Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Мелекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары ... ... ...
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы ... .

2. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІШКІ САЯСАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ.

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Облыстағы оқу орындарының ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ БАҒЫТТАРЫ.

3.1 Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау ... ... ...
3.2 Оқу орындағы келеңсіздіктерді тиімді шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ.

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?
Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз: қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. Дәл осы тұста оқырман назарын мынаған аудара кеткім келеді: XX ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған XXI ғ. - бүгінгі таңдағы жастар арасында, жер мен көктей демей-ақ қояйын, бірақ елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырады.
Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы жастар ''жарқын болашақ" - коммунизмді орнату идеясына алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртұтас құндылықтың негізі мықтап орныққан-ды. Дәлірек айтқанда, ол заманда жас ұрпақтың рухани әлемі еңбек үстінде қалыптасты. Ұжымдық өмір қауымдастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы еңбек жағдайында жүзеге асты.
Бір жағынан, жастардың алдыңғы қатарлы отряды, анағұрлым белсенді және саналы бөлігі комсомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік тұрғыдан енжар, әлі ұйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім жеткіншектер ержетіп келе жатты.. Ал әлгі енжар, сүлесоқ жастардың тұрақты қоғамдык тапсырмасы болмайтын және олар үшін қоғамдық-саяси өмірдің, бары да, жоғы да бірдей еді. Сол жылдардағы жастар өздерінің еңбегі неғұрлым жемісті болса, соғұрлым жақсы өмір сүретіндіктерін жанымен ұғынатын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты
туралы заңы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар
саясаты туралы тұжырымдамасы.
3. Айнүр Ілиясқызы. "Өз күніңді өзің көр..." //
Алтын орда 11.10. 2002ж, №23.
4. Нұридін Балқия. "Білім жолындағы жастарға-бір ауыз сөз"//
Оңтүстік Қазақстан. №12,2.02.2002ж.
5. Ыспандияр Ақайұлы. "Бұл-күрделі іс, бірақ шешілетін іс"//
Түркістан №10.11.04.2005Ж.
6. Раушан Баударбек. "Дерт дендеп, делбешіні ауыстырдық..."//
Шымкент келбеты, №45,13.08.2004ж.
7. Динара Мыңжасарқызы. ""Болашақтан"үміткерледің бақталасы"//
Жас алаш, №25,12.10.2007.
8. А. Дадабаев. "Студенттер 50 пайыздық жеңілдікпен жүретін болды"// Жастар дауысы №3,12.05.2003ж.
9. Қалиолла Маджанов. " Жастар мәселесі" //
Рухани Қазына №34(48) 15 мамыр 2007ж.
10. Рахат Қыстаубаева. "Бізге жанып тұрған жастар керек" //
Оңтүстік Қазақстан №183-184, 2 желтоқсан, 2006ж.
11.Ақмарал Әбдезова. "Әркім ақылы жеткенше армандайды"//
Жас Алаш №140. 22 Қараша 2003.
12. М. Сатаева "Ел Жастарды ұмытты" //
Алтын орда №16(222) 23 сәуір-29 сәуір 2004ж.
13. Гулбиғаш Омарона ""Болашақтың "қызьнын батыс көріп отыр" // Түркістан. №75,08.03.2004Ж.
14. Ғаділбек Әкімов "Жастар-ХХІ ғасырдың басты кейіпкерлері" //
Жас алаш.
№ 185,06.08.2000ж.
15. Серік Талғатұлы "Жастар-саяси қолшоқпар ма, әлде дербес саяси күш пе" // Түркістан. №170,25.11.2003ж.
16. Есенгүл Көпқызы "Білім-ұлтқа қызмет етуі керек"//
Түркістан. №180,30.08.2005ж.
17. Роза Әлқожа "Жеті жастан жетпіс жасқа дейін ілім үйрен"//
Ақ жол №05,5.02.04
18. Қырықбай Алдабергенов "Мәселе ушығып тұр..." //
Жас қазақ. №152,19.02. 2006ж.
19. Әзімбай Галм "Демократия құрбамы ұлттық құндылықтар ма?" // Жас қазақ. №14.12.05.2002ж.
20. Т. Дөрбетханұлы "Қазақ мәдениетінің дамытудың ерекшелігі мен болашағы"// Нөмір тақырыбы. № 13,28.12.2004ж.
21. Әнуарбек Бейсен "Басты нысап-Білім нысандары" //
Оңтүтік таңы. №07,26.02.07.
22. Кәмшат Әбілқызы "Жастар ұйымдары" //
Жас қазақ, №16,28.04.2006ж.
23. Нүрсейтов Даурен "Жастарға жағдай жасау" //
Түркістан, №7,18.03.2004ж.
24. Жамалбек Ақылбайұлы. "Болашақ бүгінен басталады" //
Егемен Қазақстан, №266, І5.09.2002Ж.
25. Гулбиғаш Омарова ""Болашақтың"болашағы" //
Түркістан, №09,25.02.2001ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Мелекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен
басымдықтары ... ... ...
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы ... .

2. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІШКІ САЯСАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ.

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге
асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Облыстағы оқу орындарының
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ
БАҒЫТТАРЫ.

3.1 Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
қолдау ... ... ...
3.2 Оқу орындағы келеңсіздіктерді тиімді
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

КІРІСПЕ.

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен
өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса,
өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға
түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама
құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары,
қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің
жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған
жоқ.
Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек,
егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын
кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке
қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі
күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей,
бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден
хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға
салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда
бармақ?
Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді
және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға
түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір
сүріп отырмыз: қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында
жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас
үшін таптырмайтын азыққа айналды. Дәл осы тұста оқырман назарын мынаған
аудара кеткім келеді: XX ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен
адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған XXI ғ. -
бүгінгі таңдағы жастар арасында, жер мен көктей демей-ақ қояйын, бірақ
елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырады.
Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші
жылдарындағы жастар ''жарқын болашақ" - коммунизмді орнату идеясына
алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты
айқындайтын біртұтас құндылықтың негізі мықтап орныққан-ды. Дәлірек
айтқанда, ол заманда жас ұрпақтың рухани әлемі еңбек үстінде
қалыптасты. Ұжымдық өмір қауымдастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі
сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы
еңбек жағдайында жүзеге асты.
Бір жағынан, жастардың алдыңғы қатарлы отряды, анағұрлым белсенді
және саналы бөлігі комсомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік
тұрғыдан енжар, әлі ұйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім
жеткіншектер ержетіп келе жатты.. Ал әлгі енжар, сүлесоқ жастардың
тұрақты қоғамдык тапсырмасы болмайтын және олар үшін қоғамдық-саяси
өмірдің, бары да, жоғы да бірдей еді. Сол жылдардағы жастар өздерінің
еңбегі неғұрлым жемісті болса, соғұрлым жақсы өмір сүретіндіктерін
жанымен ұғынатын.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі
мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын
жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық
жағдайларды жасау мен нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына
бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті
әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың
әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес
жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай
жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми
және білім беру процестеріне тарту.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру
мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі
басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:
• • жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын сақтау;
• • өркендеу мен жаңашылдық;
• • тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
• • жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына,
әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
• • жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары
ескерілетін сараланған көзқарас;
• • жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін,
соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім
балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей
қорғау және қолдау.
Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заң –намалық
және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан
ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті
қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи
сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда
бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-
қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз
ету.
2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен
қамтамасыз ету.
3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай
жасау.
4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу
жүйесін қалыптастыру.
6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан
Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық
актілерде бекітілген жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке
құқықтары мен бостандықтарын толықтануға негізделеді.
Заңда белгіленген тәртіптен тыс жас азаматтың қайсыбір
бостандықтары мен құқықтарына шектеулер енгізуге, өзге жастағы
азаматтар міндеттерімен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктеуге жол
берілмейді.
18 жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған тұлғалар мемлекетгің айырықша
қамқорлығында болуға тиіс. Бұл ретте мемлекет кәмілетке толмағандардың
жастығына орай өз әрекеттеріне толыққанды баға бере алмайтындығын,
мұның өзі олардың қосымша құқықтар мен заңдық жауапкершіліктер алу
мүмкіндіктерін шектейтіндігін басшылыққа алады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді
қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық Әділет
жүйесін (мамандандырылған соттар, жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу
орындары т.б.) қалыптастыру қажет. Атқарушы билік жүйесінің барлық
деңгейіндегі тиісті құрылымдар кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстың, бетімен кетушілік пен өзге де тәртіп бұзушылықтың алдын алу,
жетім балалардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жартыкеш
және сәтсіз отбасылардан шыққан балалардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау ауқымындағы кешенді шараларды үздіксіз жүзеге асырып отыруы
тиіс. Ювеналдық Әділеттің қалыптасуы, жастарға арналған әлеуметтік
қызмет мекемелерінің дамуы қоғам тұрақтылығын нығайтумен қатар, жастар
ортасындағы түрлі шиеленісті төмендетіп, қоғамның жастар арасындағы
құбылыстарға айтарлықтай белсенді ықпал етүіне мүмкіндік береді.
Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық
мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына
негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін
дарытуды көздейді.

