Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I Тарау. Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны
1.1 Лизингтің даму тарихы және лизингтің Қазақстанда қалыптасуы
1.2 Лизингтің классификациясы
1.3 Лизингтің экономикалық мәні және оның тиімділігін бағалау

II Тарау Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешегі
2.1 Лизингтік бизнестер және оның ерекшеліктері
2.2 Қазақстан экономикасында лизингтің алатын орны
2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің келешегі

Қорытынды

Қолданылған оқулықтар
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақстан экономикасьның барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалык дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі - соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалык сипат беру.
Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр. Ал бұл мәселелердің шешімі көп жағдайда экономиканың нақты секторына келетін инвестицияларға байланысты.
Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.
Лизинг жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал. Қазақстандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелерді осы лизинг арқылы шешуге болады. Әсіресе ел экономикасының жоғары деңгейде болуының маңыздылығы мен өзектілігі мемлекетіміздің Бүкіл Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру және таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетімен тікелей байланысты. Дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде осы объектіні (лизинг) алуымын да сондықтан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты лизинг – нарықтық экономика жағдайындағы инвестицияның лизингті нышанының дамуына бағытталған ғылыми-тәжірибелік сипаттаманы талдау болып табылады..
Дипломдық жұмыстың жалпы мақсатымен сәйкес келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
-Лизинг ұғымының экономикалық мазмұнынын зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, «лизинг және лизингтік қатынастар» түсініктерінің тұжырымын көрсету;
-әлемдік тәжірибедегі лизинг жүйесі мен лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жете талдау арқылы, олардың тиімді жақтарын қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
-Қазақстан Республикасындағы лизингті операциялардың механизмдері мен құрылымдарын зерттеу негізіндегі лизинг дамуының ерекшеліктерін көрсету;
-Қазақстан Республикасындағы лизингті нарықтың инфрақұрылымының қалыптасу үрдісін оқып-үйрену;
- - лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының
экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан-жақты зердеу;
- инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік қатынастардың экономикалық тиімділігін бағалау;
- лизингтік төлемдер сомасын есептеудің қолданыста жүрген әдістемелік негіздеріне талдау жүргізу;
Қолданылған оқулықтар:

1. Смагулов А. Лизинг. Учебное пособие. Алматы: Балауса, 1996. 176 с.
2. Сагадиев К.А., Смагулов А.С., Мырзахметов А.И. Лизинг в Казахстане: теория и практика. Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 202 с.
3. Калдияров Д. Лизинг – как эффективный метод кредитования малых предприятий. - А.: Каржы-каражат, 1999. №12.
4. Смагулов А.С. Лизинги и рейтинг. Практикум: Учебное пособие / Под общей редакцией академика К.А. Сагадиева). Алматы: Агроунивеситет, 2000. -169 с.
5. Смагулов А.С. Лизинговый договор. Серия в помощь фермеру и предпринимателю // Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 29 с.
6. Ошакбаев Р. Как приобрести технику в лизинг? – Алматы: Агроинформ, 2002. №1. –с.3.
7. Кабдуллина Ж. Актуальные вопросы финансового лизинга // Предприниматель и право, 2003. №10.
8. Лизинг: экономические, правовые и организационные основы. Учеб. пособие для Вузов / Под ред. проф. А.М. Тавасиева, проф. Н.М. Коршунова. 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-Дана, 2004. – 320 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I Тарау. Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны

1.1 Лизингтің даму тарихы және лизингтің Қазақстанда қалыптасуы
1.2 Лизингтің классификациясы
1.3 Лизингтің экономикалық мәні және оның тиімділігін бағалау
II Тарау Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары
және келешегі
2.1 Лизингтік бизнестер және оның ерекшеліктері
2.2 Қазақстан экономикасында лизингтің алатын орны
2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің келешегі

Қорытынды
Қолданылған оқулықтар

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақстан экономикасьның барлық салаларында нарықтық қатынастарға
негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалык дамуды қамтамасыз
етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы
маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі - соңғы жылдары өз уақытында
жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық
реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге
тұрақтылық және жаңа сапалык сипат беру.
Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын
қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті
технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр.
Ал бұл мәселелердің шешімі көп жағдайда экономиканың нақты секторына
келетін инвестицияларға байланысты.
Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық
базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау
үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде
өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі
құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде
кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.
Лизинг жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде
кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал. Қазақстандық
кәсіпорындар үшін әлемдік нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары
өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелерді осы лизинг арқылы
шешуге болады. Әсіресе ел экономикасының жоғары деңгейде болуының
маңыздылығы мен өзектілігі мемлекетіміздің Бүкіл Дүниежүзілік Сауда
Ұйымына кіру және таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетімен тікелей байланысты. Дипломдық
жұмыстың тақырыбы ретінде осы объектіні (лизинг) алуымын да сондықтан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты лизинг – нарықтық экономика
жағдайындағы инвестицияның лизингті нышанының дамуына бағытталған ғылыми-
тәжірибелік сипаттаманы талдау болып табылады..
Дипломдық жұмыстың жалпы мақсатымен сәйкес келесідей міндеттерді шешу
қарастырылады:
-Лизинг ұғымының экономикалық мазмұнынын зерттеу және теориялық тұрғыдан
негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып,
лизинг және лизингтік қатынастар түсініктерінің тұжырымын көрсету;
-әлемдік тәжірибедегі лизинг жүйесі мен лизингтік қатынастардың
қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жете талдау арқылы, олардың
тиімді жақтарын қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
-Қазақстан Республикасындағы лизингті операциялардың механизмдері мен
құрылымдарын зерттеу негізіндегі лизинг дамуының ерекшеліктерін көрсету;
-Қазақстан Республикасындағы лизингті нарықтың инфрақұрылымының қалыптасу
үрдісін оқып-үйрену;
- - лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының
экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан-жақты
зердеу;
- инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің артықшылықтарын
салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік қатынастардың экономикалық
тиімділігін бағалау;
- лизингтік төлемдер сомасын есептеудің қолданыста жүрген әдістемелік
негіздеріне талдау жүргізу;
- Қазақстандағы лизингті одан әрі дамыту және лизингтік қатынастарды
басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні ретінде ҚР-дағы лизингтің дамуы: жағдайы, беталысы және
болашағы қарастырылады.
Зерттеу объектісі ретінде шаруашылық құрылымдары мен нақтылы лизнгтің
потенциальды қатысушылары алынды.
Зерттеудің теориялық, әдістемелік және ақпараттық негізі ретінде
отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың лизингкке байланысты ғылыми
еңбектері мен монографиялық жұмыстары, ҚР-ның лизинггік қатынастарды
мемлекеттік реттеу туралы заңнамалық актілсрі мен нормативтік құжаттары, ҚР-
ның статистика жөніндегі Агенттігінің анықтамалық материалдары мен КР ҰБ
статистикалық деректері және бүгінгі күнгі лизинггік қатынастардың дамуы
жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және жакын шетелдердегі баспасөз
басылымдарындағы мақалалар және т.б. пайдаланылды.
Дипломның құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс ____
беттік компьютерлік терім.

