Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері



Мазмұны

Кіріспе.

І.тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері.
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс жағдайда орындалатын жұмыстар.

ІІ. тарау. Туризм . табиғатты тану.
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
2.2. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі туристік жарыстың рөлі.

ІІІ.тарау. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс.
3.1 Жаңажол орта мектебінде саяхат.жарыс өткізуді ұйымдастыру
шаралары.
3.2. "Табиғат . ортақ үйіміз" тақырыбында өткізілген
туристік . экологиялық жарыс.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымшалар.
Кіріспе.
Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды. /3/
Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам -табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.
Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратөгиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды білдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы экологиялық проблөмалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема - оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру.
Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кездөн басталады, ал кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Осы бағытта оқу үрдісінде халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалану, дәстүрлі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының экологиялық біілмдерін көтеру, экологиялық ойларын дамыту, экологиялық мәдөниетін қалыптастыру, жалпы адамзаттық экологиялық рухани құндылықтарды игеріп, түсінуге жас өспірімдердің көздерін жеткізу - қазіргі кезеңдегі мұғалімдердің міндеті.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз - оның тек қана дене бітімі жағынан өсіп жетіліуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабіліеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлей, сүйеді. Осы бағыта жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру үшін қалаулары бойынша экологиялы және ұлт болашағы, сана-сезім экологиясы, тіл экологиясы, өлкетану, туризм, топырақ, жер қыртысы экологиясы, химия-экология, биология-экология т.с.с. Арнайы пәндер енгізілуіне басты назар аударуылуда.
Оқушыларды экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мөн мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Оқушылардың тоөрия жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқолық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға, еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне, мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.
Мен өз жұмысымда оқушыларды туризмге, яғни табиғатқа саяхат жасауға бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлөмін бақылап,
төіңректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп, қолмен ұстап, табиғатты қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта өткізілетін сабақ - туристік жарыстың әдістемесін ұсынып отырмын.
Жұмыстың мақсаты:
Туристік жарыс бағадарламасы бойыншач әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру. Жарыс барысында қошаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу. оқушылар арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік сезімдерін ұштау. Осы мақсатқа жету барысында мынадай
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Арбит А.Е. Луговьер Д.А.
Фотография и киносьемка в путешествий.-м., 1988
2. Әлімқұлова Р. Өсімдіктану.-Алматы, 1995.
3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. - Алматы, 2001.
4. Беркімбай 0., Муталиөв Ә. Жануарлар экологиясы.-Шымкент, 1999.
5. Биология, химия, география №2, 1998; №3, 6 1999; №2,5 2000.
6. Брем Альфред Птицы.-М.,1999.
7. Верзилин Н.М, Корсунская В.М.
Общая методика преподавания биологий.-М., 1983.
8. Вербе И.А., Голыцин С.М. Туризм в школе.-М. 2003.
9. Вуколов В.Н.
Основы төхники и тактики активных видов туризма.-Алматы, 1996.
10. Грин Н., Стаут У.
Биология в 3-хтомах,-М.,1990.
11. Гировка Н.Н.
Туристско-рекреационные ресурсы Семиречья и опасные экзогенные процессы. - Алматы, 1996.
12. Жатқанбаев Ж.Ж.
Экология негіздері. - Алматы, 1989.
13. Зверев И.Д., Мягкова А.Н.
Общая методика прөподавания.-Алматы, 1998.
14. Ердавлетов С.Р.
Казахстан туристский.-Алматы, 1989.
15. Кабушкин Н.И.
Менеджменттуризма.-Минск, 2001.
16. Ковшар А.Ф
Мир птиц Казахстана.-Алматы, 1988.
17. Қалиүлы Б.
Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік.-Алматы, 1993.
18. Қайым Қ.
Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995.
19. Қайым Қ.
Жануартану.-Алматы, 2001.
20. Қасымбекова Т
Тіршіліктану.-Алматы, 1993.
21. Қуанышова С.Е.
Өсімдіктану пәнінен табиғатта өткізілетін танымжорықтар.-ОҚМУ, 2000.
22. Қуанышова С.Е.
Халықтық педагогика элөменттерін биология сабақтарында қолдану. -ОҚМУ, 2000.
23. Қуанышова. С.Е.
Биологияны оқыту әдістемесі.-ОҚМУ, 2003.
24. Остапенко В.А.
Птицы и звөри в вашөм домө.-М.,1992.
25. Терещук В.А. Спутниктуриста.-Алматы,1997.
26. Шілдебаөв Ж.Б. Қызықты экология.-2000.

Мазмұны
Кіріспе.
І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері.
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық
негіздері.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс жағдайда
орындалатын жұмыстар.
іі- тарау. Туризм - табиғатты тану.
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
2.2. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі туристік жарыстың
рөлі.
ІІІ-тарау. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде
өткізілген туристік экологиялық жарыс.
3.1 Жаңажол орта мектебінде саяхат-жарыс өткізуді ұйымдастыру
шаралары.
3.2. "Табиғат - ортақ үйіміз" тақырыбында өткізілген
туристік - экологиялық жарыс.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар.
Кіріспе.
Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-
экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді
пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің
саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.
Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық
экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968
жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-
қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио
де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында
экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды. 3
Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны
ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам -табиғат" жүйесіндегі өзара
байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.
Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды
үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік
құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға
шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық
байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара
тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратөгиялық даму
бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды
білдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық
білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін
өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты
жалпы экологиялық проблөмалардың негізінде туындап отырған актуалды
педагогикалық проблема - оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру.
Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кездөн басталады, ал
кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізгі
баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Осы бағытта оқу үрдісінде
халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалану, дәстүрлі сабақтар мен
сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының экологиялық біілмдерін
көтеру, экологиялық ойларын дамыту, экологиялық мәдөниетін қалыптастыру,
жалпы адамзаттық экологиялық рухани құндылықтарды игеріп, түсінуге жас
өспірімдердің көздерін жеткізу - қазіргі кезеңдегі мұғалімдердің міндеті.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат
- оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай
білім беру тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз - оның тек қана
дене бітімі жағынан өсіп жетіліуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің
байып, рухани өсуі, қабіліеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі,
парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы. Осындай ізгі
қасиеттерді қалыптастыруда оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор
болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлей,
сүйеді. Осы бағыта жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды
қалыптастыру үшін қалаулары бойынша экологиялы және ұлт болашағы, сана-
сезім экологиясы, тіл экологиясы, өлкетану, туризм, топырақ, жер қыртысы
экологиясы, химия-экология, биология-экология т.с.с. Арнайы пәндер
енгізілуіне басты назар аударуылуда.
