Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І.бөлім. Несиенің мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Несиенің қажеттілігі және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8

ІІ.бөлім. Қазақстан Республикасының ипотекалық несиелеу
нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.1 Несиені экономикалық категория ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Несиенің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІІ.бөлім. Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту ... ... 28
3.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.2 Қазақстан Республикасының несиелеу жүйесін жетілдіру жолы ... ... .. 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Кіріспе

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындаты байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық иіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатка пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенін мәнін ұдайы өндіріс процесінін бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Б.А. Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы.- Алматы.- 2002.
2. Гринберг И. Рубль, черновец, тенге.- Алматы.- Қаржы-қаражат.- 1997.
3. Е.Ф. Жукова. Деньги, кредит, банки. Учебник / Под ред.- М.- 1999.
4. Көшеова Б. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы.- Алматы.- 1999.
5. Қ.Асанбаев. Ұлттық банк – Қазақстан. Қаржы қаражат.- 1999.- №3.-21бет.
6. М.К. Бубника. Деньги, банки, валюта. Учебное пособие.- М.- 1994.
7. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы.- Алматы.- 1998.
8. О.И. Лаврушина. Деньги, кредит, банки. Учебник / Под ред.- М.- 1999.
9. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер.- Алматы.- 2001.
10. Сейткасимова Г.С. Ильясов А.А. Формирование фондового рынка.- Алматы.- 1996.
11. Сейткасимова Г.С. Ценные бумаги и фондовый рынок.- Алматы.- 1998.
12. Сейтқасымов С.Г. Ақша, несие, банктер. Оқулық.- Алматы.- 1999.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І-бөлім. Несиенің мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.1 Несиенің қажеттілігі және
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Несие қатынастарының пайда болуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... 8

ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының ипотекалық несиелеу
нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Несиені экономикалық категория
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Несиенің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 18

ІІІ-бөлім. Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту ... ... 28
3.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.2 Қазақстан Республикасының несиелеу жүйесін жетілдіру жолы ... ... .. 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42

Кіріспе

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта
қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын
білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар
құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде
сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты
кредитор мен қарыз алушы арасындаты байланыс қалай өзгерсе де, несиенің
формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы
қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген
жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық,
үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы
формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола
отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық иіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты
- өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша
қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен
қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатка пайдаланушы қарыз
алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ кредитор өндірістік процестің
сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері
арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенін мәнін
ұдайы өндіріс процесінін бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.

І-бөлім. Несиенің мәні және түрлері

1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі

Несие құннының, белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді.
Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі
жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес
қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс
сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада
несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы
қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік
қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының
мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде
өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері йндивидуумдардың қолдарына тиместен
бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт,
өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен
және бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала
алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс
көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің
өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен
ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. Несие үлестіруімен
байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі
маңызды жағдай 1 - үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір
индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2 - ол қоғамнан келіп шығатын көз
ретінде анықталады. Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол
индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі
бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген
қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге
индивидуумнан шығатын кез ретінде аңықталады. Үлестіру фазалары және
айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары
арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп
есептеуге мүмкіндік көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді
үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінін
иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті
дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі.
Несиенің ұя айы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы
өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында
субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған басқа
субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама-қайшылық
пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс
пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің
дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде
болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн
қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде
мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату
мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші
болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату
мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың
арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды
өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің
қайтарылуы кейінге қалдырылады. "Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды
шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнынымен және ақшаның тұтыну құнын
жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны
иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын
өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді.
Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді
қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды
өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыға тек идеалды түрде ғана
белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек
кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем құралы
функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының
кейінге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу-сатудан дербес, сапалық
жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып
алу-сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып
алу-сату мәмілесі олардың арасында кездей-сок, өткінші байланысты жүзеге
асырады. "А" тауарды "В"-ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында
тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана
орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі барлық қоғамда
барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл
мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты
жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осын-дай
мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан
тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді.
Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн
мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну
құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. "Біз жай тауар туралы, тап осындай
тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр
түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың колында
иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында,
басқасында ақшалай формада болады. Қарыз кезінде "акшалай капиталист бұл
мәміледе кұнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан
оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана
құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді".

