Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдерді оқытудың лингвистикалық негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдерді оқытудың лингвистикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1. Дауыс ырғағының сөзде атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... .15
1.2.1. Сұраулы сөйлем дауыс ырғағының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.2.2. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс ырғағының қазақ тілінен айырмашылығы мен ұқсастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.3. Ағылшын тілінде дауыс ырғағын меңгерудегі қазақ тілді студенттердің кездестіретін қиыншылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Бірінші бөлім бойынша түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ІІ. Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.1. Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқытудың негізгі принциптерінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2. Қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Екінші бөлім бойынша түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

ІІІ. Тәжірибелік оқыту үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3.1.Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3.2.Тәжірибелік оқытуды жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.3.Нәтижелерді қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Үшінші бөлім бойынша түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазіргі таңда шет тілі, әсіресе ағылшын тілі білімі бар азаматтарға сұраныс күннен күнге артуда.
Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Қазіргі нарық заманында Қазақстан көптеген шет мемлекеттермен достық қарым-қатынасты нығайтуда. Мемлекетіміздегі болып жатқан өзгерістер мен саяси-мәдени араласулардың көбеюі, біріккен өнеркәсіптердің пайда болуы, экономикалық қайта құрулар қазақтардың тілге деген қызығушылығы мен сұраныстарын тудырып отыр.
Алайда Республикамыздағы ағылшын тілін оқыту мәселесі бүгінгі таңда әдіскерлер мен тәжиребелі, ізденімпаз мұғалімдерді қатты алаңдатып отыр. Тілді оқытудың сапасы мен нәтижесіне деген қанағаттанбаушылық сезімі оқу процесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздеуге жетелейді.
Қазіргі әдіскерлердің оқыту саласында айрықша назар аударатын мәселесі тілді коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту. Қандай тіл болмасын оны еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс. Алайда, ағылшын тілінде басты рөлді сөзді фонетикалық дұрыс жеткізе білу ойнайды. Шетел ғалымы Б.Ф. Корндорф айтқандай: “Фонетиканы меңгерудің маңыздылығы сол, дыбыстық тіл адамзат қоғамының жалғыз тілі болған да, бола бермек.”
Сөйлеушінің көңіл-күйі, эмоциясы, қатынасын дұрыс жеткізе білуінде және тыңдаушының оның сөзін дұрыс ұға білуінде дауыс ырғағының рөлі айрықша. Шетел фонетистерінің бірі Р.Кингдонның “Дауыс ырғағы -тілдің жан-дүниесінің айнасы” деген сөзі осы мәселені дәлелдейтін секілді. /1, 56/
Сөйлем түрлерінің ішінде қоғамда адамның өз ойын, таным-білімін дұрыс жеткізуінде сұраулы сөйлемнің орны ерекше. Алайда, тілдік жоғары оқу орнында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс ырғағын ана тіліндегі сұраулы сөйлем құрылысы мен айту ырғағының ерекшеліктерінің әсерінен дұрыс меңгере алмау кемшілігін жою мақсаты зерттеу жұмысының тақырыбын осы мәселеге арнауға мәжбүр етті.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі ұлттар аудиториясында шетел тілінің фонетикасына үйретуде студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып оқыту зерттеушілердің іздену жұмыстарының басты пәні болып келеді (Г. П. Торсуев, Г.К. Тусупова, В. А. Исаков, И. В. Коробова, және т.б.), ал дауыс ырғағы, оның компоненттерін, олардың қызметін және рөлін зерттеушілердің де саны аз емес (В. А. Васильев, Ю. А. Дубовский, Л. Р. Зиндер, Т. М. Николаева, Джоунз Д. т.б.) және дыбыс ырғағының жүйесінің функциясын анықтауда біраз зерттеушілер еңбек сіңірді (Ф.А.Артемов, И.Г.Торсуева, D.Crystal, H.Palmer, D.Jones, R.Kingdon). Соның ішінде қазақ тілі мен ағылшын тілін салыстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қазақ зерттеушісі М.К.Исаевтың еңбегін зор мақтанышпен айтуға болады./2; 3/
Алайда ғылыми еңбектер, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасай келе тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертуде нақты да нәтижелі жол көрсетілмегені, бұл мәселе жетік зерттелмегені байқалады. Содан болар, білім беру, оқыту кезінде студенттердің ана тілінің (біздің мәселемізде қазақ тілінің) ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып жасалған оқыту әдісі жоқтың қасы.
Осының нәтижесінде көптеген жағдайда қазақ тілді студенттер ағылшын тілінде сұрақ қойған кезде дауыс ырғағын қате қолданады, бұл, әлбетте, студенттердің сөзінің мән-мағынасына кері әсер етіп, оның көркемділігіне бөгет болады.
Яғни, тілдік жоғары оқу орындарындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертудің белгілі бір нақты оқыту технологиясы, ғылыми зерттеуден өткен оқыту материалдарының жоқтығы басты мәселе болып отыр.
Мұның бәрі қазақ тілді студенттердің ағылшын тілін жетік біліп, сол тілде, әсіресе сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын қолдануда білім, білік, дағдыны қалыптастыру үшін керекті, тәжірибелі әдістеме жасау қажеттілігін тудырады.
Осы зерттеу жұмысында ұсынылғалы отырған тәжірибе нәтижелері, әдістемелер алда тұрған ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқытудағы мәселені шешуге көп септигін тигізе отырып, зерттеу жұмысының таңдалған тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің нысаны. Тілдік жоғары оқу орнында ағылшын тілінде сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын оқыту процесі
Зерттеу жұмысының басты қаралар пәні— ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдер, олардың құрылымы мен дауыс ырғағын тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге оқыту әдістемесі.
