Қаржы нарығы



Мазмұны

Кіріспе

Бөлім I. Қаржы нарығы.
1.1 Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы
1.2 Қаржы нарығы абритаж және нарық тиімділігі

Бөлім II. Нарық жағдайындағы қаржы . несие жүйесі.
2.1 Несие . Банк жүйесі
2.2 Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы
2.3 Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және Мемлекеттік қарыз

Бөлім III. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы.
3.1 Қаржы нарығының ерекшелігі
3.2 Қаржы нарығында қолданылатын ақша агрегаттары
3.3 Қазақстан Республикасындағы валюта саясаты

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы”.Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімнің тақырыбы “Қаржы нарығы”, бұл тақырыпта негізінен екі тақырыпшадан тұрады.
Бірінші тақырыпшада “Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы”.
Мемлекеттік, экономиканың алғашқы буындарының алғашқы қаржылары, халықтың қаржысы қаралады.
Екінші тақырыпша “Қаржы нарығы: абритаж және нарық тиімділігі” деп аталады. Мұнда негізгі көзделетін мәселелер: абритаждың түрлері, нарық тиімділігінің түрлері, нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер және тағы басқалар.
Екінші бөлімнің тақырыбы “Нарық жағдайындағы қаржы несие жүйесі”. Ол негізінен үш тақырыпшадан тұрады: несие банк жүйесі, бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері және қор биржасы, мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығы.
1. Несиенің түрлері, несиенің қызметі, банк жүйесінің тәжірибелері, Ұлттық банк қызметі, коммерциялық бюанктердің классикалық қызметінің векселдік айналымға негізделген жүйесі және тағы басқалар осы тақырыпшада қаралады.
2. Бағалы қағаздар, капитал салудың сенімділігі, облигацияның түрлері, бағалы қағаздардың сауда – саттық орталығындағы орны туралы мәселелер осы тақырыпшада анықталады.
3. Бюджет тапшылығы, мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары,мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздары және мемлекеттік шығындар үшінші тақырыпшада қарастырылады.
Үшінші бөлімде көзделетін негізгі тақырып “Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы”. Осы тақырыпта Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының жетістіктері мен кемшіліетері қаралады. Осы орайда үш тақырыпша үшінші бөлімді толықтырады: қаржы нарығының ерекшелігі, қаржы нарығында қолданылатын ақша агрегаттары, Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат.
Бірінші тақырыпшада көзделетін мәселелер: Қазақстандағы капиталдың нақты секторға еркін бағыттай алатын қор нарығының қалыптасуына айрықша көңіл бөлу керектігі,нарықтық экономикаға бет бұрған өркениетті мәдениеттің айқын сипаттары, дамыған қор нарығындағы трансферттік менеджменттің талаптары, осы секілді жөнсіздіктер салдарынан акциялар пакеті басқаруға берілген компаниялар.
Екінші тақырыпшада ақша жиыны, орташа ресми айырбас бағамы, орташа жылдық бағамдар формулалары қаралған.
Үшінші тақырыпшада Қазақстан Республикасының валюта жүйесі қаралады. Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі мен субъектісі, нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіздамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі, Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу және сату анықталады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы 2005 -552 бет
2. «Ақша, несие, банктер», оқулық.-Алматы,:Экономика, 2001.-446 бет.
3. Аубакиров Я.Ә. «Экономикалық теория» Алматы, 1999ж 176 бет.
4. Омирбаев С.М. Финансы Астана 2003 ж.
5. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы:
6. Нурсейт. А «Теория рыночной экономики» Алматы, 2000г. 233 бет.
7. Худяков А.И «Финансовое право Республики Казахстан». Алматы, 2001 стр 272.
8. Назарбаев Н., Казахстан 2030, Алматы: "Билим", 1997 г.
9. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы».-Алматы, 1997.
10. Ж.О.Ихданов, Ә.О.Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері», Алматы:Экономика, 2002ж.-218 бет.
11. «Экономикалық теория негіздері», оқулық.-Алматы, «Санат», 1998.-479 бет.
12. С.М. Орақбаев , Ғ.Л. Тойғанбаев , Ғ.К. Құнтақбаев «Кәсiпорынды басқару» Алматы : Экономика 2000

