Әл-Фарабидің педагогикалық-психологиялық көзқарастары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. ТАРАУ.ӘЛ.ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ГУМАНДЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫН ЗЕРТТЕУ.

1.1 Гуманизм . психологиялық. педагогикалық категория ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9

1.2 Әл.Фарабидің гумандылық көзқарастарын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

1.3 Әл.Фарабидің еңбек тәрбиесінің теориясын жасауы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22

1.4 Әл.Фарабидің ұстаздық шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2.ТАРАУ. ӘЛ.ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ.

2.1 Әл.Фараби еңбектеріндегі жалпы педагогикалық идеялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

2.2 Ғұламаның педагогикадағы оқыту теориясы мәселелері ... ... ... ... ... ... .. 40

2.3 Әл.Фараби еңбектеріндегі психологиялық идеялар ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64
К І Р І С П Е

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған./1/ Зерттеулерге қарағанда оқу-ағарту жүйесінің дамуы мен пайда болуы орта ғасырлар заманындағы ғұлама оқымысты,ұлы энциклопедист Әл-Фарабидің ғылыми мұраларымен тығыз байланысты.Оған американдық ғалым Николас Решердің еңбектері дәлел.Ол ұзақ ізденістің нәтижесінде 1962ж.ағылшын тілінде «Фарабидің аннотацияланған библиографиясы» деп аталатын Әл-Фарабиді зерттеулер үшін құнды кітап жариялады.Мұнда мың жыл бойы Әл-Фараби жөнінде кім не жазды,оның шығармалары қай тілге аударылды,оның мұрасы жайында алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жөнінде айтып,мәселелер қойылды.
Қоғамды гуманитарландыру жиырма бірінші ғасыр бастамасындағы өркениетті дамудың талабы.Гуманитарландырудың талабы, басты міндеті- тәрбие,білім беру,оқу-ағарту мен мәдениет кешендерін гуманистік бағдардағы адам тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады. Сондықтан Әл-Фарабидің мұрасындағы гуманизмді зерттеу қазіргі заман талабындағы көкейкесті мәселе.
Әбунасыр бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алады.Одан соң Хорасанға барады.Кейінірек білімін толықтыру мақсатымен сол кездегі мәдени орталық Бағдатқа кетеді.Ғылым- білімге құмартқан зерек шәкірт мұсылман бола- тұра «кәпірлерден» де сабақ алудан тайсалмайды.Мәселен, тәуіптік өнер мен логиканы христиан оқымыстысынан , жаратылыстану ғылымы мен грек тілін атақты аудармашыдан үйренеді.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше оқып игерген.Ол әсіресе , грек ғалымы мен философиясына , Аристотельдің бай мұрасына зер қойған.Осы жолда Әбунасыр шыдамдылық пен ыждағаттылық үлгісін көрсетеді.
Ол алғашқы кезде Бағдатта жұмыс істейді, кейіннен Дамаскіде, содан соң Аллеппода әмір Сайф әд-Дауланың қарамағында болды. Осы уақыттары да ол өз бетінше ғылыммен шұғылдануын тастамаған. Мәселен, бір әңгіме бойынша, ол Дамаскіде жүрген кезінде қала шетіндегі бау - бақшада қарауылдық қызмет атқарып, түнімен күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырағын жағып, ғылыми еңбектерін жазады екен. Фараби өте қарапайым, қанағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, жаман әдеттерден барынша аулақ жүруге тырысқан.
Ол өмірінің соңғы жылдарында Египетке барып қайтқан. Одан бұрынырақ өз Отаны — Түркістанға да ат ізін салған секілді. Кейбір мағлұмат бойынша, сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансур ибн Нұхтың өтінуі бойынша «екінші тәлім» (Ат - талим ас - сани) атты шығарма жазған. Фараби хиджра есебі бойынша 339 ж. раджаб айында (бізше 950 ж. декабрдің аяғы немесе 951 ж. январдың басы) Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша, оның денесі Дамаскінің «Баб ассағир» (Кіші дарбаза) зиратына қойылған. /1,75/.
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады:
1) орта ғасырлардағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Бейақи, ибн Сайид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус, т.б.);
2) Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л.Козегартен, Г.Зутер, Ф.Дитереци, К.Брокель, т.б.);
3) 20 ғ., әсіресе, Кеңес одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В.В.Бартольд, Е.Э.Бертельс, Б.Ғафуров, С.Н.Григорьян, В.П.Зубов, А.Сагадеев, Ю.Завадовский, түріктер А.Сайылы, Х.Үлкен, т.б.);
4) Қазақстан мен Орта Азия оқымысталары арқылы (Ә.Марғұлан, А.Машанов, О.Жәутіков, А.Қасымжанов, А.Көбесов, М.Бурабаев, Ә.Дербісалиев, Қ.Жарықбаев, М.Хайруллаев, т.б.). /3/.
Бабамыз Фараби мирасы біртіндеп игеріліп келеді. «Ештен кеш жақсы» дегендей, түрлі себептермен кешеуілдеп болса да, ұлы ғалымның мұрасы қазіргі қауымға, ұрпаққа жетіп, олардың рухани игілігіне айналуда.
Қоғамды гуманитарландыру XXI ғасыр бастамасындағы өркениетті дамудың талабы. Гуманитарландырудың талабы, міндеті – тәрбие, білім беру, оқу, ағарту мен мәдениет кешендерін гуманистік бағдардағы адам тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады.
Гуманизм идеясының өзіндік тарихи даму жолы бар. Ол ертедегі Шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Әл - Беруни, ибн - Сина, Ж. Баласағұн және т.б. еңбектерінен орын алып, гуманистік педагогиканың қалыптасып, дамуына негіз болды. Гуманистік педагогиканың негізін қалаушылар алыс және жақын шетел ғалымдары (Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоции, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т.б.), қазақ ағартушылары (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев), қазақ зиялылары (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов және т.б.) болды. Олар балалар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудың бастау көзі отбасы екендігін ерекше атап көрсетті. /4/.
Бүгінгі таңда гуманизм проблемалары педагогикалық процестің әр қырынан зерттелуде. Мәселен, ТМД ғалымдары Е. Е. Акопжанованың, Н. Ф. Бугаеваның, А. А. Сизыйдың және т.б. еңбектерінде оқушыларды оқу процесінде гумандыққа тәрбиелеу, Л. К. Бабаеваның, П. С. Дементьевтің және т.б. мектептегі тәрбие жұмысы арқылы гумандық қасиеттерді қалыптастыру, А. А. Даниловтың зерттеуінде гумандылықтың өнер бағыты, А. А. Гордееваның зерттеуінде гумандылықтың эстетикалық бағыты, И. В. Гребенниковтың, А. О. Пинттің, Ю. П. Азаровтың және т.б. отбасы тәрбиесінде гумандық қасиеттерді қалыптастыру мәселері қарастырылады.
Жоғары оқу орнындағы білім берудің гуманистік бағыты С. Е. Құрбанбаевтің, көп балалы отбасындағы гуманизм мәселелері М. О. Сангинованың еңбектерінде зерттеледі.
Қазақстан Республикасында отбасы тәрбиесіндегі гуманизм мәселері көптеген ғалымдар мектебінің зерттеу объектісі болып отыр. Атап айтсақ: А. А. Бисенбаева (оқу процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру арқылы гумандықты қалыптастыру мәселелері), С. А. Ұзақбаева (халықтық педагогика негізінде оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру), Т. С. Сабыров (мұғалімдердің оқу процесіндегі дидактикалық даярлығын қалыптастыру арқылы), Г. К. Нұрғалиева (гумандылықтың құндылық бағдар негізі), Н. Д. Хмель (тұтас педагогикалық процестегі гумандылық), Г. А. Уманов (қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы гумандық қасиеттерді қалыптастыру), Г. К. Байгелдинова, В. И. Лысенко, Б. Р. Айтмамбетова (отбасы тәрбиесіндегі гуманизм мәселері) және т.б. мектептері. /4,2/.
Гумандық қасиеттер көрінісі психологиялық тұрғыда да бірқатар ғалымдардың (Л. И. Божович, Н. Айғабулов, Қ. Жарықбаев т.б.) еңбектерінде қарастырылады.
Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру қазақ педагогтарының бүгінгі таңдағы негізгі мәселесі. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі таңында гумандық мәселелерді оқушы бойына дарытуға көптеген педагогтар ат салысуда. Солардың қатарында Қалыбекова А. А., Елубаев Р. С, Марченко О. И., Атемова Қ. Т т.б. еңбектерінде көрініс табуда.
Әл - Фарабидің гуманитарлық - педагогикалық мұрасы педагогика саласы бойынша әр - түрлі қырынан қаралып жүрген мәселелердің бірі. Оның сан -салалы шығармалары жайында жазылған еңбектері де, ол туралы айтылып келе жатқан пікірлер де баршылық.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Көбесов А.
«Әл – Фараби» Алматы «Қазақстан », 1971
2) Көбесов Ауданбек
«Әбу Насыр Әл – Фараби» Алматы – 2004
3) Көбесов А.
«Әл – Фарабидің ашылмаған әлемі» Алматы – 2002
4) Бейсенов А.
«Әл – Фарабидің тұжырымдары» // Ақиқат. – 2006. - № 6. -70 -73б
5) Әуелбеков Ә.
« Әл – Фараби - ұлы ұстаз ғұлама.»
// Оңтүстік Қазақстан. 2006. – 18 наурыз.
6) «Ұлттың ұлы ұстазы: (Әл – Фараби туралы)»
Егемен Қазақстан. 2003- 12 желтоқсан
7) « Әбу Насыр Әл – фараби» // Алдаспан. – 2003. - № 1-2.- 7 бет.
8) Медетбаев Т.С.
« Әл – Фарабидің әдеби - ғылыми мұрасы».
Автореферат». – Алматы, 1998 ж.
9) Қазақстан ұлттық энциклопедия
10) «Әл – Фараби», 1 том . Алматы, 1998 ж.
11) Қари Қ.
«Әл – Фараби еңбектері елге қайта ма?» // Жас қазақ. – 2006. -27 қазан. 9б.
12) Мұсаева Н.
«Шығыстың Аристотелі (Әл – Фараби туралы)»
// Оңтүстік Қазақстан. -2006. – 16 наурыз
13) Ещанова К.
«Әл – Фараби ұстаз психологиясы хақында»
// Оңтүстік Қазақстан. 1977, 10 желтоқсан
14) Жарықбаев Қ., Алытов Н.
«Әл – Фарабидің психологиялық көзқарастары хақында.»
// Оңтүстік Қазақстан., 1971, 9 июль.
15) Кенжебаев Т.
«Әбу Насыр Әл Фараби дидактика туралы»
// Ұлт тағлымы. -2002 ж. -№ 1 28 бет
16) «Адамзаттың бақытқа жетелейтін - ғылым».
(Әл – Фараби туылғанына 1130 жыл)
// Оңтүстік Қазақстан. – 2001. – 13 қазан 1 бет
17) « Әбу Насыр Әл – Фарабидің тәрбие және еңбек тәрбиесінің
теориясын жасауы.» // Ұлағат. – 1997. - №1
18) Көбесов А.
« Әл – Фараби мен Абай арасындағы тарихи- педагогикалық
сабақтастықтар.» // Ұлағат. -1996. -№1


