Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Бөлім. Лизингтің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Лизинг түсінігі, мәні және анықтамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Лизингтің фукциялары, принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ Бөлім. 2.1. Лизинг түрлерінің сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2. Қаржылық лизингтің экономикалық мәні және құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Лизингтік төлемдерді есептеудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ІІІ Бөлім. Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері .24
3.1. Қазақстандағы лизинг “БТА . Лизинг” тәжірибесінде ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Глоссарий
Кіріспе

Қазіргі кездегі экономиканың дамуы, шаруашылық өмірдің барлық салаларына әртүрлі нысанда енетін, несиемен тығыз байланысты. Осыған негіз ретінде банктер мен басқа да несиелік - қаржылық ұйымдар операцияларының үлкен көлемдері, банктік емес қаржыландыруды қолданудың және ақша қаражаттарының қайта бөлінуінің өсуі, жаңа несие нысандары мен түрлерінің пайда болуы, несиелік операцияларға жаңа қатысушылардың тартылуын айтуға болады.
Жалпы Қазақстан экономикасында және оның негізгі және басты салаларында күрделі мәселе болып, негізгі капиталдың тозуы табылады. Қазіргі кезде, бір жағынан Қазақстанның кәсіпорындары жақын және алыс шетелден машина - техникалық импортында, отандық зауыт - өндірушілердің қойылымдарына қажеттілік туындаса, екінші жағынан қаражаттардың жоқтығы мен несиені алудағы қиындықтарынан өз бетінше осы техниканың құнын толық өтеуге мүмкіндігі жоқ. Құрылымдық қиындықтан өту және негізгі қорларды модернизациялаудың тиімді құралдардың бірі болып осы жағдайларда, капитал салымдардың, инвестициялардың арнайы нысаны ретінде, лизинг табылады.
Мемлекет үшін лизингті қаржылық көмектесу, осы операцияларға лизингтік фирмалардың капитал салымдарын ұлғайтуды, ал пайдаланушы фирмаларды өндірістік қорларды үнемі жаңартуға итермелейтін, жаңа техниканы сатулардың ынталандырушы құралы ретінде қызмет етеді. Осылайша, лизинг ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның әлемдік нарықта бәсеке қабілеттілігін арттырудың факторы бола бастауда.
Менің таңдаған курстық жұмыс тақырыбым – “Қазақстан Республикасындағы лизинг”. Курстық жұмыс үш үлкен бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімде, лизингтің теориялық формасы жайлы жаздым. Екінші бөлімде, лизингтің сыныпталуы және лизинг төлемдері. Үшінші бөлімде ауқымды түрде Қазақстан Респубикасындағы “БТА – Лизинг” банкінің тәжірибелік даму жолдары жайлы жаздым.
Өз жұмысымда, лизингтік бизнестің кең көлемді дамуы Қазақстан үшін инвестициялық үрдісті белсендірудің ең маңызды бағыттарының бірі, сондай-ақ өндірістің техникалық қайта қарулануына және экономиканы құрылымдық қайта құруына күшті түрткі бола алатындығы туралы жаздым. Ол онда қатысушы конрагенттерге біршама артықшылықтарды беріп, ғылыми - техникалық прогресстің дамуын ынталандырады. Біздің елімізде, әсіресе екінші деңгейлі банктердің бұл жаңа қаржылық қызметтер нарығында өздерінің қатысуын барған сайын ұлғайта түсуде. Соңғы үш жыл ішінде банктердің клиенттеріне ұсынған қаржылық лизингтің көлемі он есе артты. Яғни, оның қарапайым, тәжирибеде сирек кездесетін операция ретінде ғана емес, оның шынайы ақпаратқа әсер ете алатын маңызды қаржылық есеп берудің элементі деп қарастырған жөн деп түсіндім.
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 03 мамыр № 597 қаулысымен бекітілген «Қозғалатын мүліктің қаржылық лизингі келісім шартын мемлекеттік тіркеу» тәртібі.
2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 тамыз № 1092 қаулысымен бекітілген тауарларды уақытша кіргізуге және уақытша шығаруға кедендік тәртіп қолданылатын лизинг заттарының тізімі.
3. № 17 қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты «Аренда есебі».
4. № 17 халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты «Аренда».
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктерге қаржылық лизингті бухгалтерлік есепте көрсету бойынша әдістемелік нұсқаулары.
6. Метододичесие рекомендации по расчету лизинговых платежей. КазГосАгру Алматы –2000.
7. Васильев И.М. Лизинг как механизм развитвия инвестиции и предринимательства. М.: Дика 1999.
8. Вахитов Д.Р. Лизинг: зарубежный опыт, россиская практика. Казань: Тагримат 2000.
9. Горемыкин В.А. Основы технологии лизинговых операции. Учебное пособие.
10. Букато В.И., Львов Ю.И. Банки и банковские операции в России.
11. Газман В. "Лизинг Теория. Практика. Комментарий" М.: Фонд «Правовая культура», 1997.
12. Кабатова Е. Лизинг: понятие, правовое регулирование, международная унификация. - М.:Наука,1991.
13. Лаврушин О.И. Банковское дело – М.: ФИС, 1998.
14. Медведков С.Ю. Лизинг в экономике США// США: политика, экономика, идеология.-1979.-№ 5.
15. Мамекова Р.А., Дорошева Г.А. Лизинг: правовые основы, учет и налогооблажение. Алматы: Бико –2001.
16. Голощанов В. Н. Лизинг обречен на успех, но мешают налоги// Экономика и жизнь. – 1996.- № 8.
17. Лизинг ревю – 2000 № 9-10.
18. Лизинг и коммерческий кредит. М.: “Ист-сервис”, 1994.
19. Нургалиева Е., Юридическая газета – 20.01.98 г. № 3(270).
20. Смирнов А. П. Лизинговые операции. - М.: Мысль, 1995.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Бөлім. Лизингтің теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Лизинг түсінігі, мәні және анықтамалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Лизингтің фукциялары, принциптері, артықшылықтары мен
кемшіліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 9

ІІ Бөлім. 2.1. Лизинг түрлерінің сыныптамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2. Қаржылық лизингтің экономикалық мәні және құқықтық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...17
3. Лизингтік төлемдерді есептеудің әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ Бөлім. Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері .24
3.1. Қазақстандағы лизинг “БТА – Лизинг” тәжірибесінде
... ... ... ... ...28