Оқушыларды экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың
жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ
үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан
мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын,
табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше
бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мөн мәселе көтеру
дағдыларын дамытады. Оқушылардың тоөрия жүзінде оқып үйренген білімдері
есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз
алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты
сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы
дамытылып, табиғатқа қамқолық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін
сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін
бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық,
этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға,
еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда,
дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім
берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ
өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ
өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне,
мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.
Мен өз жұмысымда оқушыларды туризмге, яғни табиғатқа саяхат жасауға
бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлөмін бақылап,
төіңректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп, қолмен ұстап, табиғатты
қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта
өткізілетін сабақ - туристік жарыстың әдістемесін ұсынып отырмын.
Жұмыстың мақсаты:
Туристік жарыс бағадарламасы бойыншач әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын
жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін
көтеру. Жарыс барысында қошаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде
табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу. оқушылар
арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік
сезімдерін ұштау. Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер орындалады:
1.Әдебиеттерге ізденіс, шолу, талдау жасап тақырыпқа байланысты
мәліметтер жинау;
2."Табиғат - ортақ үйіміз" атты туристік жарыс бағдарламасын жасау;
3.Осы бағдарламаны жарыс өтетін мектеп басшыларына таныстырып,
олардан рұқсат алу;
4. Жарысқа қатысатын оқушыларды іріктөп алу;
5. Туристік жарыс өткізілетін жерді таңдап алу;
6. Оқушыларды жарысқа апару үшін олармен алдын-ала дайындық
жұмыстарын жүргізу;
Туристік жарыс өткізу;
І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық
негіздері.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында "Қазақстан
Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына
ұқыпты қарауға міндетті" делінген. 1997 жылдың тамыз айынан бастап
Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа заң күшіне енді. Заң әр адамның
өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын
қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және
әлеуметтік негіздерін белгілеп берді. Ол мынадай тармақтардан тұрады:
I. Республикада халыққа білім беру орындары табиғат жөнінен халықтың
барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге асыру.
2. Жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық білім мен
тәрбие берудің орта, арнаулы, жоғарғы оқу орындарында олардың біліктілігін
арттырудың барлық мүмкіндіктерін жасау.
3. 64-бапта айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде экологиялық
білім берудің қажеттілігі бойынша азаматтардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын ашу үшін, оқу
орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғары және арнаулы оқу
мекемелерінде экологиялық білім негіздерін түрде оқыту.
Қазіргі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің
бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды
табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы
мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана
білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім
дәрежесі мөн тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып,
келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Әлөмдік ғылымдар саласында ғылыми - техникалық үрдісі әлдеқашан
экология, табиғаттану табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда.
Соңғы кезде экологияны биология ғылымының саласы, бөлімі ретінде емөс,
жеке ғылым тұрғысынан да қарастырып жүр.
Сондықтан әртүрлі экологиялық мәсөлелөрді жаратылыстану ғылымына енетін
пәндердің барлығы қамтиды да, әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп
қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат
ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биоэкология, қоршаған ортаның
экологиялық дағдарысы туралы зерттесе, ал тиімді пайдалану мен қорғау,
географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылық
қызметіне тигізетін әсөрін зерттейді. 15
Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін
мектептердің тұжырымдамасында:
"Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және
әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға
экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру" - деп
көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру
жүйөсінде, яғни бала-бақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты
экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыру
міндетті. Оқушыларға, студенттергө экологиялық білім және тәрбие беру
проблемаларын Х\І-Х\ІІІ ғасырлары ұлы педагогтар: Я.А.Каменский,
Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоццы, Ф.Дистервег, А.Гумбольдт тағы басқа прогресшіл ой-
пікірлері классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім
беру беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді.
XIX ғасырдың демократ-ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен,
Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте табиғат туралы саналы білім беру және
адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын моральдық санасының
қалыптасуына әсер ететіндігіне ерөкше мән берді.
Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы
қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: Шоқан Уәлиханов, Абай
Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік
көзқарастарының негізі - көшпенді елдің өмірінө, ата-ананың шаруашылығына
бейімделгөн егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау
көздерін еске ұстап, табиғаттың тепе - теңдігін сақтауға ақыл - кеңестер
берген.
Халқымыздың табиғатқа дегөн сүйіспеншілігі және оның көзінің
қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана
ұғымдар, мақал - мәтелдер, нақыл сөз, аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған.
Сондықтан әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халақтық
педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, оны тиімді пайдалану білуі
тиіс.
Мектөп тәжірибесінде экологиялық тәрбиенің қажеттігі Ресей педагогы
В.А.Сухомлинский балалардың бойында табиғатқа сүйіспөншілік сезімін
дамытуды ешнәрсеге айыр бастауға болмайтынын тәрбиенің негізі деп,
есептеді. "Табиғат, жер табиғаты -бұл жәй кішкентай өсетін және жер бетінде
алғаш қадамдарын жасайтын орта ғана емес, он мыңдаған өте жіңішке тамырлары
қуат алып, шырынын бұтақтары мен жапырақтарына тарататын құдіретті адам -
ағаштың өркен жаятын ортасы" - деп, эмоциялық тұрғыдан берген.
Профессор В.Н.Скалон "Гүлденген, бай табиғат - арман емес, бұл шындық,
бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу
іскерлігімізге байланысты. Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа
дағдыландыру керек, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын" - деп
айтқан.
Жоғарыда айтылып кеткен ұлы ағартушылар мен педагог -ғалымдардың
табиғатты қорғау, оған деген жанашырлық сипаттағы наным - сенімдерді
қалыптастыру мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Олар
табиғат арқылы жасөспірімдөрдің табиғатты қорғау, аялау, соның барысында
ішкі жан сұлулығын дамыту, ізгілікті ұлтжандылық ниеттерін қалыптастыру
мақсат міндеттерін көкейкесті мәселе ретінде қоя білді. 6
Қазіргі уақытта "Экология" деген ұғым, үлкен теориялық және практикалық
маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды.
Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми - теориялық негізі. Ол
жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін
атқара алады. Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру,
болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы
мамандар дайындау - жалпы білім беру жүйесінің алғы шарты.
Экологиялық білім және тәрбие беруде төмендегі қағидалар басшылыққа
алынады:
1. Гуманистік қағида - адамзат қолайлы ортада өмір сүруі тиіс. Ол үшін
экологиялық білімді қалыптастыру арқылы рухани ізгілік пен заңдылыққа
сүйенетін жер бетіндегі өмірді сақтап қала алатын, экологиялық апаттарды
болдырмайтын саналы тұлғаны тәрбиелеу.
2. Ғылыми қағида - білім беру барысында ұстаздардың табиғат пен
экожүйенің даму заңдылықтарын терең ұғындыра білуі.
3.Болжам жасау қағидасы - ұрпақтар санасына болашақ туралы ой салып
адамзаттың даму жолдары туралы биолгиялық әр тіршілікті, генетикалық
қорды, адам популяциясын сақтау жолдарын болжауға, негіздөуге
ұмтылдыру.
4.Жалғастық қағидасы - экологиялық білім беру толассыз жүруі тиіс.
Білім беру мектепке дейін де, мектептен кейін де үзіліссіз жүруі керек.
Білім деңгейі әрдайым жоғарылап, тереңдеуі тиіс.
5.Жүйелендіру қағидасы - экологиялық білімді көтерудің жүйелі түрде
жүруін әр түрлі тәсілдерді жан - жақты қолдана отырып, ұйымдастыру үлгісін
әрдайым жетілдіре беру керек.
Бүгінгі таңда педагогика ғылымының салалары экологиялық білім мен
тәрбиенің ғылыми негіздерін, ұстанымдары мен міндеттерін толық анықтауға
ұмтылуда. Мектептегі экологиялық білім беру әдістемелік және теориялық
тұрғыдан зерттелуде.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді барлық пәндердің нақтылы мазмұнына
сүйене отырып жүргізу мүмкіндіктерін зерттеу - басты мәселе. Ал, пәндерді
экологияландыруда оқушыларға табиғат жайлы білім негіздерін беріп қана
қоймай, әр пәннің оқушыларды қоршаған ортасын сүюге баулудағы тәрбиелік
орнын, қуатын аша отырып оқыту, сол арқылы оқушының дүние танымын,
эстетикалық сезімін, мейірімділік, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін
дамытуға, яғни қоршаған ортасына қиянат жасамауға, оның заңдылықтарын
ескере отырып, жаңартуға, қорғауға атсалысуына басты назар аударылады.
Табиғатқа адамзат әрекетінің күшеюі экологиялық мәселөні туындатуда. Ал
оған теорияның және іс жүзінде мән берілуі - табиғат пен практиканы
дамытудың қажеттілігі керек. Жалпы теориялық және жеке әдістемелік
бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажет. Бірақ қазіргі мектеп
практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалуда. Сол себепті
экологиялық сауатты, тәрбиелі жастарды дайындауды толықтай қамтамасыз ете
алмай отыр. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, мұндай жағдайлардың
туындалуындағы басты себептердің бірі - гуманитарлық циклді пәндер
мазмұнында әлеуметтік экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі. Сондай-
ақ экологиялық мазмұндағы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының бір-
бірімен байланыстылығының болмауы деп түсіндіріледі.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселөсінің қандай да болмасын бір
ғана мектеп пәні арқалы шешілуі мүмкін еместігі айқын. Шын мәнінде қоршаған
ортаны қорғау идеяларының мазмұнын ашатын бірдө-бір пән жоқ. Мектептегі
экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің жеке пәндерде
біріктірілген мазмұны болуының мүмкіндігі оны әрбір пәннің өз тұрғысынан
қарастыруын, зөрттелуін қажет етеді.
Қазіргі заман талабына сай мектептерде экологиялық білім мен тәрбие
беру жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты мынадай міндеттерді шешу талап
етіледі:
І.Оқушының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерімен санасу.
2.Экологиялық тәрбиені пәнаралық байланыстар негізінде іске асыру.
З.Оқу курстарының жүйесі мен өзіндік құрылымы, оны оқытудың әдістемелік
ерекшеліктерін басшылыққа алу.
4. оқулықтағы экологиялық сипаты бар материалды іріктей білу.
Оқушылардың экологиялық тәрбиесін бағалауда іс - тәжірибеде қолданылып
жүрген мынадай мотивтерді жіктеп көрсетуге болады:
1. Адамзаттық - патриоттық себеп (мотив) - табиғат байлығын байыта
түсуге ынталануы, табиғатты қорғауды қоғам алдындағы борышы деп ұғынуы.
2. Эстетикалық себеп - табиғат сұлулығын ұғынып, ол арқылы рухани күш
алуы.
3. Гуманистік себеп - оқушылардың іс - әрекеттері мен
қылықтарында барлық тіршілікті қорғауға ынталандыруы, жақсылық жасау,
жамандыққа күйіну сезімінің көрінісі.
4. Ғылыми - танымдық себеп - табиғи ресурстарды адамның тұрмыс
тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.
5. Экономикалық себеп -практикалық себеп - табиғи ресурстарды
адамның тұрмыс тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.
6. Гигиеналық себеп - табиғаттың адам денсаулығына пайдасын ұғыну
және зиян келтірмеуге тырысу.
Экологиялық білім беру қажеттілігі "адам - қоғам - табиғат" жүйесіндегі
өзара әсерлесудің диалектикалық сипатынан туындайды. Қоғам мен табиғат
арасынадғы күрделі қатынаста адамды, табиғатты өзгертіп әсер етуші субъект
әрі сол іс-әрекетінің жағымды және жағымсыз нәтижелері өзіне қайта айналып
сағатын объект ретінде қарастыру қажет. Осы екі жоқтылық пен қайшылықтың
дүниеге ғылыми экологиялық, көзқарас қалыптастырудағы маңызы зор. Қазіргі
кезде адамзат алдында тұрған экологиялық проблемалардың жинақталған түрі
1-кестеде келтірілді. Кестеде келтірілген мәселелерді әлемдік деңгейде
тиімді шешу антропогендік фактордың жағымсыз әсерін азайтады, жағымды
жақтарын молайтады. Кестеден экологиялық білім мен тәрбие беру
экологиялық проблөмаларды шешудің бір жолы екені көрінеді.
