Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.8

І. ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ: ҰЛТТЫҚ МҰРАТ ЖӘНЕ
РУХАНИЯТ ӘЛЕМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9.36
1.1. Қазақ әдебиеттану ғылымы: тарихы мен даму кезеңдері ... ... ... ... 9.18
1.2. Ұлттық әдебиеттану және мәдени мұра мәселесі ... ... ... ... ... ... ... . 18.36

ІІ. ҚАЗІРГІ ӘДЕБИ ҮДЕРІС ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ
ҒЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37.60
2.1. Қазақ әдебиеттану ғылымы: тарих пен таным ... ... ... ... ... ... ... ... 37.55
2.2. Әдебиет тарихын дәуірлеу: уақыт және жаңа көзқарас ... ... ... ... . 56.60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61.63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 64.66
Ұлт мұраты – азаттық, бостандық, тәуелсіздік.
Дербес ел, тәуелсіз мемлекет атану – абыройлы іс, биік белес.
Еліміздің тәуелсіз болуы – ұлттық жаңа тарихымыздың бастамасы. Енді алдағы уақытта біз өз тарихымызды бұрынғы көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес ел ретінде зерттеп, тарихымыздың бұралаң жолдарында жетістіктер мен жеңілістерді, ұмтылыстар мен іркілістерді қайта зерделеп, болашақ мәдениет пен ғылым, әдебиетіміздің әлем елдерінің озық үлгілерін үлгі тұта отырып, дамудың ұлттық моделімен алға жылжуымыз керек.
Отанымыз егеменді ел болып, тәуелсіздікке табан тіреген сәттен бастап осы тәуелсіздікті баянды ету мақсатында халқымыз әр салада қажымай еңбек етіп келеді. Бұл адамның рухани азығы – мәдениеті мен әдебиеті саласында да кең қанат жайды.
Қоғамдағы сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, өтпелі кезеңнің ауыртпашылықтары өмірдің барлық салаларын, оның ішінде руханият дүниесін де қамтыды. Мұндай өтпелі уақытта әдеби процестің тоқырамаса да іркіліп, әлеумет, қоғам өміріндегі сан түрлі өзгеріс жаңалықтарды ой елегінен өткізуі заңды. Осы кезеңде әдебиеттану ғылымы ең алдымен ұлт әдебиетінің өткенін таразылап, шашырағанын жинақтайды, бүгінін талдап, бағытын айқындайды.
Мемлекетіміздің бүгінгі бағыты басқа да ғылымдарға сияқты ұлттық әдебиеттану ғылымының алдына да зор міндет жүктеді. Соңғы он бес жыл ішінде халық санасы едәуір серпілді. Ендігі міндет – ұлттық сананы қайтып қалғып кету қаупінен сақтап, барынша сергек ұстау, өскелең ұрпақтың рухын мықты, ділін сау ете түсу. Осы мақсаттың орындалуының аса пәрменді құралы - сөз өнері. Ол үшін халықтың сөз өнерін ең алдымен сол халықтың өзі танып, сонан соң өзгеге танытса абзал.
Міне, осынау міндетті орындау ұлттық әдебиет тарихының кем-кетігінің орнын толтыруды, жолсыз жазаға ұшыраған әдебиет тұлғаларын тарих сахнасына қайта әкеліп, әділет тұғырына қондыруды және әр қалам иесінің сөз өнері тарихындағы өзіне лайық орын иемденуін, сондай-ақ, бүгінгі әдебиеттанудың жаңа ізденістерінің бағыт-бағдарын айқындауды, әдебиет теориясы, поэтика мәселелерін зерттеуді діттейді.
Осы бағытта аға буын өкілдері бас болып, бағыт беріп, бағдар сілтеуінің арқасында кейінгі толқын өкілдері әдебиетіміздің өзекті мәселелеріне қалам тартып, өнімді ізденіс үлгілерін танытып келеді.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық әдебиеттану ғылымы бастау арнасын тереңнен алады. Оның өзіндік даму жолы, бел-белестері бар. Басқа да қоғамдық ғылымдар секілді қазақ әдебиеттануы да жеке ғылым саласы ретінде туып, қалыптасу жолын зерделеуге, әр кезеңдегі жетістіктері мен кемшіліктеріне баға беруге, қазіргі ахуалын бағамдауға ұмтылуда. Онсыз қандай да ғылым саласының өсіп-өркендемейтіні белгілі.
Ұлттық әдебиет туралы ғылым белгілі бір білімдер жиынтығы мен әдебиеттегі құбылыстарды танып-білу құралы ретінде өзінің ұғым-түсінігі, теориясы мен әдіснамасы қалыптасқан ғылым ретінде күрделі тарихи жолды басынан кешіре отырып, қазіргі кезге жетті.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының бүгінгі жай-күйін, жетістіктері мен жетіспеушіліктерін, негізгі бағыт-бағдарын, он бес жылдық тарихын ғылыми саралау – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі екендігі айқын. Бұл қазақ әдебиеттануындағы жаңадан игеріліп, іздестіріліп жатқан тақырып, ендеше, бұл аталмыш тақырыптың өзектілігі, көкейкестілігі болып табылады.
Зерттеу нысаны және тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақ әдебиеттану ғылымының тәуелсіздік алған күннен бастап бүгінге дейін, яғни 1991-2006 жылдар аралығында жарық көрген зерттеу еңбектері мен монографиялар қарастырылды.
Олар, атап айтқанда: әдебиетші-ғалымдар З.Ахметов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Р.Бердібай, М.Жолдасбеков, Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, С.Қасқабасов, Ж.Ысмағұлов, М.Мағауин, Ө.Күмісбаев, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, С.Негимов, Қ.Жүсіп, Д.Ысқақұлы, А.Егеубаев, Б.Әбілқасымов, Б.Ыбырайымов, Қ.Алпысбаев, М.Хамзин, Қ.Әбдезұлы, З.Бисенғали, Т.Жұртбай, Г.Піралиева, Р.Тұрысбек, К.Сыздықов, Д.Қамзабекұлы, Қ.Ергөбек, Т.Еңсегенұлы, С.Жұмабек, И.Нұрахметұлының т.б. осы кезеңде жарық көрген зерттеу мен әдеби-талдау мақалалары қарастырылды.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының бағыт-бағдарын зерттеген арнайы еңбек жоқ. Алайда бұл мәселе жекелеген мақалаларда, сұхбаттарда, сыни еңбектерде, басқа тақырыпқа арналған зерттеулер аясында қарастырылып келеді. Айталық, академик С.Қирабаевтың «Қазақ әдебиеттану ғылымы: бүгіні мен ертеңі» деген сұхбаты, Қ.Әбдезұлының «Қазақ прозасы және ұлттық идея», Р.Тұрысбектің «Парыз бен парасат», «Асыл сөз» атты еңбектері осы тақырыпта ой толғайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетінің азаттық, тәуелсіздік тағылымдарының тамыры тереңде екендігіне басты назар аударып және еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы он бес жылда аталған тақырыптың жаңа мазмұнға ие болғандығы белгілі. Жұмыста осы құбылысты әр қырынан ашу көзделген.
Жұмыстың басты мақсаты – тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттану ғылымының негізгі бағыт-бағдарын айқындау. Қоғамның әр саласы бір-бірімен өте тығыз байланыста өмір сүреді. Олай болса, еліміздің ұлттық тәуелсіздігі әдебиеттануға әсер етпей қоймайтыны белгілі. Әсер етсе, ол қандай сипатта көрініс тапты, еліміздің тәуелсіздік алған соңғы он бес жыл төңірегінде қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі ұстанымы қандай болды, негізгі өкілдері кімдер, ғылымның әдіснамалық негізі мен мәдени мұраға деген көзқарас қандай деген мәселелерді анықтау мақсатында мына міндеттерді орындаудың қажеттілігі туды:
- қазақ әдебиеттану ғылымының тарихына ден қою;
- тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттанудың әдіснамалық негізін айқындау;
- «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы маңызын саралау;
- әдебиеттану ғылымына тәуелсіздік әкелген жаңалықтар мен өзгерістерге мән беру;
- әдебиет тарихы, теориясы, сынына қатысты ізденістерді зерделеу;
- соңғы жылдары жарық көрген зерттеу еңбектерінің бағыты мен мәнін, ғылыми-теориялық, әдіснамалық сипатын зерделеу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында қазақ әдебиеттану ғылымы тәуелсіздік жылдарында жарық көріп, әдебиеттің әр түрлі мәселелерін қарастыратын еңбектердің негізгі сипаттары зерттеліп, танымдық-тақырыптық арналары айқындалды. Бұл тақырып алғаш рет жеке зерттеу жұмысының нысаны болып отырғандығы тақырып сонылығын айқындайды. Соңғы жылдар ізденісі, әдебиетке көзқарас, жанрлар жөніндегі ой-пікірлер т.б. жаңа уақыт талаптары тұрысынан сараланады. Ұлт тәуелсіздігі әдебиеттану мәселесімен қатар қарастырылады.
Тәуелсіздік тұсындағы ұлттық әдебиеттанудың бағыт-бағдары жөнінде бұған дейін арнайы зерттеу жұмыстары жоққа тән. Осы жұмыс сол олқылықтың орнын толтыруға қосылған үлес. Бұл жұмыста ұлттық әдебиеттану ісі қазіргі әдеби үдеріс аясында сөз етіледі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Тақырыпты негіздеп, соған сай мәліметкөздерді белгілеп, материал жинауда зерттеудің салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды. Соңғы он бес жыл шамасында жарық көрген еңбектердің библиографиясы жасалды.
Аталған мәселелердің шешімін іздеуде белгілі әдеби зерттеушілерінің (С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Ж.Дәдебаев, Қ.Ергөбек, Б.Майтанов, Қ.Әбдезұлы, Р.Тұрысбек, Ж.Смағұлов т.б.) негізгі ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- саяси-рухани тәуелсіздік еркін ойлап, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік берді;
- қазіргі қазақ әдебиеттануының ұстанымы, әдіснамалық негізі айқындалды;
- социалистік реализм әдісін көркемдік-эстетикалық тұрғыдан ойлау алмастырды;
- коммунистік идеологияның орнына ұлттық рух, ұлттық идея орнықты;
- ұлттық идея көрінісінің жарқын үлгісі ретінде тарихи романдар табиғаты кеңінен қарастырылды;
- қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтарды игеру тереңдей түсті, аясы мен аумағы кеңейді;
- шетелдегі қазақ әдебиеті нұсқаларын жинау, зерттеу, насихаттау басталды;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1. Ысмайылов Е. Әдеби мұра және оны зерттеу. - Алматы: ҚазССР ҒА баспасы, 1961.-376 б.
2. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. - Алматы: Санат, 1994.- 448 б.
3. Смағұлов Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі. Монография. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005.-317 б.
4. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІІ том. 2-кітап. - Алматы: Ғылым, 1967.-663 б.
5. Қасқабасов С. Әдебиеттанудың өзекті мәселелері: Академик Серік Қирабаевтың 75 жылдығына арналған жинақ. - Алматы : «Комплекс», 2002. – 431 бет. Кітапта: Әдебиет пен өнердің нарық жағдайындағы түр-сипаты мен мақсат-міндеті туралы 63-77 беттер
6. Ұлттық тарихымыздың бастау көздері. – «Егемен Қазақстан», 2006 жыл, 10 ақпан
7. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. - Алматы: Ғылым, 2004.-448
8. Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. - Астана: Таным, 2003.-360 б.
9. Сейітжанов З. Ақыт ақын. Оқу құралы. - Алматы, «Қазақ университеті», 2002.-129
10. Мәсімханұлы Д. Сөз – желкен. - Алматы: Өлке, 2005
11. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. - Алматы: Білім, 1995. -288 б.
12. Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. Монография (генезис, типология, поэтика). - Астана: Елорда, 2005.- 372 б.
13. Қалижан І. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХғ.ортасы- ХХғ.басы). - Алматы: Білім, 1998.-256
14. Қазақ ССР Прокуратурасында // «Қазақ әдебиеті», 23 декабрь, 1988
15. Нұрғали Р. Әуезов және алаш. Әдебиеттегі ұлттық рух. Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 432 б.
16. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұраларын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы // «Қазақ әдебиеті», 6 январь, 1989
17. Кәкішев Т., Дүйсенов М. Ұлы Октябрь шуағы. - Алматы: 1981. –136 б.
18. Кәкішев Т. Мағжан мен Сәкен. Ғылыми эссе. - Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 449 б.
19. Жұртбай Т. Күйесің, жүрек... сүйесің (Абай «Жан бостандығы...» немесе рухани бостандық). - Астана: Санат, 2001. - 408 б.
20. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағлымы. - Алматы: Ғылым, 1994.–280 б.
21. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея: Оқу құралы / Жауапты ред. З.Қабдолов. - Алматы: Қазақ университеті, 2005.-242 б.
22. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2002
23. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. Монография. - Алматы: Білім, 2000. - 336 б.
24. Нұрғали Р. Драма өнері. - Алматы: Санат, 2001. - 480 б.
25. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Оқу құралы. -Алматы: Санат, 1996.-336 б.
26. Піралиева Г. Ізденіс өрнектері. Әдеби сын. Зерттеу. Сұхбаттар. - Алматы, 2001. – 220 б.
27. Мархабаев А. Планета – қиял зертханасы. // Таңшолпан. 2005 №3 50-69 бетте.
28. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары (Оқу құралы). - Алматы: Санат, 1999.-321б.
29. Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Оқу құралы. – Қарағанды: «Арко» ЖШС, 2004. – 332 б.
30. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Қысқаша очерк: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1998.-220 б.
31. Еңсегенұлы Т. Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары (архетиптері). Филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Астана, 2001
32. Нұрахметұлы И. Ұлыстық әдебиеттен ұлттық әдебиетке дейін (б.з.д. Хғ. – ХVІІІ ғ. дейін). Ғылыми зерттеу. - Астана: ЕҰУ, 2005.-195 б.