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Бөлім I. Қаржы нарығы.
1. Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы
2. Қаржы нарығы абритаж және нарық тиімділігі

Бөлім II. Нарық жағдайындағы қаржы – несие жүйесі.
1. Несие – Банк жүйесі
2. Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы
3. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және Мемлекеттік қарыз

Бөлім III. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығы.
1. Қаржы нарығының ерекшелігі
2. Қаржы нарығында қолданылатын ақша агрегаттары
3. Қазақстан Республикасындағы валюта саясаты

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы қаржы
нарығы”.Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімнің тақырыбы “Қаржы нарығы”, бұл тақырыпта негізінен екі
тақырыпшадан тұрады.
Бірінші тақырыпшада “Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы”.
Мемлекеттік, экономиканың алғашқы буындарының алғашқы қаржылары, халықтың
қаржысы қаралады.
Екінші тақырыпша “Қаржы нарығы: абритаж және нарық тиімділігі” деп
аталады. Мұнда негізгі көзделетін мәселелер: абритаждың түрлері, нарық
тиімділігінің түрлері, нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер және тағы
басқалар.
Екінші бөлімнің тақырыбы “Нарық жағдайындағы қаржы несие жүйесі”. Ол
негізінен үш тақырыпшадан тұрады: несие банк жүйесі, бағалы қағаздар және
оның айналу мәселелері және қор биржасы, мемлекеттік бюджет және бюджет
тапшылығы.
1. Несиенің түрлері, несиенің қызметі, банк жүйесінің тәжірибелері,
Ұлттық банк қызметі, коммерциялық бюанктердің классикалық қызметінің
векселдік айналымға негізделген жүйесі және тағы басқалар осы тақырыпшада
қаралады.
2. Бағалы қағаздар, капитал салудың сенімділігі, облигацияның түрлері,
бағалы қағаздардың сауда – саттық орталығындағы орны туралы мәселелер осы
тақырыпшада анықталады.
3. Бюджет тапшылығы, мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары,мемлекеттің
ішкі және сыртқы қарыздары және мемлекеттік шығындар үшінші тақырыпшада
қарастырылады.
Үшінші бөлімде көзделетін негізгі тақырып “Қазақстан Республикасындағы
қаржы нарығы”. Осы тақырыпта Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының
жетістіктері мен кемшіліетері қаралады. Осы орайда үш тақырыпша үшінші
бөлімді толықтырады: қаржы нарығының ерекшелігі, қаржы нарығында
қолданылатын ақша агрегаттары, Қазақстан Республикасындағы валюталық
саясат.
Бірінші тақырыпшада көзделетін мәселелер: Қазақстандағы капиталдың
нақты секторға еркін бағыттай алатын қор нарығының қалыптасуына айрықша
көңіл бөлу керектігі,нарықтық экономикаға бет бұрған өркениетті мәдениеттің
айқын сипаттары, дамыған қор нарығындағы трансферттік менеджменттің
талаптары, осы секілді жөнсіздіктер салдарынан акциялар пакеті басқаруға
берілген компаниялар.
Екінші тақырыпшада ақша жиыны, орташа ресми айырбас бағамы, орташа
жылдық бағамдар формулалары қаралған.

Үшінші тақырыпшада Қазақстан Республикасының валюта жүйесі қаралады.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі мен субъектісі,
нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің
тәуелсіздамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі, Қазақстан заңдарына
сәйкес шетел валютасын сатып алу және сату анықталады.

Бөлім I. Қаржы нарығы.
1. Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы.

Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара
байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы
буының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б) және халықтың қаржысы.
Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың-бірлестіктер,
трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ
қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістік салалық ерекшеліктеріне
байланысты өндірістік қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары және
т.б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша
сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқаруы
үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты және құқтық
тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.
Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорынның өндіріс
пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен
аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу
және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша
қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл-ауқатын жоғарлату
мақсатына жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін
қаражаттар жиналды. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда
шоғырланған қорлар көлемді инвестиция, субсидия және дотация түрінде халық
шаруашылығына қайта оралып келеді.Сондықтан барлық қаржы жүйесінде
мемлекеттік қаржы шешуші роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан
құралады.Оны жасаудағы басты мақсат уақытшабос ақша қаражаттарын
мемлекеттің, кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың мұқтаждарына
жұмылдырып жұмсау болып табылады. Әкімшілік - әміршілік басқару жүйесі
жағдайында қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, министрліктердің
қаржы жоспары, банктердің несие жоспарлары және т.б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыру және
шаруашылықты жүргізудің жаңа нысандарына өту жағдайында қаржы ресурстарының
әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қарар, қаржы
ресурстарын министрліктер арқылы салааралықбөлу біршама қысқарды. Бұның өзі
кәсіпорындардың қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну және оларды
сату арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.
Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принципті ақпаратты
ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы нарығын
құру үшін бағалы қағаздар эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру және
ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу
қажеттілігі пайда болды. Өтпелі кезеңде қаржы нарығының дамуы қаржы несие
жүйесін қайта құру проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықты экономикаға
тән қаржы қатынастарының екі типі – бюджеттік және нарықтық бір – бірімен
тығыз байланыста болады. Мемлекеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер,
сондай-ақ бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс және
азаматтардың табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады және оны
мемлекеттің мақсатына сәйкес қайтарылымсыз бюджет қаражатымен бөлу арқылы
пайдаланылады.
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықтық пайдаланумен
толықтырылуы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді
және оны пайдаланудың бағасы нарық заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным
негізінде орнығады. Қаржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және
адамдар ақша қорлары арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығы
қосымша қаржы көздерін тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз
кәсіпорындардың шын мәніндегіөзін - өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Қаржы нарығы жоқ жағдайда ақша ресурстарын бюджеттік әдіспен
пайдалану басым болады. Ондай әдіс біздің осы уақытқа дейін жүргізген
шаруашылық механизіміне тән болады.Ақша ресурстары мемлекеттің қолында
шоғырланды және мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі
қайтадан бөлінді. Несие жүйесінде тек мемлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал
олардың қызметтерінде кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары
және несие ресурстары, оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей “тек
жоспар бойынша ғана” бөлінді. Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс
жасайтын рентабельділігі (табыстық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды,
жалпы ұқыпсыздық жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді.
1965 жылы басталған шаруашылық реформалардың нәтижесінде кәсіпорындардың
қаржы ресурстары едәуір өсті, бірақ оларды пайданану қатаң бақылауда
болады. Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорындар мен адамдар, кәсіпорындар
мен банкілер арасында қайта бөлуге тыйым салынды.Кәсіпорындардың қаржылары
олардың банкідегі есеп шоттарына процентсіз сақталды.
Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндеттері,
яғни бағалы қағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және
кәсіпкерлік негізге көшіру, сондай-ақ қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту
қажеттігі тұр.
1.2 Қаржы нарығы: абритаж және нарық тиімділігі.
Жақсы жұмыс атқарып жатқан қаржы нарығының негізгі айнымас қасиеті, олардың
қатысушылары табыс табу үшін жаңа мүмкіншілікті іздеуді жүргізуі. Олардың
айналысатын ақша сомалары сондай үлкен, ал қосымша тәуекелді қажет ететін
мәмілелербес минуттан көп тұрып қалмайды және де ақпарат ағыны соғырлым тез
ауысып отырады. Осы себептен нарық тиімділігі нөлдік абритаж шартын құрады,
яғни абритаж мүмкіншілігін жояды. Абритаждың көп түрі бар. Кең көлемді
абритаж инвесторлар кез келген бір активтің әр түрлі биржаларда бағалар
сәйкессіздігін тапқанда пайда болады. Мысалы, үлкен коммерциялық банктер
бір-бірінен банкаралық пайыздық мөлшерлемеге қарызға ақша алады.