19) Көбесов А.
« Әл- Фарабидің педагогика – психологилық пайымдаулары.»
// Ұлағат. -1995. -№1
20) Асанбай Асқаров
«Ұлы Тұранның Ұлдары.» Нұрлы әлем» Алматы-1998
21) Қ. Жарықбаев., С Қалиев
«Қазақ тәлім – тәрбиесі» Алматы, «Санат», 1995
22) Ә. Қоңыратбаев, Т. Қоңыратбаев
« Көне мәдениет жазбалары» Алматы «Қазақстан »
23) Қ. Жарықбаев
« Қазақ психологиясының тарихы» Алматы «Қазақстан»
24) Бурабаев М.
«О логическом учении Аль - Фараби» Алматы -1982
25) Адамбав Б.
« Халық даналығы». – Алматы : «Рауан», 1996
26) Қоңыратбаев Ә.
« Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқулық.» – Алматы : Санат, 1994
27) Жұмашев А.
« Бабалар мұрасының үлкені.» // Оңтүстік Қазақстан. – 2001ж. – 11
28) Мырзахметұлы Ш.
«Отырардан шыққан ұлы ойшыл»// Оңтүстік Қазақстан . – 2001ж.
29) Елшібай Ғ.
« Ұлылық ұлықталған күн.» // Шымкент келбеті – 2001 19 қазан
30) «Ұлы ұстаздың топырағын Отырарға әкеле жатыр.»
// Оңтүстік Қазақстан.- 2006. - №38. 14 наурыз. -1б
31) С. Бурабаев, Н.Х. Жалмухамедова, А.М. Кенисадин,
Г.Р. Коянбаева, Г.К. Курмангалиева
«Духовная наследие Аль- Фараби: история и
современность» Алматы – 2001.
32) Қ. Жарықбаев., С. Қалиев
« Қазақтың тәлімдік ой – пікірлер Антологиясы.» 1 том Алматы, 1994.
33) 88.4 /5к/ К.А. Оразбекова
О-65 «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашықтың
бастауы хақында» Алматы «Дәуір» 2000ж.
34) Машанов А.
« Әл – Фараби 870-1970.» – кітапта: тарихи деректер. 1971. -75-95б
35) Машанов А.
«Әл- Фараби 870-1970.» - кітапта: тарихи деректер. 1971. -75- 95б
36) Күмісбаев Ө «Отырар ойшылы және поэтика.» // Оңтүстік қазақстан.-
1987. -13 желтоқсан.3б
37 ) Көбесов А. «Әл – Фарабидің педогогикалық мұрасы. // Бастауыш мектеп. –
1995.-№1-2-36-44б
38) Әл –Фараби Әбу Насыр Мұхаммет. «Әлеуметтік – этикалық трактаттар.» Алматы: Ғылым, 1975

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1- ТАРАУ.ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ГУМАНДЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫН ЗЕРТТЕУ.

1.1 Гуманизм – психологиялық- педагогикалық категория
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9

1.2 Әл-Фарабидің гумандылық көзқарастарын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

1.3 Әл-Фарабидің еңбек тәрбиесінің теориясын
жасауы ... ... ... ... ... ... ... . ... . 22

1.4 Әл-Фарабидің ұстаздық
шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24

2-ТАРАУ. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ.

2.1 Әл-Фараби еңбектеріндегі жалпы педагогикалық
идеялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

2.2 Ғұламаның педагогикадағы оқыту теориясы
мәселелері ... ... ... ... ... ... . . 40

2.3 Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық
идеялар ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 64

К І Р І С П Е

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы
ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық
ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз
шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп
қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың
бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін
қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу
біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби
мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-
салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының
зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің
еліміздің рухани игілігіне айналуда.
Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен
мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім,
бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-
Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб
қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед иби
Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы
Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп
атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр
атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының
территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына
қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының
торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.1 

