Стилистика



Мазмұны

Кіріспе

Бірінші тарау. Стилистика . тіл ғылымының бір саласы.
1.1 Стилистика және оның анықтамасы.
1.2 Стилистиканың пәні, оның негізгі мәселелері.
1.3 Стилистиканың негізгі ұғым категориялары.
1.4 Стилистикадағы «стиль» ұғымы.
1.5 Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.
1.6 Функционалды стильдердің стильдік белгілері.
1.7 «Стилистикалық норма» ұғымы туралы.
1.8 Стилистикалық қате және оның түрлері.

Екінші тарау. 9.сыныпта стилистиканы оқытудың әдіс.тәсілдері.
2.1 9.сыныпта қазақ тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері.
2.2 Әдеби тіл стильдерін оқыту.
2.2.1 Ауызекі сөйлеу стилін оқыту.
2.2.2 Көркем әдебиет стилі.
2.2.3 Ресми іс қағаздар стилі.
2.2.4 Публистикалық стиль.
2.2.5 Ғылыми стиль.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
КІРІСПЕ

Стилистика – тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты – студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті – студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы жөнінде түсіндіре отырып, стильдік қателерді болдырмауға үйрету.
Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліне көбіне мәтіннің стильдік бірыңғайлығын сақтамау, тілдің бейнелеу құралдарын орнымен пайдалана білмеу, синонимдік қорының жұтаңдығы, сөйлеудің көбінесе штампқа құрылуы, шығарманы жалаң лепірме патетикаға құрып жазу сияқты т.б. қателер тән болып келеді. Мұндай қателер тілдік құралдардың стилистикалық «реңктерін» білмеуден туады.
Сондықтан оқушыларда стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті тәрбиелеудің қажеттігі зор.
Тілдік пән ретіндегі стилистиканың предметі (пәні), міндеттері, сипаты, көлемі мен мазмұны, оның басқа ғылым салаларымен қарым-қатынасы әртүрлі түсіндіріліп жүр. Оның негізгі қарастыратын мәселелерінің қатарына әдеби тілдің стилдік тармақтары, тілдің бейнелегіш, мәнерлегіш құралдары, синонимдер т.б. жатқызылғанымен, олардың өзін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар болып келді. Стилистика ғылымы дамыған сайын жаңа мәселелер туындап отыратыны да түсінікті.
Ал оның түрлерін (салаларын, бағыттарын) анықтауда ғалымдар арасында онша көп пікір алшақтықтары жоқ.
В.В.Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байланысты, бірақ өзіндік мәселелері, өзінің міндеттері, өлшемдері мен категориялары бар үш түрін бөліп көрсетеді. Олар:
1) «жүйелердің жүйесі ретіндегі» тілдің стилистикасы немесе құрылымдық стилистика, ол тілдің функционалды стильдерін зерттейді;
2) сөйлеу (сөз) стилистикасы, ол ауызша және жазбаша сөздің қоғамдық шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы мағыналық және экспрессивтік-стилистикалық сипаттағы айырмашылықтарды зерттейді (мыс: лекция, пікірталас, баяндама, әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құттықтау хат т.б.);
3) көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың, жазушының стилін құрайтын барлық элементтерді зерттейді [1, 20].
М.Н.Кожина стилистиканың төрт бағытын немесе аспектісін көрсетеді.
1) Тілдің стилистикалық байлығын (қорын) зерттейтін бағыт, бұл сипаттама стилистикаға жатады, өйткені ол тілдегі барлық бояулы құралдарды, сөздер мен тілдік тұлғалардың, құрылымдардың бейнелеуіш қасиеттерін, мағыналық-функционалдық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыттың негізгі бір нысанына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады.
2) Функционалды стилистика. Ол функционалды стильдерді зерттейді.
3) Көркем әдебиет стильдері туралы ғылым.
4) Практикалық стилистика [2].
Стилистика қандай ғылым екенін түсіну үшін алдымен оның басқа пәндердің ішінде алатын орнын анықтап алу керек. Стилистика да тіл ғылымының басқа салалары сияқты тілдік құралдарды, тілдік тұлғаларды (бірліктерді) зерттейді. Бірақ олардан айырмашылығы: тілдік тұлғалардың қарым-қатынастың белгілі бір саласы мен мақсат-міндеттеріне сай қолданылу ерекшеліктерін зерттейді.
Стилистиканың, тіл ғылымының басқа салаларындай, тек өзіне ғана тән тілдік бірліктері жоқ: ол фонетиканың объектісі - дыбыстарды да, лексикологияның объектісі - сөздерді де, морфологияның объектісі - морфемаларды да, синтаксистің объектісі - сөз тіркестері мен сөйлемдерді де, солардың бәрінің жиынтығын зерттейді. Бірақ, жоғарыда айтқандай, олардың тілдік қатысымның саласы мен мақсат-міндеттеріне сай жұмсалу, қызмет ету жағдайларын зерттейді.
Стилистиканың аталған пәндерден ерекшелігі: тілдік құралдарды басқаша қырынан – қызмет ету, қолданылуы тұрғысынан, сол арқылы олардың адамға әсер етуі жағынан зерттейді (ал фонетика, грамматика, лексикология тілдің, тілдік элементтердің құрылысын зерттейді). Мысалы, лексикология синонимдерді құр атап көрсетеді, ал олардың қайсысы қандай жағдайда қолданылуын көрсету – стилистиканың міндеті.
Демек, стилистика тілдік құрылымның элементтерін фонетика, лексикология, грамматика сияқты құрылысы мен мағыналары жағынан зерттеумен шектелмейді, сонымен бірге олардың қолданыс кезіндегі ерекшеліктерін, мағыналық, эмоционалдық реңктерін айқындайды.
Мұның бәрі қандай тіл болмасын құрылымы, құрылысы жағынан толық анықталып болғаннан кейін ғана мүмкін болады. Сондықтан қазақ тілінің стилистикасы да ғылым ретінде қазақ тілінің дыбыстық құрылымы, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы толық зерттеліп болғаннан кейін ғана дүниеге келді. Бұл стилистиканың басқа ғылым салаларынан кейінірек пайда болғанын дәлелдейді. Осыған байланысты болса керек, В.В.Виноградов: «Тілдік құралдардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы, сөз таптарындағы, синтаксистік құрылымдардағы синонимдік эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі болып табылады»,- дейді [3].
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Виноградов В.В. Проблемы русской стилистики. М., 1981.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Виноградов В.В. Предисловие к книге Ефимов А.И. Стилистика русского языка. М., 1969.
4. Степанов Ю.С. Семиотика. М., 1971.
5. Солнцев Ю.С. Язык как системно-структурное образование. М., 1977.
6. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Л., 1974.
7. Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку. М, 1959.
8. Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. М.,1957.
9. Античные теории языка и стиля. М.-Л., 1936.
10. Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики. - Вопросы языкознания, 1955. №1.
11. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. М., 1963.
12. Сулименко Н.Е. Стилистические ошибки и пути их устранения. М.-Л., 1966.
13. Аханов К А. Тіл білімінің негіздері. А., 1998.
14. Байтұрсынов А. Жазу қосымша белгілері мен тыныс белгілерінің жалпы ережесі. Тіл талғамы.
15. Бағдарлама. Қазақ тілі. 5-9-сыныптар. А., 1999.
16. Жәшбеков Ө. Ата-баба мұрасы: Уақыт пен өмір талаптары тұрғысынан. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы. А., 1993.
17. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері, А., 1940.
18. Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А., 1959.
19. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.
20. Хасенов Ә. Пунктуацияны оқыту жолдары. А., 1957.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Бірінші тарау. Стилистика – тіл ғылымының бір саласы.
1.1 Стилистика және оның анықтамасы.
1.2 Стилистиканың пәні, оның негізгі мәселелері.
1.3 Стилистиканың негізгі ұғым категориялары.