Қосымша әдебиет

1. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Зерттеу. – Астана: Фолиант, 2002. – 408 б.
2. Қирабаев С. Қазақ әдебиеттану ғылымы: бүгіні мен ертеңі //Егемен Қазақстан, 2006. 22 сәуір, 6-бет
3. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: дәуірлеу және жаңаша пайымдау //Егемен Қазақстан, 1999. 16 шілде.
4. Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен: Зерттеулер мен естеліктер. – Астана: Фолиант, 2002. – 504 б.
5. Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері (Ұжымдық монография. Ред. алқасы З.Ахметов, С.Қирабаев, Ж.Ысмағұлов). – Алматы: Ғылым, 2002. – 274 б.
6. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: «Жалын» ЖШС, 1997. – 368 б.
7. Бердібай Р. Байкалдан Балқанға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 б.
8. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.
9. Кәкішев Т. Кер заманның кереғар ойлары. – Алматы. Атамұра – Қазақстан, 1195. – 168 б.
10. Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді. – Астана: Фолиант, 2002. – 194 б.
11. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. – Алматы: Санат, 1997. – 928 б.
12. Қасқабасов С. Түп нұсқамыз түгел ме? Қолда бар әдеби мұра ала-құла // Егемен Қазақстан, 1999. 8 қыркүйек.
13. Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс.- Алматы: Қазақстан, 1994. – 208 б.
14. Мырхаметұлы М. Абайтану тарихы. Алматы. Ана тілі, 1994. – 192 б.
15. Мәшһүр Жүсіп Қ. Өлең – сөздің патшасы. Зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1991. – 216 б.
16. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. Генезис. Стилистика. Поэтика: Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2001. – 280 б.
17. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Оқулық. – Астана: Елорда, 2001. – 224 б.
18. Әдебиет пен өнер мәселесі бойынша 30-40-шы жылдар кезеңі мен 50-ші жылдар басында қабылданған қаулыларды зерттеу жөніндегі Қазақстан компартиясы Орталық комитеті Комиссиясының қорытындысы // Қазақ әдебиеті, 1989. 15 желтоқсан
19. Мұхтар мұрасы. – Наследие Мухтара. Ғылыми мақалалар мен зерттеулер (құр. Ш.Ыбыраев, С.Қорабаев). – Алматы: Қазақстан, 1997. – 352 б.
20. Алпысбаев Қ. Ой орамдары: зерттеулер, мақалалар. – Алматы, 2006. – 505 б.
21. Тұрысбек Р. Парыз бен парасат (Әдеби толғамдар. Зерттеулер. Портреттер). – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 374 б.
22. Тұрысбек Р. Жүсіпбек Аймауытұлы және 20 жылдардағы қазақ прозасы. Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 340 б.
23. Тұрысбек Р. Сөз сарасы: әдеб-ғылыми мақалалар. – Алматы: Мектеп, 1996. – 150 б.
24. Тілешов Е. Суреткер және көркемдік әдіс. – Алматы: Арқа, 2005. – 278 б.
25. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана. Фолиант, 2002. - 474 б.
26. Мархабаев А.Ф. Қазақ фантастикалық әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 367 б.
27. Ыбырайым Б. Сырлы әлем: Қазіргі қазақ балалар прозасы. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 224 б.
28. Дәрімбетов Б. Қазақ әдебиеті тарихына қайта оралуымыз керек // Қазақ әдебиеті. 1997. № 23

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8

І. ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ: ҰЛТТЫҚ МҰРАТ ЖӘНЕ
РУХАНИЯТ
ӘЛЕМІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 9-36
1.1. Қазақ әдебиеттану ғылымы: тарихы мен даму кезеңдері ... ... ... ...
9-18
1.2. Ұлттық әдебиеттану және мәдени мұра
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... .. 18-36

ІІ. ҚАЗІРГІ ӘДЕБИ ҮДЕРІС ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ
ҒЫЛЫМЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 37-60
2.1. Қазақ әдебиеттану ғылымы: тарих пен
таным ... ... ... ... ... ... ... .. .. 37-55
2.2. Әдебиет тарихын дәуірлеу: уақыт және жаңа көзқарас ... ... ... ... .
56-60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 61-63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 64-66

КІРІСПЕ

Ұлт мұраты – азаттық, бостандық, тәуелсіздік.
Дербес ел, тәуелсіз мемлекет атану – абыройлы іс, биік белес.
Еліміздің тәуелсіз болуы – ұлттық жаңа тарихымыздың бастамасы. Енді
алдағы уақытта біз өз тарихымызды бұрынғы көп ұлтты мемлекеттің құрамында
емес, дербес ел ретінде зерттеп, тарихымыздың бұралаң жолдарында
жетістіктер мен жеңілістерді, ұмтылыстар мен іркілістерді қайта
зерделеп, болашақ мәдениет пен ғылым, әдебиетіміздің әлем елдерінің озық
үлгілерін үлгі тұта отырып, дамудың ұлттық моделімен алға жылжуымыз керек.

