Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі
1.1 Мердігерлік шартының жалпы ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мердігерлік шартының элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық мердігерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Құрылыс мердігерлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт ... ... ... ... ... ..43
2.4 Ғылыми.зерттеу, тәжірибе конструкторлық және технологиялық
жұмыстар бойынша мердігерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Қосымша № 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Кіріспе

Менің таңдаған дипломдық жұмысымның тақырыбы «Мердігерлік шарты және оның түрлері» деп аталады. Бұл шарт бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 616 б. 1 тармағында көрсетілгендей мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға белгіленген мерзімге оның нәтижесін тапсырушыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырушы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Осы дипломдық жұмысымы жазудың басты мақсаты тақырыптың мазмұнын ашу болып тадылады. Ал осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым: Мердігерлік шартына жалпы түсінік беру оның элементтерін анықтау, тараптардың құқықтары мен міндеттерін ашу осы барлығына ортақ барлық ережелерден кейін мердігерлік шартының мынандай жекелеген түрлеріне тоқталу: біріншісі, тұрмыстық мердігерлік, екіншісі, құрылыс мердігерлігі, үшіншісі жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік, төртіншісі, ғылыми-зерттеу, тәжірибие конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Осы мақсатқа жету үшін мен мынандай авторлардың еңбектерін пайдаландым Басин Ю.Г., Сулейменов М.К., Жайлин Ғ.А., Минс Б.И., Гаврилов Э.П.
Мердігерлік шартының тараптары атқарушы мен тапсырушы болып табылады. Мұнда өтемелі қызмет көрсету шартымен белгілі бір аналогия байқалады. Өтемелі қызмет көрсету шартының пәні-шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтемелі қызмет көрсету шартының пәні болып заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу құқықтық маңызға ие емес. Өтемелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік шарттаң түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық маңызға мердігер қызметінің нәтижесі ие болады, ол салынған ғымараттан, жазылған кітаптан, шаштаразға жүгінгенде сәнді бапталған шаштаң және тағы сол сияқтылардан көрініс табуы.
М.В.Кротовтың бір қызмет өтелмелі қызмет көрсету туралы нормалармен және мердігерлік шарт туралы нормаларынан да реттеле алады деген пікірмен келісе алмаймын. Ауызша нысанда берілген аудиторлық фирманың кеңесі қызмет көрсету жөніндегі қатынастармен қамтылады, ал сол аудиторлық фирманың жазбаша қорытындысы мердігерлік шарт туралы нормалармен реттелуге тиіс деген пікір туралы сөз болып отыр. Біріншіден, бұл жерде әртүрлі қатардағы ұғымдар салыстырылып отыр. Кеңес беру-бұл қызмет пәні, ал қорытынды, аудиторлық фирмамен және қорытынды жасайтын кез келген субъектімен, нәтижеге (бастапқы ақпаратты талдау негізінде шығарылған жалпы түйінге) қол жеткізу жүргізілетін болғандықтан, мердігерлік шарттың пәні екені айқын. Қандай қорытындылар жасалғаны, жүргізілген талдау мен жалпылау деңгейінің қандай екені аса зор маңызға ие және ол мердігер қызметінің соңғы нәтижесі ретінде бекітіледі.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-6) ұсынылып келеді. Олан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық, қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22.09.І996ж. №9/7-қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5 өкімімен бекітілген, Қазақстан Рсспубликасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды.
Мердігерлік шарты бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бip peтті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда. Лицензиялау туралы "17.04.1995ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждық, жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Практикум по гражданскому праву: Учебное пособие для вузов / Под ред. Н.И.Коваленко. В 2-хч. М., 1993.
2. Зенин И.А. Лицензионный договор на изобретения и ноу-хау //Советское государство и право. 1983. N6. С.57
3. Тихомирова Л.В., Тихомиров М.Ю. Юридическая энциклопедия /Под ред. М.Ю.Тихомирова. –М.:1999,- 526 с.
4. Голынкер Е.И. Правовое регулирование капитального строительства. Куйбышев, 1984.
5. Минц Б.И. Договоры на создание научно-технической продукции //Хозяйство и право. 1989. N3. С.67-74
6. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Толкавание и комментирование. Вып. 5. Алматы, 1998г.
7. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. Вып. 6. Алматы,1999г.
8. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу тәртібінің ережелері.
9. Гражданское и торговое право капиталистических стран: Учебник / Под ред. Е.А.Васильева. М., 1992.
10. Предпринимательское право: Курс лекций / Под ред. Н.И.Клейн. М., 1993.
11. Кабалкин А.Ю. Законодательство о сфере обслуживания населения. М., 1988., Матвеев Ю.Г. Международная охрана авторских прав. М., 1987.