Ағылшын тіліндегі дауыс ырғағы ұғымын анықтап, сұраулы сөйлем типтері мен олардың интонациялық құрылымдарын, ерекшеліктерін айқындай отырып, тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде дауыс ырғағын дұрыс қолдануды меңгертудің тиімді әдістерін, технологиясын жасау зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысында мынадай міндеттер іске асырылуы тиіс:
• Теориялық материалды лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан жанжақты талдау жасап, сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағының функциялық мәнін анықтау
• Ағылшын тілін үйренуші қазақ тілді студенттердің дыбыстаған тілдік материалын магниттік таспаға түсіре отырып, ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі дыбыстарды, дауыс ырғағын фонетикалықфонологиялық деңгейде сараптамалы лингвоәдістемелік талдау жасау және дауыс ырғағын қолданудағы қателер мен қиыншылықтарды анықтау
• Дыбысталған материалды ағылшын тілінде сөйлеуші адамдармен бірлесе отырып талдау
• Қазақ тілді студенттерге сай келетін ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесін жасау
• Жасалған әдістеменің нәтижелілігін тәжірибе жүзінде тексеру
Қойылған міндеттерді шешу контрастивтік, имитативтік, эксперименттік, статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді. Атап айтқанда:
• ғылыми әдебиеттер мен теориялық білім көздерін зерттей отырып, талдау жасау
• сұраулы сөйлемдердің түрлерінің дауыс ырғағын салыстырмалы түрде зерттеу
• әлеуметтік–педагогикалық (бақылау, жоғары оқу орнында қолданылатын оқу бағдарламаларын зерттеу, әңгіме, педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылау, дедукция және индукция)
• эксперименттік (ойлау эксперименті, педагогикалық эксперимент)
• статистикалық (эксперименттік оқыту нәтижелеріне талдау жасау)
Зерттеу жұмысында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде айтқан сөздері маңызды материал қызметін атқарды.
Зерттеу жұмысының жетекші идеасы
Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгерту қазақ тілді студенттерге сол тілде еркін, сауатты сөйлей алу қабілетін игеруге ықпал етеді және ағылшын тілін коммуникативті–танымдық тұрғыдан меңгертуге жол ашады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Зерттеу жұмысында тілдік жоғары оқу орнында оқитын қазақ тілді студенттердің ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертудің ғылыми–теориялық негізі анықталып, студенттердің ана тілінің ерекшеліктері назарға алына отырып жасалған оқыту процесінде жаңа әдістеме ұсынылып, жаңа тиімді әдістер көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы
Егер студенттерге ағылшын тілінің дауыс ырғағын тез және нәтижелі меңгерту барысында олардың ана тіліндегі қалыптасқан дыбыстау білімін көңілге ала отырып, анықталған қателерге баса назар аудартып оқытса, онда интонациялық дағдыларды меңгеру деңгейі жоғары болары және интерференциялық ісерлерді болдырмай, олардың алдын алатыны сөзсіз, өйткені әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері болады және студенттер ана тілінде қолданылатын дауыс ырғағын салыстыра отырып үйренуге мүмкіндік алады, қателерді алдын ала саналы түрде жібермеуге дайындалады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізіне тілдік іс–әрекет теориясы, тіл және ойлау теориясы, ауызша тілдесудің құрылымының лингвистикалық зерттеулері, біртұтас педагогикалық процесс теориясы,
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Kingdon R. The Groundwork of English Intonation. London, 1958, p 285
2. Исаев М.К. Лингво-контрастивное исследование речевой деятельности в условиях искусственного двуязычия. Алматы, 1991.
3. Исаев М.К. Фонетические особенности английской речи казахов. Алматы, 2004.
4. Берлин С.А., Вейхман А.С. Обучение английской интонации. М, 1673. с.79
5. Брызгунова Е.А. Практическая фонетика и интонация русского языка. М, изд-во Московского унив., 1963. с.121
6. Пешковский А.М. Интонация и грамматика / Избранные труды. М, 1959. с.200
7. Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясының негізі. Алматы, 2002. 202 б
8. Марузо Ж. Словарь лингвистических терминов. М, 1960.