I Лизингтің Даму Тарихы Және Лизинг Ұғымының Экономикалық Мазмұны
1.1 Лизингтің даму тарихы және лизингтің қазақстандағы қалыптасуы
Лизинг экономикалық құбылыс ретінде және ғылыми зерттеулердің
объектісі ретінде көптен бері экономист ғалымдар мен мамандардың назарында
жүр. Лизингтің негізін, формасын, түрлерін және функцияларын зерттеу
қажеттілігі оның кәсіпкерліктің тиімділігін арттырудағы маңыздылығы. Бұл
мәселелерді анықтау әсіресе лизингтік операцияларды жүргізу кезеңдерінде
лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін дұрыс пайдалану үшін қажет.
Ағылшын термині jeasing, jessor және jesse (лизинг шартының
қатысушылары) көп жағдайда жал,жалгерлік (аренда) деп аударылады.Дегенмен
әлі күнге дейін Лизинг термининің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ. Соған
байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді
несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде лизинг
деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік
қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады.
Сонымен лизинг дегеніміз – бұл құрал-жабдықтарды, машиналарды,
өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу кезінде пайда
болатын қаржы-экономикалық және құқықтық қатынастар. Яғни бір заңды немесе
жеке тұлға (болашақ лизинг алушы, мүлікті пайдаланушы) екінші бір тұлғаға
(лизингтік компания) қажетті құрал-жабдықты алуға және оны ақылы
пайдалануға ұсыныс жасайды. Лизинг өнеркәсіптік компаниялардың жай сатып
алу кезінде сөзсіз жұмсалатын ақшалай қаражатты бір жолы едәуір жұмсамай-ақ
қажетті құрал-жабдық алуына мүмкіндік береді. Лизинг банктің дәстүрлі
несиелендіруіне балама болып табылады.
Өмірдегі пайда болатын көп құбылыстар сияқты лизингтің де өзіне тән
шығу тарихы бар. Тарих көрсеткендей лизингтік операциялар ежелден белгілі.
Бірақ бұл мәселеде әлі күнге дейін қалыптасқан нақты тұжырым жоқ. Бір топ
ғалымдардың пікірі бойынша лизинг - шумер халқының экономикалық
қатынастарынан бастау алатын қаржыландырудың ең көне түрі болып есептеледі.

Бұдан басқа да шет ел ғалымдарының жұмыстарында ерте ғасыр ғалымы
Аристотельдің (б.з.д. 383-322ж.ж.) Риторика атты еңбегінде байлықтың
өрісі мүлікті өз меншігіңде ұстағанда емес, оны пайдаланғанда деп атап
көрсетеді. Яғни, лизингтің басты мағынасы мынада: пайда табу үшін мүлік
немесе құрал тек өз меншігіңде болу міндетті емес, оны пайдалану құқығына
ие болсаң да жеткілікті.
Сонымен бірге лизингтік қатынастар бұдан басқа да өркениеттерде (ерте
грек, египет, рим) болғаны мәлім болып отыр.
Осы келтірілген мәліметтерге қарамастан кейбір ғалымдар лизинг жаңа жас
құбылыс, оның шығу тарихы АҚШ-нан басталады деп көрсетеді. Бұл тұжырымдарын
1877ж. Белл атты Американ телефон компаниясының өз құрал-жабдықтарын
уақытша пайдалануға бергендігімен негіздейді.
XXғасырдың 60 жылдары қаржы лизингісінің концепциясы әлемнің көптеген
индустриалды дамыған елдерінде кеңінен дами басттады және осы жылдардан
бастап лизингтік қатынастар халықаралық негізде жүре бастады. Бірақ 70-ші
жылдардың басына дейін халықаралық лизингтік қатынастар әлі де болса жақсы
даму қарқынында болмады. Оның басты себептері мыналар болды: лизингкке
байланысты халықаралық заң, салық, кеден және ақша қатынастарының бір
жүйеде болмауы. Тек, 70-ші жылдардың ортасынан бастап Юнидура ұйымы осы
кедергілерді шеше бастағаннан кейін лизингтік қатынастар халықаралық сипат
ала бастады. Оған қабылданған Халықаралық қаржылық лизинг туралы
Конвенциясы өзінің септігін тигізді. Осы Конвенцияның арқасында лизингтік
қатынастар дүние жүзінде бір қалыпқа келіп жүргізіле бастады.
Қазіргі кезде лизингтің даму барысы көптеген елдерде жоғарғы қарқын
үстінде. Соңғы отыз жылдықта лизингкке деген қызығушылық және оны пайдалану
барысы үлкен деңгейге көтеріліп, дүние жүзінде инвестиция тартудың негізгі
құралына айналып,оның көмегімен жабдықтардың 30-35% қаржыландырады.
Лизингтің кең түрде даму нәтижесі және оған деген қызығушылық 90-шы
жылдардың басында лизингтің Қазақстанға да келуіне әсер етті. Алғашқы
уақытта лизингтік істер банк жүйесінен басталды. Көпшілік банктер өзіне
жаңа салада лизинг алушы ретінде қалыптасты. Банктердің лизингтік істермен
айналысуына байланысты мемлекеттік құжаттар да дайындала басталды..
Лизинг бойынша күрделі жұмыстар 1997 жылдың аяғында басталды. Бірақ
лизинг туралы үкіметтің шешімдері мен қаулыларының қаржы саласының
Қазақстандағы жаңа түрі болғандықтан жиі өзгеріп отырғаны лизингтік
компанияларға көп қиындық әкелді және бұл саланың қарқынды дамуына тежеу
жасап отырды.
Осы да басқа да қиындықтарға қарамастан лизингтік қатынастар Қазақстанда
өзінің өміршең екендігін танытты. Қазіргі уақытта Қазақстанда лизинг
берушілердің келесі түрлері қалыптасқан:
1. лизингтік жұмыспен айналысатын коммерциялық банктер және ірі
банктердің құрамына кіретін лизингтік компаниялар. Бұлар үлкен көлемде
тұрақты лизингтік қызмет көрсетеді. Олардың қатарына жататын лизингтік
компаниялар: АҚ Альянс лизинг ( АҚ Альянс Банк), АҚ АТФ -Лизинг ( АҚ
АТФБанк), АҚ БТА-Лизинг ( АК Банк Туран Алем), АҚ Валют-Транзит
Банк, Лизинговая компания Нур-Инвест ЖШС (Нур Банк), Таиб Казахский
Банк ЖАҚ, АҚ Темир-лизинг (АҚ Темир Банк), Центр-Лизинг ЖШС ( АҚ
Банк Центр Кредит), АҚ Цесна Банк, АҚ Халық- Лизинг ( АҚ Халық Банк);
2. салалық және өндірістік ретінде құрылған лизингтік компаниялар. Олар
әр-түрлі саладағы өндірістік кәсіпорындарды қамтамасыз етеді. Мысалы, ауыл
шаруашылығы, құрылыс, ауыр машина жасау, көлік және т. б. Бұл лизингтік
компанияларға жататындар: АҚ Астана Финанс, АҚ Казагрофинанс,
Каспийский Лизинг ЖШС (Бұрынғы Агромаш Лизинг);
3. бюджет арқылы толық немесе жартылай қаржыландыратын мемлекеттің
қатысуымен құрылған жартылай коммерциялық лизингтік компаниялар. Сонымен
қатар, бюджеттен көмек алушы аймақтық ұйымдар. Бұлар негізінен шағын
кәсіпкерлікті қолдау үшін ұйымдастырылған лизингтік құрылымдар. Мысалы, АҚ
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры:
4. сауда компаниялардың құрған лизингтік компаниялары. Бұлардың қызметі:
сауда құрал-жабдықтары, ұйым техникалары, көлік жіне т. б. Мысалы, Вираж-
Лизинг ЖШС.
Лизингтің Қазақстандағы аз уақыт ішіндегі даму тарихын төрт кезеңге
бөлуге болады:
1. 1989 - 1992 жж. - лизингтің басталу кезеңі, 120 банк және 20
лизингтік компания;
2. 1993 - 1994 жж. - экономикалық құлдырау кезеңіне байланысты
лизингтік бизнестің қолдау таппау кезеңі;
3. 1995 - 2000 жж. – инновацияның бір түрі ретінде лизингтің көтерілу
кезеңі;
4. 2001 - осы уақытқа дейін – лизингкке мемлекеттік қолдау және
ынталандыру жүргізу кезеңі, лизинг туралы нормативтік - құқықтық
шешімдер мен қаулылар қабылдау.
Дегенмен Қазақстандағы лизингтік сектордың даму барысы оның әлеуетіне
сәйкес болмады. Лизингке деген қаржылық ресурстардың шектеулі болуы,
лизингке беру уақытының қысқа мерзімдігі, лизинг тетігі арқылы шағын
және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер,салық және
амортизациялық жеңілдіктердің болмауы лизингтің дамуына үлкен кедергі
болды.
Бұл кемшіліктер мен қателіктер әрине лизинг идеясына үлкен нұқсан
келтірді. Сондықтан 1999-2001жж. Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасы
іске алынды. Бұл бағдарлама екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде
(1999ж.) лизингке байланысты заңдарды реттеу қолға алынды, бірақ
құжаттардың уақыт талабына сәйкес болмауы алға қойған мақсаттарды орындауға
жеткізген жоқ. Екінші кезеңде (2000-2001жж.) 5.06.2000ж. 26 баптан тұратын
Қаржылық лизинг туралы ҚР Заңы қабылданды. Кейіннен лизингтік
қатынастардың тұрақты қалыптасуына үлкен түрткі болған осы Заң болып
есептеледі. Сонымен қатар, Салық салу мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір
заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды.
Оның шеңберінде лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.
Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан Инвестициялар
туралы Заң мен салық кодексінің 138-140 баптарына сәйкес лизинг алушының
корпоративті табыс салығы және мүлікке деген салық бойынша инвестициялық
салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталды. Жоғарда айтылған Қаржылық
лизинг туралы ҚР Заңына қажетті түзетулер енгізілді.
Осылайша республикада лизинг бойынша заңдылық нақты жұмыс жасай
бастады. Негізінде лизингтік қызмет рыногы 2000 жылдан бастап Қазақстан
экономикасында өзінің тұрақты орнын алды.

