Химия сабағындағы өздік жұмыстар



КІРІСПЕ 2

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ 6

1.2. Оқушылардың өздік жұмысының формалары мен түрлері. 11
Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру. 15
1.2.2. Жаңа тақырыпты өту кезіндегі оқушылардың өздік жұмысы. 17
1.2.3. Өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты қолдану. 19
1.2.4. Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару кезіндегі өздік жұмыстар. 21
1.3. Химия сабақтарында тірек схемалары мен тірек сигналдарын қолдану. 23
Тірек схемалары тақырыптарды біріктіруге мүмкіндік береді. 25
1.4 Тірек схемаларының дидактикалық рөлі. 28
ТС.2 Химиялық реакция. 31
Оттегі. Оксидтер. 36
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ 38
Жұмысты орындауға нұсқау 45
Жұмысты орындауға нұсқаулар 46
Өткен материалды бекіту үшін оқушыларға тәжрибе жасау ұсынылады. 55

ҚОРЫТЫНДЫ 56

Қолданылған әдебиеттер: 59
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру жағдайын талдай келіп көптеген өзгеріс туғызған процестерді атай кетуге болады. Олар:
- Жаңа мемлекттік білім беру стандартының, бағдарламалардың, оқу - әдістемелік кешендердің құрылуы;
- Салалық және кәсіби дайындықты мектептердің ашылуы;
- Кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын лицей, гимназиялардың құрылуы;
- Білім беру жүйесіне жеке меншік, қоғамдық оқу орындарының енуі.
Осымен бірге білім берудің негізгі құрам бөлігі болып дәстүрлі оқу орындарындағы оқу процесі қала береді. Ал дәстүрлі оқу орындарында, яғни орта білім беретін мектептердегі қазіргі заман талабына сай сабақтарды оқушының өздік жұмысынсыз көзге елестету қиын. Ол - белгілі бір танымдық әрекетті алға қойған мақсатқа сай ұйымдастыратын маңызды құрал. Өздік жұмысты орындай отырып оқушылар бағдарлама белгілеген білімді меңгеріп, жаңа дағды, білік, икемділіктерді игереді, ізденімпаздық қабілеттерін дамытып, ғылыми таным әдістерімен қаруланады.
Химия сабағындағы өздік жұмыстардың түрі әр - алуан: сарамандық сабақтар мен зертханалық жұмыстар, есептер шығару, химиялық формулалар мен реакция теңдеулерін құруға жаттығулар, оқулықпен жұмыс, қосымша әдебиеттермен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, оқытушы сұрағына жауап әзірлеу, сарамандық сабақтардың есебін беру, тірек конспектілері, сызба нұсқа, сұлбамен жұмыс, топ серуен материалын өңдеу, химиялық сөз жұмбақ, викторинаға әзірлік, берілген тақырыпқа реферат жазу, химиялық әңгіме құру және т.б.
Мектепте химияны оқыту оқушыларды өмірге әзірлеуде, еңбек әрекетіне дайындауда елеулі үлес қосады: олар заттар мен олардың әрекеттесуі жайлы, заңдар мен теориялар жайлы, материяның химиялық өмір сүру формасы туралы, химияның адам өміріндегі, өндіріс пен үй тұрмысындағы маңызы туралы белгілі білім негізін қабылдап, құбылыстарды бақылау, химиялық тәжрибе қою, оқулықпен, анықтамалық материалдармен жұмыс істеу, қорытынды шығару сияқты икемділіктерді игеріп, ғылыми танымдық, дүние танымдық көзқарасын кеңейтеді.
Оқыту құралдарын жетілдіру - ерте заманнан іске асып келе жатқан құбылыс. Қазіргі кезеңдегі оқу процесіне компьютерлендіру, видео, телетехника, ақпарат көздері кеңінен енуде. Мұғалімдердең оқу мен тәрбие процесінде өздеріне тиімді көмекші алуға ұмтылуы- заңды құбылыс.
Оқушылардың өз бетімен білім алуында тірек схемаларын қолдану, оқу процесінің дұрыс даму ықтималдылығын арттырады. Бірақ оны анықтайды деп айтуға келмейді. Тірек схемалары - көптеген мұғалімдер үшін оңтайлы оқыту құралы. Тірек схемаларын сабақта қолдануды зертеуге көп үлес қосқан В.Ф. Шаталов.
Оқу – тәрбие жұмысын белсендіруде көптеген иновациялық оқыту әдістері ұсынылғаны белгілі. Дегенмен олардың қолданылуы материалды баяндаудың ақпараттық сипатымен шектеліп қалады. Барлық педагогикалық әдіс тәсілдер оқушының белсенді танымдық әрекетін қалыптастыруға, оқу материалын ой елегінен өткізіп, өңдеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне бағытталуы керек.
Оқу еңбегін ұйымдастыру, оның ішінде оқушының өзбетімен жұмысын дұрыс ұйымдастыру оқытудың білім беру, дамыту және тәрбиелік мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Тірек схемалары оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшелітеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады (ол тірек схемасын қолданып оқытушының түсіндіргенін қайта айтып беруден бастап ізденімпаздық тұрғыдағы тапсырмаларды орындауға дейін болады).
Тірек схемаларын қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға жаттығуда, өткен тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады.
Зерттеу болжамы:
Химия сабағында оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда тірек схемалары мен конспектілерін қолдану жақсы нәтиже беріп, оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Тірек схемалары мен конспектілерін жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан сыныпқа көшу қорытынды бақылауына әзірленуде, біртұтас ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді өздік бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Орта білім беретін мектептің 9 сынып химиясының «Оттегі» топшасы, «Химиялық реакция жылдамдығы» тақырыптарына тірек схемалары мен конспектілерін құрып оны оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда қолдану әдістемесін құру.
Зерттеу нысаны:
Зайсан ауданы, Айнабұлақ орта мектебінің, 9 сыныбының оқу – тәрбие процесі.
Зерттеу пәні:
Химиядан тірек конспектілері мен схемасын құрудың және оны өздік жұмысты ұйымдастыруда қолданудың әдістемелік жүйесі.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжам келесідей міндеттерді алға тартады:
1. Әдебиеттерге шолу негізінде тірек конспектілерін, схемаларын құру қажеттігін негіздеу;
2. Тірек конспектілері мен схемаларының оқушылардың өздік жұмысын ұтымды ұйымдастыруда қолданудың әдістемесін құру;
Қолданылған әдебиеттер:

