Қазақстан тұқтылық және жаңару жолдары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Бөлім. Стратегиялық жоспарлауды «Қазақстан 2030» бағдарламасының маңызы.
1.1. Стратегиялық жоспарлаудың объективтік, тарихы және
әдебиеттерге шолу.
1. 2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қазақстан
халқына жолдауы және «Қазақстан 2030» стратегиясы.
1.3 Қазақстан экономикасының 1991 . 2003 жылдар арасында
дамуы және проблемалары.

2. Бөлім. Стратегиялық жоспарлау және оны жүзеге асыру менеджмент.
2.1. Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми. теориялық негіздер.
2.2. Стратегиялық жоспарлау негізгі мемлекеттік реттеу.
2.3. Макроэкономикалық реттеу барысында менеджмент.

3. Бөлім. Қазақстан тұқтылық және жаңару жолдар
3.1. Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы
жолдауына шешімін табу мәселелер мен ұсыныстар.
3.2. Әлеуметтік саладағы мәселелерді орындау мен дамудың
негізгі бағыттары.

Қорытынды
Кіріспе
Дамыған нарықты экономикалы елдерде стратегилық жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы болып табылады. Қазақстан жағдайында, басқарудың барлық деңгейінде нарықтық реформалаудың жаңа кезеңіне өтуіне байланысты болашаққа қатысты ұйымды шешімдерді қабылдай алатын, ағымдағы іс-әрекеттерді стратегиялық мақсаттармен тұрақты үйлестіретін мамандардың рөлі жоғарылайды. Ал, стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға "стратегиялық жоспарлау" пәні толық мүмкіндік береді.
Жоспарлау бойынша АҚШ-тың белгілі ғылыми Р.Акофф жэне сол мақсаттарға жету жолдарын анықтау, адам баласының қол жеткізген ақыл-ой іс-әрекетінің ең күрделі түрінің біреуі.
Жоспарлау арқылы басқарушылар іс-әрекеттің ең басты бағытына көңіл аударуға мүмкіндік жасалады, мақсаттары, стратегиялық жэне тактикасы анықталады, соңғы нәтижелермен байланыстыру камтамасыз етіледі, қолда бар әлеуеттің және ресурстардың шектелуі жағдайында мүмкіндіктерді толық, дұрыс пайдалану ойластырылды. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз бұл ғылыми және іс-тәжірибенің іс-әрекеттерінің ерекше түрі, бұл іс-әрекеттер стратегиялық шешімдер әзірлеуден құралады. Олар әр түрлі болады: болжамдар жасау түрінде, бағдарламалар жобалары, жоспарлау т.б. Әлемге белгілі экономика жэне менеджмент жөніндегі әдебиеттер деректерінде "стратегия" түсінігі мақсатқа кол жеткізуді қамтамасыз ететін жан-жақты және кешенді жоспар ретінде анықталады.[1.-69бет]
Әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып табылатын стратегиялық жоспарлаудың мәні осыдан туындайды. Өйткені, "стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процесі барлық басқару функциялары астына жиналатын қолшатыр болып табылады"
Жоспарсыз: шаруашылык жүргізу тәжірибесі елдің экономикалық даму стратегиясын жасау мен жүзеге асыру, оның орта және ұзақ мерзімдік

жоспарларын дайындау объективті қажеттілік екендігіне біздердің көзімізді жеткізді. Сондықтан да ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауында (қазан, 1997ж) нақтылы міндеттер қойды: 1) үкіметтің жалпы экономикалық қызметі, салалық және аймақтық басқару органдарының жұмысы барысында стратегиялык жоспарлауға жетекші рөл берілуі қажет; 2) бұл қызмет, ҚР Үкіметі мен халық қалаулырының күнделікті жүмысын қоса алғанда "дамудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру" мақсатында тәуелді болу керек; 3) мемлекеттік тәртіпті нығайту барысында "стратегиялық жоспарлаудың орындалу" тәртібіне ерекше орын берілуі тиіс.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-методологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін, және де салалар мен аймақтардың стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудың мемлекеттік тетіктерін жете меңгерген жас экономист кадрларды дайындаусыз мүмкін б Стратегиялық жоспар бұл бір тұтас басқару объектісінің жағдайын ұзақ мерзім болашақта ғылыми негізде болжамдау.
Стратегиялық жоспарлау пәнінің негізгі бөлімдерін стратегиялық жоспарлаудың негізгі нысандары мен әдістері макроэкономикалық, салалық аймақтық, қызметтің маңызды түрлері деңгейінде қарастырылады. Мақсаттар мен кұралдар өзгерісінің өзара байланысты үздіксіз менеджменті сипаттамасының көрсеткіштері әдебиеттерде тұтастай экономиканы мемлекеттік реттеудің аппараттық менеджментінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мультипликаторлар арқылы белгілі болады.
Қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың ғылыми негізделген мақсаттарына қол жеткізу қарастырып отырған құралдар құрамына халық шаруашылық басымдықтарын ғылыми негіздеу менеджменті өзіне қажетті орнын ала алмаған.
Бұл құралдың басқалардан ерекшеліктері: Ол экономика дамуының мақсаты мен оны мемлекеттік реттеу менеджментінің аралық жағдайын қамтиды.

Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімдегі мақсаттарға болжау жасау, соған
жету жоспарын әзірлеу, оның ғылыми- практикалық негіздерін қалау болып
табылады. Осы жолмен экономикада тиімді теңгермелілік пен макроэконо-микалық тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Экономиканы реформалаудың барысында халық шаруашылығының салаларының даму барысын стратегиялық жоспарлау, болжау керек екендігін өмір айқындап берді. Сондықтан да осы жылдар ішінде экономикалық дамуын болжау мен жалпы мемлекеттік жоспарлаудың керек екендігін сан рет қайталаған Президент 1997 жылдың наурыз айының бас кезінде тікелей өзіне бағынатын стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды. жоспарлар жасау арқылы оған кол жеткізу жолдарын белгілеу тапсырылды. Ал, индикативті жоспарды эзірлеу алғашында экономика министрлігіне, кейін ол таратылған соң жаңа құралған экономикалық жоспарлау агенттігіне тапсырылған болатын. ҚР-ның Президентінің 1999 жылдың 13 қазанында қол қойылған "ҚР-ның мемлекеттік органдарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы" жарлығына сәйкес жоғарыда аталған функцияны қайтадан құрылған экономика және сауда министрлігі атқаратын болды.
Кез келген қоғам болжаусыз өмір сүре алмайды. Әр бір қоғам болашақтағы
даму переспективасын анықтап, болжау жасауы керек. Осы болжау арқылы қоғамның даму мақсатын, ол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін-ұзақ, қысқа мерзімді жоспардын тиімді вариантын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау үшін қажет.
Болжам дегеніміз - белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамды зерттеп дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау - қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Айтбаев М. Стратегия планирования в условиях рынка // Азия- экономика и жизнь.
2. Байзаков С. Стратегическое планирование: опыт и проблемы. В сб: Стратегия развития Казахстан, 1998 г. Проблемы и пути их реализации. Алматы: Казахстан, 1998 г.
3. Забелин, Н.К Моисеева. Основы Стратегического управления - Москва, 1998 г.
4. Стратегия развития Казахстана до 2030г. и пути их реализации. Алматы, 1998г.
5. Л.С Басовский, Прогназирования и планирования в условиях рынка. Москва «ИнфраМ» 1999 г.
6. Малышева В. Эффективно планировать и упровлять // Финансы Казахстана 1996 г №8
7. Погназирование и планирование в условиях рынка (Под. Ред Т.Г Морозовой и А.В Пикулкина). М ЮНИТИ, 1999 г.
8. Изменение методов планирования. // Плановое хозяйство, 1990 № 4
9. Ж.О Идханов, Ә.0 Орманбеков. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мэселелері.
10. ҚР -ның Президенті Н. Назарбаевтың халқына жолдауы, Астана, 2007 жыл 28 ақпан.
11. Силлабус «Стратегиялық жоспарлау», Жетісай, 2005жыл.
12. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы. Алматы, 2001.
13. Идрисов А.Б и др. Стратегическое планирование и анализ эффективности инвестиции - Москва: Филин. 1996 г.
14. Нурсейтов А. Трансформация системы экономического планирования: этапы и переспективы. // Азия - Экономика и жизнь, 1996, № 27

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1- Бөлім. Стратегиялық жоспарлауды Қазақстан 2030 бағдарламасының
маңызы.
1. Стратегиялық жоспарлаудың объективтік, тарихы және
әдебиеттерге шолу.
1. 2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қазақстан
халқына жолдауы және Қазақстан 2030 стратегиясы.
1.3 Қазақстан экономикасының 1991 - 2003 жылдар арасында
дамуы және проблемалары.
2- Бөлім. Стратегиялық жоспарлау және оны жүзеге асыру менеджмент.

1. Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми- теориялық негіздер.
2.2. Стратегиялық жоспарлау негізгі мемлекеттік реттеу.
2.3. Макроэкономикалық реттеу барысында менеджмент.
3- Бөлім. Қазақстан тұқтылық және жаңару жолдар
1. Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы
жолдауына шешімін табу мәселелер мен ұсыныстар.
2. Әлеуметтік саладағы мәселелерді орындау мен дамудың
негізгі бағыттары.

Қорытынды

Кіріспе

Дамыған нарықты экономикалы елдерде стратегилық жоспарлау экономиканы
мемлекеттік реттеудің маңызды құралы болып табылады. Қазақстан жағдайында,
басқарудың барлық деңгейінде нарықтық реформалаудың жаңа кезеңіне өтуіне
байланысты болашаққа қатысты ұйымды шешімдерді қабылдай алатын, ағымдағы іс-
әрекеттерді стратегиялық мақсаттармен тұрақты үйлестіретін мамандардың рөлі
жоғарылайды. Ал, стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға "стратегиялық
жоспарлау" пәні толық мүмкіндік береді.
Жоспарлау бойынша АҚШ-тың белгілі ғылыми Р.Акофф жэне сол мақсаттарға
жету жолдарын анықтау, адам баласының қол жеткізген ақыл-ой іс-әрекетінің
ең күрделі түрінің біреуі.
Жоспарлау арқылы басқарушылар іс-әрекеттің ең басты бағытына көңіл
аударуға мүмкіндік жасалады, мақсаттары, стратегиялық жэне тактикасы
анықталады, соңғы нәтижелермен байланыстыру камтамасыз етіледі, қолда бар
әлеуеттің және ресурстардың шектелуі жағдайында мүмкіндіктерді толық, дұрыс
пайдалану ойластырылды. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз бұл ғылыми және іс-
тәжірибенің іс-әрекеттерінің ерекше түрі, бұл іс-әрекеттер стратегиялық
шешімдер әзірлеуден құралады. Олар әр түрлі болады: болжамдар жасау
түрінде, бағдарламалар жобалары, жоспарлау т.б. Әлемге белгілі экономика
жэне менеджмент жөніндегі әдебиеттер деректерінде "стратегия" түсінігі
мақсатқа кол жеткізуді қамтамасыз ететін жан-жақты және кешенді жоспар
ретінде анықталады.[1.-69бет]
Әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеудің негізгі құралы
болып табылатын стратегиялық жоспарлаудың мәні осыдан туындайды. Өйткені,
"стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процесі барлық басқару функциялары
астына жиналатын қолшатыр болып табылады"
Жоспарсыз: шаруашылык жүргізу тәжірибесі елдің экономикалық даму
стратегиясын жасау мен жүзеге асыру, оның орта және ұзақ мерзімдік
жоспарларын дайындау объективті қажеттілік екендігіне біздердің көзімізді
жеткізді. Сондықтан да ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауында (қазан,
1997ж) нақтылы міндеттер қойды: 1) үкіметтің жалпы экономикалық қызметі,
салалық және аймақтық басқару органдарының жұмысы барысында стратегиялык
жоспарлауға жетекші рөл берілуі қажет; 2) бұл қызмет, ҚР Үкіметі мен халық
қалаулырының күнделікті жүмысын қоса алғанда "дамудың стратегиялық жоспарын
жүзеге асыру" мақсатында тәуелді болу керек; 3) мемлекеттік тәртіпті
нығайту барысында "стратегиялық жоспарлаудың орындалу" тәртібіне ерекше
орын берілуі тиіс.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-
методологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін, және де салалар мен
аймақтардың стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудың мемлекеттік тетіктерін
жете меңгерген жас экономист кадрларды дайындаусыз мүмкін б
Стратегиялық жоспар бұл бір тұтас басқару объектісінің жағдайын ұзақ мерзім
болашақта ғылыми негізде болжамдау.
Стратегиялық жоспарлау пәнінің негізгі бөлімдерін стратегиялық
жоспарлаудың негізгі нысандары мен әдістері макроэкономикалық, салалық
аймақтық, қызметтің маңызды түрлері деңгейінде қарастырылады. Мақсаттар мен
кұралдар өзгерісінің өзара байланысты үздіксіз менеджменті сипаттамасының
көрсеткіштері әдебиеттерде тұтастай экономиканы мемлекеттік реттеудің
аппараттық менеджментінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері
мультипликаторлар арқылы белгілі болады.
Қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың ғылыми
негізделген мақсаттарына қол жеткізу қарастырып отырған құралдар құрамына
халық шаруашылық басымдықтарын ғылыми негіздеу менеджменті өзіне қажетті
орнын ала алмаған.
Бұл құралдың басқалардан ерекшеліктері: Ол экономика дамуының
мақсаты мен оны мемлекеттік реттеу менеджментінің аралық
жағдайын қамтиды.
Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімдегі мақсаттарға болжау жасау, соған
жету жоспарын әзірлеу, оның ғылыми- практикалық негіздерін қалау болып
табылады. Осы жолмен экономикада тиімді теңгермелілік пен макроэконо-
микалық тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Экономиканы реформалаудың барысында халық шаруашылығының
салаларының даму барысын стратегиялық жоспарлау, болжау керек екендігін
өмір айқындап берді. Сондықтан да осы жылдар ішінде экономикалық дамуын
болжау мен жалпы мемлекеттік жоспарлаудың керек екендігін сан рет
қайталаған Президент 1997 жылдың наурыз айының бас кезінде тікелей өзіне
бағынатын стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды. жоспарлар
жасау арқылы оған кол жеткізу жолдарын белгілеу тапсырылды. Ал, индикативті
жоспарды эзірлеу алғашында экономика министрлігіне, кейін ол таратылған соң
жаңа құралған экономикалық жоспарлау агенттігіне тапсырылған болатын. ҚР-
ның Президентінің 1999 жылдың 13 қазанында қол қойылған "ҚР-ның мемлекеттік
органдарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы" жарлығына
сәйкес жоғарыда аталған функцияны қайтадан құрылған экономика және сауда
министрлігі атқаратын болды.
Кез келген қоғам болжаусыз өмір сүре алмайды. Әр бір қоғам
болашақтағы
даму переспективасын анықтап, болжау жасауы керек. Осы болжау арқылы
қоғамның даму мақсатын, ол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар
көлемін-ұзақ, қысқа мерзімді жоспардын тиімді вариантын, үкіметтің
экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау
үшін қажет.
Болжам дегеніміз - белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму
жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамды зерттеп дайындау процесі
болжау деп аталады. Болжау - қоғам өмірінің барлық саласында
теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып
саналады.