14 Франкфуртбанкаралық нарығы
Лондонбанкаралықнарығы
12

10

8

6

4

2
% жыл 1978 80 80 80 80 80 80 80 80 80
2000

1978-1998 жж. Үшайлық міндеттеме бойынша неміс маркасы мен ішкі пайыздық
мөлшерлемелер арасындағы байланыс.
Суретте Франкфурт пен Лондондағы неміс маркасын қарызға алудың
пайыздық мөлшерлемелері салыстырылған. Осы мөлшерлемелер арасындағы
қатынаста айырмашылық пайда болғанда, екі жақта да жұмыс атқаратын кәсіби
банктер “арзан” жақтан қарыз алып, “қымбат” жаққа несие береді, солай пайда
табады. Суреттен абритаж жақсы жұмыс істеп отырғанын байқай аламыз, тек
қана 1979 жылдың соңында – 1980 жылдың басында ғана қысқа мерзім ішінде
Германияда табыс салығын шетел дипозиттеріне енгізгеннен кейін абритаж
жұмысын атқара алмай қалады.
Нарық тиімділігінің принципі. Қаржы нарығында тартылған үлкен көлемді
қолма-қол қаражат пен техникалық құрылымдары осы нарықтан белгілі бір
“тиімділікті” талап етеді. Нарық тиімділігін жүзеге асыру үшін екі шарт
орындалуы керек: біріншіден, нарық болашағы туралы ақылы және ақысыз
ақпараттарды дұрыс таңдап, талдау өткізіп отыру керек.
Егер нарық тиімді болса, онда нарықтан тыс ақпараттарды жинау өз
мағынасын жоғалтады. Егер бүгін акцияларға баға төмендеп жатса, бізге анық
себебін іздеу қажет емес, нарық керек ақпаратты алып, қажетті қорытынды
жасайды. Біз оның бағалағанымен келісеміз.
Нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер күдіксіз, нақты, бүкіл дүниенің
қаржы нарықтары үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттарды қабылдай отырып,
тиімді жерде жедел әрекет жасайды.

Валюта Биржа Мәміле сомасы
Неміс маркасы Чикаго сауда биржасы 125 000
Жапон иенасы Чикаго сауда биржасы 12.5 млн.
Австралия доллары Чикаго сауда биржасы 100 000
Швейцария франкісі Халықаралық ақша нарығы 125 000

