Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I тарау Соғыстан кейін Италиядағы дағдарыс және фашистік диктатураның орнығуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I.1Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.2Фашистік өкіметтің алғашқы кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I.3Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиға және мемлекеттің фашистенуінің аяқталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II тарау Фашистік италияның импералистік жағдайының күшеюі ... ... ... ... ...
II.1. Әлемдік экономикалық дағдарыс және Италиядағы жағдай ... ... ... ... ... ..
II.2. Отызыншы жылдардың басындағы фашизмге қарсы қозғалыс ... ... ... ...
II.3. Соғыстың алдындағы фашистік режим ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III тарау Екінші дүниежүзілік соғыс және Италиядағы фашистік режимнің күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III.1.Италиядағы қабаттас соғыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III.2.Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италияның әскери жеңілісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III.3.Фашизмге қарсылықтың ұйымдастырылуы және фашистік режимнің күйреуі.
III.4.Италия және Германия фашизмдерінің өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Фашизм – ( латынша –шоғыр, байлам, бірлестік) –барлық демократиялық бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдікті, шовинизмді, зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік милитарландыру, басқыншылық тән.1
Фашизм-саяси әлеуметтік қозғалыс, тотаритарлық үлгідегі идеологиялар мен мемлекеттік режимдер.Дәлірек айтқанда фашизм жиырмасыншы ғасырдың 20-40 жылдарындағы Италия мен Германияның саяси өмірінің көрінісі. Фашизм өзінің қай түрінде болмасын демократияның институттары мен құндылықтарына оны орнықтырудың шектен тыс қатаң құралдарын қарсы қояды. Фашизм тек тотаритарлы саяси партияға ( билікке келісімен ол мемлекеттік- монополиялы ұйымға айналады) және «көсемнің», «фюрердің» шексіз беделіне сүйенеді. Идеологиялық жаппай террор шовинизм, «бөтен» ұлттық және әлеуметтік топтарға деген геноцид , даму құндылықтарына деген өшпенділік – фашизм идеологиясы мен саясатының міндетті элементтері. Фашисттік режим және фашисттік үлгідегі қозғалыстар демогогияны, популизмді, империя құдыретін, соғыстың қажеттілігін кеңінен насихаттап қолданады. Көбнесе фашизмге жалпы ұлттық тоқырау және модернизация катаклизмі жағдайында тығырыққа тірелген әлеуметтік топтар амалсыз қолдау көрсетеді. Фашизмнің көптеген белгілері оңшылдар мен солшылдардың түрлі әлеуметтік және ұлттық қозғалыстарына тән. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда (м/ы «класс» немесе «ұлт»), қоғамның саяси жұмылдырылуы әдістеріне, терорлық үстемдік пен насихаттау тәсілдеріне қарап оны большевиктердің тоталитарлық қозғалысымен тәртібіне, сталинизмге, «қызыл кхмерлерге» ұқсастыруға болады. Демократиялық иниституттардың әлсіздік танытқан жағдайында фашисттік үлгідегі қозғалысының даму және фашизмнің шын қауіпке айналу мүмкіндігі сақталады. Фашизм әлем тарихындағы қаралы беттердің бірі болып табылады. Бұл ең алғаш Италияда пайда болған. Фашизм Италия халқына өте ауыр өшпес қайғы алып келген. Бұл жылдары Италияда «қаралы жылдар» деп атаған. Фашистер адамдарды еш аяусыз басып-жаншып, өлтіруге де дайын болған. Фашизм тек Италия халқына ғана емес дүние жүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді.Фашизм қазіргі таңдада үлкен проблемалардың бірі. Қазіргі таңда фашизмнің жаңа ағымы Ресей Федерациясында көрініс беруде. Деректік негізі. Зерттеу жұмысы барысында «Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945 гг М. 1987г Просвешение.» атты кітаптан ағылшын қайраткері А. Иденнің Муссолинидің жеке басы туралы айтқандары , Фашизм. w.w.w. dazzle. Ru.сайтынан фашизм туралы түсініктер, « Хрестоматия по новейшей истории. Под ред. Б.Гафурова. М., Соцэкгиз. 1960.» кітабынан Фашистік диктатура жылдарындағы сол фашистерге қарсы шыққан партиялардың шығарған пакттерін және жаңа хартия құжаттары пайдаланылды, «История Италии. М. 1971» кітабынан фашистердің қалай билікке келгендігі туралы алынған, «Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М. Наука. 1971» фашизмге қарсы халық қозғалыстары туралы, «Крах Италиянского фашизма. М. Наука 1973» кітабынан фашизм құрбандары болған адамдар туралы мәліметтер бар. «XX ғасырдағы дүние жүзі тарихы .Дрофа-«Кітап баспасы» Алматы-2005» кітабынан фашизм ерекшеліктері туралы алынған.
Тарихнамасы. Фашизмнің табиғаты, оның пайда болу себептері оның Италия қоғамы мен мемлекетінің бұрынғы дамуымен қатынасы – барлық осы сұрақтар белсенді түрде 20-30 жылдардың өзінде талқыланды. Сол кездерде фашисттік режимге қатысты белгілі бір саяси көз қарастармен тығыз байланысты фашизмнің әр түрлі тұжырымдамалары қалыптасты. Олардың кейбіреулері соғыстан кейінгі жазылған фашизм тарихнамасының өзінде аңғарылады. Алғашында фашизмді зерттеу негізінен оның генезисін анықтауға жұмылдырылды. Осыған байланысты заңды түрде фашизмнің билікке келуіне тарихи жауапкершілік кімге жүктелу керек деген үлкен саяси астары бар сұрақ туындады. Дәл сол кезде енді ғана тоталитарлық режимнен босатылған Италия фашизмге дейінгі либералды институтты қайта жаңғырту мен жаңаша демократиялы ел болу екеуінің біреуін таңдау қажет болды. Осы жауапкершілік жүгі фашистік төңкеріске дейін елді басқарған либералды ортаның көшбасшысы Крочеге жүктелді. Ол өзінің 1943-1947жылдардағы саяси баяндамаларында фашизм либералдар кезеңінде еш тамыр жаймаған еді деп көрсетеді. Кроченің бұл ойы «1871-1915жылдар аралығындағы Италия тарихы» атты кітабында толық көрініс тапты. Ол фашизмге дейінгі Италияны әлемнің ең демократиялы елінің бірі деп, ал фашизмді ешқандай кластың мүдделерімен байланысты емес құбылыс Италия қоғамының бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі көрген қиыншылықтан туындаған моральды ауруы деп санады. Кейінірек фашизмді зерттеуде либералды көзқарас либералға қарсылығы көбірек айтылып, әлеуметтік бағыты ескерілмеді. Оған мысал ретінде Л. Сальваторели мен Дж. Мирдің «Фашизм кезіндегі Италияның тарихы» атты 1956 жылы жарық көрген еңбегін айтсақ болады. Фашисттердің өздері болса белсенді түрде фашизмді «большевизмнен Италияны құтқарушы» ретінде көрсетуге тырысты. Осы болжамды жоққа шығаруға бір қатар құжаттар қорына сүйене отырып А.Тасканың 30-жылдары эмиграцияда жүріп «Фашизмнің пайда болуы және билікке келуі» атты кітабының елеулі еңбегі сіңді. Бұл кітап Италияда алғаш рет 1950жылы ресми түрде жарық көрді. Таска Италия комунистік партиясының ірге тасын қалаушы, кейіннен одан шығып социалисттерге қосылды.Ол өз еңбегінде фашизмнің билікке тек Италиядағы революциялық көтеріліс аяқталып жұмысшы табы жеңіліске ұшырағаннан кейін кеменді ашық жазды.Бірақ фашизмнің жеңуіне мүмкіндік туғызған социалисттік жұмысшылар қозғалысы деп көрсетті. Италияның социалисттік партиясының қайта құру қанаты –фашизмге тойтарыс беру үшін үкімет қатарына енбегеніне, коммунисттер 1921жылы Италия социалисттік партиясының ыдырауына кінәлі.2
Тарихшы- марксистердің арасында фашизмнің пайда болуы мәселесін зерттеумен 40-жылдардың соңында (1918-1996) айналысты. Ол бірнеше зерттеу очеркілерінің авторы болып, кейіннен бір кітапқа жинақтады. Оның пікірінше фашизм алғашқыда кішкене қозғалыс болып көрінгенімен, кейіннен күшейіп либералды
Қолданылған әдебиеттер.
1. Общая теория государства и права. Л., 1961,
2. Петров В.С. Сущность, содержание и формы государства. Л., 1971,
3. Тольятти П. Лекция о фашизме. М., 1974,
4. Новейшая история стран Запада. М, 1959,
5. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. 1917-1945 гг. М, 1989,
6. Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М, Наука, 1977,
7. История фашизма в западней Европе. М, Наука, 1978,
8. История ХХ века: люди, события, факты. Аквариум, 1999,
9. Дәуірбаева Т. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. 1918-1990 жж. Түркістан, 2004,
10. Италия в конце XIX в.: судьбы людей и территории. М, Наука, 1978,
11. История Италии. М, 1971,
12. «Международная жизнь». 1963, №2,
13. Крах италянского фашизма. М, Наука, 1973,
14. Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945 гг.