Экологиялық білім мен тәрбие мына бөліктерден тұрады:
а) адам мен табиғаттың бір- біріне әсері жөнідегі білім;
ә) жасөспірімде экологиялық құндылықтар жөнінде білім қалыптастыру;
б) экологиялық этика қалыптастыру;
в) табиғатты білу мен қорғаудың іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыру;
Экологиялық білім мазмұнының құрам бөліктері бір пәннің тіпті бір
мектептің деңгейінде қалыптасуы мүмкін емес. Қазіргі кездегі педагогикалық
әдістемелік әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде экологиялық білім
берудің мынадай ұстанымдары айқындалған.
1. Экологиялық білімді пән аралық байланысты жүзеге асыра отырып беру.
Мұның әдістемелік негізі "адам - қоғам - табиғат" жүйесінің бірлігінде,
жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдардың бір - бірімен
байланыстылығында жатыр.
Экологиялық білім беруде осы ғылымдардың бәрінің қолы жеткен
жетістіктері іске жаратылады. Бұған қарағанда пән аралық байланысты жүзеге
асыратын экологиялық көзқарас мектепте оқылатын барлық пәндердің басын
біріктіретін жинақтаушы идея ретінде қызмет атқаруы тиіс. Осы кезге дейін
жек дара жүргізіліп, әр пән өз қазанында қайнап олардың бәрін біріктіретін
жетекші идеяның болағаны белгілі. Ендігі жерде жеке пәндерді
экологияландыра оқыту мен тәрбие беру үрдістерінің бірлігін қамтамасыз ету
керек.
2. Экологиялық білім беруде жүйелілік және үздіксіздік
ұстанымдарын қолдану. Мұның мәнісі тәрбие беру адам дүниеге келген күнінен
отбасында басталып, бүкір ғұмыры бойында жалғасын табуы тиіс. Ол үшін
жүйелілік тәсілін қолдана отырып, әр буында берілетін экологиялық білім мен
тәрбиенің маңызы, тиімді әдістері мен ұйымдастыру формалары анықталады.
3. Оқушылардың табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту бағытындағы
ақыл-ой және сезім-ерік әрекеттерінің бірлігін, үйлесімділігін қамтамасыз
ету. Мұның өзі экологиялық сана және мәдениет қалыптастыру мен тығыз
байланысты. Табиғаттың тамаша көріністері оқушыда эстетикалық қуаныш, ал
бүлінуі аяныш сезімін туғызып, нақтылы іс-әрекеттерге итермелейтін күйге
жеткізу. 8
4. Табиғатты сақтау мен көркейтуге байланысты экологиялық
мәселелерді әлемдік, жеке елдік және өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге
жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын алып көрсетуге байланысты
экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік өлкелік деңгейде түсінетін
дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын ашып көрсету.
Осы ұстанымдарға сәйкес экологиялық білім берудің бағыттары мен
үлгілері қалыптасып келеді:
1.Оқушыларда экологиялық ғылыми көзқарас қалыптастыру. Ол үшін адам
мен табиғат арасынадағы қатынастардың философиялық проблемаларына көңіл
аудару.
2. Айналадғы ортаға байланысты жек аймақтарда және салаларда
жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелерін экологиялық білім беруге
пайдалану.
3. Жеке пәндерден берілетін ғылым негізін экологиялық
материалдармен толықтырды.
4. Орта мектепте экологиядан жүйелі білім беретін арнайы пән енгізу.
5. Экология мен басқа ғылымдардың негіздерін біріктіріп оқытатын
міндетті, арнайы және факультативті курстар жасау.
Экологиялық білім берудің құрамы ұстанымдары және бағыттарынан
мынадай міндеттер туындайды.
• Экология ғылымының негізін құрайтын деректерді, ұғымдарды,
заңдар мен заңдылықтарды, жетекші идеяларды игеру;
• Экологияға байланысты практикалық білімді, біліктерді және дағдыларды
үйрену, оларды күнделікті өмірде табиғатты қорғауға қолдана білу, өзінің іс-
әрөкетінің табиғатқа тигізетін әсерінің салдарын алдын-ала болжай білу;
• Табиғат және оның байлығы туралы құндылықтарды нақты білу, қадірлеу
және қастерлеу;
• Табиғатты сақтау және қорғау туралы заңды және адамгершілік
нормаларын, құқық пен міндетөрді білу және мүлтіксіз жүзеге асыру,
немқұрайлыққа қарсы күресе білу;
• Айналадағы ортаны жақсарту іс-әрекетінің барлық түрлеріне
белсене қатынасу, табиғатты қорғау қажеттігін насихаттау;
Экологиялық тәрбие беруді арнайы бір жүйе арқылы іске асыруға болады.
Ол үшін жүйеге белгілі бір мазмұн, әдіс оқыту құралдаы оқушылардың
шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру формаларымен бірге жалпы педагогикалық
ұстанымдары енгізу керек. Жүйеде әрбір элементтің мазмұны, әдісі, оқу
құралы, оқыту формасының өзіндік қызметі, орны болуы тиіс. Бірақ олардың
ішіндегі ең басты, шешуші элемент - оқылатын оқулықтың мазмұны. Қазіргі
мектептерде экологиялық тәрбие беруге толық мүмкіндіктер болмай отыр. Бұл
мәселеге төмендегідей фактілер қиыншылықтар келтіруде:
1. Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие беру міндеттерін іске асыру үшін
пән мұғалымдеріне қажетті ұсыныс, бағдарламалардың жеткіліксіздігі.
2. Арнайы әдістемелік нұсқаулардың болмауы.
3. Сабақтағы экологиялық материалдардың көпшілік жағдайы сыныптан және
мектептен тыс жұмыстармен байланыстың жетімсіздігі.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде өз туған өлкесінің
табиғатын оқып үйренуінің өзіндік мәні бар. Экологиялық білім беру
жүйесінде оқушыларды экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін мұғалімнің
атқаратын рөлі ерекше.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс орындалатын
жұмыстар.
Биологиядан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар, оқушылардың өз қалауы
мен еркі, мұғалімнің жетекшілігімен, олардың танымдық қызықшылығын
белсендіріп, анықтау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында
жүргізілетін іс-шаралар мен оқытудың бір формасы болып табылады.