12. Комментарии к Гражданскому кодексу РФ части первой /Отв. ред. О.Н.Садиков.- М., 1995., Комментарии к Гражданскому кодексу РФ части второй /Отв. ред. О.Н.Садиков.- М-1996.
13. Советское гражданское право. 4.1. /Отв. ред. В.А.Рясенцев. М., 1986, 1987. г
14. 2001ж. 16 шілдесіндегі Қазақстан Республикасындағы «Архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңы.
15. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. 30 тамыз(соңғы басылымы 2005ж.).
16. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексы. Жалпы бөлім. 1995ж. 1 науырыз күшіне енген кезі (соңғы басылымы 2005ж.).
17. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексы. Ерекше бөлім. 1999ж. 1 шілде (соңғы басылымы 2005ж.).
18. Жайлин Г.А. Гражданское право Республики Казахстан, (особенная часть) Алматы 2005г.
19. Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть) Комментарий. Алматы, Жеті жарғы 2003г.
20. Гражданское право. /Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. 4.1,2. М., 1997.
21. Гражданский кодекс в схемах. М., 1997.
22. Гражданское право: Учебник. В 2-х т. Т.2/Подред. Е.А.Суханова. М., 1993.
23. Савельева И.В. Право автора на перевод и авторский лицензионный договор // Вестник Московского ун-та. Серия 11. Право. 1980. N3. С.62-6
24. Штумпф Г. Лицензионный договор. М., 1988.
25. Тихомирова Л.В., Тихомиров М.Ю. Юридическая энциклопедия /Под ред. М.Ю.Тихомирова. –М.:1999,- 526 с.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі
1.1 Мердігерлік шартының жалпы
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6
1.2 Мердігерлік шартының
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Тараптардың құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...13

II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық
мердігерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .23
2.2 Құрылыс
мердігерлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .32
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік
шарт ... ... ... ... ... ..43
2.4 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе конструкторлық және технологиялық
жұмыстар бойынша
мердігерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..59

Қосымша № 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

Кіріспе

Менің таңдаған дипломдық жұмысымның тақырыбы Мердігерлік шарты және
оның түрлері деп аталады. Бұл шарт бойынша Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 616 б. 1 тармағында көрсетілгендей мердігерлік шарты
бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты
атқаруға белгіленген мерзімге оның нәтижесін тапсырушыға өткізуге
міндеттенеді, ал тапсырушы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы
төлеуге міндеттенеді.
Осы дипломдық жұмысымы жазудың басты мақсаты тақырыптың мазмұнын ашу
болып тадылады. Ал осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттерді
қойдым: Мердігерлік шартына жалпы түсінік беру оның элементтерін анықтау,
тараптардың құқықтары мен міндеттерін ашу осы барлығына ортақ барлық
ережелерден кейін мердігерлік шартының мынандай жекелеген түрлеріне
тоқталу: біріншісі, тұрмыстық мердігерлік, екіншісі, құрылыс мердігерлігі,
үшіншісі жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік, төртіншісі, ғылыми-
зерттеу, тәжірибие конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік.
Осы мақсатқа жету үшін мен мынандай авторлардың еңбектерін пайдаландым
Басин Ю.Г., Сулейменов М.К., Жайлин Ғ.А., Минс Б.И., Гаврилов Э.П.
Мердігерлік шартының тараптары атқарушы мен тапсырушы болып табылады.
Мұнда өтемелі қызмет көрсету шартымен белгілі бір аналогия байқалады.
Өтемелі қызмет көрсету шартының пәні-шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын
қандай да бір әрекеттер. Өтемелі қызмет көрсету шартының пәні болып
заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу
құқықтық маңызға ие емес. Өтемелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік
шарттаң түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер
қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық маңызға мердігер
қызметінің нәтижесі ие болады, ол салынған ғымараттан, жазылған кітаптан,
шаштаразға жүгінгенде сәнді бапталған шаштаң және тағы сол сияқтылардан
көрініс табуы.
М.В.Кротовтың бір қызмет өтелмелі қызмет көрсету туралы нормалармен
және мердігерлік шарт туралы нормаларынан да реттеле алады деген пікірмен
келісе алмаймын. Ауызша нысанда берілген аудиторлық фирманың кеңесі қызмет
көрсету жөніндегі қатынастармен қамтылады, ал сол аудиторлық фирманың
жазбаша қорытындысы мердігерлік шарт туралы нормалармен реттелуге тиіс
деген пікір туралы сөз болып отыр. Біріншіден, бұл жерде әртүрлі қатардағы
ұғымдар салыстырылып отыр. Кеңес беру-бұл қызмет пәні, ал қорытынды,
аудиторлық фирмамен және қорытынды жасайтын кез келген субъектімен,
нәтижеге (бастапқы ақпаратты талдау негізінде шығарылған жалпы түйінге) қол
жеткізу жүргізілетін болғандықтан, мердігерлік шарттың пәні екені айқын.
