Халықты жұмыспен және оны мемлекет деңгейінде шешу жолдары



Жоспар:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4


ІІ.Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту ... ... ...5.10

2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту саясаты және оны жүзеге асырудың әкімшілік және экономикалық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... .11.16

2.2. Халықты жұмыспен қамтудың негізгі бағыттары және оның өсу денгейін ынталандыратын шаралар ... ... ... 17.23

2.3. Еңбек нарығының қазіргі жай.күйін талдау ... ... ...24.28


ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.30


Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31.32
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Кэмпбел Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю «Экономикс», том 1, Таллин, 1995
2. Борисов Е. Ф. «Экономическая теория» Москва, 1998
3. Самуэльсон П. А. «Экономика», том 2, Москва, 1992
4. Крымова В.Ж. «экономика теорияның негіздері»
5. Шеденов «экономикалық теория»
6. Самуальсон П. Экономика. М.: Прогресс, 1964.
7. Хейне П. Экономический образ мышления. М.: Новости. 1991. Гл. 15, 22.
8. Чепурин М.Н. Курс экономической теории. Киров.: АСА. 1995.
9. Макроэкономика ( Часть II ) Учебно-методическое пособие ГАСБУ Москва 1994г.
10. Инфляция: причины и закономерности Вопр. экономики. 1992. № 2.
11. Современная инфляция: истоки, причины, противоречия. М.: Мысль, 1980.
Пайдаланылған әдебиеттер


1.Халықты жұмыспен қамтылуы
Қазақстан және оның аймақтары – 1999-№3 40-45 беттер;

2.Жұмыспен қамту саясаты және экономикалық өсу. Үсенова М. //Ақиқат – 2003- №2 29-34 беттер;

3.Жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күрестің кейбір аспектілері.Жолдыбаева С.// Ақиқат 2000-№5;

4.Халықты жұмыспен қамту.Байболова Е.А. //Саясат 2005 №4;

5.Особенности механизма занятости в малых городах.Абаева Г.И. //Вест.с-х наука Казахстана //2004,№1 с 11-14;

6.Халықты жұмыспен қамту 2005-2007 жылғы Мемлекеттік бағдарлама// 2005№4

7.Керексіз адамдар мәселесі. Шаханов М. //Қазақ әдебиеті -2005 Қыркүйек№36 1-бет;

8.Жұмыссыздықты осылай жоюдамыз. Сүейбеков М.//Егемен Қазақстан 2004-24 Сәуір;

9.Жұмыссыздық кедейшіліктің басты себептерінің бірі. Нұрмұхамедова Ш.С.//ҚазҰУ Хабаршысы 2005-№2;

10.Әкімдер жұмыссыздар санын азайтып көрсетуге әуес: сондықтан жұмыс орындары көбейгенімен,іс түзелмей отыр.Шайығазы .С // Егемен Қазақстан 2001-21 Ақпан;

11.Жұмыс бастылық. Жұмыссыздық. Еңбек рыногі. Еңбек биржасы.

12. Жұмыссыздық. Адам тағдыры.Аймахан Қ // Алматы Ақшамы 2005-27 беттер

13. Еңбек нарқы – елді еңбекпен қамту //Қаржы - қаражат -1996 №5 37-39 б

14. Еңбек рыногі және жұмыспен қамту // Ақиқат 2000 №7 33-45 б

15. Ихданов Ж. ,Нұрышев Ғ.Ж.,
Еңбек экономикасы: оқу құралы- Атырау,1999-133 б

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Халықты жұмыспен және оны мемлекет деңгейінде шешу жолдары

Жоспар:

І. Кіріспе ----------------------------------- -----
3-4

ІІ.Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту -----------5-10

2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту саясаты және оны жүзеге
асырудың әкімшілік және экономикалық механизмдері
---------------------------------11 -16

2.2. Халықты жұмыспен қамтудың негізгі бағыттары және оның өсу денгейін
ынталандыратын шаралар ------------ 17-23