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...31

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2

Глоссарий

Кіріспе

Қазіргі кездегі экономиканың дамуы, шаруашылық өмірдің барлық
салаларына әртүрлі нысанда енетін, несиемен тығыз байланысты. Осыған негіз
ретінде банктер мен басқа да несиелік - қаржылық ұйымдар операцияларының
үлкен көлемдері, банктік емес қаржыландыруды қолданудың және ақша
қаражаттарының қайта бөлінуінің өсуі, жаңа несие нысандары мен түрлерінің
пайда болуы, несиелік операцияларға жаңа қатысушылардың тартылуын айтуға
болады.
Жалпы Қазақстан экономикасында және оның негізгі және басты салаларында
күрделі мәселе болып, негізгі капиталдың тозуы табылады. Қазіргі кезде, бір
жағынан Қазақстанның кәсіпорындары жақын және алыс шетелден машина -
техникалық импортында, отандық зауыт - өндірушілердің қойылымдарына
қажеттілік туындаса, екінші жағынан қаражаттардың жоқтығы мен несиені
алудағы қиындықтарынан өз бетінше осы техниканың құнын толық өтеуге
мүмкіндігі жоқ. Құрылымдық қиындықтан өту және негізгі қорларды
модернизациялаудың тиімді құралдардың бірі болып осы жағдайларда, капитал
салымдардың, инвестициялардың арнайы нысаны ретінде, лизинг табылады.
Мемлекет үшін лизингті қаржылық көмектесу, осы операцияларға лизингтік
фирмалардың капитал салымдарын ұлғайтуды, ал пайдаланушы фирмаларды
өндірістік қорларды үнемі жаңартуға итермелейтін, жаңа техниканы сатулардың
ынталандырушы құралы ретінде қызмет етеді. Осылайша, лизинг ұлттық
экономиканың интенсивті дамуының және оның әлемдік нарықта бәсеке
қабілеттілігін арттырудың факторы бола бастауда.
Менің таңдаған курстық жұмыс тақырыбым – “Қазақстан Республикасындағы
лизинг”. Курстық жұмыс үш үлкен бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімде,
лизингтің теориялық формасы жайлы жаздым. Екінші бөлімде, лизингтің
сыныпталуы және лизинг төлемдері. Үшінші бөлімде ауқымды түрде Қазақстан
Респубикасындағы “БТА – Лизинг” банкінің тәжірибелік даму жолдары жайлы
жаздым.
Өз жұмысымда, лизингтік бизнестің кең көлемді дамуы Қазақстан үшін
инвестициялық үрдісті белсендірудің ең маңызды бағыттарының бірі, сондай-ақ
өндірістің техникалық қайта қарулануына және экономиканы құрылымдық қайта
құруына күшті түрткі бола алатындығы туралы жаздым. Ол онда қатысушы
конрагенттерге біршама артықшылықтарды беріп, ғылыми - техникалық
прогресстің дамуын ынталандырады. Біздің елімізде, әсіресе екінші деңгейлі
банктердің бұл жаңа қаржылық қызметтер нарығында өздерінің қатысуын барған
сайын ұлғайта түсуде. Соңғы үш жыл ішінде банктердің клиенттеріне ұсынған
қаржылық лизингтің көлемі он есе артты. Яғни, оның қарапайым, тәжирибеде
сирек кездесетін операция ретінде ғана емес, оның шынайы ақпаратқа әсер ете
алатын маңызды қаржылық есеп берудің элементі деп қарастырған жөн деп
түсіндім.

І Бөлім. Лизингтің теориялық негіздері
1.1. Лизингтің түсінігі, мәні және анықтамалары