1.2 Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық
табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық кажетін және
жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрыдыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы
нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп,
біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі
өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық
(ростовщический) несие деп аталды.
Өсімкорлық несиеге тән белгілер: несие, берушілер -көпестер,
саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу іиелері мен үлкен діни
ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен
феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын
өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-
әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылылығы
ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр
етті. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі
қалаларында өсімкорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21
процентте;н 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200%-
ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несисе капиталистік
өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі
өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістін пайда болуына негіз дайындады.
Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда
болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.
Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз
капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің
өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:
Біріншіден, қарыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім
өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені,
негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша.
Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал
ретінде өсім ақы түсіреді, капиталиста несиені, керісінше, несие беруші де,
қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің
құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістін өсуіне, ал
екінші жағынан капиталист нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне
жағдай жасады.
Төртіншіден, өсім шығу көзіне байланысты. Капиталистік несие үшін өсім
ақының көзі - жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлык несие
үшін өсім ақының көзі - құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім
өндірушілердін қосымша еңбегі.
Бесіншіден, ақының деңгейі бойынша. Өсім-қорлық несие үшін өсім ақыны
өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды,
капиталиста несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі
кетеді.
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист-меншік иесінің жұмыс істеуші
капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау
негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал. Өсімқорлық капитал
капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы -
капиталиста өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының
қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие
қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы
маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін онын
заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші
өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады.
Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда
болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне
алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан-қолға
өтетін айырбас процесі-несие қатынастарының туындайтын көрінісі.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: "А" тауарды
"В"-ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік "А"-дан "В"-ға
өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: "А" "В"-
ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн "А"-дан тауар "В"-ға орын
ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік "А"-да сақталады.
Осылайша, сатып алу-сату мәмілесі меншіктің оны пайдалануымен сәйкес келуін
ұйғарады; қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне
негізделген. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік және иелену сәйкес
келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөлектенеді. Сатып алу-сату
мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз
актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу-сату мәмілесінде сатушы ақшаның
көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға
айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты
болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу-сату актісіне қарағанда, басқа
қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша
белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және
олар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін
бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп
түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасын осы
формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.
Қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас
арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде
өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік
байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын
өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр
түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді,
ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды
ұқсастығы олардың бір атауымен -несие - бекітіледі, бірақ әр
түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр
түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып
отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің
алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір
шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы
шаруашылық жүйесіндегі несиені женуші және жоққа шығарушы болып табылады.
Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының
әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан
бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі,
тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар
шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы
қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының
өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын
әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық
шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық
өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар
талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына
тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп
алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын
әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының
алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар
болды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады:
біріншіден, оның техникалық-зандылық белгілері көзқарасынан, екіншіден,
әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе
онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер
тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және
себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің
экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардын белгілі бір
формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес,
өндірістік қатынастырдың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза
техникалық тұрғыда, машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне
анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан
қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік
жағынан да қарастыруын, ягни машина өндірісі негізінде пайда болатын және
дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір
жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-заңдылық
белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің
белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың
алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несиені
құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан
қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым
категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалық-заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық-
экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-заңдылық
белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы
әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар.
Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше
техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін эко-номикалық
категория. Несие экономикалық категория ғана емес,сонымен қатар тарихи
категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір
дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи
категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек
натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады.
Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады.
Біріншіден олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды;
екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы
үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі
тауарды иелігінен шығара отырып басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар
меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген
экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады,
біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы
көбінесе объектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын
ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама
қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының ипотекалық несиелеу нарығы