1. Чернобельская Г. М. Основы методики обучения химии. М. Просвещение, 1987.
2. Гузик Н. П. Учись учиться. М. Просвещение, 1981. 39-40 б.
3. Попов В.А. Семенов А.С. Организация работы с информационным материалом по химии. / Химия в школе – 1984. № 3 38-39)
4. КовылинаГ.Е. Самостоятельная работа оқушыов в вузах. М. Просвещение. 1988. С 27-30
5. Санникова Л.Ф. Самостоятельная работа с учебником при изучении металлов. / Химия в школе 1981 № 1 с. 38
1. Полосин А.П. Работа с учебником при обобщении сведений об основных классах неорганических соединений./ Химия в школе 1983 № 1 с 27-30
7. Порус Б.Н. Сараева В.Г. Формирование у школьников умений работать с углубленным текстом / Химия в школе –1984 № 5 27-28 с.
8. И.И. Базелюк. Об организации самостоятельной работы по изучению нового материала / Химия в школе №3 1987 29-31 б
9. Кеслер Б.Я. Курочкина Н.Г. Организация С.Р. при изучении нового материала / ХвШ 1985 №3 24-28 с.
10. Перминова Л.М. Кожанова Э.А. Из опыта организации работы с учебником на уроке. / Х.в.Ш 1985 №3
11. Л. С. Понтак Из опыта проведения самостоятельных работ в 8 классе. ХВШ №3 1987 22-24 б
12. Усманова М. Б. Сақариянова Қ. Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі. Алматы «Атамұра» 2004.149 б.
13. Вивюрский В. Я. Заключительные уроки по химии в средней школе. М. Просвещение, 1980. 28-33 б.
14. Иванова Р. Р., Иодко А. Г. Система самостоятельных работ учащихся при изучении органической химии. М: Просвещение, 1988. 28-103 б.
15. Злотников Э. Г. Проведение экспериментального практикума по химии / Химия в школе. 1990. № 1 46 б.
16. Чертков И. Н. Жуков.П.Н. К методике решения экспериментальных задач. / Химия в школе. 1985. № 5 50-54 б.
17. Чертков И. Н. Жуков.П.Н. Методические рекомендеции к химическому эксперименту 9 класса./ Химия в школе. 19867 № 4 58б7
18. Полосин В7С7 Формирование и значение экспериментальных умений учащихся. / Химия в школе. 1983. № 4 57 б.
19. Полосин В. С. Афонькин Е. В. Трудовая подготовка учащихся на экспериментальных занятиях. / Химия в школе7 1985. № 1 26 б.
20. Чертков. И. Н. Жуков П.Н. Методические рекомендации к химическому эксперименту 7 класса / Химия в школе 1986 № 5 58 б.
21.Семенькова Н.И. Супоницкая И. И. Гоголевская И.И. Комплект обобщающих схем конспектов по теме «Первоначальные химические понятия». /Химия в школе 1991 № 5 70-76 б.
22. Супоницкая И.И. Гоголевская И. И. Комплект обощающих схем конспектов по теме «Электролитическая диссоциация». /Химия в школе 1991 № 5 25-31 б.
23. Усманова М. Б. Сакариянова К.Н Химия 9 сынып Алматы «Атамұра»
24 Игнатьев В. П. Новая ли методика? / Совеиская педагогика 1987 № 5 70-76 б.
25. Кочалова Г. С. Экспериментальные задачи на уроках по теме «Подгруппа кислорода» М. Просвещение, 1980. С 31-33
26 Шаталов В. Ф: Куда и как исчезли тройки. М. Педагогика, 1987. 45-61 б.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ 2
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ 6
1.2. Оқушылардың өздік жұмысының формалары мен түрлері. 11
Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру. 15
1.2.2. Жаңа тақырыпты өту кезіндегі оқушылардың өздік жұмысы. 17
1.2.3. Өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты
қолдану. 19
1.2.4. Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару
кезіндегі өздік жұмыстар. 21
1.3. Химия сабақтарында тірек схемалары мен тірек сигналдарын қолдану.
23
Тірек схемалары тақырыптарды біріктіруге мүмкіндік береді. 25
1.4 Тірек схемаларының дидактикалық рөлі. 28
ТС-2 Химиялық реакция. 31
Оттегі. Оксидтер. 36
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ 38
Жұмысты орындауға нұсқау 45
Жұмысты орындауға нұсқаулар 46
Өткен материалды бекіту үшін оқушыларға тәжрибе жасау ұсынылады. 55
ҚОРЫТЫНДЫ 56
Қолданылған әдебиеттер: 59

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру жағдайын талдай келіп
көптеген өзгеріс туғызған процестерді атай кетуге болады. Олар:
- Жаңа мемлекттік білім беру стандартының, бағдарламалардың, оқу -
әдістемелік кешендердің құрылуы;
- Салалық және кәсіби дайындықты мектептердің ашылуы;
- Кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын лицей, гимназиялардың құрылуы;
- Білім беру жүйесіне жеке меншік, қоғамдық оқу орындарының енуі.
Осымен бірге білім берудің негізгі құрам бөлігі болып дәстүрлі оқу
орындарындағы оқу процесі қала береді. Ал дәстүрлі оқу орындарында, яғни
орта білім беретін мектептердегі қазіргі заман талабына сай сабақтарды
оқушының өздік жұмысынсыз көзге елестету қиын. Ол - белгілі бір танымдық
әрекетті алға қойған мақсатқа сай ұйымдастыратын маңызды құрал. Өздік
жұмысты орындай отырып оқушылар бағдарлама белгілеген білімді меңгеріп,
жаңа дағды, білік, икемділіктерді игереді, ізденімпаздық қабілеттерін
дамытып, ғылыми таным әдістерімен қаруланады.
Химия сабағындағы өздік жұмыстардың түрі әр - алуан: сарамандық
сабақтар мен зертханалық жұмыстар, есептер шығару, химиялық формулалар мен
реакция теңдеулерін құруға жаттығулар, оқулықпен жұмыс, қосымша
әдебиеттермен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, оқытушы сұрағына жауап
әзірлеу, сарамандық сабақтардың есебін беру, тірек конспектілері, сызба
нұсқа, сұлбамен жұмыс, топ серуен материалын өңдеу, химиялық сөз жұмбақ,
викторинаға әзірлік, берілген тақырыпқа реферат жазу, химиялық әңгіме құру
және т.б.
Мектепте химияны оқыту оқушыларды өмірге әзірлеуде, еңбек әрекетіне
дайындауда елеулі үлес қосады: олар заттар мен олардың әрекеттесуі жайлы,
заңдар мен теориялар жайлы, материяның химиялық өмір сүру формасы туралы,
химияның адам өміріндегі, өндіріс пен үй тұрмысындағы маңызы туралы белгілі
білім негізін қабылдап, құбылыстарды бақылау, химиялық тәжрибе қою,
оқулықпен, анықтамалық материалдармен жұмыс істеу, қорытынды шығару сияқты
икемділіктерді игеріп, ғылыми танымдық, дүние танымдық көзқарасын
кеңейтеді.
Оқыту құралдарын жетілдіру - ерте заманнан іске асып келе жатқан
құбылыс. Қазіргі кезеңдегі оқу процесіне компьютерлендіру, видео,
телетехника, ақпарат көздері кеңінен енуде. Мұғалімдердең оқу мен тәрбие
процесінде өздеріне тиімді көмекші алуға ұмтылуы- заңды құбылыс.
Оқушылардың өз бетімен білім алуында тірек схемаларын қолдану, оқу
процесінің дұрыс даму ықтималдылығын арттырады. Бірақ оны анықтайды деп
айтуға келмейді. Тірек схемалары - көптеген мұғалімдер үшін оңтайлы оқыту
құралы. Тірек схемаларын сабақта қолдануды зертеуге көп үлес қосқан В.Ф.
Шаталов.
Оқу – тәрбие жұмысын белсендіруде көптеген иновациялық оқыту әдістері
ұсынылғаны белгілі. Дегенмен олардың қолданылуы материалды баяндаудың
ақпараттық сипатымен шектеліп қалады. Барлық педагогикалық әдіс тәсілдер
оқушының белсенді танымдық әрекетін қалыптастыруға, оқу материалын ой
елегінен өткізіп, өңдеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне
бағытталуы керек.
Оқу еңбегін ұйымдастыру, оның ішінде оқушының өзбетімен жұмысын дұрыс
ұйымдастыру оқытудың білім беру, дамыту және тәрбиелік мақсаттарына жетуге
мүмкіндік береді.
Тірек схемалары оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың
білім деңгейіне орай, даралық ерекшелітеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін
ұйымдастыруға жағдай туғызады (ол тірек схемасын қолданып оқытушының
түсіндіргенін қайта айтып беруден бастап ізденімпаздық тұрғыдағы
тапсырмаларды орындауға дейін болады).
Тірек схемаларын қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген
уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға жаттығуда, өткен
тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады.
Зерттеу болжамы:
Химия сабағында оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда тірек
схемалары мен конспектілерін қолдану жақсы нәтиже беріп, оқушылардың білім
сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Тірек схемалары мен конспектілерін жаңа материалды түсіндіруде, оны
бекітуде, сыныптан сыныпқа көшу қорытынды бақылауына әзірленуде, біртұтас
ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді өздік бақылау мен күнделікті
бақылауда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Орта білім беретін мектептің 9 сынып химиясының Оттегі топшасы,
Химиялық реакция жылдамдығы тақырыптарына тірек схемалары мен
конспектілерін құрып оны оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда қолдану
әдістемесін құру.
Зерттеу нысаны:
Зайсан ауданы, Айнабұлақ орта мектебінің, 9 сыныбының оқу – тәрбие
процесі.
Зерттеу пәні:
Химиядан тірек конспектілері мен схемасын құрудың және оны өздік
жұмысты ұйымдастыруда қолданудың әдістемелік жүйесі.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжам келесідей міндеттерді алға
тартады:
1. Әдебиеттерге шолу негізінде тірек конспектілерін, схемаларын құру
қажеттігін негіздеу;
2. Тірек конспектілері мен схемаларының оқушылардың өздік жұмысын
ұтымды ұйымдастыруда қолданудың әдістемесін құру;
3. Құрылған әдістеменің оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда
тиімділігін анықтауды эксперимант нәтижесінде бақылау.
Зертеудің әдістері:
- ғылыми - әдістемелік, психолого – педагогикалық, химиялық
әдебиеттерді талдау, химиядан орта білім берудің мемлекеттік
бағдарламасын және басқа нормативтік құжаттарды талдау;
- оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу;
- оқушылармен сауалнама жүргізу;
- Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжрибені тұжырымдау;
- Бақылау, тестілеу, педагогикалық эксперимент нәтижесін
математикалық өңдеу.
Зерттеу базасы: Зайсан ауданы, Айнабұлақ орта мектебі, Айнабұлақ
ауылы.
Зерттеу кезеңдері:
1 кезең – ізденуші. Бұл кезеңде әдебиеттерге шолу жасалып,
нормативтік құжаттармен танысу жүргізілді. 2004 – 2005 ж.ж.
2 кезең – талдау жүргізу кезеңі. 2005 – 2006 ж.ж.
3 кезең – қорытынды кезең. Эксперимент өткізу, бітіру жұмысын жазуды
аяқтау, зерттеу жұмысын қорытындылау.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы мен теориялық маңызы:
- Тірек схемалары мен конспектілерін қолданудың дидактикалық жағдайы
анықталды;
- Тірек схемаларын өздік жұмысты ұйымдастыруда қолдану тиімділігі
көрсетілді;
Практикалық маңызы:
Оқушылар педагогикалық практика өту кезінде, жас мұғалімдер өздерінің
іс – тәжрибесінде қолдана алады.
Бітіру жұмысының көлемі мен құрылымы:

