Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ

І.ТАРАУ. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
1.1. Бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілері;
1.2. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері;
1.3. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық қүралдар арасындағы рөлі;
1.4. Бюджеттік жүйе түсінігі және экономикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі

II . ТАРАУ. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
2.1. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
2.2. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
2.3. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібі
2.4. Қазақстан Республикасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеті құрылымы

III . ТАРАУ. Қазақстандағы бюджеттің жүйенің мәселелері мен болашағы
3.1. 2006 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын талдау және бағалау
3.2. республикалық бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуді бағалау
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы әлеуметтік.экономикалық жағдайына талдау

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
К І Р І С П Е

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жүмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатьшасыньщ даму тәжірибелерін біліп, дүрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта қүруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.
Экономика бағыты бойынша болашақ білікті мамандар дайыңдаудың негізгі мақсаты - оларды қазіргі уақыттың маңызды біліміне оқыту, оның ішінде: бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және атқару аумағындағы білімге. Айтылған мақсатқа жету үшін оқулықтың авторы нормативтік-құқықтық актілердің ережелеріне сүйене, мемлекеттік бюджет жүйесіндегі теориялық және практи-калық аспектілерді қорытындылай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің негіздерін логикалық тізбекті түрде жазуын, әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің мазмұны мен функциялары, осы аумақтағы заңнамалық және атқарушы органдардың функцияларын толығынан жазуын жөн көрді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. - Алматы: Юрист, 2004.
2. Салық кодексі - «Бюджетке салыктар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. - Алматы: Юрист, 2003.
3. Қазақстан Республикасының заңдары.
4. Указ Президента Республики Казахстан «Об утверждении Положе-ния о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета» от 05.08.2002 г. №917.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары.
6. Министрліктер мен ведомстволардың нүсқаулык материалдары.
7. Бюджетная система Российской Федерации: Учебник / М.В. Романовский и др.; Под ред. М.В. Романовского, О.В. Врублевской. - 2-е изд., исп. и перераб. - М.: Юрайт, 2000. - 615 с.
8. Годин А.М., Подпорина И.В. Бюджет и бюджетная система Российской Федерации: Учебное пособие. - М.: Дашков и К, 2002. - 340 с.
9. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. - Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995. -124 с.
10. Иванова Г.Г., Маковник Т.Д. Казначейская система исполнения бюд-жетов. - СПб: Питер, 2001. - 208 с.
11. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник. - Алматы: РЖ, 1994. - 268 с.
12. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан: Сборник нормативных правовых актов. — Астана: 2002. — 132 с.
13. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений / Под общ. ред. д.э.н. Серикбаева А.С. - Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003. - 194 с.
14. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. - Алматы: Қаржы-қаражат, 2001.-311 с.
15. Рудый К.В. Финансово-кредитные системы зарубежных стран: Учебное пособие. — М.: Новое знание, 2003. — 301 с.
16. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2005.-416 бет.
17. Утибаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. - Ақмола: 1997. - 103 с.
18. Комментарии к Стандартам внешнего и внутреннего контроля ис-полнения республиканского и местных бюджетов: Счетный комитет по контролю исполнения республиканского бюджета - Астана: 2003 -24с.
19. Положение о Комитете Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24.05.1999 г. №626.
20. Положение о Комитете финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19.05.2002 г. №674.
21. О Среднесрочной фискальной политике Правительства Республики Казахстан на 2005-2007 гг. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31.08.2004 г. №918.
22. Правила разработки проектов республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 29.05.2002 г. №592.
23. Правила исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением правительства Республики Казахстан от 05.02.2005 г. №110.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
І-ТАРАУ. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
1.1. Бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама
белгілері;
1.2. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, әрекет ету
шекарасы, ерекшеліктері;
1.3. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және
оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық қүралдар
арасындағы рөлі;
1.4. Бюджеттік жүйе түсінігі және экономикалық мазмұны.
Бюджет түрлері мен деңгейі
II - ТАРАУ. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық
қамтамасыз ету
2.1. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар.
Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
2.2. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
2.3. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібі
2.4. Қазақстан Республикасының 2008 жылға арналған
республикалық бюджеті құрылымы
III - ТАРАУ. Қазақстандағы бюджеттің жүйенің мәселелері мен
болашағы
3.1. 2006 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын талдау
және бағалау
3.2. республикалық бюджетке түсімдердің толық және уақтылы
түсуін қамтамасыз етуді бағалау
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау
ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

К І Р І С П Е

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына
байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-
қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы
ішкі өнімнің өсу қарқыны, жүмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық
курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне
жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін
қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы
қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатьшасыньщ даму
тәжірибелерін біліп, дүрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін
реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта
қүруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік
заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24
жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып,
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі
күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын
көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс-
әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып
дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен
функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды
жұмсау процестері толығымен анықталған.
Экономика бағыты бойынша болашақ білікті мамандар дайыңдаудың негізгі
мақсаты - оларды қазіргі уақыттың маңызды біліміне оқыту, оның ішінде:
бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және атқару аумағындағы білімге. Айтылған
мақсатқа жету үшін оқулықтың авторы нормативтік-құқықтық актілердің
ережелеріне сүйене, мемлекеттік бюджет жүйесіндегі теориялық және практи-
калық аспектілерді қорытындылай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесінің негіздерін логикалық тізбекті түрде жазуын, әр түрлі деңгейдегі
бюджеттердің мазмұны мен функциялары, осы аумақтағы заңнамалық және
атқарушы органдардың функцияларын толығынан жазуын жөн көрді.

І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілері.

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған
экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен
ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір
ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды
және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай
қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің
қатысуымен болатын құндылық бөлу процесіңде орын алуы, екіншіден, жалпы
мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтаңдырылған ақша
қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына бай-ланысты. Осындай барлық
қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық
мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар,
материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы
экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орыңдауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай
мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады,
яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір
қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп
дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық
категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар
өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде
қаржы жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда
бюджет өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды
қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық
қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми
мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы,
ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының
негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік
бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар;
бюджет- ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол
коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат
деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған
мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері,
бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
* ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
* ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырыл-ған қоры;
* ол экономиканы реттеуге арналған қүрал (бюджеттік меха-низм арқылы);
* ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
* ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар мін-детті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде
сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне
байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресур-старға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объек-тивтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
ортальщтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі қүралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуте қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген - ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-
қарсы өтеу операцияларьш есептемегеңде сарап-тамалық ақпарат ретіңде
пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосыңдысын құрайтын жалпы бюджет.
Сонымен қатар, мемлекетгік бюджет термині - мемлекет қүрастыратьш және
басқаратын орта-льщтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынас-тағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын қүрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу
арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырьш іске
асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретіңде қоғам-ның саясаттық және
әлеуметтік дамуьш көрсетеді.
Қүндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет
атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет
етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен үлғайтуыньщ
шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдьщ өндірістің салалық және аумақтық
құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру,
денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз
етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен
сипатталады:
Бөлулік қарым-қатьшастьщ айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет
тарапыңда жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені
қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс-әрекет
салалары арасында құндыльщты қайта бөлуге арналған;
Қүндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым-
қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынаспен тығыз байланысты болса, бүл арада
қүндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байла-ныста
емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің
әлеуметтік-экономикальщ да-муының сүраныстары мен міндеттемелері бойынша
анықталады;
Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбек-терімен өзара тығыз
байланыста, бірақ олардың арасын-да бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда,
себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік
дамудьщ негізгі бағыттарын ақша қаражатта-рымен қамтамасыз етуге әсер
етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір эко-номикалық
категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізде-леді және езіне сай
материалды-қүндылық түрі бар, яғни бюджет-тік қарым-қатынас материалды
түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады.
Бүның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемле-
кеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы
көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемле-кет тарапына, оның
жалпымемлекеттік функцияларьщ орьшдауға арналған, қүндылық бөлу сатыларын
өткен, объективтік экономи-калық формадағы қоғамдьгқ өнім мен үлттық табыс
қозғалысының белгілі бір бөлігін қүрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен
пайдалану - қүндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол қүндылықтың
қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырыл-ған ақша
қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше
экономикалық, үйымдастырушьшық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі.
Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді қүндылық бөлу
процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және
шығыс категориялары айтылады. Бүл категориялар өз алды ар-найы қолданылады,
яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстар-мен (қажетті ақша
қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс - жалпымемлекеттік
функциялар орындауды қаражат-тандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге
арналған.
Бюджет іс-әрекетінің үйымдастырушьшық формалары ретін-де кірістің
түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет
тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады.
Негізінде, бүл мемлекеттің ар-найы заңнамалық актілер қабылдау арқылы
реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді қүндылық бөлу мен қайта бөлу
процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында
болатын ақша қарым-қатынасқа бай-ланысты экономикалық категория. Бүл қарым-
қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру
және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамассыз етуге
пайдалану жоддары арқылы іске асырылады.
1.2. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық
формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы
шаруашылық өз алды болжам-жос-парлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті
ретте, бюджеттік қа-рым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет
етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтан-дырылған қорьшың
қозғалысы жоспарлық форма мен бюджет-тік байланыстың түрақты сипаты
негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы қүжатында - бюджетте,
яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бүл құжатта бюджеттің
экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс бап-тары мемлекеттің
ақша қаражаттарының орталықтандырылған қо-рын пайдалану бағыттары мен оның
қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық
әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық
мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-
жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын
Республикальщ бюджет жөніндегі Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы
жоспарьшың көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар
дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесі соларды
анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал
етуіне шарт-тасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономика ның
бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретіңде
де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек
шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі
қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар
* бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты - ол
халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономи-калық дамуды қамтамасыз етуге
арналған іс-әрекеті. Бұл саясат
* еліміздегі жұмыссыздьщты қысқарту, инфляцияның қарқынын темендету мен
басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика
жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мем-лекеттік қаржы басқарудың
механизмдері мен құралдарьш пайда-ланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар
ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қар-жы қасиеттерімен
сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен
оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік
бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын
атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерек-ше
категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:
* Ұлттық табысты қайта бөлу;
* әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
* экономиканы реттеу мен ынталандыру;
ақша қаражаттарының орталыдтандырылған қорын қалып-тастыру мен
пайдалануын бақылау.
Үлттьгқ табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндыд бөліс құралы ретінде
мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономи-калық маңызын тікелей
әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мем-лекет ауқымыдда ақша қаражаттарын
орталыдтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттьщдыруға
пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақы-тында
және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі
пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде
мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек
емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда
бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейне-ленеді.
Бөлу функцияның мазмүны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика
салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады.
Бюджеттен басқа бір де бір қүндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын
осындай көп ас-пектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде
іске асыра алмайды.
Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке
енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар
арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс қүралдар, операциялық
және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта
бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кіріс-тер бекіту
және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқы-лы жүргізіледі. Мүндай
әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-
экономикалық даму жоспары-на сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор
қалыптастыруын қам-сыздандырады.
Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес сала-лар арасында қайта
бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін
алу арқылы іске асырылады. Со-дан кейін өндірістік емес сала мекемелерін
бюджеттік қаржылан-дыру жүргізіледі Мүндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық
табысты пайдалануьшың құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі
мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта
бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша
қаражаттарының басым жағы орта-лықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан
түседі, бірақ жал-пымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке
кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъек-
тілердің қаражаттары тартылады.
Бөлу функцияны ішкі өнімнің бөлінген қүнын қайта бөлуге пайдалануының
кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір
бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен
кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара
байла-ныстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигі-зетін
әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика
процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ре-сурстарының осуіне әсерлі
болады. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың қүндық қүрылымын
реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі
және мемлекетаралық децгейдегі интеграциялық процестерді үлғайтуда кеңінен
пайдаланады.
Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатьшас-қа түсетін
қоғамдық ондірістің барлық қатысушылар мен эконо-миканың барлық салаларымен
анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза
табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір болігі қайта
бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық ондіріс жүмыскерлерінің салықтық
төлемдері және оларды пайдалануы.
Бюджеттің белу функциясьшың ерекшеліктеріне: бюджеттің қоғамдық
өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткі-зетін жоғары деңгейдегі
іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функ-циясы ақша қаражаттарын экономикалық
және әлеуметтік даму-дың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік
береді де экономиканың жоғары есу қарқьшына жетуі мен оның тиімділігін
жоғарлатуына ықпал етеді.
Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсім-дермен шығындар
көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке
уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір
салала-рында даму қарқыны темендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет
тарапьшан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланба-са, онда
экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономика-лық коньюктура қажетті
деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджет-тік көрсеткіштер экономикадағы осьшдай
кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бүзылған қаржылық
тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып
қолдануға негіз болады.
Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең
әрекетті шекарамен ерекше. Бүл функция эконо-миканың барлық салалары мен
қоғамдық ондірістің барлық қа-тысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке
елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға эконо-
миканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде хабар беруге ке-дергі болмайды.
Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да
өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараган ақпарат
пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компыотерлер
қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары
да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциаддық
қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті
түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында
көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тәнті қасиеттер көрінісі, оларды бәлу
мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет про-цесінде
мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік ме-ханизм арқылы іске
асырьшады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып,
бюджеттік қатынастарды нақты түрде эконо микалық және әлеуметтік сауалдарды
шепгуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және
субъективтік жақта-рьшың арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі
бюд-жеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі
бюджеттің орны мен оның экономиканың даму дең-гейіне тәуелді екенін
анықтайды.
Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың
функциялары қорытынды түрде келесілерді қүрайды:
а) нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдьщ сипаттағы қызмет-
тер: білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.),
ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, субсидиялар және т.б.),
б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен
қамтамасыз ету және т.б.),
в) мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі
бақылау).
Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді
мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің
ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды қүралы ретінде қолданып,
оны экономиканы басқарудың әсершіл қүралына айналдырады. Бюджетті
экономикалық басқарудың қүралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды
қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің
дамуына бағытталған, оның
тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мүқтаждықтарын қанағаттандыруға
арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.
Бюджеттік қатынастарды пайдалану қүқықтық формада болғандығы оған өте
үлкен ұтқырлы және үйымдастырушылық мән береді. Экономикада тауарлы-ақша
қатынасс болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады,
яғни натуралды-
заттық және құндық (ақшалай). Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің
құрылымдық бөлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен
оларды жүмыс күшімен қамтуды,
ал құндық форма ақшалай каражаттарды анықтауды қарастырады.
Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының
салдарынан қоғамдық өндірістің қүндық қүрылымын реттейтін мүмкіншілік
болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Қүндьшық қүралдарды
(қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің
қүрьшымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға
мүмкіндік береді.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономика-ның салалық және
аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын
реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады.
Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру,
экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асы-ру мен басқа да
әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы
басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады,
себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық ендіріс дамуы мен оның
тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті - экономиканы басқару қүралы ретін-де сипаттай
отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту
қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу
нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы қүжат арқылы формада
пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бәлу табиғаты негізінде оны
қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық қүрал ретінде
пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық қүрал ретіндегі
ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең
пайдаланатын қүндық қүралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару қүралы ретінде бюджеттік
бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғүрлым ірі болса,
соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын
уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте
маңызды.
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде ар-найы бюджеттік
механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде
бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі
болады. Бюджеттік механизм - ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға
мемлекеттің қүрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен
қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және
елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Бюджеттік механизмнің объективтік негізі Мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мазмүнын қүрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады.
Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі қүрылымы бюджеттік
механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан,
бюджеттік механизм қүрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар
сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын
қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті
бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді
келесі қүрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын
мемлекет тарапына жүмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына
бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар;
ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.
Бюджеттік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдьша сәйкес
элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жүмылдыратьш бюджеттік
механизм салықтық және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен
сипатталады және ездерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша қүнға
салық, акциздер, мүлік салығы жәпе т.б.) іске асырылады. Мекемелер,
кәсіпорындар мен үйымдарға бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі
принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формарлары арқылы
іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу
механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары та-рапьша бюджет
қаражаттарыныц белгілі бөлігін бекіту мен бюджет-тік реттеудің әр түрлі
әдістерімен сипатталады.