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар арқылы, мұғалімнің шығармашылық
мүмкіншіліктерімен бірге оқушылардың танымдық белсенділіктері анықталып,
тәрбиелеу жұмыстары да жүзеге асады. Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың
барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушылардың жануарлармен,
өсімдіктермен жұмыс жасауға қызығушылығы сабақ үстінде туындайды. Өте
қызығатын оқушылар мұғалімнің тапсырмасынан бөлек, өз еріктерімен өте
күрделі жұмыстарды да орындайды.
Пәнге қызығушылығы жоғары сынып оқушыларды мұғалім үйірме жұмыстарына
біріктіреді. Үйірме жұмысының немесе топқа біріктірілген оқушылардың
жұмысын мұғалім сабақ кезінде ғана емес, көпшілік іс-шараларда да
пайдаланып, көпшілікке танымал етеді. Мысалы, кештерде, конференцияларда,
көрмелерде т.б. іс-шараларда.
Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлерінің принципі -
тәрбиелеп оқыту, жүйелі түрде дамыту.
Биологиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстар.
І.Топпен Жас табиғатшылар үйірмесі.
орындалатын
жұмыстар
ІІ.Көпшілікпен Табиғатта жасалатын таным-жорықтар мен топсеруендер,
орындалатын Ғылыми конференциялар мен кештер, оқушылардың жасаған
жұмыстар жұмыстарының көрмесі. Журналдар, қабырға газеттерін
шығару. Кампаниялар: сабан той, Бақ аптасы, құстар
күні, Биология аптасы т.б.
ІІІ.Жөкеше Тірі табиғат мүйісіндө орындалатын жұмыстар.
орындалатын Оқу-тәжірибие учаскесінде орындалатын жұмыстар.
жұмыстар Сыныптан тыс оқу. Ғылыми зерттеу жұмыстары.

А) Жас табиғатшылар үйірмесі.
Биологиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың ішінде, негізгі орынды
алатын жас табиғатшылар үйірмесі. Жас табиғатшылар үйірмесінің негізгі
мақсаты - оқушылардың пәнгө қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін
көтеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және бақылау, зерттеу,
эксперимент жұмыстарын орындау икемдағдыларын қалыптастыру.
Жас табиғатшылар үйірмесінің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған
жоспармен жүргізіледі. Оқушылар саны тұрақты, өз еріктерімен қатысады.
Мектеп тәжірибесінде әр сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты
арнайы үйірмелер болады:
• 6-7 сыныптарда "жас ботаниктер" үйірмесі.
• 7-8 сыныптарда "жас физиолог" үйірмесі.
• 10-11 сыныптарда "жас биолог" үйірмесі.
Бұлардың барлығы "жас табиғатшылар" үйірмесі деп аталады. Барлық
топтағы үйірмелердің бір-бірімен тығыз байланыста болуы, көпшілік іс-
шаралар мен пайдалы жұмыстар жүргізген кезде жеңілдік туғызады.
Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады.
Үйірме жұмыстарын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге
дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.
Үйірмедегі әрбір оқушының жеке жұмысын, ұжымдық, көпшілік жұмыстармен
сәйкестендіру, оқушылардың көпшілік сезімін дамытады. Орта буын оқушылардың
психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, үйірме жұмысының алуан түрлі
болуын, оқушылардың қызғушылығын дамытып, шығармашылықтарын көтеретіндей
болуын көздеу керек.10
Үйірме жұмыстары қатысатын оқушылар саны 15-20-дан жоғары болмауы
көрек. Одан асса екінші топ ұйымдастырған жөн. Үйірме жұмысы аптасына 1 рет
немесе айына 2 рет ұйымдастырылады. Үйірме жұмыстары жалпы тақырыпты
қамтиды, әдебиеттермен танысу, эксперимент жұмыстары жекеше және ұжымдық
жұмыстар жүргізудің әртүрлі тәсілдерін қамтып орындалады.
Өсімдіктану пәнінен үйірме жұмыстарында мына тақырыптар бойынша жұмыс
жүгізуге болады: "Орман байлықтары" (қазан айы), "Терезе алдындағы бақ"
(қараша, желтоқсан айлары), "Жасыл құрылыс" (наурыз, сәуір, мамыр), "Мәдени
өсімдіктер" (қыркүйек, қазан), "Көзге көрінбейтін тасадағы әлем"
(желтоқсан, қаңтар).
Жануар пәнінен: "Бір тамшы судағы тіршілік", "Ауру жануралар", "Теңіз
түбіндегі тіршілік", "Тоғандағы тіршілік", "Қауіпті бауырымен
жорғалаушылар", "Жойылған ғажаптар", "Қанатты достарды қорғау", "Біздің
құстар", "Тамаша зоология жаңалықтары" "Жануарлардың мінез-қылықтарын
басқару құпиясы" тақырыптарын қарастырамыз.
Тәнтану пәнінен үйірме жұмыстарында қарастырылатын тақырыптар: "Адам
денсаулығы және өмірі үшін күрес" (Қан құю, жүрекке жасалатын ота,
иммунитет туралы, мүшелерді алмастыру, ағзаны тірілту, эмбриондарды
тасымалдау т.б.). "Адам миының құпиялары" (ұйқы және гипноз, инстинкт және
сана, тежелу процесінің адам және жануар тіршілігі үшін маңызы), "Ғылымның
даму тарихы" (Ұлы физиолог ғалымдар И.М.Сөчөнов, И.П.Павлов т.б.)
Тіршіліктану пәнінен үйірме жұмыстарының жоспарында жоғарғы сынып
оқушыларының дүниеге көзқарасын, ғылымға, табиғатқа, қоғамға қарым-
қатынастары мен көзқарастарын тәрбиелейтін тақырыптарды біріктіру керек.
Мысалы, "Жер және адамның өткендегі дәуіріне саяхат", "Табиғат зерттеуші -
үлы ғалымдар", "Тірі жасушаның тіршілігі", "Мендель заңдары", "Табиғаттағы
қоректік тізбек", "Биология және келешек", "Космостық биология",
"Биосфераны қорғау", "Дүниежүзілік мұхиттарды зерттеу".
Ә) Танымжорықтар
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында сыныптан тыс жүргізілетін
жұмыстардың ішінде танымжорықтық (экскурсия) өзіндік орны бар.
Танымжорық ол орыс тілінде "экскурсия", латынша "excurcion" (сапар,
серуен) ғылыми, білім беру, мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға
ұйымдастырылған ұжымдық сапар және жорық.
