Шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың теориялық негіздері және оны несиелеу қажеттігі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ НЕСИЕЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ
1.1 Шағын кәсіпкерліктің экономиканы дамытудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің мәні және қажеттілігі ... ... ... ... .14
1.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ...19

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ
2.1 Шағын кәсіп керлікті несиелеу түрлері және әдістерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының қызметін талдау ... ... ... ... ... ...29
2.3 Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеудегі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеуді жетілдіруің болашақтағы бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелендіруді жетілдіру бизнес жоспары ... ... ... 61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында елімізді дүние жүзіндегі 50 елдің қатарына қосу стратегиясы жөнінде баса айтылды. Оның ішінде еліміздің экономикасын мұнай-газ секторынан түсетін табыстан ғана емес, басқа салаларды дамыту арқылы, соның ішінде елдегі шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы көтеру мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы қазақстандық бизнестің дүниежүзілік бизнеспен араласуын ойластыру керектігін атады.
Елдегі шағын кәсіпкерліктің дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде шағын бизнес көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің 40-50 пайызын, ал кейбір салаларда – 70 – 80 пайызға дейін құрай отырып, оның құрылымын және сапасын анықтайды. Шағын кәсіпкерлік қоғамдағы орта топтың қалыптасуының негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету саласының ұлғаюы республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде шағын бизнес экономиканың ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына «тежегіш» болып тұрған себептер бірнеше.Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі табылады.
Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ал оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда, республикадағы кәсіпкерліктің дамуы тарихы небары он жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезеңде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бес мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және соның төртеуі толық іске асырылды, ал бесіншісі (2004-2006 жж. арналған) іске асырылуда.
Қазақстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдердегідей аса елеулі болмағанымен, шағын кәсіпкерлік біздің елімізде іскерлік өмірдің бұқаралық, серпінді дамушы бөлігі болып отыр.
Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын шағын бизнесті қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.
Қазіргі уақытта елімізде екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету сапасы күннен-күнге жақсаруда. Банктердің негізгі экономикалық функциясы – кәсіпорындарды, ұйымдарды, кәсіпкерлік фирмаларды және жеке тұлғаларды, олардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруды жүзеге асыру үшін несиелеу болып табылады. Сондықтан да елдегі бірқанша банктер өзінің несиелеу қызметін жүзеге асыруда: көпшілік экономикалық жағдайларға байланысты клиенттерге қызмет көрсету, жаңа жұмыс бастаушы кәсіпорындарды несиелеу, халықты жұмыспен қамту деңгейін көбейту және олардың экономикалық өмірге икемділігін қамтамасыз етуде.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құнын несиелеуге ауыстыруға мәжбүр.
Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпорындарының қормен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өнімділігінің төмендігі салдарынан шағын кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілге қойып шағын кәсіпкерлікке несие берілуін тежейді.
Осы тұрыдан қарағанда менің жоғары оқу орнын бітіру жұмысым экономика дамытуда бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыста, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету және мемлекет тарапынан жасалған несиелеудегі жеңілдіктерді зерттеп, оның нәтижесін негіздеу басты мақсат ретінде көрсетілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2006 жылғы 1 наурыз //Шымкент келбеті, 2006 жыл 1 наурыз.
2. «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2007 жылғы 28 ақпан.
3. "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы
4. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства» от 13.03.2003// Бюллетень Финансы и Право, 2003, №21.
5. «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1997 жылғы 6 наурыз №3398// ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы, 1997, №12.
6. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 26 сәуір, №665// ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы, 1997, №17.
7. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие банктер. Оқулық, Алматы 2005 ж.
8. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004 ж.
9. Искакова З.Д. Банк ісі. Қарағанды, 2003 ж.
10. Лаврушина О.И. Банковское дело. Москва, 2000 г.
11. Шаяхметова К., Шаяхмет А. «Қазақстан Республикасындағы екінші
деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайы» // ҚазҰУ хабаршысы. №1 (47) 2005.
12. Бажиева М., Манабаева И. «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы», ҚазҰУ хабаршысы. №4 (56) 2006
13. Блеутаева К. «Кәсіпкерліктің жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттің рөлі» // АльПари. -2004 - №3.
14. Қарабаев Ш. «Кәсіпкерліктің әлеуметтанулық мәселелері» // Саясат.2005. №2.
15. Қинашева Ж. «Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің рөлі»// Ақиқат. 2002. №2.
16. Мейірбеков Б. «Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер» // Хабаршы. 2004. №1.
17. Мейірбеков Б. «Елдегі кәсіпкерлікті тиімді дамыту жолдары» // Хабаршы. 2004. №1.
18. Назарбаев Н. «Шағын кәсіпкерлікке үлкен жауапкершілік жүктелді» // Егемен қазақстан. 2002. 20 қыркүйек.
19. Мырзабеков С. «Шағын және орта кәсіпкерлік өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру» // Жаршы. 1999. №2.
20. Шымғанов Ә. «Кәсіпкерлік іс-әрекетті салықтық реттеу» //Ізденіс. 2001.№2.
21. Ахметов С. «Финансово-кредитные рычаги для малого бизнеса в развитых странах мира» //Банки Казахстана. 2005. №1.
22. Ким Г. «Особенности кредитования малого и среднего бизнеса» //Вестник КазНУ. №4. 2004.
23. . Ильясов А. «Кредитование коммерческими банками малого и среднего предпринимательства в Казахстане» // Вестник КазНУ. №5. 2004.
24. Омарбекова Н. «Шағын және орта бизнесті дамытудың экономикалық рөлі» // Заң . 1999. №11.
25. Райхан Н. «Шағын кәсіпкерлік бүгіні мен ертеңі» // Ақиқат. 1999. №2.
26. Әлжанов А. «Шағын және орта бизнес: шетелдік тәжірибе» // Қаржы-қаражат. 1998. №12.
27. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» // Егемен Қазақстан. 1998. 19 қараша.
28. «Шағын және орта бизнес экономикалық тұрақтылық кепілі» // Егемен қазақстан. 1997. 19 маусым.
29. Статистическое обозрение Казахстана, 2005 г, №1.
30. Қазақстандағы шағын бизнес 2000-2002. Статистикалық шолу, Алматы-2002.
31. Еркебалаева В.З. “Шаруа (фермер) қожалықтарында қаржы-несиелік қатынастарды ұйымдастыру механизмін жетілдіру жолдары”//АльПари,№1 2004 ж.
32. «Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы»// "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 11 мамыр N 95
33. Есентугелов К. К вопросу о расширении кредитования малого бизнеса.//АльПари, №6-2002.
34. Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Текущее состояние развития и кредитования малого бизнеса // «Экономика и статистика»,№2,2003.
35. Лишанский М.Л., Маслова И.Б. Краткосрочное кредитование сельхозяйственных предприятий.-М.: ЮНИТИ, 2000,-287.
36. Хамитов Н.Н., Байбулатов Р.Ж. Банковский надзор в Казахстане.-А.:Экономика, 2001.
37. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность в Казахстане.-А.: Экономика 2001.
38. Сайденов А., Елемесов А. Национальный Банк Республики Казахстан//Мир финансов №9, 2004г.
39. Бекмуратова А.А. Комплексная оценка банковской деятельности.-А.:ЭкономикС.2003.
40. www.nationalbank.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ
НЕСИЕЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ
1.1 Шағын кәсіпкерліктің экономиканы дамытудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің мәні және қажеттілігі
... ... ... ... .14
1.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ..19