Лизинг терминінің өзі ағылшын тілінің to lease, баяндауышынан
шықты. Ол жалдау немесе жалға алу дегенді білдіреді. Бірақ лизингтің
кез келген анықтамасы шектелген болып келеді және осы жаңа несиелік
құралдың барлық нысандарын ескере алмайды да, сәйкесінше оның мәні мен
шығуына көптеген концепциялар мен көз қарастарды туындатады. Лизинг
қаржылық-коммерциялық, құқықтық, техникалық аспектілері бар. Қазіргі кезде,
онымен байланысты құрылатын қатынастардың қиындығымен шартталған, 100-ден
аса анықтамалары бар. Төменде лизинг туралы кейбір авторлардың
анықтамаларын келтіруге болады:
Лизинг – мүлікке меншік құқығы келісім шарттың соңына дейін арендаға
берушіде қалатын, арендаға берушінің арендаторға оның өндірістік пайдалануы
мақсатында сатып алынған, машиналарды және құрал жабдықтардың ұзақ мерзімді
арендасы.
Лизинг – қаржылық лизинг келісім шарты (лизинг келісім шарты) бойынша
бір тұлға басқа тұлғаға белгілі бір сатушыдан келісім шартпен шартталған
мүлікті меншікке сатып алып сол мүлікті кәсіпкерлік мақсаттар үшін ақылы
және уақытша пайдалануға беретін, уақытша бос немесе тартылған қаржылық
қаражаттарды инвестициялауға бағытталған, кәсіпкерлік қызметтің түрі.
Лизинг – бұл ұйымдарға (лизинг алушыларға) лизингтік төлемдерге
айырбастап, арендаға ұсыну үшін құрал жабдықтарды сатып алу. Лизинг құрал –
жабдықтарды лизингтік келісім шарт мерзімі аяқталғанда немесе ол
аяқталмағанға дейін қалдық құны бойынша сатып алу мүмкіндігін қарастырады.
Лизинг – бұл мүлікті уақытша пайдалануға берумен байланысты туындайтын
мүліктік қатынастар кешені. Бұл кешен ішіне, мүліктік қарыз (аренда)
келісім шартынан басқа, сатып алу-сату келісім шарты және қарыз келісім
шарты сияқты, басқа да келісімдерді қосады. Лизингке осы келісім шарттар
және оларға отырған кезде пайда болатын қатынастардың өзара сіңісудің
күрделі байланыстығы тән.
Анықтамаларды талдау келесі белгілеріне қарай, лизинг түсінігінің тар
және кең түсініктерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:
• Лизингтік келісім шарттардың экономикалық мазмұны мен құқықтық нысаны;
• Лизингтік мәміленің объектілер шеңбері;
• Мәміле қатысушыларының (субъектілердің) саны мен құрамы;
• Мәміле мерзімі.
Бір белгілері бойынша лизингті тар түсіндірілмесі басқалары бойынша кең
трактовкасымен байланысып жатады және олардың әртүрлі комбинациялары
көптеген анықтамалардың пайда болуына негіз болады.
Осы аядағы қолданылатын терминология да әртүрлі және ол
унификацияланбаған. Бұл лизингтің көптеген нысандары мен түрлерінің
атауларына, сондай-ақ лизингтік қатынастар қатысушыларына да қатысты. Тек
қана лизингтік қатысушылардың атауларын белгілеуде ғана әртүрлі терминдер
қолданылады. Мысалы, арендаға беруші, қарыз беруші, лизинг беруші
және арендатор, қарыз алушы, пайдаланушы, лизинг алушы деген екі
жақты қатысушылардың осыншама терминдер қолданылады. Әртүрлі салалар мен
қызмет аяларының мамандары заңгерлер, коммерсант - кәсіпкерлер,
маркетологтар, банкирлер, сыртқы экономикалық қызмет аясының қызметкерлері
лизингті сипаттай отырып, оны қаржылық (инвестициялық және банктік)
қызметтерге немесе арендалық қызметтерге немесе кәсіпкерлік қызметке
жатқызады; тауарларды өткізу нысаны, машина - техникалық қойылымдар нысаны,
аренда, ұзақ мерзімді аренда нысаны, қаржыландыру, капитал салымы нысаны,
негізгі қорларға несиелендіру нысаны, ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар
экспортын несиелендіру нысаны, сыртқы экономикалық қызмет нысаны (сыртқы
сауда, экспорттық - импорттық операциялар) ретінде қарастырады.
Қарастырылатын қатынастардың қиындығы мен салыстырмалы жаңалығы,
олардың құқықтық табиғатына әртүрлі көзқарасының пайда болуына әкелді.
Континенталдық Еуропада лизингтің құқықтық табиғаты туралы теориялардың
көптігі соншалықты, LEASEEUROPE (Еуропада лизингтің даму мәселелерімен
айналысатын халықаралық ұйым) бірінші сессиясында айтылғандай, ешкім лизинг
не екеніне нақты анықтама бере алмайды.
Е. Кабатова лизинг туралы шетелдік құқықтық теорияларын талдай отырып
келесі бес негізгі концепцияларды бөледі:
• Лизинг келісім шарты аренда келісім шартына тән белгілерімен
қарастыратын концепция.
• Лизинг келісім шартының бір сыныптамасы, сатып алудағы опционды
ішіне қосатын айрықша типтегі кейінге қалдырып сатып алу - сату
келісім шарты ретіндегі концепция.
• Лизинг өзінде тапсырма институтын кіргізетінін дәлелдейтін
концепция.
• Лизинг үшінші жақтың пайдасына шешілетін келісім шарт ретінде
қарастыратын теория.
• Лизинг және узурфактор (заттың әкелетін өнімін алуға, бірақ сол
затты сақтау шартында, бөтен мүлікті пайдалануға құқықты заң
немесе келісім шарт бойынша белгіленетін мүліктік құқық) кезінде
пайда болатын қатынастардың ұқсастығы бар екенін айтатын кейбір
авторлардың трактовкасы.

Лизинг арендаға қарағанда мәні жағынан ерекшеленеді. Арендаторға
қарағанда лизинг алушы объектіні ұзақ мерзімге алып қана қоймайды, оған
сатып алушының, меншік құқығымен байланысты, дәстүрлі міндеттері жүктеледі:
мүлік құнын төлеу, мүліктің абайсыздықтан құртылуынан жоғалтуларды өтеу,
оны сақтандыру және техникалық қызмет көрсету, жөндеу. Бірақ мүліктің иесі
лизинг беруші болып қалады. Лизингтік мәміленің объектісінің құртылуы
немесе оны пайдаланудың мүмкіндігінің болмауы, қарызды толық өтеу
міндеттемесінен босатпайды. Лизинг алушы арендаторға қарағанда лизинг
берушіге объектіні пайдалану құқығы үшін ай сайынғы (квартал сайынғы)
төлемді емес, оның толық құнын төлейді. Лизингтік мәміленің объектісінде
дефектілер табылғанда лизинг беруші гарантиялық міндеттемелерінен босайды
да, лизинг алушы барлық претензияларды жабдықтаушыға қояды.
Осындай жол негізді, өйткені лизинг беруші объектіні лизинг берушінің
сұрауы және мүддесінде сатып алады. Осындай міндеттердің таратылуы, лизинг
алушының объектіге қараудың кепілі болып табылады.
Бұдан басқа, егер аренда, аренда беруші мен арендатордың арасындағы екі
жақты мәміле ғана болса, онда лизингтік келісім шарт көп жағдайда үш жақты
және көп жақты сипатта болады. Осыны келесі сызбалардың мысалында көруге
болады.
Сур.1. Екі жақты келісім шарттың сызбасы.
Лизинг келісім шарты

Сур.2. Көп жақты лизингтік келісім шартының сызбасы.