2.1 Несиені экономикалық категория ретінде

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі Отандық
және шетелдік инвестицияларды тарту үшін Қазақстан Республикасы
экономикасының басым секторларының тізбесін бекіту туралы Жарлығы бойынша
тұрғын үй еліміздің экономикасының басым секторларының бірі болып
бекітілген.
Тұрғын үй жылжымайтын мүлік саласына жататындықтан қазіргі кезде
халықаралық тілмен айтқанда ипотека деп аталып жүр.
Ал, ипотека дегеніміз – қарыз алу мақсатында кепілдікке берілетін
жылжымайтын мүліктің жазбаша міндеттемесі.
Қазақстанның банк жүйесі ипотекалық несиенің басты субъектісі болып
табылады. ҚР-ның экономикасының қаржы жүйесінің дамуының этаптары екінші
деңгейлі банктерінің активтеріндегі ипотекалық несиенің бөлігінің ұлғаюымен
сипатталады. Мұнда ипотекалық несиенің сапалы дамуын, олардың сыйақы және
мерзімі бойынша, алғашқы берілетін жарна бойынша және тағы басқа белгілері
бойынша класификациялауға болады. Тұрғын үйді сатып алуға несие беруден
басқа коммерциялық банктер оның құрылысына, ремонтына және қайта
құрылысына, коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға несие ұсынады.
Жылжымайтын мүлкі бар азаматтардың ең бір пайдалы мүмкіншіліктерінің
бірі - өздері жеке іс бастағысы келген кезде жылжымайтын мүлікті кепілдікке
қойып банкіден қысқа және орта мерзімге ипотекалық несиені алуына болады.
Ипотекалық несиенің нарығы екіге бөлінеді. Бірінші нарықта ипотекалық
несиелер беріледі және сатылуы мүмкін. Екінші нарықта ипотеканың
құпияландырылуы жүргізіледі, яғни арнайы бағалы қағаздар шығару арқылы
несиелер бойынша проценттік табысты алу құқығын сату. Мұндай бағалы
қағаздар әр түрлі сипаттамаға ие болады. Олар несиелік тәуекел тағы басқа.
Екінші нарықтағы негізгі операторлар арнайы ұйымдар болып табылады. Олардың
негізгі міндеттері, мақсаттары беріліп қойылған несиелерді сатып алу болып
табылады.
Президенттің халыққа соңғы жолдауына сәйкес 2005жылдан бастап тұрғын үй
құрылысын дамытудың мемлекеттік программасы басталады. Жаңа тұрғын үй
саясатының жүзеге асырылуы 2005-2007 жылдар аралығында құрылысты өткен
жылмен салыстырғанда минимум 4 млн кв.м көбейтуді қарастырады. Бұл үшін
тұрғын үй құрылысына 300 млрд теңге инвестициялау қажет. Негізгі
қаржыландыру көздері болып Қазақстандық Ипотекалық компания және
Қазақстанның тұрғын үй құрылысының жинақ банкі табылады. Осылай жаңа
тұрғын үй саясатын жүзеге асыру ипотекалық несиелеу жүйесіне беріледі.
Қазақстандағы ипотеканың дамуына бастауды Президеттің 1995 ж 23
желтоқсандағы Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы заңды күші бар
бұйрығы берді. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тұрғын үйдің базасын
төмендету мақсатында ҚР-ның басшылығының бұйрығы 2000 ж тамыздан бастап
ұзақ мерзімді тұрғын үйді қаржыландыру және ипотекалық несиелеудің жүйесін
дамыту концепциясы қабылданды. Бұл концепция жаңа қаржы - несиелік
механизмдерді ендіруді қарастырды. 2001 ж Ұлттық банк дүние жүзіне белгілі
АҚШ-ғы Fannie Mae және Малайзиядағы Cagames Berhad сияқты арнайы қаржылық
институт, яғни Қазақстандық Ипотекалық компанияны құрды. Банктегі және
банктік емес ұйымдардағы ұзақ мерзімді ресурстардың жоқ болу жағдайына
байланысты, Қазақстандық Ипотекалық компания өзінің инвестициясын халықтың
ипотекалық несиесіне бағыттайды.
Қазақстандағы несиелеудің жүйесі 2 деңгейлі болып табылады. Бірінші
деңгейде банктер және банктік емес ұйымдар несиені тұрғын үй сатып алуға
және ремонт жасауға береді. Екінші этапта Қазақстандық ипотекалық компания
екінші нарықтың операторы ретінде осы несиелерді қайта сатып алады. Соңғы
жылдары ипотека жүйесі 3 этаптан өтті. Бұл банктермен несиенің берілуі,
ипотекалық компаниялармен берілген несиелер бойынша талаптарды алу құқығы,
ипотекалық облигацияларды шығару. Бұл жүйе қазір жұмыс істеп отыр. Осының
арқасында ипотека жүйесіне қайта келетін ішкі нарықта инвестициялар
тартылады.
Қазақстандық Ипотекалық компанияның қатысуымен ипотекалық несиелеу
жүйесінде жеке банктік операцияларды жүзеге асыратын 8 банк және 2 ұйым
жұмыс істейді. Қазақстандық Ипотекалық компанияның серіктестері болып
екінші деңгейлі банктер және қаржылық ұйымдар, яғни олар Каспийский,
Астана-Финанс, банк Центр Кредит, АТФ банк, БТА-Ипотека, Нұрбанк,
Альянс банк, Цеснабанк. Олар өздерінің ипотекалық несиелерді ұсыну
қызметтерін Қазақстандық Ипотекалық компания программасы бойынша жүргізеді.
Бұдан басқа екінші деңгейлі банктер өздігінен тұрғын үй құрылысын
ипотекалық несиелеуді жүзеге асырады.
2003 ж қараша айында ипотекалық несиелеу жүйесінің толық қызмет етуіне
маңызды қадам болып табылған Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры пайда
болды.
Бұл қордың негізгі мақсаты болып несиелер бойынша мерзімді ұзартуға
қолайлы жағдай құрау, несиенің көлемін ұлғайту, ипотекалық несиені алған
кездегі алғашқы салым көлемін 10 дейін төмендету.
Бұл қор өткен 2006 жылдың соңында құрылғанына қарамастан ипотекалық
несиелерді кепілдендіру жүйесіне кіруі туралы келісім осы жылдың мамыр
айында жасалды. Қордың бірінші қатысушылары АО Альянс банк, БТА Ипотека
және АО Казкоммерцбанк болды.
1-сурет
Қазақстандағы ипотекалық несиелеу нарығының құрылымы