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУ ДИНАМИКАСЫН
ТАЛДАУ
2.1 Шағын кәсіп керлікті несиелеу түрлері және әдістерінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының қызметін талдау
... ... ... ... ... ...29
2.3 Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын
кәсіпкерлікті несиелеудегі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
8

3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..49
3.2 Шағын кәсіпкерлікті несиелеуді жетілдіруің болашақтағы
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
3.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелендіруді жетілдіру бизнес
жоспары ... ... ... 61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..71

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында елімізді дүние жүзіндегі 50 елдің қатарына қосу стратегиясы
жөнінде баса айтылды. Оның ішінде еліміздің экономикасын мұнай-газ
секторынан түсетін табыстан ғана емес, басқа салаларды дамыту арқылы, соның
ішінде елдегі шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы көтеру мәселесі сөз болды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы қазақстандық бизнестің дүниежүзілік бизнеспен
араласуын ойластыру керектігін атады.
Елдегі шағын кәсіпкерліктің дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі
ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде шағын
бизнес көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің 40-50
пайызын, ал кейбір салаларда – 70 – 80 пайызға дейін құрай отырып, оның
құрылымын және сапасын анықтайды. Шағын кәсіпкерлік қоғамдағы орта топтың
қалыптасуының негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету
саласының ұлғаюы республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің
әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше
мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде шағын бизнес экономиканың
ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына тежегіш болып тұрған
себептер бірнеше.Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі
табылады.
Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ал оны мемлекеттік қолдаудың
нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу
барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда,
республикадағы кәсіпкерліктің дамуы тарихы небары он жылдан астам мерзімді
құрайды. Осы кезеңде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бес мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды және соның төртеуі толық іске асырылды, ал
бесіншісі (2004-2006 жж. арналған) іске асырылуда.
Қазақстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік және экономикалық
дамуына әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін
Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған
елдердегідей аса елеулі болмағанымен, шағын кәсіпкерлік біздің елімізде
іскерлік өмірдің бұқаралық, серпінді дамушы бөлігі болып отыр.
Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке
секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын шағын
бизнесті қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде кәсіпкерлік
ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке
секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі
негізгі бағыттарды айқындады.
Қазіргі уақытта елімізде екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету
сапасы күннен-күнге жақсаруда. Банктердің негізгі экономикалық функциясы –
кәсіпорындарды, ұйымдарды, кәсіпкерлік фирмаларды және жеке тұлғаларды,
олардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруды жүзеге
асыру үшін несиелеу болып табылады. Сондықтан да елдегі бірқанша банктер
өзінің несиелеу қызметін жүзеге асыруда: көпшілік экономикалық жағдайларға
байланысты клиенттерге қызмет көрсету, жаңа жұмыс бастаушы кәсіпорындарды
несиелеу, халықты жұмыспен қамту деңгейін көбейту және олардың экономикалық
өмірге икемділігін қамтамасыз етуде.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым
күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық
және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы
ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша
проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құнын несиелеуге ауыстыруға
мәжбүр.
Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпорындарының қормен жарақтануының
төмен деңгейі оның еңбек өнімділігінің төмендігі салдарынан шағын
кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді
және негізгі құралдарды кепілге қойып шағын кәсіпкерлікке несие берілуін
тежейді.
Осы тұрыдан қарағанда менің жоғары оқу орнын бітіру жұмысым экономика
дамытуда бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыста, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын
кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету және мемлекет тарапынан
жасалған несиелеудегі жеңілдіктерді зерттеп, оның нәтижесін негіздеу басты
мақсат ретінде көрсетілген.

1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ
НЕСИЕЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ

1. Шағын кәсіпкерліктің экономиканы дамытудағы ролі

Тәуелсіз Қазақстанның өмірге алғашқы қадам басқан күндерінен бастап,
оның нарықтық экономикасын қалыптастыруда шағын бизнеске бірден бір басты
мән берілуде, ал шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттік
экономикалық саясаттың басым саласы ретінде заң жүзінде танылған.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік секторы қоғамның әлеуметтік және
экономикалық дамуына жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы шағын
кәсіпкерліктің үлесіне тиетін, өнеркәсібі дамыған Батыс Еуропа, Америка
және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей сияқты болғанымен, біздің елімізде
шағын кәсіпкерлік іскер әлемнің жаппай, қарқынды дамушы бөлігі болып отыр.

Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның
нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңдегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен,
нарықтың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік
берді. Жалпы алғанда кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес
ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық
дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын
кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс
деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге деген сеніммен қарау мүмкіндігін
арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың
даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ та барлық жұмыс күшінің 50
пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33 пайызын нақ сол
сала қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын
кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне
тиеді. АҚШ та шағын кәсіпкерлік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана
жүзеге асырсада, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын
қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық тиімділігі соншалықты
айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен
салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе
көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнертапқыштар жаңа технологияның 90
пайызынан астамын жасайды.
Бұл деректер шағын кәсіпкерліктің экономикадағы елеулі рөлі мен
маңызы туралы бұлтартпас дәлелі бола алады. Бірақ, мәселе, сандық
көрсеткіштерде ғана емес. Бұл сектор өзінің мәнісі жөнінен нарықты
экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін
құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын және орта
кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олардың экономиканы қайта құру
қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы
сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге,
салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру әлі жүріп жатыр.
1990-жылдардың басында Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әртүрлі құрылымдарға
түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан аз жұмысшысы бар
кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да
көп жұмысшы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан
бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатқызылатын
кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың
экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және
Шағын кәсіпкерлікті нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатынасына қарай, шағын деген анықтама жұмысшылардың саны,
жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін.
Фирмалардың көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі
ескерілді: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50
адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлғалар ретінде құрылмаған
жеке тұлғалар мен серіктестіктер немесе өндірістік кооперативтер түріндегі
заңды тұлғалар, қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын,
орташа жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны есепті көрсеткіштің алпыс мың
есесінен жоғары емес, кәсіпкерлік қызметімен шұғылданатын субъектілер
жатады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып
жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге
асырады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-
құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
      толық серiктестiк;
      коммандиттiк серiктестiк;
      жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
      қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
      өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны
барлық қызметкерлердi, оның iшiнде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса
атқару бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының,
өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере
отырып анықталады.
Қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
ондайларға жылдық айналым көлемiнде үлесi ең көп қызмет түрiнiң өлшемдерi
бойынша жатқызылады.
  Егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң
өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын
субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi 25 проценттен аспауға тиiс.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды және:
      есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымымен байланысты қызметтi;
      акцизделетiн өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере сатуды (алтыннан,
платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден басқа);
      ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;
      стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны
басқару саласындағы қызметтi;
      банктiк қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң
қызметiнен басқа) қызметтi;
      бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды.     
Кәсіпкерлердің көпшілігі жоғары білімі бар және онысын жұмысында
қолданады. Олардың жартысыан астамы өз білімін қанағат тұтады. Сондай-ақ,
мемлекет тарапынан болмаса да, шетелдік ұйымдар тарапынан техникалық көмек
көрсетілген жағдайда, бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін жеткілікті, деп
санайды. Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69 пайызының жоғары білімі
болған. Олардың 42 пайызы техникалық, 12,7 пайызы қоғамдық, 6,9 пайызы
экономикалық жоғары оқу орындарының түлектері. Тек 5,8 пайызы ғана орта
мектепте алған білімімен шектеліп қалған.
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп
отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып кележатқан
бөлігі болып отыр. Ең бастысы: шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. Өсім
соншалықты жоғарыда емес, небәрі пайыздық бөлшегі ғана. Дегенмен, өсім бар.
Оның ЖІӨ де өзіндік үлесі бар.
Бүгінгі күнде тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу
деңгейі төмендеді. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі мемлекеттік
кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шағын және орта кәсіпкерлік
нысандары арасында тауар айналымының ең жоғары деңгейі коммерциялық және
делдалдық қызмет бөлігінде, сонымен қатар ол жұмыс орнының саны жағынан да
алда.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ, шағын бизнеспен
айналысатын әрбір үшінші адам сауда жүйесінде, әрбір бесінші адам
өнеркәсіптік өндірісте, әрбір алтынша адам құрылыста еңбек етеді.
Тұрғындардың жұмыспен қамтудың жалпы саны жағынан алғанда сауда саласында
олардың 36,1 пайызы, өнеркәсіптік өндіріс орындарында 21,2 пайызы істейді,
қалғандары түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректерден сауда ісі
әлі де басым екендігін, салалық құрылымдарда өндіріс көлемі әлі де өзгере
қоймағанын көруге болады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен
қамту және фирмалар санының өсуі негізінен коммерциялық кәсіпорындар
есебінен толығып, жалпы алғанда баяу өсуде. Сонымен бірге, өндірістік
сипаттағы кәсіпорындар саны қысқарды. Өндіріс ғимараттары негізінен
мемлекеттен немесе мемлекеттік кәсіпорындардан жалға алынса, негізгі құрал
жабдық фирмалардың өз еншісінде. Оның көпшілігі бұрын да пайдаланылып
келінген.дегенмен, өнімділігі мен техникалық жайы кәсіпкерлерді
қанағаттандырады. Іс жүзінде жаңа қондырғылар алуда кедергі жасалған жоқ.

Шағын кәсіпкерлік, әсіресе агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап
дамуға тиіс. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кірігу жүйесіндегі Шағын
кәсіпкерліктің осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл селоларды дамытудың басты
бағыттары туралы заңда: Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтар,
фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушыларкооперативтері,
ұйымдар, сондай-ақ, ауыл-шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын,
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп,
олардан алынғанөнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін ...
шаруашылық нысандары кіреді, - деп атап көрсетілген.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы бар
бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай-
ақ, қсақ кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Еліміздің тұтыну нарығының 70
пайыздан астамы ауыл шаруашылық шикізаттарынан дайындалған азық-түлік пен
тауарлар есебінен молығады. Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген
өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп
өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Ауыл-
селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат, біртұтас нормативтік-
құқықтық база және нарық кеңістігі өте қажет. Экономиканың ауыл шаруашылығы
бөлігіндегі көп қырлылық еркін және тауар өндірушілер болуға тиісті,
меншіктің түрлі саласындағы ірі, орта және Шағын кәсіпкерліктің оңтайлы
ұштастырылуын талап етеді. Олардың бәсекелестік негізінде, нарықты
өркендетіп, оның дамуына қолайлы жағдай жасайды, сонымен бірге, дамудың
болашағы мен тиімділігін айқындайтын ықпалдастықта болады. Шағын
кәсіпорындар материал және қаржы ресурстарын ұтымды пайдаланып, ғылым мен
техника жетістіктерін ескере отырып, өндірісті тұтынуы мүддесіне қарай
неғұрлым тез бейімделетіндігін байқауға болады.
Нарықтық экономикаға көшуге орай көптеген жаңа шаруашылық түрлері
пайда болды. Меншіктің мемлекеттік және кооперативтік түрлері қатарына жаңа
түрлер көптеп қосылды. Олардың арасында жеке меншікке негізделген шаруа
қожалықтарының өзіндік салмағы бар.
Батыста ірі және ұсақ өндіріс орындарының мәселелері кәсіпорын
ауқымындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау барысында шешімін табады.
Аграрлық кәсіпорындарының көлемі, көбінесе өндіріс технологияларымен
басқаруға жұмсалатын шығынға байланысты болады. Бүгінгі күні шағын
кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген
ғалымдар нарықтық экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ,
сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке
меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді
десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады., үшіншілері
осы және басқа да меншік түрлерін мойындайды. Бірақ шаруашылықты
басқарудың кез келегн түрі, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана
табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық түрлері үшін бірдей нарық
шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор.
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге,
қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы
болып табылады. Ол шағын және орта қалалар мен аудандар аумағында тұратын
адамдардың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын
кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп
шығын жұмсалмайды.
Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту жолындағы көптеген кедергілер
бүгінгі күні жойылып жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, шағын
кәсіпкерліктің дамуына күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі
проблемалар. Несие алу мүмкіндіктерінің шектеулілігі; шағын бизнесті
қорғау, қолдау жөніндегі заңдылық базаның шыңжаулығы; шағын кәсіпкерлікті
қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несиенің қысқа мерзімге ғана
берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы; несие беру құжаттарын
толтырудың тым қиындығы; білікті кадрлардың жетіспеуі, тағы басқалар.
Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген.
Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету,
экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру,
айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік
иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс:
ұтымды нарықтық инфрақұрылымдықалыптастырып дамыту; салалық
министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті
дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын
кәсіпкерлікті қолдау аясында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру;
сақтандыру жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде
нақты жұмыс істеп, даму үстінде деп сеніммен айтуға болады.
Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық шаруашылығын
монополиясыздандыру бағдарламаларын өнімнің әрбір түрін өндіруді басқа
кәсіпорындарға беру жолымен жүзеге асыруды көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда
өз өнімін барынша тез игеретін және жаңартатын кәсіпкерлік ретінде шағын
кәсіпкерлік қызметті барынша кең пайдалану белгіленіп отыр.
Бұл саланың дамуынсыз нарықтық экономикаға тәжірибе жүзінде өту
немесе қалыптастыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуымен байланысты бірнеше
заңнамалық актілер, кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламалары (1992-1994 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002.,2004-2006 жж.)
қабылданды. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі рыногы құрылды және
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары
айқындалды.
Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негізі құрылды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде Шағын кәсіпкерліктің
қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған белгілі бір
ілгерілеу шаралары көзделген. Ұйымдық-құқықтық нысанына, кіріс деңгейіне
қарай шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың жеңілдетілген режимін
беруге сараланған көзқарас, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілер үшін айрықша режим енгізу олардың ішіндегі маңыздысы болып
табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөлімінде
салық жүктемесін айтарлықтай төмендететін және салық салу жүйесін, соның
ішінде шағын бизнес субъектілеріне, шаруа фермер қожалықтарына, заңды
тұлғалар – ауыл шаруашылығ өнімдерін өндірушілерге қатысты оңайлатылған
арнайы салық режимдері бір жолғы талондардың, патенттің және оңайлатылған
декларацияның негізінде айқындалады.
2002-2003 жылдардың ішінде Қазақстан республикасының салық кодексіне
шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге
байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Банк секторын тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету рыногын
дамытуға және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын
ынталандыратын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін
әзірлеуге мүмкіндік береді.

2. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің мәні және қажеттілігі

Жас тәуелсіз Қазақстанның өмірге қадам басқан алғашқы күндерінен
бастап, оның нарықтық экономикасын қалыптастыруда шағын бизнеске бірден-бір
басты мән берілуде, ал шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттік
экономикалық сая-саттың басым саласы ретіңде заң жүзінде танылған.
Қазақстанде.ғы шағын кәсіпкерлік секторы қоғам-ның әлеуметтік және
экономика-лық дамуына — жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы шағын
кәсіпкерлік үлесіне тиетін, өнеркәсібі дамыған Батыс Еуропа, Америка және
Оңтүстік Шығыс Азия елдеріңдегідей сияқты болмағанымен, біздіңеліміздешағын
кәсіпкерлік іскер әлемніңжаппай, қарқынды дамушы бөлігі болып отыр.
Шағын бизнес – шағын кәсіпкерліктің қазақстандық жүйесінің құраушысы
болып табылады. Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы заңына сәйкес шағын бизнес
субъектілеріне заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) және
орташа жылдық жұмысшылар саны 50 адамнан аспайтын және жылдық активі 60 мың
айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (бұл бүгінгі күні 55 миллион теңгенің
үстінде, немесе 400мың АҚШ долларын құрайды) кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын заңды тұлғалар жатады. Сонымен қатар, заң бойынша шағын
кәсіпкерліктің құрамында микробизнес те бөлініп қарастырылады, оның
субъектілері болып орташа жылдық жұмысшылар саны 10 адамға дейінгі жеке
және заңды тұлғалар табылады.
Қаралып отырған мәселенің тарихына үңілсек, Қазақстанда шағын және
орта кәсіпкерліктің дамыту жолына алғашқы қадамдар 1997 жылы жасалған, ол
кезде Қазақстан Республикасы Президенті "Шағын кәсіпкерлікті дамытуды
мемлекеттік қолдау мен жандандыруды жеделдету жөніндегі шаралар туралы"
және "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басым
бағыттары және аймақтық бағдарламалары туралы" Жарлықтарды қабылдаған.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша орталық және жергілікті атқару
органдарының іс-қимылын, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікке қаржылық және
техникалық көмек көрсету мәселесінде халықаралық қаржылық институттармен
қатынасты үйлестіру, осы мақсатта арнайы ұйымдастырылған мемлекеттік орган
- Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі құрамындағы Шағын
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттікке тапсырылды.
Қазіргі таңда шағын бизнесті қолдау саласындағы қызметтер мен
өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне
берілген.
Шағын кәсіпкерліктің бірінші басымдықтары болып мыналар белгіленді:
- импорт алмастыратын халық тұтыну тауарлары, құрылыс
материалдары, жабдықтардың шағын түрлері өндірісінің жаңасын құру және
әрекетін дамыту;
- пәтерлер иесі кооперативтеріне көрсетілетін қызмет көрсету
сапасын арттыру;
- аграрлық кешен өнімдерін одан әрі өңдеу бойынша өндірісті
дамыту.
Шағын бизнестің кейінгі араласуы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдаудың бірнеше жылдық бағдарламаларын әзірлеп, кезеңмен қабылдауынан
көрініс берді. Аталған бағдарламалардың салыстырмалы талдауын жүргізе
отырып, олардың барлығы ең алдымен экономиканың басым салаларындағы шағын
бизнес үлесін арттыруға бағытталғандығын атауға болады, әсіресе өндіріс
саласында аппараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, халықтың
жұмысбастылығын қамтамасыз ету, қаржы-несие және инвестициялық саясатты
жетілдіру, сондай-ақ осы салада нормативтік құқықтық базаны құру.
Қазіргі кезде әрекет ететін Қазақстан Республикасындағы 2004-2006
жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасына толығырақ тоқталайық, ол 2030 жылға дейінгі кезеңдегі
Қазақстан Республикасының даму стратегиясын, 2003-2015 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, 2003
жылғы 31 қазандағы Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-Форумында берілген
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында
әзірлеген. Сондай-ақ, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамын
дамыту қорының 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы осы мақсатқа
бағытталған
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағыттары қазіргі қоғам саласында
мемлекеттің алдында төмендегідей міндеттерді жүктейді:
• шағын кәсіпкерлікті салықтық әкімшіліктендіру жүйесін жетілдіру;
• шағын кәсіпкерліктің несие ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету;
• шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес
институттарының тиімділіпн көтеру;
• кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңтайландыру;
• шағын кәсіпкерлікті қолдау жуйесінің бірыңғай ағарту және ақпараттық-
әдістемелік жүйесін құру;
• кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
Шағын бизнес субъектілерінің қызметін ынталандыру мақсатында мемлекет
оларды құрудың (тіркеудің) жеңілдетілген тәртібін ұсынды. Бұл ең алдымен
тіркеу мерзімінен байқалады.
Заң тәртібіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субьектілерінің мемлекеттік
тіркеу және олардың бөлімшелері мен өкілдіктерін есептік тіркеу — қажетті
құжаттар тіркелген қосымшамен өтініш берілген күннен бастап үш күннен
кешіктірмей жүргізіледі. Салыстыру үшін басқа заңды тұлғалар мен олардың
бөлімшелерін және өкілеттіктерін мемлекеттік тіркеу он күндік мерзімде
жүргізіледі. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеу мақсатында
олардың орналасқан мекен-жайын куәландыратын құжатты ұсынбайды, ал өзге
субъектілер үшін мұндай құжатты тапсыру міндет. Заң, соңдай-ақ шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен типтік
жарғы негізінде қызмет етуді ұсынады, бұл тіркеуге қажетті құжаттарды
әзірлеуді едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілері
болып табылатындарды тіркеу үшін олардың бөлімшелері мен өкілдіктерін
мемлекеттік алынатын жинақ көлемі, жинақ төлеу едәуір жоғары — 20 айлық
есеп көрсеткіштер бекітілген тәртіпте жүзеге асады, дегенмен жақын уақытта
шағын бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған іс-шаралар құрамына кіреді.
Салық кодексінде шағын кәсіпорындар қызметін салықтық реттеу жүйесін
жетілдіруге бағытталған көлемді шаралар қарастырылған. Олардың ең бастысы
үйымдастыру-құқықтық үлгісіне, кіріс деңгейіне, сондай-ақ ауылшаруашылық
тауар өндірушілеріне ерекше тәртіп енгізуге байланысты шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне жеңілдетілген тәртіп ұсынуды жан-жақты қарастыру болып
табылады. Мәселен. Салык кодексінің жекелеген бөлімінде салық салу жүйесі
едеуір төмендетілген, оның ішінде шағын бизнеске, шаруа фермер шаруаларына,
ауылшаруашылық өнім өндіретін заңды тұлғаларына қатысты арнайы салық
тәртібі құрастырылады.
Шағын бизнес субьектілері үшін арнайы салық тәртібі бір реттік талон,
патент, жеңілделлген декларация негізінде анықталады.
2002-2003 жылдар аралығында Салық кодексіне шағын бизнес
субъектілеріне салықтық кедергіні одан әрі төмендетуге байланысты
өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, оның ішіңде:
-салық салудың патенттік жүйесін қолдану шегі ұлғайды: кірістің
ең үлкен көлемі 1,0 млн. теңгеден 1,5 теңгеге дейін артты;
-жеңілдетілген декларация бойынша шкала қойылып, төмендетілді:
арнайы салық режимін пайдаланатын жеке кәсіпкерлерге де (11,7,4%-дан
7,5,3%) дейін, заңды тұлғаларға да (13,11,9,7,5%-дан 9,7,5,4% дейін).
-жалдамалы жұмысшылардың еңбекақы төлемін арттыруды ынталандыру
үшін 1,5 пайыз мөлшерінде түзету енгізу үшін жеңілдетілген декларация
бойынша есептелген соманы төмендетуден - жеке кәсіпкерлер үшін 2
есептік ең төменгі еңбекақы мөлшеріне дейін, қазіргі қолданыстағы
еңбекақының 3 есептік ең төменгі мөлшеріне қарсы заңды тұлғаларға 2,5
еселік ең төменгі еңбекақы мөлшеріне дейін кедергілер төмендетілген.