2.3. Еңбек нарығының қазіргі жай-күйін талдау -----------24-28

ІІІ.Қорытынды ----------------------------------- --------------------29-
30

Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------- ----31-32

Кіріспе

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы
экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды.
Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы эконмикаға үйренген ел
жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық
экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар
тұрып, теңге тұрақсызданып, инфлияция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, ел
экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі мақсаты –
адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету.
Бұдан экономиканың құраушы бөлігінің бірі еңбек нарығы болып табылады.
Қазіргі уақытқа сай екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам
ресурстарын бөлу және табысты, еңбекақы мөлшерлерінде еңбегін ынталандыру
бағалау арқылы бөлу.Осы мақсаттарға жету мемлекеттің қатысуымен реттелуі
қажет.
Мемлекеттік реттеу - әлеуметтік еңбек қатынастарындағаы ең қиын пунк.
Еңбек нарығын нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері мемлекет пен
кәсіподақ. Әсіресе еңбек нарығында мемлекеттің басқа нарықтарға қарағанда
белсендігі өте жоғары. Бұл түсінікті, себебі жұмысшы күшінің көзқарастарын
қорғауы мемлекеттің негізгі міндеті. Мемлекеттік реттеудің ңарықтық рет
теуден айырмашылығы, ол нарыққа тәуелсіз келісімдер арқылы және арнайы
мінездемелер мен бұрынғы жазбалар негізінде жүзеге асады. Мемлекет
тарапынан ойлаған, келісілген, тексерілген шаралармен жасалады. Қазіргі
уақытта еңбек нарығы өте төменгі сатыда тұр. Оған себеп: мемлекет ең
бірінші мәселелер қатарына халықты жұмыспен қамту мәселесін қойса, онда
көптеген мәселелер шешімін табады. Менің курстық жұмысымда дәл осы
мәселелерді қарастырамын, яғни мемлекет деңгейінде қандай шаралар
қолданылып жатқаны және оны іске асыру дәрежесі.

