Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі



1. Билер жөнінде бірер сөз. Халық аузынан.

2. Қазақ қоғамындағы билердің атқарған қызметі.

3. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ тарихында алатын орны

4. Қазақ даласында өскен батырларға сипаттама, қазақ қоғамында батырлардың атқарған рөлі.
Билер жөнінде бірер сөз. Халық аузынан.
Үш ұлы би тарихтың дәл мұндай тар өткелінде бірліктен қалған жұрттың
Тірліктен де үміті үзілетінін ашық көрсетті. Қазақ батырларына үш жүзге сауын айтқызып, халықты алқалы жиынға шақырған да сол ұлы бабаларымыз болатын. Үш ұлы бабамыздың даналығы, даралығы, міне осындай қысталаң шақта ерекше білінді. Олар елдің ертеңін дәл болжап, ұрпақты сақтап қалудың, туып-өскен жерді сақтап қалудың жолында асқан кемеңгерлік көрсетті.
Міне, осы сияқты бір мақсат жолында бірге күрескен он сегізінші ғасырда
өмір сүрген үш ұлы бидің өмірінен бүгінде біз алатын тағылым толып жатыр.
Үш ұлы бабамыз сонау бір қилы кезеңде осы Ордабасының биігіне шығып,
терістіктегі Арыс пен Бөгенге, күншығыстағы Қазығұртқа, Арқа жақтан
мұнартқан Қаратауға қарап тұрып, ел бірлігі, халық ынтымағы туралы кезек-
кезек ой толғаған екен. Кейін айбынды Абылай хан, Қабанбай, Жәнібек,
Наурызбай, Райымбек, Есет, Бөгенбайлардай талай-талай мықты білек, түкті
жүрек батырлар сонда айтылған армандарға түгел жетіп, қазақ даласының
төрт тарабын да басқыншы жаудан түгел арылтып алғанын білеміз.
«Осы арада тағы да ұлы бабалар даналығын еске аламыз»..... «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме, ерінің сағын сындырса , ел мұратқа жетер ме ?!
Есті еріңді ес тұтсаң - өзіңді өзің қорларсың, есеріңді ер тұтсаң – іргеңізден
жау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып, сорларсың да зорларсың. Ел тірегі-ері ер тірегі елі бала білген қауымның басынан бағы кетер ме?! Ел мұраты –
көрешек, ер мұраты- келешек. Көрешегін күйттеген – түбі қоймас сүрінбей.
Жетелі ер адаспас – бағзыдан қалған із бар ғой», -деген екен Әйтеке би
Күлтөбедегі бір жиында.
«Біздің де аңсарымыз – еліміздің көсегесінің көгергені, дәулетті де
сәулетті өсуіндегі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би заманындағы басты
мақсатта дәл сол.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі

1. Билер жөнінде бірер сөз. Халық аузынан.
2. Қазақ қоғамындағы билердің атқарған қызметі.
3. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ тарихында алатын орны
4. Қазақ даласында өскен батырларға сипаттама, қазақ қоғамында
батырлардың атқарған рөлі.

Қазақ қоғамында өмір сүрген батырлар мен билер

Әлібекұлы Төле би (1663-1756 ж.ж)

Байбекұлы Әйтеке би (1664-1700 ж.ж.

Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1756 ж.ж.)

Қалқаманұлы Бұқар жырау (1668-1791 ж.ж.)

Көтіұлы Есет (1667-1749 ж.ж.)

Сарыұлы Ақтанберді (1675-1768 ж.ж.)

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1775 ж.ж.)

Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763 ж.ж.)

Жылгелдіұлы Есгелді (1697-1780 ж.ж.)

Тауасарұлы Қазыбек (1692-1776 ж .ж.)

Тоқтыбайұлы Саңырақ (1692 жылы туылған)

Шақшақұлы Жәнібек (1751 жылы қайтыс болған)

Өтеғұлұлы Өтеген (1699-1778 ж.ж.)

Сартұлы Қойгелді (1702-1782 ж.ж.)

Қожағұлұлы Қабанбай (1703-1781 ж.ж.)

Наймантайұлы Байғозы (1705-1783 ж.ж.)