Кесте үш қордың биржасындағы 1990 ж. шілде – 1991 ж. қаңтар айлары
аралығындағы орташа индекс бағасы келтірілген. Тамыз айының басында
Кувейтке шабуыл жасалуы және сонымен байланысты оқиғалар бүкіл индекстердің
динамикасын қалыптастырып, оған қоса қарсы реакция мен жоғарлату трендігін
құрды. Осы ақпараттарды нарық экономикалық әрекет пен валюта бағасы
тұрғысынан бағалап отырады. Мұндай дерек, нарық тиімділігі тек қана ақпарат
жинауына ғана емес, сонымен бірге ол ақпаратты дұрыс талдауына байланысты.
Кейбір жұмыстарда, нарық тиімділігінен статистикалық ауытқулар көрсетілген.
Мысалы, егер бүгін кейбір активтердің бағасы түссе, біраз уақыттан кейін
олар бұрынғы деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан нарық осыған тым қатты көңіл
бөліп, тиімділігін жоғалтуы мүмкін. Қалай? Осы активтерді бүгін сатып
алсақ, ертең олар пайда әкеледі деген оймен бүкіл арзан активтерді сатып
ала бастайды да, қайта бұрынғы деңгейіне көтереді. Бірақ дүниежүзілік
тәжірибе осындай жағдайлардың аздығын көрсетеді. Неліктен? Жауап
тәуекелділікті қабылдауында жатыр.
Неліктен және қай жағдайларда нарық тиімділігінің анық ауытқулары
пайда болады?
Осы нәтиженің түсіндірмесін нарықтың ирроционалдығына жатқыза аламыз.
Бірақ бұдан басқа себептер де бар. Олардың біреуі – ол нарықта тәжірибелі
саудагерлермен қатар тәжірибесіз жанкүйерлердің жұмыс істеуі. Келесі себеп
– оңтайлы алыпсатарлық көпіршіктердің болуы.
Саудагерлердің барлығы оңтайлы болуы керек емес. Олардың
кейбіреулерінің ғана активтердің нақты бағасы туралы нақты ақпараттары бар,
ал қалғаны тек қана айқай – шулы саудагерлер. Осы айқай – шулы саудагерлер
дұрыс хабардар болмағандықтан, немесе ирроционалдық болғандықтарынан
өздерін осылай ұстайды. Нәтижесінде олар басқа хабардар бәсекелестерінен
жеңіліп қалады. Шулы саудагерлер нарықта бірін – бірі алмастырып, біреулері
келіп, екіншілері ұтылып қалып кетіп жатады. Кәсіпқойлардың тиімді және
оңтайлы мінез – құлықтарына қарамастан, акция бағалары өзінің түбегейлі
мәнінен ұзақ уақытқа ауытқуы мүмкін.
Тиімділіктің ауытқуының келесі түсіндірмесі көпіршіктермен
байланыстырылады немесе нарықтық бағасының шын мәніндегі бағасынан тұрақты
ауытқуына байланысты.
Тарихта “көпшілікке” байланысты көп мысалдар бар. Олардың бірі XVII
ғасырда болған бүкіл дүниеге танымал голландық “қызғалдаққа қызығушылық”.
“Көпіршік” қызғалдақтардың экзотикалық түрлерін қозғады, демек
түбегейлі бағалылығы бар.
Суретте 1637 ж. алғашқы екі айдағы қызғалдақтардың бағалары
көрсетілген, баға 3000% өсіп, одан кейін құлдыраған.

0.18

0.16

0.14

0.12

0.10

0.08

0.06

0.04

0.02

0
БағаҚұн1 10 20
30 10ақпан
қаңтар

“Қызғалдаққа қызығушылық” 1637.
Тағы бір мысал, қызғалдақтың кейбір сортына баға 1637 жылдың екінші
қаңтарында әдеттегіден 20 есе жоғары болады. Осы заманғы мысалдардан, 70-
жылдың соңындағы алтынның өсуі және дүниежүзілік қор нарығында Жапония,
Ұлыбритания, Швеция және т.б. мемлекеттерде жылжымайтын мүлікке 80-жылдары
бағаның өсуі. Осының әрбір мысалында нарық қатысушылары дүрлігіс жалғаса
береді.
Бөлім II. Нарық жағдайындағы қаржы – несие жүйесі.
1. Несие – Банк жүйесі.