1.2 Лизингтің классификациясы

Лизингті экономикалық құбылыс ретінде терең түсіну және оның отандық
кәсіпкерлікті дамытудағы маңызын жан-жақты талдау лизингтің тиімді дамуына
үлкен әсерін тигізеді.Соның ішінде лизингтің нысандарын және түрлерін
зерттеу және талдау лизингті отандық практикада тиімді қолдануда өте
қажет.
Қазақстандық заңнамалықта лизингтің екі нысаны бар: ішкі және сыртқы
лизинг.
Ішкі лизингті жүргізу жағдайында лизингі беруші, лизингі алушы және
сатушы (мүлік жеткізуші) ҚР-ның резиденттері болып саналады. Ішкі лизинг
Қазақстан заңдарымен реттеледі.
Лизинг жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге келісімшарт арқылы
берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға
бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде анықталады. Лизингтік
келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке
берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Лизингілік мәміленің
басқа қатысушыларына жататындар: инвестор ( несие беруші), кепілдік беруші
(гарант), делдал, сақтандырушы.
Лизинг беруші - бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен
лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік
келісімшарт негізінде лизингке алушыға беретін келісімнің қатысушысы.
Лизингке беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде
көрінуге құқығы жоқ. Нақты айтқанда, бұл тұлға лизинг мүлкін иемденуші
(заңды иесі).
Лизинг алушы – лизингтік келісімшарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін
лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы заңды
немесе жеке тұлға. Яғни, лизинг мүлкін шарт бойынша қабылдап және оны
пайдаланушы тұлға (экономикалық жеке меншік иесі).
Сатушы (мүлік жеткізуші) – бұл алып-сату шарты бойынша келісілген
уақытында өзінің шығарған мүлкін лизинг берушіге сататын және оған немесе
тікелей лизинг алушыға лизинг мүлкін тапсырушы жеке немесе заңды тұлға.
Ескертетін жағдай, біздің заңнама бойынша мүлік шығарушы лизинг беруші
тұлға бола алмайды. Бірақ бұл халықаралық тәжірибемен сәйкес емес,
сондықтан біздің ойымызша бұл заңнама өзгертілгені дұрыс.
Инвестор (несие беруші) – бұл лизинг мүлкін алуға қаржы инвестициясын
(несие түрінде) беруші тұлға.
Кепілдік беруші (гарант) – бұл лизинг беруші немесе лизинг алушының
міндеттемелеріне кепілдік беруші тұлға.
Делдал – бұл лизинг берушінің шартпен бекітілген тапсырмасы бойынша
керекті құрал-жабдықты жасаушыны тауып, онымен сатып алу (жеткізу) шартын
дайындаушы тұлға.
Сақтандырушы – бұл сақтандыру ұйымы, лизинг алушының болашақ кәсіпкерлік
тәуекелділігін лизинг мүлкінің бұзылуынан, жоғалуынан, жетіспеуінен
сақтандырушы.
Сыртқы лизингті жүргізгенде лизингі беруші немесе лизингі алушы
Қазақстан Республикасының резиденті болып саналмайды.
Егер лизингі беруші ҚР-ның резиденті болса, яғни лизинг мүлкі ҚР-ның
резидентінің меншігінде болса, онда халықаралық лизингтік келісімшарт
Қазақстан заңдарымен реттеледі.
Ал лизингі беруші ҚР-ның резиденті болмаса, яғни лизинг мүлікі ҚР-ның
резиденті емес кәсіпкердің меншігінде болса,онда халықаралық лизингтік шарт
сыртқы экономикалық қатынастар заңдарымен
реттеледі.
Қазір дамыған елдердің шаруашылық практикасында лизингтің әр-түрі
қолданылады. Лизингтік мүлікті пайдалану уақытына және осыған байланысты
амортизация жағдайы бойынша келесілерге айырады:
тұтас құнын төлеу арқылы лизинг алу, яғни мүліктің толық амортизациалануы
негізінде. Бұл жағдайда, шарт бойынша белгіленген уақыт мүліктің норматив
бойынша жұмыс істеу мезгілімен сәйкес, яғни осы уақыт аралығында мүліктің
толық құны өтеледі;
бөлінбелі лизинг, яғни мүліктің толық емес амортизацияланбауы негізінде.
Бұл жағдайда, шартта көрсетілгенген уақыт мүліктің норматив бойынша жұмыс
істеу мезгілінен аз, ал сол уақыт ішінде лизингтік мүліктің тек қалған
бөлігі ғана өтеледі.
Шаруашылық тәжірибесінде лизингтің келесі түрлерін айырады: толық
лизинг; жедел (оперативті-сервистік) лизинг; қаржы лизингі; қайтарылма
лизинг; үлестік лизинг (үшінші тұлғаның қатысуымен); тікелей лизинг;
сублизинг және сатуға көмек көрсету лизингі. ҚР-ның Қаржы лизингі Заңы
лизингтің үш негізгі түрін реттейді: жедел, қаржы және қайтарылма (бұл
негізінде қаржы лизингінің бір түрі).