-лицензияланатын қызмет түрлері үлғайды, оларды іске асырғанда
салық төлеуші жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық тәртібін
пайдалануына болады;
-"Қосымша құн салығы бойынша шекті мән" 10000 айлық есептік
көрсеткіштен (8,2 млн. теңге) 12000 айлык, есептік көрсеткішке (10,4
млн. теңге) дейін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңына сәйкес шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есебі — есеп берудің
жеңілдетілген тәртібі мен үлгісін қарастыратын тәртіпте ұсынылуы
мүмкін. Бұл норма тек акцизделетін өнім өңдеуді өткізумен (алкогольдік
және темекі өнімдерін бөлшектеп сату-ды ескермегенде) айналысатын
субъектілерден басқа барлық шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің жеңілдетілген үлгісі 1997 жылғы 29
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің
Бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің№451 бұйрығымен бекітілген
№23 "Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі мен есеп беруі"
бухгалтерлік есеп стандартымен анықталады.
Банк секторы тұрақты дамыту шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының
активтерін үлғайтуды ынталандыратын қаржы қызметі нарығын жетілдіруге және
қаржы-несиелік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды
тұлғалардың қызметін ынталандыру және оларға қаржылай қолдау көрсету
мақсатында Қазақстанда 2003 жылы "Шағын несие ұйымдары туралы" Қазақстан
Республикасының заңы қабылданды, оған сәйкес бір қарыз алушыға айлық
есептік көрсеткіштің мың еселік көлемінен аспайтын несие беру мүмкіндігі
қарастырылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жеңілдік жағдайы ешбір
төлемсіз есеп ашумен де айқындалады.
Тендерлік негізде тауарларды, жұмыс пен қызметті мемлекеттік сатып алу
шеңберінде де шағын бизнес субъектілері бірқатар басымдықтарға ие. Мәселен
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
сатып алынатын тауарлар, жұмыс пен қызмет нарығында кем дегенде 1 жылдан
кем емес тәжірибесі болуы керек деген жалпы талаптар шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне қатысты емес. Әлеуетті жеткізіп берушілер — шағын бизнес
субъектілері конкурстық өтінімді қамтамасыз етпейді.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің көптеген түрлерінің
лицензияланатынына байланысты бұл сала шағын кәсіпкерлікті де назардан тыс
қалдырылмаған. Мемлекеттік тіркеудегі субъектілеріне лицензияларды қысқа
мерзімде рәсімдеуге құқық берілген лицензиат қажетті барлық құжаттарды
толық тапсырғаннан соң тіркеу 10 күннен кешіктірмей, ал жалпыға бірдей
мерзім 1 ай. Сондай-ақ көрсетілген мерзімде шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне лицензия берілсе, немесе лицензияны беруден бас тарту туралы
жауап болмаса, онда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алған табысы
лицензиясыз қызметтен алынған табыс болып табылмайды. Мұндай табыс
тәркіленбейді. Айта кету керек, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын
қорғау мақсатында лицензия әрекетін тоқтату мен оны қайта алудың ерекше
тәртібі бекітілген. Егер барлық лицензиат үшін өкілетті орган шешімінің
негізінде лицензия әрекеті тоқтатылса, онда шағын бизнес субъектілеріне
қатысты мұндай тоқтату тек сот тәртібінде ғана мүмкін болады.
Шағын бизнесті дамыту мен қолдауға ықпал ететін шаралар ішінде, заң
шығару республикалық мемлекеттік меншіктегі қолданылмай отырған
ғимараттарды, тұрмыс нысандары мен жабдықтарды шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне 1 жыл мерзімге мүліктік жалға (арендаға) берудің арнайы
жеңілдетілген тәртібі заңмен қарастырылған. Мұнда аренда немесе сенімді
басқару келісім-шартындағы көрсетілген шарттар, келісім тіркелгеннен
кейінгі жыл өткен соң орындалған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері
өзіне жалға немесе сенімді басқаруға берілген ғимараты, нысандар мен
жабдықтарды қайтарымсыз негізде иелене алады. Бұл шарт тек қана сауда
(делдалдық) қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ықпал
етпейді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдауды дәлелдейтін фактордың бірі бақылау
органдары тарапынан жүргізілетін тексерулерге қатысты жеңілдетілген жағдай.
Салық органдары мен қылмыстық іс қозғауды есептемегенде шағын кәсіпкерлік
субъектілері қызметін мемлекеттік органдармен тексеру ережесіне сәйкес
жұмысшылар саны 10 адамға дейінгі шағын кәсіпкерлік субъектілері
мемлекеттік бақылау оргаңдарымен үш жылда бір рет қана тексерілуі тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін өкілетті орган
жылына 1 реттен артық тексермейді. Сонымен қатар тексерудің қысқартылған
мерзімі бекітілген: олар 15 күнтізбелік күннен аспауы керек, сондай-ақ
тексеруші орган шағын бизнес субъектісін тексерудің түрі мен мәселесін
көрсете отырып, оның басталуына дейін 15 күн бұрын ескертуі шарт. Осы
аталған тәртіптермен қатар Қазақстанда заң жүзінде шағын кәсіпкерлік
субъектілерін тексеруге бірнеше рет мораторий енгізілген. Соңғы мораторий
2003 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанғадейін енгізілген, ол кезде шағын
кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалау мен әкімшілік құқық бұзу,
сондай-ақ конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті, адам құқығы мен
еркіндігіне қарсы іс-әрекетті болдырмауға байланысты тексерулер
тоқтатылған.
Соңғы бір жыл ішіндегі шағын бизнес жағдайын талдай отырып, оның
дамуына кері әсер ететін бірқатар фактілерді бөліп көрсетуге болады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі ететін күрделі мәселелердің бірі
субъектілердің басым бөлігінде өзіндік инвестициялық және айналым
қажеттілігін қамтамасыз ететін қажетті қаржы ресурстарының болмауы. Банктер
шағын кәсіпкерліктің кепілдік қабілетінің төмендігіне байланысты несие
тәуекелінің құнын қарызға қойылатын пайызды ұлғайтуға мәжбүр болады. Сол
кезде шағын бизнес кәсіпорындарының қормен жабдықталу деңгейінің
жеткіліксіздігі, оның еңбек өнімділігінің төмендігіне байланысты шағын
кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етпейді
және шағын кәсіпкерліктегі несиелендіруді негізгі құралдар кепілінде
ұстайды.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін тағы бір фактор - шағын
кәсіпкерлік әрекетін реттейтін еліміздегі заңның жетілмегендігі немесе
нақты нормалардың жоқтығы, бұл әкімшілік кедергілердің артуына алып келеді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткіліксіз үйлесуі
кәсіпкердің нарыққа кіруде ішкі және сыртқы ортадағы барлық
контрагенттермен қатынасты құру мен ұстауға байланысты үлкен шығындар
жасауына алып келеді. Сыртқы да — бұл мемлекеттік органдармен, қаржы-несие
мекемелерімен, жеткізіп берушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестермен
арақатынас, ішкі де — құжаттың түрін және ұйымдық-құқықтық үлгіні талдап
алу; қажетті көлемде жарғылық капиталды қалыптастыру; кадрларды іріктеу
және персоналдарды басқару, әріптес командаларды іздестіру және нарықты
білу.
Көптеген аймақтарда кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту
мәселесі шешілмей қалуда. Инженерлік-техникалық және жұмысшы мамандықтар
саласындағы шағын бизнеске білікті кадрлардың жетіспеуі өткір мәселе.
Қазір елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың белгілі бір инфрақұрылымы
әрекет етеді: қауымдастықтар, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-
инкубаторлар, технопарктер және басқа. Алайда. олардың басым бөлігі өзіндік
қаржы құралдарының жетіспеуінен өз міндеттерін атқара алмауда.
Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде шағын кәсіпкерлікке ықпал
мен көмек көрсету бойынша сапалы инфрақұрылым құрылатын болса. ол
инфрақұрылымның әрекеттегі нысандары шағын бизнес дамуынын жаңа бағыттарын
іске асыруға мүдделі болады.