Зерттеулерге қарағанда оқу-ағарту
жүйесінің дамуы мен пайда болуы орта ғасырлар заманындағы ғұлама
оқымысты,ұлы энциклопедист Әл-Фарабидің ғылыми мұраларымен тығыз
байланысты.Оған американдық ғалым Николас Решердің еңбектері дәлел.Ол ұзақ
ізденістің нәтижесінде 1962ж.ағылшын тілінде Фарабидің аннотацияланған
библиографиясы деп аталатын Әл-Фарабиді зерттеулер үшін құнды кітап
жариялады.Мұнда мың жыл бойы Әл-Фараби жөнінде кім не жазды,оның
шығармалары қай тілге аударылды,оның мұрасы жайында алдағы уақытта қолға
алынатын жұмыстар жөнінде айтып,мәселелер қойылды.
Қоғамды гуманитарландыру жиырма бірінші ғасыр бастамасындағы өркениетті
дамудың талабы.Гуманитарландырудың талабы, басты міндеті- тәрбие,білім
беру,оқу-ағарту мен мәдениет кешендерін гуманистік бағдардағы адам
тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады. Сондықтан Әл-Фарабидің мұрасындағы
гуманизмді зерттеу қазіргі заман талабындағы көкейкесті мәселе.
Әбунасыр бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алады.Одан соң
Хорасанға барады.Кейінірек білімін толықтыру мақсатымен сол кездегі мәдени
орталық Бағдатқа кетеді.Ғылым- білімге құмартқан зерек шәкірт мұсылман бола-
тұра кәпірлерден де сабақ алудан тайсалмайды.Мәселен, тәуіптік өнер мен
логиканы христиан оқымыстысынан , жаратылыстану ғылымы мен грек тілін
атақты аудармашыдан үйренеді.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше оқып игерген.Ол әсіресе , грек
ғалымы мен философиясына , Аристотельдің бай мұрасына зер қойған.Осы жолда
Әбунасыр шыдамдылық пен ыждағаттылық үлгісін көрсетеді.
Ол алғашқы кезде Бағдатта жұмыс істейді, кейіннен Дамаскіде, содан соң
Аллеппода әмір Сайф әд-Дауланың қарамағында болды. Осы уақыттары да ол өз
бетінше ғылыммен шұғылдануын тастамаған. Мәселен, бір әңгіме бойынша, ол
Дамаскіде жүрген кезінде қала шетіндегі бау - бақшада қарауылдық қызмет
атқарып, түнімен күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырағын жағып, ғылыми
еңбектерін жазады екен. Фараби өте қарапайым, қанағатшыл кісі болған,
жұпыны киініп, жаман әдеттерден барынша аулақ жүруге тырысқан.
Ол өмірінің соңғы жылдарында Египетке барып қайтқан. Одан бұрынырақ өз
Отаны — Түркістанға да ат ізін салған секілді. Кейбір мағлұмат бойынша, сол
тұстағы Бұхардың әмірі Мансур ибн Нұхтың өтінуі бойынша екінші тәлім (Ат
- талим ас - сани) атты шығарма жазған. Фараби хиджра есебі бойынша 339 ж.
раджаб айында (бізше 950 ж. декабрдің аяғы немесе 951 ж. январдың басы)
Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша, оның денесі
Дамаскінің Баб ассағир (Кіші дарбаза) зиратына қойылған. 1,75.
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады:
1) орта ғасырлардағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар
арқылы (Ән-Надим, әл-Бейақи, ибн Сайид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике,
Камерариус, т.б.);
2) Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы
(Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л.Козегартен, Г.Зутер,
Ф.Дитереци, К.Брокель, т.б.);
3) 20 ғ., әсіресе, Кеңес одағы шығыстанушы ғалымдары
арқылы (В.В.Бартольд, Е.Э.Бертельс, Б.Ғафуров, С.Н.Григорьян, В.П.Зубов,
А.Сагадеев, Ю.Завадовский, түріктер А.Сайылы, Х.Үлкен, т.б.);
4) Қазақстан мен Орта Азия оқымысталары арқылы
(Ә.Марғұлан, А.Машанов, О.Жәутіков, А.Қасымжанов,
А.Көбесов, М.Бурабаев, Ә.Дербісалиев, Қ.Жарықбаев, М.Хайруллаев,
т.б.). 3.
Бабамыз Фараби мирасы біртіндеп игеріліп келеді. Ештен кеш жақсы
дегендей, түрлі себептермен кешеуілдеп болса да, ұлы ғалымның мұрасы
қазіргі қауымға, ұрпаққа жетіп, олардың рухани игілігіне айналуда.
Қоғамды гуманитарландыру XXI ғасыр бастамасындағы өркениетті дамудың
талабы. Гуманитарландырудың талабы, міндеті – тәрбие, білім беру, оқу,
ағарту мен мәдениет кешендерін гуманистік бағдардағы адам тәрбиесіне
жұмылдыру болып табылады.
Гуманизм идеясының өзіндік тарихи даму жолы бар. Ол ертедегі Шығыс
ойшылдары Әл - Фараби, Әл - Беруни, ибн - Сина, Ж. Баласағұн және т.б.
еңбектерінен орын алып, гуманистік педагогиканың қалыптасып, дамуына негіз
болды. Гуманистік педагогиканың негізін қалаушылар алыс және жақын шетел
ғалымдары (Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоции, К. Д. Ушинский,
А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т.б.), қазақ ағартушылары (Ш.
Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев), қазақ зиялылары (Ж. Аймауытов, М.
Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов және т.б.) болды. Олар балалар бойында
гумандық қасиеттерді қалыптастырудың бастау көзі отбасы екендігін ерекше
атап көрсетті. 4.

Бүгінгі таңда гуманизм проблемалары педагогикалық процестің әр қырынан
зерттелуде. Мәселен, ТМД ғалымдары Е. Е. Акопжанованың, Н. Ф. Бугаеваның,
А. А. Сизыйдың және т.б. еңбектерінде оқушыларды оқу процесінде гумандыққа
тәрбиелеу, Л. К. Бабаеваның, П. С. Дементьевтің және т.б. мектептегі
тәрбие жұмысы арқылы гумандық қасиеттерді қалыптастыру, А. А. Даниловтың
зерттеуінде гумандылықтың өнер бағыты, А. А. Гордееваның зерттеуінде
гумандылықтың эстетикалық бағыты, И. В. Гребенниковтың, А. О. Пинттің, Ю.
П. Азаровтың және т.б. отбасы тәрбиесінде гумандық қасиеттерді қалыптастыру
мәселері қарастырылады.
Жоғары оқу орнындағы білім берудің гуманистік бағыты С. Е. Құрбанбаевтің,
көп балалы отбасындағы гуманизм мәселелері М. О. Сангинованың еңбектерінде
зерттеледі.
Қазақстан Республикасында отбасы тәрбиесіндегі гуманизм мәселері
көптеген ғалымдар мектебінің зерттеу объектісі болып отыр. Атап айтсақ: А.
А. Бисенбаева (оқу процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру арқылы
гумандықты қалыптастыру мәселелері), С. А. Ұзақбаева (халықтық педагогика
негізінде оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру), Т. С.
Сабыров (мұғалімдердің оқу процесіндегі дидактикалық даярлығын қалыптастыру
арқылы), Г. К. Нұрғалиева (гумандылықтың құндылық бағдар негізі), Н. Д.
Хмель (тұтас педагогикалық процестегі гумандылық), Г. А. Уманов (қиын
балаларды қайта тәрбиелеу арқылы гумандық қасиеттерді қалыптастыру), Г. К.
Байгелдинова, В. И. Лысенко, Б. Р. Айтмамбетова (отбасы тәрбиесіндегі
гуманизм мәселері) және т.б. мектептері. 4,2.
Гумандық қасиеттер көрінісі психологиялық тұрғыда да бірқатар
ғалымдардың (Л. И. Божович, Н. Айғабулов, Қ. Жарықбаев т.б.) еңбектерінде
қарастырылады.
Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру қазақ
педагогтарының бүгінгі таңдағы негізгі мәселесі. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі
таңында гумандық мәселелерді оқушы бойына дарытуға көптеген педагогтар ат
салысуда. Солардың қатарында Қалыбекова А. А., Елубаев Р. С, Марченко О.
И., Атемова Қ. Т т.б. еңбектерінде көрініс табуда.
Әл - Фарабидің гуманитарлық - педагогикалық мұрасы педагогика саласы
бойынша әр - түрлі қырынан қаралып жүрген мәселелердің бірі. Оның сан
-салалы шығармалары жайында жазылған еңбектері де, ол туралы айтылып келе
жатқан пікірлер де баршылық.
Фараби мұрасын зерттеуші өзбек ғалымы М. М. Хайруллаевтың айтуынша,
ойшыл бабамыздың шығармаларын барынша толық тізімін, яки 160 еңбектің
атауын түрік ғалымы А. Атештің еңбектерінен табасыз. Әл - Фараби
трактаттарының қолжазбаларын Каир, Дамшық, Бейрут, Ыстамбұл, Лейден, Париж,
Мадрид, Лондон, Тегеран, Нью — Йорк және басқа да қалалардың
кітапханаларынан кездестіруге болады.5.
Бұлардың арасында Әріп кітабы, Субстанция туралы сөз, Заңдар жайлы
кітап, Логиканың қысқартылған үлкен кітабы, Филосифияны меңгеруге
дайындық, Физика негіздері, Птоломейдің Алмагеске түсіндірмелер,
Ғылымдардың классификациясы жайлы сөз, Ізгі қаланың тұрғындарының
көзқарастары туралы, Азаматтық саясат, Бақытқа жету