15. Алатри П Происхождение фашизма.. М, 1961,
16. Ревуненков В.Г. Новейшая история стран запада. М. 1958.
17. История новейшего времени стран Европы и Америки. 1918-45.
18. w.w.w. mega book. Ru. КМ RU Универсальная энциклопедия М.Б.
19. Б. Муссолини. w.w.w. peoples. Ru.
20. Фашизм по 5-ка ru.
21. Фашизм. Визуальный словарь..vslovar. org. ru.
22. Фашизм. w.w.w. dazzle. Ru.
23. Фашизм. w.w.w. book sgg. Ru.
24. Фашизм в Италий w.w.w. Rambler. 25 . Лопухов Б.Р. История фашистского режима в италии. М, 1977. 26. Белоусов Л.С. Муссолини: диктатура и демагогия. М., 1993. 27. Бланк Александр С. Старый и новый фашизм. Полит- социал очерк .
М., Политздат. 1982
28. Хрестоматия по новейшей истории. Под ред. Б.Гафурова. М.,
Соцэкгиз. 1960 29. Хрестоматия по новейшей истории(1945-61) Под ред. Б.Гафурова.
М., Соцекгиз. 1961 30. История новой и новейшего времени. Под ред. И.С. Галкина Дементьева. Издательства Московского университета. 1968
31Эрнст Тельман. Избранные статьи и речи. М.1958.
32 О.С.Сорока-Цюпа, В.П.Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д.Сүгірбаева. XX ғасырдағы дүние жүзі тарихы. Дрофа- «Кітап баспасы» Алматы-2005

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
тақырыбы: Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I тарау Соғыстан кейін Италиядағы дағдарыс және фашистік диктатураның
орнығуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I.1Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және
фашизмнің
басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
I.2Фашистік өкіметтің алғашқы
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.3Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиға және мемлекеттің фашистенуінің
аяқталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II тарау Фашистік италияның импералистік жағдайының
күшеюі ... ... ... ... ...
II.1. Әлемдік экономикалық дағдарыс және Италиядағы
жағдай ... ... ... ... ... ..
II.2. Отызыншы жылдардың басындағы фашизмге қарсы қозғалыс ... ... ... ...
II.3. Соғыстың алдындағы фашистік
режим ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III тарау Екінші дүниежүзілік соғыс және Италиядағы фашистік режимнің
күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III.1.Италиядағы қабаттас
соғыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
III.2.Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италияның әскери
жеңілісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III.3.Фашизмге қарсылықтың ұйымдастырылуы және фашистік режимнің күйреуі.
III.4.Италия және Германия фашизмдерінің өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
Сілтемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Фашизм – ( латынша –шоғыр, байлам, бірлестік) –барлық демократиялық
бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған
ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару,
нәсілшілдікті, шовинизмді, зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің
жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық
бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік милитарландыру,
басқыншылық тән.(1(
Фашизм-саяси әлеуметтік қозғалыс, тотаритарлық үлгідегі идеологиялар мен
мемлекеттік режимдер.Дәлірек айтқанда фашизм жиырмасыншы ғасырдың 20-40
жылдарындағы Италия мен Германияның саяси өмірінің көрінісі. Фашизм өзінің
қай түрінде болмасын демократияның институттары мен құндылықтарына оны
орнықтырудың шектен тыс қатаң құралдарын қарсы қояды. Фашизм тек
тотаритарлы саяси партияға ( билікке келісімен ол мемлекеттік- монополиялы
ұйымға айналады) және көсемнің, фюрердің шексіз беделіне сүйенеді.
Идеологиялық жаппай террор шовинизм, бөтен ұлттық және әлеуметтік
топтарға деген геноцид , даму құндылықтарына деген өшпенділік – фашизм
идеологиясы мен саясатының міндетті элементтері. Фашисттік режим және
фашисттік үлгідегі қозғалыстар демогогияны, популизмді, империя құдыретін,
соғыстың қажеттілігін кеңінен насихаттап қолданады. Көбнесе фашизмге жалпы
ұлттық тоқырау және модернизация катаклизмі жағдайында тығырыққа тірелген
әлеуметтік топтар амалсыз қолдау көрсетеді. Фашизмнің көптеген белгілері
оңшылдар мен солшылдардың түрлі әлеуметтік және ұлттық қозғалыстарына тән.
Идеологиялық тұрғыдан қарағанда (мы класс немесе ұлт), қоғамның саяси
жұмылдырылуы әдістеріне, терорлық үстемдік пен насихаттау тәсілдеріне қарап
оны большевиктердің тоталитарлық қозғалысымен тәртібіне, сталинизмге,
қызыл кхмерлерге ұқсастыруға болады. Демократиялық иниституттардың
әлсіздік танытқан жағдайында фашисттік үлгідегі қозғалысының даму және
фашизмнің шын қауіпке айналу мүмкіндігі сақталады.

Фашизм әлем тарихындағы
қаралы беттердің бірі болып табылады. Бұл ең алғаш Италияда пайда болған.
Фашизм Италия халқына өте ауыр өшпес қайғы алып келген. Бұл жылдары
Италияда қаралы жылдар деп атаған. Фашистер адамдарды еш аяусыз басып-
жаншып, өлтіруге де дайын болған. Фашизм тек Италия халқына ғана емес дүние
жүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді.Фашизм қазіргі таңдада үлкен
проблемалардың бірі. Қазіргі таңда фашизмнің жаңа ағымы Ресей
Федерациясында көрініс беруде.
Деректік негізі. Зерттеу жұмысы барысында Хрестоматия по
новейшей истории 1917-1945 гг М. 1987г Просвешение. атты кітаптан ағылшын
қайраткері А. Иденнің Муссолинидің жеке басы туралы айтқандары , Фашизм.
w.w.w. dazzle. Ru.сайтынан фашизм туралы түсініктер, Хрестоматия по
новейшей истории. Под ред. Б.Гафурова. М., Соцэкгиз. 1960. кітабынан
Фашистік диктатура жылдарындағы сол фашистерге қарсы шыққан партиялардың
шығарған пакттерін және жаңа хартия құжаттары пайдаланылды, История
Италии. М. 1971 кітабынан фашистердің қалай билікке келгендігі туралы
алынған, Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М. Наука. 1971
фашизмге қарсы халық қозғалыстары туралы, Крах Италиянского фашизма. М.
Наука 1973 кітабынан фашизм құрбандары болған адамдар туралы мәліметтер
бар. XX ғасырдағы дүние жүзі тарихы .Дрофа-Кітап баспасы Алматы-2005
кітабынан фашизм ерекшеліктері туралы алынған.
Тарихнамасы. Фашизмнің табиғаты, оның пайда болу себептері оның
Италия қоғамы мен мемлекетінің бұрынғы дамуымен қатынасы – барлық осы
сұрақтар белсенді түрде 20-30 жылдардың өзінде талқыланды. Сол кездерде
фашисттік режимге қатысты белгілі бір саяси көз қарастармен тығыз
байланысты фашизмнің әр түрлі тұжырымдамалары қалыптасты. Олардың
кейбіреулері соғыстан кейінгі жазылған фашизм тарихнамасының өзінде
аңғарылады. Алғашында фашизмді зерттеу негізінен оның генезисін анықтауға
жұмылдырылды. Осыған байланысты заңды түрде фашизмнің билікке келуіне
тарихи жауапкершілік кімге жүктелу керек деген үлкен саяси астары бар
сұрақ туындады. Дәл сол кезде енді ғана тоталитарлық режимнен босатылған
Италия фашизмге дейінгі либералды институтты қайта жаңғырту мен жаңаша
демократиялы ел болу екеуінің біреуін таңдау қажет болды. Осы жауапкершілік
жүгі фашистік төңкеріске дейін елді басқарған либералды ортаның көшбасшысы
Крочеге жүктелді. Ол өзінің 1943-1947жылдардағы саяси баяндамаларында
фашизм либералдар кезеңінде еш тамыр жаймаған еді деп көрсетеді. Кроченің
бұл ойы 1871-1915жылдар аралығындағы Италия тарихы атты кітабында толық
көрініс тапты. Ол фашизмге дейінгі Италияны әлемнің ең демократиялы
елінің бірі деп, ал фашизмді ешқандай кластың мүдделерімен байланысты емес
құбылыс Италия қоғамының бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі көрген
қиыншылықтан туындаған моральды ауруы деп санады. Кейінірек фашизмді
зерттеуде либералды көзқарас либералға қарсылығы көбірек айтылып,
әлеуметтік бағыты ескерілмеді. Оған мысал ретінде Л. Сальваторели мен Дж.