Хангелдіұлы Райымбек (1705 жылы туылған)

Құттымбетұлы Наурызбай (1706-1781 ж.ж.)

Толыбайұлы Олжабай (1709-1783 ж.ж.)

Датұлы Сырым (1712-1802 ж.ж.)

Қырбасұлы Жауғаш (1738-1787 ж.ж.)

Нұрмұхаммедұлы Жанқожа (1774-1860 ж.ж.)

Әлібекұлы Сыпатай (1782-11867 ж.ж.)

Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833 ж.ж.)

Тайманұлы Исатай (1791-1838 ж.ж.)

Қоңырбайұлы Ағыбай (18021885 ж.ж.)

Өтемісұлы Махамбет (1804-1846 ж.ж.)

Мырзағұлұлы Бекет (1750-1813 ж.ж.)

Әлменұлы Бөлтірік (1771-1834 ж.ж.)

Билер жөнінде бірер сөз. Халық аузынан.
Үш ұлы би тарихтың дәл мұндай тар өткелінде бірліктен қалған
жұрттың
Тірліктен де үміті үзілетінін ашық көрсетті. Қазақ батырларына үш
жүзге сауын айтқызып, халықты алқалы жиынға шақырған да сол ұлы бабаларымыз
болатын. Үш ұлы бабамыздың даналығы, даралығы, міне осындай қысталаң шақта
ерекше білінді. Олар елдің ертеңін дәл болжап, ұрпақты сақтап қалудың, туып-
өскен жерді сақтап қалудың жолында асқан кемеңгерлік көрсетті.
Міне, осы сияқты бір мақсат жолында бірге күрескен он сегізінші
ғасырда
өмір сүрген үш ұлы бидің өмірінен бүгінде біз алатын тағылым толып жатыр.
Үш ұлы бабамыз сонау бір қилы кезеңде осы Ордабасының биігіне шығып,
терістіктегі Арыс пен Бөгенге, күншығыстағы Қазығұртқа, Арқа жақтан
мұнартқан Қаратауға қарап тұрып, ел бірлігі, халық ынтымағы туралы кезек-
кезек ой толғаған екен. Кейін айбынды Абылай хан, Қабанбай, Жәнібек,
Наурызбай, Райымбек, Есет, Бөгенбайлардай талай-талай мықты білек, түкті
жүрек батырлар сонда айтылған армандарға түгел жетіп, қазақ даласының
төрт тарабын да басқыншы жаудан түгел арылтып алғанын білеміз.
Осы арада тағы да ұлы бабалар даналығын еске аламыз ... . Елдің
бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме, ерінің сағын сындырса , ел мұратқа жетер
ме ?!
Есті еріңді ес тұтсаң - өзіңді өзің қорларсың, есеріңді ер тұтсаң –
іргеңізден
жау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып, сорларсың да зорларсың. Ел тірегі-ері
ер тірегі елі бала білген қауымның басынан бағы кетер ме?! Ел мұраты –
көрешек, ер мұраты- келешек. Көрешегін күйттеген – түбі қоймас сүрінбей.
Жетелі ер адаспас – бағзыдан қалған із бар ғой, -деген екен Әйтеке би
Күлтөбедегі бір жиында.
Біздің де аңсарымыз – еліміздің көсегесінің көгергені, дәулетті де