1.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесі

Шағын кәсіпкерліктің дамуы, мемлекет экономикасында осы бағыттың
преспективасы нарықтық қатынастарды тереңдетуде маңызды рөл атқарады.
Нарықтық экономика дамыған елдер тәжірибесі көрсетгеніндей, шағын
бизнестің қалыптасуы экономика дамуының негізгі факторы болып есептеледі.
Сондай-ақ, ЕО-қа мүше 15 мемлекетте шағын (250 адамға дейін жұмыс істейді)
және орта (500 адамға дейін жұмыс істейді) кәсіпкерлік үлесіне: 72 млн
адам, осы елдерде тіркелген жалпы (16,04 млн) компанияны4 16,02 млн фирма,
я5ни 99,9 %-і; ЖІӨ-нің 70 %-ы сәйкес келеді.
Шағын бизнесті дамытудың негізгі қажеттіліктерінен бірі оны қаржылық-
несиелік қамтамасыз ету. Шағын бизнесті мемлекет тарапынан кең және түрлі
қаржылық-несиелік қолдаусыз, оның даму инфрақұрылымын қалыптастырусыз
ойдағыдай (табысты) дамыту мүмкін емес.
Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін үйреніп, оны Қазақстан
практикасына қолдау мүмкін. Бірақта, кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау
жүйесін қалыптастыруда түрлі варианттарды, экономика ерекшеліктерін,
бюджеттік және қаржылық-несиелік жағдайларды және басқа көптеген
факторларды ескеру қажет. Американдық, британдық немесе жапондық шағын
кәсіпкерлікті несиелеу жүйесінің моделін Қазақстан практикасына тікелей
қолдау мүмкін емес. Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесін
үйрену, жалпы инструменттерін айқындау, олардан мемлекет экономикасына
қолдау мүмкін болған жағдайларды ажыратып алуға болады.
АҚШ-та шағын бизнесті несиелеу, несиелік рисктерді үйлестіру Шағын
Бизнес Әкімшілігі (ШБӘ) арқылы жүзеге асырылады. Банктың жалпы талаптары
бойынша несие алалмайтын шағын кәсіпорындарын несиелеуде осы әкімшілік
кепілдік береді.
Германияда шағын кәсіпорындар несие алуда несиелік кепілді банк
арқылы алады. Осы жүйе іске асырылғаннан бері шағын және орта
кәсіпорындарға берілген несиелер саны 100,0 мыңнан артық, оларға берілген
кепіл сомасы 10 млрд. маркаға жетті. Осы салаға коммерциялық несиелер,
лизинг келісім шарттары бойынша және венчурлық қаржыландыруға жалпы сомасы
14 млрд. марка берілді.
Бұл елдерде Европа қайта даму бағдарламасы бойынша шағын
кәсіпкерлікке ұзақ мерзімді жеңілдетілген ставкалар бойынша инвестиция беру
үшін арнаулы бюджеттік қордан жеке мамандандырылған банктерге ресурстар
бөлінген. Шағын кәсіпкерлікті қайта дамыту үшін бұрынғы ГДР аймағында шағын
кәсіпкерлікті субсидиялау олардың жеке капиталының үлесін көбейту
мақсатында Федеральдық бағдарлама қаралды. Осы бағдарламаны іске асыру
бойынша 1992-1995 жылдары бюджеттен 3,2 млрд. марка бөлінді.
Ұлыбританияда шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеушілер: Сауда
және өнеркәсіпті қаржыландыру Корпорациясы, Англия бақылау Банкі және
клиринг Банктері есептеледі. 80-жылдарда 3900 шағын фирмаларды
инветициялауға сомасы 500 млн фунт стерлингнен артық қаражат жұмсалды. Бұл
корпорация барлығы, яғни шағын компаниялардың 20%-на несие берді. Несиені
кепілдеу бағдарламасы бойынша несиенің көп бөлігі (70-80%) Үкіметтің
кепілдігімен шағын бизнеске берілді. Жыл сайын бюджеттен 50,0 млн фунт
стерлинг шамасында банк кепілі өтеледі.
Францияда шағын кәсіпкерлікті дамытуға банк арқылы көмек көрсетіледі.
Бұл банк капиталының басым бөлігі француз мемлекеті, жартылай мемлекеттік
депозиттер кассасы және активтерді басқаруға (ішінде акционерлер, сондай-
ақ, бірқанша жеке қаржылық ұйымдар, шағын және орта бизнеспен арнайы
мамандандырылған жұмыстар) тиісті. Банктің басты мақсаты – шағын және орта
бизнесті мемлекет тарапынан ерекше қолдау болып табылады. Жыл сайын банк
көрсетпесі бойынша 650,0 млн франкқа дейін пайызсыз ссудалар (депозит
кассасы және активтерді басқару бақылауында) бөлінеді. Шағын кәсіпкерлікке
несие жалпы жұмыстарды (аймақтық, жол, тұрғын үй және т.б.) орындау үшін
беріледі, 1996 жыл осы мақсатқа бөлінген несиенің жалпы сомасы 24 млрд
франкті құрастырды. Шағын кәсіпкерлікке бөлінген кепіл несие – 15 млрд
франк, құрал-жабдық және лизинг арқылы орналастыру сомасы 30 млрд франкке
дейін жетті.
Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті реттеу және ынталандыру
орталығы: Орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, тәуелсіз
шағын бизнес бірлестігі есептеледі. Жапонияда шағын және орта фирмалар даму
спецификациясы – 70% шамасында Жапония шағын және орта фирмалары ірі
компаниялардың мердігерлері есептеледі.
Жапонияда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мақсатты қаржыландыру
бюджетінен жүзеге асырылады. Сондықтан министрліктер мен ведомствалар шағын
кәсіпорындар салаларының шығындар қаражаттары бойынша сметада қарастырады.
Бұл қаражаттардың айтарлықтай бөлігі ұлттық қаржылық корпорацияға,
шағын бизнесті қаржылық сақтандыру компаниясына және басқа ұйымдарға