9. Пешковский А.М. Русский синтаксис в научном освещении. М, 1938. с.480
10. Щерба Л.В. Фонетика французского языка. М, 1948. с
11. Jones D. An Outline of English Phonetics. Cambridge, 1960. p 48
12. Vassilyev V.A. English Phonetics. A Theoretical Course. M, 1970. p 78
13. Мурзалина Б.К. Комуникативная природа интонации в сопоставительном освещении. Дисс.док.фил.наук. Алматы, 2003, с 200
14. Грамматика русского языка. Т 2. Изд-во АНСССР, с 160
15. Копнин П.В. Природа суждения и формы выражения его в языке. В сб.: “Язык и мышление”. М, 1957. с 150
16. Джахитова Л.Д. Коммуникативно-прагматические функции вопросительных высказывании. Маг.дисс. с
17. ГедзС.Ф. Коммуникативно-прагматические особенности высказывании с интеррогативным значением в современном английсклм языке. Автореф. Дисс.кан.фил.н. Киев, 1998. с 17
18. Маликова Е.А. Вопросительные предложения: номинативные и коммуникативные аспекты (на мат. англ. яз.) Автореф. Дисс.кан.фил.н. Киев, 1989. с 25
19. Crystal P. Prosodic Systems and Intonation in English, Cambridge University Press, 1989, p 265
20. Туркбенбаев Н.У. Интонация простых вопросительных предложении. Алматы, 1971. с 150
21. Торсуев Г.П. Опыт экспериментального сравнения английской и русской интонации. Дисс. Кан.ф.н. М, 1939с
22. Antipova E.Y. English Intonation, Moscow, 1985, p 385
23. Bolinger D. Intonation. Great Britain, London, 1973, p 269
24. Қарабаев М.Ә.Қазақ тілі. Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис. Алматы: «Ана тілі». 1993. 216 б
25. Кеңесбаев І.,Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Мектеп. 1975. 304б
26. Аралбаев Ж.А. Қазақ тілі фонетикасыныңзерттелуі жайында // Фонетика казахского языка. Алматы. 1969 с. 28-42
27. Туркбенбаев Н.У. Об интонации вопросительных предложений/ Фонетика казахского языка. Под.ред. Кенесбаев С.К., Алматы, 1969. с. 138-146
28. Каспаров М.Г., Аралбаев Ж.А. Об изучении интонации казахского языка/Фонетика казахского языка. под.ред. С.К. Кенесбаева. Алматы. 1969. с 83-97
29. Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностранным языкам. М, 1965. с 116
30. Вишневская Г.М. Лингвистические предпосылки возникновения русского акцента в английской интонации/ Фонетическая интерференция. Межвузовский сборник. Иваново, 1985. с 38-57
31. Нушикян Э.А. Просодическая интерференция при обучении интонации эмоциональной речи./ Фонетическая интерференция. Межвузовский сборник. Иваново, 1985. с. 113-122
32. Шумилина Т.Н. Просодическая интерференция при обучении интонации английской речи в условиях русско-украинского двуязычия./ Фонетическая интерференция. Межвузовский сборник. Иваново, 1985. с. 142-150
33. Утесбаева Ж.М. Проблемы интонации. Вестник, №3(75), 2004. КазГУ
34. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Ленинград, “Наука”, 1974. с 345
35. Тусупова Г.К. Формирование навыков немецкого произношения в казахской аудитории (языковой вуз). Дис.канд.пед.наук. Алматы, 2005, с.200
36. Карлинский А.Е. Концептуальные основы обучения неродному языку./Вестник КазГУМОиМЯ. №2, 2000. с 64-67
37. Галайдина Н.А. Организация и методика самостоятельной работы студентов І-го курса языкового вуза над интонацией английского языка. /начальный этап обучения/ дис.канд.пед.наук. М, 1967. с.105
38. Исаев М.К. Фонетическая интерференция при казахско-английском двуязычии. А., 1986. 121 с
39. Аракин Практический курс английского языка 1998
40. English File. Clive Oxenden, Paul Seligson, Oxford University Press, 1996, I part
41. Английский язык для специальных целей для студнтов ІІІ курса по специальности «Международое право», 2006, Койчикулова И.Н., каф. ТПЛ КазУМОиМЯ
42. English File. Clive Oxenden, Paul Seligson, Christina Lathm-Koenig, Oxford University Press, 1997, II part
43. Концепция развития иноязычного образования Республики Казахстан. Научное руководство д.ф.н., проф., акдемик МАН ВШ Кунанбаева С.С., Алматы. 2004. 19c.
44. Кунанбаева С.С. Современное иноязычно образование: методология и теории. А., 2005. 264 с
45. Джунисбеков А. Акустико-артикуляторные характеристики гласных казахского языка//Фонетика казахского языка. под.ред. С.К.Кенесбаева. Алматы.1969. с. 61-71
46. Габдуллина Г.А. Фонетические характеристики трилингвизма (на материале казахского, английского и немецкого языков). Автореф. Дис. Канд. Алматы, 2004. 26 с
47. Жигиль В.Г. Экспериментальное исследование некоторых проблем обучения интонации на первом курсе языкового ВУЗа. М, 1973
48. Москалева И.С., Голубева С.К. Использование компьютерных технологий для профессиональной подготовки учителей иностранного языка//Иностранные в школе №1. 2005. с 83-87
49. Лапидус Б.А. Проблемы содержания обучения иностранному языку в языковом вузе. Учебное пособие. М., «Высшая школа», 1986. 223 с
50. Пассов Е.А. Основы коммуниктивной методики обучения иноязычному общению. М., Русский язык. 1989. 278 с
51. Настольная книга препдавателя иностранного языка. Минск. 196. c 552
52. Ильин М.С. Основы теории упражнений по иностранному языку. М., 1975. 151 с
53. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Ленинград, «Наука». 1974. 27 с
54. Iskakova G.N. Intonation of Communicative Types of English Sentences Diploma Work. Taraz. 2005. 50 p
55. Macmillan English Dictionary (for advanced learners)Oxford,2002
56. Webster's New Encyclopedic Dictionary New York. 1993
57. Абдигалиев С.А. Пути преодоления лексической интерференций при обучении немецкому языку (языковой вуз). Дисс. Канд. пед.наук. (№78) Алма-Ата, 1975, 211 с
58. Штульман Э.А. Основы эксперимента в методике обучения иностранным языкам. Ворнеж. 1971. 144 с
59. Нурбекова Г.Ж. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларын диалог сөзге үйретуде интерактивтік тәсілді қолдану әдістемесі (неміс тілі). Пед.ғыл,канд.дисс. Алматы, 2002, 100-109 б
60. Карлинский А.Е. Принципы, методы и приемы лингвистических исследований. Алматы, 2003, с 103-147




61. Исазаде И.Ю. Интонационная структура общего вопроса в современном англтйском языке// Ученые записи. Вопросы романо-германской филологии. Т.54. МГПИИЯ им. Мориса Тореза. М, 1970. с 79-101
62. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы. 1992. 136 б.