БІЛІМ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕПІЛДІКТЕРМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту
саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың
меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен
жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу
ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын
өтеу орнынан оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа
шыққан әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын
жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде,
жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын
құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап
етеді.
Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың
жас мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін
арттыруда; оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен
өткізуде; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере
отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін мемлекеттік жүйені
дамытуда қосымша ынтаны кеңінен пайдаланатын болады.

Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы олардың шағын және
орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді, әсіресе,
фермерлерді, селолық өндірісшілерді оқыту мен қолдауды көздейді.
Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу саясатын,
аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу керек.
Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту
мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін
енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу
мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй
шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық
жағдай жасаудың барлық шараларын қолданатын болады. Оқушы жастарға
кәсіби бағыт беретін, қазіргі талаптарға сәйкес жастарды уақытша және
қосымша жұмыспен қамтитын жүйе жасалатын болады.

ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПТІК, РУХАНИ ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның
қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында
ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени
құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы
тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс
жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан
алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының
қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды
ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-
зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты
қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды
қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті
ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты
рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.
Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері,
тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау,
өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті
сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға
септігін тигізу қажет.
Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-
үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді
нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан
Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.
Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз
етуге, білімінің мектептерден, студенттік оқу мекемелерінен тыс
жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр,
кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу - әдіс-тәсілдемелік
құралдарын, көркем әдебиеттер шығару, оқу орындарын компьютерлендіру,
дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық
бағдарламаларын жасау, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір
салтын қалыптастыруға бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие
беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып-
үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін
болады.
Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде
оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса
маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасына діни-экстремистік
көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек.

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫ ҚОЛДАУ МЕН ШЫҢДАУ

Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму
мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасауды басшылыққа
алады.
Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту,
жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау жас таланттарды
қамқорлығына алған мекемелер мен кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға,
қайырымдылық қорларына, өзге де қорларға, жеке тұлғаларға экономикалық
жағынан қолдау көрсетуді, дарынды жастарға стипендиялар, жүлделер,
жәрдемақылар тағайындауды; жастардың шығармашылық, жаңашылдық қызметіне
мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Дарынды жастарды қолдау мен
дамытудың мемлекеттік саясаты елдегі жалпы адам ресурстарын дамытудағы
саясатпен қанаттас жүргізіледі.

ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛУ
ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау
жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды
қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру
мен соңыра толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады.
Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету женінде,
жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға
қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар
қолданады.
Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-
құқық түралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру
мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар
отрядтарын құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін
құқықтық тәрбие жәнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу
ұсынылады.
Қоғам мен мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз
санаттарына айрықша көңіл бөлінуге тиіс.
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру,
денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында,
мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік
жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық,
практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер
жүйесі ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан
қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл
қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық
көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге,
нашақорлықтан, токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен
адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған.
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін,
оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек
орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған
баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік
сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру
орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс
орталықтарын құруды кеңейтеді.