сәулетті өсуіндегі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би заманындағы басты
мақсатта дәл сол.
Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары, білімі
бар.
Тура сөзді әділ жарғыға сансыз адамның батасы тимекші, Батамен ел
көгереді, сондықтан қазақ сияқты көпшіл елде қашанда ханнан гөрі бидің
қадір киесі басым болды. Ханның арқа сүйеуі жарасымды бимен табылады.
Бисіз хан оңбайды, хандықпен қатар қарағы биік бір жерге бас қосса, ондай
ханды ел де сүйеді, ұмытпайды, шежіресінде атын қалдырады. Алты алашқа
мәлім ескі жолды Есім хан, қасқа жолды Қасым хан, тура жолды Тәуекел хан,
жеті жарғылы Әз-Тәуке, ер Абылай бәрі де осындай хандық пен билікке қатар
ие болған қасиетті адамдар. Бұдан біз бидің қазақ қоғамындағы құрметті
ханнанда жоғары тұрғандығын білеміз.
Аумалы-төкпелі, аумағайып замандарды бастан кешкен ханның өзіндік
Басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жажайлаған
шешендері, білімпаз билері болды.
Би ханның көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған
әділет жаршысы. Биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би тұғырына топты
жарып, таразы басын тең ұстап, әділін қара қылды қақ жарып айтқан кісі
көтерілген. Би табиғи дарын, асыл текті ақын, арғыны көре білген көсем,
ақпа-төкпе шешен. Халық қамын ойлаған, ерлікті тудырған замандар болған Әз-
Тәуке, Әз-Жәнібектен, Абылайдан жеткен билік жүйесі болған. Халықта:
Түгел сөздің түбі бір,
Түп атасы – Майқы би - деген сөз қалған.
Қазақтың атақты билері Төле, Қазыбек, Әйтек билерден қалған сөз дәстүрі
ғасырлар бойы үзілген емес. Осы қастерлі мұра, даналық пен қара қылды қақ
жарған, әділдіктің айғағы шешендікпен айтылған билер сөзі ұмтылған жоқ.
Айта кетер бір жай: ер құны, жер дауы, жесір дауына байланысты
әңгімелер көп сақталған. 1

___________________________________ _________________
1. Н.Төреқұлов, М.Қазыбеков. Қазақтың би шешендері
1-том,Алматы 1993 ж
Қазақ қоғамындағы билердің атқарған қызметі.

Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның
қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де
бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қанатты ойлары жөнініде өзіміз де,
өзгелер
де таңдай қағып айтудамыз. Шешендігінің үстіне қазақ халқы-ақын халық.
Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа міннгенің алты ауыз өлеңі бар демекші, кез