Бюджеттік механизмнің әр қүрылымдық буыны мен элемен-тіне өздерінің
орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ,
бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы
дербестігіне қарамай біртүтас болып қызмет атқарады, яғни барлық қүрылымдық
буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизм-
нің бірыңғай іс-әрекеттін қамтиды.
Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік меха-низмді белсенді
түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына
ақша қаражаттарының қосылы-мын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес
экономиканың салалық және аумақтық қүрылымын жетілдіруде, жалпы барлық
ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар,
мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану форма-ларында
экономиканы басқарудың қүралы ретінде болып, қоғам-дық өндіріске қаржылық
қүжат, экономикалық түтқа және ьгата түрлерінде интегралды әсер етеді.
1.3. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы
реттейтін басқа да қаржылық қүралдар арасындағы рөлі
Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-
әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші жағынан, ол
көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары
деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатьша
қайшы келмейді. Себебі, мемлекеттік бюджет термині өз сипа-тьша
байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі - боліп түратын
қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде
пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің
негізгі қаржы жоспары ретінде бо-луы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне
байланысты, яғни қоғамдық өнімді қүндық бөлістің айрықша саласы ретінде.
Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объек-
тивтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынас-ты
пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте
маңызды.
Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің релі ең алдымен осы
бюджет (әсірісе шығындары) арқылы үлттық та-быс және жалпы ішкі онімді болу
мен қайта белу процестері-мен анықталады. Ол ақша қаражаттарын экономика
секторла-ры, іс-әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып, жалпы
экономикаға әсер етеді, себебі ол барлық үлттық шаруа-шылықтың бюджеті.
Экономиканы реттейтін басқа қаржылық қүралдар арасындағы бюджеттің ролі
өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде
келесілерді ай-туға болады:
* бюджет мемлекеттің қолында үлттық табыстын бір бөлегін оңашаландыруға
байланысты қайта бөліс қатынастарының ерекше экономикалық формасы және
табыстьщ сол бөлігін бүкіл қоғам мен оның әрбір аумақтарыныц
мұқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;
* бюджет арқылы ұлттық табыс немесе сирек - ұлттық байлық экономика
салалары, ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қайта
бөліс атқарылады;
* бюджеттік қайта бөліс пропорциялары қаржыньщ басқа буындарына қарағанда
кобінесе үлғайтылған қайта өнді-рістің жалпы мүқтаждарымең және қоғам
дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында түрған міндеттемелерімен
анықталады;
* бюджеттік қайта бәліс аумағы мемлекеттік қаржы қүрамын-да орталық
орынды қалайды, себебі бюджет қаржының басқа буындарымен салыстырғанда
бастапқы дәрежеде.
Бюджеттік қатынастың бөлістік сипаты мемлекетке бюджет-тік экономикаға
әсер ететін нақты түтқа мен қоғамдық ілгерлік-ке ынта ретінде пайдалануға
мүмкіншілік береді - бүл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа қүндық
түтқаларымен (баға, несие жәнет.б.) бір типті. Бірақ мемлекеттік бюджет
қоғамдық өнімді құндық бөліс саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бұл
оны эко-номиканы басқарудың орталандырылған жалпымемлекеттік құралына -
республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады. Бұл дәрежеде бюджет
қаржы ресурстарының бөлігін орталан-дыру негізінде мемлекет қарастырған
әлеуметтік-экономикалық дамуды қаржыландыруын қамтиды, екінші жақтан
қосымша резервтер айқындау мен сапалық көрсеткіштерді жақсартуға белсенді
әсерін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін
келесідей анықтауға болады.
Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашылығы -
ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында
пайдаланатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты
бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл мемлекетке бюджет
арқылы бар-лық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталандыра басқа-руға
мүмкіншілік береді. Екіншіден, бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа
баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз
байланыста.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономи-
калық, қаржылық және ондірістік көрсеткіштер талданады және анықталады,
қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының бай-ланыстары үйлестіріледі,
сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және
несие ресурстары-мен тұжырымды қиыстыруға жетеді.
Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бюджеттік
көрсеткіштердің нақты-адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс-
әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдала-нуға негіз тудырады. Бюджеттік
көрсеткіштер арқылы қоғамдық қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы
жүрісі мен шаруа-шылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр
түрлі процестерді қадағалауға болады. Бюджет көрсеткіштерін орындау
дәрежесі экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп, сондағы
жаратымды және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.
Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпымемлекеттік бақылау қаржы
бақылау түрінде іске асырылады. Бұл мемле-кеттің экономикалық және қаржылық
саясатып іске асыруға арналған әсершіл құрал Қаржылық бақылау барлық деңгей-
дегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау, жөнінде
есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекет-тің активтері мен гранттарын
пайдалану және т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бұл бақылау
уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық
ұйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі бо-лып табылады.
Қаржылық бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің
экономикалық категория ретіндегі бақьшау функция-сы табылады. Мемлекеттік
бюджеттің бақылау функциясының әрекеті кең шекара мен бәрін қамтушы
сипатпен айрықша таны-лу, соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана
қоғамдық өнім құнын бюджеттік беліс саламен шектелмей бірталай аумаққа
әсерін тигізеді. Сондықтан, қаржьшық бақылауы экономиканың барлық
саласындағы іс-әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді. Оның
іс-әрекет процесінде бюджеттің атқа-руы, ақша қаражаттарының уақытымен және
толық түсуі, оларды тиімді пайдалануы тексеріледі.
Демек, қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъек-тілер мен жалпы
мемлекет бойынша барлық ресурстарды пай-далану бақылауын іске асыру
болады. Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік-
құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік қаражаттар арқылы
іске асы-рып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі
тексеріледі.
Қаржылық ресурстарды бюджет арқылы бөлудің қоғамдық өндіріске әсері
сандық және сапалық жақтарымен сипатталады.
Сандық жагы бюджет арқылы қайта болінген қаржы ресурстары-ның
үйлесімдері мен деңгейі бойынша білінеді. Қаржы ресурстары түсінігі ретінде
мемлекет пен шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарының жиынтық қоры
болғандықтан, олардың өсуінің негізгі факторы болып жалпы үлттық табыстың
үлғаюы табылады. Мемлекеттің қаржы ресурстарының сандық мөлшері жиынтық
қаржы баланста көрсетілуі мүмкін. Мұндай балансқа бюджеттік жүйенің барлық
ресурстарына қоса Үлттық қор ресурстары мен барлық меншік формадағы
шаруашылық субъектілерінің ресурс-тары жатады.
Бюджет арқылы бөлінетін қаржы ресурстардың экономикаға тигізетін
әсерінің сапалық сипаты келесілермен сипатталады: біріншіден, мемлекет
бюджеттік қаражаттар салымының бағытта-рын пайдаланады; екіншіден, мемлекет
осы қаражаттарды экономика дамуьшың қосымша ынта ретінде және оларды
жүмылдыру мен елдің экономикалық өсуін жетілдіру, өндіріс тиімділігін
жоғарлатуға жүмсау әдістерін қолданады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық ынта ретінде басқа экономикалық
ынталардан айыратын белгілі ерекшелігі бар. Бюджет-тің экономикалық ынта
ретіндегі рөлі тек қана бюджеттік қатынас-тар үйымдастыру формалары арқылы
кәсіпорындарды неғұрлым жоғары экономикалық нәтижеге жетуін қүштарлау емес,
оның рөлі ең алдымен бас шаруашылық субъектінің, яғни мемлекеттің
мүдделерін іске асырудағы бюджеттің әрекетімен байланысты. Егер қаржы
ресурстарды бюджеттік қайта бөліс арқылы ғылыми-техникалық прогресс
тездетілсе, қоғам өндірісінің салалық және аумақтық қүрылымы жетілдірілсе,
экономикалық өсудің факторлары белсендірілсе, онда бүл арада бюджеттің
экономикаға тигізген тек сандық әсері ғана емес, мүнда бюджет барлық қоғам
өндірісінің экономикалық рента ретінде сипатталады.
1.4. Бюджеттік жүйе түсінігі жэне экономикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен
деңгейі

Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің ма-ңызды қүрамдық
бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде
мемлекеттің орталандырылған ақша қорын - бюджетті - қалыптасу мен пайдалану
бойынша заңды, жеке түлғалар мен аймақтар арасыңдағы барлығы қаржылық
қатынас-тар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол
қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық
деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және
экономикалық қатынастар мен қүқықтық нор-маларға негізделген бюджеттік
процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп
түсіндіріледі.