Қандай қорытындылар жасалғаны, жүргізілген талдау мен жалпылау деңгейінің
қандай екені аса зор маңызға ие және ол мердігер қызметінің соңғы нәтижесі
ретінде бекітіледі.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-6) ұсынылып келеді. Олан басқа Қазақстан
Республикасында халыққа тұрмыстық, қызмет ету, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік комитетінің 22.09.І996ж. №97-қаулысымен бекітілген, құнды
және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін
құрылыс аясында мердігерік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан
Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5 өкімімен
бекітілген, Қазақстан Рсспубликасының күрделі құрылыста мердігерлік
шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс
министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің
ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының
ережелері күшін жойды.
Мердігерлік шарты бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін
тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке
кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бip peтті (жүйелі емес) негізде
мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара
алады. Кейбір жағдайларда. Лицензиялау туралы "17.04.1995ж. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және
толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-
іздестіру, құрылыс-монтаждық, жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619-6. 1-тармағы). Тартылған тұлға
(тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында
тапсырысшы бола ды. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты
жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер
тапсырысшысының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына
жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлесіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға
тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып
келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына)
жұмыстың ақырғы нәтижсі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар
бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың
субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік
шарттары жасалады.

I. Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі

1.1 Мердігерлік шартының жалпы ұғымы
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық катынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
(тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті акшалай кұндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы кызметті негізінен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі [1;26].
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса,
тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды.
Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылғанан шарттардан көрсетілген
қызметті реттеу бойынша ережелермен елеулі ерекшеленсе де, жасалған
мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік
шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-сату
шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық,
әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде
айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастадрды сатып алу-сату және
еңбек қатынастарынан айыруға болады.
Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және
міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігердік шарты консенсуалды, ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау
үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу
кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға
тәуелдікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді.
Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы
мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары тез фотосуреттер дайындаумел
байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша
қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының
себептенуші негізінде болуы мүмкін [2;57].
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-6) ұсынылып келеді. Олан басқа Қазақстан
Республикасында халыққа тұрмыстық, қызмет ету, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекітілген, құнды және
антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін
құрылыс аясында мердігерік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан
Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкімімен
бекітілген, Қазақстан Рсспубликасының күрделі құрылыста мердігерлік
шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс
министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің
ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының
ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)
ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды,
реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік
шартының жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Pecnубликасының Азаматтық
кодексінің бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе
мердігерлік туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
2. Мердігерлік шартының элементтері

Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып
табылады. Тапсырысшы екінші тарапқа - мердігерге шарт бойынша келісілген
белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген
тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері
жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік
және коммуникация министрлігің 18.0І.1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген, жол
жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйым дастыру және
өткізу тәртібінің ережелері.
Мердігерлік шарты бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін
тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке
кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бip peтті (жүйелі емес) негізде
мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара
алады. Кейбір жағдайларда Лицензиялау туралы "17.04.1995ж. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және
толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-
іздестіру, құрылыс-монтаждық, жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619-6. 1-тармағы). Тартылған тұлға
(тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында
тапсырысшы бола ды. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты
жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер
тапсырысшысының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты
болады [3;526].
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлесіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға
тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып
келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына)
жұмыстың ақырғы нәтижсі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар
бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастарың
субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік
шарттары жасалады.
'Гапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін,
осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287-ба-бының 1-
тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы
себебінен бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер
болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтың кодексінің, 287бабы,
2-тармағы).
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы
мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау
тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан,
акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге
көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына
әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде
үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты
орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды.
Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара
бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы
мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа
мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен.
Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған
және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге
қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанда сілтенген.
Келтірілген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды олар ақыны бөлу
туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде
тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара
келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы бұл мердігер мен орындалған жұмыстың
нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін
белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін
табады [4;59].
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың
тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты
кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгал аландарды қию, киімдерді химиялық
тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға
бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де
реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі
орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады,
демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса
мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды
арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін,
Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға
қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін.
Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де
мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың
соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр
кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі болуы
мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау
тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға
туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға
қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді. Бағаны есептеу
үшін, тараптарға келтірілген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт
негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни сол жұмыстың
өзі бірнеше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтыса және т.б.
жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл
мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнын жұмсалатын
материалдарды (олардың құның) анықтайтын құжат.
Мердігер жұмыстын және материалдардың құндары жөнінде біліктілеу
болған соң смета көбінесе онымен дайындалады. Сонымен қатар,
тапсырысшының өзінің де сметаны жасауына шек қойылмайды.