жайлы секілді еңбектері бар. Әл - Фараби мұрасын
зерттеумен шұғылданатын арнайы шығармашылық топ 1991 жылы
философия және саясаттану институты фарабитану бөлімі болып
аталса, қазір бұл бөлім фарабитану және Шығыс философиясы деп
аталады.6.
Қазақстанда, алыс-жақын шетелдерде Әл-Фарабидің энциклопедиялық
мұрасын игеру барысында философия және саясаттану институтының
қызметкерлері іске асырған жарияланымдардан бөлек тағы да бірқатар
монографиялар дүниеге келді. Олардың қатарында А. Көбесовтің Әл -Фарабидің
математикалық мұрасы (1974), С. Қ. Сатыбековтің Әл -Фарабидің
гуманизімі, Әл - Машанидің Әл - Фараби мен Абай (1990), Қ. Жарықбаевтің
Әл - Фарабидің психологиялық көзқарастары (1998) секілді еңбектері
бар.7.
Сонымен біз зерттеп отырған объектіміз Әл — Фараби мұрасына қатысты
болғандықтан, оның (870 - 950) IX ғасырда мұсылман дәуірінде өмір сүруінің
өзінен, Әл - Фарабидің мұрасы қазақ педагогикасы тарихына да ортақ
педагогикалық мұра деп тану мүмкіндігі бар. Оның мұрасының қазақ
педагогикасы тарихына қатысты өзіндік ортақ тарихи - ғылыми негіздерін атап
көрсетуге болады.
Ол белгілер: біріншіден, ол қазақ жерінде, Оңтүстік өңірінде Отырарда
түркілік отбасында дүниеге келген. Сондықтанда оның есіміне ат- түркі деген
үғым қосыла айтылады. Екіншіден, өз еңбектерін мұсылман дәуіріндегі ғылыми
(араб) тілде жазды. Өйткені Әл - Фараби өзінің мұрасын, яғни ол туған
елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдиниеттерінің жемістерін
бойына дарытып, соны әрі қарай дамытып, бүкіл адамзаттың игілігіне
айналдырды. Үшіншіден, оның мұрасын, педагогикасын, болмаса, бұрын - соңды
гуманитарлық мұрасы өз алдына зерттеліп көрген емес және қазіргі педагогика
тарихында немесе педагогика оқулықтарында сонау грек ойшылдары Сократ,
Платон, Аристотельдердің педагогикаға қосқан үлесі жазыла келіп,
гуманизмнің атасы Т.Мор деп өткен.Ал, Әл-Фарабидің ұлы гуманист, ұлы
педагог екенін таныту, оның әлем педагогикасы тарихынан орын алып,
өзіміздің төл тарихымызға еңгізу зерттеу жұмысының негізгі мақсаты.
Сонымен бірге біз зерттеп отырған оның мұрасы әр жерде әр түрлі
айтылып, әр қилы танылып келеді. Осыдан барып оның педагогикалық
гуманитарлық мәселесі жеткілікті түрде өз шешімін таба алмай отыр.
Жоғарыдағы проблема негізінде оқу құралдарын жасауда олардың
педагогикалық тиімділігін анықтау қажеттілігі туындайды.
Аталған проблемалар менің дипломдық жұмысыма арқау болды.
Зерттеудің мақсаты. Әл - Фараби еңбектеріндегі гумандылық ойлардың біртұтас
жүйесін түзу.
Зерттеу нысаны. Әл - Фараби еңбектеріндегі гумандылық ойлардың мазмұны.
Зерттеу пәні. Әл - Фараби еңбектеріндегі гумандылық
ойлардың құрылымы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Әл - Фарабидің ұлы ойшыл, гуманист
екендігін көрсетуге болады, егер:
- Орта ғасыр мұралары оқырманға анық жеткізіле білсе;
- Әл—Фараби еңбектерін зерттеу, оқу құралдарын шығаруға жүйелі түрде мән
берілсе;
- Әл-Фараби еңбектеріндегі гумандылық ойлары
философиялық -педагогикалық және психологиялық тұрғыда көрініс тапса.
Зерттеу міндеттері:
1. Гуманизм адамгершілік ұғымдардің мәнін мазмұнын анықтайтын тірек
ұғымдарды ғылыми педагогикалық тұрғыда негіздеу.
2. Әл - Фарабидің гумандылық ойларының мәнін, мазмұнын анықтайтын
ұғымдарды ғылыми педагогикалық тұрғыда негіздеу.
З. Оқырман қауымды Әл - Фараби еңбектерінің көмегімен
гумандылыққа тәрбиелеу.
Жетекші идея. Әл-Фараби мұрасын оқу, оның ішіндегі адамгершілікке
тәрбиелейтін гумандылық бағытын зерттеудің оқырман қауымға берері мол.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып қоғамдық орта мен
жеке тұлғаның даму заңдылықтары байланыстылығының теориясы, іс -әрекетпен
біртұтас педагогикалық процесс теориясы жалпы азаматтың адамгершілік пен
ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлікте болуы туралы философиялық
қағидалары, пән аралық байланыс теориясы және т.б. болып саналады.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасы Білім заңы, оқыту мазмұны бойынша
тұжырымдамалар, оқулықтар теориясы, философиялық, психологиялық,
педагогикалық еңбектер.
Зерттеу әдістері. Таңдап алынған тақырып бойынша философиялық,
педагогикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, оқыту
процестерін зерделеу, қортындылау.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең – ізденіс кезеңінде зерттеу проблемасы бойынша
педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерді жинақтау және
оларды оқып-үйрену ,зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ахуалын анықтау
істері жүргізілді, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық - әдіснамалық
талдау жасалды, архив материалдарын жинастыру, қорытындылау.
Екінші кезеңде -тақырып бойынша деректі материалдар жинау
жалғастырылды.Жинақталған материалдарға құрылымдық талдау жүргізілді. Әл-
Фарабидің туған жері Отырарда болып Отырар қорық-мұражайынан материалдар
жиналды. Ғылыми дидактикалық тұжырымдар жасалды. Әл — Фараби еңбектеріндегі
гумандылық ойлардың психологиялық ерекшеліктері ашып көрсетілді.
Үшінші кезеңде -алынған материалдары сұрыптап өңделді. Гумандылық
қасиеттерді қалыптастырудың динамикасы көрсетілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Оқырманға гумандылық қасиеттерді
қалыптастыруда орта ғасыр ойшылдарының еңбектерінің әдістемесі, Әл
-Фараби педагогикасындағы гумандылық ойлар, жоғары оқу орнына арналған
әдістемелік курс бағдарламасын жасау.Зерттеуден алынған мәліметтерді
педагогикалық тәжірибеде қолдану оқушылар бойында Әл-Фараби туралы білімдер
жүйесін арттырады, оларды адамгершілікке тәрбиелейді.
Зерттеу жұмысының базасы. .Зерттеудің ғылыми тәжірибе –эксперименттік
базасы ретінде Оңтүсік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин
атындағы №65 гуманитарлық-эстетикалық гимназия- мектебінің 9а сынып
оқушылары алынды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі және негізділігі. Зерттеу жұмысының
міндеттеріне сәйкес педагогикалық зерттеу әдістері, тәжірибелік
педагогикалық жұмыс нәтижелерінің тиімділігін тексеріп, өңдеумен және
алынған деректерді талдау қортындысымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі.Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2
бөлімнен , қорытындыдан және пайдаланылған 80 әдебиеттер тізімінен,
қосымшадан тұрады.Жұмыстың жалпы көлемі 65 бет.

I-ТАРАУ. ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ГУМАНДЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫН ЗЕРТТЕУ.
1.1 Гуманизм – психологиялық- педагогикалық категория ретінде.

