Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестік



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
Қаржылық инвестициялар есебі.
1. Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,
еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының
есебі.
3. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің
инвестициясының есебі.
4. Қаржылық инвестициялардың есебі
5. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық кызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан темен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттері

1. Әжібаева З. Н., Укашев Б. Е. “Бухгалтерлік есеп теориясы” Алматы: Экономика, 1999.
2. Барышников Н. Б., Тимоченко А. С., Гагарина Н. И. “Информационные системы бизнеса” Алматы, 2002
3. Баканов М. И., Шеремет А. Д. “Теория анализа хозяйственной деятельности” 2-е изд. М: Финансы и статистика, 2000.
4. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Е. Т., Жұмағалиева Ж. Т. “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау” Алматы: Экономика 2001.
5. Данилевский Ю. А. “Общий аудит в вопросах и ответах” М: 2002.
6. Ержанов М. С., Ерженова С. “Учетнач политика” Алматы, 2000.
Ержанов М. С. “Теория и практика аудита” Алматы 2000.
7. Назарова В.Л., М. С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д., Басқару есебі: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.
8. Родостовец В.К., Родостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Алматы: Экономика, 2002.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қаржылық инвестициялар есебі.
1. Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,
еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің
инвестициясының
есебі.
3. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің
инвестициясының есебі.
4. Қаржылық инвестициялардың есебі
5. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық кызметтің мақсаты —
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны
өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан темен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ.
1. Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық кызметтің мақсаты —
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны
өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан темен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(корын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға - құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар — белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,
ондағы тиесілі талаптың занды еместігіне жауап береді.
— ордерлік бағалы қағаз — ол ең алғашында иемденушінің атына немесе
оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп —
индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана
емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан
алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге
болады.
Борыштық, бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және
негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз
міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық
облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір белігін
иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жарғьшық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымең
қолданыстағы заңға сәйкес шығарьшатын) болып белінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды
нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп белу
мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз — қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтын, бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі — бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтык капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының
нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер
инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса,
онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың
жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір белігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің
құрамына тәуелді, ол табыс немесе задал әкелуі мүмкін және тап сондай
тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы
тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар
типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип —
өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен
проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық)
есімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін
акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара
қатынасына байланысты қоржыңдық өсімнің ортасынан, тағы да баска қоржынның
түрлерін, атап айтқанда: афессивті, консерютивті және орташа өсімін бөліп
көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне
бағытғалады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді,
бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезіңде ол үлкен табыс әкелуі
мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез есетін жас компаниялардың
акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен
ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай
қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде
агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық
касиеттері болады. Оның құрамыңа сенімді кәсіпорындармен қоса даму
үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті
жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай
туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу
болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған
табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және оңда тәуекелділіктің деңгейі нольге
тең болады. Қоржындардың аталған типін иңвестициялау объектілері ретінде
сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың
инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және
облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржыңдар:
айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны
құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін
болса, онда оларға жай акциялардыи өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін.
Басқаша жағдайда, қоржың инвестицияеы тек тәуекелділік төмен болған кезінде
ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толықсақтау мақсатынан
тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді.
Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік
валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекедділік
кезінде өз есімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың
есебінен қалыптасады және ңольдік тәуекелділік кезіңде орташа табыс
әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен
бағамдары әсет етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелгең және
мерзімі шектелмегін болып бөлінеді.
Мерзімі шеқтелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай,
алдына ала уақыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды кездейді. Ал
мерзімі шектелмеген қоржыңның уақыты шеқтеліп болып бөлінеді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар
ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша
қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі
(толықтырылуы) мүмкін, Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған
қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда
бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін
сақтайды.
Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ
мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен
акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше
роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен
көсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар
жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті
әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық
пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерді тартудың қиыңдьшықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен
байланысты болып келеді. Соңымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси
тәуекелділіктерімен байланысты болатының ескерген абзал. Қаржылық
инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол
инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып,
жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы
тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын
инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық
жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен
преференцияларі әзірленіп жасалған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты - жаңа технологияларды,
алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы
тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандықтауар өндірушілерді
мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты
алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін
тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің
әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың
үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің
жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып
табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі
дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға
табыс алу мақсатында кәсіпкерлік кызметтің объектілеріне инвесторлар салып
отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың кұқықтары, яғни
интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының занды тұлғаларының
жарлық капиталына катыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз
үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап
айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын
ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, карыз, несие беруге т.б. қызметтермен
шұғылдануына болады.
Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары
бойынша пайдалануға құқылы. Қазақстан аймағыңда қайта қаржыландыру үшін,
тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының
зандарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және
тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі.

Занды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, катысу үлесін алу
арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мұмкін. Салынған қаржылық
салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе
субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50%
және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол
қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес
серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен астам болса, бірақ оның дауыс
беруге құқы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол қаржыландырылатын объекті
бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып
табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол
бірлесіп бақыланатын занды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 "Инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында
жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 141 "Еншілес
серіктестіктерге салынған инвестициялар", 142 "Тәуелді серіктестіктерге
салынған инвестициялар", 143 "Бірлесіп-бақыланатын заңды тұлғаларға
салынған инвестициялар", 144 "Басқа инвестициялар".
Бұл бөлімнің шоттары еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы инвестициялардың
нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға
бағытталған.
141-144 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы
(аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері
бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің № 14 "Тәуелді
шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі" деп аталатын стандарты
бойынша реттеледі.
Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. Тәуелді
серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес
шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын занды тұлғасы да бола
алмайды. Субъектің қызметіне инвестор едөуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен
астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз
инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- үлестік қатысу әдісі;
- құндық әдіс (немесе құн әдісі).
- Үлестік қатысу әдісі —инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу
құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза
активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты
олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық
серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі
қаржылық-шаруашылық қызметтуралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы
сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді
шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда
бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша
көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына
байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын
көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуедді шаруашылық серіктестігінің таза табысыңда
үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы
керек.
Егер де тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа, онда олардың
баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы
төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол
төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысал. "Шығыс" ААҚ қоғамы "Темір" ААҚ-ның 33% және "Цемент" ААҚ-ның 28
% акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың құны: 3110
мың тенге және 4600 мың тенге құраған.
"Шығыс" ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан сон, "Темір" ААҚ өзінің
кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген.
Бірінші жылдың қорытындысы бойынша "Темір" ААК, 9900 мың тенге зиян шексе,
ал "Цемент" ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті
жария еткен. Ал келесі жылы "Темір" ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын
410 мың тенгеге түсірген, ал "Цемент" ААҚ керісінше, 500 мың тенгеге
көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша "Темір" ААҚ 1000 мың тенге таза
табыс тауып, 200 мың тенгеге дивидендті жария еткен, ал "Цемент" ААҚ— 1500
мың тенге деңгейінде зиян шеккен.
Енді осы жасалған операцияларымен байланысты шоттар корреспоңценциясын
қарастырып керейік.
ҚатаШаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, Шоттар кореспонденциясы
р№ теңге
Дебит Кредит
1 2 3 4 5
Заңды тұлғалардан қалыптасқан баға
бойынша акциялары сатып алынды: 142 671
-темір ААК-33% айналыстағыакциясы 3110000
-цемент ААК-28% айналыстағы 4600000
акциясы
жалпы 7710000
Бірінші жылы
2 Темір ААК өзінің кейбір негізгі
құралдарының объектілерінің қайта
бағалаудың нәтижесінде үлестік
қатысу сомасы артып, инвестицияның
құны өскен.
Шығыс АКК үлестік қатысу сомасы 99000 142 542
қайта бағаланған сомаға өсіп, ол
99000 теңге құралған
3 Бірінші жылдық нәтижесі бойынша:
-инвестицияның құнының өсуімен
бірге Шыңыс ААҚ үлесі да өскен,
өйткені Цемент ААҚ үлесі 1400000 1400000 142 871
теңге құралған
-темір ААҚ шекендіктен, Шығыс ААҚ 3209000 871 142
инвестициясының құны да азайған
Темір ААҚ шеккен Шығыс ААҚ –на
тиесілі 3267000 теңге құраған 560000 322 142
-цемент ААҚ-нан Шығыс ААҚ-на
тиесілі, дивидент сомасына
инвестиция құны азайды, Шығыс
ААҚ-ның алатын дивидент сомасы
560000теңге құраған
4 Бірінші жылдың нәтижесі бойынша
Шығыс ААҚ өз балансына Цемент ААҚ
5440000 теңге сомасындағы
инвестициясын ғана көрсеткен
Екінші жыл
5 Шығыс ААҚ-ынд инвестициясында құны
азайған, өйткені Темір ААҚ өзінің
кейбір негізгі құралдарының құның
арзандатқан.