Мердігермен жасаған смета, тапсырысшымен бекітіледі және шарттың
ажырамас бөлігіне айналады. Өз кезегіндс тапсырысшы дайындаған смета
мердігердің қелісімін талап стсді. Жалпы смета жөнінде келісуде оны шартты
жасасу тәртібімсн салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны
көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете
алмайды. Тұрақты сметаны бір жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезінде
орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті
шығындарды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасасқаннан кейін
мердігер беруге тиісті материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші
тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едәуір өскен кезде мердігердің
белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талдап ету құқығына иеленеді. Егер
тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда
мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі
шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың
шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажет бола
қалса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты
тоқтата түруға міндетті. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау
керектігі анықталғасын немесе материалдарға, үшінші тұлғалардың
қызметтерінің бағалары өссе, осындай қажеттілік болуы мүмкін.
Бағаны елеулі өсіруге кебейтуге келіспеген тапсырысшы шарттан бас
тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың
орындалған бөлігінің бағасын төлеуді талап ете алады. Шартта көрсетілген
бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген
мердігер жұмысқа шартта белгіленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқыгын
сақтай отырып, шартты орындауға міндетті.
Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың
шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс әрекеттерінің)
уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге
мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән
жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлік шарттарының
ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығында
жұмыс толығынан жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы
мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшін қарастырылған
ақырғы мерзімдер де бекітіледі (ҚР ЛК 628-бабы 1-тармақ). Жұмыстың
жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері аралық мерзімдер де көзделуі
мүмкін [5;67-74].
Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың
орындалуына байланысты мердігердің қызметінің бірдей етіп бөлінуін
қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын,
бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және
оны белгіленгён мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы
шарттан бас тартуға жөне келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауга
уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.

1.3 Тараптардың құқықтары және міндеттері

Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға
міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсіби субъект болған соң, оның
жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді.
Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз
мінез құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты
орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерді
жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен
орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында
материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін
жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады
және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек.
Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға
жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде
тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердігер мемлекеттік
стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және
нормативті-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
Осындай талаптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын
мердігерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
632-6. 2-тармақ), бірақ кәсіпкер емес.. мердігердің де жұмыс орындау
кезіндс міндеттіті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер
міпдстті. талаптарды орындамаса оньщ қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл ,
жаңа заттарды жасаумен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.

Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе
толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар
негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен
салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін
жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын
қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының
оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта
өзіеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпа лығы жоқ
материалдар мен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының
материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген
материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар,
мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан
кейін мердігср тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге
міндетті. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердігер оларды
тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшыпыц келісімімсн, қалған
пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемітіп сол
материалды өзінде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мсрдігер сол материалдарды
сапасына қарай қабылдап алуга міндетті. Мердігср тапсырысшы берген
жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өндеуге берілген заттың өзінде
қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды
және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби
тәжірибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың
немесе өндеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы; .
2) оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін
болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп
туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бсрмейтін мердігерге қатысты
емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп,
одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап
алу үшін қисынды мерзімнің аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру
туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған
мердгердің тапсырысшы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған мән-
жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628-бабы 2 тармағы). Осы
норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты
жауапты қисынды мерзімінің ішінде беруі тиіс [6;25].
Егер мердігер белгілспген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының
бергсн сапасыз материалдарынан орындаса, ол тек материалдардыц
кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Яғпи, тапсырысшы берген материалдардың
сапасын тиісті бағаламауда мсрдігердің кінәсі болуы керек. Осыған
байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында
тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз
еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына
қарамастан жауапты болады.
Мердігер тапсырысшы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге
міндетті жөне мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне
өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардың
сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік
шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен
басқа да мүлікке де қатысты болады. Мысал қылып мердігерге (оның
жұмысшыларына) тынығу үшін бөлініп берілген бөлмелерді, жөндсу кезінде оны
алып кету қажеттілігі болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлікті айтуға
болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте
орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ
жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын
болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық
дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кезкелген жағдайда, егер мүлік
сақтауды қамтамасыз ететін барлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі
болып табылады.
Мердігер де үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-6). Бұған қатысты норма
заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған еді. Оны кірістіру
мердігердің тиымды шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның
қолданылуына байланысты үнемдеуте тікелей мүліктік мүддесі пайда болады.
Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің құнын
азайтуда, болып келеді. Үнемдеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын,
жаңа технологияларды енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығыиың
салдарынан болады.
Мердігердің нақты шығыны бағапы белгілеу (сметаны жасау) кезінде
есептелгеннең кем болып шыққап жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған
үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса,
мердігср шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын
сақтайды.