Кейбір экономистер лизингті, үшінші тұлғаларға белгілі бір тауарға
меншік құқығын әкелетін және оған қысқа, орта, ұзақ кезеңге арендаға
беретін, маманданған лизингтік компаниялардың көмегімен негізгі қорларға
капитал салымдарын қаржыландырудың ерекше нысаны ретінде қарастырады.
Лизингті қаржыландырудың бір әдісі ретінде қарастырудың себебі, лизинг
беруші лизинг алушыға құрал жабдықтарды қолдануға және оның құнын бөліп
төлеуге мүмкіндік бере отырып, ол сонымен нақты мәніне келсек соңғыны
несиелендіреді.
Басқалары лизингті іскерлік қатынастардың, оның өнімді өткізудің және
бір кезде инвестициялық үрдістің маңызды каналы ретінде, шаруашылық
тәжирибеге кеңінен кірген жаңа нысаны ретінде санайды. Сондай-ақ оны ұзақ
мерзім пайдаланылатын тауарлар экспортын несиелендіру нысаны ретінде
қарастырады.
Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны,
капитал салымын жүргізудің құралы ретінде қарастырылады. Егер мүлікті
уақытша пайдалануға мерзімділік, қайтарымдылық және ақылық шарттарында
берілсе, онда лизингті негізгі қорларға тауарлық несие ретінде қарастыруға
болады. Бұл көзқарас бойынша, дәстүрлі банктік ссудаға балама, машиналар
мен құрал жабдықтарды алуды несиелендірудің жаңа нысанына жатқызады.
Әрбір лизингтік мәміленің негізі болып, қаржылық, нақты айтсақ несиелік
операция табылады. Меншік иесі (лизинг беруші) пайдаланушыға (лизинг
алушыға) белгілі бір қаржылық қызмет көрсетеді: ол мүлікті меншікке толық
құнына сатып алады да осы соманы соңында лизинг алушының кезеңдік төлемдері
есебінен қайтарады.
Сондықтан да экономикалық мағынада лизинг пайдалануға берілетін мүлік
нысанында, лизинг берушінің лизинг алушыға ұсынылатын несие. Несиелік
қатынастардың субъектілері ретінде: қарыз беруші – лизинг беруші, ал қарыз
алушы – лизинг алушы; объектілері ретінде машиналар, құрал жабдықтар және
басқа да негізгі құралдар элементтері.
Қарызға берілетін құнды ұйымдастыру нысаны бойынша бір мезгілде лизинг
коммерциялық несиемен сырттай ұқсас, бірақ олардың арасында принципиалды
айырмашылықтар да бар.
Ең алдымен бұл коммерциялық несие және лизингтегі меншіктік
қатынастарға қатысты. Коммерциялық несиеде тауарды уақытша пайдалануға бере
отырып, бір мезгілде сол мәміле объектісіне, яғни тауарға меншік құқығын
береді. Меншікке, қазіргі кезде өтеу мүмкін болмай отырған және уақыт
бойынша ұзартылған, тауарлардың тұтынушылық құны түседі. Лизинг кезінде
мүлікті пайдалану құқығы оны иемдену құқығынан бөлінеді.
Осы құқықты иемдену үшін ол лизинг берушімен келісілген лизинг
төлемдерді жүргізеді. Лизинг мерзімі біткеннен кейін объект (пайдалануға
берілген мүлік) лизинг берушінің меншігі болып қалады. Бір қатар
жағдайларда лизинг алушының лизингтік келісім шарттың мерзімі аяқталғаннан
кейін объектіні сатып алу құқығы қарастырылған және сәйкесінше объектінің
құнын төлегеннен кейін меншік құқығы да өтеді.
Коммерциялық несие де, лизинг те сауда мен несиелік мәмілелердің
арасында кері қатынасының бар болуын көздейді. Лизингтің сатып алу-сатумен
тікелей қарым қатынасы жоқ. Лизинг, мүлікті сатып алумен әрдайым бастала
бермейді, өйткені ол лизингтік компанияның меншігі болып табылуы мүмкін,
лизинг мәмілесіндегі лизинг алушының көрсеткен мүлікті сатып алумен біте
бермейді.
Коммерциялық несие тауарлық нысанда ұсынылып, ақшалай түрде өтелінеді.
Лизингте несие тауарлық нысанда да ұсынылады. Лизингтік төлемдер, өзінің
экономикалық табиғаты бойынша несиені пайдаланғаны үшін, мүлік түріндегі
ақы. Келісім шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг берушіге мәміле
объектісі әдетте натуралды-заттық нысанда қайтарылады. Лизингтік мәміле
компенсациялық сипатта болуы мүмкін, онда төлем жалданған құрал жабдықта
өндірілген өнімді қою немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүргізіледі.
Коммерциялық қызмет қысқа мерзімді сипатта болады. Дәстүрлі лизинг әдетте
ұзақ мерзімді аренданы білдіреді, бірақ ол қысқа және орта мерзімді
мәмілелерді де қосуы мүмкін.
Лизинг, банк қарыз алушының ссуданың кепілі ретінде мүлікке меншік
құқығын өзінде қалдыратын, банктік несиеден де ерекшеленеді. Оны өтегеннен
кейін мүлік қарыз алушының меншігі болып қалады. Лизингтік қатынастарда
аренда мерзімі аяқталғаннан кейін және барлық арендалық төлем сомасын
төлегеннен кейін объект лизинг берушінің меншігінде қалады. Әрине,
лизингтік келісім шартпен лизинг затын қалдық құны бойынша сатып алу немесе
оны лизинг алушының меншігіне берілуі көзделуі мүмкін.
В.А. Перов – лизинг феномені 80-ші жылдардың басында-ақ тек ұзақ
мерзімді аренда ғана емес, ішінде арендалық қатынастар, кепіл астында
несиелік қаржыландыру элементтері, қарыздық міндеттемелер бойынша
есептесулер және басқадай қаржылық механизмдері қосылған, жаңа дәстүрлі
емес, ерекше, қосымша перспективті қаржыландырудың жүйесі болып анықталған-
деп атап өтеді.
Осы түсінікке кеңінен сыртқы экономикалық білімдердің негіздері
анықтама-сөздікте келесідей түсіндірме берген: Лизинг – машиналарды, құрал
жабдықтардың ұзақ мерзімді арендасы. Арендаға берушінің меншікке құқығын
сақтауға негізделген, инвестицияларды қаржыландырудың және өткізуді
белсендірудің салыстырмалы жаңа түрі. Лизингтік компания машиналарды,
құрал жабдықтарды, ЭЕМ-рды, көлік құралдарды, қоймалық жайларды, мәміленің
аяғына дейін оларға меншік құқығын сақтай отырып, арендаторға өндірістік
мақсаттарда пайдалануы үшін сатып алады.
Кейбір авторлардың жұмыстарында, лизинг пен аренда сияқты екі термин
бір біріне кейбір белгілері бойынша синоним сөздер болып келетінін айтып
кетіп, бірақ араларында принципиалды мән жағынан айырмашылықтар бар екенін
айтады. Төмендегі кестеде осындай идеяны қолдайтын, В.А. Горемыкиннің осы
екі термин арасында негізгі айырмашылықтарын келтіреді.