ІІ.Еңбек нарығы және жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасы нарықтық қарым –қатынасқа көшіп жатқан кезінде
көптеген шешілмеген күрделі мәселелерді шешуге тура келеді. Олардың бірі –
еңбек нарығын қалыптастыру және дамыту. Еңбек нарығының негізгі мақсаты –
еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды
адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе.
Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір
және батыл қойылып отырады, күн тәртібінен аса түспейді. Себебі, алға
қойылған саяси экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты
жағдайларының бірі. Қазіргі жағдайда, нақты және анық айтатын болсақ, еңбек
нарығы қалыптасып келеді. Еңбек нарығын қалыптастыру және дамытудағы келесі
мәселе жалпы экономикалық - әлеуметтік даму. Осы дамудың деңгейі мен
қарқыны нарыққа өту кезеңінде жіберіліпи жатқан кемшіліктер мен
қателіктердің арасында оңды сипатқа және нәтижелерге әлі де болса қолымыз
жетпей тұр. Экономикалық өмірдің ауыр салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ.
Республикамыздағы нарықтық инфрақұрылымдардың дамуы қандайда бір жеңіл
желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек нарығының дамуына белгілі
бір дәрежеде тосқауыл болуда. Еңбек нарығының дамуына әсер ететін келесі
жағдай – демографиялық ахуал. Бұл бағыттың алғаш өзгерістермен өзіне тән
ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, өмірге келетін сәбилердің біршама
төмендеді, өлім көбейді өмір сүру жасының ұзақтығы аздап та болса
азайды.Қорыта айтқанда, халықтың ұдайы өсімі прогресивті типте. Демек,
экономикалық және мәдени дамуға қажетті еңбек ресурстарынмен қамтамасыз
етеді. Еңбек нарығының дамуының келесі мәселесі жұмыссыздық. Негізгі себебі
өндірістің ибүтіндей немесе жартылай тоқтап қалуы. Елімізде нарыққа көшу
жағдайында актуалды мәселелердің бірі еңбек нарығын реттеу және жекелеген
сегменттерін қалыптастырып құру. Еңбек нарығын реттеудің негізгі әдістері -
әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру жолдарымен жүзеге
асады. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еңбек нарығын
реттеуде мемлекеттің араласуы ауадай қажет, сырттап қалмауы шартты мәселе.
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын қалыптастыру және дамутудың
негізгі актуалды мәселелерінің бірі – жұмыспен қамтудың кезек күтпейтін
алдыңғы шектегі шараларын белгілеу. Сөйтіп келгенде, бұл жұмыспен қамту
саясатына саялайды олай болса, әлеуметтік қорғауға негізделген Қазақстанның
қазіргі даму кезеңіне сай келетін жұмыспен қамтудың ыңғайлы және
өркениетті саясатын жасау аса жауапты, күрделі және абыройлы жұмыс.
Дамыған елдерде де жұмыспен қамту саясатына белсенді және енжар
шаралар кіреді. Белсенді іс-шараларға жаңа жұмыс орындарын ашуға, қайта
мамандануға, мүгедектерді еңбек қатарына қосуға және т.б. барлық
шығындардың 25-30% жұмсалады. Қалған қаражаттар жұмыссыздық бойынша
жәрдемақылар төлеуге пайдаланылады. ұзақ мерзімді жұмыссыздық кезінде (1-2
жыл) жұмыссыздар аз қамсыздандырылған азаматтар санатына көшедә де,
кедейшілік бойынша жәрдемақылар алады.
Қазақстанда 1991-1999 жылдары халықты әлеуметтік қорғаудың енжар
нысандарына екпін берілді. 1991 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
мемлекеттік қоры құрылды, қорға бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар мен
ұйымдар, ал 1997 жылдан бері бюджеттік саладағылар да жалақы қорынан 1-2%
ақша аудара бастады.
ҚР Халықтың жұмыспен қамтылу туралы бірінші заңына сәйкес
жұмыссыздардың бұрынғы жұмыс стажына, асыраудағы жандарына, жұмыстағы
үзілістердің ұзақтығы мен өзге факторларға қарай жқмыссыздарға сараланған
жәрдемақылар белгіленді. Әлеуметтік қолдау көрсетудің анағұрлым жоғары
деңгейі штаттың қысқаруына немесе кәсіпорындарды таратқан жағдайға
байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге кепілденді. Сондай-ақ
мамандыққа оқыту мерзімінде жұмыссыздарға стипендиялар төлеу қарастырылды.
1999 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Халықтың
жұмыспен қамтылу туралы жаңа заңы күшіне енді, ол жұмыспен қамту саласында