Танымжорық оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімін, дүниетанымын,
көзқарасын қалыптастыруы, табиғаттың даму заңдарын жеңіл түрде ұғындырумен
қатар, идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес формасы, ол адамның рухани
байлықты игеруіне көмегін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін
қолданылатын көмекші иллюстриялық құрал рөлін атқарады. Танымжорық арқылы
оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін айналамызды қоршаған дүниө жайлы олардың
құбылыстардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы туралы білімдерінің
молаюы, танымдық мүдделердің дамытылуы сияқты дидактикалық міндеттерді
шешуге болады.
Танымжорық әлеуметтік психологиялық - педагогикалық тәрбие береді. Олар
эстетикалық, этикалық, адамгершілік, денешынықтыру, еңбекке баулу,
экологиялық тәрбие берумен қатар оқушылардың белгілі бір пәннен сабақ
үстінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді. Баланы
қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай беруге үйретеді.
Танымжорық мақсаты - оқушылардың сана-сезімін толықтырып, ой-өрісін
кеңейту үшін арналған қосымша сабақ ретінде мектеп бағдарламасында міндетті
түрде өту, яғни оқушылардың сана-сезімін толықтыру, келесі сабақтарда осы
өткізілген танымжорықтар жөнінде әңгімелесу арқылы олардың есте сақтау
қабілетін байқау.
Белгілі педагог, әдіскер К.Г.Ягодовский XX ғасырдың басында танымжорық
жүгізіудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол "Танымжорықтың негізгі мақсаты
оқушыларға тірі заттардың аттарын жаттату емес, табиғатты бақылауға
(көруге) үйрету",- деді. А.А.Коменскийдің пікірі бойынша "адам баласы
мүмкіндігінше білімді кітаптан емөс, аспаннан, жерден, еменнен, үйеңкідөн
т.б. білетін болу керек. Заттар туралы бөгде біреудің байқаулары мен
куәландіруінен емес, тікелей заттың өзінен үйренетін болуы тиіс".
Табиғатқа жасалған танымжорықтың маңызды міндеттерінің бірі - табиғатты
қорғау, табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарау мәселелерін барынша
насихаттау. Мысалы, жануларлар дүниесіне саяхат жасалатын болса, онда
танымжорыққа шығар алдында аңшылардың ережесі, броконьерлермен күрес
жолдары, жануарлардың, құс пен балықтардың "Қызыл кітапқа" жазылған, құрып
бара жатқан түрлері таныстырылады. Мысалы, зоопаркке барған кезде оқушылар
өздерін қалай ұстауға, оларды мазалауға болмайтыны айтылады. Ал
өсімдіктанудан танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын мысалы, ағаштардың
құрал қалғаны, гүлді өсімдіктердің солуы жөнінде балаларға түсіндіріп, оған
адамдардың кінәлі екенін өсімдіктерді қорғау керектігін түсіндіріп беру
тиімді болады.
Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға нені бақылау екрегі, яғни
бақылауға алынған объөктіні таңдап алуды, жинақтамаға нені жинайтыны,
табиғат аясында өзін-өзі ұстауға ескөртіледі. Оқушыларды бақылауға,
зерттеуге үйрету үшін олардың көзіне айқын түсетін ең жақын, ең таныс
жергілікті объектілердеы бастаған жөн. Оқушылар табиғат құбылыстарының
өзгеру, даму ерекшеліктерін өздері қатысып байқау, бақылау нәтижесінде
түсінетін болса, кейін бүкіл табиғат заңдылықтарын түсіну дәрежесіне
көтеріледі. өздеріне белгілі тіршілік пен құбылысты таныстырудан бастап,
соған негізден оқыту оқушылар ойының саналы түрде дамуына жағдай жасайды.
Оқушыларды төңіректегі әлеммен таныстыруды олар үшін белгілі де
түсінікті және таныс мәселелерден бастау керек. Танымжорық кезінде балалар
әртүрлі сұрақтарға жауап табады. Оқушының ойлау, көз алдына елестету
қабілетін, сезімдерін дамытуға табиғаттың әсері өте күшті. Оқушы табиғатты
алғашқыда өте сезімталдықпен қабылдайды. Оның көз алдында төңіректегі
сұлулығы ашылады. Танымжорық бүкіл оқу жылы бойына өткізіліп тұрады, олар
оқушыларды айнала қоршаған ортамен таныстырады. Танымжорық жылдың кез-
келген мезгілінде өткізіле береді. Қысқы жылдың кез-келген мезгілінде
оқушылар өздері күзде болған таныс жерлерін аралайды. Орман ішінде болған
өзгерістерді байқайды. Неліктен қар жауатынын, шырша мен қарағайдың қыста
нөліктен бұрынғысынша жап-жасыл болып тұратыны жөніндегі сұрақтарға
мұғаліммен бірге жауап іздестіріп табады.
Қысқы танымжорық кезінде оқушылар өсімдіктерді, қыста қалатын құстарды
бақылайды. Оқушылар мынадай тапсырма алады. Қысқы орман қандай болатынын
бақылау және танымжорықтан кейін алған өз әсерлерін бейнелеу.
Көктемде бақ ішіне танымжорыққа шығуға болады. Мұнда оқушылар көктемнің
май айында гүлдеп тұрған алма, шие, алмұрт, қызыл шие ағаштарын көреді,
көктемнің белгілерін байқайды. Олардың назарын қаулап өсе бастаған шөпке,
оның ашық жасыл түсіне аудару қажет. Орман ішіндегі ағаштар көктемгі сәніне
енеді. Көктемгі орманның үнін, құстардың сайрағанын тыңдауға болады.
Күзгі орманға жасалатын танымжорық тапсырмалары мынадай болуы мүмкін.
Күзгі букет, гербарий үшін ағаштар мен бұталардың жапырақтарын жинау,
танымжорықта алған өз әсерлерін жазу, өсімдік түрлерін бақылау, материал
жинау және көркемдеу үшін оқушылар топтарға бөлінеді.
Танымжорыққа қорытынды жасай отырып, мұғалім табиғат байлықтары жөнінде
білім қалыптастырады. Оқушылардың білім жетістіктерінен биология
мұғалімінің өз білімін оқушыларға бере білуі тәрбиесіндегілерді пәнге
қызықтыра білудегі үлкен еңбегі көрінеді.
Б) Экологиялық соқпақтар.