Кесте 1. Арендалық және лизингтік қатынастардың өзара байланыстығы мен
негізгі айырмашылықтар

Салыстыру Қатынастар түрлері
параметрлері
Арендалық Лизингтік
Қатынастар Арендатор және Арендаға Лизинг беруші және Лизинг
субъектілері беруші алушы
Қатынастар Жер учакілерін және Жерден, табиғат объектілерді
объектілері табиғат объектілерді қоспағанда, кәсіпкерлік
қосқанда, айналымдағы мақсаттарда пайдаланылатын кез
шектелмеген кез келген келген тұтынылмайтын заттар
мүлік
Тараптар Негізінен мүліктік құқық Мүліктік, несиелік,
қатынастарын қатынастарымен коммерциялық құқықтық
құқықытық реттеу қатынастармен
Мүлік сатушысымен Тек қана арендаға Лизинг алушы сатып алушы
қатынастар беруші-сатушы құқықтарын және міндеттері
бар, лизинг беруші мен алушы
сатушының кредиторлары
Жалға берушінің Арендаға беруші жауап Сатушыны өзі таңдаған
пайдаланушыға береді жағдайдан басқа, лизинг беруші
берілген мүліктің мүліктің жағдайына жауап
жетіспеушіліктеріне бермейді
жауапкершілік
Мүліктің ықтималды Меншік иесі-арендаға Пайдаланушы-лизинг алушы
құртылуы тәуекелін:беруші
Жалға беруші келесіМүлік иесінің Мәмілені қаржыландыруға
міндеттері бар:
Сатып алушының Жүргізілмейді Мүлікті арендаға бергені
сатушыны мүлікті туралы белгілі бір тұлғаға
сатып алу мақсаты лизинг беруші хабарлауы тиіс
туралы хабландыру
Арендаланған әдетте меншік иесі Пайдаланушы
мүлікті
сақтандыруды:
Қатынастардың Мүлікті арендалау туралы Лизинг туралы үш жақты келісім
құқықтық нысаны екіжақты келісім немесе үш келісім шарт: Сатып
алу-сату; лизинг және
несиелендіру
Пайдаланушының Егер қарастырылса, онда әдетте объектіні сатып алу
аренда объектісіне сатып алу-сату келісім опционы ұсынылады немесе
оның құнын өтеген шартында барлық лизингтік төлемдерді
соң меншік құқы жүргізгеннен кейін
лизингалушының меншігіне
өтеді.

Лизинг банктік несиелендіруге және меншікті қаржылық ресурстарды
қолдануға балама, капитал салымдарды қаржыландырудың ерекше нысаны болып
табылады. Ол өнеркәсіптік компанияларға бір мезгілдік шығындарсыз қажетті
тауарларды алуға, сонымен қатар өндірістік құралдардың ескіруімен
байланысты жоғалтуларды болдырмауға мүмкіндік береді.

1.2 Лизнгтің функциялары, принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері

Кәсіпкерліктің лизингтік нысаны принциптер немесе тәжирибелік қызметте
ескерілуі қажет оның жалпы, жеке және ерекше қасиеттерінің бірлігі мен
байланыстығын анықтайтын бастапқы ережелер, тәртіптер жүйесіне негізделеді.
Кейбір принциптерді білу, көптеген факторларды, оның ішінде лизингтік
қатынастарды да, білмеудің орнын толтырады.
Төменде лизингтік қатынастырдың негізгі принциптері мен ерекшеліктері
көрсетілген: à) àқылығы; á) шаруашылық жүргізуші субъектінің ауысуы; â)
мақсаттылығы мен нақтылығы; ã) мүліктік жауапкершілігі; ä) Үнемділігі; å)
тараптардың бірдей құқылығы; æ) мүлік иесі ауысқан кездегі келісім шарттың
бұзылмауы; Мүліктің қайтарымдылығы; Келісім шарттық қатынастар;
Инновациялығы; Қатынастардың еріктілігі; Лизинг алушының мүлікті кері сатып
алуға құқығы; Мерзімділігі.

Өндірістік құралдар лизингі
Лизинг белгілері Лизинг функциялары

Өндіріс құралдарына инвестициялар Қаржылық
Мүліктің жалға алынуы Өндірістік
Сатып алу-сату Өткізу
Мүлікті иелену мен пайдалану Салықтық жеіңлдңктерді алу
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру Кәсіпкерлік аясын кеңейту
Лизинг алушының мүлікті кері сатыпБәсекелестік қатынастарды дамыту
алу құқысы
Кәсіпкерлік қызметтің нысаны Мұлікті мемлекет қолынан алу және
жекешелендіру
Меншік қатынастарды жүзеге асыру Сыртқы экономикалық қызметті дамыту
тәсілдері
Мүліктік-құқықтық қатынастардың Мүлік құнын қайтару
кешені
Инвестициялық қызметтің түрі Мүліктің иесі мен пайдаланушыны бөліп
қарастыру
Жекеменшік иесінің қайта өндірісі
Жалпы меншігінің екі мәнділігінен асу

