Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделуін зерттеу



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы ... ..20
1.3 Шет ел ғалымдарының бейімделу түсінігіне берген сипаттамалары ... . ... ... ...24
1.4 Бейімделу мәселесінің отандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы ... 32

2 АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАЛАҒА ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ТҮРДЕ ЗЕРТТЕУ... 39
2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік . психологиялық бейімделуін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік . психологиялық бейімделуінің зерттеу нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

ТІРКЕМЕ А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
ТІРКЕМЕ Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
ТІРКЕМЕ Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72
ТІРКЕМЕ В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
КІРІСПЕ

“Қазақстан – 2030” деп жатырмыз. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін қолға алып, Қазақстан деген ұлы мемлекетті болашаққа апарар ұрпақтың алдынғы қатарлы арқа сүйер өкіліне айналмақ. “Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе” деген сөз бар. Демек, келешегімізді ойласақ, бүгінгі ұрпаққа жағдай жасауымыз керек-ақ.
Сол ұрпақтың бір буыны ақыл-ойы жетілген, қоғамның саналы мүшесі – бүгінгі студент жастар. Ал студент жастар дегеніміз кім? – ол мектеп табалдырығын келешекке үлкен үміттпен аттап, болашақ маман иесі болуды армандап жоғарғы оқу орындарына келген жастарды айтамыз.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында студенттік кезеңдегі психологиялық жетілудің орасан мәселелері бар. Атап айтқанда, ол қазақ студенттердің әлеуметтік–психологиялық бейімделу процесін анықтау арқылы олардың жеке басын, кәсіби біліктілігін дамытуға бағыттау.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер елімізде және басқа елдерде де дамып келе жатқан білім беру мекемелеріндегі студенттердің қоғамдағы ерекше арнайы әлеументтік топ болып қалыптасуына алғы шарт болады. Бүгінгі күнде студенттің ролі ерекше мәнділік пен өсіп келеді.
Студенттің әлеуметтік – психологиялық бейімделу сипаты ерекше назар аудартады. Қоғамда студент ең алдымен әлеументтік жүйенің органикалық түйіні. Екіншіден студенттің ерекшелігі, мінезі, дүниетанымы, қоғамның мақсат талабына сай келеді.
Арнайы әлеументік демографиялық топ – жастардан құрылады. Сондықтан студенттерді ерекше әлеументтік топ деп қарастыру дұрыс болар еді. Студенттің субмәдениетінің ерекшелігі болып студенттік орта, оқу мақсаты, интелектуалды потенциалы жоғары. Студенттердің танымдық құрлысы оның мінезінің бір ерекшелігі, бұл қазіргі уақытта мақсат бағдарлылықпен жоғарғы әлуметтік бағдарды көрсетеді. Студентті сипаттайтын ең негізгі мінездік ерекшелігіне еңбек, таным және қарым-қатынас, сонымен бірге әлеуметтік рольдерді жүзеге асыруындағы студенттің өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру жатады.
Ал адамның негізгі әлеуметтік потенциялының дамуы үшін студенттік кезең сензитивті болып саналатыны белгілі. Жоғарғы білім адамның психикасына, жеке басының дамуына зор әсерін тигізеді. Жоғарғы оқу орнындағы білім алу кезінде студенттерге жағымды жағдай әсер еткен кезде, яғни әлеуметтік-психологиялық бейімделуі қалыпты денгейде өтсе, ол психиканың барлық деңгейлерінің одан ары жақсы дамуына жағдай жасайтыны анық. Олардың өзі тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлауды қалыптастырады. Сонымен қатар адамның өмірін қызықпен әсемдікпен қамтамасыз ететін эмоционалдық жағдай студенттің оқу стилі мен оқу үлгеріміне, курстастары, сонымен қатар ұстаздарымен өзара қарым-қатынасына мәнді әсерін тигізеді. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.
Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында дискомфортты сезінеді.
Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курс студенттерін оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар қатарына «Студенттерге арнау», «Мамандыққа кіріспе курсының оқытылуы” “Тренингтік ойындар” жүргізіледі.
Қазақ студенттерінің мінездік қалыптасуы болашақ қоғамымыздың толыққанды құрылымдық сатысын құрайды. Сондықтан студенттің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшелігінің қоғамда болып жатқан құбылыстарға сай қалыптасуы өте маңызды.
Осыған орай біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын – Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу деп алдық.Біздің жұмысымыздың мақсаты: Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік – психологиялық бейімделуін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Ауыл жастары.
Зерттеу пәні: Әлеуметтік – психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Зерттеу міндеттері келесідей:
1) әлеуметтік – психологиялық бейімделудің әдебиеттерде қарастырылуын талдау
2) әлеуметтік – психологиялық бейімделудің мазмұнын сипаттау
3) ауыл жастарының әлеуметтік жағдайы жайлы мәліметтерді қарастыру
4) әлеуметтік –психологиялык бейімделуді анықтауға мүмкіндік беретін әдістер, әдістемелерді тағайындау
5) ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін экспериментальді зерттеу
6) Зерттеу жұмысында қолданылатын математикалық әдістер
Зерттеу болжамы: Ауыл жастарының қарым-қатынаста ашық болуына байланысты, олардың қалаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуі қалыпты денгейде өтеді
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Асанов Ж. Студенттермен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері /Ж.Асанов // Ұлағат. 2001.№2. 15- 17с.
2. Асмолов А.Г. Психология личности / А.Г.Асмолов. - М.: МГУ, 1990.–367 с.
3. Адаптация человека и жывотных к экстремальным условиям внешней среды: сб. научных трудов / Под. ред. Н.Г.Агаджаняна. – М.:УДН, 1985. – 184 с.
4. Андриенко Е.В. Социальная психология / Е.В.Андриенко; Под. ред. В.А.Сластенина. – М.: Академия, 2000. – 264 с.
5. Ахмеджанов Э.Р Психологические тесты / Э.Р. Ахмеджанов. – М.: 1995. -362с.
6. Антипов А.В Психология адаптация к экстремальным ситуациям/ А.В.Антипов.- М.: Владос: 2004 –173 с.
7. Аксорина Н.М. Воспитания детей раннего возраста /Н.М.Аксорина. –3 е. изд М.: Медицина, 1977, 304 с.
8. Агаджанян Н.А. Адаптация и резервы организма / Н.А.Агаджанян. – М.: Физкультура и спорт, 1983. – 176 с.
9. Воронский В.А. Исследования студентов к условием в вузы / В.А.Воронский // Соционика. – 2001. - №6. – С29-33.
10. Дружинин В.Н. Психология общих способностей. / В.Н.Дружинин. - 2-е изд. - СПб.: Питер ком, 199. - 368 с.
11. Жайтапова А. Әлеуметтік – педагогикалық бейімделу / А.Жайтапова // Ұлағат. – 2001. - №1. – 12 -16 б.
12. Караленко Ц.П. Вселенная внутри себя / Ц.П.Караленко; Отв. ред. А.Н.Кочергин. – Новосибирск: Наука, 1979. - 205 с.
13. Кучер Т.В. Медицинская география / Т.В. Кучер, И.Ф.Колпашикова. - М.: Просвещение, 1996. - 160 с.
14. Квинн В. Прикладная психология / В.Квинн. – СПб.: Питер. Ком, 2000. – 560 с.
15. Кулагина И.Ю. Возрастная психология / И.Ю.Кулагина. – 4-е изд. – М.: УРАО, 1998. – 176 с.
16. Кайырбекова Э.М. Совместная работа куратора и психолога по адаптации учащихся в условиях ОЭР / М Кайырбекова // Педагогический вестник ВКО.- 2001. -№1. 63-66 с
17. Любимова Г.Ю. От первокурсника до выпускника / Г.Ю Любимова // Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52 с.
18. Маклаков А.Г. Обшая психология / А.Г.Маклаков. - СПб.: Питер, 2002. – 320 с.
19. Матулене Г. О социальной адаптации к деятельности / Г.Матулене // Психологический журнал. – 2002. -№5. – С.112.
20. Нурлан Қ . Студент жайлы сыр / Қ Нурлан// Қазақстан мектебі-1998. №2. 13-15 с.
21. Овчарова Р.В Практическая психология в начальной школе/Р.В.Овчарова. –Москва: “Сфера”, 2002,-204 с.
22. Петровский В.А. К психологический активности личности / В.А.Петровский. – 1975. - №3. – С.27.
23. Психологический словарь / Под. общ. Ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского. – 2-е изд. – М.: Полит издат, 1990. – 494 с.
24. Пиаже Ж. Избранные психологические труды / Ж.Пиаже. – М.: Просвещение, 1969. – 659 с.
25. Психологический механизм регуляции социального поведения / Отв. ред. М.И.Бобнева, Е.В.Шорохова. - М.: - Наука, 1978. - 311с.
26. Практикум по психологии менеджмента и профессиональной деятельности / Под. ред. Г.С.Никифорова, М.А.Дмитриевой, В.М.Сняткова. – СПб.: Речь, 2001. – 448 с.
27. Реан А.А. Психология изучения личности / А.А.Реан. - СПб.: Питер, 1999. – 416 с.
28. Рудестам К. Группавая психотерапия / К.Рудестам. – СПб.: Птер. Ком, 1998.-384с
29. Социальная работа: Учеб. пособие / Под. ред. В.И.Курбатова. – Ростов на Д: Феникс, 1996. – 576 с.
30. Свиридова Н.А Адаптационные процессы в среде молодежи /Н.А Свиридова // Соц. ис. №1. 2002.
31. Соляренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д.Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. - 736 с.
32. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология / Т.Г.Стефаненко. – М.: Академический проект, 1999. – 320 с.
33. Туршинский З. Многоликая адаптация / З.Туршинский // Биология в школе. – 1996. – №5. – С.77-80.
34. Телесенко А.Н. Проблемы социолизации молодежи. /А.Н. Телесенко// Вестник КазГУ. №8-9, 1999.
35. Философическии энциклопедический словарь. М.: Инфра, 1999. - 576 с.
36. Хартманн Х. Эго – психология и проблемы адаптации / Х.Хартманн; Под. ред. М.В.Ромашкевича. – М.: Институт общего Гуманитарных исследований, 2002. – 186 с.
37. Хрестоматия по истории психологии / Под. ред. П.Я.Галперин, А.Н.Ждан. – М.: Моск. Унив-та, 1980. – 296 с.
38. Чичулин А.А: Сациальная психология / А.А.Чичулин. – Новосибирск: Наука, 1992. – 175 с.
39. Шамова Т.И, Давыденко Т.М. Управление образовательным процессам в адаптивной школе /Ред. А.А. Рождественская. – м.: Педагогический поиск, 2001-384 с.
40. Шайхова М. Жастардың әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселелері / М.Шайхова // Ұлағат. – 2004. – №1. – 49-51 б.
41. Энциклопедия психологических тестов. М.: Издательство АСТ, 1997. – 288с.
42. Ямбург Е.А. Школа для всех / Е.А. Ямбург. - М.: Новая школа, 1997. - 352 с.
43. Яковленко Л.Н. Адаптация перво курсников / Л.Н.Яковленко // Аспирант и соискатель. – 2003. – С.116-120.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Мамандығы
Психология

