Банктердің нарықтық экономикадағы ролі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.8

1. Банк жүйесінің ролі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.17
2. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.22

3. Банк ісіндегі бәсеке ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай–ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар–ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI—XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда. Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер–клиенттер арасында қолма–қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиро–банктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасындағы белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде —феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, «банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда» «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда–саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша–сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды. сондай–ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастамалардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. ІVғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айыр–басын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа. Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары. ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын. оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клненттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда–саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк — Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе — бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істін даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқығының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес б.э.д. Шғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай–ақ жер бөлімшелерін сатып алу–сату және басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жүмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу–сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе материалдың өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың басқа да буындарына «кәсіпорын» деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.
Ежелгі Русьте «кәсіпорын» деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Көшенова Б. «Ақша несие банк» Алматы 2000ж.
2. Сейтқасымов Ғ. «Ақша несие банк» Алматы 1999ж.
3. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»
4. Искакова З.Г. «Банк ісі» Қарағанды 2001ж
5. Лаврушина О.И «Денги кредит банк» Москва 2003г
6. Қаржы қаражат журналы № 10
7. Жукова Е.Ф. « Денги кредит банк»
8. С.Қасымов «Ақша, несие, банк» Алматы 1998ж
9. Мырзақова «Банктегі бухгалтерлік есеп»
10.С.Райымқұлұлы «Экономика теория негіздері» Шымкент 2005ж.
11.Шеденов «Экономика теория» Ақтөбе 2001ж
12.А.Ә.Әубәкіров «Экономикалық теория» оқулық Алматы 1998ж
13.Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе 2005ж
14.А.Ә.Әубәкіров «Экономика».Алматы 1995ж
15.Меденов «Экономика негіздері. Алматы 1999ж

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 -8
1. Банк жүйесінің ролі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-17
2. Банктердің нарықтық экономикадағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-22
3. Банк ісіндегі бәсеке
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .22-28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..30
Кіріспе

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай–ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура
тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе)
XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының
ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни
тауар–ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін
пайда болған делінеді.
XVI—XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда. Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер–клиенттер арасында қолма–қол ақшасыз есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін жиро–банктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері
арасындағы белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері
арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде —феодализм тұсында
пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек
етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп
қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына
күмән туғызады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда–саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар
кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша–сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына
айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл
салымдарды. сондай–ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу
үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастамалардың және олардың айырбас
орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу
себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын
еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. ІVғ. Ежелгі Грецияда да
жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі
бір ақы төлеу арқылы ақшалар айыр–басын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген
сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және
қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары
белгілі гректің шіркеулері (Дельфа. Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен
айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің
салымдары. ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос
ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын. оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
қалмады. Банктің клненттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім шарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда–саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп
айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік
билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк — Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып,
үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы
несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек
алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны
таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе — бұл
несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес,
несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына
мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде
сипатталады. Несиелік істін даму деңгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие
беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана
берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра
бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің
клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды
жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте
отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады.
Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқығының нормалары болған. Осы нормаларға
сәйкес б.э.д. Шғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді
кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат
етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие
беріп қоймай, сондай–ақ жер бөлімшелерін сатып алу–сату және басқа да
операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды,
бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жүмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу–сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде
ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына
мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе
материалдың өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым
салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк — бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде
фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне
қарай ажыратылады. Ең бастысы — банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара
ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас
аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясынын өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады.

1 Банк жүйесінің ролі мен мәні

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің
даму барысында мынадай қызметтер атқарады.
1. Ақша–несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін: банк бетін қайта
қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін
анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы
интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы
қағаздармен де, операциялар жүргізу сияқты классикалық ақша– несиелік
құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.
Республикамыздағы директивті несиелерді беру жөніндегі жинақталған
тәжірибе көрсеткендей, оның қайтарылуы 24%–ды құрағаны белгілі, сондықтан
келесіде мұндай несиелерді беру көзделмейді. Бұл тұрғыда орталықтандырылған
несиелер тек банктердің қысқа мерзімді өтімділігіндегі қажеттілігін
қанағаттандыру үшін ғана несиелік ресурстар аукциондары, банкаралық нарық,
ломбардтық несиелеу, "репо" операциялары және вексельдерді қайта есепке алу
арқылы берілетін болады.