Оқушылардың экологиялық тәрбие беру жұмысында экологиялық соқпақтың да
өзіндік орны бар. Экологиялық соқпақтың танымдық, тәрбиелік және
ұйымдастырушылық маңызы ерекше. Баланы табиғи ортамен дұрыс қарым-қатынас
жасай білуге үйретеді. Экологиялық соқпақ ұйымдастыратын аймақ алдын-ала
тексеріліп, ондағы табиғи жағдайлар ескеріледі, оған қатысқан әрбір
оқушының бойында табиғатқа аяушылық сүйіспеншілік сезім, дүниетанымы
қалыптасады, сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды. Оқушылардың
экологиялық білімін тереңдете түсуде табиғат аясының рөлі өте зор. Өйткені,
табиғат аясында білімдерін практикамен ұштастыра түседі. Сыныптарда оқыған,
көрген өсімдіктер мен жануарлар дүниесін өз көздөрімен көріп, олардың
биологиялық және экологиялық тәрбие берудің мұндай түрлеріне мектеп
жанындағы тәжірибе участоктері, ботаникалық бақ, зоопарк, ұлттық парктер,
қорықтар, табиғат ескерткіштері, тарихи ескерткіштер т.б. жатады.
Оқушылар далалық саяхат барысында табиғат объектілерімен бетпе-бөт
кездесе отырып, оның өзгеру себептерімен, организмдердің көптүрлігімен,
қорғауды ұйымдастыру, табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты аялау сияқты
т.б. адам мен табиғат расындағы қарым-қатынасты терең сезініп оларға деген
аяушылық сезімі мен жауапкершілігі арта түседі. Оның үстіне өзін табиғатта
қалай ұстау керектігін, табиғат қорғау белгілері туралы, табиғатты
пайдалану тәртібін, табиғат қорғау құқықтарын сезінеді.
Экологиялық соқпақты мұғалімдер ұжымы бірлесіп ұйымдастыруы қажет. Оның
алдын-ала жоспары жасалып, картасымен танысып, оның бойындағы табиғат
объектілері зерттелінеді. Экологиялық соқпаққа география, биология,
экология, химия, тарих пәндерінің мұғалімдері қатысса, ол өте жоғары
деңгейде өтеді.12
Экологиялық соқпақтың негізгі мақсаты оқушылардың табиғат ортадағы
мінез-құлқын, этикасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру болғандықтан
оның жауапкершілігі жоғары болады.
Экологиялық соқпақ негізінен саяхатшылардың 3 категориясын қамтиды:
1. Педагогтар мен тәлімгер;
2. Оқушылар;
3. Табиғатты сүюші көпшілік қауым.
Әрбір экологиялық соқпақ оқушының қызығатын, әрі қимайтын орнына
айналуы тиіс, Экологиялық соқпақтың ұзындығы 1,5-2 шақырымнан аспағаны жөн,
егер одан ұзақ болса, оқушыларды жалықтырып жібереді. Экологиялық соқпақтың
мектеп маңында болғаны жөн. Экологиялық соқпақ өтетін табиғат алқабында әр
түрлі ландшафтар қамтылып, онда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар
түрлері болуы тиіс. Сонымен бірге эколгиялық соқпақ өтетін жер
антропогендік әсерлерге ұшыраған алқаптарды да қамтығаны жөн, ластанған су
айдыны, қоқыс-қалдықтар, эрозияға ұшыраған жер, карьер, өртенген орман
алқабы немесе дала т.б. жерлер болса, сол арқылы адамдардың табиғатқа
әсеріне оқушылардың көзін жеткізуге болады.
Экологиялық соқпақ ететін жер алдын-ала тексеріліп, жергілікті
шаруашылық иелерімен келісіп, шарт жасасып, заңдастырылады. Экологиялық
соқпақтың ашылуына ерекше көңіл бөлу керек, әрбір оқушының есінде өмір бойы
ұмытылмайтын әсер қалдыратындай салтанатты түрде өткізілсе ғана оқушы
табиғат алдында жауапкершілігін сезіне алады. Экологиялық соқпақтың
оқушыларға пайдасы:
• Пәннен алған табиғат туралы білімін толықтыруға әсер етеді;
• Табиғатқа деген сүйіспеншілік артып, тек сабақ үрдісінде алған
біліміне сүйенбей, оқушы экологиялық соқпақ кезіндегі алған іс-
тәжірибелеріне сүйенуіне мүмкіндік алады;
• Табиғатпен, айналадағы ортамен тікелей қарым-қатынастың нәтижесінде
оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігі, жанашырлығы, аяушылық сезімі,
экологиялық санасы қалыптасады;
• Оқушылардың табиғат байлықтарын күтіп-баптау жөнінде, оларды
ұқыпты, үнемді пайдалану туралы түсініктері қалыптасады.
Экологиялық соқпақтан келгеннен кейін өз көрген білгендері, атқарған
жұмыстары жөнінде шығарма жаздырып, оқушылардың табиғатқа қары-қатынасын
білуге болады.
ІІ-тарау. Туризм-табиғатты тану
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
Туризм біздің елімізде қазіргі кезде өте қарқынмен дамып келеді.
Ғалымдардың айтуынша туризмге деген қызығушылық бұдан әрі дами береді.
Көпшілік адамдар үшін туризм туған өлкені және шөт мемлекеттерді тану
құрамы ғана емес, сонымен бірге ол дене шынықтыру мәдениетінің негізгі,
құраушы бөлімі болып табылады.
Қазақстан туризмнің дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосатын мемлекет.
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның жер бедері, климаты,
географиялық белдеудің көптүрлілігі көз тартады. Осының барлығы туристерге
демалыс түрлерін (теңізге шомылу, шаңғымен сырғанау, тауға жорықтар)
таңдауына мүмкіндік береді.
Қазақстан территориясында көптеген ежелгі мәдени ескерткіштер,
архитектуралық және тарихи ескерткіштер, қазіргі салынған Медеу мұз айдыны,
Екібастұз энергетикалық кешені, Айша-бибі мавзолейі бар. Адам қолынан
туындаған осы ғажайып туындылар біздің мемлекетке келушілерді өзінің
қайталанбастығымен таң қалдырады.