1-Бөлім. Стратегиялық жоспарлауды Қазақстан-2030 бағдарламасының
маңызы.

1.1 Стратегиялық жоспарлаудың объективтік қажеттілігі, тарихы және
әдебиеттерге шолу.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз бұл ғылыми және іс-тәжірибенің іс-
әрекеттерінің ерекше түрі, бұл іс-әрекеттер стратегиялық шешімдер
әзірлеуден құралады. Олар әр түрлі болады: болжамдар жасау түрінде,
бағдарламалар жобалары, жоспарлау т.б. Бұл жоба бағдарламаларда алға
қойылатын мақсаттар мен стратегиялық шешімдерді басқаруды реттеу жэне
жетілдіруге көмектеседі. Бүл шешімдердің жүзеге асырылуы арқылы халық
шаруашылығының ұзақ мерзімде тиімді қызмет көрсетуге және сыртқы, қоғамдағы
өзгерістерге жедел түрде бейімделуін реттейді.
Стратегиялық жоспарлаудың мазмұны оның іс-
тәжірибеде жүзеге асырылатын шараларын анықтап белгілейді:
• Стратегиялық болжамдар
• Бағдарламалар әзірлеу
• Жобалау(экономиканың әр жоспарларды эзірлеу)
Стратегиялық жоспарлаудың басқару объектісінің: мемлекет, сала немесе
аймақтың қазіргі жағдайына талдау жасалынып баға беріледі, оларды дамытудың
негізгі тенденциялары, сыртқы және тиімді факторлардың әсері анықталады.
Стратегиялық бағдарламалар дегеніміз, бұл экономикалық, өндірістік,
ұйымдасытру-техникалық іс-шаралардың жүйесі, олар түрлі деңгейде
стратегиялық болжамдар жүйесі моделінде экономиканың белгілі бір саласының
даму стратегиясын әзірлеуге және іс-әрекеттің негізгі жолдарын анықтауға
бағытталған. Стратегиялық бағдарламалардың негізгі функциялары:
• Жоспарлы есептеулердің мақсатты бағытын күшейту
• Кешенді іс-шараларды қалыптастыруды жеке мәселелер бойынша
емес
жалпы проблеманы шешу бойынша жүзеге асыру
• Экономиканың дамыту мәселелері бойынша стратегиялық
шешімдерді
негіздеу
• Ұзақ мерзімдегі болашағы бар даму табатын мәселелерді шешу үшін
ресурстарды шоғырландыру
• Алға қойылған міндеттерді шешу барысында іс-шаралардың баланстық (тепе-
теңцік) деңгейін жоғарылату
• басқару субъектілерінің іс-әрекеттерін өзара келісу. Жобалау -
бұл стратегиялық жобалаудың қорытынды үдерісі. [1.56 бет ]
Оның негізгі атқаратын жұмысы барлық деңгейлерде және болжауға
жататын мерзімдерде стратегиялық жоспарларды әзірлеу.
Стратегиялық жоспардың жобасы, бұл басқарылатын субъект
бойынша басқару шешімін қабылдау және жүзеге асыру.
Стратегиялық жоспар бұл бір тұтас басқару объектісінің жағдайын ұзақ
мерзім болашақта ғылыми негізде болжамдау.
Стратегиялық жоспарлау пәнінің негізгі бөлімдерін стратегиялық
жоспарлаудың негізгі нысандары мен әдістері макроэкономикалық, салалық
аймақтық, қызметтің маңызды түрлері деңгейінде қарастырылады. Мақсаттар мен
кұралдар өзгерісінің өзара байланысты үздіксіз менеджменті сипаттамасының
көрсеткіштері әдебиеттерде тұтастай экономиканы мемлекеттік реттеудің
аппараттық менеджментінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері
мультипликаторлар арқылы белгілі болады.
Қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың ғылыми
негізделген мақсаттарына қол жеткізу қарастырып отырған құралдар құрамына
халық шаруашылық басымдықтарын ғылыми негіздеу менеджменті өзіне қажетті
орнын ала алмаған.
Бұл құралдың басқалардан ерекшеліктері: Ол экономика дамуының
мақсаты мен оны мемлекеттік реттеу менеджментінің аралық
жағдайын қамтиды.
Бұл жерде менеджментті негізінен басымдылықтарға бағыттау керек, себебі
экономика оларға бағынышты. Экономиканы басқару менеджменті басымдықтарды
қамтамасыз ету арқылы мақсатқа жетеді.
Бәрімізге белгілі болғандай экономика: микроэкономика және
макроэкономикадан кұралады, макроэкономиканың негізін микроэкономика
құрайды. Макроэкономикалық мәселелері реттеу менеджменті нарықтық реттеу
механизмдерін толық қолдану үшін қолайлы жағдай туындатады. Тиімді
макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру арқылы шарықтаушы инфляция мен
девальвацияны, мемлекеттік бюджет тапшылығын жэне сыртқы қарыздардың өсуіне
жол ашады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмдерін іске қосуда жоғарыдан
экімшілік-эміршілік реттеу тиімді нэтиже бермейді, тек дағдарысты жағдайды
күрделендіреді және бәсекелестік органды қалыптастыра алмайды, алып
сатарлыққа алып келеді.
Сондықтан нарықтық механизмнің қалыптасуы мен дамуына қолайлы жағдай жасау
қажет: Ол үшін мемелекет төменнен ықпал жасауы қажет.
Макроэкономиканы реттеу барысында мемлекеттік менеджмент бағыттары,
кағидалары бақылауда болуы қажет. Мысалы, әлеуметтік саланы дамуытуға оның
ішінде тиімде ғылымға бөлінетін бюджет шығындарын бақлау ұстап, қысқартуға
жол бермеуі дұрыс, Өйткені мемлекеттің, ұлттың интеллектуалдың және табиғи
байлығы экономиканың болашағының кепілі.
Сонымен қатар, қүрылымдық-инвестициялық саладағы менеджмент,
диверсификация мен интеграцияға баса назар аудару керек. Осыған байланысты
шетел инвестициясын салу және пайдалану менеджменті, ғылыми-техникалық
прогресс, жаңа технологияларды ендіру. Сырттан әкелінетін өнімдердің
өндірісін ұйымдастыру, жаңа өнімдерді сыртқа шығару, рыноққа кіру
жоспарланады.
Экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту
жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық процестерге араласуы объективті
қажеттілік екендігін өмірдің өзі дәлдеп отыр. ҚР-ның экономикасының
дамуының тепе-теңдігін сақтау, макроэкономикалық үдерістерінің өзгерісін
тұрақты түрде зерттеп қадағалап отыру, мұның негізгі құралы болашақты
болжау мен стратегиялық жоспарлау. Мынадай сұрақ туындайды: кономиканы
мемлекеттік реттеу стратегиялық жоспарлау жолымен жүзеге асырылатын
болғандықтан, мұндай араласу объективті қажеттілік пе, әлде ол әрдайым
субьективті сипатта бола ма? Бұл сұраққа дұрыс жауап беру үшін, нарықтық
экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған
ғылыми талдауды әлеуметтік- экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі
мемлекеттің жүзеге асыратын шаралары туралы негіздеме жасауға мүмкіндік
береді. Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаған және көрнекті маман
Класс Эклунд "таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және
нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес"-деп тұжырым жасады. Ұжымдық
шаруашылықтардың сыртқы тиісті әсерлерін ескерту және
табыстарды
әділетті бөлуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік реттеу қажет.
Осы орайда мәселе, тағы қоғамдық тауарлар; яғни нарықтық қатынастар
механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болып отыр.
Мемлекетті өз шекарасын, байлығын қорғау мақсатында материалдық-техникалық
және интеллектуалдық қорларды қамтамасыз етеді. Бұл қорларды тұтыну,
жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге
асырылады, бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар
көрсеткіштерін қалыптастырады. [1.59-бет ]
Стратегиялық жоспар бойынша мұндай тауарлар, қызметтер қатарына:
мемлекетті басқару ісін, азаматтардың занды құқығын қорғау, қоғамдық
тәртіпті сақтау, ғылыми зерттеулер, тұтастай энергетикалық жүйені құру мен
пайдалану, экономикалық жүйені құру мен пайдалану, жалпы мемлекеттік
табиғатты қорғау, төтенше жағдайдың алдын ала ескерту жатады.
Екінші мәселе, тауарларды өндірушілер мен оларды
түтынушылардың нарықтық қатынастардың күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы
әсерлері" болып табылады. Кәсіпкерлердің ой-өрісін қоршаған
табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты тиімді
пайдалануға ықпал жасау және бағыттау.
Нарықтық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және
сақталуын бақлауға арналған шығындарды төмендету және реттеу жобалары
жасалады.
Үшінші, халықты әлеуметтік корғау және қамтамасыз ету маңызды, саясатпен
бір мәселе болғандықтан жоспарлауды қажет етеді.
Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бір қалыпты
түйісуі экономикалық пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асырылады.
Нарықтық механизмдерді қолданудың тиімділік коэффиценті қоғамдық
тауарлардың қозғалысын реттеу және жоспарлауға байланысты. Осылайша бұл
қажеттілік тауарлар мен қызметтердің барлық түрін өндіру мен тұтынуды
мемлекеттік жэне нарықтык реттеудің дислектикалық бірлігінен туындайды.
Мысалы, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізуді және нәтижелерін пайдалануды
алайық. Алғашқысын жүзеге асыруда бірінші кезекте жалпы мемлекет деңгейінде
жоспарлауда және реттеу қажет. Ал олардың нәтижелерін пайдалануды
ұйымдастыруда нарықтық механизм шешуші рөл атқарады, себебі шығындарды
азайту, тауардың сапасын арттыру, ғылыми-техникалық жетістіктердің
деңгейін анықтау нарықтық қатынастың субъектілері арқылы жүзеге
асырылады. [2.-62бет]
Кәсіпкерлердің мүддесі нақтылы тауар өндірістің
тиімділігімен шектелетіндігі, оның ой-өрісінен сыртқы нәтиже
және әсерлер тыс қалатындығы белгілі.
Сыртқы нәтиже: экологияға өндірістің кері әсері, шикізат
қорларын, өндірілетін орындарын орынсыз, тиімсіз пайдалану, қалдық зиянды
заттардың көп болуы. Мұндай жағдайда мемлекет сыртқы бақылаушы болып қала
алмайды. Сонықтан мемлекет төмендегі үш бағыт бойынша белсенді шараларды
жүзеге асырады:
• Ағымдағы кезеңде жэне болашақта табиғатты қорғау шараларын
қаржыландырудың орталықтандырылған көздері есебінен жүргізу
• Шаруашылық жүргізу суъбектілер іс-әрекетінің сыртқы нәтижесі алдын ала
бекітілген ережелер мен мөлшерден артық кететін болса, оларға әкімшілік-
құқықтық шектеулерді бекіту
• Табиғатты тиімді пайдалануды ынталандыратын механизмдерін жасап-дайындау
жэне бақылау.
Ерікті кәсіпкерліктің дамыған жағдайы қоғам мүшелерінің әлеуметтік
жіктелуінің табиғи процесімен сипатталады. Ұтымды нарықтық механизм тұсында
тауар өндірушілердің тепе-теңдік бағасы бойынша тауарлар мен қызметтерді
сатуда, істі жүргізуге кабілетті болмаса аяусыз сұрыптау процесі
жүретіндігі белгілі.
Еңбекке қабілетсіздер, тұтыну қоржысын қамтамасыз ете алмайтындар, көп
балалы отбасыларға мемлекет табысты әділ қайта бөлуді жоспарлауы қажет
болады. Осы шараларға қоса жалпы: әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық
сақтау, білім беру салаларын орталықтандырылған қаржы стратегиялық
жоспарлар мен бағдарламалар негізінде бөлінеді: Бәрінен бұрын стратегиялық
жоспарлау мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыдан тұрақтылықты реттеу үшін
жобалары іске асыруға қажет.
Әлемге белгілі экономика жэне менеджмент жөніндегі әдебиеттер
деректерінде "стратегия" түсінігі мақсатқа кол жеткізуді қамтамасыз ететін
жан-жақты және кешенді жоспар ретінде анықталады.
Әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің негізгі
құралы болып табылатын стратегиялық жоспарлаудың мәні осыдан туындайды.
Өйткені, "стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процесі барлық басқару
функциялары астына жиналатын қолшатыр болып табылады" [5. -85бет]
Шаруашылық жүргізудің жоспарлы моделінің салыстырмалы артықшылықтары
туралы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің жалпы әлемдік қалыптасу
даму практикасын зерттеу нәтижелерінің ғылыми қорытындылары куә бола алады.
Бұл нәтижелер көрсеткендей, "экономикалық артта қалушылықты жою жөніндегі
қызметтерінде көптеген жетістіктерге жеткен және техникалық-экономикалық
жағынан дамыған мемлекеттер қатарына тез кірген елдер экономикалық процесті
дамыту" құралы ретінде жоспарлауды белсенді де мақсатты қолданған (Жапония,
Оңтүстік Корея, Малайзия, Гонконг, Тайван жэне т.б). Ал Ресей басшылығы
болса бұл басқару институтын екпінділікпен бұзды. [9.-47бет]