1.4 Стилистикадағы стиль ұғымы.
1.5 Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.
1.6 Функционалды стильдердің стильдік белгілері.
1.7 Стилистикалық норма ұғымы туралы.
1.8 Стилистикалық қате және оның түрлері.

Екінші тарау. 9-сыныпта стилистиканы оқытудың әдіс-тәсілдері.
2.1 9-сыныпта қазақ тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері.
2.2 Әдеби тіл стильдерін оқыту.
2.2.1 Ауызекі сөйлеу стилін оқыту.
2.2.2 Көркем әдебиет стилі.
2.2.3 Ресми іс қағаздар стилі.
2.2.4 Публистикалық стиль.
2.2.5 Ғылыми стиль.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

Стилистика – тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде
оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық
та маңызы зор. Курстың мақсаты – студенттерді стилистиканың негізгі
мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік
құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға
көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика
курсының міндеті – студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы,
стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді
қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі
туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік
реңіне байланысты болатындығы жөнінде түсіндіре отырып, стильдік қателерді
болдырмауға үйрету.
Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліне көбіне мәтіннің стильдік
бірыңғайлығын сақтамау, тілдің бейнелеу құралдарын орнымен пайдалана
білмеу, синонимдік қорының жұтаңдығы, сөйлеудің көбінесе штампқа құрылуы,
шығарманы жалаң лепірме патетикаға құрып жазу сияқты т.б. қателер тән болып
келеді. Мұндай қателер тілдік құралдардың стилистикалық реңктерін
білмеуден туады.
Сондықтан оқушыларда стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті
тәрбиелеудің қажеттігі зор.
Тілдік пән ретіндегі стилистиканың предметі (пәні), міндеттері, сипаты,
көлемі мен мазмұны, оның басқа ғылым салаларымен қарым-қатынасы әртүрлі
түсіндіріліп жүр. Оның негізгі қарастыратын мәселелерінің қатарына әдеби
тілдің стилдік тармақтары, тілдің бейнелегіш, мәнерлегіш құралдары,
синонимдер т.б. жатқызылғанымен, олардың өзін түсіндіруде әртүрлі
көзқарастар болып келді. Стилистика ғылымы дамыған сайын жаңа мәселелер
туындап отыратыны да түсінікті.
Ал оның түрлерін (салаларын, бағыттарын) анықтауда ғалымдар арасында
онша көп пікір алшақтықтары жоқ.
В.В.Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байланысты, бірақ
өзіндік мәселелері, өзінің міндеттері, өлшемдері мен категориялары бар үш
түрін бөліп көрсетеді. Олар:
1) жүйелердің жүйесі ретіндегі тілдің стилистикасы немесе құрылымдық
стилистика, ол тілдің функционалды стильдерін зерттейді;
2) сөйлеу (сөз) стилистикасы, ол ауызша және жазбаша сөздің қоғамдық
шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы мағыналық және экспрессивтік-
стилистикалық сипаттағы айырмашылықтарды зерттейді (мыс: лекция,
пікірталас, баяндама, әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құттықтау хат
т.б.);
3) көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың, жазушының стилін
құрайтын барлық элементтерді зерттейді [1, 20].
М.Н.Кожина стилистиканың төрт бағытын немесе аспектісін көрсетеді.
1) Тілдің стилистикалық байлығын (қорын) зерттейтін бағыт, бұл
сипаттама стилистикаға жатады, өйткені ол тілдегі барлық бояулы құралдарды,
сөздер мен тілдік тұлғалардың, құрылымдардың бейнелеуіш қасиеттерін,
мағыналық-функционалдық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыттың негізгі бір
нысанына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады.
2) Функционалды стилистика. Ол функционалды стильдерді зерттейді.
3) Көркем әдебиет стильдері туралы ғылым.
4) Практикалық стилистика [2].
Стилистика қандай ғылым екенін түсіну үшін алдымен оның басқа пәндердің
ішінде алатын орнын анықтап алу керек. Стилистика да тіл ғылымының басқа
салалары сияқты тілдік құралдарды, тілдік тұлғаларды (бірліктерді)
зерттейді. Бірақ олардан айырмашылығы: тілдік тұлғалардың қарым-қатынастың
белгілі бір саласы мен мақсат-міндеттеріне сай қолданылу ерекшеліктерін
зерттейді.
Стилистиканың, тіл ғылымының басқа салаларындай, тек өзіне ғана тән
тілдік бірліктері жоқ: ол фонетиканың объектісі - дыбыстарды да,
лексикологияның объектісі - сөздерді де, морфологияның объектісі -
морфемаларды да, синтаксистің объектісі - сөз тіркестері мен сөйлемдерді
де, солардың бәрінің жиынтығын зерттейді. Бірақ, жоғарыда айтқандай,
олардың тілдік қатысымның саласы мен мақсат-міндеттеріне сай жұмсалу,
қызмет ету жағдайларын зерттейді.
Стилистиканың аталған пәндерден ерекшелігі: тілдік құралдарды басқаша
қырынан – қызмет ету, қолданылуы тұрғысынан, сол арқылы олардың адамға әсер
етуі жағынан зерттейді (ал фонетика, грамматика, лексикология тілдің,
тілдік элементтердің құрылысын зерттейді). Мысалы, лексикология
синонимдерді құр атап көрсетеді, ал олардың қайсысы қандай жағдайда
қолданылуын көрсету – стилистиканың міндеті.
Демек, стилистика тілдік құрылымның элементтерін фонетика,
лексикология, грамматика сияқты құрылысы мен мағыналары жағынан зерттеумен
шектелмейді, сонымен бірге олардың қолданыс кезіндегі ерекшеліктерін,
мағыналық, эмоционалдық реңктерін айқындайды.
Мұның бәрі қандай тіл болмасын құрылымы, құрылысы жағынан толық
анықталып болғаннан кейін ғана мүмкін болады. Сондықтан қазақ тілінің
стилистикасы да ғылым ретінде қазақ тілінің дыбыстық құрылымы, сөздік
құрамы, грамматикалық құрылысы толық зерттеліп болғаннан кейін ғана дүниеге
келді. Бұл стилистиканың басқа ғылым салаларынан кейінірек пайда болғанын
дәлелдейді. Осыған байланысты болса керек, В.В.Виноградов: Тілдік
құралдардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы, сөз
таптарындағы, синтаксистік құрылымдардағы синонимдік эквиваленттерді,
варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді зерттеудің өзіндік бір биік
шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі болып табылады,-
дейді [3].
Бірінші тарау.
Стилистика – тіл ғылымының бір саласы.

1.1 Стилистика және оның анықтамасы
Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ.
Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы әр
түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді зерттеу
аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда кеңейіп,
тармақтала түсті.
Барынша жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары
туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-
қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің
қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың
анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми,
көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады. Функционалды
стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады.
Кейде стилистиканы тілдің мәнерлегіш құралдары туралы ілім деп те
анықтайды. Ондай жағдайда стилистиканың функционалдық жағы ескерілмей, ол
тек тілдің стилистикалық боямалы құралдарын зерттейтін болып шығады.
Сонымен қатар, стилистиканы функционалды стильдер туралы ғылым деп қана
қарау да жеткіліксіз, өйткені стилистика ілімі тілдің стилистикалық қорын
(ресурстарын) зерттеуден бастау алады, әрі стилистикалық қор функционалды
стильдерді қалыптастыруға да уақыт өте келе белсенді қатысады.
Сонымен, жоғарыдағы анықтаманы жалпы стилистикаға тән анықтама деуге
болады. Жалпы стилистика зерттеу бағыттарына қарай іштей тармақталады.
1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы –
құрылымдық стилистика.
2. Тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы
ілім – функционалды немесе қолданымдық стилистика.
3. Көркем әдебиет стилистикасы.