Лизингтің көптеген функцияларынан негізгі төртеуін қарастыруға болады:
қаржылық; өндірістік; өткізу; салықтық.
Қаржылық функция тауар өндірушінің қажетті өндіріс құралдар құнын бір
мезгілде төлеуден босатып және оған ұзақ мерзімді несиені ұсынуда көрінеді.
Өндірістік функция қымбат бағалы және моральді ескіріп бара жатқан
машиналарды сатып алуда емес, уақытша пайдалану арқылы өндірістік
мәселелерді оперативті шешуде көрінеді. Бұл өндірісті материаллды
техникалық жабдықтаудың және жаңа техникаға, ғылыми техникалық прогресс
жетістіктеріне жетудің тиімді тәсілі. Толық лизинг кезінде мүлікті беру кең
көлемді техникалық қызмет көрсетумен, сақтандырумен, шикізатпен, жұмыс
күшімен қамтамасыз етумен бірге жүреді.
Өткізу қызметі – бұл тұтынушылар шеңберін кеңейту және жаңа өткізу
нарықтарын жаулап алу. Лизинг аясына белгілі бір мүлікті тез арада сатып
ала алмайтындарды тарту.
Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерді алу функциясының келесі
ерекшеліктері бар:
Лизингке алынған мүлік пайдаланушының балансында есептелінбейді
(қаржылық лизингтен басқа), өйткені меншік құқығы лизинг берушіде
сақталады;
Лизинг алушылар үшін лизингтің артықшылықтары:
• лизинг 100% қаржыландыруды ұйғарады және барлық қарыз сомасын тез
арада қайтаруды қажет етпейді;
• лизинг, лизинг алушыда оның қаржыландырылатын акитвтердегі
қажеттіліктеріне тура сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Бұл ұсақ
қарыз алушыларға тиімді, өйтекені осындай икемді және ыңғайлы
қаржыландыруды, ірі компаниялар алатын, ссуда немесе қайтадан
басталатын несие арқылы ала алмайды. Лизингтік келісім шарт лизинг
алушылардың спецификалық ерекшеліктеріне қарай жасалуы мүмкін;
• көптеген лизинг алушылардың ұзақ мерзімді қаржылық жоспарларды жүзеге
асыру барысында, олардың қаржылық мүмкіндіктері үлкен дәрежеде
шектелген болып келеді. Лизинг осындай шектеулерді өтуге мүмкіндік
береді және осылайша инвестициялық және қаржылық жоспарлау кезінде
үлкен икемділігіне әсер етеді;
• лизинг кезінде активтерді сатып алу мен қаржыландыру бір мезгілде
шешіледі:
• лизинг арқылы активтерді сатып алуда, қаржыландыру, активті
пайдаланудың барлық мерзімі ішінде жүргізілуі тиіс, “қаржыландырудың
алтын тәртібі” орын алады. Егер активті сатып алу кезінде қарыз
капитал қолданылатын болса, онда активті пайдалану мерзіміне
қарағанда, әдетте қарызды тезірек өтеулінуіне талап етіледі:
• лизинг, лизинг алушының шешім қабылдауда икемділігін арттырады. Сатып
алу кезінде “сатып алмау” альтернативасы ғана бар болса, лизинг
кезінде лизинг алушының кең таңдауы бар. Әртүрлі шарттары бар
лизингтік келісім шарттардың ішінен лизинг алушыға, оның
қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне жауап бере алатын біруін таңдай
алады.
• лизингтік төлемдер белгіленген график бойынша жүргізілетін
болғандықтан, лизинг алушы капиталдық салымдарға қаржыландыру
шығындары мен өнімді өткізуден түсімдерді бақылауға мүмкіндігі көп
болады да, сонымен ол құрал жабдықтарды сатып алу кезінде орын
алатынға қарағанда, қаржылық жоспарлардың тұрақтылығын қамтамасыз
етеді;
• инвестицияланатын құралдардың қайтарымдылығын қамтамасыз етудің кепілі
ретінде, лизинг берушінің меншігі болып табылатын лизинг заты
саналғандықтан, лизинг бойынша келісім шартты алу, оған балама ретінде
сол активтерді алатын ссудаға қарағанда, жеңіл болып табылады;
• лизингті пайдаланған кезде лизинг алушы сол активті сатып алғанға
қарағанда, өндірістік қуаттарды көбірек пайдалана алады. Уақытша
босаған қаржылық ресурстарды, лизинг алушы басқа мақсаттарға қолдана
алады;
• лизинг ұзақ уақыт бойы өндіріс өнімін жүзеге асырудың құралы болып
табылғандықтан, мемлекеттік саясат әдетте лизингтік операцияларды
ынталандыруға және кеңейтуге бағытталған;
• лизинг алушының төмен табыстылығы жағдайында, соңғысы табыс салығына
жеңілдікті алуға мүмкіндік беретін, қайтарылатын лизингті қолдана
алады;
• аса үлкен қаржылық ресурстары жоқ лизинг алушыға лизинг ірі проектіні
бастауға мүмкіндік береді;
• лизинг затының үлкен жойылу құнын алу мүмкіндігі, көп жағдайларда
лизинг алушылардың лизингті қабылдаудағы анықтаушы фактор болып
табылады.
Лизингтік мүлікті сатушысы үшін лизингтің артықшылықтары:
- лизинг затын сатушысы өзінің өнімін өткізуге қосымша мүмкіндіктер
алады;
- сатушы үшін мәміле аса тәуекелді емес, өйткені лизинг беруші өз
мойнына мүлік құнының қайтпау тәуекелін лизингтік төлемдер арқылы алады.
Жоғарыда айтылып кеткен артықшылықтармен қоса лизингте қаржылық-
несиелік аяда және шешілмеген бухгалтерлік мәселелерден туындайтын,
жетіспеушіліктері бар. Ұзақ мерзімді несиеге қарағанда лизинг,
қатысушылардың үлкен санынан туындайтын ұйымдастырудың күрделілігімен
ерекшеленеді.
Лизинг алушы үшін лизинг келесідей жетіспеушіліктері бар:
• қаржылық лизинг кезінде лизингтік төлемдер, тіпті ғылыми-техникалық
прогресс кезінде лизингтік мүлікті ескірген болса да, келісім шарттың
аяқталуына дейін тоқтамайды;
• лизинг алушы құрал жабдықтың қалдық құны сомасының артуы кезінде ұтпайды;
• салықтық негізде құралған қайтарымды халықаралық лизинг, лизинг берушінің
мемлекеті үшін шығындар әкеледі;
• халықаралық мультивалюталық лизингтік мәмілелерде валюталық тәуекелдерден
толық кепілдеме берілмейді (бұл мәселе бір қатысушыдан екіншісіне аудару
арқылы шешіледі).
Лизингтің сыртқы көрінісіндегі артықшылықтары мен жетіспеушіліктерді
тізіп көрсетудің өзінде ғана, лизингтің инвестицияның тиімді нысаны бола
алатынын айтуға болады.