Отанымыз егеменді ел болып, тәуелсіздікке табан тіреген сәттен бастап
осы тәуелсіздікті баянды ету мақсатында халқымыз әр салада қажымай еңбек
етіп келеді. Бұл адамның рухани азығы – мәдениеті мен әдебиеті саласында да
кең қанат жайды.
Қоғамдағы сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, өтпелі
кезеңнің ауыртпашылықтары өмірдің барлық салаларын, оның ішінде руханият
дүниесін де қамтыды. Мұндай өтпелі уақытта әдеби процестің тоқырамаса да
іркіліп, әлеумет, қоғам өміріндегі сан түрлі өзгеріс жаңалықтарды ой
елегінен өткізуі заңды. Осы кезеңде әдебиеттану ғылымы ең алдымен ұлт
әдебиетінің өткенін таразылап, шашырағанын жинақтайды, бүгінін талдап,
бағытын айқындайды.
Мемлекетіміздің бүгінгі бағыты басқа да ғылымдарға сияқты ұлттық
әдебиеттану ғылымының алдына да зор міндет жүктеді. Соңғы он бес жыл
ішінде халық санасы едәуір серпілді. Ендігі міндет – ұлттық сананы қайтып
қалғып кету қаупінен сақтап, барынша сергек ұстау, өскелең ұрпақтың рухын
мықты, ділін сау ете түсу. Осы мақсаттың орындалуының аса пәрменді құралы -
сөз өнері. Ол үшін халықтың сөз өнерін ең алдымен сол халықтың өзі танып,
сонан соң өзгеге танытса абзал.
Міне, осынау міндетті орындау ұлттық әдебиет тарихының кем-кетігінің
орнын толтыруды, жолсыз жазаға ұшыраған әдебиет тұлғаларын тарих сахнасына
қайта әкеліп, әділет тұғырына қондыруды және әр қалам иесінің сөз өнері
тарихындағы өзіне лайық орын иемденуін, сондай-ақ, бүгінгі әдебиеттанудың
жаңа ізденістерінің бағыт-бағдарын айқындауды, әдебиет теориясы, поэтика
мәселелерін зерттеуді діттейді.
Осы бағытта аға буын өкілдері бас болып, бағыт беріп, бағдар
сілтеуінің арқасында кейінгі толқын өкілдері әдебиетіміздің өзекті
мәселелеріне қалам тартып, өнімді ізденіс үлгілерін танытып келеді.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық әдебиеттану ғылымы бастау арнасын
тереңнен алады. Оның өзіндік даму жолы, бел-белестері бар. Басқа да
қоғамдық ғылымдар секілді қазақ әдебиеттануы да жеке ғылым саласы ретінде
туып, қалыптасу жолын зерделеуге, әр кезеңдегі жетістіктері мен
кемшіліктеріне баға беруге, қазіргі ахуалын бағамдауға ұмтылуда. Онсыз
қандай да ғылым саласының өсіп-өркендемейтіні белгілі.
Ұлттық әдебиет туралы ғылым белгілі бір білімдер жиынтығы мен
әдебиеттегі құбылыстарды танып-білу құралы ретінде өзінің ұғым-түсінігі,
теориясы мен әдіснамасы қалыптасқан ғылым ретінде күрделі тарихи жолды
басынан кешіре отырып, қазіргі кезге жетті.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының бүгінгі жай-күйін, жетістіктері мен
жетіспеушіліктерін, негізгі бағыт-бағдарын, он бес жылдық тарихын ғылыми
саралау – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі екендігі айқын. Бұл
қазақ әдебиеттануындағы жаңадан игеріліп, іздестіріліп жатқан тақырып,
ендеше, бұл аталмыш тақырыптың өзектілігі, көкейкестілігі болып табылады.
Зерттеу нысаны және тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақ әдебиеттану
ғылымының тәуелсіздік алған күннен бастап бүгінге дейін, яғни 1991-2006
жылдар аралығында жарық көрген зерттеу еңбектері мен монографиялар
қарастырылды.
Олар, атап айтқанда: әдебиетші-ғалымдар З.Ахметов, С.Қирабаев,
Т.Кәкішев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Р.Бердібай, М.Жолдасбеков,
Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, С.Қасқабасов, Ж.Ысмағұлов, М.Мағауин, Ө.Күмісбаев,
Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, С.Негимов, Қ.Жүсіп, Д.Ысқақұлы, А.Егеубаев,
Б.Әбілқасымов, Б.Ыбырайымов, Қ.Алпысбаев, М.Хамзин, Қ.Әбдезұлы,
З.Бисенғали, Т.Жұртбай, Г.Піралиева, Р.Тұрысбек, К.Сыздықов, Д.Қамзабекұлы,
Қ.Ергөбек, Т.Еңсегенұлы, С.Жұмабек, И.Нұрахметұлының т.б. осы кезеңде
жарық көрген зерттеу мен әдеби-талдау мақалалары қарастырылды.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының
бағыт-бағдарын зерттеген арнайы еңбек жоқ. Алайда бұл мәселе жекелеген
мақалаларда, сұхбаттарда, сыни еңбектерде, басқа тақырыпқа арналған
зерттеулер аясында қарастырылып келеді. Айталық, академик С.Қирабаевтың
Қазақ әдебиеттану ғылымы: бүгіні мен ертеңі деген сұхбаты, Қ.Әбдезұлының
Қазақ прозасы және ұлттық идея, Р.Тұрысбектің Парыз бен парасат, Асыл
сөз атты еңбектері осы тақырыпта ой толғайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетінің азаттық,
тәуелсіздік тағылымдарының тамыры тереңде екендігіне басты назар аударып
және еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы он бес жылда аталған
тақырыптың жаңа мазмұнға ие болғандығы белгілі. Жұмыста осы құбылысты әр
қырынан ашу көзделген.
Жұмыстың басты мақсаты – тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттану ғылымының
негізгі бағыт-бағдарын айқындау. Қоғамның әр саласы бір-бірімен өте тығыз
байланыста өмір сүреді. Олай болса, еліміздің ұлттық тәуелсіздігі
әдебиеттануға әсер етпей қоймайтыны белгілі. Әсер етсе, ол қандай сипатта
көрініс тапты, еліміздің тәуелсіздік алған соңғы он бес жыл төңірегінде
қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі ұстанымы қандай болды, негізгі
өкілдері кімдер, ғылымның әдіснамалық негізі мен мәдени мұраға деген
көзқарас қандай деген мәселелерді анықтау мақсатында мына міндеттерді
орындаудың қажеттілігі туды:
- қазақ әдебиеттану ғылымының тарихына ден қою;
- тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттанудың әдіснамалық негізін айқындау;
- Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының қазіргі қазақ әдебиеттану
ғылымындағы маңызын саралау;
- әдебиеттану ғылымына тәуелсіздік әкелген жаңалықтар мен
өзгерістерге мән беру;
- әдебиет тарихы, теориясы, сынына қатысты ізденістерді зерделеу;
- соңғы жылдары жарық көрген зерттеу еңбектерінің бағыты мен мәнін,
ғылыми-теориялық, әдіснамалық сипатын зерделеу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында қазақ әдебиеттану
ғылымы тәуелсіздік жылдарында жарық көріп, әдебиеттің әр түрлі мәселелерін
қарастыратын еңбектердің негізгі сипаттары зерттеліп, танымдық-тақырыптық
арналары айқындалды. Бұл тақырып алғаш рет жеке зерттеу жұмысының нысаны
болып отырғандығы тақырып сонылығын айқындайды. Соңғы жылдар ізденісі,
әдебиетке көзқарас, жанрлар жөніндегі ой-пікірлер т.б. жаңа уақыт талаптары
тұрысынан сараланады. Ұлт тәуелсіздігі әдебиеттану мәселесімен қатар
қарастырылады.
Тәуелсіздік тұсындағы ұлттық әдебиеттанудың бағыт-бағдары жөнінде бұған
дейін арнайы зерттеу жұмыстары жоққа тән. Осы жұмыс сол олқылықтың орнын
толтыруға қосылған үлес. Бұл жұмыста ұлттық әдебиеттану ісі қазіргі әдеби
үдеріс аясында сөз етіледі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Тақырыпты
негіздеп, соған сай мәліметкөздерді белгілеп, материал жинауда зерттеудің
салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды. Соңғы он бес жыл шамасында
жарық көрген еңбектердің библиографиясы жасалды.
Аталған мәселелердің шешімін іздеуде белгілі әдеби зерттеушілерінің
(С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Ж.Дәдебаев, Қ.Ергөбек, Б.Майтанов,
Қ.Әбдезұлы, Р.Тұрысбек, Ж.Смағұлов т.б.) негізгі ғылыми еңбектері
басшылыққа алынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- саяси-рухани тәуелсіздік еркін ойлап, шығармашылықпен айналысуға
мүмкіндік берді;
- қазіргі қазақ әдебиеттануының ұстанымы, әдіснамалық негізі
айқындалды;
- социалистік реализм әдісін көркемдік-эстетикалық тұрғыдан ойлау
алмастырды;
- коммунистік идеологияның орнына ұлттық рух, ұлттық идея орнықты;
- ұлттық идея көрінісінің жарқын үлгісі ретінде тарихи романдар
табиғаты кеңінен қарастырылды;
- қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтарды игеру тереңдей түсті, аясы мен
аумағы кеңейді;
- шетелдегі қазақ әдебиеті нұсқаларын жинау, зерттеу, насихаттау
басталды;
- қазақ әдебиет тарихын біздің заманымызға дейінгі кезеңге шегеру
идеялары ұсынылды;
- фантастикалық әдебиеттің сыр-сипаты әдеби-ғылыми тұрғыдан анықталды;
- сын жанрлық тұрғыдан жіктеліп, әрқайсысына сипаттама берілді;
- діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет жан-жақты сараланды;
- поэтиканы әдебиеттану ғылымының жеке саласы ретінде қарастыру белең
алды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Қазақ әдебиеті тарихының
саралауда тәуелсіздіктің алғашқы он бес жылы ішіндегі қазақ әдебиеттану
ғылымының сыр-сипаты, жай-күйі туралы мағлұмат береді. Жұмыста ұсынылған
тұжырымдар мен қорытындыларды жоғарғы оқу орындарындағы қазіргі қазақ
әдебиеті курсы бойынша пайдалануға болады.
Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны бойынша жұмыстың
тұжырымдары, ғылыми ізденістері мен түйіндері сараланған мынадай мақалалар
жарық көрді: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жас
ғалымдардың Жас ғалымдардың қазіргі кездегі ғылыми еңбектері халықаралық
ғылыми-тәжрибелік конференциясы материалдарының жинағында Тәуелсіздік
тұсындағы әдебиеттану ғылымының бағыт-бағдары (Қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдар секциясы. 2-бөлім. Астана, 2005.-187 бет), Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінде өткен қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті
ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 70 жылдық мерейтойына арналған Тұғыры биік
тұлға халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдар жинағында
Әдебиеттану ғылымы: дамуы мен жаңа бағыттары (1990-2005 ж.ж.) (Жалпы ред.
басқарған Қ.Әбдезұлы.-Алматы: Қазақ университеті, 2005.-235 б.),
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті
кафедрасының жыл сайынғы дәстүрлі Көкейкесті әдебиеттану (Астана, 2006.-
305б.) жинағының Қазақ поэзиясы және прозасындағы бейне мен сурет, мәтін
мен тәсіл атты 6-кітабында Ұлттық әдебиеттану ғылымы хақында (ХІХ ғасыр
әдебиеті негізінде), Тараз ғылыми-зерттеу институтында өткен Жоғарғы
оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері атты
халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары жинағында
Алаш әдебиеті және тәуелсіздік тағылымы (Тараз, ТАШ, 29-30 наурыз, 2007
ж. 1-том, 327б.).
Қорытындыда жұмыстың басты нәтижелері нақтыланып, негізгі тұжырымдар
қорғауға ұсынылды.
Жұмыс құрылымы кіріспеден, бірнеше тараушаға бөлінген екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ: ҰЛТТЫҚ МҰРАТ
ЖӘНЕ РУХАНИЯТ ӘЛЕМІ