келген үлкен- кіші, әйел-еркек ауылдың алты ауызын , қонақ кәде, жар-
жар, беташар, той бастарды домбыраға қосып термелей жөнеледі.
Ал, аналар болса, түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянып, бесік
жырын тербейді. Ақын жыраулар болса, таң бозарып атқанша елін қорғаған
батырлар, билер жөнінде және махаббат хикаясын шертіп, хисса дастан
толғайды.Демек, ақындық пен шешендік өнер егіз. Оны бір-бірінен ажырвта
қарау әбестік.
Ал, би-шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен шешіп
отырған. Шешкенде де хатсыз, харарсыз, ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан.
Ертедегі бір бидің өзі де осы күнгі соттың да, прокурордың да,
милицияның да, ұйым басшыларының да қызметін атқарған.
Билердің атқарған кесім, бітімі көпшіліктің көзінше, ашық аспан
астында,
айдан анық жария боп отырған. Ешқандай құпия, алдын-ала ымыраласу,
пәтуаласу болмаған. Билер өзінің сөзін, билік шешімін, Ал халайық бұған
не дейсіңдер, ризамысыңдар? деп көпшілікке салып, мақұлдасар еді. Бұдан
артық қандай жариялылық, демркратиялық, адамгершілік пен гуманистік
дегенінің өзі осы емес пе?
Сондықтанда да халық өзінің өт ауызды, орақ тілді, қара қылды қара
жара
әділ билік айтатын шешен билерін ханнан да жоғары қадірлеп, сыйлап, олрдың
айтқан кесімді, бітімді сөздерін есінде сақтап келген. Түгел сөздің түбі
бір, түп атасы Майқы би, Төле би былай депті, Қаз дауысты Қазыбек би
айтыпты, Әйтеке би айтқан сөз екен деп ауыздарынан тастамайды.
Осы күнгі ел басқарып жүрген басшы, хатшы, министр, төраға, ғалым,
Заң қызметкерлері арасынан Пәленше министр айтқан шешен сөз, түгенше
ғалым айтқан көсем сөз, ана сот былай депті деген шешен, тапқыр, қанатты
сөздер неге естілмейді? Осының барлығы өзіміздің ежелден келе жатқан ата-
баба дәстүрін сақтамаудан, ана тілімізді ардақтай білмегендіктен, оның
мүмкіншілігін ілгері дамыта алмаудан, тоқырау дәуірі кезінде жалпы халықтық
тіл болады мыс деген сарынға ілесіп, балашаға, тайшы таяғымызбен орысша
сөйлеп, орысша жазып кетуімізден. Расында да әріп таңбасы үш рет өзгеріске
ұшырағаны белгілі. Қазақ халқы өзінің ана тілін өркендетіп, шешендік өнерін
жетілдіре түсу орнына жан-жағына жалтақтап, есеңгіреп қалған жоқ па?
Оның үстіне бай кулактарды конфискелеу, дінге қарсы атейстік на
жүргізілген тұста елі, жері үшін еңірегенде етегі толған хандар, билер
датқа
болыстарды да құбыжыққа айнплдырған жоқпыз ба?
Міне, енді демократиялық, жариялылық, адамгершілік, әділдік заманы
қайта туды. Өлгеніміз тірілді, жоғалғанымыз табылды, енді қайтып
адаспайтындай сабақ алдық. Қазақ елі егеменді тәуелсіз атанды. Қазақ тілі
мемелекеттік тілге айналды. Ауыл менен қалаларда қазақ тілі қоғамы
құрылып, олр іске шұғыл кірісіті. Қазақ тілінде мектептер, бала бақшалар,
жоғары, арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын бөлімдер ашылып,
жастарымыз ана тілінде оқып үйрене бастады.
Ежелден келе жатқан аталы дәстүріміз – шешендік өнерді қайта қалпына
келтіріп, оны жаңа талап, жаңа мақсат-мұратқа сай игілігімізге айналдырып,
ұрпақ тәрбиелеу ісіне, болашақ мүддесіне пайдалану лазым.
Қазақ елі таныған шешен, билерге кенде болмаған. Ұлы Шоқанның
айтуынша оларды халық өздері қалап, би атап отырған, ешқандай арнаулы
сайлау, өкімет тарапынан тағайындау болмаған.
Ал, би болып атанған кісілер өздерінің шешендігін, әділ, төрелік айта
алатын қасиетін көпшілік алдында көрсете білген. Олар барынша адал,
ешкімге бура тартпайын, тура сөйлейтін нағыз шешен ақылгөй, халық
қамқоры болған.Сондықтан да халық Тура биде туған жоқ, туғанды биде
иман жоқ, Жүзден жүйрік, мыңнана тұлпар деп мақалдап кеткен.
Әсте қазақтың шешендік өнері, билік құру дәстүрі Әз-Жәнібек ханның,
Жиренше шешеннің тұсында өркен жайып, Әз-Тәуке ханның кезінде билік
шыңға көтерілсе керек. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даңқы
осы кезде бүкіл қазақ даласына жайылды емес пе? Үш жүздің басын
біріктірген, Түркістан шаһарында хандық, билік ордасын құрған Тәуке ханның
кезінде билер кеңесі құрылып, ол жыл сайын Түркістан, Сайрам шаһарлары
маңындағы Битөбе, Мәртөбеде өтіп отырған.
Билердің кеңесінде үш жүздің атақты билері бас қосқан. Осындай
кеңестің бірінде Қырық рудың қырық биі қазіргі Сырдария облысы Ангрен
өзені жағасындағы Көлтөбе басында Ханабада атты Тәуке ханның ордасында
қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы Жеті жарғы қабылданған.
Күлтөбенің басында күнде жиын деп аталып кеткен сол жиынға Төле би,
Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би,
Қоқыш би, Қара шырын би, Сасық би сияқты т.б. ірі, беделді билер қатысқан.
Қазақ билері ішінде батырлары да (Едіге, Бөгенбай, Қабанбай), ақындары
да (Бұхар, Қазтуған, Бөлтірік, Жанкісі, Қылышбай т.б.) болған.
Ал, Төле би, Саққұлақ сияқты кейбірі кезінде ескіше оқыған, шығыстың
классикалық әдебиетін білетін, сауаты мол, білімдар кісілер еді.
Не керек, осындай елі үшін аянбай еңбет еткен, қасиетті дуалы сөзді
шешен би бабаларымыз осы кезге дейін елеусіз келді, жас ұрпақ олардың
шешендік сөзі түгілі , есімінде біле бермейді. Тіптен олар жөнінде тарихта

да, энциклопедияда да (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым тәрізді бірлі-
жарлы болмаса) жан-жақты жөнді жазылмады. 2.
___________________________________ _____________
2. Н.Төреқұлов. М. Қазбеков. Қазақтың би-шешендері
Алматы, 1993ж. 3-5 бет.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ тарихында алатын орны.