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАЛАҒА ӘЛЕУМЕТТІК
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІН ЗЕРТТЕУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы ... ..20

1.3 Шет ел ғалымдарының бейімделу түсінігіне берген сипаттамалары ... .
... ... ...24

1.4 Бейімделу мәселесінің отандық ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылуы ... 32

2 АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАЛАҒА ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ТҮРДЕ ЗЕРТТЕУ... 39

2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу
әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуінің зерттеу
нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...65

ТІРКЕМЕ А
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
ТІРКЕМЕ Ә
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70

ТІРКЕМЕ Б
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72

ТІРКЕМЕ В
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .74

КІРІСПЕ

“Қазақстан – 2030” деп жатырмыз. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін
қолға алып, Қазақстан деген ұлы мемлекетті болашаққа апарар ұрпақтың
алдынғы қатарлы арқа сүйер өкіліне айналмақ. “Ұлт боламын десең, бесігіңді
түзе” деген сөз бар. Демек, келешегімізді ойласақ, бүгінгі ұрпаққа жағдай
жасауымыз керек-ақ.
Сол ұрпақтың бір буыны ақыл-ойы жетілген, қоғамның саналы мүшесі –
бүгінгі студент жастар. Ал студент жастар дегеніміз кім? – ол мектеп
табалдырығын келешекке үлкен үміттпен аттап, болашақ маман иесі болуды
армандап жоғарғы оқу орындарына келген жастарды айтамыз.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие
жұмысының жаңару заманында студенттік кезеңдегі психологиялық жетілудің
орасан мәселелері бар. Атап айтқанда, ол қазақ студенттердің
әлеуметтік–психологиялық бейімделу процесін анықтау арқылы олардың жеке
басын, кәсіби біліктілігін дамытуға бағыттау.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер елімізде және басқа елдерде де дамып
келе жатқан білім беру мекемелеріндегі студенттердің қоғамдағы ерекше
арнайы әлеументтік топ болып қалыптасуына алғы шарт болады. Бүгінгі күнде
студенттің ролі ерекше мәнділік пен өсіп келеді.
Студенттің әлеуметтік – психологиялық бейімделу сипаты ерекше назар
аудартады. Қоғамда студент ең алдымен әлеументтік жүйенің органикалық
түйіні. Екіншіден студенттің ерекшелігі, мінезі, дүниетанымы, қоғамның
мақсат талабына сай келеді.
Арнайы әлеументік демографиялық топ – жастардан құрылады. Сондықтан
студенттерді ерекше әлеументтік топ деп қарастыру дұрыс болар еді.
Студенттің субмәдениетінің ерекшелігі болып студенттік орта, оқу мақсаты,
интелектуалды потенциалы жоғары. Студенттердің танымдық құрлысы оның
мінезінің бір ерекшелігі, бұл қазіргі уақытта мақсат бағдарлылықпен жоғарғы
әлуметтік бағдарды көрсетеді. Студентті сипаттайтын ең негізгі мінездік
ерекшелігіне еңбек, таным және қарым-қатынас, сонымен бірге әлеуметтік
рольдерді жүзеге асыруындағы студенттің өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру
жатады.
Ал адамның негізгі әлеуметтік потенциялының дамуы үшін студенттік
кезең сензитивті болып саналатыны белгілі. Жоғарғы білім адамның
психикасына, жеке басының дамуына зор әсерін тигізеді. Жоғарғы оқу
орнындағы білім алу кезінде студенттерге жағымды жағдай әсер еткен кезде,
яғни әлеуметтік-психологиялық бейімделуі қалыпты денгейде өтсе, ол
психиканың барлық деңгейлерінің одан ары жақсы дамуына жағдай жасайтыны
анық. Олардың өзі тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлауды
қалыптастырады. Сонымен қатар адамның өмірін қызықпен әсемдікпен қамтамасыз
ететін эмоционалдық жағдай студенттің оқу стилі мен оқу үлгеріміне,
курстастары, сонымен қатар ұстаздарымен өзара қарым-қатынасына мәнді әсерін
тигізеді. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін
тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік
жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық
деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б.
білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық
қызметінің дамуымен байланысты.
Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің
назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында
дискомфортты сезінеді.
Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Әдетте, барлық оқу
орындарында бірінші курс студенттерін оқу орны жағдайына бейімдеуге
көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар
қатарына Студенттерге арнау, Мамандыққа кіріспе курсының оқытылуы”
“Тренингтік ойындар” жүргізіледі.
Қазақ студенттерінің мінездік қалыптасуы болашақ қоғамымыздың
толыққанды құрылымдық сатысын құрайды. Сондықтан студенттің әлеуметтік-
психологиялық бейімделу ерекшелігінің қоғамда болып жатқан құбылыстарға сай
қалыптасуы өте маңызды.
Осыған орай біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын – Ауыл
жастарының қалаға әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу деп
алдық.Біздің жұмысымыздың мақсаты: Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік –
психологиялық бейімделуін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Ауыл жастары.
Зерттеу пәні: Әлеуметтік – психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Зерттеу міндеттері келесідей:
1) әлеуметтік – психологиялық бейімделудің әдебиеттерде қарастырылуын
талдау
2) әлеуметтік – психологиялық бейімделудің мазмұнын сипаттау
3) ауыл жастарының әлеуметтік жағдайы жайлы мәліметтерді қарастыру
4) әлеуметтік –психологиялык бейімделуді анықтауға мүмкіндік беретін
әдістер, әдістемелерді тағайындау
5) ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін
экспериментальді зерттеу
6) Зерттеу жұмысында қолданылатын математикалық әдістер
Зерттеу болжамы: Ауыл жастарының қарым-қатынаста ашық болуына
байланысты, олардың қалаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуі қалыпты
денгейде өтеді