1. 1. Қазақ әдебиеттану ғылымы: тарихы мен даму кезеңдері

Қазақ әдебиеті – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің үлкен бір саласы.
Оның дамуы ұлттың тарихымен, тілімен, дүниетанымымен, ділімен, ұғым-
түсінігі, парасатымен тікелей байланысты. Осының бәрі көркем туынды арқылы
көрініп, халықтың санасына сіңеді, оның рухани өмірін қалыптастырады.
Әдебиет туралы ғылым (әдебиеттану) көркем әдебиеттің осы жолдағы ізденісін,
жетістіктерін, халықтың ұлттық бейнесін ашудағы еңбегін, ойлау мен
бейнелеудің жолдарын жинақтайды, қорытындылайды. Сол арқылы бүгінгі
ұрпақтың ұлттық ой-санасының жаңғыруына әсер етеді. Әдебиеттің көркемдік-
эстетикалық, тәрбиелік-танымдық қызметі – бәрі де сын еңбектер мен
зерттеулерде ашылады.
Қазақ әдебиеттану ғылымы тәуелсіздік тұсында, яғни соңғы он бес жыл
шегіндегі даму бағдарын бағамдамас бұрын, ең әуелі оның осы кезеңге дейінгі
тыныс-тіршілігі – тууы мен қалыптасуын, даму жолын және әдебиеттанудың әр
кезеңдегі даму бағытына әсер ететін факторларды анықтап алған абзал. Себебі
кез келген дүниенің негізін түсінбей, оның бүгінгі жай-күйін сипаттауға
ұмтылу мүмкін болмас еді.
Әдебиеттанушы ғалымдар қазақ әдебиеттануының ғылым ретінде қалыптасып,
орнығуын ХХ ғасырдың басымен байланыстырады: Е.Ысмайылов: Қазақ
әдебиеттану ғылымының тарихына көз жіберсек, оның негізінен екі кезеңді
басынан кешіргенін байқауға болады. Біріншісі – үйрену, идеялық
творчестволық принциптерді игеру кезеңі. Екіншісі – соғыстан кейінгі дәуір,
яғни қалыптасу, даму дәуірі 1; 35,-десе, профессор Т.Кәкішев сын мен
әдебиеттану ғылымы сабақтаса дамитындығын, сынның бара-бара әдебиеттануға
айналатындығын ескерте келіп: Қазақ әдеби сыны мен ғылымының тарихи
белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең - қазақ әдеби сынының
туу дәуірі. Қазақ әдеби сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін
созылған. Екінші кезең – қазақ әдеби сыны жанр ретінде қалыптасу және
әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-37 жылдар арасын
қамтиды. Үшінші кезең - қазақ әдебиеті сынының өсіп-өркендеу және
әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-85 жылдар аралығы,-дейді 2;
3.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып, даму тарихы туралы зерттеуші
Ж.Смағұлов: Ұлттық әдебиет туралы ғылым тарихын былайша жүйелеген дұрыс
секілді. Бірінші кезең - қазақ әдебиеттану ғылымының тарихи алғышарттардан
тұратын арғы бастаулары, яғни тарих алдындағы дәуірі. Бұл ежелгі дәуірден
бастап ХХ ғасырға дейінгі уақыт аралығына созылады. Екінші кезең - қазақ
әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Ол 1900-1940 жылдар арасында жүзеге асты,
үшінші кезең - қалыптасу дәуірі. Бұл 1941-1970 жылдар аралығын қамтиды,-
дейді 3; 6.
Ойға орамды, көңілге қонымдысы да – соңғысы, яғни қазақ әдебиеттануы
ғылым ретінде 1900 жылы қалыптасты деген ой.
Себебі егер жоғарыдағы ғалымдар әдеби сынның жанр ретінде қалыптасуын
Қазан төңкерісімен байланыстырса, біз Т.Кәкішев еңбегінде әдеби сын
Түркістан уалаятының газеті (1870-1883 ж.ж.), Дала уалаяты газеті (1882-
1902 ж.ж.) басылымдарындағы әдебиетке қатысты жарияланған мақалалар көбіне
жекелеген әдеби фактілерге, жаңадан жарық көрген кітаптарға, ақын-жазушыға
қатысты, сондай-ақ Ә.Бөкейхановтың 1905 жылғы Семипалатинский листок
газетіндегі Абай мақаласы, К.Ысқақовтың 1909 жылғы Петербургте шыққан
Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағындағы соңғы сөзі, А.Байтұрсыновтың 1913 жылғы
Қазақ газетіндегі Қазақтың бас ақыны, С.Сейфуллиннің 1914 жылғы
Манап драмасы турасында, М.Дулатовтың 1916 жылғы Надандық құрбаны
мақалалары, С.Торайғыровтың 1913 жылғы Айқап журналындағы Қазақ
тіліндегі өлең кітаптары жайынан сияқты әдеби-сыни ой-пікірлер айтылғанын
білеміз. Ендеше сынның жанр ретінде қалыптасуына аталған еңбектер мен
аталған басылымдар негіз болса, ол қазақ әдебиеттануының қалыптасуына да
жол ашты.
Ендеше ғылым пайда болып, қалыптасып, дамып, бүгінгі күнгі деңгейіне
жетіп, өрлеу жолына қадам басқан ұлттық әдебиеттанудың тарихи жолындағы әр
кезеңдегі бағыт-бағдарын пайымдау - тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттанудың
даму бағдарын анықтауға септігін тигізеді.
Қазақ халқының руханият әлемі, мәдениеті мен әдебиетінің тарихы,
дүниетанымы ұлттық тарихымен тығыз байланысты. Демек қазақ әдебиеті ғылым
тарихын, сыншылдық-эстетикалық көзқарас, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірлердің
туып, қалыптасу кезеңдерін қазақ халқының саяси тарихымен байланыста
қарастыру керек. Себебі қай халық болмасын әдебиет туралы ғылымы сол елдің
тарихи жолы, философиялық-эстетикалық танымы көркем әдебиеттің өрлеу
деңгейіне сай дамиды.
Бұған қазақ әдебиеттану ғылымының сонау ХХ ғасырдың басынан бүгінгі
күнге дейінгі жүріп өткен жолы мысал.
Бір ғасырға жуық ғылым ретінде өмір сүріп келе жатқан әдебиет туралы
ғылым сан алуан жолдардан өрлеу мен құлдырау, тар жол тайғақ тайғақ кешуден
өтті.
Айталық ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылында еліміздегі қоғамдық-саяси
оқиғалар ұлттық санаға, қоғамдық ой-пікірдің дамуына әсер етті. Ол ұлт
зиялыларының ел басқару ісіне араласу, жер-су бөлінісі, ұлттық
тәуелсіздік, дін, оқу-ағарту мәселелеріне белсене араласуына жағдай
жасады.
Сондай-ақ баспасөздің пайда болуы, жазба әдебиеттің өркен жайып,
жанрлық тұрғыдан түрленуі, әдебиеттің жаңа көркемдік ізденістерге ұмтылуы,
кітап шығару ісінің қолға алынуы фольклорлық, классикалық (Шоқан, Ыбырай,
Абай, Дулат, Мұрат т.б.) мұралардың үлгілері, оқу құралдары мен ғылыми
еңбектердің жеке-жеке кітап болып бастырылуы (М.Кәшімов Ақыл кітабы,
Әдеп, Үгіт, М.Малдыбаев Қазақша ең жаңа әліппе, Т.Жомартбаевтың
Балаларға жеміс, С.Көбеев Үлгілі бала, А.Байтұрсынов Тіл құралы, Оқу
құралы т.б.) әдеби-тарихи бағыттағы ой-пікірлердің туындауына әкелді.
М.Сералиннің Шахнамеден аударған Рүстем-Сүһрапқа жазған Сөз
басы, Ә.Бөкейхановтың Абай, К.Ысқақовтың Қазақ ақыны Ибраһим
Құнанбаевтың өмірі, А.Байтұрсыновтың Қазақтың бас ақыны,
С.Сейфуллиннің Манап драмасы турасында, М.Дулатовтың Ш.Ш.Уәлиханов
атты зерттеу мақалалары сияқты әдебиеттанушылық, әсіресе, ғұмырнамалық
сипаттағы ғылыми зерттеулердің болғандығын айғақтайды.
Өкінішке орай, кеңестік әдебиеттануда қазақ зиялыларының осы сияқты
төңкеріске дейін жазылған мақалалары аталмай келді, аталған күннің өзінде
социалистік көзқараспен түсіндіріліп келді.
Ғасыр басында фольклортануда да соны ізденістер жасалып, ғылыми
тұрғыдан зерттеуде едәуір нәтижеге жеткені байқалады. Қазақ баспасөзі
бетінде фольклорлық мұралар жарияланып, олар туралы сыни ой-пікірлер
айтылды. Мысалы, А.Баржақсиннің Мақалдар, Ж.Басығарин Өлең-жыр, әндер,
Ә.Бөкейханов Қара қыпшақ Қобыланды т.б. Өзі жинастырған фольклорлық
үлгілерді жүйеге келтіріп, хатқа түсірген М.Ж.Көпеевтің Қара мес, Қара
кітап қолжазбалары да фольклортануда маңызды орын алады.
Әдебиеттану ғылымының бір саласы болып табылатын әдебиет теориясына
қатысты әдеби-теориялық ой-пікірлер де ғасыр басында қалыптаса бастады. Бұл
бағытта А.Байтұрсыновтың Роман не нәрсе? деген мақаласында роман туралы
теориялық ұғымды меңгеруге талпыныс жасалады.
Әдебиеттің қосалқы саласы библиографияның тұсауы да осы кезеңде
кесілді. Айқап журналының бетінде Баспашылдық дүниесінен, Жаңа шыққан
кітаптар, Бірадын Каримовтар кітапханасы, Бұған да көз салыңыз, Қазақ
басқармасында сатылатын кітаптар деген атпен қалың жұртшылықты жаңадан
басылып шығып жатқан кітаптармен таныстырады.
Қорыта келгенде ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылында, яғни кеңес өкіметі
орнағанға дейін ұлттық әдебиеттану ғылымы өзінің алғашқы қадамдарын жасады.
Ғұмырнамалық мақалалар, әдебиет тарихына қатысты ойлар айтылды; фольклорға
алғашқы жіктеу жасалды; әдеби-теориялық, жеке жанр табиғаты туралы ғылыми
ұғымдар қалыптасты; қазақ библиографиясының бастамасы көрініс тапты.
Бұл қазақ әдебиеттануы жеке ғылым ретінде сол кезеңдегі қоғамның
ұлттық сипаттағы дамуына сәйкес қалыптасқанын дәлелдейді.
Осылайша ғасыр басында әдебиеттану саласында жоғарыда аталғандай сәтті
қадамдар жасалып, бірқатар жетістіктерге жеткенімен, 1917 жылдары келіп
жеткен Қазан төңкерісінен кейін дағдарысқа ұшырады.
Қазақ даласына зор тарихи өзгерістер: 1921-22 жылдардағы аштық, 1925
жылғы Ф.Н.Голощекиннің Қазан төңкерісі қазақ ауылының сыртынан құйындай
ағып, өте шыққан. Ауылдың бейнесіне ешқандай өзгеріс жасамаған деген
желеуімен ұйымдастырылған Кіші Қазан төңкерісі, коллективтендіру, күштеп
ортақтастыру, ауқатты әулеттерді бай, үстем тап адамдары деген атпен
тәркілеу, 1931-32 жылдардағы аштық қазақ халқын жаппай жүдеушілікке
ұшыратты. Осындай сананы тұрмыс билеген уақытта рухани дүниенің дамуы
мүмкін емес екені белгілі. Оның үстіне қазақтың ел билеген білімдар
азаматтарын халық жауы деген жала жауып, қудалай бастады. Баспасөз
бетінде Байтұрсынов және байтұрсыновшылдық, Сәкен және сәкеншілдік атты
мақалалар басылып, нәтижесінде небір зиялы қазақ азаматтары түрмелерге
тоғытылды.
Осының бәрі, әрине, Қазақстандағы әдебиет пен әдебиет туралы ғылымның
дамуына белгілі дәрежеде ықпал етті.
Бұған дейін әдебиетті эстетикалық және ғылыми танумен шұғылданып
келген ғалым-қаламгерлер енді күрделі идеологиялық процеске араласуға тура
