Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы



Мазмұны

Бет

Кіріспе 5

І БӨЛІМ. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7
1.1.«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ұйымдық құрлымы, қаржы.экономикалық
жағдайы 7
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы 15

ІІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі 19
2.1. Бухгалтерлік баланс. қаржылық талдаудың ақпараттық
негізі ретінде 19
2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп 27
2.3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды
есеп 30

ІІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 33
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері 33
3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау 42
3.3. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау 51
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 60

Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар 73

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 76

Тіркемелер 84
Кіріспе
Қазіргі кезде есептеу процедуралары мен принциптерін стандарттауды Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты мен Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандартын – БЕХС және ҚЕХС (International Accounting Standards, IAS and International Financional Reporting Standards) жасайтын және жариялайтын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша Комитет жүргізеді. Қазіргі кезде көптеген елдердегі компаниялар есепті жүргізу үшін ҚЕХС қолданады.
Соңғы жылдары Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаржылық есептіліктің халықаралық Стандартына өту бойынша әрекеті айтарлықтай белсенді жүргізілуде. Үкімет тарапынан бұл бағытта алғашқы қадам 2003 жылы жасалды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2003 жылы 15 мамырда №88-Р өкіметтік “2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту бойынша шаралар жоспарын” бекіту туралы өкім шығарды. Жоспарда қаржылық қорытынды есептің халықаралық стандартына өтудің келесі мақсаттары мен міндеттері құрылды: “бугалтерлік есептің жүйесін реформалау мақсаты – бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарымен сәйкестендіру. Реформа міндеті келесіден тұрады: пайдаланушыларды, соның ішінде инвесторларды, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету; Қазақстандағы бухгалтерлік есеп реформаларының халықаралық деңгейдегі стандарттардың негізгі үндесу тенденцияларымен үйлестіруді қамтамасыз ету; бухгалтерлік есептің үлгілерін түсіну мен ендіруде ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету”. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есептілікті құрудың жаңа методологиясы терең зерттеу жүргізуді талап етеді.
Диплом жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында қаржылық қорытынды есепті құрудың теориялық мәселелерін зерттеу , нақты бір ұйымның қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының мазмұны мен құрылымына зерттеу жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, сондай-ақ субъектінің қаржылық жағдайына талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты дипломдық жұмыста алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
- нарықтық эконмика жағдайында қаржылық қорытынды есеп берудің теориялық мәселелерін зерттеу;
- нақты кәсіпорынның экономикалық даму жағдайына зерттеу жүргізу;
- субъектінің қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының құрылымы мен мазмұнына зерттеу жүргізу және оны ары қарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың халықаралық стандарттары мен методикалық нұсқаулары, сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен талдау мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды.
Зерттеу жүргізу объектісі Алматы қаласындағы “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның соңғы екі жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. 1 “Қаржылық есептілікті дайындап тапсыру” Халықаралық стандарт
2001
2. Қазақстан Респубдикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық
қорытынды есеп беру туралы” Заңы. Алматы 2002
3. Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарты. Алматы Есеп 1998
4. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж..Г. Жумағалиева “Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау” Оқу құралы. Алматы Экономика 2001
5. Бухгалтер бюллетені - №3, қаңтар2006 БИКО баспа үйі
6. Бухгалтер бюллетені - №6, ақпан 2006 БИКО баспа үйі
7. Бухгалтер бюллетені - №14, сәуір 2007 БИКО баспа үйі
8. Байболтаева Н.Ә. Бухгалтерлік ескп принциптері. Алматы 2006
9. Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың концептуалдық
негіздері. Алматы: Қаржы-қаражат, 1996
10. Сборник методических рекомендаций по применению
Международных Стандартов Финансовой Отчетности. Алматы: БИКО
2006
11. Ефимова О.В. Как анлизировать финансовое положениепредприятия
(практическое пособие). Интел-синтез,1994
12. Ковалев А.И. Привалов В.П. Анализ финансового состаяния
предприятия. Москва: Центр экономики и маркетинга, 1995
13. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік
есеп. Оқулық Экономика 2005
14. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т., Шмид О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік
есеп. Алматы: «Қазақстан орталық аудит» тәуелсіздік аудиторлық
компаниясы, 2003
15. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.С. Методика финансового анализа. Москва
Информ 1995
16. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной
деятельности и аудит Москва перспектива 1994
17. Энтони Р., Рис Дж. Учет: ситуации и примеры. Москва: Финансы и
статистика, 1993
18. Финансовый анализ деятельности фирмы. Москва: ИСТ-Сервис, 1994
19. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего
субъекта: Учебное пособие. Москва: Финансы и статистика. 1994
20. Финансовый учет 1. Учебное пособие. Алматы: Институт
профисиональных бухгалтеров и аудиторов РК.
21. Финансовый менеджмент:теория и практика. Учебник под ред.
Е.С.Стояновой. Москва: “Перспектива” 1996
22. Клейнер Г.Б., Петросян Д.С. Отценка финансового предприятия.
Финансовые и бухгалтерские консультаций. Контакт Инвест Фонд 1995
23. Палий В.Ф. Основы калькулирования. – М.: Финансы и статистик1987
24. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия РК Алматы
1996
25. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности.
Утверждены директором Департамента Методологии бухгалтерского
учета и аудита.Министерство финансов РК 21.05.97г №7 Бюллетень
бухгалтера,1997
26. Радионова В.М. Федотова М.А.Финансовая устойчивость предприятия
в условиях инфляции. Москва “Перспектива” 1995