Гуманизм (латынша humanus-адамдық,адамшылық)- адамгершілікті, адамға
сүйіспеншілік идеясын білдіретін көзқарастар жүйесі. Негізгі мәні - тұлға
ретіндегі адамның бақыты мен теңдігін аңсар тұтып, әділеттілік пен
қайырымдылық, ізгілік пен мейірбандық принциптерін әлеуметтік ортаның қоғам
мүшелерінің күнделікті қарым-қатынасының нормасына айналдыру.
Гуманизм идеясының қалыптасу тарихы өте көне замандардан бастау
алады. Ежелгі шығыс жұртының, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті
нұсқаларында адамшылық қасиет, ізгі аңсарлар ғаламат құдірет иесіне емес,
қарапайым пендеге тән амал әдіспен барша мұратына жетіп отырады. Орта
ғасырларда қазақ топырағында өмір сүрген Асан-Қайғы, Қорқыт ата, Әл-Фараби,
Қожа Ахмет Иассауи, т.б. шығармаларында болмыстағы абсалюттік ақиқат,
мәңгілік нәрсе-қарабастың емес, қалың бұхара , күллі адамзат қамы үшін
істелген ізгі әрекет, жасампаз істер.Түркілік-экзистенциалистік, қазақи
-мұсылмандық дүниетанымның алтын арқауы – пәни мен бақи, өмір мен өлім
мәселелері нақ осы гуманистік идеялары, имандылық ұстанымдары тұрғысынан
шешімін тауып келді.
Гуманизм мәселесі қоғамның қай кезеңінде болмасын ең өзекті
проблемалардың бірі болып келген. Тарихқа көз жіберсек, гумандылық
қасиетпен қарым - қатынас адам баласы қоғамының және жалпы адамзаттық
құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде адаммен бірге дамып келе жатқаны
белгілі. Соған қарамай бүгінгі таңда қоғамды гуманитарландыру XXI-ғасырдың
табалдырығындағы өркениетті дамудың талабына айналып отыр.
"Гуманизм" ұғымына әр саладағы ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп
келеді. Ресей философы А. Ф. Лосев: "Гуманизм - философия, филология, тарих
тұрғысындағы білімдерінің және ерекше өнердің жиынтығы ғана емес, сонымен
бірге ол адамның ақыл — ойының ерекше бір қасиеті", деп анықтама берсе,
Қазақстандық философ Р. Н. Нұрғалиев: "Гуманизм - адамның қадір- қасиеті
мен құқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігіне,
оның жан - жақты дамуына жасалған қамқорлықты білдіретін көзқарастарының
жиынтығы" - дейді. Ал педагогтар А. А. Бейсенбаева, Г. К. Шолпанқұлова, Қ.
П. Кәріпжанова және т.б. гумандылықтың адам бойындағы адамгершілік
қасиеттер тұтастығымен анықталатындығын, Қ.Т.Атемова еңбегінде оқушылар
бойында гумандылық қасиеттерді қалыптастырудың негізгі бастау көзі отбасы
екендігін анық көрсетіп, гумандық ойларды сонау орта ғасыр ойшылдарының
еңбектерінен бастау алатынын ашып көрсетеді.
Қазақ совет энциклопедиясының 3-ші томында Гуманизм-
адамгершілік,адамдарға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін
көзқарас.Гуманизм Қайта өркендеу дәуірінде қоғамдық ой-
пікірде,әдебиетте,өнерде,ғылымда алдыңғы қатарлы идеялардың ағымы
ретінде қалыптасқан.Бертін келе адамды барынша ардақтайтын,адамгершілік
қасиеттерін,бас бостандықтарын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне
айналды.Гуманизм қоғам игілігіне белсене еңбек етуге,еңбек адамына
ілтипатпен қарауға үндейді деген анықтама берілген.
Гуманизм-дүниетаным принципі.Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің
шексіздігіне,өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік
бостандығын,абыройын қорғау,адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның
барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат
жатады.
Гуманизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың қайсібірі болмасын ізгі адам
бойында қалыптасқан гумандық қасиеттері арқылы ерекшеленеді деген тұжырым
жасайды.
Адамгешілік-қоғамдық өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар
арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай
белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін жалпыадамзаттық ұғым.
Гумандық адамзаттық қоғамдық өмірде адамдарға деген қарым-қатынас.
Гумандық-жеке тұлғаның рухани бай және үйлесімді дамыған ең негізгі
қасиеттерінің бірі.Бұл жеке адамдардың,жеке тұлғалардың жеке даралық
келбеті,бұл қоғамның адамдық белгісінің көрінісі.Соңғы жылдары жарияланған
философиялық,психологиялық,педагоги калық еңбектерде гумандық ұғымы
ізгілендіру деген терминмен де айтылып жүр.
Ізгі деген ұғым ұлы зиялылардың 20-30ж. жарияланған еңбектерінде
адамдардың қарым-қатынас идеясының өзегі деп танылған.Адамгершіліктің мәні
бүтіндей адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасынан көрінеді,адам ол
жерде ең жоғарғы құндылық ретінде қарастырылады.
Гуманизм деген термин кейіннен ендірілгенмен, гумандық идеялар ертеден
айтылып келгені мәлім.Қазақ халқы тарихында Гуманизм ұғымы көне түркі
әлемінде жәуанмәртлік ұғымы аясында қарастырылған. Жәуанмәртлік үғымы
парсы халқының жувонмард сөзінен аударғанда жувон -жігіт, ал
мард ұғымы жомарттықты, қайырымдылық пен кеңпейілділікті, яғни
ұнамды қасиеттерді білдіреді.3
Жәуанмәртлік ұғымы мәнін анықтайтын түсініктер Ж. Баласағұнның Құтты
білік дастанында орын алған. Бұл еңбекте ақын мораль философиясын арқау
етіп, әділет, бақыт, ақыл, қанағат сияқты этикалық күрделі төрт ұғымға мән
береді. Оларға төрт кейіпкердің түрікше атын қояды. Күн нұры сияқты барша
әлемге ортақ жылулық шуағын тарататын болғандықтан Әділетті -Күнтуды
(патша) деп атайды. Бақыт пен байлық, молшылық, дәулет, мансап -шен
мағынасын қамтитындықтан Бақытты - Айтолды (уәзір) деп Айға балаған.
Өйткені дәулет пен бақта ай секілді бірде толысып, бірде ортайып кейде
тіпті кішірейіп адам баласының қолына қонбай кететін болғандықтан оны
бақытпен теңестірген. Ал, Ақылды - Үғдырмаш (уэзірдің ұлы), Қанағатты -
Ұзғырмыш (уәзірдің кенжесі, қыз бала) деп атаған. Осылайша төрт кейіпкердің
ара- қатынасы бір — біріне сұрақ — жауап қою арқылы шешіліп әр мәселе
осылардың дүниетанымы тұрғысынан алынып, автордың айтпақ болған негізгі
идеясы барынша кең тұрғыда суреттеледі. Оның идеясының ой желісі болған
әділет, ақыл, қанағат, рақым, ізгілік жайлы моральдық үғымдардың арғы
төркіні тұран жерінде жатқан мәртебеге жетіп, үнемі жарқын болашаққа
ұмтылу, жаңаны, өзгерісті қажетсіну бақытқа тән қасиет екендігін
түсіндіреді. Ал қанағатты бөліп қарастыруы - оны өмірдің бар қызығын
қанағат тұтқан адамдықтың сопылық жолы деп түсінуінен болса керек. Бұл
айтылған ойлардан Ж. Баласағұнның адамның адамдығын білдіретін негізгі осы
үш қасиет деген пікрде болғанын көреміз.
Жәуанмәртліктің ерте заманда жұрт таныған үш сипаттан тұратыны
Кайкаустың Қабуснама атты педагогикалық мәні бар кітабында (1082 –
1083ж.) айтылған. Онда: Адамның - адамдық сипатын білдіретін үш нәрсе бар.
Бұл үшеуінің бірі - ақыл, екіншісі - туралық, үшіншісі - жомарттық
(адамгершілік, қолашықтық және т.б. қасиеттер) - делінген. Жомарттық
жолына түспек болған адамның үш нәрседен сақ болуын: Көзіңді жаман
қараудан, қолыңды жаман істен, тіліңді жаман сөзден сақта, - деп
ескертеді.