белсенді саясат жүргізуге, азаматтарды жұмыс іздеуге уәждеуге, халықтың ең
соал санаттарына әлеуметтік қорғау көрсетуге бағдарланды. Осы заңға сәйкес
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы едәуір азайтылды және ол айлық есептік
көрсеткіштің 3,5 еселік мөлшерінде есептеле бастады. Бұрын жұмыс
істемегендерге төленетін жәрдемақы жойылды. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау
кезінде төленетін стипендиялар айлық есептік көрсеткіштің 3 еселік
шамасында сақталды. Қазақстанда жұмыспен қамтудың белсенді саясаты мен
еңбек рыногының жаңа пирамидасына көшудің амалсыздан және қаржылық
пайымдардың мәжбүр етуінен болғанын атап кеткен жөн. Бюджет жағдайыныңодан
әрі нашарлауы небәрі 3 ай өтпей жатып-ақ жаңа Заңға түзетулер енгізуді
талап етті.
ҚР 1999 жылғы 5 сәуірдегі Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан
Республикасының Заңына өзгертулер енгізу туралы Заңына сәйкес белгіленген
тәртіпті жұмыссыздар болып танылған азаматтарға жұмыссыздық бойынша
жәрдемақы төленбейтін болды.Оның орнына жергілікті бюджеттің қаражаттары
есебінен атаулы көмек көрсету қарастырылды, оны аудандық еңбек, жұмыспен
қамту және әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері жүзеге асырады.
Материалдық көмек – кедей адамдар (соның ішінде жұмыстан
айырылғандарға да) жергілікті бюджеттердің қаржы жағдайын ескеру арқылы
беріледі (тұрған үйді пайдаланғанға дотация, азық-түлікпен, отынмен, киім-
кешекпен заттай көмек көрсету және т. б.). Қазақстанда шағын несиелендіру
бағдарламасы 1998 жылы біраз дамуын тапты (жұмыссыздар мен кедей
азаматтарға 400 АҚШ долларына баламалы мөлшерде шағын несиелер бөлу),
оларды жұмыспен қамтудың жаңа салаларын ашу және әлеуметтік көмек ретінде
қарауға болады.
Алайда қаржылай қаражаттардың жеткіліксіздігіне байланысты бұл
бағдарлама 2000 жылы қысқартылды. Сонымен, жұмыспен қамтудың белсенді
саясатына көшу мән жағынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды жоюды
білдіреді, ал жұмысқа орналастыру мен кадрларды даярлау жөнінде нақты
қадамдар жасалған жоқ.Жоғарыда мазмұндалған мәселенің аспектінде Қазақстан
Республикасының халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы әбден уақтылы және
керек болып табылды, ол Үкіметтің 2001 жылғы 27 маусымдағы Қаулысымен
мақұлданды, қаулыда жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғауға
арналған бөлім бар, бөлімде әлеуметтік қорғаудың екі деңгейлік құрылымын
енгізу қарастырылған: жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік
қайта даярлауға, жергілікті бюджеттердің есебінен ақылы қоғамдық жұмыстар
беруге жәрдемдесу жолымен әлеуметтік қорғау.
Екінші деңгей: белгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік сақтандыру
жүйесінен ресми сектордың қызметкерлеріне төлемдер беру. Әлеуметтік
сақтандыру жүйесінен төлемдер алуға азаматтардың құқығы, егер азамат
заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыз болып танылса және жұмыс
іздеумен белсенді түрде шұғылданса, сондай-ақ жүйеге нақты салым ақша
салған жағдайда пайда болады. Төлемнің мөлшері жалақының деңгейі мен
сақтандыру аударымдарының ұзақтығына байланысты болады.
Осы құжаттың мазмұндық жағынан тоқталмастан, мынаны айтып өтеміз,
міндетті әлеуметтік сақтандырудың есебінен сыйақы беруге жататын әлеуметтік
қауіптердің тізбесіне жұмыстан айырылу қаупін кіргізу 2003-2005 жж.
жоспарланып отыр. Бұл өте үлкен мерзім. Сонымен бірге жұмыссыздарды
әлеуметтік қорғаудың бас стратегиясы негізгі 3 мақсатқа қол жеткізуді
көздеуі тиіс: экономиканың нақты секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын
жасау үшін әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту; кәсіпорындардың жаппай
банкротқа ұшыраулары мен қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермейтін
жұмыс істеп тұрған өндірістерге бар мүмкіндігінше қолдау көрсету; жұмыспен
қамту орындарын жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден
айырмашылығы, жекешелендіру жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру қайта оқытуды
шұғыл және икемді түрде жүзеге асыруға септігін тигізген болар еді.