Мердігерлік шартта мердігер алңан үнемді тараптар арасында бөлу
көзделуі мүмкін (ҚР АК 622-6. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт
бойынша төленетін баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі
орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келеді. Басқа
жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердігердің қызметін пайдалану үшін,
оның тұрақты іскерлік атағы пайда болу үшін, үнемдеу туралы норманы қолдану
қосымша ынталандыру болуы мүмкін [6;57].
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын
пайдалану немесе өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Осы міндетті қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келеді.
Мердігердің осы міндеті тағы шартты да көрсетілуі тиіс. Кейбір жагдайларда,
осы жұмыстың нәтижелерін шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалану тиісті
ақпаратсыз мүмкін болмаса, онда сондай сипат тағы ақпарат мердігердің осы
жөніндегі міндеті шартта бекітілмей-ақ берілуге тиіс болады. (ҚР АК 637-
6.). Осындай ақпараттар да белгілі технологиялық схемалар, нұсқаулар,
түсініктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердігердің ақпарат беру бойынша
міндеті мердігерлік нәтижесінің ерекшелігіне, жасалған бұйым арнайы күтімді
татап ететініне және т.б. себептерге байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Азамаітық кодексі 638-бабы әрбір тарапқа
қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік объектісімен
сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің (ққықтарын) қамтамасыз ету міндеті
жүктеледі. Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында
басқа тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса,
сол ақпаратты үшінші тұлғаларға өзге (қарсы) тараптын келісімінсіз бере
алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсіптік меншіктің
барлық түрлері туралы ақпарат кіре алады). Мердігерлік шарты бойынша жалпы
тәртібіне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың біреуінің
коммерциялық құпиясы болып келетін ақпаратта қорғалады. Осындай ақпаратты
(барлық түрлерін) жарияламау міндеті тараптар оны шартта бекіткеніне,
бекітпегеніне байланысты болып келеді, бірақ ақпараттарды пайдалану
тараптары мен тәртібі. тараптардың келісімімен анықталады (ҚР АК 638-бап).
Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келісімімен
белгіленеді.
Мердігср жұмысгы атқарган соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшіп
бсерген құралдарды қайтаруға міндетті. Сол сияқты тапсырысшы мердігер
жұмысты орындауға кіріспегені немесе тым баяу орындағанына пемесе
орындалған жұмыста елеулі және жойылуы мүмкін емес кемшіліктері болғаны
себебінен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердігер тапсырысшымен
берілгсн материалдарды, жабдықтарды өндеу үшін берілген затты нсмесс өзге
мүлікті қайтаруға міндетті. Мүлік тапсырысшы кор сеткен тұлғасына
қайтарылуы мүмкін. Егер мүлікті қайтарып беру мүмкіндігі жоқ болса,
мердігер материалдардың құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа
мүліктің бағасын қайтаруға міндетті (ҚР АК 639-бабы).
Тапсырысшыға мердігерге жәрдемдесу міндеттері жүктеледі. Бұл
тапсырысшы мердігермен бірге белгілі бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін
білдірмейді. Жұмыс мердігердің қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының
материалдарды беру міндеті болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 629-бабының мағынасы
бойынша, тапсырысшы мердігердің міндетін тиісті орындауға қажетті
үйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының
әрекеттеріне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектіге
жолды тазалауға, тиісті мерзімде егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды,
бөлмелерді (жайларды) беруге міндетті [8;13].
Мердігерге көмектесу міндеті тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың
бұдан бұрын бекітілген тәртібін қайта құруды талап етпеу керек екенін, оған
жұмыстың орындалуында өзге кедергі жасамау керек екенін, керісінше онымеп
ынтымақтастықта болу керек екенін білдіреді.
Тапсырысшы осы міндеттерін орыидамаған жағдайда, мердігер зиянды,
сопыц ішінде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудыц мерзімдерінің
өзгеруіне немесе жұмыс бағасы көбеюіне байланысты келтірілген шығындарды
(қосымша шығындарды) өтеуді талап етуге толық құқылы. Егер мердігерлік
шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерінен (қателіктерінің)
мүмкін болмай қалса, мердігер жұмыстың орындалған көлеміне сәйкес келетін
мөлшерде жұмыс үшін ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердігер жасаған жмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында жұмысты қабылдау
тәртібі реттелген және ол шартта да көрсетілуі мүмкін. Жасалған жұмысты
қабылдау шартта көрсетілген мерзімде егер сол мерзімдер шартта қарасты
рылмаса, онда қабылдау қисынды мерзімдерде жүргізіледі. Қабылдауға жұмыс
нәтижелерін тексеру кіреді. Егер жаңа зат жасалынса немесе бар затты
жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндеті затын иелікке алу бойынша
іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді. Орындалған жұмысты
қабылдаудың мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған (қайта
өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетініне әкеледі.
(Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабы 8-тармағы).
Сілтеме жасалған норманың мәтінінде біздің ойымызша қателік бар, себебі
жұмыс нәтижесін қабылдап алу мерзімін өткізіп алу тапсырысшыға меншік
құқығы өту сәтін анықтауға байланысты болуы тиіс емес (меншік құқығы онсыз
да жалпы тәртіп бойынша тапсырысшыға оған зат берілгенін өтеді), мерзімді
өткізіп алған несие берушіде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық
қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзімін өткізіп алудағы
кінәсі болмаса, онда ол мүлікті қабылдауға міндетті. болған және оны
қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлікті күтіп ұстау
бойынша, шығындарда оған жүктелетініне (ол сол шығындарды өтеуге міндетті
болатынына) әкеледі.
Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы
өзге кемістіктерді анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы
тиіс. Болашақта тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді
жою туралы талап қоймақ болса, онда кемістіктер қабылдауды куәландыратын
актіде немесе өзге құжаттарда көрсетшсе ғана, ол соларға сілтеме жасай
алады. Осы қойылатын талапты ескерсек, біз мердігерлік жөніндегі нормалар
мердігерлік шартының нысанасын қабылдау бойыпша сатып алу-сату шартына
(оның нормаларына қарағанда) қаталдау талаптар бекітетінін айта аламыз.
Егер. тапсырысшы жұмыстың нәтижесін тексеріссіз қабылдаса, онда ол
қабылдаудың кәдімгі болып келетін тәсілдерін қолданғанда анықталуы мүмкін
болған кемістіктерге (айқын кемістіктерге) сілтеме жасау құқығынан
айырылады. Егер тапсырыс шы жұмыс нәтижелерін қарап қабылдағаннан кейін
қарапайым қарағанда корінбейтіндей кемістіктерді (жасырын кемшіліктерді)
сол сияқты оларды мердігер қасақана жасырған кемістіктерді анықтаса, онда
тапсырысшы бұл туралы мердігерге қисынды мерзімде хабарлауға міндетті.
Тапсырысшы мердігерге оның орындағап жұмысының кемшіліктері туралы
хабарлаудың ең ақырғы мерзімі кемшіліктер табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесі
к.абылдағаннан кейін бір жылды құрайды. Мердігерге ғимараттардың,
құрылыстардың кемістіктері туралы немесе мердігер қасақана жасырған
кемістіктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі үш жылды құрайды.
Көрсетілген мерзімдерді кепілдік мерзімдері ретінде бағалауға болады.
Аталған мерзімдер заң актілерімен немесе шарттармен ұзартылуы мүмкін. Сапа
кепілдігі, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесінің барлық
құрамаларына тарайды. (ҚР АК 633-бабы 2-тармағы). Егер мердігерлік шартында
бұл өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тапсырысшы жұмыс нәтижелерін
қабылдағаннан кейін бастап немесе тапсырысшы оларды қабылдауы керек сәттен
кейін бастап есептеледі [9;54].
Егер тапсырысшы мен мердігер арасында жасалған жұмыс кемшіліктері
немесе оның себептері туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы
бойынша сараптама жүргізілуі мүмкін. Сараптау шығындарын мердігер өтейді.
Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немесе мердігердің жасаған іс-
әрекеттерінің және табылған кемшіліктердің өзара байланысы жоқ деп тапса
мердігер осы шығындардан босатылады. (ҚР АК 630 бабы 6-тармағы). Бұл
жағдайларда шығындарды кім сараптауды жүргізуді қаласа, сол өтейді. Егер
сараптауды тараптар келісімімен жүргізсе, онда екі жақ тең шығынды өтейді.
Жасалған жұмысқа ақы төлеу міндеті тапсырысшының негізгі міндеті. Бұл
міндет жалпы тәртіп бойынша мердігер жасаған жұмысты толығынан тапсырған
соң орындалуы тиіс. Шартта алдын ала жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс
кезеңдерінде ақы төлеу міндеті қарастырылуы мүмкін. Ақы төлену үшін жұмыс
уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталса, оган алдын алу
құқығы алдын ала толеу тараптар келісіміне бұрын кірсе, немесе тапсырысшы
содан соң алдын ала төлеуге келіссе пайда болады. Аванс төлемін жасау
немесе кепілпұл беру осылар шарттарда немесе заңнамада қарастырылған
жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Аванс толемінің, кепілпұлдың мөлшері де
шарттармен немесе заңнамамен анықталады.
Мердігерге тапсырысшыга қатысты құқықтарын өз бетімен корғау құқығы
беріледі. (ҚР АК 9-бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып
келеді (ҚР АК 624-бабы).