Атақты орыс жазушысы А.М.Горький отан тануды туризмнің рекреациялық
түріне жатқызды. Біз үшін, Қазақстан халықтары үшін ең бастысы - Отанды
танып білу, оның тарихымен таныс болу, оның әсемдігін құдіретін, байлығын
танып білу. Туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсияларсыз еліміздің ұлылығы
мен әсемдігін көріп білу, түсіну мүмкін емес. 19
Туризм - демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және
танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз - қоғамның
игілігі болып табылады. Оны өзің үшін және қоғам үшін ұқыпты пайдалану
керек. Автомобильдің гуілі, магнитофон, гитараның шуылы адамның көңіл
күйіне зиян әсер етеді. Австриялық оқымыстылардың айтуынша, шуылдар адам
өмірін 8-12 жылға қысқартады екен. Осы шуылдардан құтылу үшін барлық кезде
уақыт жете бермейді. Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша ұйқыға, тамақ
ішуге жұмсалғаннан басқа жылына 300 сағат бос уақытымыз бар екен. Ал біз 1
жылда 58 сағатты ғана табиғатты тамашалауға жұмсаймыз. Оп бір күнге
шаққанда 4-ақ минутты құрайды екен. Дәрігерлер туризммен айналысатын
адамдардың 1,5 есе аз ауыратынын мақұлдап отыр.
Аристотельдің айтуынша, әрекетсіздіктен сорақы ешнәрсе жоқ. Осыдан жүз
жыл бұрын әр адам дене жұмысының 90 пайызын өзі атқарған. Ал техниканың
дамуына байланысты бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Осы орайда XVIII
ғасырда өмір сүргөн француз дәрігері Тиссоның сөздері еріксіз еске түседі:
Қозғалыс кез-келген дәрі-дәрмектің әсерін алмастыра алады, ал барлық
дәрі-дәрмек қозғалыстың орнын басуға дәрменсіз. Демалыс еңбек тәрізді
белсөнді болуы керек. Ал қазіргі туризм осыған сәйкес келеді.
Туризмнің өзі - қозғалыс. Ол барлық адам орындай алатын жүктеме береді.
Әр адам өзіне қаншалықты жүктеме қажет екенін өзі мөлшерлеу керек немесе
дәрігердің көмегімен анықтау керек.
Туризмнің бұдан басқа танымдық қызметі бар. Туризм адамның ішкі жан
дүниесін байытады, мінез-құлқын тәрбиелеуге әсерін тигізеді.
Туризм - француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос
уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.
Туризм - адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты
ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет пен өнердің
дамуына жол береді.
Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін
сипаттайтын өң маңызды белгілерді атап өтуге болады, яғни туризмнің ұлттық
мәнділіг, қанғаттандырылуы туристік саяхатқа пайдаланатын негізгі қозғалыс
құралдары; сяхаттың ұзақтығы, топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристік
өнім бағасының негізгі принциптері және т.б.
Туризм келесі түрлерге бөлінеді:
1 Рекреациялық туризм.
Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру
қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы
ерекшеленеді. Мысалы, реакреациялық туризм құрамында төмендегі
бағдарламалар болуы керек:
А) көріп тамашалау, көңіл көтеру (театр және кино, жәрмеңке, қала
күндері, фестивальдар және т.б.);
Ә) қызығушылық іс-әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка
және т.б.);
Б) "этникалық" және тұрмытық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес
тұрмысты зерттеумен байланысты);
Г) туристік- сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар
бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.);
2. Діни туризм.
Туризмнің бұл түрі әртүрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне
негізделгөн. Діни туризм екіге бөлінеді:
А) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару; ғ,
Б) әулие жерлерге бару;
3. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару
мақсатынада келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
4.Конгресті туризм.
Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға,
симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақстындағы
туристік сапарлар қатысуға байланысты ұйымдастырылады.
Туризмнің осы түрінің интенсивті дамуы толығымен халықаралық іскерлік
және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға
әкөледі.
5. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм.
Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне
негізделген.
6. Өз бетінше ұйымдастырылған туризм.
Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б.
айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл
түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын
қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің
өздері туристік-спорт клубтармен және бірлестіктермен бірге отырып
ұйымдастырады.
7. Іскерлік мақсаттағы туризм.
Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестермен іскерлік қатынастарды
бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.
8.Танымдық туризм.
Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға
деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық
туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға
алынған табиғи аймақтарға баруды ұсынады.
9. Спорттық туризм.
Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған
байланысты: активті және пассивті түрге бөлінеді.
Активті спорт туризміне спорттық белгілі түрімөн айналысу
қажеттілігі, ал пассивті туризмге - белгілі бір спорт түріне
қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа
шығу жатады.
10. Емдеу медицина туризмі.
Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі
жатыр. Емдеу туризмі адам организміне табиғи құралдармен әсер ету
арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы, климат арқылы емдеу, теңіз
арқылы, батпақ арқылы, жеміс- жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б.
Қозғалыс құралдарына байланысты туризм келөсі түрлкрге бөлінеді.
1. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екінші жартысынан
бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
2. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі ХІХ-ғасырдың 40 жылдарынан
бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны
тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі кезде
теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестік те болып
тұрады.
3. Әуе жолы туризмі.Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені
туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы, 1960
-1980 жылға дөйіннің өзінде туризмде қолданылатын әуе жолы
транспортының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы
жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланатын топтық турларға және арнайы
туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.
4. Теплоход туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз
теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы
бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға
тоқтауы және тоқтамауы да мүмкін.
Өзен бағыттары - өзен пароходтары кемесін пайдалану арқылы
ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып
саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу
мақсатындағы экскурсиялық серуендер жатады.
Круизді және туристік - экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін
негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.
Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы
туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен
қамтамасыз етілуінде. 17
5.Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс
құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар
туристік- экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін,
яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және "денсаулық автобусы"
деп аталатын - серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус).
6. Велосипед туризмі.Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі
контингенттері ғана пайдалана алады.
7. Жаяу туризм Туризмнің бұл түрі ішкі туризмде кеңінен таралған.
Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді,
саяхаттау ұзақтығына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып
бөлінеді. Топ құрамы бойынша:
1. Жаппай туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);
2. Жеке туризм. Туризмнің көбінесе іскерлік, ғылыми және сауықтандыру
туризмі шеңберінде жүргізіледі. Соңғы кезде жеке туризм туыстық байланыста,
шақырулар бойынша баруда кеңінен таралуда.
3. Жанұялық туризм, Туристердің жанұя мүшелерімен бірге саяхаттауы.
Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары туристік фирмалардың балалармен
саяхаттайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Жалпы оқыту әдістемесі
Биология оқыту әдістемесі
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Биологияны оқыту әдісі
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі
Пәндер