2005 жылы қаңтар айының 1 жүлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік
кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе қүрамына
келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
* республикалық бюджеті;
* облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
• аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері
мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе қүры-лымында
Төтенше мемлекеттік бюджет пен ¥лттық қор қарасты-рылады. Елдің бюджеттік
жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жыл-ға Қазақстан Республикасының
заңымен бекітілетін республика-лық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс
бойынша республика-лық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы
қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын
қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республика-лық бағыттарын
іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған.
Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген.
Олар жергіліқті мемлекет-тік органдардың функцияларын қаржымен қамту және
аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және
республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті
Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мүндай бюджет тек қана Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарльгғымен енгізіледі және күшін жояды, егерде
ел аумағьшда төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.
Қазақстан Республикасының ¥лттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері
мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері қүрайды.
Бүл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму
түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру,
экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз
факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруыпың негізі келесі қаржылық қатынастары:
* мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу
процесі жөнінде;
* мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюд-жет тарапынан
қаржыландыру жөнінде;
* мемлекеттіц халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы
төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
* қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы минис-трлігі, Үлттық
банк және т.б.);
мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен. Қаржылық қатынастардың барлық бүл
формалары мемле-кетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен
қүқықтық нормалар негізінде басқарылады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу,
бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық,
тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер
арасьшда басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар
бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады.
Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме
берілген.
Ынтымақтық принцип - бюджеттік жүйенің ұйымдастыру-экономикалық
орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бүл принцип Кеңес
Одағының бюджеттік жүйесінде болды. Қазіргі қезеңде жергілікті билік
органдарының дербестікке ие болғанына және оларға қаржыльгқ ресурстармен
билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық
принцип босаңсытылып қалды.
Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен
мемлекеттік шьгғыстар жалпы бірыңғай жүйесі бар екені осы ынтымақтық
принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен
ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық
болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде
заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына
тиімді бақылау жүргізіледі.
Бюджеттік жүйенің ынтымақтық принципі бірыңғай қүқықтық база, бірыңғай
бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу,
бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдала-ну, статистикалық
және қаржылық ақпаратқа қажетті бюджет-тік құжаттар формаларының
бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және
салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Бүл принципті қолданған бюджетті
қүрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар бюджеттік баптардың
болмауына әсерін тигізеді.
Толыгу принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың
заңнамаларымен қарастырылған, объективті окәне сенімді көрсеткіштер
негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды.
Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар
болуы тиісті емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке
жатқызудың өзара талаптары мен талаптар қүқығына жол беру жіберілмейді.
Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нет-то түсініктері
байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық
қаржы операцияларьш көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының
қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жүмсалған шығын-
дарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді.
Қазіргі кезенде әлемдік тәжірибеде бүл принциптің лайық-тылығы шамалы
деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек
болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы
қүралдарын қалыптасуда орталықтырылған әдіс қолданады, сондықтан 1998
жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған.
Шынайшылық принцип деген бюджегтің қабылданған көр-сеткіштерінің
республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономи-калық дамуының ортамерзімді
жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері
мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы
экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік-
экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.
Шынайшылық принцип бюджет атқару жөнінде есеп беруді бүрмалауын болдырмау
мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті көрсету мен
бекітілген сомалар бюджет-тік белгілеулерге пайдалануын қарастырады.
Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және
бюджеттікрезер-втер барлығымен қуаттандырылған негіздегі барлық кіріс
көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.
Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пән оны атқару
есебі жөнінде бұқаралық ақпарат қүралдарьшда жариялауын керек етеді. Бұл
қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары,
әсіресе қаражат шьіғындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік
салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік бе-реді.
Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады
- ол бюджеттік заңнамалар аумағыңдағы нормативтік-қүқықтық актілер,
бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөніңде
басқа да ақпа-раттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы
мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу.
Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекетінің шарттары болып
дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестпік принципі маңында
олардың кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қальштасу мен
сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бүл
принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде
бөлуін кірістіру мен олардың жүмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізіңде бюджеттік
процесті өз еркі іске асыруына қүқық берумен қамтылады.