ЖАСТАР МЕН БАЛАЛАР БІРЛЕСТІКТЕРІН ДАМЫТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ

Мемлекет қызметі жастардың қоғамдық - саяси процестердегі рөлін
көтеруге, демократиялық, азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік
емес жастар мен балалар ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға
мүдделі.
Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын қолдау мен ынталандыру
демократиялық мәдениет деңгейін көтеруге, отаншылдық сезімін, жетекші
сапасын тәрбиелеуге жәрдемдеседі, жастарды әлеуметтендіру процесіне оң
ықпал жасайды. Тек қоғамдық ұйымдар жүйесінде ғана жас ұрпақтың
экономикалық, жаңашылдық, шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруы ушін
барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады.
Қолданыстағы заңдарда балалар мен жастар бірлестіктерін мемлекеттік
қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық қызметтің айрықша түрлерінің
ұйымдары ретінде жастар мен балалар бірлестіктерінің мәртебесі
айқындалатын болады.
Барлық жастар және балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең
мүмкіндіктерге ие. Балалар және жастар бірлестіктеріне мектептердің,
мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй-жайлары, спорттық
және өзге де құрылымдар берілуге тиіс.
Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін шараларды
қаржыландыруда жастардың әлеуметтік жағынан аса маңызды қоғамдық
бастамаларына басымдық берілетін болады.
Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды
халықаралық жастар ынтымақтастығына, халықаралық жастар алмасуына
енгізуді көздейді.
Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын дамыту және көтермелеу
үшін өкілетті орган жанынан Жастар ұйымдарының кеңесін құру жөн болады.

1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ТУРАЛЫ
ЗАҢЫ.

Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз
жасқа дейінгі азаматтары;
2) жас отбасы - ерлі-зайыптылардың екеуі де жиырма тоғыз жасқа
толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі, соның
ішінде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесір әйел) балаларды (баланы)
тәрбиелейтін толық емес отбасы;
3) мемлекеттік жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және
жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси,
ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым - жастар тіршілігін
қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар),
сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды
тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу, дене тәрбиесі, рухани және имандылық
жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі;
5) жастарға арналған әлеуметтік қызметтер - жастарға медициналық,
психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек
көрсету, олардың әлеуметтік бейімделуіне және оңалуына жәрдемдесу
жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
6) жастар ұйымы - негізгі мақсаты әлеуметтік, мәдени, білім беру
міндеттерін және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға
бағытталған өзге де міндеттерді шешу, рухани және өзге де
қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын, мүшелері (қатысушылары)
жастар өкілдері болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы),
қор, сондай-ақ қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес,
мемлекеттік емес ұйым;
7) жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі
-уәкілетті орган) - берілген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік жастар
саясатын үйлестіруді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы
орган.

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы
заңдары

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.

3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары, міндеттері және
принциптері

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың
рүхани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін
дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, үйымдастырушылық
жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың
шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының
міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру болып
табылады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:
1) ерекше әлеуметтік - демографиялық топ ретінде жастардың
мүдделері мен; қажеттіліктерін тану;
2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының
басымдылығы;
3) тән саулығын сақтау және нығайту;
4) адамгершілік және рухани даму;
5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
6) азаматтықты қалыптастыру;
7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру;
8) жастардың проблемаларын шешудегі жүйелілік пен кешенділік;
9) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға
жастардың тікелей қатысуы принциптеріне негізделеді.

4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік
жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік жастар саясатын әзірлейді;
2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды бекітеді
және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органның функцияларын, өкілеттігі мен құрылымын
бекітеді;,
4) мемлекеттік жастар саясаты саласында нормативтік құқықтық
актілерді қабылдайды;
5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-
кеңесші органын құрады.
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы
органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметін
үйлестіреді;
3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды
әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
4) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді әзірлейді;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясаты саласында
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті
ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар
саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органының
қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Өзге орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды
әзірлейді және іске асырады;
3) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді әзірлейді.
4. Жергілікті өкілді атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:

5. жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының
мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жай-күйі туралы есептерін
тыңдайды.

Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:

1) өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз
етеді;
2) жастар саясатының өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады
және оларды қаржылаи қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3) өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі
консультациялық-кеңесші органдарын құрады және олардың қызметін
қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі
бағыттары

5-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі
бағыттары:
1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы
кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
4 ) жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;
5) жастардың тегін орта білім алуына консультациялық құқығын іске
асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай
жасауды қамтамасыз ету;
7) балалар үйлерінің мүгедек және тәрбиеленуші жастарының құқықтары
мен әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету;
8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін
жағдай жасауды қамтамасыз ету;
9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту үшін жағдай
жасауды қамтамасыз ету;
10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың
салауатты өмір салтын қалыптастыру;
11) әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмекті
қамтамасыз ету;
12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшін жағдай жасауды
қамтамасыз ету;
13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;
14) жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;
15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып
табылады.