1.2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қазақстан халқына
жолдауы және Қазақстан -2030 стратегиясы.

Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200-2002 жылдарға арналған іс-
қимыл бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму
Стратегиясы ескеріле отырып және Қазақстан Республикасы Парламентінің (1999
жылғы 12 қараша, №204-1 ҚРП) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің (1999
жылғы 11 қарашадағы №1684) қаулыларымен мақұлданған Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы туралы
Баяндамаға сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізігі міндеті маңызды
макроэкономикалық параметрлерді-теңгенің тиімді айырбас бағамын,
республикалық бюджет тапшылығы экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып
табылады.
Қазақстан Респбуликасының Үкімет өзінің алда тұрған қызметінде мынадай
негізгі бағыттарды белгілейді:
• саяси тұрақтылықты сақтау және ұлттық қауіпсіздіктің негіздерін
нығайту;
• тұрақты макроэкономикалық саясатты қалыптастыру және экономикалық
өсу үшін жағдай жасау;
• экономиканың нақты, әсіресе экспортқа бағытталған жэне импортты
алмастыратын секторы мен жұмыспен қамтуды және ішкі рыноктың сыйымдылығын
арттыруды қамтамасыз ететін салаларын дамытуды қамтамасыз ету;
• мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
• кәсіпорындардың - табиғи монополияның қызметін реттеу кәсіпкерлік
пен бәсекелестікті дамыту үшін, бәсекелестік орта қалыптастыру және жағдай
туғызу;
елдің тұрақты банктік жүйесін қамтамасыз ету және екінші деңгейдегі
Қазақстандық банктердің шаруашылық жүргізуші субъектілері несиелендіруін
кеңейту үшін жағдайлар жасау; бағалы қағаздар рыногының
жұмысын жандандыру;
• елдің тартымды инвестициялық ахуалын қалыптастыру және Қазақстан
Республикасының капиталдың сыртқы рыноктарындағы имиджін нығайту, тікелей
инвестицияларды тарту жөніндегі қызметті жандандыру және отандық тауар
өндірушілерге қажетті мемлекеттік қолдау көрсету; мемлекеттік қарыз алудың
нақты өлшемдері мен рәсімдерін айқындау және үкіметтік кепілдіктерді ұсыну;
• заемшылардың өткен жылдардағы борыштарды мемлекетте қайтаруын
қамтамасыз ету;
• кедейлік өлшемінің атаулы әлеуметтік көмектер ұсыну;
• әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды аймақтарға көшіру;
өмірді сақтандыру, халықтың зейнетақы жасында кірістерді қамтамасыз ету
жөніндегі жеке жауапкершілікті түсінуін қалыптастыру саласында сақтандыру
рыногын дамыту;
• мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, оны
орталықсыздандыру, жоспарлау жүйесін нығайту.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өзі қызметінің алдағы кезеңдегі негізігі
принциптері ретінде:
• Қоғамдық және үлттық келісімді сақтауды;
• әлеуметтік жэне экономикалық тиімділіктің арасындағы орынды
тепе- теңдікті қамтамасыз етуді;
• экономиканың нақты секторының басымдығын;
• мемлекеттік бюджеттің шынайлылығын;
• әлеуметтік көмекті, ең алдымен аз қамтамасыз етілгендерге, беруді;
•сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресті;
• қоғамды рухани дамыту проблемаларына назар аударуды күшейтуді;
• сыртқы саясаттағы көп салалықты;
• жұмыстың ұжымдық стилі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі
мүшелерінің дербес жауапкершілігін арттыруды айқындады.
Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-
қимыл бағдарламасында қойлыған міндеттерді іске асыруға бағытталған іс-
шаралар кешені, Үкіметтің алдағы кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары мен
принциптер кешіні баяндалған.[5.-26 бет]

