Несие қызметі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ НЕСИЕНІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Несиенің мәні мен қажеттілігі және несие механизмі
1.2 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
1.3 Несиенің формалары, түрлері және атқаратын қызметтері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ҚЫЗМЕТіН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ
2.1 Қазақстан Республикасында берілетін жеке және заңды тұлғалардың несиелердің берілу тәртібі мен оларды талдау
2.2 Кіші және орта бизнесті дамытуға берілетін несиелерді бағалау мен талдау

3 ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ТӘРТІБІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада несие – банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орыны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі- ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. Несие деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.
Біз білеміз несиелендіру процесі арқылы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өркендемейді. Қазақстан экономикасы және халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсармайды. Сондықтан да бүгінгі таңда несиені дамыту өте қажет.
Осы дипломдық жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі ,мәні мен маңызы және шет ел тәжірбиесі салыстырылып ұсынылып қарастырылған.
Бұл дипломдық жұмысты жазу барысы әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық, шетелдік әдебиеттер тізімі, кезекті басылым
дар қолданылған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1) ҚР Ұлттық банк туралы Заңы 1995 ж. 30 наурызынан N2155.
2) ҚР Қазақстанның даму банкі туралы Заңы 2001 ж. 25 сәуір N178-ІІ
3) ҚР-ның Ашық акционерлік қоғам халықтық банктің борыштық қарыз есебінің тәртібі 2000 ж. 20 қаңтар N20.
4) Алимбаев А.А. Банктік және өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы: Қазақстанда қазіргі беталыс және түйінді мәселелердің дамуы. -Қарағанды 2002.
5) Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: учебное пособие. –Алматы: Экономика, 2001
6) Жуков Е.Ф., Максимова Л.М., Печникова А.В. и др. Деньги. Кредит. Банки: учебник для вузов. –М. 1999 г.
7) Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2000 ж.
8) Лаврушин О.И., Мамонов И.Д., Валенцева Н.И. и др. Банковское дело: учебник для вузов. –М. 2000 г.
9) Мақыш С.Б. Қазіргі неиселік механизм және оларды жетілдіру жолдары: Автореферат. –Алматы. 1999 ж.
10) Орманбаев А.Х., Өмірбаев С.М., КЕсенгелдин С.М. Ақша. Қаржы және несие. -Қарағанды: Болашақ-Баспа. 1997 ж.
11) Поляка Г.Б. Финансы. Денежное обращение. Кредит: учебник для вузов. –М: 2001 г.
12) Сейтқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банк. –Алматы. Экономика. 2001ж.
13) Самсонова Н.Ф. Финансы, денежноре обращение и кредит: учебник. –М: 2001 г.
14) Бекболатұлы Ж. Қаржы-несие мекемелерінің тиімділігін арттыру факторлары // Қаржы-қаражат 1999. N5, 40-45 бет.
15) Дауранов И., Шмикина А., Рудецких А. Малый бизнес: проблемы оформления кредита // Вестник предпринимателя 2001 г. N4 –с. 21-27.
16) Голом М., Гурко А., Смиренко Е. Развивать новые виды кредитных операций необходимо // Банки Казахстана 2001 г. N11.
17) Зиябеков Б. Кредитное бюро–инструмент выявления рисков // Банки Казахстана 2002 N3.
18) Коробейников М. Роль кредитования АПК в период становления рыночных отношений // Финансовый бизнес N37 –С. 33-387.
19) Лисак Б. Анализ кредитоспособности и платежеспособности заемщика банка при потребительском кредитовании // Банки Казахстана 2000 N6. –С. 3-6.
20) Смагулова Ш.А., Буханцева О.В. Малый бизнес и практика его кредитование в Казахстане // Вестник. ИПК. /Каз.Гос, Нац. ун-т им.Аль-Фараби. –Алматы. 1999г.
21) Смагулова Ш.А. Макроэкономика. –Алматы 1997.
22) Умбетов А. Кредитование малого бизнесам банки // Альпари 1999. N2. –С. 21-31.
23) Утеулин Е, Кенжеханов М. Система кредитования в банках // Банки Казахстана 2000. N5. –С. 26.
24) Шишаева А.В. Зачем нужен кредит и банки в рыночной экономике? // Вводный курс по экономической теории. –М. 1997г.
