ХҮ-ші ғасырдың басында Әмір Темірдін (хан) басқару кезеңінде
дайындалған. Ең алғашқы рет кағаз ақшалар ХІІ - ші ғасырда Қытайда пайда
болған, ал ХІІІ-ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі кағаз ақша белгілерін алтынға
еркін айырбастаған.
Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
Ақшаның металдық теориясын "меркантилизм" мектебінің өкілі Томас Мэн
(1571-1641 жж.) жасаған, Осы теорияға сай - алтын мен күміс өзінің
табиғатына қарай және олардың табиғи қасиетінің күш-қуаты бойынша -ақша
болып табылады. Ақшаның металдық теориясының дамуы тарихи тұрғыдан ХУІ-шы
және ХУІІ-шы ғасырларда болған. Ол Америкадан Еуропа елдеріне алтын мен
күмістің ағылуына байланысты жүзеге асқан. Тауар өндірісі мен құн нысаны
түрінің даму тарихы көрсеткендей, ақша — бұл тауар өндірісі және күн түрі
дамуының өнімі. Алтын мен күміс өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ұғымдар
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қор нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Құнды қағаздар нарығының түсінігі
Бағалы қағаздар жайлы
Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
Пәндер