Жалға беруші
Өндіруші (Лизингтік компания)
Жалгер
1-жабдыққа өтініш; 2-жабдыққа төлем; 3 - жабдық; 4 -жалгерлік ақы;
5-келісімшарт уақыты біткен соң жабдықтың қайтарылуы.
Сурет 1 – Жедел (оперативті-сервистік) лизинг сызбанұсқасы

Жедел (оперативті-сервистік) лизинг – бұл көлік құралдарын, құрылыс
техникасын, приборларды, аппаратураны және басқа техникалық құралдарды
қысқа мерзімге (бір жылға дейін) келісімшарт арқылы жалға беру. Лизингтік
шарт бойынша белгіленген уақыт мүліктің амортизаиялық мерзімінен аз.
Сондықтан жалгерлік төлем көрсетілген уақытта мүліктің толық құнын өтей
алмайды, яғни лизингті бірнеше рет жалғастыруға мәжбүр қылады. Аталған
құралдардың пайдаланылғаннан кейін иесіне – лизингілік фирмаға (жалға
беретін кәсіпорынға) қайтарылатыны жедел лизингтің ерекшелігі болып
табылады.
Бұндай келісімшарттарда жалға берілетін мүлікке әр түрлі техникалық
қызметтер көрсету қарастырылған, сондықтан жайшылықта сервистік лизинг деп
те аталады. Көрсетілетін қызметтердің құны жалгерлік төлемге немесе жеке
төлемге қосылады.
Жедел лизингтің, әсіресе жалгерге тиімді екені сөзсіз. Мысалы, қаржы
қиыншылығы туғанда жалгер шартты ерте бұзып жалға алған мүлікті иесіне
қайтарып береді. Шартты ерте бұзу құқығы ескі құрал-жабдықтан құтылуға
және оларды жаңасына айырбастауға мүмкіндік береді.
Жедел лизингтің кемшіліктері: лизингтің басқа түрлеріне қарағанда
жалгерлік төлемнің көптігі; аванс және алдын ала төлем жасау талабы;
келсілген уақытты бұзғаны үшін айып төлеу; мүлік иесінің тәуекелдігіне
байланысты жасалатын компенсациялық төлемдер.
Қаржы лизингі (финансовый лизинг) – бұл лизингтің кәдуілгі, ең көп
қолданылатын нысаны; шарттардың орта мерзімділігімен сипатталады, бұл
шарттарды іске асыру барысында мүліктің құны толық немесе оның көп бөлігі
өтеледі. Лизингтің осы түрінде жалға алынған құрал-жабдықтардың толық
амортизациясы жалға алушының енгізген төлемімен жабылады. Шарт бойынша
жалдық қатынасты күні бұрын бұзуға болмайды, белгіленген уақытында
келісілген төлемді өтеп отыру қажет, мүлікті орналыстыру және оны пайдалану
үшін жасалатын қызметтерді жалға алушының өзі жасайды. Көп жағдайда шарт
бойынша жалдық уақыт біткенде жалгер пайдаланған мүлікті қалдық құны немесе
жеңілдік бағамен өзіне иемденуіне болады.
Қаржы лизингтің жедел түрінен айырмашылығы, ол мүлік иесінің
тәуекелдігін төмендетеді.Қаржы шарты көп жағдайда ұзақ мерзімді банк
несиесіне ұқсас болып келеді, өйткені мүліктің толық құны өтеледі; төлем
ақысы мүліктің құны мен пайдаланушының табысын қоса әр уақытта беріліп
отырады; жасалған шарт өрескел бұзылғанда
жалгерді банкрот деп жариялау құқығы және т.б.

Сурет 2 – Қаржы лизингі (финансовый лизинг) сызбанұсқасы (1)
Қаржы лизингі объектісіне жылжымайтын мүлік (жер, ғимарат), сонымен
қатар ұзақ мерзімді пайдалануға жататын өндіріс құралдары жатадыі. Қаржы
лизингі басқа ұзақ мерзімді жалдың екі түрінің құрылу базасы болып
есептеледі – қайтарылма және үлестік (үшінші жақтың қатысуымен).
. Таза лизинг – мүлікке қызмет көрсету жұмыстарын лизингі алушы өз
міндетіне алады, сондықтан мүлікке қызмет көрсету шығындары лизингтік
төлемдер құрамына кірмейді. Таза лизингпен айналысатындар: банктер,
сақтандыру компаниялары және басқа да лизингтік бизнеспен айналысатын қаржы
ұйымдары.
Ескертпе (1): Диплом жұмысында келтірілген кестелер мен суреттер зерттелген
әдебиеттер негізінде автор жасаған.

Сурет3 – Қайтарылма лизинг (возвратный лизинг) сызбанұсқасы

Қайтарылма лизинг (возвратный лизинг) - екі келісім-шарттан
тұратын қаржы лизингінің бір түрі. Дайындалушы (иеленуші) мен жалға беруші
бір адам болып табылатын лизинг нысаны. Оның мәні мынада. Машинаның немесе
жабдықтың иесі оларды лизингілік фирмаға сатады, бұл фирма кейіннен оларды
тікелей бұрынғы иесіне қайта жалға береді.Сатып алушы ретінде көбіне
коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік
компаниялар есептеледі. Осы операцияны жүргізу барысында тек мүлік иесі
ғана ауысады, ал оны пайдаланушы бұрынғы орнында қалады, ол сонымен қатар
қосымша қаржыға ие болады. Бұндай операциялар кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын тұрақтандыру және экономикалық тоқырау кезеңдерінде жиі
пайдаланылады.

Сурет 4 – Тікелей лизинг (прямой лизинг) сызбанұсқасы

Тікелей лизинг (прямой лизинг) – бұл лизингте жалгер (арендатор)
лизингтік фирмамен қажетті құралдарды сатып алуға және оған жалға өткізуге
келісім жасайды. Көбіне жалдық(арендалық) келісім тікелей өндіруші фирмамен
лизингтік шарт арқылы жасалады. Олар көбіне ірі фирмалар. Мысалы,
автомобиль нарығындағы Даймлер-Крайслер және ВМW концерндері машиналарды
дүние жүзінің көптеген елдеріне сатушы лизингтік компаниялардың
құрылтайшылары.
Сатуға көмек көрсету лизингі – мүлік беруші (сатушы) және лизингтік
компания арасында лизинг негізінде жасалған бөлек келісім бойынша мүлікті
сату. Бұл келісімдердің әр түрі бар. Көпшілік жағдайда мүлікті лизингке
өткізу мәселелерін лизингтік компания шешеді. Бірақ кейде лизингтік
компанияның атынан лизингтік келісімді
мүлікті сатушының өзі де жасай береді.