25) Экономикалық шолу. Қазақстан Ұлттық Банкі. 2001 N1.,21-25.
26) Статический бюллетень. Н.Б. 2000-2002 г.
27) Банки Казахстана №5, бет 23-29
28) Банки Казахстана №9, бет13-17
29) Қазақстанның Ұлттық банкінің хабаршысы №2003, №6
30) Қазақстанның Ұлттық банкінің хабаршысы №2003, №8

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Экономика кафедрасы

Қорғауға жіберілді

“___” ______ 20__ жыл
э.ғ.к.,
________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Несие қызметі

Ғылыми жетекші:

Студент:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ НЕСИЕНІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Несиенің мәні мен қажеттілігі және несие механизмі
1.2 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
1.3 Несиенің формалары, түрлері және атқаратын қызметтері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ҚЫЗМЕТіН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ
2.1 Қазақстан Республикасында берілетін жеке және заңды тұлғалардың
несиелердің берілу тәртібі мен оларды талдау
2.2 Кіші және орта бизнесті дамытуға берілетін несиелерді бағалау мен
талдау

3 ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ТӘРТІБІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада несие – банк жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Несиенің экономикадағы алатын орыны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай
болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты
капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие,
ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы
қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы
және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік,
трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен
бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары
мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас
ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде несиелі- ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы
жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып
табылады. (Несие( деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді
білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім
көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен
несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының
қойнауының капиталын кеңейту.
Біз білеміз несиелендіру процесі арқылы ауыл шаруашылығы және
өнеркәсіп өркендемейді. Қазақстан экономикасы және халықтың тұрмыс-
тіршілігі жақсармайды. Сондықтан да бүгінгі таңда несиені дамыту өте қажет.
Осы дипломдық жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен
түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың
төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ
ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі ,мәні мен
маңызы және шет ел тәжірбиесі салыстырылып ұсынылып қарастырылған.
Бұл дипломдық жұмысты жазу барысы әдістемелік нұсқауға сай орындалған
және отандық, шетелдік әдебиеттер тізімі, кезекті басылым
дар қолданылған.

1 НАРЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ НЕСИЕНІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

1. Несиенің мәні мен қажеттілігі және несиенің құрылымы

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы
бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты
– өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша
қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен
қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас тек бірінші жағы – алынған несиені өндірістік мақсатқа
пайдаланушы қарыз алушы ғана қатыса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік
процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің
субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан
несиенің мәні ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға
болмайды.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді.
Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі
жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес
қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс
сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада
несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы
қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы ойы несиелік
қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының
мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің
белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына
тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды.
Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады
немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және
бір-бірімен өзара әрекетте болады, өндіріс осы бөліктермен анықтала алады.
Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі
және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс
те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр
түрлі үлестірумен т.б. үлеструімен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын
білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән:1-үлестіру пропорцияны
белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2-ол қоғамнан
келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға
үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге
қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп
қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде
анықталады.
Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар
ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын
қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей
жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі,
өндіріс сияқты үлестіру процесінде қатысты несие пассивті дегенді
білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатуына көмектеседі.
Несиенің ұдайы өндіріс процесінде бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және
ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында
субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа
субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттігі арсында қарама-қайшылық пайда
болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен
үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін
жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы
несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі
түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәлімесі. Несие қарыз
мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі
тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып
салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін.
Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде
тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде
эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылуы. (Сатушы тұтыну құны ретінде
тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну
құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде
ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын
өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді. Осылайша
екі жақты полярды қарама-қайшылықтың жолды процесі енді қайтадан өз
барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен
шеттетеді бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді.
Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек,
белгіленген мерзімде өткізіледі([1] Несие ақшаның төлем құралы
функциясындағы ақшасы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінгі
қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу – сатудан дербес, сапалық жағынан
ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу –
сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып
алу – сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланысы жүзеге
асырады. (А( тауарды (В( – ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында
тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана
орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу–сату мәмілесі барлық қоғамда
барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл
мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ өткінші байланысты
жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай
мәлімелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан
тыс мәмілесінің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді.