Орта ғасырлық шығыс, оның ішінде түрік, қытай, монғол
жазбаларында, Сондай-ақ кейбір батыс және орыс жиһангерлерінің,
зерттеушілерінің және жаңа замандағы жергілікті қайраткерлердің біз
Қазақстанда Алтын ғасыр дәуірі болады деген құжаттарды жиі ұшыратамыз. Өз
мәні бойынша ол қазақ даласын отарлап алғысы келгендермен оның еркіндігін
аңсағандардың арасында болатын үздіксіз күресті көрсеткен тарихи шындықты
сипаттады.
Ұрпақтардың арманына айналған бұл аңсаудың негізінде әділ төреші, ақыл
мен арды тең ұстаған, әрі шешен, тарихи тұлға бидің атымен
байланыстырылатын әділетті тәртіп идеясы жатыр. Би қазақ даласында
хан болған жоқ. Бірақ ол өзінің жеке қасиеттерімен әлеуметтік мәселелер
биігінде ханнанда жоғары тұрды. Сондықтанда халық арасында: Ханда
қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар деген түсінік
қалыптасқан.
Аса ірі зерттеушілері үшін тірі күнінде Қазақ халқының Геродоты
атанған орыстың көрнекті орыстанушы-ғалымы А. И. Левшин 19 ғасырдың
басында былай деп жазған еді: Кіші орда қазақтарының көрнекті ақыл иелері
қаза халқының да тыныш, бейбіт өмір сүру заңдары мен әділ сот мерейі
үстемдік құрған уақыттары болған деп үнемі айтып отыратын. Автор о кезеңді
халық аңсап еске алатын Алтын ғасыр деп атайды. 3.
Сот әділдігінің көне дәстүрлерін сақтаған билер, олардың айтуынша
ежелгі демократия үлгілерін жүзеге асырған. Ол: істі қарастыру кезінде би
және ақсақал дауласушыларға асқан әділдік танытуды өзінің қасиетті парызы
дейді.
___________________________________ __________________________
3. С.З. Зиманов. Қазақтың ата заңдары Алматы. 2001ж. 16-17 бет.

Ол екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ
шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған деп жазды. 4
19 ғасырдағы қазақтың көрнекті ғалымы және зерттеушісі Ш. Уәлиханов
былай деп тұжырымдайды: билердің беделі Европадағы ақындар, ғалымдар
мен адвокаттар сияқты өздерінің жеке бастарының қасиеттеріне байланысты
болған. Зерттеушінің пікірінше Шекспир мен Гетенің ақындық ұлылығы
үкімет декреттерінен тумаған, өздерінің дарындылығынан туған. Сол сияқты
билердің де беделдері реттелген.
Орта ғасырлық қазақ қоғамының бүкіл құқықтық әлемінде негізгі бил
Дала заңының билігі болды. Ал, оның қорының сақтаушысы, реформаторы
және жүзеге асырушы күші билер болды.
Би ең алдымен – сот. Бидің өзі де, билігі де түп-тамыры халықтың
тарихына байланысты. Сол себепті, ол беделді, дәстүрлі билік қатарында
болады. Ал хан билігін көпшілік бұқара әкім билігі деп таныды. Қазақтың
көрнекті мәдениет қайраткерінің бірі жазғандай: мықты билер тілін алмаған
хандарды бір кезде тақтарынан қуыршақша алып тастап отырған.
Би – халықтың сана сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде
ситпатталады. Оған дәлел ретінде билердің мына кәсіптік ұрандарын
келтіреді:
Шыннан өзге құдай жоқ, малым жанымның садағасы, жаным арымның
садағасы. 5.
___________________________________ ___
4. А.Е. Алекторов Қазақтың ата заңдары
5. Ш. Уәлиханов Алматы. 2001ж. 18-19 бет