Кезінде ғұлама Абайда Белгілі жәуанмәртлік үш хислат бірлән болар деген
сиддық (шындық), кәрәм (ізгілік), ғақыл (даналық), - деп, жәуанмәртліктің
үш түсініктен тұратынын атап өткен. 38 — ші қара сөзінде адам болу, жарым
адам, толық адам, адамның - адамдығы, адамшылық және т.б. ұғымдарға талдау
бере отырып, жас ұрпақ ... ғылым, білімді махаббатпен игеретін болса,
сонда ғана оның аты адам болады - деп түсіндіреді. Жәуанмәртліктегі үш
касиетті өлеңдерінде молынан қамтиды.
Бес нәрседен қашық бол, Адам болам десеңіз,
- деп талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым - бұл бесеуі нағыз адамдық
қасиеттер, адам болудың шарты, ал өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер
мал шашпақ - адам баласының дұшпаны екенін ескертеді. Нағыз адам болу
үшін адамдықты сипаттайтын үш қасиет болу керектігін: Ақыл, қайрат, жүректі
бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек, - деп атап өтеді. Абайдың:
Үш - ақ нәрсе қасиетті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
деген өлеңдер қатарындағы адамның - адамдығын сипаттайтын үш негізгі
гумандық қасиет жәуанмәртлік идеясының педагогикалық - психологиялық мәнін
анықтайды.5,2.
Гуманизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың қайсыбірі болмасын ізгі адам
өзінің бойында қалыптасқан гумандық қасиеттері арқылы ерекшеленеді деп
тұжырым жасайды. Сонымен зерттеу проблемасы саласында жарық көрген
еңбектерге соның ішінде, педагогика мен психология ғылымдарында гумандық
қасиеттер ұғымына берілген мазмұнды сипаттамалар, ақыл- білімге тән
қасиеттерге (саналылық, терең ойлылық, зеректік, жоғары идеялық, жоғары
талап қоюшылық және т.б.), ыстық қайрат іс - әрекетке тән қасиеттерді
(көпшілік, еңбекқорлық, белсенділік, жауапкершілік және т.б.) анықтайды.
4,6.
Бүгінгі таңда студенттер бойына гумандық қасиеттерді қалыптастырудың
жолы ойшыл дана ақындарымыз бен жазушыларымыздың мұраларын оқу барысындағы
зерттеулер 1 — кестеде көрсетіліп отыр.
Студенттерге Гумандық қассиеттерінің қалыптастыру өлшемдері мен
көрсеткіштері және деңгейлері
Кесте 1

№ Студенттерге Студенттерге гумандық қасиеттерінің қалаптасу
гумандылық көрсеткіштері
қасиеттерінің
қалыптастыру
өлшемдері
Төменгі деңгей Орта деңгей Жоғары деңгей
1 Білімдік Гумандық қасиет,Гумандылық, гумандықГумандық
компонент гумандылық қасиет туралы қасиеттер туралы
туралы түсінігі түсінігі мен түсінігі бар,
мен көзқарасы көзқарасы зерек, білуге
анық емес, (шашыранды) әркелкі,қызығушылығы
білуге деген білуге ынталы жоғары, естіген,
қызығушылығы болғанымен саналы көргенін саналы
төмен, тәрбие меңгеруде, ойлау менқабылдайтын
туралы естіген, зеректігі жағынан студент.
оқығандарын қабілетсіздік
саналы
қабылдамайтын, танытатын студент.
жәнет.б.
ерекшелігі бар
студент.
2 Іс-әрекеттік Әрекетінде Жүріс-тұрысында Әрекетінде үнемі
компонент жауапкершілік ұнамды қасиеттер жоғары
-сіздік, (еңбекқорлық, жауапкершілік,
жалқаулық және белсенділік және еңбекқорлық,
т.б. қасиеттер т.б.) белгілі бір белсенділік т.б.
орын алатын, жағдайға байланысты қасиеттері орын
жүріс-тұрысында кезектесіп (тұрақты алған,
үнемі ұнамсыз емес) байқалатын жүріс-тұрысында
қылықтар бой студент. ұнамды қасиеттер
көрсететін тұрақты
студент. байқалатын
студент.
3 Сезімдік Айналадағы Сыртқы құбылыстар Ортадағы
компонент болған ықпалынан әсер жағдайлар мен
жағдайларға алғанымен құбылыстарға
үнемі қарым-қатынасында немқұрайлы
салқынқанды ұнамды (мейірімділікқарамайтын,
-лықпен және т.б. сияқты) өзіндік әсер
қарайтын, сыртқықасиеттердің алатын, соған сай
құбылыстардан тұрақсыз кезектесіп бойында
әсер алуы баяу, (белгілі бір мейірімділік,
бойында жағдайға байланысты)қарапайымдылық,
мейірімділік, кездесуі байқалатын жанашырлық және
жанашырлық т.б. студент. т.б. қасиеттер
қасиеттер сирек тұрақты орын
кездесетін алатын студент.
студент.

1.2. Әл-Фарабидің гумандылық көзқарастарын зерттеу.