1. ӘЛЕУМЕТТІК – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет

Жоғарыда айтылғандай арнайы әлеументік демографиялық топ – жастардан
құрылады дедік. Осыған орай зерттеу тақырыбымыздағы ауыл жастары деп алып
отырғанымыз, ол қалаға білім алу мақсатында келген студент жастарымыз.
Сондықтан студенттерді ерекше әлеументтік топ деп қарастыру дұрыс болар
еді. Енді осы студент сөзіне тоқталатын болсақ студент сөзі – латын
тілінен шығады, қазақша аударғанда ынтамен жұмыс жасаушы, бір іспен
шұғылданушы, яғни, білімдерді меңгеруші [3,56 ].
Осы бөлімді бастамас бұрын студенттік жас кезеңінің психологиялық
ерекшеліктерін ашып көрсетсек жөн болады.
Студент қандай да бір жас кезеңіндегі адам ретінде және жеке адам
ретінде үш жақты сипатталады:
1) Жеке адамның психологиялық үрдістер, қалыптар және
қасиеттерін біріктіретін психологиялық жағы. Психологиялық
тұрғының маңыздысы – психикалық қасиеттер (бағыттылық,
темперамент, мінез, қабілеттер). Ал бұларға психикалық
үрдістердің жүруі, психикалық қалыптардың пайда болуы,
психикалық жасалулар тәуелді десек те, нақты бір студентті
зерттей отырып, сонымен бірге сол индивидтің
ерекшеліктерін, оның психикалық қалыптары мен үрдістерін
есепке алу қажет;
2) әлеуметтік жағы, ол студенттің қандай да бір әлеуметтік
топқа, ұлтқа жатуына орай туындайтын қоғамдық қатынастарды,
қасиеттерін қамтиды.
3) Биологиялық жағы, оған – жоғары жүйке жүйесінің әрекеті,
анализаторлардың құрылымы, шартсыз рефлекстер, инстинктер,
физикалық күші, дене құрылысы, бойы, бетәлпеті, терісінің
көзінің түсі және т.б. жатады. Бұл тұрғыда негізінен туа
берілген ерекшеліктер мен тұқым қуалаушылықпен алдын ала
болжанған, бірақ та, белгілі бір шекте өмір жағдайына
байланысты да өзгеріске ұшырайды.
Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас – бұл
адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді дамуының, мінездің
қалыптасып және тұрақтануының, әсіресе, ересек адамның әлеуметтік
рөлдерінің толық жиынын: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. меңгерудің
кезеңі. Бұл кезеңмен экономикалық белсенділігінің басталуы тығыз
байланысты. Демографтардың пайымдауынша экономикалық белсенділік – ол
адамның өз бетінше өндірістік іске араласуы, еңбек жолының бастауы және өз
жанұясын құруы. Бір жағынан мотивациялардың, барлық құндылықтардың
жүйесінің қайта жасалуы, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы
қабілеттерінің қалыптасуының шапшаңдығы осы жас кезеңін мінез бен интеллект
дамуының орталық шағы ретінде бөліп қарастырады. Бұл спорттық рекордтардың
уақыты, шығармашылық, техникалық және ғылыми жетістіктердің бастауы [ 15,98
].
Студент жеке басына арналған зерттеулер ішкі әлемінің қарама-
қайшылығы, өзінің өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын, жоғары
мәдениетті индивидуалдылығының қалыптасуын көрсетеді.
Студенттік шақ сондай-ақ бұл кезеңдегі интеллектуалдық және физикалық
күш дамуының оптимумының көпшілігіне қол жеткізілуімен де ерекшеленеді.
Бірақ та, осы мүмкіндіктерімен олардың жүзеге асырылуының арасында
қайшылықтар кезедсіп жататыны да рас. Сыртқы көріктіліктің ажарлануымен
бірге жүретін үздіксіз өсіп отыратын шығармашылық мүмкіндіктер,
интеллектуалдық және физикалық күштердің дамуының өзінде күштің өсуі
мәңгілікке жалғасады, жақсы өмірдің бәрі алда, ойлаған нәрсенің бәріне
оңай қол жеткізуге болады деген иллюзияларды жасырады.
Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен
немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын
зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы зерделік шақтың
бірінші кезеңі Б.Г.Ананьев, А.В.Дмитриев, И.С.Кен, В.Т.Лисовский,
З.Ф.Есаревтің және т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік
дамудың маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі болып
табылады. Жоғарғы сыныптардағы өте жеткіліксіз болған – мақсатқа
бағыттылық, шешімталдық, табандылық, өзбеттілік, инициятива, өзін басқара
алу сияқты қасиеттердің күшеюі анық білінеді. Адамгершілік (мақсаттар, өмір
бейнесі, міндет, махаббат, сенімділік және т.б). мәселелерге қызығушылық
жоғарылайды [15,36 ].
Сонымен қатар жас ерешелік психологиясы мен физиологиясы аумағындағы
мамандар 17-19 жастағы адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеттері
толыққанды дамымаған деп белгілейді. Мотивсіз тәуекел, өз қылықтарының
салдарын алдын ала болжай алмаушылық, олардың негізінде әрқашан қажетті
мотивтер болуы мүмкін. В.Т. Лисовский көрсеткендей 19-20 жаста бұл шексіз
құрбандылық пен өзіндік толық берілумен, бірақ кейде жағымсыз көріністер де
болады.
Жастық шақ - өзіндік талдау мен өзіндік бағалау шағы. Өзіндік бағалау
идеалды Меннің реалдымен салыстыруы арқылы жүзеге асады. Бірақ идеалды
Мен ой айқындалмаған және де кездейсоқ болуы мүмкін, ал реалды Мен жеке
адамның өзі арқылы жан жақты бағаланбаған. Осындай жас жеке адамның
дамуындағы объективті қарама-қайшылық өзіне іштей сенімсіздікті тудыруы
мүмкін және кейде сыртқа агрессивтілігімен, түсінусіздік сезімімен бірге
жүреді.
Эриксон бойынша жастық шақ әлеуметтік және индивидуалды жеке бастық
таңдаулар, идентификациялар және өзіндік анықталулардың сериясынан тұратын
бірегейлік дағдарысының аумағында құрылады. Егер жас адам осы міндеттерді
шеше алмаса онда адекватты емес бірегейлік қалыптасады. Ол негізгі 4
бағытта жүруі мүмкін:
1) психологиялық интимдіктен кету, өте тығыз тұлға аралық
қатынастардан қашу;
2) уақыт сезімін шаюы, өмірлік жоспарларды құруға қабілетсіздік,
есею мен өзгерістер қорқынышы;
3) өнімділік, шығармашылық қабілеттерді шаюы, өзінің ішкі
ресурстарын жұмылдыру қандай да бір негізгі іс-әрекетке тұрақтала алмау;
4) негативті бірегейліктің қалыптасуы өзіндік анықталудан
бас тарту және еліктеуге жағымсыз бейнелерді таңдау [ 36,201 ].
Жоғарғы оқу орнына түсу жас адамда өз қабілет, мүмкіндіктеріне
сенімін нығайтады, толыққанды және қызықты өмірге үмітін жалғайды. Сонымен
қатар екінші және үшінші курстарда жоғарғы оқу орнын, мамандықты, кәсіпті
таңдаудың дұрыстығы туралы сұрақтың кездесуі де жиі байқалады. Үшінші
курстың аяғына таман кәсіби өзіндік анықталу туралы толық шешіледі. Бірақ
та, осы уақытта келешекте мамандық бойынша жұмыс жасаудан бас тарту сияақты
шешімдер де қабылданады. В.Т. Лисовскиймен берілген мәліметтерге сүйенсек
Ленинградтық төрт үлкен жоғарғы оқу орындарының тек 64пайыз жоғары курс
студенттері өздері үшін олардың болашақ кәсіптері олардың негізгі
бейімділіктері мен қызығушылықтарына сәйкес келеді деп шешкен.
Студенттердің көңіл-күйлеріндегі өзгерістердің жиілігі байқалады – оқу