Тапсырысшы белгіленген бағаны немесе шартпен белгіленген өзге соманы
төлеу міндетін орындамаса, мердігер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесін)
орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиесілі құрал-
жабдықтарын да, жұмысты орындау үшін берілген пайдаланылмаған материалдар
қалдығын да және тапсырысшының өзге мүліктерін тапсырысшы керекті ақша
соммасын төлегенше бермеуге құқылы. Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге
асырыла береді. Мұндай жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшыға да сондай
құкық беріледі, ол мердігерге тиесілі сыйақы мөлшерінен өз уақытылы
анықталған кемшіліктерді жоюға арналған шығындарды өтеу үшін ұстап қалуға
құқылы.
Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесін қабылдауды жалтарып, жұмыс
үшін төлемесе мердігер жүмыс нәтижесін өз бетімен сатуға (өткізуге) құқылы
болады. Бұл тапсырысшы жұмысты қабылдау уақыты өтіп кеткеннен кейін бір
айдан соң және тапсырысшыға екі рет ескертілгеннен кейін жүзеге асады.
Мердігер жасалған жұмыс нәтижелері егер шартта басқаша қарастырылмаса
сатады, өзіне тиесілі ақысын алып қалғанын егер шартпен өзгешелік
көзделмесе тапсырысшы депозитіне салады [9;12].
Мердігерлік шарты бойынша тараптар да тиісті көлемде тәуекелдер болып
келеді. Егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе мүліктің
кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелін шарт бойынша келісілген
жұмысты тапсырудың мерзімі келгенше мердігер көтереді. Егер мердігерлік
заты тапсырылғанға дейін кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтау мүмкіндігі
болмаса, онда тараптар кінәсі болмаса, мердігердің жасалған жұмысқа ақы
төлеуді талап етуге құқығы болмайды.
Яғни жұмыстар орындалмауының тәуекелі барлық жағдайда мердігерге
жүктеледі. Затты қабылдауды немесе берудің мерзімін өткізіп алу болса егер
шартта немесе заңда басқаша көзделмесе тәуекел мерзімді өткізіп алған
тарапта болады. Сондықтан тапсырысшы затты қабылдаудың мерзімін өткізіп
алса мердігер сыйақы алу құқығын сақтайды.
Мердігерлік шарттағы тараптардың арасындағы тәуекелдердің қайта
бөлінуіне әкелетін жағдайлардан тараптардың біреуінің кінәлі іс-әрекеттері
болатын жағдайларды айыра білу қажет. Мысалы тапсырысшының кінәсі болуы
мүмкін. Егер мердігерлік затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың
мүмкінсіздігі тапсырысшы берген материалдың санасыздығынан болса, немесе
оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының
салдары туралы мердігер алдын ала ескертсе, онда мердігер орындалған жұмыс
үшін ақы алу құқығын сақтап кала береді.
Мердігерлік шарты бойынша жауапкершілік өзінің мiндeттерін орындамаған
немесе тиісті орындамаған шарт тараптарының біреуінің кінәлі жүріс
тұрысының салдары болып келеді. Егер мердігерлік шартындағы
міндеттемелердің кәсіпкерлік сипаты болса немесе осы шартта арнайы
көзделсе, тарап шарт бойынша міндеттемесін тиесілі орындамауы үшін оған
кінәсіз жауапкершілік жүктеледі. Жауапкершіліктің мөлшері азаматтық
заңнамамен немесе шартпен белгіленеді, әдетте зиянды өтеу міндетін
атқарады. Көбінесе, залал егер жұмысты мердігер жұмысты нашарлататын
ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиісті ережелер болмаған
кездегі - әдеттегі пайдалану үшін оларды жарамсыз ететін өзге де
кемшіліктермен орындаса тапсырысшыға келтіріледі.
Осыған қарай, Азаматтық кодексте жұмысты сапасыз орындауы үшін
мердігердің жауапкершілігі көзделген (635-6.) оның нормалары мердігер
бұзушыға жауапкершілік туралы жалпы нормалармен жүктелетін қолайсыз
нәтижелермен бірге тапсырысшыға өзінің құқықтарын арнайы тәртіпте қалпына
келтіру мүмкіншілігін береді. Тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердігерден:
1) қисынды мерзімде жұмыстың кемшілікгерін өтемсіз жоюды;
2) жұмыс үшін белгіленген бағаны тиісті мөлшерде азайтулы талап етуге
құқылы.
Осымен бірге тапсырысшы кемшіліктерді өзінің қаражаттарымен мысалы, басқа
мердігерді жалдау жолымен жоюы мүмкін. Бұл үшін мердігерлік шартында
тапсырысшының жұмыстың кемшілігін өз іс-әрекеттерімен жою құқығы көзделуі
керек.
Мердігер өзі жауап беретін жұмыстың кемшіліктерін жоюдың орнына,
тапсырысшыға орындаудың мерзімін өткізіп алу арқылы келтірген зиянды өтей
отырып, жұмысты тегін қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер
жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкін болса, оған бұрын
тапсырылған жұмыс нәтижесін мердігерге қайтарып беруге міндетті.
Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе
жұмыстың өзге де кемшіліктері елеулі болғанда және жоюға келмейтін болса не
анықталған кемшіліктер тапсырысшы белгілеген қисынды мерзімде жойылмаса,
тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген залалдарды өтеуді талап
етуге құқылы. Кейбір жағдайларда, жұмысты орындау жоғарланған қауіп
қатермен (тәуекелмен) байланысты болса, шартта белгілі бір кемшіліктері
үшін мердігерді жауаптылықтан босату көзделуі мүмкін.
Шартты бұзғаны үшін мердігерді жауапкершілікке тартудың тәжірибелік
мүмкіншілігі талап қою мерзімін сақтауға байланысты болып келеді.
Мердігерлік шарттан талаптарға талап қоюдың жалпы үш жылдық мерзімдері
тарайды.
Мердігерлік шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан
туындаған кемшіліктер туралы талап бойынша талап қою мерзімі, олар туралы
тиісті мерзім шегінде тапсырысшы мердігерге хабарлаған болса, кемістіктер
анықталған күннен өз ағымын бастайды.

ІІ. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері

2.1 Тұрмыстық мердігерлік

Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы
қатынастарды реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату
шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады; сол сияқты
тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін
жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар,
шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстық
мердігерлік қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секілді бір тарабы
болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердігерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР Тұтынушылардың
құқығын қорғау туралы заңы қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік
қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі №97 баға және
антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету
Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен
бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын арнайы
мақса тының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы
қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте
қорғалады [11;44].
Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар
Азаматтық Кодекстің өзінде де бар.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық
немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағатгандыруға арналған белгілі-бір
жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап
алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл
шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң
актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе
тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе,
тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе
шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті
нысанда жасалған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе бекітілген
нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мекен-жайы;
тапсырысшының тегі және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс
қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі,
аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген
тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы мен тұтынушының
материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы және саны (қанша
материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген
заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер [2;36].
Түбіртектегі бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық
мердігерлік шарты жазбаша нысанда жасалатының білдіреді. Алайда
тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе
оның ережелерін растауда куәгерлік айғақтарға сілтеме жасау қүқығынан
айырмайды.
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердігерлік шартының міндетті
талабы (елеулі жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда жалпы мәндегі
нормаларға сәйкес жасалатын мердігерлік шартынағы сияқты елеулі жағдайларға
нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау мерзімдері туралы
жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және
жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы
мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе
мердігердің эскизі бойынша немесе үлгілері бойынша қабылданады. Оның қолы
мен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бір
уақытылы мердігермен келісу нәтижесінде үлгілерден және (немесе) жұмыс
орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай ауытқулар
тұтынушының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және оның мүлкіне,
қоршаған ортаға зиян келмеуі тиіс.
Тапсырыс рәсімделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын
шектейтін болса, ол Қазақ ҚСР-ң Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы
"Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледі. Тұрмыстық мердігерлік шартында
жұмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ ол мердігер
жариялаған прейскурантта көрсетілгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 644-бабына сәйкес
мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға дейін тапсырысшыға
ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы, жұмыстың
бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті және сенімді ақпарат беруге,
сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа
қатысты басқа да мәліметтерді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың
сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердігер оны орындайтын
нақты тұлғаны көрсетуге тиіс. Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін
жұмысты орындайтын кәсіпорынның қызметі туралы мандайшасы, заңды мекен жайы
мен атауы, жұмыс істеу режимі көрсетілген маңдайшасы болуы керек. Жеке
кәсіпкер өзінің тіркелген органы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметтің
міндетті талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы
сертификатталғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат (оның түрлері, ерекшеліктері,
бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсіпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс,
мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктілерде, орынға барып жұмыс
істейтін бригадалармен қызмет көрсету жүргізген кезде де ұсынылуға тиіс.
Тапсырысты қабылдау жүргізілетін кәсіпорынның бөлмесінде тұтынушыға
керекті ақпарат көзге көрінетін жерде орналасуға тиіс. Оның тізімі
Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесінің 5-
пунктінде берілген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрін орындауға лицензия,
тұтынушыға үсынылатын мердігердің және өзге бұйымдардың (фурнитураның)
үлгілері, типтік шарттардың түбіртектердің, жетондардың, қолхаттардың,
талондар және мердігер тапсырысты қабылдағанын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалға алу шарты
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Өтелмелі қызмет көрсету
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Мердігерлік шарты
Шарт: сақтау шарты, мердігерлік шарт
Кәсіпкерлік шарттар
Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Шарт ұғымы және оның түрлері
Пәндер