4. Нормативті, практикалық стилистика.
Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін
олардың нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық
стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың қызмет ету ерекшеліктерін
олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрлық ерекшелікте,
ауызша, жазбаша т.б.) қолдануымен байланысты қарастырады. Көркем әдебиет
стилистикасы тілдік құралдардың ерекше салада, ерекше жағдайдағы
қолданысын: көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі
қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді. Ал, практикалық
стилистиканың міндеті – стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастыру. Бұған
негіз болатын тілдің стилистикалық қорын және оның қызмет ету заңдылықтарын
меңгеру, мұның өзі сөз қолданудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын
қалыптастырады.
Бұлардың ішінде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін құрылымдық
стилистика саласы - әріден келе жатқан дәстүрлі сала. Оны сипаттама
стилистика десе де болады. Ол тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарын,
тілдік тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін,
мағыналық-қолданымдық реңктерін зерттейді. Жазушы тілінде қолданылатын
көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың қарамағына жатады.
Тілдің стилистикалық синонимдік қатары – оның негізгі зерттеу аймағын
құрайды. Бір сөзбен айтқанда, жалпыхалықтық тілдік қордың (байлықтың)
стилистикалық құрамын зерттейді, ал ол стилистиканың негізгі базасын
құрайды.
Филология ғылымында стилистика, стиль сөздері ертеден қолданысқа ие.
Ресейде 19, тіпті 18 ғасырдан стилистиканың жекелеген аспектілеріне
арналған зерттеулер шықты (мысалы, әртүрлі көркем шығармалардың не
жазушылардың тілі, стилі туралы), теориялық сипаттағы еңбектер де жарық
көреді. Алайда, ғылыми пән ретінде стилистика 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан
қалыптаса бастайды, ал оның бір тармағы болып саналатын функционалды
стилистика 50 жылдардан бастап белсенді түрде зерттеу объектісіне айналады.
Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен,
тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге
көңіл бөлу 19 ғасырдың аяғы 20 ғасыр басындағы тілші ғалымдардың
еңбектерінен бастау алады: В.Гумьбольд, Ф. де Соссюр, А.А.Потебня,
И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Р.О.Якобсон,
В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б.
Функционалдық-стилистикалық зерттеулер, әсіресе, өткен ғасырдың 60
жылдарынан, тіл ғылымының тілдің құрылымын зерттеуден оның қызметін (тілдің
тұрақты күйінен даму жағдайын) зерттеуге ауысуынан бастап белсенді
жүргізіледі. Стилистиканың қалыптасуы әдеби тіл нормасы мәселелерін зерттей
бастауға да тығыз байланысты (чех ғалымдары: В.Матезиус, В.Гавренек,
Э.Косериу және орыс ғалымдары В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б. еңбектері).
Стилистиканың қалыптасуына тіл ғылымының ұсақ бірліктерді зерттеуден
ірі бірліктерге ден қоюы да (дыбыстардан - мәтінге қарай) әсерін тигізді.
Стилистиканының дамуына әдеби тіл, тіл мәдениеті мәселелерін зерттеу де
өзіндік үлес қосты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына байланысты стиль, сөз мәдениеті
мәселелері одан әрі өзекті бола түседі.
Мәтін лингвистикасы, прагматика стилистикалық зерттеулердің кейбір жаңа
бағыттарын туғызды. Ю.С.Степанов: Қазіргі уақытта ұлттық мәдениетті, тілді
және психологияны зерттеу стилистиканың (тіл ғылымының бір саласы ретінде)
пайда болуымен одан әрі нақтылана, айқындала түсті,- дейді [4,21].
Стилистика, сонымен, өзінің сипаты, мәні жағынан – функционалды сипатқа
ие (оның даму тарихы соны дәлелдейді). Бұл теориялық ғылым бола тұра, оның
қолданбалы, тәжірибелік маңызын жоққа шығармайды. Керісінше стилистиканың
дамуы (функционалды стилистиканың) тілді оқыту әдістемесіне, басқа
қолданбалы салалардың дамуына ықпалын тигізді. Лингвостилистика тілдік
теорияның іргелі мәселелерін зерттейді (мыс, тілдің әлеуметтік табиғаты,
оның құрылымдық және функционалдық аспектілерінің байланысы, қызмет ету
заңдылықтары, тіл мен ойлаудың байланысы).
Тіл ғылымы тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі – тілдің қос қырлылығының
(жүйелілігі мен қызмет ететіндігі, қозғалмалылығы) ашылуы болды. Тіл осы
екеуінің бірлігінен тұрады. Мұның бір жағы - құрылымдық-жүйелік жағы,
жеткілікті дәрежеде зерттелсе, функционалдық жағы (сөз тудырушылық
аспектісі) енді ғана зерттеле бастады.
Тіл - өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Сондықтан оны бірден тұтастықта
алып зерттеу мүмкін емес, жеке бір қырынан келіп: логикалық, құрылымдық-
жүйелік, психологиялық т.б. зерттеуге болады.
20 ғасыр тіл ғылымының үлкен жетістігі деп тілдің жүйесін, оның
құрылымдық ұйымдасуын жан-жақты қарастыруын айтуға болады. Бірақ бұл тілдің
кейбір мәнді белгілерін анықтауға жеткізе алмады. Соңғы кездері тілді
зерттеуде коммуникативтік-функционалдық бағыт кең өріс алып, тілдің
функционалдық жағына, сөйлеуге, мәтінге көңіл бөліне бастады.
Шынында, тілді тек жекелеген бірліктердің жүйесі деп анықтау
жеткіліксіз, өйткені жеке тілдік бірлік болсын, не, тіпті, тілдің тұтас
жүйесі болсын әлі коммуникативтік қызмет атқармайды. Жеке тілдік тұлға мен
жүйеде ол мүмкіндік түрінде ғана қатысады. Бұл маңызды әлеуметтік қызметтің
нақты жүзеге асуы тіл шынайы қарым-қатынас процесінде қолданысқа түскенде
ғана мүмкін болады. Тек осы жағдайда тіл ақпарат тасушы жүйе түрінде
көрінеді [5,26].
Тілді жүйе мен оның қызметінің (қолданымының) бірлігі ретінде түсіну
ғана оның қатысымдық табиғатын толық түсіндіре алады. Мұнда қызмет ету
дегенді тек тілдік жүйені сөйлеу актісінде пайдалану ғана деп түсінбеу
керек, сонымен қатар тілді жалпы қарым-қатынас процесінде пайдалану деп
түсіну керек, яғни қарым-қатынастың мақсаты мен міндеттерін орындау үшін
тілдің көптеген сыртқы факторлардың әсерімен қолданысқа түсуі дегенді
білдіреді. Бұл сөйлем – айтылымның мағыналық жағын байытады.
Сөзде заттардың (олардың әртүрлі топтарының) белгіленуі, ұғымның
бейнеленуі қарым-қатынас үшін, тілдің қатысымдық мүмкіндіктерін жүзеге
асыру үшін әлі де жеткіліксіз болады. Қарым-қатынас процесінде контексте
сөздердің жалпыланған мағыналарын нақтылау жүріп жатады. Өйткені тілдік
тұлғаларды (тіпті, сөздерді) сөйлеушілер шамамен бірдей мағынада қолданады.
Сондықтан сөйлеу кезінде (әсіресе, жазба түрдегі) сөз азабы деген туады
(ол ақын, жазушыларға ғана тән емес). Ауызша сөзде дәлсіздіктердің, оғаш
құрылған сөйлемдердің болуы сондықтан. Қарым-қатынастағы мұндай кедергілер
вербалды емес амалдардың (ым, мимика) көмегімен игеріледі.
Сөйлеу (ауызша болсын, жазбаша болсын) – шығармашылық процесс, ол аз
дәрежеде автоматтандырылған және әртүрлі салада бірдей болмайды. Тілдік
қатынаста стандарт, әрине, негіз, тірек қызметін атқарады, бірақ
толыққанды, тиімді қарым-қатынас жасау үшін тілдің бұл қасиеті жеткіліксіз.