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ

Соңғы кезде оқушыларды өмірге, еңбекке бейімдеуге, олардың бойында
өздік ойлау, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде.
Сондықтан да оқыту құралдары мен әдістерін жетілдіру, олардың тиімді
белсенді формаларын ұсыну міндеті үнемі алға тартылуда.
Білімі мен білігін, икемділік дағдысын үнемі жетілдіру, өз бетімен
білім алуға ұмтылу әрбір маманның өмірінің негізгі бөлігі екені даусыз. Сол
себепті мектеп табалдырығынан бастап жас жеткіншектерді осындай
икемділіктер мен біліктілікті игеруге икемдеген тиімді. Ол үшін пәннің
барлық мүмкіндіктерін, мазмұнын, оқу жұмысының әдістері мен формасын
қолданған тиімді.
Педагогикалық ғылымда оқушының өздік жұмысы деген түсінікке
бірыңғай анықтама берілмеген. Бұл сұрақ әлі даму үстінде.
Оқушы білімді өз бетімен жинақтау қажеттігін дамытуы керек. Ал осы
педагогикалық міндетті шешу мұғалімнен оқытудың ғылыми - әдістемелік
деңгейін көтеруді, пән ішілік және пән аралық байланыстарды дамытуды талап
етеді.
Химияны оқуда өзбетімен жұмысты ұйымдастыру үшін оқушы негізгі
заңдылықтарды меңгеріп, химиялық білімді тұжырымдап, ғылыми мәселелерді
шешу мәселесін көрсетіп оларды шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс.
Оқушыларды химиялық мәселелерді өзбетімен шешуге үйрете отырып оқытушы
алдымен бірқатар мысалдар негізінде болжам құруға, мәселе қоюға, оның дұрыс
шешімін табуға жол көрсетеді.
Химияны алғаш оқи бастағанда яғни 8 сыныпта Химиялық алғашқы
түсініктер тарауын осындай жоспармен оқытуға болады. Сабақта тірек
схемаларын қолдана отырып оқытушы біртіндеп оқушының кітаппен жұмыс істеу
іскерлігін дамытады. Алғашында оқытушы оқулықтың жалпы құрылысымен ондағы
түсіндірме, шартты белгілермен, қажетті тақырып пен тарауды қалай тез
табуға болатынымен және оқулықта берілген тірек схемаларымен таныстырады.
Оқушының әдебиетпен жұмыс әстеу білігі сабақ үстінде оқулықпен өздігінен
жұмыс орындау кезінде дамиды.
Әсіресе оқушының өз бетімен жұмысқа икемділігінің дамуы үйірме
жұмысында айқын көрінеді. Олар мектептің химия кабинетінде өз бетімен жұмыс
жасауға, заттар қасиетін олардың өзгерісін сол заттарды зерттеу арқылы
анықтап, эксперименттік есептерді шығаруға жаттығады.
Өздік жұмыс дегеніміз- оқушылардың жаңа білім, дағды, икемділіктер
мен ғылым әдістерін меңгерудің маңызды жолы (1). Егер сөздік және сөздік-
көрнекілік әдістер оқушылардың таным әрекетінің алғашқы екі пайымдау мен
абстрактылы ойлауды қамтамасыз етсе, ол оны іс жүзінде тексеру тек
өзбетімен жұмыс кезінде іске асады. Өздік жұмыс тұтасымен алғанда оқу
процесі сияқты білім беру, тәрбие, дамыту функцияларын атқарады.
Өздік жұмыстың білімділік функциясы химия ғылымының негізгі әдістерін
игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін
шығару дағдысы, химиялық тілді дұрыс меңгеруі, үлгілеу икемділігі және т.б.
Тәрбиелік функциясы дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін
қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылықты жеңе білу,
табандылық, өз-өзіне сенімділік.
Дамытушы функциясы- дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін
дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту,
байқағыштық, сезімталдық және т.б.)
Өздік жұмыс білім көзі, оны тексеру әдісі, дамыту мен бекіту жолы
болады. Икемділік пен дағдыға қатысты алғанда ол оны қалыптастырудың бірден
бір жолы болады.
Өздік жұмыс ол алдымен оқушы әрекетінің бір түрі. Ол оқытушы
бақылауымен жүргізілетін әрекеттер мен операциялардан тұрады. Бұл процеске
бағдарлаушы негіз немесе бағдарлар жүйесі қажет. Бағдарлар неғұрлым аз
болса оқушы дербестігі соғұрлым жоғары болады. Бағдарлар санын біртіндеп
азайта отырып оқытушы іскерлікті дағдыға айналдыратындай етіп ұйымдастыруға
болады.
Өздік жұмыс әр түрлі ұйымдасу формасында өтуі мүмкін: ұжымдық, топтық
және жекеше. Мысалы әр оқушы жеке тапсырма алады немесе оқушылар тобына
беріледі. Сол сияқты өздік жұмыс оқытудың кез келген кезеңінде жүруі мүмкін
немесе арнайы сабақтың үстінде өтіледі. Оқушылардың өздік жұмысын өткізу
уақытына, оны мұғалімнің қадағалауына және нәтижесін бақылауына байланысты
келесідей жіктеуге болады:
- сыныптағы кесте бойынша өткізілген сабақ үстіндегі (дәстүрлі
сабақ, дәстүрлі емес сабақ, дәріс сабақ, сарамандық сабақ);
- мұғалімнің басшылығымен орындалатын шығармашылық жұмыстар,
тақырыптық есептер, емтихан, сынақтар
- сыныптан тыс орындалатын шығармашылық сипатты және оқу
тапсырмалары, үй жұмысы.
Мұндай өздік жұмыстар шекарасы аса шектелмеген, кейде олар бір-
бірімен қиылысып жатады, ал ең тиімді болатын жағдай бұл мәселені кешенді
түрде шешу. Кез келген істің нәтижелі болуы оған қызығушылық туғызған
адамның белгілі нәтижеге жетуіне байланысты. Мұғалім үшін ол жоспарланған
оқу еңбегі, ал оқушы үшін маңызды мотивация. Төмендегідей мотивацияны
айырып көрсетуге болады.
1. Сыртқы мотивация - мектепті ойдағыдай аяқтаудың мектептегі оқу
үлгіріміне тәуелділігі.
2. Ішкі мотивация оқушының белгілі бір бағыттағы икемділігі. Ол
мектепте оқу барысында белгілі бір мамандықты алуға өз күшін
бағыттайды.
3. Процесуальды (оқулық) мотивация. Ол оқушының орындаған жұмыстың
маңыздылығын түсінуінен туындайды. Яғни өздік жұмыс зертханалық
жұмысты, сабақ материалын дұрыс түсінуге мүмкіндік беретінін
оқушыға жеткізе білуі керек.
Өздік жұмысты қалай орындағанын бақылау оқу ісінде стимулдаушы фактор
болады. Оқушының кез келген жеке орындаған жұмысын өздік жұмыс деп
есептеуге болмайды. Мысалы оқушы берілген нұсқау бойынша зертханалың
жұмысты орындаса, бұл әрекет мәні жағынан репродуктивті бірақ дербес жұмыс
болып саналмайды.
Дербестіктің яғни өздік жұмыстың жоғары деңгейі ізденгіштік,
зерттеушілік сипаттағы жұмыстарды орындағанда көрінеді. Оқушы оқу
тапсырмасын алған соң оның мәнін түсініп өз бетімен оны шешу жолдарын
ойластырып оның ішіндегі ең тиімді, ұтымдысын таңдауы керек. Есеп шығару
кезінде ол жаңа, тың есепті шығару жолын табуы мүмкін. Осындай өздік жұмыс
оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Таным әрекетіне орай оқушыларға тапсырманы саралап, даралап беруге
болады- жақсы оқитын оқушылар үшін күрделі, орташа және нашар оқитын
оқушылар үшін өз күштеріне орай тапсырма беріледі. Негізінде тапсырманы
оқушылар өздері таңдап алады. (2)
Бірінші ретті қиындықтағы тапсырмалар нұсқасында теориялық жағынан
келуді талап ететін тапсырмалар болады. Мысалы теориялық көзқарас
тұрғысынан химиялық құбылысты түсіндіру болжамын ұсынып, соңынан
эксперимент жүзінде дәлелдеу. Ал үшінші ретті тапсырмалар негізінен
репродуктивті сипатты. Ал екінші ретті тапсырмалар бірінші мен үшінші ретті
тапсырмалар аралығынан орын алады.
Программаланған оқыту оқушылардың өздік жұмысының ерекше түрі. Ол
арнайы өңделеген оқу материалымен оқушылардың жұмыс істеуіне негізделіп,
бағдарлама түрінде көркемделеді. Бағдарлама үйретуші немесе бақылаушы
сипатты болады.
Үйретуші сипатты бағдарламаларды бейорганикалық химияның теориялық
негізгі тақырыптары бойынша құруға болады. Мысалы: Химияның негізгі
заңдары, Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары, Гидролиз,
Электролиттік диссоциация теориясы, Химиялық реакция жылдамдығы,
Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Немесе суреттеуші сипатты
материалдарға құрылады. Мысалы: Галогендер, Халкогендер,
Пниктогендер, Көміртек топшасы және т.б.
Бұл жерде оқу материалын белгілі бір бөліктерге бөлуге болады. Әрбір
бөлік оқу ақпаратының біраз мөлшерін қамтиды. Оқу материаланың әр үлесі
сұрақтармен немесе тапсырмалармен қапталдасады. Көбіне тапсырмалар сұраққа
берілген бірнеше жауап түрінде болады, оқушы оның ішінінен дұрысын
таңдайды. Тапсырма жауапты жобалауға немесе мәтіндегі олқылықтарды
толтыруға беріледі.
Химияны оқыту практикасында қорытындылаушы, білімді жүйелеуші
сабақтар үлкен рөл атқарады. Олар белгілі бір тарау, тақырып соңында
өткізіледі. Қорытындылаушы сабақта оқушылардың кітаппен немесе анықтамалық
оқу құралдарымен жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылар есептеу есептерін,
эксперименттік есептер шығарып, тәжрибелер орындайды.
Қорытындылаушы сабақтардың қайталау сабақтарынан айырмасы талданатын
оқу материалы теориялық жоғары деңгейде беріледі.
Кез келген өздік жұмыс сияқты материалды тұжырымдау олардың
орындалуын міндетті түрде талдауға негізделеді. Талдау әдістері әр түрлі
болу мүмкін: сұрақ түрінде, эвристикалық әңгіме, жеке (ауызша немесе
жазбаша ) жауаптар, фронтальды сабақ сұрау, сарамандық сабақтар және
бақылау жұмыстары.
Оқушылардың өздік жұмысының маңызы мынада:
- Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру
беріктігін көтереді;
- Оқушылар бойында белгілі бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;
- Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;
- Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін
жоғарлатады.
Қазіргі кезеңде оқушылардың өз бетімен жұмысты орындау деңгейі,
дербестігі жайлы мәселелер ең негізгі, келелі мәселеге айланып отыр.