63. Әбдіғалиев С.Ә. Неміс тілін оқытудың негіздері. Алматы. 1992. 136б
64. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения. М., 2000. 165с

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдерді оқытудың лингвистикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .8
1.1. Дауыс ырғағының сөзде атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.2.1. Сұраулы сөйлем дауыс ырғағының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...17
1.2.2. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс ырғағының қазақ тілінен
айырмашылығы мен
ұқсастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20
1.3. Ағылшын тілінде дауыс ырғағын меңгерудегі қазақ тілді студенттердің
кездестіретін
қиыншылықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 24
Бірінші бөлім бойынша
түйін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29

ІІ. Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде
сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.1. Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқытудың негізгі
принциптерінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 30
2.2. Қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс
ырғағын оқыту әдістемесінің
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .33
Екінші бөлім бойынша
түйін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...38

ІІІ. Тәжірибелік оқыту
үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 39
3.1.Тәжірибелік оқытуды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
3.2.Тәжірибелік оқытуды
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.42
3.3.Нәтижелерді
қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .45
Үшінші бөлім бойынша
түйін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .61

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазіргі таңда шет тілі, әсіресе ағылшын тілі білімі бар азаматтарға
сұраныс күннен күнге артуда.
Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай ағылшын тілін оқытудың сапасын
арттыру мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Қазіргі нарық
заманында Қазақстан көптеген шет мемлекеттермен достық қарым-қатынасты
нығайтуда. Мемлекетіміздегі болып жатқан өзгерістер мен саяси-мәдени
араласулардың көбеюі, біріккен өнеркәсіптердің пайда болуы, экономикалық
қайта құрулар қазақтардың тілге деген қызығушылығы мен сұраныстарын тудырып
отыр.
Алайда Республикамыздағы ағылшын тілін оқыту мәселесі бүгінгі таңда
әдіскерлер мен тәжиребелі, ізденімпаз мұғалімдерді қатты алаңдатып отыр.
Тілді оқытудың сапасы мен нәтижесіне деген қанағаттанбаушылық сезімі оқу
процесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздеуге жетелейді.
Қазіргі әдіскерлердің оқыту саласында айрықша назар аударатын мәселесі
тілді коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту. Қандай тіл болмасын оны
еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді
грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс. Алайда,
ағылшын тілінде басты рөлді сөзді фонетикалық дұрыс жеткізе білу ойнайды.
Шетел ғалымы Б.Ф. Корндорф айтқандай: “Фонетиканы меңгерудің маңыздылығы
сол, дыбыстық тіл адамзат қоғамының жалғыз тілі болған да, бола бермек.”
Сөйлеушінің көңіл-күйі, эмоциясы, қатынасын дұрыс жеткізе білуінде
және тыңдаушының оның сөзін дұрыс ұға білуінде дауыс ырғағының рөлі
айрықша. Шетел фонетистерінің бірі Р.Кингдонның “Дауыс ырғағы -тілдің жан-
дүниесінің айнасы” деген сөзі осы мәселені дәлелдейтін секілді. 1, 56
Сөйлем түрлерінің ішінде қоғамда адамның өз ойын, таным-білімін дұрыс
жеткізуінде сұраулы сөйлемнің орны ерекше. Алайда, тілдік жоғары оқу
орнында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс
ырғағын ана тіліндегі сұраулы сөйлем құрылысы мен айту ырғағының
ерекшеліктерінің әсерінен дұрыс меңгере алмау кемшілігін жою мақсаты
зерттеу жұмысының тақырыбын осы мәселеге арнауға мәжбүр етті.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі ұлттар аудиториясында шетел тілінің
фонетикасына үйретуде студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін ескере
отырып оқыту зерттеушілердің іздену жұмыстарының басты пәні болып келеді
(Г. П. Торсуев, Г.К. Тусупова, В. А. Исаков, И. В. Коробова, және т.б.), ал
дауыс ырғағы, оның компоненттерін, олардың қызметін және рөлін
зерттеушілердің де саны аз емес (В. А. Васильев, Ю. А. Дубовский, Л. Р.
Зиндер, Т. М. Николаева, Джоунз Д. т.б.) және дыбыс ырғағының жүйесінің
функциясын анықтауда біраз зерттеушілер еңбек сіңірді (Ф.А.Артемов,
И.Г.Торсуева, D.Crystal, H.Palmer, D.Jones, R.Kingdon). Соның ішінде қазақ
тілі мен ағылшын тілін салыстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен
ұқсастықтарын анықтауда қазақ зерттеушісі М.К.Исаевтың еңбегін зор
мақтанышпен айтуға болады.2; 3
Алайда ғылыми еңбектер, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеу жұмыстарының
нәтижелеріне талдау жасай келе тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді
студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертуде
нақты да нәтижелі жол көрсетілмегені, бұл мәселе жетік зерттелмегені
байқалады. Содан болар, білім беру, оқыту кезінде студенттердің ана тілінің
(біздің мәселемізде қазақ тілінің) ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып
жасалған оқыту әдісі жоқтың қасы.
Осының нәтижесінде көптеген жағдайда қазақ тілді студенттер ағылшын
тілінде сұрақ қойған кезде дауыс ырғағын қате қолданады, бұл, әлбетте,
студенттердің сөзінің мән-мағынасына кері әсер етіп, оның көркемділігіне
бөгет болады.