Сурет 5 – Толық лизинг (полный лизинг) сызбанұсқасы

Толық лизинг (полный лизинг) – бұл мәмілеге кіретін қызметтер: жан-жақты
техникалық қызмет көрсету жүйесі, жөндеу, сақтандыру, сонымен қатар
жұмыскерлерді дайындау, маркетинг қызметі және реклама. Лизинг беруші
мүлікке иегерлігін сақтай отырып мәміле біткенше мүлік салығын өтеп
отырады. Лизинг беруші лизинг алушымен қашанда болмасын жұмыс істеуге
мүдделі болғанымен бүкіл шарт уақатында мүліктің дұрыс пайдалануын
қадағалап отырады. Лизингтің бұл түрінің басқалардан артықшылығы, оның
лизинг берушінің мүлікті өткізгеннен кейін де жан-жақты қызмет көрсетуінде
(мүмкін мүлікті өдірушінің қатысуыиен).
Үлестік лизинг ( үшінші жақтың қатысуымен) – қаржы лизингінің тағы
бір түрі. Бұл мәміле үшінші жақтың – инвестордың (банк, сақтандыру немесе
инвестициялық компания) қатысуымен жасалады. Бұл жағдайда лизингтік
компания алдын ала жасалған ұзақ мерзімді жалға алу келісімшарты бойынша
мүліктің бір бөлігін қарызға алған ақша арқылы өтеп оны өз меншігіне алады.
Қарыздың кепілдігі ретінде жаңа алынған мүлік қойылады, ал жалдың қалған
болашақ ақысы тікелей инвесторға төленеді.Бұл жерде құралдың амортизациясы
мен борышты өтеу жағдайына байланысты лизингтік компанияға жеңілдік
жасалады. Мұндай коммерциялық мәміле өте қымбат активтерді (табиғи
ресурстар, кен орындары, осы салада қалданылатын машиналар мен құрал-
жабдықтар) пайдалану барысында жасалады.
Сублизинг – бұл лизингтік қатынастардың ерекше түрі, лизингтік мүлікті
пайдалану құқығы үшінші тұлғаға сублизингтік шарт жасау арқылы
берілуі.Оның мәні–сублизинг жасаушы мүлікті лизинг берушіден лизинг шарты
бойынша алады да оны сублизинг шарты мен лизинг алушыға уақытша пайдалануға
береді. ҚР Қаржы лизингі Заңы бойынша лизингтік ақы міндеттемелерін
үшінші тұлғаға төлеуге болмайды. Лизинг мүлкін сублизингке бергенде лизингі
берушінің жазбаша түрде рұқсаты керек.
Халықаралық сублизинг – халықаралық лизингтің бір түрі. Бұл лизингтің
ерекшелігі, лизинг мүлкінің ҚР-ның кеденінен ішке және сыртқа өту жағдайы
сублизингтік шартта көрсетілген уақытқа байланысты.
Сублизингте жалгерлік ақыны алуда негізгі жалгердің құқығы жоғары
болады. Қабылданған шарт бойынша үшінші тұлға банкрот болса, онда жалгерлік
ақыны негізгі жалгер алады.
Осы көрсетілген келісімдердің барлығы лизингтің негізгі екі формасының
түрлері болып саналады:жедел және қаржы лизингтерінің.
Жылбысқы лизинг(мокрый лизинг) – бұл лизинг түрінде мүлкке
техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру және басқа да операцияларды
жасауға лизинг беруші (мүлікті жасап шығарушы) өз міндетіне алады. Қаржы
ұйымдары және банктер қарамағында техникалық жөндеу орталығы болмағандықтан
лизингтің бұл түрімен айналыспайды.
Мәміленің көлемі бойынша шаруашылық тәжірибесінде лизинг шағын, орта
және ірі лизинг болып бөлінеді.
Шағын лизинг (400-800 мың. тен.) көп елдерде жақсы дамыған. Бұл
мәмілелер бойынша өндіріс процесіне кірмейтін мүліктер жатады:
компьютерлер, оргтехникалар, телефон станциялары, сақтандыру жүйелері және
т.б. ҚР-да шағын лизингілік мәмілелер әзірше өзінің қарқынды дамуын таппай
отыр. Лизингілік компаниялар ұйымдастыру жұмыстарының көлемі орта
лизингтікімен бірдей болғасын және түсетін пайданың аздығына байланысты
шағын мәмілелермен айналыспайды. Керісінше дамыған елдерде шағын мәмілелер
лизинг саласының үлкен көлемін құрайды. Бұның мәнісі мынада, шағын
мәмілелерде бизнеске келетін қауіп төмен және пайда нормасы жоғары
деңгейде.
Орта лизинг 1,0 – 10,0 млн. тен. көлеміндегі мүліктерді қамтиды: мини-
заудтар, технологиялық жабдықтар және т.б. Лизингтің бұл түрінде лизингілік
компаниялар лизинг алушыларды көп жағдайда өз банктерінің филиалдары арқылы
таңдап алып жұмыс жүргізеді.
Ірі лизингілік мәмілелер ( 10,0 млн. тен. жоғары) бағасы қымбат
мүліктермен байланысты: ұшақтар, кемелер, энергетика жабдықтары және т. б.
Лизингтің бұл түрі Қазақстанда өз дамуын таппай отыр, себебі үлкен
қаражатты және келісімдердің ұзақ уақытқа созылуына байланысты тиімсіз деп
саналуында. Сондықтан қазіргі кезде орта лизингтің дамуы басқаларға
қарағанда жоғары болып тұр.