Өйткені шынайы қарым-қатынастың алдын-ала болжап болмайтын нәзік иірімдері
толып жатады.
Сөйлеу қызметінің шығармашылық сипаты туралы Л.В.Щерба былай деп жазды:
Сөйлеу процесінде бұрын айтылғанды немесе естігенімізді жиі қайталасақ та,
алайда... сөйлеуде бұрын естімеген тұлғаларды, сөздерді жиі қолданамыз,
қолданып қана қоймаймыз, үнемі жаңа тіркесімдер жасап отырамыз [6,24].
Тілдің қолданысы тілдік тұлғалардың мағынасын синтагматика қағидалары
бойынша жай қоса салу деген емес, сондықтан сөз (сөйлеу) оны құру үшін
пайдаланылған тілдік тұлғалардың мағыналарының механикалық қосындысынан
тұрмайды.
Өзара түсінісу қарым-қатынас контексінде пайда болатын жаңа
қолданымдардың көмегімен (солардың негізінде) жүзеге асады. Мысалы,
тілдегі жаңа қолданыстар: метафора, метонимия т.б. (сөздердің, тіркестердің
жаңа мағыналары) тіл жүйесінде алдын ала белгіленбейді, сондықтан белгілі
бір кезеңге дейін ешкімге белгісіз болады, алайда тыңдаушы адам оны бірінші
рет естігенде оның мағынасын бірден түсінеді (контекстегі белгісіз сөздерді
түсіну тілдің осы қасиетіне негізделеді).
Сөздің шығармашылық аспектісі айтылғанның (жазылғанның) ерекше
мәнерлілігіне, әсерлілігіне байланысты, ал бұның өзі стилистикалық
құбылысқа жатады. Тіл жүйесінің құпиялылығы - оны шығармашылық тұрғыдан
пайдалану мүмкіндігінде жатар.
Тіл мен сөз (сөйлеу), дәлірек айтқанда, тілдің жүйелік (құрылымдық)
және қолданымдық аспектілері өзара бірлікте, бірақ бірдей емес. Қолданыс
кезінде тілдің бай шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Олар тілден тысқарғы
шексіз жағдаяттар мен әсерлерге байланысты әрдайым жаңадан туындап отырады.
Тіл жүйесінде алдын ала қалыптастырылған мағыналық мазмұн электронды
есептегіш машиналары (ЭЕМ) үшін, әрине, тиімді, бірақ ол тілдегі
шығармашылықты жоққа шығарады. Шынында, табиғи тұрғыдағы тіл мен ойлау
тілдегі осы жалпыланғандық пен қалыптылықты (стандарттылықты) әрдайым
еңсеріп отырады. Тілдің жоғарыдағы белгілері (дайын үлгі, стандарттылық) –
бұлар әрі қажетті, әрі пайдалы да, бірақ олар тілді қолдану процесінде
кедергілер де жасайды.
Тілдік жүйенің коммуникативтіктілігі толық көлемінде тек қарым-қатынас
процесінде ашылады. Тілдік құралдардың барлық стилистикалық-мағыналық
реңктері, мәнерлілігі, стилистикалық әсері, орындылығы, қажеттілігі тілдің
қолданысында ғана айқындалады. Сөйтіп, тілдің стилистикалық феномені, яғни
тілдегі стилистикалық мән о бастан функционалдық сипатқа ие. Тілді танып
білу және оны сипаттау үшін жүйелілігіне қоса оның функционалдық аспектісін
де ескеру керек. Сондықтан тіл грамматикасымен қоса жұмсалым грамматикасы
(функционалды грамматика) да пайда болып дами бастады.
Қорыта келгенде, функционалды стилистика тілдің қарым-қатынастың
әртүрлі салалары мен жағдаяттарында қолдануының заңдылықтарын зерттейді,
басқаша айтқанда, ол үшін тілдің функционалды аспектісі арнайы зерттеу пәні
(предметі) болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, стилистика тілді қоғам
тарапынан қолдану заңдылықтарын зерттейді.

1.2 Стилистиканың пәні (предметі), оның негізгі мәселелері мен зерттеу
әдістері
Қай ғылымның болмасын негізгі мәселесі – оның зерттеу нысаны мен
зерттеу пәні (предметі). Стилистиканың зерттеу нысаны – басқа да тіл ғылымы
салаларындай, мәтін түрінде көрініс тапқан тіл болып табылады. Бірақ әр
сала сол жалпы нысанның өзіне қажетті жағын алып қарайды. Мысалы, деңгейлік
тұрғыдан лексикология өзіне қажеттісін, грамматика өзіне қажеттісін алып
тексереді. Немесе белгілі бір қырынан, көзқарас тұрғысынан (мыс, тарихи
грамматика, әлеуметтік лингвистика, тіл семантикасы) қарастырады.
Стилистиканың пәні әлі бір жақты шешімін таппаған күрделі мәселе деуге
болады. Бұл ең алдымен оның зерттеу нысаны мен пәнінің күрделілігінен, одан
тысқары зерттеу пәнінің аумақ-көлемінің кеңдігінен, анық еместігінен (оған,
мысалы, әдебиеттану ғылымының мәселелері де кірігіп кетеді) келіп шығады.
Стиль – стилистика ғылымының ең басты категориясы. Тілшілер бұл ұғымды
жалпы да кең мағынада – тілдік тұлға-бірліктердің, жалпы тілдік жүйенің тек
хабар беріп қоймай, оны әсерлі түрде беретін сапаларымен байланысты алып
қарайды. Сөйтіп, стиль сөйлеудің сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір
сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас жасау мақсатына анағұрлым сай келетін
бейнелеу құралдарын пайдалануы дегенді білдіреді. Бұндай жағдаяттар үнемі
қайталанып, ал қатынас саласы типтеніп отыратындықтан, стиль сол салалар
мен жағдаяттарға тән анағұрлым типтенген тілдік құралдар мен сөйлеу
сипаттарын да көрсетеді, ал бұл өз кезегінде қарым-қатынастың тиімділігін
арттырады. Сонымен, стиль сөздің (тілдің) қарым-қатынастың міндеттерінен
туындайтын және ол міндетті табысты орындау үшін жұмылдырылған сипатты
белгісі екен.
Тілдің осы стилистикалық сипатты белгісі қалай көрінеді? Ол тілдік
жүйенің барлық деңгейін қамти ма? Оны анықтау үшін мынадай алғышарттарды
белгілеп алуымыз керек:
1. Тілдегі стилистикалық лексикалық, грамматикалық сияқты ерекше
деңгейді құрамайды – (яғни, тілде стилистикалық деңгей деген арнаулы
деңгей жоқ). Ол тілдің барлық деңгейлерін қамтиды. Сондықтан стилистиканың
пәні (предметі) тілді зерттеудің өзіндік аспектісі деуге болады (яғни,
тілді ерекше көзқарас тұрғысынан зерттеу дегенді білдіреді). Г.О.Винокур:
Стилистика обладает тем свойством, что она изучает язык по всему разрезу
его структуры сразу, т.е. и звуки, и формы...но зато с особой точки зрения.
Эта особая точка зрения и создает для стилистики в чужом материале ее
собственный предмет [7, 283], - дейді.