Энциклопедист ғалым, екінші ұстаз Әл - Фараби өзінің Бақыт жолын
сілтеу атты философиялық еңбегінде гумандылық ойлар жайында ауқымды
мұралар қалдырған.
... Жақсы мінез - құлық пен ақыл-күші болып, екеуі біріккенде - бұлар
адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің
игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдылығында және
жетілгенділігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық
пен ақыл-күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз
әрекеттеріміздің абзалдылықпен жетілгендігін табамыз және осы екеуінің
арқасында біз ізгі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір
бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады...
Біз мінез - құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда
болады дейміз. Ал адамда қалыптасқан мінез — құлық болмаса,онда жақсы
немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда қарама — қарсы мінез — құлыққа
көшіп кетуі мүмкін.
Адамның белгілі бір мінез – құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың
арқасында бір мінез - құлықтан басқа бір мінез - құлыққа ауысуына себепші
болатын нәрсе - әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі —
жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын. Жақсы мінез - құлықтың өзі де әдет
арқылы келетін болғандықтан, біз әдеттене келе біздің жақсы мінез
-құлқымызды тудыратын және сондай - ақ оңбаған мінез - құлқымызды тудыратын
нәрселерді әңгіме етуіміз керек.
Әдеттің арқасында жақсы мінез - құлыққа себеп болатын нәрсені мен - бұл
өзі мінез - құлқы жақсы адамдарға тән әрекеттер деп білем, ал жаман мінез —
құлыққа ие болуымызға себепкер нәрсе - бұл өзі мінез — құлқы жаман
адамдарға тән әрекеттер...
... Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез - құлыққа жеткізетін
әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Адамның жетілуі оның мінез -
құлқының жетілуіне сайма — сай келеді дейміз біз. Адамның мінез — құлқын
жетілдіретін әрекеттер оның өз денесін жетілдіру үшін жасайтын әрекетіне
ұқсайды. Адамның денесінің жетілуі - денсаулық: егер денің сау болса, онда
оны сақтамақ керек, ал егер болмаса, онда денді сауықтыру керек.
Денсаулыққа белгілі бір мөлшерді сақтаудың арқасында ғана жететін
болғандықтан: мөлшерімен ішіп - жесең денің сау болатыны, мөлшерімен еңбек
етсең күш қосылатыны сияқты, жақсы мінез — құлық мөлшерлі әрекеттер арқылы
келеді. Егер денсаулыққа жеткізетін нәрселер болмаса, онда денсаулықтың өзі
де болмайды, нақ сол сияқты әрекеттер өзінің мөлшерінен асып кетсе және
адам осыған әдеттенсе, жақсы мінез – құлық та болмайды.
Шамадан ауытқу не артық кету немесе кем түсу деген сөз. Жеген тамақтың
шамадан не артық, не кем болуы денсаулықты сақтамайды. Тиісінше еңбек ету
денеге күш береді, ал шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті
қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады...
... Біз ержүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі
істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық
көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс
батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа
соқтырады, ал бұл - жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар
қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады.
Ақшаны үнемдеуде және жұмсауда көрсететін шамаға қарай жомарттық
туады.Шектен тыс үнемшілдік және ақшаны кем жұмсау сараңдыққа соғады, ал
мұның өзі адам басындағы жаман қасиет. Шектен тыс артық жұмсау және
жеткілікті дәрежеде үнемшіл болмау ысырапшылыққа соқтырады. Осындай адам
басындағы қасиеттерден келіп, тиісті әрекеттер туады.
Рақатты шамамен пайдалану нәпсіге ұстамдық жасау арқылы келеді, ішіп-
жемге, әйел жынысына ұстамдылық. Осы рақатқа шектен тыс берілу
тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы
рақатшылық сезімінің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға лайықты
қасиеттер. Адам басындағы осындай қасиеттерден тиісті әрекеттер туады.
Сөзге тапқырлық - жақсы адамшылық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен
пайдаланғанда болатын нәрсе. Адам өз өмірінде оқтын - оқтын дем алуға
тиісті, ал мұнда шектен тыс кетушілік жанға рақат немесе қалай болған күнде
де кеселсіз. Әзілде тең ортасын ұстай білу сөзге тапқырлыққа жатады, шектен
тыс көп әзіл мазақтаушылыққа соғады, ал мұның жетіспеуі әзілдің жоқтығына
әкеп соқтырады. Әзіл дегеніміз адамның сөзінен, ісінен немесе пайдалануынан
көрінеді. Мұндағы шама емін — еркін, көңілді де әңгімешіл адамға сөйлеуге
және тыңдай білуге мүмкіндік береді.
Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы адам өзіне- өзі ізгі
қасиетті болуынан, жүріс - тұрысы ізгі болуынан ғана туады. 9
Ал егер өз бойында жоқ бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға,
жүріс-тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі туралы жалған пікір
туғандығы.
Егер адам өз бойында жоқ нәрселерді өзіне жатқыза беретін болса, онда
ол адамда көлгірушілік пайда болады.
Досгерлік - адамшылықтағы жақсы қасиет, бұл өзі адамның басқа
адамдармен тиісті шамада қарым - қатынас жасауынан тұрады, осының арқасында
ол өзінің жүріс - тұрысынан, сол адамдармен әңгімесінен жақсы ләззат алады.
Бұл жөнінде артық кету — жарамсақтыққа соғады, ал достыққа кемтар болу –
тәкаппарлыққа итереді. Ал енді осы ретте ол басқаны ренжітетін іс жасаса,
онда бұл дүрдараздыққа апарып соқтырады...
Енді бізге қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез -құлыққа
жететінімімізді қарастыруымыз керек. Алдымен біз түрлі мінез — құлықтарды
атап шығуымыз керек және түрлі мінез - құлықтан туатын әрекеттерді атап
шығып, тек осыдан кейін өзіміздің мінез - құлқымыздың қандай екенін және
өзімізде әуелден бар мінез - құлықтың не жақсы, не жаман екенін қарастырып,
тұжырым жасауға тиіспіз. Мұнымен танысуымыз үшін біз қандай әрекеттер
жасағанда өзіміздің жақсы қанағат алатынымызды және тағы қандай
әрекеттеріміз тұсында азап шегетінімізді қарастырып, тұжырым жасап алуымыз
керек. Осымен танысып болғаннан кейін, біз бұл әрекеттердің жақсы не жаман
мінез - құлықтан туатынын қарастырамыз. Егер сол әрекеттср жақсы мінез
-құлықтан туатын болса, онда мінез - құлқымыз жақсы екені дегеніміз, ал
егер жаман мінез - құлықтан туса, онда біз мінез - құлқымыз жаман екен
дейміз.Біз осылай етіп өзімізге тән мінез — құлықты білеміз.17
Дәрігер тәннің халіне жататын нәрселер арқылы тәннің саулығымен
танысады, егер тән саламат болса, онда сол халді сақтаудың тәсілдерін
қолданып, ал егер ол дімкәс болса, онда сол кеселді жоюдың тәсілдерін
қолданады, дәл сол сияқты, егер бізге жақсы мінез - құлық тән болса, онда
біз соны өз бойымызда сақтаудың тәсілдерін қолданамыз, ал егер мінез
-құлқымыз жаман болса, онда оны жоюдың тәсілдерін қолданамыз.
Жаман мінез - құлық - рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін
емдеуде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек.Одан соң біз
өз бойымыздағы жаман мінез - құлықты қарастырамыз, оның артықшылықтан
немесе жетпей жатқандықтан туғанын анықтаймыз. Содан соң тағы да жаңағы
дәрігер сияқты, егер тән қызуы тым көтеріңкі болса немесе тым төмен болса,
оны дәрігерлік өнерде белгіленген мөлшерге қарай өз шамасына түсіретін
сияқты, нақ сол сияқты біздің мінез - құлқымызға артық кету немесе кем түсу
тән болса, біз осы кітапта белгіленген мөлшерге қарай, өз шамасына
түсіреміз.
Тең орта шаманы табу алғаш қарағанда өте қиын болғандықтан адам өзінің
мінез - құлқын нормаға келтіруге немесе мүмкіндігінше нормаға жақындатуға
бағытталған амалдарды пайдаланады. Мысалы, тәнді орташа жылылықта ұстау
қиын, бұл үшін тәнді сондай жылулыққа жеткізуге мүмкін қазірше жағдай
жасайтын амалдар пайдаланылады. Мінез-құлықтың орташа шамасына жету үшін
қолданылатын амалдар өзімізде дағдыға айналған мінез- құлықты қарастыру
болып табылады, егер мінез - құлқымызға тән нәр артық кету болса, онда біз
өзімізді осыны қарама - қарсысынан, атап айтқанда жетімсіз болудан түсетін
әрекеттерге баулимыз, егер мінез – құлқымызға жетімсіздік тән болса, онда
өзімізді артық кетуге сәйкес әрекеттерге баулимыз. Біз осыны біраз уақыт
жасаймыз. Содан соң біз өзімізде қандай мінез - кұлық шыққанын қарастырып
ойластырамыз.
Қалыптасып шыққан мінез - құлық үш қилы халдің бірінде болады: не
орташа халде, не орташадан асыңқы халде немесе орташаға жақын халде.21,8
Егер ол хал орташаға жақын болса, бірақ екінші қарама - қарсы жағына
қарай жақындап, онан асып түспесе, онда қашан орташа халге жеткенше, тағы