Яғни, тілдік жоғары оқу орындарындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын
тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертудің белгілі бір нақты
оқыту технологиясы, ғылыми зерттеуден өткен оқыту материалдарының жоқтығы
басты мәселе болып отыр.
Мұның бәрі қазақ тілді студенттердің ағылшын тілін жетік біліп, сол
тілде, әсіресе сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын қолдануда білім, білік,
дағдыны қалыптастыру үшін керекті, тәжірибелі әдістеме жасау қажеттілігін
тудырады.
Осы зерттеу жұмысында ұсынылғалы отырған тәжірибе нәтижелері,
әдістемелер алда тұрған ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын
оқытудағы мәселені шешуге көп септигін тигізе отырып, зерттеу жұмысының
таңдалған тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің нысаны. Тілдік жоғары оқу орнында ағылшын тілінде сұраулы
сөйлемнің дауыс ырғағын оқыту процесі
Зерттеу жұмысының басты қаралар пәні— ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдер, олардың құрылымы мен дауыс ырғағын тілдік жоғары оқу орнындағы
қазақ тілді студенттерге оқыту әдістемесі.
Ағылшын тіліндегі дауыс ырғағы ұғымын анықтап, сұраулы сөйлем типтері мен
олардың интонациялық құрылымдарын, ерекшеліктерін айқындай отырып, тілдік
жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде дауыс ырғағын
дұрыс қолдануды меңгертудің тиімді әдістерін, технологиясын жасау зерттеу
жұмысының мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысында мынадай міндеттер іске
асырылуы тиіс:
• Теориялық материалды лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық және
әдістемелік тұрғыдан жан(жақты талдау жасап, сұраулы сөйлемнің дауыс
ырғағының функциялық мәнін анықтау
• Ағылшын тілін үйренуші қазақ тілді студенттердің дыбыстаған тілдік
материалын магниттік таспаға түсіре отырып, ағылшын, қазақ және орыс
тілдеріндегі дыбыстарды, дауыс ырғағын фонетикалық(фонологиялық
деңгейде сараптамалы лингво(әдістемелік талдау жасау және дауыс
ырғағын қолданудағы қателер мен қиыншылықтарды анықтау
• Дыбысталған материалды ағылшын тілінде сөйлеуші адамдармен бірлесе
отырып талдау
• Қазақ тілді студенттерге сай келетін ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесін жасау
• Жасалған әдістеменің нәтижелілігін тәжірибе жүзінде тексеру
Қойылған міндеттерді шешу контрастивтік, имитативтік, эксперименттік,
статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді. Атап айтқанда:
• ғылыми әдебиеттер мен теориялық білім көздерін зерттей отырып, талдау
жасау
• сұраулы сөйлемдердің түрлерінің дауыс ырғағын салыстырмалы түрде
зерттеу
• әлеуметтік–педагогикалық (бақылау, жоғары оқу орнында қолданылатын оқу
бағдарламаларын зерттеу, әңгіме, педагогикалық тәжірибені зерттеп,
қорытындылау, дедукция және индукция)
• эксперименттік (ойлау эксперименті, педагогикалық эксперимент)
• статистикалық (эксперименттік оқыту нәтижелеріне талдау жасау)
Зерттеу жұмысында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде айтқан
сөздері маңызды материал қызметін атқарды.
Зерттеу жұмысының жетекші идеасы
Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгерту қазақ тілді
студенттерге сол тілде еркін, сауатты сөйлей алу қабілетін игеруге ықпал
етеді және ағылшын тілін коммуникативті–танымдық тұрғыдан меңгертуге жол
ашады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Зерттеу жұмысында тілдік жоғары оқу орнында оқитын қазақ тілді
студенттердің ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын
меңгертудің ғылыми–теориялық негізі анықталып, студенттердің ана тілінің
ерекшеліктері назарға алына отырып жасалған оқыту процесінде жаңа әдістеме
ұсынылып, жаңа тиімді әдістер көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы
Егер студенттерге ағылшын тілінің дауыс ырғағын тез және нәтижелі
меңгерту барысында олардың ана тіліндегі қалыптасқан дыбыстау білімін
көңілге ала отырып, анықталған қателерге баса назар аудартып оқытса, онда
интонациялық дағдыларды меңгеру деңгейі жоғары болары және интерференциялық
ісерлерді болдырмай, олардың алдын алатыны сөзсіз, өйткені әрбір тілдің
өзіндік ерекшеліктері болады және студенттер ана тілінде қолданылатын дауыс
ырғағын салыстыра отырып үйренуге мүмкіндік алады, қателерді алдын ала
саналы түрде жібермеуге дайындалады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізіне тілдік іс–әрекет теориясы, тіл
және ойлау теориясы, ауызша тілдесудің құрылымының лингвистикалық
зерттеулері, біртұтас педагогикалық процесс теориясы, тілдік іс–әрекет
ерекшеліктері теориясы, психология және физиология теориясы, коммуникация
және ауызша тілдесу теориясы алынады. Осы теориялар назарға алына отырып,
ағылшын, орыс және қазақ тілдерінің сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағының
ерекшеліктері анықталып, ағылшын тілінде дауыс ырғағын дұрыс пайдалана
білуге үйретудің психологиялық––педагогикалық негіздері зерттеледі.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы
• қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс
ырғағына оқыту әдістемесі жасалды;
• тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде
сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын қолданғанда жіберетін қателерін
жүйелеп, негізгі түрлері анықталды;
• қазақ және ағылшын тілдеріндегі сұраулы сөйлемдердің түрлер мен дауыс
ырғағындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары анықталып, салыстырмалы
зерттеу жүргізілді;
• тілдік жоғары оқу орнында қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі
сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқытуда негізгі әдістемелік
ұстанымдар (принциптер) анықталды;
Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы
Зерттеу жұмысындағы нәтижелер түркі тілдес білімгерлер бөлімінде де
ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсартуға көмегін тигізе отырып, оқыту
процесінде, оқулықтар, оқыту методикалық көмекшілер жасауда қолдануға
болады. Диссертацияда берілген оқыту әдістемесі тіл үйренушілердің ағылшын
тіліне деген ынта-жігерін, қызығушылығын арттыруда тиімді рөл атқарады.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Зерттеу жұмысының мақсат және міндеттеріне қарай диссертациялық еңбек
кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері,
нысаны, пәні, ғылыми болжамы, ғылыми жаңалығы, жетекші идеясы, қолданылатын
әдістері, әдіснамалық негізі, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы
қарастырылады.