депозит және салымға бағытталады. Бұл мекемелер қаражатты арнайы қаржылық
компаниялары–банктер, инвестициялық, сақтандыру және басқа қаржылық
мекемелер яғни, қаржылық қызмет нарығына жібереді. Одан басқа, бұл
ұйымдардың ресурстарының қосымша шығыскөзін қалыптастырудан ірі бизнес
депозиттері мен ақша салымдары, жергілікті билік органдары, тәуелсіз шағын
бизнес бірлестігі, қаржылық және сақтандыру ұйымдары шағын бизнестің елде
дамуына мүдделі.
Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру үшін банктер және
арнайы ұйымдастырылған қаржылық органдары арқылы, сондай-ақ, кепілдермен
жеке меншік банктерде несиелеуде қатысады.
Басқаратын үш үкімет институты есептеледі:
▪ Сауда және өнеркәсіпті қаржыландыру үшін ұйымдастырылған орталық
кооперативтік банк (негізі сауда және өнеркәсіптік жобаларды, банк
капиталының 23 –і мемлекет жарнасынан құралған);
▪ Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру халықтық корпорациясы (кепілсіз
қаржыландыруды жүзеге асырады, корпорация ең кіші компанияларды
қаржыландыру үшін жаратылған);
▪ Мемлекеттік қаржылық корпорация (приоритетті салаларды инвестициялық
және қауіпті жобаларды қаржыландырады); сауда - өнеркәсіп палаталары
үлкен тармаққа ие (мемлекет бойынша 500-ден астам), ол жылына сомасы
500 млрд иен займдар береді.
Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру корпорациясы мемлекет меншігінде,
негізгі ресурс базасы мемлекет бюджетінің қаражатынан қалыптастырылады.
Шағын кәсіпкерлікке несиенің шекті мөлшері 400 млн иен, пайдалану мерзімі
10 жылға дейін. Коммерциялық несиелердің пайыз ставкасы минимал ставка
деңгейінде ірі компанияларға беріледі. Жапонияда тағы бір мамандандырылған
мекеме – банк Соко-Чукин (100 бөлім), қаржыландыру қызметі –
кооперативтер, шағын және орта кәсіпорындары.
Шағын бизнесті қаржыландыру корпорациясы және мемлекеттік қаржыландыру
корпорациясы арнайы приоритетті бағдарламалар үшін, шағын және орта
кәсіпорындар құрылымын қайта құру, қоршаған ортаны қорғау, электржинақтаушы
өндіріс орындарына ең жоғары жеңілдіктермен несие береді.
Қаржылық көмектің басқа түрі – шағын кәсіпкерлер бірлестігі жергілікті
және мемлекеттік бюджет қаражатынан шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша
мемлекеттік корпорация арқылы ұзақ мерзімді (5-20 жылға) ссуда береді.
Жапонияда да Қосымша қоғамдық несиелеу жүйесі несиені кепілдеу және
сақтандыруды қамтамасыз ету арқылы Шағын кәсіпкерлікті несиелейді. Осы жүйе
коммерциялық қаржылық институттары компанияларының шағын және орта бизнесті
капиталмен қамтамасыз етуіне жағдай жасайды. Осы механизмның іске асуын
мемлекет несие кепілдігі ассоциациясы (мемлекетте саны 52 –ге жетті) шағын
және орта бизнесті сақтандыру корпорациясы арқылы қамтамасыз етеді.
Жапонияда қайтарылмайтын қаржылық көмек тек тиімді ғылыми-техникалық
бағдарламаларға беріледі. Техникалық қайта қаруландыруды қаржылық қолдау
жергілікті бюджеттен қамтамасыз етіледі.
Жапонияда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесінің ажыралмас элементі –
бұл компенсациялық шығындар, кадрларды дайындау шығындары. Шығындардың 23-
і жұмысшылар сапасын жақсартуға жұмсалады. Шағын және орта кәсіпорындарға
ақпараттық қызмет көрсетуді субсидиялауға қаражаттар мемлекеттік және
жергілікті бюджеттен бірдей мөлшерде жұмсалады. Бұл жергілікті ақпараттық
орталықтары жүйесі арқылы іске асырылады (олардың саны мемлекетте 47 ге
жетті).
Бұл елде өте кіші фирмаларда акция шығаруды қолдайды. Мемлекет ірі
делдалдық акционерлік қоғамдарды, онша ірі болмаған компаниялардың акция
шығарып және акция сатып алуын, сондай-ақ, шағын және орта компанияларға
да акциялардың тарауын қолдайды.
Жапонияда қаржыландырудың және бір формасы – кәсіпорынның акционерлік
капиталына қосылу арқылы оның акциясының бір бөлігіне ие болу. Бұл
сақтандыру жүйесі және Шағын кәсіпкерліктің акционерлік капиталына
мүмкіншілік туғызады және шағын бизнесті қаражатпен нсиелеуге жол ашады.
Нарықтық экономика дамыған елдерде шағын бизнесті мемлекеттік
қаржыландыру жүйесі өте жақсы үйлестірілген. Бұл мемлекеттік қаржылық
институттар, қаржылық бағдарламаларды қайта өңдеу, екіншідеңгейлі банктер
арқылы несиелеу, мамандандырылған коммерциялық қаржылық мекемелері:
венчурлық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары арқылы шағын бизнестің
динамикалық дамуына жағдайлар жасалған.
Біз жоғарыда дамыған елдерде мемлекет тарапынан шағын бизнесті қаржылық-
несиелік белсенді қолдау экономиканың белсенді инструменті елде шағын
кәсіпкерліктің дамуы екендігінің куәсі болдық.
Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесін экономикалық
ерекшеліктерді ескере отырып біздің елімізге де қолдау қажет.
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУ ДИНАМИКАСЫН
ТАЛДАУ