1.2. Оқушылардың өздік жұмысының формалары мен түрлері.

Химияны оқыту теориясы мен іс – тәжрибесінде әр түрлі өздік жұмысты
өткізуден мол тәжрибе жинақталған.
Мектеп реформасының қазіргі кездегі қоғам мен әлеуметтік жағдайларға,
еліміздің егеменді ел болуына байланысты алдыға қойып отырған мәселелердің
бірі оқушының өз бетімен білім алуын құптап, дамыту. Сондықтан сабақ
үстіндегі оқушылардың әр текті өздік жұмыстарына деген қызығушылық артуда.
Бір жағынан оқытушы оқу процесінің тиімділігін арттырса, екінші
жағынан оқушылардың оқу процесіндегі білімін өз бетімен жетілдіруіне
мүмкіндік беріп жаңа білім негізін игеруіне жағдай жасайды.
Өздік жұмыс әртүрлі формада жүргізіледі. Олар ұжымдық, топтық, жекше
болып жіктеледі. Ал оның түрлері әр алуан: оқушы эксперименті (зертханалық
және сарамандық жұмыс), әр түрлі химиялық есептерді шығару, жаттығулар
орындау, әдебиетпен жұмыс, программаланған оқу құралымен жұмыс, анықтамалық
әдебиеттермен жұмыс, шығармашылық тапсырмаларды орындау (аспаптарды
жобалау, құру, модельдер жасау және т.б.), бақылаушы сипатты жазбаша
жұмыстар, білімді қорғау сабағы, қоғамдық білімді тексеру сабағы және т.б.
Оқу тәрбие жұмысы міндеттерін шешуде оқушылардың әр түрлі өздік
жұмыстары сабақтың негізгі, қорытынды, білім бекіту бөлімдерінде
қолданылуымен маңызды.
Оқушы әрекетін ұйымдастыруына байланысты өздік жұмыстардың жіктелуі.

Қандай да бір әрекетке Сабақты
босатқан
қызығушылық туғызған оқушылар үшін
оқушылар үшін ерекше тапсырмалар
бойынша
Программаланған оқыту

ұжымдық Оқушының өздік
жекеше
жұмысы

фронтальды
сараланған

тапсырма
және топтық
бойынша

Сабақ үстіндегі топтық өздік жұмыстың ұйымдастыруына тоқталайық.
Оқушылардың пән бойынша білімі негізінде сабақ алдында топтар
қалыптастырылады. Топтар құруда психологиялық сыйысушылық, қызығушылықтар
бағыты, көш басшысы беделі сияқты факторлар да ескеріледі. Тәжрибе көрсетуі
бойынша ең тиімді топ 4 оқушыдан тұратын топ деп есептеледі.
Әрбір топтағы оқушылардың пән бойынша деңгейі әр қалай, ал топтар бір
бірімен деңгейлес болады. Топтың жұмысын көш басшы бағыттап отырады. Көш
басшыға қойылатын талап, ол пәнді жақсы білуі керек. Оның басшылығымен
барлық оқушылар алған тапсырмамен жұмыс істейді, берілген зертханалық
жұмыстарды орындайды, ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап, тақтада ауызша
жауап беруге немесе жазбаша жауап беруге әзірленеді.
Жекеше өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың даму міндеті шешіледі.
Қабілеті мен дайындық деңгейі әр түрлі оқушылардың бірдей ритммен жұмыс
істеуі қамтамасыз етіледі.
Мысалы 8 сыныптың аяғында немесе 9 сыныптың басында оксидтер,
қышқылдар, негіздер мен тұздар туралы дараланған тапсырмалар беруге болады.
Төменгі деңгей үшін:
Магнийдің тұз қышқылымен тұзының, магний оксидінің, гидроксидінің
формуласын жазып, атын ата. Құрылымдық формуласын келтір.
Жоғары деңгей тапсырмасы:
Темірдің (ІІІ) күкірт қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұзының
формуласын, құрылымдық формуласын жазып атын ата. Темір (ІІІ) окиді мен
гидроксиді формуласын жазып, құрылымдық формуласын келтір.
Орта деңгей тапсырмасы:
Магнийдің көмір қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұздарының
формуласын жаз, құрылымдық формуласын келтір.
Жекеше өздік жұмыстар кейде оқушылардың біраз бөлігін қамтыса, кейде
бүкіл сынып оқушыларына арналып құрылады. Тапсырмалар жоғарыда
келтірілгендей әр деңгейлі болуы мүмкін (саралап оқытуда) немесе қиындығы
бірдей бірақ орындалу уақыты әр қалай болады (программаланған оқытуда).
Оқушылар бойында дербестілік әрекетті дамытатын құралдардың бірі –
химия ғылымы мен өндірісі жайлы оның жетістіктері жайлы мәліметтер жинау.
(3)
Химиядан ақпарат жинау мен өңдеу жұмысының жүйесі орта мектепте
біртіндеп күрделену принципі бойынша жүреді. Оқушылар алдымен ғылыми
көпшілік әдебиетпен, содан кейін жоғары мектепке арналған әдебиеттермен
танысады. Біртіндеп алынған ақпаратты өңдеу сипаты да өзгереді. 8-9 сынып
оқушылар арнайы дәптерге ақпараттық мәліметтерді теріп жазады немесе газет,
журнал бетінен алып желімдейді немесе көшірме аппараттан өткізіп алады. 10-
11 сынып оқушылары тақырыптық реферат жазып, ғылыми шолу құрастырады.
Химияның алғашқы сабақтарынан бастап оқушыларға химия ғылымы әлемінде
болып жатқан жаңалықтар, химия өндірісі жаңалықтары жайлы қысқаша,
жеткілікті, түсінікті деңгейде мәліметтер беріледі. Ол мәліметтер тірек
схемаларын, тірек конспектілері мен сигналдарын құруда қолданылады. Химияны
жете меңгеру үшін тек мектеп оқулығында берілген материалмен шектелу
жеткіліксіз. Оқушы үнемі өзінің білімін ақпарат көздерінен алынған
материалдармен толықтырып отыруы керек.
Дербестілік деңгейі мен бөлімдерінің санына орай оқушылардың өздік
жұмысын төмендегідей типке бөлеміз.
1. Үлгі бойынша орындайтын өздік жұмыс. Оқушылардың бұл жердегі
әрекеті зейін қойып тыңдап, алынған ақпаратты қайталап айтып берумен
шектеледі.
2. Қайта құрушы нұсқалық өздік жұмыс. Оқушы алдыңғы алған білімін
қолданып қайта құру, тұжырымдау, ой қорыту жүргізіп пән ішілік және пән
аралық байланысты орнатады. (4)