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет
Кіріспе
5
І БӨЛІМ. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 7
1.1.Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ұйымдық құрлымы, қаржы-экономикалық
жағдайы
7
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы 15
ІІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі
19
2.1. Бухгалтерлік баланс- қаржылық талдаудың ақпараттық
негізі ретінде
19
2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп 27
2.3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды
есеп
30
ІІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 33
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері 33

3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен
құрлымының динамикасын талдау
42

3.3. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау
51
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
60
Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар
73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
76
Тіркемелер
84

Кіріспе
Қазіргі кезде есептеу процедуралары мен принциптерін стандарттауды
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты мен Қаржылық есептіліктің
Халықаралық Стандартын – БЕХС және ҚЕХС (International Accounting
Standards, IAS and International Financional Reporting Standards) жасайтын
және жариялайтын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша
Комитет жүргізеді. Қазіргі кезде көптеген елдердегі компаниялар есепті
жүргізу үшін ҚЕХС қолданады.
Соңғы жылдары Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаржылық
есептіліктің халықаралық Стандартына өту бойынша әрекеті айтарлықтай
белсенді жүргізілуде. Үкімет тарапынан бұл бағытта алғашқы қадам 2003 жылы
жасалды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2003 жылы 15 мамырда
№88-Р өкіметтік “2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында қаржылық
есептіліктің халықаралық стандарттарына өту бойынша шаралар жоспарын”
бекіту туралы өкім шығарды. Жоспарда қаржылық қорытынды есептің халықаралық
стандартына өтудің келесі мақсаттары мен міндеттері құрылды: “бугалтерлік
есептің жүйесін реформалау мақсаты – бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін
нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарымен сәйкестендіру.
Реформа міндеті келесіден тұрады: пайдаланушыларды, соның ішінде
инвесторларды, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету; Қазақстандағы
бухгалтерлік есеп реформаларының халықаралық деңгейдегі стандарттардың
негізгі үндесу тенденцияларымен үйлестіруді қамтамасыз ету; бухгалтерлік
есептің үлгілерін түсіну мен ендіруде ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету”.
Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есептілікті құрудың жаңа
методологиясы терең зерттеу жүргізуді талап етеді.
Диплом жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында қаржылық
қорытынды есепті құрудың теориялық мәселелерін зерттеу , нақты бір ұйымның
қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының мазмұны мен құрылымына зерттеу
жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, сондай-ақ
субъектінің қаржылық жағдайына талдау жасау болып табылады. Осыған
байланысты дипломдық жұмыста алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
- нарықтық эконмика жағдайында қаржылық қорытынды есеп берудің
теориялық мәселелерін зерттеу;
- нақты кәсіпорынның экономикалық даму жағдайына зерттеу жүргізу;
- субъектінің қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының құрылымы
мен мазмұнына зерттеу жүргізу және оны ары қарай жетілдіру жөнінде
ұсыныстар беру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру
жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, қаржылық қорытынды есепті
дайындап тапсырудың халықаралық стандарттары мен методикалық нұсқаулары,
сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен талдау мәселелері бойынша отандық және
шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды.
Зерттеу жүргізу объектісі Алматы қаласындағы “Индустриальное
снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Дипломдық
жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу
жүргізілген кәсіпорынның соңғы екі жылдың қаржылық қорытынды есебі
пайдаланылды.