Мирдің Фашизм кезіндегі Италияның тарихы атты 1956 жылы жарық көрген
еңбегін айтсақ болады. Фашисттердің өздері болса белсенді түрде фашизмді
большевизмнен Италияны құтқарушы ретінде көрсетуге тырысты. Осы болжамды
жоққа шығаруға бір қатар құжаттар қорына сүйене отырып А.Тасканың 30-
жылдары эмиграцияда жүріп Фашизмнің пайда болуы және билікке келуі атты
кітабының елеулі еңбегі сіңді. Бұл кітап Италияда алғаш рет 1950жылы ресми
түрде жарық көрді. Таска Италия комунистік партиясының ірге тасын қалаушы,
кейіннен одан шығып социалисттерге қосылды.Ол өз еңбегінде фашизмнің
билікке тек Италиядағы революциялық көтеріліс аяқталып жұмысшы табы
жеңіліске ұшырағаннан кейін кеменді ашық жазды.Бірақ фашизмнің жеңуіне
мүмкіндік туғызған социалисттік жұмысшылар қозғалысы деп көрсетті.
Италияның социалисттік партиясының қайта құру қанаты –фашизмге тойтарыс
беру үшін үкімет қатарына енбегеніне, коммунисттер 1921жылы Италия
социалисттік партиясының ыдырауына кінәлі.(2(
Тарихшы- марксистердің арасында фашизмнің пайда болуы мәселесін зерттеумен
40-жылдардың соңында (1918-1996) айналысты. Ол бірнеше зерттеу
очеркілерінің авторы болып, кейіннен бір кітапқа жинақтады. Оның пікірінше
фашизм алғашқыда кішкене қозғалыс болып көрінгенімен, кейіннен күшейіп
либералды жүйе кезінде билікке отырған топтың тікелей ықпалымен билікке
қол жеткізді. Либералды топ бұрынғы тәсілдерімен өз үстемдігін жүргізуге
қабілетсіз екендігін көрсетті.
Фашизмнің марксистік тұжырымдамасының негіздері фашистік диктатура
жылдарының өзінде Грамши мен Тольяттидің іліми өңдемелерімен іргесі
қаланған болатын. Олар фашизмді әртүрлі әлеуметтік күштердің блогы
болғандықтан бастаушылардың мүдделері өзара күрделі байланысты
болады,сондықтан да фашизмде жалпы және ұлттық- өзіне тән сипаттар бар,
оның алғашқы көрінісі билікке келісімен көбінесе өзгеріске ұшырайды деп
көрсетті. Фашистік саяси режим өзінің жеке, дамудың автономдылығымен
дараланды. Екі теоретиктің де фашизмді зерделеуде сіңірген еңбегі кейін
бағаланып ескерілді. Тек 1970 жылы ғана Тольяттидің 15-дәрісінің 11-ғана
іздеп табылып басылымға шықты.
Италияндық марксистердің толық көз қарастары Лионда 1926 жылы өткен италиян
коммунисттік партиясының 3-сьезінің тезистерінде көрсетілген. Тезистерде
көрсетілгендей бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі революциялық
пролетарияттың жеңілуі еңбекшілердің партияларының саяси, ұйымдастыру,
тактикалық және стратегиялық әлсіздігінің нәтижесі болды. Осы әлсіздіктерге
байланысты пролетариат халықтың көп бөлшегінің көтерілісін басқара білмеді
және жұмысшы мемлекетін құра алмады. Осыған байланысты 1922 жылы фашизмнің
жеңісін революцияны жеңу деместен, керісінше революциялық күштердің
өздерінің ішкі әлсіздігі нәтижесінде болған нәтиже деп қарастыру керек .
А. Бордигидің фашистердің билікке келуі кәдімгі буржуазиялық
министрліктердің ауысуы деген сөзіне қарсы шыққан А.Грамши фашистік
диктатура дегеніміз ашық түрде буржуазиялық демократияның дәстүрлі
қағидаларын аяққа таптайтын басқыншы өндірушілер мен аграрлар тобының
билікке келуі деп анықтама береді.
Осы ғасырды зерттеулердің негізгі бағыттары – Италиядағы диктатураның
жиырма жылдық тарихы, оның мемлекеттік биліктің басқа нысандарынан
айырмашылығы, әсіресе Германиядағы фашизммен салыстырғандағы өзіндік
ерекшеліктері, тарихи дәстүрлер және өткен мен қазіргі уақыттың байланыс
проблемалары, сол кездегі саяси партиялардың өзара қарым-қатынастары,
фашизмге қарсы жүргізілген күрестегі коммунстік партияның атқарған рөлі
және сол кездегі әйгілі тарихшылардың фашизмге байланысты айтылған
көзқарастары болып табылады.
Режим дегеніміз – пайда болғанына айтарлықтай көп уақыт өте қоймаған
ұғым. Оның қолданысқа енуі бір жағынан фашизмнің пайда болуына да
байланысты.
Фашистік диктатура мемлекеттің басқару нысанына немесе мемлекеттің
құрылым нысанына сәйкес сипатталатын формальды-заңи конструкциясымен
шектелмейді. Мемлекеттің монархиялық немесе республикалық басқару нысанымен
шектелу әрине монархиялық Англия немесе Гитлердің тұсындағы республикалық
Германия секілді елдердегі билік сипаты туралы ұғымдардың бұрмалануына
әкеліп соғады. Дәл сол сияқты мемлекеттік құрылым көзқарасы бойынша да
билікті әкімшілік-аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік ұйымдастыру бойынша
салыстырмалы қарастыру жаңсақтық пікір болар еді. Осы көзқараспен саралау
мемлекеттің кейбір құрама бөліктерін немесе оның органдарының өзара
байланысын, сонымен қатар бүтін мемлекетпен қатынасын ашып көрсетеді.
Әрине, осы жоғарыда аталған мәліметтер фашизм секілді диктатураны
сипаттап көрсетуге жеткіліксіз. Сол себепті де басқару нысаны және мемлекет
құрылымының нысаны атты түсініктерге саяси режим ұғымы қосылды. Саяси режим
демократиялық құқықтар мен бостандықтарды, мемлекеттік билік органдарының
адамдардың құқықтарына байланысты мемлекеттің билікті жүзеге асыру
әдістерінің жүйесі ретінде танылады. Сонымен қатар саяси режим
мемлекеттің ішкі нысанын қамтитын екі жағымен анықталады: мемлекеттің
механизмі және мемлекеттің атқаратын қызметі.
Кезінде Пальмиро Тольятти жазғандай буржуазиялық демократиядан
фашизге өтпей кету мүмкін емес деген жаңсақ пікір. Олай дейтініміз
имперализмнің дамуы міндетті түрде фашистік диктатураның орнауына әкеліп
соқпайды. Оған мысал ретінде Англияны атап өтуге болады. Бұл ірі
империялық мемлекетте демократиялық парламенттік жүйе жұмыс істеуде. Сол
секілді Франция, АҚШ т.б. алып мемлекеттер.
Италия мемлекеті Рисорджименто бойынша - Италияның бірігуі үшін күрес
дәуірі – шын мәнінде де өте қалыс қалып дамымаған әлеуметтік-экономикалық
қатынастар негізінде қалыптасты. Осы қатынастардың бір өзіндік
ерекшеліктері шартты түрде оңтүстік мәселесі деп аталады. Мемлекеттің
оңтүстігінде феодалдық қалдықтар сақталып қана қоймастан, олар елдің
солтүстігінен экономикалық ахуал тұрғысынан бара-бара кейін қалып бара
жатты. Италиядағы осы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қандай
болғанын ХХ ғасырдың басында дүние жүзі бойынша салыстырғанда елдің жаппай
көшіп кете бастауы жағынан алғашқы орында болғанынан аңғаруға болады.
Италияда фашизмге қарсы күресудің алғы шебінде негізінен жұмысшылар
жүрді. Оған мысал ретінде біртұтас антифашистік ұрыс негізінде фашизмге
қарулы қарсылық көрсете білген халық батылдары қозғалысын ерекше атап өтуге
болады.
Жазылған еңбектің негізгі мақсаты, кезінде орын алған Италия
мемлекетіндегі фашизмнің пайда болуын, оны ұйымдастырған тұлғаларды, Италия
мемлекетінің фашизмге қарсы күресін, осы фашизмнің басқа мемлекеттермен
байланысына жасаған ықпалын ашып көрсету болып табылады. Еңбектің негізгі
мазмұны үш тараудан, ал әр тарау үш-төрт сұрақтан тұрады.
Бірінші тарау соғыстан кейінгі Италиядағы дағдарысты және фашистік
диктатураның осы мемлекеттің қалай орныққанын ашып көрсетуге арналған.
Сонымен қатар бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс
қалай жүзеге асырылды және фашизмнің басталуы кезеңін ашып көрсеттік.