алғашқы айларындағы тамашалаудан оқу ортадағы тәртіп, оқыту жүйелері,
жекелей оқытушыларды скептикалық бағалауы [41,87 ].
Адамның кәсіби таңдауын кездейсоқ факторлар анықтап жататыны жиі
кездеседі. Бұл құбылыс әсіресе оқу орнын таңдауда келеңсіз, себебі бұндай
қателіктер қоғамға және жеке адамға мәнді зиян келтіреді. Сондықтан да
жоғарғы мектепке түсуші жас адамдармен кәсіби бағдар беру жұмысы өте
маңызды. Жоғарғы оқу орнында оқытылатын қандай да бір кәсіпті меңгеру үшін
қажетті қабілеттерді анықтау үшін профессиограммалардың күйі бұрынғы
сипаттамасы талап етіледі. Адам психикасына ұсынылатын профессиограмманың
талаптарына сәйкес үш деңгейді көрсетеді:
1) абсолютті қажетті;
2) салыстырмалы қажетті;
3) қалаулы.
Осы профессиограммаларды қолдану жақсы нәтижелерді береді.
Б.Г.Ананьевтің тұжырымы бойынша студенттік жас кезеңі адамның негізгі
социогенездік потенцияларының дамуы үшін сензитивті кезең болып табылады.
Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер
береді. Оқу орнында білім алу кезінде жағымды жағдайлар болғанда
студенттерде психиканың барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар адам
саналылығының бағыттылығын анықтайды, яғни, жеке адамның кәсіби
бағыттылығын сипаттайтын ойлау қоймасы қалыптасады. Оқу орнында үлгерімді
оқу үшін жалпы интеллектуалдық дамудың, соның ішінде қабылдау, елестеу, ес,
ойлау, зейін, эрудицияланған, танымдық қызығушылықтардың кең аясы, белгілі
бір логикалық операциялардың аумағын меңгеру және тағы сол сияқтылардың
жеткілікті жоғары деңгейі қажет. Осы деңгейдің кейбір төмендеуі оқу
әрекетіндегі жоғарғы мотивация немесе жұмысқа қабілеттілік, табандылық,
мұқияттылық және ұқыптылықтың компенсациясы болуы мүмкін. Бірақ бұндай
төмендеудің де шегі болады, мұнда компенсаторлық механизмдер көмектесе
алмайды да студенттің оқудан шығарылуы да мүмкін. Әр түрлі оқу орнында осы
деңгейлер аз да болсын ерекшеленеді, бірақ жалпы алғанда тіпті беделді және
беделді емес мамандықтар деп аталынатын астаналық және периферилік оқу
орындарын салыстыратын болсақ, олар бір-бірімен өзара ұқсас болып келеді.
Оқу орнында гуманитарлық білімді жеткілікті меңгеру үшін адам интеллектінің
айқын көрінетін вербальды типін игеруі керек [6,201 ].
Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ мамандарға
әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды қатынас, адамның өз
мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға тән қасиеттер дамиды.
Студенттің табысты іс-әрекетіне қажетті жағдай ішкі дискомфортты
сезінуді жоғалтатын және қоршаған ортамен қайшылықтың болуының алдын алу.
Ол үшін таңсық болған оқу орнындағы оқу ерекшеліктерін меңгеру болып
табылады. Алғашқы курстарда студенттік ұғым пайда болады, ақыл-ой
әрекетінің ұжымдастырудың дағды-үйреністері қалыптасады, таңдалған кәсіпке
сәйкестік сезіледі, тұрмыстың бос уақыттың және еңбектің оптималды тәртібі
жасалынады, жеке адамның кәсіби мәнді қасиеттеріне өзіндік тәрбиелеу мен
өзіндік жасалулар бойынша жұмыс жүйелі түрде орнығады [35,79].
И.П.Павловтың ашқан психофизиологиялық құбылыс – динамикалық
стереотип негізін құрайтын көпжылдық әдеттегі жұмыс стереотипінің күрт
өзгеруі кейде жүйке тозулары мен стресстік реакцияларға әкеледі. Сол
себепті бұрынғы стереотиптің күрт өзгеруімен байланысты бейімделу
(адаптация) кезеңінің салдарынан алғашқы уақыттарда салыстырмалы түрдегі
төменгі үлгерім және қарым-қатынастағы қиыншылықтарға әкелуі мүмкін.
Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген
көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: кешегі
мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының
кетуімен байланысты жағымсыз күйзелістер; кәсіпті таңдаудағы мотивацияның
белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық, мінез-құлық пен іс-
әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға
ашылуын педагогтардың талап етуі, жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың
оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу,
әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде, соңғысы өзіндік жұмысқа
дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен,
сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық.
Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның
кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта
және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен
байланысты [21,45 ].
Студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі Стокаренко бойынша
келесідей жіктеледі:
а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің мазмұны, сипаты, жағдайлары мен
ұымдастырылуына икемделу, оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының
жасалуы;
б) әлеуметтік – психологиялық бейімделу – индивидтің топқа, онымен
өзара қарым-қатынасқа икемделуі, өзіне тән мінез-құлық стилінің анықталуы.
Басқаша айтсақ, бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты
сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның
әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті .
Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің
қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы
қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді [32,97 ].
Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына
бейімделуінің үш түрін көрсетеді:
1) формальды бейімделу, студенттердің жаңа ортаға, жоғарғы
мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның
талаптарына қатысты;
2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің
топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа
студенттермен қосылу үрдісі;
3) Дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің
оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты
бейімделу.
Студенттердің үлгерімді оқуы көптеген факторларға тәуелді. Олардың
ішінде ең бір маңыздысы болып табылатын – ақыл-ой әрекетінің көрсеткіші
ретіндегі интеллектуалдық дамуы мен таным процесстерін реттеуші қызмет
атқаратын – зейін.
Зерттеулерге сүйене отырып мысал келтірсек, техникалық оқу орнының
бірінші курстарынан: Бірінші курста сіздер әдеттегіден бөлек, жаңа қандай
нәрселермен кездестіңдер? деп сұрай келе мынадай қорытынды жасалған: өте
үлкен өзіндік жұмыс көлеммен, жанұядан бөлек өз бетінше өмір сүру
ерекшеліктері мен жаңа студенттік ұжымның нормаларымен кездесендігін
көрсетті. Барлық осы факторлар студенттің жаңа оқу орны өмірінің
жағдайларына бейімделу үрдісіне өте күшті ықпал етеді [10,78].
Зерттеулер көрсеткендей, бірінші курстар орта мектепте жеткіліксіз
даярлық алуына байланысты әрқашан білімдерді меңгере алмағандығы емес, оның
себебі, оларда мынадай жеке адамнық қасиеттер қалыптаспаған: оқуға даярлық,