Жалпы ақша нарығының дамуы барысында аукциондық несиелердің ролі
бәсеңдейді де, ол канал біртіндеп банкаралық нарық арқылы ығыстырылады.
Ломбардтық несиелердің көлемі, оның экономикалық мәніне қарағанда
маңызды емес болып табылады, себебі оны банктер өте қажет жағдайда ғана
алатын болғандықтан, ол айып–пұлдық несие деп те айтылады. Ломбардтық
несиелеудің үлес салмағы 5– 8%–ды құрайды.
Ұлттық банк бюджетті таза несиелеудің біртіндеп төмендеуін анықтайтын
Қаржы министрлігімен жаңа қарым–қатынастарды қалыптастыруға айрықша көңіл
бөлетін болады. Соңғысында бюджеттің тапшылығын қаржыландыратын монетарлық
ішкі көздердің рөлі артады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерге
байланысты операциялау көлемінің ұлғаюын, олардың неғұрлым ұзартылған
мерзімімен жобаның сатылатынын ескерсек, онда 1998 ж. Қаржы министрлігін
несиелеу тоқтатылатынына үміттенуге болады.
Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі нақты бейнеленуінде
позитивті (яғни инфляцияның деңгейінен жоғары) және бағдарламаның іске
асуының соңына таман, ақшаға деген сұранысты реттейтін негізгі параметр
болып табылады. Ұлттық банктің аукциондарының төмендеуіне қарай және
банкаралық несиелік нарықтың дамуына қарай ондағы мөлшерлемеге көп көңіл
бөлінеді.
Ұлттық банктің ақша массасының көлемін шектеу, банктердің мүмкін
болатын деңгейдегі өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында банктерде депозит
бойынша міндетті резервтеп тәжірибесін жалғастырылатын болады.
Ақша–несиелік саясаттың бұл құралы банктердің өтімділігі мен ақшаның
мультипликациясын белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін ғана емес, сонымен
бірге шетел валютасындағы депозиттердің өсу қарқыны мен көлемін реттеу үшін
де қолданылады. Банктер пассивтерін долларлануының өсуі сақталатын болса,
Ұлттық банк ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің резервтік
нормативтік дифференциациялау арқылы жағдайды өзгертуге тырысады.
Ұлттық банктің ішкі валюталық нарықтағы интервенциялары ішкі валюталық
нарықтағы қысқа мерзімді өзгерістерден туындаған теңгенің алмастыру
бағамының ауытқуларын жабу мақсатында ғана жүзеге асыратын болады. Бұл
кезде әр кезеңдегі Ұлттық банктің ішкі активтерінің көбеюі негізінен
ақша–несие саясатының басқа да құралдарымен, ал ол өз кезегінде ашық
нарықтағы операцияларымен орны толтырылады.
Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының бүкіл әлемдік даму
жолымен жүруді қарастыруда. Бірінші нарықтың дамуы бойынша Ұлттық банк ашық
нарықтағы операциялар көлемін кеңейтіп және оған өзінің ақша–несие
саясатының көптеген ауыртпалығын түсіруде.

Қолма–қол ақша айналымының нарықтандыруын есепке ала отырып,
эмиссиондық жұмыс қайта құралады. Екінші деңгейдегі банктерді ақшалармен
қамтамасыз ету оған деген қажеттіліктердің туындау көлемінде облыстық
(аумақтық) нормаларымен жүзеге асырылады. Эмиссиондық рұқсат алынып
тасталады.
Қолма–қол ақша айналымын тиімді басқару тұжырымдамасын қолдану Ұлттық
банктің сақтау орындарында банкноттар мен монеталардың сәйкес
номиналдарындағы көлемдерінің құралуын қарастырады.
Қолма–қол ақшаны инкассациялау қызметі екінші деңгейдеегі банктерге
ішінара берілуде.
2. Валюталық реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін
басқару. Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлттық
валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсететін теңгенің
валюталық бағамына және экономиканың бәсекелестік қабілеттілігіне, баға
деңгейінің өзгеруі мен басқа да факторларға қатысты саясатты Ұлттық банк
одан әрі жүргізуге дайын.
Өтімді валюталық нарық құруда жинақталған тәжірибені ескере отырып,
Ұлттық банк кәсіпорындардың шетел валютадағы экспорттан түскен түсімдерін
міндетті түрде сату жөніндегі икемді саясатын жүргізеді.