Зерттеудің “Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағына
оқытудың лингвистикалық негізі” деп аталатын теориялық бөлімінде ағылшын
тіліндегі сұраулы сөйлемдердің құрылымы, олардың дауыс ырғағының
ерекшеліктері, ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын қазақ
тілімен салыстыра отырып, талдау жасалды, оларды меңгеруде қазақ тілді
студенттердің беттесетін қиыншылықтары анықталып, оларды шешу жолдары
қарастырылады.
Зерттеу жұмысының “Қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдердің интонациялық құрылымдарын оқыту әдісінің негіздері” деген
тақырып алатын бөлімде қазақ тілді студенттерге арнайы жасалған әдістеме
үлгісі беріледі.
Осы ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін тексеру мақсатында тілдік
жоғары оқу орнының қазақ тілді студенттерімен арнайы тәжірибелік жұмыс
жасалады. Бұл тәжірибелік оқыту үрдісі мен одан алынатын қорытынды
мілңметтер зерттеу жқмысының үшінші бөлімін Тәжірибелік оқыту үрдісі
құрастырады.
Аталмыш зерттеу жұмысының үш бөліміне қорытынды жасай келе,
диссетациялық зерртеу жұмысы қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.

І. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдерді оқытудың лингвистикалық негіздері

1. Дауыс ырғағының сөзде атқаратын рөлі

Қандай тіл болмасын оны еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе
білу үшін сол тілді грамматикалық, лексикалық және фонетикалық тұрғыдан
жетік игеруі тиіс. Алайда, тілде қарым-қатынас жасап, ақпарат алмасу
процесінде басты рөлді сөзді фонетикалық дұрыс жеткізе білу ойнайды.
Кез-келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінің,
яғни сөздердің дыбыстарынан ғана тұрмайды, ол тілдің күрделі
супрасегменттік просодикалық деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы
интонациялық сипатын да қамтиды. Дауыс ырғағы адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынас жасауында атқаратын рөлі ерекше, сондықтан да болар дауыс ырғағы
дыбыстардан да бұрын пайда болған. Оған дәлел ретінде дамуы жоғары
саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс
ырғағының құбылуының мәні зор екені айтылады.
Әрбір сөзде сөйлеу, сөздер мен ойды жеткізуде дауыс ырғағы қатысады,
онсыз ешқандай фразаны құрастырып, айту мүмкін емес.
Дауыс ырғағының мәні мен мазмұнын түсіне отырып, студенттерге шетел
тілінің дауыс ырғағына оқыту керек. Кері жағдайда, тілді үйренуде
студенттер ана тіліндегі дауыс ырғағының заңдылықтары арқылы сөйлеп, дауыс
ырғағын меңгереді. Тілдердің интонациялық жүйесі арасында толық ұқсастық
болмайды деген пікірді негізге ала отырып, бұл жағдайға жол бермеу керек.
Олар қарым-қатынасты қиындатып немес бұзуға әкеп соғуы әбден мүмкін.
Сондықтан, біздің қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдердің дауыс ырғағын үйрету мақсатына жетіп, соған сай әдістеме
жасамас бұрын, әрине ағылшын тілінде және жалпы тілдегі дауыс ырғағының
алатын орны мен табиғаты туралы мәлімет, түсінік алуымыз керек.
Дауыс ырғағының адамдардың қарым-қатынасындағы ең алғашқы құралы,
сөздің ажырамас бөлігі екендігін онтогенез көрсеткіштері арқылы білуге
болады. Бесіктегі сәбилер, ең алдымен уілдеуден бастап қана қоймай, сөз
мағынасын түсінбесе де, анасының дауыс ырғағын, сөздің интонациясын ұға
бастайды, соған сай әрекет жасайды. Олардың жауап ретінде жасаған
әрекеттері мен шығарған дыбыстарының тонының өзгеруінен оның ойын білуге
болады. Осы өзгерістер дауыс ырғағының алғашқы қадамдары ретінде қызмет
атқарады.
Сондықтан, адам қай тілде сөйлемесін, оның сөзі дауыс ырғағы көмегімен
іске асырылады. “Дауыс ырғағынсыз сөз жоқ және дауыс ырғағы ещқандай рөл
атқармайтын тіл жоқ” деген С.А.Берлиннің пікірі текке айтылмаса керек.4,
4
Адам сөзінде дауыс ырғағы сөздерді сөйлемдерге айналдырып қана қоймай,
белгілі семантикалық мағынаға ие болады, яғни сөздердің коммуникативтік
мағынасын, эмоциялық-экспрессивті түрлерін анықтайды, сөзді айқындап,
дәлдей түседі. Дауыс ырғағының көмегімен сөйлеуші адамның айтылатын ойға
қатынасы, оның көңіл-күйі мен мінезі, жүйке жүйесінің қалпы және т.б.