6-бап. Жастардың әлеуметтік құқықтары

Қазақстан Республикасында жастардың:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік
медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік оқу
орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға,
сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және
орта кәсіптік білім алуға;
3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша
жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-
ағарту ұйымдарына баруға;
4) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру
ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін
қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан
орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру
тапсырысы негізінде оқитындар үшін қала аралық темір жол және
автомобиль көлігінде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар
кезеңінде жеңілдікпен жүруге;
6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ
отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар
түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен
босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған, мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмаған адамдарға арналған
арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлық,
құмарлық, маскүнемдік дертінен емделуден өткен адамдарды, адамның
иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды
оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алуға;
8) білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім гранты бойынша
оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
мөлшерде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік стипендия алуға;
9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кәсіби білім ақысын
төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетін сатып алуға
жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге мемлекеттік білім кредиті мен
студенттік кредитті алуға әлеуметтік құқықтары бар;
10) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін кәсіптік
орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына ауылдың
(селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар
бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.

7-бап. Жастардың саяси кұқықтары мен бостандықтары

Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан
Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде
көзделген Орталық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады.

8-бап. Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы
кепілдіктері, олардың тұрғын үй проблемаларын шешуге жәрдемдесу

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты еңбек
және жұмыспен қамту саласында:

1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту;
2) жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу және іске
асыру;
3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық
субъектілерінің қызметін ұйымдастырушылық жағынан қолдау;
4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес
жастардың еңбек бірлестіктерін құру және қызметін ұйымдастыру, соның
ішінде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы
жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының жастарына:
1) жұмысқа орналасуға, кәсіби даярлануға, біліктілігін арттыруға
жәрдемдесуге;
2) мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің
үлесі елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;
3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта
даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде
дистанциялық оқыту арқылы қол жеткізуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге
кепілдіктер беріледі.
3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
колдау

1. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты
қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен
реттеледі.
2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсіпкерлік қызметін
әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау
жөніндегі шаралар жүйесін белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік қолдауды
пайдаланатын тұлғаларға:
1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жастар;
2) жастар ұйымдастырған шаруа (фермер) қожалықтары;
3) қызметкерлерінің жалпы санының кемінде жетпіс процентін
өздерінің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар
жатады.
4. Жастардың кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау:
1) бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу
орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беруді іске
асыратын оқу орындарының оқу-өндірістік базасында жастардың кәсіпкерлік
қызметін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және
жергілікті атқарушы органдарының жәрдемдесуі;
2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған
топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту;
3) жастарға кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту, шарт негізінде оқу
орындары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
4) жастар кәсіпкерлігін қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
5) белгілі бір жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға
келісімдер жасасу мақсатында мемлекеттік органдардың осы баптың 3-
тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекет жастардың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен
техниканың, мәдениет пен өнердің, білім берудің, денсаулық сақтаудың
түрлі салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ
халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге жәрдемдесетін кәсіпкерлерді
көтермелейді.

10-6ап. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау

1. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау мақсатында орталық және
жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді,
бекітеді, іске асырады.
Жас отбасыларын мемлекеттік қолдау саласындағы салалық және өңірлік
бағдарламаларды қалыптастыру мен іске асыру жас отбасыларына қатысты
мемлекеттік қолдау шаралары белгіленетін олардың әлеуметтік
қажеттіліктерін талдау негізінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық даму болжамына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған шаралар жас отбасыларына әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиісті
білім беру, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық,
ақпараттық, консультациялық, соның ішінде балалардың денсаулығын
сақтауды, оларды тәрбиелеуді және дамытуды, жастлрды әлеуметтік
қорғауды, бейімдеуді және оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да
қызметтер көрсетуге бағытталған.
2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында
мемлекеттік қолдау:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына
жеңілдікті кредиттер беру;
2) оқу орнының әкімшілігімен келісім бойынша студенттер мен
оқушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшін оқу
сабақтарына еркін қатысуға, баланың бір жарым жасқа толуы кезеңіне
академиялық демалыс алуға құқық беру;
3) отбасылық өмірдің проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-
педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелері бойынша консультация
беру жүйесін дамыту;
4) әлеуметтік қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын
коммерциялық емес ұйымдардың жүйесін дамыту;
5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын
ұйымдастыру жүйесін сақтау және дамыту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жас
отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру
ұйымдарында оқу кезеңінде білім беру ұйымының жатақханасында бөлмелік
үлгідегі тұрғын үй-жай беру;
7) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін дамыту арқылы
жүзеге асырылады.