Банкаралық валюталық нарықта (форвард, своп, фьючерс, опцион сияқты)
мерзімді операцияларды ішкі нарыққа ендіру үшін және ішкі нарықта дилингтік
операцияларды реттеу бойынша нормативтік базаны жасау, репо, своп, қымбат
бағалы металдар, ломбардтық валюталық несиелер типтес операцияларды ендіру
үшін жағдай туғызу қарастырылады.
Орта мерзімді уақыт аралығында алтын валюта резервтерін басқару
жөніндегі жасалған түжырымдама негізінде оларды әр тараптандырылған
басқаруға көшуі байқалды, яғни стратегиялық инвестициялық портфель мен
тиімділіктің тактикалық портфельдерін құруды білдіреді.
Бұл орайда өтімділіктің тактикалық портфелі валюталық баға мен қысқа
мерзімді міндеттемелерді жабу саясатын жүргізу үшін қажет. Бұл портфельдің
табыстылық нормасы орналастыруына сәйкес мерзімі бойынша либид
мөлшерлемесімен анықталуы мүмкін. Өтімділік портфелінің негізгі құралдары
болып ақша нарығының құралдары табылуы тиіс.
Стратегиялық портфельдің құрамы Ұлттық банктің орта мерзімді (3 айдан 3
жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3–10 жылға дейін) міндеттемелерімен
анықталады. Бұл портфельдің құралдарына–мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының құралдары: орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капитал
нарығының басқа да құралдары жатады. Бұл портфельде қандай металдар
активінің негізгі үлесі болуы тиіс.
3. Банк қызметін реттеу қағидалары мен банктік қадағалау жүйесін
түбегейлі жақсарту. Ұлттық банктің Қазақстандық банктерге қоятын талаптары
банктік қадағалауы халықаралық стандарттарына сай келтірілген болады. Онда
халықаралық танылған стандарттарды қолдану банктерде капиталдандыруына және
банктердің тәуекелдерге бейімделуі не нақты баға береді, ал бұл өз
кезегінде банктердің акционерлері мен жетекшілік және екінші деңгейдегі
банктермен қарым–қатынастағы Ұлттық банктің жетекшілігінің әлдеқайда
негізделген шешімдер қабылдауына мүмкіндік беріледі.
Банктерді құру және оларды лицензиялау бойынша Ұлттық банк талаптарының
қатаңдай түсуі тұрақты, бәсекелестік қабілеті бар несие–қаржылық
институттардың шығуына мүмкіндік берді.
Өз капиталының тапшылығын сезетін банктер Ұлттық, банкке қайта
капиталдандыруы бойынша шаралар мен бағдарламасын табыс етеді, әрі олардың
орындалуы туралы есеп беріп тұрады. Капиталдың баламалы деңгейіне қол
жеткізе алмаған банктер таратылады немесе банктік емес қаржылық мекемелерге
қайта құрылуы керек.
Осы мерзімге нақты тұрғыдан келгенде, Ұлттық банк капитал тапшылығын
сезетін сол немесе басқа банкке деген қарым–қатынасын, оның маңыздылығына,
банктің нарыққа тартылған депозиттерімен берілген несиелерінің үлесіне
қарай анықтайды.
Осы айтылған белгілермен сәйкесінше банктерді келесі топтарға бөлінеді:
– жарияланған жарғылық қоры 600 млн теңгеден жоғары ірі банктер;
– біршама ірі және орташа;
– ұсақ банктер.
Тек ірі банктермен қарым–қатынаста Ұлттық банк олардың қаржылық
сауықтыру бойынша ғана соңғы инстанциядағы кредитор болуға жағдай жасайды,
себебі ондай банктердің жойылуы еліміздің экономикасына жағымсыз салдарын
тигізуі мүмкін.
Мұндай көмек көрсетуге қажетті жағдай–банктің менеджмент сапасын
нығайту мен банктің ағымдағы қаржылық жағдайын бақылап отыру үшін Ұлттық
банктан тұрақты , бақылаушыларды ендіру болып табылады.
4. Банк жүйесінің бухгалтерлік есебі мен статистикасын формалауды
аяқтау. 1995ж. орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан Республикасының
банктері мен басқа да несиелік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп пен есеп
беру жөніндегі бір тұтас әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банктік
жүйедегі бухгалтерлік есептің реформалануы аяқталады.