2. Әдеби тілдің стилистикалық жүйесі өте күрделі және біркелкі сипатқа
ие емес, көп қырлы. Л.В.Щербаның пікірінше, оған (стилистикалық жүйеге)
әлеуметтік және жергілікті диалектілердің сипаттамалары, жазба тілдің
әртүрлі формалары (мыс, көркем әдебиеттілінің, ресми тілдің формасы, ғылыми
стиль т.б.) кіреді. Қоғам жіліктенген сайын, ол қоғамның әдеби тілінің
стилистикалық құрылымы да күрделене түседі. Әрбір ерекшеліктің өмірге
келуі қарым-қатынастың міндетінен туындайтын жұмсалымдық сәйкестілік
болғанда ғана жүзеге асады. Стилистикалық құрылымда, Л.В.Щербаның
пікірінше, сөздердің сәйкесті төрт қабаты ерекше орын алады, олар:
салтанатты мәнге ие сөздер, бейтарап, тұрпайы (фамильярный) және дөрекі
(вульгарный) сөздер (мыс, лик-лицо, морда-рожа). Ол орыс әдеби тілінің
стилистикасын негізгі және ерекше бояуларға ие бірнеше қосымшалардан
тұратын шоғырланған топ ретінде алып қарап, яғни, тілдің синонимдік қатарын
стилистикаға тірек етіп ала отырып, бірақ стилистиканы тек синонимия
құбылысымен шектемейді [8, 117-126].
Стилистикада, сонымен, мынадай үш жағдайды атап өту керек:
1) стилистиканың құрылымының біркелкі еместігі, демек, оның зерттеу
пәнінің құрылымы да бірдей емес, әркелкі;
2) қарым-қатынастың қажеттілігінен, тілдің ойды және сөйлеушінің
эмоционалдық күйін бейнелеудегі икемділігінен туындайтын әртүрлі реңдерді
беру мүмкіндігінің молдығы;
3) стилистикалық тілдің коғамдағы қызметімен, қарым-қатынастың
міндеттерімен байланысты қалыптасады.
3. Қазіргі стилистика ғылымы тіл жүйесіндегі стилистикалық ресурстарды
мәтіннен тыс түрде қарастырудан гөрі, тілді қарым-қатынастың әртүрлі
саласында қолдану кезінде туындайтын заңдылықтарды, соның нәтижесінде пайда
болатын тілдік ерекше ұйымдасуларды зерттеуге көбірек көңіл бөледі.
4. Тілдің (сөйлеудің) функционалды стильдерін бейнелеу құралдарының
қарым-қатынастың әртүрлі саласы бойынша қатысымдық тұрғыдан мақсатқа сай
қалыптасқан жүйесі десек, олар бір мезгілде пайда болмайтынын, тарихи
тұрғыдан әбден пісіп жетілген кезде ғана пайда болатынын көреміз.
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, стилистиканың зерттеу пәні,
біріншіден, тілдің әртүрлі деңгейлерінің мәнерлегіш құралдары мен
мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары; екіншіден,
қарым-қатынастың түрлі салалары мен жағдайларындағы тілді қолданудың
заңдылықтары және соның нәтижесінде пайда болатын әр салаға тән сөздің
(сөйлеудің) ұйымдасу ерекшеліктері болады. Біріншісі – стилистиканың әріден
келе жатқан дәстүрлі зерттеу саласы болса, екіншісі кейін пайда болды.
Алайда, осы соңғысы қазір стилистиканың негізгі зерттеу пәніне айналып
барады.
Стилистиканың зерттеу пәні мәселесіне байланысты ғалымдардың арасында
тілдік деңгейлердің қатарында стилистикалық деңгей жеке бөлінеді, оны
фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік
деңгейлермен бір қатарға қоюға болады деген де көзқарастар болды. Мұның
себебін көбінесе әртүрлі стилистикалық тәсілдердің көптігімен, олардың
жиынтығын бір деңгей етіп алуға болатындығымен түсіндіреді. Алайда,
стилистикалық тәсілдер тілдің қызмет етуі барысында пайда болып, мәтін
құрамында жұмсалым процесінде қолданылады. Олардың қолданысы қатысым
міндетіне қарай сан алуан болады. Олар құрылымдық жағынан да түрлі сипатқа
ие: лексика-семантикалық, фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық,
синтаксистік, композициялық сипаттағы дайын, немесе белгілі бір үлгідегі,
немесе жаңадан туындаған тәсілдер болуы мүмкін. Демек, стилистикалық
тәсілдер тұлғалық және сапалық әркелкілікке ие бірліктер мен құбылыстарға
жатқандықтан, тілдің айрықша деңгейін құрай алмайды. Олар сөзде тек
қызметтерінің тұтастығына байланысты, яғни айтылымның тиімділігін арттыру
үшін бірігеді.
Қолданым кезіндегі стилистикалық құбылыстардың жүзеге асуы, яғни
айтылым стилінің қатысым міндетіне сай болуы (дұрыстығы, мәнерлілігі,
тиімділігі) айтылымда, мәтінде орындалады. Сөздің реңі контексте белгілі
болады. Мысалы, жеке бір сөздің бірнеше мәні, бояуы болуы мүмкін (ит, шошқа
т.б.). Контексте соның қай мәнде қолданылғаны белгілі болады. Тілдік
тұлғаның мәні, бояуы мәтінде ашылатындықтан, мәтінді стилистикалық деңгей
ретінде алуға болатындай көрінуі де мүмкін.
Стиль шынында да мәтінмен тығыз байланысты. Алайда шын мәнінде мәтін
стильдің жүзеге асатын материалы болып табылады. Мәтіннің ұйымдасуы
стилистикалық сипатқа мазмұнына сай келетін мәнерлілікке, тиімділікке,
әсерлілікке қол жеткізгенде ғана ие болады. Сондықтан мәтінді стильдің
көрініс табатын жері, мекені деуге болады.
Мәтін, оның бірліктері мен категориялары басқа да деңгейлердің
бірліктерімен бірлікте стильді бейнелеуші құрал болып табылады. Сонымен
қатар жеке бір мәтін белгілі бір стильдің көрінісі, стильдің нақты өзі де
бола алады. Бірақ, көбінесе, стильді мәтіннің көптеген қасиет-сапаларының,
қырларының бірі деп қана қарау керек.
Сонымен, стилистиканың пәні тілді қолдану барысында қолданымның түрлі
жағдайлары мен салаларына байланысты мәтін көлемінде жүзеге асатын тілдік
құбылыстар екен.
Стилистиканың негізгі мәселелерінің қатарына мыналарды жатқызуға
болады: стиль, функционалды стильдерді анықтау, олардың мәнін, жүйелік
сипатын ашу; қарым-қатынастың әртүрлі саласында тілдің қолдану
заңдылықтарын анықтау; функционалды стильдерді топтастыру; стилистикадағы
тілдік және тілден сыртқары жайлардың ара қатынасын айқындау; стильдегі
объективтілік пен субъективтілік мәселесі; функционалды стильдер мен сөз
түрлерінің ара қатынасы; стильдердің өзара әсері мен тұтастығы мәселесі;
лингвистикалық стилистика мен әдебиеттік стилистиканың ара қатынасы; көркем
әдебиеттілінің функционалды стильдерге қарым-қатынасы; стилистикалық
норманы және оның тарихилығын анықтау; стилистикадағы диахрония мен
синхрония мәселесі т.б.
Стилистиканың зерттеу әдістеріне келетін болсақ, олардың бастыларына
мәтінді талдаудың мағыналық-стилистикалық әдісі, салыстырмалы әдіс, сөз-
образ, экспримент жасау және статистикалық әдістер жатады.

1.3 Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
Стилистика өзіне тән ұғымдар мен категорияларға ие. Мысалы, стиль,
функционалды стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал, стилистикалық
белгі, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стиль құраушы факторлар,
стильдің тілдік жүйелілігі. Бұлардың ішінде стилистикалық бояу,
стилистикалық құралдар, стилистикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты
ұғымдар.
Тілдік қабаттардың бірліктері (әсіресе, лексикалық қабаттың) өздерінің
негізгі мағыналарынан тысқары, әрқилы реңктерге ие болып келеді.
Стилистикалық табиғаты жағынан олар бірдей емес. Тілдік құралдар, осындай
ерекшелігіне орай, алдымен бейтарап және стилистикалық бояулы болып
бөлінеді.