2.1 Шағын кәсіпкерлікті несиелеу түрлері және әдістерінің ерекшеліктері

Қазіргі кезде Қазақстанда коммерциялық банктер клиенттерге қызмет
көрсетуде банк операцияларының жаңа техникаларын қабылдап, жоғары деңгейде
қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде. Банктердің негізгі экономикалық
функциясы – кәсіпорындарды, ұйымдарды, кәсіпкерлік фирмаларды, жеке
тұлғаларды, олардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын
қаржыландыруды жүзеге асыру үшін несиелеу болып табылады. Сондықтан да
еліміздің бір қанша басты банктері өзінің несиелеу қызметін жүзеге асыруда,
көпшілік экономикалық жағдайларға байланысты клиенттерге қызмет көрсету,
сондай-ақ жаңадан жұмыс бастаған кәсіпорындарды несиелеу, жұмыспен қамту
деңгейін көбейту және олардың экономикалық өмірге икемділігін қамтамасыз
етуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 31.03.2007
жылда коммерциялық банктер экономикаға 5272399 млн. теңге салған. Ұлттық
валютада берілген несие көлемі 2749335 млн. теңгені құрады, ол 2006 жылдың
осы кезеңіндегі деңгейімен салыстырғанда 49,8%- ға (1370983 млн. теңге), ал
шетел валютасында берілген несие 2523064 млн. теңгені құрады, бұл 2006
жылдың осы кезеңіндегі деңгейімен салыстырғанда 53,9%-ға (1362212 млн.
теңге) артқан. Несиенің мерзімі бойыншада өсу байқалды. 31.01.2007 жылда
ұзақ мерзімге берілген несие көлемі 4023682 млн. теңгеге жетті. Ал бұл
көркеткіш 31.03.2006 жылды 1921686 млн. теңгені құраған болатын. Қазіргі
уақытта отандық беделді банктер жеке кәсіпкерлікті және Шағын кәсіпкерлікті
несиелеуді қолға алуда. Шағын бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру
- қазақстандық банктердің несиелеу қызметін дамытудың бірден-бір
перспективтік бағыты есептеледі. Тұран Әлем Банкі Европа қайта құру және
даму банкінің жолы (линиясы) бойынша шағын бизнесті қолдау Бағдарламасына
қатысуда.
Бағдарламаның мақсаты – кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке
тұлғалар және шағын кәсіпорындарға жоғары болмаған ставкалармен несие
ресурстарын беру, қаржылық қолдау көрсету.
Банк келесідей жобаларды қарастырады:
• машиналар, құрал-жабдық, шикізат және материалдар алу;
• өнім өндіруді жақсарту;
• кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс, жылжымайтын мүліктерді
өңдеу және т.б.
Банк қызметкерлері төмендегідей қызметтерді тегін көрсетеді:
- клиенттерге консултация;
- қаржылық экспертиза;
- кепілді бағалау;
- заем алушының құжаттарын юридик экспертизадан өткізу.
Бұдан басқа, Тұран Әлем Банкі Азиялық несиелеу компаниясының жолы
(линиясы) бойынша жеке бизнесті қаржыландыруда келесідей жағдайларды
ұсынады:
- 25000 – нан 300000 АҚШ долларына дейін несие сомасын;
- несиелеу мерзімі – 1 жылдан 3 жылға дейін;
- пайыздық ставкасы – 18%-ға дейін плюс несие сомасынан 1% қызмет
көрсетгені үшін алады;
- несиені өтеу АҚШ долларында (немесе курс бойынша теңгеде);
- несиені және оның пайызын өтеу әр ай сайын;
- кәсіпорын жоба құнының 20% - дан кем болмаған бөлігін меншік
қаражатынан қамтамасыз етуі қажет.
Бұл жоғарыдағы банк талаптары несие ресурстарының импорт тауарларды және
коммерциялық мақсаттарда пайдалануына мүмкіндік бермейді. Азиялық несиелеу
компаниясы жолы бойынша несие ресурстарын тек өнім өндіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
Шағын және орта бизнесті дамыту мен инвестициялық қолдаудың теориялық-әдістемелік негіздері
Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі
Шағын кәсіпкерліктің тиімді, әрі жылдам дамуы
Пәндер