2.1. Жұмыспен қамту саясаты және оны жүзеге асырудың әкімшілік және
экономикалық механизмі.

Бүгінгі таңда біз экономикалық өсу кезеңін бастан кешіріп отырмыз.
Экономиканың хал-ахуалын кіріктірілген көрсеткіштері немесе оның
макрокөрсеткіштері бізге жақсы мәлім. Бұлар, атап айтқанда жалпы ішкі өнім
елдің оңды төлем балансына қол жетуі,қаржылық тұрақтылық, инфляция мен
жұмыссыздық деңгеінің төмендеуі. Біз жұмыспен қамтудың деңгейіне неліктен
назар аударып отырмыз? Себебі, біріншіден, К.Маркстің Еңбек құнының
теориясы іліміне сүйенетін болсақ, өндірістің негізгі тұтқасы жұмысшы,ол
өндірістің экстенсивті немесе интенсивті негізде өсуінің базалық реттегіші
болып табылады; екіншіден, қазіргі заманғы экономикалық теорияның өкілдері
экономикалық дамудың кіріктірілген көрсеткіштерінің ішінен төрт негізгі
көрсеткішті бөліп алып қарастырады. Бұлар өндірудің өзгеруінің,жұмыспен
қамтудың, бағалар жиынтығымпн инфляцияның деңгейлері. Классиктер оларды
шаршының магиялық бұрыштары деп атаған; үшіншіден, кез келген экономика
өзінің дамуында табиғат және адам ресурстарына сүйенеді,ал қалғандарының
бәрі солардан туындайды.
Жұмыспен қамту саласындағы саясат мемлекеттің макроэкономикалық саясатының
жалпы жүйесімен біріктірілуге тиіс. Жұмыспен қамту саласында қолдалынатын
саясатқа жасалған талдаудан 2000 жылдан бастап жұмыспен қамтудың
мемлекеттің саясаты кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі
бағдарлама шеңберінде іске асырылуда. Оның күші 2007 жылы аяқталады,оған
жауапты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осы бағдарламада
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, оларды кәсіптік дайындауды, кәсіптік
машықты талап ететін қоғамдық жұмысқа қатыстыруды, жұмыс орындарын, оның
ішінде салалар мен қызмет түрлері жөнінде облыстар индикативтік
көрсеткіштерді қамтиды. Бағдарламаны іске асыру белгілі бір дәрежеде
жұмыссыздықтың деңгейіне,жмысқа орналастыруға ықпал етті. Жұмыспен қамту
саясатының ауқымы еңбек нарығындағы саясаттың анағұрлым кең, ал еңбек
нарығындағы саясат болса жоғарыда аталған Бағдарламадағы сапалық
көрсеткіштен ауқымда. Қазіргі уақытта орталық органның штатындағы 140
қызметшінің 100-ден астамы пассивтік саясатпен (зейнетақы,жәрдемақылар мен
көмек көрсету мәселелерімен) және тек бес пайызы ғана кедейшілікпен және
жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның шеңберінде белсенді саясатпен
шұғылдануда. 14-і еңбек инспекциясы және әлеуметтік әріптестікті дамыту
мәселелерімен айналысады. Әдетте, соңғылардың (инспекциялар мен әлеуметтік
әріптестік) басымдықтары, өз кезегінде,жалпы экономикалық саясатпен
үйлестіруге тиісті жұмыспен қамту саясатынан туындауға тиіс. Тиісінше,
еңбек қатынастарының сапалық дамуына қол жеткізу, сәйкес нормалау
әлеуметтік әріптестердің жаппай қатысуының негізінде ойдағыдай және еркін
таңдалынып алынған саясаттың негізгі міндеттері болып табылады. Нарықтық
экономикасы бар елдердің тәжірибесі,егер жұмыссыздықпен және кедейшілікпен
күреске бөленген барлық қаржылардың кемінде жартысы жұмсалса, жұмыспен
қамту саясаты тиімді болатынын негіздеп отыр. Бірақ шаралар пакетінің
ішінен жәрдемақыларды төлеудің басым болып отырғанын атап көрсету қажет.
Қаржыландырудың осындай моделі тиімді жұмыспен қамту саясатынан гөрі
жұмыссыздық пен кедейшілікті арттыруды білдіреді. Бұл жағдай заңдардың
кемшілігіне байланысты орын алатыны белгілі. Бүгінгі таңда, экономикалық
өрлеу кезеңінде, мемлекеттің жұмыспен қамтудағы және еңбек нарығын
реттеудегі ролі туралы мәселе приципті тұрғыдан жанаша шешілуге тиіс.
Жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту проблемалары кейін қалуға тиіс
емес және қалмайдыда, әрі олар қалдық приципі бойынша қаржыландырылмауы
керек. Бұл салада Үкіметтің өзі басты реттеушінің ролін атқаруға тиіс,
жұмыспен қамту саясатының әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа да аса
маңызды бағыттарымен өзара байланысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің құзыретінің шеңберінде емес, тек макроэкономикалық реттеу
шеңберінде жүзеге асырылады. Тиімді бақылау мен жұмыспен қамту саясатын
іске асыруды бақылауды Мемлекеттік органның еншісіне қалдырған жөн.
Ағымдарды ескере отырып, министрліктің құрылымында соңғы бес жыл ішінде
жұмыспен қамту саласында атқарылған жаңа міндеттерді жеке құрылымда шешуді
ойластыру қажет. ХХІ ғасырдың ортасында экономиканың өзіндік ерекшелігі бар
саласы - ақпарат бизнесінің қалыптасқаны белгілі. Оның мазмұны ақпаратта
қайта өндеуді білдіреді. Ақпарат саласындағы жұмыспен қамтуды құрылымдау
көптеген бағыттар бойынша өріс алуда. Халықтың барлық жіктерінің ақпараттық
қоғаммен біріктірілуі жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы ерекшеліктерінен
туындайтын аса маңызды саяси міндет болып табылады. Еңбек нарығында
белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына
жәрдемдесудің негізгі өлшемі – бос қызмет орындары банкін қалыптастыру,
ұлғайту және пайдалану болып табылады.
Белсенді жұмыс іздеудің нақты қадамдарына: халықты жұмыспен қамту
жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдарда немесе жеке меншік агенттіктерде
тіркелу, жұмыс берушілерге өтініш жасау, бұқаралық ақпараттар құралдарына
жұмыс іздеу туралы хабарландыру беру, өзінің жеке ісін ұйымдастыруға әрекет
ету немесе еңбек нарығындағы сұраныстарды ескере отырып, кәсіби даярлықтан
өту жатады.
Қалалар мен аудандардағы халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті
органдар мынандай қызметтерді көрсетеді:
- азаматтарды жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері туралы және осы
немесе басқа бір жұмысқа орналасқысы келген адамдарға қойылатын
талаптар жөнінде хабардар етеді;
- жалпы білім беру мекемелерінің түлектері мен әлеуметтік қорғауға аса
мұқтаж азаматтарға лайықты жұмыс таңдауға, сондай-ақ жаңа жұмыс
орындарына, вахталық әдіспен, шетелде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі;
- жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген азаматтарға консультация береді;
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
- жұмыссыз азаматтарды оқытады және қайта оқытады;
- шағын несие беру арқылы жұмыссыздарға өзінің жеке ісін ұйымдастыруға
жәрдемдеседі;
- кәсіби даярлауға, іскерлік машықтарын үйретуге мемлекеттік тапсырысты
кәсіби білім беру оқу орындарының желесі арқылы анықтауды:
- бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының түлектерін жұмысқа
орналастыруға жәрдемдеседі.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыссыз
азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі негізгі іс- шаралары мыналар
болады:
1.Жұмыс іздеу процесінде жұмыссыздарға көрсетілетін қызметтер тізбесін
кеңейту;
2.Жұмыссыздарды жұмыс іздеу дағдыларына үйрету;
3.Жұмыс берушімен байланысты нығайту, өтінімдер бойынша кадрларды іріктеу,
семинарлар, бос орындардың жәрмеңкелерін өткізу;
4.Жұмыс берушінің жұмыс күшіне өтінім беру тетігін пысықтау;
5.Еңбек нарығының жағдайы және қолда бар бос орындар туралы бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы халыққа тұрақты хабарлап отыру;
6.Еңбек нарығындағы жағдай туралы жедел және толық мәліметтер жинау үшін
еңбек делдалдыңымен айналысатын барлық ұйымдар арасында өзара іс-қимыл
жасау рәсімін әзірлеу болып табылады.
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс сұрап келгендердің арасында біліктілігі
жоқ адамдардың саны басым, олардың көпшілігі ауылдық жерден келген 23 жасқа
дейінгі, негізінен орта білімді әйелдер. Жұмыссыздық – күрделі әлеуметтік –
экономикалық құбылыс. Кей жағдайларда жұмыспен қамтылмаған халықтың екпінді
өсін, әлеуметтік елеулі өзгерісін қоздыра алады. Бүгінгі күні экономикамыз
біраз көтерілген тұста жұмыссыздық онша байқалмайды. Ал егер әлемдік
бағалар өзгеріп, төмендесе, біздегі ахуал қиынға айналуы мүмкін.
Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба
алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамтылу қызметінің ұйымдық құрамы мен
қаржыландырылуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешіле қойған жоқ.
Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрестің аймақтық саясаты мына міндеттерді
шешуге бағытталады:
- жұмыс орындарын құру, халықтың жұмысын жақсарту,жұмыссыздықты
қысқарту;
- қордаланған проблемаларды шешуді қамтамасыз ететін арнайы шараларды
іске асыру жолымен бірінші кезекте мемлекеттік қолдауды талап ететін
тоқыраған селолық аудандар тобын экономикалық сауықтыру;
- астықты кесімді, әділ бағамен сатып алу арқылы ауылшаруашылығын
қолдау;
- тоқтап тұрған өндірістерді қайта құрылымдау және сегметтеу, дәрменсіз
ұйымдарды заңнамада белгіленген тәртіппен тарату және банкротқат
ұшырату;
- отандық тауар өндірушілерді, атап айтқанда, шағын және ортат бизнес
субъектілерін қолдау арқылы аймақтық нарықтардағы бәсекелестікті
дамыту саясатын жүргізу. 2.2.Халықты жұмыспен қамтудың негізгі
бағыттары және оны іске асыру тетігі.
Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы жұмыссыздықтың өсуінің алдын алу, жұмысқа орналасуға
жәрдемдесу және өнеркәсіптік өндірістің инновоциялық дамуының, аграрлық
саланың жоғары білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз ету,сондай-ақ
заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейін төмендету,жұмыс күші
сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс орындары санының
теңгерімділігі, ұлттық еңбек нарығын қорғау жолымен өнімді жұмыспен
қамтылуына жәрдемдесу мақсатында әзірленді.
Бағдарлама республикада соңғы жылдары қалыптасқан әлеуметтік –
экономикалық ахуалды, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың өңірлік
бағдарламаларында көзделген жұмыссыздықты азайту жөніндегі шараларды
ескереді.
Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық
Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін талдау нәтижелері
Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі
Еңбекпен толық және тиімді қамту
Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің жағдайын талдау
Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту
Пәндер