Инфляцияның әлеуметтік зардаптары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 Инфляция туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2 Инфляцияның мәні нысаны, себептері салдары ... ... ... ... ... ... ... .14
3 Инфляцияның әлеуметтік зардаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пайдалынған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан — кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердің") қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы — тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде — тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды-ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білу тәжірибесі бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30-40%-дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді. ИНФЛЯЦИЯ (АҚШАНЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ) деп тауар тапшылығы кезінде ақшаның тым көбею құбылысын айтады. Жалпы айтқанда инфляция ақшаны құнсызданып, тауардың бағасы шарықтап өсіп, валютаның құны түскен кезде байқалады. Мемлекет тарапынан баға босатылып жіберілген кезде, сондай-ақ тауарлардың бағасы толық немесе ішінара реттелген тұста инфляция көрініс береді. Өйткені оның себеп-салдарлы механизмдері (тетіктері) түрлі факторларды қамтып рыноктық, ведомстволық (әкімшілік) ақшаның құрылым жүйесінде әрекет етеді.
Инфляция тамырлары тереңде жатыр. Олар экономикалық дамудың циклді сипатына, шаруашылық жүргізу нұсқаларының (модельдерінің) кемкетігіне, экономикалық саясаттағы қателіктерге байланысты.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі


1.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
2.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының
№ 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арнал-
ған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
3..«ҚР Үлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
4.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.
30.03. 1995.
5.Банковское дело. Учебник. / Под ред. Сейткасымова Г.С.—
Алматы: Қаржы-қаражат, 1998
6.Банковское дело / Под ред. Сейткасымова Г.С. — Алматы:Қаржы-Қаражат, 1998.
7.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.
8.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
9.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
10.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред.
11.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1997.

Мерзімді басылыцмдар тізімі
12.Бағалы бағаздар нарығын зерттеуду ұйымдастыру-Ізденіс,2004, N4.
13.Бағалы қағаз нарығы.-Қаржы –Қаражат,1999,N7.
14.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6.
15.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N6

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.--------------------------- ----------------------------------- ----
-------------------5
1 Инфляция туралы жалпы түсінік.--------------------------- -----------------
-----6
2 Инфляцияның мәні нысаны, себептері салдары---------------------------- -14
3 Инфляцияның әлеуметтік зардаптар.------------------------- ----------------
--19
Қорытынды.------------------------- ----------------------------------- ---
-------------25
Пайдалынған әдебиеттер тізімі----------------------------- ---------------
--------27

Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан — кебіну, ісіну)
ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың
Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердің")
қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-
ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал
бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла
бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы — тауар
айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз
ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі
ретінде — тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып
алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс
процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты
ақша айналысының заңы бұзылады.
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды-ақша
саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады. Бірақ дүниежүзілік
тәжірибеде, соның ішінде Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре
білу тәжірибесі бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай
елде болмасын, жылына 30-40%-дан асатын инфляция жағдайында экономикалық
өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді. ИНФЛЯЦИЯ (АҚШАНЫҢ
ҚҰНСЫЗДАНУЫ) деп тауар тапшылығы кезінде ақшаның тым көбею құбылысын
айтады. Жалпы айтқанда инфляция ақшаны құнсызданып, тауардың бағасы
шарықтап өсіп, валютаның құны түскен кезде байқалады. Мемлекет тарапынан
баға босатылып жіберілген кезде, сондай-ақ тауарлардың бағасы толық немесе
ішінара реттелген тұста инфляция көрініс береді. Өйткені оның себеп-
салдарлы механизмдері (тетіктері) түрлі факторларды қамтып рыноктық,
ведомстволық (әкімшілік) ақшаның құрылым жүйесінде әрекет етеді.
Инфляция тамырлары тереңде жатыр. Олар экономикалық дамудың циклді
сипатына, шаруашылық жүргізу нұсқаларының (модельдерінің) кемкетігіне,
экономикалық саясаттағы қателіктерге байланысты.

1. Инфляция туралы жалпы түсінік

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
қолайсыз төлем балансы;
үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның
құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі
де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы
деңгейінің артуы ретінде анықтайды.
Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек
таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың
түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі
әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі
экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып
есептеледі.
Инфляцияның көріну нысандары: тауарлар мен қызметтерге бағаныш өсуі,
оның үстіне бірқалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның
сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады; ұлттық ақша бірлігінің
шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағанының төмендеуі; ұлттық ақша
бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.
Бүгіндегі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әр түрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-
қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі — ұлттық
шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажетгілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу
қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы — бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретіндегі инфляция — бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыс-тырып отыру
қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді
болып келеді: белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың
ауқымы;
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің
көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте
түседі).
Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше
төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге
әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның
құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең
алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз
болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі.
Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және
рыноктегі бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік
емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге үшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі
салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жаңдандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проб-лемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы
инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы
қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің
қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны
мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер
мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері
арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған
ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды
тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз
деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы
өсуін тудырады. Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты
келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі
келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-
экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ
мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай
жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық
байланыстардың бұзылуы және т.т.
Сурет-1

Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті

Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші
пайдаланылады. Бағалар иңдексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің белгілі
бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы
арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың иңдексінің қарқыны былайша
анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары иңдексінен өткен жылдың бағалары
индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң
жүзге көбейтіледі:

Инфляция қарқыны = Iб - Iб0 • 100

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің
тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990 - 1; 1992 -
2,5; 1993 - 30,6; 1994 - 22,7; 1995 - 1,60;

1996 - 1,39; 1997 - 1,17; 1998 - 1,07; 1999 - 1,18; 2000 - 1,13.
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде
және одан көбірек жағдайда айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса,
онда мұндай деңгей әсіресе инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда
бұл деңгей 1992-1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның
түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:
бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
баяу — баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық
құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
өршімелі — баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы
өседі;
әсіре — баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың
арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
теңдестірілген және тендестірілмеген инфляция; теңдестірілген
инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз
қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде — олардың бір-біріне арақатысы өң
бойы өзгеріп отырады, оның үстіне әр түрлі үйлесімде;
болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:
күтілген, болжамды және күтілмеген;
шығу немесе пайда болу орнына қарай:
импортталынған және экспортталынған;
сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы
өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі
тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Практикада инфляцияның екі типін бөледі: сұраным инфля-циясы
(тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол занды және жеке тұлғалардың ақша мас-сасының
өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің
салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер
бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа,
материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына,
ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі
инфляцияны тудырады.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға
ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл
инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің
тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде
шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді
тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық
шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете
береді.
Нарықтық экономиканың механизмі — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ал өндірістің жеке салаларында ол
жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын
немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның
төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның
шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен
қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады.
Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокте
тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр
болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне
мүмкіндік жасайды. Монополияландырылған экономикада бұл механизм
әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдары, шала
фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді
таңдай алмайды. жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге
мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына,
тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша
түпкілікті тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет
шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына
жеткізеді.

Сурет-2.
Инфляцияның сипаттамасы және оның әрекеті

Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін,
бұл — импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол
шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың
жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық
банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк
пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік
экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналданылған
ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық
бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе
жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтыра-ды. Инфляциялар халықаралық
корпорациялардың — рыноктердегі үстемдік жағдайды пайдаланатын
монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық
операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын
жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және
коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-
қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады.
Инфляцияның көріну нысаны — ақшаның құнсыздануы мен өнімге,
тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлға-ланатын оның сатып
алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі .
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлға-ланатын
тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын
қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл
қасиеті оған өзінің арналымын — тауар, төлем айналымына қызмет көрсете
отырып, тиімді орыңдауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға
мүмкіндік береді.
Инфляцияға өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің
материалдық жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.
Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік бюджет тап-шылығы
Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфля-цияның қайталама факторы
болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты
мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның
егемеңдігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс
бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994 - 10,2%, 1995 - 17,4%, 1996 -
15,4%, 1997 - 17,7%, 1998 -18%? 1999 - 14,3%, 2000 - 9,8%, 2001 - 6,4%
құрады. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 миллиард теңгені
(ЖІӨ-ге 0,11%) құрады.
сурет-3.
Инфляциялық шиыршық.