І Бөлім. Индустриальное снабжение жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің экономикалық сипаттамасы.
1.1.Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ұйымдыққаржықұрлымы, экономикалық жағдайы.
Жеке меншікке негізделген Индустреальное снабжение
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың қазан айынан бастап Алматы
қаласында қызмет істеп келеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі
саласы – құрылыс материалдарын шығарып сату. Сонымен қатар Серіктестік
Ресей, Испания, Германия елдерінен әкелінген арнайы құрылысқа арналған
киімдерді, аяқ киімдерді сатып өткізумен айналысады. Жеке кәсіпорын "
Индустриальное снабжение " жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға
болып табылады , дербес балансы , жарғылық қоры бар .
Кәсіпорын қызметінің мақсаты - жоғары сапалы өнім шығару, заңды және
жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру, ең аз шығынды шығарып,
табысты көп табу. Құрылыс компанияларының қажеттіліктерін қанағаттандыру .
Қазақстан Республикасында кәсіпорынның бірнеше филиалдары бар. Олар:
Батыс қазақстандағы Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақсай қалаларында,
Астанада және Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында орналасқан.
Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Альянс
Банк, және Банк ЦентрКредит ашық акционерлік қоғамында ашылған есеп
айырысу шоты бар.Альянс Банктегі есеп айырысу шоты №005477835,
БанкЦентрКредиттегі есеп айырысу шоты №008357431.
Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
шет елдермен тығыз экономикалық қарым-қатынаста, атап айтсақ Германия
мемлекетіндегі ВТІ құрылыс материал шығаратын компания, Испаниядағы
құрылыс жүргізу үшін арнайы киім тігетін фабрика, Ресейдегі ОМАХ
компания.
Салық төлеуші ретінде Әуэзов аудандық салық комитетіне 2005 жылдың
аяғында тіркелген, салық төлеу бойынша тіркеу №000678008540.
Басқару органдарына жататындар:
1 Кәсіпорын кеңесі. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы –
Қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Ол жылына бір рет сайланады.
Оның құрамына басқару аппаратында жұмыс істейтін адамдар кіреді Бұл жоғарғы
орган серіктестіктің қызметімен байланысты кез келген мәселені талқылауға
құқықты.
2 Функционалдық қызметтер мен бөлімдер.
Индустриальное снабжение ЖШС-нің ұйымдық құрлымы төмендегі сызбада (1.)
келтірілді.
Кәсіпорынды басқару функциясын жүзеге асырушы - бас директор . Ол өз
орынбасарын (директор), құрылыс бөлімшелердің басшыларын , қызмет
басшыларын және бөлімдерін тағайындайды және жұмыстан босатады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын одан әрі жоғарылату үшін басқадай амалдарды
қарастырады.
Директор құрылыс бөлімшелерінің басшыларын өндірістік цехтардың
, учаскелердің , бөлімшелерінің басшыларын тағайындайды және жұмыстан
босатады.
Серіктестік төмендегі құжаттарға сәйкес өзінің қызметін жүзеге
асырады:
- Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
жарғысы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының серіктестік туралы заңы;
- Қазақстан Республикасының басқадай заңдары мен нормативтік-құқықтық
актілері.

Сызба 1.
Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық
ұрлымы.