-бұрындары жасалған қайта 99000 542 142
бағаланған сомасының шегінде
-бұрынғыдары артық жасалған 36300 845 142
сомасының шегінде 36300 теңге
6 Цемент ААҚ өзінің негізгі
құралдарын қайта бағалаудың
нәтижесінде Шығыс ААҚ қатысу
үлестік құны яғни инвестицияның 140000 142 542
құны өскен
7 Екінші жылдын нәтижесі бойынша
Темір ААҚ таза табысында Шығыс ААҚ 272000 142 871
қатыстық үлесі өсуіне байланысты
инвестицияның құны өскен. Қатысу 58000 011
үлесі 330000теңге құраған. Өткен
кезенде зиян шеккендіктен, осы
ағымдағы кезендегі инвестицияның
өскен құны 001-баланстан тыс
шоттағы есепке алынған.
Темір ААӨ Шығыс ААҚ алатын дивиденд66000 322 142
сомасына инвестицияның құны
азайтылды 660000 теңге
Цемент ААҚ зиян шеккендіктен ондағы420000 871 142
Шығыс ААҚ үлесі азаюына
байланысты инвестицияның құны
азайтылды.

Құн әдісі — инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша
көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық
серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті
дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны
жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң
ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға
табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын
себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар
кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз
қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі
мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық
қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырынған дивидендтерді
төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды
қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.
Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Келесі жылдың
(яғни екінші жылдың) наурызында "Темір" ААҚ - 3500000 теңгеге, ал "Цемент"
ААҚ 5000000 теңгеге өз акцияларын сатқан.
Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.
ҚатаШаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, Шоттар кореспонденциясы
р№ теңге
Дебит Кредит
1 2 3 4 5
Занды тұлғалардан, онда қалыптасқан
бағасы бойынша акцияларға сатып 142 671
алынды:
-Темір ААҚ – 33% айналыстағы 3110000
акциясы 4600000
- Цемент ААҚ - 28% айналыстағы
акциясы
Жиыны 7710000
2 Бірінші жылдың нәтижесі бойынша
Цемент ААҚ 2000 мың теңгеге
дивидендті жарияға етекен,
сондықтан Шығыс ААҚ оны табыс 373333 332 724
ретінде көрсету керек 373333 теңге,
яғни инвестицияны алғанға дейін 186667 332 142
алынған табыс – 186667 теңге,
инвестицияның баланстық құның
азайтады
3 Келесі жылдың наурызында сатылған
инвестиция көрініс табады:
-инвестицияның баланстық құнының
сомасына, 7523333 332 142
-инвестицияны сатқан кездегі, оның
келісімшарттық құнына. 8500000 332 723
4 Сатып алушылар ұсынылған шотты 8500000 441 301
төледі

Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген күннен
бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу
саясатына сәйкес есептелінеді.
Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Еншілес
шаруашылық серіктестік — негізгі серіктестіктің бақылауында болатын
серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам акциясын
тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің
көрсеткіштері негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген
(консолидалынған) есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік
саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы
мүмкін:
үлестік қатысу әдісі;
ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп,
біріктірілген (консолидалынған) қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде
барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді,
тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:
егер де еншілес серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған
болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында
әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің
қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.
Негізгі серіктестіктің біріктірілген (консолидалынған) есебіне енбей
қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі бойынша ескріледі (8- БЕС).
3. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің
инвестициясының есебі.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық, серіктестіктің инвестицияны жүзеге
асыруы - бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау
қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің
қатысу үлесі бойынша топшылаған келісім-шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын занды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған
шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз
атынан мәміле жасай алады, ез қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта
алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет
нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын
заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына
болады:
бірлесіп бақылайтын өндіріс;
бірлесіп бақылайтын активтер.