Өзара ынтымақ мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу–сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал
құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде
тұтыну туралы, тап осындай тауар туралы айтқанда сатып алушы қолында бірдей
құн қалады, бірақ әр түрлі формада: сауда мәмілесіне дейін де және одан
кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде
ол тауар фармасында, басқасында ақшалай формада болады. Қарыз кезінде
(ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады,
бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз
кезінде тек бір торап қана құнды алады, өйткені оны бір торап қана береді(.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: (А( тауарды
(В(-ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік (А(-дан (В(-ға
өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақаталады: (А( (В(-
ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн (А(-дан тауар (В(-ға орын
ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік (А(-да сақаталады.
Осылайша, сатып алу – сату мәмілесі меншіктің оны пайдаланумен сәйкес
келуін ұйғарады: қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру
мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу–сату мәмілесі кезінде меншік және
иелену сәйкес келеді, қарыз мәмілесі кезінде иеленумен бөлектенеді. Сатып
алу–сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз
актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу–сату мәмілесінде сатушы ақшаның
көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға
айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсатты
болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу-сату актісіне қарағанда, басқа
қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша билігі
бір экономикалық байланыстардың заттың көрінісі болып табылады және олар
өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп
көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін
болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретінде анықтамасын осы формаға ұқсас,
яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.
Несие эконмикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз
мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды,
оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге
асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар
сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән.
Экономикалық тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі
және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды
ұқсастығы олардың бір атауымен – (несие( – бекітіледі, бірақ әр түрлі
дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге,
мазмұнға табиғатқа ие.
Несие шарушылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де
ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез-келген халық шаруашлығы
жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір
шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы
шарушылық жүйесіндегі несие жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады.
Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының
әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан
бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі,
тауарды өнідірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар
шаруашылығы шеңберінде диалетикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы
қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының
өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын
әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланатын халық
шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығынынң ішінен бәрінен бұрын
қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктеліп алынады, сонан соң бұл
құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың
барлығына тән белгілері, екіншіден бұл белгілердің ішінен тек осы іріктеліп
алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын
әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының
алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар
болды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады:
біріншіден, оның техникалық – заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден,
әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе
өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер
тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзарар байланысты және
себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің
экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір
формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес,
өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсінідіруге болады. Мысалы, машина өндірісінің
макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және
таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады: сонымен қатар,
сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина
өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың
формалары мен типтері тұрғысынан, бұл жағынан, оларға себепші, ал екінші
жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда – біз машина өндірісін
техникалық -экономикалық катергория, ал екінші жағдайда – экономикалық
категория ретінде қарасытырамыз.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық заңдылық
белгілері жағынан тауар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі
бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында
техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несие құбылыстардың
экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл
жағдайда ғылым қатегориясы ретінде қабылданады. Несие теориясы оның
техникалық заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық экономикалық категория
ретінде қарастырады. Несиені оның формалды–заңдылық белгілері жағынан оқып-
білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны
иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие
экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық
заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие–өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық
категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи
категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір
дамуында пайда болады. Экономикалық категория жалпы, тарихи категориялар.
Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар
шаруашылығы болып табылады. Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді.
Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана
тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар
бола алады. Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың
құны болады; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі
қатынаста болуы үшін оларды өнідірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті,
өз меншігіндегі тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде
бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы
жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда
болуы ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері,
экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға
ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Қолдан-қолға тауарлырдың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы,
қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып
табылады. Осыған байланысты бір маманның мынадай пікірін атап өту артық
болмайды: (бірте-бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналысатын
адамдардың жаңа тобы – көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында
көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды,
жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтарн құрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен,
жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам
үшін алынған тауардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес
келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып
алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни
бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады[2](

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер,
крепостнойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шарауашылығында да
кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне
кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын құқықтың
хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі
шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылқтары болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның
негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік
байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория
ретінде тек өндірістік қатынатар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл
несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты.
Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік
қатынастар тобына жатады.
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік
қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен
тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы
сфересында пайда болды. Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік
қатынастармен анықталады. Осылайша белгілі бір өндіріс, белгілі бір
тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір-біріне
белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның
немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдермен
жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар
айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар
айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы
себептен тауарлардың неліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының
өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: (тауардың бір
типі өз өндірісне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап
етед. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты.
Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет.
Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы
ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі
қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен
реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы,
үйді бегілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдай сатып алушы тек мерзімі
өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтан ол
тауарды төлемі төленгеннен бұрын алады.([3]
Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің
қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді.
Несие ұдай өндірніс прцесінің үзіліссіздігін қамтамасыз ету
қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық
субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым),
өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде
олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай
қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді.
Өндіріс процесінің екінші сатынсында ақшалай қаражаттардың тауарға
айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс
құралдары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда
тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады.
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйесінің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын төлеу болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі
туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде,
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы
болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар
айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай
эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы
тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-
қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның
өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы қарыз беруші, ал
сатып алушы – борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте
эквивалент мерзімнің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын
жағдайлардың барлығына қатысады.
Кредитор – несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор – банк қарызды тек өз меншігіндегі
ресурстар есесінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы таратылған
қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру
арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта
уақытша пайдаланылмайтын ресуртарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия
жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын
құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор
сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.
Кредитор ретінде шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші
тұлға болады. Қарыз алушы несиені белгілеген мерзімде қайтармаған жағдайда
несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң
қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы
несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс
процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір-
біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш – міндетті жалпы
сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы
емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға
деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз
еңбектерімен күн көруші ұстаз шаруалар, қолөнершілер болған еді. Қазіргі
уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз
алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол
несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға
берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі
ретінде болады, өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурсымен жұмыс істеу.
Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да,
өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ
айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған
қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша
пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз
пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған
талаптарын орындауға тәуелді болады.
Кредитор қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақстатары мен
мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор
және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін, кредитор қарыз алушыға, қарыз
алушы кредиторға айналады. Кредитор мен қарыз алушы өзара әрекеті қарам-
қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары
ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады.
Кредитор – қарызды беруші жақ, қарыз алушы – берілген қарызды алушы жақ,
бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше
жағдайларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары
қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы – анағұрлым арзан несиеге
мүдделі. Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни
кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан несие алушыға қарай
кері қозғалатын оъекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн
жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие.
Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн кредитор мен
қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін
жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.
Несиелік механизм 70-ші жылдардың ортасында
Ю.П.Авдиянцтың, Д.А.Аллахвердиянның, Н.Д.Барковскийдің, В.С.Панековскийдің
белсеңді түрдегі оқып үйрену затына айналғанды. Авторлар несиелік
механизмднің сипаты туралы тікелей сұрақ қоймайды, дегенмен де, олардың
қорытындылауынан көрінетіндей,олар көбіне бұл механизмдегі объективтік және
субъективтік негіздердің араласуы туралы бірдей көзқараста болады. Бірақ
та, бұл экономистердің позицияларының балығы мен бірдей келісе беруге де
болмайды. Себебі,олардың көпшілігі несиелік механизмді ақшалай, есеп-
айырысу және қаржы механизмдерімен біртұтас алып зерттейді.Олардың мұндай
позицияларын кеңес экономисті В.И.Рыбин былай бөліп қарайды:"Әрбір дербес
экономикалық категориялардың өзіндік қызмет ету және даму механизмі болады,
мысалға, қаржы механизмі, несие- несиелік механизм, ақша - ақшалай
механизм".Егер соңғы пікірмен толақ келісетін болсақ, онда қазіргі несиелік
механизмді жеке түрде зерттеу қажеттігі туындайды.