Егер ипотекалық несиенің құрылымын аудандық бөліктерде қарағанда
берілген несиенің көп бөлігі Алматы қаласына келіп отыр.
Астана қаласы бұл көрсеткіш бойынша қалып отыр, оның ипотекалық
несиесінің көлемі бойынша бөлігі 15% құрайды. Ол Алматыдан 3,2 есе төмен
болып отыр. Бұл бірнеше себептерге байланысты. ҚР-ның статистика бойынша
агенстваның мәліметтеріне қарағанда Астананың негізгі тұрғын үй құрылысын
қаржыландыру көзі болып мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылары және шетел
инвестициялары болып табылады. Алматыда тұрғын үйді сатып алу және
қаржыландыру халықтың қаржылары есебінен, банктік несиелер есебінен жүзеге
асырылады. Сонымен бірге Алматы қаласының тұрғындарының белсенділігі
олардың санының 2 есе көптігімен де түсіндіріледі және коммерциялық
банктердің орталық офистерінің көптігімен түсіндіріледі. Банк филиалдарына
қарағанда несие беру жайлы сұрақ орталық офисте тезірек шешіледі. Сондықтан
да Алматы қаласы ең үлкен көрсеткіш беріп отыр.

Кесте 1
2005 жылы халықты аудандық бөлікте ипотекалық несиелеу
млн. теңге %
Барлығы 29508 100
Алматы 13864 46,98
Астана 4331 14,68
Ақтөбе 2449 8,30
ШҚО 1428 4,84
ОҚО 1085 3,68
Атырау 1067 3,62
Қарағанды 1040 3,52
Павлодар 940 3,19
Маңғыстау 922 3,12
БҚО 819 2,78
Қостанай 655 2,22
Тараз 318 1,08
сқо 296 1,00
Ақмола 156 00,53
Қызылорда 83 0о,28
Алматы облысы 55 0,1о9