өзбетінше оқу бақылау және өзін бағалау, танымдық әрекеттегі өзіндік жеке
дара ерекшеліктерін игеру, өз бетімен даярлану үшін өзінің жұмыс уақытын
дұрыс бөле алуы. Кейбір мектептегі күнбе – күнгі қадағалау мен қамқорлыққа
үйрен бірінші курс студенттер қарапайым шешімдерді де қабылдай алмай
жатады. Оларда өзіндік жасалу мен өзіндік тәрбиеге ұмтылыс жеткіліксіз
дамыған.
Көпшілік бірінші курс студенттері алғашқы кездері өзіндік оқу
жұмысындағы дағдылардың болмауынан үлкен қиындықтарды басынан кешідеді,
олар дәрісті конспектілей алмайды, оқулықтармен жұмысты, алғашқы
бастаулардан білімді тауып және іздестіре алмайды, үлкен көлемді ақпаратты
қорытындылай алмайды, өз ойын нақты және анық айтып бере алмайды.
Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі – ол өз
беттік жұмыстың рационализациялау мен оптимизациялаумен оларды таныстыру
болып табылады.
Студенттердің өздік жұмысын семинар, практикалық және зертханалық
сабақтары арқылы бақылайтын кейбір студенттер тарапынан сәйкес талаптарды
орындаудан қашып және оған енжарлық танытулары да байқатады.
Мамандарды даярлаудың сапасын көтеру үшін үлкен резервтері студенттер
білімін бақылауды жүзеге асыруды ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті
бақылау жүйесі студенттердің тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен
ұмытуға себепші болатын жағдай ғана. Студенттердің кітаппен жұмыс жасау,
бүкіл семестр бойына жүйелі түрде дайындалмауы кездейсоқ емес [13,230 ].
Уақыт бюджетін социологиялық зерттеуі студенттің жұмыс күні
жеткілікті тығыз және аудиториялық сабақтармен қосылғанда 8-9 сағатқа
көбейеді. Бірақ та будан оқуға деген түрлі қатынаспен анықталынатын жұмыс
уақытында өте үлкен шашыраңқылығы және әртектілі білінеді. Негізінен
студенттер күнделікті профильдік сабақтарға 2 және 3 тен артық сағатын
жұмсайды, және 22,8% бұған 1 сағаттан аз уақыт бөледі. Жоғарғы оқу
орнындағы оқыту жүйесі маңызды деңгейде саналылықтың дәрежесіне есептелген,
студенттер қызығушылығына орай құрылған, әйтпегенде онда күнделікті
мектептегі сияқты тексеру жүйесі, оқытушы алдындағы қорқыныш, күнделікті
сабақ дайындау қажеттілігі түрде болмайды. Кейбір студенттер күрделі,
қиын сайысқа қатысамыз деп, соңында оқуға жауапкершілікпен қарауға
дайындықсыз болып қалады. Қолға қалам алып сабақ туралы мүлдем ұмытады.
Студенттердің тек 9,6 пайызы әдетте семестр бойы дайындалып, емтихан
кезінде өткенді қайталай салады, ал 47,6 пайызы -кітап және конспект
бойынша бүкіл курс материалдарын қайталап шығады, және 42,8 пайыз тек
конспект бойынша даярланады [ 31,36].
Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін
тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс дәрістенушісінің өмірлік
жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық
деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б.
білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық
қызметінің дамуымен байланысты.
Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің
назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында
дискомфортты сезінеді. Оларды жоғарғы оқу орнындағы жаңа іс-әрекеттері – ол
жауапкершілікті тәуелді қатынастардың сапалы өзгеше жүйесі. Онда ең бірінші
орынға өз мінез-құлқын өз бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен
тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің болуы қойылады [30,78 ].
Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Еңбек стажы бар жас
адамдар студенттік өмірмен тұрмысқа жеңіл және тез бейімделеді, ал кешегі
оқушылар – академиялық жұмысқа жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті –
жалпы оптималды іс-әрекет үшін жағдай жасау.
Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курстықтарды оқу орны
жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады.
Маңыздырақ іс-шараларқатарына Студенттерге арнау , Мамандыққа кіріспе
курсының оқытылуы, алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен бірінші курс
студенттерінің сөз сөйлеуі, бақылау, бағалау шаралары жатады [ 5,124].
Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.
Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті
үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы
деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы студенттер де өз рөлдеріне
дифференциацияланған қадам жоқ.
Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен
тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты
алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген
ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.
Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызығушылықтың
күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының
бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның
жан жақты қызығушылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте,
жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану
факторымен анықталады.
Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу.
Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын
интенсивті іздестіру. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын
асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы – болашақ іс-
әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны,
материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола
бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп оқу орнының
ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.
Үшінші және төртінші, кей жағдайда екінші курстарда өмірлік серігін іздеу
маңызды рөл атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық іс-әрекеті мен
үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылық студенттер
мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді. Интимдік қарым-
қатынастар өзін жақсыкөрсетуге, жұмысты көңіл-күй, шығармашылық белсенділік
тудыратыны жиі кездеседі. Десек те О.Кернбергтің ойына жүгінсек эмоционалды
өзара қарым-қатынастарда агрессия мен махаббат өзара әрекеттесе рөл ойнайды
[30,146].
Студенттің жеке басының психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың
пайда болуы мен шешілуі, сыртқының ішкіге ауысуы, өзіндік серпіліс, өзімен
белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үрдісі.
Б.Г.Ананьев жеке адамның дамуын масштаб және деңгейі бойынша өсетін
интеграция – кіші құрылымдардың жасалуы мен олардың күрделене түсетін
синтезі ретінде қарастырды. Басқа қырынан қарасақ, психикалық функциялардың
дифференциациясының өсімшіл үрдісі де тең бағытта жүріп жатады.
Лисовский студенттің негізгі 11– ге бөлінетін типологиясын жасайды.
Олар:
1. Гармонияға талпынатын.