Қазіргі несиелік механизмнің қазіргі тұжырымын теориялық тұрғыдан
қарастырудан бұрын, жоспарлы экономика және қайта құру тұсында қызмет еткен
несиелік механизмнің нарықтық экономикаға қызмет ету байланыстарын ескеру
қажет.
Келтірілген пікірлерді негізге ала отырып, қазіргі несиелеу
талаптарына сай келетін, нарықтық тұжырымын жасауға болады.
Біздің ойымызша:" қазіргі несиелік механизм - нарықтық қатынастарға
сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу
принциптері мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін
және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық
механизмнің бір бөлігі болып табылады"
Кез- келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір
элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуын немесе
өзгеруін туғызатын элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай- ақ қазіргі
несиелік механизмнің басқа да экономикалық негіздер сияқты, өзіне тән ішкі
құрылымдық элементтері болады. Несиелік механизмнің бірінші элементіне
несиенің нақты түрлері жатады.
Қазіргі банктік тәжірибеде несиенің келесідей түрі болады:
коммерциялық, банктік, тұтыну, мемлекеттік, халықаралық және ипотекалық.
Несиелік механизмнің екінші элементіне несиенің мәнін және қызметтерін,
сондай-ақ несиенің қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті
экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейтін несиелеу принциптері жатады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері келесідей екі топқа
бөлінеді: жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер(несиенің мақсаттылығы
мен дифференциялдығы); несиенің мәнін бейнелейтін принциптер (несиенің
мезімділігі, қайтарымдылығы, ақылылығы және қамтамасыз етілуі).
Несиелік механизмнің үшінші элементіне -несиелеу шарты жата
ды. Несиелеу шарты - деп несиелеудің базалық элементтері, несиелеу
субъектілері мен объектілері және несиенің қамтамасыз етілуге қойылатын
талаптарын түсінуге болады.
Несиелік механизмнің төртінші элементіне несиелеуді экономикалық -
ұйымдастыру тәсілдері жатады.Бұл элементтің көмегімен несиені беру әдістері
немесе айналым қаражаттар шеңберіндегі несиенің қатынасу тәсілдері, сондай-
ақ несиені бару және банкке қайтару жолдары анықталады.
Несиелік механизмнің бесінші элементіне - несиелік тәуекелді басқаруды
жатқызуға болады.
Несиелік механизмнің алтыншы элементіне банктің несиелік саясатын
жатқызуға болады. Себебі, несиелік механизм көмегімен несиелік саясат
жүргізіледі.
Несиелік механизмнің соңғы элементіне несиелік қатынастың бір жағы
және несиелеу процессін ұйымдастырушы ретінде - банктерді жатқызуға болады.
Қайта құру кезеңіне дейінгі сияқты несиелік механизмнің кейбір
элементтерінің жинағы бұрынғысынша қалғанына қарамай- ақ шаруашылықтың
нарықтық жағдайына өтуіне байланысты аталған элементтерінің әр қайсысының
мазмұны түбірімен өзгерген десе болады
Қазіргі несиелік механизмнің қызмет етуінің мынадай `өзіндік
ерекшеліктері бар:
- Жұмыс жасап отырған несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие.
- Қазіргі несиелік механизмнің маңызды бір белгісі оның келісім шартқа
негізделуі болып табылады.
- Қазіргі несиелік механизмдегі басты ерекшелігі несиенің жаңа түрлерінің
дамуымен сипатталады
- Қалыптасып отырған, қазіргі несиелік механизмнің ең маңызды ерекшелігі
бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуімен сипатталады.
Сонымен қатар, бұл жерде несиелеудің ұсақ объектілерінен ірі объектіні
несиелеу әдісіне өтуі деп айтуға болады.
- Қазіргі несиелік механизм дәстүрлі және ерекше бір принциптерге
негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету принциптері, сол
сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі.
- Қазіргі несиелік механизмнің соңғы бір ерекшелігіне, банк несиелерін
жоғары дәрежеде кепілдендіретін формаларына өту жатады.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің
"техникалық қабаты" ретінде бөліп қарастырады. "Несиелеу механизмі" ұғымын
экономикалық әдебиетке 70 - ші жылдардың бірінші жартысында Ю.Е.Шенгер,
Н.И.Валенцева, И.Д Мамонова және А.Я.Ротлейдер сияқты экономистер еңгізген
болатын.
2. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибелерінде несие жүйесі туралы екі
түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие-есеп қатынастары, оның түрлері
мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы институттарының
(мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен
оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрін қамтиды.
Несие жүйесі несие-қаржы мекемлерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды
шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі
топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие
қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша
бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін
және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен
бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының
экономикалық бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы
өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшаны есеп айырысуы мен
төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз
көрсеткіштермен: атап айтқанда, ақша салымдарының жалпы көлемімен
кәсіпорындар жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және
айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық
төлем айнымалымен және т.б. сипатталады.
Несие қатынастарының даму дәрежесі несие мекемелерінің көбеюі,
өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен
дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді.
Оған дәлел, ол елде ақша капиталынның орташа алғанда 34 бөлігінің несие
жүйесі арқылы өтуі. Несие жүйесінің дамуы.
Қазіргі кезде – экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде
көптеген өзгерістер кезедеседі. Олар:
Біріншіден, банк капиталынның шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде
банк монополиясының пайда болуы: ХІХ ғасырдың аяғы ХХ-ғасырдың басында әр
мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп
шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті.
Олардың капиталынынң мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне
тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі
банктердің ғана емес, сонымен қатар капитандардың бірігуінің интенсивті
процесіне байланысты болады.
Капиаталды шоғырландыру мен орталықтандырудың ашық және жасырын
түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердің күйреуі, олардың бір-бірімен
қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспонденттік қатынастар
мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспонденттік қатынастар деген
жүргізілетін операциялар, олардың мақсаты – бір-бірінің тапсырмасы бойынша
төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру.
Корреспонденттік шоттар: (лоро( – олардікі, (ностро( – біздің қаржы
деп бөлінеді. Оларда орасан ірі сала жинақталады. Мысалы, АҚШ-тағы барлық
коммерциялық банктердің арасынан бірнеше ірі банктердің ресурстары басқа
бактердің ресурстарының саласынан шапшаң өсуімен көзге түсуде. 1960-1970
жылдарда 50 ірі коммерциялық банктердің депозиттік саласы 88,8 млрд-тан
230,4 млрд долларға жетіп, яғни 2,5 есе өсті, ал осы уақытта басқа
коммерциялық банктердің депозиттік сомасының 141,7 млрд-тан 255,1 млад
долларға кетіп, яғни тек 1,8 есе ғана өсті. 1970 жылы осы 50 ірі банктер
13705 барлық коммерциялық банктердің депозиттік саласының 47%-ін бөледі.
Ірі коммерциялық банктерден азғана алып бактер – (Бэпк оф Америка(,
(Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк( және осындай бірнешеуі бөлініп шығыр,
олар өнеркәсіп-қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларды басты
роль атқарады. Олар – ірі банктердің өзара қосылып, банк холдингін құруының
көрінісі.
Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күштері. Банк
монополиясы мен несие қатынастарынның өркендеуі қарыз капиталынның
қарызында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие
мекемелеріннің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер немесе
сақтандыру компониялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі
компаниялар өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі
мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені
жеңілдікпен береді. Оңай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына (яғни
пайдалану мезгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк
қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтар мен проценттік төлем ақысы
сақталады.
Сондай-ақ клиенттерге, банк қызметінің қосымша түрлері көрсетіледі
(мысалы, тәулік бойы төлем құжаттарын қабылдау әр түрлі сұрақтарға жауап
беру кеңес беру және т.с.с.).
Бәсекенің келесі түрі – әр түрлі несие – қаржы институттарының
арасында туындайды. Мысалы, коммерциялық банктер мен жинақ мекемелерінің
арасында жинақты өздеріне тарту үшін; коммерциялық биіктер, қаржы
компаниялары, несие одақтарынның халыққа тұтыну тауарларына берген
қарыздың үлкен бөлігі үшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары,
өзара жинақ және қарыз-жинау банктерінің бәсекесі.