келді. Өйткені Қазан төңкерісі мен кеңес өкіметінің орнауы қоғамды
революциялық жолмен қайта құру үшін өнер-білім, мәдениет пен ғылымға жаңа
заманның эстетикалық-идеологиялық мұраттарына жауап беру талаптары қойылды.
Өткендегі әдеби мұраның барлығы бірдей үстем тап мүддесінде жасалған деп
түсіндіріп, тарих күресініне шығарып тастауды талап еткен пролеткультшыл
нигилизм тұсында бағыт-бағдары енді айқындалып келе жатқан ұлттық
әдебиеттануы дағдарысқа ұшырады.
Жаңа дәуір әдебиеттану ғылымына маркстік-лениндік ілімге сүйенген
өзіндік теориялық негіз әкелді. Әдебиеттанудың эстетикалық-танымдық маңызы,
лениндік бейнелеу теориясы, әдебиеттің партиялығы, әдеби мұраның таптығы
мен халықтығы сияқты маркстік-лениндік теорияның идеялары әдебиеттанудың
ғылыми негізіне айналуы керек болды.
Сонымен қатар бұл теория 20 жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымынан
көрініс тапты. Ол ескі мен жаңаның, ұлтшылдық пен төңкерісшілдіктің,
алашшылдық пен кеңесшілдіктің тартысы түрінде саяси мәнге ие болды. Сөйтіп
ұлт тәуелсіздігі үшін бір мақсатта жүрген қазақ зиялылары екіге жіктеледі.
Баспасөз бетінде алашшыл ақын-жазушылар (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов т.б.) мен кеңесшіл-революционерлер
(С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Майлин, Т.Рысқұлов т.б.) арасында көркем әдебиет
пен әдеби процеске қатысты айтыстары баспасөзде беріліп отырды.
Бұл кезеңде сын мен әдебиеттануға жоғарыда аталған қаламгерлермен
қатар С.Садуақасов, Қ.Кемеңгеров, Ғ.Тоғжанов, Ә.Тәжібаев, М.Дәулетбаев,
Ы.Мұстамбаев т.б. ат салысты.
20-жылдардағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық-өмірдегі өзгерістерден
туындаған халық арасында сауатсыздықты жою саясаты қазақ зиялыларының
тарапынан кең қолдау тапты. Бұл мақсаттағы алғашқы қадам әр түрлі сауат
ашқыш құралдар, әліппе, оқу құралдарын жасаудан басталады. Айталық,
А.Байтұрсынов Әліпби (1921), Оқу құралы (1921), Әліпби. Жаңа құрал
(1926), Т.Шонанұлымен бірігіп жазған Оқу құралы (1927), М.Жұмабаевтың
Сауатты бол, Педагогика, Ж.Аймауытовтың Жаңа ауыл (1929) т.б. оқу
құралдарымен қатар, қазақ әдебиеттануындағы алғашқы әдеби-теориялық еңбек
А.Байтұрсыновтың Әдебиеттанытқыш (1926), ұлттық әдебиет тұңғыш зерттеу
еңбегі М.Әуезов Әдебиет тарихы (1927), Х.Досмұхамедовтың Қазақтың халық
әдебиеті (1928) сияқты көлемді зерттеу еңбектері дүниеге келді. Бұл
зерттеу еңбектері 20-жылдардың өзінде әдебиеттанушылық ой-пікірлердің
өресі өсіп келе жатқанын, яғни қазақ әдебиеті туралы ғылымының кемелдене,
тереңдей түскендігін танытты.
Аталған еңбектердің бүгінгі әдебиеттану үшін маңыздылығы зор, себебі
олар ғылыми зерттеу ой-пікірлердің таза кескін-келбетін сақтап, жаңа заман,
яғни социалистік заман идеологиясына бой алдыра қоймаған еңбектер еді. Ал
30-жылдардың басынан бастап ұлтшыл-алашордашыларды әшкерелеу
басталғандықтан, бұл сипаттағы мақалалар сиреді.
Бұл кезеңдегі әдебиеттану ғылымындағы басты оқиғалардың бірі – 1925
жылы КазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) құрылуы.
Бұл қоғам қазақ әдебиеті қандай бағытта дамуы керек, қандай көркемдік
әдіске сүйенуі керек, мәдени мұраға қалай қарауы қажет деген мәселені күн
тәртібіне қойды.
КазАПП-тың құрылуына байланысты әдебиет туралы пікір екіге жарылды:
бірі – Қазақстанда пролетариат әдебиет жоқ десе, екіншісі – пролетариат
табы жеткіліксіз болғанымен, оған тілектес әдебиет бар екендігін дәлелдеуге
тырысты.
Әдебиетті пролетарлық, пролетарлық емес деп жіктеу, соған сай әдебиет
өкілдері екі топқа ажыратып, бірінікін – дұрыс, екіншісінікі – бұрыс
деушілік әдебиет пен ғылым үшін қаншалықты зиян болғаны бүгінде айдан анық.
Сол кезеңдегі әдеби дамуға деген мұндай көзқарас жеке ақын-жазушылардың
еңбегі жайлы жазылған зерттеу, сынға да өз әсерін тигізбей қоймады.
Сондай-ақ 1925 жылы қабылданған Партияның көркем әдебиет саласындағы
саясаты туралы қаулысы пролетариат әдебиет үстемдігін орнату,
ұлтшылдықты, буржуазиялық элементтерді әшкерелеу міндетін қойды.
Қазақтың кеңесшіл қаламгерлері алашшыл зиялылардың әдеби-сыншылдық
ойларын ескілікті көксеу, абайшылдықты, ахметшілдікті қайтарғысы келу,
ұлтшыл-байшылдық пиғыл ретінде түсіндірді. Қазақ зиялыларының арасындағы
мұндай пікір алауыздығы мен бірікпеушілікті партия саясаты қолдап қана
қоймай, қажет болған жағдайда ушықтырып отырды. Мұндай жағдай тек әдебиет
саласында ғана емес, қоғам мен мәдениеттің барлық саласында қанат жайды.
Заманының талабына байланысты қаламгерлер екі түрлі идеялық көзқарасты
қолдап, екіге жарылғаны жалпы ұлттық әдебиеттің дамуына кедергі болғанына
қарамастан, ұлттық әдебиеттануда бірқатар соны ісденістер жасалды.
Осы кезеңдегі қазақ әдебиеттануындағы негізгі жетістіктерінің бірі –
қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу теориясының қалыптасуы. Қазақ әдебиетін
тарихи дәуірлерге бөлудің жобасын алғашқы болып ұсынған Р.Мәрсеков,
А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов,
Ә.Қоңыратбаев т.б. ғалымдар болды.
Салыстырып байқасақ, ғасыр басындағы маркстік-лениндік әдіснама
бекігенге дейінгі әдебиет туралы ғылым әдебиетті таза ғылыми тұрғыдан
тануды негізге алса, аталған әдіснамалық негіз орныққан тұстан бастап
ғылымдағы басты ұстаным осы идеяның төңірегінде шоғырланды.
30-жылдардың бас кезінде әбден орныққан социалистік идеяны, маркстік-
лениндік әдіснаманы негізге ала отырып, осы кезеңнің ұраны - түрі ұлттық,
мазмұны социалистік әдебиет жасауға қадам басталды.
30-жылдардың басында Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстандағы
күрес міндеттері туралы қаулы жарияланды. Бұл қаулыға сәйкес осы күнге
дейін тек алашордашыл ақын-жазушылар қудаланса, енді төңкерісшіл,
кеңесшіл ақын-жазушылар шығармаларынан байшылдық пен ескішілдікті
көксеудің, ақсүйектік дәуірді жырлаудың, ұлтшылдықтың белгілерін іздеу
науқанға айналды. Оған КазАПП сыншылары белсене араласты, әсіресе, осы
сарындағы мақалалар жазуда Ж.Садуақасов, М.Қайыпназаров, Қ.Өтепов, Ә.Мусин,
С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев т.б. ерекше көзге түсті. Олардың сынына С.Сейфуллин,
Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанов, С.Садуақасов сияқты көрнекті
қаламгерлер ілікті.
Әдебиеттанудың басты мәселесі - көркем әдебиет қандай болу керек,
әдебиеттанудағы негізгі ұстаным қандай деген сауалдар қойылды. 1931 жылы
И.В.Сталин партия мектебін бітірушілер алдында сөйлеген сөзінде алғаш
қолданған социалистік реализм деген түсінік кейін мәдениеттің барлық
саласында басты мәнге ие болды.
1932 жылы Орталық Комитеттің Әдебиет, көркемөнерді ұйымдастыруды
қайта құру туралы қаулысы дүниеге келді. Осыдан бастап социалистік
реализмге сүйенген кеңес әдебиетін негізгі әдебиет ретінде теориялық
негіздеу, оның негізгі ұстанымын анықтау, әдебиеттің партиялық, таптық,
халықтық екендігін және оның негізгі идеологиялық құрал екендігін дәлелдеу
науқаны басталды.
Осындай социалистік реализм дәуірлеп тұрған шақта Абайдың қайтыс
болғанына 30 жыл толуына орай оны атап өту мәселелері көтерілді. Осы
мақсатта Абай қазақ әдебиетінің көшбасшысы, жазба әдебиеттің негізін
салушы екендігін таныту жолында ғұмырнамалық зерттеулер жасау қолға
алынды. Бұл салада 30-жылдары М.Әуезовтың Абай ақындығының айналасы,
Қ.Жұбановтың Абай – қазақ әдебиетінің классигі, Ә.Мәметованың Абай –
кезеңнің дана ақыны, Ш.Әлжановтың Абайдың педагогика туралы көзқарасы,
Қ.Қуанышұлының Абай т.б. мақалаларымен қатар, Ғ.Тоғжановтың Абай атты
монографиясы абайтануда тың бастама салды.
Бұл жылдары әдебиетті зерттеу саласында қазақ халық ауыз әдебиеті мен
әдебиет тарихын жүйелеу, жанрларға жіктеу, әдебиет тарихын дәуірлеу
бағытында мол жұмыс атқарылды.
Бұл тұрғыда С.Сейфуллиннің Қазақ әдебиеті (1932), С.Мұқановтың ХХ
ғасырдағы қазақ әдебиеті (1932), М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевтың
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетнің оқу кітабы (1933) т.б. еңбектерді
атауға болады. Бұл оқулықтар мектепте ұзақ уақыт қолданылып, әдебиетті
оқыту ісінің орнығуына себепкер болды.
Әдебиеттің негізгі салаларының бірі - әдебиет теориясы бойынша алғашқы
талпыныстар 20-жылдары-ақ болғанымен де осы жылдары дендеп қолға алынды.
Бұл салада оқулық-зерттеулер - Қ.Жұмалиевтің Әдебиет теориясы (1938),
Е.Ысмайыловтың Әдебиет теориясының мәселелері (1940) жазылды.
Міне, осылайша қазақ әдебиеттануы түрлі айтыс-тартыстардан біршама
айығып, ғылымға тереңдеп ден қоя бастағанда, қазақ ұлты үшін қайғылы 1937
жыл да келіп жетті. Елде қоғамның даму заңдылығы бұзылып, халық жауларын,
шпиондарды іздеу науқаны жаппай белең алды. Алашордашылар, олардың
соңынан іздерін жалғастырушылар ретінде кеңесшіл ақын-жазушылар ұсталды.
Әдебиет ісіндегі кезеңнің басты оқиғасы осы болғандықтан, бұл тұстағы
әдебиет сыны толықтай олардың қателерін әшкерелеуге, халық жауларын
табуға, шығармалар мен зерттеулерден социалистік идеалогияға жат ойларды
іздеуге бағытталды.
Шоқпардың басы тұтқындалған қазақ әдебиеті классиктерімен қатар,
кейінгі жас буын М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтерге де тиді. Мұндай
жағдайда қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының дамуы дағдарысқа ұшырады.