Италиядағы фашистік өкіметтің алғашқы кезеңінде халық қандай қиыншылықтарға
кез болғанына тоқталдық. Бірінші тараудың соңында фашизмге қарсы жұмысшылар
қозғалысы қалай өрбіді және Италия мемлекетінің толық фашизмге өтуі қалай
аяқталғанын көрсеттік.
Ал еңбектің екінші тарауында фашистік Италияның импералистік жағдайының
басқа мемлекеттер арасында қалай күшейе түскенін, сол кездегі әлемдік
экономикалық дағдарыс жағдайында Италияның қандай күйге душар болғанын,
осыған байланысты отызыншы жылдардың басында фашизмге қарсы қозғалыс қалай
болғанын, ол қозғалыстың басында болған адамдар, соғыстың алдындағы
фашистік режим жайында мәліметтер бар.
Үшінші соңғы тарауда екінші дүниежүзілік соғыс және Италиядағы фашистік
режимнің толығымен қалай күйрегені, қатар жүрген Италиядағы соғыс,
Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италия әскерінің қалай және не
себептерге байланысты жеңілгені толық көрсетілген.

I-тарау. Соғыстан кейінгі Италиядағы дағдарыс және фашистік диктатураның
орнығуы.
I.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және
фашизмнің басталуы.
1918 жылдың қарашасында Вилла Джусти Австрия-Венгрияның толық жеңіліске
ұшырағаны туралы құжатқа қол қойды. Италия соғысындағы ұрыстар, одан
бірнеше күн өткеннен кейін дүниежүзілік соғыстың басқа да аймақтарында
кескілескен ұрыстар доғарылды. Өзінің басқа да одақтастарымен бірге Италия
да жеңісін тойлады. Солтүстіктен келетін жолдармен соғыстан қайтқан
солдаттар легі келіп жатты. Темір жол көліктері ұлттық жалаулармен
әшекейленді. Кішігірім станциялар мен үлкен қалаларда бүкіл халық Витторио
Венето батырларын қарсы алды. Мыңдаған жеңіліске ұшыраған әскери
тұтқындарды айдағандар өтіп жатты. Барлық орындарда жеңісті атап өтуге
арналған үлкен жиындар ұйымдастырылып өткізілді. Ұлтшылдар ұран тастай сөз
сөйлеп, Италияның кеше ғана басынан өткізген сұрапыл соғысы мен жарқын
болашағы туралы баяндамалар жасады. Ұлт сенімін қыздыру үшін Мадзини және
Гарибальди дәстүрлерін мақтан тұтып айтты. Сонымен қатар өткен соғыс
кезінде италия халқы қандай шығынға ұшырағанын да естен шығармады. Оларды
айту себебі олардың қайтарымына жаңа территориялар, жаңа колонияларға қол
жеткізіп иемденуіміз қажет деп санады.
1915 жылдың 26-сәуірінде өткен Париждегі бейбіт конференция столына
Италияның премьері Орландо және оның шетел істері бойынша министрі Соннино
құпия лондондық келісім-шартына қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес Италияға
Австро-Венгрияның италяндықтар тығыз тұратын аймағы өту қажет болды.
Оңтүстік Тироль, Додеканеза аралдары, словения облыстары т.б. Дегенмен
Италияның мұндай үлкен территорияны сұрауына оның Антанта бойынша
одақтастарының наразылығын тудырды. Ең алдымен өзінің келіспейтінін
білдірген президент Вильсон болды. Ол өте аңдап сөйлеп, Италияның
болашақтағы шекарасы жайында былай деген болатын: Италияның шекарасын
жөнге келтіру анық көрінетін ұлттық шекара негізінде жүзеге асырылуы
керек.(3(
Сонымен қатар Лондон келісім-шартындағы Италияның аумақтарға деген
құмарлығы Сербия тарапынан да қарсылыққа кездесті. Сербия Австро-Венгрия
күйрегеннен кейін Балкан-Югославиядағы жаңа мемлекет негізін қалаған ел
болатын. Осындай қарсылықты Франция мемлекеті де қолдады.
Осы бейбіт конференцияда Фиум жайында күрделі сұрақ туындады. Себебі
1915 жылғы одақаралық келісім-шартқа сәйкес Адриатия теңізіндегі бұл
маңызды порт сербтерге тиесілі деп уәде берілген болатын. Соған қарамастан
италия делегаттары оны Италияға берілуін талап етті. Өз талаптарын олар
жергілікті тұрғындардың этникалық құрамымен байланыстырды. Ол жерде тұратын
жиырма бес мың италяндыққа барлығы он бес мың славян және алты мың венгр
халқы келетін. Ал одақтастар болса сербтерге берілген уәдеден бөлек жаңа
қалыптасқан Югославия мемлекетіне теңізге шығатын бірден бір осы жол қажет
екендігін көлденең тартты.[4]
1919 жылдың 23-сәуірінде Вильсон италия өкілдерін айналып өтіп, италия
халқына одақтастарды қолдауды ұсынып хат жазды. Италия делегаттары бұған
қарсылық ретінде Париж конференциясын тастап кетіп қалды. Орландо италия
парламентінде қызу сөз сөйлеп, бұрынғы одақтастарын ауыр кінәлады. Осы
кезден бастап өз одақтастарына деген италия халқының өшпенділігі оянып,
Италия бойынша жиналыстар мен митингілер кең тарап жайылып кетті. Бірақ
италия делегациясы конференция столына қайта оралып, өздерінің жаңа талап
еткен аумақтарына байланысты кейбір өзгертулер енгізуге мәжбүр болды.
1919 жылдың қыркүйегіндегі Сен-Жерменск келісім-шартына сәйкес Италия өз
аумағына Оңтүстік Тирольды, Герцті, Градискіні, Керсо аралымен бірге
Истраны, Каринтии мен Кирайнаның аз ғана бөлшегін, Зару қаласын қосып алды.

1920 жылдың қарашасында қол қойылған Югославиямен жасалған Раппальск
келісім-шартына сәйкес екі державияға Дальмация бөлініп берілді және
Италияның Зару қаласына құқығы бекітілді. Фиум болса өздігімен басқарылатын
аймақ болып жарияланды. Басқа да халықаралық келісімдерге байланысты Италия
өзінің Африкадағы құлдық колонияларын кеңейтті. Осы көрсетілген мәліметтер
Италияның көптеген аймақтарға ие болып шыға келгенінің куәсі. Бірақ Италия
мемлекетінің басшылары және олардың арқасында тұрған буржуазияның
империалистік ортасының бұдан да көп мөлшердегі аумақтардан дәмелі еді. Дәл
осы орта сол кезде Италия жеңіп тұрса да қолынан келіп тұрған көп нәрседен
айрылып қалды деген қауесет тарата бастады. Осы ой мемлекет ішінде іріткі
салып, онсыз да соғыстан кейін жолдан тайыңқырап қалған халықты, соның
ішінде Италиядағы ұсақ және орта буржуазия өкілдерін қозғалтты. Осы және
басқа да жайттарға байланысты 1919 жылдың маусымында Орландо өкіметі тақтан
кетіп, орнына сыртқы қобалжуды бәсеңдетіп, ел ішінде қайта құруды жүзеге
асырған Нитти келді.
Осы кезеңде Италияда ең алғашқы мәселе экономикалық сипаттағы қиындықтар
болды. Соғыстың нәтижесінде мемлекетте экономикалық қирау орын алған
болатын. Таптық қарама қайшылықтар мен әлеуметтік топтар арасында күрес
мүлдем шиеленісіп кетті. Ел ішінде еңбекшілердің жойқын революциялық
қозғалысы дайындала бастады.
Италия халқы үшін соғыстың нәтижесі мынадай болды: Жеті жүз мың адам
өліп, бір жарым миллионнан астамы жараланған, он мыңнан астам жетімдер мен
асыраушысы жоқ кемпір-шалдар қалды. Өнімі жоғары және бай бес аралдар басып
кірудің нәтижесінде талқандалған болатын. Әскери шығындар он екі миллиард
лирді құрады. Соғыс кезінде Италияның онсыз да әлсіз экономикасына теріс
әсерін тигізді. Мемлекеттік қарыз төрт жарым еседен асты. Салықтардың
көлемі ұлғайды. Осының барлығының тікелей нәтижесінде ақша құнсызданып,
бағалар өсті. Айналымдағы қағаз ақшалардың саны соғыс жылдары кезінде сегіз
есе артты, ал бағалар болса үш жарым еседен көп өсті.[5]
Сонымен қатар соғыс капиталды жинақтастырып, мемлекет ішіндегі ірі
өндірісті кең нарықты құра отырып, Италияны аграрлы мемлекеттен аграрлы-
индустриялы мемлекетке айналдырды. Кейбір ірі монополиялық бірлестіктер
ауыр өндірістерде өз капиталдарын соғыстың кезеңінде бірнеше мәртеге
көбейтті. Мысалы,
Адриатика ди элиттричита – 1913 жылғы жиырма миллион лирден 1917 жылы
алты жүз миллион лирге дейін;
Монтекатини – 1913 жылғы он бес миллион лирден 1918 жылы жетпіс бес
миллион лирге дейін;
Пирелли – 1913 жылғы он жеті жарым миллион лирден 1918 жылы қырық
миллион лирге дейін;
ФИАТ – 1912 жылғы он жеті миллион лирден 1919 жылы екі жүз миллион лирге
дейін;
Фальк – 1912 жылғы сегіз миллион лирден 1918 жылғы жиырма миллион лирге
дейін.