БАС ДИРЕКТОР

ДИРЕКТОР

ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ

БАС БУХГАЛТЕР АҒА МЕНЕДЖЕР

1-ші бухгалтер 1-ші менеджер

2-ші бухгалтер 2-ші менеджер

Кассир 3-ші менеджер

Бухгалтерия бөлімі
Бас бухгалтердің міндеті:
- Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына басшылық жасау;
- Бюджетпен есеп айырысу операцияларына бақылау жасау;
- Салық бойынша қорытынды есепті, қаржылық есептілікті дайындап тапсыру.
1-ші бугалтердің міндеті:
Кәсіпорынның аванстық есебін есептеп тапсыру, әр күн сайын басқа
филиалдардан келіп отыратын қаржылық жағдайын, яғни олардың кассаларында
қаншалықта бар нақты ақшаны көрсетіп, директордың алдында есеп беру.
2-ші бухгалтердің міндеті:
Кәсіпорынға әкелінген тауарлардың, бөлшектердің,жабдықтардың
құжаттарын қабылдап, 1 С компьютерлік бағдарламадағы тауарларды қабылдау
бөліміне еңгізу. Тауарларды сатылған уақытта, сатылғандығы жөнінде
накладной толтырып жазып беру. Кәсіпорын директорының, бас бухгалтердің
қолы толтырылған құжатта тұруы тиіс.
Кассирдің міндеті:
Кассалық кіріс, шығыс ордері бойынша касса кітабын жүргізеді.
Кассадан берілген немесе кассаға түскен нақты ақша қаражатының құжаттарын
толтырып, оған кәсіпорын басшысының , бас бухгалтердің және кассирдің қолы
қойылады. Ақша алушы алған сомасын жазумен көрсеткен соң қол қояды. Сонымен
бірге кассир еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге
арнайы төлем ведомастары бойынша төлейді. Жұмыс күннің соңында кассир кітап
бойынша кіріс және шығыс операцияларын жинақтап, келесі күнге қалған
қалдықты анықтайды, оның ішінде еңбек ақыға арналған соманы бөліп
көрсетеді.
Менеджмент бөлімі:
Бас менеджер – менеджерлердің жұмысын қадағалап отырады.
1-ші менеджер шет мемлекеттен алып келетін құрылыс үшін арнайы
құрылыс киімдерді Қазақстандағы құрылыс компанияларына сатып өткізумен
айналысады.
2-ші менеджер құрылыс материалдарын сатып өткізумен айналысады және
басқа кәсіпорынға жарнамалайды.
3-ші менеджер құрылыс материалдарын зауыттардан, цехтардан сатып
алумен айналысады.
Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде
97100 мөлшерінде жарғылық капитал құрылған.
Қойылған мақсаттардың шешіміне жету үшін кәсіпорын көптеген
функцияларын жүзеге асырады. Құрылыс өнімді ( жұмысты, қызметті) сатып
өткізер алдында берілген тариф бойынша немесе сатып алушылармен келіскен
бағамен сатады .
Есеп жағына келетін болсақ кәсіпорынға түсетін барлық ақша
қаражаттардың, тауарлы материалдық босалқылардың, негізгі құралдардың толық
есебін жүргізеді.
Зерттеу жүргізілген кәсіпорынның құқықтары және міндеттемелері
келесідей болады :
1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы
экономикалық қызметті дербес жүзеге асырады .
2. Сату , ауыстыру , жалға тапсыру ; ғимаратты басқа кәсіпорындарға
және уақытша пайдалануға беру, жабдықтау, көлік құралдарын жалға беру,
шикізат және басқа құндылықтың , сонымен қатар баланстан жойуға құқығы
бар,егер олар тозған немесе моральдық ескірген болса.
3. Заттық және ақшалы қорларды тапсыру құқығы бар, сонымен бірге
еңбек ұжымының келісуімен басқа кәсіпорындарға экономикасын ынталандыру
үшін және Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі серіктестікке
жұмыс орындайтын, қызмет көрсететін кәсіпорынға ақшалай көмек беру.
4. Бекітілген жарғыны, нормативті құжаттарды, меншік иесінің
шешімдерін міндетті түрде орындау тиіс.
5. Кәсіпорынның сауда құпиясын міндетті сақтау.
Қызметкерлердің еңбек ақы төлеу ең аз мөлшері Қазақстан
Республикасының заң шығаратын актілерінде бекітілген. Атқаратын жұмыс
мөлшеріне байланысты еңбек ақы төлеудің мөлшері кәсіпорын басшысы өз
еркінмен белгілейді.
Қайта ұйымдастыру ( қосылу , бөліну , бөліс , өзгерту ) және қызмет
тоқтату жөніндегі шешім Қазақстан Республикасының заңында бекітілген.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Қаржылық жағдайына талдау жасауға табыстар мен шығыстар жөніндегі
қорытынды көрсеткіш қарастырылады.(кесте 1.1)
Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс ол қаржы
–шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер
т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың
құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталынып көрсетіледі.
Кестеде келтірілген мәліметтерден Индустриальное снабжение
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді (жұмысты, қызметті) сатып
өткізуден түскен табысының 2006 жылды өткен жылмен салыстырғанда
156819035,4 теңгеге көбейгенін көреміз.
Өнімді сатып-өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің
(жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны да 125556159,6 теңгеге көбейген .
Жалпы табыс – ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және
негізгі қызмет нәтижесінде өнімді (жұмысты , қызметті) сатып өткізуден
түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік
құнының айырмасы болып табылады. Жалпы табыс зерттеу жүргізілген
кәсіпорында есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 31262875,87 теңгеге
көбейген.