ІІ Бөлім. 2.1. Лизинг түрлерінің сыныптамасы

Лизинг түрлерін сыныптау шетелдік, сондай-ақ отандық теория мен
тәжирибеде өте жақсы негізделген.
Лизинг түрлерін бөліп қарастырған кезде, Чекмарева Е.Н. өзінің
кітабында келесі сыныптамалар белгілеріне қарай бөледі (сур.3).
Осындай белгілерге келесілер жатады:
▪ Мәміле қатысушыларының құрамы;
▪ Лизингке берілетін мүліктің типі;
▪ Оның қайтарымдылық дәрежесі;
▪ Амортизация шарттары;
▪ Қызмет көрсету көлемі;
▪ Операциялар жүргізілетін нарықтың секторы;
▪ Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қарым қатынасы;
▪ Лизингтік төлемдердің сипаты.
Қатысушылар (субъектілер) құрамына байланысты мәмілелерді:
- тура лизинг, мұнда мүлік иесі (жабдықтаушы) өз бетінше лизинг затын
жалға береді (екі жақты мәміле);
- жанама лизинг, мұнда мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады,
берілген жағдайда дәстүрлі үшжақты мәміле (жабдықтаушы – лизинг беруші –
лизинг алушы) немесе ірі күрделі мәмілелерде – 4-тен 6-7-ге дейін
қатысушылар саны, олардың қатарында брокерлік фирмалар, мекемелерді
қаржыландыратын трасттық компаниялар және т.б бар, көп жақты мәмілелер орын
алуы мүмкін. Тура лизингтің бір мысалы ретінде қайтарымды лизинг (sale and
leaseback) болып табылады. Оның ерекшелігі болып, мүлік иесі оған меншік
құқығын болашақ лизинг алушыға сатып алу-сату шарттарында береді, яғни оны
сатып және осы мүлікті пайдаланушы ретінде онымен бір уақытта қарым
қатынастарға түседі. Берілген жағдайда жабдықтаушы және лизинг алушы бірдей
заңды тұлғалар болып табылады.
Мүлік типі бойынша:
▪ Қозғалмалы мүлік лизингі (машина-техникалық лизинг);
▪ Қозғалмайтын мүлік лизингі.
▪ Қайтарымдылық дәрежесі бойынша мүлік:
Толық өтелінетін лизинг, мұнда бір келісім шарттың қызмет етуінің
мерзімі ішінде лизинг берушіге жалданатын мүліктің құны толық өтелінеді;
Толық амортизацияланбайтын лизинг, яғни құнның бір бөлігін ғана
төлейді.
Жоғарыда келтірілген сыныптаманың екі белгілеріне сәйкес (лизинг
объектісінің қайтарымдылық және оның амортизациялану шарттарының дәрежесі
бойынша), қаржылық және оперативтік лизингті ажыратады.
Қаржылық лизинг (finanance leasing) мүлікті толық қайтарымды немесе
құнды толық өтеуді (full-payout lease) лизингін білдіреді. Берілген лизинг
түрі, лизинг беруші келісім шарт мерзімі ішінде өзіне мүліктің құнын толық
қайтарып, лизингтік операциядан пайда алған кезде орын алады. Қаржылық
лизингтегі құрал жабдық уақытша пайдалануға берілетін мерзім, ұзақтығы
бойынша толық амортизациялану мерзіміне сәйкес келеді.
Лизингтік операциялар өткізілетін нарық секторына байланысты:
• Ішкі лизинг, барлық қатысушылар бір елдің тұлғалары болғанда;
• Сыртқы (халықаралық) лизинг. Сыртқы лизингке, ең болмағанда бір жақтың
біреуі немесе барлық жақтар әртүрлі елдердің өкілдері болған жағдайдағы
мәмілелерді жатқызады. Бір елдің лизинг алушы мен лизинг берушінің ең
болмағанда біреуі өзінің қызметін шетелде құратын және шетелдік фирмамен
бір капиталда болса, мысалы біріккен кәсіпорын, олардың арасындағы
мәмілелер осы лизингке жатқызылады.
Сыртқы лизингті өз кезегінде экспорттық және импорттық деп бөледі.
Экспорттық лизингте шетелдік ел болып лизинг алушы, ал импорттық лизингте
лизинг беруші болып табылады.
Салықтық және амортизациялық жеңілдіктер бойынша:
1. Фиктивті лизинг, егер мәміле алыпсатарлық сипатта болып және тек қана
негізсіз салықтық және амортизациялық жеңілдіктерді алу арқылы пайда
табуды көздесе;
2. Нақты лизинг , егер мәмілелерді жүргізген кезде жоғарыда аталған мақсат,
негізгі және анықтаушы болып табылмаса.
Лизингтік төлемдердің сипаты бойынша:
• Ақшалай төлемді лизинг, барлық төлемдер ақшалай нысанда жүргізілсе;
• Компенсациялық төлемді лизинг, барлық төлемдер берілген құрал жабдықта
өндірілген немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүргізілсе;
• Аралас төлемді лизинг, жоғарыда аталған төлеу нысанындары тіркесті болса.
Тура қаржылық лизинг – бұл өндіруші немесе өткізуші болып табылмайтын,
бір лизинг берушінің жекелей жүргізілетін (үшінші тұлғаның активтері
тартылатын топтық лизингке қарағанда) лизингтік операция.
Бөлінген лизинг – әдетте ірі көп миллионды мәмілелерде қолданылады,
көптеген тұлғаларды қамтиды: қарыз берушілер тарапында – қаржыландырушы
ұйымдар – лизинг берушілер мен лизинг алушылар және брокер көмегімен оның
барлық қатысушылардың қызығушылықтарын ескеретін, әдетте тресті немесе
жалған корпорацияны құру арқылы, мәміле рәсімделеді.
Қарапайым (жай) лизинг беруші, лизинг алушы және қаржыландырушы ұйымның
қатысуын қарастыратын бөлінген лизинг нысаны.
Нақты лизинг. Лизингтің бұл түрінде барлық экономикалық және құқықтық
міндеттер мен артықшылықтар лизинг берушіге бекітіледі. Бұл лизинг нысаны
сатып алуға опцион қарастырылуы мүмкін7

Сурет 3. Е. Чекмареваның лизинг түрлерінің сыныпталуы.

Сурет4. Лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамы мен санына байланысты
лизингтің түрлері.

2.2. Қаржылық лизингтің экономикалық мәні және құқықтық
негіздері.