Соғысқа қажетті тапсырыстардың арқасында орасан пайдаға кенелген ауыр
өндіріс кәсіпорындары, әсіресе метал өңдеуші зауыттар, машина құрастыру
және әскери өндірістегі фирмалар Ильва, Ансальдо, ФИАТ және Бреда өздерімен
бәсекелес кәсіпорындарды жұтып қойып, алып өндіріс орындарына айналды. Банк
капиталының өндіріспен байланысы тез күшейе түсті. Ауыр өндіріс орындарын
қаржыландыратын төрт ірі банк – Банко коммерчиале, Кредито итальяно,
Банко ди сконто, Банко ди Рома осыған көп мөлшерде қаржы бөлді. Соның
нәтижесінде Банко коммерчиале – Ильва, Кредито итальяно – ФИАТ, Банко
ди сконто – Ансальдо, Банко ди Рома – Бреда сияқты монополиялық топтар
пайда болды.(6(
Осының бәрі әрине италия еңбекшілері мен ірі буржуазияның арасын
алшақтата бастады. Италия қатысқан соғыс кезінде құрбандықтар мен
зардаптардың арқасында байып шыға келгендер мен қиналып отырған қарапайым
халық арасында таптық қайшылықтар пайда болған заңдылық.
Соғыстан кейінгі алғашқы мәжілістің өзінде Италия социалистік
партиясының басшылары 1918 жылдың желтоқсанында ең негізгі міндет Италияда
социалистік республика және пролетариат үстемдігін диктатурасын құру деген
болатын.
Соғыс кезінде де социалистік партия ішінде түрлі фракциялар мен
топтардың көтеріліске шығуы орыс тәжірибесіне қатысты болатын. Социалистік
партия ішінде осы қағиданы ұстанатындар партияның барлық саясатын анықтап,
нәтижесінде Серрати және Ладзари басқарған фракция мүшелерін максималистер
деп атап кетті. Олай дейтін себебі Италиядағы орыс большевиктерін
максималист, демек максимум-бағдарламасының жақтаушылары, пролетариат
үстемдігін құруды жақтаушылар деп атайтын.
Партия басшылығына мығым орналасқан максималистерге Турати, Тревес,
Модильяни секілді қайта құрушылар қарсы тұрды. Олардың саны социалистік
парламенттік топтарда, социалистік муниципалитеттерде және еңбектің жалпы
конфедерациясының басшылығында көп болатын. 1918 жылдың желтоқсанының
соңында өткізілген барлық осы ұйымдардың және топтардың өкілдерінің
бірлескен конференциясында Турати ұсынған резолюция мақұлданды. Онда
күрестің тек ғана тікелей жалпыдемократиялық мақсаттарын ғана қолдау қажет
екендігі көрсетілді. Ал пролетариат диктатурасына келетін болсақ бол
лозунг жалпыдемократиялық мақсаттарымызға жетуге кедергісін тигізеді деп
шешті конференцияға қатысқандардың көпшілігі Пролетариат диктатурасына
қарағанда қайта құру үшін күрес жүргізу бағдарламасын жүзеге асыру тиімді
деп ұсынылды: сайлаудың демократияландыру, бюрократияны жою, сегіз сағаттық
жұмыс күніне көшу, еңбек ақыны төмендету, кәсіпорындарды басқаруды
еңбекшілердің өздері бақылауға алуы, қоныс аударушыларды қорғау т.б.
Олардың айтуынша осы реформа арқылы өзіміздің бостандығымызға шын мәнінде
ешқандай адаспастан қол жеткізуге болады, таптар мен таптардың үстемдігін
жоюға, әділдікті орнатып нағыз социалистік теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік
туады.
Қайта құрушылар Ресейдегі пролетариат диктатурасы бізге лайық емес, ол
тек ғана өздеріне тән орыс жағдайында ғана жүзеге асырылатын құбылыс деп
көрсетті. Соғыстан кейінгі парламенттегі алғашқы сөзінде Турати
большевиктер революциясы тек қана Ресейде ғана орын алуы мүмкін, себебі ол
жерде ең қорқынышты деспотизм орныққан деген болатын.
Осындай тапаралық шиеленіс кезінде италияндық пролетариаттың басым
көпшілігі қайта құрушыларды жақтамай, керісінше пролетариат диктатурасы
үшін күресуге бел байлап максималистердің соңынан ерді. Революцияға бел
байлаған халықтың көңіл-күйін білдіргісі келген Италия социалистік
партиясының жетекшілері 1919 жылдың наурызында жер бетінде пролетариат
диктатурасын құру үшін құрылған жаңа халықаралық революциялық ұйымға -
Коммунистік Интернационалға бірігуді ұсынды. Италия еңбекшілерінің
социалистік партиясының басшылары Ресейден үлгі алайық деп үндеу тастай
бастады.
Осылайша, сол кезеңде социалистік қозғалыста социализм үшін күресудің
басты екі бағыты анықталды: біреуі – пролетариат диктатурасы үшін күрес
болса, екіншісі – қайта құру үшін күрес. Дегенмен екеуінің де түпкі мақсаты
социализм құру болып табылатын және католикалық қозғалыстан айырмашылығы да
осында болатын.
Осы кезде католикалық қозғалыс қоғамдағы өздерінің ықпалын күшейту
бағытында алға үлкен қадам жасады. Олар діни сипаттағы кәсіподақтық және
кооперативтік ұйымдардың көмегімен шіркеуде тұрғындардың көпшілігін,
әсіресе крестьяндарды ұстап тұрған болатын. Бірақ олардың жетекшілері
бұндай жолмен ұзақ уақыт халықты ұстап тұру мүмкін емес екендігін түсінді.
Әлеуметтік мәселелер мен қайшылықтар терең тамыр жайып кеткендіктен оларды
тек ғана конфессиялық ұйымдар шегінде шешуге ниеттену мүмкін емес еді.
1918 жылдың соңында Италия еңбекшілерінің конфедерациясы – ақтардың
бірлестігі, ол дегеніміз католик кәсіподақтары құрылды. Бұл конфедерация
еңбекшілердің экономикалық мүдделерін және талаптарын қорғаумен айналысуға
міндетті болды. Негізінен таптық күрес қағидасын ұстанды. Жалпы саяси
бағдарламасы қандай болды деген сұраққа келетін болсақ, онда негізгі рөлді
католикалық Халық партиясы ойнауға тиісті болды. Италияда оны Пополяри
партиясы деп атайтын.
Халық партиясы Ватиканның көмегімен құрылды. Бірақ діни сипатта
болмады, шіркеудегі кеңесшілері жоқ, епископқа тәуелді болмады, ең
негізгісі өзінің әрекеттері үшін жауапкершілікті Ватиканға жүктемеді.
Басқа сөзбен айтатын болсақ, Халық партиясы католик қозғалысына тән
либерализмге, сондай-ақ социализмге қарсы күресті жалғастырушы болып
құрылды. Пролетариат диктатурасы үшін күрес атты лозунгымен
жалпыдемократиялық талаптар үшін күресу бағдарламасын қолдады (ол дегеніміз
еңбек етуге деген құқық кепілдігі, еңбек қабілеттігін жоғалтқанда немесе
жұмыссыз қалғанда әлеуметтік жәрдем беру, шағын жер меншігін марапаттау
және қорғау, прогрессивті салық т.б.)(7(.
Бірақ еңбекшілерді олардың жағдайының кейбір тұстарын ғана жақсарту
жолымен ұстап тұру мүмкін емес еді. Италиядағы таптық қатынас
пролетариаттың пайдасына ауа бастады. Осы басымдық арқасында еңбек
заңнамаларындағы жаңа құқықтық нормалардың анықталуына әкеліп соқты. Соның
арқасында 1919 жылдың 20-ақпанында металлистер Федерациясының өкілдіктері
арасында және өндірісшілер жұмысшы-металлистер үшін сегіз сағаттық жұмыс
күні туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім бес жүз мың жұмысшы-
металлистер үшін үлкен жетістік еді. Көп ұзамай 1919 жылдың 4-наурызында
еңбекшілер кәсіподақтарының және өндіріс пен еңбек министрлігі
ұйымдастырған кәсіпкерлердің қатысуымен мәжіліс өткізіліп, барлық
жұмысшылар үшін сегіз сағаттық жұмыс күні бекітілді.[8] Сол кездерде
өндіріс орындарының көптеген жұмысшылары жұмысқа қатысты проблемаларды
көтеріліс арқылы шешіп келгенімен, Италияда еңбек қатынасы саласында үлкен
оң қадам жасалғанына елдің барлығы қуанды. Таптық күрес Италияда кең етек
жайды. Көтерілістен соң көтеріліс ұйымдастырылып жатты. Экономикалық
көтерілістер көбінесе саяси көтерілістерге ұласып кетіп жатты. 1919 жылдың
ақпан-наурызында Генуедегі Ансальдо кәсіпорнының металлистері және кейбір
көрші аудандардағылар көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс таптық ынтымақтастық
жолында өтті, себебі бірнеше мыңдаған жұмысшылар жұмыстан заңсыз босатылған
жолдастарын жақтап көтерілді.