Тіл жүйесіндегі стилистикалық бейтарап, яғни ешқандай қосымша реңксіз
құралдар қатынас жасаудың барлық саласында кеңінен қолданылады. Олар
стилистикалық бояуға ие болмайды. Мысалы, лексикада үй, қол, адам, тау,
оқу, т.б. сөздер. Стилистикалық бояуға ие құралдар осындай стилистикалық
бейтарап құралдардың аясында ғана айрықша көзге түсіп тұрады. Сондықтан
олар стилистикалық нөлдік деңгейді құрайды.
Стилистикалық бояудың екі түрі ажыратылады: эмоционалды-экспрессивті
және функционалды. Бұл жағдайда, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға
өздерінің негізгі атаулық, заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарына
үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функционалды мағыналарды қоса
білдіретін тілдік құралдар жатады. Тілдің ондай қосымша сапа-қасиеттері
әлгі құралдардың қолданылу өрісін шектеп, қарым-қатынастың белгілі бір
саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді. Мысалы, жалмауыз, шошқа, сүмелек,
шаһар, сөлектеу, желкебай, тыраштану т.б. Бұлар эмоционалды-экпрессивті
бояуға ие тілдік құралдарға жатады.
Функционалды бояуға ие тілдік құралдар да болады. Бірақ олардың ара-
жігі экспрессивті бояуға қарағанда ондай айқын емес. Экспрессивті-
эмоционалды бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті болса, функционалды бояу
тілдік тұлғаны қарым-қатынас жасаудың белгілі бір саласында көп қолданудан
барып пайда болды. Соңғы жағдайда тілдік дәстүрдің де рөлі бар. Тілдің
тұлға – бірліктерінің мағыналық-стилистикалық жағы мен оларды белгілі
салада көбірек қолдану дәстүрі арасында қатаң тәуелділік бар. Белгілі
салада тұрақты қолданудың нәтижесінде тілдік құралдың мағынасы белгілі
стилистикалық мәнге, бояуға ие бола бастайды да, кейін тұрақты бекітіледі.
Мысалы, ресми стильде қалыптасатын штамптар (жоғары жетістікке жетті,
қаулы қабылдады т.б.) осындай қолданыстың нәтижесі.
Демек, даму барысында функционалды стилистикалық бояу да бірте-бірте
тілдік тұлға-бірліктердің олардың мағыналарына о бастан тән, табиғи
қасиетіне айнала береді. Сондықтан функционалды стилистикалық бояу тілдік
құралдың мағынасынан бөлініп қаралмайды.
Ескерер бір жай: стилистикалық бояулардың ара-жігі қолдану барысында
тұрақты болмай, жылжымалы болып келеді. Стилистикалық бейтарап құралдардың
өзі кей кезде белгілі бір контексте стилистикалық өң алады. Ал кейде тілдік
құралдың бұрын әбден қалыптасқан стилистикалық бояуы мүлдем басқаша сипат
алуы мүмкін. Мысалы, еркелету немесе құптау мағынасы (бояуы) керісінше
мысқылды мағынаға (бояуға) айналуы мүмкін, т.б. (Осы жерде қатын сөзінің
бояуының тарихи өзгеруін еске алуға болады). Сонымен қатар, бір тілдік
құрал өзінде әрі эмоционалды-экпрессивті, әрі функционалды бояу сақтауы
мүмкін. Мысалы, тілдің публицистикалық (функционалды бояу) құралдары
салтанаттылық, поэтикалық, риторикалық немесе ирониялық мазақтау реңктеріне
ие болып келеді. Көпшілік жағдайда экспрессивті бояу мен функционалды бояу
осылай бірлікте келеді. Енді кей жағдайда тілдік құралда экспрессивті бояу
болмағанымен, функционалды бояу бар болып келеді. Мысалы, терминдерде
(ғылыми стиль) экспрессивті бояу жоқ, функционалды бояу бар.
Қазақ тілінің стилистикалық құралдары дегенде тілдің стилистикалық
бояуға ие тұлға-бірліктерінің жиынтығы негізге алынады. Бірақ стиль тілдің
стилистикалық бояуға ие емес, бейтарап элементтері арқылы да жасалатын
ескерсек, бұл мәселенің әлдеқайда күрделі екенін түсінеміз. Сондықтан кез
келген тілдік тұлға-бірлік (әсіресе, көп мағыналы түрлері) стилистикалық
құрал болуы мүмкін.
Белгілі бір тілдік тұлға-бірлікті белгілі сөйлеу жағдайында қолдану
дәстүрі, оның белгілі бір қарым-қатынас саласына тәндігі сол тұлға-
бірліктегі стилистикалық бояудың көрінісі болады. Тілдік тұлға-бірліктің
мағыналық жағы, ол мағынаның бір қыры функционалдық жағынан белгілі бір
салада қолдануға бейім болып келеді. Тілдік тұлға-бірліктердің
стилистикалық мүмкіндіктері қызмет ету процесінде ашылады және оның
көрінісі белгілі тілдік құралды нақтылы тілдік жағдайда қолдану
ерекшелігімен анықталады. Тілдің құрылымдық және функционалдық жақтарының
диалектикалық бірлігі мен байланысы осыдан көрінеді,
Стилистикалық бояуының сипатына орай, тілдік құралдар функционалды
бояулы және экспрессивті бояулы болып бөлінеді.
Функционалды бояулы құралдар функционалды стильдердің түр-түріне сәйкес
өзіндік ерекшеліктерге ие болып келеді. Мысалы, ғылыми стильдегі терминдер,
көркем әдебиет стиліндегі троптар мен фигуралардың түрлері, ауызекі сөйлеу
стиліндегі қарапайым сөздер мен диалектизмдер функционалды бояулы
құралдарға жатады.
Экспрессивті құралдарға тілдің эмоционалды-экспрессивті бояуға ие
құралдары жатады. Мысалы, эмоционалды реңкі жағынан олар көтеріңкі
салтанаттылықты білдіретін, немесе мысқылды білдіретін, немесе әшкерелеуші
реңге ие т.б. құралдар болып қеледі: Бұлар, әсіресе, жекелеген сөздерге
тән. Ол бояулар сөздердің контекстен тыс жағдайына да табиғи түрде тән
болып келеді. Бұдан грамматикалық тұлға-бірліктерге қарағанда лексиканың
эмоционалды-экспрессивті бояуы кең екенін көреміз. Оның үстіне грамматикада
лексикадағыдай стилистикалық бояулардың белгілі бір тұлға-бірліктерге
тәндігі, айқындығы жок. Алайда, бұл грамматикалық құралдардың экспрессивтік
мүмкіндігі әлдеқайда шектеулі дегенді білдірмейді. Мысалы, синтаксис
бейнелеудің әртүрлі эмоциональды-экспрессивті бояулы мүмкіндіктеріне
кеңінен ие. Бірақ онда эмоционалды-экспессивті бояу бір ғана тілдік тәсілге
бекітілмеген. Ол көптеген тәсілдердің жиынтығынан барып құралуы мүмкін
(мысалы, сөздердің орын тәртібі, бірыңғай мүшелер, синтаксистік
паралельділік).
Стильдік құралдар туралы мәселе синонимия мәселесімен тығыз байланысты.
Көптеген зерттеушілердің көзқарасы бойынша, тілдік құралдардың
синонимикасы – стилистиканың орталық мәселесі. Стильдердің өмір сүруінің
өзі белгілі мөлшерде синонимдердің бар болуымен белгіленеді. Бірақ
стилистиканың ресурстары синонимдермен ғана шектелмейді.
Жалпы, тілдің синонимикалық құралдары мен функционалды стильдердің ара-
қатынасы мәселесі - әлі толық зерттелмеген іргелі мәселе. Функционалды
стильдерде тілдің синонимикалық байлығы әртүрлі дәрежеде пайдаланылады.