Ипотекалық несие көлемінің аудандандар бойынша айырмашылығы халық
санының, коммерциялық банктердің филиалдарының және аудандық орталықтардың
санының әр түрлілігімен түсіндіріледі. Сонымен бірге жалпы тенденцияға
қарамастан аудандарда тұрғын үй бағасы әр ауданда әр түрлі болып келеді.
Ипотекалық несие жүйесінің қызмет етуін анализдей отырып оның қарқынды
дамып келе жатқанын байқамауға болмайды. Ипотеканың өсуіне обьективті
себептер әсер етті, яғни халықтың табысының өсуі макроэкономикалық
жағдайдың тұрақтану, екінші деңгейлі банктердің ресурстық базасының өсуі.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі
туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде,
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден
тұрады.
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері беруші және қарыз алушы болады.
Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы
негізінде жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай
эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы
тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-
қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның
өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы - қарыз беруші, ал
сатып алушы -борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте
эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын
жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы
өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор - саудагер, көпес
тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен
тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық
жүргізуші субъектілерінін едәуір байлықтарын жинақтайтын
шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік
үйлер болды.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі
ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған
қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру
арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа
барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола
отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды
жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда
босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі.
Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз
алушыға береді.
Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша
үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы
эквивалент төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына
жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу-сату, тауарды жіберу мен оны
төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің
кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт
өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің
мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс
процесінің барысына байланысты. Қарыз алушы - несиелік қатынастың,
несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді.
Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ шамасы
бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең
түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы
туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік
танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз
еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған
еді. Өсімкорлық несиенің бар болуының басқа формасы - ақсүйектердің
көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз
берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекетгің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие.
Біріншіден ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды,
олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің
ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған
қаражатгарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да
пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы
кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын
аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы
кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық
өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден,
қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен
қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің
кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз
алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған
қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін
орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз
мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді.
Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары
ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бірлігі
сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор және
қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор - қарызды беруші
жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шенберінде олардың
әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты
өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі
болса, қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі. Сондай-ақ, несиелік
қатынастар құрылымынын элемент, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін
және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып
табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі
ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шынында,
ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн кредитор мен қарыз алушы
арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше
қасиетін алады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы - оның авансылану
сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып,
қарыз алушының иелігіне түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз
алушының шаруашылығында қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде онда
жасалуы тиіс табыстарды болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға
несие беру жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай
қаражаттың болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі
екендігі және сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану мүмкіндігін
ескереді. Сонымен бірге қаражаттарды авансылаудың кез келгені несие
болып табылмайды.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ ашылады.
Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады: несиені
орналастыру (НО) -қарыз алушылардың несиені алуы (НА) - несиені пайдалану
(НП) - ресурстардың босауы (РБ) - уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ) -
несие формасында орналастырылған қаражаттарды кредитордың алуы (ҚА).
Несиені орналастыру (НО) - оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор
өзінің ресурстары анағұрлым тиімді (рационалды) формада орналастырылғанына
сенімді болуы керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына
сәйкес несие береді - қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы.
Қарыз алушының несиені алуы (НА) қарызға берілген құнның белгілі бір
уақытқа ұсынылғанын білдіреді. Несиені пайдалану процесінде (НП) берілу
объектісі ретінде оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы (РБ)
қарыз алушының шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы актінің
аяқталуымен сипатгалады. Сондықтан несие қозғалысының бұл кезеңі оның
шеңбер айналымының келесі жаңа фазасына өтуі үшін материалдық алғышарт
болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (НҚ) уақытша алынған құнның қарыз алушыдан
кредиторға өткенін білдіреді. Несие қозғалысының соңғы сатысы - бұл уақытша
пайдалануға берілген (ҚА) құнды кредитордың алу актісі болады.