2.Инфляцияның мәні және оның себептері

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызыметтердің бағасының өсуі
және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция -қоғамдық
ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен
шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық
формацияға тән құбылмалы.Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары
арасындағы коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляция - қабару, көтерілу, ісу деген мағананы білдіретін - латын сөзінде-
шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және с.с.
кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз
ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт "көтеріліп", қағаз
ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша
айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 жж.
соғысы және 1861-1865 жж. Азамат соғысы (оның соңғы екі жылында доллардың
сатып алу мүмкіндігі 60 процентке дейін төмендеген); XIX ғ. бас кезіндегі
Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 жж. Француэ революңиясы.
Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары
қарқынға жетті, 1923 ж. күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион
рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе құнсызданды . Осы
келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен
(айырып құбылыс) екенін дәлелдейді.
Ал қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар.
* егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса қазіргі инфляция
елдің бүкіл жерін камтиды;
* егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазі инфляция көп уақытқа
созылған құбылыс;
* егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туында қазіргі инфляция
көптеген ақшасыз және т.б. фактларға байланысты болады
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында
болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар - ақшаға
сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоға болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы
талаптарын бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында тыс ақша
шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық
шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын
бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның
қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындар өсіретін ақшалы емес
факторлар жатады. Олар: қоғамды ұдайы өндіріс құрылымынына үйлеспеушілігі,
шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттін экономикалық саты, оның
ішінде салық және баға саясаты, сыртқы. Экомномикалық іс-шаралары және с.с.
факторлар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірімен-бірі тығыз байланысып,
тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасы өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі - тауар бағаларый күрт өсуі. Осы көріністі
американдық ғалым Дж. Гелбрейт "ақшаның тауарды қууы" деп сипаттады.
Инфляцияның алғашқы себебі - айналымдағы ақша масса мен сатылуға тиіс
тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Бұндай диспропорция, біріншіден,
өндірістің кенет қыс руынан, екіншіден, айналымдағы тауарлар массасының
қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында кағаз ақшаны көп
шығаруынан болады. Мысалы, 40-70-жыдарда АҚШ-та айналымдағы ақша массасы
бір қалыпта , айналымдағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтің қысқарып,
инфляциялық процестер туындады. Бұлша айналымының шапшаңдығын арттырудың
нәтижесінен туылған инфляция еді. Ақша айналымының шапшаңдығын отыру өзінің
экономикалық тиімділігі жөнінен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға
қосымша ақша массасын ығарғанға тең.
Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа құйылады, себебі
айналым аясының жылдамдығы көптеген ійда түсіреді. Бірақ ол инфляция әсерін
күшейтеді: несиені, ідіріске салынатын инвестицияны және тауарлар ұсынысын
лсқартады. Сөйтіп, инфляция факторлары екі жақты- тауарларды шығаруға және
сатуға; ақша массасын және айналуы жылдамдығын өзгертуге әсер етеді.
Инфляция - өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылықтарының бір-бірімен
үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің миссиялық саясаты мен коммерциялық
банктердің керлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі, әрі көп
факторлы құбылыс.
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
экономикадағы қамтитын аумағына байланысты -жергілікті және
әлемдік инфляция;
жүру қарқынына байланысты - біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен
өседі), үздіксіз және сатылы (бірқалыпты емес) инфляция;
даму қарқынына байланысты - жылжымалы инфляция-(ползучая) - онда бағаның
өсу қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды; карқынды иннфляция
(галопирующая) - онда бағаның өсуі жылына таша 10 проценттен 50 процентке
дейін (ал кейде процентке) жетеді; ұшқыр инфляция (гипері фляция) -
онда бағаның өсуі жылына 100 проценті асады; Халықаралық валюта қоры баға
айына 50 процентке өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі ұшқыр инфляция
(супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен
ұштасады оны стагфляция деп атайды;
• әсер ететін факторлар бойынша - сұраныс инфляциясы және шығын
инфляциясы.
Сұраныс инфляцнясы ақшалы факторларға байланысы туындайды, яғни
айналыстағы ақша массасы "көтеріліп", оның салдарынан төлем қабілеті бар
сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында өндірсі
оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс
экономиканың өндірістік мүмкіндіктерін жоғарылап, бағаның көтерілуіне
соқтырады.
Ақша массасының "көтерілуі" себептерінің ең негізгіі әскери шығындардың
өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнгі өмірде қолдануға
жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын
тудырады.Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша масса шығарылады,
немесе ақша нарығына мемлекеттік зайымдар орналастырылады. Бюджет
тапшылығын жоюдың бір жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосы
ақша массасын шығарудың алғашқы сатысынан өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың
азаюы және бағаның төмен сияқты жағымды көріністер байқалып, ал қорытындысы
тепе-теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция деген қорытынды
шығады, себебі ондай инфляциялық өндіру дағдарысынан және жұмыс
орындары қысқаруынан сақтандырады.Одан әрі бүкіл экономикада жұмыс орны
болмаған және дамыған сұранысқа қосымша шығара алмаған жағдайда баға
өседі. Осыдан өндірістің құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне
қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектелуі ұсыныс-салыстырғанда айналыста
артық ақша массасының - бағаларды жоғарылатады және ақшаны
құнсыздандырады.
Шығын инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер етін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция туралы
Макроэкономикалық тұрақсыздандыру және инфляция
Инфляцияға қарсы күрес
Инфляция және инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның себептері
Инфляцияның экономикалық мәні және пайда болу себептері
Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
Инфляция түсінігі
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары
Пәндер