Шартты түрде экономикалық саясатты басқару схемасы төмендегідей:

Ой-ниет. Негізгі басымдықтар ретінде Қазақстанның егемндігі мен аумақтық
тұтастығын, сондай-ақ елдің қауіпсіздігін сақтай орытып, Қазақстан
Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық, әскери,
әлеуметтік-саяси, экологиялық және ақпараттық компонеттерін нығайту
жөніндегі қызметті жандандырмақ ниетте.
Үкіметтің іс-қимылы. Үкімет барлық мүдделі мемлекеттермен, ең алдымен
көрші елдермен достық, тең құқықты жэне өзара тиімді қарым-қатынастарды
одан әрі дамытуға бағытталған байыпты және сындарлы сыртқы саясатты
жүргізуді жалғастыратын болады. Қазақстан Кеден Одағы, Орталық Азия
Халықаралық Қауымдастығы елдерімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады.
Бұрыңғы ТМД-да интеграциялық процестерді нығайтуға көп көңіл бөлінетін
болады.Үкімет өзара іс-қимыл және Азиядағы сенім білдіру шаралары жөніндегі
кеңестің шеңберіндегі жүмысты жалғастырады, сондай-ақ НАТО-мен әріптестік
қатынасты дамыту мәселелерімен де шұғылданатын болады.
Үкімет Орталық Азияда терроршылдықтың, діни экстремизмның және
есірткінің заңсыз айналымының таралуына қарсы әрекет ету мақсатында
халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылға баса назар аударады.
Үкімет келіссөздер жүргізбек және тиісті уағдаластықтарға қол
жеткізілуіне орай іргелес мемлекеттермен шекараны делимитациялауды жүзеге
асырмақ. ҰҚК-нің Шекара қызметін нығайтпақ, Каспий теңізінің мәртебесін
реттеу жөніндегі келіссөздерде ілгерілеуге қол жеткізбек, Қытай Халық
Республикасымен шекараны демократиялаудың нәтижелерін заң
жүзінде рәсімдеуді аяқтамақ және шекара арқылы өтетін суларды пайдалану
жөнінде Қазақстан үшін қолайлы уағдаластықтарға қол жеткізбек ниетте.
Алдағы кезеңде әскери қауіпсіздікті нығайту Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы
мен жаңа әскери доктринаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Белгіленген
тәртіппен Қарулы Күштер түрлері құрылымының түрін өзгерту, елдің ең төменгі
қорғаныс шығыстарын бекіту, қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты әдісіне
көшу арқылы Қарулы Күштер түрлері құрылымының түрін өзгерту, елдің ең
төменгі қорғаныс шығытарын бекіту, қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты
әдісіне көшу арқылы Қарулы Күштердің экономикасын қайта ұйымдастыру жөнінде
шешімдер қабылданатын, елдің экономикалық мүмкіндіктері ескеріле отырып
орта мерзімді қорғаныстық бағдарлама әзірленетін, қару-жарақ пен әскери
техниканың басым түрлерін сатып алу айқындалатын, Қарулы Күштер үшін
кадрлар даярлау және әскери ғылымды дамыту бағдарламасы іске асырылатын,
жұмылдырушылық даярлықты, азаматтық жэне аумақтық қорғанысты ұйымдастырудың
принциптері қайта қаралатын болады.
Қорғаныс өнеркәсібін дамытудың және өнеркәсіптің азаматтық секторымен
өзара іс-қимылының негізгі бағыттары әзірленіп, Қарулы Күштері мен әскери
мамандықтардың беделін көтеру жөнінде кешенді ақпараттық бағдарлама
қабылданатын болады.
ІІМ ішкі әскерлері құрамаларының жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік
мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, олардың халықаралық терроршылыдық пен діни
экстремизге қарсы іс-қимыл мәселелерінде Қорғаныс министрлігімен және ҰҚК
-нің Шекара қызметімен өзара іс-қимылын нығайту жөнінде шаралар
қабылданады.[14.-36 бет]
Экономикалық қауіпсіздікті нығайту мақсатында жаңа технологияларды
енгізу, Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы экспорттық мүмкіндіктерін
кеңейту, елдің транзиттік елеуетін барынша пайдалану, елдің қаржылық
тұрақтылығын нығайту және табиғи ресурстардың пайдаланылуын бақылауды
күшейту, инвестициялық жэне ғылыми-технологиялық саясатты жетілдіру,
жағымсыз құбылыстардың ұлттық экономикаға әсерінің алдын алу жолымен
отандық өндірістің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған шаралар
іске асырылатын болады.
Халықаралық институттармен және жекелеген елдермен өзара іс-қимылды
нығайту дүниежүзілік қоғамдастықтың Арал, Семей полигоны мен республиканың
басқа да экологиялық қолайсыз аудандары проблемаларының экологиялық және
әлеуметтік зардаптарын бейтараптандыру жөніндегі күш-жігерін біріктіруге,
экология, радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласында жаупкершілікті
күшейтуге, ядролық қаруды таратпау режимін қолдау, ядролық жэне басқа да
радиоактивті материалдардың заңсыз айналымына қарсы күрес, ұлттық
қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, табиғатты пайдалану және айналадағы
ортаны қорғау жүйелерін оңтайландыру, экологиялық қауіпсіздік қатерлерінің
алдын алу жүйесін құру жөніндегі шараларды нығайтуға және экологиялық
бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталады.
Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында Қазақстан
Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған арнаулы мемлекеттік
бағдарламасы іске асырылады, атап айтқанда, оның базасында үкіметтік
байланыс жүйесін қорғау, ұлттық криптографиялық қызметтік жұмыс істеуі,
мемлекеттік басқарудың ұлттық геоақпараттық жүйесін құру қамтамасыз
етіледі. Мемлекеттік тілдің ақпараттық қажеттілігін кеңейту және
қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ), алдымен электронды БАҚ-ын
жетілдіру саясаты жүргізілетін болады.
Үкімет халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар
қабылдайтын болады. 2000 жылы БҰҰДБ-ның жәрдемімен белгіленген тәртіппен
Қазақстанның табиғи апаттарға дайындығының жоспары әзірленіп, қолдануға
енгізілетін болады.
Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы
Ой-ниет. Қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық келісім мен
әлеуметтік әріптестікті нығайту, халықтың әл-ауқатының өсуіне жәрдемдесу,
азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен бостандығын
қамтамасыз ету, құқықтық реформаны одан әрі жүзеге асыру.
Үкіметтің іс-қимылы. Үкімет қоғамды одан әрі демократияландыру,
заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары
мен бостандығын сақтау мәселелеріне зор көңіл бөледі, саяси партиялармен
және қозғалыстармен, сондай-ақ әйелдер, жастар және басқа да үкіметтік емес
ұйымдармен сындарлы диалогты жалғастырады. Елде қарсы тұрудың этникалық
немесе басқа да қауіпті принциптері бойынша партиялық бәсекелестіктің
мүмкінідігін болдырмайтын демократиялық партия жүйесінің қалыптасуына ықпал
ету қажет. [12.- 45бет]

1.3 Қазақстан экономикасының 1991 - 2003 жылдар арасында дамуы және
проблемалары.