Бағдарламаның қызмет ету аралығында ұлттық шоттар салықтық–бюджеттік,
төлем балансының, қаржылық нарықтық статистикалары үшін маңызы бар жаңа
ақпараттарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін екінші деңгейдегі банктер мен
Ұлттық банктің жаңа шоттар жоспарын толығымен ендіру аяқталды, әрі олар
ақша–несиелік саясатты жүзеге асыруда нормативті ережелердің орындалуын
бақылау, жоспарлау және талдауда, сонымен бірге қаржылық құралдарды нақты
пайдалану бойынша шешімдер қабылдауда қолданылуда. Айтылған жұмысқа сәйкес
нормативті бағаны құрумен және персонал дайындаумен, қайта дайындаумен
жүргізіледі.
Бұнымен қатар жаңа бухгалтерлік есеп жүйесіне негізінен банктік
қызметте ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі тауарлы нормативтік база
жетілдіріледі.
Орта мерзімді бағдарламада, сонымен қатар, статистикалық көрсеткіштерді
салыстыруды қамтамасыз ететін және халықаралық тәжірибеде қабылданған,
банктік, ақшалай көмек беретін жаңа шоттар жоспарына сай екінші деңгейдегі
банктердің статистикалық есеп беруінің жаңа нысандарын ендіру және
жетілдіру қарастырады.
5. Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқармаларының мақсаттары. Орта
мерзімдік кезеңде банктің облыстық (аумақтық) басқармаларына айрықша мән
беріледі. Іс жүзінде барлық жүргізілетін өзгерістер Ұлттық банктің облыстық
басқармалары арқылы жүзеге асырылады.
Облыстық басқармалар қарыз алушы банкке орталықтандырылған несиелік
ресурстарды жеткізу – олардың мақсатты пайдалануына бақылау жүргізуді
жүзеге асыруды қоса алғанда, бекітілген жоспарлы шаралар негізінде облыс
аумағы бойынша Ұлттық банктің ақша несие саясатын жүргізуді қамтамасыз
етеді.
6. Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен өзгерістері.
1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі – ломбардтар,
несиелік бірлестіктер, трасталық, лизингтік, факторингтік фирмалар,
клиринтік палаталар, т.б. түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық
мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден
тұратын болады.
Екінші деңгейдегі банктер капиталдандырудың қажетті деңгейіне жетуі
тиіс және корпоративті бағалы қағаздарға күрделі қаржы жұмсау тек олар
бойынша дилерлік операциалардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері
жүзеге асырылатын болады.
Коммерциялық банктер жүйесімен қатар, өздерінің белгіленген өзіндік
қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банкте пайда болады және олардың
қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.

Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банктерге Экспортты–
импорттық банк, Тұрғын үй–құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.
Ондай банктердің қатарында Халықтық жинақ банкі де бар, әзірше ол
халыққа қызмет көрсетуге мамандандырылып мемлекеттің бақылауында болады.
1998 жылдан бері, оның салымшыларымен акционерлеу басталды.
Қазақстан Республикасы Экспорт–импорттық банкі (Эксимбанкі) Үкіметтің
құрылымдық–инвестициялық саясатына жәрдемдесу және елдің тұрақты
экономикалық өсімін арнайы бағдарламаларға дайындап, оны жүзеге асыруға,
сондай–ақ қаржыландырудың саудалық және жобаларын таңдап алу арқылы елдің
бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында құрылған банк болып табылады.
Эксимбанк шетелдік және отандық тікелей және портфельдік инвестициялар
үшін тиімді каналдарды қамтамасыз етеді және кепіл қызметін жүзеге асырады,
инвестициялық және қаржылық агентті, сенім жүктелген тұлға (бірінші кезекте
үкіметке қатысты) және дилердің қызметтерін жүргізумен қатар, бағалаумен
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады.
Үкіметтің құрылымдық–инвестициялық саясатын жүзеге асыру үшін керекті
ішкі қаржылық ресурстар кірісінің көбеюі мен қызмет етуінің тиімділігін
көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі Эксимбанкті
акционерлеу туралы және алдыңғы қатардағы шетел банктері мен халықаралық
Қаржы министрлігі кепіл болатын, оның облигацияларын эмиссиялау туралы
шешім қабылдады.