11-бап. Талантты жастардың мемлекеттік колдау

1. Қоғамның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сақтау және
дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлерінің
сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жастардың талантты және дарынды
өкілдерін қолдау және олардың жемісті қызметі үшін жағдайлар жасау
жөніндегі шаралар жүйесі жүзеге асырылады.
2. Талантты жастарды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республика-
сының мемлекеттік органдары көрсетеді және ол:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
талантты жастар үшін сыйлықақылар, стипендиялар белгілеу, мемлекеттік
білім гранттары мен мемлекеттік білім кредиттерін беру;
2) ғылымның, мәдениет пен өнердің аса көрнекті қайраткерлерінің
шығармашылық шеберханаларын, мектептері мен бірлестіктерін құруға
жәрдемдесу;
3) жалпы білім беретін мектептерде спорт секциялары мен
шығармашылық үйірмелердің қызметін ұйымдастыру;
4) аса дарынды және талантты жастарды анықтау жөніндегі
орталықтарды құру және дамыту;
5) жастардың шығармашылық жетістіктерін анықтау және тарату
мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер,
симпозиумдар, оқулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және
өткізу арқылы, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру;
6) дарынды және талантты жастардың шетелдердің білім беру және
ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқыту, қайта даярлау және тағылымдамадан өту
бағдарламаларына конкурстық негізде қол жеткізуін қамтамасыз ету;
7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргізу үшін жас ғалымдарға, мәдениет,
өнер мен білім қайраткерлеріне жағдайлар жасау, жас ғалымдардың
әзірлемелерін нақты қолданысқа енгізуге жәрдемдесу, сондай-ақ жастар
арасынан шыққан зияткерлік кадр ресурстарын сақтау және дамыту;
8) спорт мектептерінің, клубтарының желісін дамыту, спортта дарынды
жас спортшыларды қолдау, жастар арасында спорт жарыстарын өткізу;
9) талантты жастарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғаларды
моральдық көтермелеу арқылы жүзеге асырылады.

12-бап. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары халықаралық
жастар ынтымақтастығына:
1) халықаралық жастар алмасулары туралы келісімдерді жасасу және
іске асыру, жастарды халықаралық бағдарламалар жүйесіне енгізу;
2) жастардың халықаралық ынтымақтастығы саласында халықаралық
жастар алмасуларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ақпаратты
алуға, құжаттарды әзірлеуге және әріптестерді іріктеуге көмек көрсету
жолымен жәрдем көрсетеді.

2. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу Қазақстан
Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.

3-тарау.
Мемлекеттік жастар саясатын калыптастырү және іске асыру

13-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржымен қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты:
1) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарналары;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де
көздер есебінен қаржыландырылады.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттерде мемлекеттік жастар
саясатын іске асыру үшін жыл сайын қаражат көзделеді.
Қаржы қаражатының есептік көлемі Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды
іске асыру үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстарды есепке
ала отырып айқындалады.
3. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберіндегі Іс-шараларды
қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.

14-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын
қалыптастыруға және іске асыруға жасгардың қатысуы

1. Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын
қалыптастыруға және жүргізуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды
іске асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау,
жастар үйымдарының аталған органдармен өзара іс-қимыл жасауы арқылы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де
нысандарда қатысады.
2. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнінде жастардың,
жастар ұйымдарының мемлекеттік органдарға енгізетін ұсыныстарын
мемлекеттік органдар өз өкілеттіктеріне сәйкес және Қазақстан
Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды.
Егер аталған ұсыныстарды қарау үшін қаржы қаражатының есебі,
ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзірлеу қажет болған жағдайда
мемлекеттік органдар ақпараттық көмекті жүзеге асырады және аталған
ұсыныстарды енгізген жастар мен жастар ұйымдарының уәкілетті
өкілдерімен консультациялар жүргізеді.
3. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру саласында консультациялар
мен іс-қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен
тартуға құқылы.
Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік
және өңірлік бағдарламалардың іс-шаралар жоспарлары шеңберінде белгілі
бір жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік
органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік
жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық – кеңесші
органдардың құрамына кіруге құқылы. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін
консультациялық-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
4. Жастарды мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске
асыруға тарту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының
жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, екі жылда кемінде бір рет жалпы
республикалық Қазақстан жастары форумын -Қазақстан Республикасының
жастары мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерінің форумын шақырады.
Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын өткізу тәртібі,
өкілдік нормалары уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі
консультациялық-кеңесші органының ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін жалпы республикалық Қазақстан жастары
форумы туралы ережемен белгіленеді.
5. Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы өз құзыреті шегінде
жастарға үндеу қабылдай алады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру түралы ұсынымдар әзірлей
алады.