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың өз бетімен білім негізін қалауда
оқулықпен жұмыс үлкен рөл атқарады. (5)
Мұндай жұмысты іске асыруда Металдар тақырыбы қолайлы. Сондықтан
бұл тақырыпты оқымас бұрын алдымен қай сұрақтарды фронтальды әңгіме
кезінде, қайсысын оқушылар өз бетімен қарастырғаны ұтымды екенін анықтап
алған дұрыс. Тапсырмаларға қысқаша түсініктеме беріліп, сабақ соңында
тексеруші сұрақтар арқылы қандай тапсырмалар үйде қиындық туғызатынын
анықтайды.
Тәжрибе көрсеткендей өздік жұмыс алынған білімді жетілдіруге
қызығушылық туғызады, алған білімін іс – тәжрибеде қолдануға үйретеді, ақыл
–ой әрекетін ұйымдастырады. Проблемалық оқыту идеясы мектеп қабырғасында
білім беру жүйесіне кеңінен еніп сенімді теориялық негізді құрайды.
Проблемалық тәсілді қолдану оқушының талдау, жүйелеу, қорытындылап болжау
іскерлігін дамытады.
Сабақ үстінде оқулықтың әдістемелік аппаратымен жұмыс істеуді де
ұйымдастыруға болады. (6) Ол үшін алдымен оқушыларға оқулық мәтінінің
белгілі бір бөлігі өз бетімен оқуға тапсырылады. Сонымен бірге оқушыларға
оқулықтың әдістемелік ақпаратын еске сақтау ұсынылады (сұрақтар,
жаттығулар, есептер, сызбанұсқалар, кестелер т.б). Бір мезетте оқушыларды
параграфта баяндалған мәтін бойынша жоспар құрып, сұрақтар таңдауға, схема
жасауға, жауаптарын тірек схемасы түрінде белгілеуге тапсырма беріледі.
Мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып оқушылар бойында өзбетімен
білім алу икемділігі мен дағдысын дамыту есептеледі.
Сыныптан тыс жұмыс кезінде проблемалық жағдаят туғызу яғни
зерттеушілік сипаттағы, тәжрибе жүзінде маңызды ізденгіштік әрекетті
оқытушымен бірге атқаруға жағдай туғызу. Ол оқушы әрекетіне әлеуметтік
түрткі туғызып, үлкен бастама береді, дербестікке ұмтылдырады. Кез келген
жұмысты аяғына дейін жеткізу – сыныптан тыс жұмысты, оқушылардың өздік
жұмысын ұйымдастырудың негізгі құралы. Сонымен қатар оқушы химиядан өзіне
қажетті білім негізін қалап, тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Оқушылармен оқулық мәтінімен жұмыс істеуді қалыптастыру қажеттігі
Порус Б. н. Мен Сараева В.Г. жұмыстарында берілген. (7) Оқулық мәтінімен
жұмыс алдымен оның мазмұнын түсіну процесінен басталады. Мәтінде ақпараттық
мәні бар элементтерді мәндік пункттерді белгілеу және оларды бір тұтас
етіп біріктіру. Осы жұмыс нәтижесінде оқушы санасына түскен ақпараттар
көріністер бейнесіне айналады. Ал оны қайта жаңғыртқанда бұл бейнелер жаңа
мәтінге айналып, бастапқы мәтіннен өзінің қалпы мен құрылымы жағынан бөлек
болғанымен негізгі мәлімет мәні сақталады.
Оқулық мәтіні алты типке бөлінеді: баяндаушы, сипаттаушы – суретті,
математикалық әрекетті түсіндіруші, алгоритм мәтіні, нұсқау, аралас мәтін.
Баяндаушы мәтін төмендегідей сипатты өздік жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік
береді:
1. Оқулық мәтінін мәнді бөліктерге бөліп, әрбір мәтінді атау.
2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
3. Мәтін бойынша сұраққа жауап беру.
4. Баяндаушы материал жоспарын құру.
5. Мәтін бойынша тірек-схемасын құру.
Бір мақсатқа бағытталған өздік жұмыс оқушының оқулықпен жұмыс істеу
іскерлігін дамытып, оның танымдық қызығушылығын, ойлау еркіндігін дамытады,
оқуға деген қажеттілікті қалыптастырып, тірек конспектілері мен тірек
схемаларын құру негізін қалыптастырады.

1.2.2. Жаңа тақырыпты өту кезіндегі оқушылардың өздік жұмысы.

Оқушылардың жаңа тақырыпты өту кезіндегі өздік жұмысы деп оқытушының
арнайы белгіленген уақытта, тікелей бақылауынсыз, бірақ басшылық жасауымен
жаңа білім негізін қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмысты айтамыз. Өздік
жұмыс оқытушы тапсырмасы барысында іске асады. Ол жекеше, топтық немесе
фронтальды болуы мүмкін. Оқушылардың жаңа сабақ өтудегі өздік жұмысымен
танысу кезінде біз оқытушы мен оқушының ерекше әректімен істес боламыз.
Оқытушы жұмыс мақсатын анықтап, оны ұйымдастыру құралдары мен тәсілдерін
ұйымдастырып, жаңа материалды игеру барысын, бақылау түрлерін белгілейді.
Оқушылар тапсырма мазмұны мен мақсатын түйсініп, өзінің танымдық әрекетін
ұйымдастырып, тапсырманы шешу жолын жоспарлайды. Және оны іске асыру үшін
оны орындаудың мақсатқа бағытталған жолын таңдап, нәтижесін болжап, өздік
бақылауды іске асырудың жолын ойластырады. Көпшілік ұстаздар оқу жұмысының
әр түрлі формаларын: дәріс, семинар сабақ, сарамандық сабақ, білім қорғау,
білімді қоғамдық байқау, оқу – ғылыми конференциясы, жобаларды қорғау
сияқты жүргізе отырып ондағы оқушының өздік жұмысын ұйымдастыруға көп көңіл
бөледі. Мұндай жұмыс процесінде мұғалімдер әр түрлі тапсырмалар, оқушының
таным қызығушылығына сай дидактикалық ойындар, дербестілік деңгейіне
байланысты сабақты бекітуге жаттығулар қолданып, проблемалық жағдаят
туғызуға ұмтылады. Осының бәрі оқушылардың шығармашылық қабілеті мен
танымдық қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді. (8) Мына авторлар Кеслер
Б.Я. Курочкина Н.Г. оқушылардың жаңа тақырып өту кезіндегі өздік жұмысын
былай қарастырады. Әрбір оқушыға арнайы нұсқаулар ұсынылады. Ол нұсқаулар
негізінде оқушылар әр түлі әдіспен білім негізін алады: сыныпта немесе үйде
кітаппен жұмыс, зертханалық жұмысты орындау кезінде, сарамандық жұмыс
үстінде және т.б. Осындай нұсқаулар жүйесін қолдану даралап оқытуды
қамтамасыз етіп, оқушылардың ойлау әрекетін, өздік, шығармашылық жұмысқа
қызығушылығын арттырады. Әрбір оқушы өз күшіне орай жұмыс істеп өздерінің
таным процесін реттеп, тиімді меңгере алады. (9)
Оқушылардың дербестігінің қалыптасуында химиялық эксперимент үлкен
рөл атқарады. (10) Дұрыс ұйымдастырылған химиялық эксперимент білімді
қабылдау процесі қызықты етеді. Ол өз кезегінде мұндай білім негізінің
беріктігін қамтамасыз етеді. Сондықтан көптеген сабақтарда жаңа білімді алу
үшін химиялық эксперимент жүргізіледі. Ол оқушыларды бақылай, салыстыра
білуге, қорытынды шығара білуге үйретеді.
А.С.Максимов пен В.А. Хромашев өз мақалаларында химиялық реакция
жылдамдығын оқыту тәжрибесімен бөліседі және химиялық экспериментті жүргізу
әдістемесін ұсынады.
Ал Т.З.Савич оқулығында мектеп бағдарламасы көлемінде оқушылар
бойында өздік жұмыс негізінде химиялық реакция туралы түсінікті қалай
қалыптастыруға болатыны жайлы баяндалады.
М.В.Зуева мен Т.С.Ярославцева еңбектерінде Электролиттік
диссоциация тақырыбын өткенде өздік жұмысты ұйымдастыру әдістемесі
берілген.
Л.С.Понтак зерттеулерінде формула бойынша есеп шығаруға, формула
құруға, алғашқы химиялық түсініктерді қалыптастыруға арналған өздік
жұмыстар берілген. (11)
Жаңа білімді қабылдауда өздік жұмыстарды әр түрлі типті материалды
игеру кезінде қолдануға болатынын іс-тәжрибе көрсетіп отыр. Өздік жұмыстар
тек оңай тақырыптарды түсіндіру кезінде емес, қиын материалды өту кезінде
де тиімді.