70-80жылдары несие мекемелерінің бәсекесі өрши түсті, оған себеп
болған негізгі факторлар: қаржылық қызметтерді шектеуді реттейтін бірсыпыра
заңдарды алып тастау; қаржылық инновациялық қарқынды өсуі; яғни несие-ақша
операцияларының жаңа түрлерінің және есеп айырысу мен қарыз капиталы
нарығының құралдарының пайда болуы; электронды-есептегіш машиналар мен
телекоммуникация құралдарын кең қолдану несие аясында монополистік
бақталастықтың мүмкіншілігін арттырады. Осы процестердің нәтижесінде
клиенттерге көрсетілетін қызметтердің көптеген түрлерін ұсынатын әмбебап
операциялар тенденциясы байқалып, көп бағатты несие мекемелері құрыла
бастады. Коммерциялық банктер бұрын шұғылданбайтын жаңа қызметпен, яғни
жылжымайтын мүлікпен операция жүргізу, лизинг, сақтандыру және с.с қызмет
түрлерін кең қолдана бастады. Бәсекені күшейтетін маңызды фактордың бірі –
қаржылық емес корпорациялардың қаржылық қызмет түрлерін атқаруы. Бұл
мекемелер банк қызметінің тек кейбіреуін ғана орындайтындықтан, несие
институттарына таралатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ-та оларды
(банктік емес банк( деп атайды. Олар – Дженерал моторз, Форд, ИБМ, Америкен
экспресс және т.б. – көптеген операциялар жүргізумен шұғылданады:
өнеркәсіптік және тұтыну несиесін беру; жылжымайтын мүлікпен, сақтандыру,
лизинг операцияларын жүргізіп, қолма-қол ақшаны басқарады.
Қазіргі кезде банктер арасындағы бәсеке халықаралық дәрежеге
көтерілуде. Өндірістің мемлекетаралық мамандануы мен бірлесуі, сыртқы
сауданың дамуы, еуровалюта нарығының өсуі банк ісінің интернационалдануына
және биік операцияларынның көп бөлігінің мемлекет шекарасынан шығуына әкеп
соқтырды. ХХ ғасырдың соңғы төрттен бір бөлігінде АҚШ, Жапония, ГФР,
Франция және басқа да бірсыпыра мемлкеттердің ірі банктері халықаралық
қаржы концерндеріне айналып әлемнің әр түрлі елдеріне көптеген несиелік,
есеп айырысу, инвестициялық оперциялар жүргізеді. Көптеген банктердің
халықаралық операциялардан түсіретін табысы жиынтық пайданың 40-70%
құрайды.
Халықаралық банктер – ұлтаралық және көп ұлттық банктер болып
бөлінеді. Ұлтаралық банктер – ол әмбебап үлгідегі ірі несие – қаржы
кешенді. Олар, әдетте қолында шетелдік кәсіпорындардың кең желісі және
мемлекеттің қолдануымен дүниежүзілік нарықта валюта, несие операцияларын
бақылайтын жүйесі бар қарыз капиталының қозғалысындағы басты делдалдар.
Ұлтаралық банктердің шетелдерде көптеген филиалдары, бөлімшелері
қызмет жасайды. Мысалы, 80-ң басында дүниежүзінде 84 ұлтаралық банктер
болса, оның 22-сі АҚШ-та, Ұлыбритания мен Жапонияның әрқайсысында –10-ны, 7-
і Францияда, ал Германия мен Канаданың әрқайсыснда 5-тен саналады.
Көп ұлттық банктер – ол бірсыпыра елдердің ірі банктерінің үлестік
жарна төлеу арқылы құрылған халықаралық банктер топтамасы. Олар әлемдік
нарықта ұлтаралық банктердің операцияларын іске асырумен, сыртқы сауданы
несиелеумен, еуровалюта нарығын жүргізумен шұғылданады.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы
капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және
олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды.
Себебі банктік несие – өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие
өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен
шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен
төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің
несие беруі; ағымдағы және есеп айырсу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық
құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие –
қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы
капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінінң
құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың
пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында
коммерциялық банктердің үлесі төмендеуі. Мысалы, ХХ ғ. Басында АҚШ–та несие
мекемелеріннің 7 түрі болса, 80-жылдары олардың түрі 20-дан асты. 1900 ж
активтердің 23-ін коммерциялық банкте, 13-ін сақтандыру және жинақ
мекемелері жүргізді. Ал 1987 жылы коммерциялық банктердің бұл көрсеткіштегі
үлесі шамамен 40% болса, жинақ мекемелерінің инвестициялық, ипотекалық
сақтандыру компанияларының үлесі анағұрлым көтерілді. Осындай өзгерістер
басқа өнеркәсібі өркендеген мемлекеттердің де несие жүйесінде байқалады.