Сол жылы сәуір айында Римде өте үлкен көтеріліс болып, жиырма бес
сағаттай уақыт италия астанасында өмір тоқтап қалғандай болды. Олай
дейтініміз барлық кәсіпорындар мен көліктер тоқтап, дүкендер мен кафелер
жабылып қалды. Электр қуаты берілу доғарылған соң қаланы қара түнек басты.
Дәл осы кезде Миланда халық көтеріліп, еңбекшілердің бейбіт митингісін
полиция қуып таратып, бір жұмысшы нәтижесінде өлген болатын. Осы
көтерлістерді қолдап басқа да ірі қалаларда халық наразылығын білдіріп
көтеріліске шығып жатты.
Көтеріліс толқыны, еңбекшілердің шеруі мен митингілері бүкіл Италияны
1919 жылдың 1-мамырында басып кетті. Бірнеше күнге дейін қала сыртына
қатынайтын поездардың барлығы тоқтап қалды. Поезд жүргізушілері сегіз
сағаттық жұмыс күні сақталсын және жалақыны көбейтіңдер деген талап
қойды.(9( Темір жолшыларды осы кезде су көлігіндегілер де қоштап, олар
талаптарын орындатты. Бірнеше мәрте көтерілісшілер мен әскердің, полицияның
қақтығысуымен аяқталды.

I.2 Фашистік биліктің алғашқы кезеңі
Осындай қиын-қыстау кезінде халықтың көңіл-күйін аңғарған Муссолини
саясат сахнасына қайта шықты. Ол 1914 жылы социалистік партия қатарынан
шығып қалған болатын. Соңында Муссолини көптеген бұрынғы
интервенционистерді, футуристерді және синдикалистердің басын қосып өз
ұйымын құрып алды. 1919 жылдың 23-наурызында Миланда Сан-Сеполькро
алаңындағы ғимаратта осы Фашо ди комбаттименто атты жаңа ұйымның
құрылтайшы жиналысы өтті. Жиналыс бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен
ынтымақтастық аясында өткенімен негізгі назар сыртқы саясат мәселесіне
бөлінді. Соңында қабылданған шешім Фиум мен Далмацияны мәжбүрлеп қосып
алу еді. Бірақ 1919 жылдың сәуірінде Италияның Фиумға қатысты бұл ойын
одақтастар қарсы болып жақтамағаннан кейін Бенито Муссолини бұл қаланы
қалай да күшпен тартып алу қажет деп қорытты. Фашистердің Пополо дИталиа
газеті үкімет әлсіздік танытып отыр деп мақалалар жариялап, социалистік
партияға жұдырығын түйе бастады. Осылайша фашистер милитаризмге қарсы
шыққан социалистік партияның идеологиясынан патриотизмге жат күшті
аңғарғандай болды. Социалистер ұйымдастырған пролетариат көтерілістері
әлемдік аренада ұлт беделін түсіреді деп шешті. 1919 жылдың 15-сәуірінде
фашистер бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен бірге Миландағы Аванти
социалистік газетінің редакциясын өртеп жіберді. Артынша фашистер
революциялық жұмысшылар демонстрациясына шабуыл жасап, социалистік
партияның және кәсіподақ белсенділерін ұрып-соға бастады.
1919 жылдың маусымында қымбатшылыққа қарсы жаппай көтерілістер басталды.
Бұл көбінесе күтпеген жерлерде және уақыттарда орын алып жүрді. Аяқ астынан
жиналған адамдар дүкендерді тонап, сауда жасаушылармен өздері сот
ұйымдастыра бастады. Осы кездің өзінде социалистер мүмкіндігінше қызыл
гвардия отрядтарын және реквизиция бойынша тиісті комитеттер құрып
күнделікті тұтыну тауарларының бағасын мәжбүрлеп төмендете бастады.[10]
Сыртқы саясаттағы бірнеше сәтсіздіктерден кейін (мысалы, Италияға Фиумды
қосып алуға одақтастардың қарсы болуы т.б.) Орландо үкіметі құлады. 1919
жылдың 23-маусымында Нитти басқарған жаңа үкімет басшылыққа келіп ішкі
саясат мәселелерін шешуге басты назар аударды. Қымбатшылыққа қарсы
көтеріліс кең етек жайып бара жатқандықтан ең алдымен нанның бағасын
төмендету туралы үкім шығарды.
Қазан айында Неаполдегі Сан-Карло театрында фашистердің съезі
өткізіліп, оған делегат ретінде елдің түкпір-түкпірінен қырық мың фашист
қатысты. Съезді Муссолини ашты. Түстен кейін осы қырық мың фашист мінбеде
тұрған Муссолинидің алдынан өткенде Муссолини : Мен сіздерге хабарлаймын,
қазіргі кезде талап мынадай: бізге билік береді немесе біз оны Римге барып
өзіміз аламыз дегенде фашистер Римге, Римге ! деп бірауыздан
айқайлаған. Осыдан кейін Муссолини Везучий атты мейманханаға барып өз
әріптестерімен фашистік шабуылдың нақты шешімін қабылдайды.(11( Фашистерді
ел бойынша жинақтау қазанның жиырма жетісіне, ал негізгі орталықтарға
шабуыл жасау – қазанның жиырма сегізіне деп шешілді.
Неаполдан Муссолини шұғыл түрде Миланға аттанып, ал Римге шабуыл
ұйымдастыру бойынша фашистердің штабы Перуджеде орналасты. Король
Муссолиниді Римге келіссөзге шақырғанда маған жаңа үкімет құрамын құруға
тапсыратын болса ғана барамын деді.
29 қазанда түске жақын корольдың адъютанты генерал Читтадини
Муссолиниге телефон арқылы корольдың осы ұсынысты айтқанын жеткізді.
Отызыншы қазан күні он сағат қырық екі минутта Муссолини Римдегі вокзалда
поездан түскен. Бұл кезде Рим қаласына жан-жақтан фашистердің жасақтары
жаппай жақындап шабуылға дайын келе жатты. Фашистер қалаға келіп жеткенде
ешқандай қарсылықты кездестірмесе де өздерін тура соғыста жүргендей ұстады.
Муссолини да корольға бармас бұрын әскери фашист киімін киді. Корольмен бір
сағаттай сұхбаттасқан Муссолини король екеуі балконға шыққанда қара көйлек
киген фашистер легі саппен өтіп жатты.
Келесі күні 31-қазанда Муссолини басқаратын жаңа үкімет құрылды. Бұл
үкімет бір партиялы фашистік үкімет болды. Муссолини өзі премьер және шетел
істері бойынша министр болса, он үш министрдің үшеуі фашист болды.
Фашизм өз қатарларын күшейте бастады. 1923 жылы сәуірде үкіметтен
Халық партиясының өкілдерін шығарып тастады. 1923 жылдың қарашасында жаңа
сайлау заңы Ачербо сенаттан қолдау тауып, оған король қол қойды.
Парламентке сайлау 1924 жылдың 6-сәуірінде өтіп фашистер жеңіске жетті. Осы
сайлау кезінде алаяқтық жасады деп парламентте сөз сөйлеген депутат
социалист Маттеоттиді фашистер өлтірген. 1924 жылдың 10-маусымында
Маттеотти із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал кейіннен оны Думини басшылық
жасаған фашистер тобының өлтіргені егжей-тегжейлі әшкереленді. Алғашқы
кезден бастап-ақ елдің бұл іске фашистердің тікелей қатысты екендігіне
ешқандай күмәні болмаған. Осы кезден бастап елде фашистердің жағдайы
күрделене бастады.