біраз уақыт сол әрекеттерді жасай береміз.
Ал егер екінші шетіне қарай жақындап, орташадан ауып түссе онда бірінші
қилы мінез — құлыққа тән әрекеттерді жасаймыз да, осыны біраз уақыт істеп,
содан кейін істің қандай халде екенін қарастырып көреміз.
Жалпы алғанда, әрбір тұста, біз өзіміздің жан дүниемізді бір жағына
ауытқып кетті деп тапсақ, біз екінші шетіне тән әрекеттерді жасаймыз және
орташа мөлшерге жету үшін немесе соған жақындату үшін, сол әрекеттерді
алдын - ала орындай береміз.
Әл - Фараби айтқан адамшылық қасиеттердің кейде басқа жаман әдеттерге
ұқсас болуынан сақтану керектігін атап кеткен. Мысалы, көзсіз батырлық
ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарттыққа ұқсас, әзіл- қойлылық өткір тілге
ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін - өзі кемсіту кішіпейілділікке
ұқсас, көлгірсу адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткеріліктердің ішінде
жаратылысымыз бойынша өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан,
біз бұлардан сақтануымыз керек. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей
қалушылық, жаратылысымызда өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола
алады. Ал өзіміз неғұрлым бейімдірек тұратын және оның үстіне орташа
мөлшерге ұқсас боп тұратын шеткеріліктен одан бетер сақ болуымыз керек.
Мысалы, әзілқойлылық - әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай
болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалаған бір
шеткеріліктен екінші шеткерілікке немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету
үшін қандай амалдар бар екенін білу. Осы амалды білмей тұрып пікір ғана
айту, сірә, жеткіліксіз болып шығар.
Жаман әрекет жасау оңай сияқтанып көрінеді, өйткені мұндай әрекет бейне
жан рақатын әкеледі, ал егер әрекет бізге жан азабын ала келеді деп
есептесек, онда жақсы мінез - құлыққа ие боламыз... Сондықтан да өзіміздің
бар әрекетімізбен соған жетуге тырысамыз. Сезім арқылы, есту, көру арқылы,
дәм сезіну немесе иіс сезу арқылы келетін жан рақаттары бар. Ал тағы
бірнәрсені түсінудің арқасында алатын рақаттар бар, мысалы, бұған
жататындар үстемдік, билік ету, жеңу, білу т.б.
Біз көпшілік жағдайда әрқашан сезімдік рақатты зерттейміз. Сонан соң не
өзіміз үшін, не дүние үшін керек болатын қажетті әрекеттің себебі болып
табылатын рақаттар болады. Өзіміз үшін қажет дейтіндеріміз - өз өмірімізге
қажетті тамақ, дүние үшін қажет дейтініміз-көбею, өрбу. Сондықтан да біз
өмір мақсаты осыларда тұр деп, бақыт дегеніміз, атап айтқанда, осы деп
ойлаймыз, әрі бұған себеп-осы түсініктер біз үшін неғұрлым таныс,
түсінікті,ұғымды. Бірақ қарап, ойластыра келгенде, игіліктердің молына
жетуге бөгет жасайтындар және бақытқа ие еткізетін нәрселерге жетуге бөгет
жасайтындар, атап айтқанда, осылар екені анық болады. Сезімдік рақат бізді
жақсы әрекеттер жасауға итеретінін көрсек, біз соны істеуге бейім тұрамыз.
Адам осы рақаттардан бас тартуға немесе белгілі бір мөлшерде соларды
азайтуға қабілетті болса, мұның өзі оны мадақтайтын мінез - құлықтарға бір
табан жақындатады. 10
Әрекеттерден кейінгі көретін рақаттар, сезімдік рақаттар болса да
немесе түсіну арқылы болса да не осы әрекеттердің артынша келеді немесе
біраз уақыт өткеннен кейін келеді. Әрекеттерден кейін көретін жан азаптары
турасында дәл осыны айтуға болады.
Әрбір рақат белгілі бір әрекеттерден тұрады: бұл әрекеттерден кейін
туатын рақат жаңа ғана көрсетіп өткен формалардың бірінде, (яғни әрекеттің
артынша немесе біраз уақыт өткеннен кейін көрінеді), бұларда екі жағдай
болуы мүмкін, бір жағдайда әрекеттің сипаты былай болады: белгілі бір
әрекеттің артынан әрқашан да тек қана рақат немесе тек қана жан азабы келіп
туады. Мысалы, денеңді күйдіріп алғанның артынан ауру азабы келеді;
күйдіріп алудың зардабы, мысалы, егер жан - жануарлар туралы айтсақ, азап
ауру азабы болып келеді. Азап әрекет артынан дінде белгіленген жол бойынша
жүріп отырады: азап сол әрекеттің салдары болып табылады... Мысалы,
тұрақсыздық кісі өлтірудің артынан тек азапты ғана күтуге болады...
... Және керісінше, артынша рақатқа бөлейтін жаман істер белгілі бір
уақыттан кейін қайткенде де азапқа апарып соқтыруға тиісті.
Біз әрбір жеке әрекеттен қандай рақат және қандай азап туатынын біліп
алуға, артынша көретін рақатымыз және белгілі уақыт өткеннен кейін көретін
азабымыз бұлардың қайсысына байланысты екенін ажырата білуге тиіспіз. Өз
ойымша әрекеттің артынан белгілі бір уақыт өткеннен кейін көретін рақатымыз
үшін біз жаман әрекеттен қашпайтын болсақ, онда біз сол рақатты әрекеттің
артынан біраз уақыт өткеннен кейін көретін азабымызбен салыстырамыз да,
өзімізді жаман әрекетке итеретін сол рақатты тілеуден бас тартамыз. Сонда
жаман әрекеттен безу бізге оп — оңай болады.
Ал енді бізге артынша азап шектіретін болғандықтан, жақсы әрекеттен бас
тартуға өзіміз бейім болған кезде біз мұны әрекет артынан біраз уақыт
өткеннен кейін туатын рақатпен салыстырамыз, сөйтіп осы арқылы өзімізді
жақсы әрекеттен қаштыратын азапты басып тастаймыз. Сонда жақсы әрекет жасау
бізге оңай болады. Нақ сол сияқты, егер артынша өзімізді рақатқа бөлейтін
жаман әрекеттерге әзір тұратын болсақ, онда біз мұны сол әрекеттің артынан
біраз уақыт өткеннен кейін болатын теріс нәрсемен салыстырамыз.18
Ақыл — естің тілегінен жасауға парасатты және батылдылығы жететін есті
адамдар болады. Мұндай адамдарды біз әдетте, өзінің лайығынша ерікті адам
деп атаймыз, ал енді өз бойында осы екі қасиеті жоқ адамдарды хайуан
тәріздес адамдар деп атаймыз, ал тек ақыл-есі ғана жетіп, батылы
бармайтындарды жаратылысынан құл адамдар дейміз. 9
Бұл жағдай қабілеті болмаса да ғылым саласына жармасатын немесе
философиямен айналасатын кейбір адамдарда болады, бұлар өзінің құлдық
дәрежесімен нағыз кұлдыққа түскен құлға барабар адамдардың дәрежесінде
болып шықты. Ал ғылым оған жармасушы қабілетсіздердің салдарынан, олар үшін
ғылым негізсіз және пайдасыз болғандықтан, өзінің қадірін жоғалтады, жәбір
шегеді.
Бұлардың ішінде батыл бола тұрса да, ақыл - есі кем түсетіндер бар.
Бұлар үшін басқалар ақылға салып пайымдайтын болады. Бұл жағдайда мұның
өзінің қамын жеуші басқа адамдарға бұл не бағынып не бағынбайды. Егер ол
бағынбаса, онда бұл да хайуан тәріздес, ал егер бағынса, онда ол көп
істерінде табысқа жетеді...
... Әрекеттерден туатын қайсыбіреулері анағұрлым мәлімдірек, сондықтан
біз оларды жақсырақ түсінеміз, ал басқа біреулері біз үшін құпиялау. Ең
мәлімділері - бұлар дереу көрінетін және сезімдік сипатта болатындары.
Азаптар туралы да нақ осыны айтуға болады: бұлардың ішінде дереу көрінетін
және сезім арқылы қабылданатыны біз үшін анағұрлым айқын, әсіресе бұлар
дінде белгіленіп қойылған болса, соғұрлым айқын болмақ. Ал барлық басқа
рақаттар мен азаптар анағұрлым құпиялау болады. Бұлардың ішінде әсіресе
құпиялары табиғи болып табылатындары және белгілі бір уақыт өткеннен кейін
көрінетіндері және оның үстіне мойындалмайтындары. Ал дереу көрінетіндері
және табиғи болып табылатындары, белгілі бір уақыт өткеннен кейін
көрінетіндері және сезім арқылы қабылдауға болмайтындары сияқты анағұрлым
құпиясыздау. Ерікті адамдарға келсек, егер бұлар рақат пен азап арқасында
өздері үшін абзал, жақсы әрекеттер жасауды жеңілдетіп, жаман әрекеттерден
аулақ болғысы келетін болса, онда бұлар үшін ең құпия нәрселерде, ең айқын
нәрселерде бірдей. Бұларды жаман істерге итеретін рақатты азапқа көну
арқылы , бұл азап анағұрлым құпиялау, немесе айқындау азаптарға жататын
болса да, бәрібір, басып тастайды, бұлардың ақыл- парасаты басқа көпшілік
адамдар үшін құпия нәрсені айқын нәрсеге айналдырады.
... Біздің жақсы ақыл - парасат туралы айтқанымыз жөн. Алдымен біз
жақсы ақыл - парасат туралы әңгіме етеміз, ал, содан кейін жақсы ақыл -
парасатқа жетудің әдісі туралы сөз етеміз. Адамның білуіне тиісті барлық
нәрселерді ол жақсы ақыл - парасат арқылы таниды, біледі деймін мен. Ақыл -
парасаттың екі түрі болады: бірінші түріне тән қасиет тек білу ғана, бірақ
әрекет бұған тән емес. Мысалы, біз дүние жаратылған деп, Алла - тағала -
біреу деп білеміз. Екіншісінің қасиеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері
Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың – педагогы, психологы, философы
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Әбу насыр Әл-фараби шығыстандық, педагогы, психологы, философы
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары
Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары
Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
Пәндер