1.2.3. Өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты
қолдану.

Жүйелі түрде қайталау мен бекітусіз оқушылардың тиянақты әрі тұрақты
білімін қалыптастыру мүмкін емес. М.Б.Усманова мен Қ.Н.Сақариянованың 8-11
сыныптарға арналған дидактикалық тапсырмалар жинағында өздік жұмыстар жаңа
материалды оқу мен өткен материалды бекіту үшін қолайлы. (12) Сол сияқты
Н.П.Гаврусейконың дидактикалық материалдарын да қолдануға болады. Соңғы
әдістемелік нұсқауда тапсырмалар сараланып берілген.
Алдыңғы үш нұсқа дәстүрлі тапсырмалардан түрады. Оларды орындау
реакция теңдеуін жазуға, қысқаша жауап беруге, тотығу тотықсыздану
реакцияларының электрондық балансын құруға, есептеу есептерін шығаруға
араналады.
Келесі үш нұсқада тапсырмалар дайын жауаптар жиынтығымен беріледі.
Құрушыларға оны тест тапсырмасы ретінде ұсынуға болады. Әр нұсқада
келтірілген тапсырмалар әр түрлі қиындық деңгейінде беріледі.Өздік жұмысқа
арналған тапсырманың санын оқытушы жұмыс жоспары мен сабақ формасына
байланысты белгілейді. Өздік жұмыс тапсырмасын тексеру оқытушының қалауы
бойынша фронтальды немесе таңдамалы түрде жүргізіледі.
Химиядан қорытынды сабақтар химиялық білімдер жүйесін қалыптастыруда
аса маңызды рөл атқарады. Авторлар (13) дидактикалық мақсатқа байланысты
сабақтық әртүрлі варианттарын ұсынады. Оқытушы кабинеттің жабдықталу
деңгейіне байланысты, оқушылардың дайындық деңгейіне орай ұтымды вариантты
таңдап алады. Қорытынды сабақты таңдауға шығармашылықпен келу оқушыларға
артық ауырлықтың түспеуін мүмкін етеді.
Қорытынды сабақтардың өзіне тән сипаты оны жүргізудің педагогикалық
негізін құруды оқытушы алдына міндет етіп қояды. Олар төмендегідей болуы
мүмкін:
1. Әрбір сабақтың өзіне тән мақсаты мен міндетін айқындау. Барлық
қорытынды сабақтарды тұтастай алып қарағандағы міндет пен мақсатты
анықтай білу.
2. Аталған материалға байланысты сабақ типі мен құрылымын анықтау.
3. Сабақ мазмұнын айқындап, қайталауды жүргізу әдіс тәсілдерін
белгілеу.
4. Оқушылармен жұмыс формасын (ұжымдық,топтық,жекеше) анықтау.
5. Химиялық эксперимент пен техникалық құралдарды, компьютерді
қолдану.
6. Үйге берілетін тапсырманың түрі мен көлемін анықтау.
7. Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру формасын белгілеу.
Кейбір оқу құралдарында мысалы (14) оқушылардың өздік жұмыстарының әр
түрлілігі сипатталып жазылған. Оқушылардың зерттеушілік қабілетінің дамуына
көп көңіл аударылған. Тапсырмалар оқушыға саралы жолмен келу үшін әр түрлі
нұсқамен берілген.
Оқушының өздік жұмыс құрылымында үш түрлі негізгі буын бөліп
көрсетіледі.
1. Оқушылардың танымдық міндетті анықтауы (оқу жағдаятының
құрылымында мақсатты таңдап, міндетті көре білу);
2. Міндетті шешуге әкелетін әрекеттің айқын әдістерін таңдап анықтау
(оны шешуге керекті әдіс, тәсілдерді таңдай білу икемділігі);
3. Алға қойылған міндетті табылған әдістермен шешуге болатын
болмайтынын бақылау операциясын орындау.
Оқушылардың білімін қысқа уақытта тексеру жолдары жоғарыда айтылған
әдістемелік құралда берілген. Дәстүрлі әдістерден басқа графикалық, сандық
диктанттар, тест тапсырмалары қолданылады.
Білімді бекітуде және білімді жетілдіруде өздік жұмысты қолдану
қиындығы оқушылар үшін жаңашылдық элементінің төмендеуімен түсіндіріледі.
Сондықтан оқушылардың белсенді ойлау қабілетін дамытатын әдіс, тәсілдерді
тиянақты түрде ойластырған жөн. Осыған орай оқушылармен сараланған
тапсырмалармен өздік жұмысты өткізу әдістемесіне сүйену керек.
Өздік жұмысты сараланған түрде өткізу дегеніміз оқытушы әрбір оқушыға
белгілі тапсырмалар жиынын орындауды ұсынады. Ол тапсырмаларды оқушы
міндетті түрде орындауы керек.

1.2.4. Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару
кезіндегі өздік жұмыстар.