Тұрғын–үй құрылыс банкінің атқаратын негізгі қызметтері: коммерциялық
құрылысшылар жүйесі арқылы тұрғын–үй құрылысын несиелеу; халық үшін
тұрғын–үй жинақ шоттар жүйесінің құру; ипотекалық несиелеу жүйесін құруда
көрініс табады. 1998ж. бұл банк Центркредитбанкпен бірігеді.
Банктік жүйенің тұрақты элементінің бірі – депозиттерді – ұжымдық
сақтандыру жүйесі болып табылады. Бұл орайда Ұлттық банкпен, банктердің
ассоциациялары және Қаржы министрлігі бірлескен түрде депозиттерді ұжымдық
сақтандыру жүйесін қалпына келтіру тәртібі және шараларын анықтайтын
нормативтік базаны жасауда жұмыс жүргізуде. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру
қоры, мемлекеттік бюджетпен қаражаттарды тартпай, екінші деңгейдегі
банктердің ерікті бірігуі негізінде, яғни қатысушылардың қосқан қаражаттары
есебінен құрылады.
7. Ұлттық банк еліміздің қаржылық нарықтарының дамуына қатысуы.
Несиелік нарық. Нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар мен
операциялардың әрдайым өсу тенденциясын және бюджет тапшылығын тікелей
несиелеу аясының қысқаруын ескере отырып. Ұлттық банкі екінші деңгейдегі
банктердің несиеге деген қысқа мерзімді қажеттілігін өтеуге баса назар
аударады. Бұл орайда жоғарыда айтылған себептерге байланысты аукциондық
несиелердің рөлі әлдеқайда төмен. Ломбардтық несие де маңызы болмайды.
Банкаралық ақша нарығы. Банктерді капиталдандырудың күшеюі, Ұлттық
банктің несие беру мүмкіндігінің азаюы және онкольдық қарыздар нарығындағы
банктердің қызметін реттейтін ережелерді бекіту – банкаралық ақша нарығында
операциялардың көбеюі мен белсенділік танытуына әкелді. Осы тенденция орта
мерзімді кезеңде сақталады. Бұл жағдайда орта мерзімді бағдарламаны жүзеге
асыруда Ұлттық Банктің ең негізгі мәселесінің бірі сол нарықтың әрі қарай
жоғары сапалы деңгейде дамуы болып табылады. Банкаралық ақша нарығының
дамуы банктердің уақытша бос ресурстарын сатудағы немесе өтімділікке деген
қысқа мерзімді қажеттіліктерін ұйымдасқан түрде өтеуге мүмкіндік береді.
Валюталық нарық. Алдағы уақытта өз дамуын алады. Биржадан тыс валюталық
нарықтың белсенді дамуын ескергенде атаулы айырбас бағамы белгілі бір
шамада нарықтық жағдайлармен анықталады. Ұлттық банктің интервенциясы
сұраныс пен ұсыныстың қысқа мерзімді және маусымдық ауытқуларын бір қалыпқа
келтірумен шектелуі және ақша базасы бойынша параметрлерді сақтау қажетті
деңгейде өтеді. Бұл орайда айырбас бағам саясатын еліміздің экономикасының
экспортты және импортты алмастыратын салаларының максималды дамуына
әкелетің бәсекелестік жағдайларын құру бағытында жүргізеді.
Валюталық нарық банкаралық нарықтың валюталық тәуекелдіктерді
сақтандыру құрамының дамуы және форвардтық валюталық мәліметтерді кеңейту
бөлігінде тереңдету бағытында дамиды.
Қымбат металдар нарығы. 1995 ж. қымбат металдар мен байланысты
қарым–қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші
бар Жарлықтарын қабылдауға байланысты республикамызда бұл қатынастарды
мемлекеттік монополиядан мемлекеттік реттеуге көшу жүзеге асырыла бастады.
1995 ж. 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің № 2372 "Асыл
тастармен, қымбат бағалы металдармен байланысты қарым–қатынастарды
мемлекеттік реттеу туралы" қабылданған Жарлығына сай Ұлттық банк қымбат
бағалы металдармен жасалатын алғашқы сауда процедураларын өңдейді және
игереді. Негізгі міндеті алғашқы саудалар жүргізу мен ұйымдастырудағы,
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қарым–қатынастарды жетілдіру,
қымбат металдар үшін есеп айырысу тәжірибесін жетілдіру, сонымен бірге
алғашқы сауданы жүргізу ережелеріндегі бөлек ережелерді нақтылау бойынша
ұсыныстарды дайындау сияқты т.б. іс–тәжірибе жинақтау болып табылады.