2.2 Несиенің құрылымы

Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан
тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін калады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мез-гілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тау-арларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарықка
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді.
Коммерциялык; несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар
түрінде берілетін несие.) Банкттік несие - ол банкте шоғырланған
қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша
түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-
бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар. Несиені тауар өндірушілер мен
сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді.
Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер -
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну иесиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну
тауарларын сатып алуға ақша беру ұзақ қолданылатын тауарлар -
жиһаз, жеңіл машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.)
беріледі.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың
(қордың) қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк
ұзақ уақытқа күрделі қаржы несиесін береді.
Шаруашылық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы: бұл несие
субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болады.
Ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының облигация сату
арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы) Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші - халық және заңды
ұйымдар, несие алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары.
Ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені
сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ.
Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне
байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенің жаңа
түрлері пайда болуы мүмкін. Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты
жіктеледі: несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім
өндіретін шаруашылық субъектісі несиені құрал-жабдықтар алуға, шикізат,
жанар-жағармайлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын
алуға пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категориясы ретінде жиынтық
өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;
• экономикаиың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген
несие өнеркәсіптік несие деп аталады. Сонымен қатар жоғарыда айтып
кеткеніміздей, ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие (коммерциялық)
түрлері болады;
• несиенің қамтамасыз етілуіне. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге,
мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай
қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар
қорларының жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие.
• несие үшін төлем. Несие ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай
болып бөлінуінін себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие
алушы оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде қолданып, қайтару уақыты келгенде
қарызға алған сомасын процент түріндегі өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан
несие ақылы құн категориясы.
Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін жағдайлар
бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге (банк қызметкерлері)
беріледі.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде
несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы - диалектика катего-риясы болып
табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде
түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жікте-леді:
1) мерзімдері бойынша: а) қысқа мерзімді (1 жылға дейін); ә) орта
мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін), б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);
2) несиелеу объектілері бойынша: а) негізгі қорларға берілетін
несие? ә) айналым қорларына берілетін несие;
3) несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу; ә)
айналым бойынша несиелеу. Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші
ұйым-дар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша
да несиелеудің элементтері бар.
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен
көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін
анықтайтын маңызын сипаттайды.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы
иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз
алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу - несиенің
алғашқы қызметі. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни
несиенің қайта бөлу қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие
мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-
материалдық құндылықтарды; ал басқа жағдайда ақша қаражатын беруі мүмкін.
Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат (объект) әр
түрлі. Алайда заттың формасының әр түрлі болуына қарамастан, оның мазмұны
өзгермейді: қайта бөлінетін заттың құны.
Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті тән. Ол
аймақтық, салалық, шаруашылық нышандарына байланысты: аймақтықаралық,
салалықаралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие
қатынастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында
туындаса ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер салалық
банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта белу, ал егер несие беруші
экономиканың бір саласында болып, қарыздар-кәсіпорын басқа салада болса,
онда несиені салалықаралық. Қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық
қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жүргізілмейді, ол тек екі шаруашылық
субъектісі арасында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі ретінде
пайдаланғанда туындайды.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъект деңгейінде құнның
қайталама айналымы және айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-
материалды құндылықтар қайта бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде
несиенің қатысуымен жиынтық , ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін
бірінші жәйт, несиенін қайта бөлу қызметінің көп түрлілігіне қарамастан
құнның меншік иесі өзгермейді, қайта бөліиетін құн несие берушінің меншігі
болып қала береді. Екінші, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құнның қайта
бөлінуін емес, тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.
Несиенің қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айрықша белгілері
бар:
• несиенің қатысуымен қоғамның тек бір жылда өндірген материалдық
игіліктерінің, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарының құны, яғни
ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары
өндірілген өндірістік құрал-жабдықтар мен тұтыну заттарының құны қайта
бөлінеді;
• несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге
ұлттық табыс, қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;
• несиенің қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі -уақытша қолдануға
уақытша бөлініп шыққан құнды бөлуі;
• несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал-
банктер мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің келесі атқаратын қызметі - нақты ақшаны несие операцияларымен
алыстыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшанын орнына несие операцияларын
жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айыруға байланысты, өзара
есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлем
қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын
кенейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығандарын азайтады.
Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық
айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда ақшаны
тек уақытша алмастыру қызметін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие жүйесі
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Ипотекалық несиелеудің экономикалық мәні және рәсімдеу тәртібі
Шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың теориялық негіздері және оны несиелеу қажеттігі
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Ұзақ мерзімді ипотекалық несие берудің алғышарттары
ИПОТЕКАЛЫҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ИПОТЕКАЛЫҚ ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Пәндер