Эксперименттік практикумдарды өткізу жоғарғы сынып оқушыларының өздік
жұмыстарының бірі екендігі (15) жұмыста қарастырылады. Эксперименттік
практикумдар үлкен бір бөлімді оқып болған соң жүргізіледі де қайталаушы-
қорытындылаушы сипатты болады.
Химиядан қорытындылаушы эксперименттік практикум келесідей жұмыстар
түрінде берілуі мүмкін.
1. Газдарды алу, жинау, қасиетін тексеру;
2. Заттарды алу және шығымын есептеу;
3. Қатты заттардың және олардың ерітінділерінің берілген
реактивтерді қолдануға арналған немесе реактивсіз сапалық анализі;
4. Заттар қоспасының құрамын және химиялық қосылыстың тазалығын
химиялық жолмен сандық анықтау.
Эксперименттік есептердің әдістемесі (16) жұмыста талқыланған.
Эксперименттік есептерді оқушылардың өз бетімен орындау қабілетінің
көрінуіне орай екі типке бөлуге болады: біріншісі- қайта жаңғыртуға,
екіншісі – өнімді есептер.
Қайта жаңғыртуға арналған есептер белгілі бір білімді, практикалық іс
- әрекетті және алдында орындалған тәжрибені қайталауға арналады.
Мысалы:
1. Күкірт қышқылының қасиеттерін сипаттайтын реакцияларды жасап
көрсетіңдер;
2. Қосымша реактивті қолданбай натрий карбонаты ерітіндісін
анықтаңдар;
3. Тек бір реактивті қолданып қай пробиркада ас тұзы ерітіндісі қай
пробиркада натрий гидроксиді барын анықтаңдар.
Эксперименттік есептерді шығаруға әзірлік жолдары төмендегідей:
1. әр түрлі сарамандаық әрекеттерді оқытушының демонстрациялап
көрсетуі;
2. оқушылардың химиялық экспериментті жасауға жаттыққандығын
көрсететін тәжрибелерді орындау;
3. заттарды алуға және олардың химиялық қасиетін зерттеуге арналған
сарамандық жұмыстарды іске асыру.
Оқушылардың эксперименттік есептерді шығаруы келесідей кезеңдерден
тұрады:
1. есеп шартын ой елегінен өткізу;
2. есепті теория жүзінде шығару;
3. реактивтер мен құралдарды әзірлеу;
4. есепті сарамандық жолмен шығару;
5. есептің қорытындысын шығару.
Оттегі топшасы тақырыбын өткенде оқушыларға күкірт қышқылы мен оның
тұздарын анықтауға берілген есептерді ұсынамыз. Сульфат ионды анықтауға
арналған реактивтермен жұмыс істеуін қадағалаймыз.
9 сынып оқушыларымен орындалатын эксперименттік есептер жайлы
мәліметтерді (17) мақаладан табуымызға болады. Авторлар сарамандық
сабақтарды жүргізу әдістемесіне тоқталады.
Ал (18) жұмыста оқушылар бойында эксперименттік дағдылардың қалыптасу
деңгейі және маңызы қарастырылады.
1- оқушылар барлық қажетті операцияларды орындайды, бірақ олардың
реттілігі бейберекет.
2- Оқушылар барлық керекті операцияларды орындайды бірақ олардың
реттілігі рациональды емес және барлық әрекет түрлері саналы емес.
3- Барлық операциялар рациональды, жақсы ойластырылып, рет-ретімен
орындалады.
Авторлар оқушылардың заттардың қасиеті туралы ақпаратты қабылдауының
екі түрі жайлы сөз қозғайды. Көбінесе оқушылар химия сабағында тікелей
сезім мүшелері арқылы қабылдайды, бұл қабылдаудың бірінші түрі.
Оқушылар заттармен химиялық процестермен екінші қабылдау әдісімен
танысады, оны индикаторлық деп атаймыз. Мұнда да сезім мүшелері қолданылады
бірақ олар тікелей емес қандай да бір көрсеткіш арқылы іске асырылады.
Енді бір зерттеушілердің ойынша (18) оқушылардың еңбекке әзірлігі
эксперименттік сабақтарда іске асырылады. Химиядан зертханалық жұмыстар мен
сарамандық сабақтар өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады.
Химиядан эксперименттік сабақтарда оқушылар еңбектену дағдыларын
қабылдап, іскерліктерін дамытады.
Эксперименттік есептерді шығару оқушылардың білімн бақылайтын бақылау
жұмысы іспетті, себебі оқушылар оған алдын ала әзірленеді. (19)
Сарамандық сабақтар аз реактивпен өткізілуі керек, мысалы тамшылық
әдіс, жартылай микро - әдіс.
Химия сабақтарында эксперименттік есептер шығару оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастыруда таптырмас құрал деуге болады.

1.3. Химия сабақтарында тірек схемалары мен тірек сигналдарын
қолдану.

Сабақтың мақсатына байланысты тірек схемалары әр түрлі жолмен
қолданылуы мүмкін. Яғни, жаңа сабақ түсіндіргенде жаңа материалды
иллюстрация жасау үшін, немесе сабақты бекіту кезінде қолданылады. Сол
сияқты белгілі бір тарауды аяқтаған соң қорытындылаушы ретінде қолдануға
болады. (20)
Тірек схемаларын сандық есептер шығаруда да қолдануға болады. (21)
Есеп шығару процесі ұзақ әрі көп еңбектенуді қажет етеді. Есептің шартын
жазу,шығару жолын іздестіру, математикалық аппараты осы процеске енеді.
Есепті шығару барысында орындалатын көп операциялар ойлау әрекетін дұрыс
ұйымдастыруды керек етеді.Есеп шығаруда тірек схемасын қолдану оны шығаруды
жеңілдетеді.
Тірек схемаларын қолдану тәжрибесінде оқыту тиімділігінің қалай
артатынын (22) еңбек авторлары жұмысынан көруге болады. Оқыту тиімділігнін
көрсеткіштері:
1. оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, жаттыққандығы артады;
2. оқу жұмысының нақты тәсілдерін бүкіл сынып оқушыларының меңгеруі
және оны кез келген басқа пәнді игеруге көшіре алуы;
3. оқушылардың білім алып оны қолдануда дербестігінің артуы;
4. шығармашылық білімге деген оқушылар қызығушылығының артуы.
Тірек схемалары дегеніміз баяндауға арналған материалдың бейнелік
жоспары, ол бір- бірімен байланысты негізгі сөздерден, шартты белгілерден,
суреттен немесе ойға тірек болатын басқа көзге ілінетін белгілерден тұрады
(23). Қысқаша бейнелік түрде берілген ақпаратты кез келген оқушы мұғалімнен
кейін оңай бүктеп, оңай жаза алады. Бұл операция ойлау әрекетін
белсендіріп, өтілген материалдың ойда берік сақталуына мүмкіндік береді.
Тірек схемаларын құрудың негізгі кезеңдерін бөліп көрсетейік:
1. Берілген тақырып бойынша оқу жоспарын талдау, оның мазмұнының
негізін таңдау, оны бөлімдерге жіктеу. (ақпарат блоктарын бөліп
көрсету);
2. әрбір блоктағы тірек түсініктерін анықтау,оларды қысқа формада
бейнелеу. Ол жалпыға белгілі немесе арнайы белгілер болуы мүмкін.
Негізгі шарт: қысқа әрі нұсқа, көрнекі, мәтіндік ақпарат неғұрлым
аз болғаны жөн. Жаңа терминдер толық жазылу керек.
3. Кодталған түсініктерді блоктарға жинақтау, ірі блокқа геометриялық
форма таңдау (блоктар бір-бірінен мөлшері мен формасы жағынан
айырылады);
4. Мазмұнына байланысты қағаз бетінде логикалық реттілікпен
орналастыру (ара қашықтығы нақты әрі дәл);
5. Тірек схемасының негізгі шешімі түрлі түсті болуында.
Тірек схемаларын,тірек конспектілерін қолдану оқытушыға байланысты ол
оның формасы мен қалай беру керектігін таңдайды.(24) Бірінші рет сыныпта
фронтальды жұмыс үшін қолданғанда үлкен, түрлі түсті, ашық плакаттар немесе
тақтада салынған сурет, кодоскоп пленкасындағы сурет қолданылады. Тірек
плакатымен бір – екі рет түсіндіргеннен кейін сынып оқушыларына таратпа
материал түріндегі кішірейтілген тірек схемаларын таратып береді. Осындай
таратпа материалды қолданып оқушылар оқытушының арнайы құрған жеке
тапсырмаларын орындайды, Т.С. мазмұнын, немесе оның блоктарының мазмұнын
қайта жаңғыртады, мысал келтіреді, есептеу жұмыстарын жүргізіп есептер
құрайды. Т.С. бойынша жұмысты сабақтан тыс уақытта да жүргізуге болады
(мысалы нашар үлгіретін оқушылармен).

Тірек схемалары тақырыптарды біріктіруге мүмкіндік береді.