Жаңа кезеңдегі есептеу нүктесі, біз мемлекеттің 15 жылдығын өткердік.
Бұл тарихтың әлемнің сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің
күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті:
1. Тәуелсіз мемлекет құру.
2. Жоспарлы экономикадан нарықтың экономикаға және тоталитаризмнен
демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады.
Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп жэне біздің күш - жігеріміз биік
жетістіктерімізді талдап отырып, нық сеніммен былай деуге болады. Біз
стратегиялық тұрғыдан дұрыс жолды таңдадық. Экономикалық құқықтық және
әлеуметтік реформалар қаншалықты пайда алып келді. Ел экономикасы мен
демократиялық процестер серпімді даму үстінде.
Қазақстан орынды түрде өңір лидері болып саналды және барынша бәсекеге
қабілетті экономикасы бар елу мемлекеттің қатарына лайықты орын алуға
ұмтылды. Біз экономикалық модель жасап, өте оңды қоғам құрдық деп айта
алмаймыз Бұлай айту жүйеннің тоқырауын білдірер еді. Реформалардың өзі де
біз үшін тор өрісті мансат болған жоқ. Біз оларды өз замандастарымызға
жақсы өмір тілеп, қазақстандықтардың келесі ұрпақтарының болашағын
қамтамасыз ету үшін жүргіздік. Біздің стратегиялық мақсатымыз
конституциясымен бекітілген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық
мемлекет ретінде анықтайды оның ең қымбат қазынасы адам және адамның
өмірі, құқықтарымен бас бостандықтары.
Біз экономиканы жылдамдатуға әзір едік, бірақтан нарықшылар командасы
болмай шықты. Қазақстан жауапты таңдау жасады және бәсекестікке меншік
арқылы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды
белгіледі. Алайда мақсатты жариялау және елді сапалық түрғыда басқа
жағдайға көшіру мәні бірдей емес міндеттер болды. Тұтас ұрпақтар- тіршілік
әрекетінің мүлдем басқа жағдайларына бейімделген. Ел үшін өздігінен
иемделетін және әлеуметтік бағдарланған нарық тетігін қалыптастыру. Тарихи
тұрғыда жүйелікке көшу жөніндегі күрделі міндеттердің тұтас кешенінен
тұратын айрықша ауқымды проблемаларды шешуді өз -өзінен көздейді. Өткен
өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны сөзсіз
мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс бағаны
реттейтін тауар ағымдарының қозғалысын бәсекелестің табиғатын инвестиция
арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық. [4.-87бет]
Елеулі экономикалық табыс біз таңдаған экономиканың дамуы моделінің
дұрыстығын дәлелдейді.
Мұны нақты және өзгерістің динамикасы айқын көрсетеді. Мысалы 2003
жылы 1991 жылмен салыстырғанды ЖӨ-нің артуы 106,3 пайызды құрады. Бірақ
басты бұл көрсеткіш бойынша біз дағдарысқа дейінгі 1990 жылдық
психологиялық тұрғыда маңызды шебіне әбден жақындай түссек, 2004 жылдың
корытындылары барша бұл шепті еңсереміз. Біздің еліміз әлемдік темір руда
қорының 25 пайызын иемденеді. Ал мұнай саласын барлауы бойынша әлемде
Қазақстан 12 орынды иемденеді және болжам бойынша 2015 жылы мұнай өндірудің
көлемі жағынан алғашқы ондық елердің қатарына кіреді. Қазақстан көмір
өндіретін ел ретінде әлдеқашан танылған. Республикадағы көмір қоры 35,8
млрд. тоннаны құрайды. Бұл жалпы әлемдік қордың 3,6 пайызы, ТМД -ды
елдерінің арасында көмір қоры мен оны өндіру бойынша Қазақстан Ресеймен
Украинадан кейін үшінші орын алады.
Біздің Республикамыздың міндетіне үлкен бөлігі тасып әкетілітін табиғи
рессурстарды өндіру кірді. Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 70, темір
рудасының 55, қара металдың 46, көмірдің 28 пайызы сыртқа кетіп жатты.
Біздің өнеркәсіп жоғарғы қосымша құны бар өнімдерді жеткілікті
шығармады, онда 4 және 5 қайта бөлісулер болмады. Жерімізде рессурстардың
барлық түрі бола тұра, біз ақырғы өнімді шығармадық. Ауылшаруашылығына
экстенсифтік және шығындық сипат тән еді. Біздегі қажетті селекциясыз және
қымбат тұратын әсем шөлдегі мол шаруашылығы тиімсіз болды. Түсімі өте төмен
егіс алқаптары елдің астыққа деген қажетін жабуға мүмкіндік берді, ал
экономикалық тұрғыдан өзін ақтамады. Қазақтстанның ауылдарына тыңайтқыштар
ауылшаруашылық машиналар сатып алу, өніммен өңдеуді қаржыландыру үшін
одақтық орталықтан 1985 жылы 4 млрд. рубльге жуық дотация берілген.
Қазақстан экономикалық жағынан дербес емес, барлық ірі кәсіпорындардың 80
пайызы Одаққа бағынышты болды. Тек тамақ және жеңіл өнеркәсіпке билік ету
құқығы болды. 1990 жыл басында саясат экономиканың алдында жүретін, бірақ
уақыт бәріні өз орнына қоятын. Егемендік алған соң жаңа мемлекетке дербес
экономикалық жүйесін кұруға тура келді. Нарыққа өту алдын - ала
айқындалған, ал көшу моделін таңдау күн тәртібінде ең қиын мәселе болды.
Экономикалық көп ретті жасанды байланыстардың үзілуі алғашқы жылдары
келеңсіз ұласпалы әрекет туғызды. Кәсіпорындар тақтап, он мыңдаған адамдар
жұмыссыз қалды. Ауыл шаруашылығы тірек еткен дотациялар мен субсидияларды
төлеу тоқтатылды. Орталықтандырылған жоспарлы сатып алуға бағдарланған
колхоздармен совхоздар бір сәтте бәрінен айырылып тынды. Келеңсіз процесс
салдарынан бюджетке кіріс түспей қалды. Жалақы мен зейнетақыға қаражат
болмады. Қазына қаңырап қаржы резервтері түгеді. 1991 жылы Қазақстанда
жағдай одан эрі қиындай түсті. ЖӨ 12 пайызға төмендеп кетті. Рынокта тауар
жетіспеушілігі бола бастады. Сол мезгілде бізге бірден екі мәселені шешуге
тура келді, ол өзіміз дербес экономикалық жүйемізді құру еді. Әлемдік
экономикалық жүйені жақсы білетін отандық кәсіпқойларда болмады. Реформалау
тәжірбесі және қажетті заңнамалық база жоқ еді, өзгерістер бағдарламасының
өзі де жоқ еді. Ал жаңа мерзімге көшу өте қысқа мерзімде жүзеге асыру қажет
еді. Сондықтан-да біз стратегиялық шешімдерді жедел қабылдай отырып, алға
қарай жүрдік.
Макроэкономикалық тұрақтандыру. Нарық экономикасына көшу мынадай
компаненттерінің: сұраныс пен ұсыныстың табыстар мен шығындардың ақша
массасы айналым қаражатымен инвестициялық рессурстардың белгілі бір
келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіруді жүргізу, яғни жекеменшік институтын енгізу арқылы қол
жеткізуге болатын еді.
Мемлекеттік экономикалық саясатқа ақша - кредит, салық - бюджет, баға
және антимонополиялық, инвестициялық, технологиялық саясат құру тиіс болды.
Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын валюта резервінің қорлануы ,
қор биржасы салық кеден т.б органдар секілді жаңа қаржы және мемлекеттік
институттарда қалыптастыру және дамытуды талап етті.
Бірінші кезеңде басқарудың әміршілік - әкімшілік әдістерін алмастыру
болды. Өйтпеген жағдайда проблемаларды шеше алмас едік. Олар анық көрініс
берді.
Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды, қаңыраған сөрелер сұраныс пен
ұсыныстың көкейсіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру себебінен
қуаңшылықтың жалпыға ортақ жаршысы болып кетті. Тауар тапшылығы өсіп бара
жатқан гипринфляция жағдайында бірінші кезекте ырықтандырылуы жариялап, ол
нарыққа өтудің табанды қадамы болды. Тауарлармен қызметтермен қамтамасыз
етілген нарықтық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдісімен шешу мүмкін
емес. Бұл жағдайдан бірден - бір шығу жолы тұмшаланған инфлияцияны ашық
инфлияцияға айналдыру болғандықтан, кесінді бағалардан еркін бағаларға
біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтанда оны классикалық
әдістер бойынша күресу көмектеспеді.[2.-41бет]
Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді,
кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алынып тасталынды, белгілі бір дәрежеде
кәсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс
экономикасының алғашқы нәтижесі болды.
Бірақта өндіріс тақтап, байланыстар үзілген ретте біздің біртұтас
рубль аймағында тұрып жатуымызда жағдай күрделі болып қала берді. Бұндағы
келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған, жүйесіз ақша, эмиссиясымен
айқындалды. Ресейден Қазақстанға рубль вогондап жөнетілді, мұның өзі
инфлияция нәрлі толырақ еді. Біздің алдымызда ақша массасын қысу керек, не
бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқа ескі
кезеңдерден
әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақта әулі бастан-ақ реформаларға
қайшы келетін.
Біз өз жолымызды таңдадық,ол ұлттық валюта енгізүді көздеді. Қазақстан
бұдан бұрынғы Одақ елдерінің ішінде соңғысы болып барды, өйткені басқаларға
қарағанда Ресеймен экономикалық байланыстары әлдеқайда берік еді. Бірақ
біздің шыдамымыз шекке жетті. Сөйтіп 1993 жыл 15 қарашадан бастап біз
экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны -ұлттық валютамызға ие
болдық. Жуырда біз аса маңызды жетістігіміз болып, одан кейін ауқымды
өзгерістерге кеңістік ашқан, сол оқиғаның он жылдығын атап өттік. Бұл бізге
1994 жылынан - ақ гиперинфлияцияның бәсеңдетуге ол 1995 жылы оны екі
таңбалы көлемге дейін түсіріп инфлияция процесін ауыздықтауға мүмкіндік
берді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет, салық және
кезең жүйелерін құру мәселелерін құру шықты. Іс жүзінде оларды тақыр жерден
құруға тура келді. Бірінші кезеңде нормативті құқықтық базаны жасау талап
етілді.
Екі жүйені қирату алғашқы жылдары мемлекеттік бюджеттің өте үлкен
сәйкезсіздіктеріне соқтырып әлеуметтік кепілдіктер мөлшері нақты
экономикалық мүмкіндіктерден асып тұрды. Мысалы 1991 жыл бюджет тапшылығы
20 пайыз артық болды.
Теориялық түрғыдан бюджет тапшылығын төмендетуге
кәсіпорындардан алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік
бағдарламаларды сондайлық кілт қысқырту есебінен жетуге болады. Алайда
салық ауыртпалығын үнемі ұлғайту орынды емес, өйткені бұл іскерлік
белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын
еді. Сондай-ақ кәсіпорындарға үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті қаражат
болмады.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын
жүргізіді. 1995 жылы Президенттің салық және бюджетке төленетін төлемдер
туралы заң күші бар жарлығы шықты. Оған сәйкес үш еседен астамға
қысқырды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа ие
болды. Салықтар мембюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен
бірге инвеститциялық өндірістік қызметті ынталандырудың құралы ретінде де
қарастырыла бастады.

Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының негізгі

параметрлері

Аттары 2000 ж 2001 ж 2002 ж 2003 ж 2004 ж
(есеп) (бағалау) (болжау) (болжау)
ЖІӨ млрд 2596 3044 3499 3891 4329
теңгемен
Шынайы өсімі % 109,6 110,2 107 107 105,3
Тұтыну 109,8 106,8 106,5 105,9 105,8
бағасының
индексі (%)
Орташа 1 жылда 113,2 108,4 106,2 106,3 105,9
Теңгенің АҚШ
долларына курсы
Жыл соңында 145,4 150,5 157,0 164,4 168,9
Ораташа бір 142,4 147,1 154,6 161,1 166,6
жылда
Тауарды 9615 9740 10356 10890 11455
экспорттау млн.
доллар
Тауарды импорт 6850 8360 9447 10480 11225
жасау, млн.
доллар
Мұнайдың 28,2 26,5 24 20 19
әлемдік бағасы
(BREHT
араласпасы)
доллар 1
бареллге

Енді эканомикалық тұрақтану кезеңі басталған кейін салық жүйесінде біз
екпінді өндіріс саласынан айналым саласына көшірдік. 2002-ж ҚҚС ставкасы 16
пайызға дейін, әлеуметтік салықты 26-ден 21 пайызға дейін төмендеттік. 2004-
ж бірінші қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға дейін төмендеді, ал
әлеуметтік салықты есептеу кезінде 20-дан 7 пайызға дейін регрестік ставка
әрекет етеді.
Қазақстанда принциптік тұрғыдағы жаңа және осы заманғы екі деңгейлі
банк жүйесі құрылды, оны халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік
жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәүелсіз болды. Бұл мемлекеттік ақша кредит
саясатының тиімділігін кілт даму сергіне ие болды. Өз кезегінде Банк
саласындағы реформаларлар бағалы қағаздар рыногін қалыптастыру жөніндегі
белсенді күш - жігермен нығайтылды. Несие қызметін дамытудың негізгі
бағыттарын белгілейтін мемлекеттік шағын несие бағдарламасын жасау, сондай-
ақ шағын несиеге мониторинг жүргізудің тиімді жүйесін қалыптастыру қажет
деп білемін.
Қазақстан өзінің ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік міндеттерін нақты
айқындап алды. Мұның іс - әрекет жоспары бар, оны жүзеге асыру үшін көп
және қажырлы жұмыс істеп ғана қоймай қоғамның жойылуын, халықтың ынтымығын
тұрақтылықты сақтай білу керек.
2-Бөлім. Стратегиялық жоспарлау жэне оны жүзеге асыру менеджменті.
2.1 Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми - теориялық негіздер.