Билердің негізгі ісіне айналған бұл ұрандар бойынша адам үшін оның ар –
ожданы мен намысын, адамгершілік, әділдік тұрғыдан қорғауды ең жоғарығы
қадір –қасиет деп санаған. Бұл моральдық құндылықтар әділ сот мәселесіне
тікелей қатысты . Тура бұл туған жоқ, туғанды биде иман жоқ - деген нақты
ережеден көрініс тапты.
Қазақ даласында би болу оңайлыққа түспеген, оған күрделі талаптар
қойылды, тек Құдайдың сүйген құлдары ғана би бола алды. Би боламын
деген адам тек жеке қасиеттерімен танылып қана қоймай бірқатар сатылардан
тұратын сыннан сүрінбей өтуі керек болатын. Далада әділеттің ақ туын
желбіретер биге табиғат берген қасиеттерден басқа шешендік, сөздарлық, ақыл
парасат, қызыл тілде ешкімге дес бермеу және де Қасым ханның қасқа
жолында, Есім ханның ескі жолында, Әз-Тәукенің жеті жарғысында көрініс
тапқан. Дала заңының негізгі қағидалары мен нормаларын жатқа білуі, өзіне
дейінгі атақты билердің елдегі беделі мен ықпалы бірдей болған жоқ, шағын
ауыл, шағын ру бірлестігінен бастап жүзге, ұлысқа, тіпті бүкіл қазақ еліне
жүрген билер болатын. Міне, осыған сәйкес билерге қойылатын талаптардың да
түр – сипаты, қаталдығы да өзгеріп отырған.
Баласының табиғи дарынын байқаған ата – анасы би болу жолындағы
дұрыс бағыт – бағдардағы тәрбие беруге тырысқан. Ең алдымен отбасында
оған қазақтың аймақты сөз өнерін, әдептік – құқықтық дәстүрлері мен
ережелерін үйреткен, логикалық мәселелерді шешуді, яғни соттық қызмет
барысында кездесетін сан – қилы өмірлік мәселенің түпкі негізін табуды
үйренуіне көмектескен, қисынды сөзбен қиюластырған жұмбақ сөздің астарын
табуға баулыған. Бұл қызметті ата – анасы үйреткен, аулына белгілі,
танымал, көпті көрген, өзінің білген түйгенімен өмірлік тәжірибесі бар ауыл

ақсақалдарынан тәлім алған. Мұндай жас жеткіншектің ерте бастан белгілі
билердің алдын көріп, оларға атқашылыққа жүріп, даналылық сатысын
жүргізудің қыр – сырын жас күннен бастап игеруі өте маңызды шарт болып
есептелінген.
Мұндай жолдан билер атасы атанған атақты Төле биде (1663-1756)
өткен. Төленің әкесі Әлібек сол рудағы атақты би болған. Әкесі оны Дала
заңдарының қыр-сырын меңгерсін деп даулы істерді шешуге өзімен бірге
алып баратын. Төле тоғыз жасынан соттық істерге араласа бастады, ал он бес
жасында би болды. Ол кезінде тоқсан жастағы дана қария Жетес бидің, жүз
жастағы атақты Әнет бидің батасын алды. Халық жадында бұл жағдай былай
сипатталады:
Әнет баба бір бума салқылдақ шыбық алдырады: Балам мынаны
сындырып көрші- дейді. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра
алмайды. Енді сол бума шыбықты біртіндеп сындыршы-дейді Әнет баба.
Төле оп оңай сындырады. Әнет баба: бұдан не түсіндің балам? деп сұрайды
Төле: түсіндім баба, ынтымақты, бірлігі мықты елді жауда ала алмайды -
саяқ жүрген таяқ жейді дегенді білдіреді деп жауап беріпті. Сонда Әнет
баба
Бәрекелді балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін елді ауыз бірлікке,
ынтымаққа шақыра біл. Бақ қайда барасың? - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері
Дәстүрлі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы
Еуразия көшпенділерінің потестарлық билік жүйесінің ерекшеліктері
Билер институты
Ақсақалдар соты
Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Ұлыстың билеушісі - сұлтан
Пәндер