15-бап. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер

1. Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында
әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
2. Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
1. психологиялық - педагогикалық, медициналық - әлеуметтік, заңдық
көмекті жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар
өкілдеріне консультациялар беру;

2. өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз
жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
3) жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
4) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
5) мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз
және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
6) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған, сондай-ақ арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған
адамдарды, нашақорлықтан, құмарлықтан, маскүнемдіктен емдеуден өткен
адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен
ауыратын адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру (оңалту);
7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және
кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы
құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
8) жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін
ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын
ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да
функциялар;
9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына
жәрдемдесу болып табылады.
3. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарын қаржыландыру
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін көзделген мемлекеттік
бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында
тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік қызметтердің жастарға арнап мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметі шеңберінде көрсететін
әлеуметтік қызмет көрсетулері тегін ұсынылады.

16-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастәр саясатын
ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми негіздеу

1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, денсаулығын сақтауға, білім
алуға, әлеуметтік қызметке, кәсіптік бағдар алуға, жұмысқа орналасуға,
демалуға, әлеуметтік оңалуға, жас отбасыларын қолдауға құқықтарын іске
асыру мүмкіндіктері туралы, жастар ұйымдарымен ынтымақтастық нысандары
және Қазақстан Республикасындағы ічемлекеттік жастар саясаты
саласындағы басқа да құқықтарды іске асыру туралы жастарды хабардар ету
жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Бұл мақсатта жастарға арналған ақпараттық жүйелерді, ақпарат
орталықтарын құру арқылы жастарға ақпараттық қызмет көрсетуді кеңейту
үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі, бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдерімен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар жастарды, жастар ұйымдарын мемлекеттік жастар
саясатын іске асыру жөніндегі жоспарланатын және жүзеге асырылатын іс-
шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге
міндетті.
2. Мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының проблемалары бойынша
ғылыми-зерттеулер ұйымдастырады. Аталған зерттеулер ұзақ мерзімдік
негізде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жастар саясатты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды
әзірлеу кезінде ескерілетін міндетті шарт болып табылады.
3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты
саласындағы зерттеулердің нәтижелері негізінде уәкілетті орган жыл
сайын Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы
әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді және оны
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тиісті
шешімдер қабылдау үшін қарайды.

17-бап. Жастарға арналған әлеуметтік инфракұрылым

1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтік
инфрақұрылым объектілерінің арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату
туралы шешімдерді қабылдау тәртібі жастардың тіршілігін, білім алуы мен
тәрбиесін, дене тәрбиесін, рухани және имандылық жағынан дамуын
қамтамасыз ету үшін мұндай шешімдерді қабылдаудың салдарын тиісті
мемлекеттік органның немесе органдардың арнайы құрылған сараптама
комиссиясының бағалауы жөніндегі іс-шараларды көздейді.
3. Мемлекеттік меншік мүлкі болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы
немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым
объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлік
(соның ішінде жер учаскелері, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жабдық)
аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдаланылуы мүмкін.
Егер туындаған мән-жайларға байланысты аталған мүлікті жастарға
арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкін болмаса, оны өзге
мақсаттарда пайдалану туралы шешімді тиісті уәкілетті мемлекеттік орган
жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің шығынын өтеуге
бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.
4. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде
белгіленген тәртіппен жастар ұйымдарына үйлерді, ғимараттарды және
олардың жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де мүлікті
өтеусіз пайдалануға беруге құқылы.
5. Жастарға арналған мемлекеттің меншігіндегі әлеуметтік
инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеу тәртібі, оны материалдық және
қаржылай қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен
айқындалады.

Қорытынды ережелер

18-бап. Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазакстан Республикасының
заңдарын бұзғаны үшан жауаптылық

Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасы заңдарының
бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауапты болады.