Капиталын иемденуіне қарарй банктер және несие – қаржы мекемелері
мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота
шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ақ почта-жинақ жүйесі
және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары мемлекеттік несие мекемесі
болып саналады. Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италяда және т.б.)
ірі комерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын
мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген
елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының
пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет
меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-
несие және қаржы институттары да құрылуда: халықаралық валюта қоры,
халықаралық қайта құру және даму банкі, аймақтың даму банктері және т.с.с.
Дегенмен, экономикаға несие-қаржылық, ақша есеп және т.б қызмет
түрлерін көрсететін негізінен жеке несие мекемелері қазіргі несие жүйесі
күрделі, әрі көпбуынды құрылым. Егер несие мекемелерінің клиенттерге
көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен
құрылды: орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несие-қаржы
институттары.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтеріннің
санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие
жүйесінің өзегі – банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын
үйлестіретін біріңғай орган – Орталық банк болып саналады.
Орталық банк – мемлекеттің банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты
банк, басты эмиссиялық банк. Ол – (банктердің банкісі(. Ол заңды және жеке
тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері – коммерциялық банктер
мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Коммерциялық банктер – банк жүйесінің екінші деңгейдегі банк, олар
кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің
негізгі қызметі – кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие қаржылық қызмет
көрсету.
Тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері
қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында
пайда болды. Мысалы, бұрынғы КСРО-да 20-жылдарда коммерциялық банктер
тұтыну несиесін берумен шұғылданбағандықтан, сол кездерде тұтыну несиесін
беретін көптеген мекемелер пайда болды. Олар қазіргі нарықтың экономикада
кез келген мемлекеттің несие жүйесінде нық орын алуда.
Маманданған несие-қаржы институттары не белгілі бір клиенттерге
қызмет көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір
жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп Орталық банктің
талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және
т.с. операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар
әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: несие-жинақтау
мекемелері, инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары,
сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар
және т.б. Өркендеген мемлекеттерде бұл институттар, яғни банктік емес
мекемелер коммерциялық банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, халыққа,
формалар мен компанияларға сан алуан қызмет көрсетуде. Қазақстан
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуде бұл мәселелер бойынша әлемдік
тәжірибеге қызығушылық болуда.
Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең
түрде қызмет көрсетуде:
- халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
- ипотекалық несие беруде;
- тұтыну несиесін беруде;
- ауыл шаруашылық несиесін беруде;
-1сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;
- өнеркәсіп компанияларынның бағалы қағаздарын орналастыру мен
капитал инвестициялауда.
Айта кететін жәйт, революцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО-да
(оның құрамындағы Қазақстан) және жаңа экономикалық сясат (НЭП) пен кейін
ауыл шаруашылығын ұйымдастыру жылдарында несие институттарының кейбіреулері
мысалы, несиелік серіктестіктер, өзара несиелеу қоғамдар, несиелік одақтар
және т.б. олардың түрлері болды. Қазірде банктік емес мекемелерге
кәсіпорындардағы өзарар көмек кассаларын, ломбардтарды, шаруа қожалықтары
ассоциацияларында (одақ) құрылған есеп айырысу қаржының орталықтарын
кіргізуге болады.
Бірсыпыра мемлекеттерде маманданған несие-қаржы институттарына: жинақ
мекемелері, сақтандыру компаниялары, ақша нарығындағы өзара қорлар жатады.
Жинақ мекемелері несие жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қызметтері
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы Орталық банктің ақша-несие саясаты, құралдары және оны реттеу
Несие және несие жүйесі; несиенің нарық жағдайындағы мәні мен маңызы және несиенің қоғамдағы атқаратын қызметтері
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және несиелеуді жүзеге асыратын мекемелер
Банктердің несиелік ресурстары
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Пәндер