Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы мен дамуы



Мазмұны:

Кіріспе.

I. тарау. Қазақстан Республикасындағы несиенің ... ... ... ... ... ... ...
экономиканы дамытудағы ролі және несие жүйесі ... ... ...
1.1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. ... ... ... ...
1.2. Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
институттары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Несиелік жүйені құру принциптері. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4. Несие жүйесінің даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II. тарау. Ұлттық Банк . Қазақстан Республикасының
Орталық банкі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:
міндеттері, қызметтері және операциялары. ... ... ... ... ...
2.2 Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі. ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару
органдары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III. тарау. Қазақстан Республикасындағы Коммерциялық
банктер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Коммерциялық банктер қызметінің мәні, құрылуы
мен ұйымдастырылуы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру
операциялары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Коммерциялық банктердің актив операциялары. ... ... ..
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Экономиканың нақты секто рын, яғни өнеркәсіпті дамыту және халықаралық нарықтық жүйенің бәсекелестігінің қатаң талаптарына жауап бере алатын тұрақты экономиканың жүйесін құру, экономиканың несиеге деген қажеттілігін арттыруда. Осыған байланысты үкімет пен Ұлттық Банктің құрған бағдарламаларына сәй кес экономикаға несие 4,5 есе өсірілді. Сонымен қатар, ипотекалық несиенің қажеттілігінің артуына байланысты банктердің халыққа берген несие соммасы 8 милиард теңге ге жетті. Алайда, Қазақстанда табысы аз халықтардың үлесі жоғары болуына байланысты көп адамдар әзірге ипотека лық несиеге қол жеткізе алмайды.
Несие категориясының қазіргі таңда экономикалық мәні жоғары болып отыр. Сондықтан несиелеудің Қазақ стан Республикасындағы жалпы жағдайымен банктердің эконо микасы несиелеудегі пайдалана отырған әдіс-тәсілдерін қарастыру және экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі ретінде несиенің мәні қаншалықты терең екенін түсіну мақсатында аталған тақырыпты таңдадым.
Несиелеу проблемаларын қарастыруда оның құқықтық негіздері болып табылатын Қазақстан Республикасының заң дары пайдаланыл ды. Несиелеу банктер жүйесі арқылы жүр гізілетіндіктерінен реттейтін негізгі құқықтық-норматифтік актілер Қазақстан Респубкасының “Ұлттық банкі туралы” заңы, “банк және банк қызметкері туралы” Қазақстан Республикасының заңы, “ипотекалық несие туралы” заң, “тұтынушылық несие туралы” заң болып табылады.
Курстық жұмысты орындау мақсатында аталған тақырыптың мазмұнын ашу үшін 1-бөлімде несиенің мәні, қажеттілігі, құрылымы, түрлері қарастырылған.
2-бөлімінде несие жүесі және Қазақстан Республикасын дағы не сиенің экономиканы дамыту қызметтері мен рөл дері қарастырылған.
Ал, 3-бөлімде Қазақстан Республикасындағы банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі қарастырылған.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрілі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы
мен дамуы.

Мазмұны:

Кіріспе.

I. тарау. Қазақстан Республикасындағы несиенің
... ... ... ... ... ... ...
экономиканы дамытудағы ролі және несие жүйесі ... ... ...
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. ... ... ... ...
2. Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
институттары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
3. Несиелік жүйені құру принциптері.
... ... ... ... ... ... ... ... ..
4. Несие жүйесінің даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II. тарау. Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының
Орталық банкі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:
міндеттері, қызметтері және операциялары.
... ... ... ... ...
2.2 Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі.
... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару
органдары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

III. тарау. Қазақстан Республикасындағы Коммерциялық
банктер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
3.1 Коммерциялық банктер қызметінің мәні, құрылуы
мен ұйымдастырылуы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру

операциялары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Коммерциялық банктердің актив операциялары. ... ... ..

Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта
өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық
дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның
ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау;
қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие
қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда
болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген
екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған
мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру
жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге
бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге
өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Экономиканың
нақты секто рын, яғни өнеркәсіпті дамыту және халықаралық нарықтық жүйенің
бәсекелестігінің қатаң талаптарына жауап бере алатын тұрақты экономиканың
жүйесін құру, экономиканың несиеге деген қажеттілігін арттыруда. Осыған
байланысты үкімет пен Ұлттық Банктің құрған бағдарламаларына сәй кес
экономикаға несие 4,5 есе өсірілді. Сонымен қатар, ипотекалық несиенің
қажеттілігінің артуына байланысты банктердің халыққа берген несие соммасы 8
милиард теңге ге жетті. Алайда, Қазақстанда табысы аз халықтардың үлесі
жоғары болуына байланысты көп адамдар әзірге ипотека лық несиеге қол
жеткізе алмайды.
Несие категориясының қазіргі таңда экономикалық мәні жоғары болып
отыр. Сондықтан несиелеудің Қазақ стан Республикасындағы жалпы жағдайымен
банктердің эконо микасы несиелеудегі пайдалана отырған әдіс-тәсілдерін
қарастыру және экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі ретінде несиенің
мәні қаншалықты терең екенін түсіну мақсатында аталған тақырыпты таңдадым.
Несиелеу проблемаларын қарастыруда оның құқықтық негіздері болып
табылатын Қазақстан Республикасының заң дары пайдаланыл ды. Несиелеу
банктер жүйесі арқылы жүр гізілетіндіктерінен реттейтін негізгі құқықтық-
норматифтік актілер Қазақстан Респубкасының “Ұлттық банкі туралы” заңы,
“банк және банк қызметкері туралы” Қазақстан Республикасының заңы,
“ипотекалық несие туралы” заң, “тұтынушылық несие туралы” заң болып
табылады.
Курстық жұмысты орындау мақсатында аталған тақырыптың мазмұнын ашу
үшін 1-бөлімде несиенің мәні, қажеттілігі, құрылымы, түрлері қарастырылған.
2-бөлімінде несие жүесі және Қазақстан Республикасын дағы не
сиенің экономиканы дамыту қызметтері мен рөл дері қарастырылған.
Ал, 3-бөлімде Қазақстан Республикасындағы банктердің экономиканы
тұрақтандырудағы рөлі қарастырылған.

I. тарау. Қазақстан Республикасындағы несиенің
экономиканы дамытудағы ролі..
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Ұдайы өндіріс процессі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процесске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз
алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ -кредитор өндірістік процестің
сыртында қала ды. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процессінің
субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан
несиенің мәнін ұдайы өндіріс процессінің бір сатысымен ғана байланыстыруға
болмайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады. Көбінесе несиені ақша ретінде түсінеді. Бір
жағынан қарағанда бұған негізде бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта
қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде.
Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі
қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі нақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы –сол
қаражаттың бір нақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субфенция,
субсидия түрінде берілсе, олар қайтымсыз сипатқа ие.
Несие-бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жәке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементерге ең алдымен несиелік қатынастар
субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несилік қатынастар субьекті
сіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несилік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес, мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер
болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке
азматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері
кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.
Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адам заттық
қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды үғым. Ал, қарыз
алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі - бұл құнның ерекше бөлігі,
яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды,
өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс
процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан, несиеге
бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді.
Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның
сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік
қатынатардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының
мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процессінде
өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар
кем дегенде екеу: 1 - несиелік мәмілеге қатысушылар-кредитор және қарыз
алушы - экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің
орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субьектілер ретінде
болулары керек несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін
нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге
асырулары қажет; 2 - несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші
мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет б.т. Несиелік мәміле жасалуы үшін
оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Несиелік қатынастар, бір
жағынан, кредитормен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға
беру, екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделік пайда болған жағдайда
ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және
айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы
мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады. Несиелік қатынастардың
субьектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар
тұрақтылығымен, бірқалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі
несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе обьектіні
тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығың ашып ақиқат өмірдің
ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының
негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығн білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі
туралы жоғары да айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастыралық.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
мен несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді.Ол несиеде
тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие
зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын
элементтерден тұрады.Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші
және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар
өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қармағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субьектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор - банк қарызды тек өз меншігіндегі
ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар
есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналстыру арқылы
жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен
анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына
байланысты.
Қарыз алушы-несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор
туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығы:
1) Ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың
уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің
ресурстарымен жұмыс істейді.
2) Қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс
сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ
айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
3) Қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға
алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде
есеп айырысу мен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процессін
өркендете түсу керек.
4) Қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай,
сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді.
5) Қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады.
Қарыз алушының кредитор мен экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған
қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін
орындауға мәжбүр етеді.
Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан
қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредитрға қарай кері қозғалатын
обьекті болып табылады. Беру обьектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның
ерекше бөлігі ретінде болады.

Экономикалық әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады:
коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие
формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және
т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы
формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық
несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен
біріккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несие – бұл фексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатанастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Комерциялық несие көбіне тауарды сатып
алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда
айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель
қолданылады.
Коммерциялық несинің банктік несиеден айырмашы лығы мынадай:
➢ қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті
сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
➢ коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
➢ қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
➢ коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен
салыстырғанда төмен болады;
➢ қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының
құрамына қосылады.
Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құрамына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Комерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несиелік мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• коператифтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайымдалу және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі нормаларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
• кепілхатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен.
• Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік) несиесі.

V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
• Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер;
• Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Сонғы қабылданған актифтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты
күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-
санатты күмәнді.
• Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар
шотына жазылған несиелер.
VI. Фалютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
➢ Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
жеке жұмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.Тұтыну несиесінің
негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау және көмек
көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан -
тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені
таурларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан-
тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл
тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтық тауарлармен жалығу
жағдайында көрінеді.
➢ Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
➢ Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары
болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі
формасы - мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық
міндетемелер, тұрғындардың жинақ кассасының салымдары болып табылады.
➢ Халықаралық несие - валюталық және пайда төлеу шарттарымен беру
бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы
қарыз капиталының қозғалыс формасы.
➢ Офердрафт несиесі - клиенттік шартынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
➢ Офернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
➢ Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
➢ Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, беретін несие.
➢ Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
➢ Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикатпен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пай даланатын
несие.
➢ Сенім несиесі (траст) – банктің сеніміне кірген қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
➢ Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
VIII. Несиелеу обьектісіне қарай:
• Меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
• Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
• Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
• Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материадар, құралдар
және басқа да мүліктер алуына;
• Ломбарттық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• Театрлар және демалыс орындарының кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдық үзілістерге;
• Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
• Тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық ұйымдарға мүше болуы,
экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол
жеткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық займдарды пайдалануды екінші
деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:
1. Ұлттық банктің несиелері:
• аукциондық - Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып
табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде,
республика банктерінің 1 айдан - 3 айға берілетін қысқа мерзімді
несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін
несие.
• ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі.
• бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
қайтарымдылық шартымен беретін несиесі.
2. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
■ өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыру.
■ күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға.
■ импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт.
■ ипотекалық.
■ несиелік желі негізінде-қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша
және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие
беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі.
■ концорциялық - несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік
операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің
қамқорлығы мен бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие.
■ тұтыну мақсаттарына.
■ банкаралық.
3. Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік
қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резерфтер құру тәртібі туралы
ережеге сәйкес Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардан келесі
бөлінулерін белгіледі:
• стандартты-қайтарылу мерзімі әлі жетпеген және сапасы күмән
туғызбайтын несие;
• стандартты емес - несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілуімен
байланысты тәуекелі аз және бір реттен артық емес ұзартылған несие;
• қанағаттанарлықсыз - ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз шотына
жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен
артық емес ұзартылған несие.
• күдікті - қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған күннен
бастап ұзартылу мерзімі 60 күннен 90 күнге дейінгі несие;
• шағынды - ұзарттыру мерзімі 90 күннен артық несие.
Банктердің қарыз портфелінің жіктеуі, оның сапасының жоғарлауы және
несиелік қызметтің болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резерфтер құру
мақсатын көздейді және банктік жүйенің тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Өнадіріске
қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және
елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс
тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан
екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады: несиелік жұмсалымдардың көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың
негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі,
жалпы төлем айналымы және тағы да басқалары. Несие жүйесі туралы екі түрлі
ұғым қалыптасқан: біріншісі - несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен
несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі-несие-қаржы институттарының
(мекемелерінің) жиынтығы. Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары
туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі
субьектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды
белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлемақымен қайтару үшін бөліп
беру анықтайды. Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік
мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын несиелік
операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы
арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және
банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған
сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және
мамандырылған несие-қаржы мекемелері. Мемлекеттік банктің жетекшілігімен
ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы
үшін монополия сыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден
құралатын несие жүйесі қажет.

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке
тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын
экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға
болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық
субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей
қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды
білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие
беруді білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі
мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің
несиелік мекемелеріарасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада
несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады.
Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол
несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік
қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік
қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын
ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар
мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парақты немесе құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субъектілеріне – шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік
қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формсындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Неиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айрысу қатынастарын
ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай
қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің
жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық
формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды
ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені
бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны
қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Жалпы несие жүйесінің құрылымын келесі кестеде көрсетуге болады (сурет
1):

1-сурет.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің
жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық
формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды
ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені
бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны
қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай
қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі
ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы,
жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен
ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы
үшін монополиясыздандырған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын
несие жүйесі қажет.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де
несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін
негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін
бөліп қарастыруға болады:
Ø Орталық (эмиссиялық) банк;
Ø Коммерциялық банктер;
Ø Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық,
ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.).
Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет
көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал
несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк
болып табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейлі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген
елдің ол мемлкеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз
эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл
“банктердің банкі”. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді,
оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ
үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және
реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған
буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі
секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын
жанама әрекет етеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік
тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды.
Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі,
базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық
экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл
мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға
көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе
бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері
нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырады.
Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар
несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты
болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады.
Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе
басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу
әрекеттеріне ұшырайды.
Несие ісі - ақшамен сауда саттық негізінде несиелік операцияларды
орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді
білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық
айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі
банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді
қарастырудан бұрын бізге “банк” және “банктік қызмет” ұғымын білу қажет.
әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін,
депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік
Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және басқа елдердің банктер туралы
заңдарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік
мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда-саттық,
лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген
мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер
қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б.
заңмен тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді
жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған
қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер
қатарына жатқызады.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы” заң күші бар Жарлығының 1-бабында,
банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет
министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізумен
және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі
лицензиясының болуымен анықталады.
Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса
“банк” деп атауға тиіс емес.
Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ оның өнімі материялдық
өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді,
яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.
Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте
банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған.
Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай
делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет
етуші капиталдарға айналдырады.
Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық
айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.
“Банк” ұғымы Италияның “banco” (“айырбас орын”, “ақша үстелі”) дегенді
сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407ж. Генуеде
пайда болған. XII ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.
XV ғ. Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды.
Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 116 филиалы бар.
Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің
қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін
ұйымдастырудың екі типін бөліп құрастырады. Нәтижесінде тарихта
сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.
Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық
қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды.
Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапаонияда қалыптасты. Онда депозиттерді
қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік
операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығару және
оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет
түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және т.б.)
ажыратылған.
Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері мен қаржылық қызмет
көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік
мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай
әмбебап “қаржылық универмагтар”, супермаркеттер типтері Францияда,
Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің
кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды.
Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік
операциялармен айналысады.
АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозиттік, яғни ақшалай
қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік
емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары (зейнет ақы-
жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.)
рұқсат етілген деп бөледі.
Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері,
қарыз-жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге –
сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық
компаниялары, ақша қорларының басқа да қорлары жатады.
Банктер –атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланыстыекі негізгі
типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін эмиссиялай (шығару)
құқығы берілген оратлық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлттық, халықтық,
резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда –
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты
міндеті – айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату,
банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару
болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғарғы буыны болып
табылады. Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді,
себебі ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша
айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене
алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан,
бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек
көрсетуге және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлтық банк болып табылады, ал қалған банктер,
оның ішіндегі коммерциялық банктер – эмиссиялық еместерге жатады. Олардың
айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең
маңыздысы: уақытша бос қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту;
несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар және т.б.
Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі
емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтуді және
клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап
несиелік мекемелер. Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір
екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Банктердің
мамандануының типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы,
биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан
мамандануы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық
бейнеленеді, себебі міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете
отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен
жұмыс жасауды ұйымдастыру ерешеліктерін анықтайды. Ондай типтерге
инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б.
жатады.
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай
қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа
да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады.
Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан
кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал
болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады. Бірақ,
олар техналогиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.
Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып,
ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер
пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да
бағалы қағаздарды құрайды.
Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері
мен пассивтерін құрау ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде олардың қызмет
аумағына, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерінің ұйымдастыру
ерекшеліктері мен байланысты болып келеді.
“Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 1997 ж. 11 шілдедегі Қазақстан
Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді
алып тастады.
Мамандандырылған несие қаржы мекемелері кез келген елдік несие
жүйесінің маңызды буыны. Оларқарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында
ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы:
сауда ждинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар өзара көмек
беру кассалары ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер бастапқыдағы дамуында
коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Ал, қазіргі
кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға
қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі,
яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылық
жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік
нарыққа еніп келеді.
Мамандандырылған несие қаржы мекемелері ипотекалық және тұтыну сияқты
ауылшаруашылық несиелері саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ
жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру
және т.б. айналысады.
Кейбір арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға дейін
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС - НЭП) жылдарында және ауылшаруашылығын
ұйымдастыру тұсында несиелік серіктестіктер өзара несие беру қоғамы
несиелік одақтар және т.б. түріндк болған. Қазір банктік емес мекемелерге
өзара көмек беру кассаларын, ломбарттарды, сондай-ақ шаруа қожалығы
бірлестіктерін ірі агро өнеркәсіп бірлестіктерін қаржы есеп айырысу
орталықтарын жатқызуға болады.
Жинақ кассалары туралы да ерекше айтып кету орынды. Бұрынғы КСРО несие
жүйесінің құрамына мемлекеттік еңбек жинақ кассалары (КСРО Мемжинкасс)
кірген. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік
займдарға және ақшалай-заттай лотерейлерге тарта отырып, халыққа бюджеттік
қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен айналысты,
сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің (ТХК) пайлық жарнамаларын
қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда, ұжымдар мен кең
шарларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8 мыңға жуық
болды.
1988 ж. Несиелік реформадан кейін жинақ кассаларына құрылымдық қайта
құру жүргізілді. Сөйтіп, олардың негізінде акционерлік-коммерциялық банк –
Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ кассалары коммерциялық банктерден
аса ажыратылмайтын банктік мекемеге айналды.
Банктер арасындағы бәсекенің дами түсуә халық қаражатын тартудағы жинақ
банк ролін бірден қысқартып жіберді. 1993 жылдың басында жинақ банкке халық
салымдарының 40% -ға жуығы (бұрын 100%) және жалпы салым көлемінің 10%-ға
жуығы жинақталды. КСРО тарағаннан соң жинақ бантерін ірілендіру жүрді. Жеке
коммерциялық банктермен банктік емес мекемелер жоғары қарқында көбеюіне
байланысты банк қызметінің ауқымды қысқара бастады. Осыған байланысты кей
жерлерде жинақ банкінен кейбір өнімдерін несиелік кооперативтерге қайта
түрлендіру орын алды.
Экономиканың нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды рол атқару мүмкін
банктік емес институттардың дамуын талап етеді. Осыған байланысты шеттегі,
соның ішінде АҚШ та және Ұлыбританиядағы арнайы несие институттарының
қызмет ету мүдделеріне түседі.
АҚШ та банктік емес несие-қаржы институттарға: өзара жинақ банктері,
қарыз жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы
қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады. Бұл институттардың барлығы
негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну
несиелеріне пайдалануға маманданған.
Өзара жинақ банктері “өзара біріккен” кәсіпорындар түрінде құрылады.
Олар халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы
актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды. Сондай-
ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын береді.
Қарыз-жинақ бірлестіктері – халықтың қаражаттарына қатысты салымдық
операцияларды жүргізуімен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға
(активтің 23-ін тұрғын үй сатып алуға) пайдаланады.
Несиелік одақтар - кәсіподақтардың, ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің
ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары
акцияларды сату есебімен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар
беруге пайдаланылады.
Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей
операциялармен шұғылданады. Олардың пассивтері сақтандыру жарнамаларынан
және активтік операциялардан түскен табыстардан құралып, оларды сақтандыру
пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және
тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы актілерге пайдаланады.