1925 жылдың 5-қарашасында фашистер Біртұтас социалистік партияның
қызметіне тиым салды. Осы кезде коммунистер белсенді қимылға көшті. 1925
жылдың 16-қарашасында ішкі істер министріне фашистік федерация ауданының
хатшысы Лациале Сабина былай деп мәлімдеген болатын: 5-қарашада қалаға
түгел коммунистердің үнпарақтары желімделіп таратылған. Тергеу барысында
қалада үлкен астыртын коммунистердің ұйымы бар екендігін
анықтадық ... .(12(
Осындай келеңсіздіктер орын алып жатқан жағдайда Кеңестік Ресейді қорғау
үшін күшті қозғалыс жүре бастады. Италиядағы социалистік партияның ұсынысы
бойынша 1919 жылдың 20-21 шілдесіне Кеңестік Ресей мен Венгрияны жақтап
халықаралық көтеріліс тағайындалған болатын. Осы көтеріліске Англияның,
Францияның және Италияның еңбекшілері қатысуы керек болатын. Көтерілістің
басты мақсаты Ресейдегі революцияға қарсы күштерге қару-жарақ жөнелтпеу
және жабдықтамау болатын. Грузияға жөнелтеміз деген әскери Италия күштері
Нитти үкіметі билікке келген соң тиым салынды.
1919 жылдың қыркүйегінде жазушы ДАннунцио өзі басқарған легионерлер
отрядымен бірге Фиумды басып алды. Бірақ ол бұл әрекетін үкіметтің
келісімінсіз жүзеге асырды. Оның осы әрекеті парламентаризм негіздеріне
кері әсерін және Италияға конституциялық мемлекет ретінде беделіне нұқсан
келтірді.
Осы кезде күзгі егін егу басталарда шаруалар өз бетінше әлі өңделмеген
мемлекет жерін басып алып иемдене бастады. Партиялар парламент сайлауларына
қатысатын кез келді. 1919 жылдың қарашасында сайлау науқаны өтіп, ресми
деректерге сәйкес парламенттегі 499 орыннан социалистік партия 154,
Халықтық партия – 99, либералдардың әртүрлі топтары – 181, басқалары - 65
орын алса, фашистер бірде бір орын алмады.(13(
Социалистік партия қалың көпшілікті тығырыққа тіреген соң коммунистер
революциялық әрекеттерді насихаттаумен қызу айналыса бастады. Қайта
құрушыларға қарсыласа отырып коммунистер социалистік партия туғызған
сенімсіздікті сейілту мақсатында пролетариатты революцияға үгіттей бастады.
Коммунистік партияның құрылуы италия пролетариатының ұрысқа қабілетті
бөлігіне ықпал етуге бірден ұласты. Бірақ Италияда коммунистік партия пайда
болған кезде елдегі таптық және саяси күштердің қатынасында жалпы күрт
өзгеріс басталды. Дәл осы кезде фашизм пайда болды. Себебі 1920 жылдың
қыркүйегіндегі оқиғалардан кейін италия буржуазиясының басым көпшілігі
либералды мемлекетке және парламентаризмге сенімін жоғалтты. Италия
буржуазиясының арасында еңбекшілердің революциялық қозғалысын қарулы күшпен
басып-жаншуды қолдайтындар көп болды.

I.3. Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиғалар және мемлекеттің фашистенуінің
аяқталуы
1921 жылы жалпы шаруа ортасынан соғыс кезінде байып шыға келген меншік
иелерін бөлу процесі өтті. Жағдайын жақсартып алған шаруалар аграрлық
бірлестіктер құра бастады. Өздерінің жерін қорғау үшін өзін өзі қорғау
отрядтарын жасақтай бастады.
Жерді өңдейтін адам алу керек деген лозунгымен фашистер саяси,
кәсіподақтық және кооперативтік ұйымдарды тонап өртей бастады. 1921 жылғы
деревняларды қирату аграрлық фашизм деп аталды. Ал қалаларда фашистерге
пролетариаттардың ұйымдасқан көпшілігі қарсы тұра бастады. Соның өзінде
оларға да фашистер тарапынан қиянат жасалынды. Атап айтсақ, 1921 жылдың
алғашқы жарты жылдығының өзінде фашистер еңбекшілер ұйымының 726 ғимаратын
(социалистік және коммунистік партиялардың секцияларын, кәсіподақтарды,
кооперативтерді, газет редакцияларын т.б.) талқандап тонады. Бұрыш-бұрышта
фашистердің адамдарды өлтіріп кетуі, демонстрацияларға шабуыл жасау,
қорқытып-үркіту т.б. жаппай орын ала бастады .
Фашистердің алғашқы кезден бастап пролетариатқа және революцияға қарсы
сипаты анық аңғарылып тұрды. Сонымен қатар ол бүкіл жариялылық тәртібіне
қарсы бағытталған болатын. Фашистік шабуылдың объектілері тек ғана
социалистік және коммунистік партиялардың жергілікті ұйымдары емес, сонымен
қатар жергілікті буржуазиялық партиялардың, республикалық және либералдық
ұйымдардың ғимараттары да болды.
Әрине, фашистердің осындай шабуылдары басқарып отырған либералды
буржуазияның саяси ортасының қорқынышын пайда қылды. Осының нәтижесінде
фашизм жайлы түрлі пікірлер қалыптасты. Олардың кейбіреулері фашизм арқылы
реакциялы мемлекет құруға болады десе, екіншілері революциялық қозғалысқа
күресуде таптырмайтын құрал деп шешті. Соңғы пікірді жақтаушылардың бірі
премьер-министр Джолитти болды.
Осындай жағдайда Италияда фашистерге қарсы күрес ұйымдастыру ең қиын
мәселенің бірі болатын. Фашистерге қарулы қарсылық ұйымдастыру кейде мүмкін
бола қоймайтын. 1921 жылдың алғашқы айларында фашистердің қоқан-лоққысына
қарсы тұрудың кең тараған түрі ол қарсылық ретінде көтеріліске және
демонстрацияға шығу болатын. Осындай көтерілістің бірі 1921 жылдың 25-
қаңтарында Дифеза газетінің баспаханасын фашистер талқандағанда
Флоренцияның жұмысшылары қарсылық ретінде жаппай көтеріліске шыққан
болатын. Сол кезде фашистердің террорына қарсы ең ірі көтерілістер
Вивенцеде, Болоньеде, Верчеллиде, Пизеде, Мортареде, Ливорнода орын
алды.[14] Турин қаласында фашистер еңбек Палатасын өртеп кеткенде сәуір
айының соңында үлкен көтеріліс болып, жұмысшылар қаланың ірі кәсіпорындарын
басып алды. Көтерілісті басу тек ғана қалаға ауыр артиллериямен әскери
бөлімдерді енгізгенде ғана қол жеткізілді.
Жұмысшылардың фашистерге қарулы қарсылық көрсетулері жиілей бастады. Ең
маңызды деген оқиғалардың бірі Флоренциядағы фашистерге көрсетілген
қарсылық десек болады. 28-ақпанда фашистер бұл жерде теміржолшылардың
тоқсаныншы секциясының хатшысы коммунист Спартако Лаваньиниді өлтіріп
кеткен.[15] Осыған наразылық ретінде теміржолшылар кәсіподағы көтеріліс
ұйымдастырып, оған қаланың көптеген халқы қатыстырылды. 1-наурыз күні
Флоренцияда нағыз көтеріліс басталды. Фашистер мен жұмысшылардың арасындағы
қақтығыстар Сан Фредианода, Порта дель-Пратода, Кавура алаңында орын алды.
Көптеген көшелерде тосқауылдар қойылды. Қалаға атты әскерлер енгізіліп,
броневиктер мен артиллерия әкелінді. Әскер күшімен жұмысшылардың қарсылығы
жаншылды.
Осыдан бастап Италияда фашистер мен антифашистердің қарулы қақтығыстары
күндегі үйреншікті нәрсеге айналды. Фашистер жақсы қаруланған болғандықтан
және полиция оларды жақтағандықтан үнемі жеңіске жетіп жүрді.
Фашистерге қарсы көтерілістер ұйымдастыруда кәсіподақ ұйымдары –
еңбектің жалпы конфедерациясы, Италияндық кәсіподақ бірлестігі,
теміржолшылар одағы үлкен рол атқарды. Бірақ олар тек ғана күресудің
кәсіподақтық жолын ғана таңдайтын, ең негізгісі көтеріліске шығу болды.
Кеңірек алатын болсақ еңбекшілердің фашистерге қарсы күресі тек
пролетариаттың саяси партияларымен – социалистік және коммунистік партиялар
арқылы ұйымдастырыла алатын еді.
Қатардағы социалистер мен коммунистер еңбекшілердің фашистерге қарсы
күресінде ерекше рол атқарды. Бірақ бұл партиялардың ең негізгі кемшілігі
фашизмге қарсы күресудің ортақ саяси жолын таңдап ала алмағандығында.
Социалистік партияның жетекшілері фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың
тиімділігіне сенбеді. 1921 жылғы 18-ақпандағы шешімдерінде олар біздің
жолдастарымыз ешқандай арандатушылыққа көнбесін, мүмкіндігінше социализмге
және партия дәстүріне тән әдістермен күрессін деген болатын. Олар фашизмге
мүмкіндігінше кәсіподақтың күшін қарсы қою керек деп шешті. Парламент пен
үкімет фашистердің басқыншылық әрекетіне тосқауыл қою керек деп ұйғарды.