Ақша қорының ауыспалы пайдаланымы кезінде кәсіпорын, бірлестік,
акционерлік қоғам, холдинг, трест, концерн мен шығын және орта бизнес
серіктестіктерінің өндіріс уақыты мен өнім айналысы арасындағы
айырмашылыққа байланысты шаруашылықтың кейбір бөлімшелерінде уақытша ақша
қорының пайда болғандығын байқаймыз. Ал, қалған бөлімшелерде ақша қорына
қажеттілік туып отырады.Осы мүмкіндіктер несие – банк жүйесінің өмір
сүруіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тұрғындар мен әртүрлі ұйымдарда уақытша
еркін қалған ақша қорлары пайда болады.
Банк ұсынатын несиелер – қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді
болып жіктеледі. Қысқа мерзімді несие бір жылға беріліп, айналым қорларын
қалыптастыруға жұмсалады. Орта мерзімді несие екі-үш жылға жаңа құрылысқа,
өндірісті техникалық қайта қаруландыру және жаңғыртуға, жаңа техника мен
технологияға беріліп, олардың үш жылда қайтарымды болуы міндетті.
Ұзақ мерзімді несие он жылға және одан да көп уақытқа беріліп,
кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға жұмсалады. Бұл несие тұрғындардың,
жеке үй, пәтер соңына және оны сатып алуы үшінде беріледі.
Несиенің бірнеше түрі бар:
а)банктік,
ә)чектік,
б)коммерциялық,
в)тұтыну,
г)халықаралық.
Банктік несиеде клиент векселі дисконттанып, оған есеп-шот ашылады.
Есеп-шотқа дисконталған вексельдің құны салынады.
Чектік несиеде банк қарыз соммасын ұсынады. Осы сала көлемінде клиент
төлемдерді өтеу үшін чек жазып береді. Берілген уақыт мерзімінде қарыз
өтелуі қажет.
Коммерциялық несие төлемдерді төлеуді созу үшін береді.
Тұтыну несиесі – тұтынушыға тауар мен қызмет төлемдерін соза орындау
үшін қажет.
Халықаралық несие сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайды.
Несие өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас
тұрғысынан, банктер – несие – қаржы мекемесі. Банктің негізгі қызметі
тұрғындар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың еркін ақша қорларын тартып,
қорландыруды жүзеге асыру.
Банк жүйесіне әлемдік тәжірибе көрсеткендей ұлттық банк, басқада банк
ұйымдарының түрлері және арнайы осы сала мекемелері де жатады. Сондай-ақ,
коммерциялық, сақтандыру, инвестициялық топтар мен кей елдерде ипотекалық
банктер де жатады. Аталған мекемелердің әрқайсысы өз қызметін атқарады.
Ұлттық банк ақша эмиссиясымен, мемілекеттік бағалы қағаздарды сатып алу
және сатумен айналысып, коммерциялық және жиынтық банктегі несие
резервтерін реттейді.
Коммерциялық банктер кәсіпорын мен компониялар тұрғындардың бір
бөлігін ақшалай қорларын шоғырландырып, банктің коммерциялық қысқа, орташа
несие беруін жүзеге асырады. Жинақтық банкілер тұрғындардың салымдарын
шоғырландырумен айналысып, өзінің қорларының денін мемлекеттік бағалы
қағаздарға салады. Инвестициялық банктер бағалы қағазды салуға делдалдық
жүргізіп, өнеркәсіп үшін кеңес беру қызметін жасайды.
Біздің елімізде банк жүйесіне:
• Ұлттық банкте енеді. Оның мекемелері – бөлім, конторлары – барлық
облыста, аймақ пен қалалар да бар. Жалпы біртекті ақша өлшемі
теңгеге негізделіп, олар біркелкі банк жүйесін құрып, резервтік
жүйесі қызметін атқарады;
• Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар түрлі қызмет жасай
отырып, келісім негізінде несие – есепті де жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер әртүрлі меншік негізінде құрылады. Олар –
акционерлік, кооперативтік, шетел банк капиталының қосылуымен жеке банкте
болуы мүмкін. Коммерциялық банкке салынған алғашқы капитал немесе оның бір
бөлігі мемлекетке жатады. Банктің кейінгі атқаратын қызметі тәуелсіз болып,
оның қызметі үшін үкімет ешқандай жауапкершілік алмайды.
Ұлттық банк ресурстарды тарту жағынан коммерциялық банкпен бәсекелесе
алмайды, себебі оның депозиттік пайыз бойынша епті әдіс жасау мүмкіндігі
төмен.
Коммерциялық банктің классикалық қызметі вексельдік айналымға
негізделген. ТМД елдерінде бұл қызмет 30-жылдары жойылып, Қазақстан
Республикасында 1997-ші жылы 28-ші сәуірден бастап Вексельдік айналым
туралы заңын қабылдаумен енгізілді. Вексельдік айналым коммерциялық
несиені жүзеге асырсада, қазіргі алатын үлес салмағы шамалы ғана.
Кәсіпорынның тауар айналысы арқылы қызметіне вексельдік айналым бақылау
жасауды қамтамасыз етеді.
Банк мекемесінің басты табыс көзі болып берген қарыздың пайызы
саналады. Сондай-ақ банктің шығындары да бар. Оларға: тұрғын-жай арендасы
немесе оны сатып алу, қызметтерді жалдау, басқа мекемелердің қызмет
жасағанына ақы төлеу, ақша капиталы мен сақтандыру қорларын пайдаланғаны,
салымдарға төленетін пайыздар және т.б. жатады. Берілген қарыз бойынша
алынған пайыз жиынтығы, бақада жүргізілген операциялар табысымен бірге және
осыдан банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады.Банк
пайдасының аты маржа деп аталады.
Банкке табыс әкелетін операцияны – активті(қарқынды);ал ақша капиталын
қосу арқылы жасалған операцияны – пассивті деп атаймыз. Қазіргі несие –
банк жүйесіндегі мекемелер бірнеше шартты түрден құралған. Олардың өзара
айырмашылығы активті және пассивті ерекшеліктерімен айқындалады.
Банк ресурстарын - өз капиталы және клиенттер салымы немесе
депозиттері құрайды. Банк ресурстарының көп бөлігі депозит болып табылады.
Жедел депозит және талап ету бойынша депозиттер болады.
Жедел депозиттер банктерде белгілі мерзімге қабылданып, сол уақыты
біткен соң беріледі. Ал, талап ету бойынша депозитті салушы алғысы келгенде
алуға болады. Бұл депозиттер ағымдағы есеп салымы түрінде жатқызылып,
салушы банктен чектік кітапшаны алады. Сол кітапшаны пайдалана отырып,
салушы салым мөлшері деңгейінен кез келген сомаға чек жазу құқығына ие
болады.