1. Тақырыптарды біріктіру оқу уақытын үнемдеуге жағдай туғызады.
Үнемделген оқу уақыты жаттығу жұмыстарын жүргізуге, қиын реакция
теңдеулерін теңестіруге, сандық есептер шығаруға, шығармашылық
тапсырмаларды орындауға және бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуге
қолданылады.
2. Оқу материалы екі қайтара түсіндіріледі:
А) біріші рет көрнекіліктер мен ТОҚ-ны қолдану арқылы;
Б) екінші рет қысқаша ТК бойынша. ЕСКЕРТУ. Т.К. барлық оқушылардың
білім негізін игеруіне мүмкіндік береді. Оқушылармен жүргізілген
сауалнамадан біз үй тапсырмаларының бұрынғыдай аумақты болып
көрінбейтіндігін білдік. Себебі олар сабақ үстінде тер төге еңбектенген соң
сабақ материалын жақсы меңгерген. Оқушылар үй тапсырмасын тексеру кезінде
белсенді жұмыс істейді. Енді оқушылардың үй тапсырмасын орындауына 20-25
минут, ал сабақта толық жауап беруіне 5-10 минут жеткілікті. Жауаптарының
нәтижесі жаман емес. Т.С. оқу материалын жалпылап, бір жүйеге келтіруге,
олардың оқу әрекетін тиімді ұйымдастыруға мұмкіндік береді.
Тірек схемаларына В.Ф.Шаталов көп көңіл аударды. Ол оқушылардың
танымдық ізденімпаздығының кезең-кезеңмен, қатаң меңгерілуін іске асырды.
(25). Жаңа материалды меңгеру оқытушы түсіндірген материалды тірек
схемаларының көмегімен тыңдаудан басталады. Бұл жерде аса шеберлікпен
ұйымдастырылған материалдың блоктық қабылдауы өтеді. Одан кейін оқытушыдан
алынған тірек схемасының жазбаша қайта жаңғыруы өтеді. Содан кейн тірек
схемаларымен белсенді түрде оқу материалы көлемінде жұмыс жүргізіледі.
Мөлшермен 15-20 сабақ өткен соң оқушылар тірек схемасын құруға шығармашылық
жұмыс жүргізіледі.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда ол мәтінді мәндік өңдеу кезінде
оқушылардың тірек схемаларын қолдануы оқу әрекетін ұйымдастыру, ой еңбегі
мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Шаталовтың бақылауы бойынша
оқушылар жаңа мәтінмен жұмыс істегенде де осы тәсілді кең қолданады.
В.Ф. Шаталовтың ең бір жетістіктері болып оқыту кезінде жайлы
психолгиялық климатты туғызуы есептеледі. Сонымен бірге оқушыларды білім
алуға деген, оқуға деген мотивация қалыптасады. Осының бәрінің туындауы
оқытушы мен оқушының өзара қарым қатынасына тәуелді.
Сабақ үстінде тірек схемаларын қолдану оқушылар бойында өз күшіне
деген сенімділіктің пайда болуына жағдай жасайды. Себебі енді олар қиын
деген жұмыстың өзін қиналмай орындайтын болады. Дәстүрлі оқытуда кездесетін
сыбырлау, көшіру сияқты көлеңкелі жайлар бой көтермейді. В.Ф.Шаталов өз
кітабында тірек схемаларын құрудың принциптерін қарастырады. (26) Тірек
схемасы бір –бірінен түсі, контуры, формасы жағынан айқындалатын
ақпараттар блогын құрайды.
Оқу материалының блоктық бірігуінің екі мақсаты бар. Біріншісі- тірек
схемаларын оқушылардың есте сақтап, қайта жаңғыртуын жеңілдету. Екіншісі -
әр оқушының жауап беру межесін анықтау.
Егер мектеп мұғалімі тақырыпты түсінікті тілмен түсіндіріп, тірек
схемалары көмегімен бекітсе алған білім негізі оқушы есінде қайта жаңғыруы
қалай өтеді? Оқушы сызулар мен жазуларды қысқаша қағаз бетіне түсіру арқылы
оның аса күрделі емес екенін сезеді.
С.Д. Шевченко (27) өз зерттеулерінде В.Ф.Шаталовтың әдістемесін сынға
алады. Оның ойынша тірек схемалары оқыту құралы ретінде әр түлі қатынасты
тудырады:
- тірек схемалары оқушылардың тек жақсы бағаға оқуын мүмкін етеді;
- тірек схемалары репититор қызметін атқарады;
- тірек схемалары оқу материалының тек нақты бөлігін меңгеруге
бағдарлайды;
- тірек схемалары нақты материалды шектеп, оқушылардың жаттап оқуына
жағдай туғызады.
Тірек схемаларын оқу материалының логикалық схемасы деп атау дұрыс
сияқты. Шындығында оның мәні атуында емес оның дидактикалық маңызында болып
тұр. Кейде мұғалімдер тірек схемасын қолданған соң одан бірден үлкен нәтиже
күтеді. Т.С. сабақ тақырыптарының тек ақпараттық бөлігін яғни тек негізгі
ойларын қамтиды. Ал оқушылардың білім негізі жаңа материалды оқу барысында
қаланады. Басқаша айтқанда оқытушының сабақты қалай түсіндіргеніне,
оқулықтағы тақырыпты қаншалықты оқып меңгергенге байланысты болады. Яғни
тірек схемасына қаншалықты ақпарат негізін ендірсең, соншалықты нәтижесін
көресің.
Т.С. оқытушы үшін де оқушы үшін де белгілі бір деңгейде көмекші еске
салушы құрал болып есептеледі. Тіпті бір-екі жыл өткен соң оқушыларға
сабақта қолданған тірек схемаларын берсе, олар оны қолданып, өздері
меңгерген тақырыпты қайтадан жаңғыртады. Дегенменмен тірек схемаларының
өзіндік жеткіліксіз жақтары да бар. Көпшілік оқушылар тірек схемаларымен
жұмыс істеуге иек артып оқулықпен жұмысты тоқтатады. Сондықтан осындай
келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін, үй тапсырмасының ішінде тек оқулықты
қолданып орындайтын логикалық тапсырмалар беру керек.

1.4 Тірек схемаларының дидактикалық рөлі.

Аталмыш оқыту әдісін тым көкке көтеріп асқақтатуға боламйды. Бірақ
оның пайдасын ескермеуге тағы болмайды. Т.С. - оқыту мен тәрбие процесінде
бір ғана емес, бірнеше дидактикалық міндеттерді шешетін тиімді
құрал.Оқытудың көкейкесті мәселелерінің бірі оқу материалын жалпылаудың
рациональды, ұтымды жолын табу. Жалпылау үздіксіз кеңейіп отырған
ақпараттар ағымында негізгіні бөліп көрсетуге, білімді жүйелеуге,
оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға жағдай жасайды. Химиядан қорытынды
сабақтар өткізу кезінде немесе жаңа материалды өткізу кезінде тірек
сигналдарын қолдану кеңінен тараған деуге болады. Оқушылардың танымдық
қабілеті оқу материалын тікелей қабылдауға, ой елегінен өткізуге, есте
сақтауға және іс-тәжрибеде қолдануға негізделген. Бұл процестер естумен
көре отырып қабылдау қапталдаса жүргенде тиімді болмақ. Ендеше осындай
есту және көру анализаторларының бірлесуі тірек сигналдарын тимді
қолданғанда іске асары сөзсіз.

1. Т.С. әрбір сабақтағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтауға,
тексеруге мүмкіндік береді. Әр типтік сабақта олар естерінде тірек
схемаларын жаңғыртады, нәтижесіндегі олардың біліміндегі
жеткіліксіз жақтары анықталып, білмеген жерлері белгілі болады.
2. Сабақтың аяғында оқылған материалды бекіту үшін тірек схемасын тез
қарастырып шығамыз. Осы уақытқа дейін Т.С. беті оқушыларға
ешқандай мәлімет бермесе енді әдістемелік тәсілге орай енді
негізгі ақпарат көзі болып табылады. Екінші рет қайталаған кезде
әрбір мәндік бөлім оқушылар санасында белгілі блокқа сәйкес қайта
жаңғырып алғашқы ақпаратты қабылдағанына қарағанда тереңдеп беки
түседі.
3. Өткен сабақтағы Т.С. оқытушыға фронтальды қайталау кезінде көмекке
келеді, ал жаңа материалды өту Т.С. жаңа бетінен басталады. Т.С.
сабақты әңгімелеуде оның реттілігін көрсетіп, жол нұсқайды
Оқытушының сабақты түсіндіруі жеңілдеп, зияттылық шиеленісі
төмендейді.
4. Үй тапсырмасын орындағанда, оқушылар оқулықтың берілген тақырыбын
оқу кезінде тірек схемалары мәтіннің мәнін түсінуге жағдай
туғызады. Оқушы еңбегі көбірек өнімді болады.
5. Оқушы әр жол сайын оқулық мәтінін тірек схемасымен
салыстыратындықтан оқулықпен өз бетімен жұмыс істеу жағдаяты
туындайды. Ұзақ уақыт тәжрибеден өту барысында оқушыға таныс емес
мәтінмен жұмыс істеу дағдыға айналады.
6. Белгілі уақыт өткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тұздар» тақырыбын оқытуда тәрбиелей оқыту әдісін қолдану
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлін айқындау
Химия пәнiндe ұжымдық оқыту әдiсiн пaйдaлaнa отырып 8-шы сынып оқушылaрының тaнымдық, iздeнiмпaздық бeлсeндiлiгiн aрттыру
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері
Бастауыш мектепте оқыту туралы
Тірек - сызба нұсқаларын пайдалану арқылы «атом құрылысын» оқыту
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Химияны оқыту әдістемсі
Пәндер