1.3 Лизингтің экономикалық мәні және оның тиімділігін бағалау

Лизингтің экономикалық табиғаты мен мазмұны – бұл лизинг объектілерін
пайдаланушыларды қажетті өндіріс құрал-жабдықтармен дер кезінде және тиімді
түрде қамтамасыз етуге бағытталған жалға беру, несиелік, саудалық
қатынастардың жиынтығы болып табылатын кәсіпкерлік және инвестициялық
қызметтердің бір түрі және лизингке беруші мен сатып алушының арасындағы
серіктестік болып табылады.
Лизингтік қатынастар өндірістің басты факторларынан құралады: еңбек
және капиталдан. Бұлардың жиынтығының маңыздылығы: біріншіден, лизинг
субъектілері бюджетті құруға қатысады, сондықтан қоғамның әлеуметтік-
экономикалық проблемаларын шешеді; екіншіден – ұдайы өндірістің дамуына
және рынокты қажетті өніммен қамтамасыз етуге қатысады. Лизингі алушы
(кәсіпорын) әлеуметтік-экономикалық статустың екі жақтылық сипатын алады:
тікелей орындаушы және кәсіпкер ретінде. Осы жағынан алғанда лизингі алушы
тек қана өзінің өндірісінің дамуына ғана мүдделі болмай, сонымен қатар
өндірістің қорлануына, соның нәтижесінде ғылыми-техникалық үдерістің
дамуына да ықпал жасайды. Бұл жағдайда лизингі алушы мен лизингі берушінің
арасындығы экономикалық қатынастардың негізін лизингілік төлемдер құрайды.
Лизингілік төлемдер иелік, пайдалану, сату және өндіріс құрал-жабдықтарына
(құрал, мүлік) иемдену қатынастарын көрсетеді.
Лизингтің экономикалық мәні лизингтік мәмілеге байланысты пайда болатын
мүліктік қатынастардың сипатымен түсіндіріледі. Мүлік – лизингі шартының
негізгі мәні – лизингі берушінің меншігі, ал лизингі алушы шартта
көрсетілген уақыт көлемінде нақты төлем жасау бойынша лизингі мүлкіне ие
болу және пайдалану құқығын алады. Мүліктің толық иесі болу үшін, лизингі
алушы, сатып алу шарты бойынша оны сатушыдан толық кұнын төлеп алады.
Лизингі алушы шартта көрсетілген соманы лизингі берушіге лизингілік
төлем ретінде өтеп отырып, иемдену және мүлікті пайдалану құқығын ие бола
алады. Лизингілік төлем құрамына мүліктің шартта көрсетілген толық немесе
ішінара өтемақысы,бұған қоса шартта көрсетілген лизингілік қызмет және
қосымша қызметтерге байланысты ақылар кіреді.
Қорытындысында лизинггілік мәміленің коммерциялық жағы лизингі
берушіге келесі түрде болады. Лизингі берушінің мәміле бойынша жалпы
шығыны төменгі теңдікпен шы5арылады:
Лб= Бқ+ Өк+ Ққ
бұл жерде
Лб – лизингі беруші;
Бқ – мүліктің баланс бойынша құны – лизинг шартының мәні, тен.;
Өк - кредиттік ресурсты пайдалану ақысы, тен.;
Ққ – қосымша қызмет ақысы, тен.
Лизингі алушының лизинг мәмілесі бойынша шығындары, яғни лизингілік
төлемдер сомасы келесідей есептеледі:
Ла = Аа + Ак +Кс-а +ҚҚС + Кс + Кқ ,
бұл жерде
Ла – лизинг алушы;
Аа – лизинг берушіге осы жылда тиесілі амортизациялық аударымның мөлшері,
тен.;
Ак – кредиттік ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы, тен.;
Кс-а – лизинг шарты бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге жасалатын
сый-ақы, тен.,
ҚҚС – лизинг берушінің қызметі үшін лизинг алушының қосымша құнға салық
ақысы, тен.,
Кс – кеден салығы, тен.;
Ққ – қосымша қызмет ақысы.
Көріп отырғандай, лизинг берушінің мүлік алуға кеткен шығындары
лизинг ақысынан толық өтелмеуі мүмкін, сондықтан өтемақы сомасы шартта
белгіленеді, яғни шарт уақыты және мүліктің амортизациялық уақыт
қатынастарымен байланысты. Егер амортизация уақыты шарт уақытынан асып
түссе,онда қалдық құн бойынша пайдалану уақыты біткен соң мүлік лизинг
берушінің меншігінде қалады.
Ал комиссиондық сый-ақы бұл нақты мәмілемен байланысты емес лизинг
берушінің шығындарын толтыратын көзі болып саналады, әсіресе маңызды –
пайда көздерімен.
Сонымен, лизингілік мәміле лизинг берушіге коммерциялық қызық
тудырады, өйткені ол экономикалық пайда әкеледі.
Ал лизинг алушы болса, лизингті қолданудан бұрын мәміле бойынша
жасайтын шығындарын лизинг мүлкін пайдалану арқылы алатын табыстарымен
салыстыру керек. Сондықтан мәмілеге дайындықтың алдында келешекте туатын
бүкіл сұрақтарға жауап беретін инвестициялық проект (бизнес- -жоспар) жасау
қажет.
Лизингтің экономикалық мәні ерекше мүліктік қатынастармен
анықталатындықтан, айта кету керек, лизинг мүлікке иелік құқық лизинг
берушіден лизинг алушыға өтуі мүмкін. Бұл жағдай іске асу үшін, қаржы
лизингі шартында лизинг алушының лизинг мүлкін сатып алуға құқығы бар
екендігі көрсетілуі керек. Бұл құқықтың заң және техникалық мәселелерін қоя
тұрып, оның экономикалық табиғатын қарастырайық.
Лизинг берушіге шарт уақыты ішінде, сонымен қатар мерзімінен бұрын
төлемді өтеген соң ғана лизинг алушы лизингілік мүліктің иегері бола алады.
Сатып алу шартта немесе екі жақтық жеке келісімде қарастырылған болса, онда
төлеп алу бағасы лизинг шартында белгіленеді. Төлеп алу бағасы ретінде
мүліктің қалдық құны , яғни нарықтық, осындай немесе осыған ұқсас мүлік
бағасы қабылданады. Қай жағынан қарастырсақ та, лизинг алушыға лизинг
мүлкін алу әрқашанда пайдалы .
Қандай да болмасын шаруашылық саласындағы қызметтердің тиімділігін
бағалау қашанда қажет болғандай, сондай-ақ лизинг сияқты жаңа қызмет
түрінің де экономикалық тиімділігін бағалау өте маңызды. Экономикалық
тиімділікті бағалауды бастамай тұрып алдымен жобаның қоғамдық және
коммерциялық мәнділігін анықтайды. Лизингтік жобаның тиімділігін бағалаудың
2 кезеңі бар: біріншіден, қарастырылатын әр-бір инвестициялық жобаны
тиімділік көрсеткіштердің көмегімен бағалау; екіншіден, қарастырылатын
объектілерді өз-ара салыстырмалы түрде бағалау, саралау және инвестициялық
жобаның ең тиімділігін және кірістілігін таңдау. Бірінші кезеңде
тиімділіктің жалпы көрсеткіштері есептеледі. Бұл кезеңнің мақсаты – жоба
шешімдеріне жасалған экономикалық бағалауларды біріктіру және инвестор
табуға жағдай жасау. Кейбір бөлек жобаларға тек коммерциялық тиімділігі
жөнінде баға беріледі және олар ыңғайлы болса, онда екінші кезеңге өтуіне
ұсыныс жасалады. Екінші кезең – жобаға қатысу тиімділігін бағалау –
инвестиция тәсімі жасалғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл кезеңде
қатысушылардың құрамы, қаржы өткізілімділігі және әр-бірінің жобаға
қатысушылардың тиімділігі белгіленеді (аймақтық тиімділік, кейбір жеке
кәсіпорындардың және акционелердің жобаға қатысу тиімділігі, бюджеттік
тиімділік).
Лизингілік қаржыландыруды таңдағанда ең маңыздысы лизингілік төлем
болып есептеледі.Төлем нысандарының келесі түрлері бар: ақшалай, өтемдік,
аралас.
Жалпы лизингтік төлемдер сомасынының құрамына келесілер кіреді:
лизинг мүлкінің толық өтеу сомасы, яғни шарттың бүкіл әрекет жасау
уақытындағы лизинг шарты бойынша амортизациялық аударым;
лизингі берушінің мүлікті сатып алуға алынған несие үшін төленетін сомасы
(негізгі борыш және оған байланысты пайыз);
лизингі берушіге арналған коммисиондық сыйақы;
лизингі берушінің лизингі мүлкін сатып алғанда төлейтін қосымша құннан
алынатын салық.
Лизингі алушыларға лизингілік операциялардың тиімділігін бағалаудың
басты өлшемдері(критерий) болып саналады:
лизингі алушының лизингілік операцияны қаржыландырғаны үшін лизингі
берушіге төлем пайызы (қаржыландыру мөлшерлемесі);
мүлікті сатып алуды қаржыландырудың басқа балама нұсқаларымен саыстырғанда
лизингтік келісімшарт бойынша төленетін жалпы сомасы, мысалы, банк
несиесімен салыстырғанда;
лизинг өтемділігінің уақыты;
көрсеткіштердің кешенді жүйесі.
Лизинг құны тек салықтық жеңілдік болған жағдайда ғана қарыз құнынан
төмен, не соған тең болады. Сондықтан, жай жалгерлік және несиемен
салыстырғанда лизингті пайдаланудың тартымдылығына әр-түрлі факторлар әсер
етеді. Не жақсы – лизингпе әлде несиеме – бұл әр әдіске ақша қаражатының
құйылу құрылымына және балама шығындарға байланысты. Қазіргі уақытта
негізгі өндіріс құрал-жабдықтарын ауыстыру шешімінде жабдықтарды несиеден
гөрі лизингке алған тиімді.Бұл жағдайда,кәсіпорын несиемен салыстырғанда