көрінеді. Тек сонда ғана тыңдаушы сөйлеушінің сөзін дұрыс ұғып, оның
эмоциясын көре алады. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің
қандай сезіммен айтылып тұрғанын аңғару адамға қиын емес. Орыс лингвисті
Е.А.Брызгунова дауыс ырғағының мәнін айрықша бағалай келе, мынадай мысалмен
дәлелдей түседі: “Шетел әртістерінің қойылымдарын тыңдап және көре отырып,
оның тілін білмей-ақ көп жерлерін олардың дауыс ырғағының көмегімен түсіне
аламыз.”5, 159 Бұл, әрине сөздің мағынасы оның эмоцияналды-бағалау
қасиетіне байланыстылығын, оның коммуникативтік зор маңызының айғағы болып
табылады. Бұл А.М.Пешковскийдің “Адам сезімін сөз арқылы жеткізу мүмкін
емес, оны тек дауыс ырғағы арқылы беруге болады” деген сөзін еске түсіреді.
6, 179
Л.С.Выготскийдің айтуынша, дауыс ырғағы сөйлеушінің ішкі психологиялық
жағдайын көрсетеді, сонда ғана айтылған сөздің түпкі мағынасы жеткізіледі.
Дауыс ырғағының мағынасы мен маңызы ерте кезден бастап аңғарылып, назарға
алынған. Фонетиканың “дауыс ырғағы” бөлімінің тарихы өте терең.
Дауыс ырғағын зерттеу тарихы ертеден, көне замандардан басталады.
Байырғы замандарда дауыс ырғағының ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер
оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және тақпақ айтушылардың өнерімен
байланысты қарастырған. Дауыс ырғағының логикалық және эмоциялық
қасиеттерін зерттеудегі ең көне деректер ежелгі Греция мен Римде кездеседі.
Онда сөйлеу тіліндегі әуен, іркіліс, қарқын, ырғақ туралы алғашқы
түсініктер берілген.
Сөйлемнің ырғақты құрылымының ерекшеліктері мен артықшлықтары туралы
пікірлерді Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбектерінде
кездестіруге болады. Ырғақ туралы ең толық түсінікті Цицеронның “Оратор”
еңбегінде көреміз. Онда автор ырғақтың ерекшеліктеріне тоқталып қана қоймай
оны шешендердің сөзіне қалай, қай мөлшерде қолдану керектігіне тоқталады.
7, 5
Әуеліде “интонация” термині латынның “intonare – қатты сөйлеу” деген
сөзінен пайда болған. Бұл термин ең алдымен музыка саласында қолданылған.
Бұл сөздің алғашқы мағынасы қазіргі мағынасына негіз болуы әбден мүмкін,
қатты сөйлеу деген мағынаның түбінде дауыс шығарып, дыбыстау деген ой, сөз
жатқан болар.
Ал, фонетика жағынан дауыс ырғағы көптеген анықтама алды, қазіргі
таңда тіл білімінде, соның ішінде фонетикада бір ортақ анықтама немесе ой
жоқ болып отыр.
Ж.Марузо дауыс ырғағын сөздің әуенімен теңестіре отырып, мынадай
анықтама береді: “Сөзде дауыс әуенінің өзгеруін дауыс ырғағы деп
атайды.”8 Басқа лингвисттер мен фонетисттер дауыс ырғағын кең көлемде
қарастырады. Мысалға алатын болсақ, А.М.Пешковский “дауыс ырғағы және ырғақ
(ритм) түсініктерді бөле қарастырады, бірақ тығыз байланыста дей отырып,
дауыс ырғағын ойды білдіру жолы, ол логикалық, психологиялық, ритмикалық
және грамматикалық екпінді білдіреді” дейді. Ол дауыс ырғағының бір бөлігі
деп тембрді танып, сөздік іркілістерге көңіл бөледі. 9,52
Л.В.Щербаның берген анықтамасы бойынша, дауыс ырғағы – бұл әуен, яғни
сөйлеу кезіндегі дауыстың музыкалық қозғалысы болып табылса,10,85
Д.Джоунз дауыс ырғағын сөздегі дауыс биіктігіндегі өзгеріс ретінде
қарастырады. 11,25
В.А.Васильев және басқалары “English phonetics” кітабында дауыс
ырғағын сөз әуені, фразалық екпін, дауыс тембрі және сөз қарқынының
бірлігі, яғни сөйлем мағынасын, сөйлеушінің қарым-қатынасын және сезімін
білдіруге мүмкіндік беретін құрал десе, 12,98 Г.П.Торсуев әуен мен
екпінді дауыс ырғағының негізі ретінде санайды. Сөйтіп, барлық зерттеушілер
көзқарасы бойынша, негізгі тонның биіктігінің өзгеруі дауыс ырғағының
маңызды және негізгі компоненті болып табылады.