19-бап. Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану

Осы Заң күшіне енген кезде қолданылатын Қазақстан Республикасының
заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол қолданысқа
енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде соған сәйкес келтірілуге тиіс.
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІШКІ САЯСАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ
ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕРДІ ШЕШУ

2.1 "Оңтүстік қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатының
жүзеге асырылуы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 акпандағы №113
қаулысымен "Оңтүстік Казақстан облысында жастар саясатын жүзеге
асырудың 2004-2005 жылдарға арнажан "Жастар" бағдарламасы" қабылданған.
Бағдарламаға облыстық бюджеттен "Өңірлік жастар саясатын жүргізу"
бюджеттік бағдарламасы бойынша 2004жылы-12 млн. теңге бөлінген болса,
2005 жылы - 17 млн. теңге, оның Ішінде іс-шаралар жоспарын жүзеге
асыруға 6 млн. 25 мың теңге (2004 жылмен салыстырғанда 1,4 есе өскен)
қаржы бөлінді. Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша 2004-2005 жылдарға
арналған бағдарламалар облысымыздын барлық аудандары мен қалаларында
қабылданып, қаражаты карастырыған.
2005 жшідын 2-ші жарты жылдығында "Оңтүстік Қазақстан облысында
жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының"
жобасын әзірлеуге барлық аудан, қалалардағы жас азаматтар белсене
қатысып, өз ұсыныстарын енгізді. Жоғары және орта арнаулы оқу
орындарында "дөңгелек үстелдер", кездесулер ұйымдастырыльш, жастардың
өздерінің катысуымен бағдарлама жобасына бірқатар өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген болатын
Жастар саясатын тиімді жүзеге асыру барысында облыс әкімі жанынан
кұрылған жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі Кеңес жұмыс істейді.
Облыстың барлық аудан, кала әкімдіктері жанынан жастармен жұмыс
жөніндегі кеңестері құрылған.
Әр түрлі мәселелер бойынша Кеңестің арнайы мәжілістері өттіліп,
жастар саясатын жүргізудің барысы, аудан, қалаларда атқарыльп отырған
жұмыстар сарапталып, талданып отырады.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті жанынан "Жастар
Орталығы" мемлекетгік коммуналдық қазыналық кәсіпорын жұмыс істейді.
Аталмыш кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны - 28. "Жастар Орғалығы"
МКҚК облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастармен жұмыс
жөніндегі комитеттерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, сонымен
қатар, оқу орындарындағы студентгік жатақханалармен, жастар қоғамдық
бірлестіктерімен, аудан, қалалардағы жастар саясатымен айналысушы
мемлекттік мекемелерімен үздіксіз байланыстар орнатып, жұмыстар
жүргізуде.
Обысымызда 2005 жылмен жұмыспен камту органдарына жұмыс іздеу
жөнінде 19 мың 949 азамат өтініш берген болса, оның 4 мың 892-сін
жастар құрайды. Жұмыс іздеп келген азаматтардың 14 мың 245-і тұрақты
жұмысқа орналастырылған. Жұмысқа орналасқандардың 3 мың 537-сін жастар
Жастар арасында жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпал ету мақсатында
білімді, жоғары кәсіби, белсенді жас азаматтарды мемлекетгік қызметке
тарта отырып, "Алтын қор" кадрлар резерві қүрылған болатын. Жыл сайын
жоғары оқу орын бастыларымен байланыса отырып. қоғамдык жұмысқа белсене
қатысушы, оқуда үздік студенттер туралы мәліметтер жинақталып отырады.
2004 жылы оқу орындары резерв құрамына 1 мыңға жуық студенттер ұсынып,
олардың ішінен 31-і іріктелініп алынған болатын. Қазіргі танда олардын
басым бөлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет жөніндегі
агентгігінің облыстық басқармасынан арнайы тесттен өтіп, мемлекетгік
қызмет жақсаруда. Қалғандары әр түрлі салалар бойынша түрлі мекемелерде
қызметте. 2005 жылы "Алтын қор" резервін жасақтау барысында мемлекеттік
қызметткерлерді даярлау орталығынан 60 студент арнайы курстан тегін
өтін, сертификаттармен қамтамасыз етілді. Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың қағидаттары
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Жұмыспен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік жастар саясатының теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін талдау
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Жастар саясаты туралы
Пәндер