Осындай рухани жүдеушіліктен кейін қазақ әдебиеттануында жаңа
ізденістер болмады, негізінен Жамбыл бастаған халық ақындары мұралары сөз
болды.
Түйіндей айтқанда 30-жылдары ұлттық әдебиеттану ғылымы үшін елеулі
кезең болып табылады. Әдебиеттану көп дүниені жоғалтып, көп арыстарынан
айырылса да, олардың мұралары бүгінгі күні қайта жанданып, өткен кезеңнің
жетістіктері де болғанын көрсетіп отыр.
Соғыс жылдары заманның талабына сай халықты жеңіс үшін жанқиярлық
еңбек ету, патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттігіне байланысты кеңестік
бағдарға сәйкес әдебиеттану ғылымына екі түрлі міндет жүктелді: бірі – орта
мектептер мен оқу орындарына заманының сұранысына жауап беретін
оқулықтармен қамтамасыз ету, екіншісі – фольклорлық мұраларды жариялау және
зерттеу. Бұл бағытта Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан,
Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, Ә.Мәметова, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев т.б.
қажырлы еңбек етті.
Бұл кезеңде қазақ әдебиеттануында ақын-жазушылдардың мұраларын
монографиялық тұрғыдан зерттеуге қадам жасалды. Мысалы, Абай, Ыбырай,
Шоқан, Махамбет, Сұлтанмахмұт мұраларына қатысты зерттеулер.
Осындай ізденістері іркілістерінен басым түсіп, зерттеушілердің жаңа
буынымен толықтырылып жатқан тұста әдебиеттану ғылымына Қазақстан ОК-ның
1947 жылғы ҚазССР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел
қателер туралы қаулысы кесе көлденең шықты. Ол ғылымдағы тың бағыттағы
қадамдарды жоққа шығарып қана қоймай, еркін шығармашылық ойлауға тыйым
салды.
Осы қаулының негізінде Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан,
Б.Кенжебаев, Ә.Мәметова, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев т.б. ұлтшылдық
қателері үшін қатал сынға ұшырады. Олар мәдени мұраға сын көзбен
қарамағандығы, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Нарманбет, М.Көпеев, Сұлтанмахмұт
сияқты ескішіл, байшыл, алашордашыл ақындардың мұрасын зерттегендері
үшін сыналды. Тағы да репрессия, тағы да қуғындау дауылы соғып, ғалымдар
түрмелерге қамалып, кейбірі елден кетуге мәжбүр болды.
Бұл жағдай тек И.В.Сталин қайтыс болып, Н.С.Хрущев жеке басқа
табынушылықты заңсыздық санап, демократиялық жол бастаған кезең, яғни
жылымық кезеңі орныққан тұста ғана өзгере бастады.
Әдебиетке қуғындағы талантты әдебиетші ғалымдар қайта оралып, ғылымда
жаңа күрделі зерттеулер жасады. Әдеби процеске, әдебиет тарихына арналған
Қазақ әдебиетінің тарихы (1948), Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі
(1949), Совет дәуіріндегі қазақ халық поэзиясының очерктері (1955) сияқты
ұжымдық зерттеулермен қатар, жеке ақын-жазушылардың шығармашылығына
арналған Қ.Жұмалиевтің Махамбет (1948), Т.Нұртазиннің С.Мұқанов
творчествосы туралы (1950), З.Кедринаның М.Әуезов (1951) сияқты
зерттеулері дүниеге келді. Күнделікті әдеби сынға Т.Нұртазин,
Қ.Жармағамбетов, С.Сейітов, С.Төлешев т.б. белсене араласты.
Соғыстан кейінгі дәуірде әдебиеттануда жоғарыда аталған қиыншылықтарға
қарамастан, фундаменталды зерттеулер, монографиялар дүниеге келіп, әдебиет
туралы ғылым қарқыды даму үстінде болды. Алайда дәуір талабы, кеңестік
идеология талаптарына сай социалистік реализм әдебиеттанудың жетекші
әдіснамалық негізгі болып қала берді.
Ұлы Отан соғысы басталғаннан бері даму мен дағдарысты қатар кешіп келе
жатқан қазақ әдебиеттану ғылымы СОКП-ның ХХ съезінен кейін жаңару, жаңғыру
кезеңіне аяқ басты.
Партия саясаты мен идеологияның тар құрсауынан арыла бастаған зылыми-
зерттеушілік ой-пікірлер ғылыми арнаға бет бұра бастады. Оның негізгі
себептерін Ең алдымен қазақ әдебиеттануы профессионалдық арнамен өркендеп,
одақтық, дүниежүзілік сахнаға шығуы болса, екінші жағынан, тарихи ХХ
съезіден кейін сын-зерттеу еңбектерін ғылыми негізде жүргізуге жағдайдың
туғандығы, үшіншіден, әдебиеттануға жалпы мәдени дәрежесі көтерілген,
эстетикалық талғамы қалыптасқан кадрлардың көптеп келуі, арнайы ғылыми
мекемелердің, баспасөз орындарының ашылуы. Осындай объективті жағдайлардың
арқасында әдебиеттану мен сынның жалпы өресі биіктеп, алымы молайды,-деп
түсіндіреді ғалымдар 4; 250.
Десек те қазақ әдебиеттануы маркстік-лениндік әдіснамадан мүлдем қол
үзіп, таза ұлттық ғылыми мүддеге сай дамыды деп айту орынсыз болар еді. Әлі
де болса ұлт республикаларындағы ғылым-білім, мәдениет пен өнер бір
орталықтан басқарылып, белгілі бір шеңбердің шегінде ғана қарастырылды.
Еркін ойлауға, әр ұлттың өз тарихын танып-білуге қатысты ойлар
тұншықтырылды.
Фольклортануда жеке жанрлар тарихы, поэтикасы басқа халықтардың
фольклорымен байланыстырыла отырып зерттелді. Бұған дейін тұрпайы
социализм әсерімен шеттетіліп келген, жарияланбаған халық ауыз әдебиеті
мұраларының үлгілері жарық көре бастады.
Бұл бағытта М.Ғабдуллиннің Қазақ халқының ауыз әдебиеті (1958),
Е.Ысмайыловтың Ақындар (1951), жеке жанрлар бойынша С.Қасқабасов,
Б.Адамбаев, Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев, Б.Уахатов, Е.Тұрсынов т.б. зерттеулері
құнды.
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлуге, әр кезеңнің тарихи, қоғамдық
сипатын анықтауға қатысты 1959 жылғы ғылыми-теориялық конференцияның маңызы
зор. Бұл конференцияда Б.Кенжебаев қазақ әдебиетінің тарихы өз бастауын,
Қ.Жұмалиев ұсынғандай, Бұқар жыраудан емес, ежелгі тасқа қашалып жазылған
жазба мұраларынан басталады деген тың пікір айтты. Алайда аталған
конференцияда қанша дәлелді болғанымен, маркстік-лениндік әдіснама бойынша
ұлттық тамырды іздеуге, ұлттық санамен ойлауға жол берілмегендіктен,
Қ.Жұмалиевтің қазақ әдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан бастау туралы
ұсынысы басшылыққа алынды. Әрине кейін Б.Кенжебаев пікірінің дұрыстығы
дәлелденіп, аталған кезең әдебиетін зерттеу бағытында Б.Кенжебаев бастаған
жас ғалымдар (М.Мағауин, М.Жолдасбеков, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов,
Х.Сүйіншәлиев, т.б.) тобы қыруар еңбек атқарды.
60-70 жылдары салыстырмалы тұрғыда зерттеу нысанына ХХ ғасырдың
басындағы қазақ әдебиеті көбірек алынғандығы байқалады. Оның ішінде,
әсіресе, 1956 жылы Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің ақталуына байланысты
олардың мұрасын монографиялық тұрғыдан зерттеу ерекше қарқынмен жүргізілді.
Бұған С.Қирабаевтың С.Сейфуллин (1962), Е.Ысмайыловтың Ақын және
революция (1967), Т.Кәкішевтің С.Сейфуллин (1967), М.Дүйсеновтың
І.Жансүгіров (1965), Т.Нұртазиннің Б.Майлин творчествосы (1966),
Б.Ысқақовтың С.Дөнентаев (1966), Ы.Дүйсеновтың С.Торайғыров (1967),
Б.Наурызбаевтың Б.Майлин прозасы (1967) т.б. еңбектері дәлел.
60-80 жылдары қазақ әдебиеті теориясын, проза мен поэзия,
драматургияның өсу-өркендеу жолын, жанрлық ізденістері мен табыстарын
зерттеуге көп назар аударылды. Бұл бағытта Р.Бердібаевтың (Роман және
заман, 1967), Ш.Елеукеновтың (Қазақ романы және қазіргі дәуір, 1968),
А.Нұрқатовтың (Идея және образ,1962), Қ.Жұмалиевтің (Стиль - өнер
ерекшелігі, 1966), С.Ордалиевтің (Қазақ драматургиясының очеркі, 1964),
Т.Қожакеевтің (Қазіргі қазақ сатирасы мен юморы, 1966), М.Атымовтың
(Қазақ романынының поэтикасы, 1975), Р.Нұрғалидің (Қазақ драматургиясы,
1979), Б.Майтановтың (Қазақ прозасындағы замандас бейнесі, 1987) т.б.
еңбектерін атауға болады.
Байқап отырғанымыздай әдебиеттану ғылымы бүгінгі жеткен биігін
бағындыру жолында қалыптасу, даму мен дағдару, жетілу мен жығылу, өрлеу мен
іркілу кезеңдерін басынан кешірді.
Ғылым ретінде дамыған ұлттық әдебиеттану ғылымы ХХ ғасырдың басынан
бүгінгі күнге дейін біршама қиындықтардан өтіп, төмендегідей
жетістіктерге жетті:
- әдеби мұраның мол қоры жинақталып, жарияланып, том-том болып жарық көруі
арқылы қалың жұртшылықтың рухани азығына айналды;
- жеке ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылық мұралары ғылыми тұрғыдан
зерттелді;
- ежелгі дәуірдегі мәдени мұраларды игеруден басталған әдебиеттанушылық
ізденістер ұлттық ғылыми зерттеушілік ой-пікірлер дәрежесіне дейін
көтерілді;
- әдебиет теориясын зерттеуде әлемдік ұғым-түсініктер ұлттық сипатта
меңгерілді;
- қазақ әдеби сыны жеке жанр ретінде қалыптасты;
- фольклортану жеке ғылым болып бөлініп, жан-жақты зерттелді;
- абайтану, шоқантану, әуезовтану, сәкентану, мағжантану ілімдері
қалыптасты. Бүгінде олардың кейбірі еліміздің жоғары оқу орындарында жеке
пән ретінде оқытылады.

1. 2. Ұлттық әдебиеттану және мәдени мұра мәселесі

ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңындағы еліміздегі саяси-әлеуметтік,
қоғамдық өзгерістер тәуелсіздік тұсындағы ұлт тарихына, мәдениетіне жаңа
көзқараспен қарауды, ұлттық рухани құндылықтарды өзгеше талап тұрғысынан
бағалауды қажет етті.
ХХ ғасырдың соңына алғашқы тарауда айтылғандай жетістіктермен жеткен
қазақ әдебиеттану ғылымы ХХІ ғасырға аяқ басар тұста қалай тыныстады?
Еліміздің ұлттық тәуелсіздігі әдебиеттануға әсер етті ме? Әсер етсе, ол
қандай сипатта көрініс тапты? Біздің жұмыстың негізгі мақсаты да осы – яғни
еліміздің тәуелсіздік алған соңғы он бес жыл шамасында қазақ әдебиеттану
ғылымының бағыты мен бағдары қандай болды, негізгі өкілдері кімдер,
ғылымның әдіснамалық негізі қандай, мәдени мұраға деген көзқарас қандай
деген сияқты мәселелер.
Бұл мәселе қазақ әдебиеті қауымын, қаламгерлер мен ғалымдарды көп
ойландырады. Осы бағытта қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының
өзекті мәселелерін арқау еткен халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық,
әдістемелік-тәжрибелік, конференциялар мен семинарлар, коллоквиумдар көптеп
ұйымдастырылды.
Осындай конференцияның бірінде рухани салада қандай өзгерістер бар,
қандай процестер жүріп жатыр, әдебиет пен өнеріміз нарықтық қатынасқа
бейімделді ме деген сұрақтарға академик С.Қасқабасов қазіргі руханият
саласында күрделі процестер жүріп жатқандығын тілге тиек етіп, олардың
негізгілерін атап көрсетеді. Ғалым біріншіден репрессияға ұшыраған
әдебиетіміздің қайта жаңғырып, мәдени, әдеби-эстетикалық ой-өрісімізді
кеңейтіп, елдің ұлттық рухын көтергендігін; екінші деп компартияның
ымырасыз, атеистік және отарлық саясатының салдарынан тыйым салынған тарихи-
мәдени құндылықтарымыздың халыққа қайта оралып, қалың көпшіліктің санасын
оятқанын атаса, үшіншіден, Батыс Еуропа мен Американың көркемдік
эстетикалық сапасы төмен деп саналатын әндері мен фильмдері, поп-музыкасы
мен әр түрлі бұқаралық мәдениет кең тарап, жастарға кері ықпал етіп
жатқандығына қынжылады; төртіншіден, жаңадан классикалық туындылардың
дүниеге келмеу себебін экономикалық және моральдық-психологиялық күйзеліске
түскен қаламгерлеріміз мәдениет нарығында шығармашылық бәсекеге түсе
алмауымен байланыстырады.
Міне осындай жағдайда әдеби туындыны бағалаушы, әдеби-ғылыми тұрғыдан
таразылаушы нендей принциптерге сүйеніп, не нәрсені басшылыққа алу керек
деген мәселе төңірегінде ғалым: Енді бір қоғамда көп түрлі мәдени қатар
өмір сүріп жатқанда, әр қауым мен әр топқа арнайы шығармаларды қалай
бағалап, оның сапасын қай критерий бойынша анықтауымыз керек? Менің ойымша,
қай топқа арналса да, шығарма ең әуелі бүкіл қоғам қабылдаған этика мен
моральға қайшы болмауы тиіс. Сонымен бірге шығарма құндылығы оның көркемдік
сапасымен анықталуы керек. Ал, көркемдік сапасы адамға эстетикалық және
эмоциялық әсерінің күш-қуатымен өлшенбек,-дейді 5; 67.
1991 жылы Қазақстан Республикасы өзін Тәуелсіз, Егемен ел деп
жариялағаннан бастап оның қоғамдық, мәдени өміріне зор өзгерістер енді.
Еліміздің егеменді, тәуелсіз ел болуы – біздің жаңа тарихымыздың
бастамасы. Ендігі кезеңде біз өз тарихымызды бұрынғы көп ұлтты мемлекеттің
құрамында емес, жеке ел ретінде зерттеп, тарихымыздың бұралаң жолдарында
жетістіктер мен жеңілістерді, ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, ұмтылыстар мен
іркілістерді қайта қарастырып, бағамдап, болашақта дамудың ұлттық моделімен
алға жылжуымыз керек.
Қоғамдағы бұл бағыт мәдениет пен әдебиетте де көрініс табары анық.
Ең алдымен мәдениет пен ғылым дамуының алғышарттарына өзгерістер енді.
Атап айтсақ:
- кеңестік кезеңде кез келген ғылымның әдіснамалық негізі болған
маркстік-лениндік әдіснаманың жолы кесілді;
- ел тарихы, ұлт тағдырына қатысты әр түрлі дерек көздері ашылып,
зерттеу арналары кеңейе түсті;
- руханият пен саясаттың ара-жігі айқындалып, мәдени мұраға
көзқарас өзгерді;
- шетелдегі қандастарымыздың өздерінің тарихи отанына оралуына
байланысты олардың мәдени мұрасын зерттеуге мүмкіндік туды;
- әдеби мұраларды жинау, жариялау, зерттеу жұмыстары бір ізге
қойылды;
- еркін ойлауға, шығармашылықтың дамуына да жол ашылды.
Қазақстанның ұлттық-рухани егемендігінің арқасында өткен тарихты
таразылап, жаңа уақыттың мақсат-міндеттерін айқындап, ұлттың рухани
мәселелерін демократиялық тұрғыдан кең көлемде қарастыруға жол ашылды.
Тәуелсіздік таңына қол жеткен тұста әдебиеттанушы ғалымдар
әдебиетіміздің ең бір келелі мәселелерін ашық айтуға, ашық жазуға мүмкіндік
алды. Әдебиет пен көркем сын идеологиялық және саяси шектеулерден құтылды.
Ең бастысы, әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынында ұмыт қалған немесе әдейі
бұрмаланған ұлттық құндылықтарымыз қайтадан сарапқа салынып, тәуелсіз сана
тұрғысынан қайтадан бағаланды. Яғни ұлттық идеяны асқақтатқан барлық
әдебиет, өнер, мәдениет мұралары ұлттың рухани төрінен орын ала бастады.
Осы тұста мемлекет тарапынан арнайы қабылданған Мәдени мұра бағдарламасы
да ұлттық идеяны насихаттап, көркем мұраларымызды қайтадан көрсетуімізге
жол ашты.
Ұлттық мәдениетті асқақтатуды арқау еткен – “Мәдени мұра” мемлекеттік
бағдарламасы бойынша еліміздегі мәдени-тарихи ескерткіштер қалпына
келтіріліп, халық әдебиеті үлгілері, ұлт руханиятының көне замандардан
бергі мұралары, жәдігерлері қалың көпшілікке ұсынылды. Алыс-жақын шет
елдерде тұратын қандастарымыздың әдеби-мәдени, фольклорлық және музыкалық
мұрасы жан-жақты зерттеліп, жарық көре бастады.
“Ұлттық кітапхананы” рухани құндылықтармен қамтамасыз ету мақсатымен