Мысалы, көркем стильде синонимдер кең пайдаланылса, ғылыми, ресми
стильдерде керісінше аз жұмсалады, тіпті мүлде қолданылмайды десе болады.
Стилистикалық мағынаға келетін болсақ, ол стилистиканың негізгі
ұғымдарының бірі.
Сөздің мағынасы оның тек заттық ұғымын ғана белгілеп қоймайды. Онда
сонымен қатар сөздің стилистикалық қызметіне қатысты мағыналық реңктері де
болады.
Стилистикалық мағына мен стилистикалық бояу ұғымдары бір-біріне жақын.
Стилистикалық мағына стилистикалық бояуға қарағанда тұрақты да жалпы.
Стилистикалық мағына – тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымындағы
оның лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша
белгісі. Бұл қосымша мағына тұрақты болып, тілдік қолданымның белгілі
жағдайларында туындап отырады. Сөздің стилистикалық мағынасы оның ұғымдық
мағынасына әсер етіп, сөз мағынасын белгілі бір бояуларымен қоса қабылдауға
көмектеседі.
Сөйтіп, стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктің мағыналық
құрылымының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ ол тілдік тұлға-бірліктердің
әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрінеді. Экспрессивті бояуға ие құралдарда
айқын байқалса, кейбіреулерінде тереңде жатады, тек белгілі контекстік
жағдайда ғана анық көрінеді.

1.4 Стилистикадағы стиль ұғымы
Стиль - стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стилистика ғылымында
оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика
ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, стиль ұғымының
күрделілігінен туындайды.
Дәстүрлі практикалық стилистикада стиль термині тілдің нормативті-
стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, жақсы
стиль, жаман стиль). Стиль терминінің кең мағынасы - сөйлеу мәнерін
білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы
шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан
алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында стиль термині әдебиеттік
стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да стиль термині тілдік қолданымға байланысты
айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы
ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар
аударудан туған түсінік.
Ғылымда тіл стилі, сөйлеу стилі ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен
сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес
келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі
бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл
стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға
болады. Сөйлеу стилъдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы
тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен
сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық
формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.
Стиль тілді қолданудың нақты үлгісі болғандықтан, онда ұлттық тілдің
ерекшеліктері де көрініс табады.
Көне дәуірлерде-ақ шешендер, жазушылар, ғалымдар мынаны байқаған:
тілдік құралдардың қайсы бір түрін таңдау қарым-қатынастың шартына,
сипатына, тақырыбына, міндетіне байланысты туындап отырған. Тіл құралдары
бұл тұрғыдан грамматика заңдарына ғана сәйкес болмай, қарым-қатынастың
жағдайлары мен мақсатына да сәйкес болып келуі керек. Соған байланысты тіл
құрамында бірте-бірте қолданыстың мақсаты мен саласына сәйкес туындайтын
ерекшеліктер қалыптаса бастайды.
Көне Рим қайраткері Цицерон былай дейді: Адамның қоғамдағы жағдайына,
қызметіне, ықпалына, жас ерекшелігіне қарай бірдей стилъ қолдапылмайтыны
сияқты, кез келген уақыт пен кез келген орында да бірден стильді қолдануға
болмайды. Өмірдің бел-белесіндегі сияқты, сөзінің әр бөлшегінде де оның
орынды айтылуына көңіл бөлу керек, бұл сөз болатын істің мән-жайына,
сөйлеуші мен тыңдаушыға да байланысты болады [9, 196].
Көне замандарда сөйлеудің (сөздің, стильдің) үш түрін ажыратып қарады:
төмен стиль, бұл - өсиет, ақыл айту, бағыт беру үшін; орта стиль, бұл -
сөйлесу, әңгімелесу үшін; жоғары стиль, бұл – тыңдаушыға ерекше әсер ету
үшін қолданылды.
Көне тіл, стиль теориясының бұл қағидалары Еуропада риторика мен
стилистиканың дамуына өз әсерін тигізді.
Мысалы, 18 ғ. француз академиясы стильдерді былай топтастырады: жоғары
стиль – классикалық трагедия, ода, ораториялар; қазіргі стиль – роман,
повестер; фольклор стилі (қарапайым стиль) – комедия, мысал, әзіл-сықақтар.
Ресейде орыс әдеби тілі стилистикасын дамытуда М.В.Ломоносовтың
еңбектері (үш стиль теориясы) зор рөл атқарды. Орыс сөздерін қарапайым
халықтық, төмен және оқыған адамдардың ауызша сөйлеуде қолданылатын
сөздері деп бөлді. Әр стильдің нормасын белгілеп, қолдану аймақтарын
көрсетті.
Функционалды стиль ұғымы – қазіргі стилистикадағы негізгі ұғым.
Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей
байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтінде көрінеді. Функционалды стильдерде
әртүрлі тілдік деңгейлердің тұлға-бірліктері мен олардың стильдік бояуға ие
түрлері белгілі бір қатынас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті
түрде бірігеді. Функционалды стильді В.В.Виноградов былай анықтайды: Стиль
- бұл жалпыхалықтық, жаллыұлттық тілдің белгілі бір саласында тілдік қарым-
қатынас құралдарының сұрыпталып тіркесу, қолдану тәсілдерінің қоғамдық
тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен
жиыитығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет атқаратын өзі
сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұрады [10, 73].
Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден
тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді.
Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.
Тілден тысқары стиль құраушы әсерлерге қоғамдық сана формасы және соған
тән ойлау түрі, сөздің ауызша не жазбаша көрінісі, сөздің жанрлық
ерекшелігі, қарым-қатынастың түрі (көпшілік не жекелік), баяндау түрі
(әңгімелеу, суреттеу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны,
сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар объективті
факторларды құраса, автор ұстанымы, оның даралығы сияқты субъективті
факторлар да болады.
Бұл факторлардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ
олардың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Тілдің негізгі қатысымдық (коммуникативтік) қызметінен өзге де
қызметтері бар екені белгілі. В.В.Виноградов функционалды стильдерді
топтастыруда осы қызметтерін басшылыққа алады. При выделений таких
важнейших общественных функций языка, как общение, сообщение и воздействие,
могли бы быть в общем плане структуры языка разграничены такие стили:
обиходно-бытовой стилъ (функция общения); обиходно-деловой, официалъно-
документалъный и научный (функция сообщения); публицистический и
художественно-беллетристический (функция воздействия) [11, 6]. Алайда, тіл
қызметтерін бұлай бөлу өте жалпылама және стиль түрлері де олардың ауқымына
сыя бермейді.
Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стильдердің жүйелілігін
қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негізіне оны құрайтын тілдік
бірліктердің бір мақсат негізінде өзара тығыз байланысып бірігуі жатады.
Мысалы, ғылыми стильде жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді рөл
атқарса, көркем стильде керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие
бірліктер маңызды болады.
Тілдің өзінде, бір жағынан, стильдік тармақтарға жіктеліп дамыған сайын
белгілі бір функционалды стильге тән тілдік құралдар тұрақтала түседі.
Екінші жағынан, функционалды стильде оны құраушы факторлардың әсерімен
тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге асады. Соның
нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына қарай
мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Мысалы, етістіктің осы шағы барлық стильдерде де қолданылады, бірақ әр
қайсысындағы мағынасы бірдей емес. Іс қағаздары стилінде осы шақтың бұйыру,
талап ету мәні алдыңғы қатарға шығады (Мәжіліс сағат 10-да басталады,
Мердігер жұмыстың сапасына жауап береді). Көркем стильде осы шақтың
тарихи осы шақтық мәні күшейеді (Қазір Ербол мініп келген семіз көк атқа
кәшаба шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп келеді). Ал
ауызекі сөйлеу стилінде қарым-қатынас сол мезетте жүзеге асатындықтан дәл
осы шақтық мағына орын алады.