Қазақстан республикасының экономикасын реформалау мен шаруашылық
жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге
асыру тәжірибесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
процестерге
араласуы обьективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуді қажет етеді.
Оның обьективтілігі ұлттық шоттар жүргізудің жаңа жүйесіне өту
керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау
мүдделерін мемлекеттік реттеудің обьектісі болып табылатындығымен
және макроэкономикалық үдерістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін
тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігі анық. Сонымен қатар,
мемлекеттік реттеу рөлінің күшеюі мемлекет аралық, оның ТМД елдерінің
арасында экономикалық интеграцияның обьективтілігі және экологиялық
көптеген мәселелері әлемдік деңгейде қарастыру керектігіне байланысты
екенігін атап өту керек. Осы орайда осындай мемлекеттік реттеудің ең
негізгі құралы-болашақты болжау мен жоспарлау болып табылады,
бұл мәселенің ғылыми - методологиялық және ұйымдастыру жақтарының
рөлі зор.
Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімдегі мақсаттарға болжау жасау,
соған
жету жоспарын әзірлеу, оның ғылыми- практикалық негіздерін қалау болып
табылады. Осы жолмен экономикада тиімді теңгермелілік пен макроэконо-
микалық тұрақтылық қамтамасыз етіледі. [1.- 12бет]
Экономиканы реформалаудың барысында халық шаруашы-
лығының салаларының даму барысын стратегиялық жоспарлау, болжау керек
екендігін өмір айқындап берді. Сондықтан да осы жылдар ішінде экономикалық
дамуын болжау мен жалпы мемлекеттік жоспарлаудың керек екендігін сан рет
қайталаған Президент 1997 жылдың наурыз айының бас кезінде тікелей өзіне
бағынатын стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды. Агенттікке
экономиканың дамуын болжау негізінде онын басыңқы бағыттарын анықтау
стратегиялық жоспарлар жасау арқылы оған кол жеткізу жолдарын белгілеу
тапсырылды. Ал, индикативті жоспарды эзірлеу алғашында экономика
министрлігіне, кейін ол таратылған соң жаңа құралған экономикалық жоспарлау
агенттігіне тапсырылған болатын. ҚР-ның Президентінің 1999 жылдың 13
қазанында қол қойылған "ҚР-ның мемлекеттік органдарының жүйесін жетілдіру
және қызметтерін анықтау туралы" жарлығына сәйкес жоғарыда аталған
функцияны қайтадан құрылған экономика және сауда министрлігі атқаратын
болды.
Кез келген қоғам болжаусыз өмір сүре алмайды. Әр бір қоғам
болашақтағы
даму переспективасын анықтап, болжау жасауы керек. Осы болжау арқылы
қоғамның даму мақсатын, ол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар
көлемін-ұзақ, қысқа мерзімді жоспардын тиімді вариантын, үкіметтің
экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау
үшін қажет.
Болжам дегеніміз - белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму
жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамды зерттеп дайындау процесі
болжау деп аталады. Болжау - қоғам өмірінің барлық саласында
теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып
саналады.
Болжау негізінде екі мағынадан түрады:
• болжап айту
• болжап көрсету.
Зерттеу процесін жүргізу амалдарының колдануына және болашақ жай-күйдің
анықталу деңгейіне байланысты болжау, болжап көрсетудің үш формасы бар:
Гипотеза, болжам және жоспар. Экономикалык болжаулар төрт топқа бөлінеді:
Макроэкономикалық, кұрылымдық (сала аралық және аймақтық), экономикалық
кешендер (агроөнеркэсіптік, инвестициялық), салалық және аймақтық
болжамдар.
Экономикалық зандар жүйесі. Жоспарлау экономиканың обьективті зандары мен
зандылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды сапалы түрде пайдалану арқылы
әлеуметтік - экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен
олардың орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудын негізгі мақсаты-
экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
ету үшін белгілі бір пропорциялар мен ара қатынасқа қол жеткізу.
Капиталистік экономикалық формацияның қалыптаса бастаған алғашқы кезеңінде,
пропорциялар нарықтық үйлесу механизмі арқылы және кризистер арқылы
қалыптасады. Оған экономиканың даму зандары ықпал етіп отырады. Тауар
өндірушілер өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған
шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда қалыптасқан жағдайды
ескереді. Оған құн заңы ықпал етеді.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғарғы деңгейге жеткен кезде (қоғамдық еңбектің
бөлінуі тереңдеген, шаруашылық байланыстар күрделенген кезде) нарықтық
үйлесу механизмі де, кредиттер де экономикалық пропорцияларды құруға
жеткілікті бола алмайды. Сол кезде сапалы түрде құрылған пропорционалды
жоспарлылық қолданылады. Жоспарлаудың ғылыми негіздерінде экономикалық
заңдарды тану және сапалы түрде қолдану қажет: ұдайы өндіріс теориясы,
жүйелілік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логистиканың бірлігі
жоспарлау қағидалары мен әдістеріне жатады.
• басқарудың ғылыми нақтылығы және тиімді болу қағидасы;
• жоспарлардың үздіксіз болуы;
• жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру;
• жетекші салаларды үйлестіру, басыңқылықтарды белгілеу;
• жалпы мемлекеттік жоспарлардың бірлігімен кешенділігін қамтамасыз ету.
1. Стратегиялық жоспар дайындау ісінде жалпы ғылымдық әдістер мен бірге
болжау мен жоспарларға тән арнайы әдіс- амалдар қолданылады. Жалпы ғылымдық
әдістер тарихи көзқарасты талап етеді. [7.-54бет]
Қазіргі кезеңдегі, ғылымның бағасы бойынша экономикалық болжам
жасаудың 150 әдісі бар, іс жүзінде соның 15 - 20 шақтысы ең негізгі әдістер
ретінде көп қолдынылады.
Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады:
интуициялық әдістер немесе экспорттік баға әдістері, математикалық әдістер.
Эксперттік баға әдістері екі топқа бөлінеді: дербес эксперттік баға
беру және коллективтік баға беру әдістері

Қарапайым материалдық баланс

Рс Қор Көрсеткіштер Тұтыну Көрсеткіш
1 Жылдың 60 1 Өндірісте тұтыну120
басындағы көлемі
қалдық
2 Өндіру 150 2 Күрделі құрылыс 60
тұтыну
3 Импорт 40 3 Халыққа сату 20
қоры
4 Басқа көздері 10 4 Экспорт 30
5 5 Резервтер қоырн 10
толтыру
6 Жылдың аяғындағы20
қалдық
Барлығы 260 Барлығы 260

2. Стратегиялық жоспарлау негізгі мемлекеттік реттеу.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін
келесі маңызды түсінік тауарларды өндірушілер мен оларды
тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының
"сыртқы әсерлері" болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар
аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында
табиғатты қорғау шаралары мең соған арналған қорларды тиімді
пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ.
Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және
пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи
ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (өсіресе оның қайта
өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет
қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің
сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен
мемлекеттің араласуын талап етеді. Нарық субъектілерінің өзара іс-
әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға
арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде мемлекеттің рөлі зор.
Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе
мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз
етеді, ал оған нарықтық бәсекеге катысушылардың бәрі де мүдделі.
Ең соңында халықты әлеуметтік жағынан қорғау мен қамтамасыз ету мәселелерін
атап айту керек. Өйткені бұл мәселелердің саясатпен "көршілес" тұратындығын
ескеріп, оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бұл істегі мемлекет
ролі айрықша жоғары болып келеді. Сонымен, мемлекеттік реттеудің объективті
қажеттілігі қандай? Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты
экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін —
микроэкономикалық, ал жоғарғы денгейін макроэкономикалық көрсеткіштер
қүрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро жоне
микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық
бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық-
салалық органдарынын, шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып
келеді. Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Саяси жаңару туралы түсінік
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстағы Қазақстан қоғамындағы проблемалар және оны шешу жолдары
Негізгі қорлардың тозуы
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Негізгі қорларды бағалау әдістері
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары
Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының негіздері
Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдын басқару ісі
Пәндер