Фашизмге қарсы бұл әрекет бәсең қарсылық деген атқа ие болды.

II-тарау. Фашистік Италияның импералистік жағдайының күшеюі.
II.1. Әлемдік экономикалық дағдарыс және Италиядағы жағдай.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия үкіметі бұлтақ саясат ұстап, 1915
жылы бұрынғы өзінің одақтастарына қарсы, яғни Үштік Одаққа қарсы Антанта
жағында соғысты. Сол кездегі Италия мемлекетінің жай-күйі әскеріне ықпал
етпей қоймады. Уақыт талабына сай дайындалмай соғысқа кірген итальян әскері
майдан даласында бір жеңілістен екінші жеңіліске ұшырады да, соғысқа елеулі
үлес қоса алмады. Оның дәрменсіздігін Антанта елдері елемей қойған жоқ.
Осылайша Италия үкіметінің Антанта елдеріне сүйене отырып, үлкен
территорияны иемдену, халықаралық позициясын нығайту мақсаты орындалмады.
Ұзақ соғыс Италияны қанға бөктірді. Антанта елдері Италияны өзіне тең
санаған жоқ. Италияға Трентино (Оңтүстік Тироль), Истрия, Триест жері ғана
берілді. Аз ғана жерге ие болды, мүддесі орындалмады. Италия жеңгендердің
ішінде жеңілген мемлекет болып қала берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Италияға оңай тиген жоқ. 700 мыңдай
итальяндықтар соғыс даласында қаза тапты. Соғыс шығыны - 46 млрд. лир,
мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің 80%. Сыртқы қарыз 19 млрд. лирге
өсті. Шикізат пен жанармайға валютаның жетіспеуі өнеркәсіп өндірісін күрт
кемітті. Егістік қысқарды, өнім шықпады, мал басы кеміді. Финанс бұзылды,
инфляция күшейді. Жұмыссыздық жайлап, халықтың жағдайы тым нашарлап
кетті.(16(
Елдегі жағдайдың қиындығымен қатар, Италияның Англия, АҚШ, Франциямен
порт Фиуме (Риску) мен Далмацияны бермегені үшін арақатынасы күрделенді.
Италияның славян халқы орналасқан территорияға көз тігуі жаңадан құрылған
Серб-хорват-словен корольдігімен қатынасын шиеленістірді.
1919 жылдың басына қарай соғыстың аяқталғанына қарамай елдің
экономикалық-әлеуметтік жағдайының еш өзгермеуі, оның үстіне соғыстан
қайтқан солдаттардың жұмыссыздықты одан сайын көбейтуі, қымбатшылық қалың
көпшіліктің басқарушы топтың саясатына наразылығын тудырды. 1919 ж. 1555
мың адам қатысқан 1871 ереуіл болып өтті. Елде жұмысшының, шаруаның ұсақ
буржуазияның, алдыңғы топтың қарсылығы елдің экономикасы мен саяси өмірінде
түбегейлі өзгеріс жүргізуді қажет етті.
1919 жылдың басынан бастап, Италияның басқарушы тобының арасында
бірлік болған жоқ. Буржуазиялық диктатура жүйесінде дағдарыс туды,
мемлекеттің өкімет органдары бұзылды. Әскер мен полиция елдегі наразылықты
баса алатын күш болудан қалған еді. Осы жағдайда басқарушы топтың бір
бөлігі социалистік партия, әлеуметтік базасы бәсекеге түсе алатын
буржуазиялық партия құруға ұмтылды. Осы мақсатта 1919 жылдың қаңтарында
Халық партиясы құрылды. Оның бағдарламасы: помещик иеліктерін сату арқылы
шаруаларға бөліп беру; буржуазиялық-демократиялық реформа жүргізу т.б.
Ал басқарушы топтың екінші бөлігі наразылықты күшпен, зорлықпен басуды
ойластырды. Реакциялық ұлтшыл қайраткерлер жұмысшы ұйымдарымен күресетін
арнайы бандалар ұйымдастырды. Соғыс кезінде социалистік партиядан шығарылып
жіберген Бенито Муссолини күрескер топтар, ал жазушы Габриэле Д'Аннунцио
легионердердің қарулы отрядтарын құрды. Оларды ірі өнеркәсіп иелері
қаржыландырды. Олар 15 сәуір 1919 жылы Муссолини отряды социалистік газет
Аванти (Алға) редакциясына террорлық шабуыл жасады.(17(
Италия басқарушы топтары халықаралық саясатта да бірауызды болмады.
Екі лагерь қалыптасты: бірі ашық агрессорлық, жаулап алушылық саясат;
екіншісі соғыстың авантюра саясатының салдарынан сескенген ымырашыл саясат.
Агрессорлық лагерьді ұлттық партия мен оңшыл либералдар басқарды.
Лидерлерінің бірі – Соннино, кезінде сыртқы істер министрі болған. Париж
бейбіт конференциясында премьер-министр Орландо мен Соннино Италияға
негізінен славян халықтары мекендеген Адриат жағалауынан территория беруді,
Италияның Албанияға протекторат орнатуын, Измир мәселесін шешуді, Орталық
және Солтүстік-Шығыс Африкадан отар жер талап еткен болатын. Муссолини
Пополо д Италия (Италия халқы) газетінің бетінде Италия зор территорияға
ие болуы керек дегенді насихаттады.
Солшыл либералдар (Нитти, Джолитти) Серб-хорват-словен корольдігімен
Истрия, Фиуме мәселесі бойынша келісімге келуге шақырды, Далмацияны
аннексиялауға қарсы шықты.
Париж конференциясында Италияның аннексиялық жоспарының жүзеге
аспауы және осыған байланысты батыстық одақтастармен туған қақтығыс Орландо
үкіметінің беделін кетірді де, ол 1919 жылы маусымда отставкаға кетуге
мәжбүр болды. Нитти бастаған жаңа кабинет Грециямен кұпия келісім жасасты.
Ол бойынша Италия Измирге көз тігуін тоқтатып, Фиуме, Далмация мәселесі
бойынша қанша талпынса да келісімге келе алмады.
Нитти үкіметі халықтың қысымымен Кеңестік Ресейге деген саясатын
өзгертті. Итальян әскері Ресейден қайтарылды. Нитти үкіметінің ымырашыл
сыртқы саясаты ұлтшылдар мен фашистердің ашу-ызасын тудырды.
Ұлтшылдар Фиуме немесе өлім! деген ұран көтерді. 12 қыркүйек 1919 жылы
Д'Аннунцио өзінің легионерлер отрядымен Фиумені басып алды. Итальян
генералы басқарған одақтастардың оккупациялық әскері ешқандай қарсылық
көрсетпеді. Фиумеде Д’Аннунцио “республика” жариялады.
16 қараша 1919 жылы
парламенттік сайлау өткізілді. Пропорционалдық
жүйе негізінде жүргізілген сайлау социалистік партияға зор жеңіс әкелді
(5,6 млн. дауыстың 1840 мыңын жинаған), 156 мандаттық орынды иемденді.
Оңдаған жылдар бойы билік басында болған либералдар жеңіліс тапты. Екінші
орынды Халық партиясы алды (1200 мың дауыс, 100 мандат). Алғаш рет сайлау
күресіне қатысып, халықтың арасында әр түрлі уәделер бергенімен ол толық
жеңіліс тапты.(18(
Дегенмен парламенттік сайлау аяқталса да саяси күрес тоқтамады, өрши
түсті. 1920 жылы сәуірде кәсіпкерлердің фабрика-завод кеңестерін құқықтарын
шектеуге тырысқан кәсіпкерлердің әрекетіне қарсы Туринде жалпы ереуіл болып
өтті. Турин жұмысшыларының күресін солшыл социалистер Грамши, Тольятти
басқарды. Турин металлистерінің ереуілін Пьемонттың бүкіл жұмысшылары
қолдады. Бірақ он бір күн табандылық көрсеткен ереуіл Жалпы еңбек
конференцияның реформистік лидерлерінің әрекеттерінен тоқтап қалды. 1920
жылы тамызда металлист-жұмысшылар жалақыны көбейтуді талап етті.
Кәсіпкерлер қарсылық білдірді. Бұл Италия фабрика завод жұмысшыларының
үлкен бас көтеруіне түрткі болды. Жұмысшы қозғалысы көп ұзамай-ақ
Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Италияны жайлады. Революциялық дағдарыс
жалпыұлттық сипатқа ие болды.
Қозғалыстың кең етек алуы буржуазияға үрей туғызды. 1920 жылдың
маусымында өкімет басына келген Джолитти үкіметі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы
Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
Италияда фашизмнің пайда болуы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Фашизм және оның саяси идеологиясы
Италиядағы «Маттеотти дағдарысы»
Пәндер