бүкіл лизинг уақытында (1-5ж.аралығы) мүлік құнының 10% дейінгі қаражатын
үнемдей алады.
Лизингке беруші лизинг алушыға негізгі капитал элементтерін
келісімшартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлем ақымен бере
отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық,
төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ, басқа жағынан алып қарағанда
лизингке беруші ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс
істейді. Бұл жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және
лизингтің халық шарушылығындағы мәнін жоғарлатады.
Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тиым салынған негізгі
құралдардың жіктелуіне жататын кез-келген жылжымалы және жылжымайтын
мүліктер болып табылады.
Қаржылық лизинг туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы
қағаздар және табиғи ресурстардан басқа кәсіпкерлік қызмет үшін
пайдаланатын кез-келген тұтылмайтын заттар келісімшарттың негізі болып
саналалады.
Кез-келген лизингтік келісімнің негізі қаржылық, нақты айтқанда несиелік
операция болып табылады. Мүлік иесі оны пайдаланушыға қаржылық қызмет
қызмет көрсетеді. Ол мүлікті толық құнына сатып алады және лизингке
алушының жарнамалары есебінен ол соманың орнын толтырады. Осы тұрғыдан алып
қарағанда, лизингтің экономикалық мәні-ол мүлікті уақытша пайдалануға беру
формасындағы лизинг берушінің лизинг алушыға берген несиесі.
Сонымен, лизинг сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен ұқсас, бірақ
екеуінің арасында өзгешеліктер бар. Бұл өзгешелік ең алдымен меншік
қатынастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген меншік
құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінге шегеріледі.
Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны иелену
құқығынан алшақтандырады, яғни, уақытша пайдаланға берілген меншік құқығы
лизингке берушіде сақталады, ал оны пайдалану құқығы лизинг алушыға өтеді.
Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы лизинг берушіге алдын-ала
келісілген лизингтік төлемдер төлейді. Лизингтік келісімшарт мерзімі
аяқталғаннан кейін уақытша пайдалануға берілген объект лизинг берушінің
меншігінде.
Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында
өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі.
Келісімшарт мерзімі аяқталған соң келісім объектісі лизинг берушіге заттай
формада қайтарылады. Лизингтік келісім компенсациялық сипатта да болуы
мүмкін. Мұндай жағдайда лизингтік төлемдер жалға алынған құралдардың
көмегімен өндірілген өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін. Сонымен,
қаржылық лизинг банктік несиелеудің альтернативті болып табылатын күрделі
қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы.Ол өндірісті компанияларға көп шығын
жұмсамай-ақ қажетті тауарлар алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың
ескеруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни,
лизинг – уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешені. Бұл
кешеннің құрамына жалға беру туралы келісімшартпен бірге, мүлікті сатып алу
туралы келісімшартта кіреді.
Лизинг объектісін сатушылар үшін оның артықшылықтарын мыналардан көруге
болады:
* лизингтің көмегімен сату жолдарын ұлғайту мүмкіндіктері;
* лизингті сатушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресте жеңісті
қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі;
* дайын өнімдер запасын азайту жолы және капиталдың айналымын жылдамдату
мүмкіндігі;
* лизинг берушілердің тәуекелдігі төмен. Себебі, лизинг объектісі келісімге
кепіл болады. Яғни, лизинг беруші лизингке берілген мүлікке меншік құқығын
сақтайды;
* өндіріс салаларына мемлекеттік қолдау болған жағдайда отандық бюджет
қаражаттарын тарту;
* көрсеткен қызметтері үшін белгілі бір мөлшерде пайда табады.
Лизингтік келісімге қатысушылардың тағы бір тобы – лизинг алушылар
болып табылады. Олар үшін тиімділік неғұрлым сезімтал болуы қажет, ондай
болмаған жағдайда лизинг процесі өзінің тартымдылығын жояды. Ондай
тиімділікке мыналарды жатқызуға болады:
* мүлік лизинг берушінің балансында болғандықтан лизинг алушы мүлікке
салынатын салықтан босатылады. Лизинг объектісінің жеделдетілген
амортизациясының пайдалануы оған өндірісті жедел түрде жаңартуға, қайта
құруға мүмкіндіктер береді;
* маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелерді шешудің жеделдігі;
* келісімді қамтамасыз етудің тиімділігі. Себебі, лизингтік мүлік кепіл
ретінде алынатын болғандықтан несие алғаннан гөрі мүліктерді лизинг бойынша
алу ыңғайлы;
* кіші және орта фирмалар үшін лизинг қаржыландырудың мүмкін болатын жалғыз
әдісі;
* лизинг алушы үшін мүліктердің табиғи және моральдық тозу
тәуекелдіктерінің азаюы. Мұндай тәуекелдіктер мүліктер уақытша пайдалануға
алатын болғандықтан лизинг берушіге өтеді.

II ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАР

1. Лизингтік қатынастардың қалыптасуының негіздері

Лизингтік қатынастар жақын уақыт аралығында пайда болған, бірақ
коммерциялык қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтары мен тиімділіктерінің әсерінен өте кең таралған қатынастар
қатарына жататындықтан, осы мәселенің теориялық негіздері қазіргі
экономикалык ғылымдардың неғұрлым көп қырлы бағыттарының бірі болып
табылады. Лизингтік қатынастардың теориялық негіздері бойынша белгілі-бір
нәтижеге, оның экономикалык мәнін дұрыс түсіну және ішкі қозғалысы мен даму
заңдылықтарындағы қарама-қайшылықтарын айқындау алғы-шарттардың бірі.
Австриялық экономист В. Хойердің тұжырымдамасы бойынша лизинг туралы
түсінік оған деген көзкарастардың әртүрлі болуына байланысты өзіне бірден
жол аша алған жоқ. Бірақ қаржыландырудың басқа нысандарымен салыстыру
кезінде қол жеткізілген жақсы нәтижелер және лизингтік қатынастардың
артықшылықтары туралы белсенді түрде жүргізілген насихаттар оған
экономикадағы тануды қамтамасыз етті.
Дипломдык жұмыста біз лизингтік қатынастарға көп жақтылық тән деп
тұжырымдаған ғалымдардың көзқарастары лизингтік қатынастардың экономикалык
мәнін ашуға неғұрлым жақын келген деген ойымызды білдіреміз. Лизингтік
қатынастардың көп жақтылықты екенін мынадан көруге болады: біріншіден,
лизингтік қатынастар лизингке алушы мен лизингке беруші үшін негізгі
капиталға қаражаттар салуды көрсетеді, сол арқылы оны инвестициялаумен
ұқсастыруга болады. Екіншіден, лизингтік қатынастардың қаржылык жағы
лизингке алушы үшін оны ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды несиелеу
нысаны, яғни дәстүрлі банктік несиенің альтернативі ретінде қарастыруға
мүмкіндіктер бередІ. Үшіншіден, лизингтік қатынастарды қаржыландыруды
ұйымдастыру нысаны бойынша лизингке алушы үшін оның сыртқы түрі бойынша
тауарлық несиемен ұқсас, себебі, лизинг тауарлық несие сиякты саудалық және
несиелік келісімдердің байланысын көрсетеді. Төртіншіден, лизингке беруші
мен коммерциялык банк арасында несиелІк қатынастар пайда болатындықтан,
лизингтік қатынастардың мәні дәстүрлі несиелік келісім ретінде көрінеді.
Міне, сондықтан да, осы аталған элементтердің барлығы өз беттерінше жеке
дара жұмыс істей алмайды, олар тек лизингтік қатынастардың күрделі
құрылымын көрсетететін біртұтас жиынтық ретінде ғана іске асырылады.
Сондықтан, лизингтік қатынастар - бұл лизинг объектілерін пайдаланушыларды
қажетті өндіріс құралдарымен дер кезінде және тиімді түрде қамтамасыз етуге
бағытталған жалға беру, несиелік, саудалық қатынастардың жиынтығы болып
табылатын кәсіпкерлік және инвестициялық кызметтердің бір түрі және
лизингке беруші мен лизингке алушының, сонымен бірге лизингке беруші мен
сатушының арасындағы серіктестік қатынастар.

Лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы олардың сипаттарындағы
сапалық өзгерістерге және лизингтік келісімдердің санының өсуіне
байланысты. Лизингтік қатынастардың даму кезеңдері 6-шы суретте
көрсетілген.

Сурет 6 - Әлемдік нарықтағы лизингтік қатынастардың даму кезеңдері

Әлемнің 59 мемлекеті бойынша статистикалық мәліметтер негізінде
лизингтік нарықтың негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы, қазіргі
уақытта лизингтік қатынастардың әлемнің шамамен барлық аумақтарында дамуда
деген қорытынды жасауға болады. Осыған байланысты, әлемнің көптеген
елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндсгі лизингтің алатын үлесіне
байланысты, лизингті иивестициялаудың болашағы бар бір нысаны деп толық
санау мүмкіндігі бар. Бірақ осы көрсеткіштің неғұрлым жоғары мөлшері
экономикалық даму деңгейлері жоғары елдерде (АҚШ, Батыс Еуропа елдері)
байқалатындықтан, экономиканың даму деңгейі лизингтік қатынастардың дамуы
үшін қажетті шарт болып табылады деп айтуға болады.

Жылдар аралығыКезеңдер аты Қысқаша сипаттама
аралыгы
] -кезең Пайда болу Алғашқы лизингтік компаниялар құрылды және
1989-1992 кезеңі кейбір коммерциялык банктер лизинглк
операцияларды аз көлемде іске асыра бастады.
II-кезең Баяулау Қазақстанньң ішкі нарығындағы экономикалық
1992-1994 кезеңі дағдарыстардың әсерінен лизингтік бизнестің
қарқыны баяулай бастады.
ІІІ-кезең Жандану, Лизингтік қатынастарды мемлекеттік қолдау
1995-2000 қайта даму және ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл
кезеңі кезеңді мемлекетік лизинг кезеңі деп те
атауға болады.
ІҮ-кезең Банктік Банктік лизинітік компаниялардың кұрылуымен
2000-2006 лизинг байланысты лизингтік қатынастар коммерциялық
кезеңі секторда өте тез қалыптасып, дами бастады.

Кесте 1- Қазақстандағы лизингтік қатынастардың қалыптасу және даму
кезеңдері.

Қоғамдағы және кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің деңгейіне
және елдегі лизинтік қатынастардың даму сатысына байланысты жалпы экономика
салаларындағы әртүрлі шаруашылық субъектілерінің арасындагы лизингтік
қатынастарды ұйымдастыру нысандарын анықтау мумкіндігі туады. Қазіргі
кездегі әлемдік лизингтік нарықтың дамуының негізгІ тендеңцияларын ескере
отырып, жалпы экономика салаларыидағы лизингтік қатынастарды үйымдастырудың
төрт негізгі нысаны бөліп қарастырылады. Олар: лизингтік қатынастарды
басқарудың өндірістік нысаны, лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар
арқылы басқару нысаны, лизингтік қатынастарды арнайы құрылган дербес
лизингтік компаниялар арқылы баскару нысаны, лизингтік қатынастарды
холдингтер құру арқылы басқару нысаны. Сондықтан еліміздегі лизингтік
қатынастар аясындагы болашағы бар нысандардың бірі лизингтік холдингтерді
құру сызбасы болып есептеледі. 2-ші суретте әртүрлі салаға маманданған
бірнеше компаниялардьң бірігуі нәтижесінде лизингтік холдингтерді тиімді
құрудың сызбасы көрсетілген.
Лизингтік холдинг
құру мүмкіндігі

Сурет 2-Лизингтік холдинг құру сызбасы
келісім-шарттар бекіту, қаржылық ағымдар,

материалдық ағымдар.

Лизингтік қатынастарды холдингтер құру арқылы ұйымдастыру лизингтік
операцияларды іске асырудағы уақытты үнемдеуге, жиынтық шығындарды азайтуға
және ірі көлемдегі операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.
Сондықтан да болашақта елімізде шетелдік инвестицияларды тарту жолымен
холдингтерді ұйымдастыру нысанын дамытудың қажеттілігі өте жоғары.
2.2 Лизингтік қатынастарды басқару: қазақстандық тәжірибе

Қазақстандық лизингтік қызметтер нарығының негізгі операторларын,
олардың қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік
лизингтік компания, коммерциялық банктердің еншілес лизингтік компаниялары,
құрылғылардың белгілі-бір түріне маманданған лизингтік компаниялар және
аймақтық лизингтік компаниялар болып бөлінеді. Мемлекеттік лизингтік
компания тобына "ҚазАгроҚаржы" АҚ лизингтік компаниясын жатқызуға болады.
Себебі, бұл компания республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын жалғыз
компания және ол ҚР-ның аграрлық секторындагы лизингтік қатынастарды дамыту
бойынша ауыл шаруашылық министрлігінің операторы болып табылады. Бүгінгі
күні компаиияның Қазақстандағы лизингтік кызметтер нарығындағы үлесі 53,8%
құрап отыр. ҚР-ның нарығында белсенді түрде жұмыс істеп жатқан лизингтік
компаниялардыц 44,4% коммерциялық банктердің еншілес кұрылымдары кұрап
отыр. Олардыц санының көбеюіне ҚР-ның Қаржылық лизинг туралы заңына
банктік лизинг деген түсініктің енгізілуі қолайлы әсер етті. Бұлар,
бүгінгі күні стандартты лизингтік кызметтерді кез-келген салаға көрсетуге
маманданған әмбебап компаниялар болып табылады. Құрылғылардың белгілі-бір
түріне маманданған лизингтік компаниялар халык шаруашылыгының белгілі-бір
саласына маманданып жұмыс істейді.Еліміздегі салалық лизингтік компаниялар
көбінесе, ауыл шаруашылық техникалары мен автокөліктерді лизингке беруге
маманданған. Бұны негізгі қорлардың осы түрлерінің нарықтағы
өтімділіктерінің өте жоғары болуымен түсіндіруге болады. Аймақтық лизингтік
компаниялар белгілі-бір аймақтарға ғана лизингтік қызметтер көрсетумен
айналысады. Болашақта осы аймақтык лизингтік компанияларды кластерлер
жүйесінің бір құрылымы ретінде дамытудың маңыздылығы бар деп есептеуге
болады.
Елімізде жұмыс істеп жатқан лизинітік компанияларда соңғы екі жылда
бекітілген лизингтік келісімдердің жалпы құнының бір шама өскендігін
байқатады. Статистикалык мәліметтерге сүйенсек, 2002 жылы ҚР-да бекітілген
лизингтік келісімдердің жалпы құны шамамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтің отандық нарықтағы даму жолдары
Қазақстандағы лизингті жетілдіру
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
Банктік лизинг кезеңі
Қазақстан Республикасындағы белсенді лизингтік компаниялар
Қазақстан Республикасындағы лизинг
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету
Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
Лизингтің мәні және экономикадағы ролі
Пәндер