Мұндай жұмыс алдағы уақытта да жүргізіледі. Онда өкілетті банктердің саны
өседі. Сонымен бірге сауда–саттыққа қатысатын басқа заңды тұлғалардың да
саны өседі.
Ұлттық банк әртүрлі меншік түріндегі тұтынушыларға эффинирленген
(тазартылған қымбат бағалы металдармен қымбат бағалы металдардан еркін
нарықтық баға бойынша өндірістік–техникалық мақсаттағы өнімдерді сату
бойынша операцияларды бастауды көздеп отыр. Өз иелігінде ең бағалы және
қымбат бағалы металдар бар заңды және басқа тұлғалар екінші нарықта сатушы
ретінде қатысуы мүмкін.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. Мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелер (МҚМ) серпінді қалыптасуын әрекет етуі тәжірибесі оның едәуір
өсіп, іс жүзінде мөлшері жағынан валютамен салыстырарлық және
операцияларының көлемі жөнінен несиелік ресурстардан асып түсетін дербес
қаржы нарығына айналды. МҚМ табысты тартудағы жоғары өнімді құрал және
екінші нарықта операциондық бір күн шеңберіндегі сол бойынша есеп айырысу
мүмкіндігінің болуымен ғана емес, сонымен қатар, Ұлттық банк пен Қаржы
министрлігінің адекватты іс–әрекеттері арқылы нарықта салыстырмалы алдын
ала айтылатын әрі тұрақты жағдайды қалыптастыруы: көптеген дилерлер мен
инвесторларды сондағы активті операцияларға итермелеуі де оның
қатысушыларының сәйкесінше жұмыс деңгейінің өсуімен бірге қарастырылады.
Үкіметтің жоспарлап отырған экономиканы тұрақтандыру бағдарламасы және
оны ары қарай өсуіне жағдай туғызуы – Қаржы министрлігінің ұзақ мерзімді
айналысқа бағалы қағаздарды шығаруына әкелді. Кейбір мемлекеттік бағалы
қағаздардың алғашқы орналастыру көлемі – 3, 6 және 12 айға дейін ауысады.
12 ай мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар 1996 жылдың соңынан бастап
мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер нарығының ажырамас бөлігі болды.
1998ж. соңына қарай мемлекеттік қазыналық міндеттемелермен қатар,
мемлекеттік пайыздық бағалы қағаздардың басқа да түрлері 1–ден 3 жылға
дейінгі айналыс мерзімінде шығарылады.
Уақыт талабына сай сенімді әрі қорғалған төлем жүйесінің түбегейлі
жетілдірілуі: мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша технологиялық база дұрыс
жолға қойылуы өз кезегінде нарықтың географиясын, айлық бағалы қағаздарды
алғашқы орналастыру көлемін бірден өсіріп, потенциялды инвесторлар,
мамандандырылған қатысушылардың санын да кеңейтуге мүмкіндік береді.
Алғашқы нарықтың кеңеюіне қарай Ұлттық банк ақша–несие саясатына әсер
ететін, ашық нарықта операцияларды әлдеқайда белсенді жүргізуді және
банктердің өтімділігін дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағалы
қағаздардың қайталамалы нарығы да дами түсті. Бұл жағдайда 1996 ж. Ұлттық
банк тәжірибеге мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу үшін РЕПО
операцияларын енгізді.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өтімділігінің жоғарылауына алғашқы
делдалдар өз офистеріндегі нақты уақыт режимін бағдарламалық және есеп
айырысудың электронды жүйесімен қамтамасыз етуін және жетілдіруін аяқтауға
ықпал етті.
8. Төлем жүйесінің жетілдірілуі. Қазақстан Республикасының төлем
жүйесінің жетілдірілуі мен дамуы – Ұлттық банк пен Халықаралық валюталық
қор және Дүниежүзілік банктің бірігіп анықтаған стратегиясымен жүргізіледі.
1995 ж. басталған төлем жүйесін дамыту аяқталды. Қабылданған төлем жүйесін
құру және жаңарту стратегиясымен сәйкес мынадай екі кезең:
біріншісі–республикада төлемдер мен есеп айырысу жағдайын жақсартуға көмек
беретін аралық төлем жүйесін құру; екіншісі – ұзақ мерзімді төлем жүйесін
ендіру аяқталды.