Қазіргі кезде стилистика ғылымында функционалды белгісі жағынан
стильдердің бес түрі ажыратылады. Олар: ғылыми, ресми, публицистикалық,
көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды
стильдердің әрқайсысы стилішілік тармақтарға жіктеледі. Мысалы, ғылыми
стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілік сияқты тармақтары
болса, ресми, іс қағаздары стилінің де ұйымдық, өкілеттік, анықтамалық-
ақпараттық сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей
жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.
Тілдік қолданыста функционалды стильдердің әр түрінің элементтері
араласа жұмсалып, көп қабатты стильдік құбылыстар да пайда болады. Бұл
жағдай стильдердің өзара әсері және олардың өз ішінде ұсақ жанрларға
жіктелісі нәтижесінде жүзеге асады. Сөйтіп, тілде функционалды стильдік
және стилішілік жіктеліс өте күрделі, сан тармақты болып келеді.

1.5 Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы
Функционалды стильдер тілден тысқары (экстралингвистикалық)
жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі
болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр
стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.
Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тілдің
стилистикалық парадигматикасын құрайтын тілдік құралдар (стилистикалық
бояуға ие құралдар, стилистикалық синонимдер мен варианттар) кіреді.
Екіншісіне функционалды-тілдік құралдар жатады, яғни әр стиль түрінде басым
қолданылатын тілдік құралдар болады. Функционалды стильдер стилистикалық
бояулы және функционалды-тілдік құралдар мен бейтарап тілдік құралдардың
бірігуі арқылы жасалады. Осы тұрғыдан функционалды стильдердің ерекшелігі
төмендегідей сипатқа ие болып келеді.
Ғылыми стильдің стилистикалық бояуы бірыңғай сипатқа ие. Олар негізінен
жазба тілге тән сөздер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар
болып келеді. Функционалды-тілдік құралдардан мағынасы жалпыланған,
дерексізденген сөздер мен грамматикалық тұлғалар көбірек қолданылады:
дерексіз сөздер, етістіктің уақыттан тыс осы шақтық тұлғасы, есімдіктің
көпше түрі (мен емес, біз түрінде қолдану) және соған сәйкес баяндауыш
тұлғасы т.б.
Ресми іс қағаздар стилі стильдік бояуы жағынан ғылыми стильге жақын,
алайда оған қарағанда біртектес және синтаксисі бірқалыпты болып келеді.
Оған қарапайым сөздер, ауыс мағыналы, бейнелі сөздер, теңеу т.б. тән емес.
Функционалды-тілдік құралдардан ресми тональділікке ие сөздер, мысалы,
кеңсе ісіне тән сөздер, етістіктің тұйық, бұйрық рай тұлғалары т.б. тән.
Ауызекі-тұрмыстық сөйлеу стиліне қарапайым сөздер, эмоциялық бояуға ие
сөздер тән. Ауызша сөйлеу оның синтаксистік құрылымына да әсер етеді;
толымсыз сөйлемдер, аяқталмаған сөйлемдер көп қолданылады. Функционалды-
тілдік құралдардан оған нақты мәнге ие сөздер, етістіктің нақ осы шақ
тұлғасы т.б. тән.
Көркем сөз стилі функционалды стильдердің ішінде ерекше орында тұрады.
Тілдік құралдарының стилистикалық бояуы өте кең, бай және әр түрлі болып
келеді. Көркемдік мақсатқа барлық тілдік құралдар кызмет етеді.
Публицистикалық стиль де әртүрлі стильдік бояуға ие тілдік құралдардың
кең қолданысымен ерекшеленеді. Олардың ара қатынасы шығарманың жанры мен
стиліне байланысты. Мысалы, очерк жанры көркем стильге жақын болса,
ақпараттық мақала іс қағаздары стиліне жақын.
Жалпы, бір тілдік құралдың өзі барлық стильде де қолданыла беруі
мүмкін, бірақ олардың рөлі әрқайсысында әр түрлі болады. Сондықтан әр стиль
басты және қосымша белгілерге ие: мысалы, ғылыми стильдің басты және
тұрақты белгісі – терминдердің көп қолданылуы болса, бейнелілік - көркем
сөздің басты белгісі.
Сөйтіп, функционалды стильдің әрқайсысы өзіндік тілдік құралдарының
ерекше жүйесімен сипатталады.
Функционалды стильдерге байланысты айтылғандарды жинақтай келгенде
мынадай қағидалар басты назарда болады:
- функционалды стильдер – тілдік құралдардың бейтарап және
стилистикалық бояуға ие түрлерінен құралатын жүйелер;
- стильдер тұйықталған емес, өзара байланыста, қатынаста болып, бірінен-
біріне өте береді;
- стильдер тілден тысқары (қатынас саласы, сөйлеу жағдайының сипаты,
сөйлеу актісіне қатысушылардың саны т.б.) және лингвистикалық факторлардың
әсерінен пайда болады;
- белгілі бір стильдің ерекшеліктерін зерттеу тілден тысқары
жағдайларды ескерумен бірге әр деңгейдің (фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық) тілдік құралдарын қарастыруды қажет етеді;
- функционалды стильдер одан әрі ұсақ стильдік (стилішілік) тармақтарға
бөлінеді.
1.6 Функционалды стильдердің стильдік белгілері
Әрбір функционалды стильдің өзіндік белгілері болады, олар тілдік
бірліктердің белгілі бір түрлерінен және сол стильдің өзіне тән жүйелік
ерекшелігінен құралады. Алайда, ол ерекшеліктер көп емес және кейбір
жақтарынан бірнеше стильге ортақ та болып келеді.
Функционалды стильдерге тән стильдік белгілерге дұрыстық, дәлдік,
бейнелілік, қисындылық, анықтық, мәнерлілік, деректілік, дерексіздік, көп
мағыналылық, бір мағыналылық, стандарттылық жатады. Бұлардың кейбірі қай
стильге жататынына қарамастан жалпы нормативтік сипатқа ие. Мысалы, кез
келген сөз дұрыс, анық, қисынды, дәл, белгілі дәрежеде мәнерлі болуы керек.
Бұлар жалпы әдеби тіл нормасына қойылатын талаптар. Бірақ олардың
кейбірінің мәні функционалды стильдердің түрлеріне қатысты бірдей сипатта
түсіндірілмейді, бір стильдегі бір белгі екінші стильдегі сол белгіге
сәйкес келмейді. Басқаша айтқанда, әр стильдің өзінің дәлдігі, өзінің
қисындылығы, өзінің бейнелілігі бар, белгілі дәрежеде олар бір-біріне
қарама-қарсы да қойыла алады.
Мысалы, көркем сөз стиліндегі дәлдікті іс қағаздарындағы дәлдікпен
бірдей деп қарауға болмайды. Көркем сөздегі дәлдік – образды бейнелеудегі
дәлдік, бұл тұста ол шеберлікпен астасып жатады. Көркем шығармадағы сөз
мазмұнын әр оқырман өзінше түсініп жатуы қалыпты жағдай, тіпті, мұны сол
сөздің көркемдігі деуге болады. Ал, іс қағаздарындағы дәлдік – бұл сөздің
бәріне ортақ бір ғана мағынада жұмсалуы. Мысалы, заң мәтінінде сөзді өзге
мағынада түсіну немесе түсіндіру адам тағдырын шешуде зардабы ауыр
жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол сияқты ғылыми стильдің де өзіндік
дәлдігі бар. Мысалы, белгілі бір ғылыми теорияны әр түрлі көзқарастағы
адамдар әр түрлі түсіндіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Жалпы тіл ғылымындағы стилистика ғылымының ғылыми – теориялық негіздері (зерттеушілік әдісті қолдану)
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Тіл, лингвистика, лингвоэкология
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері
Кәсіби тіл, оның ерекшеліктері. Кәсіби тілдің стильдік ерекшеліктері
Стильдік қателер
Мәтіннің мағыналық жайылу теориясы
Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі
Пәндер