Кесте 1.1.
Индустриальное снабжение жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2005-
2006 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі көрсеткіш.

1 Көрсеткіштер 2005ж 2006ж Ауытқулар
(+;-) тг.
1 2 3 4
5
1 Өнімді (жұмысты, қызметті)
сатып-өткізуден түскен табыс 11922485,2 168741520,7 156819035,4
тг.
2 Сатып-өткізілген өнімнің
(жұмыстың, қызметтің) өзіндік11083726,5 136639886,1 125556159,6
құны тг.
3 Жалпы табыс тг 838758,77 32101634,64 31262875,87
4 Басқадай табыс тг. - 1260,19 1260,19
5 Кезеңдік шығыстар тг. 894458,79 31710451,93 2276593,14
6 Салық салынғанға дейінгі -55700,02392442,9 392442,9
табыс тг.
7 Табыс салығы бойынша шығыстар
тг. - 117732,87 117732,87
8 Салық салынғаннан кейін табыс-55700,02 274710,03 274710,03
тг.
9 Таза табыс (зиян) тг. -55700,02 274710,03 274710,03

Басқадай табыс өткен жылы боған жоқ. Есепті жылы ол 1260,19 теңгені құрады.
Өнімнің өзіндік құнына кірмей шегерістерге жататын кезеңдік
шығыстар өткен жылы 894458,79 теңгені құрса, еспті жылда олар 2276593,14
теңгеге көбейген. Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс
зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылда 392442,9 мың теңгеге құрса,
өткен жылы 55700,02 теңгеге зиян шеккен, 2006 жылды 2005 жылмен
салыстырғанда 448142,9 теңгеге көбейген. Есепті жылы табыс салығы
117732,87теңгені құрады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі болып табылатын таза табыс сомасы есепті жылды өткен жылмен
салыстырғанда 274710,03 теңгеге көбейгенін көреміз.
1.2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы.
Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру
принципі мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес кәсіпорынға оперативті басшылық жасау мен оны басқару
үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-
алушылардың,кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай
мүдделі тұлғалардыңпайдалануы үшін қажетті кәсіпорынның шаруашылық
процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс
және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің
негізгі міндеті болып табылады.
Шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің
нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра
отырып, “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
- шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы
құжаттардың нысандарынөкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз
бетінше жасап бекітеді;
- өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;
- бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық
бөлінуін жүзеге асырады;
- шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді
қарастырады.
“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік
бухгалтерлік есепті автоматтандырылған нысанда жүргізеді. Бухгалтелік
есептің автоматтандырылған нысаны – бүгінгі күннің талабына сай,
электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан
есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды
есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру проблемасын
шешуде бірінші кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде – есеп апаратының бөлімдерінде есептеу
техникаларының негізінде бухгалтердің жеке автоматтандырылған жұмыс орнын
құру болжанады.
Екінші кезеңде – есеп апаратының ішінде бухгалтердің
автоматтандырылған жұмыс орнының локалдік желісі жасалынады.
Үшінші кезеңде – құжаттаудың және есеп ақпараттарын өңдеудің
локалдық желісі ұйымдастыру және есептеу техникасының құралдарымен бір
жүйеге бірігеді.
Бұл келешекте ақпараттарды өндеудің қағазсыз технологиясын жасауға
мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде басқару және есеп аппаратының жұмыскерлері үшін
автоматтандырылған жұмыс орның құрудың бірінші және екінші кезеңдерінің
міндеттерін шешудің барлық алғы шарттары жасалынған.
Электрондық есептеу машинасынан алынатын жүйелік және хрнологиялық
жазулары бар кез келген құжат есеп регистрі бола алады.
Зерттеу жүргізілген кәсіпорында бухгалтердің автоматтандырылған
жұмыс орнын құру бугалтерлік есепті жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Бугалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі
бағдарламаларпайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қарапайым
есепті жүргізуде де, қосарланған есепті жүргізуде де пайдаланылатын әмбебап
бухгалтерлік бағдарлама – “1С: Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама Қазақстан
Республикасының заңынан туындайтын қандай да болмасын өзгерістер жағдайында
жұмыс істей алады. “1С: Бухгалтерия” бағдарламасын пайдалана отырып
бухгалтер шот тізбегінде, провдкалар жүйесіне және аналитикалық есеп
объектілерінің тізіміне өзі түзету еңгізе алады.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану мынандай
мүмкіндіктерге қол жеткізеді:
- есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін (жылдамдығын) жоғарлатады;
- Аралық ақпарат тасымалдаушыларды дайындауды қысқартады;
- Қол еңбегінің, қағаз өндеу шығындарын азайтуға жағдай туғызады.
Бухгалтерлік есетің 30 “Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі” деп
аталатын қазақстандық стандартына сәйкес кәсіпорынның есеп саясаты деп -
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есептің мағынасын
олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін субъектінің
басшысы пайдаланатын тәсілдердің жиынтығын айтады.
“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестікте
қабылданған есеп саясатының басты міндеті – оның шаруашылық қызметін
мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды
жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның
есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы
пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді,пікір қайшылығын, шағым
талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.
Есеп саясаты кәсіпорындағы есеп жүргізу процесінің барлық
аспектілерін қамтиды - әдістемелік, техникалық, ұйымдық.
Бухгалтерлік есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау
тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері
сияқты элементтерден тұрады.
Техникалық аспект – бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын
(жеңілдетілген, автоматтандырылған) анықтайды.
Ұйымдық аспект – кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
элементтерін қамтиды.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесінде “Индустриальное снабжение”
жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізгі құралдардың тозуын есептеген
уақытта бірқалыпты әдіспен есептейді. Өндіріске босатылатын материалдарды
бағалау кезінде серіктестік орташа құн әдісімен есептейді. Зерттеу
жүргізілген серіктестікте типтік құжаттар қолданылады. Қаржылық есептілікті
тапсырған уақытта кәсіпорын ескі Бас шот жоспарын қолданады.

ІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі
2.1. Бухгалтерлік баланс - қаржылық талдаудың ақпараттық
негізі ретінде.
Зерттеу жүргізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңына сәйкес
қаржылық есеп берунысандарына мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік;
4) меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есептен
алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен
бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп
берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті
пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс
Субъектілерге қаржылық есептілікті бухгалтерлік есеп стандартында
анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер
де төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана
(соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сондай-ақ айып пұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу
үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен
аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қаржылық есептің мақсаты – бугалтерлік есепті №30 Қаржылық
есептілікті дайындап тапсыру деген стандартында көрсетілгендей, бұл
қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері
мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы,
маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз етуі болып табылады (12(.
Қаржылық есептілік негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық
нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру
бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша
ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы
органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау
үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есептілікті
қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық
ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын
экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін
бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді
болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және
жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты
тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің
қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық
есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық
қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша
қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ
коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық
ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу
органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте
көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі
ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есептілік шаруашылық
субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген
бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық
субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін
қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады.
Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі
қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден,
баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен
таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық
құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада
үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.
Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз
орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды
пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару
бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады.
Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы
қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс
процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда,
сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын,
әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз
жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын
анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген
кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі
және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін
болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы
соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп
атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын
орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық
қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын,сондай-ақ оларды
ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік
балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда
ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және
пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс
кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және
қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен
кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу
мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері
бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві
мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз
ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке
элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі
бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп
аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір
дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына
принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп
активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен
бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне
байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің
қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып
табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу
және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша
қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік
дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің
жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.
Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге,
бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының
Бугалтерлік талдау оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс – бұл
кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып
табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға
тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және
алуға тиісті мүлкі) пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек
қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең
болуы тиіс (13(.
Ағылшын ғалымдары шығарған Бухгалтерлік іске кіріспе деген оқу
құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті
барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл
берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып
табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де
активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс (14).
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен
бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы
міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты
кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның
өзіндік қаражаты.
Баланс бухгалтерлік есептің Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал
және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде
анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ
мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста
ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау,
қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға
және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен
қамтамасыз етеді.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) қысқа мерзімді активтер;
2) ұзақ мерзімді активтер;
3) қысқа мерзімді акитивтер;
4) ұзақ мерзімді актив;
5) меншікті капитал.
Бугалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты
Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427
бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған.

Кесте 2.1.