Аралық төлем жүйесі (АТЖ) негізгі үш жүйеден тұрады:
– Қазақстан Республикасының барлық аумағында Ұлттық банктің ақша–несие
саясатын неғұрлым тиімді жүргізуге және екінші деңгейдегі банктерге
қаржылық нарықта олардың орналасу орнына қарамай жұмыс істеуіне мүмкіндік
беретін нақты емес уақыттағы аударымдар жүйесі;
– төлем құралдарының жиынтығы бойынша облыстық деңгейде, сондай–ақ
елімізді тұтастай алғанда қарама – қарсы төлемдердің өзіндік есебін
жүргізуін 3 күн ішіндегі есеп айырысуды қамтамасыз ететін үшінші жақтың
аударым жүйесі. Бұл жүйе негізінен аз сомаларды аударуға негізделеді.
– Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өтімді қайталама нарығының тиімді
дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу
жүйесі.
АТЖ ұзақ мерзімді төлем жүйесін ендіргенге дейін жұмыс істеді, АТЖ– ны
ендірумен бірге жоспарланған ҰТЖ–ның талаптарына жауап беретін қажетті
инфрақұрылым болуы тиіс әрі оны ендіруде және ақпаратпен қорғаудың қажетті
деңгейімен қамтамасыз етуді жүзеге асыруда көп шығындарды талап етпейтін,
осыған орай АТЖ мүмкіндігінше жеткілікті, икемді техникалық және
бағдарламалық құралдарына негізделген болуы керек.
АТЖ екінші деңгейдегі банктер жұмысының жаңа жағдайларына
дағдылануларын және жаңа бухгалтерлік шоттар жоспары мен бір
корреспондеттік шотқа көшуді жүзеге асыруға көмектесуі керек. Сонымен
бірге, бұл кезеңде төлем жүйесі арқылы есептелетін және әрбір облыста бір
қор шоттардың болатын бюджеттік банктің бөлінуі болады.
АТЖ–ны құрастыруда қазіргі кезде республикаға тән және тиімді
шешімдерді жасайтын өзіндік ерекшеліктері ескеріледі.
АТЖ құру бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстағы филиалдары мен
Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) құрылған. Ол бастапқы
кезеңде – Ұлттық банк, кейін құрылтайшысы екінші деңгейдегі ірі
коммерциялық банктерден болатын жабық түрдегі акционерлік коғам болды. ҚБЕО
Қазақстан Республикасындағы ұсақ төлемдер жүйесі мен ірі төлемдердің
аударым жүйесін қоса алғанда Қазақстан Республикасы бойынша есеп айырысу
және барлық төлемдерге жауапты, әрі республикада қолданылатын төлем
құралдарының барлық спекторын өңдеп, жаңаларын еңдіруі керек.
Ұзақ мерзімді төлем жүйесін (ҰТЖ) құрудағы негізгі міндет – банк және
қаржы секторларының сол күні есеп айырысуды аяқтайтын мен төлем жүйесінің
қауіпсіздігі мен шімділігіне деген қажеттіліктерін қанағаттардыру болып
табылады. 1997 ж. сонында ҰТЖ құруды – АТЖ– ның қатар жұмыс істеуі жағдайын
да аяқтау қарастырылды. ҰТЖ сондай–ақ, Қазақстан Республикасы бойынша қаржы
нарығының мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының т.б.
толық қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс.
ҰТЖ– ның негізінде екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық банк үшін жаңа
шоттар жоспары, жаңа төлем құралдары мен нормативтік база болуы керек.
Электронды түрде алынған төлем құжаттары жалпы қабылданған әлемдік
стандарттарға сәйкес болып, жоғары өндірілген техникалық құралдар мен
қазіргі кездегі бағдарламалық қамтамасыз етуге банк бөлген қаражаттарға
есептеуші техниканың қажетті құралдарын сатып алу, бағдарламалық өнімді
сатып алу және жетілдіру, персоналды оқыту жолдарымен ҰТЖ–ға қажетті
инфрақұрылымдар құрылды.
ҰТЖ–ға қатысушыларының арасында ақпараттарды беру үшін
телекоммуникациялық орта ретінде Ұлттық банк шығарған (Х.25) (ВАNКNЕТ)
қаулысы бойынша коммутация пакеттерімен мәліметтерді беру желісін қолдану
қарастырылады. Қазақстан Республикасының банктік және қаржылай мекемелері
болады және ол сенімділік, өндіргіштік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттары мен ресурстары
Банктердің қызметтері мен операциялары
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Пәндер