Бірлесіп бақылайтын өндіріс - занды тұлғаны құрмай тұрын, қатысушылар
өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын
топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі
шығындарын алады және олар алдын-ала өнімді сатудан алынған табысты
таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процесстің барысында пайдаланған
негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың және т.б. активтердің
құнын, әр қатысушы өз балансыңца ескереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер - жалпы мақсат үшін алынған немесе
салынған активтерді қатысушынар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада
олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар тендей
пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына
қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа
қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақынанатын серіктестіктерге
салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.
ҚатаШаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, Шоттар кореспонденциясы
р№ теңге
Дебит Кредит
1 2 3 4 5
1 Еншілес, тәуелді және бірлесіп
бақыланатын серіктестіктердің мына
игіліктерді салу арқылы
инвестициялары жасалынды: 222,223,123
-тауарлар, негізгі құралдар, -125,101-10
материалдық емес активтер 200000 141-144 4,106
- ақша қаражаттары 300000 141-144 431-452
-есеп беретін адамдарға берілген
соманың есебінен 50000 141-144 333
-еншілес, тәуелді және бірлесіп
бақыланатын серіктестерден 600000 141-144 641-643
-занды және жеке тұлғалардан 450000 141-144 671,687
жалпы 1600000
2 Занды және жеке тұлғаға тегін 100000 141-144 727
түскен инвестициялар
3 Тәуелді немесе еншілес серіктестер 300000 141-144 542
өз актвтерін қайта бағалаудың
нәтижесінде үлестік қатысу сомасы
инвестицияның құнын өсіреді.
4 Тәуелді немесе еншілес серіктестер
активтерін қайта бағалаудың
нәтижесінде үлестік қатысу сомасы
инвестицияның құның төмендеткен: 300000 542 141-144
-бұрындары жасалған қайта бағалау
сомасының шегінде 150000 845 141-144
- бұрындары жасалған қайта бағалау
артық жасалған сомасына
5 Тәуелді немесе еншілес серіктестер 540000 141-144 871
таза табысында инвестордың үлесі
өсуімен байланысты инвестицияның
құны өскен.
6 Инвестицияны ұлестік қатысу әдісі 140000 321-323,332141-144
бойынша есепке алған кезде
инвестордың алатын дивидендтер
сомасына инвестицияның құны азайды.
7 Тәуелді немесе еншілес серіктестер 2000000 871 141-144
шеккен зиян инвестордың үлесі
кемітуі мен байланысты
инвестицияның құны азайды.
8 Егегр де инвестицияның баланстық 50000 011
құнынан зиян асып түссе, онда ол
баланстан тыс шоттарда есепке
алынады
9 Тәуелді немесе еншілес 300000 141-144 871
серіктестердің таза табысында
инвестордың үлесі өсуімен
байланысты инвесицияның құны өскен
кеуде бұрындары инвестиция құнын
төмендету үшін есептен шығарылған
құн қалпына келтіріледі.
10 Еншілес, тәуелді, бірлесіп
бақыланатын шаруашылық
серіктестіктердің инвестициясы
сатылды: 300000 843 141-144
-инвестицияның баланстық құнына 700000 301-303,334723
-инвестицияның сатылған бағасы ,321-323
бойынша

4. Қаржылық инвестициялардың есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 "Қаржылық. инвестициялар"
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 " Акциялар", 402
"Облигациялар" және 403 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
401-403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы
шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы
қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық
инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп
инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша
жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей
шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін
төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының етелу құны мен оның сатып алынған
құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік
немесе сый-ақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не
ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының еңтеменгі
бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен
есептелінсе, онда тұрақты түрде кезендік өзгерістерін ескеріп отыруға тура
келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ессе, онда ол табыс болып танылады,
ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу
құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі
негізде анықтайды:
жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары
болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше
жағдайда — табыс ретінде танылады.
Енді біз баланс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану
Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат
Инвестициялар есебі жайлы
Басқадай дебиторлық борыштар
Инвестициялық есеп
Инвестиция есебі
Қаржылық инвестициялар және оларды бағалау әдістері
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі
Қаржылық есеп. Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер