Қазақстан Республикасының қысқа және ұзақ мерзімді стратегиясы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

І. “ҚАЗАҚСТАН . 2030” СТРАТЕГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
1.1 Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты ... ... ... ... ... ..6
1.2 Қазақстан Республикасының Индустриялық.инновациялық дамуының 2003.2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СТРАТЕГИЯСЫ.
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы ... ... ... ..30
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге
асырудың құралы ретіндегі Ел басы жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.3 Даму стратегияларын жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикасының өсу стратегиясы өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады.. Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады. Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік саясатындағыең басты басымдылықтарыдң бірі болып табылады. Экономикалық ілгері басудың жоғары қарқындары халықтың өмір сүру деңгейіне оңды әсері етті.
Экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 – 2007 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 – 2006 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,6%-ды құрады.
Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика: Оқулық. Алматы “Экономика”, 2003 жыл.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
3.Райымқұлұлы С. «Экономика теория негіздері» Шымкент, 2005жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев
«Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева
6. «Заң» Республикалық құқықтық журнал Астана 2000ж №9
7. Ө. Нұрғалиев., “Қазақстанның экономикалық өсу ерекшеліктері”. Аль – Пари 2007 жыл. №3 - 4 (84 – 85).
8. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
9. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
10. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.
11. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы» Алматы, 1992ж.
12. . К. А. Мадыханова., “Еліміздегі макроэкономикалық ахуал мен сыртқы қарыз жағдайының өзара байланысы”. Қаржы – қаражаты 2007 жыл.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.
15.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы
және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
16. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
17. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: Учебник. – МГУ, “Дис”, 1997 год.
18. Л: А. Бимендиева, Ш.П. Жылжақсынова., “Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде”. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы 2004 жыл №6(46).
19. А. Айтжанова., Н. Тілегенов., “Жаңа даму кезеңінде ұлттық экономиканы дамытудың мароэкономикалық көзқарасы”, Саясат 2007 жыл №3.
20. Ө. Нұрғалиев., “Қазақстанға қандай даму үлгісі қажет”. Аль – Пари 2007 жыл № 5 – 6 (86 – 87), мамыр – мусым.
21. Ж. Байпақбаев., “Қазақстан экономикасы: қазіргі келбеті және диверсикациялайдың қажеттілігі”,. Саясат 2006 жыл №5.
22. 1920. Н.Ә. Назарбаев, “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”, Егемен Қазақстан, 2007 жыл.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасының қысқа және ұзақ мерзімді
стратегиясы. қазіргі кезде ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осыдан
он жыл бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030
жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен
мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам
орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін
анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды
дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен
мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді
ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сенеміз.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . .5
І. “ҚАЗАҚСТАН – 2030” СТРАТЕГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
1.1 Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30
бағыты ... ... ... ... ... ..6
1.2 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-
2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
... ... ... ... ... ... ... .14
1.3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СТРАТЕГИЯСЫ.
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму
стратегиясы ... ... ... ..30
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге
асырудың құралы ретіндегі Ел басы
жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.3 Даму стратегияларын жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикасының өсу стратегиясы өте
маңызды мәселелердің бірі болып табылады.. Республикадағы болып жатқан
өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық
реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық
құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-
экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп
соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер,
жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.
Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік саясатындағыең
басты басымдылықтарыдң бірі болып табылады. Экономикалық ілгері басудың
жоғары қарқындары халықтың өмір сүру деңгейіне оңды әсері етті.
Экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл
экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған
тақырыбым өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп
мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму,
экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру
Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты
ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған
индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 – 2007 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында
Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру
деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі
нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы
өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа
жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.Үкіметтің теңгерімді
экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 – 2006 жылдар
кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы
жылмен салыстырғанда 8,6%-ды құрады.
Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір сүру
деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті
өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол
уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының
күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық
өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б.
жатады.

І. “ҚАЗАҚСТАН – 2030” СТРАТЕГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ

1.1 Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты


Осыдан он жыл бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің
2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті
мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам
орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық
білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс
айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен
мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді
ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік. Біз қателескен жоқпыз.
Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: Қазақстан
өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық
сеніммен қадам басты.
Күн тәртібіне еліміз дамуының ой қисыны, сонымен қатар кең ауқымды сипаттағы
терең мағынасы бар барынша байыпты түбегейлі қоғамдық міндеттер қойылып
отыр. Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды
табанды түрде қажетсінеді, мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан
кейінгі кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап,
әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан
мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстанды жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары ретінде
Елбасы ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап отыр:
Бірінші бағыт – Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің орнықты сипатын
қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру
Екінші бағыт – Әлемдік шаруашылық жүйесінде қазақстандық “тауашаларды”
іздестіру, оларды қолға қарату және жасақтау
Үшінші бағыт – Іргелі және “серпінді” жобаларға қатысу
Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында
көшбасшылығын айқындады.
Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың “өңірлік
локомотивіне” әрі оны әлемдік экономиканың табысты “ойыншысына” айналдыра
алатындай күш бар.
Біріншіден, Үкімет компанияларымызды келешегі зор өңірлік жобалар жайында
ақпараттандыру жүйесін жасап, олардың осындай жобаларға қатысуына және
конкурстық негізде мемлекеттік контрактілер алуына жәрдемдесуге тиіс. Бұлар
жоғары технологиялық өндірістер, инфрақұрылымдық және басқа да жобалар болуы
мүмкін.
Екіншіден, біздің ірі корпорацияларымыздың нақты “серпінді” жобаларды дамыту
мақсатында ұлтаралық компаниялармен ынтымақтастығын ынталандырып отыру
керек.
Үшіншіден, Қазақстан өңірлік қаржы рыноктарының Алматыдағы қаржы орталығының
төңірегінде топтасуын дамыта отырып, бұл өңірде осы заманғы халықаралық
сауда технологияларының негізінде тауарлы-шикізат рыноктарын, айталық, астық
биржасын құратын болады.
Үкіметке, барлық тиісті органдар мен институттарға, соның ішінде мемлекеттік
холдингтерге Қазақстанды “тауарлармен және қызметпен қамтамасыз ету
жөніндегі өңірлік орталыққа” айналдыруға қолайлы жағдайлар туғызуды, ең
бастысы, қазақстандық компаниялардың өңірлік ірі экономикалық жобаларға
қатысуы үшін нақты шаралар қолдануды тапсырамын.
Төртінші бағыт – Мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және
олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру
Мемхолдингтер басшыларына 2007 жылғы тамыздан кешіктірмей, Президенттің
бекітуі үшін өздерінің дамуы мен жаңа құрылымының тұжырымдамасын ұсынуды
тапсырамын. Стратегиялары мен құрылымдары бекітілгеннен кейін “Самұрық”,
“Қазына”, “ҚазАгро” алдарына қойған міндеттерді іске асыруға кірісулері
керек, ал басшылары олардың жұмыс нәтижелері үшін дербес жауап береді.
Бесінші бағыт – Өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық
қайтарымдылығын едәуір арттыру
Алтыншы бағыт – Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен
бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі
Біріншіден, біздің банктеріміз жергілікті рыноктағы, сондай-ақ өңірлік әрі
халықаралық жобалардағы бәсекелестік тартысқа әзір болуы керек. Біздің қаржы
жүйемізге резидент еместердің қолжетімділігіне байланысты қойылған бірқатар
шектеулерді біз Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздер аясында алып
тастадық.
Екіншіден, Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор
секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын
және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік –
жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.
Үшіншіден, екінші деңгейдегі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы,
әсіресе, энергетикалық, инфрақұрылымдық және “серпінді” жобаларды іске асыру
үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу қажет.
Төртіншіден, капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып
тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның
оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып
қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек
артады, мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына
әкеп соқтыруы мүмкін.
Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты
өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның
дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша
нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу де қажет.
Алтыншыдан, электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын кеңейту үшін
заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру эле¬ктрондық сауданы дамытудың қуатты
факторына айналмақ.
Үкімет Қаржылық қадағалау агенттігімен бірлесе жоғарыда көрсетілген, осындай
жұмысты жүргізудің стратегиясы мен қажетті заңнамалық қамтамасыздығын
әзірлеуі тиіс.
Жетінші бағыт – Қазақстан үшін тиімді жағдайларда БСҰ-ға кіру
Қазақстанның жаһандық экономикадағы бәсекелестік ұстанымдарын көп ретте оның
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты айқындалатын болады. Бұл
міндетті біз бірнеше жыл бойы дәйекті түрде шешудеміз, әрі тиянақтауға да
тақаумыз.
Біріншіден, еліміздің ұлттық мүдделерін ескере келгенде, биылғы жылдың
соңына дейін Қазақстанның заңнамасын БСҰ-ның міндетті келісімдерінің
нормаларына сәйкес келтіру қажет. 
Екіншіден, Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің барысында Үкімет аграрлық секторды
қолдаудың лайықты деңгейін сақтап қалуы және өнеркәсіп орындарын БСҰ
жағдайында тиімді жұмыс істеуге дайындау жөніндегі тиісті бейімдеу шараларын
іске асыруы керек.
Үшіншіден, кедендік әкімгерлікті жетілдіру мен кеден қызметі мамандарының
осы заманғы талаптарға кәсіби сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде нақтылы,
пәрменді және жүйелі шаралар әзірлеу қажет. Біз экономиканың ашықтығы, өңір
елдерінің арасындағы кедендік кедергілерді азайту және өңірдегі сыртқы
тарифтердің бірыңғай деңгейін белгілеу саясатын жүргізуге тиіспіз. Осы және
басқа да мақсаттарға арнап, мемлекет соңғы жылдары өзіміздің кеден жүйесіне
едәуір қаржы бөліп келеді.
Төртіншіден, барлық заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктің халықаралық
стандарттарына көшуі үдерісін жеделдету керек.
Бесіншіден, Үкімет “Атамекен” одағымен бірлесіп, таяудағы уақытта
экономиканың барлық секторларындағы өзіміздің өндірісшілер мен
кәсіпкерлеріміз үшін тиісті ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Сегізінші бағыт – Экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды
дамыту
Тоғызыншы бағыт – Жоғары технологияларды енгізуге және инновацияларды
қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу
Біріншіден, өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды негізге ала отырып,
технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек. Сырттан
жаңа технологиялар әкеліп, оларды жетілдіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ
отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізумен шұғылданатын конструкторлық
бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу қажет.
Екіншіден, жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды, соның
ішінде венчурлық негізде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар жасақтау керек.
Қазақстан ғалымдарының үздік әзірлемелерінің “сыртқа” кетуіне жол беруге
болмайды.
 Үшіншіден, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін көтермелеу шарт.
Ғылыми-зерттеу және конструкторлық қызметтегі зор күш-жігер жеке меншік
сектордың еншісіне тигені жөн.
Төртіншіден, зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір жүйеге
келтіру қажет, сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесіне экономиканың нақтылы
секторында сұраныс туатын болады.
Бесіншіден, зияткерлік меншік пен сауда белгілерінің қорғалуын нығайтып,
технологиялық сектордың дамуына ықпал ету керек. Танысу мен қаржыландыру
үшін ашық болатын инновациялар мен патенттер банкін құру қажет. Бұл –
“Қазынаның” міндеті.
Оныншы бағыт – Экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік
орталықтарын қалыптастыру және олардың жұмыстарын бастауы
Едәуір экономикалық әлеуеті бар көшбасшы қалаларды басымдықпен дамыту
есебінен өңірлік орталықтарды және экономикалық өсу мен бәсекеге
қабілеттіліктің “өзекті арналарын” үйлесімді қалыптастыру өңірлік дамуды
қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Үкімет тұтастай алғанда ел
экономикасын өркендетудің орталықтары ретінде дамыту үшін олардың
мүмкіндіктерін зерделей келіп осындай орталықтарды анықтауға тиіс.
Небәрі он жылдың ішінде шалғайдағы шағын қаладан осы заманғы мүмкіндігі мол
шаһарға айналған біздің байтағымыз – Астананың экономикалық өркендеудің аса
маңызды орталығына айналғаны, әлбетте, қазақстандықтарға ғана емес, баршаға
аян.
Егер біз әлемнің айтулы астаналарымен шындап бәсекеге түскіміз келеді екен,
онда өзіміздің осы мүмкіндіктерімізді одан әрі еселей беруіміз керек.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы мәселе де көкейкесті.
Біз инфрақұрылымды дамытуды, еңбек ресурстарының жинақылығын және өңірлердің
бәсекеге қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз ету әрі солардың негізінде “өсу
тетіктерін” қалыптастыру арқылы Қазақстанның кеңістіктік шоғырлануына қол
жеткізу мақсатын алдымызға қойып отырмыз
Біріншіден, бұл міндетті Қазақстанды өңірдің “экономикалық жолбасшысына” әрі
осы заманғы қызмет көрсету мен жоғары технологиялық индустрия орталығына
айналдыру арқылы іске асыру керек. Мемлекеттік және жеке секторлардың
топтасуы үдерісін пайдаланып, айталық, қазірде құрылған “Сарыарқа”
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын ескере отырып, мәселен, Астана қаласы,
Ақмола мен Қарағанды облыстарының нысаналы өңірлік даму жоспарларын жасау
негізінде нақтылы “өсу орталықтарын” құру қажет.
Екіншіден, мұндай “экономикалық өсу орталықтары” барлық қажетті әлеуметтік
инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс, онда мектепке дейінгі, орта және
кәсіптік-техникалық білім беруге баса көңіл бөлінуі керек.
Үшіншіден, “өсу тұғырларын” сонымен қатар, әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар (ӘКК) желісін дамыту негізінде де жасақтаған дұрыс. Олардың
қызметі аграрлық, көлік-логистикалық және басқа секторларда инвестициялық
және инновациялық жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Үкіметтің ӘКК-ге
қажетті мемлекеттік меншік пен активтерді беріп, кәсіпкерлердің қатысуымен
корпорацияларды дамыту мәселелерін шешкені дұрыс.
Үкімет пен әкімдер бірлесіп, біздің өнеркәсіпті, сауда мен жоғары
технологияларды дамыту жөніндегі жоспарларымызды ескере отырып, осы
орталықтарда өнеркәсіп орындары мен индустриялық аймақтарды орналастыру
жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Он бірінші бағыт – Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде
стратегиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ осы саладағы басқару сапасын
көтеру
Он екінші бағыт – Электрэнергетикалық ресурстарды дамыту және атом
энергетикасының негіздерін жасау
Он үшінші бағыт – Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл
Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және
бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға,
оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрылымдарының
мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс.
Сонымен қатар, салық заңнамасының кәсіпкерліктің дамуын толығымен
ынталандыратындай, сондай-ақ бизнестің “көлеңкеден” шығуына жәрдемдесетіндей
етіп одан әрі жетілдіре түсу қажет.
Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық
ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға
тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп,
бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін
анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын “жасырын” монополияландыруға
жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын
қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын.
Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің
тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды қайта құрылымдау мен дамытудың
жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек.
Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекоммуникациялар мен
аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен
газ құбыры көлігі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты
секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер
жасақтауымыз керек. Алқалы органдар басқаратын бұл құрылымдар тарифтік және
техникалық реттеу функцияларын қоса атқаратын болады.
Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру үдерісін жетілдіру
қажет. Мәселен, “жалғыз терезе” жүйесі шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш
күннің ішінде тіркете алатындай жағдай туғызу керек.
Бесіншіден, тұрлаулы және серпінді экономикалық өсу үшін біздің Қазақстанның
шағын және орта бизнесінің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс
туғызушы катализатор ретінде мемлекет пен мемкомпаниялардың ресурстарын
жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз қажет.
Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялы конкурстық негізде дамыту
үшін арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар жаңа
бизнес қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу
үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет “Қазына” қорына
қатысты
Он төртінші бағыт – Халықаралық талаптарға сай келетін техникалық
стандарттарды жедел әрі барлық жерлерде енгізу
Он бесінші бағыт – Жеке меншік институтын және контрактілік қатынастарды
дамыту
Он алтыншы бағыт – Қазақстанды одан әрі индустрияландыру негіздерін
қалыптастыру
Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық рыноктың осы заманғы
талаптарына сай келетін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының
негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз.
Он жетінші бағыт – Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта
даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату.
 
Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.
Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды жою керек. Таяудағы үш жылдың өзінде
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 100
жаңа мектеп салу қажет.
Екіншіден, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін
бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек.
Үшіншіден, он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу
теледидарын құру қажет.
Төртіншіден, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші
кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу
керек.
Сонымен қатар ғылыми жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар жүйесін
құруды қарастырған жөн. Үкімет осы бағытқа қажетті инвестициялар тартудың
тетіктерін әзірлейтін болсын.
Бесіншіден, мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту қажет.
Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет тілін
оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жеткізуіміз қажет.
Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге гранттар
тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы ойластырған
жөн, айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы оқушыларға арналған
стипендияларды қаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың одан әрі
неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына жағдай
жасайды.
Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесін өте
мұқият зерделеген жөн.
Он сегізінші бағыт – Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде
аттестациялауды енгізу, жоғары білім беру саласында нақтылы және инженерлік
ғылымдарды басым дамыту
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ
бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін
енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін
беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық
ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген
тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын
университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, Үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және
инженерлік ғылымдардың ғылыми-қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті
нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті
құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша қаражатын
тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын
еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың
салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын
бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек
тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық
және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру
салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің
білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту
жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Жетіншіден, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа
нысандарына бағдарланған мамандандырыл¬ған білім беру бағыттарын құру
міндеті де алдымызда тұр.
Он тоғызыншы бағыт – “Парасатты экономика” негіздерін қалыптастыру
Әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы белді
мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де “парасатты экономиканың” жолына
тіккен еді. Ондай экономика құру үшін, ең алдымен, өзіміздің “адами
қазынамызды” молайтуымыз керек екені анық.
Біз үшін ең бастысы – маңызды әрі көкейкесті өмірлік қағидаттарды іске асыру
үшін қазақстандықтарға:
-отбасын қамсыздандыру;
-тұрғын үй иелену;
-денсаулықты нығайту;
- зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар
туғызу болып табылады.
Өзіміздің алдыңғы тәжірибемізден және әлемнің басқа елдерінің тәжірибесінен
біз екі маңызды қорытынды шығара аламыз.
Біріншісі. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі
атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай
көмеккке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін
жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп
балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер.
Екінші. Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа
жұмыс орындарын жасақтау болып келді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең
алдымен, қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың
еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына
жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы
мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен
насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет.
Жиырмасыншы бағыт – Тұрғын үйдің қол жететіндей болуын қамтамасыз ету және
жылжымайтын мүлік нарығын дамыту саласындағы дәйекті саясат
Жиырма бірінші бағыт – Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және
денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту
Жиырма екінші бағыт – Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту
Жиырма үшінші бағыт – Саяси жүйені дамыту
Жиырма төртінші бағыт – Әкімшілік реформаларды іске асыру және атқарушы
билікті жаңарту
Жиырма бесінші бағыт – Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайту
үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін көтеру
Жиырма алтыншы бағыт – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы
тіл саясаты
Жиырма жетінші бағыт – Құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық
тәртібін нығайту
Жиырма сегізінші бағыт – Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп
бағытты сыртқы саясатты дамыту және жаһандық қатерлерге қарсы күреске қатысу
Жиырма тоғызыншы бағыт – Қазақстанның өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз
етудегі, Орталық Азия елдерінің экономикалық ықпалдастығын дамыту мен Каспий
және Қара теңіз аймағындағы серпінді рынокты қалыптастырудағы белсенді рөлі
Отызыншы бағыт – Қазақстанның “өркениеттердің үндесуін” дамытудағы
мәдениетаралық және конфессияаралық орталық ретіндегі тұғырын бекемдеу
Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізде тұрып жатқан және Қазақстанның
біртұтас халқы болып табылатын барлық ұлттар өкілдерінің ұстамдылығын,
конфессияаралық және мәдениетаралық татулығын қамтамасыз етуге бағытталған
сара саясатымыз барынша танылып отыр.

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған
iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына
Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген
тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
      Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк
экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру
арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзуге бағытталған.
      Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы
болып табылады.
      ДҮниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы
Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу
мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
      Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар
Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация,
Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
      Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi
құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды
кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми
және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге
инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
      Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi
көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi
дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық
саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға кө шу
көзделуде.
      Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын,
өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты
өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға,
Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа
деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
      Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру
жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi
бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске
асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың
әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк
артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
      Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел
экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек. Әлемдiк
экономиканың үрдiстерiн талдау және Қазақстан
экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалар
Әлемдiк экономиканың даму үрдiстерiн талдау
      Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi
өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа
белгiлерiне ие болды.
      Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық
компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде
артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта
қоры және ДҮниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды.
      Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық елдердiң
ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды
трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады.
      Тоқсаныншы жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер өндiру процесi
толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы орналасты.
Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды.
      Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және
дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны
өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар
айтарлықтай өзгердi.
      Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер өндiрiстiк процесс
тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша тө мен тауарлар өндiрiсiнiң
салыстырмалы тө менгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады.
      Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған.
Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын
ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады.
      Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану
түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа
бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай
саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия
(Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа
бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы
туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
      Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де
импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс
Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас тартып,
экспортты қолдау саясатына кө шуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға
ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.
      Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың
табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып
тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы
рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт
алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк
және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту
керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi
арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап
қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға
бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар
халықаралық бәсекеде ұтылып жатты.
      Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын
әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi тө мендегiше жiктеуге болады:
      дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық
экономикаға өту;
      ғаламдану;
      экономиканы ырықтандыру;
      ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
      Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер
индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға
өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады.
Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар.
      Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы
шоғырланған, ал индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн
өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта
қалған елдерiне ауысуда.
      Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк
тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және
қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл
шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.
      Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы
экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта
классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда.
      Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы
экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық
өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
      Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және
қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру
жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан
экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде ө мiр сүру деңгейi
жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық
даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.
      Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы
мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде
бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды.
      Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды
20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21
млрд. астам АҚШ долл. тартылды.
      Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан
бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық
орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн
экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады.
      2001-2002 жылдары iшiнде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 %
құрады. 2010 жылы ЖIӨ екi есе ұлғайту үшiн оның орташа жылдық өсу қарқыны
7,2 % болуы керек.
      Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы
қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды
жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтiк салада сапалы
өзгерiстер жүргiзу керек.
      Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi әлеуетiн
шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына
инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдаяттың өзгеруiне
қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi.
      Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы
елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар
рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.
      Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет
пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен
бiрге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу
шегiнде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемi әрекет
жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы
қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму
тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.
      Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс
толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт тө мендеуiнiң
зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен
түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен асып
кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады.
      Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын
жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн
теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетiстiктердi,
қаржы секторы сенiмдiлiгiнiң артуын және елдiң экспорттық әлеуетiнiң жедел
қарқынмен өсуiн айта отырып, өнеркәсiптiң өңдеушi салалары, сондай-ақ
өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай отырғанын
атап өту керек.
      Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта
бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi осыған ұқсас
шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi
өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей және жанама
субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, ЖЖМ,
өнiмдi тасымалдауға тө мен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң
белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде. 2003
жылға дейiн өнеркәсiптiң кейбiр (машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары аяқ
киiм, резина және пластмасса бұйымдарын өндiру, химия өнеркәсiбi) салаларына
бюджет алдында жол берiлген бұрынғы берешектерiн төлеу өсiмi есептелмей
кейiнге қалдырылды. Тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының
өзi өндiрген өнiмдi өткiзуге 2002 жылға дейiн әәС нөлдiк cтaвкa бойынша
салынды.
      Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын
алуда:
      экономиканың шикiзат бағыттылығы;
      әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
      ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы;
      өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң тө мендiгi;
      iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы;
      өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде
дамымауы;
      мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика
салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
      кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта
қалуы;
      ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
      ЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;
      отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi,
ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды
тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық
ұсыныстар деңгейiнiң тө мен болуы;
      мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi
заманғы жүйесiнiң болмауы;
      экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы
институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
      менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және
сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес
келмеуi.
      Қазақстанда қаржы ресурстары бар, алайда банктер үлкен қауіп-қатерлер
болуына байланысты операцияларға бара алмайды.
      Ашық экономикалы шағын ел болғандықтан, Қазақстан әлемдiк бағаларға
әсер ете алмайды, сондықтан оларды сол қалпында қабылдауға тиiс. Осының
салдарынан ел өз экономикасына пәрмендi ықпал ету құралдарының шектеулi
мөлшерiн ғана қолдана алады. Осыған байланысты экономиканың сыртқы
факторларға дәрменсiздiгiн азайту үшiн елде жоғары технологиялық
өндiрiстердi құру аса өзектi мәселеге айналуда.
      Өткiзуден түсетiн табыстың 1 теңгесiне жұмсалатын шығындардың
көрсеткiшi еңбек және материалдық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн
бағалаудың индикаторы болып табылады. Бұл көрсеткiш өткiзiлген өнiмнiң
(жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнының оларды сатудан түсетiн табысқа
қатынасымен өлшенедi. Бұл көрсеткiш аз болған сайын кәсiпорынның табысы
жоғары болады.
      Қазақстан экономикасында 2002 жылы мұнай және табиғи газ өндiру (0,39)
кезiнде, қаржы қызметiнде (0,48), темекi өнiмдерiн өндiруде (0,58), түстi
металдар өндiруде (0,55) өндiрiлген капитал мен адам күшін пайдаланудың
жоғары тиiмдiлiгi орын алды. Өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгесiне жұмсалған
шығындардың тө мен деңгейi ауыл шаруашылығында (0,91), химия өнеркәсiбiнде
(0,85), электр энергиясын, газ және су өндiру мен бөлуде (0,86), құрылыста
(0,85), сусындарды қоса алғанда тағам өнiмдерiн өндiруде (0,8) байқалды.
      Салық шегерiмдерiн, өнiм тасымалдауға және жарнамаға жұмсалатын
шығындарды есепке алғанда көптеген салалардың кәсіпорындары залалда қалады.
      Жұмысшылардың санын қысқартатын жаңа технологияларды қолдану, өнiмнiң
материал және энергия сыйымдылығын тө мендету кәсiпорынның табыстылығын
жоғарылатудың резервтерi болып табылады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері
Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің
рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.
Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың
болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда
болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.
Қазақстан Республикасы экономикасының өсуі.
ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп құрайды
(29,5%). Оның құрылымында 2006 жылға кен өндіру саласының
үлесі 57,9% дейін ұлғайды, ал 2001 жылы кен өндіру және
өндеуші өнеркәсіп салалары шамамен тең үлесті құрады
(тиісінше 45,5% және 45,3%). Қызмет көрсету өндірісі мынадай
салалардың былайша өсуімен сипатталады: қаржы қызметі
43,4%, байланыс қызметі 20,4%, сауда 9,8%, көлік 7,0%. ЖІӨ
құрылымында үлкен үлесті әлі де қызмет көрсету алып
отыр (52,5%), олардың үлесі ЖІӨ өндірісінің жартысынан тұрақты
түрде асады. (1 - кесте).

Кесте 1

Жалпы ішкі өнімнің құрылымы, 2001 – 2006жж

Көрсеткіштер 2001 2002 2003 2004 2005 2006
ЖІӨ, барлығы 100 100 100 100 100 100
Тауар өндірісі 44,9 43,842,9 42,5 43,6 44,0
Қызмет көрсету өндірісі 49,4 50,551,8 53,4 52,6 52,5
Таза салық , ҚДЖӨҚ 5,7 5,7 5,3 4,1 3,8 3,5

Қазақстандық экономиканың ішкі өсу факторларына
макроэкономикалық саясатты тиімді жүргізуді жатқызуға болады,
оның нәтижесінде негізгі капиталға салықтар көлемінің түсуі
артады, жұмыссыздар деңгейі төмендейді, халықтың табысы
өсе түседі.
Сол уақытта, қайта өңдеу өнекәсібіндегі байқалған
он үрдістерге қарамастан, бірқатар факторлар әлі де
айтарлықтай өндірісті тежеуде. Оларға мыналарды жатқызуға
болады:
- шығарылатын өнімге сұраныстың жеткіліксіздігін;
- бәсекеге қабілетті технологиялардың тапшылығын;
- қаржы қаражатының жетіспеуін;
- жоғары салықтарды;
- шикізатқа, материалдар мен шалафабрикаттарға жоғары
бағаларды;
- білікті жұмысшылардың жетіспеушілігін.
2001 – 2006 жылдар ішінде негізгі капиталға
инвестициялар 4 – 4,5 есе төмендеді.
Мұнда қор нарығы инвестициялық қызметке әзірге
өте нашар жұмыс істеп отырғанын атаған жөн.
Экономикалық өсуді қолдау үшін Үкімет құрылымдық
және институционалдық реформаларды жүргізді. Бұл халықтың
табысы төмен жағдайдағы табиғи монополистердің көрсететін
қызметтеріне тарифтердің күрт өсуі Үкіметтің сатылас
тежеуімен жүзеге асырылды. Бұл инфляцияны бақылауға және
онсыз да бәсекелестікке қабілеттігі нашар отандық өнімді
соққыдан аман алып қалуға көмектесті.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
мәліметтеріне қарасақ тәуелсіздік алған жылдардан бастап
ЖІӨ құрылымындағы тауар өндірісі төмендеп келеді және
2005 жылы қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау
Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік
Стратегиялық жоспарлаудың мәні
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
Пәндер