Жеке және мемлкеттік зейнетақы қорлары – халық салымдарын жұмылдыра
отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпорациялардың ақшалары мен
облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.
Ақша нарығының өзара біріккен қорлары байлық депозиттік
сертификаттарды, қазыналық вексельдерді сату жлымен инвестициялық капитал
жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетін қысқа мерзімді бағалы қағаздардан
тұратын активтер портфелін құруға бағыттайды. Бағалы қағаздардан түсетін
табыстарды акционерлерге төлеп отырады.
Ұлыбританияның несие жүйесінде банктік емес институттарға: құрылыс
қоғамдарын, есеп үйлерін, Ұлттық жинақ банк жүйесін, сақтандыру
компанияларын, зейнетақы қорларын, инвестициялық сенім – қорларын
жатқызады. Сонымен қатар, олар халықтан депозиттерді қабылдап, оны тұтыну
және коммерциялық несиелерді жеткізіп берумен шұғылданады. Сонымен қатар,
олар әр түрлі қаржылық қызметтерін көрсетуге байланысты операциялар ауқымын
кеңейтеді. Ондай қаржы қызметтерге: бағалы қағаздармен жасалатын делдалдық
операцияларды, лизинг, факторинг және т.б. жатады.
Ұлыбританияда арнайы қаржы-несие институттарының американдықтарға
қарағанда айырмашылығы – олар депозит қабылдап несие бергенімен олардың
қызметі белгілі бір сферада шектеледі (мысалы, құрылыс, тұтыну несиесі).
Басқаша айтқанда, олардың шағын маманданған сапалық бағаты болады.
Германияда мамандандырылған банктік мекемелерге ипотекалық мекемелер,
тұрған үй бірлестіктері, несиелік серктестіктер, инвестициялық компаниялар
жатады.
Демек, банктік емес мекемелер кез келген мемлекеттік несие жүйесінің
қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Олар коммерциялық банктер
орындамайтын қызмет түрлерін өздеріне алу мақсатында пайда болған. Банктік
емес мекемелерге тән сипат олар ресурстарды көбінесе халықтың қаражатын
тарту жолымен жинақтайды. Олар осындай белгілері арқылы пассивтері
негізінен заңды тұлғалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Сыртық экономикалық банкі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Пәндер