2. Кәсіпкер (Профессионал)
3. Академик
4. Қоғам адамы.

5. Өнер сүйгіш.

6.Тырысушы
7. Ренішті
8. Көңілі қалған
9. Жалқау
10. Шығармашылық
11. Бөгеледі
Бұл типологияда жалпы студенттердің кәсіпті таңдау ерекшеліктері, оқу
үлгеріміндегі, мамандығына қатынасының айырмашылықтарына, негізгі
қызығушылықтарына, қарым-қатынасы, бос уақытын өткізу ерекшеліктеріне баса
назар қойылған [23,214 ].
Оқытудың сәттілігі оқытылу сияқты адамның психикалық қасиетімен анықталады.
Бұл түсініктің негізін адамның жеке бас ерекшеліктері (бейімділік, жеке
адамның тұрақтылығы мотивациялар тығыздығы және басқалар) және оның барлық
интеллектуалдық потенциалы құрайды.
Студенттердің үлгерімі тек арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект дамуына
ғана емес, сонымен бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, мінез қырлары,
темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік санасына да тәуелді. Жеке
адамның бағыттылығына, оның материалдық және рухани қажеттіліктері кіруі
мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің қанағаттануын күтеді және сондықтан да
құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді тудыратыны
хақ, ал осылардың себебінен студент белсенділік танытуға мәжбүр болады.
Жеке адамның потенциалды мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды шарты
оның қандай да бір іс - әрекет түріне бағыттылығы мен белсенділігі болып
табылады. Адам үшін ең мәнді нәрсе сайып келгенде оның іс-әрекетінің
мотивтері мен мақсаттары ретінде орын алады.
Студенттің жеке басындағы негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-
қатынас қажеттілігі. Қарым-қатынаста студенттер өзгелерді ғана емес өзін де
танып-біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін меңгереді.
Студент дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік көзқарасы – қоршаған ақиқат
дүниеге көзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де қомақты рөлге ие. Студенттің
мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын ерекшеліктер темпераментіне де тәуелді.
Сондай-ақ, студенттердің іс-әрекеттерінде олардың мінезі де көрініс береді.
Мінез – адамның салыстырмалы тұрақты психикалық құрылымы, оның жүріс –
тұрысына әсер ететін қырлар жиыны.
Сонымен студенттік жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар,
мүмкіндіктер анық байқалады:
- ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік);
- наным-сенім, дүниеге көзқарасы;
- өзбеттілік - турашылдық;
- сыншылдық және өзіне сыншылдық және өзіне сыншылдық;
- ішкі сенімсіздікті тудыратын өзіндік бағасының қайшылығы;
- максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас.
- екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс
- интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.
Студенттік кезең кәсіби ойлау мен кәсіби компотенттілігінің
қалыптасуындағы ең қолайлы кезең.

Біздің ойымызша, студент жеке адам ретінде өз қызығушылықтары мен
мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол үлгерімді студент болуымен қатар келешек
өмірінің жоспарларын құрайды. Студент оқу уақытынан бөлек махаббат,
эстетикалық таным, басқалармен қарым-қатынасқа түсу, бос уақытын өзткізуге
де уақыт бөлуі керек. Кейбір адамдар өмірде жар таңдау мәселесінде
айтарлықтай қиыншылық, қиналыстарға, түсініспеушілікке, қызғаныш пен жек
көру сезімдерін бастарынан кешіріп жатады.

1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы.

Адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс та үнемі түрленіп,
дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген қоғамның қандай
болуы оны құраушы субьектілердің күш-жігеріне байланысты. Қазіргі ғылыми
әдебиеттерде, әлеуметтік-гуманистік ғылымда жастар мәселесі ауқымды орынға
ие. Сонғы жылдары жүргізілген түрлі әлеуметтік, психологиялық зерттеулер
жастар бойында жалпы құндылық, нормативті дағдарыстың бар екенін көрсетіп
отыр. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі эконномикалық және саяси
өзгерістер жастар ғана емес, жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні
белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны
қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен,
қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, сондай-ақ психология
ғылымының негізгі зерттеу обьектісі – тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы
мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр.
Психология ғылымында бейімделу теориялық сипаттамасында адам кез-
келген жағдайда өзін жақсы сезінуі үшін, әр түрлі жағдайларға икемделе,
бейімделе алуы өте маңызды болып табылады деп қарастырылған.
Латын тілінен аударғанда бейімделу - икемделу, үйлесу деген
мағананы береді. Казырғы уақытқа дейін бейімделу түсінігін нақты бір
ашып түсіндіретін анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің айтуынша, оның
көп мәнділігі сонша, әрбір зерттеуші өзінің зерттеуіне байланысты әр түрлі
жауап қайтарады деген.
Бейімделу процесі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі
көбіне обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік
тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б байланысты.
Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі психология
ғылымындағы және психология ғылымының басқада аймағындағы күрделі
мәселелердің бірі болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық
мәселесі ауқымды түрде теориялық және қолданбалы маңызды иеленеді. Адамды
қоғамға, әлеуметтік топқа және ұжымға енгізудегі, адам мен әлеуметтік
тәжірибені меңгеру механизімінде, қарым – қатынас және мәдени тәжірибелерге
бейімделу және әлеуметтену процесі маңызды механизм болып табылады [7,
219].
Адамның бейімделу ерекшелігі әлеуметтік әлемге бірте – бірте енуі
мен мінез – құлық, жүріс – тұрыстың әлеуметтік ережелерін менгеру процесі
мен адамның әлеуметтенуі мен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік
бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизімі болып табылады.
Психологиялық әдебиеттерде осы екі түсінік қатынасы жайлы түрлі
пікірлер айтылады. Е.В.Шорохова бойынша әлеуметтену өзіне бейімделу
түсінігін енгізеді.
Әлеуметтену, тұлғаның бейімделуі жақын түсініктер, бұлар қоғам мен
тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірінғай процесін сипаттайды, сондай – ақ
әлеуметтену түсінігі бейімделу түсінігінен аумақты болып табылады.
Әлеуметтену – тек тұлға болуы мен жалпы дамуы мен ғана жиі
байланысады, ал бейімделу – қалыптасып қойған тұлғаның икемделу процесі мен
байланысады. Бейімделу және әлеуметтену түсінігінде мазмұнына байланысты
мәнді айырмашылықтар бар. Бейімделу адамның жаңа заттық іс - әрекет
жағдайына икемделуі, дағдылануы, ал тұлғаның әлеуметтенуі тұлғаның
қалыптасу процесінен көрінеді [8, 21].
Әлеуметтену тұлғаны қоғамдық қарым – қатынас жүйесіне енгізу, соны
мен қатар қоғамдық қалыптасқан іс - әрекет тәсілдерін менгеру. Соны мен
әлеуметтенудің негізгі функциясы - индивидтің қоғамда қалыпты функциялануын
қамтамасыз етеу. Сәйкесінше әлеуметтік – психологиялық бейімделу процесіне
темперамент ерекшелігі мен құндылық бағдары мен қызығушылығы мен тұлғаның
ішкі құрылымдық іс - әрекеті мен және қоғамдық белгіленген мінез – құлық
пен жетеді.
Бобнева М.И. әлеуметтену мен әлеуметтік – психологиялық бейімделу
процесі тығыз өзара байланысқан деп көрсетеді. Психологиялық механизімдер
бейімделу процесінде тұлғаның әлеуметтік орта мен өзара әрекет етуін жеке
алғанда, жанама түрде тұлғаның мативацялық құрылымы, психикалық құрылымы,
кейбір даралық ерекшеліктер индивидтің әлеуметтеу процесінде әлеуметтік
жағдайдың әсері мен құрылады. Тұлғаның әлеуметтенуі тұлғаның қоғамда нақты
бір ұжымда бейімделуі үшін қажетті жағдай болып табылады.
Л.Д.Столяренко тұлғаның әлеуметтеу сатысын қарастырғанда, бірінші
сатыны – біріншілік әлеуметтену немесе бейімделу сатысы деп көрсетеді.
Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік статусын түсінуін,
сондай – ақ оны мен байланысты ролдік мінез – құлық түрі ретінде жалпы
топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшкліктерін жүзеге
асыруды қарастырады .
Тұлғаның бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен денгейі
көбінесе адамның биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және
оның әлеуметтік дамуына байланысты
Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік
пайдалы қарым – қатынас, мінез–құлық, іс - әрекеттің өзгеруіне бағытталған.
Психологиялық бейімделу - әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез
–құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын,
бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары
бір – бірі мен үздіксіз байланыста.
Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі - әлеуметтік ортаның оған
ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез – қылық , жүріс – тұрысы және іс -
әрекетінің сәйкестенуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез –
құлықтың сай болуы. Сәтті әлеуметтік бейімделу ол тұлғаның ортаға
әлеуметтік – психологиялық бейімделуіне негіз болады.
Негізінде көптеген адамдар басқа елден білім алуға, жұмыс істеуге
талпынады, осыған байланысты Г.Триандис (1994) бейімделу процесінің бес
кезеңін бөліп көрсетеді.
Бірінші кезең, бал айы деп аталады, ол көтерінкі көңіл күй, үлкен
үміттің көрінуі мен сипатталады. Бірақ бұл кезең жылдам екінші кезеңге
өтеді.
Екінші кезең, жаңа ортаға енуде ортаның теріс әсерлерінің әсер ете
бастауы. Көптеген жағдайда көңілдері толмай, барлық нәрседен көңілдері
қалып, тіпті бұл жағдай кейбір кездерде фрустрация мен депрессияға өтіп
кетуі мүмкін. Бұл жағдайда көбі нақтылықтан қашуға тырысады.
Үшінші кезең - қиын қыстау кезіңіне жетуі мүмкін, ауыруларды және
толық әлсіздікті сезінеді. Жаңа ортаға сәтті бейімделе алмаған адамдардың
көбі келген жеріне қайта оралады.
Төртінші кезең - депрессия – оптимизацияға ауыса бастайды да өзіне
деген сенімділік және қанағаттану сезімін сезіне бастайды. Адам өзінің
икемделе бастағанын сезіне бастайды. Берри терминалогиясы бойынша – бұл
кезең толық немесе ұзақ кезең деп аталады. Ортаның талабына индивидтің
тұрақты өзгеруі. Бейімделу процесіне орта мен индивид өзара сәйкестікке
келеді. Осы кезеңді бейімделу процесінің аяқталуы деп те айтуға болады.
[11,.284].
Әлеуметтік – психологиялық бейімделу адамның дара ерекшеліктері мен
және қоғамдағы тұлғаның бағыты мен байланысты күрделі құбылыс. Қоғамда
тұлғаның бейімделуі үшін қоғам және тұлғаның міндеттері, мақсатының
ұқсастығы, пікірге қосылуы ерекше болып табылады.
П.Г.Белкин ойы бойынша – әлеуметтік – психологиялық бейімделу
даралықты дамыту жағдайларының бірі. Даралылықтың тұрақты қырының болуы
бейімделу процесінің жетістігінің бір көрсеткіші. Бірақ кейбір жағдайларда
нақты осы даралық сол немесе басқа топта тұлғаның бейімделуіне кедергі
келтіруі мүмкін.
Бейімделу механизімінің құрылу денгейі даралықты дамыту жағдайын
қамтамасыз етеді. Өмір әрекеті процесінде бейімделу механизімінің құрылуы
автоматтандырылған әдет, дағды, мінез – құлық, бейсаналы аймаққа өтеді. Бұл
даралықтың дамуы үшін шексіз мүмкіншілікті ашады.
Тұлғаның әлеуметтену процесінің жетістігінің алғы шарты адамның дара
ерекшеліктері мен әлеуметтік – психологиялық бейімделудің жанама түрде
болуы.
Әлеуметтік –психологиялық бейімделу түсінігіне қысқаша қарастыратын
болсақ , жеке адам мен топтың өз ара қатынасының жағдайын жеке адам
созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті
қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ
ұсынатын ролдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және
шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы әлеуметтік – психологиялық
бейімделу деп аталады [12,122].
Сонымен әлеуметтік – психологиялық бейімделу – толық әлеуметтенудің
бір жолы болып табылады екен.
Тұлғаның бейімделе немесе бейімделе алмауының өзі көбінесе адамның
биологиялық, физиологиялық, психологиялық қасиеттеріне және оның әлеуметтік
дамуымен байланысты болады.
Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі – әлеуметтік ортаның оған
ұсынатын талаптарға тұлғаның мінез - құлқының, жүріс – тұрысының және іс-
әрекетінің сәйкестенуі яғни, әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез –
құлықтың сай болуы. Сәтті әлеуметтік бейімделу тұлғаның ортаға әлеуметтік –
психологиялық бейімделуіне негіз болады. Сондықтан бейімделудің әлеуметтік
және психологиялық жақтары бір-бірімен байланысты болады.