Бұл принцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар
деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жүмсау жөніндегі құқықтарын
бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюд-жеттерді атқарған процесте
қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке қайтарьш алуы мен
жергілікті бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса оларға қосымша
шығындар салуы жіберілмейді.
Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буында-рының түсімдер
көздері заңмен бекітілу мен бюджет қүралдарын әрбір деңгейдегі билік
органдарының заңмен анықталған өкі-леттіктері негізінде пайдалану құқықтары
камтиды. Барлық дең-гейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы
саясатының қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарасты-ру мен
бекіткенде олардьщ тапшылықтарының шекті мөлшері тағайындалуы мүмкін.
Бюджеттік жүйе қашанда болса түрақты әрекетте болуы ке-рек, яғни
бюджеттік құрылыста, бюджеттік процесте, бюджеттік процедуралар мен
қатынастарда ешқандай дөрекі өзгерістерсіз. Бұл бірізділік принципке
негізделеді. Ол принцип мемлекеттік басқару органдары бюджеттік қатынастар
аумагындағы бүрын қа-былданған шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді.
Кейбір уақытта мелекетте экономиканың бөлек бір салалары немесе іс-
әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті бо-лады. Осыған байланысты
ел немесе аймақтардың әлеуметтік-эко-номикалық дамуының басымдылықты
бағыттары жасалады. Сон-дықтан, басымдылықтық принциптің түсінігі бюджеттік
жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылыкты бағыттарға сәйкес іске асыруды
білдіреді.
Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік жүйе
әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы көлемінде пайдалана отырып, бюджеттік
бағдарламалар паспорттарымен қарастырылған белгілі бір әсершіл нәтижеге
жету қажеттілік та-лаптарға бағынады. Бүл тиімділік және нәтижелік
принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оньщ керек екендігі больш бюджеттік
құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістік-терді
қамтамасыз ету табылады.
Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюд-жеттік
заңнамалар талаптарьш орындауы тиіс. Сондықтан бюд-жеттік жүйеде жауаптылық
принцип іске асуда, себебі бүл при-нциптің талабы - бюджеттік заңнаманы
бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.
Жоғарыда айтылған принциптер негізінде әр мемлекет өз бюджеттік жүйесін
жетілдіреді, бірақ біртұтас және федералды мемлекеттердің бюджеттік
жүйелерін үйымдастыруда мемле кеттік құрылымына байланысты ерекшеліктер
бар. Мемлекеттің федералдық жайластырушылығына үшбуынды бюджеттік жүйе
сәйкес. Мүндай жүйенің маңында орталық бюджет (одақтық, федералдық),
федерация мүшелерінің бюджеттері (республика, штаттар) және жергілікті
бюджеттер кіреді. Біртүтас мемлекеттер-де екібуынды бюджеттік жүйе
қолданылады - орталық (республикалық) бюджет жэне жергілікті бюджеттер.
Федералды жайластырушылықты мемлекеттерде бюджеттік жайластырушылық
бюджеттік федерализм принциптеріне не-гізделеді. Федерализм басқару әдіс
ретінде мемлекеттің барлық мүдделерін оның әрбір белімдерінің мүдделерімен
тіркестіреді және аумақтардың өздеріне берілген сауалдарды шешу дербестігін
сақтай отырьш, елдің бірлігі мен тұтастығын қамсыз етеді.
Сондықтан, бюджеттік федерализмді федералдық билік пен ұлт-мемлекеттік
және әкімші-аумақтық билік арасындағы әрбір деңгейдегі бюджет кірістерін
оңтайлы, ғылыми-негізді бөлу мен олардың шығындарын қаржыландыру
себебіндегі қатынастар деп анықтауға болады. Бюджеттік федерализм төменде
көрсетілгендей негізделеді:
* федералдық бюджеттің бастаушы рөлін сақтап, аумақтық бюджеттердің
дербестігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы мүдделерді
тіркестіруге;
* әрбір буынның бюджеттер құқықтарының теңбе-теңдігі мен үшбуынды
бюджеттік жүйе барлығына;
* аймақтарға қаржылық жәрдем көрсету мен олардьщ да-муын теңестіру
мақсатына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік процестер
Бюджет процессі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті – қаржы жүйесінің категориясы ретінде
Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері
Мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары
Бюджеттік жүйе
“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ: БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ
Жергілікті бюджет түсімдері
Пәндер