Қорыта айтқанда, дауыс ырғағына анықтама беруде біз Е.А.Брызгунованың
анықтамасын негізге аламыз: “Интонация – звуковое средство языка (различное
соотношение количественных изменений основного тона, интенсивности,
длительности, тембра), с помощтю которого говорящий и слушающий выделяют в
потоке речи высказывание и его смысловые части, противопоставляют
высказывания по их цели, выражают субъективное отношение к содержанию
высказывания.”5,160
Жалпы тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі тілдің бір көрінісі
ретіндегі дауыс ырғағының тіл жүйесіндегі алатын орнын анықтау болып
табылады. Дауыс ырғағы деген ұғымның әртүрлі түсіндірілуі оған ғалымдардың
әр қырынан қарауына байланысты болса керек. Басқа сөзбен айтқанда,
зерттеушінің көңілі не оның сыртқы формалық жағына, не мазмұнына, не
атқаратын қызметіне ғана түскенінен болу керек. Бұлай болу себебі, дауыс
ырғағының өте күрделі де құбылмалы болуына байланысты. Сонымен қатар,
зерттеушілердің ойларының бір жерден шықпауы, олардың дауыс ырғағын зерттеу
барысында әртүрлі әдістер, яғни синтаксистік, не фонологиялық әдістерін
қолданудан да болады.

Автор Дауыс ырғағының компоненттері
Тонның тембр іркіліс Фразалық Ырғақ
биіктігіні екпін
ң өзгеруі
Low-rise 4 3 7
Low-fall 3 2 5
Fall-rise 4 3 7
Rise-fall 2 1 2 5
Level 1 1
Rhythm 5 6 4 15
Accent 2 3 5
Syntagmas 5 7 4 6 22

Бұл дауыс ырғағында жіберілген қателер, яғни таспаға жазылған
материалдарды тілдік жоғары университетініңмғалімдері және ағылшын тілі төл
тілі болып саналатын көмекшілердің қатысуымен талқылау үстінде болды.
Тәжірибе астында болған топтардың тәжірибеге дейін және кейін
өткізілген кезеңдерде берген жауаптарындағы дағдының қаншалықты дамығанын
көрсететін қателер туралы ақпарат алып болған соң, біз жалпы тәжірибеде
алынған көрсеткіштерге талдау жасауға көшкен болатынбыз.
Тәжірибенің қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасау барысында біз
статистикалық зерттеудің негізіне сүйене отырып тәжірибеге дейінгі және
тәжірибеден кейінгі кезеңдерде студенттер арқылы жіберілген қателердің
ортақ көрсеткішін анықтауға және оларды өзара салыстыруға тырыстық. Бұл
көрсеткіштер тәжірибеде әр топта жеке түрде жасалынды. Орташа
көрсеткіштерді анықтау үшін жалпы қателер санын анықтау керек болды. Сонан
соң бұл көрсеткіш тәжірибеден өткен студенттердің жалпы санына бөлінеді,
сонда ғана орташа көрсеткішті алуға болады. Студенттер санын жалпы Y деп
алсақ, қателер санын X деп белгілейміз, онан шығатын қорытынды, яғни
қатенің орташа көрсеткіші Z болып алынады.
Қатенің орташа көрсеткішін анықтау үшін біз әрбір студенттің жіберген
қателерінен орташа санын анықтау керек. Оны біз Z1, Z2, Z3 және т.б.
студенттердің тізіміндегі қатар санына сәйкестендіріліп шығаруды жөн
көрдік. Сол әрбір студенттің қатесінің орташа санынан келіп біз жалпы
орташа көрсеткішті аламыз.
Біз қателерді алдын ала анықталған студенттердің сабақ барысында
жіберетін, яғни қалыптасып қалған қателерін жүйелей келе жасалған қатенің
үш түріне сай қатенің жалпы санын бөлдік:
• негізгі тонның қозғалысында жіберілетін қателер
• екпін мен ырғақта жіберілетін қателер
• сөзді синтагмалық бөлуде жіберілетін қателер
Тесттің қорытындысын шығарған кезде, қатенің бірінші тобына кіретін
қате саны тестте берілген 15 тапсырманың ішінде 25 қате қамтылды. Оның
ішінде бір сөйлемде тек дауыс ырғағындағы тонның қозғалысында жіберілетін
қателер ғана емес, сонымен қатар, екпін мен ырғақтың дұрыс қойылмауы және
синтагмалардың дұрыс бөлінбеуі сияқты қате топтары да кездесіп отырды.
Ал қатенің екінші тобына жататын қателердің жалпы саны 20-ға жетті.
Сөйлемдерді айтып, дұрыс іркіліс жасап, сөйлемдерді синтагмаларға дұрыс
бөле білмей жасалған қателер 22 деген санды көрсетті.
Студенттер тексеру кезінде берілген тапсырмаларды орындамай да қалған
кездер болды, оларды бермеген жауаптарын біз қате деп санамауға тырыстық,
әйткені студенттердің ондай реакциясы әртүрлі жағдайға сәйкес болуы мүмкін
(денсаулық, психологиялық тосқауылдар, тест арғылы тексеруге өзін өзі ойша
дайындамауы т.б.).
Тәжірибе аясындағы екінші топ, яғни үшінші курс студенттерінің
жіберген қателерінде де осындай өзгерістер, сәйкестік байқалады.
Бұл қате сандары туралы жалпы сандық мәлімет келесі, яғни кестеде №2
көрініс тапты.

Кесте № 2 Студенттердің қателері

Студент саны Негізгі тонныңЕкпін мен ығақСинтагмаға Қатенің жалпы
қозғалысы бөлу саны
Тәжірибеге дейінгі кезең
15 (І курс) 25 20 22 67
ТТ
10 (ІІІ курс)27 24 18 69
ТТ
14 (I курс) 24 21 21 66
БТ
Тәжірибеден кейінгі кезең
15 (І курс) 7 5 2 14
ТТ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің үлгісі
Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері
Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің құрылымы
Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету
Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер
Төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Тыңдау - естіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну
Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
Пәндер