Қаржылық лизинг ұйымның дамуын қаржыландыратын маңызды институты болып
табылады. Қаржылық лизингтің лизинг анықтамасы сияқты, оның да мәнін ашушы
анықтамалардың көптігімен сипатталады.
Төменде әртүрлі авторлардың қаржылық лизингке берген анықтамалары
келтірілген:
А.М Андросов бойынша қаржылық (аренда) лизинг – лизинг алушы мүлікті
сатып алу құқығымен, белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және келісімде
шартталған белгілі бір шарттарға заңды және жеке тұлғаларға лизинг келісім
шарт негізінде мүлікті сатып алу мен оны беру бойынша инвестициялық
қызметтің түрі.
Қаржылық лизинг (finance lease) – экономикалық мәні бойынша қаржылық
лизинг кезінде, арендатор мүліктің толық немесе өмірлік циклдың көп бөлігі
мерзімі аралығында құрал жабдықты пайдалануға алады; жал төлемдері
толығымен лизинг берушіге беріледі; арендатор құрал жабдықты техникалық
қызмет ету, салықтарды төлеу, оны сақтандыру бойынша барлық міндеттемелерге
жауап береді; құрал жабдықтың барлық өмірлік циклы бойы лизинг алушы алатын
жиынтық жал төлемдері, құрал жабдықтың бастапқы бағасын толық жабады және
инвестицияланған капиталға табысты қамтамасыз етеді.
Қаржылық лизинг – белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және белгілі
бір уақытша пайдалану немесе иелену шарттарында, лизинг беруші лизинг алушы
көрсеткен мүлікті белгілі бір сатушыдан меншікке алып, оны лизинг алушыға
лизинг заты ретінде беруге міндеттенетін лизингтің түрі.
А.Н.Азрилиянның сөздігінде қаржылық лизинг бұл:
Арендаға берушіге белгілі бір пайданы қамтамасыз ететін және оның
капитал салымдарын толық амортизациялауға жеткілікті, нақты белгілеленген
уақыт ішінде сомаларды төлеуді қарастыратын лизингтік келісім шарт;
Уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі, оның эксплуатациялау
мерзімі мен барлық мүлік құнының амортизациясына жақындатылған мерзімімен
сипатталатын лизинг. Лизинг беруші тек қана лизинг алушымен жұмыс істейтін
болғандықтан, оның эксплуатациялау мерзімі ішінде құрал жабдыққа сұраныстың
өзгеруімен байланысты тәуекел мен лизингті ұйымдастырудың ағымдағы
шығындары да азаяды. Бұл тәуекел лизинг алушының мойнына жүктеледі.
Қаржылық лизинг кезіндегі төлемдер оперативті лизингке қарағанда төмен
болады;
Құрал жабдықтың иесі лизингтік компанияға қолма қол ақшаға сатады және
бір мезгілде сол компаниядан оны арендаға алады, яғни оның арендаторы
болады, бірақ бұл кезде ол құрал жабдық құнын алудан өзінің қаржылық
жағдайын жақсартатын жағдайдағы лизинг;
Құрал жабдықтың сатушысы арендатор болады, бірақ бұл құрал жабдық
басқалармен-субарендаторлармен пайдаланылады. Лизинг келісім шартына сәйкес
активтерді иеленумен байланысты барлық тәуекелдер мен артықшылықтар, меншік
құқығы өту-өтпеуіне тәуелсіз, алушыға өтеді.
Қаржылық лизинг келісім шарттардың орта, ұзақ мерзімді ұзақтығымен,
құрал жабдықтардың құнының толық немесе үлен бөлігінің амортизациялануымен
сипатталады, келісім шарт мерзімі аяқталғанда лизинг алушы лизинг
объектісін лизинг берушіге қайтаруға, келісімді ұзартуға немесе лизинг
объектісін қалдық құны бойынша сатып алуға құқықты. Соңғы вариант сатып
алуды ұзақ мерзімді несиелендіруге тең және қарапайым сатып алу-сату
мәмілесінен, мәміле объектісіне меншік құқығының тұтынушыға өту моментімен
ерекшеленеді.
Қазақстандық бухгалтерлік стандарттарында қаржылық лизингке келесідей
анықтама берілген. Қаржыландырлатын аренда – арендаторға мүлікке меншік
құқығымен байланысты тәуекелдер мен пайданың көп бөлігін беру. Осында
арендатор арендаланатын мүлікті өз балансында көрсетеді. Меншік құқығының
өзі арендалық кезеңде берілуі немесе берілмеуі мүмкін.
Халықаралық бухгалтерлік есеп беру стандарттарында: қаржылық лизинг
(finance lease) – бұл активті иеленумен байланысты барлық тәуекелдер мен
пайданың көп бөлігін берумен болатын аренда – деп анықтама келтірілген.
Қаржылық лизинг туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
қаржылық лизинг бұл инвестициялық қызметтiң түрi, ол бойынша:
1) лизинг берушi сатушыдан лизинг шартында белгiленген лизинг нысанасын
өз меншiгiне сатып алуға және оны лизинг алушыға белгiлi бiр ақыға белгiлi
бiр мерзiмге және белгiлi бiр шарттармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк
мақсаттар үшiн пайдалануға беруге мiндеттенедi. Бұл орайда лизинг нысанасы
лизинг алушыға берiлетiн мерзiм ұзақтығы жөнiнен лизинг нысанасының барлық
немесе елеулi құнының (кемiнде 80 процентiнiң) амортизациясы мерзiмiмен
шамалас немесе одан ұзақ болады;
2) лизинг алушы лизинг шартын жасау кезiндегi баға бойынша лизинг
нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң (кемiнде 80 процентiнiң)
өтелуi (амортизациясы) ескерiле отырып есептелетiн лизинг шартына сәйкес
төленуге тиiстi жүйелi кезеңдiк төлемдердi төлеп отыруға мiндеттенедi. Бұл
орайда лизинг шартының қолданылу мерзiмi аяғталғаннан кейiн немесе ол
аяқталғанға дейiн лизинг алушы лизинг шартында көзделген толық соманы
төлеген жағдайда, егер осылай ауысу лизинг шартында көзделген болса, лизинг
нысанасы лизинг алушының меншiгiне ауысады;
Сонымен қатар бұл заңда келесі анықтамалар келтіріліп кеткен:
• лизинг берушi - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг
нысанасын өз меншiгiне сатып алатын және оны лизинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың түрлері
Қазақстандағы лизингтік несиелеудің жүргізілу барысын талдау
Лизинг операцияларының техникасы
Халықаралық лизингтiк қатынастар
Лизинг операциялары
Қазақстан Республикасында лизинг шартын құқықтық реттеу
Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің даму күйі мен перспективалары
Лизинг туралы жалпы түсінік
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теорилық негізі
Пәндер