1.3 Шетел ғалымдарының бейімделу түсінігін қарастырылуы.

Адам іс - әрекетінің психологиялық аспектісін қарастырғанда ол
қоршаған ортадан тыс жүзеге асырылмайтындығы бізге мәлім. Сыртқы ортаның
құбылысы үнемі адамға белгілі әсер етеді және оның іс - әрекетінің жүзеге
асырылу жағдайын анықтайды, кейде жиі олардың әсері теріс сипат берері
қақ.
Көне грек философы Эпидокл өсімдіктер мен жануарлар эвалюциясы жайлы
гипотезасын қарастырғада ең алғаш өмір сүру мен икемделу түсінігін
көрсеткен. Ол түсініктер биологтар мен бейімделу деп түсіндіріледі.
Психикалық икемделу мәнділігі жайлы ойында Г.Спенсер психиканы әлеуметтік
ортаға енудегі маңызды құрал ретінде зерттеуге бағыт береді [23, 112].
Алғаш тірі ағзаның тұтас жүйе ретінде функциялану мәселесін зерттей
бастаған француз физиологы К.Бернар еді. Оның гипотезасы бойынша
функциялану кез келген тірі ағзаға, соның ішінде адамға да тән, олар
өздерінің өмір сүруі қолайлы болу үшін ағзаның ішкі орта параметрлерін
үнемі сақтайды, ол өз кезегінде орындалады өйткені барлық жүйелер және
ағзаларда өтетін процестер тең жағдайда өтеді. Осы теңдік сақталып тұрғанша
ағза өмір сүріп әрекет етеді. Бұндай жағдайда ішкі ортаның тұрақтылығы
Бернар бойынша ол – еркін өмір шарты деп аталады. Бернар ойынан кейін
ағзаның ішкі орта тұрақтылығын американдық физиолог У.Кэннон мен қолданылып
дамыды. Ол оны гомеостаз қасиеті деп санады. Гомеостаз – қандайда бір
жүйенің қозғалмалы теңдік жағдайы, осы теңдік сыртқы орта факторларының
бұзылуына қарсы әрекет ету жолы мен сақталады [24, 11].
Кез келген тірі ағзаға белгілі ортада өмір сүреді, ол сыртқы ортадан
міндетті түрде өмірге қажетті компоненттерді үнемі алуға мәжбүрлі. Тірі
ағзаны сыртқы ортадан шектеу, оның өлуіне әкеледі. Сондықтан тірі ағза ішкі
теңдікке жетуге талпынуда, ол бір уақытта тұрған орта жағдайына бейімделуі
керек. Осы құбылыс бейімделу түсінігінің сипатын анықтайды. К.Бернар
жұмысынан бастап бейімделуді теңсіз жүйелер аралығындағы қатынас ретінде
қозғалмалы құрылудың жиынтығы деп қарастырылады.
Гештальт психологиясының теориясы бойынша – барлық ағзаны функциялау
өзін реттеу принципіне бағынады деп тұжырымдайды. Адамдар табиғи жағдайда
пайда болып, қажеттіліктерді саналы түсіну ретінде және оларды пайда болу
шегіне, қанағаттануына байланысты өмірде қозғалмалы теңдікті (немесе
гомеостазды) ұстап тұрады деп қарастырады.
Гештальт бағытының психологы және щвейцар психологы Ж.Пиаженің
интелектуалды даму теориясында, бейімделуді баланың интелектуалды
дамуындағы маңызды процесс ретінде қарастырады. Жаңа мәселелі жағдайда
икемделу барысында аккомадация және ассимиляция процесі бірігеді, ал
олардың қосылуы бейімделуді білдіреді. Ж.Пиаже аккомадацияны – жаңа
ақпаратты меңгеру мақсатында ақыл - ой белсенділік механизімін қайта құру
ретінде қарастырады, ал ассимиляция – сыртқы жағдайды иемдену және оны ойша
қайта құру деп түсіндіріледі.
Адам ағзасы және жануарлар ағзасы қоршаған ортаға туа біткен және
жүре пайда болған акт жиынтықтар негізінен икемделеді. Бұл икемделулер
дәлме - дәл немесе дәлме –дәл емес болуы мүмкін, олардың көмегімен ағза
өзінің өмір сүруін жеңіл – желпі ұстап тұрады.
Медицина дененің кез келген ағзасы қандай да бір функцияны орындауға
икемді деп санаса, бихевиорист ғалымдар – біздің ойымыз жәнем мінез –
құлқымыздың образы бейімделу ролін алады деген болжам ұсынады.
Психоанализ бейімделу мәселесінің үш түрі мен түйіседі: эго-
психология мәселесі ретінде, терапиялық мақсат және педагогикалық мәселе
ретінде.
Эго аймағындағы қақтығыстан тәуелсіз зерттеуде, нақтылықты
меңгеру міндеттері мен өте немесе тығыз байланысты функцияларды, яғни
бейімделуді анғара аламыз. Бейімделу концепциясы қарапайым болғаны мен, ол
едәуір көптеген мәселелерді талқылайды [30, 14].
Негізінен адамды жақсы бейімделген деп егер оның іс -
әрекетінің өнімділігі, өмір мен рахаттана алу қабілеті және оның психикалық
теңдігі бұзылыссыз болғанда айта аламыз. Бейімделу ең алды мен ағза мен
қоршаған ортаның өз ара байланысы болып табылады. Бейімделу процесінің
толық дамуы өмір сүру үшін қолайлы қоршаған орта және генотип арасындағы өз
ара байланыстан туады деп айта аламыз.
Психоанализ ерте қалыптасқан адамның бейімделу құралының және осы
бейімделу процесінің арасындағы өз ара қарым – қатынасты зерттеу және
индивид пен қоршаған орта арасындағы бейімделу жағдайы индивидке себепкер
болу, қоршаған орта мен белсенді тікелей әсер ету процесін талқылауға
мүмкіндік береді.
Бейімделу өзгеріс пен болуы мүмкін, яғни индивид ойы оның психо
физиологиялық жүйесінде тепе-теңдік өзгерістер болады. Бұл жерде Фрейдтің
аллопластикалық және аутолпластикалық өзгеріс жайлы концепциясы орынды
болып табылады.
Жануарлар белсенді және мақсатқа бағытталған түрде өзінің қоршаған
ортасын өзгертеді (ұя, ін салуда). Бірақта аллопластикалық бейімделу кең
түрде тек адамға ғана тән. Бұл жерде екі процесс мәнді болып табылады: адам
іс - әрекеті қоршаған ортада адамды функциялауға бейімдейді; ал одан кейін
(екіншілік) ол құруға көмектескен қоршаған ортаға адам бейімделеді. Ал
үшіншіі бір түрі ол аллопластикалық және аутопластикалық түр пішінге
байланыссыз және оны мен толығы мен бірегейлі емес, ол ағзаның функциялануы
үшін қолайлы болып табылады [30,43].
Адам ағзасындағы бейімделудің сыртқы құрылымы қандай деген сұрақта,
әлеуметтік концепциядан биологиялық концепцияны бөлектей алмаймыз. Баланың
алғашқы әлеуметтік қарым – қатынасы оның биологиылық тепе – теңдігін сақтау
үшінде маңызды, сондықтан адамның бейімделу міндеті адамға туғаннан бастап
тән. Сонымен қатар адам қоршаған ортаға адамдар мен және өзі мен құралған
бөлік пен бейімделеді. Адам қоғамға тек бейімделіп қана қоймайды, ол өзі
бейімделетін жағдайды құруға белсенді қатысады. Жаңа әлеуметтік жағдай
бейімделушінің жеке басына көптеген талаптар қояды – яғни ортаға сәтті,
жекелеген түрде сәтті және сәтсіз енуіне байланысты [32,166].
Ф.Е.Эмери және Акофаның мақсатты әрекеттер жүйесі мақаласында
индивидті қоршаған ортасына байланысты екі қатынаста қарастырады, яғни
ортаға бейімделу днгейіне байланысты сол және басқа денгейді тудыруы.
Жағымсыз әсерлерге ағзаның бейімделу реакциясының қарқындылығы
бірқатар жалпы арнайы емес сипатқа ие және ол бейімделу синдромы деп
аталады. Бейімделу синдромы - стрессордың, яғни жағымсыз әсерлердің
созылуы мен күшіне жауап беретін және жалпы қорғаныс сипатына ие жануарлар
мен адамдар ағзасының бейімделу реакциысының жиынтығы. Стрессор әсерінен
дамитын функционалды жағдай – стресс деп аталады. 1936 жылы Канадалық
физиолог Г.Селье бейімделу синдромының негізгі симптомдары болып бүйрек
үсті қыртысының өсуі, айырша бездің кішіреюі, зат алмасудың бұзылысы жатады
[15,39].
Адам орта балансының бұзылысында белсенді қажеттілікті
қанағаттандыруға арналған немесе сол қанағаттану жүйесі мен келісу үшін
индивидиумның психикалық немесе физикалық ресурстарының жетіспеушілігі
мазасыздық негізі болып табылады. Мазасыздану былайша көрсетіледі
- белгісіз қауіпті сезіну,
- қауіптену және мазасыз күту сезімі,
- белгісіз алаңдаушылық психикалық стрестің өте күшті механизімін
көрсетеді. Бұның өзі айтылып кеткендегідей қауіпті сезінуден шығады, өзінің
мазасыздану орталық элементін және оның биологиялық маңыздылығын қауіптілік
және жағымсыз сигнал ретінде алады.
Мазасыздану қарқындылығы және ұзақтығы бойынша дәлме - дәл жағдай,
бейімделу мінез – құлықтың құрылуына кедергі келтіріп, мінез – құлық
интеграциясының бұзылуына әкеледі және адамның психикалық ұйымдаспауына
әкеледі. Бұл жағдайда мазасыздану кез – келген психикалық стресс пен
игерілген мінез – құлық және психикалық жағдайдың өзгеруінің негізінде
жатыр [30,67].
Психикалық бейімделу процесінің элементін көрсететін мазасыздық
қатарын көрсетуге болады:
- ішкі шиеленісуді сезіну
- мазасызданудың реңі өте айқын емес, тек оның жақындауының сигналы
болып ішкі жан дүниесіндегі ауыр дискомфорттың құрылуы.
- гиперстезиялық реакция – үрей өсіп, алдынғы бейтарап стимулдар
теріс бейнені алып тітіркендіргіш жоғарлайды.
- өзіндік мазасыздану – қарастыратын қатардың орталық элементі
белгісіз үрейді сезіну мен көрінеді.
- Қорқыныш – белгілі обьектіде айқындалған үрей. Бірақ обьекті мен
байланысты үрейлер оның себебіде болмауы мүмкін, субьектіде үрейді нақты
бір әрекеттер арқылы шектеуге болады деген көрініс туады.
- Болмай қоймайтын апатты сезіну – мазасыздық бұзылыстарының
қарқындылығының өсуі субьектіде сақтанып қалу мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Студент жастардың әлеуметтену үрдісін психологиялық зерттеу
Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары
Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің педагогикалық жағдайлары
Жастар саясатының бағыттары
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың қағидаттары
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізер әсері қандай?
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Кедейшілік қазіргі қоғамның өзекті проблемасы
Жастармен әлеуметтік жұмысты зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері
Пәндер