Жол Есептік Өткен кезең
Активтер коды кезең үшінүшін

1 2 3 4
І. Қысқа мерзімді активтер
Ақша қаражаты және оның эквиваленттері 010 150321,98 10654293,4
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 011
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек 012 7569543,4 63584739,5
Қорлар 013 6965439,3 21277952,5
Ағымдағы салықтық активтер 014
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер 015
Өзге де қысқа мерзімді активтер 016
Қысқа мерзімді активтердің жиыны 100 14685304 95516985,6
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар 020
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 021
Үлес қосу әдісімен есептелінетін
инвестициялар 022
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 023
Негізгі құралдар 024 -----1322604,5
Биологиялық активтер 025
Барлау және бағалау активтері 026
Материалдық емес активтер 027 55344,2 41381,9
Кейінге қалдырылған салықтық активтер 028
Өзге де ұзақ мерзімді активтер 029
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны 200 55344,2 1363986,4

Кесте 2.1. жалғасы
1 2 3 4
Теңгерім (100-жол+200-жол) 14740648 96880972,7
Пассивтер
ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер 030
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер 031
Салықтар бойынша міндеттемелер 032 23707 158508,74
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер 033
бойынша міндеттемелер
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек 034 640875,26 71491099,16
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері 035
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер 036 4104660,7 1401406
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны 300 4769248,9 73051013,9
ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер 040 9930000 23404436
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек 041
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері 042
Кейінге қалтырылған салықтық 043
міндеттемелер
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер 044
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны 400 9930000 23404436
V. Каптал
Шығарылған капитал 050 97100 97100
Эмиссиялық кіріс 051
Сатып алынған жеке меншік үлестік
аспаптар 052
Резервтер 053
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) 054 -55700,02 996742,88
Аздық үлесі 055
Капитал жиыны 500 41399,98 433842,88
Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол) 14740648 96880972,7

Баланс активтің өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі жоғары
активтерден өтімділігі төмен активтере қарай, пассивтер принцип бойынша
төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімнің жеделділігі тез
арада құтылуынан басталады.
Зерттеу жүргізілген Индустриальное снабжение жауапкершілігі
шектеулі серіктестікте баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы
қалпында отыр. №1 форма 1-ші тіркемеде көрсетілген. Яғни активтер олардың
өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі
жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің
жеделдігі азынан көбіне қарай орналасқан.

2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп.
“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
қаржылық есептілігіне талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар
қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет,
әсіресе кәсіпорынның жыл бойындағы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның
өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен
салыстырудан тұратын табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есепті
қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті
және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті
кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан
кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым
маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян
әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде
бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі
кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты
есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда,
табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес.
Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық
фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын
психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі
маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы
пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.
Табыстар дегеніміз – акционерлік капитал қатысушыларының салымымен
байланысты емес меншікті капиталдың көбеюімен көрсетілетін, активтердің
қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемелердің азаюы нысанында
пайда болатын экономикалық пайданың өсуі туындайтын болса, онда қаржы-
шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте табыстар есепке
алынады.
Шығыстар дегеніміз – акционерлік капиталдың қатысушылары арасында
бөліп таратумен байланысты емес меншікті капиталдың азаюына апарушы
активтердің шығып кетуі не болмаса таусылуы немесе міндеттемелердің көбеюі
нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі азаюы.
Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің азаюымен немесе
міндеттемелердің көбеюімен байланысты болашақ экономикалық пайдада азаю
пайда болса, онда қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды
есепте шығыстар ретінде есепке алынады.
“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті дайындап тапсыру” №30
стандарттың ішіне “Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп” кіреді.
Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы
шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және
есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр
мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың
қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.
БЕХС-қа (IAS) көшу үшін ҚР-сының Қаржы Министірінің 2005 жылғы 22
желтоқсанда №427 бұйрығымен бекітілген.
БЕХС (IAS) сәйкес табыстар мен шығыстар жөніндегі есеп төмендегі
2.2. кестеде келтірілген.
Кесте 2.2
Табыстар мен шығыстар женіндегі қорытынды есеп
Көрсеткіштердің атауы Жол Есептік Өткен кезең
коды кезең үшін үшін
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден
түскен табыс 010 168741520 11922485,2
Сатылған өнімдер мен көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны 020 136639886 11083726,5
Жалпы пайда (010-020) 030 32101634,6 838758,77
Қаржыландырудан түскен табыстар 040 ----- -----
Өзге де кірістер 050 1260,19 -----
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге 060 ----- -----
арналған шығыстар
Әкімшілік шығыстар 070 29296676,9 894458,79
Қаржыландыруға арналған шығыстар 080 2413775 -----
Өзге де шығыстар 090 ----- -----
Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың100
пайдасының залалының үлесі
----- -----
Жалғасатын қызмет кезіндегі пайда (залал)110
(030+040+050-060-070-080-090+-100 )
392442,9 -55700,02
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда 120
(залал) ----- -----
Салық салынғанға дейінгі пайда 110+-120 130 392442,9 -55700,02
Корпарациялық табыс салығы бойынша 140
шығыстар 117732,87 -----
Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі150
жиынтық пайда (залал) (130-140) 274710,03 -55700,02
Аздық үлес 160 ----- -----
Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (150-160)170
392442,9 -55700,02
Акцияға арналған пайда 180 ----- -----

Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал
шығындар – активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің
көбеюін көрсетеді.
2.3. Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп.
“Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп” ҚР шаруашылық
субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі маңызды болып табылады. Бұл есепте
кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады
және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті
кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын
қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды
кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі
бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны
туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы
жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол
ақша.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі
мақсаты:
1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп
түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
2. Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және
қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.
Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табу бойынша
негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне
жатпайтын басқадай қызметі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған ақша
қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып
ашып көрсетеді:
Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі
түрлері ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір
операцияны зерттеуге және ол операцияның субъект қызметінің қай түріне
жататынын анықтауға негізделген. Тікелей әдісті қаржы-шаруашылық қызметтің
нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка)
жасау деп түсіну керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып-өткізуден
түскен ақша түсімінен бастау керек. Одан тауарды сатып алу бойынша төленген
барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие
үшін проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек.
Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының
сомасыншығарады.
Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі
шектеулі серіктестік тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің
нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін
операцияларға төмендегі операциялар жатады:
а) тауарларды сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша
қаражаттары;
ә) көрсетілген қызмет үшін алынған аванстардың сомасы;
б) басқадай әртүрлі сипаттағы табыстардың келіп түсуі.
Ақша қаражаттарының шығуы:
а) келіп түсетін тауарлар және көрсетілген қызмет үшін
жабдықтаушыларға және мердігерлерге ақша төлеу;
ә) атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу;
б) еңбек ақы төлеу;
в) бюджетпен есеп айырысу;
г) басқадай төлемдер.
Жанама әдіс – бұл таза табысқа несие зиянға ағымдағы активтердің,
ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның және міндеттемелердің өзгеруіне
байланысты түзету (корректировка) жасалынатын әдіс.
Бұл әдіс бухгалтерлік баланс және табыстар мен шығыстар жөніндегі
қорытынды есептің ақпараттарына негізделген.
Жанама әдісте табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің
әрбір бабын түзету (корректировкалау) көзделмейді. Бұл әдіске сәйкес есеп
беру мерзіміндегі таза табыстың (зиянның) өткен есеп беру мерзімімен
салыстырғандағы өзгеру корректировкаланады.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу
және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.
Иенвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша
қаражаттарының қозғалысына төмендегілер жатады:
1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
- негізгі құралдарды сатып-өткізу;
- басқалары.
2. Ақша қаражаттарының шығуы:
- негізгі құралдарды сатып алу;
Қаржылық қызмет – кәсіпорынның нәтижесі меншікті капитал және
қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын
қызметі.
Қаржылық қызметтің нәтижесіндеболатын ақша қаражаттарының қозғалысын
төмендегі операциялар айқындайды:
1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
- басқалары.
2. Ақша қаражаттарының шығуы:
Қажлылық қызметте зерттеліп жатқан кәсіпорында ақша қаражаттарының шығуы
2006 жылда көрсетілмеген.

ІІІ Бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және
әдістері.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу
көздерінен қамтамасыз етілуі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді:
1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және бойынша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрлымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және
айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс тандалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрлымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігіде өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады. Және де бұл жерде
кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде
резервтерге үлкен рөл берілген.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі
факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалайй табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрлымын қоса алғандағы мүлік
пен қаржы ресурстарынның жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік - шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерін анықтау
Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі
Фото жұмыстарын орындау бойынша фирманың бизнес - жоспары
Сұйық әйнек өндірісі бойынша фирманың бизнес - жоспары
Экономикалық қаржыны басқару
Шығыс нан комбинаты ЖШС нан өнімдерін, макарон өнімдерін өндіру бойынша маманданған кәсіпорын
Шағын кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі
Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»
Пәндер