Аталуы Активті(қарқынды) Пассивті(қарқынсыз)
операция операция
Эмиссиялық банктер Мемлекет пен Банкноттарды шығару,
коммерциялық банктерге мелекеттік бағалы
берілген қарыздар. қағаздарды сату.
Мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып алу.

Қысқа және орта
Коммерциялық банктер мерзімге қарыздарды Тұрғындар мен
беру. Мемлекет кәсіпорындардың ақшалай
облигациясын сатып алу.салымдары.


Облигация мен акцияны
Инвестициялық банктер орналастыру. Қаржы Банк несиелері.
операциясындағы
делдалдық.

Ұзақ мерзімге
Сақтандыру қоғамдары. қарыздарды беру. Жеке Жеке адамдар мен
облигацияларды сатып кәсіпорыннан сақтандыру
алу. Акцияларды сатып сыйлығы.
алу.

Ұзақ мерзімге
Жинақ банкі қарыздарды беру. Тұрғындардың ақшалай
салымы.
Басқаның облигациясы
Инвестициялық мен акциясын сатып алу.Тұрғындарға өз акциясын
компониялар сату.
Қарыздар. Облигация мен
акцияларды сатып алу.
Зейнеткерлік қорлар. Жұмысшылар мен
қызметкерлердің
жарнасы.

2. Бағалы қағаздар және олардың айналу мәселелері. Қор бижасы.

Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма)
мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы
қағаздар табысы иелеріне дивидент түрінде әкелінеді. Қазақстан Республикасы
Президентінің Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы 1996 жылғы 21 –
сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айналымына
акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен дипозит,
сертификаттарды және вексель жіберіледі.
Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды нарыққа еркін сату ҚР-сы 1997-
ші жылғы 15-ші наурыздағы Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына сәйкес
жүргізіледі.
Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек
облигация ие бола алады. Облигация сатушылардың ақша қаржыларын
куәландырады. Сондай-ақ номиналды құнның толтырылу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы жайында
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Ақша қаражаттар нарығы
Қаржы нарығының құрылымы
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы (қор) нарығын зерттеудің теориялық негізі
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
Қаржы нарығы туралы ұғым
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Пәндер