– Лондон, Париж, Мадрид, Берлин, Флоренция қалаларындағы кітапханаларға
ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Нәтижесінде – 200-ге жуық
басылымдар мен 77 қолжазба көшірмелері жинақталған. Қазақстан мәдениеті мен
тарихына қатысты 3,500 сирек кездесетін құжаттар табылған. Қымбат қазына
қатарына қосылған аталмыш жәдігерлермен қалың көпшілік көп ұзамай қауышатын
болады.
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы бойынша “Бабалар сөзі” – 100
томдық, “Қазақтың ата заңдары” – 10 томдық, “Әлемдік философиялық мұра” –
20 томдық, “Әлемдік саясаттану ой-санасы” – 10 томдық, “Әлеуметтік
психология ой-санасы” – 10 томдық, “Экономикалық классика” – 10 томдық,
“Қазақ әдебиетінің тарихы” – 10 томдық, “Қазақ музыкасының антологиясы” – 5
томдық, “Қазақ әдебиеті” (энциклопедиялық анықтамалық), “Қазақ мәдениеті”
(энциклопедиялық анықтамалық) т.т. кітап, басылымдардың басым көпшілігі
жарық көрді.
Сол секілді бұл бағыттағы жүйелі жұмыс аударма саласында да кең қанат
жайды. “Аударма” баспасынан ағылшынның ұлы жазушысы Чарльз Диккенстің
“Оливер Твисттің басынан кешкендері”, орыс және ағылшын жазушысы Владимир
Набоковтың “Машенька”, “Лужин қорғанысы”, “Қапас құрсауы” атты әңгімелер
жинағы, “Орыстың классикалық драматургиясы”, арабтың “Мың бір түн”
таңдамалы ертегілері, ағылшынның ұлы драматургі Уильям Шекспирдің “Отелло”,
“Асауға тұсау”, “Ромео мен Джульетта”, “Гамлет”, “Король Лир”, “Сонеттер”
атты таңдаулы шығармалары, француз жазушысы Стендальдің “Қызыл мен қара”
романы, үндінің халық эпосы “Махабхарата”, “Рамаяна”, орыстың ұлы ақыны
Михаил Лермонтовтың “Біздің заманымыздың қаһарманы” атты шығармасы, грузин
халқының ұлы ақыны Шота Руставелидің “Жолбарыс тонды Жиһанкез” поэмасы,
Алжирдің көрнекті жазушысы Мулд Маммеридің “Апиын мен таяқ”, “Шөл даланы
кешіп өту” романдары, Эрнест Хемингуэйдің “Қош бол, майдан”, “Шал мен
теңіз”, “Килиманджаро – қарлы тау”, “Қызығы мол сол жылдар” атты таңдамалы
шығармалары, Иоганн Вольфганг Гетенің атақты “Фаусты”, Торнтон Уайлдердің
“Сегізінші күн” және Джером Сэлинджердің “Жар жағалаған жалғыз” атты
романдары, Федор Достоевскийдің “Ағайынды Карамазовтар” романы және басқа
да құнды шығармалар ана тілімізге аударылып, қалың көпшіліктің қолына тиді.
Сондай-ақ, М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” (1991), Әбілғазының “Түрік
шежіресі” (1992), Бабырдың “Бабырнама” (1993), Х.Досмұхамедұлының “Аламан”
(1991), Қ.Тауасарұлының “Түп-тұқияннан өзіме шейін” (1993),
Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” (1996), М.Жолдасбеков пен
Қ.Сартқожаның “Орхон ескерткіштерінің толық атласы”, Б.Биболатұлының
“Жұлдызнама”, Майлықожа (2005), Тарихи тұлғалар (2005), А.Сейдімбектің
Қазақтың күй өнері (2002) т.т. кітаптардың жарық көруі – ұлт тарихын,
оның тарихи тұлғаларының тағдыр-талайын танып-таразылауға мол мүмкіндіктер
берді. Аталған еңбектердің араға көп уақыт салып, екінші тыныс ашуы -
ұлтқа, ұрпаққа үлкен олжа, қымбат қазына.
Аталған кітаптар қадым замандар шындығы мен сипаттарын, халық тарихы
мен тағдырын, ілкі дәуірлердегі дала данышпандарын, елбасылар мен
қолбасыларды, ақын-жыраулардың өмірі мен өнегесін, би-шешендер мен дәстүр
тағылымын, әдеби-мәдени жәдігерлерді кең көлемде көрсетуімен құнды.
Өткен тарихты қайта қарап, жаңа уақыт талаптары тұрғысынан зерттеп-
зерделеу ісінде іргелі ізденістер барын айту абзал. Бұған ретте “Күлтегін”
баспасынан жарық көрген – “Орхон ескерткіштерінің толық атласы”
(М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлы, 2005) атты көлемді еңбегі дәлел.
Тарихшы ғалымдар М.Қойгелдиев пен Х.Әбжанов: “Орхон ескерткіштерінің
толық атласы” Түрік қағанатының бүгінгі толық құқылы мұрагерлерінің бірі –
Қазақстан елінің, оның ғалымдарының өз тарихын қорыту және игеру ісіндегі
тамаша жетістігі,-деп баға берді 6; 3.
ҚХР Шыңжан халық баспасынан жарық көрген – “Ежелгі үйсін елі” (құр.
Ш.Ахметұлы) атты көлемді еңбекте Қытай елі мен Қазақстанның қоғамдық-саяси,
тарихи-мәдени байланыстары кеңінен көрініс табады.
Бұл кітапта ежелгі үйсіндердің байырғы этнос, көшпелілер, отырықшы ел
болғаны баяндалады. Кітаптағы ғылыми мақалалар, археологиялық есептер,
тарихи деректер мен қосымша материалдар топтамасынан Үйсін тарихы,
этникалық, тарихи-географиялық сипаттары, мәдени-рухани жазбалары жөнінде
құнды-құнды мәліметтер келтіріледі.
Аталмыш кітапта кешегі қытайлықтар мен бүгінгі қытай оқымыстыларының
зерттеу еңбектеріне де кең орын берілген.
Қытай жылнамалары – “усун” мен қазақ тіліндегі – үйсін этнонимінің
ортақ мағынасы, яки ежелгі үйсіндер мен қазақ халқының байланысы алуан
дерек көздері негізінде дәлелді сөз етіледі. Біздіңше, кітап құрылымы мен
жүйесінен, зерттеу мен зерделеу бағытындағы ізденіс мұраттарынан көне
тарихқа бетбұрыс байқалып, дәстүр мен сабақтастыққа, өткен мен келешектің
байланысына зор маңыз беріледі.
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары бағытында
жарық көрген – “Қазақ әдебиеті” және “Қазақ мәдениеті” атты
энциклопедиялық анықтамалықтары (Алматы: Аруна, 2005) бұрыннан бар,
қалыптасқан дәстүрлер негізінде болғанымен, безендірілімі мен полиграфиялық
орындалу сапасы, жаңа дерек көздері мен материалдардың берілу үлгі-
үрдістері тұрғысынан ерекшеленеді.
Екі анықтамалық та қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өткен тарихы,
ондағы ағымдар мен бағыттар, жекелеген ұғым-терминдер табиғаты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Халық прозасында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Қазақ энциклопедиясы
Пәндер